Қазақ интеллигенциясының қалыптасу ерекшеліктері


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 4
1 ҚАЗАҚ ИНТЕЛЛИГЕНЦИЯСЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
1. 1 Ұлттық интеллигенция түсінігі және оның тарихы 12
1. 2 Қазақ интеллигенциясының әлемдік өркениетте алатын орны 21
1. 3 Көкше өңірі зиялыларының қалыптасу ерекшеліктері 24
2 XIX ҒАСЫРДЫҢ СОҢЫ МЕН XX ҒАСЫРДЫҢ БІРІНШІ ЖАРТЫСЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ӨҢІРІНЕН ШЫҚҚАН ҰЛТ ЗИЯЛЫЛАРЫ
2. 1 XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың бірінші ширегіндегі өлкедегі қоғамдық-саяси жағдай 38
2. 2 Көкшетау өңірінің тарихи тұлғалары және олардың қоғамдық-саяси
қызметі 43
2. 3 Өлкедегі ұлттық демократиялық интеллигенцияның мәдениет саласындағы қызметі 80
ҚОРЫТЫНДЫ 83
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 86
ҚОСЫМШАЛАР 89
КІРІСПЕ
Зерттеу жұмысының өзектілігі. Қазақ қоғамының дамуының тәуелсіздік кезеңінде, рух пен дін, тіл халықтың әл-ауқат негізі шаруашылық-экономикалық мәселелерін тарихи таным тұрғысынан жаңаша ой-пікір мен көзқарастарды қалыптастыруда тарих ғылымының бүгінгі рөлі жоғары. Отандык тарихнамада тарихшылар осы мәселелерді соңғы бес-алты жылда жүйелі түрде қойып келеді. Өткен ұрпақтың осы жолдағы күресінің интелектуальдық теориялық табыстарын қайта бағамдамайынша бүгінгі ұлттық идеологиямыздың негізін қалыптастыру мүмкін еместігіне қоғам танушы ғалымдар үнемі назар аударып отыр.
Зерттеушілерге XIX ғасырдың екінші жартысы мен XX ғасырдың бас кезеңі ерекше ынта-ықылас туғызатыны даусыз. Ресейде капиталистік қатынастардың дамуы орталықтағы ғана емес, сонымен атар бүкіл отарлық шет аймақтардағы өмір салаларында да, экономикада, мемлекеттік құрылымда, мәдениетте ғаламат өзгерістерге жеткізді. Жаңа экономикалық укладтың объективті заңдарының ықпалымен қазақтың қоғамдық санасында елеулі өзгерістер орнығып, ұлттық интеллигенция қалыптаса бастады. Сондай-ақ Ресейде парламеттік жүйенің өмірге келуі, қазақ даласы өкілдерінің 1 және 11 Думаға депутат боп сайлануы ұлт зиялыларының саяси сана мен тәжиірбесінің жетілуіне ықпал жасады. Қазақстанның солтүстік- шығыс өңірі Ресейде жүріп жатқан қызу саяси үрдістің ықпалында дамып, жергілікті ұлт өкілдері мемлекеттік-саяси процестерге тартылғанын Шаймерден Қосшығұлұлының екі мәрте мемлекеттік Думаға мүшелікке сайлануы, 1906 бүкілресейлік мұсылмандар фракциясына қатысып оның бағдарламасын жасауға қатысуы үлкен саяси маңызы бар оқиға еді, Айдархан Тұрлыбаев сынды алаш қайраткерінің Алаш Орда үкіметінің - Ұлт Кеңесінің мүшесі болғанының өзі-ақ көрсетеді. Сондай-ақ Көкше өңірінен шыққан ұлт мүддесі үшін күрескен қайраткердің бірі ол Мәмбетәлі Шөбекұлының шаруашылықты оның ішінде егіншілікті қазақ жерінде дамыту жөніндегі идеялары өзінің өзектілігін әлі күнге жойған емес немесе Науан Хазіреттің діни-рухани тұтастығымыз үшін күресі соңғы кезде елімізге жауыннан кейінгі саңырау құлақтай қаптап кеткен түрлі секталардың шабуылына қарсы күресушілер үшін үлгі боларлықтай. Оның үстіне сол кезде де дін мен діл ұлттық білім беру жүйесіндегі мәселелермен тығыз байланыста болғанын байқаймыз.
Соңғы ғасырлар бойы, қазақ жерінде орын алған түрлі саяси оқиғалар ұлттық дүниетаным өрісін тұмшалап, ұлт мүддесінің шын жанашыры зиялылар қатарын сирете түскендігі тарихтан белгілі. Өзіне бүкіл әлемнің сыни көзқарасын туғызған тоталитаризм, халық мәдениетінде ұлт игілігіне үнемі ұйытқы болып отырғын зиялылар ісін аяққа басып, тұлға ақиқатын терістеген бейнесімен қалды. Мұндай қоғамда адам құндылығының жойылып, рухының жаси бастайтынын да бүгін уақыт дәлелдеп отыр. Г. Лебон жазып кеткен, қай уақытта да «қол астына түрлі-түрлі халықты ноқталап отырған үлкен империялардың маңдайына ешқандай ұзақ өмір сүру жазылмаған» [1] .
Ұлт зиялыларының өздері болмаса да, олардың дербес рухани тұлғасы кейінгі ұрпаққа, елге арнаған игі істері, мұралары арқылы жететіндігіне де тарих куә. Олардың халық мүддесі үшін атқарған парызды қызметтерін ел үшін игілік, ұрпақ үшін құндылық дейтін себебіміз сол. Сондықтан да біз, соңғы кездері азғана уақыт ішінде елімізде қолға алынып отырған ұлт тарихы мен мәдениетін зерттеу жолындағы мәселелерді халық игілігі үшін атқарылып отырған іс деп есептейміз. Бірақ, бұл жолда жүрген адамның алдында ұлт құндылықтарын игеріп жарыққа шығарумен қатар, оған жанашырлық пен қарау міндетінің де тұрғандығын ескергеніміз абзал.
Ұлттық интеллигенция феноменін тарихи негізде, әлеуметтік философия тұрғысында зерттеудің мәні халықтың рухани дүниесін, сол рухани дүние өкілдері зиялылар тағдырының шындығын кейінгі ұрпақ буынға жеткізіп отыруымен терең және өзекті. Отандық мәдениеттанушы ғалым, Т. Х. Ғабитов жазғандай: «Мәдениет адамзат тарихын адамдық ететін, оның жалғасы мен мұрагерлік құпиясын ашатын күш» болғандықтан, оның дамуына ұйытқы болып отыратын да ұлттық интеллигенция өкілдерінің тұлғалық феномені [2] . Сондықтан зиялылар тағдыры ел игілігімен сабақтас. Ұлт тұлғаларының рухани болмысына тән кез-келген мәдени құбылыс халықтың игілік мұратына тәуелді. Философия қызметі осы тарихи шындықтың рухани мәнін жан-жақты зерделеп, халыққа түсіндіріп отыруымен терең.
Кеңес өкіметі кезінде қоғамдық ғылымда үстем болып келген таптық көзқарас ұғымы әрбір адам мен әрбір халықтың жеке өзінің бостандығы, бүкіл адамзат мәдениетіндегі жетістіктерге еркін қол жеткізу құқығы сияқты жалпы адам баласына тән өркениетті игеру жолында қажырлықпен күрескен ХІХ-ХХ ғасырлардағы қазақ интеллигенциясының қызметін объективті зерттеуге кедергі жасаған болса, тәуелсіздіктің алғашқы жылдары алаштың ардақтыларының ұлт-азаттығы жолындағы күрестегі тарихи орнын қалпына келтіруге ұмтылғанымен ұлт зиялылары күресін бүтіндей бағамдауға ғылыми әділ қөзқарастың жеткіліксіздігі айқын байқалды. Қазақ интеллигенциясының қалыптасу тарихы, осы процестің тарихи-мәдени алғышарттары бір жақты қарастырылды. Қазақ интеллигенциясы алдыңғы қатарлы орыс мәдениетінің ықпалымен қалыптасып дамыды деген сыңаржақ қағида орын алды. Қазақ интеллигенциясын қалыптастырудағы ұлттық рухани бастау-көздер, қоғамда орын алған әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдайлардың ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен XX ғасырдың бас кезіндегі қазақ интеллигенциясының жаңа легінің пайда болуы мен оның нақтылы іс-әрекетіне жасаған әсері, зерттеушілер назарынан тыс қалды. Ал Алаш қозғалысының пайда болуына ұйытқы болып, Алаш партиясы мен Алашорда үкіметінің белсенді қайраткерлері болған Әлихан Бөкейхановтың төңірегіне топтасқан ұлт зиялылары «халық жаулары» деген жалған жалалармен айыпталып, олар туралы айтуға да, жазуға да ресми түрде тыйым салынды. Осынау күрделі тарихымыздың кезінде зерттеуге тыйым салынған «ақтаңдақ» беттерін саралау бүгінгі күн тарихшыларының алдындағы үлкен міндеттердің бірі.
Зерттеу жұмысының мақсаты. Көкшетау өңірінен шыққан қазақ зиялыларының халық мүддесіне қосқан үлестерін зерделеу және сол арқылы ұлттық мәдениет пен қоғам дамуындағы дербес тұлғасын көрсету болып табылады. ХХ ғасырдың басындағы зиялы қауымның пайда болуының тарихи - мәдени алғышарттарын анықтау, оған нақты тарихи құжаттар негізінде талдау жасау, ұлттық зиялы қауымның ХІХ ғасырдың екінші жартысы - ХХ ғасырдың басындағы Қазақстанның қоғамдық - саяси өмірінде алатын орны мен атқарған қызмет рөліне баға беру болып табылады.
Зерттеу жұмысының негізгі міндеттері:
- XIX ғ. соңы мен ХХ ғасырдың бірінші ширегінде қазақ зиялыларының тарихының күрделі тұстарын зерттеу мәселесін қарастыру. Ұлттық реакцияшыл ұстанымда қалыптасқан қазақ зиялыларының ел болашағын өз алдына дара мемлекет құру жолынан көрсете білу.
- Ұлттық интеллигенция феноменін тарихи-әлеуметтік тұрғыда зерттеу, осыған сәйкес интеллигенция ұғымының нақты өлшемдерін, адам-әлем мәселесінің рухани-әлеуметтік негіздерін айқындау.
- Қазақ зиялыларының қалыптасу ерекшеліктерін зерделеу, рухани тұлғасының дербестігін, тұлғалық феномені: тектілігі мен даналығын көрсету.
- Ұлттық мүдде тұрғысыдағы қызметтерін, ұлттық идеяға қосқан үлестерін айту.
- Ұлттық идеяның әлеуметтік мәні мен халықтық рухын көрсету.
- Ұлттық мәдениет түсінігін, рухын ұлттық интеллигенция өкілдерінің тарихи тұлғасы негізінде зерттеу. Осыған сай ұлттық мәдениет пен ұлттық интеллигенция қызметінің тұтастығын анықтау.
- Қазақ зиялыларының әлемдік өркениетке қосқан үлестерін айту, әлем мәдениеті кеңістігіндегі қазақ зиялыларының тұлғасын көрсету.
- Осыған сәйкес өркениеттілік түсінігінің ұлттық мәдениет кеңістігіне сай тарихи тұлғалық көріністерін жаңа уақыт талабына сай зерттеу.
Зерттеу жұмысының пәні. Қазақстан тарихында ерекше зерттеуге тұрарлық тақырыптардың бірі. Яғни, зиялыларымыздың тарихи тұлғасына тән бұл құндылықтардың, философия тұрғысында ұлттық интеллигенция феноменін зерттеуге қосар үлесі, жаңалығы баршылық.
Зерттеу жұмысының нысаны. Қазақ зиялыларының ұлт мәдениетінде алар орны және ұлт мүддесіне қосқан үлесі. Зерттеу пәніне қазақ зиялыларының тұлғалық ерекшеліктері және оның қазақ мәдениетіндегі дербес рухани көзқарасы.
Зерттеу жұмысының теориялық және әдіснамалық негізі. Дипломдық жұмыстың теориялық мәні осы тақырыптың әлеуметтік-философиялық шеңберде қарастырылуымен айқын. Дипломдық ізденістің ғылыми нәтижелері халық мүддесіне қызмет етеді. Ұлт азаттығы қозғалысын объективті көзқарастар тұрғысынан қарастыру принципі алынды. Мәселе нақты тарихи қажеттілік, тарихи тағылым тұрғысынан қарастырылды. Дипломдық жұмысты орындау мақсатында, негізге алған идеялар мен ғылыми тұжырымдамалар әлеуметтік философия ғылымында кеңінен қолданылып жүрген тарихи ұстаным, жан-жақты зерделеу және объективті негізде қарастыру, тарихи және әлеуметтік тұрғыда талдау, логикалық сараптау, жүйелеу сынды әдістер шеңберінде зерттелді және жүйеленді.
Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы. Ұлт зиялыларының қалыптасу үрдістерін саяси-қоғамдық процестермен байланыстыра қарастыру сондай-ақ әліде болса алаш қайраткерлері оның кейбір белсенділерінің өмірі мен қызметін зерттей түсуге назар аудару.
Зерттеу жұмысының тәжірбиелік маңызы. Дипломдық жұмыстың практикалық мәні оның ғылыми нәтижелерінің жоғары, орта оқу орындарының студенттері үшін оқу құралдарын құрастыру ісінде пайдалануға сонымен қатар, әлеуметтік-философия мен өзге де қоғамдық пәндер айналымында дәріс сабақтарында қолдануға және ұлттық идея, ұлттық мүдде, ұлттық мәдениет тақырыптары төңірегінде арнайы курс дайындауға болады. Зерттеу жұмысын Қазақстан тарихынан жоғарғы оқу орындарында, арнайы курста, жалпы қоғамдық ғылым саласындағы еңбектерде, мектепте пайдалануға болады.
Көкше өңірінен шыққан алаш қайраткерлерінің Науан Хазірет, Шәймерден Қосшығұлов, Айдархан Тұрлыбаев сынды қайраткерлерінің интелектуалдық, азаматтық күрес жолы кімге болса да үлгі жол, халқына адал қызмет еткен ерледің кейінгі ұрпаққа қалдырған аманаты, саяси-идеялогиялық капиталы ендеше біздер осынау еркін ойлауға мүмкіндік туып тұрған заманда ол кісілер аңсаған ұлт мұрат-мақсаттары жолындағы күрес тарихын зерделеу қасиетті парызымыз боп табылады. Тәуелсіз Қазақстанның мемлекеттік ұстанымдарын нығайтуда олардың кейбір идеялары мен ұстанымдары уақыт тезінен өтіп өзінің өміршеңдігін дәлелдей түсуде. Мәселен алаш қайраткерлерінің маңдай алды тұлғасы Бөкейхановтың бөлінбейтін біртұтас Ресей идеясынан айнымаған кадет партиясынан шығуы осы ұлттық мұрат-ұлттық мемлекет идеясынан туған еді.
Халықтың өткенін зерттеп зерделеу оның алдыңғы қатарлы өкілдерінің өмірін білу тарихы, шындықты сол күйінде көрсету келешек ұрпақтың тарихты терең түсінуінің, олардың саяси ойлау мәдениеті дамуының кепілі.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Зиялы қауым тақырыбы әрбір дәуір тынысы, оқиғалардың ықпал-әсерімен қоғамтанушылар еңбектерінде әр қырынан қарастырылып келді. Зиялы қауымның пайда болуы, қалыптасу тарихына, қызмет ету механизміне, қоғамдағы рөліне арнап шетелдік тарихшылар да, кеңестік ғалымдар мен бүгінгі зерттеушілер де бірқатар еңбектер жариялады. Қазақстандық тарихнамада 20-30 жылдары кеңестік болмыс өктемдігі салқынын тигізген бірқатар ғылыми еңбектер жазылып, оларда күні бүгінге дейін кесімді шешімін таппаған проблемалар, атап айтқанда қазақ зиялы қауымның пайда болуы мен қалыптасу жағдайлары қарастырылды.
Халқымыздың біртуар ұлы Т. Рысқұлов қазақ интеллигенциясының тарихи тағдырына зор көңіл бөліп, оның пайда болуы мен қалыптасуының хронологиялық ауқымын ХІХ ғасырдың аяғына жатқызды. Ол қазақ интеллигенциясы өкілдерінің қызметін саяси, әлеуметтік, ұлттық бағдарды негізге ала отырып саралаудың дәйектілігін атап өтті [3] . Қазақстандағы тарих ғылымының негізін қалаушылардың бірі С. Ж. Асфендияров та өлкеде интеллигенцияның қалыптаса бастауын ХІХ ғасырға жатқызды [4] .
Алайда, қатаң таптық методологияға негізделген кеңестік тарихнамада революцияға дейін қазақ интеллигенциясы болғанын теріске шығаратын тұжырымдама берік орнықты. Ұлттық интеллигенцияның пайда болуы мен қалыптасуын қарастыратын арнайы еңбектің атының өзі осыны дәлелдейді.
Ұлттық зиялы қауым тақырыбын зерттеудің 70-жылдардан бастап едәуір жандана түскені байқалады. Проблеманың жекелеген қырларын зерттеуге арналған, қазақ зиялы қауымы өкілдерінің өмірбаяндық деректеріне, олардың саяси және дүниетанымдық қөзқарастарына тереңірек бойлаған еңбектері шықты (Қ. Бисембиев, С. Бейсенбаев, Қ. Жаманбаев т. б. ) . Солардың ішінен Р. Б. Сүлейменовтің орыс тілінде жарық көрген «Мәдени революцияның лениндік идеялары және олардың Қазақстанда жүзеге асырылуы» [5] деген іргелі еңбегін атап өткен жөн.
60-жылдардың орта шеніне карай отандық ғалымдардың еңбектерінде Қазақстандағы социалистік құрылыстың түрлі кезеңдерінде интеллигенцияның қалыптасуын, даму мәселелерін, олардың қызметі мен атқарған рөлін неғұрлым кең ауқымда талдаушылық сипат алды.
Ұлттық интеллигенция тақырыбын зерттеудің 70-жылдардан бастап едәуір жандана түскені байқалады.
Қазақ интеллигенциясы қалыптасуының күрделі проблемаларын жаңаша зерделеудің егеменді еліміздің тарихнамасындағы айтулы кезеңі 80- жылдардың соңынан басталады. Осы жылдары жарияланған басылымдарда «интеллигенция» ұғымы мен оның тарихы бір қырынан қоғамды жаңғыртудағы интеллектуальдық еңбектің рөлі, екінші қырынан екі басқа айқындама тұрғысынан қаралып, интеллигенция мен өкіметтің, интеллигенция мен халықтың өзара қарым-қатынасы туралы мәселелер көтерілді.
ХІХ-ХХ ғасырлардағы Қазақстанның қоғамдық өміріне арналған В. З. Ғалиевтің еңбектерінде қазақ арасынан шыққан алғашқы оқыған, көзі ашық, білімді азаматтар-зерттеушілер мен публицистер, аудармашылар мен жол нұсқаушылар хақында құнды мәліметтер кеңінен қамтылған. Х. М. Әбжанов пен Л. Я. Гуревич өз зерттеулерінде қазақ интеллигенциясының, оның мәні мен атқарған қызметінің бірқатар проблемаларын қарастырды, интеллигенцияның қалыптаса бастаған кезеңі туралы жаңсақ айтылған пікірлерді сынға алды.
Зерттеу жұмысының деректемесі. Соңғы жылдары интеллигенция тарихының қадау-қадау проблемаларын жаңа тарихи таным мен методология тұрғысынан саралауда қыруар істер тындырылды. Академик М. Қ. Қозыбаев өз еңбектерінде интеллигенция тарихындағы «ақтаңдақты» беттердің сырын ашып, оның жазықсыз жазаға ұшыраған қайраткерлерінің мұрасын зерттеудің бағыт-бағдарламасын айқындап берді. Белгілі ғалым К. Н. Нүрпейісовтың дәйекті зерттеулері қазақ интеллигенциясына таңылған қатал, әділетсіз бағаның ақиқатын анықтап, тарихи шындықты қалпына келтіруге арналған. Егеменді еліміздің жаңа тарихи танымын қалыптастыруда тындырымды ізденістерімен танымал М. Қойгелдиевтің докторлық диссертациясында және соның негізінде жарияланған монографиясында қазақ демократиялық интеллигенцияның XX ғасырдың алғашқы 20 жылындағы қоғамдық-саяси қызметі жан-жақты терең қамтылған. Д. Аманжолованың «Казахский автономизм и Россия» жуырда шыққан «Алашорда на изломе ХХ века» атты монографиялар аталған тақырыпты жаңа пайымдаулар тұрғысынан қараумен ерекшеленеді, әсіресе деректемелік базаның ауқымдылығымен көзге түседі. Ж. Б. Әбілхожиннің еңбектерінде ұлттық-демократиялық интеллигенция өкілдерінің қазақтың әлеуметтік-экономикалық өмірін зерттеуге қосқан үлесі тиісті бағасын алған. Көкшелік айтулы ұлт тұлғаларын зерттеуде көп еңбек сіңіріп, бұрындары көпшілікке беймәлім боп келген алаш азаматтарының қызметін, саяси-қоғамдық келбетін танытудағы профессор Қ. Әбуевтың еңбектерінің орны ерекше. Ғалымның: Сұлтанғазы Уәлиханов, Мәмбетәлі Шөбекұлы, Науан Хазірет, Шәймерден Қосшығұлов, Айдархан Тұрлыбаев турасында жазған мақалалары мен кітаптары қазіргі алаштануға қосылған өзіндік үлес болып табылады.
Сондай-ақ күнделікті баспасөз соның ішінде Өмірзақ Озғанбайдың «Егемен Қазақстан» газетінде «Ресей Думасындағы қазақтар» атты көлемді мақала жарияланып онда Көкшелік алаш азаматтары Айдархан Тұрлыбаев, Шаймерден Қосщығұлов турасында біраз материалдар көпшілікке танымал болды.
Зерттеуші ғалымдар мен публицистердің шығармашылық ізденістері баспа жүзінде жарық көрді. Зерттеу жұмысының деректік негіздері біршама архивтік құжаттарды, шолуларды, қазіргі таңдағы баспасөз жарияланымдарын, мәліметтерін біріктіріп отыр. Қарастырылып отырған кезеңдегі ұлттық интеллигенция жайлы біршама маңызды архивтік деректер Омбы облысының мемлекеттік архивінің қорында топтастырылған. Омбы мұрағатындағы мәселеге қатысты құжаттар: 27, 65, 151 қорларда жинақталған. Мәселен, оларда М. Сердалиннің өмірбаянына қатысты материалдар бар. Омбы техникалық училищесінің директоры Добраховка губернатор міндетін атқарушы Ливенцовтың, уезд бастығы Коноваловтың хаттары, Далалық генерал-губернатордың кеңсесіне жазылған хаттар, Омбы архивінде «Жасырын бақылауда жүрген қырғыз (қазақ) М. Сердалин туралы жазба қатынастар» деп аталатын «іс» сақталған. Омбыдағы Смағұл оқыған оқу орнына қатысты архив қорында, оның қай күні құжат тапсырып, неден емтихан бергеніне дейін тіркеліпті. Тақырыпқа қатысты тың мәліметтер беретін деректік құжаттардың шоғырланған жері Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттік мұрағаты. Онда мәселеге байланысты құжаттар 81, 369, 929 қорларда сақталуда. Зерттеуде «Жұлдыз», «Ақиқат», «Парасат», «Арқа ажары», «Егеменді Қазақстан», «Оқжетпес», «Көкшетау», «Солтүстік Қазақстан» атты газет-журналдарға назар аударылды.
Зерттеу жұмысының хронологиялық мерзімі. XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басы. Аталған уақыттың саяси, әлеуметтік-экономикалық, мәдени өмірі үлкен өзгерістерге толы болды. Күрделі де, әр алуан жаңалықтардың қазақ қоғамының өміріне ене бастауы, әрине Қазақстанның Солтүстік өңіріндегі әлеуметтік-экономикалық жағдайға әсерін тигізбей қойған жоқ. Қазақ интеллигенциясын қалыптастырудағы ұлттық рухани бастау-көздер, қоғамда орын алған әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдайлардың XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың бас кезіндегі қазақ интеллигенциясының жаңа легінің пайда болуы мен оның нақты іс-әрекетіне әсерін тигізді.
Зерттеудің жұмысының географиялық шеңбері. Қазіргі Солтүстік Қазақстан, Ақмола облыстарын қамтиды.
Зерттеу жұмысының қарастыратын негізгі мәселелері. Солтүстік өңірдің тарихы Қазақстан тарихының құрамдас бөлігі болып табылады. Айтса айтқандай, осыған дейінгімізді ой елегінен өткізгенде халқымыздың тарихында елеулі із қалдырған, туған елі, жері үшін бар ғұмырын сарп еткен талай арыстарымызды әлі де тани алмай, бүгінгі ұрпаққа насихаттай алмай жатқанымыз шындық. Солардың ішінде XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басында өмір сүрген Көкшелік жерлестеріміз, ғұлама ғалымдар, табанды қоғам қайраткерлері, алаштың азаттығы үшін самұрық бейнелі байрағы бар айбарлы жүйемен ымырасыз күресе білген Наурызбай Таласұлы, халқы оны сүйіспеншілікпен Науан Хазірет деп атаған, Мәмбетәлі Сердалин, Айдархан Тұрлыбаевтың өмірі мен қызметі онан әрі зерттеуді талап етеді.
Науан Хазірет Таласұлының есімі зиялы қауымға кеңінен мәшһүр. Оның Көкше өңірінде сіңірген ағартушылық қызметі ерен. Ұзақ уақыт Науан Хазірет есімі тарихта өзінің әділ бағасын алмай келді. Осы ақтаңдақтардың орнын толтыру мақсатында кейінгі кездерде бірқатар игі шаралар атқарылуда.
Мәмбетәлі Сердалин (Шөбеков) - Қазақстаннан шыққан алғашқы білікті де білімді экономистердің бірі. Сонымен бірге ол әдебиет пен тарих саласында да жан-жақты ізденістер жүргізіп, ірілі-ұсақты ғылыми еңбектер жазған озық ойлы, оқымысты адам.
Айдархан Тұрлыбаев - алаш қозғалысының ірі қайраткері Ұлт кеңесінің мүшесі Ақмола облысындағы алаш қозғалысының көшбасшысы, соңғы кезге дейін Қазақстан тарихнамасында есімі еленбей келген көрнекті қайраткер алаш қозғалысының бүтін бейнесін осы тұлғаларсыз елестету мүмкін де емес деп білеміз. Өйткені осы азаматтар қажырлы еңбек еткен аймақ Қазақстанның ең бай өлкелерінің бірі болып саналып, отаршылдық ең бір өрістеткен аймаққа айналған болатын. Міне осындай дүлей күшке ақылымен, саяси-қарым парасатымен қарсы тұра білген қайраткелердің күрескерлік жолын зерттей түсу уақыт талабабы.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz