Аргентинаға экономикалық – географиялық сипаттама



Мазмұны

Кіріспе 3

І . тарау Табиғат жағдайлары мен ресурстары. Халқы
І.1 Пайдалы қазбалары 4
І.2 Климат ерекшеліктері 6
І.3 Халқы және оның орналасу ерекшеліктері 8
ІІ . тарау Шаруашылығына жалпы сипаттама
ІІ.1 Шаруашылығының даму ерекшеліктері 11
ІІ.2 Өнеркәсіп кешені 13
ІІ.3 Ауыл шаруашылығы 18
ІІ.4 Көлік жүйесі 21

ІІІ . тарау Сыртқы экономикалық байланыстары мен ішкі айырмашылықтары
ІІІ.1 Сыртқы экономикалық байланыстары 23
ІІІ.2 Ішкі айырмашылықтары 25
Кіріспе
Жер көлемі - 2,8 млн. км2.
Халқы - 34,7 млн. адам. (1996 ж ).
Аргентина - Латын Америкасындағы ірі және әлеуметтік – экономикалық тұрғыдан алғанда дамыған мемлекеттердің бірі. Оңтүстік Асмерика материгінің оңтүстік – шығыс бөлігін, Отты жер аралының шығыс жағы және жақын бас аралдарды алып жатыр және де Мальвин аралдарына өз құқықтарын жариялауда. Оның құрлықтағы шекаралары табиғи шекаралар арқылы өтеді: Чили және Боливиямен - Анд арқылы, Парагвай, Бразилия және Уругваймен - Пилкомайо, Парагвай, Парана, Уругвай өзендерімен өтеді. Аргентина шығысында Атлант мұхитына тікелей шыға алады: жағалық сызығының ұзындығы 2,5 мың. км. Жағалары аз тілімденген, тек қана Ла – Платаның жазық эстуариі құрлыққа 320 км еніп жатыр.
Конституция бойынша Аргентина - федеративті республика. Мемлкет және үкімет басшысы - президент. Президент бес жылға сайланады, екі рет сайлануға құқы бар. Заң шығару органы Ұлттық Конгрестің қолында. Ұлттық Конгресс президент тағайындайтын мемлекеттік хатшылардан тұрады. Провинцияларда өзін - өзі басқару органдары бар. Оларды губернаторлар басқарады. Әкімшілік жағынан Аргентина 23 провинцияға және 1 Федеральды округке бөлінеді.

Аргентинаға экономикалық – географиялық сипаттама

Мазмұны
Кіріспе
3

І – тарау Табиғат жағдайлары мен ресурстары. Халқы
І.1 Пайдалы қазбалары
4

І.2 Климат ерекшеліктері
6

І.3 Халқы және оның орналасу ерекшеліктері
8

ІІ – тарау Шаруашылығына жалпы сипаттама
ІІ.1 Шаруашылығының даму ерекшеліктері
11

ІІ.2 Өнеркәсіп кешені
13

ІІ.3 Ауыл шаруашылығы
18
ІІ.4 Көлік жүйесі
21

ІІІ – тарау Сыртқы экономикалық байланыстары мен ішкі
айырмашылықтары
ІІІ.1 Сыртқы экономикалық байланыстары
23
ІІІ.2 Ішкі айырмашылықтары
25

Кіріспе
Жер көлемі - 2,8 млн. км2.
Халқы - 34,7 млн. адам. (1996 ж ).
Аргентина - Латын Америкасындағы ірі және әлеуметтік –
экономикалық тұрғыдан алғанда дамыған мемлекеттердің бірі. Оңтүстік
Асмерика материгінің оңтүстік – шығыс бөлігін, Отты жер аралының
шығыс жағы және жақын бас аралдарды алып жатыр және де Мальвин
аралдарына өз құқықтарын жариялауда. Оның құрлықтағы шекаралары
табиғи шекаралар арқылы өтеді: Чили және Боливиямен - Анд арқылы,
Парагвай, Бразилия және Уругваймен - Пилкомайо, Парагвай, Парана,
Уругвай өзендерімен өтеді. Аргентина шығысында Атлант мұхитына
тікелей шыға алады: жағалық сызығының ұзындығы 2,5 мың. км.
Жағалары аз тілімденген, тек қана Ла – Платаның жазық эстуариі
құрлыққа 320 км еніп жатыр.
Конституция бойынша Аргентина - федеративті республика. Мемлкет
және үкімет басшысы - президент. Президент бес жылға сайланады,
екі рет сайлануға құқы бар. Заң шығару органы Ұлттық Конгрестің
қолында. Ұлттық Конгресс президент тағайындайтын мемлекеттік
хатшылардан тұрады. Провинцияларда өзін - өзі басқару органдары бар.
Оларды губернаторлар басқарады. Әкімшілік жағынан Аргентина 23
провинцияға және 1 Федеральды округке бөлінеді.

І – тарау Табиғат жағдайлары мен ресурстары. Халқы
І.1 Пайдалы қазбалары
Аргентинаның экономикалық дамуының табиғи негізіне жер
ресурстары үлкен ықпалын тигізді. Аргентина жер шарындағы үлкен
көлемді жерлерге ие: бұл Пампаның шүйгін шөпті дала кеңістігі,
мұндағы қара топырақты В.В. Докучаев Ресейдің қара топырағымен
бірдей құнарлы деп баға берген.
Аргентинаның табиғи ерекшеліктері оның территорясының үлкен
көлемде оңтүстіктен солтүстікке қарай алып жатуына тікелей
байланысты. Жер бедерін диагональ бойынша екі бөлікке бөлуге
болады: жазықты - солтүстік және шығыс ; қыратты - батыс және
оңтүстік. Солтүстігінде Гран – Чако жазығы, солтүстік шығысында -
Междуречье, шығыста Пампа аумағы алып жатыр. Пампаның мұхитқа
жақын бөлігі тегіс жазық, батысында ол көтеріліп андалдылық
белдемге ауысады. Ол Прекордильер мен Пампа – Сьерраның докембрийлік
жыныстарынан құралған. Аргентинаның батыс шекарасында Анд таулар
жүйесі созылып жатыр, ол солтүстік батыста кеңейе түседі. Одан 3-
4 мың. м биіктікте кең ауқымды тасты жазық Пуна алып
жатыр. Орталық Андыда Оңтүстік Американың ең биік нүктелері
Аконкагуа ( 6960 м ) және Тупунгато ( 6800 ) орналасқан. Рио –
Колорадодан оңтүстікке қарай Патагония қыраты жатыр.
Анды қатпарлы белдемінде және Прекордильер мен Пампа -
Сьерраның кристалды жыныстарында метал рудалары өте көп. Бұлар
Аргентинаны қорғасын – мырыш, мыс, марганец және сирек кездесетін
метал – вольфрам және берилиймен қаматамсыз етеді. Патагониядағы
Сьерра - Грандеде темір рудалары бар, бірақ сапасы жоғары емес.
Отын – энергетика кешенімен мұнай мен табиғи газдың маңызы зор.
Олардың қоры Патагония платформасының қалдықты жыныстары және
Прекордильер мен Анд тау аралық жазықтарында ( Неукен, Мендос,
Сальта провинцияларында ) шоғырланған. Битуминозды және
суббитуминозды көмірдің шамалы қоры Патагонияда бар. Бейметал
рудаларының қорынан Аргентина әлемдегі табиғи бортаттың ірі
кен орындарыынң бірі.

І.2 Климат ерекшеліктері
Аргентина 3 климаттық белдеуде жатыр: тропиктік, субтропиктік
және қоңыржай. Жылдың орташа температурасы солтүстікте 24°C –тан
оңтүстікте 5°C- қа дейін ауытқып отырады.Ең жылы ай –
қаңтардың ортагша температурасы солтүстікте +29°C, оңтүстікте +14°C
болады. Ең суық ай – шілденің орташа температурасы + 17°C,
оңтүстікте +2° С жетеді. Елдің климатын Атлант мұхитының теңіз
ауа массаларын қалыптастырады. Дегенмен территорияның жартысынан
көбі жеткілікті ылғалданбаған аудандардан тұрады. Бұл тау
жүйесінің мередиан бағытында орналасқандықтан ылғалды ауа
массаларын ұстап қалады. Ендік бағытында тау жүйесінің
жоқтығынан Аргентинаның барлық территориясы оңтүстікте және
солтүстікте салқын ауа массаларына ашық болады.
Аргентина өзендерінің экономикалық гидропотенциалы 30 млн.
кВт –қа бағаланады. Оның көп бөлігі Парана – Уругвай бассейні
мен Патагония өзендері құрайды.
Парана - Оңтүстік Америкадағы ұзындығы мен көлемі бойынша
екінші өзен. Аргентина экономикалық өмірінде басты кеме жолы мен
электроэнергия, су көзі болып табылады.
Табиғи ортаның алуан түрлілігі өсімдік – топырақ жамылғысының
тарулуында да айқын көрінеді. Мұнда тропиктердің қызыл қызыл
топырақтары да, даланың қара топырағы, шөлейттің сұр – қоңыр
топырағы да кездеседі. Климат және топырақ жағдайларының үлкен
ауқымдылығы ауыл шаруашылығының әртүрлі салаларын дамытуға,
тропиктік және қоңыржай ендіктердің өсімдіктерін өсіруге қолайлы.
Аргентина жер көлемінің 20 % -ын орман алып жатыр.Оған Междуречье
мен ылғал Андының самырсын ормандары, Чакодағы кебрачо
ормандары ( таннин заты бар ағаштар ) жатады.

І.3 Халқы және оның орналасу ерекшеліктері
Аргентина – көші – қон елі және бұл оған тән
ерекшеліктердің бірі. Үндістердің біраз бөлігі 16 ғас. Отарлау
кезінде және 19 ғас. соңына дейін Пампа және Патагония
жерлерін тартып алу кезінде қырып тасталған.
Аргентина ұлты жергілікті үндістермен араласқан креолдардан, ал
19-20 ғасырларда қоныс аударған көптеген иммигранттардан
құралған. Сол себепті Аргентина ( Уругваймен бірге ) Латын
Америкасындағы ең ақ елдердің біріне жатады. Иммигранттрдың
ұлттық құрылымы әр алуан түрлі: испандықтар мен итальяндықтар
басым, француздар, немістер, ағылшындар, славян халықтары қоныс
аударды. Революцияға дейінгі Ресейден көшіп келген қоныс
аударғандардың ұрпақтарынан негізінен украиндар, белорустар, орыстар
басым. Аргентина әртүрлі ұлттар мен халықтардың тұрмысы, мәдениеті
мен дәстүрлерінің жиынтығы.
Заң бойынша Аргентина территориясында туылған әрбір адам
аргентиндік болып саналады. Мұнда сонымен қатар итальяндықтар,
испандықтар, немістер, поляктар, армяндар өмір сүреді. 20 ғасырдың 70-
80 – ші жылдары Аргентина эмиграция еліне айналды, бұл ең
алдымен ақыл – ойдың сытылуы есебінен жүрді. Бірақ Аргентинаға
Латын Америкасының көршілес елдерінен - Боливия, Парагвай, Перуден
көбінесе маусымдық жұмыстарға келеді. 90 жылдары Шығыс Еуропадан
имигранттар келе бастады.
Еуропалық имиграция Аргентина халқының көптеген
спецификалық ерекшеліктерін анықтап берді. 19-20 ғасырда халық саны
тез өсьі. Бұл кездері елге жылына 100 мың адам қоныс
аударатын. Миграция – халық санының өсу қарқынды жүруін және
еңбекке жармды халықтың көп болуын, орналасу ерекшеліктерін
түбегейлі өзгеріске әкелді.
Қазір Аргентинада халық саныынң өсу қарқыны табиғи жолмен
анықтылыды: 90 жылдың ортасында туу көрсеткіші Латын
Америкасындағы ең төменгі көрсеткіштерге ие - 1,2% (
Уругвайдан кейінгі ). Бұл халықтың жастық құрамында да
байқалады: 15 жасқа дейінгілердің санының азаюы мен 65 –
тен жоғарылардың саны жоғары. Экономикалқы белсенді халық
барлық халықтың 40% - ын құрайды. Жартысына жуығы қызмет көрсету
саласында, 10 % - ы ауыл шаруашылығында, 13 - ә өнеркәсіп пен
құрылыста жұмыс жасайды.
Әлеуметтік - экономикалық көрсеткіштер бойынша Аргентина
Латын Америкасындағы көптеген елдерді басып озады. Халықтың жасы
15 –тен жоғарыларыынң 4% сауатсыз. Бала өлімі мың адамға 29
нәрестеден келсе, бір дәрігерге 320 тұрғыннан келеді.
Аргентинаға Пампаның төңірегіне тұрғындардың көп шоғырлануы
мен астанның урбанизациясы тән. Орналасудың мұндай құрылымы
имиграция арқылы жүзеег асты. Имиграция Буэнос – Айрес порты сол
кздері сыртқа шығуға мүмкіндігі бар жалғыз порт
болғандықтан эмигранттар Пампаға жақын немесе астананың өзне
шоғырланды. Буэнос – Айрес және Санта – Фе провинциясында и халық
тығыздығы өте жоғары 1 км2  100 адамнан келеді. Ал жалпы ел
бойынша халықтың орналасу тығыздығы 1 км2 12 адамнан келеді.
Ішкі аудандар аз қоныстанған, әсіресе Рио - Негродан оңтүстікке
қарай 1 км2 1 адамнан келеді.
Қалаларда халықтың 87% тұрады, ал Буэнос – Айреста қала
халқының 25- і тұрады. Буэнос – Айрета 12 млн. адам тұрады.
Әлемдегі ең ірі 10 агломерация қатарына жатады. 90 ж басында
Аргентинада 100 мыңнан астам тұрғыны бар 24 қала бар болатын.
Ауыл тұрғындары көп емес. Бұл ірі жер иеленушілік пен жердің
тапшылығы, мал шаруашылығының көп жұмыс қолын қажет етпейдіктен
Аргентинаны көп жерде шаруаларсыз аграрлы ел деп те атайды.

ІІ – тарау Шаруашылығына жалпы сипаттама
ІІ.1 Шаруашылығының даму ерекшеліктері
Испания отарынан құтылғалы бері ( 1816 жылы ) Аргентинаның
экономикалық дамуының ерекшеліктері әлемдік капиталистік
шаруашылықықа зәрулігімен сипатталады. XIX ғ ортасында дүниежүзілік
рынокта, алдымен европалық рынокта ауылшаруашылық өнімдеріне сұраныс
болуы, қолайлы табиғат жағдайлары, Пампаның кең ауқымды өнімді
жазықтары, халқы аз Аргентинаға жұмыс қолдарын берген европалық
иммиграция Аргентинаның тез қарқынмен экономикалық өсуіне және
әлемдегі алдыңғы қатардағы бидай, ет, жүн экспорттаушы елге
айналуына жағдай жасады. Бір уақытта ол шет елдік кпиталға туелдә
болып қалды, алдымен ағылшын кейінірек американдық.
Шетелдік инвестиция ең алдымен АҚШ, Германия, Япония,
Франция, Италия экономиканың басты салаларына үстемдік етуде.
Шетелдік капитал негізінде ерте басталған капитализм Аргентинаны
1930 жылдары дағдарысқа ұшыратты. Сонымен қатар ұзақ уақытты
инфляцияға, әлемдік экономикадағы және өз аймағындағы рөлінің
төмендеуіне әкелді. Үкімет, ең алдымен Х.Перона (1946 – 1955жж )
тығырықтан шығудың жолын шешуді мемлекеттік бағытты
дамытуда көрді, бірақ бұл ешқендай нәтиже бермеді. Дегенмен
Аргентина – Латын Америкасындағы экономикалық даму жағынан
алдыңғы қатарлы ел. Оның үлкен агрорсурстары бар және ауыл
шаруашылық өнімдерін шығаратын және экспорттайтын ел. Сонымен қатар
континенттің өнеркәсіптік дамыған және жоғары деңгейдегі
өнеркәсіптің көптеген салаларын қамтиды. Аргентина аймақтағы өзінің
ғылыми – техникалық потенциалымен ерекшеленеді: кадрлар даярлау
және зерттеулер университеттерде жүргізіледі. Елде олардың жалпы
саны 70 асады. ЖІӨ үлесінде 1\5 алдыңғы салаларға, 30%
өңдеу өнеркәсібіне, құрылыс, электр, газ, сумен қаматамасыз ету,
қалғаны – қызмет көрсету салаларына тиесілі. Аргентина жаңа
өндірістік салаларды дамытуға ден қоюда : электроника, информатика,
атам өнеркәсібі.
90 жылдардан бері Аргентина жекешелендіруде белсенді саясат
және шетелдік капиталды одан сайын тарту, құрылымдық өзгерістер
жүргізді. Бұл бірқатар экономикалық тұрақтылыққа қол жеткізді.
Меркосурға кіруі Аргентинаның ішкі рыногын кеңейтті.

ІІ.2 Өнеркәсіп кешені
Аргентинаға өңдеу өнеркәсібіінң басымдығы тән. Тау – кен
өндірісінің үлесі көп емес, ауыр өнеркәсіп басымдылық танытады ,
алайда жеңіл және тамақ өнеркәсібі салаларының дәстүрлі
салалары жетекші орында және де экспорттық маңызы бар.
Өнеркәсіпті орналастыру бойынша жоғарғы территориялық концентрация
тән: ауыр өнеркәсіптің орындарының айтарлықтай бөлігі Парана
өзенінің төменгі ағысында, Буэнос – Айрес пен Росарио
өнеркәсіп белдемінде шоғырланған. Өнеркәсіп өнімдерінің жартысынан
астамы Үлкен Буэнос – Айресте өндіріледі. Ішкі аудандарда тау
– кен өнеркәсібі және шикізат өңдеу өнеркәсіптері басым.
Энергетика. Аргентина энергетикасы мұнай мен газ отынына
негізделген. Бірақ қазір де СЭС және АЭС рөлі жоғарылап келеді.
Мұнай өндіру бойынша ( 37млн.т) және НПЗ қуатынан Аргентина
Латын Америкасындағы Мексика, Бразилия, Венесуэладан кейінгі
төртінші орынды алады. Мемлекеттік мұнай компаниясы Яссимиентас
Петролиферос Фискалес 1990 жылы жекешелендірілді. Неукен
провинциясында ірі газ кен орындарының ашылуы газ өндірудің
маңыздылығын жоғарылатты: 1970 -75 жылдары 1,5- нан 25млрд.м3 –
ке дейін жоғарылады.
Аргентина континенттің газды ауданы мен тұрмыстық
шаруашылықта газ пайдалану жөнінен алдыңғы қатарлы елге
айналды ( 13 жоғары ). Мұнай мен газды негізінен елдің
оңтүстігінде, Анд тауларының етегінде және солтүстікте өндіреді.

Аргентинада жоғары дамыған мұнай өңдеу өнеркәсіптері бар:
басты орталықтары – Ла – Плата , Буэнос – Айрес, Кампана, Баия – Бланка,
Сан – Лоренсо, Пласа – Уинкуль, Лухан де Куйо, Кампо – Дуран.
Аргентина – Латын Америкасындағы алғаш рет атом өнеркәсібін
дамытқан ел: 1977 жылы алғаш рет Атуча АЭС ( 340 МгВ ), сосын
Эмбальсе ( 600 МгВ ) , Буэнос – Айреске жақын Атуча ІІ АЭС
салынуда. Уран қоры бойынша ( 12 мың.т ) Аргентина
әлемдегі 10 елдің қатарына кіреді. Ол тек Латын Америкасында
ғана танымал емес, сонымен бірге әлемде өзінің ядролық
энергетика мен уран өндірісінің ғылыми жаңылақтарымен белгілі.
Өзінің ғылыми жетістіктерінң арқасында Аргентина технология
мен байытылған руданы экспорттайды, сонымен бірге басқа
дамушы елдерде ядролық зерттеу орталықтарын құруда. Әсіресе осы
салада Аргентина мен Бразилия арасында ғылыми серіктесік
орннады. Бұл екі елдің арасында интеграциялық үрдістердің
дамуына жағдай жасайды.
90 жылдары электростанцияларының жалпы қуаты – 17 млн.
кВт. Электроэнергияның өндірісі – 50 млрд. кВт. сағ.
Электроэнергияның 45% – ын ЖЭС, 42% – ын СЭС, 13% – ын АЭС
береді. Аса ірі СЭС – тері: аргентина – парагвайлық Ясирета ( 3,2
млн. кВт. ), Уругвай мен бірлескен Салкто – Гранде ( 2,5 млн. кВт.),
Чокон – Серрос – Колорадос (1,6 млн. кВт.). Электроэнергетика тез
қарқынмен дамып келе жатқан салалардың бірі.
Металлургия. Аргентинаның қара металлургиясы континенттегі
ең ескі салалардың бірі. Бірақ өте жай дамуда, себебі шикізат
қорының жеткідіксіздігіне байланысты. Елде төрт толық циклді
заводтар бар. Сан – Николас пен Саплада домналық процеспен,
Энсепад пен Вилья – Конститусьон – темірді тікелей өндіру және
қара металлургияның көптеген өнрекәсіп орындары Парана төменгі
ағысында, Буэнос – Айрес пен Росарио аралығында, аса ірілері
Вилья – Конститусьон, Росарио , Кампанеде сапалы болат және
құбыр өндіреді. 1995 жылы болат қорыту 4 млн.т болды.
Түсті металлургияның салаларынан : қорғасын өндірісі –Пуэрто –
Вилелас, Чако провинциясы, Мерседес, Таблада, Буэнос – Айрес
провинциясында дамыған; мырыш – Сарате, Комодоро –Ривадавия; мыс – өз
шикізат негізінде, аллюминий – Пуэрто – Мадринде сырттан әкелінген
шикізат негізінде жұмыс істейді.
Машина жасау. Машина жасау ауыр өнеркәсіп салаларында
жетекші орын алады. Жақсы дамығандары: транспорт машиналарын жасау,
ауыл шаруашылық машиналарын жасау, тамақ өнеркәсібіне
қажетті құрал – жабдықтар, электротехника. Транспорт машинасын
жасауда автомобиль жасау алдыңғы орында – Буэнос – Айрес, Кордова;
кеме жасау дамыған – Буэнос – Айрес, Энсенада; әуе көлігін жасау –
Кордова. Жаңа салалардың маңызы артып келеді: электроника,
автоматтандырылған желілердің өндірісі. Дамушы елдердің арасынан
Аргентина станок өндірушілер мен экспорттаушы елдер қатарына
жатады.
Химия өндірісі. Химия өндірісінда мұнай химиясы басты
рөл атқарады, себебі мұның шикізат қоры мол. Мұнай химиясының
өнімдері алуан түрлі, әдеттегідей мұнай химиясы кәсіпорындары
бірігіп мұнай өңдейтін зауыттармен бірге бір кешен құрайды.
Соның ішіндегі ең ірілері – Сан – Лоренсода және Кампенеде. Сонымен
бірге орман және ауыл шаруашылығында дәстүрлі салалар
дамуда. Мысалы, ет өнеркәсібінің қалдықтары негізінде
фармацевтикалық өнімдер шығару, техникалық май ( кастор т.б );
кебрачо сығындысы – тері өңдейтін шикізат. Бұл сала тек қана
үш елде Аргентина, Бразилия, Парагвайда дамыған. Кампо – Киханода –
бор қышқылын өндіретін ірі кәсіпорын, ондағы өнімді Аргентина
сыртқа экспорттайды.
Дүниежүзілік шаруашылықтағы Аргентинаның орны оның
дәстүрлі салаларымен анықталады: ауыл шаруашылығы және сонымен
бірге байланысты өңдеу өнеркәсібі, ең алдымен бұл тамақ
өнеркәсібі. Аргентина ет ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ұлыбритания ХХ ғасырдың 80-ші жылдарындағы халықаралық қатынастар жүйесінің ауқымында
Жаңа индустриалдық елдер және олардың әлемдік экономикадағы рөлі
Гитлер ғұмырнамасы
Кариб теңізіндегі аудан
Ұлыбритания тарихында алғаш әйел премьер министр болған Маргарет Тэтчердің саяси мансабы
Дүние жүзінің ауыл шаруашылығы
Халықаралық терроризммен күресудің жаңа кезеңі
Ұлыбританияның сыртқы саясаты
Қазақстан Республикасының мемлекеттік борышы
Оңтүстік - Уэльс кен орындары
Пәндер