Түркі тілдері жүйесіндегі қазақ және хакас тілдерінің орны


Мазмұны
Кіріспе . . . 3
Негізгі бөлім .
Қазақ және хакас халықтарының тарихи даму жолы және тілдік өзгерістер . . . 7
- Түркі тілдері жүйесіндегі қазақ және хакас тілдерінің орны
- Қазақ және хакас халықтарының лексикалық, фонетикалық, грамматикалық ерекшеліктері
Қорытынды . . . 45
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 50
Кіріспе
Зерттеудің өзектілігі. Көне түркі дәуірінде өмір сүріп, артына мол жазба мұра қалдырған мемлекеттік деңгейдегі түркілік бірлестіктер тек этникалық негізде ғана емес, географиялық-аумақтық негізде де құрылғаны тарихтан белгілі. Кең байтақ аумақты алып жатқан түркі елі өзіндік тілдік ерекшеліктері бар бірнеше түркі этникалық топтарын қамтығанын, сол көне тайпалардың қазіргі түркі халықтарының этностық құрамына шашырай таралғанын ескерсек, көне түркі жазбаларының барлық түркі халықтарына ортақ жәдігер, ортақ құндылық екені анық.
Көне тілдің ерекше белгілері қазіргі тілдердің тек біреуінен ғана емес, әр топтағы бірнеше тілдерден көрініс беруі де кезінде өзiндiк диалектiлiк ерекшелiктерi бар жалпытүркілік ортақ жазба әдеби тілінің қолданыста болғанының куәсі. Сондай-ақ әрбір мемлекеттік деңгейдегі тайпалық бірлестіктер құрамындағы саны жағынан басым топтардың немесе билеуші тайпалардың тілі де басымдыққа ие болатынын естен шығармау керек. Соған орай, көне түркілердің қазіргі мұрагерлерінің көне түркі жазба ескерткіштеріне қатысы қаншалықты дәрежеде, үлес-салмағы қандай деген мәселелердің туындауы да заңды. Қазіргі түркі тілдерінің ішінде көне түркі тілінің фонетикалық, лексика-грамматикалық құрылымын дәлме-дәл қайталайтын бірде-бір тіл жоқ. Тіл үнемі даму үстіндегі құбылыс болғандықтан, бұл - табиғи лингвистикалық заңдылық [1, 18] . Сондықтан ҮII-ІХ ғасырлардағы көне түркі елінің ортақ әдеби тіліне арқау болған тайпа тiлiн немесе диалектісін анықтау көне жазба мұралар тілін қазіргі түркі тілдерімен бірден жеке-дара салыстыру негізінде емес, сол дәуірлерде өмір сүріп, түркі қағанаттарының құрамында болған көне тайпаларға тікелей қатысы бар қазіргі түркі тілдерінің макротоптарын құрайтын бірнеше тілдер деректері негізінде қарастырса нәтижелі болмақ.
Түркі халықтарының сан ғасырлық даму тарихындағы түрлі әлеуметтік жағдайлар, көрші халықтарымен болған мәдени, экономикалық байланыстар тіл-тілде өзіндік іздерін қалдырғаны анық. Сонау Алтай дәуірінен бастау алатын түркі халықтарының қалыптасуы, дамуы барысында көрші халықтармен өзара қарым-қатынасының нәтижесінде экстралингвистикалық факторлардың орын алып жататыны анық [2, 22] . Мұндай жағдайлар бір тамырдан тараған түркі халықтарының тілдерінде де өзіндік айырмашылықтарды тудырып отырады. Өйткені түркі халықтарының ұзақ ғасырлар бойындағы қилы-қилы тағдыры олардың әрқайсысының жеке халық, ұлт болып бөлінуіне және тілдерінің де өзіндік өзгешеліктерімен дамуына әсер еткендігі тарихтан белгілі. Осындай ерекшеліктерді қазіргі түркі тілдерінің арасынан да кездестіруімізге әбден мүмкін. Бүгінгі күні түркі тілдерінің ішінде қазақ және хакас тілдерінде тарихи-мәдени байланыстар бұған дәлел.
Түркі тілдері классификациясы бойынша Батыс Ғұн бұтағындағы қыпшақ тобының ішіндегі қыпшақ-ноғай тобына жататын қазақ тілі мен қыпшақ-половец тобындағы хакас тілінің арасында ұқсастықтармен бірге фонетикалық, лексикалық, грамматикалық айырмашылықтар да орын алады. Мұндай ерекшеліктердің болуы заңды да. Көшпелі өмір салты тудырған ұлы мәдениет иелері саналатын қазақ және хакас халықтарының өзге көрші халықтармен байланысы олардың тілдерінде де едәуір ізін қалдырса, мұның өзі қазақ және хакас тілдерінің бір-бірімен өзара тілдік қарым-қатынасында көрініс табатыны анық. Бір түбірден тараған, ұзақ уақыт даму жолында тарихи-мәдени байланыс жасаған туыс халықтар арасындағы тілдік ерекшеліктерді айқындау тақырыптың өзектілігі болып табылады.
Зерттеу жұмысының дереккөзi. Орхон ескерткiштерi - Бiлгеқаған, Күлтегiн, Туниқуқ, Күлi Чор, Шу, Талас бойынан табылған басқа да шағын жазбалардың мәтiндерi (В. Радлов, П. Мелиоранский, С. Малов, Ғ. Айдаров, А. Аманжолов, Қ. Сартқожаұлының оқылымдары мен аудармалары бойынша) ; И. А. Батманов, З. Б. Арагачи т. б. авторлардың «Современная и древняя Енисейка» (1962), «Древние тюркские диалекты и их отражение в современных языках. Глоссарии. Указатель аффиксов» (1971), Д. Д. Васильевтiң «Корпус рунических памятников Енисея» (1983), «Древнетюрский словарь» (1969), Э. В. Севортянның «Этимологический словарь тюркских языков» (1974, Т. I; 1978, Т. II; 1980, Т. III, 1989, Т. IҮ), Л. З. Будаговтың «Сравнительный словарь турецко-татарских наречий» (1869, Т. 1; 1871, Т. 2. ), В. Вербицкийдiң «Словарь алтайского и аладагского наречий тюркского языка» (1884, 2-басылымы, 2005), М. Қашқаридың «Девону луғат-ит түрк» (Муталибов, 1960, Т. 1; 1961, Т. II; 1963, Т. III), Ә. Құрышжановтың «Исследование по лексике старокыпчакского письменного памятника ХII в. «Тюркско-арабского словаря» (1970) еңбектерiндегi деректер; Қазақ тiлiнiң түсiндiрме сөздiгi, 10 томдық (1974, 1976, 1978, 1979, 1980, 1985, 1986), I. Кеңесбаевтың «Қазақ тiлiнiң фразеологиялық сөздiгi» (1977), «Қазақ тiлiнiң диалектологиялық сөздiгi» (1996), сондай-ақ қарақалпақ, ноғай, татар, башқұрт, қырғыз, құмық т. б. тiлдердің түсiндiрме, диалектологиялық және екi тiлдi сөздiктерi қолданылды.
Зерттеудің нысаны. Қазақ және хакас тілдері, олардың тілдік ерекшеліктері.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Қазақ және хакас тілдерінің тарихи-мәдени даму жолдарын салыстыра отырып, тілдік ерекшеліктерін айқындау. Осы мақсатқа сай мынадай міндеттерді шешу көзделді:
- түркі халықтарының, олардың тілдерінің қалыптасу кезеңдеріне шолу;
- түркі тілдерінің классификациясына тоқталу;
- қазақ, хакас тілдерінің классификациялық ерекшеліктеріне шолу;
- қазақ және хакас халықтары мәдениетіндегі ерекшеліктерді көрсете отырып, олардың тілге әсеріне тоқталу;
- қазақ және хакас тілдерінің фонетикалық ерекшеліктерін айқындау;
- қазақ және хакас тілдерінің грамматикалық ерекшеліктерін айқындау.
- қазақ және хакас тілдерінің лексикалық ерекшеліктерін айқындау;
Зерттеудің ғылыми жаңалығы. Зерттеу жұмысында қазақ және хакас тілдерінің тарихи-мәдени байланыстарының тілдегі көріністері фонетикалық, лексикалық, грамматикалық ерекшеліктермен нақтыланады.
Зерттеудің әдісі. Тарихи-салыстырмалы, синхрондық, диахрондық әдістер, ретроспективтік тәсіл қолданылды.
Зерттеу жұмысының материалдары. Түркі тілдерінің қалыптасуына, дамуына, олардың тілдік ерекшеліктеріне қатысты ғылыми-зерттеу еңбектерде, қазіргі қазақ және хакас тілдеріне қатысты материалдар, сонымен бірге ғылыми жинақтар, сөздіктер пайдаланылды.
Зерттеу жұмысының құрылымы. Диплом жұмысы кіріспеден, негізгі бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Қазақ және хакас халықтарының тарихи даму жолы және тілдік өзгерістер
1. Түркі тілдері жүйесіндегі қазақ және хакас тілдерінің орны
Қазақ тілі - қыпшақ тілдер тобындағы ең бай және көркем тіл. Қазақ тілі - түркі тілдер тобына жататын көне тілдердің бірі. Қазақ тілі түркі тілінің «қыпшақ-ноғай тілдері» деп аталатын [3, 7] тобына жатады.
Қазақ халқы өзінің сан ғасырлық тарихы бойында басқа түркі халықтарымен қонысы, саяси шаруашылық жағдайы жағынан да тығыз байланысты болып келгені сияқты, оның тілі де сол халықтар тілімен өте жақын қарым-қатынаста болды.
Бұл жағдайлар көне замандардан басталатын жазу түрлерінің, жазба нұсқалардың түркі халықтарының барлығына да ортақтығын, оларды қалыптастыруға, дамытуға олардың барлығының да, солардың ішінде біздің бабаларымыздың да, шама-шарықтарынша өз үлестерін қосқандығын байқатады. Сондықтан да олар қазіргі түркі халықтарының, солардың ішінде қазақ халықтарының да жазу тарихының, жазба нұсқалары тарихының бір кезеңі, көне замандық белгісі ретінде танылады. Осыған орай қазақ тілі туыстық сипаты жағынан да, ұқсастық белгілері жағынан да «түркі тілдері» деп аталатын топқа қосылады. Типологиялық белгілері жағынан басқа түркі тілдері сияқты қазақ тілі де жалғамалы (агглютинативті) тіл деп есептеледі.
Қазақ тiлi - түпкi түркі түрiн сақтаған байырғы тiл. Қазақ тiлi ғайыптан пайда болған жоқ және оқшау жаратылған тiл емес. Оның шыққан ататегi бар. Қазақ тiлi түркi тiлдерi деп аталатын алып бәйтеректiң аса бiр iрi тармағына жатады. Бiр негiзден өрбiп, түркi ата тiлiнен тарағандықтан әзербайжан, балкар, башқұрт, ғағауыз, қазақ, қарақалпақ, қарайым, қарашай, құмық, қырғыз, ноғай, өзбек, саха (якут), татар, тофалар, туба, түрiк, түрiкмен, ұйғыр, чуваш, хакас тiлдерi түркi тiлдерi деп аталады [3, 22] .
Түбі бір түркі тілдерін бұтақтары тармақталып жапырақ жайған алып бәйтерекке ұқсатамыз. Қазақ тiлiнiң түркi тiлдерiмен туыстас болатын себебi ай, тәңiр, көк, жер, су тәрiздi зат есiмдер, бас, тiс көз, қол, аяқ тәрiздi дене мүше атаулары, ақ, қара, көк, сары, қызыл тәрiздi сын есiмдер, ондық, жүздiк, мыңдықты бiлдiретiн сан есiмдер, бар, кел, жүр, ұш, отыр, тұр, жат тәрiздi етiстiк, апа, қарындас, ата, келiн, қайын т. б. сияқты туыстық атаулар ортақ болып келедi [4, 56] . Өмiрлiк мәнi бар мұндай атаулар әдетте ауыс-түйiстiкке жатпайды, сондай-ақ олар түркi тiлдерiнiң бiр негiзден, бiр ата тiлден тарағандығының белгiсi болып табылады. Грамматикалық шақ, жақ көрсеткiштерi мен негiзгi септiктердiң түркi тiлдерiне ортақ болып келуi олардың бiр ата тiлден тарағандығын, туыстығын көрсететiн ең сенiмдi тiлдiк деректер.
Туыстығы жағынан қарақалпақ, ноғай, өзбек тiлiнiң қыпшақ диалектiсi, сондай-ақ татар, қырғыз тiлдерi қазақ тiлiне ең жақын тiлдерге жатады [2, 41] . Туыстығы алыс саха, чуваш тәрiздi тiлдердi, туыстығы бiршама жақын, туыстығы өте жақын тiлдердiң деректерiн салыстыру арқылы тiлiмiздiң қандай көнелiк белгiлердi сақтағанын, дыбыстық, мағыналық жақтан қандай өзгерiстердi өткергенiн өз зерттеулерiнде тiл мамандары айқындап бередi. Ғылыми мәнi зор болғандықтан тiлдердiң туыстығына зерттеушiлер ерекше көңiл бөледi. Түркі тілдерінің туыстастығы олардың лексикалық мағынасынан, дыбыстық жүйесінен, грамматикалық құрылысынан нақты байқалады. Сонымен қатар, түркі тілдерінің әрқайсысына тән фонетикалық, лексикалық, грамматикалық өзгешеліктер де болады. Ондай өзгешеліктерді қазақ тілін басқа туыстас тілдермен салыстыра отырып байқауға болады.
1. Басқа түркі тілдерінде б, ғ, г дыбыстары келетін орындарда қазақтар у, к, қ дыбыстарын қолданады.
Мысалы: Аба - ауа, тағ - тау, гелді - келді, гырмызы - қырмызы.
2. Басқа түркі тілдерінде ш дыбысы келетін біраз сөздерде қазақтар с дыбысын қолданады.
Мысалы: баш - бас, таш - тас, т. б.
3. Басқа түркі тілдерінде сөз басында и дыбысы келетін жерде қазақ тілінде ж дыбысы айтылады.
Мысалы: иаш - жас, иол - жол, иаз - жаз, иыл - жыл, т. б.
4. Түркі тілдерінде -лар қосымшасы дыбыс үндестігіне сәйкес өзгермесе, қазақ тілінде өзгереді.
Мысалы: маллар - малдар, атлар - аттар, т. б.
5. Басқа тілдерде сұрау есімдігінде н дыбысын қолданса, қазақ тілінде и дыбысы қолданылады.
Мысалы: қандай, қайда т. б
6. Кейбір түркі тілдерінде дауысты дыбыстардың созылыңқы түрі болса, қазақ тілінде ол жоқ [3, 18] .
Қазақ - қазірде Қазақстан Реаспубликасының негізгі тұрғындарының байырғы халқының ұлттық этникалық атауы. Оның этникалық атау ретінде қоданылуы ХІҮ-ХҮ ғасырлардан басталады.
«Қазақ ССР тарихында» қазақтың байтақ далаларын жайлаған алуан түрлі тайпалар көне тас дәуірінде-ақ көріне бастаған. Олардың ең ірілерінің бірі - сақтар. Сақтардың негізінде қалыптасып, өз дәуірінде мәдениетті, күшті мемлекеттер болғаны да аз емес. Олардың қатарында ғұндар мен үйсін, қаңлы, қыпшақ бірлестіктері де жатады [5, 87] . Қазақтардың шығу тегі осылардан басталады дегенді айтады. Тарихшы ғалымдардың айтуларына қарағанда, көптеген түркі тілдерінде сөз басында келетін « и» орныны « ж» дыбысын қолданып сөйлейтін қауым көне замандарда да болған [6, 15] . Ол туралы мәлімет Махмуд Қашқаридің «Диуанында» да, араб, грек, парсы жиһанкездерінің, оқымыстыларының жазып кеткен ескерткіш материалдарында да бар көрінеді.
Сөз басында «ж» дыбысын қолдану қазақ тілінің ең негізгі белгілерінің бірі екенін ескерсек, қазақ халқының да, оның тілінің де көне халықтардың, көне тілдердің бірі екендігі байқалады. Қазақстанның көне халық екендігін кезінде М. Дулатов та айтқан. Ол қазақтар ХІҮ ғасырдан бастап, белгілі болды деу қате. 1020 жылдарда өмір сүрген атақты Фердауси өзінің тарихында қазақ жұрты және қазақ хандары туралы жазады. «Бұған қарағанда қазақ Фердаусиден бұрын мемлекетті жұрт болғандығы көрінеді», - [3, 85] деп жазады. Бұл мәселеде халықтың да, оның тілінің де бір мезгіл ішінде бірден, кенеттен пайда болмай қалатындығын да естен шығармау жөн. Халқымыздың не себептен «қазақ» деп аталатындығы күні бүгінге дейін дәлелді шешімін таба алмай келеді. Ең алдымен, есте ұстауға тиісті жайт - этникалық бірлік пен оған атау болған сөздің, терминнің бір дәуірде бірге пайда болмайтыны сөз, яғни атау, белгілі бір этникалық бірліктен бұрын да тілде немесе тілдерде бола беруі мүмкін. Мұны біз «қазақ» сөзінің тарихынан да байқаймыз.
Бұл сөздің тарихын, этимологиясын зерттеген ғалымдар «қазақ» сөзі «қаағ - қа соғ», «қаз-ақ» түрінде ерте заманда да сонау ҮІІІ ғасырдың өзінде де болған. Ол ҮІІІ ғасырда өмір сүрген монах Эпифонидың еңбегінде кездеседі дейді (Лавров П. И) . Венгер ғылым академиясының корреспандент мүшесі түрколог А. Вамбери «Түркі халықтарының этнографиясы мен этимологиясы» атты еңбегінде қазақ сөзі ІХ ғасырда бүкіл әлемге белгілі болған атау дегенді айтады [1, 48] . Түрколог А. И. Левшин В. Радловтың мәлімдемесіне сүйене отырып, атақты Фердаусидің «Шахнама» атты туындысында қазақ ханы туралы мәлімет бар дейді. «Қазақ» деген сөздің халық атауы ретінде пайдаланылуы Х ғасырда жазылған орыс жылнамаларында да кездеседі [2, 60-61] .
Ал енді, зертеу нысанының бірі болып оырған хакас халқының тарихына тоқталсақ. Хакастар Дағыстан, Шешенстан, Ингушетия және Солтүстік Осетия аймағында мекен етеді. ТМД-да 3-ға жуық хакас бар. Хакастар ана тілдері хакас тілінде сөйлейді. Хакас тілі түркі тілдерінің қыпшақ тобына кіреді. 1926 жылға дейін араб, 1929 - 1938 жылдар арасында латын және кейіннен кирилл әліпбиін қолданған. Хакастар ислам дінін ұстанады [7, 256] . Бұл мәлімет хакас халқының қазіргі тарих сахнасындағы бір бөлшегі. Ал осы хакас халқының өткен тарихына бір көз жүгіртсек. Бір кезде Алтын Орда мемлекетінің тілі болған қыпшақ тілі Алтын Орда мемлекетінің құлауына, ыдырауына байланысты қыпшақ - половшы, қыпшақ - бұлғар, қыпшақ - ноғай тілдері деген атпен кесек үш топқа бөлінеді. Енді қыпшақ - половшы тобына тоқталсақ: мұндағы «половшы» орыс тіліндегі «поль» деген сөзден шыққан, ал «поль» дала деген мағына береді. Кейбір әдебиеттерде қыпшақтарды печенегтер деп те атайды. Бұл топқа көне қыпшақ, қарашай-балқар, хакас, қырым татарлары тілдері (диалектілері) жатады деп өз зерттеуінде Т. Қордабаев жазады [2, 60-61] . Ал Л. С. Левитская: хакас тілі ХҮІІІ ғасыр аяғы - ХІХ ғасырдың бірінше жартысындағы ғылыми еңбектерде татар, (сол кездегі терминология бойынша) яғни түркі тілінің кавказдық наречиесі (диалекті) деп аталды. «Хакас» этнонимінің шығу тегі әзірге анықталмаған, көптеген зерттеушілер оны «қимақ» терминімен ІХ ғасырдың екінші жартысында қалыптасқан түркі тайпалары бірлестігінің атауымен теңестіреді. [2, 60-61] .
Хакастардың саны 1989 жылғы санақ бойынша 282000 адамды құраған. Хакастардың 97, 4% хакас тілін ана тіліміз деп санайды, 76, 6% хакастар орыс тілін еркін меңгерген [8, 91] .
Ал енді Р. Бердібай хакастар жайлы былай деп жазады: «Дағыстанды жайлаған көптеген ұлттар мен ұлыстар арасында хакастар көрнекті орын алады. Олар ежелден бұл өлкенің құнарлы жазығын мекен еткен. Хакастар Бабаюрт, Хасавюрт, Қызылюрт, Бойнақ, Ленин, Қиякент, Қайтас деген аудандарда және Махачкала, Кизляр, Дербент т. б. қалаларда тұрады. Көрші Чечен, Ингуш, Солтүстік Осетияға шашырап қоныстанғандары да кездеседі. Соңғы есеп бойынша хакастардың саны үш жүз мыңнан асады» [4, 68] .
Қыпшақ тілінде сөйлейтін бұл халықтың ерте замандағы тарихы аз зерттелген. Сондықтан хакасқа қатысты тарихи мәліметтердің орыс тілінде жазылғандары ғана белгілі. Бұл деректерді қалдырушылар өздерінің алдында сол елді қалай еткенде Ресей империясы қарауына бағындыруға болады деген бір ғана мақсат қойған. Мәселен, бірінші Петр әскерінің капитаны Иван Гербер Дағыстанда ұзақ уақыт болған кезінде хакастардың еліне көз тігіп, көп мағлұмат жинаған (1728) . Бұл жазбаларда хакастардың егіншілік кәсіппен, сауда-саттықпен айналысатыны, жергілікті әкімдердің (шамхал) ел билеу жүйесі, әскери күші сөз болған. Дағыстан, соның ішінде хакастар жөнінде бұдан да толығырақ мағлұматты П. Г. Бутков өзінің «Кавказдың 1722-1803 жылдарындағы жаңа тарихының материалдары» деген үш томдық еңбегінде (1869) келтірілген [8, 14] . Ерекше тапсырмамен 1768-1775 жылдары Кавказға саяхат шеккен И. А. Гильденштент хакастардың билеушілері арасындағы қақтығыстармен алауыздықтарды аңғарып қайтқан. С. М. Броневский 1796 жылы парсы жорығына қатысқаннан кейін хакастардың мемлекеттік жүйесін Кавказда қызмет ете жүріп зерттеген, олардың санын, қыпшақ тектестігін, жерінің шүйгін екендігін атап көрсеткен. Ал академик Э. И. Эйхвальд орыс - хакас қарым-қатынасының ХҮІ ғасырдан берідегі тарихын тексерген [5, 78] .
Хакастар жайында деректер тізген еңбектер қатарында П. Зубвовтың Кавказ өлкесінің тарихи, статистикалық, сауда жүргізу жағдайын баяндаған зерттеуі аталады. Ал орыс офицері М. Б. Лобанов-Ростовскийдің «хакастардың салттары мен заңдары» [9, 92] деген еңбегінде хакастардың этногенезі, қоғамдық құрылысы, әулеттік бөліністері, халықтан салық жинау тәртібі турасында тұжырымдар баяндалған. Әзірбайжан тарихшысы А. Бакиханов «Гюлистан-Иран» деген зерттеуінде Дағыстан мен Ширваның арасындағы терең байланыстарғы ерекше көңіл бөлген. Бұл тақырыпқа М. М. Коволевский де қалам тартып, елеулі үлес қосқан («Кавказдықтардың заң және әдеттері») [9, 92] . Ал Н. С. Семеновтың «Солтүстік-Шығыс Кавказдың тұрғындары» деген монографиясының бір тарауы толығымен хакастарға арналған.
Бұл көрсетілгендер хакастар туралы зерттеушілер көптеген мағлұмат жинағанын аңғартады. Осы аталаған зерттеулер мен жинақтарда хакас халқының тарихы, этнографиясы, мәдениеті, салты мен фольклоры жөніндегі көптеген құнды ойлар мен қортындылар берілген. Сонымен қатар бұл басылымдардың көбі хакастар халін ұлы державалық Ресей шовинизмі тұрғысынан қарап баяндағаны күмән келтірмейді. Сондықтан мұндай материалдарды сын көзімен қарап, пайдалану қажет.
Бұрынғы өткен бұлдыр замандарды айтпағанда қазіргі хакас жеріндегі түрік тайпаларды біздің эрамыздың басынан бері қарай өмір кешіп келгені ғылымда толық негізделген тұжырым. Көп уақытқа дейін бұл өңір гундер жері деп аталған. Бұдан кейінгі кезеңде түркі тілді саверлер мен болгарлар аты жиі кездеседі. Көршілес даргинде ерте кезде хакастарды Жандар деп атағаны белгілі [7. 19] . ХІІ ғасырда Батыс Түрік қағанатының үстемдікке жетуіне байланысты болғарлар бірлестігі ыдырап, Дунай мен Волгаға бет алады. Бұдан кейін билік құрған Хазар қағанаты Х-ХІ ғасырларда мұнда қыпшақ, қимақтар қоныстанады. Дәл осы тұс хакас жерінің түріктенуі біржолата аяқталған кезең болып есептеледі
Қыпшақ тілі моңғол жаушылығы кезінде де өзінің қолдану өрісін азайтпаған, моңғолдардың өзі көп ұзамай осы тілде сөйлейтін болған. Алтын Орда хандарының жарлықтары орта азиялық, түркі тілінде де, қыпшақ тілінде де жазылуы дәстүрге айналады. Оңтүсік хакас тілінде оғыз диалектісінің элементтері байқалғанымен, әдеби тіл қыпшақ тілі болып қалыптасады.
«Хакас» деген сөздің түбірін зерттеушілер түрліше түсіндіреді. Олардың кейбіреулері бұл терминді қимақ-қыпшақтан таратса, екіншілері «құм», «құмлық» дегеннен шығарады [7. 12] . Дегенмен бұл пікірді қай-қайсысы да біржолата мойындала қоймаған.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz