Келісімшарт жасасу және тоқтату мәселелері



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 40 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3

1. Келісімшарттың ұғымы, нысандары және түрлері
1.1 Келісімшарттың ұғымы және
нысандары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... 7

1.2 Келісімшарттың
түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... 15

2. Қазақстан Республикасының заңнамалары бойынша келісімшарт жасасу
тәртібі
2.1 Міндеттемелік құқық және шарттар туралы жалпы
ережелер ... ... ... ... ... ...23
2.2 Офертаның ұғымы және оның нысандары,
әрекеттері ... ... ... ... ... ... . ... ... ...35
2.3 Келісімшартты міндетті жасасу
тәртібі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 37

2.4 Келісімшартты өзгерту және бұзу
тәртібі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .40

2.5 Келіспеушілік хаттамасы және оны реттеу
жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..44

3. Сыртқы экономикалық келісімшарттың жасасу барысындағы ерекшеліктер
3.1 Хлықаралық
келісімшарттар ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... 54

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...60

Қолданылған әдебиеттердің
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... .64

Кіріспе

Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Дипломдық жұмыс Қазақстан Республикасындағы
келісімшарт жасасу және тоқтату мәселелері процесін, келісімшарт жасасу
және тоқтату жолдарын, келісімшарт жасасу және тоқтату мәселелеріне себеп
болатын жағдайларды зерттеуге, келісімшарт жасасу және тоқтату мәселелерін
тиімді ететін алғышарттарды анықтауға арналған.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. 1990 ж. 25 қазанда “Егемендік туралы
Декларациясын” қабылдау арқылы, өзінің егемен мемлекеттігін жариялаған,
1995 жылғы Конституцияда мен 1994 жылғы ҚР Азаматтық Кодексінде оны бүкіл
әлемге паш еткен жас егемен Қазақстан Республика–сының әркездегі жоғары,
басты мақсаты шынайы құқықтық, демократиялық мемлекет құру, дамыған ұлттық,
нарықтық экономиканы қалыптастыру, түрлі ұлт өкілдерінің теңдігіне,
ықпалдастығына негізделген ұлттық саясатты дамыту болып табылады. Бұл
мақсаттарға тиісті идеяларға қаныққан азаматтық құқықты қарқынды жүзеге
асыру арқылы қол жеткізуге болады.Ал түбегейлі нарықтық экономикадағы
азаматтық қатынастарды, нақтырақ айтсақ келісімшарт жасасу және тоқтату
мәселелерін іске асыру үшін берік, жетілген заңдылық базасын жасамай мүмкін
емес. Азаматтық қатынастардың жүзеге асырылуы азаматтық құқық процесінің
тиімді тетіктерін орнықтырумен,заң шығару қызметін
жетілдірумен,республикада азаматтық қатынастардың деңгейін ең бір жетік
жоғары сатыға көтерумен байланысты. Демократиялық азаматтық қоғам мен
құқықтық мемлекет орнату бағыты азаматтық қатынастардың жүйесін терең қайта
бағдарлауды, азаматтық құқықтық институтты неізгі түрде реформалауды,бұрын
басталған азаматтық құқықтық реформалардың үрдісін жылдамдатуды талап
етеді. Осы орайда, бүгінде Республикада қалыптасқан саси-қоғамдық,нарықтық
құқықтық жағдайлар мемемлекет алдында тұрған міндеттер азаматтық
қатынастардың ең бір жетік және қолайлы тетіктерін жасауға, азаматтық
қатынастарды жетілдіру мен зыңның жоғарылығын қамтамасыз етуге байланысты
мәселелерді өз уақытында зерттеуді, құқықтық, саяси экномикалық, азаматтық,
әлеуметтік қатынастарды кезінде керекті заңмен қамтамасыз етуді қажет
етеді. Мұндай қажеттілікті елбасының Қазақстан Халқына арнаған соңғы
жолдауынан байқауға болады, яғни “Бәсекеге қабілетті Қазақстан, экономика,
халық үшін” Жолдауында Н.Ә.Назарбаев: “Жолдауда белгіленген міндеттерді
іске асыру мақсатында Парламенттің тиісті заңдар қабылдау керек”,–деп
Республика Парламенті алдына міндет қояды.
Азаматтық айналым тауарлық айналымның формасы болып табылады.
Заттар бір біріне тауар ретінде саналу үшін, тауар иелері бір біріне тұлға
ретінде қарым қатынаста болу керек [1, 94 бет] - деп К. Маркс жазған.
Бұдан әрі, К. Маркс былай деп көрсеткен, қоғамдық қатынастар алдағы
тауарлар өзінің экономикалық табиғатында заңдылық ерікті қатынас түрін
қабылдап, шарттың нысаны болып табылады. Осыдан шарттық қарым қатынас кең
көлемде таралып өзіндік азаматтық айналымға түседі.
Келісімшарт заңды тұлғамен, сондай-ақ азаматтардың арасындағы қарым
қатынасты реттейді(орталықтандырады). Келісімшарт мәміле түрі болып
табылады, яғни оған екі немесе көп тарапты мәміле туралы тәртіп
қолданылады. Келісімшарттың түсінігі азаматтық-құқықтық мәміле түсінігінен
әлде қайда кең түрде ерекшеленеді. Келісімшарт бұл кез келген нәрсе емес,
ол ерікті түрде екі немесе бірнеше тараптар (екі болмаса көп тарапты
мәміле) сәйкестікпен жүзеге асады. Сонымен қатар келісімшарт түсінігі
міндеттеме түсінігімен араластыруды қадағаламайды. Міндеттеме тек шарттан
ғана пайда болмайды, бірақ әкімшілік актіден, бір тарапты мәміле, құқықтық
емес әрекеттер т.б., яғни шарт сияқты, әрі шарттылық емес сипат алады.
Келісімшарт міндеттемесі тек оған қатысушылардың келісім негізінде пайда
болуы танылады.
Келісімшарттарды құқықтық реттеу барлық ТМД республика-ларында, Ресей
Федерациясының Азаматтық кодексінен Түркменстанның Түркменбашы
Сапармұраттың Азаматтық кодексіне (соңғы кодексі дәл осылай аталады) дейін
бірдей (АК жүйені құрайтын актісінде солай). Ал келісімшарттық шындық бұл
мемлекеттерде – әр түрлі. Мұндағы шындық қарабайыр – құқық өздігінен жүзеге
аспайды, сондықтан бір мемлекеттерде ол қағаз күйінде, басқаларында аздап
қолданылады. Мемлекет өзінің өмір сүруінің құқықтық негізін қалыптастыра
отырып, құқықтық салада тек қана ойдағыдай қажетті шарттарды құрайды, ал
құқықтық аманшылығын жеткілікті деп аталатын жиынтығы қажеттілерден көлемді
де күрделі. Мемлекеттің заңдық мәтіндермен қамтамасыз етілуі, мемлекетте
барлығы тамаша, ғажап деген қиялды, әрі жай емес қауіпті қиялды құрайды. Ал
жалпы құқықтың шынайы (нақты) мағынасы қоғамның менталитетімен, оның
мәдениетімен, коммунистік идеалдарды сақтаған ықпал дәрежесімен, құқықты
жүзеге асыру механизмдерімен анықталады.[2, 390 бет].
Демек, Қазақстан Республикасының егемендігі жағдайында азаматтық құқықтық
қатынастарды ұйымдастыру мен жүзеге асыру,заңдар шығару мен қоғамдағы өзге
де процестерді заңды рәсімдеу мәселелері ерекше маңызға ие. Сол себепті де
азаматтық құқықтық заңы және оны жасаумен байланысты қызмет әркезде де
қоғам дамуының барлық кезеңдерінде негізгі назарда болуы қажет. Себебі,
кез–келген дамыған елдерде азаматтық құқықтық заң сол елдің азаматтық
қарым–қатынас жүйесінің негізін құрайды, онда демократиялық қоғамның мүшесі
ретінде азаматтардың еріктері мен мүдделері бекіп, құқықтық, адамгершілік,
жеке қасиеттері дамиды. Бірақ, кез–келген азаматтық заңның демократиялық
қоғамның құқықтық негізі, адамдардың құқықтары мен бостандықтарының кепілі
болып табылуы анық.Жоғары дәрежеде әзірленіп, талқыланған, зор
жауаптылықпен қабылданған, қоғам өмірінің талаптарына толығымен жауап
беретін азаматтық заң ғана нарықтық экономикадағы қоғамның, мемлекеттің,
жеке азаматтардың мүдделеріне сай келеді. Ал азаматтық қатынастардың мұндай
сапасына жетік, дамыған келісімшарт жасасу және тоқтату мәселелері
процесінің нәтижесінде ғана қол жеткізуге болады. Олай болса, азаматтық
қатынастар процесі мәселелерін зерттеу, азаматтық құқықтарды жасаумен
байланысты қатынастардың табиғатын, мәнін ашу бүінгі күнде заң ғылымының ең
бір маңызды, өзекті міндеттерінің бірі болып табылады. Өйткені, ол
азаматтық қатынастардың сапасын, тиімділігін анықтайды. Келісімшарт жасасу
және тоқтату мәселелері жөніндегі қатынастардың және оларды реттейтін
нормалардың мазмұнын, сипатын ғылыми тұрғыдан оқып,зерттеу біраз шамада
республикада жүргізіліп жатқан құқықтық реформалардың оң, сәтті болуына,
шығарылып жатқан заңдардың тиімді әрекет етуіне өз септігін тигізеді.
Аталған жағдайлар дипломдық жұмыс тақырыбының өзектілігін анықтайды және
осы салада зерттеу жүргізудің қажеттілігін шамалайды.
Зерттеу объектісі және пәні. Қазақстан Республикасында келісім–шартты
жасасу және тоқтату мәселелерін жүзеге асырылуы мен қолданылу процесі
зерттеу объектісі болып табылады.Зерттеу пәнін ретінде тұлғалар арасында
туындаған азаматтық құқықтық қатынастарды реттеу болып табылады. Зерттеудің
әдістемелік негізін – қоғамдық,әлеуметтік,құқтық құбылыстарды зерттеудің
теориялық қисандық, құқықтық тарихи және философиялық әдістері мен
тұжырымдарды құрайды. Зерттеу барысында танудың құқықтық ғылым үшін әдетті
әдістер мен амалдары кеңінен қолданылады. Олар: салыстырмалы, тарихи,
талдау, қисындық, статистикалық және т.б. әдіс тәсілдер.
Келісімшарт – құқықтық мемлекеттің экономикасындағы салалы элементтің
бірі. Ол – экономиканың демократизацияның құралы. Ал ол арқылы және қоғам
сондай–ақ өзінің табиғи болмысына қарай ол тәуелсіз немесе ешкімге кіріптар
болмауды ұсынатын өзіндік еркі бар тарап.

Жұмыстың мақсаты. Дипломдық жұмыстың мақсаты келісімшартты жасасу және
тоқтату мәселелерін зерттеу, ашу болып келеді. Келісімшартқа байланысты
қазақстандық авторлар зерттеулер өте аз жүргізілген. Тек Г.А. Жайлиннің, Ғ.
Төлеуғалиевтің, М. К. Сүлейменов пен Ю. Г. Басиннің еңбектерінде
қарастырылған. Сонымен қатар соңғы екі автордың бұл тақырыпқа еңбектерін
жүргізсе де, олар орыс тілінен аударма жасалған. Әрине бұл біз үшін тағы
бір өзекті мәселе болып келеді. Себебі біздің ел тәуелсіз мемлекет бола
тұра, мемлекеттік тіліміз қазақ тілі болып, мұндай проблема ұятқа қалдырып
тұр. Сондықтан болашақта тек бұл тақырыпқа емес көптеген заңи тақырыпқа
көңілімізді аударуымыз керек. Ал міндеттерін атап өтсек, келісімшарттың
ұғымы және нысандары; келісімшарттың түрлері; Қазақстан Республикасының
заңнамалары бойынша келісімшарт жасасу тәртібі; келісімшартты өзгерту және
бұзу тәртібі; келіспеушілік хаттамасы және оны реттеу жолдары сыртқы
экономикалық келісімшарттың жасасу барысындағы ерекшеліктерін зерттеп ашу.
Келісімшарт пен мәміленің айрмашылықтар мен ерекшеліктерін айқындау. Мәмiле
– азаматтар мен заңды тұлғалардың азаматтық құқықтары мен мiндеттерiн
белгiлеуге, өзгертуге немесе тоқтатуға бағытталған әрекеттерi мәмiлелер деп
танылады.
Жұмыстың құрылымы. Дипломдық жұмыстың құралымы келісім-шарт жасасу және
тоқтату процесі мәселелерін кешенді, кезектілікпен баяндау тәсілі бойынша
жасалған. Зерттеу: кіріспеден, 6 бөлімді қамтитын 2 тараудан, қорытындыдан
және пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1. Келісімшарттың ұғымы, нысандары және түрлері

1.1. Келісімшарттың ұғымы және нысандары

Келісімшарт көне құқықтық құрылымның бірі. Келісімшарттың ғасырлар бойы
пайдаланылуы құқықтың икемді түрі екендігін көрсетеді, ол арқылы әртүрлі
қоғамдық қатынастарды реттеуге болатындығы дәлелденген. Келісімшарттың
негізгі міндеті заң шеңберінде адамдардың әрекетін реттеу. Ал оларды бұзу
заң талаптарын бұзушылықты білдіреді.
Келісімшартты (contractus) рим құқығы үш түрлі мағынада: құқық
қатынастарының туындауы ретінде; құқықтық қатынастың өзі ретінде; ең
соңында тиісті құқықтық қатынастың нысаны ретінде қарастырады.[4, 18 бет]
Келісімшарт туралы мұндай көзқарастар нақты іс жүзінде Қазақстан
Республикасының Азаматтық кодексінде және басқа да елдердің азаматтық
кодекстерінде тәртіптелген.
Келісімшарт – екі немесе одан да көп адамның азаматтық құқықтар мен
міндеттемелерді белгілеу, өзгерту немесе тоқтату туралы келісімі шарт деп
танылады (ҚР Азаматтық кодексінің 378-бабының 1-тармағы, бұдан әрі ҚР АК).
[5]. Келісімшарт - құқықтық қатынастың туындауына, өзгеруіне немесе
тоқтауына негіз болатын заңдық факт. Сондықтан да, шарт азаматтық құқықтар
мен міндеттемелерді туындайтын негіздердің бірі болып саналады.
Келісімшарт термині әрдайым сол бір мағынада қолданыла бермейтінін
есепке алу қажет. Сонымен қатар ол екі тараптың келісімін білдіреді, кейде
келісімшарт ұғымында міндеттемені түсінеді, ал кейбір жағдайда бұл термин
қатысушылардың міндеттері пайда болатын құжатты білдіреді. Әрине
көпшілікке келісімшарт заңды факт ретінде, құқықтық қатынас ретінде және
нысан ретінде шарт жасасқанда танысу керек. Азаматтық–құқықтық мәмілеге
келісімшарт нысанына жалпы тәртіп кіреді. Келісімшартпен туындайтын
құқықтыққатынастың мазмұны нақты шарт үлгісінің ерекшелігінен туындайды
және сату - сатып алу көрсетілген жағдайда қарастырылады. Сондай-ақ
мүліктік иелену мердігерлік және басқада шарттық міндеттемелерден тұрады.
Бұл жерде келісімшарт заңдылық факті ретінде зерттеледі, яғни келісім
сияқты азаматтық құқықтық қатынасты тоқтатын немесе өзгертетін белгіленген
бағыт береді.
Келісімшарттағы аталған келісім заңдылық факті ретінде танылады.
Сондықтан бұл белгіленген азаматтық құқықтық зардапқа әкеп соғады. Мұндай
кезде келісімшарт ерікті сипаттағы акті ретінде олардан туындайтын
азаматтық-құқықтық қатынас басқа да әсер береді. Заңдылық оқиғаның маңызы
тек қана ол тәсілімен құқықтық зардаптың орын алуына итермелеу көрсетілген
заңнамамен шектеледі. Келісімшарт бұл тәсілге ие болады, сондай-ақ
көрсетілген заңнама талаптарымен нақты құқықтық үстемдік мазмұны және
қатысушылардан жасалатын міндеттемедегі олардың құқықтық қатынастарын
анықтайды. Сондықтан заңдылық сипаттағы оқиға олардың құқықтық құрылымдағы
әрекетті толықтай жойылады. Онда шарт міндеттеменің мазмұнын құраудағы
көзқарастың рөлін зерттеуге тиіс, мұның ең соңғысы шарттың өз мазмұнынан
туындайды.
148-баптың 1-тармағына сәйкес мәмілелер бір жақты және екі немесе көп
жақты (шарттар) болуы мүмкін. Сол себепті, шарт мәміле болып табылады және
шартқа екі және көп жақты мәмілелер туралы (ҚР АК-ның 373-баптың 2-
тармағы), атап айтқанда, мәміленің формасы және оны тіркеу туралы, мәмілені
заңсыз деп тану туралы және т.б. ережелер қолданылады. Бір жақты және көп
жақты мәмілелер ұғымын бір жақты және өзара шарттар ұғымынан ажырату
керек. Бір жақты мәміле шартқа жатпайды, себебі мәмілені жасау үшін
тараптардың келісімі керек емес, бір жақтың ерік білдіруі жеткілікті (бір
жақты және өзара шарттар жайында осы тараудың 3-параграфын қараңыз).
Шарттың басқа мәмілелерден және басқа заңдық фактылардан айырмашылығы сол,
шарт дегеніміз тараптардың келісімі. Сондықтан, ҚР АК-ның 148-баптың 3-
тармағына сәйкес, шарт жасасу үшін екі тараптың (екі жақты мәміле) не үш
немесе одан да көп тараптың (көп жақты мәміле) келісілген ерік білдіруі
қажет.
Келісмшарттардың басым көпшілігі екі жақты мәміле болып табылады, себебі
шарттан, әдетте, міндеттемелік құқық қатынастары туындайды, ал міндеттеме
үшін мүдделері қарама қарсы екі тарап болуы керек: біреуінде талап ету
құқығы (несие беруші), екіншісінде – сол құқыққа икемделген міндет
(борышкер) болады.
Бірлескен қызмет туралы шарт көп жақты мәмілеге мысал бола алады (ҚР
АК-ның 228-бабы).[5].
Бұл шарттың ерекшелігі сонда, оның тараптары ортақ шаруашылық
мақсатқа қол жеткізу үшін бірлесіп әрекет жасауға келіседі және осы
қызметтің нәтижесінде ортақ меншік пайда болады. Бірлескен қызмет (жай
серіктестік) туралы шарттың Міндеттемелік құқық туралы бөлімде емес,
меншік құқығына арналған бөлімде, ортақ меншік туралы тараудан кейін
орналасуы бекерден бекер емес (ҚР АК-ның 228-бабы). [5].
Көп жақты шарттарға, әдетте, шарт туралы жалпы ережені қолдануға
болады. Дегенмен, көп жақты шарттардың жоғарыда айтылған ерекшеліктеріне
байланысты кейбір нормаларды қолдануға болмайды. Атап айтқанда, жария шарт
туралы (ҚР АК-ның 387-бап), үшінші жақтың пайдасына шарт туралы (ҚР АК-ның
391-бап) ережелерді көп жақты шартқа қолдануға бола қояр ма екен, шарт
жасасу туралы нормаларды қолдануда да қандай да бір ерекшелік болуға тиіс.
Шарттан міндеттемелік, заттық, авторлық немесе өзге құқықтық
қатынастар туындауы мүмкін (ҚР АК-ның 379-баптың 1-тармағы) деген ережені
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне кіргізу елеулі жаңалық болып
табылады. Бұл ереже бұрынғы заңнамада болмаған. Ол ТМД-ға мүше басқа
елдердің Азаматтық кодекстерінде жоқ.
Азаматтық-құқықтық шартты, әдетте, міндеттемелік құқық қатынастарымен
байланыстырады. Бірақ, міндеттемелік құқық қатынастарының ауқымына зорға
сиатын құқықтық қатынастар да бар. Мысалы, бірлескен қызмет туралы шарттан
ортақ меншік обьектісін бірлесіп иелену және пайдалану жөнінде оның
қатысушылары арасында қатынастар туындайды, ал олар міндеттемелік емес
заттық салыстырмалы құқық қатынастары болып табылады (ортақ меншіктің
қатысушылары мен барлық басқа адамдар арасында болатын заттық абсолюттікке
қарағанда).
Құқықтық қатынастар кешені (заттық және міндеттемелік) заңды тұлғаның
пайда болуына негіз болатын құрылтай шартынан туындайды (41-бап).
Шарттан туындайтын міндеттемелерге міндеттемелер туралы жалпы ереже
қолданылады (ҚР АК-ның 268-377-баптар), себебі, АК-ның шарттар туралы жалпы
ережеге арналған 22-тарауының баптарында және шарттардың АК-да көрсетілген
кейбір түрлері жайындағы ережеде (ҚР АК-ның 379-баптың 2-тармағы) өзгедей
көзделмеген. [5].
ҚР АК-ның 379-баптың 2-тармағы міндеттеме тек шарттан ғана емес, басқа
заңдық фактылардан да туындайды дегенге сүйенеді. Сондықтан, шарттық
міндеттемелерге міндеттемелер туралы жалпы ережені қолдану АК-ның шарттар
туралы нормаларымен шектелуі мүмкін. Мысалы, талапқа көну және борышты
аудару туралы кейбір ережелер (ҚР АК-ның 339-348-баптар) шарттардың кейбір
түрлерінде (лизинг, факторинг) басқаша шешіледі. Яғни, шарттардың осы
түрлері туралы нормалар қолданылады.
ҚР АК-ның 379-бабының 3-тармағына басқа формула еңгізілген: шарттан
(бірлескен қызмет туралы шарт, құрылтай шарты, авторлық шарт және басқа)
туындайтын заттық, авторлық немесе өзгедей (міндеттемеліктен басқа)
құқықтық қатынастардың мәніне өзгедей туындамаса, ҚР АК -ның 22-тарауыының
баптары (Шарт ұғымы және оның ережелері) қолданылады.
Мысалы, бірлескен қызмет туралы шарттың немесе құрылтай шартының мәнінен
шарт жасасумен, оны өзгертумен және байланысты көптеген ерекшеліктер
туындайды, олар ҚР АК -ның 2 және 12-тарауларында немесе шартта ҚР АК -ның
22-тарауына қарағанда басқаша шешіледі. [5].
ҚР АК-ның 379-бабы заттық, авторлық немесе шарттан туындайтын өзгедей
құқықтық қатынастарға міндеттемелер туралы ережелерді қолдану туралы
мәселені шешпейді, мұны АК-дағы елеулі олқылық деп санауға болады.
Заңнамада немесе шартта тікелей реттелмеген мәселелер бойынша мұндай
құқықтық қатынастарға заңның ұқсастығы бойынша міндеттемелер туралы
ережелер қолданылады (ҚР АК-ның 5-баптың 1-тармағы).
Шарт еркіндігі. Азаматтар мен заңды тұлғаларға шарт жасасуда еркіндік
берілген. ҚР АК -да, заң құжаттарында немесе өз еркімен қабылдаған
міндеттемеде, шарт жасасу міндеті көзделген жағдайларды қоспағанда, шарт
жасасуға мәжберлеуге жол берілмейді (ҚР АК-ның 380-бабының 1-тармағы).
Шарт еркіндігі туралы норма ҚР АК 8-баптың азаматтар мен заңды тұлғалар
өздеріне берілген азаматтық құқықтарды өз қалауынша пайдаланады деген
ережесіне негізделген.
Шарт еркіндігі АК-да бекімін тапқан кәсіпкерлік қызмет еркіндігімен және
тұтынушылардың тауарлар иеленуге, жұмыстар мен қызметтер пайдалануға шарт
жасасу еркіндігіне құқығымен үйлестікте болады (ҚР АК-ның 10-бап).
380-баптың ережесі мүлде жаңа, себебі жоспарлы-бөлу экономикасында шарт
еркіндігі болмады, барлығын жоспарлы қорлар мен бөліп тарату анықтады,
соларға сәйкес шарттар жасалынды. Шарттарда формальдық сипат болды, ең
басты маңыздылық жоспарлық актілерге берілді. Мұның барлығы заңнамада, оның
ішінде Азаматтық кодексте мұқият реттелді.
Қазір шарт жасасуға мәжбүрлеу айрықша жағдайларда ғана болады.
Міндетті түрде шарт жасасу туралы ережелер АК-ның арнайы бабында
жинақталған (ҚР АК-ның АК-ның 399-бабы).
Келісімшарт жасасу міндеті АК-да, егер мұндай шарт жария шарт болса,
коммерциялық ұйым үшін көзделген (ҚР АК-ның 387-бап).
Келісімшарт жасасу міндеті еркімен қабылдаған міндеттемеден туындайтын
жағдайларға алдын ала шарт жасасу жатады (ҚР АК-ның 390-бабы).
ҚР АК-ның 306-баптың 1-тармағына сәйкес, кепіл ұстаушыға оның иеленуіне
берілген кепілге салынған мүлікті сақтандыру міндеті шартпен немесе заң
актілерімен жүктелуі мүмкін. Кепіл берушінің пайдалануында қалатын кепіл
мүлкін сақтандыру кепіл берушіге жүктеледі.
Келісімшарт еркіндігі принципі тараптардың заңдарда көзделген шартты да,
көзделмеген шартты да жасаса алатындығығынан көрініс табады (ҚР АК-ның 380-
баптың 2-тармағы). АК-ның Ерекше бөлімі баптарының басым көпшілігі
заңнамада көзделген шарттарға арналған. Айта кететін бір жағдай – ҚР АК-ның
380-бабтың 2-тармағында әңгіме заң актілері жайында емес, заңнама жайында,
сондықтан шарттардың жаңа түрлерін Қазақстан Республикасы Үкіметінің
қаулылары және ондай құқық берілген мемлекеттік органдар белгілей алады.
Ондай шарттардың мысалы ретінде толлинг операцияларын жүргізу туралы шартты
алуға болады.
Тараптар заңда көзделмеген шарттарды жасаса алады. Бұл ереже туындайтын
жалпы ережеде азаматтық құқықтар мен міндеттер заңнамада көзделген
негіздерден, сондай-ақ, азаматтар мен заңды тұлғалардың әрекеттерінен пайда
болады, өйткені ол әрекеттер азаматтық заңнамада көрсетілмегенімен, олардың
жалпы негіздері мен мәні азаматтық құқықтар мен міндеттерді тудырады
делінген (ҚР АК-ның 7-бап).[5].
Бұл ереже азматтық құқықтың жалпы бастауына негізделген, ол жаратылысынан
диспозитивті және бар қатынастарды да, болашақта болуы мүмкін қатынастарды
да реттеуді көздейді.
Бұл қазіргі Қазақстан экономикасының өтпелі кезеңі үшін аса маңызды,
себебі күніге бір жаңа шарттың пайда болатынын көріп отырмыз (азаматтық
құқықтың принципі болып табылатын шарт еркіндігі жайында).
Бір типті және аралас шарттар. Бір типті шарттар сан алуан қыры бар
(жеткізу, тұрмыстық мердігерлік, жалдау, рента және т.б.) белгілі бір
түрдегі (тауарды беру, жұмыс орындау, қызмет көрсету) міндеттемелерді
тудырады. Аралас шарттарда заңнамада көзделген әртүрлі шарттардың
элементтері болады (ҚР АК-ның 381-бабы).
ҚР АК-ның 381-бабының қағидалары 380-баптың тараптар заңнамада
көзделмеген де шарттарды жасаса алады деген қағидасынан орынды туындайды.
Сондықтан да, олардың мазмұнында заңда көзделген әртүрлі шарттардың
элементтері бар шарт жасаса алуы заңды.
Тауар жеткізілім келісімшарты дегеннің не екенін кәсіпкерлердің барлығы
біледі. Алайда, тәжірибе көрсеткендей, оған қол қойғанда мұқият қарамау
себепті, көп жағдайда, дау туған кезде, қиын жағдайға әкеп соқтырады.
Консультант журналының сарапшылары, контрагенттермен қажетсіз
мәселелерден аулақ болу үшін, келісімшартты жасаған кезде, ескерілуі қажет
жайттарды атап көрсетті
Тауар жеткізілім компанияларға, өздері жеткізілім келісімшартының
формасын даярлап, оны клиенттерге ұсыну тиімді әрі қауіпсіз екені күмәнсіз.
Көңіл бөлетін аса маңызды шарты – келісімшарт бойынша төлем жасау. Тек
төлемнің мерзімін ғана емес, сондай-ақ сатып алушының жауапкершілігін де,
егер ол оны бұзса, нақтылап көрсету қажет. Әрі төлем мерзімін есептеу үшін,
бұл қағазда сатып алушының қолы болмағандықтан, шот-фактураны тапсыру сәтін
пайдаланудың қажеті жоқ. Сатып алушының тауарға төлем жасау датасын сатып
алушының шотының есебінен шығарып тастаған сәттен емес, тауар жеткізілім
шотына немесе банктегі корреспонденттік (тілшілік) есебіне қаражаттың
түскен уақытынан бастап есептеген дұрыс. Жеткізіліммен айналысатын
компаниялардың бірінде төмендегідей жағдай болды. Есеп саясатына сәйкес,
төлем жасау мерзімінен 14 күн асып кеткен жағдайда, сатушы фирма
наразылығын білдіріп, оны клиентке жолдайды. Егер төлем уақыты 30 күннен
асып кетсе, тауар беруші арбитраж (төреші) сотына талап арызын дайындап
жібереді. Әрбір талап арызда өсімнің сомасы көрсетіледі. Есеп
келісімшартта анықталған ставкаға байланысты жүргізіледі (Әдетте ол қосымша
қаржының (қаржыландырудың-рефинансирования) екі-үш ставкасына тең). Егер
ставка келісімшартта анықталмаған болса, өсім ҚР Азаматтық кодекстің 395
бабына сәйкес, яғни қосымша қаржыландырудың – рефинансирования бір
ставкасынан шығарылып төленеді. [5].
Негізінен соттар өсімнің мәлімделген сомасын қабылдайды. Десек те, оларды
азайтатын немесе жоятын жағдайлар да кездеседі. Әдетте бұл егер де өсім
сомасы қарыз сомасынан артық болған жағдайда. Судьялар (қазылар) мұндайда
арбитраж тәжірибесіне жүгінеді (мысалы, Мәскеу қаласының арбитраж сотының
2005 ж. 17 ақпандағы № А40-6267504-60-596 қаулысы). Кейде судьялар төлем
мерзімінің шартын сақтауды негізге алып, өсім сомасын төлетпейді.
Мысалы, егер келісімшартта төлем шот–фактураны алғаннан кейін жүргізіледі
деп жазылса, ал сатып алушы бұл қағазды алмадым деп шығады. Мұндай кезде
сот онымен келіседі.
Сатып алушыдан келісімшарт: төлем шарты  
Әрбір жүйелі клиенттің өзінің келісімшарты болады. Ал сатып алушыдан
алынған келісімшарттар тауар беруші үшін аса қауіпті. Құрастырушының
көзқарасы бойынша олардың тәуекелі барынша аз. Мұндай келісімшарттарда
кейде мерзімі өтіп кеткен төлемдер үшін айыппұл төлеу туралы тармақ
болмайды және төлем мерзімі үнемі келісілмейді.
Соңғысы туралы міндетті түрде келісім жасалуы керек. Әйтпесе сатып алушы
ешқашан төлем жасамауына болады да, ештеңені (келісімді) бұзбаған боп
шығады. Сотта тауар берушіге өзінің дұрыстығын дәлелдеу өте қиынға соғады.
Егер келісімшартта төлем мерзімі шот-фактураны тапсырған күннен басталады
деп көрсетілсе, онда бұл бойынша клиент шот–фактуралардың тапсырылған
тізбесін жасауы қажет. Бұл сатып алушы шот-фактураны алғанын нақтылайтын,
қажет кезде дәлелдеу үшін керек. Басқаша айтқанда, төлем сатып алушы
тауарды қалай өткізуіне байланысты. Бұл жағдайда өткізу фактісін қадағалау
және сотта дәлелдеу өте күрделі. Сондықтан мұндай жағдайлардан тасымалдаушы
сақтану керек.
Тапсырыстарды орындау
Клиенттердің келісімшарттарындағы ең тәуекел шарты – тауар беруші
орындау шарты. Жүйелі клиенттердің көбінің шартында Сатып алушының
Тапсырысты жіберген күнінен тасымалдау мерзімі тауарды жеткізу мерзіміне
дейін n күнді құрайды. Айыппұлдың көлемі - мерзімі өткен әрбір күн сайын,
тапсырыс сомасынан m %, бірақ k % көп емес. Тауар беруші мерзімі үш
күннің ішінде, айыппұл мерзімі - 0,5 күніне пайыздан және тапсырыс
сомасының бес пайызынан көп емес. Келісімшартта орындалмаған тапсырыс үшін
жай бір сан қойылады, мысалы АҚШ-тың 500 доллары. Алайда кейбір
келісімшарттарда тек жай тапсырыс емес, бекітілген тапсырыс жайлы жиі
әңгіме болады. Мұндай жағдайда, бірнеше сағаттың ішінде тасымалдаушы
тапсырысты алғаннан кейін сатып алушыға тауарды әкеле алмайтындығын
(мысалы, көлік болмай қалады немесе қоймада тауар жетіспеушілігіне
байланысты) жеткізеді. Бұл тауардың жеткізілмегендігі деп есептелмейді және
айыппұл салуға негіз болып табылмайды.
Баға саясаты
Жүйелі клиенттердің келісімшарттарында кейде мынадай тармақ жазылады:
Сатушы сатып алушы үшін аса жақсы жағдайларда ең төмен бағаға тауар
жеткізетініне кепілдік береді. Егер Сатушы жүйелі дүкендерге жеңілдетіп,
төмен бағамен жеткізе бастаса, Сатушы Сатып алушыға сол бағалармен
жеткізуге міндетті. Сатушы осы кепілдің әрбір фактісін орындамағаны үшін
Сатып алушы n рубль мөлшерінде айыппұл салады. Мұндай кезде айыппұл көлемі
500 доллардан 15 000 долларға дейін көтерілуі мүмкін.Тауар беруші осындай
жайттардан аулақ болу үшін баға ұйымдастыру бөлімінің қызметкерлері әрбір
сатып алушыға тиелген бірдей тауарлардың әрқайсысының бағасына жіті көңіл
бөліп, бақылап отырулары қажет. Егер сатып алушылардың біріне қосымша
жеңілдік берілетін жарнамалық акция өткізілетін болса, олармен баға
саясатын сақтамағаны үшін айыппұл қарастырылған келісімшарттарда осындай
жеңілдікті басқа да клиенттерге бірден жасау керек. Дей тұрғанмен, әрине,
мұндай шарттарға келіскен тауар беруші қосымша қиындықтардың болатынын
және әжептәуір шығынды талап ететінін ескергені жөн.
Тауарды қайтару
Тауар жеткізілім келісімшартының шарты бойынша сатып алушының алдында
тауар түрін жоғалтқан өнімдер және тауар сатылмай жатып қалып, мерзімі өтіп
кеткен тауарлар қайтарылады. Бұл, әрине, тауар берушіге үшін тиімді шарт
емес. Десек те, кей жағдайда оны қабылдаған да дұрыс. Мысалы, мұндай тауар
сөрелерде жатады, ал оны ешкім алмайды. Тиісінше, тұтынушыларға жаңа өнімді
ұсыну мүмкін болмайды.
Кейбір компаниялар кейде мұндай жағдайлармен келіседі. Алайда олар
қайтарылған тауарларды қабылдағанда өте мұқият қарайды, өнім жоғалған бос
қораптарды орнына келтіреді, іздейді, тауардың саны қосымша жазылмады ма,
өзіне басқа өнім қайтарылып жатқан жоқ па деп тиянақты түрде бақылайды.
Егер бақылау қатаң болмаса, сатып алушылар келісімшарттың шартын қалай
болса солай пайдаланатындарын атап айтқан жөн. Келісімшартта сатып алушыға,
тауарды қайтарудың жоқтығын ескеріп, қосымша жеңілдік қарастыруға болады.
Осының негізінде балама клиенттер бойынша мәліметтерден және статистикадан
шығатын экономикалық мақсатты анықтауға болады.
Тауарды сату мерзімі
Тауар жеткізілім келісімшартының тармақтарының бірі – тауардың жарамдылық
мерзімі бойынша шарт. Келісімшартта қабылдап алған тауардың қалған
жарамдылық мерзімі жалпы жарамдылық мерзімінің 23-інен кем болмауы қажет
(негізі бұл сан тауардың түріне байланысты 12-ден 34-ке дейін өзгеріп
тұрады) екені көрсетілуі керек. Мұндай жағдайда қоймада тапсырыс
жиынтығының бизнес-процесін өзгертуге тырысады. Осы шартқа қол қойған
клиенттерге, ерте түскен тауар бар болса да, неғұрлым соңғы жарамдылық
мерзімі бар тауарларды жіберу қажет.
Басқа да шарттар
Тауар берушіге қатысты шарттардан басқа, сатып алушылардың
келісім–шарттарында басқа да келеңсіз жағдайлар кездеседі. Мысалы, өзара
есептің салыстыру актіне қол қою немесе оны белгілі бір мерзімде ұсыну
міндетті шарт болып табылады. Оны орындамағаны үшін айып салынады (әдетте
100 доллардан 500 долларға дейінгі көлемде). Бухгалтерияның салыстыру
актіне жауапты қызметкері осындай шартқа қол қойған сатып алушыларды
бақылауға алуы қажет. Кейде келісімшартта клиентті факторингке ауыстыру
үшін кедергі болып табылатын тармақ болады.
Онда дебиторлық шығынды үшінші тұлғаға қайта табыстау берген жағдайда
жеткізушіге барлық дебиторлық шығын мөлшерінде айып салынады. Сондай-ақ
келісімшартта әрбір тауар ұстанымын жеке паллетте жеткізу керектігі туралы
да шарт болуы қажет.
Мысалы, егер тасымалдаушы сатып алушыға әр түрлі тауардың екі қорабын
апарса, оларды екі түрлі паллетте әкелуі керек. Шартты орындамағаны үшін
тапсырыс жойылады, ал тауар берушіге айыппұл салынады. Егер тауар жеткілім
компания мұндай шартты орындауға келіссе, ол бұл мәліметті, тапсырыстарды
дұрыстап жинақтау үшін, қойманың қызметкерлеріне айтуға міндетті. Сатып алу-
сату келісімшартын жасаған кезде, қосымша шартпен, келісімшартқа өзгеріс
енгізу үшін, комиссия жиі жұмыс істейді. Банк реквизиттеріне, атауына, ИНН,
КПП, тауар беруші мекенжайына түзету енгізілгені үшін 500 долларға дейін
айыппұл салынады. Жоғарыда аталып кеткендерден басқа, кейбір
келісімшарттарда сатып алу бөлімі мен сатып алушының қоймасының
қызметкерлерінің өзара іс–әрекетіне қатысты әдеп нормалары да жазылады
(мысалы, қойма немесе сатып алу бөлімінің қызметкері пара алған кезде деген
тармақ қосылады). Тауар беруші шартты бұзған кезде, айыппұл салынып қана
қоймай, онымен мүлде келісім бұзылады.
Сатып алушылармен тәуекел келісім жасау туралы шешім тауар берушінің
сатып алушыға мүдделілігімен анықталады. Экономикалық тиімділікті әрдайым
мүмкін болатын шығындармен салыстырып отыру керек. Тәжірибеде, егер
тараптар шын мәнісінде ұзақ мерзімді ынтымақтастыққа мүдделі болса, белгілі
бір шарттарды бұзу айыппұлды алып тастауға әкеліп соқпайды. Басқа
компаниялар көп шарттарға келіседі, бірақ олар өздерінің бизнес-
процестеріне өзгерістерін енгізеді. Тағы бір кеңес бере кетсек. Егер тауар
беруші қайткенмен де белгілі себептермен айыппұл төлеуге міндетті болса,
онда ол сатып алушымен айыппұл санкциясын басқа жолмен қолдану, мысалы,
жеңілдік жасау немесе маркетингтік шығындар түрінде, келісім жасап көруіне
болады. Онда бұл соманы салық салу кірісінің мақсатына жұмсалатын
шығындарға, сондай-ақ ҚҚС (қосымша құн салығын) есептеуге енгізуге болады.
 Жеткізушілер рейтингі
Кейбір клиенттер (әдетте батыс компаниялары) тапсырыстарды орындау
коэффициенті деп аталатын өздерінің тауар жеткізілім рейтингін жүргізеді.
Ол барлық жіберілген орындалған тапсырыстардың қатынасын көрсетеді.
Коэффициенттер әр түрлі тауарлар бойынша бөлек болса да, 95 пайыз
коэффициент норма болып есептеледі. Егер көрсеткіш төмен болса, онда
келісім (контракт) келесі жылы ұзартылмауы да мүмкін.

1.2. Келісімшарттың түрлері

Келісімшарттарды топтастыру әртүрлі негіздерде жүргізіледі.
Міндеттемелер туралы мәселені қарастырғанда жүргізілген топтастыру да, атап
айтқанда, тауарды беру, жұмыс жасау, қызмет көрсету сияқтылар шарттарға да
қолданылуы мүмкін. Шарттарға мәмілеллер топтастырулары да қолданылады.
Нақты (реалды) және консенсуалдық шарттар. Егер, заң актілеріне
сәйкес шарт жасалу үшін мүліктің берілуі қажет болса, шарт тиісті мүлік
берілген кезден бастап жасалынған болып саналады (ҚР АК-ның 393-бабының 2-
тармағы). [5].
ҚР АК-ның 393-баптың 2-тармағында нақты шарттың жасалу кезі туралы
сөз болады. Шарттардың көпшілігі консенсуальдық болып табылады, (лат.
сonsensus – келісім), яғни оларды жасау үшін ол жайында келісім болса
жеткілікті. Мысалы, сатып алушы мен сатушы арасындағы келісімге қол жеткен
кезден бастап сатып алу-сату шарты жасалды деп саналады. Затты беру, ақша
төлеу және басқа әрекеттер жасалынып қойған шартты орындау мақсатында
атқарылады. Бірақ, кейбір шарттар (мысалы, сыйға тарту, сақтау, заем, жүк
тасымалдау) шарт нысаны берілген кезден бастап ғана жасалынады деп
саналады. Мұндай шарт нақты (лат. res – зат) деп аталады, ол заң
актілерінде бекімін табуға тиіс.[6, 720 бет].
Шарттың консенсуалдық немесе нақты сипаты, әдетте, шарттың
анықтамасының өзінде көрсетіледі. Мысалы, сатып алу –сату шартында
сатушының міндеті былайша қалыптасады: сатушы затты беруге міндеттенеді, ал
сатып алушы ақша төлеуге міндеттенеді. Болашақта міндеттеме осылай
орындалуы тиіс.
Нақты шарттарда тараптардың міндеттері басқаша анықталады. Мысалы,
сақтау шарты бойынша сақтаушы зат иесінің өзіне тапсырған затын сақтауға
міндетті, тасымалдау шарты бойынша тасымалдаушы өзіне сеніп тапсырылған
жүкті апаратын жерге жеткізуге міндетті. Яғни, шарт бойынша міндеттеме
екінші тарап затты бергеннен кейін ғана туындайды. Бұл жерде орындау кезі
мен шарт жасасу кезін шатастырмау керек. Консенсуальдық шарттарда олар,
әдетте, сәйкес келмейді, бірақ тараптар сатып алу–сату шарты бойынша зат
беру кезін шарт жасасу кезімен сәйкестендіруге келісе алады. Бірақ бұдан
сатып алу-сату шарты нақты шарт бола алмайды. Нақты (реалды) және
консенсуалдық шарттар арасында айырмашылықты келесі мысалмен келтіруге
болады.[7, 674 бет]. Барышникова (заем беруші) Байтулинадан (заемшы) ақша
сомасын өндіріп алу талап арызы, Байтулина заемшы келісімшартты жарамсыз
тану және моральдық нұқсан мен моральдық зиянды қарсы талабы бойынша
Алматы қаласы сотымен азаматтық іс қаралды. Талапкер Барышникова
тараптармен жасалған заем келісімшарты бойынша анықталған мерзімге дейін
жауапкер Байтулинамен орындалмаған. Байтулина қарсы талабында тараптармен
заем келісімшарты жасалса да, ол (Байтулина) заем келісімшартта көрсетілген
ақша сомасын алған жоқ. Сот Байтулинананың қарсы талабынан келесі негізге
сүйене отырып бас тартты. Сот тараптармен жасалған заем келісімшарты
бойынша заем беруші заем игерушіге ақшалай қаражат береді. Заем
келісімшартының 4 тармағына сәйкес келісімшарттың қолдануы тараптар қол
қойғаннан бастап және тараптармен шартты орындағаннан кейін бітеді. Осы
тармақ сотпен ақшалай қаражатты беруді және қабылдау сотпен растайды.
Сотпен қарастырылған дауда келісімшарттың реалды және консенсуальдық
бөлуіне назар аударылмаған, сондықтан дұрыс емес шешімді қабылдауға әсер
еткен. ҚР АК-нің 715 бабына сәйкес, заем шарты бойынша бір тарап (заем
беруші) басқа тараптың (заемшының) меншігіне (шаруашылық жүргізуіне,
оралымды басқаруына) ақша немесе тектік белгілерімен айқындалған заттарды
береді, ал ҚР АК -те немесе шартта көзделген жағдайларда оларды беруге
міндеттенеді, ал заемшы заем берушіге дәл осындай ақша сомасын немесе осы
тектегі және сападағы заттардың тең мөлшерін уақытында қайтаруға
міндеттенеді. Осы анықтама бойынша, ҚР АК заем келісімшарттың нақты
презумпциясы тіркейді және ҚР Азаматтық кодекспен немесе келісімшартпен
өзгертілуі мүмкін. Заем келісімшарттың 4 тармағына сәйкес тараптар
келісімшартқа қол қойған мерзімінен бастап күшіне енеді, сонымен заем
келісімшартына консенсуальдық сипат берілген. Бірақ заем келісмшарт жасалса
да, заемшының ақша қаражат өткізілуін негіз (куә) болмайды. Сонымен,
келісімшарттың 4 тармағында көрсетілгендей ақша сомасын беруді және
қабылдау растайтын сотпен жасалған шешім дұрыс емес, талапкер Барышни–кова
заем келісімшарты бойынша ақша сомасын жауапкерге нақты бергенін дәлелдеу
керек еді. Сонда ғана сот талап арызын қанағаттандырып, жауапкердің қарсы
талап арызын қайтарып жіберуші еді.
Ақылы және ақысыз шарттар. Келісімшарт бойынша тараптар өз
міндетемелерін орындағаны үшін ақы алуы немесе біріне бірі нәрсе беруі
керек болса, бұл ақылы шарт болып табылады. Бір тарап екінші тарапқа одан
ақы алмай немесе еш нәрсе бермей бір нәрсені ұсынуды міндетіне алған шарт
ақысыз шарт болып табылады (ҚР АК -ның 384-бабы). [5].
Ақылы және ақысыз шарттар арасындағы айырмашылық – шарт бойынша өз
міндеттерін орындағаны үшін біріне бірінің бір нәрсені ұсыну-ұсынбауында.
Бір нәрсені ұсынуға (төлеуден басқа) материалдық құндылықтар беру
(бартерлік операция), біріне бірі қандай да бір міндеттерді атқаруы (өзара
міндеттемелер), ақшалай баға беруге болатын кез келген әрекетті жасау
жатады.
Бір нәрсені ұсыну ұғымы ағылшын – американ құқығында considaration
деген атпен кең қолданылады. Оларда considaration кез келген шарттың елеулі
ережесі болып табылады; онсыз шарт заң күші бар шарт деп танылмайды.
Келісімшарттардың көпшілігі ақылы. ҚР АК-да бекімін тапқан ақысыз
шарттардың ішінен сыйға тарту шартын, мүлікті ақысыз пайдалану және
пайызсыз заем шартын атауға болады.
Кейбір шарттар заң бойынша ақылы да, ақысыз да болуы мүмкін (тапсыру,
сақтау, заем). Сондықтан да, ҚР АК-ның 284-бабында қандай да бір күдік
туса, шарт ақылы деп танылады деген презумпция бекітілген. Шарт ақысыз деп
танылады, егер ол заңнамадан, шарттың мазмұнынан немесе мәнінен туындайтын
болса.
Азаматтық айналымда ақысыз шарттардың болуы елімізде қалыптасып келе
жатқан қатынастардың мәніне қайшы келмейді. Мысалы, қайырымдылық, мәдени,
білім беру және басқа қоғамдық қорлардың қызметі (ҚР АК-ның 107-бабы),
демеушілік жасау, еркімен қайырсадақа беру және осыларға ұқсас қызмет,
әлеуметтік маңыз алуда, ақысыз сыйға тарту шарттары көбіне олардың құқықтық
формасына айналуда.
Бір жақты және өзара шарттар тараптардың құқықтары мен міндеттерінің
бөліну сипатына қарай ажыратылады. Бір жақты шартта бір тарапта тек құқық,
екіншісінде тек міндет туындайды (мысалы, заем шарты). Өзара шартта
тараптардың әрқайсысында құқық болады, олар міндеттемелер де көтереді
(сатып алу – сату шарты бойынша сатушы берген заты үшін сатып алушының ақша
төлеуін талап етуге құқылы және өзі сол затты сатып алушыға беруге
міндетті, ал сатып алушы заттың өзіне берілуін талап етуге құқылы және сол
зат үшін ақша төлеуге міндетті).
Бір типті және аралас шарттар. Бір типті шарттар сан алуан қыры бар
(жеткізу, тұрмыстық мердігерлік, жалдау, рента және т.б.) белгілі бір
түрдегі (тауарды беру, жұмыс орындау, қызмет көрсету) міндеттемелерді
тудырады. Аралас шарттарда заңнамада көзделген әртүрлі шарттардың
элементтері болады (ҚР АК-ның 381-бабы).[5].
АК-ның 381-бабының қағидалары 380-баптың тараптар заңнамада көзделген
де шарттарды жасаса алады деген қағидасынан орынды туындайды. Сондықтан да,
олардың мазмұнында заңда көзделген әртүрлі шарттардың элементтері бар шарт
жасаса алуы заңды.
Нарықтық экономикаға көшу жағдайында әртүрлі жаңа қатынастар
туындауда, оларды шарттың бір түрімен қамту мүмкін емес, шарттардың екі
немесе бірнеше түрлерінің нормаларымен ғана оларды реттеуге болады.
Тараптардың аралас шарт бойынша қатынастарына, егер тараптардың
келісімінен немесе аралас шарттың мәнінен өзгеше туындамаса, аралас шартта
элементтері бар шарттар туралы заңдардың тиісті бөліктері қолданылады (ҚР
АК-ның 381-бабы). Мысалы, толлингтік операция жүргізуге шарт (берілген
шикізатты өңдеу) сатып алу – сату шарты мен мердігерліктің элементтерін
қамтиды.
Тиісінше оған сатып алу – сату шартының элементтері бар бөлігінде
сатып алу – сату шартының нормалары, ал егер мердігер шет елде болса –
сыртқы экономикалық сатып алу – сату шартының элементтері қолданылады.
Мердігерлік шарттың нормалары қолданылады.
Тараптар аралас шарттан туындайтын қатынастарды реттеудің басқа
тәртібін келісуі мүмкін, мысалы, шарттың айрықша ережелерін алып, оның
басқа ережелері қолданылмайды деп көрсетуі мүмкін.
Алдын ала жасалатын шарттар. Мүлікті беруге,жұмыс орындауға және
қызмет көрсетуге байланысты құқықтар мен міндетер тікелей негізгі шарттан
туындайды. Алдын ала шарт дегеніміз – сол шартта көзделген ережелерді
сақтап тараптардың келешекте негізгі шарт жасасуға міндет алған шарты (АК-
ның 390-бабының 1-тармағы).
Алдын ала шарттардың мысалы ретінде жүк тасымалын ұйымдастыру туралы
шартты, банктың тараптар келіскен мөлшерде және жағдайларда ақша қаражатын
беруге міндеті көзделген шартты келешекте пәтер алу шартын (тұрғын үй
контрактын) алуға болады.
Алдын ала жасалатын шартқа Қазақстан Республикасының Жекешелендіру
туралы 1995 ж. заңында көзделген сауда нәтижелері туралы хаттаманы да
жатқызуға болатын сияқты. [8]. Қазақстан Республикасы Жекешелендіру
туралы заңда саудада ұтқан адам мен сатушы аукцион немесе тендер
жүргізген күні сауданың нәтжелері туралы хаттамаға қол қояды делінген.
Алдын ала шарт пен негізгі шарттың ұқсастығы сонда, олардың екеуінің
формалары бірдей болуға тиіс. Егер белгілі бір формадағы шарттарды
жасағанда заңнамада олардың нотариалдық формасы белгіленсе (мысалы, тұрғын
үйді сатып алу–сату шарты), онда алдын ала шарт та нотариалдық формада
жасалуы тиіс.
Бірақ, егер заңнамада негізгі шарт формасы анықталмаған болса
(мысалы, әдеттегі сатып алу–сату шарты), алдын ала шарт, заңсыз болып
қалады деген қауіппен, жазбаша формада жасалады (ҚР АК-ның 390-баптың 2-
тармағы).
Алдын ала шартта, тым болмаса, негізгі шарттың нысанын, сондай-ақ
басқа елеулі ережелерін анықтауға мүмкіндік беретіндей ережелер болуға тиіс
(ҚР АК-ның 390-бабының 3-тармағы). Негізгі шарттың жасалу мерзімі алдын ала
шарт үшін міндетті жағдай болып табылады, сондықтан ҚР АК-ның 390-бабының 4-
тармағында, егер алдын ала шартта мерзім белгіленбеген болса, негізгі
шартты жасаудың бір жылдық мерзімі анықталған.
Мұндай мерзімінің маңыздылығы сонда, егер негізгі шарт мерзім өткенше
жасалмаған болса, онда бұл мерзім өткеннен кейін алдын ала шарт күшін
жояды.
Алдын ала шарт жасасудан жалтарудың салдары туралы мәселе әр елдің
заңнамасында әртүрлі шешіледі. Мысалы, Ресей Азматтық кодексінде бір
тараптың екінші тарапты алдын ала шарт жасасуға мәжбірлеуді талап ету
құқығы көзделген (РФ АК-сының 429-бабы).[9]. Мұндай ереже алғашқы рет
Азаматтық заңнама Негіздерінде бекітілген болатын (60-бап).
ҚР АК-ның 390-бабының 5-тармағында басқа ереже бекітілген:
келісімшарт жасасуға мәжбүр етуге тараптардың құқығы жоқ, оларда негізгі
шартты жасасудан бас тарту нәтижесінде келген шығынды өндіртіп алу құқығы
бар (мысалы, алдын ала шарттың нысаны болған затты сатып алмақшы болған
адам өз пәтерінің нысаны болған затты сатып алмақшы болған адам өз
пәтерінің ерекше жоспарына қарай басқа жиһаз сатып алады).
Қазақстанда ниет туралы хаттамалар кең өріс алды, ал олардың құқықтық
мәні түсініксіз. Оларға заңдық күш беруге әрекет те жасалынды. Ниет туралы
хаттамадан алдын ала шартты айқын ажыратып алуға талпыныстың салдары ниет
туралы хаттама азаматтық-құқықтық шарт ретінде қаралмасын деген тұжырымға
алып келді. Мұндай шартта заңдық күш болуы үшін ол арнайы қарастырылуы
керек (ҚР АК-ның 390-бабының 7-тармағы).
Шарт тараптарының біреуінің осындай ниет туралы хаттама бойынша
қатынастарды жалғастырудан бас тартуы оның іскерлік беделіне әсер еткені
болмаса, басқадай құқықтық салдарға әкелмейді.
Еркін және міндетті шарттар. Жасалуы түгелдей тараптардың қалауына
байланысты шарт еркін шарт деп аталады. Міндетті шартты жасау тараптардың
біреуі үшін міндетті болып табылады.
Нарықтық экономика жағдайында шарттардың басым көпшілігі еркін
жасалады. Дегенмен, шарттардың кейбір түрлері міндетті шарттар (мысалы,
мемлекеттік кәсіпорынмен мемлекеттік тапсырыс негізінде жасалатын шарт).
Міндетті шарттар арасында жария шарттардың орны бөлекше.
Коммерциялық ұйыммен жасалған және қызметінің сипатына қарай оған
өтінішпен келетін әркімге тауарларды сату, жұмыстарды атқару немесе қызмет
көрсету жөнінде оның міндеттемелрін белгілейтін шарт жария шарт деп аталады
(бөлшек сауда, көпшілік пайдаланатын көлікпен тасымалдау, байланыс қызметін
көрсету және т.б.) (ҚР АК-ның 387-бабы).
387-баптың мазмұнынан жария шарттың белгілері туындайды:
1) оны коммерциялық ұйым жасайды (ҚР АК-ның 34-бабы);
2) коммерциялық ұйымның тауарлар сату, жұмыс орындау немесе қызмет
көрсету жөніндегі міндеттері белгіленеді;
3) ұйым, өз қызметінің сипатына қарай, бұл міндеттеерді өзіне
жүгінген әр адамға қатысты жүзеге асыруға тиіс;
4) коммерциялық ұйым, заңнамада көзделген жағдайлардан басқа
реттерде, шарт жасасуда бір адамның алдында екінші адамға артықшылық беруге
құқылы емес.
Коммерциялық ұйым тұтынушыға тиісті тауар (жұмыс, қызмет) ұсынудан
өзінде ондай мүмкіндік болмаған (дүкенде тауар жоқ, көлікте бензин жоқ және
т.б.) жағдайларда ғана бас тартуға құқылы. Мысалы, бөлшек сауда дүкенінде
сатып алушы, егер сауда залында тауар бітіп қалса, сатушының витринадағы
тауарлы алуын немесе қоймадан алып келуін талап ете алады.
Жария шартында тауардың құны, жұмысы және қызмет көрсету барлық
тұтынушыларға бірдей белгіленеді. Жария шартында сатушы тауарды сатып
алушыға бір бағамен, екіншісіне екінші бағамен ұсына алмайды. Заңдармен
өзгеше белгіленбесе бөлек категориядағы тұтынушыларға льготтар ұсынылады.
Жеке жағдайда жария шартын жасасқанда жалпыға бірдей тәртіппен жасалады.
Егер абонент газбен, сумен, энергиямен тұрмыстық тұтынуда тиісінше
ресурс–тармен қолданса, онда абонент белгіленген тәртіппен жүйеге қосылған
уақыты–нан бастап шарт жасалды деп айтуға болады.
Жария шартында тұтынушылар келісімшартты біржақты бұзуға құқығы бар.
ҚР АК 490-бабының 4 тармағында ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ ШАРТТАРЫҢ ЖАЛПЫ ТЕОРИЯЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ
Санкция
Келісімшартты жасау, оның тәртібі мен сатылы құрылымы
Қазақстан Республикасындағы сату-сатып алу шарттарыны
Шарт жасасу кезеңдері
АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ ПРИНЦИПТЕРІНІҢ НЕГІЗДЕРІ
Сатып алу-сату шартының ұғымы
Бөлшектеп сатып алу-сату шартының мазмұны, тараптары
Қарыз алушының несиелік қабілетін талдау кезеңі
Азаматтық құқықтық шарт жасасу сатылары
Пәндер