Кенесарының патша әскерлеріне қарсы жүргізген шайқастары


Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
«Көкше» академиясы
«Қорғауға жіберілді»
кафедра
меңгерушісі т. ғ. д. С. Д. Дильманов
ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ
Тақырыбы: «Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт - азаттық көтеріліс»
Мамандығы 050114 - «Тарих»
Орындаған З. Арынова
Ғылыми жетекшісі
т. ғ. д С. Д. Дильманов
Көкшетау 2011
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
«Көкше» академиясы
Арынова Зада
«Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт - азаттық көтеріліс»
ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ
Мамандығы 050114 - «Тарих»
Көкшетау 2011
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 4
1ТӘУЕЛСІЗДІКТІҢ ЖАРШЫСЫ-ХАН КЕНЕСАРЫ ҚАСЫМҰЛЫНЫҢ САЯСАТТАҒЫ ОРНЫ
1. 1 Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтерілістің қарсаңындағы қазақ қауымы 10
1. 2 Кенесары Қасымұлының Орта Азия мемлекеттерімен қарым-қатынасы 28
1. 3Кенесары көтерілісінің негізгі себептері 38
2 КЕНЕСАРЫ ҚАСЫМҰЛЫ ҚОЛБАСШЫ
2. 1 Кенесарының патша әскерлеріне қарсы жүргізген шайқастары 56
2. 2 Кенесары Қасымұлының ақырғы жорығы мен көтерілістің нәтежиесі 71
ҚОРЫТЫНДЫ 82
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 89
ҚОСЫМШАЛАР 92
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі. Отаршылдыққа қарсы бағытталған қазақ халқының ұлт-азаттық күресінің мәселелерін зерттеушілеріміз шын мәнінде енді ғана қолына ала бастады десек ағаттық болмас . Қазан төңкерісінен кейін XVIII ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басыңда өлкемізде болған отаршылдыққа қарсы күресті зерттеуге арналған біраз монографиялық немесе басқа сипаттағы еңбектердің жарық көргені рас.
Әсіресе бұл бағытта елеулі көзге түсер еңбектің авторы ретінде бұрынғы патша офицері А. Ф. Рязановты атап өту ләзім. Академик М. П. Вяткиннің Сырым Датов көтерілісіне арнаған мемлекеттік сыйлыққа ие болған зерттеуі де тарих ғылымында бір белес болды. Алайда осы тақырыпқа арналған еңбектер ішінде дара тұратын Е. Бекмахановтың зерттеуі тарихшыларға жаңа бағыт болды. "Правда" газетіндегі (1950 ж, 26 XII. ) белгілі мақаланың идеологиялық біржақтылығына қарамастан профессор Е. Бекмаханов Кенесары қозғалысының көптеген мәселелерін терең талдап берді. Бұл оқиғаның, кітаптың және оның авторының тағдырына үлкен қиянат болғанын, ғалымның саяси қуғын-сүргінге салынғанын республика жұртшылығы біледі.
Бұдан кейін кептеген зерттеушілер көне тарихты зерттеуге жүректері дауалай бермеді. Тек республикамыздың тәуелсіздік алуы, коммунистік идеологияның қыспағынан арылу, қоғамдық санадағы жаңа құбылыстар патша үкіметінің Қазақ өлкесіндегі отарлық саясатын жаңа талап тұрғысынан зерттеуге жол ашты. Бұл бостандық желінің есуі тарих ғылымында зерттеуге "тиым салынған" тарихи оқиғаларды жаңа деректерге сүйеніп мазмұнын ашуға мүмкіндік туғызды.
Әсіресе қазақ қауымының көңілінде жүрген Кенесарының аянышты тағдыры, ол басқарған 1837-1847 жылдардағы бүкіл қазақтық көтеріліс мәселелері қайта көтеріле бастады.
Талантты жазушымыз Есенберлиннің белгілі трилогиясының бір қомақты бөлігінің хан Кенесарыға арнаулы көпшіліктің санасын бір сілкіндірді, сұлтан кейіннен ақ киізге хан көтерген Кенесарының жеке басына көтеріліске деген серпіліс тудырды. Республика баспасөз беттерінде осы оқиғалардың әр мәселесін толықтыратын дербес мемлекеттің өткен кезеңін көрсететін мақалалар жарық көрді. Е. Бекмахановтың белгілі кітабы да қайтадан баспадан шықты [1] . Кенесары Қасымұлы көтерілісі әлі де болса терең зерттеліп, әділ баға беріледі деп сенемін (сурет 1) .
Хан Кененің туған өлкесі Көкшетауда көтерілістің басты ошақтарының бірі Ақмолада. Астанада Кенесарының туғанына 190 жыл көтеріліске 155 жыл толуына арналған республикалық ғылыми конференциялар болып өтті. Мектепке арналған оқулықта осы жолдардың авторы Кенесары хан көтерілісіне арнайы тарау арнады. Радио, теледидар басқа да бұқаралық ақпарат құралдары арқылы үш жүздің ұлыстарын қамтыған ХІХ ғасырдағы өлкеміздегі ең ірі көтеріліс туралы хабардар ұйымдастырылды. Дербес елдің алға қарыштап дамуы тарихи шындықты мейілінше тереңдетіп зерттеуді, халқымыздың өзіндік жолы бар тарихын жаңа табылған деректерге сүйеніп зерттеуді талап етеді.
Кенесары ханның әлі де кеңейтіп көрсетілмеген саясатшылдығы, дипломатиялық өнері қолбасшылық қасиетіне ой жүгірту көмескі жақтарын айқындау. Жұмыстың негізінде екі мәселе ханның саясатшылдығы мен қолбасшылдық дарандылығын арнайы сипаттауға арнаулы, әрине кездейсоқтық емес. Жұмыс негізінде жаңа архив құжаттарымен сол ХІХ-ХХ ғасыр басында жарық көрген мәліметтерге негізделген. Көтерілістің әсіресе саяси мәселелірін анықтауда автор өз қортындыларын негіздеуге тырысты [2] .
Кенесарының айлакер саясатшылдығы көтерілістің алғашқы кезеңінен бірден байқалды. Әрине, сол заманда төңірегін күшпен жапырып, ауыздықталмаған Ресей билеп-төстеушілерінің Қазақ жерін жаулап алмай тынбайтындығына көрегендікпен кезі жеткен Кенесары бар қабілетін патшаның жаулаушылық қимылдарын тоқтатуга немесе оның қарқынын әлсіретіп, үш жүздің бірлігін нығайтуға жұмсады. Орынбор губернаторы, граф В. Л Перовский арқылы патшаға жеткізуге дәмеленген хаттарының бірінде өзі бастаған азаттық қозғалысты тоқтатудың бірден-бір шарты өлкемізде бекіністер салуды, қалалар тұрғызуды, округтарды ұйымдастыруды 35 жылға тоқтату деп білген: "Ұлытау мен Кішітау өңіріне Сібір шептерінен әскер жібермеуіңізді өтінемін. Мәселені басқаша шешсеңіздер, біздің әйелдеріміз бен балаларымыз ығысып қалады, патша ағзамға қызмет ете алмайды", - деп толқуын білдірген. Әрине, қазақ сұлтанының осы хатында қаңдыбалақ Николай 1-шіні "шахиншах (патшалардың патшасы) деп лепірте мадақтағанымен оған алыс та, жақын да болсамда жүрегіммен, жаныммен қызмет етуге дайынмын, маған бір шен немесе грамота алып беріңіз - деген сол В. А Перовскийға арналған хаттағы аты шулы сұлтанның соңдай момақан бола қалғаны қалай да болмасын қазақ өлкесіне Ресей әскерлерін жолатпаудың қамы деп түсінгеніміз жөн.
Зерттеудің мақсаты. Соңғы жылдары қазақ тарихында айрықша із қалдырған тарихи тұлғалар тарихы мен тағдырын, қоғамдық-саяси қызметі мен іс-әрекетін, бүгінгі егемендігімізге қосқан үлесін зерделеуге ерекше назар аударылуда. Осыдан туындайтын қажеттілік ХІХ ғасырдың 20-40 ж. ж. аралығындағы Кенесары Қасымұлының тарихын зерттеу арқылы осы әулеттің қазақ қоғамындағы орны мен рөлін саралау біздің мақсатымыз болып отыр.
Дипломдық жұмыстың міндеттері:
- Кенесары ханның қоғамдық-саяси көзқарасының қалыптасуына әсер еткен ілгерісі;
- Кенесарының Ресеймен дипломатиялық қарым-қатынасы. Ресеймен арадағы қарым-қатынастарын жаңаша пайымдап, тың мұрағат деректері арқылы толықтыра, салыстыра отырып, заман талабына сай қорыту;
- Кенесарының өмірі мен қызметі, Қасым төре қайтыс болғаннан кейін қазақтарын басқаруы, Кенесары Қасымұлының хан тағына көтерілуін, олардың дәстүрлі хандық басқаруды сақтауға ұмтылысын, Кенесары ханның бүкіл Қазақстанның белді тұлғаларымен, және Орынбор, Омбы әкімшілігімен арадағы байланыстарын соны мұрағат құжаттарымен саралау;
- Кенесары Қасымұлының өз елі, жері үшін қосқан құндылықтары. Хандық биліктің жойылуынан кейінгі қоғамдық-саяси өміріндегі өзгерістерді анықтау;
- Кенесары хан Ресей үкіметіне бағытындағы қызметтеріне жаңаша талдау жасау және олардың Қазақ даласына тереңдей енген отаршыл орыс саясатына қарсы жүргізген күресін зерделеу арқылы қазақ елінің өз тәуелсіздігі үшін жанқиярлықпен күрескен жылдарынан тарихи оқиғаларды айқындай түсу;
Аталған міндеттердің барлығы таңдап алынған зерттеуіміздің маңыздылығын айғақтап қана қоймай, сонымен бірге XIX ғасырлардағы ұлттық тарихымызды толықтыра түседі.
Жұмыстың зерттелу пәні. Дипломдық жұмыс мұрағатқа, Қазақстан тарихына, саясаттануға және тағы да басқа ғылымдарға сүйене отырып зерттеледі
Зерттеудің нысаны. Қазақтың сонғы ханы Кенесары көтерілісіндегі кемшіліктердің бүркелуі бетіне азды-көпті айқындық нышанын бермек мақсатымен айтылар сөзімді мынандай бір деректермен бастағым келеді. Ф. Брокгауз бен И. Эфронның әлемге аян энциклопедиялық сөздігінде: "Кенесары есімі ол қаза болысымен-ақ аңызға айналды да, өздерінің батыры туралы жыр-қисса тудырған Ақмола, Торғай қырғыздары арасында осы кезге дейін айтылып келе жатыр. " Бұл 1895-жылғы лебіз еді. Одан беріде Кенесары атын ардақтап, дәріптеген аңыз-әңгіме дүниелер, ғылыми еңбектер, көркем шығармалар еселеп молая түскен толассыз толқынмен өзіміз өмір сүріп отырған ғасырымыздың дәл орта шеніне дейін келген еді.
1950-жылғы 26-желтоқсанда "Правда" газетінің бетінде "Қазақстан тарихының мәселелері маркстік-лениндік тұрғыдан баяндалсын" деген көлемді мақала жарық көргеннен кейін былай сап тыйылды.
Мақала авторлары Т. Шойынбаев, Х. Айдарова, А. Якунин: "Бұл қазақ халқын кері тартқан патриархалдық-феодалдық тіректерді нығайтуға, орта ғасырлық хандық өкіметті қайта орнатуға, Қазақстанды Ресейден және ұлы орыс халқынан бөлектеуге тартқан реакцияшыл қозғалыс болды", -деген кесім айтты [3] .
Сол сол-ақ екен, Кенесарының әруағына қарсы күрес орасан күшпен қызу басталып кете барды. Өліні тірі қашан да жеңбек. Кенесары қатты жеңілді. Халықтың лағнет-қарғысына ұщыраған қас жауы да, қанішер-қарақшы да, ұлы орыс халқының қазақ даласына әкелген іргешіл рөлін түсінбеген ұлтшыл да делінді Кенесары әруағына қырық жыл бойы топырақ шаштық.
Соңғы жылдардағы демократия мен жариялылықтың жаңа лебі бізді көп-көп жайға жаңаша қарауға жол ашып бергені белгілі. Осынау замана легіне ілесе Кенесарыға қатысты қайтадан жаңаша сөз қозғала бастады.
Профессор Әбді Тұрсынбаев көшбасшы лебіз білдіріп Кенесары қозғалысын даттап, лағнеттеп келген сыңаржақ үкімнің шындықтан ауылы алыс екенін ашық айтып: "Ұлттық қозғалысты реакциялық деп санауға еш негіз жоқ деп ойлаймыз. Ол орталыққа қарсы сипатта болды", -деп жасқанбай сөйледі
Ал 1989-жылғы 30-қазанда ғұлама ғалымымыз Санжар Аспандияровтың 100 жылдығына арналған ғылыми конфериенцияда баяндама жасаған өзбек ғалымы М. Махмұдов: "Кенесары-қазақ халқының ұлттық батыры!"-деп, қазық қаққандай ғып нық айттыҚазақ халқының XIX-ғасырда өткен ең даңқты перзенті Кенесары туралы берілген осы қарама-қайшы екі бағаның оңы қайсысы, терісі қайсысы екенін осы дипломдық жұмысым арқылы дәлелдеп көрсетпекпін. Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт азаттық көтеріліс тек азаттық аңсаған қазақ халқының мүддесі үшін болған күрес.
Зерттеудің теориялық әдісі. Жұмыста Кенесары Қасымұлының ХҮІІІ-ХІХ ғасырларда болған барлық ірі көтерілістердің ішіндегі Кенесары Қасымұлы көтерілісінің ерекшелігі, себептері қарастырылады. 1822 жылы Сібір қазақтары туралы устав далалық аудандарды басқару құрылымын өзгертілуі, басқарудың округтік жүйесі енгізілуі. Қазақ қоғамы округке, болысқа, ауылдарға бөлінуі. Кенесарының көтерілістегі шайқастары, ақырғы жорығы қарастырылады.
Дипломдық жұмыстың ғылыми жаңалығы. XIX ғасырдағы ұлт-азаттық көтерілістердің себеп салдары, 1837-1847 жылдардағы Кенесары хан басқарған көтеріліске байланысты күрделі мәселелердің талқылануы. Белгілі әскербасы Кенесары Қасымұлы Ресей сияқты ірі елмен көп жылға созылған күреске бас бола отырып, өзінің туы астында жиналған қолды, заман талабына сай жағдайға бейімдеуде қажымай еңбектенуі.
Зерттеу жұмысының әдістері. Кенесары қозғалысын сипаттауда бір белес 1943 жылы жарық көрген "Қазақ ССР тарихы" Көтерілістің басты мәселелері негізінде тиянақты, дәйекті деректерге сүйеніп жазылған бұл басылымдағы көтеріліске берілген баға пайымды қорытындылармен түйінделді. 1837-1847 жылдардағы көтерілісті зерттеуде елеулі оқиға 1947 жылы жарық көрген көрнекті тарихшы Б. Бекмахановтың атақты еңбегі. Бұл монографияны Орта Азия және Қазақстан өңіріңдегі сол жылдардағы айрықша құнды еңбек болғандығын қазіргі кездегі тарих ғылымының даму барысы да дәлелдеп отыр.
Мұрағат деректері және әр түрлі сипаттағы құжаттар негізінде жазылған бұл еңбек ғылыми қауымды бір сілкіңдіріп тастағаны мәлім.
Алайда кітап баспадан шығып үлгермей жатып-ақ ғалымдардың бір белігі осы еңбекті табалап, ата жауын көргендей өршелене қарсы шықты. "Монографиялар мен басқа жалпылама еңбектердің болмауы, - деп жазды ғалым, - бірқатар қиыңдықтар тудыратыны сөзсіз. Кейбір автордың зерттеген мәселелері әлі де толық шешілмегенін жоққа шығару қиын. Алайда кітапты сынаушылар еңбектің мазмұны емес, талантты ғалымның сағын сындыруға бағыт алды. Әсіресе осы кітапқа ершелене шабуыл жасаған авторлардың ішінен А. Ф. Якунин мен X. Айдарова ерекше сыңаржақты бағыттарынан тайғысы келмеді. Ал 1946 жылы X. Айдарованың академиялық баспада жарияланған мақалаларының біріңде Е. Бекмахановтың осы көтеріліске арналған мақаласына мұрағат деректерін мол пайдаланған, бұқараның кең қатысқан көтерілісі" деп бағаланған [4] .
Айта кететін бір жағдай - 1948 жылы осы кітапқа жарияланған алғашқы сыни мақалада тарихшы Е. Ділмұхамедов, зерттеудің бірқатар кемшіліктеріне көніл аударып, негізінде өте құнды кітап деп қорытындылады.
Жұмыстың практикалық маңызы. Хан Кенесарының саясатында Орта Азия елдері көтерілістің басынан Қырғыз алатауындағы оқиғаға дейін басты орын алды. Ұзақ жылдар бойы жақсы қаруланған патша әскерлерімен табан тіресе алысқан Кенесарының бір қасиеті - қиыншылықтарға төзімділігі. Үш жүздің кең даласының ой-шұңқырын алақанындағы қыртыстарындай білген, туған өлкесіиің географиялық жағдайын көтеріліс кезіңде мейлінше пайдалана білген Кенесарының жауынгерлерінің рухы, жеке басының табандылығы да халық жырларындағы теңеулерге сай
Дипломдық жұмыстың деректік негізі. Қазақ халқының ХҮІІІ-ХІХ ғасырларда болған барлық ірі көтерілістерінен Кенесары көтерілісінің ерекшелігі, оған үш жүздің бұқара халқы түгел қатысты. Олар күреске бірден, жұмыла қосылмағанымен, жекелеген облыстар қозғалысқа тартылған кезде өзге аудандардағы қозғалыс басылып қалып отырғанымен Кенесары көтерілісі алғашқы жылдардың өзінде -ақ ғаламат кең құлаш жайып, бүкіл халық көтерілген қозғалысқа айналды. Қозғалыстың бүкіл халықтылығы, кең қанат жаюы, айқын көрінген саяси сипаты Кенесары көтерілісінің өзіне тән ерекшелігі еді деу керек. Кенесарының көтерілісіне қазақтың басты руларының бәрі қатысты. Олар Ұлы жүз бен Орта жүздің бірқатар рулары Кенесарының қол астына біріккен 1838 жылдан бастап қатысады. Қазақ руларының 1838 жылғы қозғалысқа, яғни күрестің бастапқы кезеңіне қатысуы туралы мәліметтердің тым шашырандылығы себепті біз тиісті деректерді сол жылға арналған очеркте береміз. Кестеге қатысты ескертулерде аталған рудың көтеріліске қатысқанын растайтын жеке адамдардың куәландыруларын, чиновниктер көрсетінділерінің осы жөнау деген тұстарын және Кенесары жақтастарының айғақтарын келтіреміз.
Зерттеудің хронологиялық шеңбері. Қазақтардың ХҮІІІ-ХІХ ғасырларда болған барлық ірі көтерілістерінен Кенесары көтерілісінің ерекшелігі. Кенесары хан бастаған 1837-1847 жылдардағы ұлт-азаттық көтеріліс. Ұлы жүз бен Орта жүздің бірқатар рулары Кенесарының қол астына біріккен 1838 жылдан бастап қатысады. 1838 жылы Кенасары соғыс қимылдарын көктемде Ақмола приказын қоршауға алып өртеді. 1841 жылы ақпан айында Кенесары Қоқан хандығын шабуыл жасады. 1841 жылы қыркүйегінде қазақтардың Үш Жүздің ықпалды билері Кенесарыны хан сайлады. Отарлауға қарсы күресте Кенесарының ұрыс даласындағы қомақты жеңістерінің бірі 1844 жылы тамыз айыңда Екатерининская бекінісіне шабуылы болды. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні Кенесары Қасымұлының көтерілісін тек қарапайым халықтың мүдесі үшін болған көтеріліс деп білемін.
Зерттеудің географиялық аймағы . Хан Кенесарының саясатында Орта Азия елдері көтерілістің басынан Қырғыз алатауындағы оқиғаға дейін басты орын алды. Ұзақ жылдар бойы жақсы қаруланған патша әскерлерімен табан тіресе алысқан Кенесарының бір қасиеті - қиыншылықтарға төзімділігі. Үш жүздің кең даласының ой-шұңқырын алақанындағы қыртыстарындай білген, туған өлкесіиің географиялық жағдайын көтеріліс кезіңде мейлінше пайдалана білген Кенесарының жауынгерлерінің рухы, жеке басының табандылығы да халық жырларындағы теңеулерге сай [5] .
Дипломдық жұмыстың құрылымы. Зерттеу жұмысы алдына қойған мақсат, міндеттері негізінде белгілі бір жүйеде құрылған. Ұсынылып отырған ғылыми жұмыс кіріспеден, екі тараудан және қортындыдан, қосымшадан тұрады. Жұмыстың соңында деректер тізімі көрсетілген
Сөйтіп, ұсынылып отырған жұмыстың әдіснамалық негізі толық түрде ғылыми әдістер кешенімен және тарихшылардың, теоретикалық ой-толғамдарымен келтірілген, сонымен қатар индукция, дедукция, бақылау, сараптау және т. б. әдістері пайдаланылған.
1 ТӘУЕЛСІЗДІКТІҢ ЖАРШЫСЫ-ХАН КЕНЕСАРЫ ҚАСЫМҰЛЫНЫҢ САЯСАТТАҒЫ ОРНЫ
1. 1 Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтерілістің қарсаңындағы қазақ қауымы
XIX ғасырдың бірінші ширегі Ресей империясының Европаның жандармы ретінде ұлт-азаттық қозғалыстарды аяусыз жаншып, саяси қысым жасаумен, күш қолданудың нәтижесінде ірі отарлық мемлекетке айналған кезі. Кіші және Орта жүздердің басты аймақтарын отарлап алғаннан кейін патша үкіметі ұлы жүзді басып алуды, оңтүстік Қазақстан аймағы арқылы әліде дербестіктерін сақтаған Орта Азияға шығуға, сөйтіп осы стратегиялық аймақта үстемдігін орнатуды ойластырды. Осы мақсатқа жетуге кедергі Орта жүздің басты өңірінің әлі де болса тәуелсіздіктерін сақтағаны еді. Шын мәнінде XVIII ғасырдың соңғы ширегі, XIX ғасырдың басында Ресейдің саяси билігі тек қана Жайық, Есіл, Ертіс өзендері бойында салынған отарлаудың тірегі бекіністердің төңірегінде 100-150 шақырым қашықтықта ғана жүретін. Елдің түкпірінде көшіп-қонған ауылдар ғасырлар бойы қалыптасқан әдет-дәстүрін сақтап, ру-руға жіктелген иеліктерін көшпеңді мал шаруашылық мүддесіне пайдаланды. Американ тарихшысы Марк Раевтың "Қазақ даласы сол кезеңде Ресейдің мемлекеттік шекарасы болмаған" деп қорытындылауында жөн бар.
Ресей мемлекетінің кең байтақ қазақ жеріне көз тігуінің тағы да бір себебі осы елдің экономикалық мүддесінің шет аймақты отарлаумен байланыстылығы. Өсіп келе жатқан Ресейдің өнеркәсіп тауарларын сіңдіретін жаңа да, арзан да, кең де рынок қажет болды. Завод, фабрикалық бұйымдар мен күнделікті өмірге, шаруашылық мұқтажына қажетті өнімдер қазақ аулының өзінде жасалынбауы бірте-бірте қазақ руларын шекаралас өңірдегі Ресей жәрмеңкелеріне, Хиуа, Бұхара, әсіресе, Қоқан хандықтарына тәуелділігін күшейтті [6] .
Патша үкіметінің Қазақстанды жаулап алу жоспарының іске асуын әсіресе мүдделендірген саудадан түсетін, мемлекеттік қазынаның үнемді көзі - баж салығы еді. XIX ғасырдың басында Ресейден Орта Азияға, Шыңжанға тағы да басқа Орталық Азия елдеріне баратын дәнекерлік керуен жолдары қазақ даласын басып өтетін. Тіпті алыста жатқан Константинопольден (Стамбулдан) Орталық Азияға бет алған керуендер де осы аймақпен жылжитын . Баж салығын төлеуден қашқақтаған көптеген керуендер талауға да түсетін. Орыс үкіметі осы керуендерден жиналатын баж салығын өз қазынасына ғана жинаттыру үшін Ресейдің, билігін әлі де мойындамаған сұлтан, билердің ауылдарына қарулы қол жіберіп, қыр көрсетіп отыратын. 1800 жылы патша үкіметі осындай керуендерді мазалаған қазақтарды жауапқа тарту үшін шекаралық сот ұйымдастырды. 1803 жылы наурыз айының 31-де Сібір шекаралық басқармасына Мемлекеттік Сенаттан түскен нұскауда қазақ даласынан Семей және Қызылжар қалаларына бағыт алған керуендерді қазақтардан қорғау үшін қазақтардан қарулы күзет қою тапсырылды. Иркутск генерал-губернаторы И. Селифонтовтың коммерция (сауда) министріне жолдаған хатында көпестердің керуеңдерінің Қазақ даласында жиі талауға түсетініне байланысты шекаралық бекініс коменданттарына күзетке берілетін қазактар санын 20 адамға дейін жеткізу көзделген. Керуендердің жанында тұрақты қарулы қазақ отрядтарын ұстау өкімет үшін қымбатқа түсті және барлық керуендерді шығатын қонысынан баратын жеріне дейін апарып салу көп қаражат қажет етті. Мәселені шешудің бір жолы осындай стратегиялық маңызды өлкені Ресей империясының құрамына қосу еді.
XIX ғасырдың бірінші ширегінде отарлаудың тірегіне айнала бастаған бекіністер, олардың төңірегіне Сібірден, Алтайдан, алыстағы Орал өңірінен келген орыс-қазақ шаруалары қазақ ақсүйектерінің қарсылығына пысқырып та қарамады, олар біртіндеп рулардың қауымдық меншігі жайылымдық жердің табиғи түрде пайдаланылуына қысым жасады. Ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүр бойынша көшпенді ауылдар арасындағы жерге байланысты дау ру ақсақалдарының, көпшілігінде билердің араласуымен шешілетін. Қайшылық шиеленіскен жағдайда барымта, рулық тартыс, феодалдардың ішкі жанталасы жиілеп, кикілжіңге соқтыратын. Өмірі малмен, көшпенді шаруашылықпен байланысты болғандықтан әрқашан ауыл ақсақалдары осындай болмашы алауыздықтарды да шешіп отыратын. Әсіресе Солтүстік, Шығыс Қазақстанда суы мен жайылымы мол Ертіс, Есіл өзендерінің бойында, немесе оған жақын аймақта қоныстаушы орыс шаруаларының санының ұлғаюы, жайылымдық жерлердің тарылуы қазақтардың наразылығының ашық көрінісіне әсерін тигізбей қоймады. "Олар үкіметтен ешқандай көмек алмай, бұрын қырғыздардың қолында болған жерлерге жапа-тармағай қоныстана бастады" .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz