І. Есенберлин шығармаларындағы туынды бірліктер және олардың жасалу жолдары
Мазмұны
КІРІСПЕ
1 І.ЕСЕНБЕРЛИН ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ ТУЫНДЫ АТАУЛАРДЫҢ ЭТНОЛИНГВИСТИКАЛЫҚ МӘНІ
1.1 Этнолингвистика саласының (ғылымының) зерттелуіне шолу
2. Этнолингвистика – дәстүрлі ұлттық мәдениетті танып-білудің көзі
2 І.ЕСЕНБЕРЛИН ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ ТУЫНДЫ БІРЛІКТЕРДІҢ ЖАСАЛЫМЫ
2.1 Қазақ тіл білімінде сөзжасамдық тәсілдердің орны
2.2 І.Есенберлин шығармаларындағы туынды бірліктер және олардың жасалу
жолдары.
2.3 І.Есенберлиннің шығармаларындағы кейбір туынды атаулардың лексика-
семантикалық топтары және олардың этнолингвистикалық сипаты
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі. Еліміз егемендік алып, тіліміз, мемлекеттік
мәртебеге ие болуына байланысты қоғамда тарихи сана мен ұлттық таным
көкжиегі кеңейе бастады. Осыған байланысты ұлттық рухани мәдениет мұраның
тарихи маңызын саралар, қайта бағалау мүмкіндігі туып отыр. Әр халықтың
өзіндік салт-санасы елдік рухы алдымен оның тілінде таңбалаланады.
Этностың өзіндік дүниетанымынан, тұрмыс-салт ерекшелігінен туындаған сөз
қолданыстарының халықтың өткен өмірінде қандай мәні болса, бүгінгі өмір
тіршілігіне тигізер пайдасы одан зор. Тілдің мемлекеттік мәртебесін
нығайтудың қазіргі таңдағы басты бір мүмкіндігі – оның осы танымдық
қызметін неғұрлым толық ашып көрсету, сол арқылы ежелгі елдік
атрибуттарды, халықтық қалыпты, рухани тамырда терең зерттеп, жете тану.
Тіл мен танымды жіктеп қарамай, оны құбылыс ретінде сабақтастыра қарау
академик Ә.Т.Қайдар ұсынған тіл мен ұлт біртұтас немесе адамды тіл
арқылы тану деген қағидаларға сүйенетін қазақ тілі біліміндегі жаңа
бағыттың қалыптасуына әкелді. Этнолингвистиканың ғылыми-теориялық негізі
Ә.Қайдаров, Е.Жанпейісов, М.Копыленко, Р.Сыздықова, Б.Қалиев, Н.Уалиев,
Ж.Манкеева, Г.Смағұлова, Р.Шойбеков, А.Жылқыбаева сынды ғалымдардың
еңбектерінде қаланды. Соңғы уақытта қазақ тілі білімі лингвомәдениеттану,
когнитивтік тіл білімі сияқты тілдік салалармен толығып, өз жемісін бере
бастады. Ана тіліміздің құдіреті — сан мыңдаған жылдар бойы халқымызға тән
рухани қазынаны бойына сіңіріп, сақтауы. Ол — халқымыздың асыл мұрасын өз
бойына сақтап келген, оны бүгінгі күнге жеткізген, келешек ұрпаққа
жеткізетін тілдің кумулятивтік қызметіне байланысты. Бірақ тілдің осы
ерекше қызметіне көңіл бөлінбей, тілдің, негізінен қарым-қатынас құралы
ретіндегі қызметіне баса назар аударылуы тілдің танымдық, мұрагерлік
рөлінің әлсіреуіне, төмендеуіне әкеліп соқты. Бұл көзқарас тілді оқыту
үдерісіне, тіптен тілді зерттеу жұмыстарына да өз әсерін тигізді.
Әрине, ғасырлар бойы халықтың көкірегінде жатталып, жанында сақталған
көне тамырлы сөздердің тарихына үңіліп, тілдік тұрғыдан табиғатын барлап,
жасау және сақтау жолдарының тілдік құралдарын анықтау, мағыналық даму
заңдылықтарын көрсету мен көнеру себептерін ашу түркітану аясында ғана
емес, қазақ тіл білімінің де зерттеу нысанынан тыс қалған емес. Дегенмен,
қоғамдық сана мен жаңа бағыттағы зерттеулер деңгейі контексінде ұлттың
болмысын дәлелдейтін күшті құрал — ұлттық тіл екенін сезіну тіл зерттеу
мәселесіне бұрынғыдан басқаша келу талабын қойып отыр: атап айтқанда,
ұлттық тіл ерекшелігінің сырын, табиғатын сол тілде сөйлеуші ұлт өкілінің
рухани, психологиялық, әлеуметтік т.б. сипаттарымен біртұтастықта зерттеу.
Осы қағиданың негізгі тілін құрайтын ұлт тіл-мәдениет контексіне
байланысты сол тілде сөйлеушінің ішкі әлеміне ерекше көңіл бөлу тіл
білімінің басқа да (философия, тарих, психология, логика, әдебиеттану,
әлеуметтану, этнография, мәдениеттану) ғылымдармен тоғысуына әкелді. Осының
нәтижесінде қазіргі тіл білімінде этнолингвистикалық зерттеулердің
интеграциялық сипаты қалыптасуда.
Көне түркі ескерткіштері, эпостық жырлар мен ежелгі жыр-аңыздар сол
дәуірде өмір сүрген бабаларымыздың тек рухани дүниесін ғана көрсетіп
қоймай, сонымен қатар бай да көркем материалдық мәдениетін де бейнелеген.
Ал, халқымыздың әр дәуірдегі материалдық және рухани мұрасын, өз
бойына сақтаған этномәдениетінің әртүрлі қырларын (этнографиялық,
археологиялық, өнертану, тарихи, әдеби т.) зерттеу Ш.Уәлиханов жазбаларынан
басталып, Ә.Марғұлан, М.Әуезов, С.Мұқанов, Х.Арғынбаев, Ә.Қоңыратбаев,
Р.Бердібаев, С.Қасқабасов, Ә.Жәнібеков, С.Қасиманов сынды ғалымдардың
еңбектерінде өз жалғасын тауып, жан-жақты қарастырылды.
Сондықтан ұлттың болмыс-мазмұнын тұтас мәдени жүйе ретінде өз бойында
сақтаған құнды этномәдени дерек ретіндегі тілдік бірліктерді ұлт пен тіл
біртұтас деген қағидаға сәйкес жинақтап, жүйелеу, талдау игілікті де
өзекті іс болмақ.
Этнолингвистика саласына қатысты лексикалық қордың негізгі көзі —
фольклор, өткен ғасырлар ақын жырауларының шығармалары мен көркем мәтін
тілі. Көрсетілген дерек көздердің қатарында қаймағы бұзылмаған төл
мәдениетіміздің айшықты шығарма көрінісі авторларының ұлттық мүдде-
идеясымен астасқан І.Есенберлин, А.Байтұрсынов, Ж.Аймауытов, М.Жұмабаев,
М.Дулатов шығармаларының орны ерекше.
Сонымен қатар бұл салаға қатысты құнды деректерді ел арасындағы көпті
көрген қариялар, қолынан өнері тамған шеберлер, зергерлер, аңшы-саятшылар
кәсіп иелерінен, өлкетану және өнер мұражайларынан, этнографиялық, тарихи,
тарихи-салыстырмалы, археологиялық зерттеу жұмыстарынан, этимологиялық,
фразеологиялық, түсіндірме, диалектологиялық сөздіктерден табуға болады.
Қазіргі тіл білімінде этномәдени тіл бірліктерін белгілі бір
тақырыптар төңірегінде топтастыра отырып, оларды түрлі бағытта қарастыру
кең үрдіс алып келеді. Тіл – тек қарым-қатынас құралы ғана емес, ол өзінің
кумулятивтік (сақтап – жеткізушілік) қасиетінің арқасында адам қолымен
жасалған материалдық және рухани мәдениетті болашақ ұрпаққа жеткізуші
құрал. Тілдің осындай қызметінің арқасында ғана халықтың өмір сүру
дағдысының, халықтық тәжірибелік білімнің, дәстүр жалғастығының
сабақтастығы сақталып, олар жаңғыртылып, жетілдіріліп отырады. Осымен
байланысты қазақ халқының тұрмыс-тіршілігін, материалдық және рухани
мәдениеті мен дүниетанымын тіл арқылы зерттеп сипаттау – қазіргі тіл
білімінің этнолингвистика, лингвомәдениеттану, лингвоелтану, когнитивтік
лингвистика сияқты бағыттарының негізі болып отыр. Осы тұрғыдан алғанда,
ата-бабаларымыздың материалдық және рухани мәдениетінің айқын көрінісі.
Бұл ретте әр алуан лексикалық бірліктердің екінші деңгейдегі
мағыналарын – этнолингвистикалық мағыналарын тіл білімі тұрғысынан басқа
ғылым салалары деректірімен ұштастыра отырып зерттеу, көпшіліктің жадынан
шыға бастаған. Ұлттық мәдениетімізді зерттеп білуге зор мән беріліп отырған
бүгінгі күнде мемлекеттік Мәдени мұра бағдарламасын жүзеге асыруға өз
үлесін қоса алатындығы да жұмыстың өзектілігін айқындайтындығы күмән
тудырмаса керек.
Диплом жұмысының мақсаты – қазақ тіліндегі этнолингвистиканың
қалыптасуы мен дамуы сипаты мен заңдылықтарын анықтау. І.Есенберлин
шығармаларындағы туынды атауларды этнолингвистикалық тұрғыда жан-жақты
талдап сипаттап көрсету.
Диплом жұмысының міндеттері:
- этномәдени тілдік бірліктерді жинақтап, саралау;
- этнолингвистика, лингвомәдениеттану салаларына қатысты негізгі ғылыми-
теориялық, практикалық бағыттағы еңбектермен танысу;
- қазақ тіліндегі мәдени лексиканың қалыптасу, даму заңдылықтарын
анықтау;
- мәдени лексиканың қалыптасуындағы уәждерді айқындау.
- Шығармадағы туынды атауларды ұлт мәдениетіне қатысын белгілі бір
мағыналық байланыстарға негізделген тұтас лексика-семантикалық
топтарға жіктей отырып зерттеу.
- І.Есенберлин шығармаларындағы мал шаруашылығына, кәсіп, аң, құс,
егіншілік атауларына байланысты этнолексиканы сараптап, жіктеп
көрсету.
- Шығармалардағы туынды атаулардың этнолингвистикалық сипатын
ономасиологиялық аспектіде түсіндіру.
- Шығармадағы туынды атауларды сөзжасамдық тұрғыдан құрылымдық моделін
анықтау.
- Туынды атаулардың фразеологиялық тіркестерде, мақал-мәтелдерде,
топонимдерде қолданылған этномәдени мазмұнын ашу.
Диплом жұмысының зерттеу нысаны – І.Есенберлин шығармаларындағы туынды
атаулардың этнолингвистикалық сипаты
Диплом жұмысының әдіс-тәсілдері. Тілдің жүйелілік қасиеті жоғарыда
көрсетілген рухани мұралардан жинақталған, сипаттауда құрылымдық
лингвистиканың қалыптасқан әдіс-тәсілдерін қолдануға негіз береді. Жұмыста
сипаттама, салыстармалы-тарихи, этнолингвистикалық талдау этимологиялық
әдіс-тәсілдер, жүйелеу, топтау, салыстыру тәсілдері қолданылды.
Диплом жұмысының жаңалығы мен нәтижелері.
Зерттеу нысаны бойынша төмендегідей мәселелер ғылыми шешімін тапты.
- Туынды атаулардың көркем мәтіндегі қолданысы кешенді талданды.
- І.Есенберлин шығармаларындағы туынды туынды атаулардың шебер
қолданысы шығарманың этномәдени мазмұнымен сабақтас өрілгені нақты
анықталды.
- Туынды атаулар жинақталып, жүйеленіп, этномәдени бірлік ретінде
сипатталды.
- Туынды атаулардың рухани және материалдық лексика қазақ халқының
мәдениетінің, салт-дәстүрі мен әдет ғұрпының ажырамас бөлігі
екендігі айқындалып, қаламгер қолданысындағы туынды атаулар
этностың рухани және материалдық мәдениетімен, халықтың
шаруашылығымен байланысының лингвомәдени, әлеуметтік мәні
нақтыланды.
Диплом жұмысының теориялық және практикалық құндылығы. Зерттеу
барысында алынған тұжырымдар мен нәтижелер лексикология, семасиология,
сөзжасамның жалпы-теориялық негіздерін, этнолингвистиканы, когнитивтік
лингвистиканы дамытуға септігін тигізе алады. Жұмыстың нәтижелерін
лексикология, сөзжасам, этнолингвистика, лингвомәдениеттану, елтану бойынша
арнайы курстарда, сөздіктер (түсіндірмелі, диалектологиялық, этимологиялық,
жиілік) жасауда қолдануға болады.
Диплом жұмысының құрылымы. Диплом жұмысы кіріспеден, екі тараудан,
қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Этнолингвистика – кешегі совет тіл білімінің тұрғысынан
қарағанда кенжелеу қалыптасқан ғылым. Этнолингвистика термин ретінде грек
тілінің этнос халық, тайпа және лингвистика деген ұғымдарынан туындайды,
ал жалпы тіл білімінің саласы ретінде ол жоғарыда атап өткендей, тілді
халықтың рухани мәдениеті тұрғысынан зерттейтін ерекше арна. Ал бұдан да
кеңірек әрі дәлірек айтқанда, ғылымның бұл саласы лингвистикалық,
этномәдени, этнопсихологиялық және этномифологиялық факторлардың қабыса
келіп, тілдің қызметі мен дамуына тигізетін ықпалы мен әсерін
лингвистикалық әдістердің көмегімен зерттейді [7, 3-5].
Ең алғашқы этнолингвистикалық ой-пікірлер И.Г.Гердер (ХVІІІ ғ)
мен В.Гумбольдтан (ХІХғ басы) тарағанымен, жеке ғылым ретінде
этнолингвистика ХІХ ғасырдың аяғымен ХХ ғасырдың басында қалыптаса бастады.
Оның негізін қалаған Американың жазба нұсқалары жоқ байырғы этностарының
тілдерін сол этностардың мәдениеттерімен байланыстыра, ұштастыра зерттеген
және соның нәтижесінде тұңғыш рет Еthnolinguistics атты салиқалы ғылыми
еңбекті жарыққа шығарған американдық этнолингвистер Ф.Боас пен оның
әріптестері Э.Сепир және Б.Уорф болатын.
Этнолингвистика – жалпы түркітану, оның ішінде қазақ тіл
білімінде де енді-енді қалыптаса бастаған жаңа бағыт. Қазақ тіл білімінде
ғылымның бұл саласы бұрын соңды сөз болған емес. Сондықтан да бұл біздер
үшін әрі жаңа, әрі тың проблема – деп санайды академик Ә.Қайдар. Оның
мақсаты мен обьектісі жөнінде: ана тіліміздің ұшан теңіз байлығын, ғасырлар
бойы толассыз толығып, ұрпақтан-ұрпаққа ауысып, мұра болып келе жатқан асыл
қазынасын мүмкіндігінше толық меңгеріп, ел игілігіне мақсат ететін ғылым
салаларының бірі – осы этнолингвистика. Этнолингвистика егер оның түп-
тамырына үңілсек, этнография мен лингвистиканың жай қосындысы емес. Бұл
ғылым саласының кереметтігі де, бүгінгі таңдағы ғылыми-практикалық маңызы
да – оның монолиттік тұтастығында, бір-біріне етене жақын тіпті бір-
бірінсіз толық түсінуге болмайтын объект екендігінде. Ол объект – этнос
және оның тілі – деген Ә.Қайдардың пікірі этнолингвистиканың өте жас ғылым
екеніне көз жеткізумен қатар оның жалпы түркі тіл білімі үшін де аса
қажетті сала екенін байқатады [7, 4-5].
Этнолингвистика – этностың инсандық болмысын һәм дүнияның
табиғатын, оның даму заңдылықтарын басқа емес, тек тіл феномені арқылы
танып білудің ғажайып мүмкіншіліктерінен, яғни этностаным мен тілтаным
арасынан туындаған жаңа дербес сала. Жалпы тіл білімінде бұл сала және
оның мақсат-мүддесі теориялық тұрғыдан көптен бері белгілі болса да, іс-
жүзінде әсіресе түркі тілдерінде кең қолданыс таба алмай келе жатқандығы
мәлім. Қазақ тіл білімінде бұл саламен алғаш рет (1970-жылдардан бері)
шұғылдана бастаған ғалым Ә.Қайдар болды деп есептейміз
[14,162-163].
Этнографияның қойнауында XIX ғасырдың 70-жылдарынан бастап
этнолингвистиканың жеке бағыт ретінде пайда болуы АҚШ-тың тіл білімінде
басталған. Ол солтүстік, содан кейін Орталық Американың үндіс тайпаларын
зерттеумен тығыз байланысты кеңінен өріс алды да. Алғашқы да негізінен
этнографиялық материалға көңіл бөлінсе, кейін бірте-бірте америкалық
үндістер тілдерінің туыстығын зерттеу басты мәселеге айнала бастады. Соның
негізінде америка тіл білімінде жаңа дәстүрдің негізі қалыптасты (Ф.Боас,
Э.Сепир, Б.Л.Уорф, Хойер). Америка ғалымдарының еңбектерінде
этнолингвистика терминінің орнына көбіне антрополингвистика, этно-
семантика атаулары қолданылған. Себебі: семантика мәселесі ішкі форма
деген атпен В.Ф.Гумбольдттің ілімінен бастап, этнолингвистика қарастыратын
мәселенің бірі ретінде енгізілген болатын . Анықтай түссек,
В.Ф.Гумбольдттің сөздің ішкі формасы деген термині арқылы әртүрлі
тілдердегі атаулардың уәждерінің ұлттық ерекшелігіне ерекше мән берілген.
XIX ғасырдың 50-жылдарында неогумбольдтианттық бағыт Сепир-Уорф
жорамалының кең түрде тарауына байланысты тілдің мазмұндық жағына қатты
көңіл аудару қайтадан жаңғырды. Оның негізгі мәнін қысқаша
этнолингвистикалық деп бағалауға болады [14, 163-164].
Этнолингвистиканың орыс тіл білімінде, Ресейде қалыптасуы
Ф.И.Буслаевтың, А.Н.Афанасьевтің, А.А.Потебняның еңбектерімен байланысты.
XIX ғасырдың 70-80-жылдарында фольклористика саласының жанданып, тіл мен
мәдениеттің байланысын зерттеудің жаңа жақтарының ашылуы этнолингвистика
пәнінің ұғымы мен міндеттерін кеңейтіп, өзін жаңа сатыға көтерді. Осы
бағытта үлкен жұмыстар жүргізіп жатқан, өзіндік мектептері бар Ресей
этнолингвистикасының көрнекті өкілдері деп, бірінші кезекте Н.И.Толстойды
және В.В.Иванов пен В.Н.Топоровты атауға болады. Олар өз зерттеулерінде
нақты бір тілдің тарихын сол тілде сөйлеуші ұлттың тарихымен тығыз
байланыста қарастырады, этнолингвистикалық атластар жасайды, тіл мен
мәдениеттің ара қатысына байланысты мәселелерді, тілдегі және халық
мәдениетіндегі территориялық және әлеуметтік диалектілерді, ана тіл мен
ежелгі мәдениетті, тіл білімі мен мифологияның шекарасындағы өрісті
зерттейді.
Ең алғашқы зерттеу жұмыстарын А.Н.Афанасьев, Ф.И.Буслаев, Н.Гринкова,
В.МЖирмунский, Д.К.Зеленина, С.Ф.Карской, Б.А.Ларина, А.А.Потебния,
Н.С.Трубецкой, А.А.Шахматов сияқты ғалымдардың еңбегінен басталған еді.
ХХғасырдың 70-жылдары Ареальные исследование и языкознание и этнографии
деген М.А.Бородиноның және С.И.Бруктің еңбектері жарық көрді. Аталған
ғалымдардың этнолингвистика ғылымы жайлы біраз мақала еңбектері жарық көре
отырып 90-жылдары А.С.Герд, Ю.Д.Дешериев, С.И.Никитина, Н.И.Толстой,
С.М.Толстая сынды ғалымдардың еібектерімен толықты.Этнолингвистиканың
негізін салған ғалым В.Гумбольд (1767-1835) Ява аралдарындағы киви
тілдері атты еңбегінің алғы сөзінде этнолингвистикалық ұстанымдардың
тиянақты концепсиясын баяндап берді. Л.Вайсгербер оның идеясын жалғастырып
неміс тілінің күші туралы атты төрт томдық еңбегінде неміс мәдениетінің
ұлттық сипатын зерттеді [15, 44].
Этнолингвистиканың зерттелуі қазіргі неміс тіл білімінде екі
бағытта жүргізілуде. Оның біріншісінің негізін В.Гумбольд қалап,
Л.Вайсгербердің жалғастыруымен тілдің ішкі формасын зерттейтін ғылым
ретінде танылса, екіншісі тіл мен мәдениеттің арақатынасын зерттеуді алдына
мақсат етіп қойған Ф.Баос және Л.Бломфильд негізін салған бағытты
жалғастырушылар.
Неміс тіліндегі этнолингвистикалық мәліметтер беретін елтану
және лингвомәдениеттану аспектілеріне, тіл және ұлт тарихындағы
өзгерістердің әсеріне арналған ғылыми еңбектер қатарына бұрынғы кеңес
дәуіріндегі және қазақстандық герменистердің ғылыми еңбектерін жатқызуға
болады. Олардың ішінде неміс тілі фразеологизмдердің ұлттық-мәдени
компоненттерін зерттеген Р.Р.Аллоярова, П.Н.Донец, М.Р.Сабитова,
Э.Т.Мукушева фразеологизмдердің елтану аспектісін қарастырған
А.Д.Райхштейн, С.Е.Исабеков, Р.Смагулова сынды ғалымдардың еңбектерінің
маңызы зор [2, 8-9].
Түркі тіл білімінде жалпы түркі халықтарының тілін, дінін,
тұрмыс-тіршілігін танытқан құнды еңбек ретінде, әрине, Махмұд Қашқаридың
Диуани лұғат ат-түрік атты түркі тілдері сөздігін айта кеткеніміз жөн
болар. Диуани лұғат ат-түрік - түркі мәдениетінің ескерткіші, құнды
мұрасы. Махмұд Қашқаридың бұл еңбегін құнды энциклопедиялық туынды деп
танимыз. Мұнда тек тіл мен әдебиетке ғана емес, сондай-ақ сол кездегі ру-
тайпалар мен халықтардың қоғамдық-экономикалық жағдайына, көне тарихы мен
әдет-ғұрпына, салт-санасы мен наным сеніміне қатысты аса бағалы деректер
берілген [45, 139-141]. Махмұд Қашқари еңбегінің осы бір өзіндік
ерекшелігі, энциклопедиялық мән-мағынасы жайында айта келіп, белгілі совет
түркологі А.Н.Кононов былай деп жазды: Мұнда, ХІ ғасырдағы түріктердің
өмірі туралы: олардың материалдық мәдениетінің бұйымдары, тұрмыс жайлары
туралы, этнонимдері мен топонимдері, ру тайпалары туралы туыстық және
жекжаттық терминдері туралы, түркі қызмет адамдарының титулдары мен
аттары, тағам-сусындардың аттары туралы, үй жануарлары мен жабайы
жануарлар, және құстар, мал шаруашылығы терминдері туралы, өсімдіктер мен
дәнді дақылдары туралы, астрономиялық терминдер, халықтық календарь,
айлардың және аптадағы күндердің аттары туралы, географиялық терминология
мен номенклатура туралы, қалалар туралы, аурулар мен дәрілердің аттары,
анатомиялық терминология туралы, металдар мен минералдар туралы, әскери
спорт әкімшілік терминологиясы туралы, түрлі тарихи және мифтік
қаһармандардың есімдері туралы, діни және этникалық терминология,
балалардың ойындары мен ермектері жайлы бірден-бір деректеме болып
табылады ... . [46, 12].
Өзінің құнды еңбегі жөнінде Махмұд Қашғари:
Қайырымды мейірімді Алланың атымен бастаймын
Мен Тәңірдің гүлденген мемлекет түркілердің топырағында жаратқанын , өмір
біліктерімен сол топырақты ғажайып өрнектегенін көрдім. Тәңір оларды
түркілер деп атап, асқан сән-салтанатқа ие қылды. Сан мыңдаған адамдарды
басқартып, адалдық істерін қолдады. Олармен бірге сапта күрескендерді бек
құрметтеді. Мен түркілердің зерек қабілет иелерінің бірі, әрі ұрыстағы
шебер найзагері болатындығымен олардың шаһарлары мен қалаларын кезіп
шықтым. Түрік, түрікмен, оғыз, жігіл, ягма, қырғыздардың сөздері мен
сөйлесу мәнерлерін зерттеп, қажеттісін пайдаландым. Соларды мұқият зерттеп,
арнайы әліппелік тәртіпке келтірдім. Мәңгілік ескерткіш, әрі таусылмас
әдеби-көркем мұра болып қалсын деген ниетпен түркі тілдерінің сөздігін
жасап, кітапқа Түркі сөздерінің жинағы деп ат қойдым.
Жинақты сегіз бөлімге топтастырдым... көпшілікке түсінікті
болуын ескертіп, арабша атауларды қаз-қалпына келтірдім. Әрбір тайпаның
тілінен сөз жасауға болатын түбір сөздерін ғана алдым. Мақсатым –
талаптанушыларға тура бағыт көрсетіп, болашаққа кең жол ашу, ниеттес
жандарды мәңгілікке риза ету.
Түркі халықтарының атам заманнан көрген-білгендерін баяндайтын
бәйіт-жырлары мен қайғылы және қуанышты күндерінде айтатын терең мағыналы
мақал-мәтелдерінен мысал келтірдім.
Мен Жинақты мұсылман болмаған түркі елдеріндегі таулар,
шөлдер, далалар, өзендер, мен көлдердің әр тілде жиі кездесетін
көрнектілерін ғана жаздым. Түркі халықтары негізінен жиырма тайпа. Әрбір
тайпаның бірталай ұсақ рулары бар. Олардың саны Ұлы Тәңірдің өзіне ғана
аян. Рұмға бәрінен жақын орналасқан тайпа бажанақ, одан кейін қыпшақ,
оғұз, иәмәк, башқұрт, басмыл, қай, ябаку, татар, қырқыз тайпалары.
Қырқыздар шыңға жақын орналасқан. Онан бері жігіл, тохси, ягма, оғрақ,
жарұқ, жомұл, ұйғұр, танұт, , қытай тайпалары. Қытайды Шын деп атайды. Онан
соң Тауғаж, бұларды Машын дейді. Бұл тайпалар оңтүстік пен солтүстіктің
арасында өмір сүреді.
Түркі халықтарының тілдері туралы. Ең таза тіл – тек қана бір
тілді біліп, парсылармен араласпайтын, жат-жұртқа барып-келіп қарым-
қатынас жасамайтын адамдардың тілі. Соғдақ, қанжақ, арғу тайпалары екі тіл
білетін топқа жатады. Жабарқа алыс орналасқан. Шын және Машын халықтары
түрікшені жақсы біледі. Бізге азған хаттарын түркі жазуымен жазады. Сол
сияқты арамызды ұлы қорған мен тау-теңіздер бөліп тұрғандықтан, йәжүж бен
мәжүж халықтарының тілдері беймәлім. Ұйғырлардың тілдері таза түрікше.
Олардың сөйлесетін тағы бір тәсілдері бар; жиырма төрт әріптен тұратын
жазуды пайдаланады. Кітап пен хат-хабарларын сол жазумен жазады. Бұл жазуды
мұсылман дініне кірмеген ұйғырлар мен шындардан басқасы білмейді.
Баласағұндықтар соғда және түркі тілдерінде сөйлеседі. Тираз
Байза шаһарларының халықтарының тілдері де дәл сондай. Испижаб қаласынан
сонау Баласағұнға дейінгі барлық шаһарларындағы халықтардың тілдерінде
шұбарлық бар. Қашқарда кәнжәкшә сөйлесетін ауылдар бар. Шаһар ішіндегі
халықтар Хаканния түрікшесімен сөйлеседі ... .. [15, 44].
Диуани лұғат ат-түрік - қазіргі түркі халықтарының бәріне ортақ
мұра. Бұл сөздікте орта ғасырдағы түркі ру-тайпаларының бәріне бірдей ортақ
алты мыңнан астам төл сөзбен жеке тайпаларға қатысты диалект сөздер бар.
Махмұд қащқаридың Диуани лұғат ат-түрік жинағындағы өлең жырлар мазмұны
бойынша түрлі мәселелерге арналған. Алғашқы қауымда тіршілік еткен адамның
еркше назар аударған нәрсесі табиғат құбылыстары болды. Мысалы, Қар, мұз
еріді, тау суы аға бастады. Көгілдір бұлт көтерілді, ол да суда жүзген
қайықтай аспанда жүзіп бара жатты, осы сияқты табиғат жаратылысы жайлы
өлеңдер, қыс пен жаздың айтысы, яғни мезгіл қайщылығы, аңшылық, саятшылық
жайлы өлеңдер, сауық-сайран құру жайлы әсем жырлар, ерлік, батырлық жайлы
толғаныстар, салт-дәстүр, батырлық жырлары, тұрмыс-салт жырлары сол ғасырда
өмір сүрген халықтың тұрмыс-тіршілігі, өмірі жайлы дерек беретін айқын
айнасы, сөз маржанымен өрнектелген бет-бейнесі болары анық [45, 141-155].
Этнолингвистика ғылымын зерттеу Қазақстанның тәуелсіздігін
алуымен тұспа-тұс келді деп айтуымызға болады.
Академик Әбдуали Қайдар – Қазақтар: ана тілі әлемінде деп
аталатын қазақ тілінің сөздік қорындағы жарты миллиондай мағыналық бірлігін
қамтитын 4 томдық этнолингвистикалық сөздігін жасап, ХХІ ғасырда өмір
сүретін ұрпаққа өз болмысын танытатын ана тілінің асыл қазынасын мирас етіп
қалдыру. Бұл жұмыспен ғалым 30 жылдан аса уақыт шұғылданып келеді. Қазіргі
уақытта бір топ жас шәкірттерімен ол осы еңбектің 1 томдық нұсқа
басылымын дайындау үстінде. Бұл проблемамен ұзақ жылдар бойы , әсіресе
кейінгі кездері бірыңғай шұғылданып, шәкірттер дайындап өз мектебін
қалыптастырған академик Ә.Қайдарды қазақ этнолингвистикасының негізін
салушы ғалым деп әбден атауға болады [7, 10-12].
Қазақ тіл білімінде сонымен қатар этнолингвистика саласын
М.М.Копыленко, К.М.Абишева, Р.Авакова, О.Б.Алтынбекова, М.А.Бурибаева,
Т.Г.Котляров, С.М.Треблер, Б.Х.Хасанов, Э.ДСүлейманова, Н.Ж.Шаймерденова
сынды ғалымдар зерттей бастады [15, 46-48].
Қазақ тіл білімінде этнолингвистика саласының негізін салушы академик
Ә.Т.Қайдаров тіл байлығына этнолингвистикалық зерттеу жүргізуді екі жүйеде
қарастыруды ұсынады. Олар:
1. Макрожүйе — Табиғат, Адам, Қоғам.
2. Микрожүйе — табиғи жүйе бойынша әртүрлі топтар, салалар [47, 19-
21]. Нақты айтқанда, микрожүйелік құрылымның негізінде сантүрлі мәдени
терминдер (зергерлік, тағам, халықтық космоним, семантикалық атаулар,
антропонимдер, топонимдер, фитонимдер, халықтық наным-сенімдер мен салт-
дәстүрге, мал шаруашылығы, аңшылық және басқа да кәсіпке байланысты
фразеологизм) арнайы этнолингвистикалық зерттеу нысаны ретінде
қарастырылды.
Осы ізбен мәдени лексиканың денін құрайтын, атап айтқанда, ұлттық
болмыстың рухани қазынасын сипаттайтын сан түрлі сапалық ұғымдар мен
тұрмыста қолданылатын зат, бұйым, еңбек құралдары, үй жиһаздары, киім
атаулары, дәстүрлі кәсіпке қатысты терминдер де жоғарыдағы микрожүйелер
бойынша қарастырылды.
Ә.Т.Қайдар этнолингвистика саласын этнос пен оның тілінің ортасынан
туындаған ғылым саласы деп қарап, соған сәйкес этнос компонентінің:
Өткен бір дәуірлерде дүниеге келіп, белгілі бір географиялық ортада
қалыптасқан, шұғылданған тіршілік-тірлігі бірыңғай, мінез-құлқы ұқсас,
діні де, тілі де бір, салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпы ортақ, өзінің ортақ
тегін, туыстығын, тұтастығын сезіне білетін, сатылап даму барысында аналық,
аталық, рулық, тайпалық, ұлыстық және халықтық дәуірлерді басынан кешіріп,
бүгінде дербес ел болып отырған адамдар қауымы, — деген ғылыми
түсініктемеге ерекше мән жүктейді.
Ұлт дәрежесіне көтерілген қазақ этносының тілдік деректерін
этнолингвистикалық аспектіде зерттеуді ғалым оның (қазақ этносының —
Ж.Манкеева) басып өткен ұзақ та сатылы даму жолын (ретроспективті бағытта)
саралай түсудің, тарихи этнотұлға ретінде танудың бірден-бір дұрыс жолы,
кепілдігі, — деп санайды
Байқап отырғанымыздай, бұл зерттеу саласында негізгі салмақ
лингвистикаға жүктеледі. Оның себебі мен мәнін нақты түсіну үшін академик.
Ә.Т.Қайдаровтың төмендегі пікірін келтірейік: Этностың басып өткен сан
ғасырлық даму жолы, оның белгі-бейнелері біздерге тас мүсіндер мен
жартастарға қашалған сына жазулар арқылы, мәдени ескерткіштер мен әртүрлі
ғимараттар түрінде жетуі мүмкін. Бірақ бұлардың бәрі этнос өмірінің мың да
бір елесі ғана. Оның шын мәнісіндегі даналығы мен дүниетанымы тек тілінде
ғана сақталады. Әрбір дәуірде өмірге қажет болған құрал-сайманның, қару-
жарақтың,киер киім мен ішер тамақтың, тұрмыстық заттар мен салт-санаға,
әдет-ғұрып, наным-сенімге, ойын-күлкі, той-томалаққа байланысты ұғымдардың
аты-жөні, сыр-сипаты тек тіл фактілері ретінде ғана, яғни жеке сөздер мен
сөз тіркестері, фразеологизмдер мен мақал-мәтел арқылы ғана бізге жетуі
мүмкін [10, 2-7].
Бұл орайда академик Ә.Т.Қайдаровтың ұзақ жылдар бойы орасан бай
материал жинап, сұрыптап, оларды макрожүйелер (Адам, Қоғам, Табиғат)
мен микрожүйелерге бөліп, табиғи жүйе бойынша жіктеп, топтап, өзара
байланысты салаға бөліп, үлкен идеографиялық классификация негізінде жасап
жатқан қазақ тілінің этнолингвистикалық сөздігінің болашағы зор, маңызы
ерекше болмақ.
Осы сөздіктің кейбір жобаларын көрсеткен мақаласында автор бұл еңбекте
этнографиялық байлық әдеттегі басқа тілдік сөздіктерден (түсіндірме,
диалектологиялық, екі тілдік, фразеологиялық, паремиологиялық,
энциклопедиялық) мүлде басқаша өзіндік тәсілмен пайымдалатынын атап
көрсетеді: Егер аталмыш сөздіктерде бұл тәрізді сөздер мен сөз
тіркестерінің көбінше номинативтік және ауыс мағыналары түсіндірілетін
болса, айтып отырган этнолингвистикалық сөздікте бұл мағыналардың сыртында
жатқан қат-қабат этнографиялық түсінік-ұғымдар, әлі күнге дейін бір ізге
түспей, тұтас бір жерге жиналмай, назардан тыс қалып, тіпті ұмытыла
бастаған, бірақ халық үшін ең бір қымбат та қадірлі, етене жақын дүниелер,
тілдік фактілермен өрілген өмір көріністері, рухани, материалдық
мәдениетіміздің өткен дәуірлерінен елес беретін терең сырлы, алуан түрлі
ұғымдар сөз болуға тиісті [10, 2-7].
Ғалымның пікірінше, көненің көзіндей тілдің қат-қабат
қойнауларында сақталып қалған, осы дүниенің сыры мол тіл әлемінің тереңіне
үңіліп, тарихымен тұтас қарап сырын ашу — этнолингвистиканың үлесі [47, 21-
23].
Сонымен бірге жоғарыда атап көрсетілген тұжырым соңғы кезде қазақ тіл
білімінде осы салада жүргізіліп жатқан зерттеу жұмыстарының мақсатын
белгілеп, қол жеткен зерттеу нәтижелері мәдени жүйені (материалдық және
рухани) сабақтастықта қарастыратын біздің жұмысымыздың да қағидасының
негізін құрап, бағытын белгілейді. Осы тектес зерттеулердің ұлттық
(этностық) болмысты танытудағы мәнін қазақ тіліндегі қолөнер лексикасын
арнайы зерттеген ғалым Р.Шойбеков былай деп түсіндіреді: ... қолөнер
лексикасы, оның құрамына енетін атаулар мен фразеологизмдер, этнографизмдер
— қоршаған ортаны игеру, ақиқат болмысты тану барысында жинақталған
тәжірибенің, кең мағынасында алғанда, ғаламньң тілдік фрагменттері,
үзіктері. Соған сәйкес таным процесі жалпыадам заттық сипатта болғанымен,
этностың концептуалды әлеміне, тіл иесінің ой-өрісіне байланысты шындық
болмыс (ол әр басқа тілдерде сөйлейтін халықтар үшін біреу-ақ) әр басқа
бейнеленеді. Осыған байланысты ұлттың болмысын тануда қолөнер лексикасының
этномәдени және танымдық мазмұнын ашудың, ғылыми маңызы зор [47, 95].
Осы саладағы зерттеу жұмыстарының ішінде профессор. Е.Н.Жанпейісовтің
еңбектері өзінің теориялық деңгейімен, бай этнографиялық материалымен, кең
ауқымды салыстырмалы, этимологиялық талдауларымен ерекшеленеді. Солардың
арасында М.Әуезовтің шығармаларының материалы негізінде қазақтың
этномәдени лексикасын тарихи-лингвистикалық зерттеуге арналған
монографиясының орны бөлек .
Осы еңбекте материалдық мәдениетке, рухани мәдениетке, халықтық
өлшемге, туыстыққа және отбасылық қатынастарға қатысты лексикадан тұратын
бай материалды талдау үстінде басқа түркі тілдерінің салыстырмалы деректері
де кеңінен пайдаланылған [47, 96].
Қазақ тіл білімінде жеке-жеке қырлары жан-жақты қарастырылып,
этнолингвистиканың өріс алып келе жатқан тұсында жарық көрген профессор
М.М.Копыленконың осы мәселенің жалпы теориялық негіздерін түсіндіруге
арналган Основы этнолингвистики (Алматы, 1995) атты монографиясы елеулі
жаңалық болды. Бұл жұмыс — жаңа зерттеу саласы, жеке пән ретінде тікелей
этнолингвистика негіздерін, бұған дейінгі тілді зерттеу қойнауындағы оның
нышандарын анықтаған, болашақ даму перспективасын көрсетуге арналған жалпы
тіл біліміндегі тұңғыш зерттеу. Басқасын былай қойғанда, автордың тақырыпқа
әртүрлі дәрежеде қатысы бар 1300-ден аса үлкенді-кішілі қыруар ғылыми
зерттеулерді көрсетуінің өзі — үлкен еңбек. Және оларды жай көрсетіп қана
қоймай, тақырыптық табиғатын ескере отырып таныстырып, әрқайсысы жөнінде
өзінің көзқарасын, ой-пікірін білдіріп отырады.Кітап тақырыптың зерттелу
тарихына қысқаша шолудан басталып, әрі қарай славян және өзге де түрлі үнді
европа тілдері бойынша әр кезде жарияланған, сондай-ақ жалпы түркітанушы
еңбектерде этнолингвистикаға байланысты кездесетін теориялық тұжырымдар мен
түрлі ғылыми байқаулар, негізінен, толық қамтылған. Атап айтқанда,
М.Қашқари, А.Навои еңбектеріндегі этнолингвистикалық материалды талдаудан
бастап, бергі дәуірдегі В.ф.Гумбольдт, Э.Сепир, А.А.Потебня, қазіргі
замандағы Н.И.Толстой, В.В.Иванов, В.Н.Топоров сынды ғалымдардың бұл
саладағы ізденістеріне дейін кеңінен тоқталадаы. Осындай ізденістер
нәтижесінде этнолингвистика терминінің Б.Уорфқа тиесілі екенін анықтайды.
Соның бәрін қорыта келіп, этнолингвистиканың пәнін Этностың тіл айна-сында
бейнеленуі деп берген анықтамасы қазақ тіл біліміндегі қалыптасып келе
жатқан этнолингвистика саласының ұстанып отырған негізгі қағидасымен
үндеседі Осыған орай этнос пен оның тілі арасындағы байланыс, тілдің, жалпы
этнос өмірі, оның мәдени мұралары жөніндегі деректік, танымдық қызметі жан-
жақты қарастырылады. Ғалым бұл ретте заттық және рухани мәдениет
терминдерін жеке алып талдайды. Лексиканың осы саласын арнайы сөз ете
отырып, фразеологиялық тіркестер мен паремиялар, табу мен эвфемизмдер,
идиоэтникалық семантика мен фоносемантика, ономастика мәселелерін де
олардың этнолингвистикалық негіздерін айқындау тұрғысынан алып зерттейді
[48, 67]. Профессор М.М.Копыленконың аталған еңбегі тарихи
этнолингвистиканың мазмұны мен мәнінің табиғатын тануға қызмет етіп қоймай,
онымен тығыз байланысты этнолексиканы, оның ішіндегі мәдениетке тікелей
қатысты атауларды талдауға да үлес қосады. Қазіргі қазақ тілі лексикасының
бір саласы тіліміздегі мағынасы күңгірттенген, тіл иесі сөйлеу процесі
кезінде ол сөзді қолданғанымен де мағынасына терең бойлап, жете түсіне
бермейтін я қолданыстан шығып қалған архаизмдерге айналған сөздер. Олардың
көбін фразеологиялық тіркестердің сыңарлары ретінде солардың құрамынан
немесе фольклор мен тарихи шығармалардан табуға болады. Олардың дені —
этнографизмдер. Сондықтан да этнолексиканың осындай тобын зерттеуге
арналған ғылыми ізденістердің біздің назарымызды ерекше аударуы — заңды
құбылыс.Осы саладағы жұмыстардың ішінен академик Р.Сыздықованың еңбектері
ерекше құндылығынан орын алады.
Бұл тұста ғалым назарына ілігіп, қызықты да ғылыми топшылауларына
нысана болған — қазір де ұмытылған, тарихи сөзге немесе архаизмге айналған,
ең бастысы қолданылу өрісіне байланысты семантикасы да өзгерген сөздер.
Автор негізінен семантикалық принципті басшылыққа ала отырып, сөздерді
сөйлетеді. Яғни, сөздердің (көбінесе мәдени атаулардың) сол эпостар немесе
ақын-жыраулар өмір сүрген дәуірдегі қолданыстары мен мағыналарын айқындап,
қызықты этимологиялық шешімдерге келеді. Олардың ішінде ұлттық
мәдениетіміздің ежелгі дәуірлерінен елес беретін терең сырлы, етене жақын
дүниелердің тілдік атаулары да аз емес. Мысалы: адырна, айбалта, алабалта,
азбан, аламан, бедеу ат, берен, дындан, жебе, жетім, кебенек, күн жайлату,
көбе, кіреуке, күдері, қара орын, қарашы, сақсыр, сауын айту.
Осы тектес атаулардың көбі семантикалық, грамматикалық даму барысында,
қолданылу аясында көптеген өзгерістерге ұшырағандықтан арнайы да терең
этнолингвистикалық зерттеуді қажет етеді.
Сонымен, тек қана тілдік фактілер арқылы сақталған халқымыздың
тарихын, құбылыстар атауын, салт-санасын білдіретін қазақ тіліндегі мәдени
лингвистиканың номинациясын анықтаудағы өзекті бір арна —
этнолингвистикалық қағида [47, 23-25].
Қазақ тіл білімі саласында этнолингвистикалық ізденістердің етек алып,
оған ғалым ізденуші жастардың ден қоюында, оқырман қауымның қалауынан
шығып, оларға деген сұранымның арта түсуінде өзіндік біраз сыры бар.
Біріншіден, этнолингвистикалық зерттеулерден өзінің тұрақты мақсат-
мүддесіне байланысты таза лингвистикалық категориялардың өздерін емес,
этностың өзін түсінуге қажетті тілдік (лексика-фразеологиялық) фактілердің
ішкі мазмұнын терең де жан-жақты ашуға бағышталатынын байқаймыз. Демек бұл
мақсаттың рухани-мәдени танымдық мәні зор деген сөз.
Екіншіден, этнолингвистикалық зерттеуге тіл байлығымыздағы кез келген
құбылыс, дерек, тақырып (фразеология, мақал-мәтел, жұмбақ, өнер, төрт түлік
мал) объект бола алады. Өйткені ол фактілердің барлығы этнос болмысын
тануға қатысты және оларды әдеттеп лингвистикалық формальдық тұрғыдан ғана
емес, одан әлдеқайда тереңірек зерттелінеді. Мәселен, фразеологизмдер мен
мақал мәтелдердің этнолингвист ғалым әдеттегідей қоғамда қалыптасқан
ауыспалы мағынасында ғана емес, сонымен қатар, сол мағынаның қалыптасуына
негіз болған бастапқы әр алуан мотивтерін (уәждерін) анықтайды.
Этнолингвистика ғылымының дамуына өзіндік ықпалын тигізген еңбектер,
зерттеулер, мақалалар қаншама. Жас ғылым болса да, қазақ тіл білімінде
зерттеліп жатқан тақырыптар этнолингвистика ғылымының сатысының біраз
дәрежеге көтерілгенінің айқын дәлелі. Мысалы, Атаханова Райхан
Кенжетаевнаның Туыс емес тілдердегі мақал-мәтелдердедің этнолингвистикалық
сипаты Алматы, 2005 деген еңбегінде неміс және қазақ (түркі-герман)
тіліндегі мақал-мәтелдердің этнолингвистикалық сипатын анықтап, діні, тілі,
мәдениеті, тарихы, әлеуметтік және саяси даму жолдары мүлдем бөлек қазақ
және неміс халықтарының тілдеріндегі мақал-мәтелдердің этнолингвистикалық,
ұлттық-мәдени ерекшеліктеріне көңіл бөліп, олардың ортақ айшықтарын тауып,
әр халықтың рухани мұрасы болған мақал-мәтелдердегі құнды деректер мен
мәліметтерді зерттеп, қарастырған. Өзара туыс емес, құрылымы әртүрлі
тілдердегі мақал-мәтелдерге терең үңіліп, олардың жасалуына негіз болған
уәждерді көрсетудің, сондай-ақ олардың өмір өзгере келе ие болған ауыспалы
мағыналарының қалыптасу жолдарындағы ерекшеліктерін анықтау – өз халқымызды
танып білуде, кейінгі ұрпаққа этникалық білім берудегі қажеттілік екенін
атап көрсеткен [2, 25].
Исаева Гүлсінай Сайлауқызы Киіз үйге қатысты атаулардың этномәдени
негізі (қазақ, қарақалпақ, қырғыз тілдерінің материалдары бойынша)
Алматы,2008 еңбегінде: қазақ тіліндегі киіз үйге қатысты атаулардың
танымдық сипатын, уәждеме ерекшелігін, лингвосемиотикалық қырын арнайы
зерттеу нысанына алып, сонымен қатар географиялық кеңістігі мен этникалық
ерекшеліктерінде ортақ сипаты мен тегі бір қазақ, қарақалпақ, қырғыз
халықтарының киіз үйіне қатысты атаулардың және олардан туындаған тілдік
бірліктердің этномәдени негізін қарастырды. Қазақ, қарақалпақ, қырғыз
тілдеріндегі киіз үйге қатысты атаулардың ұқсастықтары мен ерекшеліктерін
және этномәдени тарихын анықтай отырып, олардың қолданыс аясындағы
этнолингвистикалық факторлары мен уәжділік сипатын айқындады. Мысалы,
маңдайша деп екі босағаның үстіңгі жағын бекітіп тұратын көлденең ағашты
айтады. Бұл атаудың құрамындағы маңдай сөзінің анатомиялық түсініктемесі
бойынша, бастың жоғарғы жағының алдыңғы бөлігі дегенді білдіреді [18,
126]. Маңдай лексемасынан туындаған маңдайша туынды атауының уәжі ретінде
есіктің табалдырығынан өткенде босағаның жоғарыдағы көлденең ағашы адамның
маңдайына тиетіндігін айтуға болады. Себебі, киіз үйдің есігі орта бойлы
адамнан биік болмайды. Сондықтан да адамдар кйіз үйге кіргенде басын
еңкейтіп, маңдайын алға бағыттап кіреді. Мойын – Киіз есіктің жоғарғы жағын
– қазақтар мойын деп атайды. Мойын – шаңырақтың тоғынына байланып , үзіктің
төменгі жағына дейін төселіп жататын есіктің бөлігі. Сырт көзбен қарағанда,
күмбезден төмен уықтың бойында ұзына бойы жатқан мойын шын мәнінде адам
мойнына ұқсап, ұзын және жіңішке көрініс беріп тұрады. Міне осы қатарлы
киіз үйге қатысты сан қырлы атаулардың мән-мағынасын ашып, лексика-
семантикалық, этнолингвистикалық қырларын олардан туындаған тілдік
бірліктер арқылы ашуға, сондай-ақ киіз үйдің когнитивтік,
лингвосемиотикалық табиғатын түсіндіріп, саралады [3, 31].
Тоқтағұл Бикамал Сағатбекқызы Түркі тілдеріндегі төрт-түліктің жасына
қатысты атаулардың этнолингвистикалық сипаты Алматы, 2005 деген зерттеу
жұмысын жазды. Ата-бабаларымыз басқа халықтар сияқты қоршаған ортадағы
заттарды құбылыстарды өзінің таным-түсінігінше саралай білген. Ал бұл сан-
алуан қасиеттер күнделікті тұрмыс тіршіліктің тәжірибесі негізінде өмірге
келгені ақиқат. Осымен орайдағы асыл қазыналарымыздың бірі - тіліміздегі
төрт-түлік мал атауларын білдіретін лексикалық бірліктер тілімідің сөздік
қорының ауқымды бір қабатын құрайды. Аталмыш лексикалық топқа қатысты мақал-
мәтелдердің және фразелеогизмдердің құрамында сақталған, лексикографиялық
еңбектерде жинақталған, көркем әдебиетте қолданылған бай тілдік
материалдарды қазақ ұлтының болмысын , әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін дүниеге
деген көзқарасын, бүкіл бітімі мен нанымын көрсететін сол зат, құбылыс
атауларының жүйелі заңдылығына сүйене отырып, ақиқат өмірмен байланыстыра
топтастырған зерттеу еңбегі болып отыр. Түркі тілдерінің лексика-
фразелеогиялық, паремиологиялық жүйесіндегі төрт түліктің жасына қатысты
атаулардың алатын орны, танымдық мәні мен этнолингвистикалық сипаты – бұл
еңбектің басты зерттеу нысаны. Мысалы, көшек – енесін емуді доғарған бір
жарым , екі жасар бота көптеген түркі тілдерінде бар атау. Бірақ жас
мөлшері әр тілде әртүрлі айтылады. Көне қыпшақ жазба ескерткіштерінде –
көшек бота; Абу.Х. кітабында көшек бота; ат-Тухвада кешек – екі жасар,
енесін емуді доғарған бота мағыналарында берілген. А.М.Щербак бота және
көшек атауларының жаңа туған жас бота немесе алты айдан бір жасқа дейінгі
бота мағынасын білдіретіндігін айтады. Қазіргі түркі тілдерінде көшек
атаулары сақталған. Мәселен, қарақалпақ, өзбек тілдерінің диалектілерінде,
түрікмен, әзербайжан, тілдерінде де бар. Түріктерде – түйенің алты айлық
ботасы. Ақтамақ бұқа – үш жасқа жетпеген ұрғашы сиыр. Ақтамақ атауын
есейген ұрғашы бұзау мағынасында екендігі айтылатындығы А.Диваевтің
Түркестанские ведомомсти газетінде жарияланған мақаласының сиыр
бөлімінде келтірілген [8, 29].
Т.Жүргенов атындағы өнер академиясының оқытушысы, доцент Шота.Қ.Н
Тіліміздегі діни сөздердің өзіндік ерекшелігі (Этнолингвистикалық
тұрғыден талдаулар) мақаласында: әрбір діннің ерекшеліктеріне мән беретін
болсақ, құрылымдық жағынан атқаратын қызметтері әр түрлі. Діндегі өзіндік
ұстамына қарай олардың діни лауазымдары мен атқаратын қызметі әр түрлі.
Олар діни жолының адал да сенімді, құдай жолына шын берілген, дінді таза
ұстайтын жандар. Тіліміздегі қолданып жүрген сөздердің де өзіндік қыр-сырын
бүгінгі ұрпақтың бірі біліп, бірі білмесі анық. Осыған орай діни сөздердің
өзіндік ерекшеліктері мен мағыналық жағынан мән бере отырып, мақаламызға
арқау етіп алуды жөн көрдік - дейді автор. Мысалы, ахун – мүфтиден кейінгі
берілетін атақ. 18 ғасырдың ІІ жартысында ең жоғарғы лауазым болды.
Мүфтидің шариат бойынша айтқан шешімі ахунның келісімінсіз жүзеге
асырылмаған. Дамолла (араб) – ислам діндерін насихаттаушы, мешіт пен
қызметкерлерінің атағы. Қари – құранды толық жатқа білетін адам. Халифа –
дін жолын берік ұстанып, Мұхаммед пайғамбардың орынбасарлары мен мұрагері
деген мағынада, шадиярлар деп те аталады. Алла елшісінің орнын басушы,
мұсылман халқының бас иесі. Осы сияқты көптеген діни сөздердің өзіндік
ерекшеліктерін танытып, этнолингвистикалық тұрғыдан талдаулар жасаған [50,
20].
Сейітова Шынар Ботайқызының Өсімдікке байланысты тұрақты тіркестердің
этнолингвистикалық сипаттамасы деген еңбегінде өсімдікке қатысты біраз
мәселелерді қарастырды. Қазақ тіліндегі өсімдікке қатысты тұрақты
тіркестердің ауқымын көрсету мақсатында сипаттама тәсілі, олардың тілімізде
атқаратын қызметі мен тақырыптық топтарын, уәжділік принциптері мен
лексика-грамматикалық модельдерін айқындауда, мақал-мәтелдер мен
фразеологизмдер ұласымдылығын салыстыра талдап, тұрақты тіркестердің тілдік
мәнін халықтық ұғым түсініктерге сүйене отырып сипаттау үшін,
этнолингвистикалық тәсілге аса назар аударылған. Тұрмыс тіршілігін
табиғатпен қоян-қолтық бірлікте өткерген халқымыз өміріне, күнделікті
тұрмысына қажетті дүниені табиғаттан алған. Бұл орайда табиғаттың тылсым
сырларын, игеріп оны адам қажетіне жарата білген халық болғандықтан, оның
тәжірибесін ерекше атауға болады. Мысалы, таулы аймақтарда, жайлауда өсетін
мамыр шөбі балалар аурулары: қызылша, іш ауырғанда қолданылады. Бұл
шөптердің мағынасын айқындай түсетін мақал да қалыптасқан: мамыры болса,
балам ульбейт эляБыл бы мамыры, мое дитя не умерло бы Яғни мамыры болса
, баласы өлмес еді бұл мақалға мағынасы жуық айналайын, жалбызым,
қасиетіңді білгенде, өлмес еді жалғызым тіркесін де айта кетсе орынды
болар [51, 33].
Ахметов Әділ Құрманжанұлы Түркі тілдеріндегі табу мен эвфемизмдер
(Салыстырмалы этнолингвистикалық зерделеу) еңбегінде: түркі тілдеріндегі
табу мен эвфемизмдердің этнолингвистикалық сипатын салыстыра зерттеу арқылы
олардың әлеуметтік себептерін жүйесін мәні мен қыр-сырын ашу, атап
айтқанда, олардың жалпы тіл біліміндгі зерттелу деңгейін, шығу тегін
этномәдени, этнопсихологиялық, этномифологиялық негіздерін жасалу жолдарын,
тілдің сөздік қорын лексика-семантикалық жағынан байытудағы үлесін және тіл
мәдениетінің қалыптасуына тигізетін әсерін анықтау – бұл зерттеудің басты
қарастыратын мәселелері болмақ. Отпен байланысты магиялық нанымдар мен
олардың негізінде қалыптасқан тыйымдар кезінде қазақ халқының
мәденииетінен де орын алған. Тарихи деректерге қарағанда, бұрынғы қазақ
қауымы отты жарық нұрыдың, күн көзінің нышаны барлық бәле-жаладан
аластайтын киелі құдірет деп қастерлеген. Сондай-ақ от - отбасының бейнесі
есептелген. Сондықтан менің үйім деудің орнына от жаққан жерім, бір үй
деудің орнына бір түтін деген тұрақты тіркестер қолданған [7, 50].
Сонымен қатар Әділ Ахметовтің Түбі түркі өркениет атты ғылыми
еңбегінде: түбі түркі халықтардың тарихынан тылсым сыр шертетін және бүкіл
түркі халықтарының тілдері мен этномәдениеттерінен тең орын алатын
жалпытүркілік тыйымдар мен астарлы сөздерге бағышталған зерттеу жұмысы
енгізіліп отыр. Салыстырмалы ғылыми әдіс арқылы әлемдік және түркілік табу
мен эвфемизмдердің этнолингвистикалық және этномәдени негіздері сарапталып,
түркі тілдеріндегі эвфемизмдердің жасалу жолдары мен классификациясы жан-
жақты сипатталған.
Ә.Ахметов эвфемизмдердің метафорамен ұқсас жақтарын да көрсетіп, тиым
салудың тілдегі көріністерінің қалыптасуын түсіндіреді. Ол үшін эвфемизмдер
мен метафораны, метонимияны, синекдоханы, символды салыстырып, оның
перифразалық, фразалық түрлерін анықтап көрсетеді. Ерекше қызықты және бұл
саладағы жаңа пікір — саяси эвфемизмдерге байланысты атаулардың тууы. Ол
бұл құбылыстың динамикалық категория екендігін ашатүседі. Мол тілдік
деректерді, кең ауқымда жаңаша қырынан қарастырған зерттеуін ғалым: Табу
мен эвфемиздер - тілдің сөздік құрамын лексика-семантика жағынан байытатын
өнімді тәсілдердің бірі. Олар сөз мағынасын өзгертуде дамытуда ерекше
қызмет атқарады. Эвфемистік мақсатпен жұмсалған сөздер, әдетте, өздерінің
негізгі мағыналарының аясынан шығып, соны мағынаға ие болады. Сөйтіп, табу
мен эвфемизм — синонимдік және омонимдік қатарлардың өсуіне немесе
неологизмдердің (жаңа сөздердің, атаулардың) қалыптасуына белгілі ықпалын
тигізіп отырады, — деп түйіндейді [13, 340].
Сейілхан Айгүл Қаратайқызының Қазақ тіліндегі
этнографизмдердің лингвомәдениеттанымдық мәні еңбегінде айта кеткеніміз
жөн. Асылында, адамзат қоғамының дамуына – әлеуметтік сананың өрлеуі, ой-
сананың жетілуі, тіл, мәдениет, тарихтың тоғысуы маңызды фактор. Ал әр
халықтың этномәдени тұрмысын ұлт тілінің жетегінде әлемдік мәдениеттің
ауқымында,дүниетанымын, қоғамдық ғылымдардың саясында сөз ету мәселесі тіл
ғылымының бүгінде ғылыми өрісін тереңге жайған этнолингвистика саласында
сәтті бағытта іске асуда. Мысалы, бір тоғыз сәлемдеме берген екен... (Қозы
көрпеш) Бір тоғыз сәлемдеме этноатауының негізіндегі халықтық ұғымның сыры
тоғыз санының қасиетін танытумен қатар, жұрт өмірінде кең етек алған сыйлық
тарту мен айып төлеудегі ғұрыптың ерекше сипатын көрсетеді. Тоғыз
сәлемдеме - тоғыз түрді заттан тұратын ерекше жолданған сәлемдеменің түрі
болумен қатар, барлықтың, быйлықтың нышаны. Тіліміздегі бір тоғыз
сәлемдеме тұрақты тіркесі о баста рухани өмірдің осы көрінісінен туындаса
керек [32, 30].
Гүлнар Мұратова Абай дискурсындағы киім атауларының
этнолингвистикалық сипаты деген мақаласы жазған. Бұл тақырыпта кейін
докторлық диссертация қорғаған болатын. Қазақтың кім кешегі – айналадғы
ортаның, оның үскірік аязы мен аңызақ желінің әсерімен, бар өмірі көлік
үстінде өткен көшпелі қауымның іс-әрекетімен байланысты қалыптасқан заттық
мәдениетінің көрінісі. Онда халықтың әсемдік талғамы, өмір салты,
өткендегі әлеуметтік хал-ахуалы айқын сезіледі. Киім атауларының
этнолингвистикалық сипаты қоғамның әлеуметтік мәдени өмірінің коды ретінде
белгіленіп, сонымен тығыз байланыста алыну керек. Абай шығармаларында
эстетикалық, әлеуметтік немесе мәдени семиотикалық код ретінде қызмет
атқаратын тілдік бірліктерді қарастырамыз-дейді автор.
Қу шалбар қулығына болған айғақ,
Тізесін созғылайды қайталанса-ақ, деген мән-мәтіндегі шалбардың
жиырылып, қайталанып, адам мінезіндей құбылуы да, керек кезінде созып,
тартып қалпына келтірілуі де образ үшін қызмет етіп тұр деуге болады.
Қулығына айғақ болар қу шалбар – метонимиялық қолданыста шаруаға олақ,
сидаң жігіттің өзі – өз образы. Осы қатарлы біраз киім атауларына
этнолингвистикалық сипат берген [11, 7].
Ағабекова Жазира Ағабекқызы Қазақ тілінде қалыптасқан араб текті кісі
аттарының этнолингвистикалық сипаты атты еңбегінде араб текті кісі
есімдеріне сипат берген. Араб есімдерін қазақ қауымының қабылдауы – оның
тарихи, мәдени, рухани өміріндегі елеулі оқиғалардың бірі. Араб есімдерінің
қазақ тіліне енуі түркі ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz