Көркем шығарма арқылы оқушылардың құзіреттілігін қалыптастыру


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 3-5
І. Әдебиет методикасының қалыптуы . . . 6
1. 1 Әдебиет методикасының ғылым ретінде қалыптасуы 6-27
1. 2 Әдеби шығармаларды талдаудың әдістемелік жолдары 27-33
ІІ. Көркем шығарма арқылы оқушылардың құзіреттілігін қалыптастыру . . . 33
2. 1. Оқушыны ой еңбегіне қалыптастырудың тиімді жолдары 33-51
2. 2. Көркем шығарманы оқытудың маңызы 51-74
ҚОРЫТЫНДЫ 75-78
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 79-80
КІРІСПЕ
Зерттеудің өзектілігі: Бір адамның білімін екінші адамға меншіктелуіне психологияның қажеттігі сезіледі. Сол себепті «оқыту» деген терминді тек педагогика нысанасынан іздемей, психология тұрғысында анықтасақ, мынадай анықтама шығады: «Оқыту - қоғамдық-тарихи жиналған тәжірибелерді мақсаттылықпен қабылдау үрдісі. Бұның өзі тек педагогика аспектісінде ғана емес, қабылдаушының жас ерекшелігі мен нейропсихологиясы және патопсихология, оқу еңбегінің психологиясына қатыстылығын ескерген жөн. Мұнымен бірге қабылдаушының қабілеті мен ыңғай, бейім, іскерлігінің деңгейліктері мен оны ұйымдастыра білетін шеберліктеріне бағыныштылығы деген сөз. Ең бастысы - «Дамудың жақын алаңы», анықтап айтсақ, белгілі көркем шығарманың мұратын ашатын автор көздеген көзқарас, парадигма, ұстаным. Міне, осыны қабылдаушы аудармай ұғынуына құлшыныспен ынталанады деп түсінеміз. Қабылдаудың кезеңдері нысананың күрделілігімен үңдестікте келуіне болжамдар құрылады. Мұның өзінен субъектінің алған бағытына қарай үдемелеп отыратынын аңғаруға болады»[1]
«Оқу, «оқыту» деген термин - білім жиюдың әдістеріне қатысты оқу еңбегінің жетекші категориясы. Осының бәрі дерлік сөз сапасы мен сөйлеу шеберлігінің ойға тікелей бағыныштылығының көрінісі. Сол секілді дидактиканың оқыту сапасына қаңдай қатысы бар деген заңды сұрақ туады. Бұған жауап ретінде гректің didakticos - үлгі беру деген анықтамасын ұсынамыз. Әлемдік иерархияның таңбасы деп те осыны айтамыз. Міне, бүгінгі заманға дейін «дидактика» терминін тек педагогтар қолданып жүрген жоқ, мұнымен бірге ол әдебиеттің объектісіне де еніп кеткен. Мәселен, «Бұхар жыраудың дидактикалық жырлары», «Шал Құлекеұлының дидактикалық өлеңдері» т. б. бұл сөзге әдебиет, өнер саласындағы әлеуметтің құлағы үйренгелі қай заман. Бірақ, «дидактика» терминінің әдеби арнаның пәлсапалық мүмкіндігіне жасап келген қысастығы да жоқ емес. Нақтылап айтсақ, дидактиканың ой-түйіндерін өзінің шығармашылығына арқау еткен бірқатар жырау, ақын-жазушыларымызды дидактиканың бұғауынан шығармай келеміз. Сол себепті әдебиетті оқыту үрдісінде дидактиканың атқарар орны деген мәнге көңіл бөлу көзделеді. Бұл ұғым - әдебиеттің көзі мен нысанасы емес, оқытушының білім беру сәтіндегі жеке басының ізгілігі мен көлеңкелі тұстарына қарай жіктелуі. Кейбір жағдайларда жырау, ақын-жазушылар бағытының саяси ағымдарға ойыса отырып, құбылып, басқа өңге айналып кетуінің өзі де осының айғағы.
Біз зерттеуімізде осы оқытудың әдіс тәсілдерін, көркем шығармаларды талдаудың жолдарын қарастырдық. Бұл бағытта көптеген әдіскер-ғалымдар мен ұлағатты ұстаздардың еңбектерін зерттеп, өзімізге керек сөз маржанын теріп алдық. Әрі оны тек теріп алып қоймай, өз іс-тәжірибемізге енгізіп, сынақтап тиімді жақтарын ашып көрсеттік. Міне, осындай жұмыстар диплом жұмысының өзектілігін арттырады.
Зерттеудің мақсаты: Әдебиет әдістемесінің ғылым ретінде қалыптасуын, қазақ әдебиетін оқыту әдістемесінің қалыптасуын жан-жақты қарастыра келіп, әдебиеттің негізгі арқауы көркем шығармаларды талдаудың жолдарын көрсету; Әдебиетті оқыту саласында қызмет етіп, еңбек жазып жатқан әдіскер-ғалымдар мен ұлағатты ұстаздардың көркем шығарманы талдаудағы әдіс-тәсілдерін зерттеп, қажеттісін сұрыптап алу.
Зерттеу пәні: Әдебиет әдістемесінің ғылым ретінде қалыптасуы, қазақ әдебиетін оқыту әдістемесінің қалыптасуы, көркем шығармаларды талдаудың жолдары, иллюстрациялық талдау әдістері, жаңашыл әдіс-тәсілдер.
Зерттеу нысаны: Әдебиет әдістемесінің ғылым ретінде қалыптасуын, қазақ әдебиетін оқыту әдістемесінің қалыптасуын, көркем шығармаларды талдаудың жолдарын теориялық тұрғыдан зерттеу.
Зерттеу әдістері: Әдебиет әдістемесінің ғылым ретінде қалыптасуын, қазақ әдебиетін оқыту әдістемесінің дамуын, көркем шығармалардың әдіс-тәсілдерін қарастыру.
Зерттеудің ғылыми болжамы: Көркем шығарманы талдауда ұлағатты ұстаз Т. Жұрынқызының қолданған әдіс-тәсілдерін, әдіскер-ғалымдар Қ. Бітібаева, Қ. Айтжановлардың көркем туындыны талдау барысында амал тәсілдерін зерттеп, зерделеуде үлкен еңбек атқарғанымыз сөзсіз. Көркем шығарманы талдауда біз қарастырған әдіс-тәсілдер алдағы ұстаздық өмірімізге пайдасын тигізері сөзсіз.
Зерттеудің міндеттері: Әдебиет әдістемесінің ғылым ретінде қалыптасуын жан-жақты зерттеу.
-Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесінің қалыптасуын, дамуын анықтау.
-Көркем шығармаларды талдаудың жолдары зерттеу, қолдану аясын көрсету.
- Иллюстрациялық талдау әдістері мен жаңашыл әдіс-тәсілдерді тәжірибеде пайдалану жолдарын көрсету.
Зерттеудің теориялық-әдіснамалық негізі: Әдебиет әдістемесінің ғылым ретінде қалыптасуы, көркем шығармаларды талдаудың жолдары жайындағы ғылыми кітаптар, мақалалар, баспасөз материалдары, ғылыми зерттеулер.
Зерттеудің құрылымы: дипломдық жұмыс кіріспеден, екі тараудан және әп тару екі тараушадан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
« Әдебиет методикасының ғылым ретінде қалыптасуы» тақырыбында сонау көне заманнан бастап әдебиет методикасының ғылым ретінде қалыптасуы жайлы толық ақпарат берілді.
«Әдеби шығармаларды талдаудың әдістемелік жолдары» тақырыбында әдіскер-ғалымдардың әдеби шығарманы талдаудың көрсеткен жолдарын зерттей келе, нақты мысалдармен дәлелдей отырып, өз ойымызды білдірдік. Ұстаздардың ұстазы Т. Жұрынқызының әдебиет сабақтарында қолданған әдіс-тәсілдері жайлы мәлімет берілді.
«Оқушыны ой еңбегіне қалыптастырудың тиімді жолдары» тақырыбында түрлі әдіс-тәсілдер арқылы оқушыны ой еңбегіне қайлыптастырудың тиімді де ұтымды жолдары көрсетілді.
«Көркем шығарманы оқытудың маңызы» тақырыбында көркем шығарманы талдаудың маңыздылығына, көркем шығармаларды талдауда қолданылатын көрнекіліктер жайлы сөз қозғадық.
Қорытынды бөлімде болжамды дәлелдейтін зерттеудің негізгі нәтижелері мен тұжырымдары мазмұндалып, ғылыми-әдістемелік ұсыныстар берілді.
І. Әдебиет методикасының қалыптуы
1. 1. Әдебиет методикасының ғылым ретінде қалыптасуы
Әдебиетті оқыту әдістеменің ғылыми пән ретіндегі мазмұнының негіздерін анықтау аса қажетті емес. Басқа пәндерді оқыту әдістемелері сияқты қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі де белгілі бір жүйеге негізделіп дамиды. Осы орайда, әдістеменің бай мазмұны мен оның сан түйрлілігін ашатын пікірлердің де әр алуан екендігін айту қажеттігі туындайды. «Әдебиет әдістемесі - педагогикалық ғылымдардың саласына жататын ғылыми пән. Мұның қамтитын объектісі, қарастыратын мәселелері педагогикалық процесс, яғни мектепте әдебиетті оқыту сабақтары кезінде мұғалім мен оқушылардың оқу-тәрбие процесіндегі өзара қарым-қатынасы болып табылады, ол педагогика ғылыми теориясының жалпы қағида ережелеріне сүйенеді. Бірақ әдебиет әдістемесі педагогика сияқты мектеп, оқу-тәрбие мәселелерін тұтас алып қарастырмай, тек көркем әдебиетті оқып үйрену негізінде оқушыларға берілетін білім мен тәрбие мәселелерін ғана өз шеңберінде алып баяндайды», - деп жазды көрнекті әдіскер-ғалым А. Көшімбаев [2. 25. ] Бұдан әдебиет әдістемесі ғылымы мен жалпы педагогика ғылымының өзара байланыста болатынын көреміз. Әдістеменің қолданбалы ғылым екендігін және ол жалпы дидактиканы негізге ала отырып, алуан түрге ене алатынын көрнекті педагог Ж. Аймауытұлы айқындап айтқан.
«Ж. Аймауытұлы жалпы дидактика барлық пәндерге тиісті оқытудың жалпы заңдары, жолдары, оқытуға қатысты мәселелер туралы сөз ететіні, ал жеке әдістеме дидактикасының жалпы ережелерін тек пәндерді оқытқанда, қалай жинастыру, қандай әдіс қолдану туралы баяндайтынын айтады. Ж. Аймауытұлы сабақ беру үйреншікті жай шеберлік еместігін, ол үнемі жетілдіруді қажет етенін үнемі жаңалық табатын өнер», - деп бағалайды [3. 6. ]
Қазақ тілін мен әдебиетін оқыту әдістемесі ғылымының тарихында Ахмет Байтұрсынұлының көшбасшы болғаны белгілі. А. Байтұрсынұлының оқудың негізі білімді өз бетінше алу екенін айтқан пікірлері әлі күнге дейін өзінің мәнін жойған жоқ. Ол педагогиканың өзекті мәселесі болып отырған оқушының өз әрекетіндегі субъектілік қызметін арттыру міндетіне сай келеді. Ғалым өзінің 1928 жылы Қызылорда қаласында басылып шығарған «Тіл жұмсар» атты әдістемелік еңбегінде: «Бала білімді тәжірибе арқылы өздігінен алу керек. Мұғалімнің қызметі - өздігінен алатын . . . білімнің ұзақ жолы үшін . . . балаға жұмысты әліне шағындап беру мен бетін белгіленген мақсатқа қарай түзеп отыру», - деп жазған А. Байтұрсынұлының [4. 221. ] бұл ойы бүгінгі қазақ әдебиеті әдістемесінің де негізіне жатады деуге болады. Баланың білімді өздігінен алатын жолдарын анықтау - әдістеменің басты міндеті мен қызметі екені сөзсіз. Бұл мәселелер А. Байтұрсынұлының «Баяншы», «Әлиф-ба астары» сияқты жекеленген әдістемелік еңбектерінде де айтылған. Әдіскер ғалым ретінде А. Байтұрсынұлы бастаған істі әрі қарай дамытушылардың бірі Мағжан Жұмабаев баланы әдебиетпен таныстыруға аса үлкен мән берген. Ол жұмыстың жүзеге асырылуын бастауыш мектептен бастап мұқият дайындау керек деп танып, өзінің «Бастауыш мектептегі ана тілі» атты белгілі әдістемелік еңбегін жазды. Онда М. Жұмабаев әдіскер-ғалым ретінде төрт жылдық бастауыш мектептің әр жылына сәйкес ана тілі бойынша бала тілін дамыту үшін жаттығулар жүйесін жасап ұсынған.
Аса көрнекті әдіскер-ғалым М. А. Рыбникова «Әдістеме дегеніміз - уақытты үнемдей білу. Оқушы үшін жігерін ақылмен жұмсау, оқу материалынан негізгі және басты мәселелерді таба білу, сыныптың еңбегін ұйымдастыру шеберлігі, оқушылардың әр түрлі жеке әрекеттеріне ықпал етуді алдын-ала ұйымдастыру», - деп [5. 7. ] әдістеме ғылымына анықтама береді. Әдістеменің жалпы құрылымы жайында В. В. Голубков былай дейді: «Қай пән бойынша болмасын барлық әдістеме оқытушы жұмысының ұсынымдарын, материалдарын және әдістерін құрастырумен өзара ұқсас, сондай-ақ олар не үшін, нені және қалай деген үш негізгі сұрақтарға жауап береді. Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесінің қамтитын аймағы мектептегі әдебиет пәні сабақтары мен әдебиетке байланысты сыныптан тыс, мектептен тыс жұмыстар және базистік оқу жоспарының инвариантты бөлігінен берілетін таңдау курстарында жүргізілетін әдебиет сабақтарында мұғалім мен оқушының оқу-тәрбие ісінде өзара қарым-қатынасы болып табылады. Сөз өнерін, көркем әдебиеттің өзін әдебиет тарихы мен әдебиеттану ғылымында белгілі дәрежеде оқып үйрену негізінде оқушыларға әдеби білім, адамгершілік, ізгілік, имандылық, тәрбие беруде білім, білік, дағдылары қалыптас-тыру заңдылықтарын ашу- оның қарастыратын басты мәселесі. Әдебиет пәні жеке тұлғаның, адамның рухани әлемін, оның адамгершілігін, ойлауын, көңіл-күй сезімін, тілін, шығармашылық әрекет-бастауларын қалыптастыруда ерекше орын алады.
Әдістеменің даму тарихында, қалыптасу үрдісінде әдеби білім беру негізгі қағида болып табылатын оқу бағдарламалары мен оқулықтар жасау мәселелері, әдебиет сабағын оқытуды жетілдіру сияқты мәселелер әдебиет пәні құрылымын құрайды. [6. 8]
Әдебиет пәні оқушы бойында биік эстетикалық талғам дамытуды, өнер туындысындағы, табиғаттағы, адамдар қарым-қатынасындағы үйлесім мен әсемдікті танып ұға білуге, дұрыс бағалауға, әсерленуге, терең пайымдауға үйретеді, сонымен бірге ол көркем әдебиетке деген сүйіспеншілікті, ынта-ықыласты оята отырып, оқырман мәдениетін қалыптастырады.
Әдебиет пәні оқушыны өнер туындысын тануда қажетті біліммен, біліктілік дағдыларымен қаруландырып, онда көркем бейнені қабылдауға қажетті сезім сергектігін, шығарманы мазмұны мен түр бірлігінде, көркемдік тұтастықта қабылдай білуді; шығармада кескінделген мінездер сырын, шығарма идеясын, жазушы позициясын шығарма арқауына сүйене отырып ашуды; өзіндік ой толғамында дербестік, идеялық-көркемдік құндылығы жоғары туындыларды ғана қалайтын талғампаздықты, көркем туындыларды салыстыра отырып, қарастыра алу біліктерін қалыптастыруды көздейді.
Осы негізде мектептегі қазақ әдебиеті пәні жеке тұлғаның үйлесімді дамуына қызмет атқаратын негізгі эстетикалық пән деген тұжырымға келеміз. Қоғамның және мәдениеттің даму өзгерістеріне сай әдебиет пәнінің бағдарламалары, оқулықтарымен қатар оны оқыту әдістемесі де жетілдіріліп отырады және ол қалыптасқан отандық әрі әлемдік тәжірибеге негізделеді. Әдістеме ең алдымен мұғалімнің шығармашылық әрекетінің жүйелі болуына қызмет ететіндіктен, ол әдебиетші мұғалімге жоғары талаптар да қояды. «Әдебиетші мұғалім ең алдымен көркем сөз сипатын ашатын заңдылықтарды білуі керек. Сондай-ақ көркем туындыны талдаудың ғылыми әдістемелерін жетік меңгеруі қажет. Әдеби шығармаларды талдауда мұғалім мен оқушы арасында бірлескен еңбек, бірлескен шығармашылық, өнерпаздық орын алуға тиіс», - дейді белгілі әдіскер мұғалім Қ. Бітібаева [7. 10. ]
Сонымен оқытушы және оқушының оқу әрекетіндегі бірлестіктер мен дербестік сипаттарын, ұйымдастыру жолдарын қарастыруға әдістеме ғылымы қолда бар бай тәжірибеге сүйенеді және оның таяу болашақтағы даму бағыттарын айқындайды.
Ол бағыттары:
- әдеби білімді саралауды жүзеге асыру, бағдарламаларды қайта қарап, тұжырымдама негізінде батыл жаңарту; V-ІХ сыныптарды негізгі базалық біліммен қамтамасыз ететін базалық білім бағдарламаларын, оқушының жеке сұранысы мен мүддесіне, қызығушылығы мен бейімділігіне қарай екі жылдық бағдарламада сараланған толық орта білім деңгейлерін қамтамасыз ететін жарыспалы бағдарламалар жасау;
- әдебиетті оқытудың гуманистік, адамгершілік-эстетикалық сарынын күшейту, сабақ үрдісінде жазушы көтерген ізгілікті тағылымды, өнегені ашуды, ұлттық әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерді танытуды, сол арқылы оқушының ұлттық рухани санасын қалыптастыруды нысана тұту;
- оқушының көркемдік-ассоциациялық, образдық ойлануына, әдебиетті өнер табиғатына сай оқи білуіне, шығарманың идеялық-эстетикалық мән-мағынасына терең бойлап, тебірене қабылдауына, кейіпкер тағдырына ортақтасуына жағдай жасап, стандартқа сай білім, біліктілікпен қаруландырып, оқырман ретіндегі мәдениетін көрсету;
- оқытудың шығармашылық сипатын көтеру, оқушылардың оқу еңбегіндегі ой дербестігін, оқу-танымдық қабілеттерін дамытуды қамтамасыз ету, сабақ тиімділігін арттыру нәтижелігіне қол жеткізу;
- оқытуды демократияландыру, сабақта мұғалім мен оқушы арасында бірлескен мақсатты қарым-қатынас, субъект-субъект дәрежесіндегі еркін диалог ахуалын туғызу, нақтылы сынып жағдайында әдеби білім нәтижелігін қамтамасыз ете алатын мұғалім ізденісін жетілдіру;
- әдебиет пәнінің басқа да пәндермен, білім салаларымен пәнаралық, пәнішілік байланысын тиімді пайдалану, тіл мәдениеті, шешендік өнер, тіл дамыту бойынша тіл мен әдебиетке ортақ бағдарлама жасау;
- әдебиет оқулықтарының, оқу кітаптарының мазмұны, ғылыми-дидактикалық негіздерін түбегейлі жақсарту, оқулықтарға білім берудің жаңа технологиясын енгізу. [8. 10. ]
Бұл бағыттар - жалпы білім беретін қазақ мектебіндегі әдеби-білім тұжырымдамасының негізгі ұстанымдары. Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесінің бұл тұжырымдамасында көрсетілген негізгі бағыттары әлемдік тәжірибеге сай келеді деуге болады.
«Әдебиетті оқыту әдістемесінің таяу болашақтағы дамуы оқу-тәрбие үрдісін ізгілендіру, оқытуды саралау, пәндердің сондай-ақ жеке әдістемелердің интеграциялануы, оқыту деңгейінің қазіргі ғылым, мәдениеттің даму деңгейіне жақын келуі, вариантивті бағдарламалардың, сабақ берудің жаңа технологияларын жасау, әдебиетті оқыту әдістерінің жаңа түрлерін іздестіру болып табылады». [9. 21. ]
Отандық әдістемеліктің даму бағыттарының әлемдік тәжірибенің даму бағыттарымен үндес келуі егеменді еліміздің білім дамуының әлемдік білім кеңістігімен үйлесімде болу тенденциясын басшылыққа алады.
Көркем шығармаларды оқушыларға танытудағы алғашқы тәжірибелері (1879-1940) . Ғылым атаулының қайсысының болсын өзіне тән дүниеге келу, даму жолдары болады. Қазақ әдебиеті пәні де сондай жолдардан өтіп өзінің қалыптасу дәуірін басынан кешірді. Қазақ әдебиеті пәнін орта мектепте оқыту мәселелерінің мерзімді баспасөзде, педагогикалық және әдістемелік басылымдарда сөз болуы, іргелі зерттеу жұмысының арқауын құрауы сияқты күрделі мәселенің тарихына арналған еңбектер осы күнге дейін жазылған жоқ. Осыған орай, қазақ әдебиеті пәнінің ғылым ретінде қалыптасуына атсалысқан ғалым-әдіскерлеріміздің ой-пікірлеріне әділ баға беру қажеттігі туындайды. Қазақ әдебиеті пәнінің орта мектептерде оқытылуы тарихының жасалуы оның әр кезеңдері арасындағы заңды байланыстарды ашып, әдістемелік ойдың бірте-бірте тереңдей, кемелдене түскенін айқындап береді. Ұлттық әдебиетті оқыту пәні ретінде мектеп бағдарламасына енгізу, әдеби білімнің мазмұнын айқыңдау, қазақ әдебиетін шәкірттерге меңгертудің тиімді жолдарын ғылыми түрде негіздеп беру мәселелері бір айдың немесе бір жылдың жемісі емес. Қазақ әдебиетінің пән болып оқытылуының жағдайын зерттеп, оның білім мазмұнын айқыңдау, оқулықтар мен бағдарламалар жасау сияқты міндеттер алға қойылды, сол себепті ғылыми экспедициялар құрылды. ВКП(б) Орталық Комитетінің 1932 жылғы 25 тамызда қабылданған «Бастауыш және орта мектептердің оқу программасы мен жұмыс режимі туралы» қаулысы осыған сәйкес Қазақ АССР Орталық Атқару комитеті мен Халық Комиссарлар Советі қабылдаған қаулы, ВКП (б) Орталық Камитетінің 1933 жылы қабылданған «Бастауыш және орта мектептердің оқулықтары туралы» қаулысы республикада халық ағарту ісінің жаңдана түсуіне игі ықпалын тигізді. Партиялық және мемлекеттік құжаттар ғылыми негізделген тұрақты бағдарламалар мен оқулықтар жасау, оқушылардың материалистік көзқарасын қалыптастыратын білімдер жүйесін, яғни пән құрамы мен мазмұнын айқындау міндетін қойды. Алайда қазақ әдебиеті пәні бойынша бағдарламалар мен оқулықтар жазу, әдеби білім құрылымы мен мазмұнын белгілеу оңайға түскен жоқ.
Қазақ әдебиетінің пән ретіндегі жолы 1930 жылдардан басталады десек, одан бергі ғылыми жарты ғасырдан астам уақытта қаншама күрделі мәселелердің шешілгенін айқын пайымдаймыз. Бағдарламалар мен оқулықтар жасаудағы тәжірибенің болмауы, әдебиетті, оның теориясы мен оқыту әдістемесін жақсы білетін мамандардың аздығы осы бағыттағы жұмыста көптеген қиындықтар туғызды. 1939-1940 жылдар кезеңін қазақ әдебиетінің пән ретінде қалыптасқан мерзімі деп санаймыз. Ойымызды тұжырымдай келе айтарымыз, Ыбырай Алтынсарин ашқан қазақ мектептерінен бастап оқытыла бастаған әдебиет пәні 1927 жылға дейін жеке пән болып саналмады, ол қоғамтану пәнінің құрамына еніп отырды.
Тарихи деректерге сүйене отырып қазақ әдебиеті пәнінің мектепте пән болып қалыптасуы мектеп тарихымен бүтіндей сабақтас мәселе екендігіне көз жеткізуге болады. Пәннің бастапқы қалыптасу кезеңінде мектеп сұраныс көзі қызметін атқарды. «Қазақстанда он сегізінші ғасырдың аяғында қазақ балалары үшін мемлекет құзырына қарасты мектептер пайда бола бастады. Атап айтқанда, 1789 жылы Орынборда мешіт жанынан мектеп ашылса, келесі қадам 1825 жылы Орынбор қаласында Неплюев кадет корпусы, 1825 жылы Омск кадет корпусы, 1841 жылы Ішкі Бөкей Ордасында Жәңгір хан ашқан қазақ мектебі ашылып, оларда қазақ балалары қабылданатын болды.
ХІХ ғасырдың екінші жартысында 1861 жылдан бастап орыс-қазақ мектептері Троицкіде, Торғайда, Ырғызда, Қазанда, Перовскіде ұйымдастырылды. 1876 жылы Қазақ мұғалімдер семинариясының директоры Н. И. Ильминский идеясы бойынша қазақтарды орыс алфавиті көмегімен оқыту қолға алынып, бұл жұмысқа Торғай облысы мектептерінің инспекторы болып тағайындалған Ы. Алтынсарин тартылды.
Ы. Алтынсарин орыс тілінде сауатын ашатын бірнеше ауылдық мектептер ашты.
Жалпы ХІХ ғасырдың екінші жартысында, ХХ ғасырдың бас кезінде Қазақстанда мектептерінің білім беру жүйесі мынадай еді:
1. Орта оқу мекемелері - ерлер мен әйелдер гимназиялары, жылдық училищелер, мұғылімдер семинариялары.
2. Бастауыш оқу мектептері - қалалық училищелер, орыс-қазақ және орыс-туземдік мектептер мен училищелер, ауылдық-болыстық мектептер, бастапқы сауаттылық беретін мектептер.
3. Кәсіби оқу мекемелері - мұғалімдер семинариялары мен мұғалімдер мектептері, ауыл шаруашылығы мектебі, фельдшерлік мектеп және қолөнер мектебі. [10. 12]
Бұл мектептердің саны, әрине көп емес еді. 1898 жылға қарай 730 бас-тауыш мектеп, оның ішінде 262 діни мектеп болған. Оларда бүкіл Қазақстан территориясындағы мектеп жасындағы балалардың барлық санының 93, 9%-ы қамтылған, ал оның ішінде қазақ ұлты балаларын атап көрсетсе, бұл көрсеткіш ұлғая түседі, - дейді әдіскер-ғалым Т. Тәжібаев.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz