Құжаттың библиографиялық суреттемесі


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 4 - 6 бет
1 - БӨЛІМ КІТАПХАНА ІСІНДЕГІ БИБЛИОГРАФИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТ: ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ ОНЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ . . . 7 - 30 бет
1. 1 Библиография тарихы. Библиографиялық құралдардарға шолу . . . 7 - 16 бет
1. 2 Библиографиялық құралдарды автоматтандыру әдісін пайдаланып құрастырудың ерекшеліктері . . . 16 - 20 бет
1. 3 Жаппай библиографиялық хабарлама беру . . . 20 - 30 бет
2 - БӨЛІМ анықтамалық - библиографиялық қызмет көрсетуді ұйымдастыру мен әдістемесі . . . 31 - 46 бет
2. 1 Тақырыптық анықтамаларды орындау әдістемесі . . . 31 - 39 бет
2. 2 Ұсыныстық библиограафиялық құралдарды кітапханамен жұмыс істегенде пайдалану . . . 39 - 43 бет
2. 3 Ұсыныстық құралдардың топталуы . . . 43 - 46 бет
3 - БӨЛІМ БИБЛИОГРАФИЯЛЫҚ БІЛІМДІ НАСИХАТТАУДЫҢ БҰҚАРАЛЫҚ ФОРМАЛАРЫ . . . 47 - 72 бет
3. 1 Өлкетану библиографиясы . . . 47 - 57 бет
3. 2 Библиографиялық жұмысты жоспарлау . . . 57 - 65 бет
3. 3 Кітапханалардың библиографиялық жұмысының есебі және есеп беру . . . 65 - 72 бет
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 73 - 76 бет
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 77 - 78 бет
КІРІСПЕ
Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Библиография - қоғамға үнемі кітапханатанушы ресурстардың көлемін ұлғайтуға көмектеседі. Және оқырмандарға ақпаратты барынша көп қолдануына библиографиялық қызметтің рөлі зор. Библиографиялауды жүргізудің ғылыми және практикалық тапсырмаларды орындауға мүмкіндік береді.
Менің дипломдық жұмысым кітапханада библиография ісін жүргізуді, ұйымдастыру мен оның әдістемесі жайлы. Кітапхананың анықтамалық - библиографиялық аппарат қызметінің ерекшеліктері, оқырмандарға библиографиялық қызмет көрсету барысында кітапхана қызметкерлерінің күнделікті практикалық жұмыстарына қажетті мәселелері қарастырылады.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазіргі кітапханалардың ғылыми-ақпараттық, мәдени-ағарту және тәрбие мекемелері ретіндегі бет-бейнесін библиография істері едәуір дәрежеде айқындайды. Кітапханалардағы библиографиялық кызметтің негізгі бағыттары: анықтамалық-библиографиялық аппарат жасау; мазмұны мен мақсаты әр түрлі библиографиялық материалдар құрастыру.
Кітапхананың библиографиялық қызметі - мол тәжірибені меңгеру және сақтау амалдары болып табылады. Осының негізінде ол бүгінгіні қайта құру, алға жылжудың нақтылы бағытын саралауға көмектеседі.
Библиография алдында бүгінгі таңда оның теориясы мен тәсілдерін қарастырудың зор мәні бар. Біздің елімізде библиографиялық қызмет жүйесінің ұйымдастырушылық және методологиялық орнын айқындау мәселесінің негізі бар. Сондықтан да қазақстандық баспа өнімдері жөнінде ақпараттық мағлұмат беріп, оларды жүйелі насихаттау керек. Түйіндей келгенде барлық жұмыстың ара қатынасын анықтаудың шешуші маңызы бар. Бұл оның өзектілігін анықтайды.
Тақырыптың зерттелу деңгейі . Библиографияның зерттеу функциясын жүзеге асыру библиографияның теориясы мен практикасын дамытумен ғана байланысты емес. Сонымен қатар, кітапханадағы ақпараттық библиографиялық қызметтің дамуына да үлесі бар.
Диплом жұмысының теориялық тұжырамдамасы. Библиографиялық қызмет - библиографиялық тәсілдерді қолдану және жинақталған библиография негізінде жаңа ғылыми білім алу жүйесі. Қазіргі библиографиялық қызмет көрсетудің әдістемелік технологиялық даму барысында жүзеге асырылып жатыр. Және библиографиялық қызметтер әртүрлі саланың дамуына үлес қосуда.
Зерттеу нысаны (объектісі) - кітапханадағы библиографиялық қызметінің жұмысын ұйымдастыру және оның әдістемесі.
Библиографиялық қызметтің ұйымдастырылуы мен әдістемесі мәселелерін зерттеу кезінде библиографияның зерттеу қызметі мен оны жүзеге асыру мүмкіндіктері зерттеу жұмысының пәні (предметі) болып табылады. Сондай -ақ, библиографиялық қызмет көрсетуді пайдалану және оның амал тәсілі мен қалыптасу технологиясын, әдістемесін зерделеу, сонымен бірге қазақстандық библиография жүйесінде жалпы библиографиятанудың теориялық негіздегі орнын айқындау.
Зерттеу жұмысының мақсаты - кітапханадағы библиографиялық жұмысты ұйымдастыру және оның әдістемесінің негізгі принциптерін теориялық жағынан дәлелдеу; библиография жүйесіне енетін көптеген түрлерінің өзара қатынас принциптерін қарастыру, сөйтіп осы негізде библиографиялық қызметті оңтайландыру жолдарын талдау.
Зерттеу жұмысының теориялық және әдістемелік негізі: Кітапханадағы библиографиялық жұмыс: ұйымдастыру және әдістеме проблемаларға қатысты: С. Ахметова, М. Ақшалова, Н. А. Рубакин, В. Г. Анастасевичтің және т. б. библиографтану және кітапханатануға қатысты ғылыми еңбектерін жатқызуға болады.
Зерттеу жұмысының әдіс - тәсілдері. Кітапхана ісіндегі библиографиялық қызметті зерттеу барысында терминологиялық сараптау, құжаттарды зерттеу, ғылыми бағамдау, салыстырмалы, жүйелі, проблемалық, нақты талдау принциптері қолданылды.
Диплом жұмысының ғылыми жаңалығы. Библиографиялық қызметті ұйымдастыру және әдістеме ісінде жаңа заманға сай дамып келе жатыр. Менің ойымша: Шет елдердің библиографиялық жұмысымен танысып, қазіргі уақытта заманауй үлгіге көшіп келе жатқанымыз бәрімізге айқын. Ғалым, зерттеуші, библиографтардың, кітапханалардың жұмыстарының алға жылжуы осының бәрі ақпараттық библиографиялық қызмет көрсетудің арқасында деп ойлаймын.
Диплом жұмысының теориялық маңыздылығы.
1. Кітапхана ісіндегі библиографиялық жұмыстың ұйымдастырылуын және оның әдістемелік жүйесін теориялық жағынан негіздеу болып табылады. Кітапханадағы библиографиялық ақпараттық жұмыстың сапасы мен кең жүйеде қолданылуына оқырмандардың қызығушылығының артуында.
2. Библиографиялық қызмет заманауи библиографияның дәстүрлі нысанына қарсылық көрсетпейтін - «құжат - тұтынушы» жүйесіне тәуелді. Себебі оны іске асыру барысында тұтынушы оқырман алғашқы құжаттар легіндегі іздеген ақпаратты алады.
3. Библиографиялық зерттеулерді жүргізу барысында қолданылған ғылыми әдіс - тәсілдер мен ғылыми білім библиографиялық қызметтің жүйелі түрде атқарылуында.
Зерттеу жұмысының практикалық мәні. Кітапхана ісіндегі бибилиографиялық жұмыстың ұйымдастырылуын және оның әдістемелік жүйесін дамыту мәселелерін, базалық қызметін атқарады.
Қорғауға ұсынылатын негізгі тұжырымдар: Библиографияның дамуы оған жататын зерттеу функциясының өзектіленуіне алып келді. Ұзақ уақыт бойы ол беймәлім жағдайда қалып келді. Библиографияның зерттеу мүмкіндіктерінің мерзімді танылу-танылмауы экономика, ғылым мен техниканың дамуының жоғарылауы-төмендеуі циклімен байланысады.
Диплом жұмысының құрылымы. Жұмыс кіріспеден, іштей жіктелген үш бөлімнен, тоғыз бөлімшеден, қорытындыдан тұрады. Зерттеу соңында әдебиеттерге сілтеме көрсетіліп, пайдаланылған әдебиеттер тізімі берілген.
I-БӨЛІМ КІТАПХАНА БИБЛИОГРАФИЯСЫ МЕН БИБЛИОГРАФИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУДІ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ ОНЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ
1. 1 Библиография тарихы. Библиографиялық құралдардарға шолу
Кітап, жалпы баспа өнімдері күн сайын, сағат сайын тау-тау боп өсіп отырады. Оның қазіргі көлемін ұшы-қиырсыз мұхитқа ғана тенеуге болар еді. Осы мұхитты жазу, оның айдынынан, шыңырау, қоймаларынан керегінді іздеп тауып алу оңайға түспейді. Ол үшін библиография секілді адастырмайтын құбылнама керек. Бұл - жарық көрген жазба және баспа дүниесінің бірін қалдырмай мұқият тіркеп, хабардар ететін бірден-бір құрал.
Библиографиясыз ғылым тұл. Библиография, - белгілі кітаптанушы Н. А. Рубакиннің сипаттамасы бойынша, - ғылыми жұмыстың, жалпы мәдени қызмет атаулының күретамыры. Орыстың ең мәдениетті ақыны саналған, қазақтың ұлттық ақыны Мағжан Жұмабаевтың ұстаздарының бірі Валерий Брюсов библиографияны роман оқығандай рахаттанып оқимын дейді екен.
Библиография баспа шығармасы мен оқырман арасындағы дәнекер іспетті. Адамдардың ой өрісінің кеңеюіне, рухани баюына жол сілтейді.
Библиография «biblion» (кітап), «grappo» (жазамын) деген грек сөздерінен алынған. Бұрынғы кезде, баспа кітаптар дүниеге келмеген шақта библиограф деп қолжазба кітапты көбейтіп көшіретіндерді атайды екен. Кітап тарихы, жалпы кітап туралы ғылым библиография деп аталған.
«Опыт русской библиографии» (1813-1821) кітабының авторы В. С. Сопиков «барша адамзат білімдерінің бәрінен де өрісі кең ғылым» - библиография, - деп жазған [3, 147] .
«Библиография» терминінің бүгінгі мағынасын ала бастауы XIX ғасырдың екінші жартысынан бері карай. Библиограф деп енді жарияланған шығармалар туралы мәлімет жинаушыларды, әдебиет тізімдері мен көрсеткіштерін құрастырушыларды атай бастаған. Кітаптанушы ғалымдар енді библиографиялық кітаптану білімінің (библиографиятану) жүйесін, өзара іштей тығыз байланысты кітаптану пәндерінің шекараларын анықтауға кірісті. Ғалымдар «Библиография дегеніміз не?» деген сұраққа жауап іздеді.
Революцияға дейінгі ғалым-библиографтар әдебиет тізімдерін ерінбей-жалыкпай тірнектеп жинайтын кажырлы еңбектері үшін үлкен қадір-құрметке ие болған. Көздерінін майын тауысып, инемен құдық қазғаңдай енбек сіңіргендерден кітаптану тарихында Сопиков Василий Степанович., Лисовский Александр Николаевич, Мезьер Августа Владимировна, Рубакин Николай Александрович, т. б. есімдері айрықша сүйіспеншілікпен аталады. Сондай даңқты библиографтардың бірі жөнінде академик-жазушы Ғабит Мүсірепов «Қазақ халқы А. Е. Алекторовқа үлкен қарыздар» деген («Қазақ әдебиеті», 1977, 17 наурыз) мақала жазған.
Сөйтіп «библиография» термині «кітап сипаттамасы» (книгоописание) деп өз мағынасына ие болды.
Енді библиографияға қандай материалдар қатысты?
Баспасөз шығармалары жарық көрісімен кітапханаларға, библиографиялық арнайы мекеме - кітап палатасына белгіленген дана мөлшерінде жіберіліп отырады. Ондай кітаптар бақылау данасы (контрольный экземпляр) деп аталады. Бұлар тиісті орынға келіп түскен соң тіркеуден өтеді. Оқушылардың типіне қарай топталады. Топтауда басылым түрлері (кітап, газет) бөлек-бөлек сұрыпталады. Авторлар немесе атаулар алфавиті бойынша түзілетін жүйе және бар. Сипаттамада автор фамилиясы, шығарма аталымы және түпаталымы, басылым жүзеге асырылған елді мекен, шығу мерзімі, баспа аты, көлемі көрсетіледі. Библиографиялық ақпараттың өмір сүруінің ең таралған әдісі библиографиялық құрал болып табылады. Библиографиялық құралдар алуан түрлі болады. Олар: библиографиялық басылым (мерзімді емес, сериялы, мерзімді, жалғастырыла беретін басылымдар) ; библиографиялық картотека, каталог. Библиографиялық құрал баспахана әдісімен, қолжазба түрінде шығарылуы мүмкін.
Библиографиялық құралдарды құрастыру жөніндегі жұмыстың көлемі кітапхананың типтік ерекшеліктеріне тікелей байланысты болады. Кітапхана неғұрлым ірі болса, оның бұл бағыттағы қызметі де соғұрлым ауқымды және алуан түрлі болмақ. Библиографиялық құралдың тағы бір түрі: Аннотация, реферат.
«Аннотация - Белгілі бір баспадан шыққан басылымның алғашқы беттерінде берілген сол басылым жайлы берілген қысқаша ақпарат.
Аннотациянын, сипаты, мазмұны, көлемі әзірленіп жатқан құралдың түріне, оқырмандық және нысаналы мақсатына, құрылымына, аннотация жасалатын құжаттың тақырыбына, сондай-ақ құрастырушылардың біліктілігіне байланысты болады [5, 157] .
Аннотациялардың неғүрлым жалпы әдістемелік саралануы басты-басты екі белгісі бойынша, аннотацияланатын құжаттың функционалдық мақсаты мен сипатталу әдісі бойынша жүзеге асырылады.
Функционалдық мақсаты бойынша аннотациялар анықтамалық және ұсыныстық аннотациялар болып бөлінеді.
Анықтамалық аннотация - шығарманың көмескі тақырыбын анықтайды және (немесе) анықтамалық мақсатымен автор туралы, библиографиялық суреттеуде жоқ басқа да ерекшеліктері туралы қосымша (көбінесе фактілі) мәліметтерді хабарлайды.
Құралды жазудың синтездік кезеңі негізгі 3 операциядан: әдебиет іріктеп алу, библиографиялық жазбаларды топтау, көмекші көрсеткіштер құрастырудан тұрады.
Іріктеп алу - библиографиялаудың аса маңызды процесі. ГОСТ 7. 0-84 бойынша, библиографиялық іріктеп алу - бұл «библиографияланатын құжаттарды белгіленген сапалық өлшемдерге сәйкес іріктеп алу» [7, 43] .
Библиографиялаудын ерекше кезеңі болып табылатын материалды іріктеп алу белгілі бір дәрежеде библиографиялық құралдардың басым көпшілігіне тән. Іріктеп алу мүлде жасалмайтын құралдарды атап шығуға болады (белгілі бір адамның тірі кезінде басылған барлық шығармаларының көрсеткіштері, белгілі бір жер - қала, аудан, облыс және басқа да аймақта жарық көрген баспасөз туындыларының көрсеткіштері) . Бұл жерде жиналған матерналдың бәрін толық қамтып, елеп-екшеп жазу керек. Әйтсе де жасалған жұмыста ой, мақсаттың, накты болу жағын да ескеру жөн.
Библиографиялық оқулыққа керекті құжаттарды іріктеп алу ісінің өзін басты белгілері бойынша шектеулі (формальды, мазмұнды) және сапалық деп белуге болады. Шектеулі іріктеу дегенге іздестіру, сұрастыру арқылы жинау, ал сапалық іріктеуге - библиографиялық ақпаратқа сүйіне отырып бағалау жатады.
Шектеулі іріктеу. Шектеулі іріктеу екі түрлі: формальды және мазмұнды деп аталады.
Сапалық іріктеу. Сапалық іріктеу - өте күрделі жүйе. Библиограф құралдың тақырыбы мен қолда бар әдебиетті жақсы біліп, сонымен катар тақырыбы бойынша салыстырмалы талдау жасай білуі керек.
Мазмұны жағынан топтаудың формальды топтаудан айырмашылығы - ол библиографиялық суреттемелерге ғана негізделмейді, өйткені оларға енгізілген құжаттар туралы деректер екінің бірінде олардың тақырыбын аша бермейді. Мұнда библиографтың тікелей құжаттардың текстіне немесе аннотацняларға (рефераттарға) жүгінуі қажет.
Мазмұнына қарай топтау - жүйелі, тақырыптық және пәндік болуы мүмкін.
Жүйелі орналастыру қайсы бір дайын әмбебап немесе салалық саралау схемасын пайдалануды көздейді. Бір схема бойынша құрылған әртүрлі құралдарда материалды топтау, әдетте, (бірдей атаулар пайдаланылады және бөлімдерінің реті де) бірдей болады.
Тақырып бойынша топтаудың ерекшелігі - ішкі құрылымы онша қатаң сақталмайды. Бұл орайда жалпы бөліну саны, олардың реті, атаулардың тұжырымдалуы тақырыбы жөнінен ұқсас немесе бірдей көрсеткіштерде екінің бірінде әртүрлі болып шығуы мүмкін.
Пәндік жағынан топтағанда библиографиялық жазбалар басылып шыққан тақырыбы жөнінен шығармалардың негізгі мазмұнын бейнелейтін айдарларда біріктіріледі.
Пәндік жағынан орналастыру хабарламаны оқырманның нақты, біршама мәселелер жөніндегі қажетті құжаттарды тез табуына мүмкіндік береді. Алайда өзінің мазмұны жағынан көп пәнді, басылып шыққан шығармаларды әр түрлі айдарда көрсету қажеттігі құралдың көлемін үлкейтеді. Сондықтан пәндік жағынан топтау әдетте мамандарға және даярлығы бар оқырмандарға арналған ғылыми-көмекші салалық библиографиялық құралдарда қолданылады.
Ұсыныстық топтау - басылып шыққан нақты шығармаларды табуды қамтамасыз етіп қана қоймай, сонымен қатар оқушыға құралды құрастырушы тұрғысынан әдебиетпен жұмыс істеудің неғұрлым дұрыс жолдарын да көрсетеді. Орналастырудың тандап алынған тәртібін құралға алғы сөзде негіздеу және бөлімдер мен топтық аннотацияларға кіріспе ескертпелерде тиісті түсінік беру қажет.
Ұсыныстық топтауда библиографиялық хабарламаның баға беру қызметінің ашық және белсенді түрде көрінеді. Бұл қызметті библиографиялау үшін жалпы мәні болатындықтан, даярлығы аз адамдарға да, ғылыми қызметкерлерге және т. б. да арналған құралдарда ұсыныстық топтау берген жөн, топтаудың нақты әдісі әртүрлі болады.
Библиографиялық құралдарда материалдарды топтаудың қолданылып жүрген түрлерін саралаудың жоғарыда қарастырылған әдістерінен басқа әдістер де болуы мүмкін. Мысалы, қарапайым немесе күрделі топтау болады. Бірінші жағдайда құралдағы жазбалар қандай болса да бір ретпен орналасады, бірақ ішіндегі материал бөлімдерге, бөлімшелерге және басқаларына бөлінбейді.
Күрделі топтауда - суреттемелерді бөлімдер, бөлімшелер бойынша бөлу көзделеді, ал әрбір соңғы бөлінісі ішінде де материал алдын ала таңдалып белгілі бір ретпен (авторлардың фамилиялары немесе бас тақырып алфавиті, әдебиеттің түрлері бойынша, т. б. ) орналастырылады. Мысалы, ағымдағы мемлекеттік библиографиялық көрсеткіштер құрылымы күрделі құралдарға дағдылы мысал болады. Мәселен, «Газет мақалаларының шежіресіне» материал «ТМД-да кітап шығаруға арналған әдебиеттің бірыңғай саралануы» бойынша жүйеге келтіріледі. Кейбір бөлімдері мен бөлімшелердің ішінде уақытша тақырыптық айдарлар бөліп көрсетіледі. Әрбір соңғы бөлінісі ішінде мақалалардың библиографиялық суреттемелері авторлар фамилияларының алфавиті бойынша орналастырылады.
Библиографиялаудың қорытынды кезеңіне анықтамалық аппаратты дайындап, библиографиялық құралды редакциялау мен безендіру де кіреді.
Анықтамалық аппараттың құрамына: алғысөз, кіріспе мақала, көмекші құралдар, қосымшалар, мазмұны, әдістемелік кеңестер енеді.
Алғысөз - кез келген, тіпті біршама шағын құралдың өзінде де болуға тиіс. Құралдың негізгі міндеттері, белгілі бір тақырыптың маңызы туралы мәліметтер келтіріледі [8, 157] .
Онда құралдың нысаналы мақсаты мен қандай оқырмандарға арналғаны беріліп, құралда бейнеленген (түрлі параметрлері бойынша) әдебиеттер туралы мәліметтер келтіріледі, материалды топтаудың жалпы принципі түсіндіріледі, соңғы бөліністер ішінде жазбалардың орналастырылуы туралы хабарланады. Егер түрлі бөлімдерде әртүрлі болса, алғысөзде бұл ескертіледі [9, 35] . Алғысөзде материалды іріктеудің жоғарғы хронологиялық шегі (жылы, айы, күні) міндетті түрде көрсетіледі.
Кіріспе мақала - көлемді ұсыныстық және ретроспективтік ғылыми-көмекші құралдар алғысөзбен қоса, кейде кіріспе мақалалармен ашылады. Бұл мақала құралдың тақырыбы бойынша негізгі әдебиетке азды-көпті көлемді шолу болып табылады.
Көмекші көрсеткіштер - құралдың күрделі құрылымы библиографиялау объектілерін олардың мазмұны, маңызы, формальды белгілері жағынан жан-жақты ашуды қамтамасыз етеді. Ең жетік топтау да оқырманның өзі қараған белгілі бір библиографиялық құралдан сұрақтарына жауап табуды қамтамасыз ете бермейді. Кез келген топтаудың бұл кемшілігінің орнын толтыруға көмекші көрсеткіштер мүмкіндік туғызады; олар тиісті библиографиялық жазбаларға сілтеме жасай отырып, библиографиялық құралдың баспадан шыққан шығармалар туралы мәліметтері құралдың негізгі текстінен өзгеше түрғыда бейнелі жазылады. Басқаша айтқанда, кез келген көмекші көрсеткіш топтауды бейнебір жалғастыра түседі деуге болады.
Атау көрсеткіші дәстүрлі және өте кең таралған көрсеткіш болып табылады. Кейде ол барлық көрсетілген (авторлық та, ұжымдық та) шығармалардың бас тақырыптарын қамтиды. Мұндай көрсеткіштер ұсыныстық библиографиялық құралдарда ерекше маңызды. Атау көрсеткіштерінде көбінесе құрастырушылар, редакторлар, аудармашылар, көркемдеушілер және шығармаларды жасауға қатысқан басқа да адамдар туралы мәліметтер болады. Бірқатар жағдайларда оларда библиографиялық әдебиетте сипатталатын немесе ауызға алынатын адамдардың фамилиялары көрсетіледі («жеке» белгілер дейтін бойынша көрсету) . Бұл орайда жеке рубрикалар бөлініп көрсетілуге тиіс (сілтеме жасалатын номерлерін жақшаға алу, «ол жөнінде» деген үлгідегі нақтылау) .
Жеке көрсеткіштер (жеке есімдер көрсеткіштері) дербес көрсеткіштер ретінде де жасалады. Оларда жеке рубрикаларды белгілі бір адамның кәсібін, қызмет түрін, ерекшеліктерін, сіңірген еңбегін көрсетумен жабдықтаған жөн. Мұның өзі адамдардың мінездемесін кеңейтіп, нактылай түседі, окырманға олар жөнінде қосымша акпарат береді. Жеке рубрикаларды анықтау үшін библиографиялық суреттеме ғана емес, сонымен қатар библиографиялық жазбаның басқа да элементтері: аннотация, реферат пайдаланылады.
Құралға енгізілген құжаттардың мазмұнын тақырыптық көмекші көрсеткіштер жүйелі және терең ашып береді. Негізгі текстегі жазбалар (авторлар фамилияларының алфавиті, басылымның хронологиясы және басқалар) формальды түрде орналастырылған кұралдарға осындай көрсеткіштер берген пайдалы.
Ұсыныстық библиография - оқырмандар тобының қажеттерін даярлық дәрежесін, жас шамасын және басқа ерекшеліктерін негізге ала отырып, құжатты сипаттайды. Ұсыныстық аннотация оқырмандардың логикалық қабылдауына ғана емес, сонымен қатар эмоциялық қабылдауына да ықпал жасай отырып, таңдаулы әдебиетті белсенді түрде насихаттауға, ұсынылып отырған әдебиетті оқудың қажеттігіне оқырмандарды ынталандыруға, назарын аударуға, иландыруға тиіс. Сондықтан да ұсыныстық аннотацияларда педагогикалық элементтер, алуан түрлі әдістемелік кеңестер мен ұсыныстар елеулі орын алады.
Библиографияның енді бір түрі материалының мазмұнына қарай бөлінеді, (салалық, жалпы библиография және тақырыптық библиография ) .
Салалық библиографияның өркендеуі жалпы библиографияның үлкен жетістігі саналады. Салалық құралдың схемасын әзірлеген кезде білім саласынын өз құрылымы, сондай - ақ бұрын шығарылған құралдар негізге алынуы мүмкін. Алайда оларды нақты көрсеткішке лайықтап шығармашылықпен пысықтау қажет.
Ағымдық, өткен кездің шығармаларын шолу (ретроспективті) және кеңейтілген (проспективті) библиография түрлері кезігеді. Бұлар аттарынан көрініп тұрғанындай, мазмұндалған әдебиеттің шыққан мерзімдеріне байланысты жасалады. Баспа шығармаларының жарық көрген жерлеріне қарай жасалатын библиография түрлері бар. Бұлар - халықаралық, мемлекеттік және өлкетану библиографиялары болып келеді.
Көріп отырғанымыздай, библиография түрі өте көп.
Оның да есебін жүргізу керек. Сол жайындағы анықтаманы библиографияның библиографиясы зерттейді.
1971 жылы «Қазақстан» баспасы шығарған «Қазақстанда мемлекеттік библиографияның даму тарихынан» атты Ермекқали Нығыметовтың кітапшасы - бұл саладағы алғашқы қарлығаштардың бірі. Шежіре құрамына баспасөздің төмендегі салалары енгізілген.
а) «Кітап летописі» (жылнамасы) тізбегімен республикада әр тоқсанда шығатын кітаптар тіркеледі.
б) Журнал мақалаларының шежіресі.
в) Музыкалық шығармалар шежіресі.
г) Кітаптарға жазылған рецензия, сын макала шежіресі.
д) Казақстанда шығатын мерзімді баспасөздің көрсеткіші.
Библиография ісімен Кітап палатасы ғана емес, көптеген кітапханалар, ғылыми-зерттеу институттары, жекелеген ғалымдар мен маман библиографтар шұғылданады [9, 127] .
Осы библиография жөнінде көптеген библиогроф, ғалымдар зерттеп, көрсеткіштер шығарды. Енді солардың еңбектеріне тоқталып өтсем:
Қазақтың тұңғыш библиографтарының бірі Нығымет Сәбитов революцияға дейінгі қазақ кітабы көрсеткшітерін құрастырған. Бұл көрсеткіш 1862-1917 жылдар аралығын қамтиды. Нығымет Сәбитов - абайтанушылардың бірі. Ол ұлы ақын туралы әдебиет көрсеткішін жасаған.
Қазақ библиографиясы ісіне Міржақып Дулатов қомақты үлес қосты. Оның «Қазақ тілінде басылған кітаптар көрсеткіші» 1926 және 1927 жылдары «Жаңа мектеп» журналына тегін қосымша ретінде басылды. Еңбектің алғысөзінде Дулатов көрсеткіш маңызын былай деп түсіндіреді: «Казақ даласының ұшы-қиыры жоқ кеңдігі, бәрінде бірдей кітап дүкендерінің бола бермеуі, елде басылған кітаптардың, олардың мазмұнын, бағасын, қайдан аларын, қалай алдырарын білмей келді. Осы жағынан жөн сілтеп, жеңілдік келтіру ниетімен біз осы «көрсеткішті» шығарып отырмыз».
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz