Кәкімбек Салықов поэзиясының көркемдік ерекшелігі


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 33 бет
Таңдаулыға:   

Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты

Қашықтықтан оқыту факультеті

Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы

Қорғауға жіберілді « » 2018 ж.

Қолы Қанапина С. Ғ.

(каф. меңг. )

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Кәкімбек Салықов поэзиясының көркемдік ерекшелігі

Мамандығы 5В011700 - «Қазақ тілі мен әдебиеті»

Орындаған: Угибаева Г. А.

Ғылыми жетекшісі: Қанапина Б. Т.

аға оқытушы

Қостанай 2018

Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты

Қашықтықтан оқыту факультеті

Мамандығы 5В011700 - «Қазақ тілі мен әдебиеті»

Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы

«Бекітемін»

Кафедра меңгерушісі

ф. ғ. к., доцент Қанапина С. Ғ.

« » 2017 ж.

Диплом жұмысын орындауға берілетін тапсырма

Студент: Угибаева Гүлнұр Амантаевна

Жұмыс тақырыбы: Кәкімбек Салықов поэзиясының көркемдік ерекшелігі

Жоғары оқу орнының бұйрығы бойынша бекітілді

№2017 жыл.

Аяқталған жұмысты өткізу мерзімі 2018 жыл.

Талдауға жататын мәселелер мен жұмыстың қысқаша мазмұны

Кіріспе

1 Қазақтың жез қанатты Жезкиігі

2 Ақын тілінің көркемділігі

Қорытынды

Ұсынылатын негізгі әдебиеттер:

Әдебиеттер тізімі:

  1. Жақып Б. Өлеңі Көкшетаудай көркем ақын // Солтүстік Қазақстан 22 мамыр, 2012. - 12 бет.
  2. Салықов К. Шығармалары. Т. 1. Кеншілік пен ақындық. Өлеңдер мен поэмалар. - Астана: Фолиант, 2009. - 432 бет.
  3. Оразханова М. И. К. Салықовтың табиғатты суреттеу шеберлігі // ҚазҰУ Хабаршысы №4, 2008. -23-26 бб.
  4. Салықов К. Мәңгі шырақ алауы: Өлеңдер, поэмалар. - Алматы: Жазушы, 2007. - 416 бет.

Дипломдық жұмыстың орындалу кестесі

Тараулардың тақырыбы, қаралатын мәселелер
Ғылыми жетекшіге ұсыну мерзімі
Ескерту
№: 1
Тараулардың тақырыбы, қаралатын мәселелер: Тақырыпқа қатысты әдебиеттермен, мақалалармен танысу, материал жинақтау
Ғылыми жетекшіге ұсыну мерзімі: Қыркүйек
Ескерту: Жаңа, тың көзқарастағы соңғы жылдары жарық көрген зерттеулерді пайдалану. Әдебиеттер тізімін жасау
№: 2
Тараулардың тақырыбы, қаралатын мәселелер: Дипломдық жұмыстың жоспарын құру
Ғылыми жетекшіге ұсыну мерзімі: Қазан
Ескерту: Ауқымды, өзекті мәселелерге көңіл бөлу
№: 3
Тараулардың тақырыбы, қаралатын мәселелер: Жинақталған деректер бойынша материалды жүйеге келтіру
Ғылыми жетекшіге ұсыну мерзімі: Қараша
Ескерту: Жинақталған материалдарды жүйелеп, ретке келтіру
№: 4
Тараулардың тақырыбы, қаралатын мәселелер: Бірінші тараудың дайындығы
Ғылыми жетекшіге ұсыну мерзімі: желтоқсан, қаңтар
Ескерту:

Өзіңдік көзқарасыңды, пікіріңді келтіру,

сілтемені дұрыс көрсету

№: 5
Тараулардың тақырыбы, қаралатын мәселелер: Екінші тараудың дайындығы
Ғылыми жетекшіге ұсыну мерзімі: ақпан, наурыз
Ескерту: Материалды реттеп, хронологиялық жағынан жүйелеу, көрнекіліктер, таблицалар жасау.
№: 6
Тараулардың тақырыбы, қаралатын мәселелер: Жұмыстың толық нұсқасын дайындау, алдын ала қорғаудан өту
Ғылыми жетекшіге ұсыну мерзімі: сәуір, мамыр
Ескерту:

Жұмыс

тақырыбының ашылуына баса көңіл бөлу, жұмысты қорытындылау

№: 7
Тараулардың тақырыбы, қаралатын мәселелер:

Қорғауға дайындық,

пікір жазушылардың ұсыныстарын дайындау

Ғылыми жетекшіге ұсыну мерзімі: мамыр
Ескерту: Талапқа сай жұмысты бастыру, сын-пікірлер жаздырту, қатемен жұмыс жасау

Жұмыс бойынша әр тарауға қатысты кеңес беру

Тараулар
Кеңес беруші
Мерзімі
Қолы
№: 11
Тараулар: Поэтикалық мәтіннің тілдік сипаты
Кеңес беруші: Қанапина Б. Т.
Мерзімі:

қыркүйек

желтоқсан

Қолы:
№: 22
Тараулар: Ақын тілінің көркемдік сипаты
Кеңес беруші: Қанапина Б. Т.
Мерзімі:

қаңтар

наурыз

сәуір

Қолы:

Тапсырманың бекітілген уақыты

Кафедра меңгерушісі:

ф. ғ. к., доцент Қанапина С. Ғ.

Ғылыми жетекшісі:

аға оқытушы Қанапина Б. Т.

Тапсырманы орындауға алдым

Студент Угибаева Г. А.

МАЗМҰНЫ

Кіріспе . . . 6

1 Қазақтың жез қанатты Жезкиігі . . . 10

1. 1 Өмірді жыр - әнімен өрнектеген . . . 10

1. 2 К. Салықовтың қазақ әдебиетіндегі орны . . . 17

1. 3 «Көкейкесті армандарды көксеген» . . . 27

2. Ақын тілінің көркемділігі.

2. 1 К. Салықов поэзиясының ерекшеліктері . . . 37

2. 2 К. Салықов поэзиясының тақырыптық - идеялық маңызы . . . 42

2. 3 «Жезкиік» шығармасының көркемдік сипаты . . . 46

2. 4 Ақынның өлендерін талдау . . . 50

Қорытынды . . . 60

Пайдаланылған әдебиеттер . . . 62

КІРІСПЕ

Дипломдық жұмыстың өзектілігі: Қазақ поэзиясының да, қазақ әдеби тілінің де мазмұн жағынан тереңдеуі, түрленуі әдебиетімізге әр кезде келіп қосылған талантты ақындардың ізденісіне байланысты. Поэзияда ерекше орны бар үлкен талант иелерінің бірі - Кәкімбек Салықов. Ұлттық әдебиеттің аса ірі қайраткерлерінің шығармашылығын саралап, оны ойша шолып шығар болсақ, сонда ең алдымен сол ұлттың белгілі бір кезеңдегі рухани әлеуметтік көрінісі мен даму диалектикасын байқаймыз. Нағыз суреткер ғана өмір шындығын өз тұрғысынан даралап бейнелейді, саралап, салмақтайды. Кәкімбек Салықовтың ақындық жолын екі кезеңге бөліп қарасақ. Оның бірі-автордың поэзияға ұмтылысы, алғашқы сапарының ізденістері. Мұны біз «Сыр», «Жезкиік», «Нұрлы жылдар» атты кітаптардан байқаймыз. Оның шыншыл, мөлдір таланты осы кітаптардан-ақ анық көрінген. Алайда үнемі өлең қуып, оны кәсіпке айналдырмаған адамның бойдағы талантын ұштап үлгермегені, өмір шындығының әдеби шындыққа айналуының жетімсіз жақтары, халық поэзиясынан сусындап өскен адамның профессионалды поэзияның сырларына қанып болмағаны ол кітаптарда байқалмай қалмайтын.

Ол үлкен поэзияға бет алып, ақындық толғаныстың биік белестеріне ұмтылып келеді. Алайда, Кәкімбек Салықовтың поэзиядағы жолы алғашқы ізденістерінен бастап тұтас бір ақындық үнді, ақындық сырды шертеді, сондықтан да оның іздену, үйрену, жетілу жолына бірінен бірі бөлінбейтін тұтас құбылыс есебінде қарау орынды. Мұны біз ақын жырларының туу кезеңдеріне қарай қарастырсақ, анық байқаймыз. Әрі одан ақынның іздену, жетілу, толысу жолдары да айқын көрінеді. Кеншілік пен ақындық ол үшін екі құбылыс. Сондықтан да ақын алғашқы ізденісінен бастап осы екі мамандығын біріктірер тың сыр іздейді. «Ақындыққа бала жастан ғашық» болып, өмір жолын кеншіліктен бастаған ол осы екеуіне ортақ қасиетті үлкен азаматтықтан табады. Өз бойына екеуін де сыйдырып, оны ақынға да, кеншіге де ортақ тұтатас бір азаматтық бейнеге айналдырады. К. Салықов өмірді әсемдік деп таниды. Сондықтан оның өлеңдеріндегі өмірге құштарлық әсемдікті қорғау, сұлулықты сүю, адам бойндағы игі қасиеттер мен жақсы мінездерге қызығу күйінде көрініс табады.

Ол табиғаттың сәулетті шағын көріп қанаттанса, кейде күздің жүдеу бейнесіне үңіліп жабырқап қалады. Ақынның «Күз», «Құймағын миллиардтың татып қайттым», «Оқ жетпес», «Ақ жауын», «Көкшетау», «Есілге», «Теңізге» өлеңдері жалаң табиғат суреттеріне айналмай, оны адам сезімімен оның көңіл күйімен байланыстра жырлау негізінде туған.

Әсемдікті тек табиғаттан ғана емес, ақын өнерден де тани біледі. Оның «Сәулет», «Мансфельд Мадоннасы», «Ақын сол ғой» өлеңдері өнер күші арқылы өмірдің өзін тануға болатын жайлы ойға құрылған. Мұның бәрі К. Салықовтың поэзиясының негізгі объектісі-адам екенін, ақының әр түрлі жолдармен адам өмірін, оның арманын, тіршілігін, сезім күйлерін суретеуге тырысатынын көрсетеді. Ол өз бақытын оңаша сезінбейді, елімен достарымен бірге көреді. Өзін бақытты еткен заманына, туған халқына бар тіршілігін арнайды. Сондықтан да өлеңнің лирикалық геройы бойындағы барын туған елге ұсынады. Салықов өмір туралы толғаныстарында адам сезімінің байлығы кең көрінеді. Адамға тән қуаныш пен реніш, сағыныш сезімдері, өмір жауыпкершілігі жайлы ақынның оқырманмен бөлісерлік ойлары аз емес.

Салықов бірқатар поэма да жазды. Ол-өлеңде ғана емес, поэмада да сыршыл лирик. Балалық шағы соғыстың ауыр кезіне тұтас келген ақынның көңіліне дәуірдің қайшылықты да қайғылы суреттері ұялап қалған. Дәуірдің сол бір шындығы үлкен эпикалық суретке айналып ақынның бірсапыра поэмасына да кіреді. «Шалқыма», «Ұрпақ сыры», «Домбыра». Домбыра поэмасында домбыра күйіне елігіп, сыр шерткенде, оның тебіреніп еске алатыны да сол шындық. Лирикалық толғаныс ақының «Дала» поэмасында тән. Ақындық толғаныстың тағы бір үлгісін Салықов «Еңлік гүл», «Аққу мен Ару», «Тотының тоқсан тарауы», «Қырандар» атты поэмаларында да қолданады. Бұлар, негізінен, ақын лирикасында көп жырлаған әсемдік туралы, сезім туралы толғаныстар. К. Салықов поэмалары ақынның бұл жанрда да лирик екенін көрсетеді.

К. Салықовтың «Жезкиік» шығармасы және оның тілінің көркемдігін ашу зерттеу еңбегімізге негіз болып отыр.

К. Салықов - әдебиетке өмірдің өзінен қайнаған өндірістің ортасынан, халық ішінен келді. Сондықтан да оның шығармаларының негізгі мазмұны мен пафосын ақын жырлаған өмір құбылыстарына деген халықтық көзқарас белгілейді. Кәкімбек Салықов туралы пікір айтқан ғалымдар мен сыншылар, ақындар мен жазушылар оның қазақ әдебиетіне жаңа бетбұрыс әкелгенін, арғы-бергі қазақ поэзиясының ең озық үлгілерінен терең үйренгендігі, өзінің ақындық әлемін ашу арқылы, әдеби құбылысқа айналғандығын айтады. Ақынның аз жылдар ішінде артына қалдырған асыл мұрасы тек қазақ халқының ғана емес, бүкіл түркі халқының нәр алған рухани қазығы.

Дипломдық жұмыстың мақсат-міндеттері: К. Салықовтың поэзиясын және оның көркемдік ерекшеліктерін таным тұрғысынан талдау болды. Сондықтан ғылыми зерттеу жұмысымда төмендегiдей мiндеттердi шешу көзделген.

- ақын поэзиясының сипатын ашу, теңеудің қызметін саралау;

- «Жезкиік» өлеңінің қөркем баяндалуын ашу;

- шығарма тілінің көркемдік ерекшелігін айқындау.

Дипломдық жұмыстың нысаны етіп К. Салықовтың «Жезкиік» өлеңі және оның көркемдік ерекшелік сипатын алдық.

Дипломдық жұмыстың ғылымилығы: Жұмыста әдеби тілімізге үлкен үлес қосқан Кәкімбек Салықов шығармаларының поэзиялық тілі, қолдану тұрғысынан қарастырып, өлең - сөздегі поэтикалық айшықтарының түрлі грамматикалық құрылымы тілші ғалымдар еңбектері негізінде талданып, тұжырымдар жасалынды. Ақын туындыларындағы көркем - бейнелегіш сипатының ашылуы, ақын поэзиясы тілінің сараланып, талдануы жұмыстың ғылыми сипатын көрсетеді.

Дипломдық жұмыстың зерттеу әдістері. Жұмыстың орындалу барысында мақсаты мен тақырып ерекшелiгiне байланысты, салыстырмалы талдау мен жинақтау, жүйелеу және оны түсiндiру, талдау әдiстерi қолданылды.

Дипломдық жұмыстың құрылымы: Жұмыс кiрiспеден, екi бөлiмнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттердiң тiзiмiнен тұрады.

1. Қазақтың жез қанатты Жезкиігі.

1. 1 Өмірді жыр - әнімен өрнектеген.

Дүние әуенінің тербелген жүрегімен кімдер дәурен сүрмеді дейсіз?! Сырлы Сырымбет саласынан Ақан серінің дүние іңкәрлігін ғашық жүрегінің тәтті бір сезіміне бөлеп алып, үзілдіре төгілген әлдебір ән әуені көңіл түкпіріне жеткендей болады да, сол үн мен сол әуен тал бесігінде тербелгендей болады. Осы бір ой тағы да сол бір әнді аңсатқандай-ды.

Сұлуды адам жаны қимайды екен,

Беймезгіл еске түсіп қинайды екен.

Жезкиік сен есіме тұскен кезде,

Бір өзім Сарыарқаға сыймай кетем!. .

Ой мен сезім тереңінен үн қатып, бір өзі Сарыарқаға сыймай кеткен Кәкімбек ағаның да дәуренді жүрегі енді бізге өз жырымен өз сырын қайыра бір ашпас па екен?! Сана түкпірінен осы бір ой қылаң беріп, оянған сәтте көңіл шіркінді мұң басып, кірбің шалғаны да бар. Алайда, бар қазақ даласын шарлап кеткен және де әр жүректі баурап алған Кәкімбек аға Салықовтың жырлары мен ән сырлары ендігі арманды үміттерді жалғастырып, жалғары анық. Көңіл соған иланады. Абай хакімше айтқанда, «артында өлмейтұғын сөз қалдырған» Кәкімбек ағаны да «өлділер» қатарына қоса алмас едік. Сарыарқаны қойып, мынау кең дүниеге сыймай кеткен ақынның мырға толы жырлары мен сезімге бөленген әндері ендігі жүрегі болып мәңгілік соғып тұрары тағы да анық жай.

Құдіреті күшті поэзия әлеміне көңіл құштарлығымен және де жүректегі зор іңкәрлігімен өз сыры мен өз мұңын айта келген Кәкімбек Салықов жырлары туған халқын бірден баурап алған еді.

Қалың жұрт Кәкімбек ағаның жырларына құмар болды! Не бір талантты да, соның ішінде танылғаны да, танылмағаны да бар композитор біткен Кәкімбек Салықов жырларына ән шығаруға құштар болды!

Жылжиды аққу айдында, жылжымайды,

Мұңаяды ол неге, тұнжырайды.

Сыңсып салған әніне тебіреніп,

Қамыс басы қамығып, су жылайды.

Су жылайды, тұнжырайды,

Жылжиды аққу айдында,

Жылжымайды !. .

Махаббаттың ақ періштесі аққудың «сыңсып салған әніне тебіреніп», қамыс басының да қамығып, судың да жылағанын кім байқаған, кім сезінген?! Қамыққанды қамкөңілді жан ғана байқай алар! Жылап тұрғанды да жабырқаған жан ғана көре алар! Мына өмірдің қамығуы мен жабығуының талайғы бір сәттерінің күндері мен түндерін өз басынан кешірген Кәкімбек ағаның жан дүниесі ой мен сезімнен құралғаны бар-ды. Сол өз жан дүниесінің қамығуы мен жабығуын, Мұқағалиша айтқанда, «сағыныштың сал шекпенін жамылып» айта келген ақын Кәкімбек Салықовтың жан дүниесі адам баласына өзінің тап-таза, мөп-мөлдір қалпымен ашылып жүре берді. Сол тап-таза да мөп-мөлдір Кәкімбек ағаның жан дүниесінен ақтарыла төгілген жырларында адалдық бар еді. Ол адалдық адамды сүйе білген, өмірді сүйе білген сезіммен құндақталған-ды. Жер тереңінен шығып, шым-шымдап қана мөлдіреп, бір ағып жатар бұлақ суына лап қойғандай баршаның Кәкімбек Салықов поэзиясына бас салғанының бір сыры сол біз айтып отырған адалдық пен тазалығында жатыр. Бұлақ суына мейірім қандырған жолаушыдай болып біз де Кәкімбек ағаның жан дүниесінің тап-таза да мөлдірей біткен жырларын аса бір жан құштарлығымен сіміріп өстік. Бір құдіреті, аңсарлы көңіл сол өзі сімірген Кәкімбек Салықовтың жырларын өзді өзінен келіп ыңылдап әлдебір әнге салғызатын. Ақынның жырларының ән болып әуелей жүре бергендігінің бір сырының, міне, осында жатқандығы да бар. Ақынның жырларын жүректің өзі ән қылып қайыратын да, сол әнді көңілдің өзі шырқап салатын. Ал көңіл шырқап салған ән қашан болсын жүрек төрінен орын алатындығын ескерсек, мұндай ән мен поэзияның мәңгілік ғұмыры бар екендігін көңілімізге түйіп қойғанымыз да абзал.

Кездескенде қуанамыз бәріміз,

Қоштасарда қиналады жанымыз.

Кездесу мен қоштасудың арасын,

Жалғастырып тұрады екен сағыныш . . .

Міне, тағы да Кәкімбек ақынның жан дүниесі! Жан тазалығы да осы болар! Кездесу мен қоштасудың арасын жалғастырып тұрар нәзік бір көңіл, дегеніңіз сезім шыңырауында жатқан сағыныш екендігін ақын өзінің ой тереңдігімен анықтап айта білді. Ендігі арада ақынның «Сағыныш» атты жыры жанымызды жылытып, «Сағыныш» атты әні жан дүниемізді әлдилеп тұрады. Сол бір құдіретті сезім селімен жуылып тазарар жан дүниеміз.

Киелі Көкшенің ән мен жыр ордасы болып орныққан арда Айыртаудың баурайында дәурен кешкен от ауызды орынбай ақын, шырмауықша шырмалған жалған дүниеге ғашық болған Ақан сері мен гәккулетіп сайран кешкен Үкілі Ыбырай туған топырақта солардың іздері де, суымаған үндері мен әуендері де қалған болатын. Осындай жырлары мен әндерін өз ауыздарынан естіп, үйреніп қалған зерделі де зерек қарттары бар ортада өсіп, есейген Кәкімбек ағаға ақын болу оңай болған сыңайлы. Алайда, ақындықтың оңайлылығы болушы ма еді? Біз бұл оңайлылықты бала күнінен құлағына сіңісті болғаны және де көкірегіне жатталып қалған ән әуендерінің Кәкімбек ағаның санасында мол жатқандығы тұрғысынан айтар едік. Кейін Орынбай ақын, Ақан сері мен Үкілі Ыбырай сынды алыптардың жоқтаушысы да, солардың бай мұраларын зерттеп, түгендеушісі де болғандығы бала санасынан бертін келе хабар беріп тұрғандығы да әсер, еткен шығар.

Өлең деген - сарқылмайтын махаббат,

Қызығынан сағындырған мұңы көп!. .

Жабырқаған жаныңды жырмен жұбатып, жүрегіңнің мұңын әнмен айықтырар болсаңыз, қызығынан да сағындырар мұңы көп поэзияның құдіретін тани білгендік. Ақын Кәкімбек Салықов сол құдіретті тани білген, танып қана қоймай жүрегін жыр толғап, көкірегін ән кернеп, туған тума талант еді. Ол кеңшілікті тұрмыстың билеуімен меңгерсе, ақындық бойындағы туабітті қасиеті болатын. Сол қасиетті ақындығының қасиетті үні Кәкімбек жырларының іңкәрлікпен кең таралып кетуінің де бір сыры осы.

Ұқсаған тұлпарға да, сұңқарға да,

Болғаны қандай жақсы атаң дана.

«Бір сырлы, сегіз қырлы» бар қазақта,

Атасы серіліктің Ақан ғана,

деп айта білген Кәкімбек Салықовтың әрбір арнау жырларында терең де пайымды таным жатады да, ақын сол арқылы, бұрын-соңды жан иесі айта алмаған ой толғайды. Абайды «ақындықтың пайғамбары» десе, «Мағжан - ақындықтың Абылайы» деп бағасын асырады да «Бұйра шашы әсем толқып, бұрқырап, үлкен басы екі иыққа сыймайтын» деп Қанышты дәріптейді. «Нұрғиса деген сөзден күй төгіліп, Нұрғиса деген сөзден ән тамады» және де «Қос бұлбұл - Күләш, Бибігүл, «Гәкку» мен асыл «Гауһартас», - деп, тағы да терең ойлы, теңеулердің бояуын келістірері де бар. Қазақтың небір нар тұлғалы азаматтары, солардың ішінде Бәйкен Әшімов, Фазыл Кәрібжанов, Мұсахан Қанапиянов, тағы да басқа зиялылар жайындағы Кәкімбек Салықов туындыларының тумысы бөлек дүниелер ретінде танылары бар. Ақын осы тұлғаларды жырлау арқылы сол кезеңнің танымды тарихын да жаза білді.

Асқандай көп тізім шамадан,

Жасқандым жүректе жарадан.

Артымда, туған ел, сені ойлап,

Алыстап барамын жағадан!

-деген осы бір жыр жолдарын оқығанда сағымды елестің сағынышты самалымен желпінер көңіл шіркіннің не де болса бір мұңайып, бір кеңейген сәті болар. Әйтпесе, Көкшесі мен Есіл-Қызылжары, Жездісі мен Ұлытауы, Жетісуы мен Алатауы, Жезқазғаны мен Қарағандысы бар, оны қойып бар қазақ елінің Кәкімбек ақынды жатсынған жері жоқ еді.

Мөлдір, таза, ніл аспанды, кіл жазық,

Дала деген - Планетаның кеңдігі,

-деп қазақ даласының сол кеңдігін тұтас бір планетаның кеңдігіне сыйғыза айту үшін де бәлкім, ақын жүрегі де сол планеталық кеңдікпен пара-пар болуы керек шығар. Сол кең де дарқан жүректі ақын күні кешелі бері өзі айтқан өмір жағасынан алыстап кетіп бара жатқандай. Өзі алыстағанымен жан жырлары жаныңа жақындай түсері де бар! Өзі алыстаған сайын сазды әуендері жүрегіңнің сағыныш кілтін қайыра бір келіп, шертіп тұратыны да бар!

. . . Бір әнді аңсай береді көңіл шіркін! Сол аңсар ән тағы да жүрек түкпірінен үн қатқандай болады.

Сырғиды аққу айдында, сырғымайды,

Жақын барып хал-жайын кім сұрайды.

Қатар жүрген күндерді сыйлайықшы,

Біреу ерте, біреу кеш бір құлайды.

Бір құлайды, кім сұрайды,

Сырғиды аққу айдында,

Сырғымайды . . .

Ақын Кәкімбек Салықов «Қатар жүрген күндерді сыйлайықшы, біреу ерте, біреу кеш бір құлайды» деген өзінің өсиетімен де, таза да пәк жан тазалығының қасиетімен де ерекшеленеді.

Кәкімбек әке - шешесінен ерте, сәби шағында көз жазып қалды. Оны анасы Ақықтың ағасы Айтахмет Салықов тәрбиелеп өсірді.

Жарық дүниеге келіп, әлі көзін де ашып үлгермей жатып тағдырдың тәлкегіне түскен шақалақты бауырына тартып, тегін берген Айтахмет Кәкімбектің туған әкесіндей болды. 1955 жылы Мәскеудің түсті металлургия және алтын институтын аяқтағаннан кейін Жезқазған кенішінде кен мастері, участке бастығы, Қ. Сәтбаев атындағы кен-металлургия комбинаты партия комитетінің, Қазақстан КП қалалық комитетінің бірінші, Жезқазғанда екінші хатшы қызметін атқарды. Бозбала шағына дейін шындық шымылдығының ашылмағанын Кәкімбек Салықов шау тартқан шағынды БАҚ тілшілерінің біріне берген сұхбатында былайша еске алады:

. . . «ата-ананы көп айта бермеймін, себебі мен қырқымнан шықпай әкем дүниеден өткен, 1932 жылы. Анам 17 жасында қалып бара жатқанда әкем анамның ағасының қолына апарып тапсырған. Қарындасың жастай қалып барады, мына кішкентай бауыр етімді саған бердім, екі дүниеде сұрауым жоқ, асырап алыңдар» - депті. Сол кезде Айтахмет әкемнің үйіндегі баласы шетінеп кеткен екен, мені бала ғып бауырларына басыпты. Мен сол үйдің баласы болып өстім.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сонет жанрының тарихы
Ақын арнауларындағы тұлғалар галлереясы
Табиғат лирикасының қазақ әдебиетіндегі көріністері
Библиографиялау және библиографиялық қызмет көрсету
Кәкімбек поэзиясындағы туған жерге сағыныш
СОЛТҮСТІК ӨҢІРІНІҢ АҚЫН-ЖЫРАУЛАР ӨЛЕҢДЕРІНІҢ ТІЛДІК- КӨРКЕМДІК ҚЫРЛАРЫ
Ақан серінің махаббат лирикасы
Қазақ әдебиетіндегі төрттаған (рубаи) жанры
КӨКШЕ ӨҢІРІ АҚЫНДАР ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНДАҒЫ КӨРКЕМДІК ЕРЕКШЕЛІКТЕР
Қазіргі қазақ поэзиясы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz