Қозғалу сапасының тәрбиелік әдісі


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 51 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министірлігі

Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті

Зайнышева Маншук Жантасқызы

Тақырыбы: «Қозғалу сапасының тәрбиелік әдісі»

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

050108 - «Дене шынықтыру және спорт»

Көкшетау, 2012

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министірлігіШ. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетіДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫСТақырыбы: «Қозғалу сапасының тәрбиелік әдісі»050108 -« Дене шынықтыру және спорт» мамандығыОрындады: М. Ж. Зайнышева(Қолы)Жетекші:Қ. Т. Ахметов.(Қолы)«Қорғауға жіберілді»Кафедра меңгерушісі п. ғ. к. Т. Ш. Тулегенов(Қолы)Көкшетау, 2012:

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министірлігі

Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: «Қозғалу сапасының тәрбиелік әдісі»

050108 -« Дене шынықтыру және спорт» мамандығы

Орындады: М. Ж. Зайнышева

(Қолы)

Жетекші: Қ. Т. Ахметов.

(Қолы)

«Қорғауға жіберілді»

Кафедра меңгерушісі п. ғ. к. Т. Ш. Тулегенов

(Қолы)

Көкшетау, 2012

МАЗМҰН.

Кіріспе . . . . …. 3

1 Берілген әдебиеттер бойынша зерттеу сұрақтары 4

1. 1 Қозғалу сапасының тәрбиелік әдісі . . . 6

1. 2 Жасөспірімдердің қимыл қозғалыс сапаның физиологиялық

негіздері . . . 15

1. 3 Балалар мен жасөспірімдердің бастапқы кезеңдегі дене дайындығынарттыруда қолданылатын қимыл-қозғалыс ойындар . . . 19

1. 4Спорттық күрес қозғалу сапасының тәрбиелік әдісі . . . 26

1. 5 Спорттық күрес қимыл қозғалыс . . . 32

2 Зерттеудің мақсаты, міндеті, әдістері және ұйымдастыруы . . . 41

2. 1. Зерттеудің міндеті және мақсаты . . . 41

2. 2. Зерттеудің әдістері . . . 43

2. 3. Әдебиеттің анализ көздері және алдыңғы тәжрибелік

өтілін жинақтау . . . 47

3 Зерттеудің қорытындылары және зерттеу әдісі . . . 58

3. 1 Спортшылардың мамандарының сұхбаттары . . . 58

3. 2 Спортшылардың қолданылатын мамандандырылған

қимыл-қозғалыс ойындар . . . 63

Қортынды . . . 66

Қолданылған әдебиеттер . . . 67

Қосымша . . . 68

Кіріспе

Зерттеудің өзектілігі.

Дүние құбылыстары мен амалдары бір-бірімен тығыз байланысты. Осы негізде педагог психолог ғалымдарының еңбектерін саралай келіп, қазіргі балалар мен жасөспірімдер спорт мектебіндегі еркін күрес оқу-жаттығу сабағының білімділік тәрбиелік сапасын жақсартып, осы ұлттық педагогиканың озық әдістемелері мен дәстүрлері арқылы қазіргі кезде спорт мектептерінде жас балалар мен жасөспірімдерді дайындауда бағдарламалық материалдар мен жаттығулар үйрету, дамыту әдістері көбіне жас ерекшеліктерді ескермейді. Осындай жағдайдағы мамандану балалар психикасының өзіндік ерекшеліктерін бағалаумен байланысты екендігін көрсетеді.

Әдіс-тәсілдік дайындаудағы дәстүрлі тәжірибе тәсілдерін үйрене отырып біртіндеп оларды күресте қолдануға бағдарлаған және сонымен бірге жаттықтырушылар әдіс-тәсіл әрекеттерді негізгі базалық элементтерін үйретудегі аса маңызды түрлерін ескермейді (бағана, қашықтық, алға қозғалу, қапсыра құшақтау, қапсыра құшақтаудан босату, маневр жасау және тағы да басқа қарапайым әдістер) . Кейбір балуандардың өздері үйреніп жасайды.

Еркін күресте әр түрлі әдістер қолдану үшін балуандарға әр түрлі күрес әдістерін меңгеру керек, ол үшін жаттықтырушылар оқу және жаттығу жұмыстарын қамтамасыз етеді, бірақ та бұл жағдайларда балалардың әдептері өте ауыр және баяу қалыптасады.

Қалыптасқан әдістер бұл проблемаларды ойдағыдай шеше алмайды, ал ойын әдістемесінің көмегімен бұны жасауға болады. Ойын әдісін қолдану спорттағы оқыту және жаттығуда әр түрлі спорт түрлерінде жиі кездеседі. Осы жағдайлар бірақта ол басқа түрлеріне жалпы таралмаған, мысалы еркін күрес түрінде.

Ғалымдардың пікірінше, жасөспірімдердің білімді және қозғалыс дағдыларын игеруі, күнделікті өмірде оларды қолдана білу, сонымен қатар дененің қиымыл қабілетінің жоғары деңгейін өз бетінше қолдана алуы, өте маңызды міндет деп есептейді.

Бұл мәселелер еркін күрес үйрету, жаттығу сабақтарын өткізудегі, әсіресе баланың тұлғалық қарымы мен ойлау жүйесін дамытуға мүмкіндік туғызады. Осы мүмкіндіктердің бірі-балалар мен жасөспірімдердің спорт мектептерінде ойын әдістемесін оқыту және жаттығуда пайдалану болып табылады.

Қимыл-қозғалыс ойындары педагогикалық жүйе мен дене тәрбиесі педагогикасында кеңінен қолданып келеді. Бірақ бұл ғылыми негізделу қазіргі кезде жеткілікті деңгейде зерттелмеген.

Қазіргі уақыттағы спорттық күресте талап етіп отырған деңгейлерінің арасында қарама-қайшылық балалар мен жасөспірімдердің дене дайындығын жетілдіру педагогикалық мүмкіндіктер туғызатын қимыл-қозғалыс және ұлттық ойындарын қолдану мәселесін ұсынамыз.

Осыған орай ғалымдардың пікірінше оқушылардың қажетті білімді және қозғалыс дағдыларын игеру, күнделікті өмірде оларды қолдана білу, сонымен қатар дененің қимыл қабілетінің жоғары деңгейін өз бетінше қолдана алу, өзінің қозғалыс қабілетін көрсете білуі ең маңызды міндет деп саналады.

Сонымен жоғарыда баяндалған мәліметтердің, қаралған зерттелетін мәселелер талдамасының айтарлықтай елеулі дәрежесі айқындылады. Бірақ, жүргізілген зерттеулер негізінен балалар мен жасөспірімдердің жаттығу тәжірибесі мен ілімінің жекелей мәселелерін ашуға, жасөспірімдердің жас ерекшеліктеріне қарай психологиялық, физиологиялық өзгерістерін ескере отырып, қимыл-қозғалыс дағдыларының жан-жақты тәрбиелеуіне, еркін күресі бойынша дененің жалпы мүмкіндіктерін дамытуға арналған.

Аталған өзектілігі мәселенің бүгінгі күн талабына сай келуі, оның теориялық тұрғыдан зерттеп, өңделуі мен тәжірибелік қажеттілігінің жеткіліксіздігі зерттеу тақырыбымен таңдауға мүмкіндік жасады. Осыған орай, ғылыми зерттеудің тақырыбы: «Еркін күресте бастапқы дайындық тобында жасөспірімдердің жалпы және арнайы дене қуатының дайындығын арттыруда ойын әдістемесін қолдану» деп аталады.

Зерттеу объектісі. Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің бастапқы дайындық тобының оқу-жаттығу процесі қимыл-қозғалыс.

Зерттеу пәні. Бастапқы дайындық тобында оқу-жаттығу процесінде спорттық және ұлттың қозғалмалы ойындарын пайдалану арқылы дене қуатының дайындығын қимыл-қозғалыс арттыру.

Зерттеу мақсаты. Бастапқы дайындық тобында ойын әдісін қолданудың тиімділігін анықтау және жасөспірімдердің дене қуаты қасиеттерін арттырудағы оқу-жаттығу процесі жоғары деңгейде орындауды теориялық тұрғыдан негіздеу және тәжірибелік мақұлдау әдістемелік ұсыныстар жасау.

Зерттеудің болжамы. Балалар мен жасөспірімдердің еркін күрес оқу-жаттығу процесінде ойын әдістемесін қолданып, спортты және ұлттың қимыл-қозғалыс ойындарды пайдаланса, олардың жас ерекшелігіне сәйкес негізделген қасиеттерін тәрбиелеуге белсенді түрде әсер етуге болады.

Зерттеудің тәжірибелік мәнділігі:

-Ақмола облысының балалар мен жасөспірімдер спорт мектептеріндегі оқу-жаттығу процесінде дене қуаты қасиеттерін арттыруда спорттық және ұлттық қимыл-қозғалыс ойындарын пайдаланудың тиімділігі іс-тәжірибе жүзінде дәлелденді.

Зерттеу әдістері:

-ғылыми теориялық және әдебиет көздерін жинақтап, теориялық тұрғыдан талдау;

-жасөспірімдердің денесінің жұмыс қабілеттілігін функционалдық және дене дайындығын, дененің даму деңгейін тәлімдік бақылау тестерін жүргізу;

-салыстырмалы байқау, педагогикалық тәжірибе жүргізу;

-зерттеу барысында алынған мәліметтерге математикалық статистикалық өңдеу жүргізу;

-арнайы сауал-сұрақ сұхбат алу. Жаттықтырушылардың еркін күресте бастапқы дайындық тобында қолданатын ойын әдістемесіне көзқарастарын анықтау үшін.

Зерттеу кезеңдері. Зерттеу жұмысы үш кезеңде жүргізілді. Бірінші кезең аралығында тақырыпты анықтау, зерттеу проблемасына байланысты философиялық, педагогикалық, психологиялық және әдістемелік әдебиеттерге ғылыми-теориялық талдау жүргізілді, оқу-жаттығу процесінде спорттық және қозғалмалы ойындарды пайдалану түрлері анықталды.

Екінші кезеңде Балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінде оқу-жаттығу өткізуде спорттық және ұлттық қимыл-қозғалыс ойындарының пайдалану әдістемелік және ғылыми бағыттағы ұсыныстары дене тәрбиесі және спорт жүйесінде қолданып, оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес пайдалану деңгейіне іс жүзінде тексеру жүргізілді.

Үшінші кезеңде Зерттеу барысында алынған мәліметтерге статистикалық өңдеу жүргізілді. Бұл өңделген тәжірибені Ақмола облысының орталығы Көкшетау қаласының балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінде оқушылармен сынақ жұмыстары жүргізілді.

Балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінде оқу-жаттығу сабағында тиімді пайдаланудың педагогикалық шарттарын анықтау және өңделген концептуалды үлгіні тексеру бойынша эксперимент қойылды. Осы экспериментті жүргізу қажеттілігін анықтау үшін сұрау жүргізу әдісі қолданды. Жаттықтырушылардан сауалнама алынды.

Зерттеу жұмысының сарапталуы.

Зерттеулер жүргізілген негізгі тірек оқу орындары-Қажымұқан атындағы облыстық олимпиада резервінің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер мектебі Көкшетау қаласының №1 спорт мектебі, Ақмола облыстық ұлттық спорт мектебі, Қызылту спорт мектебі-Солтүстік Қазақстан облысы зерттеудің негізгі мәселелері мен нәтижелері Алматы (2002-2003 ж. ж. ) Қызылту СКО және Көкшетау (2004-2008 ж. ж. ) қалаларында халықаралық конференциялар мен семинарларда қаралып нәтижелері ғылыми басылымдарда жарық көрді.

1. 1 Қозғалу сапасының тәрбиелік әдісі

Қозғалу сапасының тірек-қимыл аппараты мен дене сапаларының жетілген деңгейі жаңа қимыл-қозғалыстарға үйретудің алғы шарттары болып келеді. Ол оқытудың құрылымдық-функциялық негізі. Жаңа қимыл-қозғалыстар талаптарын бұл алғы шарттар қанағаттандырады, сәйкес келеді немесе жеткіліксіз болады. Жеткіліксіз жағдайда оқу процесі созылып кетуі мүмкін. Сондықтан берік морфофункциялық іргетас қалауды жаңа қимыл-қозғалыстарға үйретудің ең тиімді жолы ретінде қарастыру қажет. Қандай жағдайда болсын біртұтас организм үшін көздеген мақсатқа тиімді және үнемді жолдармен жету ережелері өздерінің маңызын жоймайды.

Күрделі қимыл-қозғалыстарға оқытуда логикалық соңына жеткен элементтерді бөлшектеуге болады. Алайда, балаларды оқыту барысында күрделі қозғалыстар элементтерінің ішкі тұтастығын сақтайтын әдістер басқадан артық келеді. Бастапқы кезеңде оләдістер жеңілдетілген жағдайларда өткізілуі мүмкін. Мұндай жеңілдетілген жол дене сапаларының максимал дәрежеде білінуін талап ететін жағдайларда жаттығуларды меңгеру сатыларында жақсы. Күрделі жаттығуларға үйретудің бірінші кезеңінде, қимыл-қозғалыстар автоматизмі пайда болғанша, қосымша амалдар мен жағдайларды пайдаланудың қажеті жоқ.

Жаңа қимыл-қозғалыстарды үйренудің табыстылығы балалардың қимыл әрекеттеріне оңтайлы жағдай жасаумен байланысты. Назарды белсенді күйге келтірудің түрлі әдістерін қолдану, сабақтың кіріспе бөлімінде болашақ әрекеттерге жан-сезімдік сезінуді қамтамасыз ету орталық жүйке жүйесінің оңтайлы қозғыштығын жасауға атсалысады.

Күрделі қимыл-қозғалыстарға шаршаған жағдайда үйрену өте тиімсіз. Қалыптасқан қимыл дағдысының беріктігі үйреніп жатқан қимылдарды қайталау санына тәуелді. Орындалу дұрыстығын оқытушының тынымсыз бағалауымен қатар оларды қанша рет қайталауын қадағалау, жаттығудың жеткілікті меңгерілуінің негізгі шарттарының бірі болып келеді. Индифференттік тітіркендіргіштердің күші, дәлірек айтқанда, үйренетін қимыл-қозғалыстардың өзі, оңтайлы дәрежеде болу керек. Шамадан тыс күшті тітіркендіргіштер, яғни өте күрделі жаттығулар, оқушның қимыл-қозғалыс функцияларының жастық даму ерекшеліктеріне сай келмейтіндері меңгерілмейді. Крісінше, күші жағынан әлсіз, баланың ынтасын тудыра алмайтын қарапайым қимыл-қозғалыстар, оларды қайталай орындау үшін қозғаушы бола алмайды.

Ерікті қимылдарды қуаттаушы агенттің индифферентті агентке қарағанда күші максимал болуы керек. Оқушының әрекеттерін бағалау, түсінік беру, қателіктерін түзету, үнемі назарда ұстау жаңа қимыл-қозғалыстарға үйретудің тиімділігін арттыруға септігін тигізеді.

Табиғи қимыл-қозғалыстарға жақын (мысалы, жүгіріс) .

Спорттық жаттығуларға үйрету, оларда қимылдың іштен туа біткен механизмдерінің (элементтері) басым болуы себебін жеңіл келеді. Алайда оқытуда жіберілген қателіктер қимыл-қозғалыстардың табиғи реттелу негіздерін жоюы мүмкін. Мұндай қауіпті салдарға қимылдардың қалыпты физиологиялық реттелу механизмдеріне сәйкес келмейтін үйретудің алуан түрлі нысанды әдістері мен амалдарын енгізу себеп болады.

Күрделі қимыл-қозғалыстар үйретудің әдістемесін алдын ала мұқият жасауды талап етеді. Ондай әдістеме балалардың қимыл-қозғалыс функцияларының реттелуі мен қалыптасуының жалпы заңдылықтары жөніндегі білім негізінде құрылады. Күрделі қимылдарды орындаған кезде оларға бағытталған саналы да, жігерлі бақылаулар, қимылдардың табиғи формаларын меңгеруге қарағанда, ұзағырақ сақталуы керек. Жеке бөлшегі не болмаса тұтас қимыл-қозғалыс автоматтандырылған сайын, оны санамен бақылау әлсірей береді. Іштен туа біткен қимыл-қозғалыс әрекеттеріне тән қимыл-қозғалыстар еріксіздік бейнелеріне ие бола бастайды.

Балалар мен жасөспірімдерді қимыл-қозғалыстарға үйретудің ерекшеліктері. Жаңа қимыл-қозғалыстарға үйрету қарапайым қимыл актілерінің табиғи бейнелерінің жастық алғы шарттарына негізделеді. Тұңғыш балалық шақтағы бейберекет қимыл-қозғалыстардан, сансыз сынаулар мен байқаулар арқылы, оларды орындаған шақтарда ұшырасатын сәтсіздіктерден аса отырып, бара-бара мақсатты қимыл-қозғалыстар қалыптасады. Мақсатқа сәйкес қимыл әрекеттерін қуаттау-ерікті қозғалыстарды қалыптастыруға бағытталған қажетті әрекеттер. Мысалы, баланың шап беріп ұстай алатын қимылдарын, бірнеше рет тамақ немесе басқа биологиялық маңызы зор агенттермен қуаттаса, олар мақсатты сипатты қимыл әрекеттеріне айналады.

Тұңғыш даму кезеңдерінде баланың қимыл-қозғалыс (локомоторлық) функциясы өте қарапайым формаларында іске асады.

Бір-екі жастағы бала жүрісін еске түсірейік. Оның қимыл белсенділігі, көптеген спорт түрлеріндегі немесе әртістік өнердегі қимыл-қозғалыстарға мүлде ұқсамайды. Қимыл-қозғалыс функциясының дамуы біркелкі емес. Туғаннан соң бір жасқа дейін бала өте тез өседі. Тұңғыш балалық шақта тұлға бұлшық еттерінің массасы тек артады. Тек мектепке дейінгі жаста ғана (5-6 жаста) қолдарының ұсақ бұлшық еттері тез дамиды. Бұл жаста бала саусақтары дәл және нәзік қимыл-қозғалыстарға ие бола бастайды.

Тірек-қимыл аппаратының және орталық реттеуші мезанизмдерінің жетілуі жоғарылаған сайын жаңа қимыл-қозғалыстарды меңгеру қабілеті артады. Бастауыш сыныптағы балалар, шапшаң шешім қабылдап орындауды талап ететін, аяқ астынан пайда болатын қимыл-қозғалыс жағдаяттарына салыстырмалы тез бейімделеді. Қимыл-қозғалыс дағдыларын үйрену және оларды орнықтыру жеделдігі көптеген жағдайларда оқытушының шеберлігіне. Қуаттау әдістерінің ебін табуына, баланың сабаққа деген ынта-жігерін арттыра білуге байланысты. Сондықтан физиологиялық әрі педагогикалық тұрғыдан алғанда да, түсінік беріп, жаттығулардың орындалуына баға беріп, баланың қимыл әрекеттеріне тұрақты бақылау жасап отырғанымыз дұрыс.

Ерікті қимыл-қозғалыстардың қалыптасуы оқытудың алғашқы кезеңдерінде шартты рефлекстік әрекеттердің жалпы заңдылықтарына тәуелді. Жастық даму және түйсіктің қалыптасуы барысында осы заңдылықтар жаңа сапалық мазмұнға ие бола бастайды. Қимыл-қозғалыстарға саналы ынта-жігерді бақылау оқудың нәтижелі болуының басты кепілі болып келеді. Соныдақтан қолда бар қуаттаушы агенттердің ішіндегі әлеуметтік маңызы бар түрін пайдалану маңызды.

Баланы жаңа қимыл-қозғалыстарға үйрету жолындағы қуаттаушы агенттер: мұғалімнің сөзі, әрекет жетістіктерін бағалауы, баланың өз табыстарының маңызын ұғынуы және өзіне-өзі баға беруі. Алайда оқытудың тұңғыш кезеңдерінде үйреніп жатқан дене жаттығуларындағы табыстары қарапайым, сонымен қатар айқын, жағымды, табиғи, биологиялық мазмұны құпия емес агенттерді пайдаланған жөн. Қимыл-қозғалыстарды орындап жатқан мезгілдің өзінде немесе орындалып біткеннен кейін нақты бейнелі қуаттаулар оқытуды жеңілдетеді. Мұндай әдістер бастауыш сыныптардағы оқушылардың ойлау қасиетінің ерекше бейнелі болуымен байлынысты. Оларда нақты тітіркендіргіштердің әлі де болса көбісі сөз бейнесіне ие бола қойған жоқ. Сондықтан балаларға қуаттаушы заттық агенттер әсер етеді.

Бастауыш сынып жасындағы балалар техникалық жағынан күрделі қимыл-қозғалыстар формаларын меңгеруге қабілетті. Бұл 7-8 жаста жоғары жүйке әрекеттерінің дамуы едәуір биік сатыға көтерілгенін көрсетеді. Осы уақытқа дейін жүйке жасаушаларының (клетка) өте маңызды өсу сатысы құрылымдық саралап жіктеумен аяқталады. Абстракциялық ойлау негізі болатын іштен сөйлеу мүмкіндіктерінің қалыптасуы қарқынды түрде артады. Алйда ішкі тежелу процестері әлі де болса жетілмегендіктен, жаңа қимыл-қозғалыстарды жасау оларға қиынырақ түседі.

Баланы қимыл-қозғалыстарға үйрету шапшаңдығы оның сыртқы әсерлерге деген бейімделгіштігіне байланысты. Балалардың жеке дамуында түрлі бағыттағы дене жүктемелеріне сезімтал келетін кезеңдер байқалады (сын екзеңдері) . Мысалы, 6-8 жастағы баланы коньки тебуге, 9-11 жас кезіндегіден үйрету жеңіл. 8-12 жас аралығында, дәлдік пен жоғары үйлесмділікті, кеңістікті бағдарлай алу қасиетінің қарқынды дамуына байланысты, іс жүзінде қандай да болсын қимыл-қозғалысқа үйретуге болады.

Мектепке дейінгі жаста екі аяқ пен бір сәттілік қимылдарды (мысалы, екі аяқпент теуіп секіру) жасау қиындық туғызады, өткені туа біткен қайшылас координация әлі де сақталған. Тек 7-8 жасқа дейін аяқпен бір сәттілік симметриялық қимыл-қозғалыстар жасауға қажетті үйлесімділіктің физиологиялық механизмдері дамып жетіледі. 8-9 жастан бастап жүгіріс пен жүзудің жылдамдығы қарқынды өсе бастайды, ал 10-11 жасқа жақын жүгіріс адымдарының жиілігі максимал дәрежесіне жетеді, тіпті 10-11 жастағы балалар осы жағынан 12-14 жастағы жасөспірімдерден асып түседі.

Жасөспірімдік және бозбалалық жастарға дерексіздік ойлаудың басым болуымен байланысты, нақты, заттық тітіркендіргіштерге қарағанда, сөз сигналдарына шартты қимыл рефлекстері тез жасалады. Сондықтан (әсіресе бозбалалық шақта), негізінен, сөздік әдістерді пайдалану арқылы қимыл-қозғалыстарға үйрету физиологиялық тұрғыдан негізді. Жасөспірімдер жоғары қозғыштығымен, өте жоғары қимыл белсенділігімен, қимылдарының ретсіздігімен (ебедейсіздігімен) ерекшеленеді. Жыныстық жетілу кезеңіне жақын мидың талтау-түзу функциясының мүмкіндігі жоғырылайды. Дене жаттығулары сабақтарының мазмұны мен маңызын түйсіну арқылы, жасөспірім олардың түрлерін тез меңгереді.

Жасөспірім психикасының тұрақсыздығы оның дене жаттығуларына деген назарын үнемі қуаттап тұруды қажет етеді. Бірақ олардың аса күрделі болмағаны жөн. Күрделі, қиын жаттығуларға немесе өте қарапайым жеңіл орындалатын жаттығулар сияқты қимыл-қозғалыстарға ынта-жігер тез сөнеді. Дене жаттығуларына аса қол жетімділік әдісін меңгеруге деген немқұрайлылыққа әкеледі. Дәл осы жаста, жаттығуларды орындау арқылы физикалық жан-жақты даму, проприоцепция аппаратын жетілдіретін дұрыс техникамен қабаттасуы керек.

Тиімді құрылған дене жаттығуларының сабақтары, ағзаның мүшелері мен ұлпаларының дамуын, өсуін күшейте отырып, биологиялық процестерді құрайды. Жасөспірімдер өзінің мүмкіндіктерін асыра бағалай отыра күш жаттығуларымен, ауыр заттарды көтерумен, күрделі акробатикалық, гимнастикалық және басқа жаттығулармен өзін-өздері жүктейді. Осындай ерекешліктерді ескере отырып, спорттық жарақаттарға әкелетін және техникалық дилетантизмнің потенциялдық қайнар көзі болатын жаттығуларды сабақ барысына кіргізуге болмайды.

Қимыл-қозғалыстарға үретудің физиологиялық заңдылықтары

Адамның ерікті қимыл-қозғалыстарының қалыптасуы санасының белсенді түрде қатысуымен қабаттаса жүреді. Қимыл-қозғалыстарға үйретудің гытижесі жатталатын дене жаттығуларының маңызын түсінуіне, оқушылардың қызығушылығына, оқыту әдістерінің балалардың жастық ерекшеліктеріне сәйкес келуіне тәкелді.

Адамның қимыл-қозғалыс әрекеттері екінші сигналдық жүйенің қызметімен тығыз байланысты. Сондықтан қимыл амалдарына үйрету процесінде оларды іс жүзінде орындап көрсетумен қатар, сөзбен бейнелер жасалғаны жөн. Алайда, ерікті қимылдарды бойға сіңіру процесінде қимыл тәжірибесінің шешуші рөл атқаратынын естен шғармаған жөн. Адамның ерікті қимылыдарын жануарлардың шартты рефлекстерімен теңеуге болмайды. Жануарлардың шартты қимыл рефлекстері, әдетте, шартсыз рефлекстерді немесе олардың өзгертілген формаларын қайталайды. Ал адам іс-әрекеттерінің мақсатқа сәйкестілігі туа біткен рефлекстерді қайталауға жатпайды. Крісінше, ол жеке даму процесіндегі күрделі шартсыз рефлекстердің және қимыл-қозғалыстардың бойға сіңірілген жаңа формаларының бірлестігі болып келеді. Адамның қимыл-қозғалыс әрекеттері ең жоғары психикалық функцияларымен, сана-сезімімен және ойлауымен байланысты. Алам мен жануар үшін бірдей шартты тітіркендіргіштердің биологиялық маңызы мен күштерінің арасындағы ерекшеліктері өте маңызды. Сыртқы ортаның қандай болсын агенті адам мен жануарлар үшін шартты рефлекстердің жасалуына сигнал бола алады. Бірақ адам үшін сөз-өте жоғары маңызды сигнал.

в) Жасөспірімдердің тірек-қимыл жүйесінің физиологиялық негіздері

Қимыл-қозғалыс белсенділігі-жоғары дамыған тірі материяның ерекшелігі ғана емес, тіршілікке қажетті жағдай. Адамның эволюциясындағы дамуы оның барлық мүшелері мен жүйелерінің қалыпты қызмет атқаруын тек белсенді қимыл-қозғалыс әрекеттері бар жағдайларда ғана мүмкін еткен.

Баланың қимыл-қозғалыстар табиғи мұқтаждығы шектелген болса, оның іштен туа біткен мүмкіндіктері өз маңызынан айырылады. Әрекетсіздік денені де бұзады. Қимыл-қозғалыс белсенділігінің шектеулі ағзаның қызметтік және құрылымдыө өзгерістеріне әкеліп, өмірін қысқартады.

Қимыл-қозғалыстар-жануарлар дүниесінің тірішілік етуінің және эволюциядағы оның прогресінің шарты. Энергия ресурстарын қорға жинау, тыныштық күйде оларды үнемді жұмсау және соның нәтижесі ретінде өмірдің ұзаруы қаңқа бұлшық еттерінің белсенділігіне байланысты. Осы тұрғыдан алғанда, қаңқа бұлшық еттерінің шамалы қарқыны бар әрекеттері тиімді болып келеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Химия сабақтарында интерактивті оқыту технологиясы
Допты алып жүру
Өзін-өзі тәрбиелеу мен қайта тәрбиелеу
Оқушылардың өзін-өзі тәрбиелеуін ұйымдастыру
Ауылдық жердегі балалардың қазақтың ұлттық ойындары арқылы өзіндік сабақтарында дене дайындығы дағдыларын қалыптастыруы
Баскетбол секциясының маңызы
Футболшылардың дайындық әдістемесі
Ағаш өңдеу токарь станогын оқытудың әдістері мен формалары
Қазіргі заманғы оқыту технологиясы
Дене шынықтыру сабақтарында оқушыларға үйретуге болатын ұлттық ойындар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz