Заңсыз иммигранттар


Ш. УӘЛИХАНОВ АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
УДК 314. 74 (5 Қ) Қолжазба құқығында
Завотвай Айгүл
ЗАҢСЫЗ МИГРАЦИЯНЫҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕЛУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
6М030100 - «Заңтану»
Заң ғылымдарының магистрі академиялық
дәрежесін ізденуге арналған диссертация
Ғылыми жетекші:
заң ғылымдарының
кандидаты Рахметулина Б. С.
Көкшетау 2012
Мазмұны
Нормативтік сілдемелер
Анықтамалар
Белгілер мен қысқартулар
Кіріспе
3
4
6
7
Қазақстан Республикасындағы заңсыз көші-қон
жағдайы, мәселелері, реттеудің құқықтық негіздері
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
90
94
Нормативтік сілтемелер
Осы диссертациялық жқмыста келесі стандарттарға сілтемелер қолданылған:
МЕМСТ 2. 104-68 ЕСКД. Негізгі жазбалар;
МЕМСТ 2. 106-96 ЕСКД. Мәтіндік құжаттар;
МЕМСТ 2. 321-84 ЕСКД. Әріптік белгілер;
МЕМСТ 2. 503-90 ЕСКД. Өзгерістер енгізу тәртібі;
МЕМСТ 6. 38-90* УСД. Ұйымдастырушылық-таратушылық құжаттама жүйесі. Құжаттарды рәсімдеуге қойылатын талаптар;
МЕМСТ 7. 32-91 Ақпарат, кітапханалық және баспа ісі бойынша стандарттар жүйесі. Ғылыми-зерттеу жұмысы туралы есеп. Құрылымы және рәсімдеу тәртібі;
МЕМСТ 21. 101-97 СПДС. Жұмыс құжаттамасына қойылатын негізгі талаптар.
Анықтамалар
Көші-қон (миграция) - термині халықтың өз аумағы арқылы немесе басқа мемлекет аумағы арқылы тұрғылықты мекенжайынан уақытша немесе маусымдық, ұзақ уақытқа және мүлдем орын ауыстырулары, сондай-ақ республика ішінде тұратын жері, жұмысы өзгеруіне байланысты қоныс аударуы;
Келуге және кетуге берілетін рұқсат (виза) - осыған уәкілеттік берілген мемлекеттік органдардың көшіп-қонушының паспортындағы немесе оны ауыстыратын құжатындағы белгісі, ол визада белгіленген уақытқа, мақсаттарда және шарттармен белгілі бер ел аумағына келуге, оның аумағы арқылы жүріп-тұруға, онда болуға және сол аумақтан кетуге құқық береді;
Еңбек көші-қоны - еңбек қызметін жүзеге асыру үшін жеке тұлғалардың басқа мемлекеттерден белігілі бір мемлекетке және мемлекет ішінде уақытша қоныс аударуы;
Заңсыз көшіп келу - шетелдіктердің немесе азаматтығы жоқ адамдардың келу және болу тәртібін реттейтін белгілі бір мемлекет заңнамасын, сондай-ақ белгілі бір мемлекет аумағы арқылы транзитті жол жүруді бұза отырып, бағыт алу мемлекетіне келуі және сол мемлекетте болуы;
Заңсыз мигрант - белгілі бір мемлекет заңнамасын бұза отырып, сол елге келген және болатын шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам;
Көшіп келу - шетелдіктердің немесе азаматтығы жоқ адамдардың белгілі бір мемлекетке уақытша немесе тұрақты тұру үшін келуі;
Көшіп келуші - белгілі бір мемлекет аумағына уақытша немесе тұрақты тұру үшін келген шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам;
Мигрант - себебі мен ұзақтығына қарамастан, белгілі бір мемлекет аумағына келген және кеткен, сондай-ақ сол аумақ ішінде қоныс аударушы адам;
Тұрақты тұруға арналған рұқсат - белгілі бір мемлекет заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес көшіп келушілерге халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган беретін және оларға сол мемлекет аумағында тұрақты тұру құқығын беретін құжат;
Уақытша тұруға арналған рұқсат (тіркеу) - заңнама бойынша белгіленген талаптарды сақтаған кезде көшіп келушілерге халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган беретін және болу мақсатына қарай оларға белгілі бір мемлекет аумағында белгілі бір мерзімге тұру құқығын беретін құжат;
Халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган - көші-қон процестерін реттеуді және халықтың көші-қоны саласындағы жұмысты үйлестіруді өз құзыреті шегінде жүзеге асырушы мемлекеттік орган;
Шақырушы адам - шақыру елінде тұрақты тұратын және отбасын біріктіру мақсатында өз отбасы мүшелерінің сол ел аумағына келуіне жәрдемдесетін адам;
Шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квота - белгілі бір мемлекеттер жыл сайын белгілейтін, сол елдер аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін тартылатын шетелдік жұмыс күшінің саны;
Шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған рұқсат - еңбек жөніндегі уәкілетті орган бөлген квота шегінде белгілі бір мемлекеттерде шетелдік жұмыс күшін тарту үшін жұмыс берушіге жергілікті атқарушы орган беретін белгіленген нысандағы құжат;
Босқындар - қоғамда белгілі бір күштердің (саяси, экономикалық, этникалық қысым, соғыс, табиғи апат) қысымына қарсы тұруға, төзуге шарасыз болудың әсерінен өз елінен басқа бір елге көшуге мәжбүр болған адамдар.
Белгілер мен қысқартулар
Кіріспе
Тақырып өзектілігі. Экономикалық жаһанданудың, интеграцияланған үдерістер мен әлеуметтік куммуникациялар дамуының қазіргі жағдайларында көші-қон мәселесі көптеген мемлекеттер үшін үлкен маңыздылыққа ие болып, адамзат алдында тұрған ғаламдық мәселелердің біріне айнала бастады. Өткен ғасырлардағы көшпенділік, әскери және отаршылдық түріндегі көші-қон мемлекеттер арасындағы экономикалық қатынастар жүйесінің дамуына байланысты жаңа сипатқа ие болды. Бүгінгі таңда материалдық қанағаттану және теңсіздіктен құтылу мақсатында миллиондаған адамдар туған елдерін артта қалдырып, басқа елдерге орын ауыстыруға талпынуда.
Халықаралық көші-қон үдерісі мемлекеттің қазіргі экономикалық, саяси, мәдени және басқа да өзара қатынасының бөлінбес бөлігін құрайды. Жаһандану үдерісі, бәрінен бұрын еңбек пен капиталдың әлемдік нарығын құру қазіргі кезде ешбір мемлекеттің жеке дара жабық тұра алмайтынындай жағдайға жеткізді. Еңбек, мүжбүрлі, этникалық, заңсыз және басқа да көші-қон түрлері әлемнің кез-келген аймағын қамтиды. Көші-қон үдерісі қоғамдық өмірдің барлық саласына әсер етуде. Мұндай ықпал етушілік қоғам тарапынан бағалауды және халықтың халықаралық көші-қонына әкелетін басымдылығын тиімді пайдалану мен мүмкіндігінше оның жағымсыз салдарларын басып отыру үшін мемлекеттердің көші-қон саясатын әзірлеуді талап етеді.
Қазіргі уақытта миграциялық үдерістер экономикалық дамуға және күннен күнге даму үстіндегі технологиялармен, біліммен, мәдениетпен өзара алмасуға ыңғайландырылған үдерістер сипатына ие болды. Осы үдерістің сондай-ақ шетелге жоғары білікті кадрлар және мамандардың ағылуы, заңсыз жұмыс күшін жеткізумен айналысатын қылмыстық жүйенің дамуы, заңсыз көші-қон көлемінің ұлғаюы т. б. сияқты жағымсыз, теріс салдарлармен тең жүруі жасырын емес.
Қазір қанша жерден шекара белгіленіп, күзет қойылды деп көңіл демдегенімізбен, кейбір заңсыз жүрген мигранттар саны дүние жүзінде жылдан жылға артпаса, кемімей, Қазақстанды да геосаяси жағдайына, әлеуметтік-экономикалық тұрақты елге айналуына байланысты шарпып бара жатқаны қалай дегенде де алаңдатпай қоймайды [1] .
Сондықтан, қазіргі жаһандану заманында қоғамдық үдерістерді дұрыс басқару және тиімді әлеуметтік-экономикалық саясат жүргізу үшін мемлекеттер мен халықаралық ұйымдар әрекеттерін, көші-қон ағынының көлемі мен мигранттардың құрамын бағдарлау, көші-қонды, оның ішінде заңсыз көші-қонды туындататын ықпалдарды, оны халықаралық (әмбебап), өңірлік және мемлекет ішілік реттеу тетіктерін қарастыру осы диссертациялық жұмыстың басты міндеті болып табылады.
Қазақстан Республикасы дербес, тәуелсіз даму жолына түсісімен бірқатар мәселелерге тап болды. Өтпелі кезеңнің экономикалық дағдарысы, әлеуметтік тұрақсыздығы сияқты қиыншылықтармен қатар, қазіргі кездегі халықтың миграциялық реттеусіз үдерісі де күрделі мәселеге айналды. Қазақстан Республикасының Президенті «Қазақстан-2030. Өркендеу, қауіпсіздік және барлық қазақстандықтардың әл-ауқатын жақсарту» Жолдауында еліміздегі демография, көші-қон мәселелері күрделі сатыда екендігін және оны жақсартуға атсалысу керектігімізді айтып өтті [2] .
Қазақстан Республикасының халықаралық аренаға шығуына, көптеген халықаралық шарттардың жасасуына, өзіне тиісті халықаралық міндеттер алуына, әмбебап және өңірлік тетіктерге қатысуына, халықаралық ұйымдарға төрағалық етуіне байналысты осы тақырыптың Қазақстан Республикасы үшін де өзекті екенін атап өткен жөн.
Зерттеудің мақсаты . Диссертацияциялық жұмыстың мақсаты − жалпы халықаралық көші-қон, оның ішінде халықтың заңсыз көші-қонын реттеудің халықаралық құқықтық тетіктерін, сондай-ақ оларды кейбір мемлекеттер тәжірибесінде қолдануын ғылыми негізде қарастыру, талдау, Қазақстан үшін қорытындылар жасау.
Осы мақсаттарға қол жеткізу мақсатында мынадай міндеттер қойылды:
- Ғылымның түрлі салаларында қолда бар халықтың халықаралық көші-қоны, оның ішінде заңсыз көші-қонға екпін түсіре отырып, түсінігін ашу, мазмұнын талдау, нәтижесінде сол терминдерді түсінуге авторлық жол ұсыну;
- Көші-қон үдерістерін реттейтін халықаралық ұйымдардың дамуын, құрылымын және күрделі көші-қон үдерістерін реттеудің тарихи-құқықтық тетіктерін қарастыру;
- заңсыз көші-қонды халықаралық-құқықтық реттеудің өңірлік және жекелеген мемлекеттер бойынша тетіктерін талдау;
- Қазақстан Республикасында заңсыз көші-қонға төтеп берудің заңнамалық бағыттарын, нысандарын және Қазақстанда заңсыз көші-қонды реттеудің құқықтық актілерінің қазіргі даму тенденцияларын талдау.
Зерттеу жұмысының объектісі - заңсыз көші-қонды реттеудің халықаралық, өңірлік, кейбір дамыған мемлекеттер, Қазақстандық жолдары.
Зерттеу жұмысының пәні - зерттеу пәні болып заңсыз көші-қонды халықаралық құқықтық реттеудің әмбебап, өңірлік деңгейде, сонадай-ақ екі жақты деңгейде халықаралық құқық субъектілерінің жүзеге асыратын нормалары, қағидаттары және тетіктері.
Зерттеу әдістері. Зерттеліп отырған тақырыптың күрделілігі мен көпсалалығын ашудағы, қойылған мақсаттар мен міндеттерді шешудегі әдістемелік негіздер келесідей. Миграциялық үдерістер мен онымен байланысты құбылыстарды тану, олардың арасындағы өзара байланыстың дамуы үдерісін анықтайтын диалектикалық әдіс, сонымен қатар, тарихи, философиялық, әлеуметтік, саяси, демографиялық, халықаралық құқықтық және басқа да зерттеліп отырған мәселеге қатысы бар ғылыми салалардың қазіргі ғылыми көріністері мен теоретикалық ережелеріне негізделген әдістер мен тәсілдер қолданылған.
Түрлі мемлекеттерде жүзеге асырылып жатқан халықаралық заңсыз көші-қон мәселелерін реттеу тетіктерін қарастыра отырып, диссертацияда салыстырмалы-құқықтық әдіс кең қолданылған. Одан басқа, басқа да жалпы ғылыми: жүйелі талдау, синтез, дедукция, индукция, типология, сонымен қатар, жеке-ғылыми: құрылымдық логикалық, нақты тарихи және арнайы әдістер: статистикалық, әлеуметтік, сарапшылық және ғылыми бағалау пайдаланылған.
Жалпы ғылыми талдау және синтез, дедукция және индукция сияқты әдістер әдебиет көздерімен жұмыс кезінде, сондай-ақ, жағдайлар мен құбылыстардың дамуы кезінде дәлдікке және соның нәтижесінде ғылыми маңыздылыққа қол жеткізуге мүмкіндік берді.
Жүйелілік әдісін пайдалану заңсыз көші-қонды реттеу көздерін тұтастай зерттеуге ықпал етті.
Зерттеудің нысаны мен пәнін айқындауда құқықтық құбылысты танудың жеке ғылыми, яғни формальды-құқықтық, тарихи-құқықтық, салыстырмалы-құқықтық, құқықтық актілерді түсіндіру және т. б. әдістер қолданылған. Формальды-құқықтық әдіс заңсыз көші-қон мәселелерін реттейтін ғылыми жұмыстарды және нормативтік құқықтық актілерді зерттеу негізінде түсініктерді анықтауға мүмкіндік берді. Тарихи-құқықтық жол заңсыз көші-қон саласында қабылданған актілер мен бақылаушы ұйымдар туралы ақпараттарды хронологиялық бірізділікпен зерттеуді қамтамасыз етті.
Құқықтық актілерді түсіндіру әдісі шетелдік және Қазақстандық көші-қон құқығы нормаларының мазмұнын ашуға мүмкіндік берді.
Лингвистикалық әдіс диссертациялық зерттеу кезінде пайдаланылған қажетті шетелдік құқықтық нормалар мен ғылыми жұмыстар мазмұны мен мәнін ашу кезінде пайдаланылды.
Статистикалық әдістің қолданылуы көші-қон үдерісінің демографиялық жағдайға әсерін, заңсыз мигранттар санын анықтауға, бағалауға мүмкіндік берді.
Диссертациялық жұмыстың жаңалығы.
- Заңсыз көші-қонды құқықтық реттеу отандық ғылыми көздерде өте аз зерттелген. Диссертациялық зерттеу қазақстандық құқықтық ғылымда бірінші рет заңсыз көші-қонды халықаралық, өңірлік және мемлекеттік деңгейде реттеу тетіктерін анықтаған;
- Автор халықаралық заңсыз көші-қонды реттеу тетіктері бойынша кешенді теоретикалық және тарихи-құқықтық зерттеулер жүргізген;
- Қазақстандық құқықтық ғылымда бұрын жолықпаған ағылшын тілді кейбір мемлекеттер заңнамалары енгізілді. Шетел мемлекеттерінің көші-қон заңнамаларын және халықаралық әмбебап құжаттарды талдау халықаралық заңсыз көші-қон терминіне авторлық анықтама беруге мүмкіндік берді;
- Кейбір мемлекеттер мен Қазақстан Республикасының заңсыз көші-қон жөніндегі мемлекеттік саясатына авторлық тұжырымдама жасалған;
- Халықаралық құқықты зерделеудің қазақстандық мектебінде заңсыз көші-қонды халықаралық-құқықтық реттеу мәселелерінің кейбір тұстары диссертациялық зерттеуде қарастырылған;
- Диссертациялық зерттеуде қарастырылған кейбір шетел мемлекеттерінің заңсыз көші-қонға қарсы әрекет ету тетіктерінің Қазақстан Республикасы ұлттық көші-қон заңнамасын қажетті саласы бойынша ұсынымдар жасалған.
Қорғауға шығарылатын негізгі тұжырымдамалар:
- Халықаралық көші-қон ұғымы, заңсыз көші-қон түсінігі ашылып, оларға авторлық анықтама беру;
- Халықаралық көші-қон үдерістерін реттейтін халықаралық ұйымдар мен өңірлік негізде әрекет ететін өңірлік реттеуші ұйымдардың қызметтерін және олардың көші-қонды, оның ішінде заңсыз көші-қонды реттеу құжаттарына шолу жасау;
- Шет мемлекеттердің заңсыз көші-қонға төтеп берудің құқықтық актілерінен Қазақстан Республикасы үшін қажеттісін ұсыну;
- Қазақстан Республикасындағы заңсыз көші-қонды реттеу тетіктерін айқындау және одан әрі жетілдіру тетіктерін ұсыну.
Зерттеудің практикалық маңыздылығы
- Диссертациялық жұмыс материалдары көші-қон саласында нормативтік-құқықтық актілер мен халықаралық шарттар әзірлеу үдерісінде;
- жоғары кәсіби білім беру жүйесінде, «Халықаралық құқық», «Көші-қон құқығы», «Мемлекет және құқық теориясы» пәндері бойынша және көші-қон саласында мемлекеттік-құқықтық реттеуге арналған арнайы курстардан дәрістер оқу кезінде пайдаланылуы мүмкін;
- Жұмыста баяндалған материалдар, қорытындылар қазақстандық ғылымның халықаралық құқық саласына және Қазақстан Республикасының көші-қон саясатының құқықтық астарына белгілі бір үлес қоса алуы мүмкін.
Тақырыптың әдістемелік негізі. Жұмыстың жазылу барысында, ғылыми және публицистикалық әдебиеттерді зерделеуде көші-қон мәселелеріне жазылған философтар, әлеуметтанушылар, саясаттанушылар, экономисттер, экологтар, санақшылар және заңгерлер сияқты түрлі ғылым өкілдерінің жазған еңбектері зерделенді.
Қазақстандық заңнамалық әдебиеттерде заңсыз көші-қон үдерістерін халықаралық-құқықтық реттеудің мәселелері айтарлықтай ашылмаған десек те болады.
Осы зерттеуге қатысты жалпы халықаралық көші-қон, заңсыз көші-қонмен күреске арналған отандық Е. Б., Жаткынбаев, Г. У. Макенова, М. А. Сарсембаев, Б. Киргизбаев, С. Б. Кожирова, Д. Мырзабаева, К. С. Мәуленов, С. Ж. Айдарбаев, Ж. М. Аманжолов, А. А. Сәлімгерей, А. А. Сәбитова, Г. А. Мәшімбаева, И. Д. Үзденова, А. Е. Қалдыбаева сияқты авторлардың еңбектері қарастырылды.
Белгілі ресей ғалымдары Е. Ю. Садовская, О. Д. Воробьева, Л. Тарлецкая, И. П. Цапенко, А. Хелтон, Е. С. Красинец, Е. С. Кубишин, Е. В. Тюрюканова, Хабриева Т. Я., Муравьев В. И. және т. б. және жұмыс барасында сондай-ақ мынадай шетел авторларының еңбектері пайдаланылды: Лэндэнесс К., Г. Гудвин-Гилл, Р. Бордонь, Д. Гомьен, Л. Зваак, М. Джонсон, Райвенштейн, Б. Стейн, Т. Хартли.
Диссертациялық жұмысты жазу барысында БҰҰ, Халықаралық еңбек ұйымының, Миграция жөніндегі халықаралық ұйымның құжаттары, еңбектері мен есептері, Босқындар ісі жөніндегі БҰҰ Жоғары комиссар басқармасының талдаушылық шолулары қарастырылды. Көпжақты және екіжақты әрекет етуші халықаралық шарттар, сондай-ақ қарастырылып жатқан тақырыпқа қатысты жекелеген мемлекеттер мен Қазақстан Республикасының ұлттық заңнамалары, Қазақстан Республикасы Конституциясының сәйкес баптары қаралды.
Зерттеу нәтижелерінің жариялануы. Диссертациялық зерттеу жұмысы Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінде дайындалған. Диссертациялық жұмыстың негізгі тұжырымдамалары мен қортындылары мынадай жарияланымдарда жарияланған:
- Заңсыз көші-қонның елдің ұлттық қауіпсіздігіне тигізетін әсерлері («Сардар» халықаралық ғылыми журналының 2012 жылғы №1 санында) ;
- Қазақстан Республикасында заңсыз көші-қонның құқықтық реттелу тетіктері («Сейтен тағылымдары - 6» Халықаралық ғылыми-практикалық онлайн-конференциясының материалдары (6-7 қазан 2011 ж. ) ;
- Еуропалық Одақтың заңсыз көші-қонмен күресу әрекеттері. («Ғаламдық жаһандану жағдайындағы қазіргі заманның даму алғышарттары»Халықаралық ғылыми-практикалық онлайн-конференциясының материалдары 1-2 желтоқсан 2011 ж. ) .
- ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЗАҢСЫЗ КӨШІ-ҚОНХалықтың көші-қон үдерісі: көші-қон сипаттамасы және түрлері
Халықтың бір жерден екінші жерге орын ауыстыруы әрқашан да болған құбылыс, өткен замандарда ол көшпенділік, әскери және отаршылық жер ауыстыру түрлерінде болды. Жер бетіндегі адамдардың орналасуы, ол да көші-қон. Халықтың көшіп-қонуы ежелгі заманнан бері бар. Көші-қон алғашқы қоғамдық еңбек бөлінісімен (бақташылар тайпасының бөлініп шығуымен), егіншіліктің дамуымен, егіншіліктен қолөнердің бөлінуімен, халықтардың ұлы қоныс аударуымен, ұлы географиялық ашылымдармен, яғни еуропалықтардың Америка жаңа материгіне орын ауыстырулары, индустрияның дамуымен (19 ғасырдың басында) байланысты болса, XX- ғасырда көші-қонға соғыстар зор әсерін тигізді [3] . Ал қазіргі кезде мемлекеттер арасындағы экономикалық қатынастар жүйесінің дамуына байланысты халықтың халықаралық, яғни бір мемлекет шекарасынан шығып, келесі бір мемлекетке көшіп-қонуы деген жаңа сипатқа ие болды. Қазіргі кезде адамдардың көшіп-қонуы айтарлықтай қажеттіліктер негізінде туындауда. Материалдық ауқаттылыққа қол жеткізу және теңсіздік жағдайларынан арылу және т. б. мақсаттарда қазіргі таңда миллиондаған адамдар күн сайын туған өлкелерінен басқа елдерге орын ауыстыруда.
Дүние жүзіндегі көлік қатынастарының және жаһандық желілердің, өндіріс үшін пайдаланылатын тауарлардың, қызметтердің, ақпараттардың дамуына және олармен өзара алмасуға байланысты халықалықаралық көші-қон күннен күнге күшейіп барады. Сөйтіп, халықаралық көші-қон көптеген мемлекеттер қоғамының тамыр жайған сипатына айналуда.
«Көші-қон» терминінің ұзақ уақыт бойы нақты түсініктемесі болмады. Миграция сөзі латынның «migrato», «migro» - қоныс аудару, өту дегенді білдіреді. «Көші-қон» (миграция) - термині халықтың өз аумағы арқылы немесе басқа мемлекет аумағы арқылы тұрғылықты мекенжайынан уақытша немесе маусымдық, ұзақ уақытқа және мүлдем орын ауыстырулары. Сондай-ақ, республика ішінде тұратын жері, жұмысы өзгеруіне байланысты қоныс аударуы. Көші-қон дегеніміз - бұл әлеуметтік-экономикалық қатынастарға байланысты болатын миграциялық қозғалыс.
Көші-қонның мағынасын әркім әртүрлі түсінеді және ол ауқымы кең қоғамдық құбылыс болғандықтан, көптеген ғылымдар мен талдаулардың объектісіне айналған. Біздің осы тарауда қарастыратынымыз халықтар көші-қонының мәнін құқықтық тұрғыдан қарастыру болып табылады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz