Тұлғаның психиканы дамуының әлеуметтік жағдайда байланысты өзгеруі


МАЗМҰНЫ
«Өзін -өзі тану» бағдарламасы бойынша өзін-өзі тәрбиелеу
ісі
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі: ҚР Президентінің Қазақстан халқына арналған 2012 жылғы жолдауының, жетінші бағытында адами капиталдың сапалы өсуі туралы айтты [1] . Бұл, ең алдымен, білім беру мен денсаулық сақтау. Сондықтан да қазіргі таңда қоғамымыздың қарқынды әлеуметтiк дамуы белсендi, тұлғаны қалыптастыруға жоғарыланған талап қояды. Әсіресе білім беру жүйесін одан әрі жетілдіру, үздіксіз білім берудің бірыңғай жүйесін құру, оқу мен тәрбие процесінің сапасын жоғарылату мен білім беру процесінде оқушылардың тұлғасының сана-сезімдерін дамыту болды.
Білім беру процесінде тұлғаның сана-сезімдерін қалыптастыра отырып, болашағына жол сілтеу - қазіргі таңда ауқымды мәселе. Өйткені, тұлғаның сана-сезімдерін қалыптастыру тек білім берумен ғана шектелмейді, яғни ол үшін мектепте өткізілетін тәрбие жүйесінің іс-шаралары оқушылардың болашақта парасатты, білікті, мәдениетті, білімді және дүниетанымы жоғары болып, еліміздің мәртебелі азаматы болуына ықпалын тигізуіне түйінделуі қажет.
Өзiндiк сана-сезiмi мен өзiн-өзi бағалауы белсендi түрде қалыптасып, өз тұлғалық қасиеттерiне қоршаған адамдардың бағалауына қызығушылық пайда болады . Қызығуында маңызды өзгерiстер байқалады және рухани қажеттiлiктерi дамып, құнды бағыт иерархиясы, өзiндiк дүниетанымы, қоғамға, өзге адамдарға, өзiне көзқарасы қалыптаса бастайды.
Қазақстан Республикасының қазiргi даму кезеңi қоғамның барлық саласындағы қозғайтын iстерiн қайта құрумен, әлеуметтiк-саяси және экономикалық қарым-қатынастардың өзгеруiмен сипатталады.
Қазiргi кезде, әсiресе жасөспірімдердің сана-сезімі, жөнiндегi мәселе зерттеушiлердiң назарын аударуда. Өйткенi, балалардың өзiн-өзi бағалауының маңызы зор, ол есейген сайын қоршаған ортаның пiкiрiне емес, өзiнiң пiкiрiне құлақ салады.
Өзiн-өзi бағалау мен талаптану деңгейі оқушы мен мұғалiмдердiң, ата-аналарының, жолдастарының арасындағы қарым-қатынастарды қалыпқа келтiру үшiн өте маңызды. Сонымен бірге, балалардың өзiн-өзi бағалауы мен талаптану деңгейiнің қалыпты тұрғыда қалыптасуы, болашақта олардың парасатты, бiлiктi, мәдениеттi, бiлiмдi және дүниетанымы жоғары болып, елiмiздiң мәртебелi азаматы болуына үлкен әсерiн тигiзерi сөзсiз.
Болашақ ұрпақтың, әсiресе жасөспірімдердің терiс жолға түспеуiн, адамгершiлiктiк-өнегелi қасиеттерiнiң жоғары және iзгi ниеттi азамат болуына, олардың тұлғасының дұрыс дамуын жүйелi тұрғыда қарастыру маңызды болып табылады.
Өзiн-өзi бағалау, ең алдымен талдау, теңестiру, iрiктеу, ойлау әрекеттерінің нәтижесi. Адам тұлға ретiнде өзiн-өзi бағалаусыз өмiрде өз тағдырын шешу қиын. Өзiн-өзi бағалау өзiнiң бойында белгiлi қасиеттердiң барлығының деңгейi жөнiндегi адамның пiкiрi.
Кеңес психологиясының ғылымында өзiн-өзi бағалау мәселесi тұлға дамуының контекстiнде немесе сана-сезiм мәселесiнде анықталады. Өзiн-өзi бағалауда iшкi қасиеттердiң алға басуы, өзiне деген қатынасының бейнелену формасы, тұлғаның белсендi, бағыттылығының бейнеленуi өзiн-өзi реттеудiң құралы болып табылады.
Біздің қоғамымызда жеке адамның алатын орны мен атқаратын қызметі орасан зор. Еліміздің президенті Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында «Адам ресурстарын дамытуға» баса назар аударған. Жалпы қандай да бір мемлекет болмасын, қоғам болмасын дені сау, саналы азаматтарсыз елестету мүмкін емес. Қазақстан Республикасының Конституциясының 1-бабында: «Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады; Оның ең қымбат қазынасы - адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары. »-деп тегіннен-тегін айтылмаса керек. [2]
Зерттеудiң ғылыми жаңалығы:
Міне осындай құндылыққа сай тұлға қалыптастыру тарихта да, бүгін де, болашақта да ең маңызды әрі өзекті мәселенің бірі болып қала бермек. Тұлға қалыптастыру жолында өзіндік орны ерекше сала ұлттық педагогиканың да, заман педагогикасының да қосқан үлесі мен жетістіктері қаншама .
Еліміздің өсіп келе жатқан бітімгершілік әлеуеті алдағы уақытта да мұқият сақталып, дамытыла берілуі тиіс. Жеке адам деп көп жағдайда дербес, нақты адамды айтады. Ол - белгілі қоғамның мүшесі, ол қандай да болмасын бір іспен айналысады. Оның азды - көпті тәжірибесі, білімі, өзіне тән іс - әрекеті болады. Субъект категориясы философияда, әсіресе онтологияда, негізгі орын алатыны белгілі (Аристотель, Декарт, Кант, Гегель) . Ол қзіргі кездегі, психологияда да өзіне үлкен назар аудартуда (С. Л. Рубинштейн, К. А. Абульханова-Славская, А. В. Брушлинский, В. А. Лекторский) . С. Л. Рубинштейннің айтуынша, «онтологияның негізгі мәні түрлі формалардағы субъектілерді, тіршілік ету тәсілдерін, қозғалыстың түрлі формаларын ашу». Мұның ішіне іс-әрекет субъектілерін қозғалыстың негізгі формаларының бірі ретінде ашып көрсету енеді.
Жаңа туған нәрестені «адам» деуге болады, бірақ жеке адам емес. Өйткені жеке адам қоғамда белгілі бір жағдайға ие және белгілі бір қоғамдық роль атқарады. Роль жеке адамның қызметі. Жеке адам қоғамнан тыс өмір сүре алмайды. Өйткені оның психикасы тек айналасындағылармен қарым - қатынас жасау процесінде қалыптасады.
Тұлғаның жеке дара дамуында өзін-өзі тәрбиелеу, өзін-өзі жетілдіру процесі, заңдылықты түрде жеткіншек жаста басталады. Әдетте осы жаста адамда өзінің рухани әлеміне деген ықылас арта түседі, өзін таныту, өзін көрсету мүмкіншіліктерін белсенді іздестіріп өзін-өзі тануға, өзін-өзі сынауға деген ерекше қызығушылық пайда болады. Дәлірек айтсақ, тұлғаның рухани өмірінің барлық жғын қамтитын өзін-өзі тәрбиелеу процесі қарқынды жүре бастайды. Бұл жасөспірімнің басқа адамдарға және өзіне деген қатынасына белгі қалдырады. Оқу, еңбек, достық, өздігінен білім алу, ата-анасына, мұғалімдерге, қатарластарына қатынасы - бәрі осы процестің ықпалымен жүреді. Жеткіншек жаста басталған тұлға дамуы, өзін-өзі тәрбиелеу процесі, әр адамда жоғарғы сатыға жете бермейді, жүйелі бола да бермейді. Кейбіреулерінде ол мәнгі қалып, психологтардың терминологиясы бойынша «ситуативті өзін-өзі тәрбиелеу» болады. Бірақ қалай да болмасын, өзін - өзі тәрбиелеу процесі өмір бойы тұлғаны қостап өтеді.
Адамның өзін-өзі тәрбиелеуге ұмтылысы қоғамдық өмірмен, тәрбиемен, индивидтің дербес іс-әрекетімен пайда болады. Бірақ қоғамда қалыптаса келіп адамның өзіне деген саналы қатынасының атрибутына ауысады.
Тұлғаның қалыптасуы адамның мінезі үшiн маңызды орын алады, яғни оның мiнез-құлық пен iс-әрекетiнiң жоғары саналы формаларын қамтамасыз етiп, оның ақиқатқа байланысты барлық қарым-қатынастарының бiрлiгiн құрайды. Нәтижесiнде адамның кез-келген реакциялары (жауап беруі) және iшкi аффективтi өмiрiнiң құрылымы оның әлеуметтiк тәжiрибе барысында жинақталған тұлға ерекшелiктерiмен анықталады.
Осы мәселе тұрғысынан қарастыра отырып диплом жұмысымыздың тақырыбы: «Жасөспірімдердің өзіндік сана-сезімінің психологиялық ерекшеліктері» деп белгіленді.
Практикалық маңыздылығы:
Тәжірибеде өткізілген әдіс - тәсілдер оқу - тәрбие мекемелерінің кез - келген оқу - тәрбиеге қатысты іс - шараларында пайдаланылуына болады.
Диплом жұмысының мақсаты:
Жасөспірімдердің өзіндік сана-сезімінің психологиялық ерекшеліктерін қарастыру.
Психологиялық зерттеулерінде жасөспірім тұлғасының ерекшелігі психологиялық жаңа құры-лымдардың түп тамыры, жеткіншек жаста қалыптасып қойған туындысы болып табылады. Өзіндік жеке тұлғасына деген қызығушылықтың күшейуі, сыншыл-дықтың көрінуі - бұлардың барлығы ерте жеткіншек жаста сақталады, бірақ, олар мәнді өзгерістерге ұшырап, саналы түрде бейнеленеді. Ең негізгі мәнді өзгеріс тұлғаның өзіндік дамуында болады. Оның айрықша ерекшелігі болып, өзіндік рефлексиясының күштілігі табылады. Яғни, өзін - өзі тануға, бағалауға, өз мүмкіншіліктері мен қабілеттіліктерін білуге талпынысы жатады.
«Мен кіммін?», «Мен қандаймын?», «Менің қабілеттерім қандай?», «Менің өмірлік идеалым қандай?», «Мен кім болғым келеді?» - міне осы сияқты сұрақтар жасөспірім жастағыларға өте қатты әсер етеді .
Филип Роистың «Психология подроскового и юношеского возраста» -оқулығында: жасөспірімдердің өзінің уайым қайғылары ойлары, сезімдері мен қызығушылықтары, арман тілектері мен талпыныстары нақты зерттеу мен зейін салу мәніне айналады дейді. Бұл кезеңде оқушы өзінің ішкі әлемін енді ашады, субъективті уайымдарына «Өзіндік меніне» қызығушылық таныта бастайды. Өз тұлғасына қызығушылығына төмен жеткіншектерге қарағанда, жасөспірім-дердің өзін - өзі тануы, өзіндік сана - сезімі белсенді және өз тұлғасын өз өзіне бағындыруы туа бастайды.
Диплом жұмысының міндеттері:
* Тәрбие процесінің субъект категориясы және субъектілердің өзін өзі дамытуы;
*Педагогикадағы тәрбие мәселесі, тұлғада жүретін өзгерістер;
* Тұлға белсенділігін арттырудағы өзін-өзі тәрбиелеудің реттегіштік рөлі; *Жасөспірімдердің өзіндік сана-сезімінің психологиялық ерекшеліктерін қарастыру.
Көптеген ғалым психологтардың пікірінше жасөспірімдердің жетілуі жеткіншектерге қарағанда жоғары деңгейде байқалады. Жеткіншектердің айқын сезімін сырттан қарағанда ересек адамдарға ұқсас келеді. Оларға қарағанда жасөспірімдердің ортаны бөлек олардың басқаға ұқсамауы және құрбыластарымен ересек адамдардың арасында ерекше болуы, әртүрлі бағытта өз - өзін көрсетуі және өзінің өзіндігін бекітуі тән.
Жасөспірім кезеңі жалпы тұлға болып дамуындағы маңызды фаза. Жасөспірімнің жеке басы дамуының аса маңызды факторы - оның өзінің ауқымды әлеуметтік белсенділігі. Ол белгілі бір үлгілер мен игіліктерді игеруге, үлкендермен және жолдастарымен, ақы-рында өзінің жеке басы мен өзінің болашағын және ниетін, мақсаты мен міндетін жүзеге асыру әрекеттерін жобалау бағытталады.
Зерттеу нысаны: тұлғаның сана-сезімінің даму процесі.
«Жасөспірім» - сөзінің мағынасы ішкі дүниенің негізгі тенденциясының дамуын көрсетеді. Жасөспірім шаққа аяқ басқан баланың қалыптасуындағы түбегейлі өзгерістер сана - сезімнің дамуындағы сапалық өзгеріспен анық-талады, осының арқасында бала мен ортаның арасындағы қатынас бұзылады. Жасөспірімнің жеке басындағы басты және діни тән жаңа құрылымын оның өзі туралы енді бала емеспін дейтін түсініктің пайда болуы орын алады. Ол өзін ересекпін деп сезіне бастайды, ересек болуға және өзіне жұрттың осылай деп қарауына ұмтылады.
Осы жастағы өзгешелік психолог А. Г. Ковалев биологиялық әсері туралы сұрақты ашып тастамай, соның ішінде психикалық сферадағы жыныстық жетілу жасөспірімнің эмоциялық қалпына бетте-суін біз тұтас деп айтсақ, онда оның психикалық кескінін биологиялық фактор-мен анықтаймыз.
Зерттеу пәнi: жасөспірімдердің өзіндік сана-сезімін дамыту.
Зерттеудің әдіснамалық және теориялық негізі:
Б. Г. Ананьев, А. Н. Леонтьев объективтi өмiрдi бейнелеу процесiнде, белсендi тұлға, қоршаған әлеуметтiк өмiр танымы, сана-сезiмiмен бiрлестiкте iске енетiн тұтастай субъект ретiнде көрiнiс бередi - деп сипаттаған.
Л. И. Божовичтің балалар тұлғасының психологиялық зерттеу мiндетiнде оның қалыптасуы мен заңдылықтарын бақылау және қолайлы немесе бөгет жасайтын жағдайларды анықтау керектігін айтқан.
Қазақстанда тұлға мәселесi Ж. Ы. Намазбаева, Л. О. Сарсенбаева, Р. Ш. Сабирова, Л. В. Пилипчук, С. Ж. Өмірбекова ғылыми зерттеу еңбектерiнде белсендi түрде дамуда.
Ж. Ы. Намазбаева тұлға мәселесiн зерттеуiнде түрлi iс-әрекет (ойын, оқу, еңбек) барысындағы жас ерекшелiк шамасының тұлғалық компоненттерiнiң механизмдерi мен қызметтерін белгiлеуге түйiнделетiн кешендi көзқарастарды жетiлдiрдi. В. Г. Асеева бойынша мектеп жасындағы жетілу немесе басқа сөзбен
айтқанда ерте жетілу - адамның туғаннан бастап физиологиялық, психологиялық және азаматтық ересектік жетілу кезеңі.
Мектеп оқушыларының өміріндегі ересектену (14 -15 жастан бастап 17-18 жас аралығында) өте құнды кезең. Осы жаста жасөспірімдердің мектептен оқу процесі аяқталады. Физиологиялық жетілуі баяулап, жыныстық оқдасы ерте жетіледі. Осының арқасында физиологиялық қызметі реттеледі және қан айналымы жақсарады т. с. с. Жасөспірімдердің даму кезеңінде қан тамырларының қан айналу жүйесі күшейіп, сол кезде жүрек ауруы, бас айналуы, қан қысымының көтерілуі жойылады.
Жасөспірімдердің ерте жетілу кезеңдерінде орталық жүйке жүйесі ересек адамдікімен теңеледі. Мидың салмағы мен көлемі және фукционалды белсенділігі ересек адамдардың ойлауынан қарағанда айырмашылығы болмайды.
Сонымен қатар функционалды жетілу жалғасып, осы кезеңде мидың жетілуі ерекше морфологиялық және функционалдық дамуымен анықталады.
Жасөспірім - барлық қатынас жағынан ересек адам деп қарастырады М. Ю. Красовицкий. Бірақ оларды толы-ғымен жетілген адам деп айта алмаймыз, сондай ақ нақты осы жасөспірім шақта тұлғаның әлеуметтік бейімделуі белсенді жүреді. Мектеп пен ата - аналардың жасөспірімдерді, жұмысқа, оқу - танымдық және қоғамдық - саяси іс - әрекеттерге, жанұя жағдайына, азаматтық борышты өтеуге тәрбиелеуде үлкен маңызды мәні жатыр
Зерттеудiң әдістері: зерттеу мәселесіне байланысты психологиялық, педагогикалық, медициналық, әдістемелік әдебиеттерге тақырып бойынша теориялық талдау жасау; психологиялық тұрғыдан түзетімдік жасау технологиясын ендірудің (Т. Дембо-С. Я. Рубинштейiн, Ф. Хоппе, С. А. Будасси, Е. С. Романова және С. Ф. Потемкинамен бейімделген Р. Бернстің «Өз суретін салу» атты) әдістемелеріне сипаттама және әңгімелесу, анкета жүргізу, жеке құжаттарын, психологиялық-педагогикалық мінездемелерін талдау; тәжірибелік-эксперимент жұмысын ұйымдастыру және оның нәтижелерін статистикалық өндеу, талдап қорыту. Рувинский Л. И., Хохлова С. И.
Жұмыстың құрылымы және көлемі: Дипломдық жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытынды мен қолданылған әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұр
- ЖАСӨСПІРІМДЕРДЕ ӨЗІНДІК САНА-СЕЗІМДІ ТӘРБИЕЛЕУ МӘСЕЛЕСІЖасөспірім жас ерекшеліктері мен сананың негізгі қасиеттері туралы түсінік
Жасөспірім шақта және жасөспірім кезеңінде де ересек жастағы сияқты адам өзінің ішкі әлемін дамыған рефлексивті қабілеттері арқылы ашады. Бұл сезім мен ой - тылсымдарын тануға бағытталған.
Жасөспірім кезеңі 15-16, 21-25 жас аралыққа дейінгі жас мөлшерін қамтиды. Бұл кезең адамның сенімсіздік пен жүйесіздік кезеңінен шынайы ер жету шағы. Жасөспірім кезеңінде адамдарда өмір құндылықтарын таңдау мәселесі пайда болады.
Жасөспірім өзіне деген ішкі қарым - қатынасын қалыптастыруға (мен қандай болғым келеді?) басқа адамдарға деген қарым - қатынысқа, және де моральдық құндылықтарға талпынады. Нақ осы жасөспірім кезеңінде адам өзінің жақсылық пен жамандық категориялары арасында саналы түрде өз орнын табады. «Намыс», «адамгершілік», «құқық», «міндет» сияқты тұлғаның сипатын басқа да ұғымдар толғандырады. Жасөспірім кезеңінде адам жақсылық пен зұлымдылықтың диапазонының шектелген шекарасына дейін таниды. Сондай - ақ, ол өзінің ақылы мен жанының кереметтей шарықтаудың мейір-бандылықтан зұлымдыққа, адамгершіліктен жауыздыққа дейінгі диапазон аралығын басынан өткереді. Арбаулар мен шарықтауда, күресте және бастан өткеруде, жығылуда және қайта тұруда жасөспірім сезіп білуге ұмтылады. Ішкі позицияны таңдау өте күрделі рухани жұмыс.
Жалпы адам құндылықтарының икемділігімен, құнды бағыт - бағдарының құрылымымен талдамасын тануға ұмтылған адамға, өзінің іс - әрекетін балалық және ересек жаста анықтай-тын, тарихи бекітілген нормативтермен құндылықтарды саналы түрде бұзуға, қабылдауға тура келеді. Ол өзінің бейімделген және бейімделмеген өмір позициясының жағдайы, сонымен қатар оның ойынша, бұл таңдаған позиция, ол үшін ең неізгі, ең қажетті, ең таңдаулы болуы тиіс. [3]
Жасөспірім қоршаған әлемдегі өз орнын табуға қандай күш салып бағытталса да, барлық өмір мәнділігін тануға интеллектуалды дайын болса да, ол көп нәрсені білмейді, өйткені ол өзін қоршаған адамдарды және рухани өмір тәжірибесін білмейді.
Әсіресе жасөспірім шақта табиғи берілген басқа жынысқа деген талпыныс қозады. Жасөспірімдік кезең адам өзінің рефлексивті жаттығуларын бағалайтын кезең. Ал бұл рефлексивті жаттығулар ішінен ол өзі, досы, барлық адамзат кіреді. Жасөспірім өзінің тұрақты рефлексиясы арқылы өзінің негізін, мәнін ашады. Ол нәзік жанды, тез уайымдауға, сәтсіздікке берілгіш болады. Қандай болмасын ерекше бөгде көзқарас, әсерлі сөз, ерекше әсерлі болып оны жолынан тайдыруы мүмкін.
Б. Г. Ананьев, А. Н. Леонтьев объективтi өмiрдi бейнелеу процесiнде, белсендi тұлға, қоршаған әлеуметтiк өмiр танымы, сана-сезiмiмен бiрлестiкте iске енетiн тұтастай субъект ретiнде көрiнiс бередi - деп сипаттаған. [3]
Л. И. Божовичтің балалар тұлғасының психологиялық зерттеу мiндетiнде оның қалыптасуы мен заңдылықтарын бақылау және қолайлы немесе бөгет жасайтын жағдайларды анықтау керектігін айтқан.
Қазақстанда тұлға мәселесi Ж. Ы. Намазбаева, Л. О. Сарсенбаева, Р. Ш. Сабирова, Л. В. Пилипчук, С. Ж. Өмірбекова ғылыми зерттеу еңбектерiнде белсендi түрде дамуда.
Ж. Ы. Намазбаева тұлға мәселесiн зерттеуiнде түрлi iс-әрекет (ойын, оқу, еңбек) барысындағы жас ерекшелiк шамасының тұлғалық компоненттерiнiң механизмдерi мен қызметтерін белгiлеуге түйiнделетiн кешендi көзқарастарды жетiлдiрдi. В. Г. Асеева бойынша мектеп жасындағы жетілу немесе басқа сөзбен айтқанда ерте жетілу - адамның туғаннан бастап физиологиялық, психологиялық және азаматтық ересектік жетілу кезеңі. [44]
Мектеп оқушыларының өміріндегі ересектену (14 -15 жастан бастап 17-18 жас аралығында) өте құнды кезең. Осы жаста жасөспірімдердің мектептен оқу процесі аяқталады. Физиологиялық жетілуі баяулап, жыныстық оқдасы ерте жетіледі. Осының арқасында физиологиялық қызметі реттеледі және қан айналымы жақсарады т. с. с. Жасөспірімдердің даму кезеңінде қан тамырларының қан айналу жүйесі күшейіп, сол кезде жүрек ауруы, бас айналуы, қан қысымының көтерілуі жойылады.
Жасөспірімдердің ерте жетілу кезеңдерінде орталық жүйке жүйесі ересек адамдікімен теңеледі. Мидың салмағы мен көлемі және фукционалды белсенділігі ересек адамдардың ойлауынан қарағанда айырмашылығы болмайды.
Сонымен қатар функционалды жетілу жалғасып, осы кезеңде мидың жетілуі ерекше морфологиялық және функционалдық дамуымен анықталады.
Жасөспірім - барлық қатынас жағынан ересек адам деп қарастырады М. Ю. Красовицкий. Бірақ оларды толы-ғымен жетілген адам деп айта алмаймыз, сондай ақ нақты осы жасөспірім шақта тұлғаның әлеуметтік бейімделуі белсенді жүреді. Мектеп пен ата - аналардың жасөспірімдерді, жұмысқа, оқу - танымдық және қоғамдық - саяси іс - әрекеттерге, жанұя жағдайына, азаматтық борышты өтеуге тәрбиелеуде үлкен маңызды мәні жатыр. [9]
Зерттеу мәселесіне байланысты психологиялық, педагогикалық, медициналық, әдістемелік әдебиеттерге тақырып бойынша теориялық талдау жасау; психологиялық тұрғыдан түзетімдік жасау технологиясын ендірудің (Т. Дембо-С. Я. Рубинштейiн, Ф. Хоппе, С. А. Будасси, Е. С. Романова және С. Ф. Потемкинамен бейімделген Р. Бернстің «Өз суретін салу» атты) әдістемелеріне сипаттама және әңгімелесу, анкета жүргізу, жеке құжаттарын, психологиялық-педагогикалық мінездемелерін талдау; тәжірибелік-эксперимент жұмысын ұйымдастыру және оның нәтижелерін статистикалық өндеу, талдап қорыту. Рувинский Л. И., Хохлова С. И еңбектерінде жасөспірім шақ - бұл қоғамдық жүйедегі көз - қарасқа байланысты дүниетанымның бірінші элементі байқала бастайды, бірақ та әлемге деген көз - қарасын толығымен пайымдай алмайды. Тек жасөспірімдерде фило-софиялық ойлау әрекетінің қанағаттануы мүмкін болса, пайда болады. Бұған арқау болатын түрткі - оқудағы білім, тәртіп пен информация, әдеби оқулықтар және сыртқы ортадан алатын көріністер мен үлкендермен қарым - қатынас. [10]
Ш. Бюллер жасөспірімдік кезеңді фаза бойынша бөліп қарастырады. Негативті фаза пубертодты кезеңде басталады. Негативті кезеңге жеткіншектердің дамуын қоюға болады. Ал, позитивті фазада өмірге деген қызығушылықтың пайда болуы, адамға деген ыстық сезім, табиғатты түйсіну т. с. с болады. Бұл фазаны жасөспірімдерге қатысты деуге болады [11] .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz