Жыраулар поэзиясының даму және қалыптасу кезеңдері


МАЗМҰНЫ
Кіріспе . . . 6
1 Жыраулар поэзиясының даму және қалыптасу кезеңдері
1. 1Жыраулық һәм ақындық поэзияның даму жолдары . . . 9
1. 2 . Жыраулар мен ақындар мұрасының ауыз әдебиетімен байланысы . . . 14
2 Жыраулар поэзиясындағы әйелдер бейнесінің сомдалудағы көркемдік ерекшелігі мен эстетикалық тәлім - тәрбие сипаты
2. 1 Жыраулардың әйел образын сипаттаудағы көркемдік ерекшеліктер . . . 20
2. 2 Жыраулар шығармасындағы әйелдер бейнесін сомдаудағы үндестіктер . . . 36
2. 3 Тарихи толғаулардағы эстетикалық тәлім - тәрбие сипаттарының маңызы . . . 52
Қорытынды . . . 61
Пайдаланған әдебиеттер тізімі . . . 63
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі. ХҮІІІ ғасырда өмір кешкен суырып салма ақындар мен жыраулар шығармасында ел өміріндегі күрделі тарихи оқиғаларға үн қосып, өз заманының көкейкесті мәселелерін көтеріп отырды, өткен күн, озған дәурен, көне тіршілік шежірешісі болды. Үнемі халық жағынан табылып, елдің бүгіні ғана емес, болашағы үшін де аса мәнді идеялардың ұраншысы қызметін атқарды. Бұл тақырып сол кездің ақын-жыраулар шығармашылығында кең орын алған «Ақтабан шұбырынды» оқиғасы ауыз әдебиетінде «Қаратаудың басында көш келеді», «Шаңды жорық» толып жатқан аңыз- жырларды туғызды. Әрбір шығарма көтерген тақырыбына байланысты дәуір, заман сипатын, адамдардың өзара қатынасын, олардың қақтығыстары мен сезім дүниесін ашуды көздейді. Өз теңін тауып, сүйгеніне қосылуды арман еткен Тоғжан, Ақтоқты, Ұрқия, Қадиша, Самал, Назгүл, Бәну, Күнбөпе, Нұрбике образдарынан олар өмір сүрген дәуір шындығын көру қиын.
Көркем әдебиетте тарихи-философиялық ұғымға ие қос категория- мазмұн мен пішін бар. «Әдеби шығарманың мазмұны - өз эстетикалық идеалының тұрғысынан суреткер таныған ақиқат өмірде пішін - осы шындық тұтастырыла жинақталған көркем образдар жүйесі, яки әдеби қаһармандар өмірі» - деген пікірге сүйенсек, авторлық ұстанымда туындыларда әйел образын сомдаудағы негізгі мазмұнмен, көтерген рухани - әлеуметтік проблемалармен шебер ұштасқанын баса айтумыз керек. Бұл-мәселенің бірінші жағы болса, әр автордың өз қаһарманын жан-жақты кескіндеп, ұлттық болмысқа негізделген характерін ашудағы талпынысы оның әйел образын жасаудағы эволюциялық өсу жолын үнемі назарда ұстағанынан көрінеді.
Қазақ әйелінің ұлттық болмысы, ішкі рухани әлемі, тарихи кейіпкердің алапат оқиғалар аясындағы сомдалу, характердің ашылу принциптері қарастырлады. Әдебиет - адамтану ғылымы. Адам - күрделі жұмбақ. Ал, сол әдебиеттің мұраты- эстетикалық идеалды ұлықтау. Бала тәрбиесі - қыз тәрбиесі. Эстетикалық идеал - әйел. Ол - бүкіл көркемдіктің, сұлулықтың махаббаттың символы. Ендеше, дүниетаным, эстетикалық ұстаныммен әйел характерін қалай ашамыз. Әйел образын жасаудағы эволюциялық өсу жолын үнемі назарда ұстағанынан көрінеді. Дүниедегі ең ардақты адам - ана. Перзентке әлемнің жарығын сыйлайтын болғандықтан да ол - құдіретті адам! Ана - ақ сүтімен нәрестеге нәр беріп, түн ұйқысын төрт бөліп әлдилейтін, бесігін тербетіп, туған тілін құлағына сіңіріп, перзентін шексіз махаббатқа, мейірім, шабағатқа бөлейтін ардақты жан.
Тарихтың жабылып кеткен көне беттерін жер бетіндегі бар тіршіліктің бастау көзі, от басының қамқоршысы, елдің ұйтқысы - береке-бірліктің бастаушысы деп санаған. Көне түркілерде Ұмай ананы шаңырақтың желеп-жебеп жүрер киесі, қасиетті қорғаушысы деп жазады.
Ерекше атап өтерлік бір мәселе, Қазақ хандығы тұсында туған шығармалар түркі әдебиетінің орта ғасырдағы әдеби жәдігерлерінде кездесетін дидактикалық мәселелерді кеңінен қамтып, адамдық, иман, елдік пен ерлік тақырыбын дамыта жырлаған. Демек, арғы Қарахандар дәуіріндегі шығармаларда жырланған дидактикалық мәселелері жыраулар поэзиясында әдетте нақыл-қанатты сөздерден құралған философиялық толғаулар түрінде келеді. Толғауларда жырау өзінің адам және заман жайында түйгендерін, тіршілікте, табиғатта жүріп жататын өзгерістер, оның мән - мағынасы жөніндегі түсініктерін баяндайды. Өздері өмір кешкен жаугершілік заман талабына сай ғұмыр кешкен, кейде тіпті батыр, қолбасы да болған жыраулар ерлік сарынды отаншыл жырлар туғызады. Жыраулар қолданған көркемдік тәсілдер жырау поэзиясының ішкі мазмұнына орайлас.
Дипломдық жұмыстың мақсат-міндеттері. Қазақтың тарихи сипатағы шығармалары сомдаған әйел бейнесінің қыр - сырына, танымдық- тағылымдық сипатына, көркемдік-эстетикалық әлемін ғылыми зерделей отыра, сол тұстағы ұлттық әдеби үдерістің өре-деңгейіне саралап жүргізу. Міне, осы мәселелер дипломдық жұмыстың мақсатын айқындайды.
Аталған мақсатымызға жету үшін төмендегі міндеттер екшеліп шығады: жыраулар поэзиясындағы әйелдер бейнесінің сомдалу және көркемдік ерекшелігі:
- жырау дәстүрінің қазақ әдебиетіндегі қалыптасуын қарастыру;
- жыраулар поэзиясына жалпы түсінік беру;
- тарихи толғаулардағы эстеткалық тәлім - тәрбие сипаттарының маңызы;
- жыраулардың әйел образын сипаттаудағы ерекшеліктер;
- жыраулар шығармасындағы әйелдер бейнесін сомдаудағы үндестіктер;
Дипломдық жұмыстың нысаны. Жыраулар поэзиясындағы әйелдер бейнесі негізгі зерттеу нысаны болып табылады.
Дипломдық жұмыстың ғылымилығы. Қазақ әдебиеті жыраулар поэзиясындағы әйел адамның ішкі әлемін, рухани болымысын бейнелеудегі қазақ поэзияның шығармашылық дүниетанымы жан-жақты саралау нысаны әлі қарастырылмаған. Біз аталмыш жұмысымызда, бірінші кезекте жыраулар поэзиясындағы әйелдер образының көркемдік-эстетикалық сипаттарын сомдалу ерекшелігі жайына ғылыми тұжырым жасадық.
Зерттеудің теориялық және практикалық маңызы. Жыраудың ғасырлар көгінен өтіп, біздің дәуірге жеткен шағын көлемді, шымыр толғауларынан көне заман таңбасы түз көшпенділерінің дүние танымы, адамдық табиғаты мінез ерекшеліктері, моральдық, этикалық қағидалары айқын аңғарылады. Жыраулар мен ақындар поэзиясының жанрлық қырлары мен өлең құрылысында, көркемдік ерекшелігінде, әдеби анықтамалары жүйесінде А. Байтұрсынов, З. Қабдолов, М. Базарбаев, З. Ахметов еңбектерінде ойлы пікірлер кездестіруге болады. Соның нәтижесінде жырау мен ақын анықтамасы, оларға тән ерекшеліктері, өлеңдік түрлері, дәстүрлі әдебиетімізде ғылыми мәнде айқындалды.
Толғау жанрына байланысты ғылыми зерттеулер жарық көре бастады. Қазақтың белгілі ғалымдарынан А. Байтұрсынов, Е. Ысмайылов, Қ. Жұмалиев, Р. Бердібай, М. Жармұхамедов, Б. Абылқасымов т. б. толғау жанрына байланысты қомақты ойлары әдебиеттану ғылымында ойып алатын орнын айқындаған жемісті еңбектер болды. Белгілі ғалым Р. Бердібаевтың: «Жыраудың философ ойшылдығы мен ғибратшылдығы дүние сырын кеңінен шолып, терең салыстырулар жасайтындығы толғаулардан айырықша көрініс береді», - деді. Демек, Асан Қайғыдан басталған жыраулық мектеп ұстанымы ойшылдық сарын әлеуметтік мәселелер төңірегінде жырланғанын дөп басып айтады.
Дипломдық жұмыстың әдістері мен дереккөздері. Жыраулар шығармашылығындағы әйелдер бейнесінің сомдалудағы үндестігін салыстырып, көркемдік ерекшелігін талдап, эстетикалық сипатын жүйелеп жинақтап қолдандық.
Дипломдық жұмыстың құрылымы. Диплoм жұмысы кiрiспeдeн, eкi тaрaудaн, бірінші тарау екі тараушадан және екінші тарау үш тараушадан, қoрытынды жәнe пaйдaлaнылғaн әдeбиeттeр тiзiмiнeн тұрaды.
.
1 Жыраулар поэзиясының даму және қалыптасу кезеңдері
1. 1 Жыраулық һәм ақындық поэзияның даму жолдары
Әдебиетімізде өзінің жанрлық белгі сипаттары арқылы ертеден-ақ жеке сала болып дамыған ақындық және жыраулық поэзияның алатын орны ерекше. Жыраулар әлеуметтік мәні зор ірі, келелі мәселелерді жырласа, ақындар өмірмен қоян-қолтық, бетпе-бет келіп, санқилы тақырыпта өлеңдер шығарады. Көне дәуірлерден бері фольклорлық туындылармен өзектесе, жарыса дамып келген бұл сала халқымыз бастан кешкен тарихи оқиғалардың көркем шежіресі іспеттес ел тұрмысының сан алуан қырларын қамтып, бейнелеуге әр кез елеулі үлес қосып отырған. [1, 31 б] .
Халықымыздың поэзиялық мұрасын атадан балаға ұластырып, айтып жеткізушілер -жыраулар мен ақындар. Ол мұралар ішінде жыраулар мен ақындар төл шығармалары да, оларға әріден жеткен бағзы жырлар да, сол дәуірде туған эпостық туындылар да болуы мүмкін. Демек, жыраулар мен ақындар желілі жырларды тудыруға атсалысып, өзі қадір тұтқан поэзиялық мұраларды жырлап, таратып отырған. Ақын, жырулар мұрасында сол дәуірдегі талай тайпалар басынан өткен тарих іздері сайрап жатыр.
Толғау жанрының қалыптасып, өркен жаю кезеңінің ірі өкілдері Асан Қайғыдан басталып, Қазтуған, Шалкиіз, Доспамбет, Ер Шобандар сол өздерінен бұрынғы қалыпты дәстүрді жалғастырып дамытты. Бұл тұста толғаудың әлеуметтік қоғамдық мәні артып, арнау, дидактика үлгісіндегі жырлармен толыса түсті. Асан Қайғы өмір сүрген кезеңнің қат - қабат қиындығы мен күрделігі де елеулі әсер етті. Керей мен Жәнібек бастаған елдің көшіп, Шу бойында жеке хандық құруының өзі өте маңызды мәселе еді. Асан көші-қонға қарсы болса да, болашаққа зор үміт артып, қазақтың алғашқы ханы Жәнібек (ХҮғ. ) ел басқару ісіне жиі араласып отырады. Осы мәселелерге сәйкес ол «Әй, хан, мен айтпасам білмейсің», «Қырында киік жайлаған», «Алты атанға қос артып» атты толғауларын тудырып, ел бірлігі мен іргелі қоныс жайында арнайы тоқталады. Ханның мін кемшіліктерін бетіне айтады. Бейқамдық пен менсінбеудің мастанудың жақсылыққа алып келмейтінін ескертеді. Ақындық және жыраулық поэзияның өзіндік сипат-белгілерін бұлардың өмір шындығын суреттеудегі көркемдік тәсілдері мен белгілі бір тарихи кезеңге шыққан авторлардың нақтылығынан, ғасырлар бойы өзара үзілмей келе жатқан дәстүр жалғастығын танытатын стильдік ерекшеліктерін көреміз. Дәл осы аталған поэзияның жазба әдебиетіміздің негізін қалаған ұлы Абайға дейін де, одан кейін де дамып келгені мәлім.
Белгілі бір дәуір талабына орай ұлы Абай бір кезде:
Шортанбай, Дулат пенен Бұхар жырау,
Өлең бірі-жамау, бірі -құрау.
Әттең, дүние -ай, сөз таныр кісі болса,
Кемшілігі әр жерде- ақ көрініп тұр-ау, - деп, өзіне дейінгі бір топ ел ішінде аты белгілі ақын, жырауларды қатты сынға алса да, олардың шығармаларын оқып білді. М. Әуезов кезінде дәл басып танып: « Жырау демек, ақын деу емес. Жыраудың ақын атаулыдан, жыршыдан бөлек өз жанры бар. Бұның өз шығармасы - толғау. Жыраудың мақсаты міндеті - «не болса сол көңіл ашар », «әлдене» дерліктей сөзді айту емес. Ол заман сыны, мезгіл, дәуір болжамын, тарихи оқиғаның мазмұн бағасын сөз қылады. Көбінесе әрі жырау, әрі би болады», - деп бағаласа, ақындық дарынның ерекшелігін Е. Ысмайылов: «Ақын өмірдегі құбылысты, тарихи оқиғаны өзінің ой - өрісі дәрежесінде таниды. Ақын естігенінен гөрі, көзі көргенін тез сезіп, жылдам жырлап кетеді», -деп жазады. Бұл тұста ең алдымен М. Мағауиннің «Қобыз сарыны» атты кітабы мен Қ. Сыдиықовтың «Ақын - жыраулар», Е. Тұрсыновтың «Қазақ ауыз әдебиетін жасаушылардың байырғы өкілдері» деген зерттеулерін, Ә. Дербісалиннің «Дәстүр және жалғастығы» атты монографиясы мен «Ерте дәуірдегі қазақ әдебиеті» атты бірлескен еңбекті бөліп атауға болады. [4, 45 б] .
М. Мағауин аталған зерттеуінде ХҮ -ХҮІІІ ғасырларда жасаған ақын, жыраулар шығармашылығын алғаш рет жеке алып арнайы қарастырумен қатар, сол кітаптың «Ақын және жырау» атты соңғы тарауында бұл күрделі мәселені жыр құрлысы ( ұйқас, ырғақ, бунақ, тармақ т. б. ) ерекшеліктері тұрғысынан да байыппен ашып талдайды.
«Жырау» деген термин өзіміздегі «жырлау», «жыр айту», «жырламақ» сөзінен келіп шыққан. Мұның түп төркіні байырғы «жыр», «жыршы» деген ұғымдармен астасып жатыр. Ш. Уәлиханов кезінде жырдың белгілі бір әуенмен қобыз сүймелдеуі арқылы орындалып, батырлардың ерлік істерін дәріптеуге құрылатынын айта келіп: «Жыр дегеніміз- рапсодия» «Жырламақ» етістігінің өзі белгілі бір әуенмен жырлау мағынасын білдіреді. Бір жәйт: батырдың өмірі мен ерліктеріне қатысты оқиғаның бәрі қара сөзбен баяндалады, жыр поэма қаһарманы мен басты кейіпкерлерді сөйлету қажеттігі туған кезде ғана қолданылады», - деп жазды. [1, 35 б] .
Рас, «жыр», «жыршы» деген ұғымдар әдебиеттімізде ерте кезеңдерде- ақ туып қалыптасқан. Бұған өз жанынан шығарып айтуға мүмкіндігі бар әр алуан суырып салма ақындар жатқызылып келген. Қазақтағы жыр өлеңнің түр мазмұн құрлысындағы айырмашылық белгілерін алғаш танып әңгімелеген кісінің бірі - Құрбанғали Халидұлы ол ақын мен жыршының өлеңшілердей емес, өз жанынан шығарып айтатын дарын қасиеті бар деп санап: «Ақындардың бір бөлігін «жыршы» дейді. Бұлар ақынмен тең түседі. Шығармаларында айырмашылық бар. Ақын шығармасын өлең дейді. Олардың бір жолы төрт немесе одан да көп сөзден тұрады. Ал жыр болса, одан гөрі қисынға құрылған қиыннан қиысқан үш сөзден тұрады. Мысалы, Бұхар жыршының жыры (поэзиясы), Асан атаның мақал сөздері және Абылай хан қайтыс болғандағы Бұхардың көңіл айтуы да жырға жатады».
В. В. Радлов жырды шумаққа бөлінбейтін импровизация, қайғылы жыр жоқтау деп жіктеп, ал жырауды - жыршы, көнені жырлаушы, алдын болжаушы (предсказатель) деп түсіндіреді. Сондай- ақ, қазақ жырының көнелі сипатын әңгімелегенде «Қайсібір жырларда көне түрік ұйқастарының заңдылық іздері сайрап жатыр, бұны, әсіресе сондағы аллитерация, акростих және ішкі ұйқастар мен көне мәтелдерден айқын аңғаруға болады», - дейді. Сөйтіп, жыр мен жыраудың импровизация тарихында ең көне тип екендігі Ш. Уәлиханов, Ә. Марғұлан, В. В. Радлов, Жирмунский, Х. Зарифов, М. Әуезов, С. Мұқанов, М. Мағауин, Ә. Дербісалин, З. Ахметов, Х. Сүйіншалиев, Н. Келімбетов, Е. Ысмайлов, Р. Бердібаев, Н. С. Смирнова, Е. Тұрсынов, Қ. Айымбетов зеттулерінде түгел мақұлданған. Е. Ысмайылов, Ә. Марғұлан, З. Ахметов сияқты әдебиетшілер жыраулардың эпикалық жыр тудырудағы рөлімен қатар, алдын болжағыш, білгір көрегендік қасиеттері баса көрсетеді.
Е. Ысмайылов жыраулардың қоғамдық рөлін аса жоғары бағалай келіп: «Жыраулар өмірдің ұсақ мәселесіне аз араласып көбінесе заман- дәуір, өткен мен келешек, адамгершілік, жақсылық пен жамандық жайында ойлар мен болжаулар, қағидалы сөздер айтып отырған», - деп ой түйсе, Ә. Марғұлан: «Жырау ру басы ақсақал, халықтың көкейтесті арманының мұңшысы, жыршысы ретінде өте қажетті тұстарда ғана болмаса, суырып салып жыр бермеген. Ел құрметіне бөленген жырауларға жұрт болашағына қауіп төніп, қалың бұқара жол таба алмай, тығырық тығылған екіталай ауыр сағаттарда ғана ақыл салып, кеңес сұрайтын болған. Болашақты барлап болжам айту -көреген де білгір жыраулардың поэтикалық өнердің басты тәсілі болып саналған», - деп жазады. Ал, З. Ахметов жыраудың әлеуметтік қызметтін эпостық жырлармен байланыстыра қарап: «Жыраулар творчестовасының жанрлық ерекшеліктері, олар өз жырларын қазақ халқының көне поэтикалық үлгісі-толғаулар арқылы таратқан. «Жырау» сөзінің көп мағынасы эпостарда ғана сақталып қалған. Мұны эпостық кейіпкерге айналған Сыпыра бейнесінен анық аңғарамыз. Бертін келе бұл ұғым өзгерген, жаңа мағынасында қолдана бастады», -дейді. Жыраулар импровизация дәстүрін қалаушылар емес, оларды жалғастырушылар Ә. Тәжібаев: «Жырау- сөз жоқ ақын. Ақын болмай жұрт қадірлейтін жырау атану мүмкін емес. Ақындығы күшті жыраулардың жалынды жырлары үнемі жаңғырып, кейінгі ұрпаққа сиқын бұзбай көрікті күйінде жетіп отырады. Ал, жыраулық - ертеден келе жатқан халық поэзиясының үлкен бір дәстүрлі саласы», - деп жыраулық дәстүрді әдебиетте орны бөлек, жеке сала ретінде қарасытырады. Ал, Ә. Марғұлан: «Жыраулар эпикалық жырды жасаушылар болумен қатар, қоғамдық өмірдің барысын, болашақты болжап айтатын жеке профессионалдық топтың да ірі өкілдері. Бұл пікірді Ә. Қоңыратбаев әрі қарай жалғастырып:«Ертегі, ұсақ салт жырлары жәй айтушылардан басталса, эпос профессионал жыраулардың үлесінде болған»- дейді. Бұл- әдебиетіміздің дамуындағы өзге де қайталанбас басты ерекшеліктерінің бірі болып табылады. [1, 38 б] .
Қазақ жырларының сан ғасырлық шығармашылығын негізінен үш кезеңге бөліп қарастырған жөн сияқты. Бірінші топқа жыраулық дәстүрдің негізін қалаған алғашқы өкілдері: Қорқыт, Аталық ( Кетбұға), Сыпыра жыраулар жатады. Бұл дәуір ХІ-ХІҮ ғасырларды қамтиды. Жыраулықтың қалыптасу кезеңін белгілейтін екінші топқа Асан Қайғы, Қазтуған, Шалкиіз, Доспамбет шығармалары кіреді. Мұның кезеңі ХҮ-ХҮІ ғасырлар. Үшінші топты жыраулықтың әбден толықсып, кемелденген кезеңіндегі өкілдері: Үмбетей, Жиембет, Тәтіқара, Ақтамберді, Бұқар жыраулар құрайды. Бұған ХҮІІ -ХҮІІІ ғасырлар жатады. Сондықтан бұл кезеңдердің ерекшеліктерін ашып әңгімелеуді жыраулық поэзиясының бірде-бір көрінісі- толғау жанрының қалыптасуынан бастау қажет.
«Толғау - әдебиетіміздің өз ерекшеліктерімен көрініп, көне дәуірлерде туып қалыптасқан поэзиялық шығарманың бір түрі»-, дейді Б. Әбілқасымов. Толғау қазақтың «жыр толғау», «толғап айту» деген сөзінен алынып, жеке термин ретінде әдебиетімізде кейінгі Кеңестік дәуірде ғана қалыптасты. Толғаулар өзінің жүйелі табиғатымен оқиғасы бар жырға тонның ішкі бауырындай жақын, үндес. Бізге жеткен толғаулардың халық өмірінің аса бір жауапты, күрделі қиын бір тұсында айтылып таралғаны аңғарылады. Жыраулар толғаған суырып- салма жырлар философиялық ойға құрылған тұжырымдармен де, жеке адам бейнесін жасаған салиқалы да тартымды, мазмұнымен де дараланады. Мұнда ел, жер, халық тағдыры, болашағы жүйелі сөз болады. Осы ерекшеліктермен мұны эпикалық жырларға көп ұқсатады. Мәселен, Сыпыра жырларының жеке күйінде жетпей, эпостарда кездесуі де көп мәселенің сырын аңғартса керек.
Әрбір әдеби туындылардың алғаш пайда болуы мен қалыптаса дамуы соның авторларының аренаға шығуы мен тікелей байланысты десек, толғау жанырының ең алғашқы өкілдерінің бірі деп, ең алдымен, Сыпыра жырауды айта аламыз. Рас, оған дейін де кейбір деректерге қарағанда Ұлық жыршы, яки Аталық жыраудың (13ғ) бар екенін білеміз. Тіпті бұдан ілгері, Шоқан Уәлиханов айтқандай: «Өзгелерге жыр жырлау өнерін үйреткен бірінші жыршы -Қорқыт ата бар. Өкінішке орай, Қорқыт атаның жырлары белгісіз бір себептермен бізге жетпей, оның орнына сол туралы тек үзік-үзік аңыздар мен әпсаналар ғана сақталып қалған. Ал, Ұлық жыршы, яки Аталық жырауға (кейде Кетбұға деп те аталады) келсек, оның Жошы хан өлгенде әкесінің айтқаны» деген жалғыз жоқтау жыры мәлім. «Оғызнаме» дастанында да Оғыз қағанға жыр толғап, болашақты болжайтын керемет толғаулар айтады.
Дегенмен, әйгілі «Қорқыт ата кітабында» әрбір келелі оқиғаларды баяндау алдына үнемі Қорқыт атынан бірде Дерсе, енді бірде Баяндүр ханға арналып айтылатын сөздердегі «Қорқыт атам сөз сөйлеп, жыр толғады. Бұл хикаяны өзі шығарып, өзі жырлады» деп, үнемі қайталанып келетін жолдардың өзінен- ақының жырды суырып салып айтқан «Көмекей әулие» -жырау болғаны айқын аңғарылады. Осы баяндаулар өзінің арнау үлгісінде келуі мен ұлағатты мазмұны арқылы да қалыпты жыраулар поэзиясына жақын тұр. Бір кезде толғау түрінде айтылған бұл жырлар кейін қара сөзге айналған тәрізді. Бұлардан Сыпыра жырау жырларының табиғаты біршама өзгешелеу.
Сыпыра жыраудың аты да, толғауы да белгілі бір себептерге орай эпикалық жырлар («Ер Тарғын») мен ертегілерде («Құбагүл») ғана ұшырасады. Бұларда ол ел-жұртқа қадірлі ақыл иесі, көп жасап, көпті көрген дана, алдын болжағыш абыз, сәуегей кісі болып суреттеледі. Ханда, қара да ақыл таппай қысылып тығырыққа тірелгенде, көпті көрген көне Сыпырадан кеңес сұрайды. Мұның бәрінде де Сыпыра Алтын Орданың белгілі ханы Тоқтамыстың қасындағы көреген биі, кемеңгер ақылшысы ретінде сипатталады. Қазақ жырлары мен ноғай ертегілеріндегі Сыпыра бейнесі бір-біріне табиғи өте ұқсас, көп жасағаннан «адам көрер түсі жоқ, аузында отыз тісі жоқ» деп сиықсыз да ұсқынсыз қарт болып сипатталады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz