Өнірістік жұмысшылардың еңбекақысы


Мазмұны
Кіріспе
Еліміз тәуелсіз мемлекет болып кеңінен танылған уақытта оның өткен тарихын жан жақты терең зерттеудің маңыздылығы ерекше орын алып отыр. Әсіресе, ел экономикасының негіздерінің бірі болып табылатын аграрлық саланың өзгерістерін зерделеуге баса назар аударылуда. Себебі жаңа қоғамға бет бұрған өтпелі кезеңде еліміздің ауыл шаруашылығында, әсіресе оны басқару мен ұйымдастыру жүйесінде көптеген қайта құрулар мен өзгерістер орын алады. Айта кететін жайт, бұл істе жетістіктер де қиыншылықтар мен кемшіліктер де болмай қалған жоқ. Міне, осы үрдісті жан-жақты талдау, зерттеу, зерделеу бүгінгі күннің талабы болып отыр.
Дипломдық жұмыстың тақырыбының өзектілігі еңбекақы қорын және жұмыс уақытын пайдаланып, жұмыс мөлшерінің орындалуын, еңбектің саны мен сапасын бақылау; Бастапқы құжаттарды уақытылы және дұрыс рәсімдеу, еңбекақы қорынан жалақыны ұстап қалу; Кәсіпорынның әрбір жұмысшысына жалақыны уақытылы және дұрыс есептеу:Белгіленген мерзімде еңбекақы бойынша есеп айырысу.
Жалақы бойынша шығынды өнімнің, жұмыстың, қызметтің өзіндік құнына дұрыс әрі уақытылы қосу керек Халықаралық байланыстардың кеңеюі және Қазақстан Республикасының әлмдік қауымдастыққа енуі есеп әдістемесін жетілдірудің, бухгалтерлік есеп пен аудит тұжырымдамаларын дамытудың объективті қажеттілігін туындатты. Еңбек пен еңбекақының есебі бухгалтер жұмысының көп еңбекті қажет ететін және ең жауапты учаскелердің бірі болып саналады. Нарықтық қатынастардың қалыптасуы үрдісінде ауыл шаруашылығы бірқатар қиындылықтарды бастан кешіп отыр. Бұл жағдай өзіндік құнға кіретін шығындар құрамын; өндірісті басқару, өндіріс шығындарын, өнім көлемін талдау, табыстылық деңгейін бақылау үшін қолдану мақсатында шығындар жіктемесін қайта қарауға, өндірістік үрдістерін басқарудың жаңа тәсілдерін дамыуға ықпал етеді. Еңбекақы есебі кез келген кәсіпорындар мен ұйымдарда жүргізіледі.
Тақырыптың мақсаты еңбек пен еңбекақы есебін жүргізу маңыздылығын көрсету. Еңбек есебінің маңызды элементі болып еңбектің күрделілігіне, жұмысшылар мен қызметкерлердің мамандық дәрежесіне қарай жұмыстың әр түріне кететін жұмыс уақытының мөлшерін анықтау болып саналады.
Дипломдық жұмыстың тақырыбының міндеті Адам еңбегі оның істеген жұмысы мен атқарылған қызметіне байланысты бағаланады және де оның еңбегін дұрыс бағалап, олардың сіңірген еңбегіне қарай әділ еңбекақы төлеу қай кәсіпорынның болмасын күрделі мәселелерінің бірі. Міне, сондықтан да ұйымның міндеттемелерінің бірі болып табылатын қызметкерлер мен еңбекақы бойынша есеп айырысу тақырыбы өз алдына бөлек тақырып болып саналады. Жұмысшылар мен қызметкерлерге еңбекақы төлеуді тексерудің негізгі міндеті - еңбекақы төлеуде нормативтік-құқықтық актілердің сақталуын бақылау, жалақыдан ұстап қалу мен еңбекақы төлеуде бугхалтерлік есепті жүргізудің дұрыстығын тексеру болып табылады.
Зерттеу негізінде ұйымның өзара әртүрлі байланыс көрсеткіштеріне өндірістік, коммерциялық, және қаржы қызметіне қаржы жағдайын жақсарту жағынан қаржы ресурстарының және олардың қолдану жоспардың орындалуына баға беретін көрсеткіш [2] . Еңбек пен екбекақы есебінің негізгі міндеттері:
- Еңбек өнімділігінің өсімін бақылау.
- Жұмсалған еңбектің саны мен сапасын бақылау.
- Жұмысшылар мен қызметкерлерге еңбекақы төлеу үшін еңбекақы қорынан, қоғамдық тұтыну қорынан және тағы басқа қорлардан бөлінетін қаржыларды бақылау.
- Жұмысшы және қызметкерлерге мен уақытылы дұрыс есеп айырысу.
- Өндіріске жедел басшылық жасау үшін тиісті мәліметтер алу.
Еңбек және еңбекақы жайлы статистикалық және бухгалтерлік қорытынды есепті беру.
«Қазақстан Республикасы Еңбек туралы» заңының 5 -бабына сәйкес жұмыс беруші мен жұмысшылардың арасындағы еңбек қатынасы нормативті-құқықтық актілермен реттеледі. Ал еңбекақы мөлшері «Қазақстан Республикасының Еңбек туралы» Заңының 71 -бабына сәйкес ең аз шамадағы еңбекақы мөлшерінен аз болмауы керек.
. Зерттеу объектісі ретінде алынған ұйымның еңбек ақы бойынша есеп айырысуды ұйымдастыру жүйесін жан-жақты қарастырып, талдап, оның есебі мен аудитін жетілдіру және нарықтық талаптарға сай жағдайға әкелу бағыттарын зерделеу болып табылады.
Дипломдық жұмыстың көлемі дипломдық жұмыс кіріспеден, үш тараудан, қортындыдан, пайдаланған әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан тұрады.
Кіріспеде таңдалған тақырыптың өзектілігі, мақсаты, міндеттері және зерттеу объектісі негізделеді. Бірінші тарауда еңбекақы есебінің теориялық негіздері қарастырылған. Екінші тарауда кәсіпорынның еңбекақы есебіне және аудитіне түсінік берілген және талдау жасалынған.
Үшінші тарауда кәсіпорынның еңбекақы есебі мен аудитінің жетілдіру қарастырылған [ 3] .
Зерттеу пәні болып еңбек ақы бойынша есеп айырысуды бухгалтерлік есебінің жүргізілуінің ұйымдастырылуының әдістемелік және тәжірибелік сұрақтары болып табылады.
Зерттеу әдістемелік негізі болып отандық және шетелдік ғалым-экономистердің ғылыми еңбектері мен басқадай әдебиет көздерінен, қаржылық және бухгалтерлік есептің ұйымдастырылуы заңды және нормативті құжаттармен қарастырылған
Ғылыми жаңашылдығы Болашақта өндірісті кешенді түрде механикаландыру мен автоматтандырудың даму, жұмысшылардың мамандықтары жетіліп еңбекақысында нақты сараланудың кемуі нәтижесінде кесімді жүйенің қолданыс аясы қысқарады да, ал жұмысшылардың еңбекақысының мерзімдік-ұжымдық және мерзімдік -сыйлықтық жүйесімен алмастыратын болады. Сондай-ақ еңбек пен еңбекақы есебін ұйымдастырудың жетілдіру жолдары үшін мынадай жағдайлар қажет:
- Еңбектің өнімділігі мен орындалған жұмыстың көлемін ұлғайтуға ынталандыратын еңбекақының тиімді түрлерін кеңінен қолдану.
- Еңбек пен өндірісті басқарудағы ғылыми жолмен басқарудың типтелген прогрестің құрылымын қолдану.
- Еңбекақы төлеудің сйылық беру жүйесімен басқа да түрлерін жұмыстағы жетістіктермен тығыз байланыстыра отырып дұрыс қолдану.
Еңбек пен еңбекақы есептеуде осы күнгі талаптарға сай есептеу мен ұйымдастыру техникаларын қолдану, алғашқы есеп жүйесін жетілдіру мен жеңілдету.
Дипломдық жұмыстыстың әдістемесі . Әдістеменің қолданылу мынаны өзіне қосады:
1. Заңжобасына ғылыми құқықтық сараптама жүргізілуі;
2. Анализдің қорытындылары бойынша дайындық жасау;
3. Сараптама ұйымдастырушысына анализдің қорытындысын көрсету.
Ғылыми құқықтық сараптаманың өтізілуі үшін ең басты дайындық сатысы сараптмашы қабылдайтын қадамдардан тұрады, яғни заңжобасына сараптама жүргізбей тұрып. Ғылыми құқықтық сараптама жүргізілу сараптамашының заңжобаларының нормаларымен алдын-ала танысудан кейін басталады. Таныс болған соң сараптамашы нормативтік-құқықтық акт тізімін жасауы тиіс. Бұл тізім міндетті түрде Қазақстан Республикасының Конституциясына кірілуі тиіс. Тізім дайындау процесінен кейін заңжобалардың халықаралық келісім-шарттары дайындала бастайды, Қазақстан Республикасымен ратификацияланған. Ғылыми сараптаманың өткізілу қорытындылары бойынша сараптамалық қорытынды жасалады. Бұл қорытындыда ғылыми негізделген, объективті, тұрақталған, толық және әр жүргізілген сараптаманың түсінікті пәні, қорытындысы болу керек.
Дипломдық жұмыстың теориялық және әдіснамалық негізіне Қазақстан Республикасының «Бухгалтерлік және қаржылық есеп туралы» Заңы, Қазақстан Республикасының Салық Кодексін, «Аудиторлық қызмет туралы» Заң және басқа да Қазақстан Республикасының нормативті актілері және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп бойынша ұлттық комиссияның дайындаған құжаттары, «Булак-Астык» ЖШС құрылтай құжаттары және теориялық базасына келесідей авторлардың Родостовец В., Кеулімжаев К. Назарова В. «Бухгалтерлік есеп» оқулығын және бухгалтерлік оқу кітаптарының әдістемелік нұсқаулары жатады.
Тәжірибелік маңызы . Көптеген экономист ғалымдарымыз ауыл шаруашылығы нарығы аса күрделі әрі өзгеше, ал нарық механизімінің өзі ауыл шаруашылығының ерекшеліктеріне байланысты толық жетілмегенін және қарама-қайшылықтың көп екенін дәлелдеді. Қазақстан Республикасында жүріп жатқан түбегейлі саяси және әлеуметтік-экономикалық қайта құрулар есеп жүйесіне күрделі өзгерістер енгізіп, орталық басқару мен қатаң жоспарлау жағдайларында қалыптасқан бухгалтерлік есеп нарықтық экономикаға тиімсіз болуда. Осыған орай нарықтық экономикаға ену бір жағынан, аграрлық және азық-түлік саясатының тұжырымдамасын талдауды, екінші жағынан ауыл шаруашылығы ерекшеліктеріне, оның материалды-өндірістік ресурстарына негізделетін салада жан-жақты зерттеу негіздерін талап етеді.
Қазіргі кезеңде бүкіл экономика саласында ірі өзгерістер болып жатқан тұста ауыл шаруашылығы субъектілерінде, оның ішінде бидай дақылын өндірумен айналысатын агроқұрылымдарда бухгалтерлік есеп заңы мен стандарттарына сай жүргізілмеуі бұл саладағы басты мәселе болып отыр.
Шын мәнінде, есеп жүргізу тәжірибесінде бидай өндірісіне кекен еңбекақы шығындар есебі, аудитті ұйымдастыру мәселелерінің ортақ шешімін таппауы оларды жетілдіруді қажет етеді.
Сондықтан келешекте өндіріс көлемін ұлғайту мен жоғары сапалы өнім өндіру, шаруашылық басқару жүйесінің әрі қарай дамуын талап етуде. Ал осы жүктелген міндеттерді жүзеге асыруда қажетті алғы шарттар жасау үшін бидай шаруашылықтарында бухгалтерлік есеп пән аудитті жетілдіруде өнім өндірісіне кеткен еңбекақы шығындар есебі өзекті болып табылады.
1 «Булак-Астык» ЖШС еңбекақы есебі
1. 1 Еңбекақы есебінің мәні және міндеті
Еңбек пен еңбекақы есебі - жұмысшылар санының өзгеруі, жұмыс уақытының шығындары, жұмысшылар категориясы, өндірістік шығын сияқты мағлұматтар түгел қамтылатын дәл әрі оперативтік деректерді талап ететін аса маңызды да күрделі жұмыстардың бірі болып табылады.
Еңбек және оған ақы төлеу есебінің негізгі міндеттеріне жататындар: еңбек ақы қорын және жұмыс уақытын пайдаланып жұмыс мөлшерінің орындалуын, еңбектің саны мен сапасын бақылау; бастапқы құжаттарды уақытылы және дұрыс рәсімдеу, еңбек ақы қорынан жалақыны ұстап қалу; шаруашылық жүргізуші кәсіпорынның әрбәр жұмысшысына жалақыны уақытылы және дұрыс есептеу; белгіленген мерзімде еңбек ақы бойынша есеп айырысу; жалақы бойынша шығынды өнімнің, жұмыстың, қызметінің өзіндік құнына дұрыс әрі уақытылы қосу керек.
Еңбек және еңбек ақы деректері өндірістік процесті оперативті басқару үшін қажет. «Қазақстан Республикасы еңбек туралы» заңының 5-бабына сәйкес жұмыс беруші мен жұмысшылардың арасындағы еңбек қатынасы нормативті құқықтық актілерімен, еңбек заңына сәйкес бекітілген ұжымдық келісімшартпен реттеледі.
Кәсіпорын дербес болғанымен заңға сәйкес штат кестесі, формалары және еңбекақы, сыйлық ақы жүйесі белгіленеді.
Әрбір қызметкердің еңбек ақылық табысы кәсіпорын қызметінің түпкілікті қорытындысына байланысты оның еңбекке қосқан үлесі бойынша анықталады. Ол салықпен реттеледі және ең жоғары көлеміне шектеу қойылмайды.
Еңбекақы мөлшерін жұмыс берушінің өзі белгілейді және жұмыс беруші белгіленген еңбек ақы мөлшері Қазақстан Республикасының заңында белгіленген («Қазақстан Республикасының Еңбек туралы» Заңының 71-бабы) ең аз шамадағы еңбек ақы мөлшурінен төмен болмауы керек.
«Қазақстан Республикасының Еңбек туралы» Заңының 7, 8-бабына сәйкес қызметкердің мынадай құқысы бар: қандай-да бір кемсітушіліксіз (дискриминация) тең еңбекке еңбек ақы алуға; қауіпсіздік және тазалық (гигиена) талаптарына жауап беретін еңбек жағдайында жұмыс істеуге; кепілдік және өтем ақы алуға және т. б
Жұмыс берушінің құқықтары: қызметкерлерді көтермелеуге олардан белгіленген заңға сәйкес әрекет ететін тәртіп бойынша материалдық және жауапкершілікті талап етуге; қызметкер келтірген зиянның орнын толтыруға және т. б.
Еңбек пен екбекақы есебінің негізгі міндеттері:
- Өндірілетін өнімдермен істелетін жұмысқа кеткен еңбек пен оған төленетін еңбекақы мөлшерін дұрыс анықтау.
- Еңбек өнімділігінің өсімін бақылау.
- Жұмсалған еңбектің саны мен сапасын бақылау.
- Жұмысшылар мен қызметкерлерге еңбекақы төлеу үшін еңбекақы қорынан, қоғамдық тұтыну қорынан және тағы басқа қорлардан бөлінетін қаржыларды бақылау.
- Жұмысшы және қызметкерлерге мен уақытылы дұрыс есеп айырысу.
- Өндіріске жедел басшылық жасау үшін тиісті мәліметтер алу.
- Еңбек және еңбекақы жайлы статистикалық және бухгалтерлік қорытынды есепті беру.
Сонымен қатар еңбек пен еңбекақы есебін ұйымдастыруды одан әрі жетілдіру үшін мынадай жағдайлар қажет:
- Еңбектің өнімділігі мен орындалған жұмыстың көлемін ұлғайтуға ынталандыратын еңбекақының тиімді түрлерін кеңінен қолдану.
- Еңбек пен өндірісті басқарудағы ғылыми жолмен басқарудың типтелген прогрестің құрылымын қолдану.
- Еңбекақы төлеудің сйылық беру жүйесімен басқа да түрлерін жұмыстағы жетістіктермен тығыз байланыстыра отырып дұрыс қолдану.
- Еңбек пен еңбекақы есептеуде осы күнгі талаптарға сай есептеу мен ұйымдастыру техникаларын қолдану, алғашқы есеп жүйесін жетілдіру мен жеңілдету.
Жұмыс берушінің міндеттері: Қазақстан Республикасының нормативті құқықтық актілерінде, жеке еңбек келісім-шарттарында, ұжымдық келісім-шартта, жұмыс берушінің актісінде қарастырылған еңбек ақыны және басқа төлем ақыларды уақытылы және толық төлеу; еңбек туралы заңдағы, ұжымдық келісім-шарттағы талаптарды сақтау; Қазақстан Республикасының нормативті құқықтық актілерінде қарастырылған шарттар мен тәртіптер бойынша зиян шеккен қызметкерге жәрдем беру; Қызметкерге қауіпті және зиянды жұмыс жағдайын, болуы мүмкін кәсіби ауруды ескерту және т. б.
Жеке еңбек келісім-шарттарында негізгі тармақтар қамтылуы керек: еңбек жағдайының сипаты, жұмысшыға жұмыстың қауіпті және зиянды жағдайы үшін немесе көп күш жұмсауды керек ететін ауыр еңбек үшін кепілдік беру және өтемақы төлеу; жұмыс уақыты және демалыс уақытының режимі; өтемақы мен еңбекті қорғау жағдайы; өтемақы төлеу және кепілдік беру тәртібі т. б(«Қазақстан Республикасы Еңбек туралы» Заңының 9-бабы) .
Қызметкер бірнеше жұмыс берушімен толық емес жұмыс уақытын қарастыратын жеке еңбек келісім-шарттарына отыруға құқығы бар.
«Қазақстан Республикасы Еңбек туралы» Заңының 13-бабына сәйкес қызметкердің еңбек ететінін растайтын құжаттарға мыналар жатады: еңбек кітапшасы (қолда болуы керек) немесе жеке еңбек келісім-шарты немесе жұмысқа қабылданғаны, жұмыстан шығарылғаны туралы бұйрықтың көшірмесі.
Сол ұйымның басқа жұмысына немесе ұйым мен бірге басқа орынға көшіру қызметкердің тек жазбаша келісімі бойынша, жеке еңбек келісім-шарттарына соған сәйкес өзгертулер енгізумен ғана іске асырылады.
Қызметкерді сол ұйымда басқа орынға, сол орынның басқа құрылымның бөлімшесіне көшіру үшін мамандығы, біліктілігі немесе лауазымы бойынша басқа механизмдегі немесе агрегаттағы жұмысты тапсыру үшін (егер бұл жеке еңбек келісім-шарттарында өзгерістер тудырмайтын болса) қызметкердің келісімі талап етілмейді («Қазақстан Республикасы Еңбек туралы» Заңының 17, 18-бабы) .
Қызметкерге еңбек жағдайының өзгеретінін бір ай бұрын (одан кем болмауы керек) хабарлау керек.
Еңбек жағдайы өзгерген жағдайда жеке еңбек келісім-шарттарына сәйкес толықтырулар мен өзгертулер енгізіледі. Егер қызметкер жаңа жағдайда жұмыс істеуге келісімін бермесе, онда «Қазақстан Республикасының Еңбек туралы» Заңының 26-бабының 7-тармағына сәйкес онымен келісім-шарт бұзылады.
Өндірістік қажеттілік пайда болған жағдайда жұмыс беруші қызметкерді
бір айға дейін оның келісімінсіз жеке еңбек келісім-шартында қарастырылмаған және денсаулығына қауіп төндірмейтін сол ұйымдағы, сол орындағы басқа жұмысқа бұрынғы жұмыстағы айлық еңбек ақысынан кем болмайтын еңбек ақымен ауыстыруға құқығы бар.
Мұндай ауыстыру стихиялық апаттың, өндірістік апаттың алдын алу немесе жою немесе салдарын дереу залалсыздандыру қажет болған жағдайда ғана іске асырылады («Қазақстан Республикасы Еңбек туралы» Заңының 20-бабы) .
Жұмыс болмай қалған жағдайда (жұмыс беруші қызметкерді мамандығына, біліктілігіне сай, денсаулығына қатер төндірмейтін, оның келісімінсіз бір айға дейін басқа жұмысқа ауыстыруға құқы бар. Егер қызметкер жаңа жағдайдағы ұсынылған жұмысқа келісімін бермесе, онда «Қазақстан Республикасы Еңбек туралы» Заңының 26-бабы, 7-тармағына сәйкесонымен жеке еңбек келісім шарты бұзылады. Жұмыс болмай қалған және қызметкердің болмауына байланысты жағдайда оның орнына бір білікті қызметкерді біліктілігіне сай келмейтін жұмысқа уақытша ауыстыруға оның жазбаша келісімінсіз ауыстыруға рұқсат етілмейді. («Қазақстан Республикасы Еңбек туралы» Заңының 21, 22- баптары) .
Қызметкерді денсаулығына байланысты басқа жұмысқа уақытша ауыстыру «Қазақстан Республикасы Еңбек туралы» Заңының 23-бабындағы қарастырылған шарттары мен тәртіптері бойынша жүзеге асырылады.
Жеке еңбек келісім-шарты мынадай жағдайларда бұзылуы мүмкін: ұйым таратылғанда (заңды тұлғаның), жұмыс берушінің қызметі тоқтағанда (жеке тұлғаның) («Қазақстан Республикасы Еңбек туралы» Заңының 26-бабы, 1-тармағы) ; қызметкерлердің штаты немесе саны қысқартылғанда («Қазақстан Республикасы Еңбек туралы» Заңының 26-бабы, 2-тармағы) ; әскери қызметке шақырылғанын растайтын құжат негізінде қызметкерді үш күндік мерзімге босатқанда («Қазақстан Республикасы Еңбек туралы» Заңының 30-бабы, 1-тармағы) .
«Қазақстан Республикасы Еңбек туралы» Заңының 27-бабы, 3-тармағына сәйкес жеке еңбек, ұжымдық келісім-шарттарында өтемақының мөлшері және басқа негіздері белгіленеді.
Қызметкер жұмыс берушіге өзінің жұмыстан кететінін бір ай бұрын жазбаша ескертіп, жеке еңбек келісім-шартын тоқтатуға құқылы.
Тараптардың келісімі бойынша жеке еңбек келісім-шарты ескетілген мерзім біткенше тоқтатылуы мүмкін.
Қызметкердің бастамасы бойынша жеке еңбек келісім-шартын бұзу негіздері «Қазақстан Республикасы Еңбек туралы» Заңының 28-бабында қарастырылған.
Еңбекке қарай бөлудің нақтылы нысандары еңбекақы және жалақы арқылы жүзеге асады. Жалақы еңбекпен жасалған қажетті өнімнің негізгі бөлігі. Еңбек төлемінің әр алуан нысандарында және жүйелерінде есеп айырысуды ұйымдастыру тәртібін қарастырсақ, олар мынандай жүйелерде болады.
Кесімді еңбекақы - жұмысшы қызметкерлердің еңбек өнімділігін өсіруде еңбек уақытын қысқарту мақсатында қолданылады.
Жеке кесімді еңбекақы жүйесі- Мұндай жүйеде еңбекақы әрбір жұмысшылардың нәтижелеріне байланысты. Оны белгіленген бағаны жұмысшының дайындаған бұйымдарының санына көбейту арқылы анықтайды.
Бригадалық кесімді еңбекақы жүйесі - Жұмысшылардың еңбекақысын біржүйеде бригада учаске жұмысшының нәтижелері бойынша анықтайды.
Еңбекақы жөніндегі бағалар жекелей (әрбір жеке кәсіп үшін) және кешенді (бригаданың бүкіл ұжымы үшін) болуы мүмкін. Жекелеген бағаларды қолданғанда әрбір жұмысшы еңбекақысының жұмыс үшін белгіленген бағаларды бүкіл бригада (учаске, цех) болып дайындалған бұйымдардың санына көбейту арқылы табылады. Кешенді бағаларды қолданғанда жұмысшы еңбекақыны былай анықтайды. Алдымен кешенді бағаны бүкіл ұжым болып дайындаған бұйымдардың санына көбейту арқылы бүкіл ұжымға (бригадаға, учаскеге) тиісті еңбекақысын есептеп шығарады.
Есептеп шығарған еңбекақыны әрбір жұмысшының жұмыс істеген уақытына және оған берілген тарифтік разрядқа сәйкес серіктестік мүшелеріне бөлінеді. Оны бөлгенде қосымша еңбек ақының коэффициенттері, коэффициент сағаттар немесе коэффициент күндер пайдаланылады. Қосымша еңбекақы коэффициентін анықтағанда серіктестік құрамына енетін әрбір жұмысшының сағаттық немесе күндік төлем мөлшерін жұмыс істеген уақытына көбейтеді де оның тарифтік мөлшері бойынша төлемін тауып алады. Содан кейін бүкіл серіктестіктің кесімді еңбекақысын тарифтік төлем мөлшеріне бөліп, бригаданың еңбекақысының орташа коэффициентін табады. Әрбір жұмысшының тарифтік еңбекақысын еңбек төлемін қосымша еңбекақы коэффициентіне көбейту арқылы әрбір жұмысшының нақты кесімді еңбек ақысы анықталады. Сағаттық немесе күндік тарифтік коэффициенттерді қолданғанда да еңбекақысын бөлу жөніндегі есеп айырысуды осылай жасайды. Жанама кесімді еңбекақы жүйесі-мұнда көмекші және басқа жұмысшылардың еңбекақысын қызмет көрсетіп отырған учаскенің, цехтың негізгі жұмысшыларының төлеміне шаққан пайызбен анықталады. [1]
Еңбекақының кесімді-сыйлықтық жүйесі - өндірілген өнімнің (жұмыстың) санына төленетін төлемнен өзгеде жұмысшыға белгіленген сандық және сапалық көрсеткіштерге қол жеткізгені үшін (өндірістік жоспарларды, нормаланған тапсырмаларды өндірім нормаларын орындағаны үшін және асыра орындағаны өнім сапасын арттырғаны үшін шикізаттарды, материалдарды, отындарды үнемдегені үшін жабдықтың техникалық жұмыс режимін сақтағаны үшін) сыйлық төлейді.
Үдемелі кесімді еңбекақы жүйесі бойынша-еңбекақының бұл жүйесінде кесімді жұмысшылардың белгіленген нормалардан артық өндірген өнімі үшін көтермелеу көзделеді. Норма мөлшерінде дайындалған өнім үшін жұмысшыларға төлемді тікелей кесімді бағалар бойынша есептейді, ал нормадан асыра дайындалған өнім үшін проогрессивті үдемелі бағалар бойынша есептейді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz