Кітапхананы басқарудың ғылыми-әдістемелік және инновациялық қызметі


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 41 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Ш. Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті

Ибрагимова Б. Е.

Кітапхананы басқарудың ғылыми-әдістемелік және инновациялық қызметі

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

050418 «Кітапханатану және библиография»

Көкшетау, 2012

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Ш. Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: « Кітапхананы басқарудың ғылыми-әдістемелік және инновациялық қызметі»

050418 « Кітапханатану және библиография»

Орындаған: Ибрагимова Б. Е.

Жетекші: филол. ғ. к. Қажыбай А. Т.

«Қорғауға рұқсат берілді»

Кафедра меңгерушісі ф. ғ. к., доцент м. а.

Фаткиева Г. Т.

Көкшетау 2012

Мазмұны

Кіріспе. . . . 3

1. Кітапхана ісінің негізгі бағыттарын басқару

1. 1 Кітапхананы басқару негіздері . . . 6

1. 2 Кітапхананы басқару стилі және әдісі . . . 13

1. 3 Басқару қызметінің маңызды компоненті - лидерлік . . . 20

2. Кітапханалардың ғылыми-әдістемелік қызметінің рөлі және функциялары

2. 1 Басқарудағы ғылыми-әдістемелік және инновациялық қызмет . . . 26

2. 2 Инновацияны зерттеудің бағыттары мен әдістері . . . 40

2. 3 Кітапхана менеджері жаңарудың көшбасшысы . . . 44

Қорытынды . . . 56

Пайдаланылған әдебиеттер . . . 59

Қосымша: «Мен - қазақпын» деген тақырыпқа арналған презентация

Кіріспе.

Кіріспе

Диплом тақырыбының өзектілігі. Қазақстанда ақпараттық қоғамға өтуді анықтау, ақпараттық нарық талаптарына сәйкес кітапхананы инновациялық басқаруды таңдау, заман талабына сай кітапханалық-библиографиялық, ақпараттық өнімдерін электронды түрде аудару, сонымен қатар ақпараттық ресурстарды басқару сияқты кітапхана саласында маңызды мәселелер туындап отыр. Кітапханалар қаржылық және заңгерлік дәрежені иеленіп, олардың тәжірибелік жұмысында жаңа ақпараттық технологиялар белсенді енгізілуіне байланысты, кітапханалар өздеріне жаңа технологиялық, қаржылық және ақпараттық нарықты меңгере бастады.

Кітапханаларды басқаруда инновациялық әдістер қолданылып жетілдіруде. Теориялық ұғымды талап ететін және лайықты әдістемелік шешім қабылдайтын кітапханалық тәжірибеде, басқару қызметінде жаңа бағыттар мен жаңа қызмет түрлері еніп келеді - олар менеджмент, маркетинг, стратегиялық жоспарлау, инновациялық қызмет және тағы басқа түрлер.

"Қазақстан Республикасының Мәдениет туралы" Заңында кітапхана басқарушыларының құқықтары мен міндеттері біршама ұлғая түсті. Бірақ, қазіргі кезде "Кітапхана туралы Заң" әлі де жобаланып қарастырылуда. Егер кітапхана туралы заң қабылданатын болса, кітапханалар өздері нақты қызмет түрлерін және оның мазмұнын анықтауға құқылы болып, сонымен қатар кітапхана басқарушыларына үлкен жауапкершілік жүктелетін болатын еді.

Кітапхана ұжымын жаңа талаптарға сай басқарудың, сонымен қатар ақпараттың қайнар көзі кітапханалық басқармалық құжаттардың рөлі де өсуде.

Кітапханалар Қазақстан Республикасының кітапханалары қоғамды ақпараттандыру орталығы ретінде анықталған. Соның ішінде көптеген мемлекеттік модернизациялық және ақпараттық құралдар, кітапханалық-библиографиялық өнімдер мен қызмет инфрақұрылымдарының кеңейтілуіне аса назар аударып отыр.

Кітапхана ұжымының қызмет көрсетуін басқарудың рөлі арта түсті, даму жолдары анықталып, ақпараттық-библиографиялық қызметінің түрлері мен әдістері жетілдірілуде.

Әлемдік талаптарға сәйкес, қоғамның ақпараттандырылуы бүгінгі күннің өзекті мәселесі. Сондықтан қоғамды дұрыс бағытта, сапалы ақпаратпен қамтамасыз ету үшін ең бірінші кезекте негізгі ақпараттық-мәдени орталық болып табылатын кітапханалардың қызметі дұрыс жолға қойылуы керек. Сол себепті кітапхананың инновациялық-әдістемелік қызметін, оның даму ерекшеліктерін оң жолға қою кітапхана қызметіндегі басты мәселе. Бүгінгі ақпараттық технологияның қарыштап тұрған күнінде бәсекелестікке қабілетті болу үшін кітапхананың инновациялық-әдістемелік қызметінің кітапхананың дәстүрлі қызметімен бірігіп, бір арнада қызмет етуі өте маңызды.

Дипломдық тақырыптың зерттеу деңгейі. Кітапхананы басқарудың даму жолдары, ғылыми-әдістемелік және инновациялық басқару қызметі және кітапханалық инновация тақырыбы қазіргі таңда шетелдік, ресейлік, сондай-ақ қазақстандық авторлар арқылы кеңінен қозғалып жүрген мәселе. Ресейде осы тақырыпты кеңінен қозғап жүрген авторлар Т. С. Ильина, Е. К. Качанова, Н. В. Жадько, И. М. Суслова, И. М. Фрумин сияқтылар болса, қазақстандық авторлардан К. Ғ. Өрмұрзина, И. М. Иващенко, С. Ш. Қожаханова, С. Ахметова, Р. Бердіғалиева және т. б. көптеген авторларды атауға болады.

Жалпы аталған авторлардың еңбектерінде көрсетілгендей кітапханадағы инновациялық саясат стратегиялық жоспар, мақсатты бағдарлама, инновациялық жоба, инновациялық қызметті қолдау жобалары және ағымдағы жоспарлардан тұрады. Кітапханалық инновациялық үрдістермен қатар кітапханада дәстүрлі қызмет әдістері де қатар дамып отыруы тиіс. Бұл анықтамалық-библиографиялық қызмет деңгейі дәстүрлі қызмет түрінің тиімді қолданылуы мен жаңа әдістері ұтымды пайдалану принципі нәтижесінде жүргізілуі керек.

Зерттеу объектісі. Кітапхананы басқарудың негізгі бағыттары арқылы кітапхана жұмысындағы басқару жүйесін және жаңа қызмет түрлерін зерттеу. Қазіргі заман талабына сай кітапхананы басқару негізінің стратегиялық дамуы, ұйымдастырылуы, қалыптасуы және пайдалану жолдары.

Зерттеу жұмысының пәні. Кітапхананы басқарудағы ғылыми-әдістемелік және инновацмялық қызмет.

Зерттеу жұмысының теориялық және әдістемелік (методологиялық) негіздері. Дипломдық жұмыста кітапханатану және библиографияның ақпараттық ғылыми танымның негізгі қағидалары, бағыттары басшылыққа алынды. Димломды жазу барысында әлеуметтану, мәдениеттану, журналистика, философия ғылымдарының отандық және шетелдік бұрын-соңды жазылған көптеген теориялық-талдамалы, әдістемелік еңбектері, қазіргі кітапханатанудағы озық ой-пікірлер мен ғылыми-зерттеу жұмыстары жетекшілікке калынды.

Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы. Кітапхана жұмысын басқарудағы түрлі библиографиялық және кітапхананың ақпарат қорларын бәсекелестікке жетуді қамтамасыз ету, оның бағдарламасы мен жабдығын қамтамасыз ету мамандармен құжаттар, өндіріске керек жабдықтар т. б. қызмет. Кітапхана өндірісіне кедергі иновация (жоғарғы қызмет көрсетумен кітапхананың бәсекелестікке төтеп беретін өнімдерін шығару

Кітапхана құрлымындағы иновация жүйелері: басқару, технология, өндіріс иновация нарығы жағдайында нәтижелі қызмет көрсетуді қамтамасыз ету. Осы дипломдық жұмысымжы жазу барысында кітапхана жұмысын иновациялық стратегия бағытында басқарудың түрлі жолдарын қарастырып оқып білдім.

Зерттеу жұмысының теориялық және практикалық маңызы. Кітапхананы басқаруда ғылыми-әдістемелік, инновациялық әдістерді пайдалану - барлық қызметкерлердің белсенділігін талап ететін кітапхана қызметінің жалпы мазмұнының қайта құрылуы. Бұл процессте шығармашылық потенциялын дамыту үстіндегі әрбір қызметкер және барлық ұжым тұрақты дамуға мүмкіндік алады.

Қорғауға ұсынылатын тұжырымдар. Кітапханалық инновацияның теориясы мен практикасы дамудың алғашқы сатысында тұр. Алдағы уақытта көптеген шешілмеген сұрақтарды зерттеу қажет. Сондықтан, бүгінгі күні кітапхана инновация саласында келесі тұжырындар орын алады:

1. Кітапхананың ақпараттық саласында шығынды бағаның құрылымын басқару (инновациялық шығындардың құрамы мен құрылымы; шығындардың көлемін анықтайтын факторлар және инновациялық шығындарды басқару әдістері; шығындарды саралау, жоспарлау және бақылау, кітапхананың инновациялық өніміне баға тағайындау) ;

2. Кітапхананың инновациялық қызметін қаржыландыру (кітапхананың инновациялық қызметін қаржыландыру формалары (бюджеттік қаржы бөлу, бюджеттік емес қаржы) және кітапхананың инновациялық қызметін қаржыландыратын мемлекеттік емес көздер) ;

3. Кітапханалық инновацияның нәтижелігін бағалау (эффект түрлері кітапхана инновациясының нәтижелігінің кешендік бағасы; кітапхана инновациясының ғылыми-технологиялық, әлеуметтік және экономикалық нәтижелігі; кітапхананың инновациялық дамуының стратегиялық көрсеткіштер жүйесі) .

4. Инновациялық қызметтің құқықтық қамтамасыз етілуі (интеллектуалдық меншік, жеке тұлғаның шығармашылық әрекетінің нәтижесі және кітапхана қызметкерлерінің азаматтық құқық объектісі ретінде; кітапхананың инновациялық қызметінің интеллектуалды меншік объектілері) ; 5. Кітапхана танушылық зерттеу нәтижелерін қолдану және оған бейімделу ерекшеліктері.

Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері.

Мақсаты:

1. Кітапхананың ғылыми-әдістемелік, инновациялық қызметінің спецификасын анықтау;

Міндеттері:

1. Кітапханадағы инновациялық саясаттың мазмұнын және оның жүзеге асу ерекшеліктерін анықтау.

2. Инновацияның негізгі объектілерін анықтап, олардың әр алуан түрлерін орындау процессін сипаттау.

3. Кітапхананы инновация арқылы басқаруда жетістіктерге қол жеткізу.

Дипломдық жұмыстың құрылымы. Диплом кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Жұмыс соңында қосымшалар берілген.

1. Кітапхана ісіндегі негізгі бағыттарын басқару

1. 1 Кітапхананы басқару негіздері

«Өмірдегі барша құбылыс - уақыттың, мезгілдің билігі мен әміріне тәуелді. Осынау ақиқаттың қиыны, жөнімен алып қарайтын болсақ, тоқсаныншы жылдар республикамыздағы кітапханатану ғылымы дамуының жаңа бір кезеңінің басталуы ретінде есте қалғалы отыр. Адамның жанына аса зор рухани азық беретін бұл саланың бұлайша жаңа міндеттер биігіне Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде шаңырақ көтеруіне қарай қалыптасқан саяси, әлеуметтік-экономикалық ықпал етіп, жол ашып отырғандығын атап айту орынды. Баршамыздың бойымыздағы жаңа күш-қуат болып құйылған осынау жақсылық енді әрқайсымыздың белсенділігімізді арттырып, ой-өріс пен санадағы өрлеуге бастау да даусыз. Әрине, санадағы мұндай жаңару оңай, өзінен-өзі жүзеге аса қоймаса керек. Халқымыздың сондай өмірлік қажетіне қызмет ететін кітапханалар жүйесі де өз басынан қиын да, қажетті де кезеңді кешіру үстінде» [1, 3б]

Осындай биік талаптар тұрғысынан ала отырып, қазіргі кітапханалар тіршілігінің кейбір маңызды жақтарын талдап, саралап көрейік. Ең алдымен кітапханаларымыздың дербестігі өріс алып, тиісті қаржыларын өзі жаратып, өз қажетін өзі алатын болды. Мұндай еркіндік оқырмандарды қызықтырып, ғылымда қызмет көрсетудің жаңа да игілікті әдістерін іздеуге құлшындыра бастады. Осыдан келіп, алдымызға кітапханалардың республикамыздың ақпараттық құрылымы жүйесіндегі орны мен рөлін анықтау міндеті қойылып отыр. Олай болса, біз қазірдің өзінде жан-жақты зерттеу, егжей-тегжейлі талдап, талқылайтын бірінші кезектегі маңызды проблемаларымызды, мүмкіндіктеріміз бен перспективаларымызды анықтап алуымыз дұрыс болмақ. Уақыттың бүгінгі талап-тілегіне сәйкес көпшілікті ақпараттық қажеттіліктермен өз дәрежесінде қамтамасыз ету үшін кітапхана істерін жүргізу мен басқарудың жаңа тәсілдері керек екендігі де даусыз.

Ондай өрелі міндетті жүзеге асыру мақсатында ең алдымен бұл саладағы әлемдік тәжірибеге назар аударуымыз керек. Сонымен қатар ақыл-ойды, сана мен парасатты ғылымды дамытудың бұған дейін өмірде сыналған, өзін-өзі ақтаған жөн-жобаларын да сараптан өткізудің маңызы өте зор.

«Кейінгі кезде республикамызда кітапхана ісі едәуір дағдарысқа ұшыраған жайы бар. Бұл жағдай ең алдымен кітапханалық кәсіптік білім беру жүйесінің біршама төмендеп кеткенінен деп ойлаймыз. Сонымен қатар талай жылдан бері кітапхана мамандығының мәртебесі төмендеу, басқа мамандық иелеріне қарағанда кітапханашылардың әлеуметтік жағынан қорғалуына назар аударылмай кетті» [1, 4б] .

Маман кітапханашы дайындаудағы мына бір жайды атап өту орынды шығар. Қазіргі кезге дейін кез-келген кітапханада, тіпті кез-келген жерде жұмыс істей алатын мамандар даярланып келеді. Мұндай көз-қарас дұрыс емес еді. Уақыт әмірінің өзгеруіне қарай бұл мамандық иесін даярлауға талап түбірінен өзгеріп отыр. Қазір кітапханашыларға білім беруді ұдайы жетілдіре, тұрақты түрде дамыта отырып, кітапханалық білімнің біріңғай халықаралық жүйесіне енуге күш салуымыз керек.

«Кітапхана ісі - міндеттеріне кітапханалар желісін құру және дамыту, олардың қорларын қалыптастыру және өңдеу, кітапхана пайдаланушыларға кітапханалық, ақпараттық және ақпараттық-библиографиялық қызмет көрсетуді ұйымдастыру, кітапхана мамандарын даярлау мен олардың біліктілігін арттыру, кітапханалардың дамуын ғылыми және әдістемелік қамтамасыз ету кіретін мәдениет саласы» [ 2, 3б] .

"Кітапхана - ақпараттық, мәдени, білім беру функцияларын орындайтын, баспа және қолжазба құжаттарының ұйымдастырылған қоры, сондай-ақ, графикалық, дыбыстық-көрініс материалдары, электронды жеткізгіштерде құжаттары бар және оларды жеке және заңды тұлғаларға уақытша пайдалануға беретін мекеме"[ 3, 5б] . .

Кітапхананы басқару механизмінде былай әрекеттес басқару жүйесімен ерекшеленеді - басқару объектісі мен басқару жүйесі - басқару субъектіге. Басқару объекті түрі мынадан тұрады: кітапхана және оның құрамдық бөлімдері; кітапханадағы ұжым; кітапханалық-библиографиялық ресурстар; экономикалық ресурстар. Әрбір объектіге басқаруға берілген мүмкіндікткрді басқару субъекті рөлінде шығатын ұжымдық басқару органы (әртүрлі басқару рангі) және бастығы. Субъекті мен объектінің арасындағы қарым-қатынас басқару жүйесі арқылы іске асырылады, сонымне қатар, енгізілген мақсаттар, құрамы, ұжымы, функциялары, әдісі.

Заңды объектіні басқару тәжірибесінде түсінушілік түрін пайдаланудың басқару принциптері болып табылады.

Оларға жататын:

Ғылымдық - кітапханалық-библиографиялық ресурстардың ерекшеліктерін ескере отырып ғылыми әдістерінің қолдану негізінде басқару орындалады.

Жүйелік - кітапхана және онда жасалатын процесстерді бірегей жүйе ретінде қарастыру, олардың арасындағы бар қатынастарды, кітапханалардың қызмет көрсетуіне қажетті әрбір элементтердің тіркелес дербестігі олардың міндетті түрде функционалды орындалуына соңғы шешімнің бағдары.

Басқару объектісінің ерекшеліктерін басқару субъектісінің іс-әрекетіне сәйкес ету - басқару сапасы әрқашан шынайы кітапханалық процестері мен басқарма іс-әрекетіне сәйкес көлеміне байланысты.

Кейін байланыс - өзіндік реттеу негізі, кітапхананы және оның құрама бөлімдерін дамыту. Ақпарат процесінің айырбастау басқарма шешімдерін орындау және құрал-жабдық өнімін беру.

Орталықтанған және орталықсыздандырудың тиімді қатынасы - кітапханалардың көзқарасы, төменгі басқару дәрежедегі өкілеті, міндетін, құқығын кеңейту және жалпы жүйелік проблемалардың координациясы және бақылау.

Ұйымдастырушылық принципі - жеке-дара басшылық (басқарушы өзі шешім қабылдайды) ; ұжымдық (бірнеше адам шешім қабылдайды) ; өкілетпен бөлісу (бастық басқармалық шешімді белгілі бір адамға жүктейді) ; рационалды басқару жүйесі (кітапханалардың қалыптасуының мәселелері экономды тәсілдермен шешіледі) .

Қазіргі кезде басқарма әлеуметтік аспект немеса адамдық басты назар аударатын екенін мәлімдейді, өйткені адамдардың бірегей қызмет жасаудың қорытындысын қамтамасыздандыру. Басқару принциптері мәдениеттен ажыраспаған, адал ниеттік және адамдарға деген сеніммен негізделген, жұмысшыларға ниеттестік, әрбір қызметкердің қосқан өз үлесі жалпы қорытындыға жету үшін, бастықтардың барлық қызметкерлерді тыңдай білуі.

"Басқарманың ең негізгі міндеттерінің бірі мақсат қойып, оларға жету үшін қалыптасқан, кітапханалар бірегей жүйе ретінде қызмет көрсетіп және дамып келе жатыр. Кітапхана міндеті қалыптасу мағынасын білдіретін мақсаттық функцияларынан басталады. Сонымен бірге бірінші міндет оқырмандардың болашақ және бағалы қызығушылығы зор орын алады" [4, 116б] .

Басқару ғылымында жетекшілік және басшылық деп айтуға болады. Басшылық әрқашан үкіметпен байланысты басшыларды тағайындайды және олар өкілетті қолға алып, ресми түрде әрекет істейді.

Билік әртүрлі түрде қолданылады: билік, зорлау негізінде (басшы бағыныштысын дұрыс жұмыс істеуге мәжбүр етеді) ; билік, мадақтау негізінде (басшы жақсы жұмысқа ынталандырады) ; билік, басшының ықпалы негізінде, кең білімді; билік, басшының жеке қасиетінің күшімен орнаған;

заңды билік, дәстүрлі, сатылы бағыну.

Басшы осы жоғарыдағы биліктің сипаттамасының көмегімен бағыныштыларын жұмыс жасауға мәжбүр етеді, мақсатына жетуге бағыттайды. Осыларды жетекші де қолдайды, бірақ олар көбінесе қарама-қарсы бағытта, мақсаттың орындалуына кедергі жасау үшін істейді.

"Басшы-жетекшіні айналасындағылар сайлайды және мойындайды. Әдетте лидер деп сол адамды есептейді, егер қандай да бір мәселеге шешім қабылдағанда лидердің жоғары дәрежедегі ықпалын көпшіліктің мойындауы.

Басшының міндеттері : ұжымның эталонға жақын тәртібін (тілектестік, жауапкершілік, өзара түсіністік, нәтижелі еңбек) және ұжымның келеңсіз тәртіп түрлерін орнатады және қолдайды (мысалы, агрессиялық, бөлектеу, тартысу) ; топтың әр мүшесіне баға бере отырып, бұйрықпен емес, сөзбен немесе дене қимылымен топтың әр мүшесін ұжымның эталондық тәртібін қабылдауға мәжбүр етеді; көш басқарушысының екі полярлық түрін бөліп қарауға болады; іскер-мәселе шешуге өз қолына алатын және білімді, жан-жақты хабарлы; сезімтал лидер - ұжымның көңіл-күйін реттеу функциясын қолына алады" [5, 147б] .

Ғылым басшы лидер деген ұғымға шекара қояды, бірақ қарама-қарсы қоймайды, себебі олардың арасындағы ұқсас белгілері бар. Олар:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Инновацияны зерттеудің әдістемесі мен бағыттары
Электронды ақпараттар қорын қалыптастыру
Кітапхананың ақпараттық іс-әрекетіндегі маркетинг
Кітапхана қызметінде қолданылатын маркетингтің түрлері
Кітапханалық анықтамалық библиографиялық ақпаратты ұйымдастыру
Білім жүйесіндегі кітапханаларды ақпараттандыру мәселелері мен шешімдері
Мектеп кітапханасы және оның мақсаттары мен міндеттері
Кітап және кітап құндылығын насихаттау
Кітапхана жарнамасының тарихи аспектілері
Кітапхана имиджі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz