Кәкімбек поэзиясындағы туған жерге сағыныш


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 33 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

КІРІСПЕ 3

1. Көрікті Көкшенің сыршыл ақыны 4-21

1. 1. Ақындық бастау 4-11

1. 2. Кәкімбек поэзиясындағы туған жерге сағыныш 12-21

2. Арқаның арқалы ақыны 22-51

2. 1. Елін сүйген ұлы рух 22-33

2. 2. Сырғалы гүлтәждерді жырлаған жүрек 33-51

Қорытынды 52-54

Пайдаланған әдебиеттер тізімі 55

КІРІСПЕ

Топырақтан маздап шыққан жапырақ нілімен бойға сіңген жер нәрі құлын-тайдай тебіскен жусан емген ерке түлік бойынан құнарын көрсететіні бар емес пе? Сол сияқты Көкшенің Имантау, Бурабай, Айыртау, Зеренді, Окжетпес, Жалғызтау сынды киесінің қасиетіне аунап-қунап, аққу құстың сыланып-сипанар айнасы болған Сексенкөлдің зәмзәмдай тазалығына, сафтылығына шомылып өскен жан еңсесін бір көтергенде күллі жүұрт елең етіп аузын ашқанда айрандай ұйып қалатын. Хан Абылай хандық еткен, Кене хан жолдық еткен, Шоқан шыңдалған, Біржан, Ақан, Сегіз сері ән салған рухты топырақ сан тұлғаның асқақ жанын қалап берген, заңғарлыққа жетелеген. Елмен етене жақындататын да жер. Еркеш Ибраһимды да, Смағұл Садуақасовты, Жақан Сыздықұлын, Еркін Әуелбековты, Төлеген Қажыбаевтарды да көтерген осы жатыр. Әлі талай толғақтан жан жүрегі «қазанша қайнап» ойын «қасықтап сөйлететін» торсық шекелілер топ етер. Шарана шырылдаса айы күлімсірейтін. Көкшенің жұлдызы жымиатын.

Осы сұлу табиғат ортасында өскен бала Кәкімбек тез есейді, жасынан сері де әнші жыр сүйетін ортада өскен ол өзі де бала сатынын өзінен ақ ақын болып қалыптасты. Өнерлі ортадан шыққан ақын өзіндік ерекшелігімен ерте танылды. Кенші ақынның өленінде басқаларда кездеспийтін өзіндік ырғақ бар-ды.

Біз сонын сырына баруды ұйғардық жұмыс өзектілігі олсында.

Жұмысымызда ақынның бар шығармашылығын түгел қамтуға тырысып оның өзіндік қырын танытатын өлең жырына терендеп барып талдауды мақсат тұтамыз.

Жұмыстың екі тараудан тұрады «Көрікті Көкшенің сыршыл ақыны» ақыны тарауында Кәкімбек Салықовпен ақындық жолынын басталуымен оның туған жерге деген сағынышы, өзі туған өлкеге ғана емес бүтін қазақ жеріне деген ыстық лөпіле сөз болады. «Арқаның арқалы ақыны» атты екінші тарауда оның ақындық шеберлігі лирикасының тақырыбы, оның жырларындағы табиғат пен адамдардың бір-біріне жымдаса астасқаның шебер тілімен бере білгендігін аштық.

Кәкімбек ақыиның қиыр жайлап тыс жүрген ғұмыры сары тап сағыныштар мен ала бөтен ақсаулардан раня тұрғаңдай ма дегі деп қаласың. Өйткені: Қайтқаи құстар барады, -Еділдетіп Оралмен. Елге жетіп қалар ма ем, Ере кетіп солармен, - дегея ақын жүрегінің сағыныштар мен аңсаулардан қуралғаи отты сезімін Шөміл Әбілтаевтың ән тілімен дөп басып, қапысыз танығандыгына тәнті болмасқа шараң жоқ Ән әуеиінде олең жолдарының барлық бояу бедері меи ішкі иірімді сырларын . айқьш аңғарған алымдылық, сергек сезінгендік бой тастап отырады. Сөз беи саз үндестігінің әдемі гармониялық бітім бірегейлігі сүйсінтеді. Осы тұста Шәмілдің «Ұлдарым», «Бір ауыз сөз». Жақсыкелді Сейіловтың «Жез киік», Жағыпар Әлімхановтың «Сағыныш», Мұратхан Егінбаевтың «Үш арыс» деген қалаулы халықтың ән еңшісше аияалып кеткен сүйкімді сұлу саздарында ақынның жан сырын, көңіл жатқандығын осы жолы тағы бір айтсак артықтык етпейді.

1. Көрікті Көкшенің сыршыл ақыны

1. 1. Ақындық бастау

Топырақтан маздап шыққан жапырақ нілімен бойға сіңген жер нәрі құлын-тайдай тебіскен жусан емген ерке түлік бойынан құнарын көрсететіні бар емес пе? Сол сияқты Көкшенің Имантау, Бурабай, Айыртау, Зеренді, Окжетпес, Жалғызтау сынды киесінің қасиетіне аунап-қунап, аққу құстың сыланып-сипанар айнасы болған Сексенкөлдің зәмзәмдай тазалығына, сафтылығына шомылып өскен жан еңсесін бір көтергенде күллі жүұрт елең етіп аузын ашқанда айрандай ұйып қалатын. Хан Абылай хандық еткен, Кене хан жолдық еткен, Шоқан шыңдалған, Біржан, Ақан, Сегіз сері ән салған рухты топырақ сан тұлғаның асқақ жанын қалап берген, заңғарлыққа жетелеген. Елмен етене жақындататын да жер. Еркеш Ибраһимды да, Смағұл Садуақасовты, Жақан Сыздықұлын, Еркін Әуелбековты, Төлеген Қажыбаевтарды да көтерген осы жатыр. Әлі талай толғақтан жан жүрегі «қазанша қайнап» ойын «қасықтап сөйлететін» торсық шекелілер топ етер. Шарана шырылдаса айы күлімсірейтін. Көкшенің жұлдызы жымиатын. [1. 25] Күрсінген күн, томырсыған ай, жылаған жұлдызды қазақ даласында жыр дастанына жаңа леп естіртер перзент 32-нің саршұнақ қысында, аштықтың тұсында кіші «Еңбек» деген қожым шал ауылында дүние есігін ашты. Ел-жұрт Кәкімбек деп атады. Аспан, жер, тау, тас, көл, теңіз оны «кенші ақын» деп күңіренетін еді. Әкеден ерте жетім қалған бүлдіршін

Ыбырай бұлағының дәмі тартып, Бүркітті тауының етегінде Үкілі Ыбырай туған ауылда өскен. Бүркітті тауы деп отырғанымыз - Жалғызтау. Бір кездері оны «Жалғыз Жамантау» деп кетсе керек. Неге десеңіз ну қарағайлы тау асуынан қорған жақтан кірешілер (көпестер) жәрмеңкелерге асығатын көрінеді. Сөйтсе бұл жерде қарақшылар мекендегенде тонап кететін көрінеді. Содан секемденіп үрейлері кеткен (қашқан) көпестердің лақабы көрінеді.

1951 жылы Сырымбет ауылындағы орта мектепті бітіреді де Мәскеудегі М. И. Калинин атындағы түсті металл және алтын иснтитутына оқуға түсіп, оны 1955 жылы бітіріп шығады. Институтты бітіргеннен кейін маман кен инженөрі ретінде Жезқазған руднигіне жолдама алады. Мұнда кен мастері, учаске бастығы, шахта бастығы, Жезқазғанның Қ. И. Сәтпаев атындағы кен-металлургия комбинатының секретары болып жұмыс атқарады. Көп жылдар Өзбекстан, Қарақалпақстанда, Мәскеуде жоғары лауазымда қызмет атқарды.

Қазақтың көрнекті лирик ақыны, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Кәкімбек Салықов 22 қантарда 1932 жылы бұрынғы Көкшетау облысы, Айыртау ауданы, Еңбек аулында дүниеге келген. 1955 жылы Москваның түсті және алтын институтын бітірген. Институтты бітіргеннен кейін 1955-1966 жж. Жезқазған кен металлургия комбинатында кен мастері, учаске бастығы болып түрлі қызметтер атқарды. Жезқазғанның Қ. И. Сэтбаев атындағы кен металлургия комбинаты парткомының хатшысы, Қазақстан КП Жезқазған қалалық комитетінің бірінші хатшысы, Жезқазған облыстық комитетінің екінші хатшысы қызметін атқарады. Көп жыл бойы КОКП Орталық Комитетінің аппаратында инспектор болып қызмет істеді. 1984 жылы Өзбекстан КП Орталық Комитетінің бюро мүшесі. Қарақалпақ облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы болып қызмет атқарды. 1989 жылдағы СССР Жоғары Кеңесінің Экология жэне табиғи ресурстарды үлымды пайдалану мәселелері жөніндегі комитетінің басқарушысы.

Кэкімбек Салықовтың өлеңдері баспасөзде 1956 жылдары жариялана бастады. Алғашқы өлеңдер жинағы «Сыр» (1977) жарық көрді. Замандастарының жасампаз еңбегі, табиғат пен адам бірлігінің жарасымдылығын, туған жерге деген мазаббатын өрнектеген «Жез киік» (1973), ал (1977) осы өлеңдер жинағы орыс тіліне аударылып жарияланды. «Нүрлы күндер» (1976), «Жүлдызды жылдар тынысы» (1978), «Мәңгі шырық» (1979), «Парасат сыры» (1980), «Шын жүректен» (1981) тағы басқа. өлеңдер мен поэмалар жинақтары жарыққа шықты. Қырғызстанда «Нүрлы күндер» (1981) атты кітабы қырғыз тілінде, Ғафур Ғұлам баспасы «Жез киік» (1983) жинағын өзбек тілінде шығарды. «Нұрлы күндер» (1981) атты кітабы қырғыз тілінде, Ғафур Ғұлам баспасы «Жез киік» (1983) жинағын өзбек тілінде шығарды. «Нүрлы күндер» жинағы Мәскеуден шықты. «Дала дастан», «Че Гевара», «Гэкку», «Жез киік», «Еңлікгүл», «Тәттімбет», «Ақың Тайжан», «Қуаныш - жұлдыз жарқылы», «Хан - атлас» атты поэмалары оқырмандарға қен танылып, ыстық ықыласқа ие болды.

Сазгер-ақын өлеңдеріне Н. Тілендиев, Ә. Бейсеуов, Е. Хасанғалиев тағы басқа композиторлар эн шығарды. «Жез киік», «Сағыныш», «Аққу әні», «Үш арыс» сынды туындылары халық эніне айналып кетті.

Ақын өлеңінің сонет формасын дамытты да тұңғыш рет сонеттен тізген гүл тэждерді қазақ поэзиясына тарту етті.

Кәкімбек Салықов В. В. Маяковскийдің «В. И. Ленин» поэмасын, Я. Коластың, М. Д. Львовтың өлеңдерін қазақ тіліне аударды. В. Савельевтің «Дала сыры» өлеңдер жинағын аударып, жеке кітап етіп бастырып шығарды.

Автордың отызға тарта жыр жинақтары жарық көрді.

Қазақ КСР Жоғары Кеңесіне үш мәрте (IX, X, XI) депутат болып сайланды. КСРО Жоғарғы Кеңесінің депутаты болып сайланды. КСРО Жоғарғы Кеңесінің депутаты. 1984 жылдан Өзбекстан Компартиясы ОК - нің, 1986 жылдан КПСС ОК - нің мүшесі.

Халыққа сіңірген еңбегі үшін Ленин орденімен, 2 рет Еңбек Қызыл Ту, Халықтар достығы ордендерімен марапатталған. Көкшетау қаласының «Қүрметті азаматы».

Жетпіс бес жасқа толуына байланысты өмірі мен шығармашылығы туралы биобиблиографиялық көрсеткіш жарық көрген.

«Жақсының үлгісі жанып тұрган шаммен тең»

(Кәкімбек Салықовтың туғанына 80 жыл толуына орай шығармашылығына арналған эдеби кеш)

Өткізу орны: Қалалың'қазақ, кітапханасы, Момышүлы 55

Өткізу уақыты: 27. 01. 2012. 14-00

Мақсаты: Қазақтың «кенші-ақын», «жезкиік-ақын» атанған көрнекті ақыны,

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Кәкімбек Салықовтың сандаған өлеңдері мен ел арасына кеңінен таралып кеткен әндерін, жалпы шығармашылығын, өмір жолын жалпы жү-ртшылығға, оқырман қауымға, сутендет жастарга жеткізу. Ақыннық эдебиеттегі орыны мен баға жетпес «өлең» атты қазынасын насихаттау.

Көрнекілігі: «Өлең менің бойтүмарым киелі . . . » тақырыбындындағы кітап көрмесі, толассыз ақындық иесі, ҚР ецбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Жазушуылар одағының мүшесі Кэкімбек Салықовқа арналған электронды диск қойылған.

Қатысушылар: Ж. Мусин атындағы қазақ педагогикалық колледжінің студенттері, қонақтар, оқырмандар.

Жүргізуші: Армысыздар қүрметті эдебиет сүйер қауым, студенттер, оқырмандар жэне қонақтар! Бүгін Қалалық қазақ кітапханасының ұйымдастыруымен өткелі отырған «Жақсының үлгісі жанып түрған шаммен тең» атты көрнекті қазақ ақыны, мемлекет жэне қоғам қайраткері Кәкімбек Салықовтың туғанына 80 жыл толуына орай ақынның шығармашылығына арналған эдеби-шолу кешіне хош келдіңіздер.

. . . Толқып айтсам

Толғанысты кезімді,

О, туған ел,

Сенсің өшер сезімді!

Әкем үшін бір ісіңді тыңдырып

Анам үшін жырлап өтем өзіңді, - деп жыр жырлаған Кәкімбек Салықұлы өзінің саналы ғұмырын шынымен де елі мен жерінің өткені мен келешегін, қызығы мен қуанышын жырлап келеді. Қандай адам болмасын туған жердің топырағынан қуат алады. Ал сол адам ақын жанды, ерекше сезімтал болса көкірегіндегі тү_ма бүлағының көзін ашуда сол топырақтың әсері мол. Кәкімбек Салықов Солтүстік Қазақстан обыліісы, бүгінгі таңдағы Шал ақын ауданының аумағындағы Еңбек ауылында туғанымен балалық және жасөспірім кезі Көкше өңірінің келбетті де көрікті таулары, небір аңызға толы айна көлдерді жалтыраған, кешегі Біржан сал, Ақан сері, Үкілі Ыбырай эуезді эндерін әуелеткен киелі өңірде өтті. Кэкімбек Салықовтың ел таныған ақын болуы сол дараларымыз мекен қылған топырақтың киесінен де болар . . .

Жүргізуші: Кәкімбек ағамыздың шығармашылығымен таныс болу үшін назарларыңызға Қалалық қазақ кітапханасының қызметкерлері дайындағын «Өлең менің бойтрарым киелі . . . » атты көрмені ұсынамыз. Көрмені аталмыш кітапхана қызметкері Гүлнар Дүйсенқызы таныстырады.

Жүргізуші:

Ортамызда әдебиет деген әдемі әлемге сандаған жауһар жырлары мен поэмалар, арнаулар әкеліп, сол әдебиет бетіне өзіндік жыр жазу сонылығымен келген Кәкімбек ағамыз жайлы, ол кісінің шығармашылығымен өмірі жайлы сіздермен ой бөліссін деген ниетпен шақырылған қадірменді қонақтарымыз бар. Ендігі сөз ретін сол кісілерге берсек. Ортаға сазгер, ақын, кешгі Біржан сал, Ақан сері сынды бабаларымыздың ізін жалғастырушы ағамыз Иран сал Тасқараүлын шақырамыз.

Жүргізуші: Келесі сөз қаламыздың қүрметті азаматы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Қажыбаев Төлеген ағамызға беріледі.

Жүргізуші: Қазақ тілі жэне мэдениет қоғамының төрағасы Мейрамбек Қиықұлына беріледі.

«Кездесуден қоштасулар қалмайды

Кезектесіп гұмырыңды жалғайды

Кездесуді аңсамаган адамдар,

Бірін бірі өмір бақи алдайды», - деп жырлаған Кәкімбек ағаның өлеңінен өмірідің өткінші өткел екендігін аңғарамыз. Ақынның осынау өлең жолдары бар адамзатты кішіпейілділікке, сыйластыққа, достық пен ақыл-парасаттылыққа шақырып түрғандай. Бүгінгі эдеби кешімізде Кәкімбек Салықовтың өзі болмасада армызда ақын ағамыздың өлеңдерін жаттап, оқып келген студенттеріміз бар екен ендігі кезекті сол кісілерге берсек.

Жүргізуші: Ж. Мусин атындағы қазақ педагогикалық колледжінің студенттері: Қонысбай Гүлфайруз, Нұрмағанбетова Айым, Жұман Айгерім, Төлеген Айдар өлең оқиды. (Қ. Салықовтың өлеңдері)

Жүргізуші: Сөз кезегі белгілі айтыскер ақын Құдайберлі Мырзабекұлына беріледі.

Жүргізуші: Келесі сөз кезегі М. Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық кітапханасының директоры Арман Бердалинга беріледі.

Құрметті қонақтар, қадірлі оқырман қауым Кәкімбек Салықовтың туғанына 80 жыл толуына орай Қалалық ақпараттық кітапхана жүйесінің әдістемелік бөлімінің қызметкерлері ақынның өмірі мен шығармашылығынан хабар берер электрондщқ диск дайындап шығарған еді, рұқсат етсеңіздер сол дисктің мазмұнын таныстыра кетсем. Аталмыш диск Кәкімбек Салықовтың өмірбаянынан бастап, жүріп өткен өмірінің эр жылдарында түскен суреттерін, әр жылдарда жазылған мақалалары мен жалпы өлеңдерінен қамтиды. Осынау шыған еңбек әр оқырманға Кәкімбек ағамыз жайлы мэлімет берер көмекші құрал болады деген үміттеміз.

Жүргізуші: Сөз кезегі Ибраев Бауыржан Қайыркенұлына беріледі.

Кәкімбек Салықов тек қана өнерін өлеңмен өрген ақын ғана емес, сонымен қатар ел арасына кеңінен таралып кеткен көптеген сұлу да сырлы әндерінің сөзін жазған сазгер екендігі баршамызға аян. Алпысқа тарта сазгермен 500-ден астам әнді дүниеге әкелуі, сазгерлердің ақынның өлендеріне ән шығаруға құштар болатыны ағамыздың жырларының сұлу сазға сұранып тұратынын паш етсе керек.

Сұлуды адам жаны қимайды екен,

Беймезгіл еске түссе қинайды екен

Жезкиік, сен есіме түскен кезде,

Бір өзім кең далама сыймай кетем, - деп жан толқыта жырлаған ақынның «Жезкиік» әнін тыңдау үшін ортаға. Біржан сал атындағы музыкалық колледж студенті Мақсат Әбзеловты шақырамыз.

Жүргізуші: Қорытынды сөз Қалалық ақпараттық кітапхана жүйесінің директоры Бауыржан Қарағызұлына беріледі.

Жүргізуші: Құрметті оқырман қауым бүла жырдың иесі, қаламынан сандаған өлеңдер мен поэмалар, арнаулар туған қазақ елінің арда азаматы, ақын аңамыз Кәкімбек Салықовтың туғанына 80 жыл толуына орай өткізілген әдеби іс-шарамыз өз мәресіне жетті. Келгендеріңізге көптен көп рахмет. Әдебиетімізде Кәкімбек ағамыздай келісті сөзден сұлу да сырлы өлең тудыра білетін ақындарымыз көп болғай!

Кәкімбек Салықов өлеңді ерте жаза бастаған. Бірақ алғаш рет 60-шы жылдары баспасөз бетінде көріне бастады. Алғашқы өлеңдер жинағы «Сыр» (1970) жылы жарық көрді. Бұдан кейін оның «Жезкиік» (1973), «Нұрлы күндер» (1976) және «Жұлдыздлы жылдар тынысы» (1978) атты өлеңдер кітаптары шықты. 1977 жылы «Жезкиік»атты өлең жинағы орыс тіліне аударылып, жарияланды. 1981 жылы «Қырғызстан» баспасы оның «Нұрлы күндер» кітабын қырғыз тілінде, 1983 жылы Ғафур Гулям баспасы «Жезкиік» жинағын өзбек тілінде шығарды, Кәкімбек Салықов ондаған поэманың авторы. Олардың ішінен «Дала - дастаны», «Че Гевара», «Гәкку», «Қырандар», «Ұрпақ сыры» т. т. ерекше атап өтуге болады.

Еліміздің атақты композиторлары Н. Тілендиев, Ә. Бейсеуов, Е. Хасанғалиев т. т. Кәкімбек өлеңдеріне ән жазды.

«Сыр» жинағымен поэзия майданыда тұсауын кескен өрен тұлға жұртқа құшақ-құшақ сезім толы гүл шоқтарын бейнелейтін жыр жолдарын сыйлады. Біреулер «ет пен тері» арасындағы қан қызуынан деп ойлауы әбден мүмкін. Жоқ, олай емес! Оқыған адам тұшынып ентелеп енгісі келеді. Тұп-тұра ұйқыдағы жанға суық бір тамшы тамғанда қалай селк етіп ояна кетсе, сол сияқты жырдан түзілген гүл тәждердің, жапырақтардың иіліп келіп жүрекке тамғанындай боласың да кетесің. «Сыр» ақын қаламының ұшын малып-малып қоғам, әлеумет, табиғат суреттерінің сұлбасын сызар жырының қоймасы, қолжетпес қазына, орасан байлық. Жер - анадай ақындардың жүрегі демекші шер, мұң қайғының бәрін де көтеретін сол жүрек. Қара топырақ астында не жатқанын білмейтініміздей ақын жүрегінде не жатқанын білмейміз. Гүл мен күл, мұз бен бөз, түн мен күн сонда мекен етеді. «Жастық шақ сырын айтып жер бетіне» дейді ақын. «Майдан батыр сұрайды, батыр майдан сұрайды» Майданды «Сыр»мен сұраған.

«Туған жердің қадірін туғалы түзге шықпаған қайдан біледі» жоғарыда шетке барып қызмет басты болған аз ба жан? Бәрі төлі жер еркесі. Алыста жатып желмен сәлем жолдап, бұлтқа хат жазбаған жан кемде-кем шығар? Кәкімбек Мәскеуде жатса да оның жазған «Жезкиігі» желдей заулап, ақ моншағын сеуіп елге жеткен. Өн бойында тыныстай мөлдір лиризм құйылған «Жезкиік»өлең жинағы 1970 жылы жазылса да Кәкімбек поэзиясыынң бүкіл болмысын көрсететіндей. Көлемі шағын, алаң аясы тар кішкене өлеңдері де қаншама сурет, қаншама сыршылдық, қаншама ой жатыр. «Қос анам», «Аққуға наз», «Аққулардың арманы», «Ауыл жатты», «Жезкиік», «Кеншілік пен ақындық» т. б. жазған ақын:

Жырымда көңіл нұрым бар,

Үңіле қарап ұғыңдар.

Өзімді айтсам өзге де,

Құрбы мен құрдас сырым бар.

Жырымда атқан таңым бар.

Жырымда аппақ арым бар.

Өмірді алдым сыйлыққа

Өлеңмен қайта алындар, [2. 30-31] - дейді «мұздың ызғары», «ашқылтым тиер тұз», «аяқтан өткен сыз», қала, дала, туған ел, ана бар деп бүкіл жырында бар-жоқты қысқа баяндайды да:

Жырымда жазым-күзім бар,

Өткерген өмір ізім бар.

Осының бәрі жоқ болса,

Мені де жоқ деп сызыңдар. [3. 40-45] - деп түйіндейді. Киікті елде туып өскен ұл болу неткен керемет. Көз сүзіскен аққудың еркелеп, қалқуын көтерген сұлу су жүрегінен сезімін ұрлап жағасында шомылған ақын жан жуып тазалап беретін шығар? Жел де қалыспай киіктің көзіндегі мөлтілді ұрлап әкеліп ақын көкейіне тамызып таңба қалдыратын шығар. Таза жан мөлдір көкейінен түзілген жыр жолдарын «Нұрлы күндер» жинағында оқырманына жаңа нұр сыйлады. «Жезкиікті көрсемші», «Адамдар аққуларды атпаңдаршы», «Сағыныш деген ғаламат», «Киікті елдің үлымьщ», «Ұрпақ сырын жалғаймын», «Адамға дос таңдарлық ерік берген», «Оқжетпес», «Көкшетау», «Есілге», «Балқаш таңы», «Іініме хат» т. б. сияқты шоқтығы биік өлеңдер туғызды. Әрине кенжелеп қалғандары да бар. Бұл мін емес. Себебі, үлы Мұхтардан бастап бәрінде мұндай түстар кездесіп жатады. Қасым ақын «Бұндай өлендер нағыз өлеңдерді асырау үшін керек»деген сылтаумен құтылады екен кезінде.

Киікті елдің үлымын,

Киікті елдің.

Сүлулықты жаныммен сүйіп келдім.

Жөйткіп өткен жүйріктің арын ұғып,

Құпиясын жадыма түйіп келдім, - деп дала ұлы екенін қалада жүрсе де паш етеді ақын жаны.

Тіршілік таңғажайып көріктенген,

Туған ел ата-ананы теліп берген.

Бәрінен жомарттығың осы екен ғой,

Адамға дос таңдарлық ерік берген, [4. 10] - дап адам баласы үшін жақсы дос таңданарлықтай ерік бергені үшін өте қуанады.

Елге, жерге сағынышын «Тыныштық» өлеңінде ап-анық көруге болады.

Ақын болған соң лек-легімен өлең тудыруы заңды нәрсе. Толкыннның өзі кезек-кезегімен барып жартасқа шапқыламай ма? Жоғарыдағы жинақтардан кейін кезегімен «Жұлдызды жылдар тынысы» деген атпен өмірінің тынысын бір сәт болса да үзбей жалғастырғанын паш етеді. «Мәңгі шырақ» ел қольшдағы емес жанының қараңғы түкпіріндегі білтені түтатарлық алау үсынған еді. «Парасат сыры» жинағы кейін келе «Қаныш - жұлдыз жарқылы», «Сырғалы сонеттер» деген кітаптары шықты. «Сырғалы сонеттер» демекші әр шумағы он төрт тармақ болып келетін өлеңнің осы түрін қазақ поэзиясына етене жақын еткен де осы Кәкімбек.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәкімбек Салықов поэзиясының көркемдік ерекшелігі
Ақын арнауларындағы тұлғалар галлереясы
Сонет жанрының тарихы
КӨКШЕ ӨҢІРІ АҚЫНДАР ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНДАҒЫ КӨРКЕМДІК ЕРЕКШЕЛІКТЕР
Библиографиялау және библиографиялық қызмет көрсету
Қазақ әдебиетіндегі төрттаған (рубаи) жанры
Табиғат лирикасының қазақ әдебиетіндегі көріністері
Қалибек Деріпсалдиннің өмірбаяны
Қазіргі қазақ поэзиясы
Сегізінші наурыз - қазақ ақыны Төлеген Айбергеновтің туған күні
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz