Қазақтың ханы Абылай


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 43 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ
5
КІРІСПЕ:

1 ЖЫРАУЛАР ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ ЕЛ ТАҒДЫРЫ

1. 1 Абылай ханның тарихтағы рөлі

1. 2 ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиетінің тарихы

1. 3 Қазақ-жоңғар қатынастары Бұқар жырау шығармаларында

2 АБЫЛАЙ ЖӘНЕ ҚАЗАҚ БАТЫРЛАРЫНЫҢ ЕРЛІКТЕРІ

2. 1 Жыраулар шығармаларындағы - Абылай бейнесі

2. 2 Жыраулар шығармаларындағы батырлар

2. 3 Мағжанның «Батыр Баян» поэмасындағы Абылай хан тұлғасының сомдалуы

2. 4 Бұқар жырау шығармаларындағы Абылай бейнесі

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

5:

9

21

23

31

44

53

57

65

66

КІРІСПЕ

Еліміз егемендік алып ұмыт болған дүниемізбен қайта табысып жатқан, шынайы тарихи беттер ашылып өткенді қайта саралауға зерттеуге мүмкіндік туып отыр. Ел басымыз Н. Ә. Назарбаев айтқандай: «Қазақ болмысының келесі бір ерекшелігі-оның тарихшылдығы. Қара халықтың тарихтан хабардарлығы мейлінше жоғары болған. Керек десеңіз, білім институттарының дамыған жүйесі бар бүгінгі күннің өзін бұрынғы қазақтардың санасындағы жаппай тарихшылдықпен салыстыруға болмайды»-дей келе, «тарихи білімнің мұндай жүйесі қатардағы көшпелілер үшін тарихи, мәдени оқиғалардың ағыны ретінде бала кезінен сана-сезіміне сіңіп отырған. Қазақ даласының дүйім жұртында кең құлашты тарихи сана болған, себебі, бұл даладағы әрбр жұмыр басты пенденің жады бала кезінен ауызша айтылатын қисапсыз мол дерекке әбден жаттығып, көз қанық болып өскен. Халық тарихын түсініп, білу әрбір адамның өз басындағы сезім-түйсікпен астасып отырған». [1. 29]

Ресейдегі ХХ ғасырда пайда болған революциялық қозғалыс ұлттық шет аймақтың соның ішінде Қазақстанның да жағдайына әсерін тигізді. Кеңес өкметінің орнауымен қазақ елінде өткен тарихын ұмыту, жоғалту басталды. Тіршілікке жаңа ұрпақ жетіліп тарих пен тағдырдың таразысынан қайта өтіп жатқан қазіргідей кезеңде тарихы көп бұрмалаушылыққа ұшыраған ел тарихын қайта зерделеу өткенімізбен қайта табысу қазақ тарихының көмексі тұстарын қайта ашуға үлкен мүмкіндік туғызып отыр.

Қазақ даласында XX ғ. дейін ауыз әдебиетінің жазба әдебиеттен үстем болып келгені баршаға аян. Сондықтан қазақ тарихына қатысты жазба деректерді ілуде біреу кездестірсек, ауыз әдебиетінің дерегіне жататын ақын-жыраулар шығармалары жетерлік. Өкінішке орай ауыз әдебиетінің деректерінің құнын жазба деректерден төмен санайтын тарихи қате ойдан әлі арыла алмай келеміз, сол себепті нақты тарихи шындықты баяндайтын көптеген ақындардың өлең-жырлары зерттелінбей жатыр. Ал ауыз әдебиетінің көрнекті өкілдері ақындар халықпен бірге біте қайнасып жатқандықтан сол заманның ащы шындығын өлеңдеріне негіз етіп алады, яғни тарихи шындықты айтады. Ақын шығармаларынан белгілі бір халықтың рухани есею жолын, тағдыр таразыға түскен небір тарихи тайталастардың мәліметтерін табасыз. Ал, әдебиетте бейнеленген бұл мәліметтер белгілі бір дәуірдің мән-мағынасын айқындайтын елеулі тарихи фактілер, шынайы өмір шындығы екендігі мәлім. [2. 3]

Зерттеу жұмысының өзектілігі:

Қазақ халқының тарихи жырларын жазып алып жариялау ол туралы азды-көпті ғылыми пікір айту өткен ғасырдың ІІ-жартысынан бері қарай көзге түсе бастағаны мәлім. Алайда бұл жанрға арналған байсалды еңбектер Кеңестік дәуірде, әсіресе Ұлы Отан соғысынан кейін пайда болды. [3. 56]

XVІІІ ғ. қазақ халқының әлеуметтік саяси және философиялық ой жүйесіне ерекше бір шабыт беріп, қозғау салып, хандарымызға елін, жерін түгендетіп, батырларымызға қолына найза ұстатып жауға қоса, жырауларымыздың ойына түрткі салып, замана жайлы сол кездің көкейкесті мәселелерінің шешімін өз шығармашылықтарына арқау еткізген заман болды. Евразиялық кеңістіктегі Қазақ ордасының осы бір кезеңінің тарихи хал-ақуалын жазушы М. Мағауин былай деп сипаттайды: «Түркістан бастаған 25 қаладан айырылу Қазақ Ордасының қанатын қырқып, өрісін тарылтып қана қойған жоқ, оның алдағы замандардағы тіршілік кебін бір жақты мал шаруашлығымен ғана айналысатын көшпенді кепке түсірді. Түркістандағы Әзірет сұлтан дүрбесінен бастап, Сауран, Шымкент, Сайрам, Ташкент, Созақ және басқа қалалардағы мешіттер қоймасында сақталған бай кітапхана ондағы діни-фәлсафалық еңбектер, ескі тарихтар мен шежірелер біз бар деп білменген тағы қаншама мұра өртке кетті, талан-таражға түсті, жойылды. ». [4. 100-101]

Осындай алмағайып заманда қазақ халқының өмір сүруімен жойылып кетудің алдында тұрған неғайбіл шақтарында ұлттық жоғары рухы, көзсіз жанқиярлық ерлігі жайында қаншама аңыздар, өлең-жырлар, талғаулар өмірге келді. Ол туындылар сол кездегі өмір шындығы, жүректердің тебіренсі, халықтың арман тілегі. Біздің жадымызда екі ғасыр бөліп тұрса да, бабалар үні құлағымызда тұрғандай. Ақтабан шұбырынды жылдары қазақ елінің дербестіктен айырылып қалу қауіпі туған кезең еді. Өздеріне соншалық қымбат құндылықтардың күйрей бастауының нышандары айқын көріне бастаған кез. Сондықтан да осындай қауіпті ең алғашқы көрген, сезіне бастаған халықтың ең сезімтал ұлдары-жыраулар, билер, ақындар, осындай күйреудің үрейлі ұшқындарын өздерінің шығармаларында көрсетіп, халықты, билік басындағы хандарды бірлікке шақырды. Олардың негізгі үні- отаншылдық, ерлік, жерін, ата-мекен қорғау т. б. бір кездегі Түрік империясының дәуірлеген кезіндегі рухтың өрлігі бәсеңсіп, ұсақ мүдделердің, билікке таласудың, тайпалық, рулық, және т. б. пиғылдардың белең алғандығы қатаң сыналып, тұтас халықтың бірлігінің мүдделерін алға тарту басым.

Қара өлеңнің, сиқырлы сөздің тұтқынға тұтылып, шырғалаңға шырмалып, кәдімгідей қасірет шегетіні арқаға аяздай бататын ащы шерді ақтарғандығынан. Ал ащы ақиқат қайғы-мұңның зілмауыр салмағы түскенде ғана айтылады. «Көкірек толған қайғы кісінің өзіне де билетпей, бойды шымырлатып, буынды құртып, я көзден жас болады, я тілден сөз болып шығады» деп ұлы Абай айтқандай көкірегі қайғы қасіретке толы XVІІІ ғ. жыршылары «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» оқиғасына байланысты жыр толғамай өтпеген. Жыраулар шығармаларында жоңғар басқыншыларының басып кіруі кезеңіндегі әскери қақтығыстар, ойран салу, қырып жою қазақ халқының сол кездегі бастан кешкен қайғы-қасіреті баян етіледі.

Дегенмен тарихи жырлар әлі де түбегейлі зеттеліп біткен жоқ. Оның табиғатын танып, даму заңдылығын аша түсу, сөйтіп поэтикасын жан-жақты да терең зерттеуді қажет етеді. Жыраулар шығармаларын пайдалана отырып тарихтың ақтаңдақ беттеріне айналған көптеген тарихи оқиғалардың мазмұнын ашу өзекті болып табылады.

Зерттеу жұмысының деңгейі мен тарихнамасы:

XVІІІ ғасыр жыраулары қат-қабат қайшылығы мол, аумалы-төкпелі дәуірде өмір кешті, олардың жырлап өткен жырлары да тарихшылар тарапынан зертелінбеген тың тақырыптардың бірі болып табылады, тіпті әдебиет тарихын зерттеуші ғалымдардың өзі бұл тақырыпқа көп көңіл бөлмеген. Мұны тарихтағы тұлғаларды таптық, партиялық және саяси көсқарас шеңберінде зерттеген Кеңес дәуіріндегі ғылымды, ислам дінін мақтаған, отырықшы езгіге қарсы жыр жырлаған жырауларымыздың еңбектерін зертеудің қиын болғандығмен түсіндіруге болады. Бірақ, идеологиялық қатаң қысымшылыққа қарамастан XVІІІ ғасырда өмір сүрген жырауларымыз зеттеушісіз қалмады. Жұмат Тілепов, М. Әуезов, Х. Сүйіншіәлиев, Р. Бердібаев т. б. ғалымдарымыздың еңбектерінде жарияланды. Х. Сүйіншіәлиевтің «Қазақ әдебиетінің қалыптасу кезеңдері», «Қазақ әдебиеті, XVІІІ-ХІХ ғасырда» зертеулерінде қазақ-жоңғар соғысына қатысып, өздері куә болған жоңғарлардың басқыншылық саясатын өз жырларында жырлап өткен жыршыларға қысқаша тоқталып өткен. Сондай-ақ кейбір шығармалары «Үш ғасыр жырлайды», «Бес ғасыр жырлайды», «VІІІ-ХІХ ғасырлардағы қазақ поэзиясы», «Әдеби мұра» жинақтарында басылды.

XVІІІ ғасырдың алғашқы он жылдықтары қазақ халқы үшін қиын-қыстау сынақ жылдары болды. Шынына келгенде ел басына «ел болу, не табанға түсіп құл болу» күн туды. Орыс тарихнамасында қазақтардың жоңғарлар басқыншылығына қарсы күресі жалпылама жұмыстарда керініс тапқан. Оларда тұтас алғанда жалпы жағдайдың көрініс тапқанына қарамастан тарихи оқиғалар жүйелі түрде, рет-ретімен баяндалмайды. Әсіресе, бұл екі шайқастың қазақ жасақтары 1728 жылы Бұланты өзенінің жағасындағы Қарасиыр деген жерде және кеш дегенде 1730 жылдың көктемінде Аңырақай даласында жоңғарларды жеңген шайқастардың жәй жапсарына қатысты. Қазақ-жоңғар қатынастарының ХІХ ғасырдың аяғы ХХ ғасырдың басында М. Ж. Көпеевтің, Ш. Құдайбердиевтің, Ә. Бөкейхановтың күш-жігер салу арқасында ғана неғұрлым егжей-тегжейлі саралап зерделеу мүмкін болды. Қазақтардың жоңғарларға қарсы күресі, жоңғарлардың 1723-1726 жылдардағы жеңіске жету себептері, қазақтардың саяси және экономикалық ауыр жағдайы, басқа да мәселелер ХХ ғасырдың 70-80жылдарындағы тарихнамада: И. Я. Златкиннің В. А. Моисеевтің т. б. монографияларында ғана ғылыми тұрғыда көрсетілді.

Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері:

Қазақ хандықтары XVІІІ ғасыр басынан-ақ сыртқы саяси жағдайдың шиеленісуі, ХVІІІ ғасырдағы қазақ халқының басынан кешкен тарихи оқиғалары, ХVІІІ ғасыр қазақ тарихынан орын алған қазақ-жоңғар қатынасының жыраулар шығармаларында бейнеленуін талдау жасай отырып, жаңа көзқарас тұрғысынан бағалау диплом жұмысының басты мақсаты болып табылады, осыған орай диплом жұмысының алдында төмендегедей міндеттер қойылады:

-Жыраулар шығармаларының мазмұнын ашу;

-Ауыз әдебиетінің құндылығын дәлелдеу;

-Жыраулар жырындағы тарихи оқиғаларға сиапаттама беру;

-Әрбір жырдағы оқиға барысын жүйелеу, тарихи сараптама жасау, мәнін ашу.

Зерттеу жұмысының дерек көздері:

Диплом жұмысын жазу барысында осы уақытқа дейін ғылыми айнылымға тартылмай келген баспа сөз материалдары мен XVІІІ ғасырға байланысты түрлі әдебиеттер, ғылыми зерттеулердің мәліметтері сұрыпталып алынды.

Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы:

Деректер негізінде қазақ-жоңғар қатынасы халық жыраулар шығармаларына қатысты деректік материал негізінде тарихи шындық пен объективті тұрғыдан нақты талданып зерделеніп көрсетілуі.

Зерттеу жұмысының жаңалығы:

-Тарихи деректің ғылыми айналымға енгізілуі негізінде қазақ-жоңғар қатынастары жыраулар шығармаларындағы мәселелер объективті түрде баяндалады.

-Қазақ халқының XVІІІ ғасырдағы тыныс тіршілігі, елдін тұтастығын сақтау, ел басына күн туған шақтағы басқыншылармен күрес жолындағы әрекеттері айтылады.

-Ел басына күн туған шақта қазақ халқын бірлікке шақырған, жаумен күресуде рух берген жыраудың ел алдындағы сіңірген еңбектері хақында баяндалады.

Диплом жұмысының құрылымы:

Диплом жұмысы кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттерден тұрады

1 ЖЫРАУЛАР ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ ЕЛ ТАҒДЫРЫ

1. 1 АБЫЛАЙ ХАННЫҢ ТАРИХТАҒЫ РӨЛІ

Абылай (Әбілмансұр) - Қазақ ордасын бір тудың астына топтастырып, байтақ жерімізді жоңғар шапқыншылығынан азат еткен, алып мемлекеттер - Қытай, Ресей патшалығымен мәмілеге келіп, ел тәуелсіздігін сақтаған, айбынды да ардақты хан, кемеңгер көсем.

Абылай хан 1711 жылы туып, 1781 жылы қайтыс болған. Сүйегі Түркістандағы Қожа Ахмет Иассауи кесенесіне қойылған. Кезінде орыс тарихшылары, зерттеушілері Абылайдың хандық қызметіне, саясаттағы беделіне, қолбасшылық рөліне байланысты ойларын айтса да, оны кеңестік идеология көп уақытқа дейін тарих тасасында қалдырды. 1944 жылы Г. Александров, П. Поспелов, Ф. Федосеев, т. б. кеңес ғалымдарының БКП(б) Орталық Комитетінің хатшылары Г. М. Маленков, А. Щербаков атына жазған хатында М. Әбдіхалықов, А. Панкратова редакциясымен шықан Қазақ ССР тарихының тұжырымдамасы қатаң сынға алынды. 1940-1980 жылдарда А. Баймұрзин, Н. Г. Аполлова, В. Я. Басин, Б. П. Гуревич, Т. Ж. Шойынбаев, С. Е. Толыбеков сияқты тарихшылар еңбегінде Абылай «халықты тонаушы», «екі жүзді», «жауыз, қанішер», «қайшылықты, жалтақ саясат иесі», «басқыншы», «зорлық-зомбылықшы», «орыс мемлекетіне қарсы шығушы» болып айыпталды. [5. 32]

1950 жылы «Правда» газетіндегі мақалада Абылай-Кенесары заманы қараланды. Тіпті 80-ші жылдардан кейін де Қытайдан Я. Мырзахан және тарихшы К. Хафизова Абылай құрған хандық мемлекетті жоққа шығаруға тырысты. 1962, 1977, 1983 жылдары жарияланған Қазақ ССР тарихы Абылайдың билігі, саясаты жайлы теріс түсінік қалыптастырды. М. Вяткиннің Абылай ханға оң баға берген еңбегі ескерусіз қалды. Абылайдың хандық мемлекетіне, қайраткерлік, қолбасшылық, дипломатиялық қызметіне нақты баға берілген А. И. Левшиннің жазбалары - тарихи шындықты жан-жақты ашатын, құнды еңбек. Ол: «Абылай - тәжірибесі, ақыл-айласы жағынан болсын, қол астындағы халқының саны, күші жағынан болсын, сондай-ақ өзінің Ресей патшалығымен, Қытайдың боғдыханымен жүргізген тапқыр, шебер қатынастары жағынан болсын өз тұсындағылардың бәрінен биік еді», дейді. [5. 68]

Абылайдың 1755-56 жылдардағы Жоңғар хандығын түпкілікті талқандауға қатысты жорықтарына және Қытаймен арадағы саясатына Н. Я. Бичурин (Иакинф), Ресеймен қарым-қатынасына В. Вельяминов-Зернов. Абылайдың ел билігіндегі қызметіне И. Я. Златкин, Г. Спасский, И. Г. Георги, И. П. Фальк, М. Красовский тоқталады. Бірқатар әскери жазбаларда Абылай туралы деректер бар. Тарихи құжаттар негізінен «ХҮІІІ-ХІХ ғасырлардағы қазақ-орыс қатынастарында» жинақталған. Абылайдың Қытай боғдыханымен жазысқан хаттары, қытайдың әскери жазбалары, қолбасшыларының жарлықтары, елшілік қатынастары, келісімдері жөніндегі еңбектері - маңызды тарихи дерек көздері. Қытай тарихшысы Су Бей-Хай өз зерттеуінде «XVIII ғасырдың орта шенінен бастап Абылай аты тамам қазақтың ұранына айналды» деп баға береді. Дегенмен, Абылай туралы шындық сәулесі өшпеген тұстағы ауызекі әңгіме-аңыздар, тарихи жырлар негізінде дүниеге келген Ш. Уәлихановтың «Абылай хан» зерттеу мақаласының өрны бөлек. 1861 жылы жарық көрген бұл еңбек негізінде орыс энциклопедиялық сөздіктері мен күнтізбелерінде Абылай жөнінде мәліметтер, бағалар берілді. Тарихшы Қ. Халидұлының 1910 жылы Қазанда басылған «Тауариһ һамсасында» Абылай ханның заманы, жоңғарлармен соғысы жайындағы ой мол. Ол «Қазақ елінің соңғы хандарының ең атақтысы - Абылай хан. Абылай хан қабілеттілігі арқасында . . . үш жүздің ханы аталды» деген тұжырымды пікір түйеді. [5. 74]

Абылай туралы Қазақ совет энциклопедиясында оң түсінік берілгенімен, кеңестік тарих ғылымында Абылай ханның тарихи рөлінің айқындалмауы қазақ тарихының шындығын ашуға мүмкіндік бермеді.

1964-65 жылдары шыққан «Қазақ әдебиетінің тарихында» Абылайды қаралайтын аңыздар мен тарихи жырлар ғана жарияланды. Профессор Н. С. Смирнованың монографиясына идеологиялық қысым жасалды М. Әуезов тікелей басқарып, 1948 жылы жарық керген «Қазақ әдебиетінің тарих» қатаң сынға алынып, ұлы классиктің қудалануына әкеп соқты. М. Әуезов сол кезде: «Қазақтың дербес ел болуына, әрі-беріден соң қазақтың қазақ болуына, басы қосылып, бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығаруына ерен еңбек сіңірген Абылайдан артық адам болмас» деп айрықша атап көрсеткен еді. Абылай, Кенесары тақырыбын қалам тартқан Қ. Бекқожин да сынға ұшырады. «Шиеленіскен халықаралық жағдайда Абылай бытыраңқы қазақ жерлерін өз қоластына біріктіруге тырысты . . . көршілері Ресей, Қытай, Жоңғария мүдделерінің қарама-қайшылығын дұрыс пайдалана отырып, Абылай іс жүзінде елдің тәуелсіздігін сақтап қала алды» деген тарихшы Е. Бекмахановтың үлкен тарихи монографиясы, С. Асфендияровтың, М. Тынышпаевтың зерттеулері Қазақстан тәуелсіздігінен кейін қайта жарық көрді. 70-жылдардың соңында шыққан Н. Бекмаханованың ғылыми еңбегі Абылайдың Ресеймен қарым-қатынасына арналса, академик Р. Б. Сүлейменов пен В. Моисеевтің монографиясы - Абылайдың өмірі мен қызметін терең талдаған тарихи зерттеу. [5. 90]

1991 жылы 1 тамызда Көкшетауда өткен Абылайдың 280 жылдығы тарихымызды қайта қарауға, тарихи тұлғаларымызды бағалауға, әсіресе, Абылайдың қайраткерлік рөлін айқындауға жаңа бетбұрыс болды. Бұған тарихшылар, зерттеушілер М. Қозыбаев, Р. Сүлейменов, В. Моисеев, Ғ. Сапарғалиев, М. Құл-Мұхаммед, Қ. Әбуов, Қ. Сапғара, Н. Мыңжан, Н. Мұхаметханұлы, Қ. Бижанов, Е. Ділмұхамедов және т. б. шынайы үлес қосты. М. Қозыбаев: « Абылай хан - өте алып та, тұңғиықтай терең де тұлға. Оның есімі XVIII ғасырдағы барша әлемдік тарихқа құбылыс болып енді» десе, Р. Сүлейменов: « Хан Абылай - қазақ елінің өткендегі тарихында елеулі із қалдырған аса ірі тұлға» деп ерекшеледі. [6. 23] Басқа ғалымдарымыз да тұжырымды ойларын айтты. Абылайдың қайраткерлік, қолбасшылық, дипломатиялық қызметі ХҮІІІ ғасырда Бұқар, Үмбетей, Тәтіқара, Көтеш, Шал сияқты ақын-жыраулар поэзиясында ғана жырланып қалмады, кейінгі ғасырлардағы тарихи жырлар мен дастандардың да өзегіне айналды. Абай: « Абылай мен Кенесары - қазақ халқының қаһармандары. Олардың істері мадақтауға лайық» [6. 38] деп ой тастады. Ш. Құдайбердіұлы аңыз-әңгіме, деректер жазып қалдырды. Абылай туралы аңыз-әңгімелерді жинауда М. Ж. Көпеев зор еңбек сіңірді. Жамбыл Абылайға өлең арнап, ол туралы аңыздарды жеткізсе, С. Торайғыров, А. Байтұрсынов, М. Әуезов, М. Дулатов, С. Мұқанов т. б. абылайтануға үлес қосты. Абылай, Кенесарыға қатысты жыр, толғау, аңыз-әңгімелерді орыс ғалымдары В. В. Радлов, И. Катанов, Г. Н. Потанин, Н. М. Ядринцев, А. Е. Алекторов т. б. ел ішінен жазып алды. «Дала уалаяты» газетіндегі бір хабарда 1891 жылы Санкт-Петербург университетінің Шығыс факультеті студенттеріне «Қазақ қаһармандары Абылай, Кенесары жайлы толғауларға ғылыми бәйге жариялануы да»-сол заманның өзінде ардақты тұлғаларымызға ерекше мән берілгендігінің куәсі. [6. 85]

Кеңестік саясат Абылайды жалаң, идеологияландырылған, қайшылықты тұлға санаған кезде де ақын-жыраулар поэзиясындағы Абылай бейнесіне, атап айтқанда, Қ. Мұхаметханов, Ә. Марғұлан, Б. Кенжебаев, Ә. Дербісәлин, X. Сүйіншәлиев, М. Мағауин, Ә. Қоңыратбаев талдау жасады. Сонымен бірге С. Қасқабасов Ш. Уәлиханов жинаған Абылай жайлы аңыздарға, Р. Бердібай тарихи жырлар мен қисса-дастандардағы Абылай бейнесіне сипаттама берді. Ж. Тілепов XVIII ғасыр ақын-жырауларының өлең-толғауларындағы Абылай өмірінің тарихи шындыққа қатысын, Ш. ЬІ. Уәлихан Абылайдың халық ауыз әдебиетінде сомдалуына, өміріне қатысты тарихи деректердің мәнділігіне тоқталды. А. Тарақты Абылай күйлерінің шығу тарихын, күй аңызын зерттеді. Абылай жайлы тарихи құжаттарды аударып, абылайтануға негіз боларлық материалдарды жинап бастыруда С. Ақтаев елеулі еңбек сіңірді. Б. С. Рахымовтың XVIII ғасырдағы тарихи жырларға байланысты 1993 жылғы кандидаттық диссертациясында Абылай бейнесі басқа да қазақ батырларымен бірге жалпылама қарастырылды. Дегенмен, Бұқар толғауларындағы Абылай бейнесіне Ж. (Омари) Артықбаев тарихи зерттеу жасады. Абылайнамалық шығармалардың баспасөзде жарияланп, кітаптарда жарық керуіне С. Дәуітов белсене атсалысты, асыл мұраларды қайта тірілтті.

Соңғы кездері Абылай жайлы халық ауыз әдебиеті мұраларының, Абылай өміріне, заманына қатысты тарихи деректердің молынан жарық көруі жаңа зерттеуді қажетсінді. Абылайнамалық мол туындыларды жинақтап, екшеп, Абылай заманына сипаттама жасап, шығармалардағы әдеби шындықтың тарихи шындықпен сәйкестігін бажайлап, Абылай өмірін қайта саралау міндеті тұрды. Кезінде «Абылай туралы бір күрделі ғылыми еңбек жазылса екен . . . »[7. 85] деген М. Әуезов тілегі де бүгінгі уақытта жаңа бір жүйелі зерттеудің керектігін айқындайды.

Сондай-ақ ел егемендігін алар шақта 1991 жылы 9 сәуірде Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаев « . . . Абылай секілді хандарымызды тек өзіміз ғана біліп қоймай, Қазақстанның барлық халқына танытайық»[7. 96] -деп Абылай ханды жан-жақты зерттеу қажеттігін атап көрсетті. Осы тұрғыда Абылай жайлы соңғы жылдарда жарияланған өлең-толғауларды, тарихи жырларды, дастандарды жинақтап, жүйелеп Абылайдың тарихи тұлғасының жасалу ерекшелігін айқындауды, өмірінің елеулі кезеңдерін жан-жақты көрсетуді мақсат еттік.

Бұл тұрғыда:

а) XVIII ғасырдағы өлең-толғау, тарихи жырлардағы және одан кейінгі кезеңдегі дастандарда Абылай тұлғасының жасалу ерекшелігі;

ә) Абылай өмірінің тарихи оқиғалармен сабақтастығы;

б) Абылай туралы халық ауыз әдебиеті шығармаларын жанрлық түрде жүйелеу;

в) эпикалық дәстүр жалғастығын айқындау;

г) тарихи жырлар мен дастандардың нұсқаларын талдау, олардың тарихи шындыққа қатыстылығын анықтау;

д) Абылай бейнесін сомдаудағы қолданылған поэтикалық тәсілдерді салыстыра зерттеу;

е) Абылай жайындағы тарихи жыр-дастандардағы мәтіндік өзгешеліктерді қарастыру мақсатын да көздедік.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Айбынды қазақ ханы Абылай, ұлы ханның өмірі
Айбынды қазақ ханы - Абылай жайлы
Ежен ханның елшілері
Абылай хан өмірі
Түркістан қаласының қазақ хандығы тарихында алатын орнын зерттеу және қала тарихын көрсету
Айбынды қазақ ханы – Абылай туралы ақпарат
Айбынды қазақ ханы - Абылай
Абылай және оның заманы туралы
Ішкі Қазақ Ордасы (Бөкей Ордасы) - Ресей империясының вассалы ретінде
Ішкі Қазақ Ордасы (Бөкей Ордасы)
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz