Жоғары оқу орындарында шетел тілін оқытудың алғашқы сатысында білімді меңгеру тәсілі ретінде тыңдап түсінуді үйрету
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: Жоғары оқу орындарында шетел тілін оқытудың алғашқы сатысында
білімді меңгеру тәсілі ретінде тыңдап түсінуді үйрету
Мазмұны
Кіріспе
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
1 Студенттерге тыңдап түсінуді
үйрету ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ..6
1.1Тыңдап түсіну - сөйлеу әрекеті ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 6
1.2Тыңдап түсіну сөйлеу әрекетінің басқа түрлерімен байланысы
... ... ... ... 8
1.3 Аудиомәтіндерді (тыңдап түсінуге арналған мәтіндерді)
сұрыптаудың өлшемдері

... ... .14
1.4Тыңдап түсінуге үйретуде қолданылатын аудио-визуальдық құралдар... 19
2 Жоғары оқу орындарында алғашқы сатыда ағылшын тілінен тыңдап түсінуді
үйрету ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..23
2.1 Ағылшын тілін тыңдап түсіну арқылы оқытудың эксперимент
нәтижелері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .24
2.2 Тыңдап түсіну арқылы ауызша сөйлеуге үйретудің
психологиялық
мәселелер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
.30
2.3 Ағылшын тілі сабақтарында техникалық құралдарды пайдалану ... ... ...33
2.4 Мультимедиалық бағдарлама арқылы тыңдап түсіну әдістемесі ... ... ... 41
2.5 Ойын арқылы тыңдау дағдыларын дамыту
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .42
Қорытынды

... ... ... ... ... ... ... ..50
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 53
Кіріспе
Бүгінгі таңда еліміздің білім беру жүйесінде оқыту үрдісін тың
жаңалықтарға негізделген жаңа мазмұнмен қамтамасыз ету міндеті тұр. Соның
бірі – қоғамдық-саяси өмірге белсенді араласуға қабілетті, өзіндік пікірін
ауызша және жазба түрде тиянақты, анық, жүйелі жеткізе алатын жеке тұлғаны
қалыптастыру.
Тұжырымдамада көрсетілгендей, алғашқы сатыдағы студенттерге тілдік
құралдарды өз тәжірибесінде пайдалана білудің ғылыми-әдістемелік жолдарын
көрсетіп, ойын жүйелі түрде дұрыс айта және түсініп жаза алатындай етіп
үйрету – бүгінгі заман талабы. Мұның себебі, біріншіден, тіл – адам
мәдениетінің, интеллектісі мен жан-жақтылығының көрсеткіші болса,
екіншіден, өз ойын байланыстырып айту және түсіну студенттің басқа
адамдармен еркін қарым-қатынас жасауына мүмкіндік береді. Басқалармен қарым-
қатынастың тартымды, сәтті болуы адамның өзінің ойын қаншалықты еркін,
тиянақты, жүйелі түрде жеткізуіне байланысты. Алғашқы сатыдағы студенттер
еркін мазмұнды түсініп байланыстырып сөйлеуге үйрену,түсініп тыңдау арқылы
тілдің мағыналық, құрылымдық ерекшелігін тануға, көркемдік бейнелілігін
ұғынуға, сөздік қорының кеңеюіне мүмкіндік алады. Түсініп тыңдау әрекетінде
студент сөйлемнің мәніне, мағынасына көңіл аудара отырып, ойлау әрекеті мен
пайымдауы арқылы санасынан өткізеді де, өз ойын байланыстырып, жүйелі
айтудың нәтижесінде тілдік қатынасты жүзеге асырады. Студенттің жоғары оқу
орнына келгенге дейінгі өзі игерген ауызша сөйлеуімен салыстырғанда, тілдік
қатынастың күрделі түрі жазбаша сөйлеуге үйрету,тыңдап түсіну белгілі бір
жасанды дағды негізінде қалыптасады. Сондықтан да бұл жұмыс оқытушы мен
студент тарапынан көп көңіл бөлуді қажет етеді.Соның бірі – қоғамдық-саяси
өмірге белсенді араласуға қабілетті, өзіндік пікірін ауызша түрде тиянақты,
анық, жүйелі жеткізе алатын жеке тұлғаны қалыптастыру.
Зерттеу жұмысының өзектілігі. Адамзат жаратылысында тіл айрықша
маңызды рөл атқаратыны белгілі. Тіл адамдардың жай ғана қарым-қатынас
құралы емес, оның ішкі құрылымдары мен жүйелері тым күрделі және олар бір-
бірімен тығыз байланысты көпдеңгейлі құрылым болып табылады. Адам тіл
арқылы жай ғана ақпарат алып немесе ақпарат беріп қоймайды, сонымен қатар
әрдайым өзінің қоршаған ортаға, құбылысқа деген көзқарас, сезімін,
субъективті қарым-қатынасын тіл арқылы жеткізіп отырады. Осылайша тіл
адамның ішкі көңіл-күй толғанысы мен сезімін де жеткізудің басты құралына
айналған. Психологияда адамға тән сезімдердің 500-ге тарта түрлері белгілі
болса, олардың әрқайсысының тілдік жүйедегі мазмұны мен көрінісі сан алуан.
Себебі тілдің басты міндеті адамға қызмет ету, ал адам – сан қырлы, күрделі
құбылыс. Қазіргі ғылымның дамуындағы антропоцентристік бағыт адамды
интеллектуал тұлға ғана емес, оны эмоционалды менталды қырынан да
қарастырады. Жеке тұлғаның психикалық құрылым компоненттерінің бірі эмоция
болса, бұл феномен стилистикада арнайы тіл құралдары мен стилистикалық амал-
тәсілдер арқылы объективтенеді. Тілдің адамнан тыс тұрған жеке құбылыс
емес, адаммен бірліктегі, бірін-бірі анықтайтын күрделі құрылымдар болып
саналатыны да сондықтан. Тілдің ең кіші бірлігі дыбыстан бастап мәтінге
дейінгі тіл бірліктерінің барлығы адамның қандай да бір ішкі эмоциясы мен
көңіл-күйін жеткізуге қызмет етеді. Адамның эмоциясын жеткізудегі тілдің
қызметі ғалымдардың назарын көптен бері аударып келеді. Ғылым ретінде
дамуына түрткі болған В.Гумбольдт, К.Фосслер зерттеулері дүниеге келген
заманнан бері бұл бағытта көптеген еңбек жазылды. Ынталандыра оқыту –
тілдік жағдаяттың өзіндік табиғатынан туындайтын, оқыту үрдісіндегі тілдік
қарым-қатынасты жүзеге асыратын әрекет. Алғашқы сатыдағы студенттеріне
тілді түсіну,сабақты ұйымдастыруда сапалы меңгерту үшін студенттің дара
тұлғалық ерекшеліктеріне назар аудару қажет екені белгілі. Оқуға деген
студенттің ынталылығын қалыптастыра отырып, олардың қоғамдық ортаға енуіне
қажетті тілдік дағдыларды дамытуға мүмкіндік жасау қазіргі уақыт
сұранысынан туындап отыр. Алғашқы сатыда ағылшын тілін оқытуда аудио
құралдарды қолданудың маңызы, оның алғышарттары, тыңдалым түрлері, оларды
ұйымдастыру мәселелері сөз болады.
Диплом жұмысы зерттеуінің арқауы болып отырған ағылшын тілінің бүгінгі
күнде өзекті мәселеге айналуына қазіргі қоғамдағы жеке тұлғаны тануға деген
ерекше ықыластың, осыған байланысты қоғамдық ғылымдардың дамуындағы жаңа
гуманитарлық парадигманың қалыптасуы да ықпал етіп отыр.
Зерттеу нысаны. Оқу қазақ тілінде жүретін жоғары оқу орындарында
алғашқы сатыда ағылшын тілін түсініп тыңдау арқылы ынталандыра оқыту
үрдісі.
Зерттеу пәні. Оқу қазақ тілінде жүретін жоғары оқу орындарында алғашқы
сатысында сөйлеу әрекеттерін меңгерту арқылы тыңдап түсінуді ұйымдастыру
негізінде ағылшын тілін ынталандыра оқыту.
Зерттеу жұмысының мақсаты. Тыңдау арқылы ынталандыра оқыту негізінде
оқу қазақ тілінде жүретін жоғары оқу орындарында алғашқы сатысында ағылшын
тілін үйрету әдістемесін ұсыну.
Зерттеу міндеттері.
Алғашқы сатыда ағылшын тілін үйретуде сабақ ұйымдастыру және материалдарды
іріктеу және жүйелеу.
Студент қабілеті мен әрекетін дамыту, түсініп тыңдауға үйрету;
Түсіну арқылы тілді студенттерге ынталандыра оқыту әдістерін айқындау.
Сөйлеу әрекетіне енетін компоненттер негізінде тілді оқыту кешенін қамтитын
жаттығуларды анықтау.
Зерттеу болжамы. Алғашқы сатыдаға студенттердің тыңдап түсіну арқылы
сөйлеуге үйретудің тиімділігі мынадай шарттар орындалған жағдайда артады:
егер студентке берілетін мәтін жайлы теориялық білім мен қажетті білік,
дағдылар нақтыланып, мәтін құрастырудың әдіс-тәсілдері саналы түрде
меңгерілсе, студенттерді тыңдап түсіну арқылы үйрету жұмысы жаңа технология
талаптарына сай (аудио, визуальдық, компьютерлік және электрондық оқу
құралы арқылы т.б.) жүргізілсе, онда студенттердің өзіндік әрекеттері мен
шығармашылық белсенділігі қамтамасыз етіліп, ойын тиянақты түрде айтуға
дағдыланады, өйткені студентті тыңдап түсіну арқылы сөйлеуге үйрету
әдістемесі жүйелі сөйлеу мәдениеті мен логикалық ойлау қабілетін
жетілдіруге мүмкіндік ашады.
Зерттеудің жетекші идеясы. Алғашқы сатыда ағылшын тілін оқыту
үрдісінде студенттерге тыңдап түсіну арқылы мәтінді ауызша айту туралы жан-
жақты теориялық білім бере отырып, мәтін құрастырудың түрлі әдіс-тәсілдерін
қолдану олардың өз ойын дұрыс, жүйелі түрде жеткізуге үйретіп,сөйлеу
біліктері пен дағдыларын қалыптастырады.
Зерттеу әдістері. Зерттеу тақырыбы бойынша жазылған ой-пікірлерге,
психологиялық, педагогикалық, әдістемелік ғылыми әдебиеттерге, мемлекеттік
құжаттарға, оқулықтарға теориялық талдау жасау әдісі; әлеуметтік-
педагогикалық әдіс (студенттердің тыңдау арқылы сөйлеу дағдылары мен
біліктерін бақылау әдістері анықтау, оқыту, бақылау); студент әрекетін
талдау (салыстыру, жіктеу);
Зерттеудің ғылыми жаңалығы:
- алғашқы сатыда студенттерді тыңдап түсінуге,сөйлеуге үйретудің әдістемесі
алғаш рет ғылыми түрде негізделеді;
- алғашқы сатыдағы студенттерін тыңдап ұғынуға үйретудің лингвистикалық,
философиялық, психологиялық негіздері толық баяндалады;
- студенттерге мәтін құруды үйретуге қажетті теориялық білімі мен білігін
және дағдысын жетілдіріп, бекіте түсетін арнаулы жаттығу түрлері,
тапсырмалар кешені беріліп, оларды пайдалану жолдары көрсетіледі;
Зерттеудің теориялық маңызы. Алғашқы сатыдағы студенттерін тыңдап
түсінуге үйретудің теориялық негіздері пайымдалып, оны мәтін арқылы іске
асырудың нәтижелері алғашқы сатыда ағылшын тілін оқыту әдістемесін
жетілдіруге мүмкіндік ашады. Зерттеудің теориялық мәселелері, ағылшын тілін
оқыту әдістемесіне жаңа технологияларды қолдану мәселесі бойынша өзіндік
үлес қосады. Зерттеу барысында жасалған тұжырымдар осы мәселенің ары қарай
зерттелуіне негіз болады.
Зерттеудің практикалық маңызы. Зерттеу жұмысындағы тұжырымдарды
оқулықтар мен техника құралдарын пайдалануы. Сондай-ақ зерттеу
жұмысында құрған бағдарлама мен сол бойынша дайындалған жаттығулар кешенін
жоғары оқу орындарындағы оқытушылары тіл дамыту сабақтарында қолдануына
болады.
Зерттеу жұмысының құрылымы. Дипломдық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен,
қорытындыдан, пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.
І. Алғашқы сатыда тыңдап түсінуге үйрету.
1. Тыңдап түсіну- сөйлеу әрекеті.
Тіл – адам мәдениетінің, интеллектісі мен жан-жақтылығының көрсеткіші
болып табылады, өз ойын байланыстырып айту және жазу студенттің басқа

тиянақты, жүйелі түрде жеткізуіне байланысты. Алғашқы сатыдағы студенттері
сөйлеуге үйрену арқылы тыңдап түсіну тілдің мағыналық, құрылымдық
ерекшелігін тануға, көркемдік бейнелілігін ұғынуға, сөздік қорының кеңеюіне
мүмкіндік алады [1, б.272].
Тыңдап түсіну арқылы сөйлеу әрекетінде студент сөйлемнің мәніне,
мағынасына көңіл аудара отырып, ойлау әрекеті мен пайымдауы арқылы
санасынан өткізеді де, өз ойын байланыстырып, жүйелі ауызша сөйлеу
нәтижесінде тілдік қатынасты жүзеге асырады.
Студенттің жоғары оқу орнына келгенге дейінгі өзі игерген ауызша
сөйлеуімен салыстырғанда, тілдік қатынастың күрделі түрі тыңдап түсінуге
үйрету белгілі бір жасанды дағды негізінде қалыптасады. Сондықтан да бұл
жұмыс оқытушы мен студент тарапынан көп көңіл бөлуді қажет етеді.Алғашқы
сатыда студенттің белсенділігі мен оқуға деген ынталылығын қалыптастыруға;
студенттің қызығушылығын ескере отырып, олардың оқу әрекетін өздігінен
орындауына жағдай жасауға;тыңдап түсіну арқылы тілді үйренуге талап етеді.
Ауызша сөйлеу тілдік таңбаның мағыналық тұтастығынан тұратын, тілдік
қатынастың іске асуына негіз болатын қатысымдық тұлға мәтін құру арқылы
жүргізіледі.
Соңғы кездері әдістемелік еңбектерде мәтін тек оқу және оқыту
материалы ретінде ғана емес, сөйлеу кезінде ойды басқаға жеткізу құралы
тұрғысынан қарастырылуда. Сөйлеушінің айтатын ойы мәтін құру арқылы жүзеге
асырылатыны жөніндегі ой-пікірлер, зерттеулер Ф.Ш.Оразбаеваның,
С.Р.Рахметованың, Т.Әбдікәрімнің, Н.Ж.Құрманованың, А.С.Қыдыр-шаевтың,
Б.Қалимұқашеваның, Ә.Е.Жұмабаеваның, Б.Қабатайдың, Н.Слам-бекованың,
Н.Тойбазарованың т.с.с. көптеген ғылыми-әдістемелік еңбек-терінде
қарастырылған. Дегенмен алғашқы сатыдағы
студенттердің тыңдап түсінуге ауызша сөйлеуге үйретуге байланысты шешімін
таппаған мәселелер де жоқ емес.
Алғашқы сатыдағы студенттерінің тыңдап түсіну арқылы мәтін құрастыру
тексеру барысында бірқатар ауытқулықтар бар екені байқалды [2, б.12].
Мысалы:
1) студенттердің көпшілігі өз ойын байланыстырып жүйелі жаза алмай-
тындығы;
2) бағдарлама, оқулық, оқу құралдарындағы студентті тыңдап түсінуге
сөйлеу әрекетін меңгертуге байланысты берілетін материалдар көлемінің
теориялық жағынан да, тәжірибелік жағынан да жеткіліксіздігі;
3) студенттің мәтін құру кезінде тақырып пен мазмұнының байланысын
ұғына алмайтындығы;
4) мәтіндегі негізгі ойды анықтай алмайтындығы;
5) сөз таңдау қабілетінің төмендігі, бір сөзді ретсіз қайталай беруі;
6) студенттің құрған мәтініндегі сөйлемдерінің бір-бірімен
байланыспауы.
Мұның себебі, алғашқы сатыда студенттерге мәтін жайлы бірқатар
мағлұмат бергенімен, студентке оны саналы түрде ұғындыру мәселесіне көп
көңіл бөлінбегендіктен деп ойлаймыз, екіншіден мектепте оқушыны белгілі бір
дәрежеде тыңдап түсіну арқылы сөйлеуге үйрету, көркем жазу, көшіріп жазуға
үйрету деңгейінен асып кете алмай келеді. Осы сияқты ауытқулықтарды есепке
ала отырып, зерттеудің өзекті мәселесі айқындалады: алғашқы сатыдағы
студенттерін ауызша сөйлеуге үйретуде мәтіннің мағыналық, құрылымдық
ерекшеліктері туралы теориялық білім бере отырып, мәтін құру білігі мен
дағдысын қалыптастырудың тиімді жолдары мен әдіс-тәсілдерін іздестіру [2,
б.102].
Тыңдап түсіну – сөз әрекетінің түрі және оқытудың мақсаты, әрі құралы.
Түсініп тыңдау жұмысы кезінде естіген хабарды қаншалықты түсінгендігі
тексеріледі. Онда шағын мәтін немесе сөйлемдер оқылып, тыңдату, мәтінді
қайталап тыңдау арқылы екі-үш сөйлеммен мәтіннің мазмұнын айту, сипаттама
беру, жаңа сөйлемдер құрастыра білу сынды жұмыстарды жан-жақты жүргізген
тұста істің нәтижелі болатынына көз жеткізе аламыз.
Коммуникативті құзырлылықты оқыту технологиясы сабақта диалогтық және
монологтық оқытудағы жағдайларды жасайды. Коммуникативтік әдіс
студенттердің танымдық оқу іс-әрекеттерін ұйымдастырудың негізгі құралы
болып табылады. Коммуникативтік әдісті қолдану негізінде қарым-қатынас
дағдысы, тұлғаның адамгершілік қасиеті, өзінің ортақ мақсаты тілегіне
бағына білуін қалыптастырады.
Коммуникативтік әдіс – студент мен мұғалімнің тікелей қарым-қатынасы
арқылы жүзеге асатын, белгілі бір тілде сөйлеу мәнерін қалыптастыратын,
тілдік қатынас пен әдістемелік категорияларға тән басты белгілер мен
қағидалардың басты жүйесінен тұратын, тіл үйретудің тиімді жолдарын
тоғыстыра келіп, тілді қарым-қатынас құралы ретінде іс жүзіне асыратын
әдістің түрі [3, б.223].
Коммуникативтік оқыту тілдік әрекеттің барлық түрінде қалыптасады –
тыңдауда да, сөйлеуде де, оқығанда да, жазғанда да, өйткені ол оның іске
асуын қамтамасыз етеді.
Лингвистикалық, әдістемелік әдебиеттердің көпшілігінде сөйлесім
әрекетін төрт түрге бөліп қарастыру тұрақты орын алған.Олар: сөйлеу, оқу,
жазу, түсіну.
Коммуникативтік оқыту: оқу, сөйлеу, тыңдау, жазу – ауызша өзара
қатынас, жазбаша өзара қатынас біркелкі, бір уақытта дамиды.Бұдан
коммуникативтік оқыту сөйлеу әрекетінің барлық төрт түрінде де
қажеттілікпен қатысып тұрғаны көрінеді. Өйткені ол ауызша да, жазбаша да
қарым-қатынас жасаушылардың бір-бірін тілдік қабылдауы мен түсінігін
қамтамасыз ететі.
Жазбаша жұмыс кезінде фонетикалық сауаттылық пен сөйлеу үлгілерін
меңгерудің жолдары күнделікті тұрмыста жиі қолданылатын лексикалық,
грамматикалық минимумдарды меңгертіп қана қоймай, жаңа сөздерді жазып, есте
сақтау қабілеттерін арттыру мақсатында жүргізуді басшылыққа ала отырып,
оқытушы үнемі назардан тыс қалдырмаған жөн. Мектеп оқушыларына ағылшын
тілін үйретуде көрнекіліктер арқылы ұсынылған, сөзбен бейнеленген және
сұраққа жауап беруді талап ететін нақты түрлері тілдік қатынасқа
түсушілердің өз ойын басқаға жеткізуге мүмкіндік тудырып, оқушының ынтасын
қалыптастырады.
Лингводидактика -ғалымдардың пікірлерін негізге ала отырып, Тіл
үйренушінің өзге тілді үйренудегі негізгі межесі не болмақ, ол қандай
білім, білік, дағдыларды меңгеруі тиіс? деген мәселелерге байланысты
мынадай тұжырымға келдік: Өзге тілді меңгеру дегеніміз – сол тілде сөйлей,
оқи, жаза және тыңдай білу, бұл жағдайда тілді меңгерудің негізгі ұстанымы
тілдік нақтылық емес, әңгімелесушілердің бірін-бірі өзара түсінуі болып
табылады. Яғни, ағылшын тілін өзге тіл ретінде меңгертудің негізгі
шарттарының бірі – тіл үйренушілердің өздерінің тілдік тәжірибесін еркін,
ешқандай қорқынышсыз қолдана алатындығына сенімділік сезімі. Бұл шартты
ағылшын тілін оқытуда тыңдап түсіну арқылы қамтамасыз етуге болады.
2. Тыңдап түсіну сөйлеу әрекетінің басқа түрлерімен байланысы
Тыңдау арқылы студент жалаң жаттауға емес, сол жазып отырған мәтіннің
мазмұнына сай сөздерді айтып терең меңгеруі тиіс. Сондықтан ортаңғы
деңгейде төрт бірлікті (жазу, сөйлеу, оқу, түсініп тыңдау) сақталғанда ғана
келесі Жалғастырушы деңгейде кездесетін күрделі жұмыстарда өз нәтижесін
анық байқауға болады. Түсініп тыңдау кезінде шағын мәтін немесе сөйлемдер
оқылып тыңдалады (мысалы 100-120 сөз одан әрі көбірек ), мәтінді екі рет
тыңдау арқылы екі-үш сөйлеммен мәтіннің мазмұнын айту, сипаттама беру
урдісінде жүреді. Сол арқылы жаңа сөйлемдер құрастыра білу. Сөйлеу дағдысын
қалыптастыру мақсатында түсініп тыңдау жұмысы үнемі қоса жүргізілгенде ғана
жақсы жетістіктерге жетуге мүмкіндік туады. Көбінесе естіген хабарды
студент қаншалықты көп түсінгендігін айталмайды, шағын мәтін немесе
сөйлемдер оқылып, мәтінді қайталап тыңдату арқылы екі-үш сөйлеммен мәтіннің
мазмұнын айтқызу, сипаттама бергізу, тіл дамыту жұмыстары мен өз бетінше
орындалатын жұмыстар іске асырылып, уақыт талабына сай жұмыс жүргізіледі.
Студент меңгерген лексикалық материалдар бойынша талқылауға қатысып, мәтін
бойынша түсінгенін еркін жеткізе білуге дағдыланады. Қойылған мәтінге
қатысты тыс, сұрақтарға тез және нақты жауап беру және сурет бойынша әңгіме
қарастыру, әр түрлі жағдайларға байланысты сұрақ қоя білу мен схема бойынша
сөйлемдер құрастырып айту жұмыстары басты рөл атқарады. Ұйымдастырудың
алғышарттары ретінде материалдар мазмұнының дұрыс сұрыпталуы; оның
қызығушылық туғызуы; студенттің жас шамасына лайық ұйымдастырылуы және
сөйлесім әрекеттерінің аясында болуы; тақырыптың іріктелген материалдарға
негізделуі; қолданылатын амалдардың студенттің белсенділігіне ықпал
ететіндей болуы;тілдесімге ынталандыру қажеттігі белгіленді.
Осы пікірлерді жинақтай келгенде, оқу әрекетінің нәтижелілігін
арттыратын, алғашқы сатыдағы студенттеріне нәтижелі түсініп үйрететін
тілдік мәні мен маңызы мынадай:
– сабақта студенттердің қоғамдық ортада еркін формадағы тілдік
қатынасқа түсуіне, әлеуметтік ортаға енуіне ықпал етуге болады;
– студенттерге тілдік қатынасты ынталандыра үйрету барысында олардың
білігін, бейімін, дағдысын қалыптастырып, табиғи жағдайды еркін меңгертуге
мүмкіндік жасалады. Алғашқы сатыдағы студенттерге ағылшын тілін үйретуде
тілдік жағдаят ұйымдастырудың көрнекіліктер арқылы ұсынылған, сөзбен
бейнеленген және сұраққа жауап беруді талап ететін нақты түрлері тілдік
қатынасқа түсушілердің өз ойын басқаға жеткізуге мүмкіндік тудырып,
студенттің ынтасын қалыптастырады.
Түсініп тыңдау кезінде естіген хабарды түсінгендігі тексеріледі:
әңгіме, үзінді түрінде беріліп, мақалаларды оқып тыңдату мен мәтінді
бірнеше рет тыңдату арқылы бірнеше сөйлеммен мәтіннің мазмұнын айту,
сипаттама бергізу, мәтін бойынша жоспар құрғызу, нақтылы сұрақ қоя
білу,жауап беруге баулу сияқты басты жұмыстар іске асырылады. Тыңдау
дағдысын қалыптастыру үшін жаңа материалдарды дұрыс түсініп,мәтін бойынша
түсінгенін мүмкіндігінше толық айтып, сұрақтарға жауап беріп, сауатты
сөйлеуге дағдыландыру, әр түрлі ситуацияларға сәйкес сұрақтар қоя білуді
меңгерту. Диалог арқылы сұхбаттасу сияқты жұмыстар кеңінен жүргізіледі.
Осындай жұмыс кең түрде жүрген тұста студенттің сөйлеу ерекшелігі күннен-
күнге дамып,жан-жақты артып отырады. Мұнда мәтіндерді көбіне оңайдан қиынға
қарай өрбіткен оқытушы үшін ыңғайлы. Оқытушы даярлаған шығармашылық жұмысты
баяндап қызықты түсіндіру керек тек сонда ғана остуденттердің зейінің өзіне
тартып, мәтінді айтып бірге жоспарлауға мүмкіндік береді.
Тыңдап түсіну сөз әрекетінің басқа түрлерімен байланысы. Тілді оқыту
мен үйретудің небір түрлері мен әдістемелерін оқытушы қауым жақсы біледі.
Әр түрлі тақырыпқа берілетін мәтіндер, олармен мазмұндас болып келетін
тапсырмалар студенттердің оқу, жазу, сөйлеу, түсініп тыңдау біліктіліктерін
қалыптастырып, ауызша әрі жазбаша тіл дамыту жұмыстарын жандандыра түсуді
міндеттейді. Тыңдап түсінудің басқа түрлерімен байланысы осы, олар студент
қабілетінде бірге және әр келкі дамиды. Осыған орай, көптеген оқу құралдары
мен қосымша грамматикалық анықтағыштар, тест жұмыстарының жинақтары
студенттің сабақтан алған теориялық білімін іске асыру мақсатында жан-жақты
жұмыс жүргізіліп келеді. Тілдерді оқытуда 5 түрі бар [4, б.136];
1. Бастауыш деңгей
2. Жалғастырушы деңгей
3. Орташа деңгей
4. Ортадан жоғары деңгей
5. Дамытушы деңгей
Бастауыш деңгей оқу, сөйлеу, түсініп тыңдау, фонетикалық сауаттылық,
сөйлеу үлгілерін меңгеру, лексикалық, грамматикалық минимумдарды меңгере
отырып, жаңа сөздерді жазу арқылы есте сақтай қабілетін арттырады. Сөздер
арқылы сөйлем құрастырып жазу сияқты жұмыстар жүргізіліп, студентке саналы
түрде тіл үйрету мақсатындағы іс-шараларға барынша жан-жақты мүмкіндіктерге
жол ашады. Студенттің сөйлеу дағдысын қалыптастыру үшін: сөзді, сөз
тіркестерін дұрыс айтуға үйрету, мәтінді, өлең сөздерді айтқанда дауыстың
анық болуын қадағалау,әңгімені бастау, жалғастыру,аяқтау білу қабілетін
дамыту, есту және ең бастысы түсіну қабілетін қалыптастыру сияқты мақсаттар
қатар өрбіп отырады. Жалғастырушы деңгей үшін жазу жұмысы ең басты рөлде
болады, шағын шығарма жұмыстары орындалады. Берілген жаттығуларды
орындау,мәтінді көшіріп қана жазып қоймай, әр түрлі бақылау жұмыстарын
(көру, тыңдау,түсіндірме диктанттарын) орындау арқылы сауатты жазуға
дағдыландыру мақсатында түрлі жұмыстарды іске асыру міндеттеледі. Сондай-ақ
берілген текстік бақылау жұмыстарын тапсырып, оқылған мәтін бойынща жазбаша
сипаттама беру мен тірек сөздердің көмегімен хабарлау,жарнама құрай білу
сынды жұмыстармен ұштастырып отырса, іс нәтижелі болмақ.
Орташа деңгей – оқытудың сапалы білім беретін деңгейлерінің бірі. Оқу
біліктілігін меңгерту мақсатында мәтінді оқу, көру арқылы мазмұнын түсіну
мен мәтіннің мазмұның өз бетінше оқып түсіне білу, мәтін бойынша талқылауға
белсене араласу сияқты жұмыстар кеңінен қолданылады. Оқылған мәтінге
байланысты студент өз ойын салыстырмалы түрде жеткізе біліп, қоғамдық
орындарда жазылған нұсқауларды оқып түсіну деген талаптар қойылады. Ал бұл
деңгейдегі студент сөйлеу дағдысын қалыптастыру үшін студент меңгерген
лексикалық материалдар бойынша талқылап, түсінгенін еркін жеткізуге
тырысады.
Ортадан жоғары деңгейде жазу жұмыстары жан- жақты жүргізіліп, әсіресе
берілген текстік бақылау жұмыстарына аса үлкен мән беріледі. Бұл деңгейде
студент берілген тапсырманы өз бетінше орындап, шағын шығарма жазу
жұмыстары тапсырылады. Сондай-ақ оқылған мәтін бойынша жазбаша сипаттама
беру жұмысы қатар жүргізілсе, білім беру сапасы да арта түседі. Сол
деңгейді күрделендіре отырып, көптеген жұмыстарды іске асыруға мүмкіндік
туады. Көлемді мәтінді оқып қана қоймай,көру арқылы мазмұнын түсініп
мәтіннің мазмұны бойынша түсінгенін айта білу, мәтінге байланысты қанатты
сөздерді, мақал-мәтелдерді пайдалану арқылы сөйлеуге дағдыландыру.
Дамытушы деңгей – ең басты ең жауапты кезеңі болып табылады. Оқу
біліктілігін меңгерту мақсатында роман, поэма, эссе, әңгіме оқыту арқылы
жан-жақты жұмыс жүргізуге жол ашады. Белгілі үзінділерді жатқа айту
жұмыстары жүргізіледі, өз бетімен әңгіме құрып,үзінділерге байланысты
қанатты сөздерді және т.б пайдалану арқылы мәтінді оқытып, түсінгенін
мазмұндату жұмыстары кеңінен жүргізіледі.
Жоғары оқу орындарында шет тілін оқытудың басты мақсаттары –
студенттердің дұрыс сөйлеу, сауатты жазу дағдыларын қалыптастырып,
мемлекеттік тілді әр түрлі жаңа технологиялар арқылы игерту. Студенттердің
құзырлылығын дамыту мақсатында алғашқы сатыдағы тәжірибемізде
коммуникативтік оқытудың элементтерін қолданамыз. Сабақ түрлерін қолдана
отырып, оны дұрыс пайдаланған жағдайда ғана білуіміз тиянақты болады.
Сабаққа дайындалған уақытта сабақ түрлерін анықтап, іріктеп аламыз. Олар:
топтық, ұжымдық, жеке, т.б. Содан соң қандай нәтиже беретінін әр түрлі іс
шаралардан көруге болады.
Бұл сабақ түрлері арқылы студенттердің білімін, іскерлігін, дағдысын
тексеру үшін сабаққа әр түрлі белсенді тапсырмалар енгіземіз. Сонымен қатар
тапсырманы берген соң студенттердің білімін, іскерлігін, дағдысын тексеру
және бақылау жолдарын қарастырамыз.
Біздің ойымызша пәннің мазмұны, яғни сабақтың дидактикалық
элементтерінің жүйесі мынадай құрамда болу керек: сөйлеу материалдары, яғни
сөйлеу, оны тыңдау, сөйлем құрастыру, аудару, оқу, жазу. Тіл материалдары
(фонетика, лексика, грамматика) үш бағытқа бөлінеді:
Лексикалық бағыт – айтылуын меңгеріп, мағынасын өмірде кездесетін
жағдайлар арқылы тілді тез игеру. Жаңа сөздер үйрене отырып, сөздік қорлары
байиды, сөйлем құрастырып, өз ойларын айтып беруге дағдылана
бастайды.Меңгерген сөздерді өмірде кездесетін жағдайлар арқылы
тұжырымдайды.
Фонетикалық бағыт – шет тіліне тән дыбыстардың айтылуы мен жазылуын
меңгеру. Бұл кезеңде ұйымдастырылатын жұмыстар студенттің шығармашылық
қабілетін ашуға бағытталып, олардың өз бетімен жұмыс істеу дағдысын
игертуді көздейді. Атап айтқанда, олар: графикалық диктанттар, дыбыстық,
буындық, сөздік талдауға арналған жаттығу жұмыстарының түрлері, логикалық
ойындар, сурет салу, әріптермен жұмыс және т.б.
Грамматикалық бағыт – жас ерекшелігіне сай сурет бойынша жұмыс,
мазмұнын айту, сөйлем құрастыру. Жетелеу сұрақтарын қойған кезде, сұрақтар
бір сөзбен немесе бір ғана сөйлеммен жауап беретіндецй болмауы керек.
Керісінше,студенттің ойын жинақтап, бірнеше сөйлемдер арқылы күрделі,
мағыналы пікірін білдіретіндей болғаны дұрыс. Мәтін сөйлемнен құралады
десек, сөйлем белгілі бір ойды білдіреді.Сөйлемдерден ой жүйесі құралады.
Жүйелі ойдан мәтін құралады. Мәтін мазмұны әңгімені білдіреді.Осы үш
материал 1-2 курс студенттер арасында, әрине жас ерекшеліктерін ескеріп
және жеңілден ауырға принципі бойынша жүзеге асады. Студенттердің сөйлеу
әрекеті бойынша коммуникативтік біліктерін дамытуда шығармашылық
жаттығулардың рөлі ерекше. Өзге тілде шығарма, әңгіме, эссе құрастыру –
жаттығу жұмыстарының ішіндегі күрделісі. Сондықтан мұндай жаттығулардың
түрлері алғашқыда жазбаша түрде орындалды және студенттерде кездесетін
тілдік қиындықтарды болдырмау мақсатында оларға шығарма жұмысын жазу үшін
тақырып, қажетті кілттік сөздер мен бағыттаушы сұрақтарды ұсынып отырады.
Шығармашылықпен жұмыс істейтін оқытушы өзінің әдістемелік қорын
толықтырып отыруы және үнемі ізденісте болуы керек. Коммуникативтік оқыту
технологиясын жүзеге асыру негізінде Сент-Экзепюридің сөзін айтқым келеді:
Жер бетіндегі ең үлкен байлық – бұл қарым-қатынас байлығы. Шынымен де
бізге бұл қатынас жеткіліксіз. Өйткені біз балалармен тек сабақтарда
кездесеміз, сұқбаттасамыз. Сол себепті коммуникативтік оқыту
технологиясының элементтерін енгізу үшін тиімді жұмыс түрін енгіздік. Бұл
студенттерді бөлек отырғызып, әрқайсысымен жеке жұмыс істеу мүмкіндігі.
Сонымен осы оқу процесінің негізінде бұл технология элементтерін
пайдаланып, сабақта студенттердің білімділігін, іскерлігін, адамгершілік,
эстетикалық, патриоттық сезімін дамытамыз. Ал нақтылап айтсақ, салыстыру,
жинақтау,талдау,нақтылау, жүйелеу байланыс ерекшеліктерімен коммуникативтік
оқыту технологиясын пайдалану арқылы топпен, жеке, жұппен жұмыс істеу
арқылы үлкен жетістіктерге жетеміз.
Қорыта келе, студенттің құзырлылығы коммуникативтік оқыту технологиясы
арқылы дамиды.Танымдылық қабілеттері, танымдық процестері дамып, сөздік
қоры молаяды, оқытуда жағымды әрекет қалыптасады. Оқытушының басты мақсаты
– шәкіртінің өзінен де білімі терең, дәрежесінің биік болуы. Сол кезде ғана
қоғамда алға жылжу үрдісі жүреді.
Шығармашылық ізденіс жаттығулары мәтінді құрастыруға қажетті сөздер
мен сөз тіркестерін іздестіру жұмыстары арқылы жүргізіледі. Оған мыналар
жатады:
1) өлең мәтінін құрастыруды үйрету;
2) теңеуді құрастыруды үйрету;
3) жұмбақ мәтінін құрастыруды үйрету;
4) сурет бойынша өз ойынан мәтін құрастыруға үйрету.
Студенттер мәтіндегі хабардың жүйелі берілуін әрекеттің ізбе-із
орындалуын білдіретін сызбадағы (мекендейді, шабуыл жасайды, шоқи бастайды,
құлатады, жейді) кілттік сөздер арқылы анықтайды. Кілттік сөздер –қимылды
білдіретін сөздер. Олай болса, студенттер әңгімелеу мәтінінің құрылысы
(сызбасы) қимылды білдіретін сөздер арқылы, яғни етістік арқылы жасалатынын
ұғынады. Мәтін мағынасын түсінуге көмектесетін осы кілттік сөздерді табу
арқылыстуденттер әңгімелеу мәтінінің құрылысымен танысып қана қоймайды,
мәтін мазмұнының тарыдай түйінін түсінеді. Талдау барысында әңгімелеу
мәтініндегі кілттік сөздер іс-әрекетті жүйелі баяндайтын етістіктер арқылы,
сипаттау мәтіні сын есім сөздер арқылы жасалатыны жайында қорытынды
жасалады. Суреттеу, пайымдау мәтіндерінің құрылысы да осы сияқты сызбамен
түсіндіріледі.[2, б.52]
Студенттерді тыңдап түсіну арқылы сөйлеуге үйрету мәтін құрастырудағы
сөйлемдерді байланыстыру әрекетімен тығыз байланысты. Өйткені сөйлемдер
байланысы айтатын ой байланысын да қамтиды. Студенттерге тыңдау, таныстыру
үшін сөйлемдердің ішінен кілттік сөздерді, яғни байланыс жасауға көмектесіп
тұрған сөздер беріледі. Тізбектік байланыста бір сөз келесі сөйлемде
қайталанады немесе мағынасы жақын сөзбен алмастырылады және етістік бір
түрдегі шақтық формада болады. Тізбектік байланыс есімдіктер арқылы,
синоним сөздер арқылы, лексикалық қайталаулар арқылы жасалатыны жайлы
түсінік беріледі.
Алғашқы сатыдағы студенттердің сөздік қорында көбінесе зат есім,
етістік болады да, сын есім, үстеу, есімдік сияқты сөз таптары сирек
кездеседі. Сондықтан да байланыстырып сөйлеуге үйрету жұмысында заттың түр-
түсін, пішінін, әр түрлі белгілерін бейнелейтін сөздерді, яғни сын есім
сөздерді қолдануға үйретуді теңеу, жұмбақ, сипаттау мәтінін құрастыруға
үйрету арқылы жүзеге асырылады.
Студенттердің сөйлеу әрекетінің түрлері бойынша тілдік және
коммуникативтік дағдылары мен біліктерін мультимедиалық бағдарламаны
қолдану арқылы тиімді қалыптастырып, дамытуға болады;
- сабақтың тілдік дағдыларды жетілдіру студенттердің танымдық қызметін
олардың мультимедиалық бағдарламамен өзіндік жұмысы ретінде ұйымдастыру
арқылы тыңдалымдық, айтылымдық, оқылымдық, жазылымдық дағдыларын
жетілдіруге болады және сабақтың келесі кезеңіндегі тілдік орталардағы
интерактивті тілдесім әрекетін жүзеге асыру үшін қажетті алғышарт жасалады;
- студенттердің сөйлесім әрекетінің түрлерін бір-бірімен байланыста,
кешенді түрде тиімді меңгеруі шет тілін оқыту үрдісінде мультимедиалық
бағдарламаны қолданудың кезеңдерін дұрыс анықтаумен, сабақтың
мультимедиалық бағдарламасыз өткізілетін кезеңдеріндегі оқыту мазмұнының
мультимедиалық бағдарламаның мазмұнына бейімделуімен, дайындалған
коммуникативтік- интерактивтік жаттығулардың мазмұнымен және сипатымен
тікелей байланысты; коммуникативті, интерактивті және шығармашылық сипатта
дайындалған жаттығулар кешені студенттердің тілдік ортадағы белсенді оқу
әрекетін тудырады, тілдесімдік біліктерін жетілдіріп, тілдік және
қатысымдық құзырлылықтарын дамытады;
- студенттердің сөйлесім әрекетінің тілдесім түрі бойынша біліктерін,
яғни, қатысымдық құзырлылықтарын дамытып, жетілдіру белгілі бір тілдік
ортада ғана тиімді жүзеге асырылады. Сондықтан, шет тілін мультимедиалық
бағдарлама арқылы оқытуда сабақтың мультимедиалық бағдарламамен өзіндік
жұмыстан кейінгі кезеңін студенттердің тілдік серіктестер тобындағы
(ұжымындағы, жұбындағы) өзара интерактивті іс-әрекеті ретінде
ұйымдастырудың маңызы зор;
- студенттердің тілдік және қатысымдық дағдыларын олардың өзіндік
жұмысы арқылы, ал тілдесімдік-қатысымдық құзырлылығын тілдік серіктестер
топтарындағы өзара белсенді әрекеті арқылы дамытуда шет тілін
мультимедиалық бағдарлама арқылы оқытуға негізделген интеллектуалды-
дамытушы және тұлғалық-бағдарланған мультимедиалық ақпараттық технологиялар
өте маңызды болып табылады.
Оқу құрал – жабдықтары. Оқу əдістері белгілі оқу (дидактика) құрал -
жабдықтарымен іске асырылады. Оқу құрал-жабдықтары - бұл білім алу,
ептіліктер қалыптастыру көздері. Оқу құрал –жабдықтары түсінігі кең жəне
тар мағынада қолданылады. Тар мағынада бұл түсінік оқу жəне көрнекі
құралдары, көрсетпе жабдықтар, техникалық саймандар жəне т.б. байланысты.
Ал кең мағынада оқу құрал-жабдықтары деп білім мақсатын іске асыруға
жəрдемші жағдаяттардың бəрін түсінеміз, яғни оқу əдісі, формасы, мазмұны,
сонымен бірге оқудың арнайы бұйымдарының бəрі осы оқу жабдықтарын құрайды.
Оқу құралдарының көмегімен дүниені тікелей де жанама тануды жеңілдетеміз.
Олар, əдістер сияқты оқу, тəрбиелеу жəне дамыту қызметтерін атқарып,
оқушыларды ынталандыруға, оқу-танымдық іс-əрекетті басқару мен бақылауға
пайдаланылады. Дидактикалық құралдар төмендегідей тіркеледі:
- көру (визуалды) құралдары -кестелер, карталар, табиғи объекттер
ж.т.б.;
- есіту(аудио)құралдары-радио, магнитофон, əн-күй аспаптары ж.т.б.;
- есіту-көру құралдары-дыбысты фильмдер, теледидар ж.т.б.;
- сөздік құралдар - оқулықтар, мəтіндер;
- оқу процесін авмоматтастырушы құралдар – тіл кабинеттері,
компьютерлер, ақпараттық жүйелер, телебайланыс- қатынас тораптары;
сөз, сөйлеу, ым-ишара, дене қозғалыстары.
Тыңдап түсіну ұйымдастыруда, сонымен қатар, сипаттамалы жаттығуларды
да қолданады. Сипаттамалы жаттығуларды, көбінесе, сурет бойынша әңгіме
түрінде жүргіздік. Студенттерге тыңдалымға берілген мәтін мазмұнына
байланысты суреттер беріліп, оларға топта ақылдаса отырып, сурет мазмұны
бойынша сипаттама, хабарлама дайындау тапсырылды. Мұндай жаттығуларды
орындау әрі қызықты, әрі студенттер ақылдасу барысында бір-бірімен
коммуникативтік қарым-қатынас жасайды, яғни, олардың өзара интерактивті
тілдесімі жүзеге асырылады.
1.3 Аудиомәтіндерді (тыңдап түсінуге арналған мәтіндерді) сұрыптаудың
өлшемдері
Тыңдалымға арналған тапсырмалар студенттерге берілген мәтін,
аудиомәтін мазмұнын бір естігеннен түсіне білу, маңызды ақпаратты ұғып алу,
оны қажетке жарата білу қабілеттерін жаттықтырады[5, б.27]:
1-тапсырма: Тапсырманы тыңдап шет тіліне тән дыбыстары бар сөздерді
тауып, фонетикалық норманы сақтап айтыңыз.
2-тапсырма: Бірыңғай сөйлем мүшелері бар сөйлемдерді таңдап алып,
сөздердің арасындағы үзілісін сақтап оқыңыз.
3-тапсырма: Құрмалас сөйлемдерді таңдап алып, сөйлем мен сөйлемнің
арасындағы үзілісін сақтап оқыңыз.
4-тапсырма: Мәтінді тыңдап белгісіз сөздерді жазып алып, олардың
аудармасын сөздік көмегімен анықтаңыздар.
5-тапсырма: Микромәтінді тыңдап. Көп нүктенің орнына мәтін мазмұнына
сай келетін мақал немесе мәтелді жазыңыздар.
6-тапсырма: Мақал-мәтелдерді тыңдап, онда не жайлы айтылатын-дығын
топта талқылап, түсіндіріңіздер. Мақалды мәтін мазмұнымен
байланыстырыңыздар.
Айтылымға арналған тапсырмалар студенттердің монолог және диалог
құрастыра алуы, бір-біріне сұрақтар қойып, оларға жауап бере алуы
қабілеттерін қалыптастыруға жаттықтырады:
1-тапсырма: Берілген сұрақтарға жауап беріңіз. 2-тапсырма:
Аудиотаспадан әңгімені тыңдап, екі жақтың тапсырмасын анықтап, сол
тапсырмадан алған ақпаратты айтып беріңіз. 3-тапсырма: Сіз таңдаған
тапсырма бойынша адамнан интервью алуға қажетті сұрақтарды
ойластырыңыз. Жазылымға арналған тапсырмалар хат, шығармалар түрлерін,
реферат, баяндама жаза білу қабілеттерін дамытады. Жазылым әрекетіне
үйрету емлені игеру мен тілдік жаттығуларды жазбаша түрде орындауды
көздейді: 1-тапсырма: тапсырмадағы берілген атауларын дұрыс жазыңыз.2-
тапсырма: кейбір қиын сөздерді сөздік көмегімен анықтаңыз.3-тапсырма: Сөз
тіркестерін аударыңыз. 4-тапсырма: Аударған сөз тіркестерімен сөйлемдер
құрастырыңыздар.5-тапсырма: Құрастырған сөйлемдерді қолданып,
жазыңыз.Үйретудің интерактивті әдісі сабақта техникалық құралдарды тиімді
пайдалану арқылы іске асады. Соңғы кездері қатысымның экрандық, аудио,
визуальдық құралдары адам танымына жақсы әсер ететіні дәлелденіп отыр.
Дыбыстық сезім арқылы, көру сезімі арқылы, тыңдау арқылы қабылдау
мәселесіне қазіргі зерттеушілер үлкен мән беріп отыр. Мысалы: бейнефильм
үзіндісінен ойға түйгеніңді жаз (эссе жаз); диктордың оқыған мәтіні бойынша
автордың негізгі ойын тауып жаз т.с.с. тапсырмалар студенттің ойды тиянақты
етіп, тыңдап түсінуге мүмкіндік ашады. Танымдық қабілеттерін арттыруда
мәтіннің алатын орны ерекше. Мәтіндерді оқу, талдау барысында студенттердің
оқиғаға қатысты өз ойларын жеткізулеріне, әңгіме кейіпкерінің қылықтарын
бағалай білуіне, автордың оқиғаға қатысы, көзқарасы қандай екендігін
анықтай алуына назар аударылуы тиіс. Бұл жерде жеке сөздерді жаттап қою не
мәтінді аудару емес, өз бетімен, дербес жұмыс жасай, ойлай білу, білімін
толықтыру, белсенді болу, деңгейлік тапсырмалар орындау: қызығушылығы -
мәтінмен жұмыс істеулері; танымдылығы - тіл дамыту жұмыстары; ойлауы -
өзіндік жұмыстары; есте сақтауы жатса, - ізденімпаздық жұмыстары жатады.
Студенттердің шығармашылық әрекеті мен ойлау қабілеттерін дамытуда өзіндік
жұмыстар арқылы берілетін тапсырмалар пәндік білім, білік, дағдыларды
қалыптастыруға бағытталған. Мұндай тапсырмалар негізінен сөйлеу мен тыңдап
түсінуге бағытталған; репродуктивті жаттығулар; сөздікпен жұмыс; сөздерге,
сөз тіркестеріне байланысты жаттығулар. Репродуктивті жаттығулар күрделі
тапсырмаларды орындау білігін қалыптастыру жолындағы қажетті кезең болып
табылса, сөздікпен жұмыс жеке сөзбен тыңғылықты жұмыс жүргізу студентке
сөздің мағынасын жан жақты түсінуге, сөздік қорын молайтуға мүмкіндік
береді.Сөз тіркестерімен жүйелі жұмыс жүргізіп отыру студенттің сөз
байлығын молайта түседі. Сөз тіркесін ойлап табу; олардың мағынасын
түсініп, сөйлем құрау; сөз тіркестерін орысшадан ағылшын тіліне не
қазақшадан ағылшын тіліне аудару; сөйлем ішінен сөз тіркесін айыра білу;
жиі кездесетін грамматикалық формалар арқылы сөз тіркестерін құрау
жаттығулары орындалады. Студенттер бұл жерде жаңа ұғымдармен танысып қана
қоймайды, өзіндік жұмыстар арқылы жаңалыққа деген қызығушылықтары артады.
Оқытушы бірінші курс студенттерімен жұмыс iстегенде мектептен кейінгі
жетiстiктерiнiң деңгейiн ескеруi, интенсивтi даму жағдайында жеке жұмыс
жүргiзуi, мектепте қалыптаспаған сапаларын түзету бойынша арнайы көмек
жасауы тиiс. Оқу жетiстiктерi мен даму деңгейлерi бойынша жасанды iрiктеу
арқылы студенттерді дайындық деңгейiне қарай топтастыруға болмайды. Ағылшын
тілі бойынша дайындалған бағдарламалардың мазмұны білім берудің мемлекеттік
стандарттарына және типтік оқу бағдарламаларына сәйкес әзірленген. Оқу
материалдарын құрылымдау тақырыптық-модульдік негізде құрылған, бұл
студенттердің өзіндік жұмыстарын ұйымдастыру үшін өте оңтайлы. Бұл
бағдарламалар Елтану, Тұлғааралық қарым-қатынастар, Әдет-ғұрыптар,
мерекелер, Өнер, Саяхат, Салауатты өмір салты, Ғылым және
техникалық прогресс сияқты тақырыптар жүйесін қамтиды. Әрбір тақырып
бойынша Тыңдалым, Айтылым, Оқылым, Жазылым, Грамматика, Сөздік
және Жетістіктерді тексеру модульдері бар. Ғылыми-танымдық мәтіндерге
байланысты берілген лексика-грамматикалық тапсырмалардың әр алуан түрі,
студенттердің монологтық және диалогтық сөйлеуін жетілдіруге бағытталған
жаттығулар коммуникативтік, тілдік дағдыларды тиімді қалыптастыруға ықпал
етеді. Тыңдап түсіну бағдарламаның негізгі ерекшелігі сөйлесім әрекетінің
тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым түрлерін кешенді түрде, бір-бірімен
байланыста меңгертуге бағытталғандығында. Яғни, әрбір модуль сөйлесім
әрекетінің түрлерін меңгертуге байланысты берілген интерактивті жаттығулар
мен тапсырмаларды қамтитын кіріктірілген кешен болып саналады. Бұл
модульдер мынадай жұмыстардың түрлерін қамтиды: тыңдалым – мәтінді
бейнеқатардың көмегімен есту арқылы қабылдау, түсіну; оқылым – мәтінді
тікелей оқу, мәтін мазмұнының негізінде студенттің жадын, логикалық ойлау
дағдыларын дамытуға бағытталған жаттықтырушы жаттығуларды орындау; жазылым
– сөйлемдер құрастыру, суреттер бойынша мазмұндама жазу, диктант жазу;
айтылым – мәтін мазмұны бойынша берілген суреттердің атауын дыбыстау,
диалогпен жұмыс, өзінің диалогын құрастыру және өз даусын таспаға жазу,
т.б. . Мәтіндерді тыңдауда және сұрақтарға ауызша жауап бергенде,
студенттің өз даусын жазуы, оны өзінің тыңдауы, диктордың – тілді
тасымалдаушының сөзімен салыстыруы және лайықты қорытынды жасай білуі өте
маңызды. Оқытушының да басқа студенттерге кедергі жасамай, белгілі
бірстуденттің компьютеріне қосылуға, оның іс-әрекетін бақылауға, жауабын
тыңдауға немесе онымен диалогқа түсуге мүмкіндігі болады.Грамматика
модулі теориялық және практикалық бөлімдерден тұрады. Модульдің теориялық
бөлімі визуалдық құралдардың (анимациялық кестелер, суреттер, сызбалар,
т.б.) көмегі арқылы ұсынылған грамматикалық ережелерден, практикалық бөлімі
студенттердің тыңдауы, сөйлеу дағдылары мен біліктерін дамытуға арналған
жаттығулар кешенінен тұрады. Сөздік модулі оқу материалын аудиовизуалды
берудің көмегі арқылы студенттерді жаңа сөздермен таныстыруға, жаңа
сөздерді дұрыс айту және оларды түрлі грамматикалық құрылымдарда дұрыс
қолдана білу дағдыларын қалыптастыруға бағытталған. Сөздік модулімен
жұмыс жасау студенттердің сөздік қорын байытып, лексикалық дағдыларын
дамытады.
Әрбір модульде ойын элементтерін енгізу арқылы әзірленген анимациялық
жаттығулар бар. Жаттығулардың мазмұнына ойын элементтерін енгізу, оларды
анимациялық түрде беру студенттердің мотивациялық қызығушылығын тудырып,
белсенділігін арттырады. Жетістіктерді тексеру модулінде студенттердің
теориялық және практикалық материалдарды меңгеруінің негізінде алынған
дағдылары мен біліктерін тексеру жүргізіледі. Студенттердің оқу
жетістіктері мен нәтижелерін тексеру лексика-грамматикалық тест
тапсырмаларының тыңдалуы көмегімен және түрлі тақырыптарға шығарма, диктант
жұмыстары жазылуы арқылы жүргізіледі, оларды оқытушы өз компьютерінде
тексере алады.Тыңдалуда қарастырылған жаттығулар мен тапсырмаларды орындау
барысындағы интерактивті әдістерге талдау жасалады, сабақтың тілдік
біліктерді дамыту кезеңінде студенттердің тілдік серіктестер тобындағы
(ұжымындағы, жұбындағы) өзара белсенді әрекетін ұйымдастырудың интерактивті
әдіс-тәсілдері анықталады, сонымен интерактивті әдістерге салыстырмалы
сипаттама жасалады.Тыңдалу студенттердің белгілі бір оқу тақырыптары
бойынша берілген материалдарды өз бетінше және оқытушының көмегімен
игеруіне негізделген. Тыңдап түсіну мәтінмен танысудан басталып, бағдарлама
мазмұнында қамтылған барлық жұмыс түрлері тыңдалу режимінде орындалады.
Ағылшын тілі тыңдап түсіну арқылы компьютерді қолданып оқытуда интерактивті
режим студент – компьютер, студент-студент, студент – оқытушы диалогы
негізінде іске асырылады.Осы әдістердің негізінде тыңдау үрдісінде студент
мен оқытушының және студенттердің өзара бірлескен қызметі іске асырылады.
Тыңдалу әдістерін қолдану арқылы оқу үрдісін студенттердің барлығы танымдық
қызмет үрдісіне тартылатындай етіп ұйымдастыруға болады, оқытуды бұлайша
ұйымдастыруда ескеретін бір нәрсе – студенттің қарастырылып отырған
мәселеге қатысты ой-пікірлерінің барлығы (дұрыс, бұрыстығына қарамастан)
маңызды деп есептелуі тиіс. Зерттеулерде тыңдалу материалын меңгерудің
сапасы мен нәтижесі ақпараттарды алудың тәсілдері мен студенттің
белсенділігінің деңгейіне тікелей байланысты екендігі айтылады: тыңдау
үрдісінде студент оқыған материалының 10% -ын, естігенінің 20% -ын,
көргенінің 30% -ын, ал өзі жасағанының 90% -ын меңгереді екен. Қазіргі
заманғы аудио құралдар орасан зор мүмкіндіктерін ұтымды пайдалану
нәтижесінде оқыту үрдісінде қажетті ақпараттарды осы айтылған тәсілдердің
барлығы арқылы бір мезетте алуға болады. Тыңдау нәтижесінде ақпарат алудың
жоғарыда айтылған тәсілдерінің барлығы қамтылған.Тыңдап түсінуде мәтін
мазмұнымен танысудағы студент мен компьютердің өзара интерактивті әрекеті
аудиолық, визуалдық, сөздік, аралас көрнекілік әдістері арқылы жүзеге
асады. Лексикалық, грамматикалық ұғымдарды меңгертуде, грамматикалық
дағдылар мен біліктерді қалыптастырып, дамытуда көрнекілік әдісі түрлі
графикалық көрнекіліктер – анимациялық кестелер, сызбалар – түрінде
қолданылған.
Тықырыпты түсінуде қызығушылықты туғызудың негізгі әдістері ретінде
көрнекілік әдісі (аудиолық көрнекілік, визуалдық көрнекілік), анимация,
интерактивті жаттығулар қолданылған.Аудио құралдармен жұмыс жасау
барысындағы (өз бетінше жаңа білімді меңгерудегі, бекітудегі, бақылау-
бағалаудағы) оқушы мен компьютердің, оқытушы менстуденттің өзара әрекетін
ұйымдастыруға негізделген оқытудың интерактивті әдістері студенттің
танымдық қызметін ұйымдастыруда, қызығушылығын туғызуда, сөйлесім
әрекетінің тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым түрлерін меңгертуде, сөйлесім
мен тілдесім әрекеттері үшін қажетті тілдік және коммуникативтік дағдыларды
қалыптастыруда өте маңызды қызмет атқарады.
Ал сабақта студенттердің сөйлесімдік, тілдесімдік біліктерін дамытып,
жетілдіруге бағытталған келесі кезеңіндегі оқу үрдісі студенттердің тілдік
серіктестер тобындағы (ұжымы немесе жұбындағы) өзара әрекеті негізінде
ұйымдастырылады.Студенттердің топтағы, ұжымдағы, жұптағы іс-әрекеті
қатысымдық негізде ұйымдастыруда оқытушының рөлі ерекше. Оқытушы тыңдау
үрдісін мақсатқа сай дұрыс ұйымдастырған жағдайдастуденттер өздеріне
ұсынылған проблемалық сұрақтар мен коммуникативтік-интерактивтік
тапсырмаларды топта талқылап орындау барысында бір-бірімен қатысымдық іс-
әрекетке түседі. Немесе берілген оқу міндеттерін шешуге байланысты топтағы
полилогты, жұптағы диалогты, т.б. ұйымдастыруға болады.
Тыңдалымдық біліктер студенттердің есту арқылы қабылдаған ақпаратын
(хабарды) түсінуін, ойша қорыта білуін, талдап, жіктей алуын, өзінің жауап
әрекетін құра білуін қамтамасыз етеді. Сабақта аудио құралдармен
өткізілетін кезеңде студенттердің тыңдалымдық біліктерін дамытуды
ұйымдастыру үшін мынадай әдіс-тәсілдер қолданылды: оқытуды ұйымдастырудың
ұжымдық (топтық, жұптық) әдісі, ақпаратты берудің аудиолық әдісі,
көрнекілік әдісі, диалог әдісі, полилог, т.б. Бұл кезеңдегі студенттерге
тыңдауға ұсынылатын мәтін таңдалып алынады және ол диалогтық сипатта болып,
аудиотаспадан тыңдатылады. Бұдан соң тілдік серіктестер топтарына
(жұптарына) тыңдалған мәтінді түсініп-қабылдауға байланысты орындалатын
жұмыстар түрлендіріліп берілді. Жұмысты студенттер топта (жұпта) өзара
ақылдаса, ойласа отырып орындады. Жұмысты бұлайша орындау арқылы
студенттер, біріншіден, бір-бірімен өзара әрекет етіп, коммуникативтік
қарым-қатынасқа ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz