Кәсіпорынның негізгі капиталын пайдалану тиімділігін арттырудың теориялық аспектілері



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 77 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

КІРІСПЕ
3

1.Кәсіпорынның негізгі капиталын пайдалану тиімділігін арттырудың теориялық
аспектілері
1.1 Нарықтық экономика жағдайындағы негізгі капиталды тиімді
пайдаланудың мәні, құрылымы мен жіктелуі
5
1.2 Құрылыс материалдар өнеркәсібінің негізгі капиталының
ұдайы өндірісі
10
1.3 Негізгі капталдың тозуы және амортизациясы
13

2 Altyntau Kokshetau жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қаржылық-
экономикалық көрсеткіштерін талдау
2.1 Altyntau Kokshetau жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қысқаша
сипаттамасы және техникалық-экономикалық көрсеткіштерінің талдауы
26
2.2 Altyntau Kokshetau жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қаржылық
жағдайын талдау
28
2.3 Кәсіпорындағы негізгі капиталының тозуын талдау
43

3 Altyntau Kokshetau жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің негізгі
құралдың тиімді пайдаланудың негізгі жолдары және бағыттары

3.1 ЖШС Altyntau Kokshetau негізгі капиталдың қаржылық тұрақтылығы мен
іскерлік белсенділігін арттыру
50
3.2 ЖШС Altyntau Kokshetau негізгі капиалдың тиімділігін талдау
56
3.3 Негізгі капиталды тиімді пайдалану жолдарын жоғарылату
64
Қорытынды
70
Пайдаланылған әдебиеттер
            72
Кіріспе

Дипломдық жұмыстың мақсаты - негізгі капиталды тиімді пайдалану
жолдарын анықтау. Осы мақсатты ескере отырып дипломдық жұмыстың негізгі
міндеттері ретінде келесілерді атап өтуге болады:
- қаржылық жағдайды талдаудағы ақпараттық базасы ретіндегі мәнін ашу;
- ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есептіліктің қаржылық есептілік
құрамындағы орнын негіздеу;
- нақты кәсіпорын мәліметтерінің негізінде, негізгі капитал қозғалысын
талдау;
- ақша қаражаттары қозғалысына талдау жүргізу әдістерін зерттеу;
- ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есептілікті талдау әдістерін
меңгеру және олардың тиімділігін арттыру бойынша шаралар кешенін дайындау.
Дипломдық жұмыс тақырыбының өзектілігі – кәсіпорында ақша қаражатты
тиімді үйлестіру, қолданып жатқан басқарушылық және өндірістік
технологияларды жетілдіру, жұмыс істеп жатқандарды модернизациялау және
бәсекеге қабілетті жаңа өндірістерді құру. Есеп тіркемелерінде шаруашылық
операцияларын жазып көрсетудің дәстүрлі бухгалтерлік қызметі, көптеген
қаржылық ақпаратты пайдаланушылардың сұрақ-тілектеріне толығынан жауап бере
алмайтындығын тәжірибе көрсетті. Іскерлік шешімдер қабылдау үшін бұл
ақпарат белгілі түрде өзгертілуі және өңделуі қажет.
Ақша қаражаттар есебі өндірістік ғимараттарды және тұрғын үйлерді,
құрылғыларды салу; машиналар, жабдықтар, көлік құралдарын сатып алу; өз
күшімен құрал-саймандар дайындау; малдардың төлдерін негізгі табынға
ауыстыру; объектілерді ұзақ мерзімге жалға алу; жарғылық қорға қосқан үлес
нәтижесінде келіп түседі.
Ғылыми және тәжірибелік маңыздылығы – кәсіпорында модернизациялаудың
кешенді жоспарының болуы, еңбек өнімділігі мен өндірістің энергиялық
тиімділігін арттыру шарт ретінде қойылуы, сонымен қатар, қазіргі жағдайда
бухгалтер қаржылық нәтиже қалыптастырудың әр түрлі әдістерін білуді,
кәсіпорында қабылданған қаржылық стратегияны іс жүзіне асыруды камтамасыз
ететін есеп саясатын таңдап алып, соны басшылыққа ұсынуы керек, яғни оның
қызметінің аясы жай есепшіліктен қаржы жағдайын талдау ісі ажырамас бөлігі
болып табылатын, қаржы менеджментіне дейін өсіп, айтарлықтай кеңейеді.
Ғылыми мәселенің шешілуінің қазіргі кезде аса маңызды жағдай
кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы. Қоғамда қаржылық талдау біреудің орынсыз
тілегінен емес, өмірлік аса қажеттілік салдарынан туыңдады: салмақ, ұзындық
өлшемін және есептеу жүргізбей, шаруашылық субъектінің мүліктік жағдайы мен
оған әсер ететін себептерді білмей, табыс пен шығынды өзара салыстырмай,
біріншісінің екіншісінен артық болуына қол жеткізбей шаруашылықты ойдағыдай
жүргізу мүмкін емес. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жаңашыл
үрдістердi басқаруға кешендiк, жүйелiк әрекет етудiң болмауы елдің
инновациялық әлеуетiн дамытуды тежейдi және оны одан әрi дамытудың
басымдықтарын дұрыс бiлдiруге мүмкiндiк бермейдi.
Дипломдық жұмыстың зерттеу объектісі – ЖШС Altyntau Kokshetau.
Нарықтық қатынастарға өтумен байланысты әр бір қоғам даму жолдарын
таңдау алдында тұрады. Нарықтық экономикада шынайы экономикалық
процестердің қиындығы, олардың қайшылығы және біртекті еместігі қоғамның
прогрессивті тенденциялардың дамуына жауап беретін экономикалық саясаттың
бағыттарын таңдау үшін айтарлықтай қиындықтар туғызады.
Теориялық және әдістемелік негізі ретінде отандық экономистердің
ғылыми еңбектері, Қазақстан Республикасының заңдары мен заңнамалары, ҚР
Конституциясына, ҚР заңдарына, ҚР Президенті мен Үкіметінің актілеріне,
басқада құқықтық актілерге сүйене отырып, жазылды.
Техникалық прогресс жағдайында құрал-жабдықтар жаңарып, ескі
жабдықтарды ауыстырып өнімділігі биік механизмдер пайда болуда.
Сондықтан да ақша қаражаттарын және негізгі капиталды тиімді, үнемді
пайдалану – кәсіпорынның басты мақсаты болып отыр.
Дипломдық жұмыс жазылуының тәжірибелік базасы - ЖШС Altyntau
Kokshetau компаниясының қаржылық жағдайын талдауға және оның нәтижелері
бойынша қорытынды жасауға, сонымен қатар кәсіпорынның қаржылық жағдайын
жақсарту бойынша іс-шаралар ұсынуға негізделген.
Дипломдық жұмыстың құрылымы кіріспеден, үш бөлімнен, қорытынды және
қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Дипломдық жұмыстағы зерттеудің методологиялық және теориялық
негіздері. Дипломдық жұмыстың тақырыбын зерттеу барысында Қазақстан
Республикасының кәсіпорын қызметі туралы заңдары, нормативті құжаттары,
отандық және шетелдік экономисттердің ғылыми еңбектер мен оқулықтар,
экономикалық басылымдардағы ғылыми мақалалар қолданылады.
Зерттеу әдістері. Диплодық жұмыстың тақырыбын зерттеуде жалпы
диалектикалық, салыстырмалы, аналитикалық, тарихи, логикалық, жүйелік,
функционалды талдау әдістері қолданылды
Дипломдық жұмыстың құрылымы. Дипломдық жұмыс кіріспе, үш тарау,
қорытынды, қолданылған әдебиеттер тізімі және қосымшалардан тұрады.
Кіріспеде тақырыптың өзектілігі, мақсаты мен міндеттері, объектісі мен
пәні, зерттеу әдістері қарастырылды.
Бірінші тарауда негізгі құралдар және оны пайдаланудың теориялық
аспектілері қарастырылды.
Екінші тарауда Altyntau Kokshetau жауапкершілігі шектеулі
серіктестігінің экономикалық жағдайы мен негізгі құралдарына талдау
жүргізілді.
Үшінші тарауда кәсіпорынның негізгі құралдарының тиімділігін арттыру
жолдары қарастырылды.
Дипломдық жұмыстағы зерттеудің нәтижелері қорытындыда жинақталған.
1 Кәсіпорынның негізігі капиталын пайдалану тиімділігін көтерудің
теориялық аспектілері

1. Нарықтық экономика жағдайындағы негізгі капиталды тиімді пайдаланудың
мәні, құрылымы мен жіктелуі.

Кәсіпорынның негізгі белгісі – оның меншігінде, шаруа жүргізуінде
немесе жедел басқаруында жекешеленген мүлкінің бар болуы. Ол кәсіпорынның
қызмет етуінің материалды-техникалық мүмкіндігін, оның экономикалық
сенімділігін және дербестігін қамтамасыз етеді. Белгілі бір мүліксіз ірі,
кіші кәсіпорындар немесе жеке кәсіпкерлер өзінің қызметін жүзеге асыра
алмайды.
Негізгі капитал – бұл өзінің құнын бөлшектеп жоғалтатын және ұзақ
кезең бойы натуралды қалпын өзгертпей сақтайтын материалды заттай
құндылықтар.
Негізгі капиталдың кеңейтілген қайта өндіріс процесіне қатысу сипатына
байланысты олар өндірістік және өндірістік емес негізгі қорлар болып
бөлінеді.
Өндірістің әрбір процесі өндіріс қорларының қатысуымен жүзеге
асырылады, олар келесідей болып бөлінеді:
1. Еңбек заттары (материалдар, шикізаттар, сатып алынатын жартылай
фабрикаттар);
2. Еңбек құралдары (станоктар, машиналар және т.б.).
Еңбек құралдарын басқару нәтижесінде адам еңбек затына тікелей әсер
етеді және өндіріс үрдісіндесінде еңбек өнімін шығарады.
Еңбек үрдісінде ресурстарға және оларды тұтыну қатынасынан
көпшілігінде шығарылатын өнім көлемі, олардың сапалылығы, жұмысшының оның
жанұясының пайдасы және өмір сүру деңгейі, ал ақырғысында ел халқының
терең экономикалық дағдарысын анықтайтын бірден-бір себеп болып адам
өмірінде бағаның көтерілуі ресурстардың тиімсіз пайдалануы табылады.
Құрылыс кәсіпорындарының негізгі қорларына келесілер жатады:
жылжымайтын мүлік (жер бөлімшелері, ғимараттар, құрылыстар және т.б. жылжуы
мүмкін емес жермен байланысты объектілер), көлік құралдары, құрал-
жабдықтар, өндірістік және шаруашылық инвентарь, арнайы инструменттер және
басқа да құрал-жабдықтар (библиотекалық қор, музей құндылықтары, тірі әлем
экспонаттары және т.б.) [3].
Құрылыс кәсіпорындарының негізгі қорлары олардың материалды-техникалық
базасының негізін құрайды, олардың өсімі және жетілуі өнімнің сапасын
көтеруінің және бәсеке қабілеттілігінің негізгі шарты болып табылады.
Негізгі қорларды көптеген өндірістік циклдар ішінде пайдаланады, олар
біртіндеп тозады, қасиетін және қалпын сақтап өзінің құнын жаңа шыққан
өнімге ауыстырады.
Негізгі капиталға қарағанда айналым капиталы бір өндірістік процеске
қатысады және өзінің құнын шыққан өнімге толықтай ауыстырады (мысалға, құн
өзінің құнын жаңа пайда болған өнім-нанға толықтай ауыстырады).
Материалды активтер сатып алыну мақсатына байланысты негізгі қорлар
есебінде, құрамында, тауарлы-материалдық қорларда немесе қаржылық
инвестицияларда көрінеді, ал қайта сату мақсатымен сатып алынған болса –
тауарлы материалдық қор құрамында; ұзақ уақыт бойы қаржы салу мақсатымен
сатып алынған болса қаржылық инвестиция болып көрінеді.
Негізгі капитал өндіріс процесіне қатысу сипатына байланысты
төмендегілерге бөлінеді:
- материялды – бұл өндіріс процесіне тікелей қатысатын немесе оған
жағдай жасайтын негізгі қорлар. Оның құрамына өндірістік ғимараттар және
құрылыстар, машиналар және құрал-жабдықтар, өлшейтін және бақылайтын
құралдар және жабдықтар, лабораториялық құралдар, көлік құралдары,
өндірістік және шаруашылық инвентарь, инструменттер, көпжылдық отырғызулар.
Негізгі өндірістік қорларды пайдалануды сипаттайтын экономикалық жалпылығын
көрсеткіш болып қорқайтарым табылады, ол натуралды немесе ақша өлшеміндегі
негізгі қорлардың бірлігіне өнім өндірісін сипаттайды;
- материялды емес – тұтынуға белгіленген негізгі қорлар. Олар өндіріс
процесіне қатыспайды, кәсіпорын жұмысшыларының мәдени-тұрмыстық
қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін арналған.
Тәнділігі бойынша негізгі қорлар келесідей бөлінеді:
- меншікті – ол субъектке тиесілі және оның балансында болатын
негізгі қорлар;
- арендаға алынған – ол басқа бір субъекттен аренда шартымен
белгіленген бір мерзімге алынған негізгі қорлар. Ағымды аренда кезеңде оны
аренда берушінің балансында болады, ал арендаға алушы шотында 001 Жалға
берілген негізгі қорлар көрсетіледі. Арендаға берілген негізгі қорлар
қатарына ұзақ мерзімге жалға берілген негізгі қорлар жатады, егер арендаға
алушы келісім шартта белгіленген сатып алу құнын аренда уақыты біткеннен
кейін немесе бітпей тұрып өткізсе, онда ол аренда алушының меншігіне өтеді.
Оларды сәйкесінше 121, 122, 123, 124, 125 субшоттарда Ұзақ мерзімді жалға
берілетін негізгі қорлар есептейді.
- қозғалыстағы - өндірісте және шаруашылық қызметте пайдаланылатын
негізгі қорлар;
- тоқтап тұрған – уақытша пайдаланылмайтын негізгі қорлар;
- запастағылар – қозғалыстағы негізгі қорларды жөндеуде, аварияда
немесе жойылып кеткенде ауыстыруға арналып қойылған негізгі қорлар.
Заттай құрамына байланысты негізгі қорлар:
- мүлікті – заттай құрамы бар объектілер (ғимараттар, құрылыстар,
машиналар, құрал-жабдықтар);
- мүліксіз – жерге, тоғайлық және сулы жерлерге (құрылыстардан
басқа) капитал салымдары, яғни заттай формасы жоқ шығындар (жер учаскілерін
жоспарлау, жалға алынған негізгі қорларға капиталдық шығындар және т.б.).
Өндірілген өнім және көрсетілген қызмет қай экономика саласына және
қызмет түріне жатса, соған қатысқан негізгі қорлар сол экономика саласына
және қызмет түріне жатады.

1 сурет- Кәсіпорынның

Сурет–1 Негізгі капитал құрлымы

Негізгі капитал жасайтын функциясына және мақсатты белгілеуіне
байланысты келесі түрлерге бөлінеді:
1. Жер – субъекттің меншік құқығымен сатып алынған жер көлемі және
құны. Жерге деген меншік құқығы Жер учаскесіне меншік құқық актісі мен
бекітілуі тиіс. Инвентарлы болып жер бөлімшесіне меншік құқығы актісі
берілген әрбір жер саналады.
2. Ғимараттар – еңбекке жағдай жасау, халыққа әлеуметтік-мәдени қызмет
көрсету, баспана және материалды құндылықтарды сақтауға арналған
архитектурлы-құрылыстық объектілер. Инвентарлы объект болып әрбір бөлек
тұрған ғимарат саналады.
3. Құрылыстар – еңбек затын өзгертпейтін қызметтерді орындау жолымен
өндіріс процесін жүзеге асыру үшін арналған инженерлі-құрылыстық объектілер
(шахталар, мұнай және газ скважиналары, платиналар, эстакадалар, мосттар).
Мүкаммалар (инвентарь) болып әрбір бөлек тұрған құрылыс саналады.
4. Өткізгіш құрылғылар – электро, жылу және механикалық энергияны
тасымалдауға арналған құрылғылар (электроөткізу линиялары, жылу желісі,
құбырлар).
5. Машиналар және құрал-жабдықтар. Мүкаммалар объектісі болып әрбір
машина саналады, егер ол басқа бір объектінің бөлігі болмаса, өзінің
құрамына кіретіндер құралдар, керек-жарақтар, қоршаулар, фундамент негізгі
қорлардың бұл тобы 5-ке бөлінеді:
- күш машиналары және құрал-жабдықтар – жылу және электроэнергияны
шығаратын машиналар, генераторлар; әр түрлі энергияны механикалық энергияға
айналдырылатын машина-двигательдері (тракторлар және өзі жүретін шассилер,
бу двигательдері, турбиналар, іштен жану двигательдері).
- күш машиналары және құрал-жабдықтар – еңбек өнімін шығару
процесінде еңбек затына механикалық, теориялық және химиялық әсер етуге
арналған машиналар, аппараттар және құрал-жабдықтар (токарлы станоктар,
насостар, электромоторлары, эксковаторлар, грейдерлер).
- өлшегіш және реттеуіш құралдар, жабдықтар және лабораториялық
құралдар – бұл өндірістік процессті реттеу және өлшеу үшін арналған құрал-
жабдықтар (дизаторлар, амперметрлер, микроскоптар, суөлшегіштер,
монометрлер).
- есептеуіш техника – бұл процестерді автоматтандыруға және
жылдамдатуға арналған машиналар, құрал-жабдықтар (компьютерлер және т.б.
есептеуіш құралдар).
- басқа да машиналар және құрал-жабдықтар – машиналар, аппараттар
және басқа да құрал-жабдықтар (телефон станцияларының, радиобуындарының
құралдары).
6. Көлік құралдары – адамдарды және жүктерді тасуға арналған жүру
құралдары (автомобиль, теміржол, су транспорттарының қозғалу құрамы).
Инвентарлы объектісі болып барлық оған қатысты құрал және жабдықтармен
бірге бөлек объектілер табылады.
7. Аспаптар (құралдар) – бұл механикаландырылған және
механикаландырылмаған қол еңбек құралдары немесе металдарды, ағаштарды және
т.б. өңдеуге арналған машинаға бекітілген жабдықтар (кесетін, соғатын,
езетін, жұқартатын еңбек құралдары – электро дрельдер, электро вибраторлар
және т.б.). Инвентарлы объектісі болып тек қана басқа инвентарлық
объектінің құрамына кірмейтін құралдар жатады.
8. Өндірістік жабдықтар және құралдар - өндірістік операцияларды
жасауға немесе жеңілдетуге арналған құралдар – жұмыс столы,
шкафтар, және т.б.
9. Шаруашылық инвентарь – конторлық және шаруашылық инвентарь
(үстелдер, шкафтар және клемдер).
10. Көпжылдық отырғызулар – жасанды, көпжылдық оптырғызулар (жеміс-
жидектер, жүзім ағаштары, көпжылдық гүл отырғызулары, роза егіндері, тірі
шарбақтар және т.б.).
11. Жерді жақсарту үшін капитал шығындары (құрылыссыз) – шаруашылыққа
пайдалану үшін жерді жақсарту шараларына инвентарлы сипаттағы шығындар (жер
учаскелерін жоспарлау, алаңды тастардан тазарту және т.б.).
12. Басқа да негізгі қорлар – библиотекалық қорлар, музей құндылықтары
және т.б [4].
Нарықтық экономикаға өту жағдайында бухгалтерлік есептің мақсаты
негізгі қорлардың қозғалысын, шығуын, түсімін дұрыс және уақытылы
қадағалау; пайдалану жерлерінде олардың бар болуын және сақталуын бақылау;
негізгі қорлардың тозуын уақытылы және дәл есептеу, сонымен қатар оның
есепте дұрыс айқындалуы; жөндеуге кеткен шығындарды анықтау және осы
мақсатқа бөлінген қаржыларды тиімді пайдалануды басқару; тиімді пайдалануды
басқару, машиналардың, құрал-жабдықтардың, көлік құралдарының және басқа да
объектілердің жұмысының тиімділігін көтеру үшін қорларды табу, сонымен
қатар өнім шығаруын көтеру үшін өндірістік алаңдарды қолдану; негізгі
қорлардың пайдаланбайтын, артық объектілерін шығару; кәіспорын басшысын
есептеу техника құралдары базасында есептеп шығару жұмыстарын
автоматтандыру жолымен негізгі қорлардың жағдайы туралы қажетті ақпаратпен
жедел қамтамасыз ету [6].
Негізгі капиталдың жағдайы және оларды пайдалану – талдамалық жұмыстың
негізгі бір аспектісі болып табылады, себебі дәл осылар әр бір өндірісті
тиімді пайдаланудың негізгі факторы – ғылыми-техникалық прогрестің
материалды айналуы болып табылады.
Кәсіпорынның негізгі қорларын және өндірістік қуаттылықтарын толық
және тиімді пайдалану оның баруына әсерін тигізеді: оның еңбек
өнімділігінің өсуіне, қорқайтарымның, өнім шығарудың көбеюіне, оның өзіндік
құнының төмендеуіне, капитал салымдарын үнемдеуге.
Негізгі капитал пайдалануына байланысты қозғалыстағы, запастағы және
тоқтатылғандар болып, тиістілігі бойынша – жеке меншіктегі және арендаға
берілгендер болып бөлінеді.
Қозғалыстағы – пайдаланудағы негізгі каптал (жұмыстағы, жөндеудегі
немесе тоқтаудағылар).
Тыңдағы негізгі капиталға тыңда тұрған құрал-жабдықтар және көлік
құралдары (складтағы резервте тұрғандар), қолданудан шыққан негізгі
қорларды ауыстыруға арналған.
Тоқтатылған негізгі қорлар кәсіпорынның немесе бөлек цехтардың уақытша
қолданысынсын тоқтатуын белгіленген тәртіппен құжатты хатталғандар.
Жеке меншіктегі сол кәсіпорынға тиесілі негізгі қорлар. Арендаға
алынған басқа бір кәсіпорыннан (ұйымдардан) уақытша пайдалануға салынған
негізгі қорлар.
1.2 Құрылыс материалдар өнеркәсібінің негізгі құралдарының
ұдайы өндірісі

Қазіргі нарық жағдайында ұдайы өндіріс тұсында жүріп жатқан саясат аса
маңызды мәнге ие, өйткені негізгі құралдардың сапалық және сандық жағдайына
жауап береді.
Бұл саясат тек макро деңгейде ғана емес, сонымен қатар микро деңгейде
де қолданылу керек. Ұдайы өндіріс саясатының негізгі мақсаты – макро
деңгейде шаруашылық субьектілерге ұдайы өндіріс, жаңа техникамен мүліктену,
реконструкциялар, өндірісті техникалық қайтақаруландыру, ұдайы өндірістің
жай және кеңейтілген түрлеріне қолайлы жағдай жасау. Бұл міндеттердің
барлығы да амортизациялық, салықтық, инвестициялық саясаттармен жүзеге
асырылады.
Негізгі капиталдың ұдайы өндірісі – жаңа құралдарды мүліктену,
реконструкциялар, техникалық қайтақаруландыру, модернизация және капиталды
жөндеулер жолымен оларды үздіксіз жаңарту үрдісі.
Ұдайы өндірістің екі нысаны бар:
- жай ұдайы өндіріс, негізгі капиталдың тозу шығындары
амортизацияның есебімен сәйкестенгенеді;
- кеңетілген ұдайы өндіріс, негізгі капиталдың тозу шығындары
амортизация есебінің сомасынан жоғары болған кезде.
Негізгі қорлардың ұдайы өндірісінің басты мақсаты – кәсіпорында
негізгі қорларды сапалық және сандық жағдайын қамтамасыз ету, сонымен қатар
оларды жұмысқа қабілетті жағдайда ұстау. Негізгі қорлардың ұдайы өндірісі
үрдісінде келесі міндеттер шешіледі:
- әр түрлі жағдайларға байланысты істеп шыққан негізгі қорларды
қалпына келтіру;
- өндірістің көлемін ұлғайту мақсатында негізгі қорларды көбейту;
- негізгі капиталдың түрлі технологиялық, жастық құрылымдарын
жетілдіру немесе өндірістің техникалық жағдайын көтеру.
Негізгі капитал ұдайы өндіріс үрдісі түрлі көздер арқылы жүзеге
асырылуы мүмкін. Кәсіпорындарда негізгі құралдардың өндірісі үшін негізгі
құралдар келесі арналар бойынша келуі мүмкін:
- кәсіпорынның жарғылық капиталы ретінде;
- капиталды салымдар нәтижесінде;
- міндетсіз беру нәтижесінде;
- аренда ретінде.
Негізгі қорлардың ұдайы өндірісі сандық жағынан жыл бойы негізгі
қорлардың балансында толық бастпқы құны бойынша мына формуламен көрінеді:

Фк = Фн + Фв – Фл

(1)

Мұндағы, Фк - негізгі құралдардың жыл соңындағы құны;
Фн - негізгі құралдардың жыл басындағы құны;
Фв - негізгі құралдардың жыл бойына
қозғалстағы негізгі құралдардың құны;
Фл - негізгі құралдардың жыл бойына жою құны [3].
Модернизация (жаңғырту) – бұл жаңа құрал-жабдықтардың қатарына дейін
негізгі құралдардың ТЭК-ін жақсарту және моральды тозуды азайту мақсатында
техникалық жетілдіру болып табылады. Жаңарту дәрежесіне байланысты
модернизация бөлікті және кешенді (түбірлі қайтажасау) деп екіге бөледі.
Әдісі мен шартына байланысты модернизацияны типтік және мақсаттық деп
бөледі.
Типтік модернизация – бұл сериялық құрылыста топтық біртипті
өзгерістер;
Мақсаттық модернизация – нақты өндірістің қажеттілігіне байланысты
жетілдіру.
Модернизацияның шарты үнемдеу немесе қосымша түсімдердің өткізілуі
мына формуламен анықтауға болады:

С = П = (C1 – C2) V2 ,
(2)

мұндағы, С - өнімнің өзіндік құнын азайту;
П – қосымша түсім;
С1,С2-өткізілген модернизациядан кейінгі және алдыңғы өнімнің 1
данасына кеткен өзіндік құны;
V2 - модернизациядан кейінгі өнімнің
шығару көлемі.
СМ СССР-ң 22 қазан 1990 ж. № 1072 қаулысымен СССР-ң халық
шаруашылығының негізгі құралдарын толық қалпына келтіретін амортизациялық
төлемдердің бірдей нормаларын еңгізді. Олар 1 қаңтардың 1991 ж барлық
кәсіпорындар басқару және иелік нысандарына қарамай өнімнің өзіндік
құнына негізгі құрал жөндеу шығындарын өтеуге міндетті болды.
Әрбір кәсіпорын жөндеуге кеткен шығындарының бірқалыптылығын сақтау
үшін жөндеу қорын (резервтік) құруға құқылы.
Өндірістік емес негізгі қорлар жөндеу және қалпында ұстау шығындары
кәсіпорынның таза түсімінен, яғни салықтан кейінгі түсім арқылы жүзеге
асырылады [6].
Негізгі өндірістік қорларға кеткен жөндеу шығындары оның табиғи тозу
дәрежесіне, жөндеу жұмыстарын сапалы жүргізу деңгейіне, машиналар мен құрал-
жабдықтармен қызмет ететін персоналдардың біліктілігіне айтарлықтай
байланысты болады. Сондытан да әрбір кәсіпорындарда құрал-жабдықтардың
шамадан тыс табиғи және моральдық тозулар болдырмауға тырысу керек. Егер
кәсіпорында негізгі құралдардың активті бөлігінде тозу біршама болған
жағдайларда (40 %-тен жоғары), мұнда құрал-жабдықтарды жұмысқа қабілетті
жағдай ұстау үшін қуатты жөндеу бөлімшелерін жасау қажет. Бұл жағдайда
жөндеушілер саны бүкіл жұмысшылар санының 60 пайызын құрауы мүмкін. Бұл
әсіресе тау-кен кәсіпорындарға мінездес келеді. Көптеген жағдайларда бұл
кәсіпорындарда жөндеу шығындары айтарлықтай көп және олар шығындарды азайту
жолдары көп, олардың негізгілерін қарастырайық.
Біріншіден, кәсіпорында жоспарлы көрсетуші жөндеулер (ЖКЖ) уақытылы
және сапалы өтуі керек, яғни бұл аварияларды кемітіп, жабдықтардың
тоқтауларын, капиталды және орта жөндеулерді азайтуға көмектеседі.
Екіншіден, капиталды жөндеуге кіріспес бұрын экономикалық жоспарда
мұқият талдау жасап, капиталды жөндеу жасау немесе жаңа техника сатып алу
тиімділігін анықтау керек.
Негізінен 2-шісі күрделі жөндеулерді жүргізу экономикалық жағынан
тиімді.
Көп жағдайда күрделі жөндеу моральді тозуды жоймайды, сондықтан да
күрделі жөндеумен бірге модернизацияны бірге өткізу экономикалық мақсатта
дұрыс саналады. Дегенмен, мұнда да санау жүргізіп, күрделі жөндеу
модернизациямен бірге немесе жаңа техникамен мүліктену тиімділігін алдымен
тапқан жөн.
Үшінші жағдайда кәсіпорынға тікелей қатысты бөлшектерді, әсіресе өткір
дефицит кезінде қалпына келтіру.
Тозған бөлшектерді қалпына келтіру мүмкіндік береді:
- уақытылы жөндеу жұмыстарын жүргізу және кейбір запас бөліктердің
дифицитін жою;
- жөндеу шығындарын азайту, өйткені бөлшектерді қалпына келтіру,
ережеге сәйкес жаңа техниканы мүліктену немесе қайта жасалған бөліктерден
әлдеқайда тиімді;
- кәсіпорынға жеткізілетін запас бөлшектердің тасымалдау шығындарын
азайту.
Тозған бөлшектерді қалпына келтіру экономикалық көзқарас жақтан
пайдалы, егер:
жаңа бөлшектер салыстырымында

(Св + Ен Кв) Y = ( Ц + Зтр)
(3)

Жаңа бөлшектерді өзіңнің қаражатымен жасаған салыстырымында

(Св + Ен Кв) Y = ( Cизг + Eн Kизг)
(4)

Мұндағы,
Св – бөлшектерді қалпына келтіру өзіндік құны;
Ен – күрделі салымдардың тиімді мөлшерлік коэффициенті;
Кв–тозған бөлшекті қалпына келтіру үшін арнайы құралдармен
мүліктенуге жұмсалған күрделі салымдар.
Ү – жаңа бөлшекпен қалпына келтірілген бөлшектердің арасындағы қызмет
ету мерзімін есептейтін коэффициенті;
Зтр – бөлшектерді жасап шығарушыдан кәсіпорынға жеткізу тасымалдау
шығындары;
Сизг - өзіндік күштермен жаңа бөлшектерді жасап шығаруға кеткен
өзіндік құн;
Кизг – тозған бөлшектерді қалпына келтіру үшін қажетті құралдармен
мүліктенуге жұмсалған күрделі салымдар.
Тәжірибе көрсеткендей орта және әсіресе ірі кәсіпорындарда тозған
бөлшектерді қалпына келтіру экономикалық тиімді болып саналады. Жөндеу
шығындарын азайтудың басқа да жолдары көп. Бірақ, минималды шығындар өз
қорларының активті активін уақытылы жаңартып отыратын, моральді және табиғи
тозудың шамадан тыс болдырмай, амортизацияның жедел түрін пайдаланатын,
кәсіпорындар жөндеу шығындарын көп есе азайта алады [19].
Негізгі капилдың жөндеуі:
Кәсіпорында негізгі капиталды қолдану үрдісінде үнемі тозып отырады.
Оларды жұмысқа қабілетті жағдайда ұстау үшін жөндеу жүргізіп отыру қажет.
Жөндеудің үш түрі ажыратылады: қалпына келтіруші, ағымды, капиталды.
Қалпына келтіруші жөндеуі – бұл әртүрлі жағдайларға байланысты болатын
жөндеудің ерекше түрі: стихихиялық аппараттар (суалу, өрт, жер- сілкінісі),
әскери бұзушылық , негізгі қорлардың ұзақ тұрып қалу жағдайларына
байланысты сияқты. Қалпына келтіру жөндеулері мемлекеттің арнайы қаржысына
жасалады.
Ағымды жөндеу – бұл кіші жөндеу және негізінен негізгі қорлар қызмет
ету барысында жасалады. Тәжірибе бойынша көп уақыт алмайды. Кіші жөндеуде
кейбір бөлшектер және тораптар ауыстырылады, анықталған кіші жөндеулер
орындалады.
Капиталды жөндеу – бұл негізгі қорлардың негізгі жөндеуін жүргізеді.
Кәсіпорынды жөндеуде машина толық бөлшектенеді, тозған барлық тораптар мен
бөлшектер ауыстырылады. Капиталды жөндеуден кейін машинаның техникалық
параметрлері бастапқыға жақындау керек [7].

1.3 Негізгі капталдың тозуы және амортизациясы

Пайдалану процесінде негізгі құралдар өзінің бастапқы заттық формасын
сақтай отырып, біртіндеп тозады да, өз құнын жаңадан жасалатын өнімге
аударады.
Негізгі қорлар колданылуына байланысты өндіріс процесінде тозады.
Тозудың 2 түрі бар: табиғи тозу және моральдық тозу.
Табиғи тозу дегеніміз - негізгі қорлар элементтерінің материалдық
тозуы, олардың өндірісте тұтыну тұрғысында және табиғаттың
табиғи күштерінің әсерінен өз құнын жоғалтуы.
Моральдық тозу - жабдықтың техникалық прогреске байланысты
ескіріп кұнсыздануы. Неғұрлым жетілдірілген тиімді машиналардың пайда болуы
нәтижесінде, пайдаланып жүрген машиналар табиғи қалпына және өндірісте тозу
дәрежесіне қарамастан моральдық жағынан ескіреді.
Сондықтан негізгі қорларды жаңарту үшін амортизациялық аударым
жасайды.
Амортизациялық аударымдар өнімнің, жұмыстардың және қызметтердің
өзіндік құнын құрайтын негізгі элементтердің бірі болып табылады.
Амортизациялық аударымдар сомасын көтеру немесе түсіру өндіріске жұмсалатын
шығынның, жалпы табыстың көлемінің бұзылуына, бұдан барып салық салудағы
дәлсіздікке әкеліп соғады.
Амортизация (латынның өтеу деген сөзінен)—тозуына қарай негізгі
құралдардың құнын олардың көмегімен өндірілетін өнімге аударатын объективті
процесс; арнайы ақша қаражаттарын-негізгі құралдарды (негізгі капиталды)
қарапайым және кеңейтіп өндіру үшін өндіріс немесе айналыс шығындарына
енетін амортизациялық аударымдарды пайдалану. Амортизация үшін еңбек
құралдарының өндіріс процесіне және құн жасауға қатысу ерекшеліктері
объективті негіз болады. Негізгі құралдардың қызмет мерзімінің ұзақтығы
нәтижесінде олардың құны өнімге бір циклда толықтай емес, олардың табиғи
және сапалық тозуына қарай бөлек-бөлек өтетін болады. Өнімнің құнының
бөлігі ретінде амортизация бірнеше кезеңнен өтеді: бітпеген өндіріс, дайын
және сатып-өткізілген өнім элементі болып қызмет етеді. Оның бітпеген
өндіріс және дайын өнім кезеңдеріндегі қозғалысы айналым қаражаттарының
аванстандырылуын (алдын ала ақша жұмсалуын) талап етеді.
Амортизациялық аударымдар қатардан шыққан негізгі құралдарды қайта
қалпына келтіру үшін жұмсалады. Сондықтан да қызмет етуінің бүкіл
кезеңіндегі амортизациялық аударулар мөлшері жоюдан түскен таза түсімді
(жою құнын) алып тастағанда, олардың бастапқы (қалпына келтіру) құнына тең
болуы керек.
Амортизациялық аударулар амортизация нормалары бойынша жүзеге
асырылады. Амортизация нормасы - амортизациялық аударымдардың жылдық
сомасының негізгі құралдардың орташа жылдық құнына процентпен көрсетілген
қатынасы. Нормалар еңбек құралдарының өтелуінің нормативтік мерзімін
көрсететін экономикалық тиімді қызмет мерзіміне қарай белгіленеді. Олардың
деңгейі техникалық-қүрылымдық және материалдық-заттық ерекшеліктеріне қарай
бағаланатын негізгі құралдардың қанша мерзімге арналғанына және табиғи
тозуына; негізгі құралдардың, әсіресе пайдаланудағы машиналар мен
жабдықтардың нақты жасына; қолданылып жүрген еңбек құралдарының моралдық
жағынан тозуына тікелей қатысты.
Мынандай негізгі құралдар бойынша амортизация есептелмейді: өнім
беретін малдарға, буйволдарға, өгізге, бұғыларға; кітапхана қорларына;
қаланы көріктендіру ғимараттарына; ведомостволық әкімшіліктерге; ортақ
пайдаланатын автомобиль жолдарына; белгіленген тәртіпппен тоқтатылған
қорларға; бюджеттк ұйымдардың қорларына.
Кәсіпорындар негізгі құралдардың белгіленген амортизациялау нормасына
және балансты құнына сүйеніп субъект балансында тұрған жекелеген топтар
немесе мүліктік объектілер бойынша ай сайын амортизациялық аударымдар жасап
отырады.
Есептелген амортизация сомасы ай сайын өндірлген өнімнің, орындалған
жұмыстың немесе көрсетілген қызметтің өзіндік құнына апарылады; маусымдық
өндірістерге амортизациялық аударымдардың жылдық сомасы кәсіпорынның жыл
ішінде жұмыс істеу кезеңнің өндірістік шығындарына қосылады.
Бір жыл ішінде осы ай үшін амортизациялық аударымдардың мөлшерін
айқындау өткен есептелген амортизациялық аударымдар сомасынан сүйеніп,
ілгерідегі айдағы негізгі құралдар құрамындағы өзгерістерге, сондай-ақ
толығымен амортизацияланған негізгі құралдардың нормативті қызмет ету
мерзімі өтуіне байланысты белгіленген нормаларға сай реттеліп жасалады.
Жаңадан пайдалануға берілген негзгі құралдар бойынша амортизация
есептеу келіп түскен айдан кейінгі айдың бірінші күнінен басталады, ал
шығып кеткен негізгі ұүралдар бойынша шыққан айдан кейінгі айдың бірінші
күнінен бастап тоқтатылады.
Амортизация негізгі қорлардың тозуы салдарынан оның құндылығының бірте-
бірте төмендеуі, сондай-ақ негізі қорларды жаңарту үшін, қаражатты
қорландыру мақсатымен, осы қорлар құнының өндірілген өнімге бірте-бірте
көшуі. Амортизацияның ақшалай сипаты амортизациялық аударымдар болып
табылады.Амортизацияльқ аударым - негізгі қорлардың тозығын толтыру үшін
осы қорлар құнының бір бөлшегін аударып отыру. Ол өнімнің өзіндік кұнының
және айналыс шығындарының элементін құрайды. Амортизациялық аударым көлемі
амортизация нормасы арқылы анықталады.

Ма=Қбқ-ҚжҚбқ*Мқ*100%
(5)

Ма-негізгі қорлардың жыл ішіндегі амортизация мөлшері, (%);
Қбқ- негізгі қорлардың бастапқы (баланстық) құны;
Қж – жойылу құны;
Мқ – негізгі қорлардың қызмет мерзімі.
Амортизация нормасы негізгі қорларды өз уакытында қалпына
келтіруге бағытталады және амортизация нормасын есептегенде мынадай
факторларды қолдана отырып, негізгі қорлардың қызмет ету уақытын дұрыс
анықтай білу керек:
- негізгі қорлардың ұзақ мерзімділігі;
- моральдық тозу;
- техникалық қайта құрудың жоспары;
- жабдықтардың балансы;
- модернизациялау және күрделі жөндеу мүмкіншіліктері.
Негізгі капиталдың құрылымын талдау; оның ішінде:
- өндірістік (салалық) құрылымды, себебі ол негізгі
қорлардың өндіріс (сала) бойынша бөлінуін көрсетеді;
- технологиялық кұрылымды, өйткені негізгі қорлардың активтік бөлігі
мен пассивтік бөлігінін арақатынасын көрсетеді;
- жастық құрылымын, негізгі қорларды қызмет ету уақытына
байланысты сипаттанды. Машиналар мен жабдықтар бойынша Қазақстан
өнеркәсібінде орташа қызмет ету уақыты - 25 жыл.
Негізгі қорлардың нәтижелілігін арттырудың аса маңызды факторларының
бірі – жабдықтардың пайдалануын жақсарту. Ол үшін олардың жұмыссыз тұрып
қалуын азайту, ауыстыру коэффициентін көбейту жолымен қол жетеді.[7]
Негізгі құралдардың түр-түріне амортизацияны есептеудің түрлі
тәсілдері қолданылады, негізгі құралдар объектілерінің физикалық тозуы –
бұл пайдалану процесінде олардың бастапқы құнының бір бөлігінен айырылу,
оған: қажалу, сыну, механизмдердің, детальдардың жекелеген бөлшектердің
қирауы және сыртқы ортаның әсері салдарынан пайдалану сапасынан айырылуымен
сипатталады.
Негізгі капиталдар объектінің моральдық тозуы бұл жетілдірілген және
өнімді машиналардың, жабдықтардың және басқа негізгі құралдардың пайда
болуына байланысты жұмыс істеп тұрған объектінің бастапқы құнының
төмендеуі. Бұндай тозуға негізгі құралдың барлық объекттері жатады.
Барлық жағдайларда негізгі құралдардың объектілері пайдалану мерзімі
аяқталғанша бастапқы түрін сақтайды, бірақ құны нақты тозу сомасынан
төмендейді.
Тозудың қалыпты қызмет мерзімі бойы активтің амортизацияланатын
құнының жүйелі бөлінуі түріндегі құндық шамасы амортизация деп аталады.
Пайдалы нормативті қызметті барлық мерзімі бойы әрбір есепті кезеңге
амортизациялық төлемдер субъектінің шығындары болып табылады.
Амортизацияны есептеу әдістерін шарушашылық субъектілерінің есеп
саясатында қарастырылады:
- Құнды біркелкі шегеру әдісі
- Құнды атқарылған жұмыс көлеміне пара-пар шегеру
- Жеделтілген әдістер
- Қалдықты азайту әдісі
- Құнды сан сомасы бойынша (кумулятивті) әдіс
Негізгі капиталдардың әрбір түріне амортизацияны есептеудің қосымша
тәсілдері қолданылады, бірақ та бір түріне жыл бойында тек бір әдіс
өзгеріссіз қолданылады.
Негізгі капитал құнын қайта бағалау Қазақстан Республика Үкіметінің
қаулысына сәйкес жүргізілді. Амортизацияны ай сайын біркелкі шығару жолымен
есептеледі. Қайтадан түскен негізгі құралға амортизациясын есептеу келесі
айдың бірінші күнінен басталады да, істен шыққан негізгі құралға
амортизацияны есептеу келесі айдың бірінші күнінен тоқталады. Амортизацияны
есептеудің таңдап алынған тәсілі есептеу саясатымен белгіленіп, бір есепті
кезеңнен екіншісіне дәйекті түрде қолданылуы тиіс. Амортизацияны есептеу
әдісі өзгерген жағдайда осы өзгерістерді тудырған себептер ашылуы тиіс.
Ғимарат, құрылыс бойынша амортизация әр құрылысқа жеке есептеледі.
Егер құрылыс құны тозу нәтижесінде 40 айлық есеп айырысу көрсеткішінен
төмен болса, онда құны ағымдағы шығынға теңеліп, шығарып тастауға жатады.
Егер топтың құндық балансы салық жылының аяғында 100 айлық есеп айырысу
көрсеткіші сомасынан төмен болса, топтың құндық балансының мөлшері шығарып
тастауға жатады. Тозуды біркелкі есептеу әдісі объектінің тозған құнын оның
қызмет мерзімі кезінде өндіріс шығынына біркелкі үлестіріп бөлуді
қарастырады. Негізгі құралдарға үйлер, ғимараттар, машиналар, жабдықтар,
көлік құралдары, шаруашылық құрал-саймандар және т.б. қызмет мерзімі бір
жылдан асқан материалдық құралдар жатады. Негізгі құралдардың аналиткалық
есебі арнайы тізімде тіркеуге жататын карточкаларда әрбір инвентарь
объектісі бойынша жеткізіледі. Объектілердің саны аз болған жағдайда есеп
инвентарь кітабында жүргізіледі.
Негізгі капиталдардың әлеуметтік-экономикалық маңызы, еңбек
құралдарының қоғамдық өндірістің дамуындағы үлесімен анықталады.
Нарықтық қатынастарға өтумен байланысты әр бір қоғам даму жолдарын
таңдау алдында тұрады. Нарықтық экономикада шынайы экономикалық
процестердің қиындығы, олардың қайшылығы және біртекті еместігі қоғамның
прогрессивті тенденциялардың дамуына жауап беретін экономикалық саясаттың
бағыттарын таңдау үшін айтарлықтай қиындықтар туғызады.
Қазіргі экономика – бұл бір-біріне қайшы келетін топтар қатынасы:
нарықтық қатынастар жүйесі және барлық экономиканың саналы реттелуі.
Бұл мәселелерді шешу үшін кәсіпорынды тек қана техникалық потенциалмен
қамтамасыз етіп қоймай сонымен қатар оларды пайдаланудың тиімділігін көтеру
қажет.
Өнім өндірісі және қызмет көрсету процессінде келесі экономикалық
ресурстардың түрлерін пайдаланылады: табиғи ресурстар; еңбек ресурстары;
өндіріс қорлары, адамдардың кәсіпкерлік қабілеттілігі. Өндірістің заттанған
құралдары кәсіпорын капиталы деп аталады.
Капитал өндіріс құралы ретінде өнімді шығаруға қатысатын, бірақ
өндіріс процесінде олардың функциясы бойынша ажыратылатын еңбек құралдары
және еңбек заттары болып бөлінеді.
Еңбек құралдары негізгі өндірістік қорлардың заттай мағынасын құрайды,
яғни негізгі капиталды, ал еңбек заттары айналым капиталын құрайды.
Негізгі капитал өндіріс сферасында қызмет етеді және республиканың
ұлттық байлығының басты бөлігін құрайды. Олар республиканың, кәсіпорынның
техникалық потенциалын анықтайды, олардың құрамының сапалығынан және
жағдайынан өндірістің өсу қарқынымен өсуі байланысты.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жаңашыл үрдістердi басқаруға
кешендiк, жүйелiк әрекет етудiң болмауы елдің инновациялық әлеуетiн
дамытуды тежейдi және оны одан әрi дамытудың басымдықтарын дұрыс бiлдiруге
мүмкiндiк бермейдi.
Шешiм таппауы отандық инновациялық әлеуеттiң дамуына терiс әсер
ететін мынадай негізгі мәселелерді көрсетуге болады:
- тұтынушылардың талап етуі үшiн оларды нарыққа шығару мақсатында
технологиялар мен өнiмдердiң көпшiлiк ғылыми әдiстемелерiнiң аяқталмауы.
Бұл әлеуетті серiктестердiң көз алдында ұсынылған технологиялардың (немесе
өнiмдердiң) құнын күрт төмендетедi;
- технологиялық жаңа әзірлемелерді енгiзудiң және оларды нарыққа
шығарудың қазіргі заманғы тетiгiнiң болмауы.
Нарықтық жағдайлардағы жаңа әзірлемелерді игеру тетігі жоғарғы
тәуекел, бiрақ табысты жағдайда жоғары қайтарым тән болатын шағын
инновациялық нарықпен үздiксiз байланысты.
Дамыған экономикаларда шағын инновациялық кәсiпкерлiктi дамыту үшін
қажетті жағдайды қамтамасыз ететiн халық шаруашылығының ерекше секторы
жұмыс iстейдi;
- инновациялық жобаларға жәрдемдесетiн технологиялық парктер және
мамандандырылған бизнес-инкубаторлар, тәуекелдiк қаржыландыру қорларының
желісі, олардың жылдам өсу кезеңiндегi фирмаларды қолдаудың арнайы қаржылық
тетіктері, фирмаларды және зияткерлік меншікті сертификацияланған
бағалаушылар және басқалары сияқты, дамыған инфрақұрылымдық элементтердiң
болмауы;
-ішкі нарықта озық технологияларға және өнеркәсіптік жаңа
әзірлемелерге төлемқабілетті тапсырыстың болмауы.
Мемлекетіміздің аталған экономикалық саясатын іске асыруда
кәсіпорындардың атқаратын рөлі өте зор, себебі олар қоғамдық өндірістің
негізгі буыны болып табылады.
Міне, сондықтан да, бұл деңгейде қоғамға қажетті өнім өндіріліп,
қызмет көрсетілуі тиіс.
Нарықтық экономика жағдайында әртүрлі меншік түріндегі кәсіпорындар
техника мен технологияны пайдалана отырып өз қызметін бәсекеге қабілетті
етеді. Ал олардың бәсекеге түсетіндей өнім өндіруі (қызмет көрсетуі), осы
өндірілген өнімдердің (көрсетілген қызметтердің) жоғары сапада болуы
сөзсіз.[11]
Негізгі қорлар қозғалыстық ұлттық байлықтың негізгі бөлімі болып
келеді және қай елдің экономикасында болмасын анықтаушы рөлінде ойнайды.
Негізгі қорды тиімді немесе дұрыс пайдалану елдің экономикасын
көтерілуіне негізгі жағдайда болып келеді.
Жаңа құрылысқа көп күрделі қаржы жұмсау, өндіріске қосымша еңбек
ресурстарын тарту, шикізат және отын-энергетика базасын ұлғайту – осының әр
қайсысының өзіндік шегі бар.
Ал керісінше, экономикалық өсудің интексивтік негіздерінің: еңбек
өнімділігі мен қор қайтарымын арттырудың, өнімге жұмсалатын материалды
азайтудың және өнімнің сапасын жақсартудың, шын мәнінде, шегі жоқ деуге
болады. Өндірістің тиімділігін бейнелейді әрі осы тиімділікке себепші
болады.
Тозуды біркелкі есептеу әдісі объектінің тозған құнын оның қызмет
мерзімі кезінде өндіріс шығынына біркелкі үлестіріп бөлуді қарастырады.
Негізгі құралдарға үйлер, ғимараттар, машиналар, жабдықтар, көлік
құралдары, шаруашылық құрал-саймандар және т.б. қызмет мерзімі бір жылдан
асқан материалдық құралдар жатады. Негізгі құралдардың аналиткалық есебі
арнайы тізімде тіркеуге жататын карточкаларда әрбір инвентарь объектісі
бойынша жеткізіледі. Объектілердің саны аз болған жағдайда есеп инвентарь
кітабында жүргізіледі.
Толығымен амортизацияланған негізгі құралдар бойынша амортизация
есептеу бұл қорлардың құны өнімнің (жұмыстың, қызметтің) құнына толықтай
ауысқан айдан кейін туатын айдың бірінші құны тоқтатылады.
2410 шотында есептелген негізгі құралдар ай сайын амортизацияланады.
Амортизация есептеу кезінде 2410 шоты дебеттеледі және 2420 Негізгі
құралдардың тозуы шоты кредиттеледі.
Негізгі құралдардың құны бойынша амортизацияны бірқалыпты (түзу
сызықты) есептеу әдіс яғни обьектінің құны оның қызмет ету мерзімі ішінде
өндіріс шығындарына біркелкі апарылады Бұл әдіс негізгі құралдардың тозуы
оның қызмет ету мерзімінен ұзақтығына байланысты деп пайымдауға негізделген
және ол бухгалтерлік есептің отандық тәжірибесінде қолданылып жүрген әдіс.
Қалдық құнды азайту үшін қажетті шамамен шектелетін соңғы жылды
қоспағанда, тозуды есептен кезде жойылу құны есепке алынбайды деп саналады.

Келгенге дейін негізгі құрал-жабдықтар объектілерін жаңа, неғұрлым
үнемді түрлерімен ауыстырады. Моралдық тозуды болдырмау мақсатында негізгі
құрал-жабдықтар объектілерін қайта құрып, жаңарту жұмыстарын жүргізеді.
Мұражай және көркемтуынды құндылықтарынан, кітапханалар кітаптарынан, фильм
қорларынан, сәулет және өнер ескерткіштері болып табылатын үйлер мен
ғимараттардан басқа барлық негізгі құралдар моральдық тозуға ұшырайды.
Негізгі құралдардың тозуын есептеу үшін 2420 Негізгі құралдардың
тозуы бөлімшесінің мынандай синтетикалық яғни: 2421 Үйлер мен
ғимараттардың тозуы, 2422 Машиналар мен жабдықтардың, өткізгіш
тетіктерінің тозуы, 2424 Көлік құралдарының тозуы, 2429 Басқа негізгі
құралдардың тозуы шоттары қолданылады. Жоғарыда көрсетілген шоттардың
әрқайсысына мынадай аралық шоттар ашылуы мүмкін: 1 Меншікті негізгі
құралдардың тозуы және 2 Ұзақ мерзімге жалға алынған негізгі құралдардың
тозуы.
Негізгі құрал-жабдықтарды қайта бағалауды өткізу үшін мүліктік
түгелдеудегідей комиссия құрылады. Негізгі құралдарды қайта бағалауды
өткізердің алдында мүліктік түгелдеу жүреді. Негізгі құраларды қайта
бағалауда олардың бастапқы (ағымдағы) құны негізгі мәлімет болып табылады.
Қайта бағалау меншік түріне, қызметіне және жұмыс істеу жүйесіне қарамастан
барлық кәсіпорындарда жылына бір рет негізгі құралдардың жыл басындағы
күйі бойынша жүргізіледі. Қайта бағалау өз меншігінде және ұзақ мерзімге
жалға алынған негізгі құрал-жабдықтарға жүргізіледі. Сондай-ақ әлі
орнатылмаған, қоймадагы құрал-жабдық, бітпеген күрделі құрылыс та қайта
бағаланады. Қайта бағалау өнеркәсіптік өнімді шығарушы кәсіпорындардың
көтерме бағасына белгіленген салалық индекстер бойынша негізгі құралдардың
құнын өсіру коэффиценттері бойынша жүргізіледі. Қазақстан Республикасы
үкіметінің тапсыруы бойынша коэффиценттерді Статистика Агенттігі
тағайындайды.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің арнайы қаулысымен кәсіпорындарға
негізгі құрал-жабдықтардың белгілі бір түрлеріне, олардың нарықтық құны
сараптау қорытындылары және құжаттармен дәлелденген жағдайда негізгі
құралдарды индекстеуді олардың бастапқы құнын қайта бағалау жүргізілген
күнгі бағаларға тікелей аудару арқылы жүргізу құқығы берілген.
Қазіргі салық заңы бойынша баланстың құнды нарықтық құнға + тікелей
қайта есептеу арқылы алынған қайта үстемеленген баға салық төлеушінің жалпы
жылдық табысының өсуін көрсетеді
Қайта бағалау нәтижелері бойынша кәсіпорындар статистика органдарына
Негізгі қорлар мен басқа материалдық емес активтердің шқгы бары мен
қозғалысы туралы есеп береді.
36 ҚЕХС “Активтердің құнсыздануы”. Аталған стандарттың мақсаты –
баланста көрініс тапқан активтерді максималды сақтықпен бағалау үшін
қолданылатын процедураларды бекіту.
Аталған стандарт көптеген активтерге қатысты қолданылады. Ол сонымен
қатар, еншілес, ассосацияланған және біріккен компанияларға салынған
инвестицияларға да қатысты қолданылады.
Активтердің өтелетін сомаларын бағалау аталған активтің құнсыздануына
қандай да бір белгі пайда болған есепті кезеңнің күнінде жүргізген дұрыс.
Сонымен бірге, кәспорын мыналарды назарда ұстауы керек:
- сыртқы белгілер, мысалы, активтердің нарықтық құндарының төмендеуі
немесе компанияға кері әсер ететін маңызды өзгерістер;
- ішкі белгілер, мысалы, активтердің моральді тозуы немесе аталған
активтерді тәжірибеде қолдану күтпеген нәтижелерге алып келетіні анықталса;
Құнсыздану – активтердің баланстық құндарының төмендеуі. Келесі ұзақ
мерзімді активтер бойынша анықталады: негізгі құралдарға және материалдық
емес активтерге (соның ішінде гудвилға да) және тек қана перспективті түрде
қолданылады.
Активтердің құнсыздануынан болған залалдар баланстық құнның өтелетін
құннан асуына тең. Өтелетін құн активтің таза сату және дисконтталған
құндарымен (оны қолдану құны) анықталады. Таза сату құны есептен шығару
бойынша тікелей шығындарды, қаржылық шығындарды және табысқа салынатын
салықтарды шегеріп тастағандағы нарықтық баға бойынша анықталады. [18]
Өтелетін құнның есебі активтер топтары бойынша немесе жеке активтер
бойынша іске асырылады, ал мүмкін болмаған жағдайларда оларды анықтау –
табыс әкелетін минималды активтер тобының шегінде пропорционалды есеп
қолданылады.
Құнсызданудан болған залалдар қайта бағалау резервтері бойынша есептен
шығарылады. Есептелген амортизация перспективті түрде түзетіледі – болашақ
есепті кезеңдерде тиімді пайдалану мерзімі ішінде қайта есептеледі.
Активтердің құнсыздануынан болған залалдардың орнын толтыру қайта
бағалау резервтеріне қосылады, осымен бірге қайта бағалаудан кейінгі
баланстық құн қайта бағалауға дейінгі қалдық құнынан аспайды. Есептелген
амортизация түзетіледі. Әдетте гудвилдар бойынша залалдардың орнын толытыру
жүргізілмейді.
Экононмикалық дәуірлер не өндіретіндігін емес, қалай еңбек
құралдарымен өндірілетіндігін өзгешелейді. К.Маркс Еңбек құралдары тек
қана адамдық жұмыс күнінің дамуының өлшеуіші емес, сондай-ақ ол – еңбек
жүзеге асырылатын қоғамдық қатынастардың көрсеткіші, – деп жазған.
Кәсіпорын іскерлігіне авансталған барлық құралдарды капитал деп атауға
болады. Кәсіпорынның бухгалтерлік балансын құру кезінде онын шаруашылық
құралдары актив, ал олардың қаржыландыру көздері – меншікті капитал және
кәсіпорынның міндеттемелері деп аталады. Шаруашылық субъектілері өзінің
қызметін жүзеге есыру үшін материалдық - техникалық қор құру керек.
Материалдық – техникалық қордың негізін негізгі қорлар құрайды.
Кәсіпорынның шарушылық өндірістік іскерлігінің аса маңызды құраушысы болып
негізгі қорлар болып табылады. Негізгі қорлар өзінің натуралдық түрін
сақтай отырып, көптеген өндірістік кезеңдерге қатысып, ал құндары
дайындалатын өнімге бөліктермен ауыстырылатын еңбек құралы. Өндіріс
процессінде қатысатын барлық еңбек қорлары (машина, жабдық, т.б.) нарық
жүзеге асырылуына жағдай жасайды (өндірістік ғимараттар, гидротехникалық
құралдар, плотиналар, арналар, эстакадалар, көлік құралдары, жолдар,
тунельдер, электр жүйелері, құбырлар), еңбек заттары мен өнімдерін сақтау
мен қозғалту үшін қызмет ететін өндірістік негізгі қорлар болып табылады.
Негізгі өндірістік қорлар құрамына тек өнімнің тұтыну құнын құруға ғана
емес, сондай-ақ, оның құнын құруда қатысатын өндіріс құралдары да кіреді.
Негізгі құралдар есебі Қазақстандық бухгалтерлік есеп стандартына
сәйкес, негізгі құралдар – бұл ұзақ уақыт бойы (1 жылдан астам) материалдық
өндірісті де, өндірістік емес салада да әрекет ететін материалдық активтер.
Негізгі қорлардың ерекше өзгешеліктері мыналар:
- олардың шаруашылық қызметте көп дүркінді қатысуы;
- натуралды – заттық үлгісін сақтауы;
- өзінің құнын дайын өнімге қызмет кезеңі барысында біртіндеп
аударады.
Соңғы тармақ негізгі құрал-жабдыққа амортизациялық төлемді ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ЖШС «Жигер» кәсіпорнының өндірістік шаруашылық қызметіне толық талдау жүргізу, кәсіпорынды басқару құрылымын зерттеу, және кәсіпорында негізгі капиталды пайдалану тиімділігін талдау және оның деңгейін арттыру бойынша іс-шаралар жобасын жасау
Басқарудағы ынталандыру және мотивацияның теориялық аспектілері
Кәсіпорынның меншік капиталын оңтайландыруын бағалуы
Меншікті айналым қаражаттарының жетіспеушілігі және оның себептері
Қаржылық талдау
Веста ЖШС –ның экономикалық көрсеткіштерін талдау
Мұнай өндірісінің тиімділігін көтеру
Өндірістің экономикалық тиімділігін анықтайтын көрсеткіштер
Айналымды активтердің жіктелуі
Ұзақ мерзімді қаржылық шешімдер
Пәндер