Х-ХҮІ ғасырлардағы Шығыс ғұламалары және ислам әлемі


Мазмұны
Кіріспе 3-8 бб.
І-тарау. Ерте ортағасырлық арап және түркі ғұламалары
1. 1. Ерте ортағасырлардағы түркі ғұламалары 9-15 бб.
1. 2. Ерте ортағасырлық араб әлемі ғұламалары 16-19 бб.
ІІ-тарау. Х-ХҮІ ғасырлардағы Шығыс ғұламалары және ислам әлемі
2. 1. Орта Азия ғұламалары және дала философиясы. 20-52 бб.
2. 2. Шығыстан шыққан ұлы ғұламалардың өмірі
мен еңбектері. 53-57 бб.
Қорытынды 58-61 бб.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі 62-64 бб.
Қосымшалар 65-68 бб.
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі: Қазақстанның егеменді, тәуелсіз ел болуы- біздің жаңа тарихымыздың басы. Ендігі жерде біз өз тарихымызды бұрынғыдай көп ұлтты мемлекеттің құрамында емес, дербес зерттеп, тарихтың ұзақ жолында ұтқанымыз бен ұтылғанымызды, жеткеніміз бен қолымыз жетпеген жайларды кең ашып, бүгінгі егемендікке жетудің заңды жолын көрсетуге тиіспіз.
Еліміздің тарихи даму барысында қайшылықты жолдар, өткен біздің мәдениетіміз де жаңа талғаммен қайта қарауды қажет етеді. Тарихтың жаңа белесінде қазақ мәдениетінің өзегі болып табылатын ортағасырлақ ғұламалардың мұраларына ғылыми көзқараспен қарап, халқымыздың бай әдебиеті, ұлттық өнері мен мәдени-рухани байлықтарын кеңінен, жаңаша ойлау концепциясы негізінде зерттеу қажет.
Қазақстан Республикасының тәуелсіздігінің негізгі жетістіктерінің бірі елімізде тарихи білім беру ісін түбегейлі жаңарту барысында адамзат жасаған мәдени-рухани құндылықтарға, ауқымды мәдениеттанушылық бағыт беру мәселелеріне ерекше көңіл бөлініп отыр. Соған сәйкес мәдениеттің қоғамдық даму процесінде рөлі жоғарлай түсті. Қоғам бүгін мәдени саясатта түбірлі өзгерістер жасамайынша елдің демократиялық жаңару жоспары және оның дамуының гуманистік бағыты шынайы болмайды.
Міне осы мақсаттарды жүзеге асыру үшін, бүгінгі күннің өзгерістерін түсініп, ертеңгі күнге бағыт-бағдарымызды айқындау үшін еліміздің өткен мәдени өміріне рекроспективалық анализ жасау аса қажет.
Болашақ тарихшыны дайындауда ғана емес, жалпы кез келеген азаматты қалыптастыруда орта ғасырлар тарихын, соның ішінде орта ғасырлар мәдениетінің ерекшеліктерін оқытушыларға үйрету және игерту үлкен маңызға ие. Жалпы адамзат мәдениетінің, ғылымының, білімінің, қайнар көзі, сарқылмас бұлағы, алтын бесігі болған ортағасырлар мәдениеті мен ортағасырлардағы ғұламалардың артта қалдырған ұшан текіз білімдері мен еңбектері бүгінгі таңда өз құнын жоймайды.
Қазақстан тарихына қатысты, әсіресе исламдық мәдениетті қайта жаңғыртатын құнды деректерді назардан тыс қалдырмай қазақ тіліне аудару, сараптау, талдау, құндылығын көтеру, жастарға үйрету мен халыққа насихаттау бүгінгі күні өзекті мәселелердің бірі.
Ортағасырлық түркі мәдениетінен хабар беретін мәліметтерді іріктеп, тарих айналымына қосу бүгінгі күннің талабы. Елімізде шығыстану саласының өрбуімен қатар, қызмет еткен жергілікті тарихшылардың есімдері мен еңбектері Отандық тарихта жазылып жүргенімен де, талай ортағасырлық ғұламардың еңбектері мен өмірі және ортағасырлық мәдениет жетістіктері толықтай зерттелді деп айту қиын.
Мұның себептері әртүрлі болды, біріншіден қазақ елінен шыққан шығыстанушылар санаулы болды, екіншіден жергілікті тарихшылар еш зерттеу ұйымдарына тіркеусіз өз еріктерімен қызмет етті, үшіншіден жергілікті тарихшылардың еңбектері ескі тілде жазылды, төртіншіден тарихты жазуда идеологияда, Кеңестік жүйенің әсерінің болуы.
Ендігі кезекте жергілікті Ресей және өз еліміздің шығыстанушыларымыздың еңбектерін қарастырып қана қоймай, мәліметтер ретін тариханамалық талдаулардан өткізіп, тарихты толықтыру яғни «Ортағасырлық ғұрамалардың тарихта алатын орнын» зерттеу объектісіне айналдыру өзектіліктің мәнін аша түседі. Сонымен қатар, Ортағасырлық исламдық мектептер, ислам дінінің қоғамдағы орны, мәдениеттегі ерекшелік кең зерттеу объектісіне айналды, және де, қоғамдық үрдістердің қалыптасуы мен дамуындағы ортағасырлық мәдениеттің әсерін зерттеу бүгінгі күннің талабы.
Елбасының нұсқауы бойынша «Мәдени мұра» бағдарламасының алдағы үш жылға созылуы үлкен мақсатты меңзейді. Бұнда ортағасырлық мәдени құндылықтарымыздың зерттелуіне үлкен мән беріліп отырғаны белгілі. «Мәдени мұра» бағдарламасының негізгі мақсаттының бірі түркілік жазба деректерді сараптап, талдап, пайдалану болып отыр. Осыған байланысты, Елбасы Н. Ә. Назарбаев: «Келешекте мектеп, орта арнаулы және жоғары оқу орындарының бағдарламаларын «Мәдени мұра» кітаптары негізінде қайта қарап, толықтыру мәселесі де ойластырылуы қажет» [64] деп көрсетті. Осыны ескерсек, ортағасырлық түркі мәдениетін, шығыс шайырлары мен философтарының еңбектерін толықтай зерттеу, оған жан-жақты баға беру, көне Қазақ жеріндегі түркілік дәстүрдің қыр-сырын саралау, түркілік мәдениеттің асқақтығы мен даралығын дәріптеп көрсету Отан тарихының ең ірі мәселелерінің бірі.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Ерте ортағасырлық түркі мәдениетін зерттеуді Еуропа мен Ресей империясы ғалымдары бастаған. Жалпы ертетүркілік кезеңге тоқталатын В. В. Бартольд [1], А. Н. Бернштам [2], С. Г. Кляшторный [3] еңбектерін тоқталмай кете алмаймыз, себебі олар ерте ортағасырлық түркі жазбаларын алғаш болып зерттеген, түркілердің алғашқы ел басқарған тұлғаларын анықтаған, олардың еліне қалдырған өсиеттері мен ел басқару саясаты жайлы еңбектерін орыс тіліне аударып, ғылыми айналымға енгізген. Сонымен қатар, Стеблева И. В [4], Эрнст Карл [5], А. Н. Кононов [6], А. А. Радугин [7] сынды орыс ғалымдары ортағасырлардағы ғұламалардың еңбектерін аударып, олардың еңбекетеріне тарихи-тілдік талдаулар жасаған.
Қазақстандық ғалымдар ерте түркілік сондай-ақ, ортағасырлардағы ұлы ғұламалар жайында аз еңбектер жазбады. Тілдік тұрғыдан, тарихи тұрғыдан болсын мол зерттелді. Тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақстан ғылымында үлкен бетбұрыстар жүргені белгілі. Ұмытқанымызды қайта жаңғыртып, түбімізді тауып, соны зерттеуге бет бұрдық. Тоқсаныншы жылдың бас кездерінде Ғ. Айдаровтың «Күлтегін ескерткіші»[8] , «Орхон ескерткіштерінің тексі»[9] , «Язык орхонского памятника бильге-когана»[10], К. Аманжолов пен Қ. Рахметовтың «Түркі қалықтарының тарихы»[11], Қ. Аманжоловтың «Түрік филологиясы және жазу тарихы»[12] , М. Жолдасбековтың аудармасымен «Йоллығтегін. Күлтегін»[13], А . Асқаров «Ұлы Тұраның ұлдары» [14] атты монографиялар жарық көрді. Аталған монографияларда жазылу немесе тілдік стилі ғана емес, мәтіннің толық нұсқасымен танысуға болады. Еңбектерде Күлтегін, Тоныкөк сынды ұлы ойшылдарымыздың түркілік философияларынан үзінділер келтіріліп, жан-жақты зерттеу жүргізілген.
Н. Бектургановтың «Древнетюрская цивилизация- истоки культуры» [15], К. Байпақовтың «Средневековые города тюрков- центры науки, образования и культуры»[16] еңбектерінде ортағасырлық мәдениет пен ғылым жайында толыққанды зерттеулер берілген.
Бөліп ерекшелеп айтатын еңбектердің бірі ол, Ғ. Есім «Фалсафа тарихы» [17] монографияда ортағасырлық ғұламалардың өмірі мен шығармашылығы ғана емес, олардың өміріне, фалсафалық ойларына ғылыми талдау жасалынған.
Зерттеудің негізгі деректер көздері ретінде Әл-Фарабидің, Махмұт Қашқаридың, Жұсіп Баласағұнның, Ахмет Яссауидың, Қадырғали Жалайридың, М. Х. Дулатидың қазақ тілінде кейіннен жарық көрген еңбектері алынды.
Жоғарыда аталған монографиялар ғылыми жағынан терең зерттелген. Соңғы жылдары Қазақстанда көне түркі руникалық ескерткіштер бойынша 20 монография, 250 мақала жарық көріп, 6 кондидаттық және 3 докторлық десертатциялар қорғалды.
Зерттеу жұмысының мақсаты: Ортағасырлық ғұламалардың өмір жолы мен еңбектерін жан-жақты ғылыми тұрғыдан зерттеу, ҮІ-ХҮ ғасырлар аралығындағы ортағасырлық шығыс мемлекеттерінен шыққан философтар, ғалымдар мен әр саладағы ойшыл, кемеңгерлер мұраларының кейінгі түрік тектес халықтардың, соның ішінде қазақ халқының мәдени дамуына әсер еткенін және оның маңызын ғылыми сараптамадан өткізу.
Тақырыптың міндеті: Көне түркі дауіріндегі мәдениеттің дамуын ашып, сараптау үшін зерттеу жұмысында төмендегі міндеттерді алға қойдым:
- Көне түрік тілінде жазылған жәдігерлердің ертедегі түріктердің өмірі туралы дерек беретін негізгі мағлұмат көзі ретінде, ескерткіштердің құндылығын саралап, көрсету;
Зерттеу жұмысының методологиясы: Зерттеу методикалық обьективтілік, тарихилық және жүйелілік пен даму сияқты ғылыми айғақ принциптеріне негізделген.
Зерттеу негізінен VI-XҮ ғасырлардағы араб, түркі мәдениетін дамытушы ұлы ғұламалардың шығармашылық жетістіктері мен ортағасырлық қоғам ерекшеліктерін обьективті тұрғыда түсіндіруге бағытталған. Жаңа тарихи көз қарастар тұрғысынан жазылған еңбектерді басшылыққа ала отырып, ғылыми зерттеу, талдау және жинақтау, жүйелеріндіру, салыстыру сияқты жалпыға бірдей белгілі әдістер негізінде жүргізілді.
Хронологиялық шегі: зерттеу жұмысының хронологиялық шегі VI-XҮ ғасырлар аралығы, бұл аралық тарих ғылымында ортағасырлар кезеңі деп аталады. Орта ғасырлық мемлекеттердің географиялық орналасу шеңбері өте ауқымды.
Зерттеу әдісі: Тақырып бойынша зерттеулерді талдау, зерттеу, салыстыру, оқылған материалдарды синтездеу, бақылау, әңгімелеу болып табылады.
Теориялық негізі: Қоғам, тарих ғылымдарының әдістемелік мәселелерін зерттейтін тарихшылардың еңбектеріне негізделген.
Гипотеза: Ортағасырлардағы Шығыс мәдениетін оқытудың ғылыми - әдістемелік талаптарын қолдану, тарихи білімдерді қалыптастыруда неғұрлым жоғары дәрежеде ұйымдастыруға жағдай жасайды.
Практикалық маңызы: Мектеп мұғалімдері мен педагогикалық бағыттағы жоғарға оқу орындары студенттері үшін мемлекеттік тілдегі оқу - әдістемелік құрал.
Зерттеу жұмысының құрлымы: Кіріспеден, 3 бөлімнен, қортындыдан және пайдаланған әдебиеттер тізімі мен қосымша материалдардан тұрады. Әр тарау өз ішінен бөлімшелерден тұрады. Тақырыптың мазмұны мен мәнін ашу мақсатында І-бөлім өз ішінен екі бөлімшеден тұрса, ІІ-тарау жан-жақты зерттеу мақсатында екі бөлімшеден құралған. ІІІ-тарау әдістемелік бөлімге арналады.
І-тарау. Ерте ортағасырлық араб және түркі ғұламалары
1. 1. Ерте ортағасырлардағы түркі ғұламалары
Ұзақ уақыт бойы еліміздің жазба мәдениеті тарихи тереннен тарқатылмай, қазақтар үш - ақ әліпбиді: араб, латын, кириллицаны ғана білетін секілді ұғым қалыптастырылғанды, бүгіндері түркі тілдес халықтардың жазба мәдениеті тарихы ерте замандардан бастау алатындағы айқындалып, бабаларымыз бір емес, бір неше әліпбиді меңгеріп, оны өздерінің әкімшілік, дипломатиялық, діни және жеке басы қажеттіліктерін өтеу үшін пайдаланып келгендіктері белгілі болды.
Атақты «Күлтегін» (732ж), «Білге қаған» (735 ж) және «Тоныкөк» (716 ж) жырлары тасқа қашалып жазылған руникалық ескерткіштер ішіндегі ең көлемдісі, әрі көне түріктердің өздері туралы өздері жазған аса құнды, бірегей жәдігерліктер болып табылады[3; 36] .
Тоныкөк (Тоңыұқық) (646- 741ж. ж. ) - Екінші Шығыс Түркі қағанатының негізін қалаушылардың бірі, оғыз тайпасынан шыққан ұлы дана, заманында Түркі қағанатының үш бірдей қағанына уәзір болып, түркі елінің халқын көбейтіп, жерін кеңейтуге үлкен үлес қосқан кемеңгер. Көшпелілер тарихында артында өшпес атақ даңқын қалдырып; ақыл парасатына, қол қайратына, көрегендігіне табындырып; ел жұртының қасіретін, қуанышын, ерлігі мен елдігін тасқа жыр ғып қашап, мәңгілік мұра қалдырған Тоныкөктей тұлға болған емес.
Сол тас жазуда: «Мен, Білге Тоныкөк, табғаш (қытай) елінде тәрбиеленіп өстім. Түркі халқы ол кезде табғаштарға бағынышты еді» деп жазылған[1; 95] . Бұдан Тоныкөктің түрк тайпасы көсемдерінің бірінің баласы екені анық аңғарылады. Өйткені ол кезде көшпелілердің тек ел басыларының қытайға аманатқа берген балалары ғана император сарайында оқып, тәрбиелене алған.
Қытай сарайында жүріп, олардың өз еліне жасап жатқан қорлық зорлығының бәрін көріп біліп өскен Тоныкөк ақыры шыдай алмай, 683 жылы шыли иуән тайпасының басшысы Құтылығпен бірігіп, табғаштарға қарсы көтеріліске шығады. Көтерілісшілер жеңістен жеңіске жетіп, ұзамай әйгілі Екінші Шығыс Түркі қағанатының шаңырағын көтереді. Құтылығты «Ел төресі» деген атпен қаған етіп сайлайды[3; 102] .
Жаңа шаңырақ көтерген елдің іргесін бекітуге мүмкіндік бермей құртып жіберуді көздеген табғаш билеушісі «жабайыны жабайының қолымен құрту» саясатымен түркілерге көрші тоғыз оғыз халқын айдап салды. Бірақ табғаш елінде болып, олардың қарсыластарын құрту үшін қандай әрекеттер жасайтынын жақсы білетін Тоныкөк асқан көрегендікпен бұл апаттың алдын алып, Тоғыла жазығында тоғыз оғыздардың әскерін тас талқан етеді. Қолға түскен тұтқындарды Тоныкөк Құтылығ қағанға айтып, түгел босатып, еліне қайтарады. Оларға: «Түбіміз бір туыспыз. Өзара қырқысқаннан өзгеге жем болғаннан басқа пайда жоқ. Табғаш елі ортақ жауымыз. Сондықтан соған қарсы күш біріктірейік. Бір-бірімізді өгейсітіп, көзге түрткеннен тапқан олжамыз кәні? Бірігіп ел болайық, осыны айта барыңдар. Кім де кім бірлік байрағын көтеремін, ата жауға қарсы бірлесіп күресемін десе, Отыкенге келсін. Біз сонда бірер күн еру боламыз»- дейді[9; 49] . Тоныкөктің осынау сөзі қандастарының жүрегін жібітіп, оғыздар түгелдей түркi туының астына жиналады. Кейін бұл жөнінде Тоныкөктің өзі тас жазуда: «Осыдан кейін оғыздар өз аяғымен көтеріле келді. Келтіргендей ақ келтірдім ау» деп ризалық сезіммен сол кезді еске алады.
Құтылығ қаған өлгеннен кейін, орнына інісі Қапаған отырады. Тоныкөк оған да сенімді серік, білікті ақылшы болып, адал қызмет етеді. Бұл ретте Тоныкөктің өзі тас жазуда: «Елтөресі (Құтылығ) қаған, Білге Тоныкөк қам жеп, иелік қылғаны үшін Қапаған қаған бар болып отыр» дейді. Онысы рас та секілді. Қытай жылнамасы Қапағанды қарамағындағыларға аяусыз қатыгездікпен қарады, қартайған сайын қызғаншақ, ақылсыз бола бастады деп суреттейді. Тоныкөк осы кезде қағанына өкпелеп, қытайға өтіп кетуге жырыла көшкен ру тайпа көсемдерін тоқтатып, ел бүтіндігін сақтау үшін күндіз отырмай, түнде ұйықтамай, ат үстінде жүреді. Бірақ Тоныкөктің халық алдындағы беделінің тым жоғарлығын қызғанған Қапаған оны ел билігінен оқшаулай бастайды. Қағанат құлауға айналады. Ақырында Қапаған қаған ойда жоқта өз қандастарының қолынан қаза табады[11; 28] .
Билікке таласып, ел бірлігіне зиян келтіреді деген қауіппен Қапаған қағанның бүкіл ұрпағын қырып тастаған Күлтегін батыр ағасы Могилиәнді қаған тағына отырғызды.
«Білге қаған» деген атпен таққа отырған Могилиән өз тайпасының ортасына кеткен Тоныкөктің көрегендік ақылымен тұс, тұстан анталаған жауының бәрін жеңіп, құлауға айналған қағанатты қалпына келтіреді. Тас жазуда Тоныкөк: «Түркi Білге қаған түркi сыр, оғыз халқын асырап, мерейін үстем қылып отырар» деп, оған үлкен сенім артады[14; 27] .
Түркi жұртының азаттыққа қол жеткізіп, жеке дербестік ел болып отыруына айтулы еңбек сіңірген дала кемеңгері Білге Тоныкөк өзінің бағасын, тарихтағы орнын өзі қашатып, жаздырып кетті.
«Тәңірі жарылқады! Бүкіл түркі жұртына қарулы жау келтірмедім, атты әскер жолатпадым. Ел төресі жауламаса, оған еріп мен жауламасам, елім, халқым жойылар еді. Оның шабуылының нәтижесінде, менің шабуылымның нәтижесінде еліміз қайта ел болды, халқымыз қайта халық болды. Өзім қартайдым, ұлық болдым. Түркі Білге қағанның еліне арнап тасқа жаздырған мен Білге Тоныкөкпін» дейді дана қарт[20; 16] .
Тоныкөктің қай жылы өлгені белгісіз. Қытай тарихында білге қаған оны ордаға 716 жылы қайта шақырып алдырғанда Тоныкөктің жасының 70-те екені анық көрсетілген. Содан кейін ол Білге қағанның қасында болып, Түркі қағанатын төніп келген апаттан құтқаруға көмектесіп, оған пайдалы ақыл кеңесін береді. 734 жылы Білге қаған уланып өледі. Бұдан кейін Тоныкөкке қатысты дерек еш жерде кездеспейді. Білге қаған өлгеннен кейін оның орнына таққа балалары бірінен кейін бірі отырғаны және бар биліктің сол балалардың анасы, Білге қағанның әйелі, Тоныкөктің қызы Бопының (Пофудың) қолында болғаны белгілі. Осының бәрі Тоныкөкті бұл жылдарда да қаған ордасында болды деуге мүмкіндік береді. Тарихшылар оны әбден қартайып барып, өлді дегенді айтады. Соған қарағанда ол 741 жылдың шамасында 95 жасқа жетіп қайтыс болған тәрізді[22] .
Тоныкөк ескерткіші екі бағала тасқа бөлініп жазылған. Біреуінің биіктігі 1 м 70 см, оған 1-36 жол, екіншісінің биіктігі 1 м 60 см, мұнда жырдың жалғасы, яғни 37-62 жолдар орналасқан[23; 66] .
Жыр авторы Тоныкөктің өзі деген болжам бар. Бұл жырда түрік халқының табиғаттарға бағынышты болып қалуы, кеәін бас біріктіріп, жауға қарсы тұрып сол кезде қаған сайлауда, жаулы жеңуде Тоныкөктің ақыл-кеңесі, ерлік істері зор болғандығы баяндалады. Мұнда ел бірлігі, сол елдің басын қосып, ынтымаққа жеткізуде ақылгой Тоныкөк секілді қариялардың, ел басшыларының ерекше рөл атқарғандығы дәріптеледі [10; 13] .
Көне түріктердің ғұламасы Тоныкөкке арнап қойылған ескерткіште мынандай жолдар бар.
«Бізді дәйім жебеп жүрген тәңірі ием, Ұмай анам жер-суым» Тоныкөк ескерткішінен өзге де жазба ескерткіштерде Ұмай анаға табыну бірнеше жерде кездеседі. Мәселен: «Ұмай текті ананың . . . он жаста Ұмай текті шешемнің бағына інім Күлтегін ер аталды . . . , » «Тәңірі Ұмай қаситті жер-су бізді қорғайды, ойлану керек» деп[12; 56], Ұмай ананың атынан түрік халқын бірлікке, ыңтымаққа шақырады.
Көптеген түрік халықтары тілінде де «Ұмай» мен «Ұма» сөзі мағыналас. Олар баланың орны, жатар, құрсақ мағнасында қолданылады. «Ұмай» сөзінің төркіні алтайша емген (ана), сахаша бие деген мағнаны береді. (41. 84б) .
Сонымен, ежелгі түркілердің ұғымында Тәңірі аспандағы ер рөлінде көрініп, Ұмай - жер ана болып қабылданған. Ұмайға табыну Алтайдың кейбір түркі тілдес халықтарында 19 ғасырдың аяғына дейін сақталып қалды. Демек, Ұмай түріктер сыйылған құдіретті үш күштің бірі болған және оларға қашанда болып отырған[15; 128] .
Жетісу қазақтарының ұмай анаға табынуын Шоқан Уалихановта өз еңбектерінде жазып көрсеткен.
Құтылығұлы Күлтегін (684-731ж. ж. ) Екінші Шығыс Түркі қағанаты әскерінің бас қолбасшысы, «көк түркінің көк семсері» атанған атақты батыры. Әкесінен жастай жетім қалып, ағасы Қапаған қағанның тәрбиесінде өскен Күл тегін тым ерте есейіп, қабырғасы қатып, бұғанасы бекімей жатып, жау жарағын асынып, түркі еліне тұс тұстан төнген басқыншы жауға қарсы үлкендер қатарында тұрып, ерлікпен күреседі. Бұл ретте түркінің атақты Білге қағаны Күлтегін батырдың басына қойылған ескерткіші тасқа ойып жаздырған ғұмырнамасында: «әкем қаған өлгенде інім Күлтегін жеті жаста қалды. Он жаста Ұмай текті шешемнің бағына інім Күлтегін ер атанды» деп жазды. Тарихи деректерді салыстыра зерделесек, бұдан Күлтегіннің он жасында ер атанып, алғаш көзге түскен соғысының табғаш елінің әйел патшасы У хыудың Қапағанның басына ақша тігіп, кімде кім оны өлтірсе, соған «Жан чо» («Чоны өлтіруші», яғни Мочо Қапағанды өлтіруші) деген атпен бірінші дәрежелі кінәз атағын беремін деген уәдесін арнайы жарлықпен бекітіп, түркі еліне жазалау жорыққа қалың қол аттандырғаннан кейінгі, 694 жылғы Жау жыу және Дин жыу аймақтарында болған соғыс екені анық көрінеді. Қапаған осы соғыста 90 мың тұтқынды қолға түсірген[8; 19] .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz