Зоологияны оқыту процесінде фаунистик материалды қолдану


Дипломка Зоологияны оқыту процесінде фаунистик материалды қолдану
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . .
1 Әдеби шолу . . .
- Зоология жануарлар жайындағы ғылым, онын даму тарихы . . .
- Қостанай облысының фаунасына экологиялық - географиялық шолу . . .
1. 2. 1 Омыртқасыздар ерекшеліктерімен танысу . . .
1. 2. 2 Омыртқалылар ерекшеліктерімен танысу . . .
2 Орта білім беріу мектептерінде 7-сыныпта биология курсын ұзақ мерзімді бағдарламамен оқыту ерекшелігі . . .
2. 1 Биология сабағында жергілікті жердің фаунистік материалымен оқушы- ларды таныстыру . . .
3 Экспериментік бөлім . . .
3. 1 Биология сабағында «Тірі ағзалардың көптүрлілігі» тақырыбында жергі- лікті жердің фаунистік материалын қолдану әдістемесі . . .
3. 2 Биология сабағында фаунистік материалды пайдаланудың нәтижесі . . .
ҚОРЫТЫНДЫ . . .
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . .
ҚОСЫМША . . .
КІРІСПЕ
Қазіргі уақытта білім беру жүйесін дамытудың негізгі бағыттары оқушыларға білім беру мен тәрбиелеуді гуманизациялау және терең білім беру болып табылады, олар алған білімі, дағдылары мен әдеттерінің практикалық маңыздылығына ерекше назар аударады. Биологиялық білім - өсіп келе жатқан ұрпаққа тіршілікті, өмірді аса үлкен, зор құндылық деп түсінуді қалыптастырады. Биологияны оқу - биосфераны қорғау, адамзаттың тіршілік етуі ғана емес, бүкіл тіршіліктің сақталуы және дамуы үшін аса қажет жағдай екенін сезінуге әсерін тигізеді[1] .
Қазіргі таңда биология жаратылыстану ғылымдарының көшбасшы- сына айналып келеді. Тек қана бізде емес, көпшілік мемлекеттер биологиялық білімге қатты көңіл бөлуде. Мысалы, Америкада биология міндетті пәндер қатарына кіргізіліп, ал биолог мамандығы компьютер мамандығымен бірдей басқа барлық мамандықтар арасында рейтингте бірінші орында тұр. Себебі, биология ғылымының дамуындағы негізгі көкейтесті мәселелердің бірі - қоғам мен табиға арақатынасындағы проблемалар. Бұл жағдайда Америка не ұтты?
- оқушыларға материалистік көзқарас, дұрыс мәнді ғылыми дүниетаным қалыптастырды;
- тіршіліктің пайда болуы, дамуы және заңдары негізінде берік, моральді, өмірдің мәні мен мақсатын дұрыс түсінетін, әртүрлі зиянды қылықтар мен әрекеттерге төзе алмайтын ұрпақ тәрбиеледі;
- ең бастысы биологиялық сауатты ұрпақ өсіп келе жатыр.
Аймақтық компоненттің мазмұны биологияны зерттеуге қызығушылықты оята алатын және оқушылардың күрделі әлеуметтік өмірге бейімделуіне көмектесетін жергілікті материалдармен толықтырылуға тиіс. Жергілікті материалдарды биология бағдарламаларына енгізу мұғалімді табиғатпен экологиялық білімге үйретуден бастап, дәстүрлі түрде танысуға мүмкіндік береді[2] . Дипломдық жұмыстың мақсаты: биология сабағында фаунистік материалымен оқушыларды таныстыру және «Тірі ағзалардың көптүрлілігі» тақырыбында жергілікті жердің фаунистік материалын қолдану әдістемесін зерттеу.
Дипломдық жұмыстың міндеттері:
-жалпы педагогикалық, психологиялық, әдістемелік әдебиеттердегі және мектептегі тәжірибеде қазіргі заманғы мектептегі биологиялық білім берудегі проблемалық білімнің маңыздылығын анықтау;
-оқушылардың жеке бақылауы және биология оқулықтары бойынша таныс жергілікті материалдарды қолдану, оқушылардың жануарлар әлемі дамуының күрделі заңдылығын дұрыс қабылдауына көмегін тигізіп, оқушының диалектикалық - материалдық дүние танымын қалыптастыру; - орта білім беру мектептерінде 7-сыныпта биология курсын ұзақ мерзімді бағдарламамен оқыту ерекшелігімен оқушыларды таныстыру;
-биология сабағында «Тірі ағзалардың көптүрлілігі» тақырыбында жергілікті жердің фаунистік материалын қолдану әдістемесі жасау; -биология сабағында фаунистік материалды пайдаланудың нәтижесін қорытындылу.
Зерттеу мәселелерін шешу үшін келесі әдістер қолданылды:
- теориялық: зерттелетін мәселені талдау, оқушылардың биология сабақтарында танымдық белсенділігін педагогикалық тәжірибені қорыту, психологиялық-педагогикалық және әдістемелік әдебиеттерді талдау, зерттеу проблемалары бойынша нормативті құжаттар және оқу-бағдарламалық құжаттамаларды талдау;
- эксперименталды: бақылау, сауалнама жүргізу, тестілеу, зерттеу нәтижелерін статистикалық өңдеу. Зерттеу нысаны: орта білім беру мектебіндегі «Жануарлар» бөлімінде биология пәні оқушыларды оқыту процесі.
Зерттеу пәні: мектеп оқушыларына биология сабақтарында жергілікті жердің фаунистік материалды қолдану
Болжамы: оқушылар биология пәнінде биологиялық білім беру процесінде тұрақты танымдық қызығушылықтарын және білімдірін тереңдетуді жергілікті жердің фаунистік материалдарын қолдану арқылы алады.
1 Әдеби шолу
1. 1 Зоология жануарлар жайындағы ғылым, онын даму тарихы
Жануарлар туралы мағлұматтар көне дәуірлерден белгілі. Ежелгі Қытай, Үндістан, т. б. елдерде жануарлар туралы кітаптар шығарылған. Дегенмен, зоология ғылым ретінде алғаш Ежелгі Грекияда дамыған және ол Аристотель (б. з. б. 384-322) есімімен тығыз байланысты. Ол өз еңбектерінде тұңғыш рет жануарлар дүниесін жүйеге келтіріп, оларды қаны бар жануарлар және қаны жоқ жануарлар деп екі топқа бөлді. Зоологияның дамуына XVI ғасырдың аяғы - XVII ғасырдың басында ойлап табылған микроскоптың маңызы зор болды. Оны ойлап тапқан голландия ғалымы А. Левенгук (1632-1723) алғаш рет жануарлардың қан түйірлері мен қан капиллярларын сипаттап жазды. Левенгуктың басты жаңалығы - микроскоп арқылы су тамшыларын зерттеп, оның құрамында қарапайым жәндіктердің тіршілік ететінін ашуы болды[3] . XVII ғасырдың аяғы және XVIII ғасырдың басында жануарлар жүйесінің негізін ағылшын табиғат зерттеушісі Д. Рей жасады. Ол өзінің «Жануарларға жүйеленімдік шолу» (1693) атты кітабында жануарларды сыртқы белгілеріне қарай жіктеді. Мысалы, сүтқоректілерді ол екі топқа: саусақты сүтқоректілер және тұяқты жануарлар деп бөлген. Одан кейін швед ғалымы К. Линней «Systema naturae» (1735) деген еңбегінде жануарлар мен өсімдіктерді жүйелеуде түр, туыс, класс деген зоологиялық атаулар ұсынды. XVIII ғасырдың аяғы-XIX ғасырдың басында француз ғалымы Ж. Кювье жануарлардың салыстырмалы анатомиясы палеонтологияның негізін салды. Ал 1825 жылы француз зоологы А. Бленвиль жануарларды жүйелеуне тип деген ұғымды енгізді. XIX ғасырда француз ғалымы Ж. Б. Ламарк тірі табиғаттың тарихи дамуын зерттеді. Оның «Зоология философиясы» (1809) деген еңбегінде органик. дүние эволюциясының ғылыми теориясы баяндалды. Зоологияның дамуына XIX ғасырдың 30-жылдары неміс биологтары М. Шлейден мен Т. Шванн ашқан клеткалық теорияның үлкен әсері болды. Бұл теория клеткалық деңгейде тірі организмдердің біртұтас екендігін толық дәлелдеді. Ағылшын табиғат зерттеушісі Ч. Дарвиннің «Табиғи сұрыпталу жолымен түрлердің шығуы немесе тіршілік үшін күресте қолайлы өскен тұқымдардың сақталып қалуы» (1859) атты белгілі еңбегінен кейін зоология ғылымы дамуының жаңа кезеңі басталды. XIX ғасырдың 2-жартысында неміс ғалымдары Эрнст Геккель мен Ф. Мюллер эволюция іліміне сүйене отырып, филогенетткалық зоологияның негізі - биогенетикалық заңды ашты. Эволюциялық салыстырмалы эмбрио- логияның дамуы Ресей зоологтары И. И. Мечников, А. О. Ковалевскийдің еңбек- терімен тығыз байланысты[4] .
Қазақстан зоологиясы. Қазақстан жануарлары туралы алғашқы ғылыми жазба деректер Византия, Рим, Араб халифаты елшілерінің жолжазбалары мен Махмұт Қашқаридің «Түрік тілінің сөздігінде», «Кодекс Куманикусте» («Қыпшақ тілінің сөздігі») кездеседі. Қазақстанға XVII ғасырдың аяғы мен XVIII ғасырдың басында келген географ-саяхатшылардың экспедициялық зерттеулерінің қорытындысы мен жеке мамандардың еңбектерінде де біздің өлкедегі жануарлар туралы деректер мол. Мысалы, П. С. Паллас құс пен аңның 41 түріне, Э. А. Эверсман құстың 8 түріне сипаттама берген. Сондай-ақ Н. А. Северцовтің «Түркістан жануарларының таралуы», П. П. Сушкиннің «Қырғыз даласының құстары», Н. А. Зарудныйдың «Арал теңізі құстары», т. б. ғылыми еңбектері аңдар мен құстардың жаңа түрлерін ашып, хайуанаттардың географиялық таралуы мен биологиясын зерттеп білуде маңызы зор болды. ғасырдың басында Л. С. Берг Арал теңізі мен Балқаш көлі балықтарын зерттеді. Алынған ғылыми мәліметтері оның үш томдық «КСРО және көрші елдер тұщы су балықтары» (1948-49) деген кітабына енді. Сондай-ақ республикамыздың жануарлар дүниесін зерттеуде КСРО ғылым академиясының Зоология институты, Мәскеу мемлекеттік университеті, т. б. жоғары оқу орындарының ғалымдары (К. И. Скрябин, Д. Н. Кашкаров, А. Л. Бродский, Б. С. Виноградов, В. А. Селевин, т. б. ) үлкен үлес қосты. 20 ғасырдың 20-жылдары Жетісуда көрнекті ғалым В. Н. Шнитников көптеген коллекциялық материалдар жинады. Соның нәтижесінде ол «Жетісу сүтқоректілері» (1936) және «Жетісу құстары» (1949) атты ғылыми еңбектерін жариялады[5] . XX ғасырдың 30-жылдары Е. Н. Павловский, В. А. Догель, Б. Е. Быховский, т. б. белгілі ғалымдардың басшылығымен жануарлар паразиттері және олар тарататын ауру түрлерін кеңінен зерттеу қолға алынды. Соның нәтижесінде «Арал теңізі балықтарының паразиттері» (1934) және «Каспий теңізі балықтарының паразиттері» (1938) сияқты ғылыми еңбектер жарық көрді. 1924 жылы Алматыда Қазақ өсімдік қорғау стансасы (қазіргі Қазақ өсімдік қорғау ғылыми-зерттеу институты) ашылып, онда ауылшаруашылығы дақылдарына зиянын тигізетін кеміргіштерді зерттеп, оларға қарсы күрес жолдары анықталды. 1929 жылы ашылған обадан арылу стансасында (қазіргі Қазақ карантиндік және зооноздық инфекциялар ғылыми орталық) қауіпті оба ауруын тарататын кеміргіштер мен олардың паразиттері зерттелді. Республикада жануарлар жөніндегі жүйелі зерттеулер КСРО ғылым академиясының қазақстандық базасының құрамында Зоология секторы ашылғаннан кейін (1932) басталды. Зоология саласындағы іргелі ғылыми-зерттеулер 1943 жылы құрылған Зоология институтында жүргізілді. Қазақстанның зоолог-ғалымдарының көп жылдық ғылыми-зерттеу жұмыстары: «Қазақстанның бауырымен жорғалаушылары» (1956) ; «Қазақстан құстары» (1-5 т., 1960-74) ; «Қазақстан тұяқты жануарларының ішкі паразит құрттары» (1-2 т., 1962-63) ; «Қазақстан сүтқоректілері» (1-4 т., 1969-85) ; «Қазақстан балықтары» (1-5 т., 1986-92) ; «Қазақстанның қызыл кітабы» (1996) сияқты іргелі еңбектерде қорытындыланған. Қазақстанда сүтқоректілер мен құстардың, бауырымен жорғалаушылар мен қосмекенділердің түрлері мен жалпы саны анықталды; кейбір топтарға жататын омыртқасыз жануарлардың фаунасы мен жүйеленімі, жабайы жануарларды халық шаруашылығынданда пайдаланудың ғылыми негіздері кеңінен зерттелді. Соңғы жылдары республикамызда жануарлар дүниесінің әртүрлілігін сақтау, оларды ұдайы өсіру және ұтымды пайдаланудың ғыл. жолдарын жасау, жануарлар мен адамның табиғи ошақты және паразиттік ауруларын болдырмау тәсілдерін іздестіру, жануарлар әлемінің кадастрін жасау жұмыстары Қазақстан ғалымдары Е. В. Гвоздев, Т. Досжанов, А. Бекенов, Э. И. Гаврилов, А. Ф. Ковшарь, И. Д. Митяев, Г. Уәлиева, Б. Шайкенов, Л. А. Бурделов, Д. Жатқанбаева, т. басқалардың басшылығымен жүргізілді. Сондай-ақ зоология проблемалары ҚазҰУ мен облыс орталығындағы университеттердің биология факультеттерінде, мемлекттік қорықтар мен зоологиялық қорықшаларда, ұлттық табиғи саябақтарда зерттеледі[6] .
1. 2 Қостанай облысының фаунасына экологиялық - географиялық шолу
Қостанай облысының солтүстігінде кездесетін бунақденелілер түрлер құрамы. Насекомдарды ғылыми түрде зерттеудің XVII ғасырда негізін салушылар: М. Мальпиги, Я. Сваммердам және француз табиғат зерттеушісі Р. Реомюр. XVIII ғасырдың басында француз энтомологы Ж. Дюфурдың зерттеу жұмыстары арқасында насекомдардың салыстырмалы анатомиялық зерттеулері жақсы дамыды. XVIII ғасырдың екінші жартысында орыс ғалымы П. С. Паллас насекомдар фаунасын зерттелудің негізін қалады. Қазақстанда насекомдарды алғаш XIX ғасырда П. П. Семенов-Тянь-Шаньский, Н. А. Северцов, А. П. Фадченко, В. Ф. Ошанин жетекшілік еткен ғылыми экспедицияларда зерттеулер жүргізілді. Жеке энтомологиялық зерттеулермен 1921 - жылы құрылған «Жетісу» энтомологиялық бюросы айналысты. Ал осы күні Қазақстан Республикасының білім және ғылым министир лігінің Зоология институтында жалғастырылуда. Қазақстанда насекомдардың ғылыми зерттелулерін жүргізген: С. Н. Боев, И. Г. Галузо, А. Д. Долгушин, Т. Н. Досжанов, Б. Шайкенов, И. Д. Митяев, В. Л. Казенас және т. б. ғалымдар[5, 6] . Республиканың әр аймағына тән насекомдар фаунасы жөніндегі зерттеулер: Қазақстан соналары, Қазақстанның қан сорғыш масалары, Қазақстан ағашжегі қоңыздары, Орта Азия және Қазақстан бізтұмсық қоңыздары, Орта Азия және Қазақстан қазғыш аралары, Қазақстанның қан сорғыш шыбындары, Қазақстанның жапырақжегі қоңыздары және басқада көптеген ғылыми еңбектерде басылды. Қазақстан 32 насекомдарының жүйесі, фаунасы, экологиясы, географиясы туралы мәліметтер үнемі жаңартылып, толықтырылып отырылады[7] . Болашақ биолог мұғалімдердің зерттеушілік іс - әрекетін қалыптас- тыруда аймақтық құрылым негізінде білім беруге бағытталған, Қазақстан насекомдарының (Insecta) биологиялық, экологиялық, тіршілік ерекшеліктерін зерттеу және жұмыс нәтижелерін оқу үрдісінде пайдалану арқылы, оқытудың әдістемелік негіздерін айқындау жұмыстарын орындауға ұмтылыс жасалды [8] . А. Ф. Каменский Солтүстік Қазақстандағы Наурызым мемлекеттік қорығындағы жартылай қаттықанаттылардың тізімін (58 түріне) ұсынды . Батыс Қазақстанның жартылай қаттықанаттыларының зерттелуіне үлкен үлес қосқан А. Н. Кириченконың жұмыстары Оралдың қандалалар фаунасын аудандарын қамтиды. Жер шарында кең тараған 1 млн-дай түрі анықталған (барлығы 1, 5 - 2 млн. түрі болуы мүмкін) . Жәндіктер екі класс тармағына бөлінеді: алғашқы қанатсыз жәндіктер және қанатты жәндіктер. Қазақстанда 2 класс тармағына жататын 28 отряды 550-ден астам тұқымдасы бар[9] . Қостанай облысының А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекетік университетінде энтомология мұражай қоры бар. Қостанай территориясында тіршілік ететін 16 негізгі отрядтарының өкілдері бар. Олардың ортасында: Odonata - 6 тұқымдас, 9 туыс; Blattoptera - 1 тұқымдас, 1 туыс; Mantoptera - 1 тұқымдас, 1 туыс; Orthoptera - 7 тұқымдас, 42 туыс; Dermaptera - 1 тұқымдас, 1 туыс; Homoptera - 13 тұқымдас, 23 туыс; Hemiptera - 11 тұқымдас, 32 туыс; Thysanoptera - 3 тұқымдас, 6 туыс; Coleoptera - 25 тұқымдас, 148 туыс; Raphidioptera - 1 тұқымдас, 1 туыс; Neuroptera - 4 тұқымдас, 5 туыс; Mecoptera - 1 тұқымдас, 1 туыс; Trichoptera - 1 тұқымдас, 1 туыс; Lepidoptera - 17 семейств, 96 родов; Hymenoptera - 11 тұқымдас, 19 туыс; Diptera - 14 тұқымдас, 31туыс.
Мұражай экспозициясы- таңдалып жинақталған және белгілі бір жүйеде таныстыру үшін ұсынылған жәндіктердің коллекциясы. Энтомологиялық мұражай экспозицияларында тақырыптар 12 бағыт бойынша қалыптас тырылған(еске салсақ, мұражайда ауыл шаруашылығы бағыты бар) .
Зиянкестерді білу өте маңызды, сол себепті олармен күресу жолдарын да табу керек. Экспонаттық стендтерде ауылшаруашылық зиянкестерінің Қостанай облысында табылған ауыл шаруашылығы дақылдарының зиянкестер түрлерінің 42 түрі көрсетілген. Келіп көрушілерге 874 түр, ең жиі кездесетін 1840 түрлі жәндіктердің үлгілері бар[10] .
Бунақденелілер адам өмірінде және табиғатта өте үлкен маңызды рол атқарады. Бунақденелілер құрлықта, шөлді- шөлейтте, тоған суда және қан жерде мүмкіндік бар, сонда тіршілік етеді. Көптеген бунақденелілердің тіршілігі өсімдіктер тіршілігімен тығыз байланысты. Бұл бунақденелілердің көпшілігі өсімдіктің жапырағымен, тамырымен, сабағымен, және басқа мүшелерімен, жемістері және тұқымдарымен қоректенеді. Өсімдік қоректі насекомдар массалық көбею кезеңінде теритториядағы өсімдіктерді зақымдайды немесе жояды. Мысалы: құмырсқа топырақтың пайда болуын жүзеге асырады, аралар түктіара, шыбындар, кейбір көбелектің түрлері және қоңыздар гүлді өсімдіктердің айқас тозаңдануында маңызды роль атқарады.
Заттардың табиғаттағы айналымында да бунақденелілердің маңызы зор. Олар өсімдіктермен қоректенуімен қатар, олар басқа жануарларға қорек бола алады (мысалы құстар), өлексе қоңыздар және көң қоңыздарының санитарлық маңызы өте зор. Бунақденелілердің санының көптігіне және жер бетінде тез көбеюіне байланысты, жер бетіндегі жануарлардың тіршілік етуі мүмкін емес. Адам күнделікті өмір тіршілігінде және практикалық іс- әрекетінде әр түрлі бунақденелілермен кездеседі[11] . Бал арасы және тұт көбелегінің адам өмірінде маңызы зор. Мәдени өсімдіктерді және бағалы жабайы өсетін өсімдіктерді тозаңдандырушы зиян келтіретін бунақденелілер аз емес. Олар егістікті орман және бақ ағаштарын және бағалы өсімдіктерді жейді, және қоректік тағамдарды бұзады. Бунақденелілер арасында қансорғыштар да кездеседі. Олар: масалар, соналар, мүйізді ірі қаралардың сүтін азайтады. Адамдардың жұмыс істеуіне және демалуына кедергі жасайды. Кейбір бунақденелілер ішек ауруларын туғызады[1] .
Қостанай облысының солтүстігінде кездесетін құрттар түрлері . Азқылтанды құрттар(Оlydochaeta) - буылтық құрттар өкілі. Ғылымға шамамен 35 мыңға жуық түрі белгілі. Көпшілігі тұщы суларда, ылғалы мол топырақта, кейбір түрлері теңіздерде тіршілік етеді. Азқылтанды құрттардың арасында ұзындығы бірнеше см-ден 3 м-ге (Мegascolіdes australіs) жететіндері де кездеседі. Қазақстан да жиі кездесетін өкіілі- жауын құрты.
Ірі түрлері тек тропиктік аймақта тіршілік етеді.
Азқылтанды құрттардың денесі қайталанып отыратын 500 - 600 біркелкі сақиналардан тұрады. Дене сегменттерін сыртынан тығыз жамылғы (қабықша) жауып тұрады. Көпшілік түрлерінің терісінде әр түрлі шырындар шығаратын тері бездері, әр түрлі түс беретін пигменттер бар. Жүйке жүйесі көмегімен сыртқы дүниені сезіне алады, бірақ көбінің көзі болмайды. Олар топырақ құнарлылығын арттырады. Ал суда тіршілік ететін түрлерін балықтар қорек етеді. Қызылша нематодасы - Hetereodtra schachtii көкөністік, мал азықтық, техникалық және қант қызылшасының тамырын зақымдайтын паразит. Құрттар, қызылша өсірілетін аудандарда кең тараған[12] . Аscaridida отряды. Адамның және сүтқоректілердің ішегінде паразиттік тіршілік ететін түрлер жатады: адам аскаридасы -Ascfris lumbricoides, жылқы аскаридасы - Рагаscaris еquorum, шошқа аскаридасы - Аscaris suum т. б. Туғызатын аурулары - аскаридоз. Адам аскаридасы бүкіл әлемде кең тараған және ең зиянды құрттардың бірі. Ересек түрлері адамның ащы ішегінде паразиттік тіршілік етеді. Ұрықтанған жұмыртқалары нәжіс арқылы ішектен сыртқа шығарылып, суға, топыраққа түседі. Адамға аскариданың жұмыртқасы лас суды ішкенде немесе көкөністі жумай жегенде жүғады. Адам аузына түскен инвазиялық жұмыртқа ішекке өтеді. Алдымен ішектегі сөлдердің әсерінен жұтылған жұмыртқаның қабығы бұзылады да, одан дамып, қалыптасып түрған личинка шьгғады. Личинка сол жерде қалып, өсіп, дамуының орнына, енді бүкіл организмді шарлауын бастайды. Бұл микроскопиялық майда личинкалар ішек қабырғасын бұрғылап қан тамырларына түседі. Қанның ағысымен олар бауырға, бүйрекке, содан жүрекке, соңынан өкпеге келіп тоқтайды. Бұл кезде олардың ұзындығы 1 мм шамасында болады. Өкпеде личинкалар қан тамырларын тастап, альвеолдарға, бронхыларға, одан тыныс жолына түсіп, ауызға қарай жылжиды. Осы уақытта личинкалар тамақты (тыныс жолын) жыбырлатып, адамның жөтелу кезінде ауызға тез түседі. Ауыздан сілекей мен ас арқылы личинкалар ішекке келіп, өзінің дамуын аяқтайды. Дайын аспен қоректене отырып, тез өседі де, ересек формасына жетеді. Аскарида личинкасының миграциялық даму циклі иесінің денесінде үш айға созылады. Охуигіdае түқымдасының өкілі- балалар острицасы - Еnterobius vermisculfris адамның, көбінесе балалардың тоқ және ащы ішегінде тіршілік етеді. Аталығының ұзындығы 2-5 мм, денесінің артқы үшы спираль тәрізді оратылған, аналығының - 9-12мм, артқы ұшы біз тәрізді сүйірленген. Ұрықтанған аналық острица иесінің аналь тесігіне өтіп, оның қыртыс аралығына жүмыртқаларын салады. Осы уақытта құрттар белсенді қозғалып, аналь тесігін жыбырлатып қышытады. Балалар оны қолымен қасыса, кейін жүмыртқаларын аузы арқылы қайтадан жұтуы мүмкін. Жұмыртқалар сыртқа шығарылып адамға су арқылы, қолын жумай тамақ ішкенде жұғады. Ішекке түскен инвазиялық жұмыртқадан личинка шығып, осы жерде өсіп, ересек түріне айналады. Острицалар ішектің сілекейлі қабатын, сондай- ақ соқыр ішекті қабындырып, соқыр ішек ауруына себепші болады. Энтеробиозға қарсы профилактикалық шараларды орындау - денені таза үстау, гигиенаны сақтау қажет[13] .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz