Жеке оқушылар суреттерін балалармен қосылып анализ жасау және салыстыру


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 67 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе 3

1. Кескіндеме өнерінің және натюрморт жанрының шығу тарихы

1. 1 Кескіндеме өнерінің және натюрморт жанрының шығу және даму

тарихы, түрлері 6

1. 2 Голландтық шеберлердің натюрморт жанрында жасаған

жұмыстары 11

1. 3 Қазақстандық суретшілдің жазған натюрморттары 13

1. 4 Майлы бояумен натюрморт орындау, құрал-саймандар, материалдар

және жазу технологиясы 18

1. 5 Кескіндемедегі түстер, колоридтер және жұмыстың орындалу

барысы 22

2. Мектептегі бейнелеу өнерін оқыту әдістемесі және кескіндеме жазу техникасын оқыту әдісі

2. 1 Бейнелеу өнерін мектепте оқытудың маңызы, міндеті,

ұйымдастырылуы және сабақтың құрылысы 38

2. 2 Тақырыптық натюрморт салу сабақтарында натюрморт жазу

техникасын оқыту әдістемесі 46

Сабақтан тыс кескіндемеден үйірме жұмыстарын ұйымдастыру және натюрморт тақырыбына сабақ жоспарын құру 47

Бейнелеу өнері сабағында нұсқадан қарап натюрморт жазу техникасын оқытудың маңызы мен орны 50

Қорытынды 50

Пайдаланылған әдебиеттер 55

Қосымша

Кіріспе

Тақырыптың көкейкестілігі. Еліміз өз тәуелсіздігіне қол жеткізіп, саяси әлеументтік және экономикалық дамудың жаңа кезеңіне қадам басқан уақытта терең білім, сауатты ұрпақ тәрбиелеу негізгі міндеттердің бірі болып отыр.

Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев ел халқына жолдауында Қазақтың ел болуы, ұлт тағдыры оның келешек мектебінің қалай болып құрылуына тіреледі деп атап көрсетті.

Қазіргі замандағы мектептерде уақыт талабына сай оқытудың жаңа әдістерін, ғылыми тілмен айтқанда, инновациялық технологияларды қолдану басты назарда болып отыр. Бұл әдістер жалпыға ортақ қолданылып келеді, демек артық айтпаған болар. Өйткені осы жаңа инновациялық технологияларды қолдану арқылы оқушылардың шығармашылық қабілеттері мен білім сапасын көтеру.

Шығармашылық арқылы үйрену. Егер жас талапкер суретші бейнелеу өнер студиясында немесе үйірмесінде айналысуға мүмкіндігі болса, яғни қажетті жағдайларда кәсібі даярлығы бар суретшілерден ақыл кеңес ала алса, жақсы -бұл оның жұмыста алға басуын өте жеңілдетеді. Бірақ бұған жұрттың бәрінің қолы жете бермейді, олардың көпшілігіне жолды бағыт бағдарсыз іздестіре отырып, өз беттерімен еңбектенуіне тура келеді.

Сірә, өз шығармашылығы үшін заттың өзіне қарап жұмыс жасаудың қаншалықты маңызды болғандығы жайында сүйіспеншілікпен, шабыттана айтпайтын бірде бір реалист суретші жоқ шығар. Ол суретшінің үйренуіндегі ең басты бағыттардың бірі болып келді және солай болып қала береді.

Заттың өзіне қарап жұмыс жасау процессі творчествалық процесс, ол кенеп, парақ бетіне штрихтармен, мазоктармен және дақтармен көзге көрінетіндей етіп толтырудан ғана тұрмайды. Өзінің едәуір бөлігінде бұл сырт көзге шалына бермейтін ішкі процесс. Ол суретшінің қағазға немесе кенепке қол тигізуінен көп бұрын басталады. Осы процестің бәрін үш сатыға (ой түйіні, шешімі және орындау) бөлуге болады.

Суретші аспаптарды қолына алып, шығарма жасауға кіріспес бұрын, оны қандай да бір ой, болашақ шығарманың идеясы баурап алады да ол біртіндеп ой түйініне айналады. Ал мұның өзі қиалдау арқылы композиция жасау кезінде ғана болып қоймайды. Нұсқадан қарап натюрморт жазып жұмыс жасау үстінде суретшіде ең алдымен түпкі ой түйіні қалыптаса бастайды, ол модельді немесе натюрмортты қою кезінің өзінде жарық түсу сипатын, көріну жағын таңдағанда одан әрі тұжырымдала түседі.

Қазіргі таңда дүние жүзінде жүріп жатқан заманына өзгерістерінен келер ғасырдың өмір сипаттарын аңғармау тіптіде мүмкін емес. Өйткені жер бетіндегі сан - алуан халықтардың өз ара ой толғаныстары мен қол созған үміттері осыны байқатады. Адамзат қоғамы ізінен қай кездегісінен әлде қайда есейгендігін ерекше аңғартып отыр. Осынау таңғажайып тамаша өзгерістердің қозғаушы күшіне айналып отырған Отанымыздың келбеті бүкіл жер шарындағы күллі халықтардың алдына мерейі өсіп адамзат қауымының жаңаша ойлау жүйесінің қалыптастыруда елеулі үлес қосуда. Осының бірден - бір айғағындай бүкіл елімізді сан алуан халықтарды да өзінің өткен тарихы мен ұлттық мәдениеттерін шындық таразысынан өткізіп қана қоймай шын мәніндегі ұлтаралық теңдік әр республиканың егеменді дербестіктерін жаңа қалыптастыруға бет бұрып отыр.

Қазіргі кезде егеменді алған еліміз өздерінің өмір тіршіліктеріне үстемділік пен танылған құбылыстарды жойып жаңаша ойлаудың құдіреті мен ондаған жылдар бойы бұзылған ата-дәстүрлерімен халықтық педогикасын қалпына келтіруге бет бұрды.

Оқушы шеберлігінің орташа деңгейі профессионал суретшілерге қарағанда төмен екені құпия емес. Бұл баршаға мәлім, бірақ істің мәні мұнда емес. Оқушы өнерге үлкен де күрделі құбылысқа басқа өлшеммен қарау керек. Әрбір шығарма бұл жерде оқушының ақыл ойының, сана сезімнің, күйініш- сүйініштің нәтижесі ретінде пайда болады да ең болмағанда автордың өзі түсінген шығармашылық жетістіктердің белгілі бір жиынтығы болып табылады. Кез келген шығарма сияқты, ол өзіндік ерекшелігі бар қайталанбайтын өнер. Оның үстіне талапкер суретші өнерге басты нәрсе оның ақырғы нәтижесі емес, жасалған шығарма емес, өмірді тану, твочестваға ат салысу процесінің өзі. Бейнелеу өнерін меңгеру мұның өзі де білім мен дағдыларға ие болу, аспаптарды, материалды, жұмыс техникасын жақсы білу, професионалдық шеберлік тәсілдерін меңгеру қажет. Бұл туынды жасағысы келетіндердің, жұмыстың ең болмағанда өзіне көрінетіндей табысқа ие болып, одан ләззат алғысы келетіндердің бәріне қажет,

Дипломдық жұмысымның мақсаты: Өсіп келе жатқан жас ұрпақтың бойына өнер шығармалары арқылы өз туған жеріне деген сүйіспеншілігін, өнерге деген қызығушылығын арттыру, патриоттық сезімін ояту, оқушылардың ой-өрісін дамыту, эстетикалық тәрбие беру болып табылады.

Жазық қағаз немесе кенеп бетінде, форманы, көрермендік көру қабілетін, заттың көлемін сезу, кеңістікті көре білу сияқты қабілеттерін дамытуда жаңа технологияларды пайдалану.

Әлем көркін бейнелеу жемісінде әр кезеңнің қайталанбас келбеті қашанда өз дәуірінің өзекті ағындарымен, негізгі даму бағдарларымен мейлінше тығыз байланыста ашылған. Ағарту дәуірі табиғатқа құштарлық қатынасын жаңа қырынан дамытып, қайтадан жасандырып дүние заңдылықтарына сай өмір сүретін «Жаратылыс адамы» теориясын қалыптастырды.

Дипломдық жұмыстың нысаны : Үшсарт негізгі мектебі.

Дипломдық жұмыстың пәнi: Бейнелеу өнері пәні мен үйірме жұмыстарында кескіндеме өнерінің әдістемесін оқыту

Дипломдық жұмыстың мiндеттерi:

Кескіндеме жазу техникасын оқыту әдістерін натюрморт салуда қарастыру.

-Кескіндеме жазу техникасын оқыту әдістерін натюрморт салу барысында зерттеу.

- Кескіндеме жазу техникасын оқыту әдістерін натюрморт салу барысында

ерекшелігін анықтау.

- Кескіндеме жазу техникасын оқыту әдістерін натюрморт салудағы мәнін анықтау т. б.

  • Бейнелеу өнері пәні мен үйірме жұмыстарында кескіндеме жазу техникасын оқыту әдістері арқылы оқытудың мазмұны мен әдістемесін анықтап, теориялық тұрғыдан негіздеу;

Зерттеу әдістері .

  • Модульдік ерекшелігі мен басты мақсаты әр баланың жеке тұлға ретінде қабілетін ашу және дамыту, белсенді сөздік қорын жасау және тіл ортасын ұйымдастыру.

Дипломдық жұмыстың идеясы: мектеп оқушыларына бейнелеу өнерiн оқытуды, бейнелеу өнері сабақтары мен үйірме жұмыстарында кескіндеме өнерінің жазу техникасын оқытуды көркемдiк бiлiмiн ұлттық өнер негiзiнде жетiлдiру нәтижесінде, жалпы адамзаттық өнер дәстүрлерін меңгерген, қазіргі заман талабына сай жеке тұлғаны қалыптастыруға ықпал етеді.

Дипломдық жұмыстың құрылымы: кiрiспеден, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тiзiмiнен, қосымша және суреттерден тұрады.

1. Кескіндеме өнерінің және натюрморт жанрының шығу және даму тарихы

  1. Кескіндеме өнерінің шығу және даму тарихы, түрлері

Кескіндеме - өнер әлемдегі орасан зор, өзіне еліктірліп әкететін, сиқырлы ақ. Ол адамзат дамуының таң шапағында, біздің тарихтан бұрынғы ата-бабаларымыздың үңгірлерінде дүниеге келген. Сан ғасырлар бойына суретшілердің басшылыққа алған идеялары, олардың ұмтылыстары өзгеріп отырды, бір стилдің орнын екінші стилъ басар, бәрі бір кескіндеме жасап, дами берді.

Басқа өнерлердің арасында кескіндемеші суретшінің қырағы көзі шалғанның бәрін мейлінше толық бере алса керек. Сан жүздеген жылдар бойы ел табиғаттан үйреніп, дүниені қызғылықты ететіндердің бәрін - бейнелеудің таңдай қақтыратын жаңа әдістерін ойлап тапты. Оның бейнелеу құралдары шексіз бай бола бастады. Сызықтардың өте батыл жүргізілуі, бояулардың бай үндестігі, жарық пен көлеңкенің батыл, күтпеген контрастары, бейнелеп отырған нәрсені орналастырудағы ойлы мөлшерлестік және айқын логика, қиялдың қызықты құбылмалығы - осының бәрі кескіндемеде өз міндеттерін шешу үшін берілген. Рыцарь сауыттарының жылтылын, жібек маталардың асқан әдемілігін нәзіктігін және ағаштардың дөрекі қабығын көзге түсетіндей етіп беру тіс қаққан кескіндемешіге қиындық келтіре қоймайды. Кең жайылған емендердің қуатын, көктемдегі қайындардың жан жадыратып жасыл жапырықтарын, қаһарлыда асқақ аспанда, мөлдір-сұр тұманды және айлы түндердің тылсым, жұмбақ әлемін, бауырқанған көк теңізді сендерге қызықты, сан қырлы кескіндеме өнері көрсетіп бере алады.

Ал ең ғажабы бұл емес. Бар ықыласымен берілген суретші шапшаң, батыл да нәзік қимылмен кенеп бетіне қылқаламмен бояу жағады - міне енді одан сендерге тірі адам көз тастайды. Суретші оның жүзіндегі көзге малына қоймайтын ой нышандары мен құмтарлықтарын таңғажайып қырағылықпен кенеп бетіне түсірген және бір мезгілде сендерге оның жан дүниесін ашып берген . . .

Кескіндеменің ұлы мәні мынада: ол сансыз жүректерді бір мәнде ойда, бір күшті сезімде бірге соғуға мәжбүр етеді. Ол шапшаң, бірден әсер етеді, оның тілі халықаралық тіл. Оған аудармашылар қажет емес. Оның алдында уақыттың өзі шегінеді.

Кескіндеме - бұл майлы бояулармен жасалған және багет рамаға салынған, біз музейлерде қызықтайтын картиналар ғана емес. Кескіндеме ұғымы кең әрі мейлінше сан алуан техниканы қамтиды, мысалы түрлі сулы бояулармен - темперамен, гуашьпен, акварельмен салынған кескіндеме болады. Тіпті аздап боялған суретке пастелъ ауысатын кескіндеме бар, жартылай гравюра - кескіндеме (монотипия ) бар.

Мұның бәрі станоктік, яғни станокта (мольберт) жасалатын кескіндеме. Монументтік кескіндеме де болады. Оның үлгілерін біз ғимараттардың қабырғаларынан көреміз. Мұнда кескіндеме арнайы техникада әк «сүтіне» араластырылған бояулармен жаңа сылақ бетінде жиі жасалады (фреска) . Мүлдем бояусыз - ақ істелетін өзінше ерекшелігі бар монументтік кескіндеме де бар. Бейне түрлі материалдардың алуан түсті кесектерінен жасалады (мозайка) .

Сондай-ақ «жарықтанатын» кескіндеме - шыныдан жасалған картинадан өтіп түрлі-түсті жарық түсіретін кескіндеме де болады (витраж) .

Кескіндеме шеберлері әр заманда әр түрлі әдіс қолданған. Ол көбіне- көп қандай тәсіл, қандай бояудың пайдалануына тікелей байланысты. Мәселен, қайта өрлеу дәуірінің шеберлері салған суретте қай бояудың қалай жағылғаны, қылқаламның кенеп бетіне қалай тигені байқалмайды. Ол үшін олар негізгі бояу кепкеннен кейін үстін жұқалап, үстеме түссіз бояу жағатын болған. Мұндай әдісті «лессировка» дейді.

Кейін суретшілер қылқаламның ізін жасырмауды әдетке айналдырды. Біреу кенепке бояуды қылқаламның ұшын тиер-тигізбес қып жұқалап жағады. Екіншілері бояуды баттитып-баттитып батыл жағады да, өзіне керек реңді бірте-бірте сатылап емес, бірден табады. Мұндай әдіс бейнелеп отырған нәрсенің түрі мен көлемін дәл жеткізуге көп септік жасайды.

М. Врубелъдің «Раушан гүл» натюморты акварелі мүлдем басқаша. Жалғыз тал әсем гүл мөлдір стаканға малынып тұр, оның айналасында ештеңенің суреті салынбаған - суретші тек осы раушан гүлін ғана қызықтайды, қалғанның бәрі оған маңызды емес. Бейне бір нәзік фарфордан құйылғандай болып көрінетін осынау бір жалғыз ілікті раушан гүлі суретшінің сұлулық жайындағы арманын кейіптейді. Осылайша натюрморттарда автордың өмірді қабылдауын білдіретін өлі табиғаттың мүлдем алуан түрлі образдардан берілуі мүмкін.

Пейзаж (‘Pausade’ деген француз сөзінен шыққан) - ландшафта табиғатты бейнелеу. Пейзаж дербес жанр ретінде Қытайда, Жапонияда және басқа шығыс елдерінде (VІІ-Хғ) Европадағыдан ертерек қалыптасқан. Европалық кескіндеме ол ХVІІ ғасырда, алдымен Италияда пайда болды, содан кейін Голландияда ерекше жоғары дамыды. Орыс өнерінде пейзаждың гүлденуі ХІХ ғасырдың соңына тұспа-тұс келеді. (Левитан, К. Коравин, Н. Рерих және басқада көптеген суретшілер) .

Пейзаж - қайсы бір жерлерде жай айнытпай бейнелей салу емес. Онда суретшінің сезімдері мен ойларын берудің үлкен мүмкіндіктері жатыр. Адам өмірімен салыстырып қарағанда табиғат өмірі мәңгілік сияқты болып көрінеді. Бұлт торлаған аспан, теңіз толқындары, ормандар мен таулар жүздеген, мыңдаған жылдар бұрын қандай болса, сондай күйінде қалады. Бірақ, осы бір өзгермейтін табиғатты алуан дәуір суретшілері түрліше көріп, түрліше бейнелейді. ХVІІ ғасырдағы голланд суретшілерінің картиналарында теңіз үнемі дерлік романтикалық сарынсыз болып келеді. Олар табиғат сұлулығын іңкәрлікпен қызықтауға бейім емес. Олар үшін теңіз - сауда мен жұмыс орны, тіршілік әрекетін іздестіретін кеңістік.

Теңіз көріністерін салуды сүйетін суретшілерді латынның «marinus» - теңіз деген сөзінен шығарып маринистер деп атайды. Орыс маринистерінің ең көрнектісі И. К. Айвазовский болды. Бұл өмір бақи бірде бұлқан-талқан тулап, бірде моп-момақан тыныш жататын теңіз жазирасын бейнелеп өтті.

Бір табиғи мотивтің өзі суретшінің қылқаламынан мүлде басқа толысуға, басқаша түске ие бола отырып шебердің талғамын, көзқарастарынан, көңіл күйін береді.

Оның үстіне, «мәңгілік» табиғат тіршілігіне уақыт өтуімен бірге жаңа әуендер енеді, табиғат адамның әсерімен өзгеріп отырады. Темір жолдар, автомобилъ жолдары, жоғары вольтты электр желілерінің сорайған діңгектерімен сымдары, аспанда ұшқан реактивтік самолеттың будақтаған ізі - осының бәрі бүгінгі күннің көрінісі. Мұны қазіргі заманғы суретші аңғармай тұра алмайды. Пейзаж және натюрморт әлбетте, тақырыптық картинаның құрамдас бөліктері де болуы мүмкін. Бұл жерде олар көркем образды жасауда белсенді қосалқы рол атқарады.

Портрет. Бұл жанр басқалардан бұрын пайда болды. 3 мың жылдан астам уақыт бұрын жасалған скулъптуралық Египет портреттері 2 мың бұрынғы мозайкалар Рим және темпиралық фасан портреттері белгілі. Адамдар әрдайым өз бейнесін көргісі келеді, ал ежелгі египеттіктер қайтыс болған адамның жаны портретке көшеді деп есептеді.

Үлкен шебердің шабытты қолымен жазылған әрбір портрет шынында да рухтанғандай болады, портретке түсірілген бет- әлпетте ой-қайғы, күйініш, қуаныш, күрделі және кейде қиын бүкіл өмір жолының көрінісі жатады.

Портреттің бірінші және қажетті сапасы - оның түп нұсқауымен ұқсастығы. Бірақ бұл математиктер айтатындай, қажетті, бірақ жеткіліксіз шарт. Адамның сыртқы белгілерінің арғы жағынан біз бейнелеушінің ой- арманын, қуаныш-күйінішін, ішкі жан дүниесін тап басып, сезінуге тиіспіз. Тек осылардың бәрі ғана бейнені портрет етеді. Осылай ғана бейнеленген адамдар тіпті бізге мүлдем бейтаныс болғанның өзінде бізді көз салуға ойға шомуға және тебіренуге мәжбүр етеді.

Кез келген суретші, біреудің бейнесін жасағанда тек оның бет әлпетін ғана емес, ішкі жан дүниесін де жеткізуге ұмтылады. Совет суретшісі Н. М. Нестеров, И. Павлов портретінде жасының егделігіне қарамастан күш пен жігерге толы, өмірге құштар ғалымның қайсар шабытын бейнелеуге тырысқан.

Мүсін мен сурет өнерінде адам дидарын бейнелеу ешқашан назардан қалып көрген жоқ. Алайда портрет жанрының ерекше етек жайған тұстары болған. Ескі Рим мен Қайта өрлеу дәуірі - голланд Рембрандт Харменс Ван Рейн мен Франс Галъс, фламанд Антонис Ван Дейк пен испан Диего де Силъва Веласкес сынды ұлы шеберлер өмір сүрген. (ХVІІ ғасыр)

Портреттер өзінің сипаты жағынын алуан түрлі болады. Бір портреттер адамды дәріптеу, оны барынша әсемдікпен сәндікке көрсету үшін жазылады. Бұл ХVІІІ ғасырда орыс өнерінде мейлінше кең тараған парадтық портреттер. Ф. Рокотов, Д. Левицкий, В. Боровиковский атақты ақсүйектердің нәзікте әсем, тамаша портреттерін жасады. Екінші портреттер адамды әдеттегі, күнделікті кейіпте көрсетеді. Бұл интимдік, психологиялық портеттер деп аталады. Портреттік жанрдың ерекше түрі топтық портрет болып табылады. (Рембрандтың «Синдиктер», «Түнгі күзет», И. Репиннің «Құдіретті топ композиторлары» полотно картиналары) .

ХІХ ғасырдың орыс суретшілері тегі арқылы емес, ел алдындағы еңбегі, таланты арқылы даңқы шыққан адамдардың портреттерін туғызды. Оларда адамдардың сырт ажары емес, күрделі ішкі жан дүниесіне, рухани әлпетіне көбірек назар аударылған. И. Репин, В. Серовтар не тамаша портрерттерін қалдырды. Оларда өз замандастарының өшпес бейнесі жасалған.

Портрерт бейне бір портрет - картина сияқты болып, өз композициясына портрерттеліп отырған адамнан басқа, пейзажды, алуан түрлі аксесуарларды және тіпті, мысалы, К. Брюловтың «Салт алты қызды» немесе А. Герасимовтың «Ленин мінбеде» сияқты әйгілі және басқада сан түрлі картинадағыдай алыс пыландағы басқа адамдардың бейнесін енгізуі мүмкін. Мұндай жұмыстар портрет пен тақырыптық картина арасындағы өтпелі жағдайға ие болады.

Бірақ станоктық тақырыптық картина яғни (архитектурамен байланысты емес картина) тек Ренесанс дәуірінде ғана пайда болып, кең өріс алды. Тақырыптық картина даму үстіндегі әрекетті көрсетеді: оған көз тастай отырып, бейнелеген сәтке дейін не болғанын және одан кейін не болатынын көрермен ойша сараптай алады немесе И. Крамской айтқандай - бір холысты түсіндіру үшін екіншісінің қажеті жоқ.

Тақырыптық картина болмысты мейлінше толық және терең бейнелеп көрсетеді, оның мүмкіндіктері шексіз әр алуан: ол тым үлкен және өте кішентай болуы, сан қилы техникалық құралдарымен жасалуы, аса әлемдік оқиғалар туралы тұлғалы баяндауы немесе тұрмыстық көріністі бейнелеуі мүмкін.

Натюрморт та, пейзаж да портреттер де тақырыптық композицияның құрамдас бөлігі болуы мүмкін.

Мазмұнының бағыты жағынан тақырыптық картиналарды өткен заман оқиғаларын баяндайтын тарихи картиналар, шайқастар мен әскери жорықтарды бейнелейтін баталдық (соғыс сюжетті) картиналар және суретшілер өтіп бара жатқан өмірдің күнделікті көріністерін кейіптейтін тұрмыстық картиналар деп қабылдаған.

Орыс өнерінде тақырыптық картина ХІХ ғасырдың екінші жартысында мейлінше гүлденді. Бұл гүлдену орыс қоғамындағы революциялық өрлеудің тікелей нәтижесі болды. Көркем сурет академиясын бітірушілердің И. Крамской бастаған 14 алдыңғы қатарлы суретшілері. Академиядағы керітартпа тәртіпке қарсы «бүлік» шығарып, диплом жұмысынан, сонымен бірге көптеген жеңілдіктерден бас тартты. Олар «Көшпелі көркем сурет көрмелерінің серіктестігін» ұйымдастырды және отандық өнер тарихына «көшпелілер» деген атпен енді. Олардың өнері қоғамдық әуенділікке толы және айқын көрінген публистикалық бағытқа ие болды. Олар салтанатты портреттердің және інжіл мен мифологиялық көріністерді бейнелеудің орнына өздерімен замандас халықтың өмірін бейнелеуге ден қойды.

И. Крамской, В. Перов, Н. Ге, Н. Ярошенко, И. Репин, В. Суриков сияқты суретшілердің картиналары Третъяков галереясының негізгі өзегін құрайды.

Контраст «түстердің қарама-қарсылығы» көркемдік әсерліліктің басты құралдарының бірі болып есептеледі. Тақырыптық картинада контраст қандай да бір тәсілдерді салыстырудан және түстік дақтардың орналасуына ғана емес, сонымен бірге технологиялық және жеке-дара мінездемелерді салыстырудан да көрінеді. И. Репиннің «Запорождықтары» немесе В. Суриковтың «Бояр әйел Морозова» сияқты атақты картиналарын еске түсіріп көріңдерші. Фигуралар, адамдардың тұру жағдайы, қимыл қозғалыстары бет- әлпеттері, осы бет-әлпеттердегі есшаралар, қала берді, кімдер қаншалықты әр алуан десеңдерші! Сендер кейіпкерлердің сипаттамасынан ұқсас екі деталъ таба алмайсыңдар бәрі әр түрлі, бәрі контрастқа құрылған!

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектепке дейінгі кезеңдегі тәрбие - адам қалыптасуының алғашқы баспалдағы
Зияты зақымдалған балаларды арнайы мектепте оқытудың әдіс - тәсілдері
6-7 жастағы балалар - психологиялық көмектің объектісі ретінде
«Математика пәнін оқытуда СТО технологиясын пайдалану»
Бастауыш сынып бейнелеу өнері
Балалардың музыканы қабылдай білу қабілеттілігі жайында
Барлық дыбыстарды анық айту
Көркем шығарманы талдау мен дамыту бағыттары
Қазақ тілін оқыту методикасы пәнінен түзген лекция мәтіндері
Бастауыш сынып оқушыларына сөйлем мүшелері туралы түсінік беруде атқарылатын жұмыстарды анықтау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz