Компьютерлік қылмыстардың криминологиялық сипаттамасы


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 62 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті

Тауекелова Г. Ж.

Компьютерлік қылмыстардың криминологиялық сипаттамасы

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫСЫ

5В030100-Құқықтану мамандығы

Костанай, 2017

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті

\

«Қорғауға жіберіледі»

Қылмыстық құқық және

процесс кафедрасының

меңгерушісі

Байсарин Б. З.

___ 20___ж.

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫСЫ

тақырыбы: «Компьютерлік қылмыстардың криминологиялық сипаттамасы»

5В030100-Құқықтану мамандығы

Орындаған: Г. Тауекелова, күндізгі оқу

нысанының 4 курс студенті

Ғылыми жетекші: аға оқытушы, О. Оразбаев

Қостанай, 2017

А. Байтурсынов атындағы Костанай мемлекеттік университеті

Қылмыстық құқық және процесс кафедрасы

Мамандығы: 5В030100-Құқықтану

Оқу нысаны және бағдарламасы: негізгі білім беру бағдарламасы

БЕКІТЕМІН

Кафедра меңгерушісі

қолы аты-жөні

. 20__ж.

Диплом жұмысын орындау үшін

ТАПСЫРМА

Студент Тауекелова Гулмира Женискызына

Тақырып: Компьютерлік қылмыстардың криминологиялық сипаттамасы

Университет бойынша. 20 __ ж. №___ бұйрығымен бекітілген

Аяқталған жұмыстың тапсыру мерзімі . 20 __ ж.

Жұмысқа керекті бастапқы деректер Монографиялық, оқу, оқу-әдістемелік, анықтамалық, энциклопедиялық және кезекті басылымдар.

Дипломдық жұмыста әзірленетін сұрақтар тізімі немесе дипломдық жұмыстың қысқаша мазмұны: Компьютерлік қылмыстардың түсінігі және олардың жүйесі; компьютерлік қылмыстардың жасалу тәсілдері; компьютерлік қылмыстар және оны жасайтын қылмыскерлердің жеке ерекшеліктері; компьютерлік қылмыстардың негізгі туындау себептері мен мақсаттары.

Ұсынылатын негізгі әдебиеттер тізімі:

1. Қазақстан Республикасының Конституциясы, 1995 жыл;

2. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі, 2014 жылғы 3 шілдедегі № 226-V ҚРЗ;

3. Назарбаев Н. Ә. Гүлдену, қауіпсіздік және барлық қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыру. Қазақстан Республикасының Прездентінің халыққа жолдуы, 11 қазан 2006.

Жұмыс бойынша кеңес

Тарау
Мерзімі

Кеңесші

аты-жөні

Қолы
Тарау: 1
Мерзімі: қараша 2016 ж. - қаңтар 2017 ж.
Кеңесшіаты-жөні: Оразбаев О. С
Қолы:
Тарау: 2
Мерзімі: қаңтар-ақпан 2017 ж.
Кеңесшіаты-жөні: Оразбаев О. С
Қолы:

Мазмұны

Кіріспе. . … . . .
4
Кіріспе. . … . . .: 1 Компьютерлік қылмыстылықтың түсінігі және олардың жасалу тәсілдері . . .
4: 8
Кіріспе. . … . . .: 1. 1
4: Компьютерлік қылмыстың түсінігі және криминологиялық сипаттама . . .
8
Кіріспе. . … . . .: 1. 2
4: Компьютерлік ақпараттарды пайдалана отырып жасаған компьютерлік қылмыстардың жүйесі . . .
12
Кіріспе. . … . . .: 1. 3
4: Компьютерлік қылмыстардың жасалу тәсілдері . . .
15
Кіріспе. . … . . .: 2 Компьютерлік қылмыстардың криминологиялық сипаттамасы .
4: 32
Кіріспе. . … . . .: 2. 1
4: Компьютерлік ақпарат қылмыстық қол сұғушылықтың объектісі ретінде . . . … . . . . . .
32
Кіріспе. . … . . .: 2. 2
4: Компьютерлік қылмыскерлердің жеке ерекшеліктері туралы мәліметтер . . . ……. . . . . …… . . .
33
Кіріспе. . … . . .: 2. 3
4: Компьютерлік қылмыстар және оны жасайтын қылмыскерлер . . .
35
Кіріспе. . … . . .: 3 Компьютерлік қылмыстылықпен күрестің криминологиялық аспектілері . . .
4: 41
Кіріспе. . … . . .: 3. 1
4: Компьютерлік қылмыстардың себептері мен мақсаттары . . .
41
Кіріспе. . … . . .: 3. 2
4: Компьютерлік қылмыстардың алдын алу шаралары . . .
44
Кіріспе. . … . . .: Қорытынды . . .
4: 51
Кіріспе. . … . . .: Пайдаланған дереккөздер тізімі . . . ……. . …… . . . . . .
4: 53
Кіріспе. . … . . .: Қосымшалар . . .
4: 55

Кіріспе

Адам ойының ғылыми - техникалық жетістіктерінің бірі, онсыз әр түрлі ақпараттардың кең ауқымын сақтау, өңдеу және пайдалану мүмкін емес болатын, басқару процесіне және қоғам өмірінің басқа да салаларына электрондық - есептеуіш техниканы енгізу болып табылды. Бұл жетістік ғылым, техника және білімнің басқа да салаларын дамытуда баға жетпес пайда әкелді. Алайда, бұл техниканы пайдалану арқасында алу мүмкін болатын пайданы қылмыстық мақсатта да пайдалана бастады. Осылайша, қылмыстың жаңа түрі - оны жасаудағы қоғамдық қауіпті салдары басқа қылмыстардың залалдарымен салыстыруға келмейтін, компьютерлік қылмыс пайда болды. Орталық және Шығыс Еуропа елдерінің құқық қорғау органдарының сарапшыларының бағалауынша, компьютерлік қылмыспен күрес мәселелері бойынша, электрондық - есептеуіш машиналарын пайдалану саласындағы қылмыстардан қылмыскерлердің пайдасы есірткі саудагерлерінің және қару - жарақ сатудан түскен кірістерден кейінгі үшінші орынды иеленеді, ал келтірілген шығын көлемі қазірдің өзінде миллиардтаған доллармен бағаланып отыр. Тек АҚШ - та ғана жыл сайын осындай қылмыстар түріндегі экономикалық шығындар шамамен жүз миллиард долларды құрайды. Өткен ғасырдың 80-ші жылдардың ортасында Ұлыбританияда компьютерлік қылмыстардан болған шығын 750 миллион фунт стерлингті құраған болатын. Қазіргі уақытта олар екі есе өсіп жатыр [1] .

Дипломдық жұмыстың өзектілігі. Біздің еліміздің дамуының қазіргі заманғы кезеңі жалпы алғанда қылмыстың салыстырмалы түрде жоғары сандық өсуімен ғана емес, сондай-ақ сапалық өзгеруімен де сипатталады. Жоғары технологиялардың дамуы көптеген халыққа қоғамның ұтқырлық деңгейін көрсететін дербес компьютерлер, ұялы телефондар, модемдер және басқа да байланыс құралдарын иеленуге мүмкіндік беріп қана қоймай, сонымен қатар қылмыстық мақсатта техникалық құралдарды асыра пайдаланудың жаңа түрлері мен нысандарының пайда болуы үшін жағдай жасайды.

Еліміздің қорғаныс қабілетіне, азаматтардың қауіпсіздігіне, экономиканың тұрақтылығына орасан зор материалдық зиян келтіретін, көбірек батыл және күрделі қылмыстарды жасау үшін қылмыстық топтармен және қоғамдастықтармен жаңа ақпараттық технологияларды белсенді қолдану қазіргі уақыттағы тенденциялардың бірі болып табылады. Ақпараттық технологиялардың, халықты компьютерлендірудің дамуы тек қана қылмыстық қол сұғушылықтың жаңа түрінің пайда болуына ғана емес, сондай-ақ компьютерлік қылмыс сияқты құбылыспен күресуге бағытталған қылмыстық-құқықтық саясатты жетілдіру қажеттілігіне де әкеледі. Бұл бағыттағы негізгі қадамдарының бірі Қазақстанда 1997 жылғы қабылданған Қылмыстық Кодекс болып табылады. Қазақстанның Қылмыстық Кодексінің 7-тарауы, яғни «ақпараттандыру және байланыс саласындағы қылмыстық құқық бұзушылықтар» компьютерлік ақпараттарға заңсыз кіру, құру, пайдалану және электрондық-есептеуіш машиналар (ЭЕМ) үшін зиянды бағдарламаларды тарату үшін қылмыстық жауапкершілікпен толықтырылды [2] .

Р. А. Назмышевтың байқауынша Қазақстан Республикасының ҚК-нің құрылымындағы компьютерлік ақпарат саласындағы әрекет үшін қылмыстық жауапкершілік Ресей қылмыстық заңнамасымен салыстырғанда қылмыстық-құқықтық қорғаудың оқшау объект мәртебесін ала алмады және экономикалық қызмет саласындағы қарым-қатынас болып табылатын қол сұғушылықтарды жасау кезіндегі объектілердің әрекеттерінің ортасында жоғалып кетті [3] .

Сонымен қатар айта кететін бір жайт, қылмыстық заңнама үшін осы новелланың жаңалығына қарамастан, жоғарғы дәрежедегі технологиялық дамуы бар әлемнің көптеген елдерінде компьютерлік қылмыстармен күресуі бұрыннан бері мемлекет саясатының басым бағыттарының бірі болып табылады. Баяндалғандарда қазіргі заманғы ғана емес, сонымен бірге осы мәселе тұрғысынан дәл осы кешенді зерттеу, өздерінің криминалдандырылған құрамын, сондай-ақ олардың жай-күйін және даму үрдісін, сонымен қатар қылмыстық-құқықтық және ұйымдық-техникалық нысандарының алдын алудың осы мәселеге жататындығын көрсетеді.

Қоғамда болып жатқан өзгерістер, тұрақтылықтың және реформаның, оның ішінде құқықтық жүйеліліктің болмауы заңнамалық деңгейде жарияланған сол барлық декларациялардың іске асырылуына сөзсіз әсер етеді. Қылмыстық Кодекс құрамындағы қылмыстардың кең ауқымын кеңейту, сондағы баптардың тұжырымдамаларын нақтылау қажеттілігі, өзге және басқа қылмыстардан компьютерлік ақпаратпен заңсыз іс-әрекерттерді шектеу кезінде сот-тергеу тәжірибесінің қателіктері компьютерлік ақпарат саласындағы қылмыстар туралы қылмыстық-құқықтық құрылым нормаларының жетілмегендігі осы уақытқа дейін өзекті мәселе болып қалады. Бұның барлығы компьютерлік қылмыстардың өсуін төмендетуге ықпал ететін ұсыныстар әзірлеу мақсаттарында неғұрлым терең зерттеуді жүргізумен ҚР ҚК-нің 227-бабына ғылыми талдау жасау қажеттілігін көрсетеді.

Құралдар бойынша қылмыстық қызмет саласын кеңейту үрдісі және ақпараттық технологиялар көмегімен ғылыми оқулар және компьютерлік ақпарат саласындағы қылмыстылық кешеніне келтірілген тереңірек білім қажеттілігін анықтайды, демек, осы зерттеудің өзектілігі оның теориялық және тәжірибелік маңыздылығы болып табылады.

Тақырыптың зерттелу дәрежесі. Компьютерлік ақпарат саласындағы қылмыс өзектілігінің үнемі артып келе жатқанына қарамастан, осы мәселе бойынша ең негізгі зерттеулер Қазақстанда да, Ресейде де өте аз екендігін атап өткен жөн. Соңғы он жылда жарияланған жұмыс, өзінің жалпы үлесі компьютерлік қылмыстардың криминалистикалық және криминологиялық аспектілерді қарауға арналған. Өз кезегінде осы мәселелерді шешуге, сондай-ақ осы қылмыс түрінің шығу тарихы, оның ерекшеліктері, себептері және жағдайлары, «компьютерлік» құқық бұзушылық жасаған тұлғаға байланысты сұрақтар мына ғалымдардың еңбектерінде көрініс тапты: Ю. М. Батурин, В. А. Бессонов, В. Б. Вехов, П. Б. Гудков, К. А. Зуев, И. И. Исаченко, В. В. Крылов, И. З. Карась, Г. Б. Кочетов, А. Н. Караханьяна, В. Д. Курушин, В. Д. Ларичев, В. Ю. Максимов, Л. А. Прохоров, А. В. Славнова, Т. Г. Смирнова, Е. А. Суханов, Б. Сырков, С. И. Ушаков, А. А. Харкевич, А. Черных, Э. Черных, К. Шеннон, Л. И. Шершнев, Н. И. Шумилов, В. Черкасов, Н. Яблоков және тағы басқалар.

Осы мәселені зерттеуде Қазақстандық ғалымдарда үлкен үлесін қосты. Олар: профессор Б. Х. Төлеубеков, А. Н. Ағыбаев, Е. О. Алауханов, И. И. Рогов, С. М. Рахметов, Е. И. Кайыржанов [4] .

Зерттеу объектісін компьютерлік қылмыстар үшін қылмыстық жауапкершіліктің құқықтық аспектілерін құрайды.

Зерттеу пәні компьютерлік қылмыс қазіргі заманғы криминологиялық мәселе болып табылатындығында.

Жоғарыда айтылғандарға байланысты дипломдық жұмыстың мақсатын тұжырымдаймыз.

Жұмыстың мақсаты - компьютерлік қылмыс ұғымын ашу, олардың тиімділігін төмендететін, кешенді факторлар іс-әрекеттеріне бағытталған компьютерлік қылмыстарға бақылау шараларын анықтау болып табылады. Сондай-ақ Қазақстанда компьютерлік қылмыстармен күрес және алдын алу бойынша жан-жақты стратегия және компьютерлік қылмыстылыққа бақылау тиімділігін арттыру ұсынысын тұжырымдауды әзірлеу болып табылады.

Қойылған мақсатқа жету үшін бірқатар тапсырмаларды шешу қажет. Олар:

1. компьютерлік қылмыстың түсінігін қарау және оған түсінік беру;

2. компьютерлік қылмыстың жүйесін зерттеу;

3. компьютерлік ақпарат саласында қылмыстардың саралануын қарастыру;

4. компьютерлік қылмыстармен күресуде отандық тәжірибелермен танысу.

Зерттеу жұмысың әдістемесі және әдіснамасы. Бұрынғыдай, қазірдің өзінде де зерттеу пәнін және объектісін зерттеуге мүмкіндік беретін, құқықтық құбылыстардың және қоғамдық процестердің ғылыми біліміне диалектикалық көзқарас дипломдық жұмыстың әдіснамалық негізін құрайды. Ғылыми тұжырымдамалар және ұсынымдар қолданыстағы қылмыстық заңнаманың ережелеріне және Қазақстан Республикасының заңдарына; ҚР Жоғарғы Сотының нормативтік қаулыларының талдауына және Қазақстанның жарияланған соттық тәжірибесіне негізделеді. Дипломдық жұмыста негізгі ғылыми әдістер ретінде салыстырмалы-құқықтық, әлеуметтік, логикалық, криминологиялық іріктеп зерттеу және қылмыстық істерді қорыту, жүйелі талдау әдісі, статистикалық және басқа да жеке ғылыми әдістер қолданылды.

Қазақстан Республикасы Бас Прокуратурасының құқықтық статистика және есепке алу бойынша Комитетінен алынған статистикалық деректер, нормативті-ведомстволық құжаттар, қылмыстық істердің материалдары, сондай-ақ қылмыстарды ашуға мамандандырылған құқық қорғау органдары қызметкерлерінің және Қазақстанның судьяларының сұхбаттасу нәтижелері зерттеу жұмысының эмприкалық базасын құрайды. Зерттеу барысында құқық қорғау органдары және сот төрелігі органдары қызметкерлерінен және Қазақстанда компьютерлік ақпарат саласында қылмыстармен күресу және заңнаманың жетілдіру мәселелері бойынша 50 тәжірибелік сауалнама жүргізілді.

Зерттеу жұмысының теориялық базасын криминология, қылмыстық және әкімшілік құқық, әлеуметтану, информатика, философия, психология және басқа да ғылым салалары бойынша белгілі отандық және шетелдік ғалымдардың еңбектері құрайды. Зерттеу жұмысының теориялық және тәжірибелік маңыздылығы. Дипломдық зерттеу ҚР ҚК-нің 227-бабында көзделген қылмыстың субъектісі туралы түсінікті тереңдетеді және жүйелейді; осы тұлғалардың қылмыстық мінез-құлық негізінде жатқан себептері мен шарттарын анықтауға, қылмыстарды жасағанда оған тән нысандар мен әдістерін зерделеуге мүмкіндік береді. Зерттеу барысында алынған білім компьютерлік қылмыстарды қылмыстық-құқықтық және ұйымдастырушылық-техникалық құралдармен алдын алу мүмкіндіктерін неғұрлым толық кешенді ашуға ықпал етеді. Дипломдық жұмысты құрайтын ережелер мен қорытындылар қылмыстық заңнаманы жетілдіру кезінде және оны тәжірибе жүзінде қолдану кезінде пайдаланылуы мүмкін. Зерттеудің тәжірибелік маңыздылығы оның нәтижелері құқық қорғау органдары қызметінде қолдану мүмкіндігі арқылы, сондай-ақ оқу процесінде қылмыстық құқық, криминология, қылмыстық-атқару құқығы, информатика және басқа да пәндер курстарын оқу кезінде, көрсетілген пәндер бойынша оқу, ғылыми және әдістемелік әдебиеттер дайындау мен шығару арқылы анықталады.

Дипломдық жұмыстың құрылымы кіріспеден, негізгі үш тараудан, сегіз тараушадан, дипломдық жұмыс бойынша қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 Компьютерлік қылмыстылықтың түсінігі және олардың жасалу тәсілдері

1. 1 Компьютерлік қылмыстың түсінігі және криминологиялық сипаттамасы

Компьютерлік қылмыс - компьютерлік ақпарат қылмыстық қол сұғушылықтың заты болып табылатын компьютерлік қылмыстардың жиынтығы, сондай-ақ құралы компьютерлік ақпарат болып табылатын, қоғамға қауіпті іс-әрекеттер салдарынан жасалған қылмыстар. Бұл әрекеттер компьютерлік ақпарат саласындағы қауіптілікке қол сұғады және қазіргі әлемде зиянды және ең қауіпті құбылыстың бірі болып табылады [5] .

Тұтастай алғанда қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды криминалды мақсатта пайдалану «компьтерлік қылмысты» өте пайдалы етіп қана қоймай, сонымен бірге жеткілікті түрде қауіпсіз іс етті. Және БҰҰ-ның астындағы комитеттерінің бұл мәселені терроризммен және есірткі бизнесімен бірге бір қатарға қоюы бекер емес.

Еуропа мен Африкада «компьютерлік қылмыстардан» болатын барлық жыл сайынғы шығындар (ең қарапайым есептеулер бойынша) бірнеше ондаған миллиард долларды құрайды. Бұл ретте 90% жағдайларда тінтушілерге қылмыскерлердің ізіне түсу мүмкін емес болып отыр. Және осындай құқық бұзушылықтар ең алғаш рет 1966 жылы Америкада тіркелген болатын және полициялар қазірдің өзінде бәрталай тәжірибе жинақтады.

Компьтерлік қылмыс - тек ақша ұрлау ғана месе, сондай-ақ электрондық вирустармен тентектілік жасау болып табылады. Зиянды бағдарламаларды тарату нәтижесінде едәуір, сонымен қатар ешкіммен анықталмайтын шығындар туындайды. Ресейдің бағдарламалық қамтамасыз ету нарығында ай сайын 2-ден 10-ға дейін жаңа вирустар пайда болатыны тіркеледі.

Компьютерлік қылмыс түсінігі (немесе жоғары технологиялар саласындағы қылмыс, компьютерлік ақпарат саласындағы қылмыс) экономикалық қылмыс, ұйымдасқан қылмыс, сыбайлас жемқорлық, криминалдық кірістерді жария ету сияқты осындай түсініктермен бірге криминологтардың аппаратына, құқық қорғау органдарының тәжірибелік қызметкерлерінің және соттардың ұғымы қатарына берік енді.

Ұлттық криминологиялық ғылымда әлі күнге дейін компьютерлік қылмыстың болу және арту фактісіне қажетті назар аударылмайды, зерттеліп отырған қылмыстың криминологиялық сипаттамасы бойынша қазіргі заманғы қауіпті ескере отырып, ғылыми-зерттеу жұмыстары жеткіліксіз жүргізіледі. Осы уақытқа дейін компьютерлік қылмыстың құбылыс ретінде ерекше маңызы болмады және ТМД-ның басқа да мемлекеттерінде компьютерлік ақпарат саласында жасалған қылмыс экономикалық қылмыстардың жекелеген түрлердің жиынтығымен қарастырылады [6] .

Алайда, компьютерлік қылмыс - бұл басталған қиратқыш күштің баяу жарылатын бомбасы. Р. Гасановтың айтуынша: «компьютерлік әрекеттер қанды көше қылмыстарының артында елеусіз қалады. Тіпті сарапшылардың толық емес бағалауы бойынша, бұл қылмыс АҚШ-та жыл сайын адамзатқа кем дегенде 200 миллиард долларға шақ келеді. Банктік тонаушылар 10 мың долларға өмірімен тәуекел етеді, ал электрондық компьтерлермен күрделі іс-әрекет жасағанда шын мәнінде олар ештеңемен тәуекел етпей-ақ миллион доллар алуы мүмкін [7] .

Мамандармен жүргізілген көптеген әлеуметтік сауалнамалар көрсеткендей, көптеген компьютерлік қылмыстар үшін пайдакүнемдік мақсат тән, дегенмен де ХХ-ғасырдың 70-жылдарынан кейін көптеп басқа да мақсаттары пайда бола бастады (соның ішінде саяси, террористік және т. б) . Компьютерлік қылмыстың тұрмыс, сауда, көлік және т. б., яғни жалпы алғанда мемлекет қызметінің экономикалық бөлігін құрайтын барлық салаларды ғана қамтиды деп ойлау қате болар еді. Компьютерлік технологияларды қылмыстық пайдаланудың спектрінің іс жүзінде тікелей мақсаты бойынша оны қолданудың спектріне тең. Бұл ЭЕМ арқылы қылмыстық жолмен ену қорғаныс, ғарыш индустриясы, саясат және халықаралық қатынастар саласында да болуы мүмкін екендігін білдіреді [8] .

Осыған байланысты автор компьютерлік қылмыстарды криминологиялық аспектіде қоғамдық өмірдің жеке салаларын сипаттайтын, және оларды ірі блоктар бойынша қарастырған жөн деп санайды. Атап айтқанда бұл жерде экономикалық, саяси саладағы, әлеуметтік-рухани саладағы ақпараттық қауіпсіздікке қылмыстық қол сұғушылық жайлы сөз болып отыр. Автордың көзқарасы бойынша компьютерлік қылмыстарды әлеуметтік құбылыс ретінде сипаттау орынды, оның дамуына заңдылықты бекіту, сондай-а қарама-қарсы және алдын алу сипатындағы шаралардың болмауы әлеуметтік және несие жүйесінде компьютерлік қылмыстардың алаяқтық, ақша қаражаттарын ұрлау, ақпараттық жүйелерге санкциясыз (рұқсатсыз) қол жеткізу, коммерциялық тыңшылық сияқты түрлері ерекше тарала бастады. Алайда Өзбекстан үшін қаржы банк жүйесінің дамуына кардинг (электрондық пластикалық карталармен компьютерлік алаяқтық жасау) сияқты компьютерлік қылмыстың түрі ерекше қауіп төндіреді [9] . Өзбекстан Республикасында әлемдік экономикалық сауда, қаржы және несие облысына қарқынды енген осы саладағы жаңа интеграциалдық процестерді басынан кешкен, бұрын-соңды болмаған кредиттік-қаржылық, банктік, ақпараттық жүйелер мен деректер базасында жұмыс істеу бойынша қоғамдық қатынастарда ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету өзекті міндет болып отыр. Осы мекемелердегі өте әлсіз қорғау жүйесін назарға ала отырып, бұл қажет болып табылады.

Алайда, ақпараттық қауіпсіздіктің ең үлкен қаупі саяси қарым-қатынастар, ұлттық қауіпсіздік, қорғаныс салаларында және қоғамның басқа да маңызды саяси салаларында жүзеге асырылатын қол сұғушылықтан сезіледі. Қазіргі уақытта қоғамның ақпараттық қауіпсіздігі жиілеп кетуіне байланысты елеулі сындарға ұшырайды, әсіресе адамдардың өміріне былық, үрей, бағыттан адастыру, сау қоғамдық сана сезімінің толықтай басылуына ықтималды түрде әкеліп соғуға қабілетті ғаламдық интернеттегі қарақшылық шабуылдар және ақпараттық шабуылдар.

Жапондық желілерде заңды билік органдарын қиратуға, билікті күштеп басып алуға және басқа да қоғамға қарсы көзқарастар мен ойларға шақыру түрінде жарияланатын тиісті ақпараттық-насихаттаулар жиі жүргізілетін экстремистік сайттардың үлкен саны бар.

Көптеген дамыған елдер ақпараттық кеңістікте ірі лаңкестіктің болу мүмкіндігіне алаңдап отыр, атап айтқанда энергетика, телекоммуникация, авиациялық қызметтер, үкіметтік құрылымдар мен әскери объектілерге қарсы ірі кәсіпорындардың, барлық салалардың қызметін оқшаулауға, үкіметтік органдардың қызметін әлсірету, техногендік апаттарға, аварияларға халықаралық үрей тудыруға және басқа да деструктвті нәтижелерге әкелуі мүмкін. Елде стратегиялвқ маңызы бар объектілерге құпия сипатта жүргізілетін зерттеулер бар. Олар компьютерлік тыңшылықпен мамандандырылған компьютерлік қылмыскерлерге белгілі бір қызығушылық танытады. Бұл объектілердің қорғалу жай-күйі туралы ақпарат зерттеу үшін жабық, автордың пікірінше, объектілердің ақпараттық жүйесі және оларды өте мұқият қорғау қажеттілігі үшін әлеуетті төндіретін қауіп бар.

Қорғаныс қызметі саласында ғылыми зерттеулер, қарудың және әскери техниканың жаңа түрлерін құру, күрделі технологиялық процестер және тағыда басқа қымбат бағалы және неғұрлым қажеттілікте жүзеге асырылатын, кең тараған және тиімді болып табылатыны компьютерлік тыңшылық.

Әлеуметтік рухани салада компьютерлік қылмыстар қылмыстық-құқықтық қорғаудың маңызды нысандарына - тұлғаның намысы мен қадір-қасиеті, қоғамның рухани және адамгершілік ұстанымдары, жеке тұлғаның интеллектуалдық шығармашылық құқығы мен оның жемісіне қол сұғылады. Жаһандық желілерде анонимділіктің болуы, кең аудиторияны қамту, қылмыстық ізге түсу механизмінің жетілмнуі пқпараттық кеңістікте жала жабу, нәсілдік, ұлттық және өзге де ниетпен араздық пен өшпенділіктің өрлеуі, жеке өмірге қол сұғылмаушылықтың бұзылуы және т. б. осындай қауіпті қылмыстық әрекеттердің таралуына ықпал етеді. Компьютерлік желілерде іс жүзінде порнографиялық, соның ішінде кәмелетке толмағандар мен балалар бейнеленген материалдардың кедергісіз таралу фактісі ерекше алаңдаушылық туғызады. Мамандардың бағалауы бойынша интернет желісінде балалар порнографиясына қатысты жүз мыңнан астам сайттар тіркелген [10] . Бүкіл әлемде компьютерлік қарақшылық жаппай таралды. Компьютерлік қамтамасыз етуді өндіруші қауымдастығының деректері бойынша компьютерлік қарақшылық Қытайда - 98%-ды, Ресейде - 90-94%-ды, Ветьнамда - 92%-ды, Украинада - 91%-ды, Қазақстанда - 90%-ды, Германияда - 50%-ды, АҚШ-та - 35%-ды, Щвейцарияда - 28%-ды, Лихтенштейнде - 18%-ды құрайды (1 Диаграмма ) [11] .

Диаграмма 1 - Компьютерлік қарақшылық деңгейі

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Медицина қызметкерлерінің қылмыстық жауапкершілігі
Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстар туралы
АҚПАРАТТЫҚ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТАРМЕН КҮРЕСУДЕГІ ҚЫЛМЫСТЫҚ САЯСАТ
Қазақстанда криминология ғылымының қалыптасуы және дамуы
Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығының жағдайы мен кезеңдері
Жалдамалы кісі өлтірудің қылмыстық-құқықтық сипаттамасы
Кәсіпкерлік аясындағы қылмыстар
Компьютерлік ақпараттарға заңсыз ену субъектісі
Жеке қылмыстардың себептері мен жағдайлары
Криминологияның пәні, түсінігі және жүйесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz