Мемлекеттің мәні мен оның теориялық негіздері


Кіріспе
Адамзат қоғамы өзінің даму тарихы сатысында екі бірдей сызықты феноменді- мемлекет пен рынокты қалыптастырды. әртүрлі себептердің туындысы ретінде өмірдің барлық сфераларына әсер етумен қатар олардың даму бағыттары мен жолдары уақыт өте келе жиі тоғысатын болды. Шешілетін мақсаттар мен міндеттер жақындай түсіп, нәтижелер біріккен күштер мен әрекеттерге тәуелді бола түсті.
Қазіргі қоғамның даму деңгейі тұтастай және толық түрде мемлекет пен рыноктық іс-әрекеттердің координациялану мүмкіншіліктеріне, бір-бірін өзара толықтыру мен үйлестіру қабілеттілігіне байланысты болып отыр.
Сонымен қатар олар - қоғамның дамуына әсер ететін өзіндік механизмдері, сферштары, нақты қызметтері, мақсаттары мен міндеттері бар салыстырмалы дербес құрылымдар.
Мемлекет қоғамның белгілі бір сатылы даму нәтижесі ретінде пайда болды. Оның пайда болуы қоғамның өзі шешуге дәрменсіз саяси, әлеуметтік жөне экономикалық қиыншылықтардың шиеленісуімен байланысты. қайшылыкта толы қоғамдағы қақтығыстарды төмендететін, белгілі бір тәртіпке негізделген ережелердің шекарасын анықтайтын күштің қажеттігі өсе түсті. Сондықтан қоғамды дамытудың жағдайларымен қамтамасыз ету, "ойын ережелерін" анықтау қызметі мемлекетке жүктелді. Пол Хейне атап өткендей: "Мемлекет қоғаммен мойындалған мәжбүрлеудің ерекше құқығына ие"[1. 446 б. ] .
Алғашқы кезде мемлекеттің қоғамдағы рөлі қарапайым болды. Ол құқық қорғау мен заңдардың орындалуын қадағалау, ұлттық қорғаныс пен басқа мемлекеттермен нормативтік қатынастарды және т. б. сақтаумен шектелді. Экономика саласында мемлекет табыстарды анықтау және есептеу қызметін жүзеге асырды. Австриялық экономист Хайектің сөзімен айтқанда мемлекет экономикалық процестерге араласпай "түнгі күзетші" рөлін атқаруы тиіс болды.
Осыған қарамастан, мемлекет барлық кезеңдерде ұлттық экономикалық өміріне елеулі әсер етті. Феодалдық қоғамның заңдары жерге меншікті қорғады, шаруалардың міндеттерін анықтады.
қалыптасқан экономикалық жағдайлар, өмірдің барлық сфераларындағы көріністер мемлекетті экономикалық мәселелерді шешуге қатысуға, дәстүрлі қызметгі өзгертуге, әкімшілік және экономикалық тетіктер мен әдістерді қолдануға итермеледі.
Уақыт ете келе рыноктың дамуы және күшеюімен катар мемлекеттің араласуын қажет ететін процестер өсе түсті. Яғни, шектеулі ресурстарды тиімді белу үшін бәсекені қолдау, қоғамның елеулі бөлігін әлеуметтік қорғау және т. б. процестер қазіргі кезде әлемдік тәжірибе бойынша мемлекеттің белсенді реттеуші рөлі арқылы қана рыноктық экономика тиімді бола алады. Ұлттық экономикалық өміріндегі мемлекеттік рөлі мен орнын мұндай негізде түсіндіру мақсатында экономист Луис Малкерн былай деген: "Менің ойымша, кез келген алдыңғы қатарлы ел үшін экономикадағы мемлекеттің рөлін дұрыс анықтамаудан асқан қиын нәрсе жоқ. Демекші экономика дамуындағы мемлекет ролінің маңыздылығын көрсету актуальды проблема болып тұр. Сондықтан жұмысымның тақырыбын осылай таңдадым.
Бұл курстық жұмыстың мақсаты - тарихи шолу жасай отырып, мемлекетіміз бен оны басқару жүйесін, оның экономикадағы елеулі ролін бөлек және арнайы зерттеуді талап ететін мәселе ретінде қарастыру. Курстық жұмыс екі бөлімнен құралған. Бірінші бөлімінде, «Мемлекет мәні және қызметтері», жалпы мемлекеттің пайда болуы, дамуы, мемлекеттің және экономиканың ара қатынасын тарихынан бастап зерттеу қарастырылған.
Ал, екінші бөлімде, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесінде» еліміздің қазіргі дағдарыс кезіндегі экономиканы мемлекеттік басқарудағы ұстанып отырған саясаты мен мемлекеттік қызмет көрсетуді жетілдірудің негізгі бағыттарына тоқталған.
І МЕМЛЕКЕТТІҢ МӘНІ МЕН ОНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1. 1 Мемлекет түсінігі және негізгі белгілері
Мемлекет: ұғымы, мәні, белгілері, нысандары, механизмі, атқаратын қызметтері. Ғылымға мемлекет терминін алғаш рет итальяндық ойшыл Николло Макиавелли (1469-1527) енгізген. Оған дейін мемлекет деген ұғымның орнына «республика», «корольдік», «қалалық қауым», «патшалық», «ел», «басқару», «ат төбеліндей билік» сияқты әр түрлі атаулар қолданылып келген.
Алғашқы қоғамның ыдырауы, мемлекеттің пайда болу себептері:
қосымша құнның пайда болуы;
қоғамның тапқа бөлінуі;
қанаушы тап өзінің үстемдігін жүргізу үшін мемлекет құрады.
Мемлекеттің қалыптасуы туралы идеялар:
шарттық теория;
органикалық теория;
діни теория;
ішкі, сыртқы үстемдік теория;
материалистік теория.
Мемлекеттің алғашқы қоғамнан өзгешеліктері:
халықты территорияға сәйкес біріктіреді;
жеке қоғамды басқаратын аппарат құрады;
мемлекеттік салық қалыптасады.
Азия типтік мемлекеттердің қалыптасуы, олардың өзгешеліктері
Рим, Греция мемлекеттерінің қалыптасуы, олардың ерекшеліктері
Феодалдық мемлекеттердің құрылуы, оның себептері
1-кесте Мемлекеттің қалыптасуы [2, 235]
Мемлекеттің түпкі мәні қандай болса оның ұғымының, белгілерінің, нысандарының, атқаратын қызметінің мазмұны да сонда болады. Демек, осы тұрғыдан қарағанда мемлекетті оқып білуді оның мәнін ашып көрсетуден бастау дұрыс әдіс. Мемлекеттің мәні дегеніміз оның табиғатын, мазмұнын, қызмет ету мақсатын, қоғамдағы қажеттілігін анықтайтын барынша маңызды, тұрақты ішкі және сыртқы жақтары мен қасиеттерінің жиынтығы. Мемлекеттің мәнін ашып көрсетудің екі жолы қалыптасқан: таптық (маркстік-лениндік) және жалпыәлеуметтік.
Маркстік-лениндік ағым мемлекеттің мәні жиынтығы қоғамның экономикалық негізін құрайтын өндірістік қатынастардың сипатымен анықталады дейді. Өндірісті қатынастардың сипаты осы қатынастарға тікелей араласатын таптардың алатын орны мен атқаратын ролінен байқалады. Сөйтіп, марксизм-ленинизм мемлекеттің әлеуметтік құбылыс ретіндегі мәнін аша отырып, таптық қоғамда оның үстем етуші таптың мүддесін қорғайтынын көрсетеді. Сонымен марксизм мемлекет қоғам бір-біріне қарама-қайшы таптарға бөлінген кезеңде пайда болады деп түсіндіреді. Адамзат қоғамындағы алғашқы таптық мемлекет ол құл иеленушілердің үстемдігіне негізделген құл иеленуші мемлекет болды. Бұл мемлекеттің мәні қоғамның алғаш рет таптарға - құл иеленушілер мен құлдарға бөлінгенін көрсетті. Осы тұрғыдан қарағанда мемлекет дегеніміз бір таптың екінші тапқа өзінің үстемдігін жүргізудің құралы.
Мемлекеттің әлеуметтік мәнін жақтаушылар мемлекет адамзат қоғамына ортақ, әмбебап, жалпы ұйым болғандықтан ол халықтың барлық топтарының мүддесін, ешкімге артықшылық, кемшілік жасамйбірдей қорғау керек деген пікір айтады.
Солардың барлығын ескере келе, бүгінгі таңда мемлекет дегеніміз - егемендікке ие, құқықтың негізінде, арнайы аппараттың көмегімен елді басқаруды іске асыратын, заңдандырылған мәжбүрлеу мен күштеу қолдану құқы бар, қоғамдағы саяси биліктің ұйымдастырылуының ерекше түрпішіні деп айтуға болады.
Мемлекет - басқару функциясын орындайтын және соның көмегімен қоғамның тіршілік-тынысын қамтамасыз eтeтiн, оған қажетті жағдайлар мен алғышарттар жасауға ұмтылатын адамзат қоғамын ұйымдастырудың айрықша нысаны. Өзіне тән ерекше белгілері мен қажетіне, сондай-ақ өзіндегі аса мол мүмкіндіктеріне қарай мемлекет экономиканы дамытудың, әлеуметтік-саяси, рухани, ұлтаралық және жеке адамдардың арасындағы қатынастардың маңызды мәселелерін шешуге нақты қатысып, қоғамдағы істердің жағдайына белсенді түрде әсер ете алады. Мемлекет тек өзіне ғана тән функциялары, әсер ету нысандары мен әдістepi бар айрықша құрылым ретінде сипатталады. Соның арқасында оны қоғамда, ұйымда, құрылымдар мен институттарда әрекет ететін басқалардан ерекшелігімен көзге түсетін күрделі саяси организм ретінде ұғынамыз.
Көрсетілген нeгізгі жағдайлар біздің түсінігімізде мемлекетті анықтауда өзінің көрінісін табуы керек. Өзінің көрінісін тапқан құбылыстың күрделігі мен көп аспектілігіне қарай оның біржақты болуы мүмкін емес.
Мемлекет дегеніміз - адамзат қоғамы дамуының нәтижесінде пайда болған саяси ұйым.
Мемлекет - қоғамды басқару міндеті атқаратын, адамдардың, топтардың, таптардың қарым-қатынастарын реттеп отыратын, заңдарды қабылдайтын саяси ұйым.
Мемлекет - қоғамның саясатын жүзеге асыратын саяси ұйым.
Мемлекет туралы ұғымның тольқ болуы үшін оның белгілеріне егжей-тегжейлі тоқталып, олардың мазмұны мен мәнін тереңірек ашу қажет.
Мемлекеттің рулық басқару нысанынан басты айырмашылығы арнаулы кәсіби басқару және мәжбүрлеу аппаратының болатындығында жатыр. Бұл жердегі әңгіме қоғамнан ерекшеленген, басқару ici негізгі қызметіне, кәсібіне, яғни мамандығына айналған, қатары біртіндеп көбейе бастаған адамдар туралы. Басқарушы - адамдардың мұндай ерекше тобын алғашқы рулық басқару нысаны білген емес. Ол тек қана басқарудың мемлекеттік жүйесіне тән нәрсе, мемлекеттің үлкен механизмін іске қосады. Нәтижесінде мемлекеттің барлық халқы бip жағынан басқарылғандарға, eкінші жағынан басқарушылар мен басқаруға байланысты мамандарға бөлінеді. Сөйте тұра екіншілерінің бipiншісінe қатысы тек қана басқару функцияларын емес, сондай-ақ кейбір мәжбүрлеп ықпал ету шараларын да ресми түрде жүзеге асыруына қақысы бар.
Мемлекеттің басқа біp ерекше белгісі, өзінің өмір сүруі үшін халықтан салық жинауға мәжбүр болуы. Бұл салық - мемлекеттің өмip сүріп, тіршілік етуінің экономикальқ негізі; салықсыз ол күн көре алмайды, өйткені қаржының жетіспеуінен немесе болмауынан оның өмір сүруі қиындайды. Салықты мемлекеттің барлық азаматтары, соларға қоса шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар да төлейді; халықтың шамалы бөлігі ғана салық төлеуден босатылады. Мемлекет салықтан түскен қаржыны басқару және мәжбүрлеу аппаратының орасан зор армиясын ұстауға, мемлекеттің жүргізетін ішкі және сыртқы саяси шараларын қаржыландыруға, денсаулық сақтау, білім беру, ғылым, мәдениет салаларын қолдауға, экономиканың маңызды салаларын ынталандыруға, қоғамдық қауіпсіздікті, құқық тәртібін қылмыс және құқық бұзушылықпен күресті қамтамасыз етуге пайдаланады.
Мемлекеттің ерекше белгілерінің бipiнe оның өз азаматтарын аумақтық принцип бойынша бөлетіндігі жатады, ал алғашқы - рулық басқару ұйымының негізінен мүлдем басқаша - қандас туысқандардың байланысы мен қарым-қатынасынан құралады. Енді соңғысы бұрынғы маңызын жойды, басқару ісінде басым болудан калды. Kepiciншe, мемлекет азаматтарға өздеріне тиесілі құқықтарын бөліп, оларға міндеттер жүктеу туралы мәселені шешкен кезде, оларды басқару, ұйымдастыру және басқа да шараларға тарту кезінде ең алдымен олардың аумаққа жататындығын, тұрғылықты жерін ескереді.
Мемлекеттің дамуы барысында халықты аумақтық орналасу принципі бірқатар мемлекеттік-құқықтық институттарымен (тұтас алғанда) жанама түрде байланыс орнатты, ол оны нақтылай түсуге, тереңдетуге, айқын мазмұнмен толықтыруға бағытталған болатын.
Осыған байланысты адамның қандай да бip мемлекетке жататындығын білдіретін азаматтық институты пайда болды. Мемлекет азамат еместер шетелдіктер немесе азаматтығы жоқ тұлғалар болып танылады. Азаматтардың мәртебесіндегі айырмашылықтарының, сондай-ақ шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалардың арқасында мемлекет халықты «өзімдікі» және «өзімдікі емес» деп айшықтап атап көрсетеді (дифференциялайды) . Сыртқы (мемлекеттер арасындағы) және ішкі (автономиялық және әкімшілік аумақтық бөліністер арасындағы) шекаралар институтының маңызы айтарлықтай. Олардың көмегімен мемлекеттік биліктің кеңістіктегі шегі, сондай-ақ мемлекеттің егемендгінің құрамдас бөлігі болып табылатын аумақтық билік жүргізу институты анықталады.
Мемлекет басқа ұйымдардан қоғамда әрекет ететін құрылымдарымен және институттарымен, егемендік сияқты белгімен ерекшеленеді. Бұл сипат мемлекетті басқа ұйымдардан, қоғамның құрылымдары мен институттарынан жоғары қояды.
Егемендіктің екі құрамдас бөлігі бар: үстемділік және тәуелсіздік. Мемлекеттік биліктің үстемдігі деп өз аумағындағы ең жоғары билікті айтады. Өз аумағындағы жұмыс істеп тұрған барлық ұйымдар, бірлестіктер, құрылымдар мен тұлғалар мемлекеттің басымдық ролін мойындайды. Олар мемлекеттік биліктің бұйрығын орындауға, мемлекеттің белгілеген тәртібін сақтауға әpі бұзбауға міндеттенеді. Мемлекетке тиесілі аумақта бipдe-бip ұйым, бірлестік немесе құрылым мемлекетке қарсы келе алмайды.
Егемендіктің eкінші бip құрамдас бөлігі болып саналатын тәуелсіздік дегеніміздің мәнісі - мемлекет өзінің билігін дербес жүргізеді, өзінің стратегиялық бағыты мен тактикалық, жолын өзi таңдайды, өз iciнe ешкімді араластырмай, ішкі және сыртқы саясатын өзi жасайды, басқаның, үстемдігіне жол бермейді. Тәуелсіздік ұғымының iшкі acпeктіci мемлекеттің ішінде қызмет істейтін бірде-бip ұйымның, бірлестіктің және кұрылымның мемлекет билігінің дербестігіне қол сұға алмайтындығына ерекше көңіл аударуға міндеттейді. Ал тәуелсіздіктің сыртқы аспектісі, егемен мемлекет басқа мемлекеттермен, халықаралық ұйымдармен дербес қарым-қатынасты сақтайды дегенді білдіреді.
Мемлекет - қоғамның, елдің, халықтың ресми өкілі. Қоғамның, елдің, хальқтың мүддесін ол қанағаттандыра алды ма, жоқ па, қоғам, ел, халық оған өкілеттік берді ме, жоқ па, оған қарамастан бұл меселенің дұрыс жауабы алдын ала түйінделіп қойған ұғым болып табылады. Қоғамда, елде, халықтың арасында жұмыс icтeп жатқан басқа бірде бip ұйым (бірлестік, құрылым) қоғамның, елдің, халықтың epкi мен муддесін білдіруші екендігін, барлық деңгейде және барлық жағдайда оларды білдіре, көрсете аламын деп мәлімдеуге батылдық білдіре алмайды. Бұған үміткер болуға мемлекеттің ғана негізі бар. Мемлекеттің мұндай сипаттары басым.
Мемлекеттік басқарудың құқықтық нысаны, реттеуді және ықпал етуді пайдалануы, оның міндетті белгіci болып табылады. Олардың алдында тұрған міндетті мемлекет құқықсыз шеше алмайды. Егер мемлекеттің аумағында орналасып, жұмыс icтeп тұрған басқа ұйымдар, бірлестіктер мен құрылымдар құқық шеңберінде әрекет етіп, құқық тәртібін сақтауы, заңдар мен басқа да құкықтық нұскауларды орындауы қажет болса, онда кұқық аясындағы мемлекеттің кызметі мүлде басқаша, маңызды ерекшелгімен сипатталады және әр алуан болып келеді. Бұл айтылғандардан басқа, мемлекеттің құқық шығармашылық монополиясы, сондай-ақ құқық қорғау, бақылау, қамтамасыз етіп, кепілдік беретін функциялары бар. Мемлекет қоғамдағы негізгі өзара қарым-қатынаста өзәнің қызметіндегі басты демеу болып отырған құқық бастауына сүйенеді.
Мемлекетте ішкі және сыртқы функциялардың жиынтығы болуы және оларды органдар, мекемелер мен билік құралдарының жүйесімен жүзеге асыруға бейімделуі (бұл мәселелер төменде егжей-тегжейлі қарастырылатын болады) мемлекеттің айрықша белгісі болып табылады.
Осыған дейін айтылып келген, мемлекеттің ерекшелік белгілерінен басқа, мемлекеттің элементтері туралы да айту керек, ол отандық оқу және монографиялық әдебиетте халық пен аумақты меңзейді. Ол тіршілік ету және даму процесінде мемлекет сүйенетін объективті тірек ретінде түсіндірілуі керек. Халықсыз және аумақсыз мемлекет жоқ және болмайды да: соңғысын табиғи факторға немесе мемлекеттің материалдық құрамдас бөлігіне жатқызу қажет.
Сонымен, мемлекет - саяси ұйым. Қоғамда көптеген саяси ұйымдар болуы мүмкін. Бірақ мемлекет - ерекшке, бүкіл қоғамды қамтып, соның атынан, қоғам үшін қызмет істейтін саяси ұйым. Мемлекет қоғамның атынан қоғамның ішінде де, басқа мемлекеттермен қатынастарда да қызмет атқарады. Сондықтан мемлекеттің қоғам өміріне тікелей және жанамалай әсер ететін ерекше органдары және басқа саяси ұйымдардан оны ажырататын белгілері бар. Оларға жататындар мыналар:
1) Мемлекеттік егемендік. Мемлекеттің негізгі белгілерінің бірі - ол басқа мемлекеттерден тәуелсіз болады, оларға бағынышты емес. Мемлекет өзінің ішкі және сыртқы саясатын өзі қалыптастырып, өз еркімен жүзеге асырады. Былайша айтқанда. басқа мемлекеттерге жалтақтамай, өзінің ішкі және сыртқы саясатын өзі атқарады.
2) Билеуші органдар. Мемлекеттің ерекше билеуші, басқарушыоргандары болады. Мемлекет органдарында тек басқару қызметімен шұғылданатын шенеуніктер болады. Қоғамдағы заңды орнықтырылған тәртіпті қамтамасыз ету үшін мемлекет әскер, полиция құрады. Сыртқы жаулардың жансыздарынан сақтану үшін қарсы барлау органын ұйымдастырады. 3) Мемлекет органдарын, оларда істейтін қызметкерлерді қаражаттандыратын оның арнаулы материалдық қоры болады. Ол қорды жасау үшін мемлекет алым-салық белгілейді және оны жинайды.
4) Мемлекеттің өзінің тұрағы, аумғы болады. Сол аумақта мемлекет құрылады, өз қызметін атқарады, билік жүргізеді. Өз аумағының тұтастығын мемлекет барлық күш-қуатын сақтап, қорғауға тынымсыз әрекет жасайды. Мемлекеттер арасындағы қайшылықтар, келіспеушіліктер, соғыстар көбінесе осы жер, аумақ мәселесіне байланысты. Мемлекеттің аумағы басқаруды тиімді жүзеге үшін әкімшіліктерге бөлінеді. Халық әкімшілік-аумақтық бөліктерге бөлініп тұрғандықтан, олардың құқықтық жағдайы соған байланысты болады.
Мемлекет белгілері
Мемлекеттің егемендігі
Құқықтық жүйенің болуы
Билеуші органдардың болуы
Халықтың аулақ болуы
Басқару аппаратының болуы, басқарудан басқа істермен шұғылданбайтын адамдардың болуы
Арнаулы қаражат қорларын құру үшін салықтар жинау
Мемлекет тәуелсіздігін қамтамасыз ететін, қоғамдық тәртіп сақтайтын органдардың болуы
2-кесте. Мемлекет белгілері [2, 236]
5) Мемлекеттің күрделі белгілерінің бірі-құқықтық жүйенің қалыптасуы. Қоғамдық қатынастарды реттеп, оларды қажетті қалыпқа салып, тәртіп орнату үшін құқықтық нормалар жасалынады. Оларды жасап, қабылдайтын мемлекеттің тиісті өкілеттігі бар органдар болады. Сол құқықтық нормалардың жиынтығы мемлекеттің құқықтық жүйесін құрайды.
Мемлекеттің мәні оның ерекшеліктері мен сипатты белгілерінің жиынтығынан тұратын мазмұнынан көрінеді. Мемлекеттің қоғамдағы саяси партиялар, қоғамдық бірлестіктер, ұйымдар мен институттардан ерекшеленетін өзіндік бірнеше белгілері бар. Ондай белгілерге мемлекеттің аумағының болуы, мемлекеттің халқының болуы, мемлекеттік (бұқаралық) билік, мемлекеттің егемендігі, құқық пен заңдардың барлығы, салық пен салықтық жүйенің болуы жатады. (2-кесте)
Кез келген мемлекеттің өзінің белгілі бір аумағы болады. Аталған аумақта сол мемлекеттің тұрғындары, халқы шоғырландырылады және осы аумақтың көлемінде мемлекеттің билігі таралып, іске асырылады. Тек елшілік аясында немесе басқа да халықаралық келісім арқылы көрсетілген шеңберде болмаса, бір мемлекеттің аумағында екінші мемлекеттің билігі жүрмейді.
Мемлекеттің екінші бір белгісі ол мемлекеттік (бұқаралық) биліктің болуы. Биліктің бұқаралық болуы себебі ол, сол мемлекеттің халқы атынан оның аумағында тұратын елдің, адамдардың барлығына бірдей таратылады. Бұқаралық билікке мемлекеттік билік пен басқару органдары, мәжбүр ету аппараттары жатады. Тек мемлекет қана сот, прокуратура, ішкі істер бөлімдері, әскер, абақты сияқты органдар мен мекемелердің көмегімен мемлекеттік билікті іске асырады.
Халықаралық құқық теориясына сәйкес мемлекеттің ең негізгі белгілерінің бірі сол мемлекеттің аумағында тұратын халқының болуы. Мемлекеттік билік өзінің аумағында тұратын адамдардың арасындағы қоғамдық қатынастарды құқық, заң арқылы реттеу үшін, сол халыққа арналған құқықтық нормативтік актілерді қабылдайды. Қабылданған құқықтық нормативтік актілер халықтың барлық топтарына ортақ және міндетті түрде орындалуға, сақталуға және іске асырылуға тиіс.
Мемлекеттің келесі бір белгісі ол мемлекеттің егемендігі. Егемендік мемлекеттің ішкі және сыртқы істерді атқарудағы толық тәуелсізідігі. Мемлекеттің егемендігін үш жақта қарастыруға болады: біріншіден, мемлекеттің бүкіл аумағына, халқына тарайтын бірден-бір мемлекеттік билік болып табылатын биліктің үстемдігі; екіншіден, мемлекет органдарының бірыңғай жүйесін құрайтын мемлекеттік биліктің тұтастығы; үшіншіден, мемлекеттік биліктің өз істерін өз еркімен шешуге құқығы бар биліктің тәуелсіздігі.
Мемлекеттің тағы бір белгісі ол мемлекетте құқықтың, заңдардың болуы, құқық пен мемлекеттің ажырамас, тығыз байланысы. Кез келген мемлекет өзінің саясатын, билігін белгілі бір нормативті актілерді қабылдау арқылы іске асырады. Құқық пен заңды сол мемлекеттің өзі қабылдап бекітеді және олар сол мемлекеттің бүкіл іс-әрекетін заңдастыруға көмектеседі, қоғамдағы тәртіп епн тұрақтылықты, қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қажет.
1. 2 Мемлекеттің экономикалық қызметтері
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz