Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігінің көрсеткіштері және анықтау әдістемелері



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 67 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны
Кіріспе 4
1 бөлім. Өнімнің бәсекеге қабілеттілігі және оның теориялық даму
аспектілері
1.1 Кәсіпорын өнімінің бәсекеге қабілеттілігін арттырудың мәні мен маңызы6
1.2 Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігінің көрсеткіштері және анықтау 16
әдістемелері
1.3. Өнім сапасы және оның бәсекелестік қабілеті 20
2 бөлім. Көкшетау минералды сулары АҚ-ң экономикалық және қаржылық
жағдайларын талдау
2.1 Көкшетау минералды сулары АҚ-ның даму тарихы
28
2.2 Кокшетау минералды сулары АҚ қызметінің жалпы экономикалық талдауы.
33
2.3 Көкшетау минералды сулары АҚ қаржылық жағдайының талдауы
42
3бөлім .Өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру жолдары
3.1 Минералды су нарығының жағдайы
53
3.2 Жаңа технологияларды енгізу арқылы өнімнің сапасын жақсарту - өнімнің
бәсекеге қабілеттілігін арттыру факторы ретінде 56
3.3 Көкшетау минералды сулары АҚ-ң су өнімінің сапасын көтеру жолдары 63
Қорытынды 69
Қолданылған әдебиеттер тізімі 75
Қосымша

Кіріспе

Қазақстан Республикасында нарықтық экономиканың даму жолында көптеген
қиыншылықтарды бастан өткізіп, кейбіреуін жеңе білдік, кейбіреуінің
салдарын әлі де сезініп келеміз.
Республикамыздың, Үкіметіміздің алдында жоғарыда аталған, яғни нарықтық
экономиканың амал – тәсілдеріне бейімделіп, өте тиімді шешіммен кәсіпқойлық
іскерлікпен әртүрлі мәселелерді шешіп елімізді дамыған елдердің қатарына
қосу сияқты міндеттер тұр. Бұл дегеніміз тұрғындарымыздың әл-ауқатын
арттырып, әлеуметтік-экономикалық жағдайды жақсарту, әлем таныған
өркениетті ел болу.
Дипломдық жұмыстың өзектілігі- Қазіргі нарықта су сапасының төмеңдеуі
,және ауыз судың тапшылығынан көп мәселелер туындауда.Сондықтан бұл
тақырыптың негізі болып қазіргі нарықтағы таза су өнімдерінің бәсекге
қабілеттілігі және халықты таза сумен қамтамасыз ету болып табылады .Сондай-
ақ зерттелініп отрған кәсіпорынның өнімдерін бәсекге қабілеттілігін
зерттеу. Қазақстан экономикасының өрлеуі және ондағы бәсекенің қалыптасуы
мен дамуы өркениетті ел болудың негізгі шарты болып отыр. ”Қазақстан-2030”
атты даму Стратегиясы бәсекелестік нарықтарды құру, монополияға қарсы
құралдарды реттеуді қамтамасыз етудің қажеттілігін атап көрсетеді. Қазіргі
таңда бәсекеге қабілетті мемлекет, экономика құру мемлекетіміздің негізгі
мақсаты болып отыр. Себебі Дүниежүзілік Сауда Ұйымына (ДСҰ) кіруді
жоспарлап отырған жас мемлекет үшін бәсекеге қабілетті өнім шығару өте
қажетті болып табылады. 2006 жылдың 1-наурызында Қазақстан Республикасының
жолдаған Жолдауы да Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50
елдің қатарына кіру стратегиясы деп аталды. Жеті басымдылықтан тұратын
биылғы жылғы Жолдауында Қазақстанның әлемдік экономикаға ойдағыдай кіруі –
елдің экономикалық дамуының сапалық серпілісінің негізі деп ерекше атап
көрсетілді.
Бүгінгі таңда нарықтағы сауда күрделеніп отыр және ол жаңа шарттарға
сай жаңа басқаруды талап етіп отыр, әсіресе бәсекеге қабілетті өнім өндіру
бағытында күрделі жұмыстар атқарылуды қажет етіп отырған жағдай бар, яғни
бәсекелестік ортаға қатысушылар тарапынан қоғамдық қажеттілікті жылдам
қанағаттандыруға, инвестицияны меңгеруге, ғылыми-техникалық процессті
дамытуға, шығындарды азайтуға, сапаны көтеруге итермелейтіні белгілі.
Осылайша бәсекелестік процесске қатысушылар іріктеліп, халықаралық еңбек
бөлінісіндегі ұлттық экономиканың бәсеке қабілеттілігін көтереді.
Негізінен төлем қабілеті жоқ, өте тиімсіз кәсіпорындар жүргізетін
дағдарысқа қарсы басқаруды мемлекет тарапынан қолдау сан алуан түрде
көрініс алуы мүмкін, яғни оларға салықтық жеңілдіктер, қарыздың
құрылымдануы, банктік несие алуға кепілдік, өнімді өткізу нарығын кеңейтуге
жәрдемдесу, мемлекеттік тапсырыстарға ұсыну жатады.
Шаруашылық жүргізудің нарықтық тетіктеріне сәйкес әр түрлі меншіктегі
кәсіпорындардың пайда болуы және жоғары сапалы өнім өндіру барысында
бәсекеге қабілетті өнім түрлерін өндіру өте қажетті болып отыр. Сондықтан
дипломдық жұмыстың мақсаты – шаруашылық жүргізудің нарықтық механизмін
кеңінен енгізу арқылы бәсекеге қабілетті су өнімін өндейтін кәсіпорындарды
жақсарту болып табылады.
Жұмыстың мақсатын орындауға орай төмендегідей міндеттер қойылады:
- нарықтың экономика жағдайында бәсекеге қабілеттіліктің мәні,
маңызы мен көрсеткіштерін зерттеу;
- су өнімін өндейтін кәсіпорынның бәсекеге қабілетті өнім өндіру
мүмкіндіктері мен тиімділігін талдау;
- бәсекеге қабілетті өнім өндірудің негіз жолдарын анықтау
бағытында зерттеу жұмыстарын жүргізу.
Дипломдық жұмыстың зерттеу объектілері –Ақмола облысының Көкшетау
қаласында орналасқан Көкшетау минералды сулары АҚ болып табылады. Бұл
кәсіпорынның бәсеке қабілетін арттыру, қаржылық тұрақтылығы жөніндегі
механизмдер жүйесі, төлем қабілетін қалпына келтіру үлгілері, кәсіпорынның
Қазақстан аймағында қызмет ете алуының тәжірибесі болып саналады.
Атқарылатын жұмыс құрылымы жұмыстың мақсаттарымен және тапсырмаларымен
анықталады. Кәсіпорынның өнім сапасы және оның бәсекелік қабілеті деп
аталған екінші тарауда Көкшетау минералды сулары АҚ мысалға алынып, оның
жалпы сипаттамасы, қаржылық тұрақтылығы және төлем қабілеті жайлы айтылады.
Өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру жолдары деген үшінші тарау
кәсіпорынның бәсекесі мен оның Қазақстан жағдайларына бейімделуіне,
Көкшетау минералды сулары АҚ қолданған қаржылық сауықтандыру жоспарларына
арналады.
Дипломдық жұмыстың құрылымы- Дипломдық жұмыс кіріспе, 3 бөлімнен,
қорытынды,қосыша мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Дипломдық жұмыстың жаңашылдығы- Көкшетау бойынша су нарығы зерттелінді.
Бәсекге қабілетті өнімдер түрлері бойынша сауалнамалар өткізілді,және су
өнімің өндейтің және минералдармен байытатын KRONES типті синхроблок
енгізілді.
Дипломдық жұмыстың зерттелу деңгейі- Аталмыш зерттеу жұмысын көптеген
ғалымдар мен экономистер зерттеген оның
ішінде,Есентүгелов,Рахметов,Қасымов а,Кенжегузина және шетел ғалымдары мен
экономистер Герчикова,Адамчук,М.Портер,Р.Нельсо н, тағы басқа ғалымдар
зерттеген.Қазіргі таңда өнімнің бәсекге қабілеттілігі көптеген мәселелер
туындауда және жыл сайын біраз шаралар қолдануда.
Аталмыш зерттеу жұмысында Қазақстан Республикасының заңдары мен
экономикалық мәселелері бойынша ақпараттық басылымдардағы нормативтік-
құқықтық құжаттар зерттеліп қолданды. Зерттеудің мәліметтік базасы ретінде
Қазақстан Республикасы Ақмола облысындағы Көкшетау қаласында орналасқан
Көкшетау минералды сулары АҚ зерттелінген.

1 Бөлім Нарықтық экономика және өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру

1.1 Кәсіпорын өнімінің бәсекеге қабілеттілігін арттырудың мәні мен маңызы

Елімізде нарықтық экономиканың қалыптасуы отандық тауар өндірушілерге
шығаратын өнімдердің бәсекелік қабілетін арттыру мәселесін алдыңғы қатарға
қойды. Бәсекелік отанның дамуы шығарған өнімдердің сапасын қанағаттандыруға
итермелейді. Бәсекеге қабілетті өнім шығару кәсіпорынның, саланың дамуына
ықпал ететін негізгі фактор екенін уақыттың өзі дәлелдейді. Өнімнің
бәсекелік қабілетінің мазмұны "бәсеке" терминімен тікелей байланысты.[1]
Қазақстан Республикасы "Бәсеке және монополистік қызметті шектеу
туралы" Заңында: "бәсеке – рынок субъектінің өз бетімен жасаған іс-
әрекеттері, тиісті тауар рыногындағы тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін
қызметтер) айналасының жалпы жағдайына олардың әрқайсысының бір жақты ықпал
ету мүмкіндігін, тиімді шектейтін және тұтынушыларға қажетті тауарлар
(жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) өндіруді ынталандыратын жарыстастығы" –
деп көрсетілген.[2]
Бәсекелестік – бұл өндірушілер арасындағы күрес немесе жабдықтаушылар,
кәсіпорындар, фирмалар арасындағы өнім өндіру және өнімді тиімді өткізу
үшін күрес. Нарық жүйесінде бәсекелестік тұтынушылар үшін сайыс. Бұл
нарықтағы өзіне лайықты орын алу үшін күрес. Ол тауарлардың сапасы мен
арзандығына байланысты. 19 ғасырдың ортасында нарықта еркін бәсекелестік
кең өріс алды. Мұндай нарық сұраныс пен ұсыныс негізінде бағаның
ауытқуымен болды. Ол тұтынушылардың талабы мен есептесіп, тауардың сапасын
жақсартуға еңбек өнімдерін арттыруға, өндірісті ұлғайтуға өнім бірлігіне
шығынды азайтуға ынталандырды.
Бәсекелестіктің негізгі 2 түрі бар:
1.сала ішіндегі бәсекелестік – бұл саланың тауар өндірушілері арасында
болады. Онда ең жоғарғы еңбек өнімділігі бар, ғылыми техниканы қолданып
кәсіпорын жоғары табысқа жетеді, ал артта қалған кәсіпорынның табыстары
төмен болады, тіпті күйреуі мүмкін.
2.салааралық бәсекелестік – бұл халық шаруашылығы салалар арасындағы
күрес. Мұнда төмен деңгейдегі пайда табатын саладан капитал пайда деңгейі
жоғары салаға құйылады. Оның қортындысында жаңа сапалы тауарлар көптеп
шығарылып халықтың әл-ауқаты жоғарылайды. Ол саладағы пайда деңгейі
төмендегенде ғылыми техникалық жетістіктер негізінде жаңа тауарлар пайда
болады, сапасы жоғарылайды, халықтың табысы көбейген сайын сұраныс өседі,
осылай жаңа сатыға өсе береді.
2. Еркін бәсекелестіктің негізгі белгілері – бұл шексіз нарыққа
қатынасушылардың әрқайсысы кәсіпкерліктің қай түрінен болмасын айналасуы
және кәсіпкерлікті қоюға еркі бар. Кәсіпкерліктің алуан түрі бар:
1. өзі араласып кәсіп жасайды;
2. жұмысшылар жалдайды;
3. акция облигация сатып алады;
4. акциясын банкке салады, кейбірулер өндірісті қаржыландырады т.б.[13]
Әрбір кәсіпкер немесе бәсекелестікке қатынасушылар өз ақшаларына
қосымша пайда тауып байлығын арттыруға тырысады, кем дегенде сол пайда
арқылы күн көруге тырысады.Еркін бәсекелестік жағдайын ұсыныс пен
сұраныстың ауытқуы бір салада өнімді көп шығарып дағдарысқа ұшыраса 2-ші
салада тауар жетіспейді. Бұл фирманың табысы өссе 2- шісі күйрейді. Сонда
өндіріс пен капитал шоғырланып орталықтанады. Ол монополия құруына әкелді,
яғни нарықты басып алады. Жетілмеген бәсекелестік нарығы бұл таза
монополия. Монополиялық бәсеке – бұл олигополия. Таза монополия өнім
шығаратын бір фирма бәсекелестігі жоқ. Оның 4 ерекшелігі бар:
1. сатушы тек қана бірфирма
2. сатылатын тауарлардың орнын басатын тауар жоқ.
3. монополист нарықты билейді және бағаны бақылайды
4. нарыққа кірер жерге өте алмайтын кедергі қояды.
Нарықтық экономиканы дамытудағы бәсекенің мәнін XVIII ғасырда
ағылшынның кемеңгер экономисі Адам Смит әйгілі "көрінбейтін қол"
қағидасында ашып көрсеткен. Адам Смит бойынша бәсеке механизм іспеттес, сол
арқылы жеке көзқарастар мен экономикалық тиімділік қалыптасады, салалар
арасында игіліктердің тиімді бөлінуі жүзеге асады, пайда мөлшері
теңеледі.[22]
Қазіргі ғалым экономистер өз еңбектерінде бәсекеге қатысты
көзқарастарын жаңа ойлармен сипаттап, бәсеке теориясының дамуына өз
үлестерін қосуда.
Ресейлік ғалым А.Ю. Юдановтың пікірінше "нарықтық бәсеке – нарық
сегментінің тиісті бөлігінде, тұтынушының шектеулі көлемдегі төлем қабілеті
бар сұранысы үшін фирмалар арасындағы тартыс".
Бәсеке – белгілі бір мақсатқа жету үшін заңды немесе жеке тұлғалар
(бәсекелестер) арасында болатын тартысты бейнелейді дейді Г.Л. Азоев пен
А.П. Челенкоев.[25]
Бәсеке – бұл субъектінің объективті немесе субъективті қажеттіліктерін
заңдылық шеңберінде, не қалыпты жағдайда қанағаттандыру үшін
бәсекелестерімен тартыс барысында жеңіске немесе басқа да мақсаттарға
жетуде өзінің бәсекелестік артықшылықтарымен басқару үрдісі. Бәсеке қандай
да бір қызмет аясында жақсы нәтижелерге жету үшін болатын экономикалық
жарыс, тауар өндірушілердің тиімді шаруашылық жағдайы үшін, мол пайда алуға
бағытталған күрес деп айтса да болады.[27]
"Нарықтық экономиканың анықтамалығында" бәсеке дегеніміз – жеке өнім
өндірушілер, жұмыс істеушілер, қызмет көрсетушілер арасында өз мүддесі
жолындағы бәсекені айтады. Нарықтық экономикада бәсекелестік негізгі
реттеуші қызмет атқарады. Оның күш-қуаты стихиялы сипатқа ие, егер ол басқа
мехенизмдермен түзетіліп отырмаса экономикалық, әлеуметтік, экологиялық
және басқа да қажетсіз зардаптарға ұрындыруы мүмкін.
Қазақстандық бір топ ғалымдар бәсекелестік қабілетке төмендегідей
анықтама береді: "бәсекелестік қабілет - өнімдердің нақты қоғамдық
қажеттіліктерге сәйкестік деңгеймен, сондай-ақ оны қанағаттандыруға кеткен
шығындармен бейнелейді". Сол сияқты, тамақ өнеркәсібінің бәсекелестік
қабілетін жүйелі түрде зерттеген ғалым-экономист С.Б. Ахметжанова
"бәсекеге қабілетті өнім, бәсекелестердің нарыққа ұсынған ұқсас
тауарларымен салыстырғанда, сапасы мен бағасы жағынан ерекшеленеді" деген
пікір білдіреді.
Өнімнің бәсекелік қабілетін оның бағасы арқылы сипаттау әрекеттері де
қолданылуда. Бұл бағаны қалыптастырудың квалиметриялық әдістемесін
жақтайтындардың анықтамаларында көрсетеді. Олардың пікірінше, тауардың
бағасы – оның тұтынушылық және құндық қасиеттерін бейнелейтін әмбебеп
сипатқа ие. Бағасына байланысты тауарлардың айырмашылықтары қалыптасады,
осы себепті тауарлар бір-бірімен бәсекеге түседі. Алайда, бұл көзқарасты
баға бәсекесі теріске шығарады, өйткені, біркелкі тұтынушылық сипатқа ие
тауарлар әртүрлі бағамен сатылуы мүмкін.[29]
Өнімнің бәсекелік қабілетін екі топ факторлармен анықтайтын
салыстырмалы сипатпен қарастыру жағдайлары да кездеседі, яғни, өнімнің
сапасы мен қарастырылатын өткізу нарығының талаптары арқылы. Шындығында,
өнім бәсекеге қабілетті болу үшін өткізілетін нарықтың тиісті талаптарына
сай жоғарғы сапалы болуы тиіс. Алайда, бұл жағдайдың өзі өнімнің бәсекеге
қабілетті екендігін көрсетеді. Бәсекелестік қабілет өнімді өткізу барысында
басқа тауарлар мен салыстыру арқылы анықталады.
Қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру деңгейі және оған кеткен
шығындылық арқылы анықталатын өнімнің салыстырмалы сипаттағы бәсекелік
қабілеті тұтынушылардың бір өнімнен екіншісін жоғары бағалау арқылы
анықтайтынын ескермейді. Осыған байланысты, өнімнің бәсекелік қабілеті –
оның ұқсас басқа өніммен айырмашылығында ғана емес, салыстырмалы
ерекшелігінің де болуында.[27]
Негізінен, өнімнің бәсекелік қабілеті оның нақты қажеттілік үшін
құндылығымен анықталады. Әр бір тұтынушы қандай да бір өнімді сатып аларда
оның қажеттілігін өтеудегі тиімділігінескереді. Егер, өнім тұтынушылардың
қажеттілігіне сай болып тұрса, онда оның бәсекелестік қабілетін бағалау
құнына қарай ауысады. Яғни, тұтынушы, бір жағынан, өнімнің пайдалану
тиімділігін ескерсе, екінші жағынан, оған кеткен шығынды ойлайды.
Бұл жерден шығатыны, өнімнің бәсекелік қабілеті – бұл өнімнің бәсекелес
өндірушілерінің ұқсас өнімдерімен салыстырғанда жоғары тұтынушылық
қасиеттерімен, төмен бағамен, тартымдылығымен және оның қажеттілікті өтеу
құндылығымен ерекшелену сипаты. Бұл анықтама өнімнің бәсекелік қабілетінің
маңызын мейлінше толық түрде бейнелейді деген ойдамыз.
Жалпы алғанда, өнімнің бәсекелік қабілеті бірнеше маңызды қасиеттерге
ие:
1) бәсекелік қабілет – салыстырмалы шама, яғни ол ұқсас өнімдермен
теңестіру арқылы анықталады;
2) ол динамикалық шама, яғни уақытқа байланысты өзгереді, тауардың
өмірлік циклына және басқа да жағдайларға тәуелді;
3) әр бір тұтынушылардың жеке талғамы әр бір өнімнің бәсекелік
қабілетіне өздігінше әсер етеді. Сондықтан, өнімнің бәсекелік қабілеті
құбылмалы сипатқа ие;
4) бәсекелік қабілет нақты, яғни ол өнімнің белгілі бір түріне,
нарыққа, ҒТП даму деңгейіне, қоғамдық еңбек жүйелеріне және т.с.с.
байланысты.
5) бәсекелік қабілетке әсер етуге болады, ол оның құндылығын арттыру
үшін маңызды.
Осы жағдайларға байланысты, бәсекелік қабілетті жүйелі түрде, уақытқа
және қоғамдық талаптарға сай, тұтынушы үшін де, өндіруші үшін де зерттеу
қажет.
Сонымен жоғарыда айтылған өнімнің бәсекелік қабілетіне қатысты
анықтамаларды жинақтай келе, келесі пайымдауларды атап өтуге болады:
– өнімнің бәсекелік қабілеті – бұл тек нарықтық экономикаға тән
категория. Бәсеке жоқ жерде өнімнің бәсекелік қабілеті туралы сөз болуы
мүмкін емес;
– бәсекелік қабілет – салыстырмалы түсінік, өйткені ол тұтынушы
талғамын қанағаттандыруға бағытталған тауарларды бір-бірімен салыстыру
арқылы анықтайды;
– өнімнің бәсекелік қабілеті – бұл өнімнің бәсекелес өндірушілердің
ұқсас өнімдермен салыстырғанда жоғары тұтынушылық қасиеттерімен, төмен
бағамен, тартымдылығымен және оның қажеттілікті өтеу құндылығымен
ерекшелену сипаты. Басқаша айтқанда, өнімнің нақты нарықта сәтті
өткізілуі – оның бәсекелік қабілетін көрсетеді;
– бәсеке қабілеті өнімді қалыптастыру тұтынушылардың талғамын
қанағаттандыратын сапалық және құндық, әрі тартымдылық сипаты тиімді
ерекшеліктер арқылы жүзеге асады;
– өнімнің бәсекелік қабілеті уақыт ағымына, өткізу нарығына, халықтың
өзгермелі сұранысына тәуелді өзгермелі құбылыс.
Өнімнің бәсекелік қабілеті, түпкі нәтижеде, кәсіпорынның бәсекелік
қабілетін анықтайтын көрсеткіш екенін ескерсек, осыған қатысты анықтаманы
да келтіре кеткен жөн.
Өнімнің бәсекелік қабілеті сияқты, кәсіпорынның бәсекелік қабілетіне
қатысты біріңғай қалыптасқан тұрақты анықтама жоқ. Бұл мағынаға қатысты
бірнеше көзқарас қалыптасқан, олардың негіздері болып кәсіпорынның
нарықтағы үлесі, табыстылығы, өнімді өткізу көлемі саналады.[28]
М. Портердің негіздеуінше кәсіпорынның бәсекелік қабілетін анықтайтын
бес бәсекелік күші бар:
– бір саланың бәсекелес кәсіпорындары арасындағы тартыс;
– ауыстырмалы-тауарлар шығаратын кәсіпорындар тарапынан болатын бәсеке;
– салаға жаңа бәсекелестердің ену қаупі;
– тасымалдаушылардың саудаласу мүмкіндіктері;
– тұтынушылардың саудаласу мүмкіндігі.
Тағы бір анықтама былайша пайымдалады: "кәсіпорынның бәсекелік
қабілеті" деп – оның бәсекелес кәсіпорындармен салыстырса технология,
тәжірибелік іскерлігі, персоналдардың білімі, стратегиялық және ағымды
жоспарлау, сапа, коммуникация сынды артықшылықтарымен ерекшеленуін айтады.
Біздің көзқарас бойынша, төмендегі анықтама кәсіпорынның бәсекелік
қабілеті туралы мағынаны толық және әдістемелік тұрғыдан дұрыс ашады:
"бәсекелестермен салыстырғанда бағалық және бағалық емес сипаттары бойынша
тауарлары тұтынушыларға ұнамды, дер кезінде жоспарлап, дайындап, өткізуге
нақты мүмкіндігі бар кәсіпорын бәсекеге қабілетті" болып саналады.
Өнім мен кәсіпорынның бәсекелік қабілеті тығыз байланысты болғанымен,
мағыналары жағынан ерекшеленеді. Негізгі ерекшелену белгілері мыналар:
– біріншіден, өнімнің бәсекелік қабілеті белгілі бір қысқа уақыт
аралығында анықталса, кәсіпорынның бәсекелік қабілеті, салыстырмалы түрде,
ұзақ уақыт бойынша анықталады;
– екіншіден, өнімнің бәсекелік қабілеті тұтынушылардың әсеріне тікелей
байланысты. Ал кәсіпорынның тиімділігін кәсіпкердің өзі анықтап, керек
кезінде өндірістік-өткізу қызметіне қажетті стратегияларды енгізіп отырады.
Кәсіпорынның бәсекелік қабілетті деңгейі туралы мәлімет инвесторлар мен
әріптестер үшін маңызды. Тұтынушы үшін өндірістің тиімділігі мен шығындық
көлемі қызықтырмайды;
– үшіншіден, кәсіпорын бірнеше өнім түрін шығарумен қатар, өндіріске
байланыссыз басқа да қызмет түрлерімен айналысуы мүмкін (мәселен,
инвестициялық, делдалдық және т.б). Кәсіпорынның бәсекелік қабілеті барлық
өнім ассортиментінің бәсекелік қабілетіне және әр бір қызмет түрінің
орындалу тиімділігіне байланысты.
– төртіншіден, өнімнің бәсекелік қабілеті кәсіпорынның бәсекелік
қабілетін анықтайды, бірақ толық көлемде емес. Мәселен, өнімнің бәсекелік
қабілетін бағаны төмендету арқылы қамтамасыз етуге болады. Алайда, осы
өнімді өндіруге кеткен шығын көлемі толық жабылмай, табыс болмауы да
мүмкін. Бұл кезде кәсіпорынның қаржылық жағдайына кері ықпал болып, оның
бәсекелік қабілеті төмендеуі де мүмкін.
Сонымен кәсіпорынның бәсекелік қабілеті, өнімнің бәсекелік қабілетіне
қарағанда, экономикалық маңызыжағынан кең ұғымды білдіреді.
Әлемдік тәжірибеде, өнімнің бәсекелік қабілеті келесі факторлармен
анықталады:
– өнім сапасының нарықтық және нақты тұтынушылардың талабына сай
болуымен;
– сатып алуға, жеткізуге кеткен шығындармен;
– тұтынушыларға тиімді уақытта жеткізу жағдайымен;
– кәсіпорынның нарығындағы беделімен және сенімді әріптес болатындығы
туралы дәлелімен.
Біздіңше, өнімнің бәсекелік қабілеті 1-суретте көрсетілген негізгі
кешенді үш факторларға тәуелді:
1. Міндет – өнімнің қандай мақсатқа пайдаланатынының оның функционалдық
мүмкіндіктерін, сол арқылы осы өнімді тұтынушылар тобын анықтайды.
2. Жоғары сапа – бағалық емес бәсекеде үлкен мәнге ие. Сондықтан,
сапаны өнімнің бәсекелік қабілетінің кешенді көрсеткіші ретінде қарастыруға
болады.
3. Баға – тауар құнының ақшалай көрінісі. өнімге деген сұраныс пен
ұсыныс тең болғанда баға мен құн да теңеседі. Ұсыныстың сұраныстан артуы
бағаны төмендетеді, ал керісінше нарықтағы сұраныс артса, онда өнімнің
бағасы құнынан әлде қайда жоғары болады. Нарықтық экономика жағдайында баға
объективті экономикалық заңдылықтарға, ең алдымен, құн заңына сай
қалыптасады. Бағалық бәсеке кезінде төмен баға өнімнің бәсекелік
қабілетінің кепілі болады.
Аталған 3 факторды кешенді түрде қарастырған жөн. Көп функционалды
міндеті, жоғары сапасы және тиімді бағасы бар өнім бәсекеге қабілетті бола
алады. Бұл факторлар үнемі бір-бірін толықтырып отырулары қажет. Автордың
пікірінше, өнімнің бәсекелік қабілетін қалыптастыруда кәсіпорынның сапа
жүйесін жетілдіру, ең алдымен, Халықаралық сапа стандарттарының талаптарына
негізделуі тиіс. Тамақ өнімнің сапасы адам өмірінің қауіпсіздігімен тікелей
байланысты. Сондықтан да, өндірілетін өнімнің стандартқа сай болуын
қадағалау маңызды жағдай.
Өнімнің бәсекелік қабілетін арттыру мерзімі іс-әрекеттің жиынтық
көрінісі ретінде оларды жүзеге асыратын бірнеше тетіктерге тәуелді. Бұл
тетіктерді өзіндік сипаттары бойынша, 4 топқа бөлінеді:
1 топ – өнімнің сапасын арттыру шаралары немесе кәсіпорынның сапа
жүйесін жетілдіру;
2 топ – өнімнің бағасын қалыптастыру немесе кәсіпорынның баға саясатын
реттеу;
3 топ – өнімнің тартымдылығын арттыру немесе кәсіпорынның маркетингтік
жүйесін жетілдіру;
4 топ – өнімнің бәсекелік қабілетін қамтамасыз ету немесе өндірісті
мемлекеттік қолдау.
Бұл тетіктердің әрбірі белгілі бір дәрежеде нарықтағы тұтынушылардың
сұранысы мен талап-тілектеріне, тауардың өмірлік кезеңіне байланысты ықпал
етуі мүмкін. Қандайда бір бәсекелік тетікті қалыптастыру немесе оны іске
асыру әр кәсіпорынның өнім шығару сипаты мен ол өнімді өткізу
ерекшеліктеріне байланысты ұсынылған топтағы тетіктерді іске асырудың
көптеген бағыт-бағдары және жолдары бар (1 сурет).
Сурет 1. Өнімнің бәсекелік қабілетін арттыру жолдары

Ендігі кезекте, өнімнің бәсекелік қабілетін арттыру механизміндегі
ұсынылған негізгі тетіктердің құрамалары мен олардың маңыздылығын сипаттап
өтейік.
Әлемдік нарықтың қатаң талаптары мен бәсекелік шарты отандық шұжық
өндіруші кәсіпорынның сол талаптар мен шарттарды ұстануын қалайды. Өйтпеген
жағдайда, әлемдік нарықта осы өнім түрлері бойынша негізгі өндірістер
саналатын мемлекеттер, өздерінің бәсекелік ықпалымен, еліміздің ішкі
нарығын және енуге мүмкін болатын көршілес мемлекеттердің нарықтарын
"игеріп алуы" қиын емес.[26]
Әсіресе, бұл мәселе елдердің Халықаралық Сауда ұйымына кіру барысында
өткір күйінде қалып отыр. Ішкі нарықтың сыртқы өндірушілерге кедергісіз
ашылуы отандық өнімнің оларға тосқауыл боларлық бәсекелік қабілетіне
сүйенеді.
Қазіргі кезде әлемнің 130 жуық мемлекеті әлемдік сапа жүйесін
бақылайтын Халықаралық стандарттау ұйымына мүшелікке өткен. Бұл ұйымның
дацындаған, 7 қағидадан тұратын сапаны басқару стандарттарына отандық шұжық
шығару кәсіпорындары өнімдерін сәйкестендіру - әлемдік нарықта
бәсекелесудің алғы шарты. Ол қағидалар кәсіпорынды мыналарға міндеттейді:
– үрдістерді айқындауға;
– олардың реттілігі мен өзара байланыстарын белгілеуге;
– оларды тиімді пайдалану мен бақылаудың әдістерін анықтауға;
– осыған қажетті ресурстармен және ақпараттармен қамтамасыз етуге;
– үрдістерді бақылауға, өлшеуге және талдауға;
– жоспарланған нәтижелерді алуға және осы үрдістерді әрдайым жетілдіруге
қажетті шараларды іске асыруға;
– ИСО 9001:2000 талаптарына сай осы үрдістерді басқаруға.[23]

1.2 Кәсіпорын өнімінің бәсекеге қабілеттілігінің көрсеткіштері
және анықтау әдістемелері

Егеменді ел болып, тәуелсіздігімізді алып нарықтық экономикаға
көшуімізге байланысты ел экономикасы түбегейлі өзгерістерге ұшырады.
Әсіресе еліміздің экономикалық өміріндегі шаруашылық қатынастар жүйесіндегі
терең әрі ауқымдды өзгерістер көрініп, еркін бәсеке, бәсеке қабілеттілік,
еркін сауда, жеке меншік билігі т.б. осы секілді ұғымдар ене бастады. Ал өз
кезегінде ұйымдық-құқықтық формалардың яғни әртүрлі шаруашылық жүргізуші
субъектілердің жұмыс жасауы, қызмет көрсетуі, өнім өндіруі – бәсеке және
бәсеке қабілеттілік ұйымдарын одан әрі өрбіте түсті.
Жоғары тұрақсыз және сыртқы орта факторларының анықталмағандық
жағдайында ұзақ мерзімдік перспективада кәсіпорынның әрі қарай гүлденіп,
өркен жаюының кепілдігін қамтамасыз ететін бәсеке қабілеттілік пен бәсеке
қабілетті басқару жүйесі, сондай-ақ бәсеке қабілетті стратегия тиімді
басқарудың мақсатты құралы ретінде әртүрлі функционалдық бағыттағы және
әртүрлі бизнес аясында жұмыс істейтін, тауарлар өндіріп, қызмет көрсететін
ұйымдар үшін әсіресе өзекті болып отыр.[2]
Қазіргі кезде көптеген кәсіпорындар үшін кәсіпорынның бәсеке
қабілеттілігін арттыру ең негізгі мәселе болғандықтан көпшілік тарапынан
осы бір мәселеге көп көңіл аударуда. Ол сату нарықтары, өткізу көлемдері,
қосымша табысты табуды көздейтін өндірушілердің экономикалық
стратегияларының басты ажырамас құралына айналды. Осыған сәйкес
кәсіпорындар әрі шығарылатын өнімдердің бағаларын төмендету арқылы әрі
нарықта бар өнімдерден сапалық көрсеткіштері жағынан ерекшеленетін
өнімдерін өндіру арқылы бәсекелестерді ығыстыруға және нарықтағы
жағдайларын нығайтуға ұмтылуы керек.[3]
Бәсеке қабілеттілік ұғымы көпжақты болып, кәсіпорын іс-әрекетінің тауар
секілді құрамдас бөліктерін сондай-ақ оның негізгі сипаттамалары болып
табылатын сапа және өндіріс технологиясын қамтиды. Сонымен қатар ғылыми
әдебиеттерде ұлттық экономиканың және аймақтық бәсеке қабілеттілігі
ұғымдары қолданылады. Әр ұғымның құрылымы объектінің бәсеке қабілеттілігі
оның бәсеке қабілеттілігі элементерінен және мақсатқа жетуде олардың өзара
ұйымдасуынан тұратынын негіздейді. Өнімнің сапасы ─ өндіріс тиімділігінің
жоғарлауының, кәсіпорынның бәсеке қабілетінің, елдің өмірлік деңгейінің
өсуінің маңызды факторы, көптеген әлеуметтік мәселелердің шешілуінің амалы.
Сонымен қатар, ол қоғамдық еңбектің өнімділігінің өсуіне, қор қайтарымына,
материалдық ресурстардың үнемделуіне ықпалын тигізеді. Қоғамдық
қажеттіліктің өсуі, ғылыми техникалық процестің жоғары қарқыны сапа
мәселесіне күрделі, комплекстік мінездеме береді.
Кәсіпорының бәсеке қабілеттілігі – қатысты өлшем, өйткені ол сату
уақыты мен нарықта бәсекеге түсетін ұйымдардың салыстырмалы нәтижелерінде
көрінуі мүмкін.
Осы арада кәсіпорының бәсеке қабілеттілігі – бұл экономикалық,
техникалық, ұйымдастырушылық мүмкіндіктердің жиынтығы.
Кәсіпорының бәсеке қабілеттілігі – бұл бәсекелестік күрес жағдайында
өзінің алып отырған нарықтық үлесін сақтап қалуға немесе кеңейтуге
жеткілікті әлеуеті.
Кәсіпорының (фирманың) бәсеке қабілеттілігі – кәсіпорынның ұлттық,
халықаралық нарықтағы жағдайын анықтайтын кешенді экономикалық
көрсеткіштерін және потенциялын қамтиды.
Байқалғанындай бәсеке қабілеттілігінің екі жағы бар. Бұлардың біреуі
оның элементі және құраушы бөліктері (тауардың жоғары сапасы, тауардың
қосымша қызметі, барлық қызмет көрсету мерзіміндегі нақты қызметі т.с.с)
және нақты жағдайдағы тауар сату міндеттерінің нақты шешімі (жеке
қабілеттіліктері бар нақты сатып алушы, оның мүмкіндігі және өзіндік талғам
шкаласы бойынша нарықта бәсекелесуші кәсіпорындардың ішінен ұнайтынын
шешуі, сатушының жеке қасиеттері). Бәсекелелік күрестегі жеңіс бәсеке
қабілеттілік нәтижесін бейнелейді. Ал бәсеке қабілеттілік пен бәсекенің
қатынасын потенциал – потенциялды қолдану қатынасы ретінде сипаттауға
болады. [25]
Әдетте бәсеке қабілеттілік бейімділік және жаңашылдық секілді екі
ажырамас бөліктерден тұрады. Бейімділікті икемдеу қасиеті, кәсіпорының
сыртқы ортамен қатынасының формасы және ұйымшылық қайта құрудың үрдісі
ретінде түсінеміз. Өз кезегіндегі жаңашылдықты жаңару мүмкіндігі және
минималды өзіндік құн, технологиялық, ритмділік критерилері бойынша
ұйымшылдық процестерді қайта құру ретінде ұғынамыз. Егер де бейімділік
кәсіпорынның сыртқы орта өзгерістерінде деген реакциясын көрсетсе, онда
жаңашылдық өз іс-әрекетінде шешім қабылдау және жаңа элементтерді игерудің
негізінде өзгерген іс-әрекет бағытын сипаттайды.
Бәсеке қабілеттіліктің екі қасиетін қалыптастыруда кәсіпорындар ұйымның
жекелей элементтеріне сүйенеді. Жеке тұғыдан алғанда бейімділік қасиеті
ұйымның әркелкі өнімдер өндіретін технологиялық құрал-жабдықтары және
тұтастай алғанда техникалық базасы болмайынша қалыптаспайды.
Бәсеке қабілеттілік ұғымының екінші қасиеті болып табылатын жаңашылдық
жаңалықтың екі түрін игеру мүмкіндігіне сүйенеді. Бір тұсы бұл өндірістің
техника-технологиялық жаңартылуымен байланысты техникалық жаңалық болып
табылады. Мұның құрамына құрал-жабдықтар мен аппаратура, өндірістің
техникалық құралдары және НИОКР-ді техникалық қамтамасызету, сондай-ақ,
өнімдерді өндіру технологиясы аясындағы жаңалықтарды игерудің әдістері мен
тәсілдері кіреді.
Жаңашылдықтың келесі ажырамас бөлігіне - әлеуметтік жаңалықтар жатады.
Мұндай жаңалықтың техникалық базасы ретінде игерілген әлеуметтік
технологиялардың жиынтығы қарастырылады.
Кәсіпорының бәсеке қабілеттілігінің деңгейіне негізінен мынандай басты
факторлар әсер етеді:
– өндірістік технологияны жетілдіру дәрежесі мен ғылыми-техникалық
деңгейі;
– жаңа өнер табулар мен жаңашылдықтарды қолдану;
– қәзіргі заманға сай автаматтандырылған және роботтандырылған
өндіріс құралдарын енгізу.
Сонымен бейімділік пен жаңашылдық ұйымның бәсеке қабілеттілік қасиетін
қалыптастыруға қажетті және жеткілікті жағдайларды айқындайды.
Бүгінгі таңдағы маңызды мәселелердің бірі – кәсіпорынның бәсеке
қабілеттілігін жоғарылату мәселесін шешетін және сол ұйымның нарықтық орта
элементтерімен бәсеке қабілетті басқару жүйесін құру. Осы орайда
шаруашылықтың жаңа жағдайларында нарықтық қатынастарға бейімделген басқару
жүйесін құру процесін жеделдеткен жөн. Сонымен қатар бәсеке қабілетті
басқару жүйесінің ақпараттық қамтамасыз етілуін және стратегиялық бағыт-
бағдарын күшейте түсу керек.
Кәсіпорынның бәсеке қабілетті басқару жүйесі негізінде кәсіпорынның
потенциалды мүмкіндіктерін және сыртқы орта талаптарын ескере отырып,
ақпараттық технология негізінде өздерінің міндеттерін арнайы
функцияландырылған әдістер мен тәсілдер арқылы орындайтын органдар жиынтығы
түсініледі. Бәсеке қабілетті басқару жүйесі – бұл қоршаған орта
факторларының ықпалы негізінде өзін-өзі реттеу қабілеті бар күрделі ағза.
Кәсіпорынның бәсеке қабілетті басқару жүйесінің ең негізгі қағидасы
– бұл кәсіпорынның қызмет етуі мен дамуының стратегиясы және мақсаттарды
таңдаудағы негізделген өндірісті басқару жүйесінің бағыт-бағдары негізінде
жаңа технология мен жаңа өнім енгізу, кәсіпорынның материалдық- техникалық
базасын ескере отырып оның потенциалды мүмкіндіктерін бағалау және
бәсекелестік ортаның жағдайын болжау негізінде қызметтердің перспективалы
бағыттарын анықтау түсініледі.
Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін талдаған кезде ішкі және сыртқы
факторларға назар аударған жөн.(3 сурет)
Бәсекеге қабілеттілікке жетудің ең оңай жолы – ұйым өзі
бәсекелестерінің әлсіз тұстарын немесе артықшылықтары жоқтығын анықтап,
басымдығын нығайту. Яғни, кәсіпорын бәсекелестері сондай табысқа ие
болмаса, бәсекеде жауап бере алмаса, біраз шығынға ұшырайды.
Кәсіпорын айтарлықтай жеңіске ие болмаған күнде де қолда бар
ресурстарға, нақты тәжірибеге сүйене отырып, өз стратегиясын әзірлеуі
керек. Қолда бар ресурстар мен біліктілікті қолданбайтын стратегияны құру
әрқашан тиімсіз болмақ.

1.3. Өнім сапасы және оның бәсекелестік қабілеті

Қай тауардың болмасын бәсекелік қабілеті оның тұтынушы қызығушылығына
ие және осы сұранысты қанағаттандыратын көрсеткіштерінің жиындығымен
анықталады, ал белгіленген шектен шығатын басқа көрсеткіштер бағалауда
есепке алынбауы тиіс, яғни өндірушіге әсер ететін көрсеткіштерге тұтынушы
мен бере қоймайды. Осылайша тұтынушыны өнімнің жобаланып, өндіріліп,
тасымалданып, нарыққа түсуіне дейінгі жағдайлар қызықтырмайды, ал
қызығушылық тудыратыны, өнімнің тұтынушылық құрамы. Мысалға, егер басқа
барлық сипаттамаларды сақтай отырып, өндірушінің өндірістегі материал
сиымдылықты, еңбек сиымдылықты төмендетуіне қол жеткізсе, онда бұл өнімнің
сапасы міндетті түрде жоғарылайды, бірақ тұтынушы қызығушылығы, өндірістің
шығындарды және материалдық шығындарды төмендету мен байланысты өнім бағасы
төмендемесе еш өзгеріссіз болады. Бәсекелік қабілетті бағалауда талданып
отырған және бәсекелес өнімнің параметрлерін сатып алушының талаптарының
деңгейімен салыстырып, алынған көрсеткіштерді салыстыру керек.
Сапа тұрғысынан алғанда қолдану саласында ғана емес сондай-ақ
конструктивті және технологиялық ерекшеліктеріне байланысты тек бір текті
өнімдерді салыстыруға болады.
Ал бәсекелестік тұрғысынан алғанда, есепті ретінде нақты бір сұранысты
қанағаттандыру алынатындықтан, элементтік базасына, атқаратын функциясына,
дайындалу технологиясына байланысты әртекті бірақ, сол бір сұранысты түрлі
жолдармен қанағаттандыратын өнімдерді салыстыруға болады.
Заңи күші бар нормативтік құжаттарға сәйкес орындалған сапа талдауы
өнімге бәсеке қабілетті баға деңгейін бермейді. Бұл өнімді өткізу кезінде
анықталады, яғни сатып алушы әрекетіне тәуелді.
Тұтынушы үшін сапа міндетті сипаттама болғанымен, белгілі бір өнімді
сатып алу шешімін қабылдау үшін жеткіліксіз. Басқаша айтқанда бәсекелік
қабілет тек тауардың үздік сипаттамаларымен ғана емес, ал клиенттің сатып
алуына бағытталған тартымдылығымен де сипатталады. Атап өтетін жәйт,
тауардың ерекшеліктерінің жиынтығымен анықталатын сапасы мен бәсекелік
қабілеті әр салада көрініс табуы мүмкін. Тауар сапасы – жобалау және
өндірілу аясында қалыптастырылып, оны қолдану үрдісінде, яғни тұтыну
аясында байқалады. Өнімнің бәсекелік қабілеті оны сату нәтижесінде
анықталады, немесе ұсыныс аясында.
Өнімнің сапасы өзгермеген жағдайда да оның бәсекелік қабілеті
кәсіпорынның бәсекелестік ортасымен анықталатын түрлі факторларға әсер
етіп, өзгеріп отырады.
Өнімнің бәсекелік қабілеттілігі дегеніміз – тауардың барлық нарық
шарттарына сәйкес келе отырып, өндіруші мен тұтынушының мүдделері
сақталатын, тауар мінездемесінің тұтынушы талаптарына толық сәйкес келуі.
Яғни, тауар тек қана техникалық, эстетикалық, эргономикалық және тағы басқа
қасиеттерге ие бола қоймай, оның сатылуына да ( баға, сервис, фирма
престижі, жеткізілу мерзімі) жауап беру керек. Өнімнің бәсекелік қабілеті
бірнеше маңызды қасиеттерге ие: бәсекелік қабілет –салыстырмалы шама, яғни
ол ұқсас өнімдермен теңестіру арқылы анықталады; ол динамикалық шама, яғни
уақытқа байланысты өзгереді, тауардың өмірлік циклына және басқа да
жағдайларға тәуелді; әрбір тұтынушының жеке талғамы әрбір өнімнің бәсекелік
қабілетіне өздігінше әсер етеді. Сондықтан, өнімнің бәсекелік қабілеті
құбылмалы сипатқа ие; бәсекелік қабілет нақты, яғни ол өнімнің белгілі бір
түріне, нарыққа, ҒТП даму деңгейіне, қоғамдық еңбек жүйесіне және т.с.с.
байланысты; бәсекелік қабілетке әсер етуге болады, ол оның құндылығын
арттыру үшін маңызды.
Сондықтан өнімнің бәсекелік қабілетін талдау мен бағалау мәселесі осы
екі ағымға сәйкес теориялық және қойылма аппаратты қолдану негізінде
шешіліп, келесі мәселелердің шешімдерін қарастырулары керек:
- өнімді нақты сатып алушылардың талаптары мен сұраныстарын зерттеу;
- өнімді өткізу жағдайы, фирмалар және бәсекелес тауарлар жайлы
мәлімет жинау мақсатымен нарық мониторингін ұйымдастыру;
- өнім сапасы көрсеткіштерінің өндірушіге де тұтынушыға да қолданыста
біркелкі жүйесін жасау;
- зерттеліп отырған мәселенің жалпылама үлгісін құрастыру, соның
ішінде бәсекелік қабілетке әсер ететін және олардың байланыстарын
анықтайтын көптеген факторлардың құрылуы;
- өнімнің бәсекелік қабілетін мөлшерлік бағалауда жалпы әдістердің
қалыптасуы, осы мәселеге қатысты жекелеген әдістерді, алгоритмдер
мен шешімдер үрдісін дайындау;
- жалпы өнімнің бәсекелік қабілетінің және оны анықтаушы факторлардың
дамуын талдау;
- нарықтық қажетті бөлігін немесе тапсырылған табыс көлемін беретін
өнімнің бәсекелік қабілетін деңгейін анықтау;
Осы мәселелер шешімдерін өндіріске ендіру, сала аралық негізделген
моделдерін құру бұл салада өндірілетін өнімдердің бәсекелік қабілетін
көтерудің негізін қалаушы факторы болып табылады.
Біз ашық нарықтық экономика құрудамыз, сондықтан бәсекелік қабілетін
мәселелері шешілмей экономикалық дамуда оң нәтижелерге қол жеткізу мүмкін
емес. Сапаны басқару жүйесін енгізу кәсіпорында мынандай міндеттерді
шешуге мүмкіндік береді:
✓ жоғары сапалы өнімнің тұрақтылығын қамтамасыз ету;
✓ өнім көлемін ұлғайту және оны сататын нарықты табу;
✓ жоғарғы бағада сататын өнімді көбейту мүмкінділігін қарастыру;
✓ өнімнің бәсекеге жарамдылығы және қаржы жағдайының тұрақтылығы
жөніндегі проблемаларды шешу.
Нарықтық қатынастар жағдайында өнімдер сапасының жоғарлауының
бағыттылығы, экономиканың дамуының құрама элементі, ал жоғары сапаға
жету ─ өндірістік және әлеуметтік сферадағы қайта қалыптасудың негізгі
мақсаттардың бірі болып табылады.
Нарықтағы әрбір тауар тұтынушымен бағаланады, ең алдымен бұл ─ сапаның
жеке және қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыратын деңгейі. Сапалы
өнімді шығару тұтынушыға да, өндірушіге де экономикалық пайда әкеледі.
Тұтынушы үшін пайдалы әсері артады, тиісінше жоғары сапалы өнімді тұтынумен
және пайдаланумен байланысты шығындар төмендейді. Ал, өндіруші үшін өнімнің
сапасын жақсарту, оны өндіру шығынының өсуі кезінде де өнімді өткізуді
кеңейту және сату көлемін ұлғайту есебінен табысты арттыруға және пайданы
жоғарылатуға септігін тигізеді.
Ғалымдану жағдайында өнім өндірушілер арасында олардың бәсекелік
қабілетін одан әрі дамыту тұрғысынан іргелі проблемалар туындап отырғаны
белгілі. Демек, Қазақстан үшін ең өзекті мәселе болып отандық өндірушілер
қызметінің тиімділігін өсіруге сүйеніп, елдің бәсекелік қабілетін арттыру
табылады.
Жалпы өнімнің бәсекелік қабілетін арттыруға бірнеше факторлар әсер
етеді. Оларды 2-ге бөлуге болады: сыртқы және ішкі.
Сыртқы факторларға мемлекет деңгейінде қабылданатын бағдарламалар мен
заңдар жатады. Ең бірінші кезекте 2001 жылдың 27 қаңтарында қабылданған
Қазақстан Республикасының "Бәсеке және монополистік қызметті шектеу туралы"
заңын айтуымыз керек.
Бұл заңның мақсаттары:
• Еркін бәсекені, кәсіпкерлікті дамыту, тұтынушылардың мүдделерін қорғау
және тауар нарықтарының тиімді жұмыс істеуі үшін жағдайларды
қамтамасыз ету.
• Заң кәсіпкерлікті қолдау, монополистік қызметті болғызбау, шектеу, тыю
және реттеу жөніндегі мемлекеттік реттеуді және құқықтық шараларын
анықтайды.
Бәсекелік қабілет мемлекеттік қолдау емес, бәсекелестермен қатаң
күресте жетілетіні баршамызға мәлім.
Өнімнің бәсекелік қабілетін басқару жүйесінде оны бағалаудың маңызы
зор. Тауардың бәсекелік қабілетін зерттеу әдістемелерінің көптігіне
қарамастан, олардың жаңару үрдісі жалғасуда.
Өнімнің бәсекелік қабілетін бағалау оны пайдаланудың жолдары мен
түрлеріне байланысты анықталады:
• Егер мақсат ұқсас тауарлар қатарындағы берілген тауардың орнын анықтау
болса, онда маңызды параметрлер бойынша оларды тікелей салыстыру
арқылы;
• Егер зерттеу мақсаты тауарды нақты бір нарықта өткізу перспективаларын
бағалау болса, онда талдауда жуық арада нарыққа шығатын бұйымдар жайлы
мәліметтерді қосатын стандарттар мен заңдылықтардың өзгерісі жайлы
ақпарат пайдалануы керек.
Айта кететін жағдай, бәсекелік қабілет салыстырмалы шама болып
табылатындығын ескерген жөн. Нарықтық жүйенің белгілі бір уақыт аралығында
бәсекелі болған тауар келесі бір жағдайда қойылған талапқа сәйкес келмеуі
мүмкін. Яғни, тауардың нарықта өткізілуінің нақты жағдайлары мен
бәсекелестердің өнім өндіру барысындағы күрделі іс-әрекеттердің сапалы
деңгейіне байланысты. Сондықтан өнімнің бәсекелік қабілетін бағалаудың
жалпы ережелері төмендегідей болып келеді:
• тауарды өткізу нарығын таңдау және талдау,
• ұқсас тауарларды өндіретін және өткізетін бәсекелестерді зерделеу,
• салыстыру бағасы ретінде бәсекелік қабілеті жоғары ұқсас тауарларды
негізге алу,
• бағалауға тиісті параметрлердің қажетті тобын анықтау,
• өнімдердің сәйкес топтары бойынша бірегей көрсеткіштер жиынын
белгілеу,
• тауар топтары бойынша көрсеткіштерді талдау, анықтау және талдау
әдістемелерін таңдау,
• кәсіпорын тауарларының бәсекелік қабілетінің интегралды көрсеткіштерін
есептеу,
• тауар өңдеуге қатысты кәсіпорынның тауар саясатын әзірлеу.
Тауардың бәсекелік қабілетін бағалауда мына негізгі қағидаларға көңіл
бөлген жөн:
• интегральділік қағидасы – бәсекелікке әсер ететін факторлары
арасындағы байланыстарды нақтылауды және нығайтуды қамтамасыз етеді,
• кешенділік қағидасы – тауардың бәсекелік қабілетін құрастырушыларды
және оған әсер етуші факторларды анықтауды ескереді,
• диалектілік қағидасы – факторлар жиынтығын даму үстінде қарастыруды
ескереді.
Өнімнің бәсекелік қабілетін бағалаудың төмендегідей негізгі түрлерін атап
айтуға болады:
1. Тестілік сату. Бұл бағалау әдісінің негізгі мақсаты –зерттеліп
отырған тауарды сату орындарында тұтынушылардың оны қабылдауын байқау. Бұл
әдіс өте сенімді ақпарат бере алады. Алайда бұл өте көп қаржы керек етеді,
себебі кез – келген кәсіпорын сапасына сенімсіз өнім шығаруға бармайды.
2. Фокус – топтар:
• ақпаратқа толы әдіс,
• респонденттердің бағаланып отырған өнімге шынайы қатынасын анықтауға
жол береді,
• өнімді дайындаудың кез-келген кезеңінде бағалау жүргізуге жол береді.
3. Хол – тестер (Hall – test). Оларды сапалы зерттеу нәтижелерін тексеру
үшін.
Көп жағдайда тауардың бәсекелік қабілеті мәселесі пайда болған жағдайда
оны маркетингтік зерттеу негізінде шешу кең таралған.
Тауардың бәсекелік қабілетін маркетигтік жолмен бағалау әдістемесі 4
кезеңнен тұрады:
1. Тауарға деген тұтынушылардың талаптарын анықтау,
2. Тұтынушылардың сұранысы негізінде тауардың күтілетін бәсекелік
қабілетін бағалау,
3. Фирманың бәсекелес фирмаларға қатысты маркетингтік қызметінің
бәсекелік қабілетін бағалау,
4. Тауардың нақты бәсекелік қабілеті жайлы қорытынды жасау және
оны арттыруға күш салу нүктелерін анықтау.
Бұл әдіс, сатып алушылардың осы кәсіпорын тауарларына деген қатынасын,
сонымен қатар фирманың ішкі орталарының артықшылықтары мен кемшіліктерін,
сыртқы ортасының мүмкіндіктерін пайдалану мен қатерлерін айналып өту
тиімділігін ескеруге мүмкіндік береді.
Соңғы кезде көптеген ғалымдар мен тәжірибешілер фокус – топтау әдісіне
қызығушылық танытуда. Бұл әдіс белгілі-бір тәртіппен ұйымдастырылып
жүргізілетін терең топтық сұхбат. Осы әдістің пайдаланылуы бірқатар
себептерге байланысты.Әлеуметтік сұрау нәтижесінде алынған мәліметтер
тұтынушылардың белгілі-бір тауарға деген қатынасын көрсетеді. Ал тауарды
өндірушілердің кемшіліктері мен олардың артықшылықтарын анықтау үшін
тереңірек зерттеу жүргізу қажет. Ал осы фокус-топтар әдісі бұған зор
мүмкіндік береді.
Бәсекеге қабілетті отандық өнімді қалыптастыруда озық тәжірибелері мен
жетістіктері бар елдердің қолдануға тиімді нәтижелерін, осы салаға қатысты
ғылыми-техникалық және бәсекелік қабілетті арттыру механизміндегі негізгі
тетіктер ретінде өнімнің тұтынушылық қасиеттерін анықтайтын сапалық
көрсеткіштерін, кәсіпорынның баға саясатын, өнімнің тартымдылығын
жоғарылатуға ықпал ететін кәсіпорынның маркетингтік жүйесін және өндірістің
өркендеуін ынталандыратын мелекеттік қолдау саясатын қолдану қажеттілігі
туындайды.

2 бөлім Көкшетау минералды сулары АҚ-ң экономикалық және қаржылық
көрсеткіштерін талдау

2.1 Көкшетау минералды сулары АҚ-ның даму тарихы

Көкшетау минералды сулары АҚ-ы Қазақстан республикасы нарығына
бәсекеге қабілетті өнім шығаратын жалпыға мәлім кәсіпорын болып табылады.
Кәсіпорынның негізгі қызметі ─ минералды су мен алкогольді өнімдер
өндірісі.
Ұйымның негізгі мақсаты тұтынушыларды табиғи минералды сулар негізінде
жасалған сапалы әрі экологиялық таза сусындармен қамтамасыз ету болып
табылады.
Кәсіпорын 1991 жылы Қазақстан Республикасы геология Министрілігінің
Синегорье гидрологиялық экспедициясы 5 адам тұсында су ресурстары
кәсіпорыны ретінде құрылды. Кәсіпорын жұмысының негізгі бағыты Көкшетау
облысының гидроминералдық ресурстарын іздестіру мен эксплуатация болып
табылған. Ал қазіргі кезде, яғни 2006 жылдың қарашасында Көкшетау
минералды сулары ЖШС-гі Көкшетау минералды сулары АҚ-на қайта
ұйымдастырылды. Бұл өзгеріс кәсіпорынның инвестициялық тартымдылығын, несие
сенімділігін жоғарлатты және бағалы қағаздар нарығында мүмкіндіктердің
ұлғаюына әкелді.
1992-93 жж. КазНИИ кардиология курортология бөлімімен бірлесе, Көкшетау
қ. медициналық мекеме базасында, минералды су Құлагер-Арасанға және йод-
бромды минералды су Үлкен-Қарой-Арасанға клиникалық зерттеу жүргізді.
Минералды суларды іштей және сырттай қолдану бойынша әдістемелік
нұсқамалар әзірленді.
1993 ж. 10 мемлекеттік және жекеменшік кәсіпорындар, сонымен қатар Су
ресустары МК және 6 адам ұйымдастырған,Кокшетауские минеральные воды
акционерлік қоғамы құрылды.
1993 ж. Кокшетауминводы АҚ Құлагер суын құюынан бастап, Қазақстан
нарығына өнімдерді шығаруды іске асырды. Тоник құю бағыты, қамбалар,
теміржол тұйықтамалары, автотранспорттарды жалдады.
1994 ж.басында Кокшетауминводы АҚ меншіктің жекеменшік формасында
Кокшетауские минеральные воды ЖШС болып қайта ұйымдастырылды.
1994 ж. кәсіпорын өнімділігі сағатына 6000 бөтелкеге дейін құю бағытын
орнатты. Бағыт Жеміс-Көкшетау АҚ жалданған ғимаратта монтаждалды.
1995 ж. кәсіпорын ашыту-тұздау цехтың ғимаратын және коммуникациясы бар
бірнеше қосымша бөлмелерді сатып алды. Сол жылы кәсіпорын EANКазақстан
еуропалық жүйе мүшесіне енді.
1995 ж. Джин-тоник әлсіз алкогольді сергіткіш ішімдік өндірісі
игерілді.
1996 ж. экологиялық таза жерасты тұщы су көзі барланды және Тұран
аспаздық гадалған суды шығару әзірленді.
1997 ж. ликер арақ өнімдерінің өндірісін ұйымдастырды.
1998ж. кәсіпорын биологиялық белсенді тұщы су өндірісінің өнеркәсібін
әзірлеуде Ал-Фараби атындағы Қаз.МУ биофизика кафедрасымен қызмет жасады.
1999 ж. мамырдан бастап 1,5 литрлі ПЭТ бөтелкелерде Құлагер – Арасан
газдалған минералды суын және 5 литрлі ПЭТ бөтелкелер Тұран биогенді тұщы
суын құю ұйымдастырылды.
2000 ж. ауыз су, минералды су көздерін іздеу бойынша міндеттерді шешуге
байланысты, Қазақстанның солтүстік аймағында гидрогеологиялық жұмыстарды
енгізу үшін Кокшетаугидрогеология АҚҚ экспедиция сатып алынды.
2001 ж. мамырда Құлагер-Арасан, Свежесть газдалған минералды
сулардың 2 құю бағыты, өнімділігі сағатын 6000 бөтелкеге дейін жеткен
алкогольсіз ішімдіктер, сонымен қатар UAT америкалық жабдықта,
поликарбонатты бөтелкелерде 19 л. ауыз су Тұран шығарылды.
2003ж. Бронзовый век керамикалық графиндарда Premium таңдаулы арақ
классы шығарылды.
2004 ж. жүргізілді:
ПЭТ таруға бөтелкелердің этикеткалары мен фомаларын толық жаңартты;
Үрлеу автоматтары орнатылды (өнімділік 2есе өсті)
Жаңа купажды цехтар салынды.
2005 ж. алкогольді өнімдерді құюдың жаңа италяндық бағыты орнатылды.
Осы жылы купажды цехтың құрылысы аяқталды. Купажды цехтың құрылысы осы
сәтте нарық талап ететін, шығарылатын өрелердің сапасын жоғарлатуға, сауда-
саттықтың көлемін ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіпорынның бәсеке қабілеттілігі туралы
Мұнай-газ саласындағы бәсеке қабілеттіліктің теориялық аспектілері
Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігінің сапасын көтеру
Ақсай нан НБК ЖШС-нің технико-экономикалық көрсеткіштерін талдау
Өнеркәсіптік кәсіпорындардың бәсеке қәбілеттілігін арттыр
Нарықтық экономика және кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін арттыру
Өнім сапасын басқарудың теориялық аспектілері
Денсаулық сақтау (фармация) саласын стратегиялық басқару
Қаржылық талдаудың негіздері
ӘЛЕУЕТТІ ҚАРЫЗ АЛУШЫНЫҢ НЕСИЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГІН ТАЛДАУ ФАКТОРЛАРЫ
Пәндер