Көсемшенің тұлғалары
Мазмұны
Кіріспе
Негізгі бөлім
1.1. Көсемшенің зерттелуі ... ... ... ... ... ... .. ... ... .5-26
1.2. Көсемше – функциялық етістік ... ... ... ... ... ..27-33
1.3. Көсемшенің тұлғалары ... ... ... ... ... ... .. ... ... 34-43
1.4. Қазақ тіліндегі көсемшелердің қолданыстағы ерекшеліктері. (Жыраулар
тілі негізінде) ... ... ... ... ... ... . ... ... ..43-63
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ..64-65
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ..66- 68
КІРІСПЕ
Зерттеу жұмысының өзектілігі. Тіл адамдардың өзара қарым-қатынас
жасау құралы. Ғылымның түрлі салаларға жіктелуі оларды зерттейтін
объектілерінің сипатына байланысты. Жалпы тіл ғылымы тілдің құрамын,
функциялық сипаттарын, даму заңдылықтарын, сыртқы дүниемен, қоғаммен, ой-
санамен, мәдениетпен қарым-қатынасын түгел алып, жан-жақты зерттейді.
Тілдердің қай-қайсысында да дыбыс, сөз, грамматикалық форма, сөйлем сияқты
элементтер болады. Бұл тілдік элементтер бір орында қалмай, өзгеріске
ұшырап, дамып отырады.
Қазақ тіл білімінің грамматикасындағы ең күрделі мәселелердің бірі,
морфология саласының негізгі зерттеу нысандарының бірі – етістік болып
табылады. Сөз таптарының ішінде өзінің күрделілігімен ерекшеленетін бұл сөз
табының зерттелуінде әлі толық шешімін таба қоймаған мәселелер жеткілікті.
Соңғы жылдары аталмыш сөз табына қатысты зерттеулер жүргізіліп, оның өзге
сөз таптарынан ерекшелігін танытатын қасиеттеріне жан-жақты еңбектер,
ғылыми мақалалар жарық көруде. Зерттеуші ғалымдарды етістікті зерттеуде
ертеден қызықтырып келе жатқан мәселе, бұл оның ерекше бір түрі көсемшеге
қатысты болып келеді.
Көсемше тақырыбының зерттелуі қазақ тіл білімінде А. Байтұрсынов, Н.
Сауранбаев есімдерімен тығыз байланысты. Себебі, қандай да бір тілдік
құбылыстың зерттелу негізінде оның табиғатын ашуда жан-жақты жұмыстар
жүргізген ұлы тұлғалардың есімдері тұрады. Ғалым Н. Сауранбаевтың көсемше
тақырыбына қатысты еңбегі түркология ғылымына зор жаңалық болып енгізіліп,
кейінгі көсемшеге қатысты жарық көрген зерттеулерге негіз болды. Әлі күнге
дейін көсемше тақырыбының ашылмаған тұстары баршылық. Тілдік құбылыстар
дамыған сайын, өзгеріске түсіп отырғандықтан, көсемшенің зерттелуінде
ғалымдар қарастырған мәселелер төңірегінде оның тұлғаларын, мағынасы мен
сөйлемде атқаратын қызметі өзгеріске түсетініне назар аударған жөн.
Көсемшенің зерттелуінде ғалымдар арасында талас тудырған мәселелердің
негізін оның тұлғаларына қатысты пікірлер болды. Ал, көсемшенің тұлғаларына
қатысты зерттеушілердің пікірлері оның мағынасы мен қызметін ашуға әсер
етті. Көсемше – етістік сөз табының негізгі бір ерекшелігі болып
табылады. Іс-әрекеттің, қимылдың себебін, амалын көрсететін қосымша қимылды
білдіретін етістік формасы – көсемше деп аталады.
Тіл білімінде осыған дейін көсемше тұлғаларының мағынасы мен қызметін
кең түрде тануға негіз болған зерттеулердің негізін – Орхон-жазба
ескерткіштер тілінің зерттелуі құрайды. Жазба ескерткіштер тіліндегі
көсемше тұлғаларының қызметі мен мағынасының зерттелуі, көсемшенің сан
қырлы құбылыс екендігін танытты.
Көсемшенің зерттелуінде әлі ашылмаған мәселелер саны жеткілікті десек,
соның бірі – көсемшенің жыраулар тіліндегі қолданылған мағынасы мен қызметі
болып табылмақ. Аталмыш мәселе тіл білімінде арнайы зерттелмегендіктен,
оған қатысты еңбектер де кездеспейді. Бұл тақырыпты арнайы қарастыруымыздың
себебі де осы. Тілімізде көсемше тұлғаларының жыраулар тіліндегі қолданылу
аясына тоқтала келе, оның тілімізде беретін мағынасы мен атқаратын
қызметінің кеңдігін таныту бұл жұмыстың өзектілігін танытпақ.
Зерттеу жұмысының нысаны – жыраулар тіліндегі көсемше тұлғаларының
қолданылуы, олардың жыраулар поэзиясында атқарар қызметі мен беретін
мағынасы.
Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері. Зерттеудің негізгі мақсаты –
зерттеушілердің көсемшеге қатысты еңбектерінде жыраулар тіліндегі
көсемшелердің қолданысы жайлы мәселелер зерттелмеу себебіне байланысты,
көсемше тақырыбының табиғатын ашатын зерттеулер негізінде, жыраулар тілінде
көсемше тұлғалары арқылы қалыптасқан сөздердің тілімізде атқарар қызметі
мен беретін мағынасын анықтау. Аталған мақсатқа жету үшін мынадай міндеттер
белгіленді:
-көсемшелердің зерттелуінде ғалымдардың аталмыш тақырыпқа берген
анықтамаларына назар аудару;
- көсемшенің қандай тілдік құбылыс екендігін анықтау;
- ғалымдардың пікіріне сүйену арқылы көсемше тұлғаларының алғашқы және
кейінгі түрлеріне тоқталу;
-көсемше тұлғаларының жыраулар тілінде атқаратын мағынасы мен
қызметін көрсету.
Зерттеу жұмысының материалдары мен дереккөздері. Жыраулар тіліндегі
көсемшелердің беретін мағынасы мен қызметін анықтауда көсемшеге қатысты
түрлі зерттеулер сараланып, Ай, заман-ай, заман-ай, Базар жырау
шығармашылығы сияқты зерттеулерден алынған тілдік бірліктер.
Зерттеу жұмысының құрылымы. Зерттеу жұмысы кіріспеден, негізгі
бөлімнен және қорытындыдан тұрады. Негізгі бөлім төрт бөлімшеден құрылған.
Жұмыс соңында пайдаланылған әдебиеттер тізімі берілген.
Негізгі бөлім
1. Көсемшенің зерттелу тарихы
Адамға екі нәрсе тірек тегі:
Бірі – тілі, бірі – ділің жүректегі,-
деп, ұлы бабамыз Жүсіп Баласағұн бекер айтпаған. Себебі, тіл – халықтың
жаны, сәні, тұтастай кескін-келбеті, болмысы. Адамды мұратқа жеткізетін ана
тілі мен ата дәстүрі. Біздің осындай қасиетті мұратымыз – ана тіліміз.
Қазақ тілін алғаш зерттеу он тоғызыншы ғасырда басталған. Қазақ тілін
тұңғыш зерттегендер – орыстың алдыңғы қатарлы ойшыл ғалымдары. Олар қазақ
халқының тарихын, әдет ғұрпы мен салт санасын, тұрмыс-жайын, тілі мен
мәдени мұраларын зерттеуге көп көңіл бөлген, қазақ тілінің алғашқы
грамматикаларын жазған, сөздіктерін шығарған.
Қазақ тіл білімі қазақ тілін, қазақ тілінің дыбыстық жүйесін, сөз
байлығын, дұрыс сөйлеп, дұрыс жазу нормаларын, сөйлем құрау амалдарын
зерттейді. Жалпы Шығыстану ғылымының бір саласы түркология – түркі
халықтары туралы ілім болып табылады. Ғылымның бұл саласы түркі
халықтарының тілін, әдебиетін, тарихын, этнографиясын зерттейді. Қазірде
түркология бұрыңғыдай өте кең мағынада емес, негізінде түркі халықтарының
тілдері мен әдебиетін, тарихы мен мәдениетін зерттейтін ғылым мәнінде
қолданылады. Зерттеу нысандарына қарай қазақ тіл білімі фонетика, лексика,
грамматика сияқты салаларға бөлінеді. Тіл ғылымы салаларында болатын
өзгеріс-құбылыстардың тағдыры, қарқын-сипаты ішкі, сыртқы себептерге
байланысты. Тіл білімінің бір саласы ретінде грамматиканың өзі ішінен екі
үлкен салаға бөлінеді: морфология және синтаксис. Қазіргі заман
ғылымдарының қай-қайсысы да, өз объектілерінің жүйелік, құрылымдық тұрғыдан
зерттеу істерімен ғалымдар ертеден бастап-ақ зерттеушілердің тілді жоғарыда
аталған салаларға жіктеп, әр саланы өз алдына қарастырғандары белгілі.
Морфологияны жетік білудің маңызы ерекше. Сөзден сөз жасаудың неше түрлі
жолдарын білу, оның мағынасын жете түсініп, дұрыс қолдана алу, оларды дұрыс
жазу, адамның өзінің сөз байлығын арттыра түсу үшін қазақ тіл білімін жақсы
меңгеру аса қажет.
Грамматиканың ерекше саласы морфологияның негізгі зерттеу
нысандарының бірі – сөз таптары. Сөз таптарының ішінде лексика-семантикалық
сипатымен, грамматикалық формаларымен, категорияларының көптігімен,
синтаксистік қызметімен күрделенілетін сөз табы – етістік. Етістіктің
осындай сан қырларын зерттеуге арналған еңбектер аз жазылмаса да, толық
зерттелді деуге келмейді. Өйткені, етістіктің лексика-семантикалық сипатын,
грамматикалық ерекшеліктерін зерттеуде толықтыра түсуді қажет ететін
тұстар, сондай-ақ жекеленген мәселелердің төңірегінде ала-құла пікірлер
кездеседі. Қай халықтың тілдік құрылымын алып қарасақ та, өзінің белгілі
бір заңдылықтары, ішкі қайшылықтары, ұқсастықтары және өзіне тән
ерекшеліктері болады. Қазіргі қазақ тілінің даму дәрежесі биіктеген сайын
ғылымның сан салалы тараулары бөлініп, көпшілікке танылу мүмкіндігі артып,
өмірдің өзі алға қойған көптеген проблемаларды ойдағыдай шешуге қабілетті
екендігін көрсетуде.
Қазақ тілі грамматикасын зерттеуде ғалымдардың түрліше көзқарастары
етістіктің ерекше бір түрі көсемшеге қатысты болып келеді. Түркі тілдерінің
көсемшелері – зерттеушілерді ертеден қызықтырып келе жатқан мәселелердің
бірі. Көсемшелер түркі тілдеріне қатысты жазылған барлық оқулықтарда,
грамматикаларда қарастырылып келеді. Тілдің грамматикалық формаларына
үңілу, оның сырын ашу, қолданылу аясы мен қызметін, беретін мағынасын
қазіргі күні белгілі бір жүйеге салып, оған ғылыми талдау жасау тіл
тарихына үңілуге мәжбүр етеді. Қазіргі кезде көсемшелер қазақ, түрікмен,
өзбек, чуваш, қырғыз, әзірбайжан, түрік, башқұрт, якут тілдерінде арнайы
зерттеу нысанына айналған. Жоғарыда аталған тілдерді зерттеу барысында
барлық түркі тілдеріндегі көсемшенің толық формалары табылған, олардың
ертедегі алғашқы түрлері де жазба ескерткіштерін зерттегенде анықталған.
Зерттеушілер арасында көсемше жайлы біршама пікірлер айтылғанмен, оның
көп қыры мен сыры ашылған жоқ. Кейінгі зерттеушілер арасында көсемшенің
зерттелуіне қатысты зерттеулерінде көсемшені негізгі және соңғы деп бөліп
қарастыру басталды. Атап айтсақ, А.Н.Самойлович, Ю.Джанмавов, А.Аннануров,
Е.Коркина сияқты зерттеушілердің еңбектерінде көсемшені негізгі және соңғы
деп бөліп қарастырған. Алғашында, көсемшелерді мұндай түрлерге бөліп
қарастыру А.Н.Самойловичтің 1916 жылы жарық көрген Опыт краткой крымско-
татарской грамматики атты еңбегінен бастау алған. Бірақ ғалым бұл
еңбегінде көсемшелерді қандай қағидаларға сүйеніп негізгі және соңғы сияқты
түрлерін анықтағаны жайлы сөз етілмейді, дәлелденбейді [1;63-65].
Тілдің әрбір тарихи кезеңіндегі күйін білдіретін жазба материалдар тіл
тарихының шежіресі және негізгісі болып саналады. Жалпы зерттеу барысында
көсемшелердің тарихи таным өрісі кеңейген сайын күрделі мәселелердің басы
ашылып, толығып, өзіндік тілдік жүйеге еніп, меңгеріліп отырады. Күрделі
мәселелердің қатарына енген көсемше тақырыбы туралы зерттеушілер көптеген
диссертациялар жазып қорғаған. Яғни, аталған тақырыпқа қатысты еңбектер
жарық көріп, ғалымдар назарына түсіп, зерттелу аясы кеңейе бастады.
1959 жылы жарық көрген П.Н.Перевощиковтың Деепричастие и
деепричастные конструкции в удмуртском языке атты еңбегінде: көсемше –
қимылды білдіріп, негізгі формалары арқылы өзі білдіріп тұрған қимылдың
басқа қимылға қатысты екенін көрсетеді және күрделі грамматикалық категория
бола тұра, оны үстеуге жақындататын белгілері бар, - деген пікір айтады.
Ғалым көсемше сөз тіркестерін құрайды әрі ол сөз тіркестері бірнеше
синтаксистік қатынастарды білдіреді дейді. Олар: объективтік қатынас,
мезгілдік қатынас, себепті қатынас, мақсатты қатынас, анықтауышты-
пысықтауыштық қатынас, модальдік қатынас, қимылға жетелеуші қатынас [2;181-
182].
Көсемше тақырыбына қатысты еңбектердің жарық көре бастауы оны ең
күрделі сөз таптарының бірі етістіктің ерекше бір түрі ретінде қарастырып,
зерттеуге негіз болды. 1967 жылы жарық көрген Ю.Д.Джанмавовтың
Деепричастие в кумыском литературном языке атты еңбегі көсемшеге қатысты
дәлелдеу материалдары мол еңбек болып табылады. Бұл еңбегінде ғалым
дәлелдеу материалдары ретінде қазіргі құмық тілінің көркем әдебиетінен
мысалдар келтіре отырып, көсемшені етістіктің бір түрі екендігін дәлелдеп,
әрбір қосымшасына морфологиялық тұрғыдан талдау жасап, оның синтаксистік
қызметі және басқа сөз таптарына ауысуы жайлы мәселелерге жан жақты
тоқталып, сипаттама берген [3;470].
1977 жылы Юлдашев. А.А Соотношение деепричастных и личных форм
глагола в тюрских языках атты еңбегінде көсемше мен үстеудің арасындағы
ұқсастықтар мен айырмашылықтарға тоқтала келе, оның морфология, синтаксис,
сөзжасам салаларында атқаратын қызметтері жайлы толық сипаттама берген.
Ғалым көсемшені етістік жүйесінде қарастырады. Кейінгі көсемшеге қатысты
зерттеулер жүйесінде көсемшенің басқа сөз таптарымен байланысы жайлы
мәселелер қарастырылды. Көсемшені етістік жүйесінде қарастырған зерттеуші
А.А.Юлдашев, оның синтаксистік қызметі деп баяндауыштық қызметті таниды
[4;88].
1985 жылы жарық көрген Е.И. Коркинаның Деепричастие в якутском языке
атты көсемше тақырыбына қатысты мәселелерді сөз ететін бұл еңбегінде автор
көсемшеге морфологиялық және синтаксистік тұрғыдан сипаттама береді. Еңбек
үш тараудан тұрады. Үш тарауда да автор якут тіліндегі көсемшелерге
морфологиялық сипаттама беріп, оның формаларының басқа сөз таптарына ауысуы
жайлы сөз ете отырып, сол формалардың синтаксис саласындағы қызметтеріне
тоқталған [5;188]. Көсемшені морфологиялық, синтаксистік тұрғыдан сипаттау
И.А.Невскаяның 1990 жылы жарық көрген Состав и функций деепричастий в
шорском языке атты кандидаттық диссертациясында қарастырылған. Автор бұл
еңбегінде көсемше тұлғаларының негізгісі және орталығы болып алғашқы
көсемшелер таралатындығы, оның мағынасы мен қолданылу аясы кең екендігі
дәлелдеген [6;185]. И.А.Невскаяның бұл еңбегі – шор тіліндегі көсемшеге,
оның мағынасы мен қызметтерін көрсетуге арналғанымен, түркі тіліндегі
көсемшелердің беретін мағынасы мен қызметтеріне, тұлғаларының ерекшелігіне
де қатысты болып келеді.
Қазақ тілі грамматикасындағы ең негізгі мәселелердің бірі – көсемше.
Қазақ тіл білімінің қай саласында болсын, өз ізін қалдырған тілші-ғалым
А.Байтұрсынов Тіл тағылымы атты еңбегінде: көсемше – екі етістік
қосарынан сөйлегенде, алдында айтылатын етістіктің қысқа түрі,- деген
анықтама бере отыра, оның үнемді, үнемсіз, ниетті сияқты түрлерін бөліп
көрсеткен. Ең алғаш қазақ тіл білімінде етістіктің есімше, көсемше
сияқты түрлерін көрсетіп, көсемше өзінен кейін етістіктің тұруын қалайтынын
дұрыс атаған [7;245].
Академик Нығмет Сауранбаев – қазақ тілі білімінің барлық салаларында
қалам тартып, оның негізгі теориялық бағыт-бағдарын анықтап, іргетасын
қалыптастыруға үлес қосқан санаулы ғалымдарның бірі. Бүгінгі таңда ғалымның
есімі тарих қойнауында. Ал Н.Сауранбаевтың зерттеулері қазақ тілінің
бүгінгі дамуы мен оның өзекті мәселелерін шешуге әлі де ғылыми-теориялық
құндылығын жоймаған, жолбасшы ретінде пайдаланылып келеді. Бұл – ғалымның
теориялық білімінің тереңдігінің, өміршілдігінің, өрістілігінің куәсі.
Көсемшелердің зерттелу мәселесіне ерекше назар аударып, өз еңбегінің
негізгі зерттеу нысаны етіп ала отырып, оған мағыналық әрі функциясы
тұрғысынан зерттеу жасаған ғалым – Н.Сауранбаев. Яғни, көсемшенің
зерттелуі, оның семантикасы мен функциясы сияқты мәселелердің барлығы ғалым
есімімен тығыз байланысты. Көсемше тақырыбына ғалымның алғашқы зерттеуі
1939 жылы Халық мұғалімі журналының № 17-18 сандарында Көсемшелер
туралы деген атаумен жарық көрген мақаласы жатады. Автор бұл мақаласында
көсемшелердің шақтық мағынасы етістік шағымен тең емес деген ойды айтады.
Көсемшелер кейде атқаратын қызметіне қарай шақтық категорияны да білдіреді,
бірақ ол етістіктің шақтық мағынасынан өзгеше, яғни грамматикалық емес,
лексикалық мағынада. Етістіктің шағы грамматикалық категория болғандықтан,
көбінесе, жалғаумен беріледі. Ал, көсемшелер семантикалық болғандықтан,
сол форманың өзімен ғана беріледі. Мысалы, барып келдім. Мұнда әуелі бару,
содан соң одан қайту деген қимыл бар. Яғни, көсемше етістіктің шағын
білдірмейді, оның шақтық мағынасы бар, бірақ ол сол тұлғаның өзімен ғана
беріледі деген пікір айтады [8;107]. Кейін теориялық толғамдары мен
практикалық маңызы жағынан, материал байлығы мен оның талдануы тұрғысынан,
түйінділері мен қорытындылары жағынан алып қарағанда сол кездегі түркология
ғылымына қосылған жаңа үлес болып қазақ тілі біліміндегі Қазақ тіліндегі
көсемшелердің семантикасы мен функциялары атты Н.Сауранбаевтың еңбегі зор
табыс болып табылады. Қазақ тіліндегі етістік тұлғаларының жасалу жолдары,
көсемшелердің формалары мен мағыналары, олардың синтаксистік қызметі сияқты
үші бөлімнен тұратын бұл еңбегінде ғалым көсемшелерді төмендегі
мәселелермен тығыз байланысты деген пікір айтады:
1. Етістік категорияларымен;
2. Күрделі етістіктердің жасалу жүйесімен;
3. Етістіктің тұлғалық ерекшеліктерімен.
Мысалы, екеулеп, сөйтіп, жақсылап сияқты формаларды ғалым көсемше
негізінде жасалған үстеу сөздер деп қарастырды. Бұл еңбегінде ғалым сонымен
қатар, қазақ тіліндегі көсемшелердің жұрнақтары негізінде жасалған үстеу
сөздерді зерттей келе, үстеудің жаратылу табиғатын ашады. Зерттеуші
Н.Сауранбаев үстеу сөздерінің есім түбірлерінен, есімдік сөздерінен және
етістік негізінен пайда болатын жолдарын көрсеткен, мағынасын жүйелеген
[9;160]. Қазақ тіліндегі көсемшені жан-жақты талдауға арналған ғалымның бұл
еңбегі қазіргі тіл білімінде кеңінен қолданылуда. Себебі, Н.Т.Сауранбаевтың
көсемшелерді жан жақты талдап, саралап көрсететін бұл еңбегі қазақ
тіліндегі көсемшенің табиғатын ашқан құнды еңбек болып саналады.
1954 жылы Қазақ КСР Ғылым академиясынан шыққан Қазіргі қазақ тілі
атты еңбекте: көсемшелер мағыналық жағынан негізгі етістіктегі істі
сипаттайтын үстеулік жанама категория болады - деп анықталған. Яғни, бұл
ғылыми еңбекте, көсемшелер сөйлемдегі негізгі етістіктегі істің амалын,
мезгілін, мақсатын сипаттайтын жанама үстеулік категория болады және олар
тек осы мағынада ғана нағыз көсемше бола алады деп саналған. Авторлар
көсемшені мағыналық және қызметі жағынан алып қарастыру керек деп ескерте
келе, оның үнемді, үнемсіз және мақсатты сияқты түрлері көрсеткен
[10;321].
Сөздердің лексика-грамматикалық байланысынан тұратын, біршама
тиянақты ойды білдіретін, белгілі бір интонациямен ерекшеленетін
синтаксистік құрылым сөйлем құрамындағы көсемше тұлғалары арқылы жасалған
сөздерді талдап, саралау жұмыстары қолға алынған. Сөйлемде көсемшелердің
негізінде жасалған сөздердің қолданылуы жайлы еңбектер, мақалалар жарық
көре бастады. 1960 жылы Қазақстан мектебі №11 санында Қ.Есеновтің
Көсемше, есімше тұлғасындағы шартты бағыныңқы сөйлемдер атты тақырыпта
жарық көрген мақаласында: шартты бағыныңқы сөйлемдер көсемше мен есімшенің
–й, -ған тұлғалары арқылы жасалып, бағыныңқы сөйлемнің баяндауышы
көсемшенің болымсыз түрдегі тұлғасында келіп өз басыңқысымен шарттасады, -
деген пікір айтылған [11;181]. Сонымен қатар, зерттеуші Қ. Есеновтің 1973
жылы Қазақ тіліндегі көсемше оралымды сөйлемдер деген мақаласы жарық
көрген. Бұл мақаласында ғалым оралымды сөйлемдерді жасауда көсемше
тұлғаларының белсенді қызмет атқаратынына көңіл бөледі. Оралымды
сөйлемдерде көсемшенің баяндауыштық қызметі елеулі орын алады дей келе,
зерттеуші көсемше тұлғалары пысықтауыш мәнінде жұмсалуына орай әр түрлі
мағыналық белгілерді білдіретінін көрсетеді [12;167].
1966 жылы жарық көрген Қазіргі қазақ тілі оқулығында
И.Е. Маманов: көсемше – бір істің орындалу-орындалмау,
болу-болмауына тәсіл-амал болып келетін қосымша қимылды білдіріп, негізгі
қимылды білдіретін етістіктің алдында, жетегінде қолданыла алады,- деп
анықтама береді. Көсемшені қазақ тіліндегі мағынасына қарай және сыртқы
тұлғасына қарай үш түрге бөліп қарастырған:
1. Өткен шақ көсемше: -ып,-іп,-п;
2. Келер шақ көсемше: -а,-е,-й;
3. Мақсатты көсемше:-ғалы,-гелі.
Ғалымның бұл еңбегінде негізгі әрекетті дәл сипаттайтын көсемше қосымша
қимылды білдіретіні дұрыс көрсетілген. Сонымен қатар, ғалым И.Е.Маманов
Н.Сауранбаевтың пікірін қостай келе, -а,-п,-ғалы тұлғаларын ғана көсемше
көрсеткіштері деп таниды [13;91-98].
1967 жылы жарық көрген Қазақ тілі грамматикасы оқулығында:
көсемше өзінен соңғы негізгі іс-әрекеттің мезгілі мен мақсаты, сын-сипат,
себеп-салдар тағы басқа сапалық құбылу амалын көрсететін дербес категория,-
деген анықтама берілген[14;182]. Көсемшенің бұрыннан танылып жүрген
тұлғаларына зерттеуші А.Қалыбаеваның -ғанша, -генше, -мастан, -местен
тұлғаларын қосуы бұл еңбектің ерекшелігін танытады.
Осы уақытқа дейін жалпы орыс тіл білімінде кең өріс алған
тақырыптардың бірі – көсемшелі оралым болып табылады. Бір субъектіге тән
негізгі және көмекші әрекеттерді бір сөйлем бойында беруде қолданылатын
құрылым көсемшенің оралымдық қасиеті қазақ тіл білімінде даулы мәселе болып
саналады. 1968 жылы жарық көрген К.К. Биалиеваның Деепричастные
конструкции в русском и казахском языках атты кандидаттық диссертациясында
осы екі тілдегі көсемше оралымдардың ұқсастықтары мен ерекшеліктері
қарастырылған. Бұл зерттеу жұмысында ғалым мынадай пікір білдіреді:
Деепричастные конструкций по своей структуре и в русском, и в казахском
языках являются разновидностью глагольных словосочетаний простых, сложных и
комбинированных. Но это особые формы словосочетаний не могут одновременно
быть членом предложения, внутри которого они употребляются. Кроме этого,
деепричастные сочетания не могут быть признаны номинативными единицами
языка, так как конкретная лексическая наполняемость этих словосочетаний,
делающая ощутимыми неличными, существует лишь в речи. Яғни, кең өріс
тапқан көсемшелі оралымдар, ғалымның айтуынша, дара, күрделі және құрамды
етістікті сөз тіркестерінің ерекшелігі ретінде танылады [15;263].
Көсемшенің зерттелуінде ғалымдардың түрліше көзқарастары оның
тұлғаларына қатысты болды. Зерттеуші К.К.Биалиева көсемшеге қатысты бұл
зерттеуінде, бойында салыстырмалық мағына басым -ғандай тұлғасын көсемше
қатарына жатқызады. Басқа түркі тілдерінде ғалымның енгізген бұл тұлғасы
көсемше тұлғаларының қатарынан табылғанымен, қазақ тілінде бұл тұлға
көсемшеге қатысты емес, себебі, бұл тұлғаның бойында салыстырмалық қасиет
басым, ал қазақ тіліндегі көсемше салыстыру мағынасын бере алмайды.
Тіл ─ адамзаттың баға жетпес құндылықтарының бірі. Ол ─ адамзат
арасындағы қарым-қатынас пен болмысты танудың басты құралы ғана емес,
қоғамдағы саяси-әлеуметтік, мәдени-рухани, тарихи өзгерістердің куәсі және
сол ақпараттарды бойында сақтай отырып, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізуші құрал.
Коммуникация барысында жиі қолданылатын, грамматикалық сипаты сан
салалы, түрлену формалары әр алуан етістік сөз табы қазақ тіл білімінде
бірнеше ғылыми зерттеу еңбектерінің нысаны болды. Мәселен, етістіктің
морфологиялық құрылымы мен семантикалық ерекшеліктері, жіктелу жүйесі мен
категориялары, олардың лексика-грамматикалық сипаты Е.Мамановтың
еңбектеріне нысан болса, Н.Оралбаеваның зерттеулерінде бұл сөз табымен
байланысты күрделі мәселенің бірі аналитикалық форманттар және олардың
категорияларға қатысы қарастырылды. Етістіктің күрделілігін танытатын тағы
бір ерекшелігі – ол аналитикалық форманттар болып табылады. Аталған
тақырыпқа қатысты еңбектердің негізіне профессор Н.Оралбаеваның 1971 жылы
қорғалған Қазіргі қазақ тіліндегі етістіктің аналитикалық форманттары
атты докторлық диссертациясын және 1975 жылы жарық көрген Қазіргі қазақ
тіліндегі етістіктің аналитикалық форманттары атты монографиясын жатқызуға
болады. Бұл еңбектерінде профессор Н.Оралбаева көсемшеге төмендегідей
сипаттама берген:
- бүкіл түркі туыстас тілдерде, соның ішінде қазақ тілінде аналитикалық
форманттардың құрамында ең көп қолданылатын қосымша – көсемше. Мұнда
негізгі қимылды білдіретін етістік көсемше формасында бірінші орында
тұрады;
- аналитикалық формалы етістік бір дара қимылды білдіреді, сондықтан
аналитикалық формалы етістікте көсемше формасында тұрған етістіктің жанама
қимылды емес, негізгі қимылды білдіруі, көсемшенің аналитикалық формантта
өз мағынасы мен қызметінен айырылғанын көрсетеді;
- аналитикалық формантта көсемше мүлде жаңа сапада қолданылады, мұнда ол
өзінен соңғы көмекші етістікпен бір мағынаны білдіретін көрсеткішке
айналып, аналитикалық формант жасайды [16;490].
Қазақ тілі деректері негізінде барлық грамматикалық категориялар
айқындалып, оларға қатысты жайттар толық шешімін тапты десек те, теориялық
және практикалық жағынан әлі де арнайы зерттеуді қажет ететін мәселелер жоқ
емес. Солардың бірі ─ осы аналитикалық формалы етістіктер болып табылады.
Функционалды грамматиканың негізгі принципі – тілдік бірліктердің
қолданылуындағы мағыналық, мазмұндық жағын, яғни қызметін басшылыққа алып,
әртүрлі тіл деңгейіндегі тілдік бірліктерді қарым-қатынас процесімен,
сөйлеу жағдаятымен тікелей байланыста қарастыру. Етістіктің ерекше бір түрі
бола, көсемшенің бойында сан қырлы қасиеттері бар, ол қасиеттер оның
мағынасы мен қызметтеріне байланысты болып келеді. Сөйлемінде іске асып
жатқан кез келген іс-әрекет белгілі бір мезгіл ішінде және белгілі бір
орында, яғни кеңістікте жасалып жатады. Сонда қимылдың белгілі бір уақыт
бойындағы өту сипаты оның кеңістіктегі қозғалысымен сәйкес келеді немесе
қозғалыстың өтуі уақытпен сипатталады. Көсемшенің зерттелуінде ғалымдарды
ендігі жерде шақтық, модальдік мәнде қолданылуы қызықтырған. 1974 жылы
жарық көрген профессор А.Ысқақовтың Қазіргі қазақ тілі атты еңбегінде
көсемшеге мынадай анықтама берген: етістік негіздерінен арнаулы қосымшалар
арқылы жасалып, тиісті дәрежеде шақтық, модальдік және басқа мәндерді
білдіретін ерекше формалар көсемшелер категориясы деп аталады. Етістіктің
жалаң, күрделі негіздеріне, қимыл атауларына, есімшелерге, рай формаларына
көсемшелердің ешбір дәнекерсіз-ақ еркін тіркесіп, олардың белгілерін,
сипаттарын білдіріп, сөйлемде динамикалы адвербиал қызмет атқаратынын атап
көрсеткен. Көсемшенің динамикалы адвербиал қызмет атқару қасиеті оларды
етістіктің өзге формаларынан ерекшелендіріп тұратын негізгі және жалпы
грамматикалық сипаты болады дей келе, ғалым ертеден танылып келе жатқан -а,-
е,-й;-ып,-іп,-п;-ғалы,-гелі,-қалы,- келі;-ғанша,-генше;-майынша,-мейінш е
формаларын көсемше тұлғалары ретінде қарастырған. Жоғарыда аталған көсемше
тұлғаларының қатарын ғалым -ғанша;-майынша тұлғаларымен толықтырған
[17;305].
Етістік грамматикалық сипаты жағынан лексика-грамматикалық және таза
грамматикалық категориялар жүйесінің ерекшеліктері мен атқаратын қызметтері
арқылы да басқа сөз таптарынан ерекшеленеді. Қазіргі қазақ тілінде етістік
грамматикалық тұлғаларға өте бай. Етістіктің грамматика-функционалдық
категориялары лексика құрамына бөлек сөз болып кіре алмайтын, сөйлемде
әрбір қызметте қолданылатын түрленген формалар болып табылады.
Көсемшенің өз алдына дербес категория ретінде танылуына Ә.Төлеуовтың
1975 жылы жарық көрген Қазақ тіліндегі етістіктің грамматикалық
категориялары деген еңбегі негіз болған. Бұл еңбегінде зерттеуші: Көсемше
басқа етістікті сипаттайтын болғандықтан, оның мағынасы тиянақты болмай,
жанама болып негізгі етістіктегі істі толықтыратын форма,- деген анықтама
береді. Өзіндік морфологиялық көрсеткіші, беретін мағынасы, сөйлемде
атқаратын қызметі бар көсемше - өзінен соңғы етістіктің іс әрекетін,
мезгілі мен мақсатын, сын-сипатын, себеп-салдарын, сапалық құбылуын
білдіретін дербес категория болып, сөйлемде кейде пысықтауыш, кейде
баяндауыш құрамында келіп, үстеу, етістік қызметтерін атқарған. Осы
тұрғыдан келгенде, көсемшені семантикасы және функциясы жағынан алып
қарастыруға болады. Синтаксистік қызметі тұрғасынан келгенде, ғалым көсемше
тұлғалы сөздердің етістік шеңберінен шығып, үстеу немесе шылау сөздерге
айналып, омоним болып кететінін ескертеді. Сонымен қатар, көсемшелердің
етістікке қатысты болып, тек етістікпен ғана тіркесуі, олардың тұлғаларының
бір етістікті екінші етістікке бағынышты ететін қосымша қызметінде
жұмсалуына байланысты деген пікір білдіреді. Автор бұл еңбегінде –а,-е,-й;-
ып,-іп,-п тұлғаларын ғана көсемше тұлғалары негізінде таныған [18;36].
1982 жылы Қазақстан мектебі журналының №1санында Е.Жұбанов пен
М.Қожанов сиқты тілшілердің Эпос тіліндегі көсемше атты мақалалары жарық
көрді. Бұл мақалаларында тілші-ғалымдар: Стильдік қызметі жағынан алғанда
көсемшелер – көмекші есім және етістіктермен байланысуға аса икемді тұлға.
Грамматикалық тұрғыдан сөйлемді тиянақтап тұрмағанымен, олар баяндауыш
қызметінде екі не үш сөзді күрделі мүшенің ішінде мағынаны арқалаушы болып
саналады. Көсемшелердің жыр тіліндегі үзіліссіз жалғасып келуі істі,
қимылды, оқиғаны сол арқылы бүкіл поэзиялық образды күшейте түседі.
Көсемшелердің бұлайша үстемеленіп плеоназм түрінде қолданылуы оның негізгі
ерекшелігі болып келеді,- деген көзқарас білдіреді[19; 68-70].
Қазіргі түркі тілдерінің құрылымдық-семантикалық, лексика-
грамматикалық табиғатын тереңірек ұғынуға түркі тілдерінің арғы төркінін,
шығу тегін тануға зор мүмкіндік береді. Көне түркі тілдерінде көсемшелік
тұлғалар белгілі бір дәрежеде ғана қолданылған, яғни, қазіргі түркі
тілдерімен салыстырғанда, көне түркі тілінде көсемшенің тұлғалары мол
болғанға ұқсайды. 1988 жылы жарық көрген М.Томановтың Қазақ тілінің тарихи
грамматикасы еңбегінде көсемше туралы мынадай пікір білдірген: Көне түркі
тілінде көсемшелік тұлғалар қазіргіден сан жағынан көп болған. Ғалым
көсемше форманттарын шақтық мән білдіруіне орай былай топтап бөлген:
1. Осы шақ көсемшелері: -а,-е,-ы,-й;-ү,-ты;
2. Өткен шақ көсемшелері: -п,-пан;
3. Мақсат көсемшелер:-ғалы, -гелі.
Көсемшелерді осы, өткен және мақсат шақ көсемшелері деп бөлуі шақтық мән
білдіруіне орай болғанмен, мұнда алдыңғы қатарлы зерттеулерде қарастырылған
–ғанша,-мастан тұлғалары жайлы сөз етілмейді [20;225].
1989 жылы Қазақ ССР Ғылым академиясынан шыққан Қазіргі қазақ тілінің
сөзжасам жүйесі деп аталатын еңбекте: басқа қимылдың алдынан тіркесіп,
оның жай-күйін білдіретін етістіктің түрін көсемше деп атаған. Басқа
қимылдың тіркесіп, жай-күйін білдіру қызметінен басқа етістіктермен тіркесе
қолданылуы қалыптасқан. Сөйлемдегі негізгі қимылды білдіретін етістікті
сипаттап, пысықтайтын көсемшенің мұндай негізгі қызметі оның өзінен соң
етістік тұруын талап етеді [21;309]. Бұл еңбекте көсемшенің өз табиғаты
бойынша өзінен кейін етістіктің тұруын талап ететіні басым айтылып, көсемше
негізгі етістік алдынан келіп етістікті сөз тіркесін жасайтыны сипатталады.
Осы негізде көсемшенің негізгі етістіктің алдынан келіп тіркесуінен,
етістік сөз тіркесін жасауы туған.
Жалпы күрделі сөз мәселесі Н.И.Прокопович, Н.И.Филичева, Ю.Сейдов,
А.Ысқақовтың еңбектерінде арнайы сөз болады. Аталған авторлардың барлығына
ортақ пікір – күрделі сөздің арғы тегі, негізінен, сөздердің еркін тіркесі
делінеді. Осы грамматикалық категориядан лексикалық категорияға жататын
күрделі сөздің пайда болуы белгілі бір заңдылықтарға негізделетін, соның
нәтижесінде пайда болатын алып, біршама талдаулар жасауға болады.
1992 жылы Б. Қасымова Қазақ тіліндегі күрделі етістіктер
диссертациясында көсемшенің байланыстырушы элемент екендігін дәлелдеп, оның
формалары етістік пен етістікті байланыстырушы дәнекер ретінде, әрі екі
етістіктің бір-бірінің синтаксистік арақатынасын білдіретін категория
ретінде қызмет атқарады деген пікір білдіреді [22;72-74]. Көсемшенің
күрделі етістіктің құрамындағы мағынасынан өзгеше күрделі етістіктерді
байланыстырушы қызметі жайлы басым айтылады.
Қимылдың өту сипаты – белгілі бір уақыт ішіндегі іс-әрекеттің жасалу
ерекшеліктері мен оның басталу, жасалу үстіндегі, аяқталу сипатын қамтитын
категория. Аталған категорияны теориялық тұрғыдан негіздеген Н.Оралбаева
болса, жекелеген мәселелеріне С.Маралбаева, А.Шарапиденова, Қ.Мұхамади,
Қ.Бибеков, Г.Алтынбекова арнайы зерттеу жүргізген. 1993 жылы Ғылым
академиясының хабарлары деп аталатын журналдың тіл әдебиет сериясында
О.Бекжанүбірінің Қазіргі қазақ тіліндегі көсемшенің ішкі ерекшеліктері
деп аталатын мақаласы жарық көрген. Бұл мақаласында тілші: көсемшенің
басты қызметі негізгі іс-әрекеттің өту амалын жанама түрде сипаттау болып
табылады,- дей келе, ғалым көсемшелерді морфологиялық құрамы жағынан
мынадай түрлерге бөлген:
1. Дара көсемшелер: -ып,-іп,-п;-а,-е,-й;
2. Күрделі көсемшелер: -қыл,-келі,-ғалы,-гелі; -қанша,-кенше;-ғанша,-
генше;-пастан,-пестен; -бастан,-бестен; -мастан,-местен
Көсемшелердің басқа сөз таптарын жасауға қатысы бар екенін дәлелдеу
негізінде автор өз мақаласында мынадай мысалдар келтірген: бір-бірлеп,
қараптан-қарап, жүре келе, оғып-бұғып, іле-шала деген сөздерді зерттеуші
үстеуге жатқызады да, қос сөздердің барлығын үстеуге жатқыза беруге
болмайды деп ескертеді. Автор көсемшелерді атқартын қызметіне қарай
негізгі және кейіпті деп бөліп қарастырып, оларға мынадай анықтама берген:
Негізгі көсемше – іс-әрекетті білдіретін жай сөйлемдегі негізгі
етістіктің әр түрлі амалдарын сипаттайтын төл қызметтегі көсемше деп,
оларды мағыналық сипаттарына қарай: амалды, мақсатты, мезгілдік деп үшке
бөледі.
Кейіпті көсемше – ашық райдағы шақ, күрделі етістік, аналитикалық форма
тудыратын қызметтегі көсемше деп, оның шақтық, түрлік және күрделі амалдық
кейіпті көсемшелер сияқты түрлерін анықтаған.
Зерттеуші көсемшені тұңғыш рет синтаксистік және морфологиялық қызметіне
орай кейіпті және негізгі деп бөле келе, мақалада көсемшеге тән мынадай
белгілерді көрсеткен:
- көсемшелер жай сөйлемдерде дара тұрып, бастауышпен қиыспай, үнемі
пысықтауыштық қызмет атқарады;
- сөйлемде көсемше тұлғалы сабақты етістіктер тура толықтауыштарды, ал
көсемше тұлғалы салт етістіктер жанама толықтауышты меңгерді;
- рай категориясының аффикстері жақтық көрсеткіші жоқ көсемшеге
жалғанбағандықтан, белгілі шақ пен райдың мәнін бермейді;
- көсемшелер бір сөздің екі рет қайталануы арқылы да, екі сыңары да
мәнді мағыналары әр түрлі немесе бір сыңары мәнді, екіншісі мәнсіз
болып, сондай-ақ тұлғаланып та, тұлғалас болмай қосарлана
қолданылады [23;45].
О. Бекжанүбірінің бұл мақаласы көсемшенің жаңа қырының ашылуына негіз
болды. Себебі, көсемшеге қатысты көп зерттеулер жүргізілгенмен, ол
зерттеулерді ешқайсысында көсемшені функциясы мен семантикасына қарай
негізгі және кейіпті деп бөлу кездеспейді. Сонымен қатар автор бұл
мақаласында көсемшенің мұндай түрлерін бөліп көрсетіп қана қоймай, олардың
бір бірінен айырмашылықтарына тоқталады: кейіпті көсемшенің негізгі
көсемшеден айырмашылығы шақ, күрделі етістік, аналитикалық форма жасауда
көсемшенің төл қызметі негізгі іс-әрекетті білдіретін етістікті жанама
түрде сипаттаудан ажырап, тек тұлғалық жағынан ғана қатысуы болып табылады
деген. Осындай негізде, көсемшенің жанама сипаттық қызметімен қоса, сөз
тудырушылық қызметінің болатындығы байқалады.
Түркі тілдері жүйесінде сөз таптары өз заңдылықтарымен, ерекшеліктерімен
түрліше сипатқа ие. Әрбір сөз табы тек өзіне ғана телінген лексика –
семантикалық, морфологиялық және синтаксистік белгілерімен
ерекшеленеді.Сонымен қатар, әрбір сөз табының қалыптасу, даму жолдары бар.
Тілдің дамуы сөз таптарының түрлі тұлғаларымен толығуының, лексика
–грамматикалық ерекшеліктерінің артуының нәтижесіне байланысты. Тілдегі сөз
таптары единицалары мағыналарының қалыптасуы, жаңаруы, көнеленуі сол сөз
табының ішкі жүйесімен қатар сыртқы факторлар, яғни, өзге сөз таптарының
ықпалымен де жасалып отырады. Қазақ тілінде грамматикатанушы ғалымдар
етістікке қатысты арнайы зерттеулер жүргізіп, монографиялар жариялаған.
Етістікті әрі сөз табы ретінде, әрі мағыналық сипатын қоса талдаған
зерттеулерден А.Қалыбаева (Хасенова), Ы.Е.Маманов, А.Ысқақов, Н.Оралбаева
еңбектерін ерекше атаған жөн. Қазіргі күні етістіктің ерекше түрлері деп
аталып жүрген көсемше, есімшелер морфология саласында кеңінен зерттелініп,
жаңаша қырлары әлі де болса ашылу үстінде. Синтаксистік тұрғыдан да кем
қалып жатқан жоқ. Олардың сөз тіркестері, сөйлемдегі атқарар қызметтері де
талдануда. 1993 жылы Қазақ тілі мен әдебиеті журналының №7 санында
зерттеуші З.Ш. Ерназарованың Көсемше оралымды жай сөйлемдердің табиғаты
жайында атты тақырыпта мақаласы жарық көрген. Зерттеуші көсемшеге қатысты
бұл мақаласында тіл тарихына қатысты жазба ескерткіштерден ерте кезеңде бір
бастауышты көсемше оралымдар көсемше бағыныңқы сөйлемдерге қарағанда жиі
қолданылғанын атап көрсеткен. Егер көсемшені бағыныңқы сабақтас құрмалас
екі жай сөйлемнің арасына ыңғайласып, қабыса байланыса жасалса, ал,
көсемшені сөздің алдыңғы позицияда қолданылуы көсемше оралым сөйлем
мүшелерінің құрылымдық жағынан кеңеюінен деп есептейді. Себебі, басқа
позицияда тұрған сөйлем мүшелері бағыныңқы қатыстағы сөздермен күрделенуге
бейім тұрады дей келе, сөйлем ішіндегі функционалды-семантикалық қызметтері
жағынан бір-бірінен ерекшеленіп тұрғаны бағыныңқы сөйлем де, көсемше оралым
да сөйлем мазмұнын кеңейткенінен көрінеді. Автор көсемше оралым жеке
сөйлемдік дәрежеде танылмай, жай сөйлем аясында қарастырылып, негізгі
предикатпен бір мезгілдік арақатынаста тұрып, әрекет үстіндегі субъектінің
образын, әрекеттің өту амалын суреттейді деп көрсетеді [24;65].
Тілді меңгермей тұрып, адам белгілі бір деңгейде ғаламмен танысады,
сезім мүшелері арқылы болмыстағы құбылыстардың сырын түсіне отырып, ол
туралы ақпарат жинақтайды, заттардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын
анықтайды. Кейінгі қазақ тіл білімінде сөзжасамның жеке сала ретінде бөліне
бастауына байланысты бір сөздің ешбір жұрнақсыз сөз табына меншіктілігін
ауыстыру құбылысын сөзжасамдық тұрғыдан қарау басым бағыт алды.
1994 жылы Қазақ тілі мен әдебиеті журналының №5-6 сандарында тілші
Е.Саурықовтың Түркі тілдеріндегі –ча,-че; -ша,-ше формалы аффикстің
лексика-грамматикалық ерекшеліктері атты тақырыпта басылып шыққан
мақаласында құранды –ғанша,-ғұнча тұлғасы және –ғая, -геи, -кәч тұлғалы
формалардың құрамында жүрген –ча,-че; -ша,-ше аффиксінің қазіргі түркі
тілдеріндегі қолданылу аясы мен лексика-грамматикалық ерекшелігін
сараптағанда, сонау көне түркіден белгілі көсемшенің ерекше бір түрін
жасап жүргендігіне тоқталған. Үнемі даму үстінде болған бұл көне аффикс
қазіргі түркі тіліне жетіп, әр тілдің ерекшеліктеріне сай қолданыста
жүргенділігі айтылған. Қолданылу аясы мен функциясы жағынан түркі
тілдерінде үстеу мен көсемше арасында екі ұдай қызмет атқаратыны ескеріледі
[25;143].
Тіл білімі тарихын зерттеуші ғалымдардың басшылыққа алатын историзм
принципі бойынша, әр дәуірде қалыптасқан, өмір сүрген алуан түрлі тілдік
мектептер, концепциялар сол өз дәуірі тұрғысынан бағаланып, олардан бұрын
не бар еді, бұлар оған не қосты, кейінгілердің өздерінен бұрынғылардан
артықшылығы қандай деген тұрғыда қаралуы керек. Қазіргі заман тіл білімі –
дамудың биік шыңына көтеріліп келе жатқан кең салалы, көп тармақты ілім.
Лингвистикалық мұраны зерттеу жалпы тіл білімінде, соның бірі түркі
тілдерінде, ғылым туралы ғылым ретінде әбден орныққан, қалыптасқан дәстүр
болып табылады. 1995 жылы Г.Әмірованың Қазақ тілі мен әдебиеті журналының
№7 санында Көсемшенің тарихы туралы мақаласында Н.Т.Сауранбаевтың:
көсемшенің қимылдың идеясы мен шағын білдіріп, қазіргі қалпына тиянақты
болған деген идеясын әрі қарай дамыта отырып, мынадай қорытындыға келген:
- түркі тілдерінде етістіктердің жіктелуге дейінгі дәуірі болған.
Жіктік дәуірге дейінгі кезеңде етістік полисемантикалық қызметте
жұмсалған. Жіктелуге дейінгі дәуірдің болғандығына С.Е.Малов
көрсеткен сары ұйғыр тіліндегі факт дәлел бола алады;
- көне ескерткіштер тілінде кездесетін көсемше өте көне тұлға және сол
кезеңде шақ мағынасын білдіргеніне башқұрт, татар, құмық
тілдеріндегі етістіктің жіктелу ерекшелігі дәлел бола алады;
- кейінгі тілдік дамудың нәтижесінде шақтық мағынадан көсемше
даралаған, ажыраған, яғни шақтық мәннің солғындауынан -а,-е
тұлғалары көсемше қызметінде кейінгі кезеңде қолданылған [26;122].
Автордың бұл мақаласындағы көсемше шақ қызметін атқарады деген пікірімен
келісіп, көне жазба ескерткіштер материалдары көсемшенің негізгі қимылды
сипаттап қолданылғандықтан, көсемше қызметі шақтан ажырағасын пайда болды
деген пікірімен келісуге болмайды.
Көсемше – қыры мен сыры мол, көне категория. Ескерткіштер көсемшенің
негізгі қимылды сипаттап қолдануы, жанама қимылды білдіруі оның бастапқы
қызметі, негізгі қызметі екенін дәлелдеді. Қазақ тіліндегі көсемше басқа
түркі тілдеріндегі көсемшеге қарағанда үлкен қолданысқа ие. Сондықтан
көсемшенің мағынасы мен негізгі қызметтерін анықтау үлкен ғылыми және
практикалық мағынаға жол ашады Етістік категориялары, етістік түрлері,
күрделі етістіктердің құрылуы, етістікті өзгертудің негізі сияқты
мәселелердің барлығы көсемшемен тығыз байланысты.
Көсемше тақырыбы бойынша жан-жақты зерттеу жүргізу, оның мағыналары мен
сөйлемде атқаратын қызметтеріне назар аудару мәселесі зерттеушілер арасында
кең көрініс тапқан. 1996 жылы зерттеуші Жұмағұлова.Ө.А Көсемшенің
зерттелуі атты тақырыпта мақаласы жарық көрсе, ал 1999 жылы көсемше
тақырыбында Қазақ тіліндегі көсемшенің мағынасы мен қызметінің дамуы атты
кандидаттық диссертациясы қорғалды. Диссертация кіріспеден, үш тараудан
тұрады әрі әр тарау қамтитын мәселелердің әрқайсысына байланысты жеке
тұжырымдар мен қорытындыдан тұрады. Жұмыс соңында пайдаланылған әдебиеттер
тізімі берілген. Диссертацияда қамтылған тараулар, олардың тармақтары
төмендегідей:
1-тарау: Етістіктің көсемше түрінің дамуы туралы жалпы түсінік деп
аталады. Бұл тараудың мазмұны мынадай үш тармақтан тұрады:
а). 1-тармақта көсемшенің жалпы түркі, соның ішінде қазақ тіл
білімінде зерттелуіне шолу жасалды;
ә). 2-тармақта жазба ескерткіштер тіліндегі көсемшенің тіліміздегі
атқартын қызметтері анықталды;
б). 3-тармақта көсемшенің кейін қосылған түрлері анықталып, олардың
көсемше ретінде танылу себебі ашылып көрсетіледі.
2-тарау: Көсемшенің грамматика саласындағы мағынасы мен қызметі деп
аталады. Бұл тарауда қамтылған тармақтар:
а). 1-тармақта көсемше етістіктің түрі екендігі анықталды және көсемше
жұрнақтарының аналитикалық форманттар құрамындағы қызметі көрсетілген,
сонымен қатар көсемше жұрнақтарының шақтық көрсеткіш қызметінде қолданылуы
сөз етілген;
ә). 2-тармақта көсемшенің оралым жасаудағы қызметі, сабақтас сөйлем
жасаудағы қызметі қарастырылады;
3-тарау: Көсемшенің сөзжасамда атқаратын қызметі.
а). 1-тармақта көсемше жұрнақтарының күрделі етістік жасаудағы қызметі
сөз етілген;
ә). 2-тармақта көсемше жұрнақтарының үстеу жасаудағы қызметі
қарастырылған [27;6-21].
Көсемшенің қыр сырын ашуға арналған Қазақ тіліндегі көсемшенің
мағынасы мен қызметінің дамуы атты еңбегінде Жұмағұлова.Ө.А көсемшенің
жалпы зерттелуіне жан-жақты тоқтала келе, автор: көсемшенің дамуын ескере
отырып, оның барлық мағынасы мен қызметін толық қамтыған ғылымның қазіргі
дамуына сай жазылған еңбек жоқ екенін шолу анық көрсетті,- деген пікірге
келген. 2000 жылы Шоқан тағылымы -5 журналында Өміргүл Ақанқызы
Жұмағұлованың Ескерткіштер тілінде көсемшенің қолданылуы атты тақырыпта
мақаласы жарияланды. Бұл мақаласында автор ескерткіштер тіліндегі қолданған
көсемшенің негізгі қызметінен басқа қызметтерін анықтаған. Көсемшенің көне
категория екенін айта келе, зерттеуші көсемшенің пысықтауыш қызметінен
басқа, күрделі етістіктерді байланыстыру, бағыныңқы сөйлемдерде баяндауыш
қызметін атқаратынына тоқталады. Мақалада автор мынадай қорытынды жасаған:
1. Көсемше негізгі етістік алдында тұрып, жанама қимылды білдіріп,
қимылдың қалай жасалғанын сипаттап, көсемшенің нағыз мағынасы
қызметінде қолданылған;
2. Көне жазба ескерткіштер тілінде көсемше сабақтас құрмалас сөйлемнің
бағыныңқы сөйлемнің баяндауыш қызметін атқарған;
3. ХІІ-ХІІІ ғғ көсемшенің күрделі етістікті байланыстырушылық қызметі
қалыптасқан.
4. Көне жазба ескерткіштерінде көсемше жалғаусыз сөйлем соңында тұрып,
ашық райдың шақ көрсеткіштерінің қызметін атқарған [28;125].
Бұл мақалалар, диссертациялық жұмыс кейін көсемшеге байланысты үлкен
жеке монографиялық еңбектің жарық көруіне негіз болды. 2002 жылы Ө.А.
Жұмағұлова Қазақ тіліндегі көсемшенің мағынасы мен қызметінің дамуы атты
еңбегі жарық көрді. Көсемшенің зерттелуінде автор Көсемше тақырыбы жайлы
жазылған алғашқы еңбектерге А.К.Казембектің 1846 жылы Қазан қаласында жарық
көрген Общая грамматика турецко-татарского языка атты еңбегін жатқызады.
Көсемшені гериндиум деп атаған Казембек А.К оған: герундіумь образуется
из второго лица единственного числа повелительного наклонения последуемого
частицей –упь,-юпь,-ипь, которая применяется на –о, это герундіумь иногда
может переводиться настоящим, но вообще оно означает действие прошедшее, -
деген анықтама бергенін атап көрсетеді [29;6].
Тіл біліміндегі сөйлемдер жүйесінің бүгінгі дамуы мен оның өзекті
мәселерін танып білуде профессор С. Аманжоловтың ғылыми тұжырымдарын, атап
айтқанда, сөйлем теориясының негізгі грамматикалық сипаттары, жай сөйлем
мен құрмалас сөйлемнің ара-жігін айқындату, сөйлем мүшелері түрлерін
ажырату критерийлері, үйірлі мүшелі конструкциялардың жаратылысын тану,
сөйлемдерді топтастыру мен олардың жіктелу принциптері, сөйлем теориясының
даму жолдарына қатысты тұжырымдарын зерттеудің маңызы зор. Тілдің даму
барысында жай сөйлемнен күрделіге қарай жүретіндігі белгілі. Алғашында
етістіктің ерекше бір түрі ретінде қарастырылған көсемше, кейінгі
зерттеулерде ғалымдар арасында салаласа, сабақтаса байланысқан құрмалас
сөйлемдердің құрамындағы жай сөйлемдердің баяндауыш тұлғаларына байланысты
көсемше жұрнақтары арқылы жасалған құрмаластарды зерттеу нысанға алынған.
Мұндай зерттеулердің негізін 2000 жылы Алматы қаласында қорғалған
Б.Қапалбековтың Көсемше бағыныңқылардың дамып қалыптасуы мен мағыналық
түрлері атты кандидаттық диссертациясы қарастырылды. Қай тілде болмасын
күрделі тұтасқан құрылымдар кейін пайда болған. Жай құрылымдардың
күрделенуін деривациялық қатынастарға сүйене отырып модельдер арқылы
көрсетуге болады. Зерттеудің осындай түрі арқылы тілдің жүйелілік сипатын,
даму заңдылықтарының бір-бірімен байланысын бірден толық, кең түрде көруге
мүмкіндік туады. Осындай мүмкіндіктер негізінде, зерттеуші Б.Қапалбеков бұл
диссертациясында көсемшенің құрмалас сөйлем жасаудағы қызметін жалаңаштап
қана алмай, оларды осы қызметтерді атқара бастауына дейінгі кездеріне
тоқтала кеткен. Қазақ тіл білімінде көсемше формалары арқылы жасалған
құрмалас сөйлемдерді деривация қатынастары тұрғысынан зерттеу осы
диссертациядан бастау алған. Диссертация кіріспеден, үш тараудан және әр
тарауы тұжырымдар мен жеке қорытындыдан тұрады. Көсемшеге қатысты бұл
зерттеу мынадай тақырыптағы тарауларды қамтиды:
1-тарау: Көсемшелердің жұмсалымдық қасиеті;
2-тарау: Көсемшелер арқылы жасалған бағыныңқылардың мағыналық
түрлері;
3-тарау: Көсемше арқылы жасалған күрделі құрмалас сөйлемдер.
Диссертацияда қарастырылған мәселелер мынадай:
а). Көсемше жұрнақтары арқылы жасалған ортақ бастауышты сөйлемдерді
құрмаласқа жатқызу, жатқызбаудың негіздерін табу;
б). Күрделі құрмаластардың қалыпты құрмаластардан айырмашылығын анықтау
және оларды жүйелеп көрсету;
в). Синтаксистік еңбектерде ала-құла болып әр түрлі аталып жүрген,
көсемше арқылы жасалған, мағыналық жағынан дербес жай сөйлемдері бар
сабақтас құрмалас сөйлемдерге басқаша атау ұсыну;
с). Көсемше жұрнақтары арқылы жасалған құрмалас сөйлемдерге құрылымдық-
мағыналық талдай жасау;
д). Көсемше формаларының көп мағыналылығына назар аудара келе, оның
синтагмалық және парадигмалық жұмсалымдық өрісін жинақтап көрсету;
е). Тілдегі деривациялық қатынастарды негізге ала отырып, көсемше
жұрнақтарының құрмалас сөйлем жасауға келу механизмдерін ашу. Зерттеудің
бірінші бөлімінде автор көсемше терминіне тоқталып, оның құрмалас
сөйлемдегі қызметіне сипаттама берген. Қазақ тіл білімінде ең алғаш рет
көсемше деген терминді ғылыми айналымға енгізген А.Байтұрсынұлының бұл
терминге берген анықтамасын негізге ала отырып, көсемшені арнайы
қарастырған Б.Қапалбеков бұл термин жөнінде былай дейді: ұлы ғалымның
термин жасауда атауыш сөздер тудыру жүйесінде қалыптасқан заңдылықтарға
сүйенбей, өзінше басқашалау тәсіл ұстанғандығы байқалады, - деген пікір
білдіреді. Көсемшелер формалық жағынан да, мағыналық жағынан да тиянақсыз
болғандықтан, тиянақтаушы етістіксіз айтылмай өзі үнемі көсемдер сияқты,
көсемше соның алдында тұрады. Етістіктің функционалды екі түрінің есімше,
көсемше аталуы құрылымдық жағынан бірдей болғанмен, ұғымдық белгіге сүйенуі
басқа-басқа. Есімше ішкі лингвистикалық ұғымға сүйеніп жасалған болса,
көсемше сыртқы құбылыстық ұқсастыққа сүйеніп жасалған. Автор көсемше сыртқы
құбылыстық ұқсастыққа негізделіп жасалған, сондықтан есімшені есімдік
қасиетінің молдығынан есімше деп аталса, көсемшені үстеуше деп атайық деген
ұсыныстар көрініс тапқан. Сонымен қатар бұл тарауда автор құрмалас
сөйлемнің құрамындағы көсемшенің екі түрлі қызметін анықтаған.
Диссертацияның екінші бөлімінде автор қазіргі қазақ тіліндегі көсемше
формаларының бағыныңқы сөйлем баяндауышын жасаудағы ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz