Абай шығармаларының зерттелуі


КІРІСПЕ
Этносты ұлттық тіл арқылы таныту - тіл білімінің бір саласы этнолингвистиканың үлесіне тиеді. Тіл мен этносқа қатысты мәселелер В. Гумбольдт, А. Ф. Лосев, Ә. Т. Қайдаров, Е. Н. Жанпейісов зертеулерінде қарастырылған. Әр халықтың этномәдени тұрмысын ұлт тілінің жетегінде, әлемдік мәдениет ауқымында сөз ету мәселесі тіл ғылымында соңғы жылдары сәтті іске асуда. Ұ. Р. Ержанова тіліміздегі ұлттық ерекшелік жайлы былай деп ой қорытады: «Қазақ халқының ұлттық өмірі, оның бүгінгі мен өикені, танымы мен діні, флора-фаунасы, мінезі мен психологиясы оның тілінде, әсіресе тұрақты сөз тіркестерінде, ауыз әдебиеті мұраларында, ән-күй өнерінде және т. б. халықтың білім жүйесінен, әдеби-жазба, этика-эстетика және халықтық педагогика дәстүрлерінде халыптасқан тілдік құралдар арқылы тануға болады». Жалпы лингвистика ғылымында ұлттық мәдениет пен ұлттық тілді байланыста қарастыру туралы пікірлер кездеседі. Тілдегі біріліктер халықтың тұрмыс-тіршілігінен, дүниетанымынан, әдет-ғұрпы мен мәдениетінен, психологиясынан мол ақпарат береді. Әр қалық тілінде сол халықтың тұрмыс-тіршілігінде ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық мәдениет ізі көрніс табады. Бүгінде лингвомәдениеттану ұлттық тілді танып білудің негізі болып отыр. Лингвомәдениеттану ғылымы ұлттық тілді танудың негізі екені Г. Смағұлова, А. Алдашева, Р. Авакова, А. Сейсенова еңбектерінде қарастырылған. Тіліміздегі өлеңдер халықтың тұрмыс-тіршілігі, оның ойлау және танымдық қабілеті жөнінде бай мәлімет береді
Тақырыптың өзектілігі. Абайдың шығармашылық мұрасы мен оның ақындық мектебі әлденеше ғылыми - зерттеулердің нысанасына алынып, жан - жақты зерттелгені белгілі. Тереңдеп таныған сайын жаңа қырларымен, өзгеше сипатымен ашыла түсетін ақын мұраларының қуаты тіл мен құдіреті әр дәуірдің бағыт - бағдарына қарай сараланады. Ал еліміз тәуелсіздік алғаннан бері кезеңде әдебиеттанушы ғалымдардың Абай шығармашылығын ұлттық және жалпы адамзаттық деңгейдегі биіктіктеріне ден қоюы, оның төл әдебиетіміз бен мәдениетімізді дамытудағы еңбектерін шынайы бағалап, жоғары деңгейге көтеріп отыр.
Абайды тану, Абай шығармаларының ішіне үңілу, қаншама жыл өтсе де ешбір үздіксіз дамып келе жатқан процесс. Бүкіл әлемді қаратқан Абай шығармаларын қай қырынан қарасақ та мол материал табылары сөзсіз. Кешегі күнгі зерттеулерді бүгінгі тұрғыдан қарасақ көп тәлім аламыз. Абай шығармалары осындай өміршеңдігімен өзекті.
Нысана (объект ) - Абай шығармаларындағы лингово - мәдени бірліктері.
Мақстаы - Абай шығармаларындағы лингво - мәдени бірліктердің мағыныларына тоқталу, этнолингвистикалық тұрғыдан сипаттама беру.
Міндеттері - Абай шығармаларының ерекшелігін, өміршеңдігін, келешегінің зор екенін таныту.
-Абай шығармаларында кездесетін лингво-мәдени бірліктерге талдаулар жасау.
-Абай шығармаларының ғылыми бағытт ретінде қалыптасып, дамып, жетіліп отырғанын дәлелдеу.
Жаңалығы: Көп зертеушілер абай шығармаларына лексика-семантикалық тұрғыдан, стильдік тұрғыдан Абайтану тарихына, Абайдың табиғат лирикасына тоқталған. Алып отырған тақырыбым Абайдың шығармаларындағы этно-лингвистикалық бірліктердің жан-жақты қарастаруы шартты түрде жаңалық деп айтуға болады. Абайдың шығармалары түпсіз терең тұңғиық сияқты, зерттеулер жүргізіп, тамырына терең бойлап кетуге болады.
Ұлы Абай тілі арқылы қазақ тілінің бай мұрасы шығу, қалыптасу, даму жолына қарай толық сипатталып, этнолингвистикалык деректі қабаттары сараланды.
1. АБАЙ ЖӘНЕ КӨРКЕМ ӘДЕБИЕТ ЕРЕКШЕЛІГІ
- Абай шығармаларының зерттелуі
Абайдың тілі зерттеліп келді дегенде екі түрлі ұғымды сыйғызуға болады: бірі - ұлы қаламгердің тілі туралы жалпы пікір айту, екіншісі - Абай шығармалары тілінің өзін талдап-таныту. Әдетте жеке жазушының (ақынның) тілі жайындағы әңгіме оның өз қаламына тән шеберлік тәсілдері мен өзге де
индивидуалдық ерекшеліктерін талдау болып келеді. әсіресе поэзия иесінің тілін тану дегенді оның поэтикалық тәсілдерін, ол тәсілдердің тілдегі көрінісін зерттеу деп білу керек. Сонымен қатар Абай сияқты қаламгер тілін структуралық жағынан талдау арқылы қазақ әдеби тілінің белгілі бір кезеңдегі сипатын тануға болады, өйткені Абай - дайын тұрған қалып-нормаларды пайдаланған қатардағы жазушылардың бірі емес, сол тілдің даму барысындағы жаңа кезеңін бастаушы, сапалық жаңа түрінің іргетасын қалаушы адам.
Қай тұрғыда болса да, Абай тілін әңгіме ету оның творчествосын талдаумен қатар жүріп келді. Әрине, бір дәрежеде, бірдей қарқында емес. Сөз жоқ, ең алдымен, жазушы творчествосының идеясын, тақырыбын, мазмұның танып-білу қажет болды. Мазмұнның формасына, яғни қаламгер тіліне үңілу содан кейін басталады.
Абайдың творчествосы туралы пікір айту өткен ғасырдың соңғы жылдары мен үстіміздегі ғасырдың басында басталған болса, тілі жөніндегі тиіпқашты сөзді де осы тұстардан бастап оқимыз. Бідіңше, Абайдың тілі туралы ең тұңғыш айтылған пікір - орыстың көрнекті ғалымы П. М. Мелиоранскийдікі. ол 1901 жылы айтылған. Академик Ә. Марғұланның мағлұматы бойынша, князь В. А. Кудашев жинаған Абай өлеңдерінің (Ленинградта, География қоғамының архивінде сақтаулы) қолжазбасын П. М. Мелиоранский редакциялайды. Мұнда Абай өлеңдерінен басқа да үлгілер болады. Қолжазбамен танысқаннан кейін редактор былай деп жазыпты: «Бұл жинақта мазмұны жөнінен, әсіресе мына дүниелер қызықты: «Жыл мезгілдері», «Бүркітші», «Өсекші», «Әйелдің сипаты». Бұл шығармалардың тілі - азды-көпті кітаби».
П. М. Мелиоранский бұл өлеңдердің авторының кім екенін білмейді (өйткені А. К. деп инициалы ғана қойылған), сондықтан олардың циклын көрсетіп атайды. Абайдың мұндағы өлеңдері осындай тақырыптармен берілген екен. Өткен ғасырларда қазақ тілін мұқият зерттеген бұл ғалымның осы бір ауыз сөзінен екі нәрсені түйеміз. Бірі - ғалымның көзі көп дүниенің ішінен асыл бұйымды бірден айырып танығаны, екіншісі - Абай өлеңдерінің тек мазмұны ғана емес, тілі туралы да тұңғыш пікір айтқаны. Бұл жердегі «азды-көпті кітаби» дегенді екі түрлі жорамалдауға болады. Мұнда ақын өлеңдері сол кезеңге тән шағатайша-татарша орфографиямен жазылғанына қарап «кітаби тілге» жуық деп тануы мүмкін. Бірақ бұл - неғайбіл, өйткені Кудашев қолжазбасына кірген Абай шығармалары - жыл мезгілдері туралы өлеңдері, «Қансонарда, . . . », «Өлең - сөздің патшасы . . . », «Қартайдық, қайғы ойладық», «Жігіттер, ойын арзан . . . » тәрізді азаматтық тақырыптағы нағыз «қазақы» туындылары. Бұлар - емле жағынан қанша шағатайшыланғанмен, тілінің шынайы қазақтығы әудем жерден көрінетін дүниелер. Ондайды П. М. Мелиоранский сияқты мұқият, жетік ғалым сезбей, білмей тұрмаса керек. Сондықтан оның «кітаби» деп отырғаны, біздіңше, басқаға меңзейді: Абай өлеңдері сол жинаққа енген ауыз әдебиеті нұсқалары мен өзге ақындар өлеңдерінен өзінің жазба әдебиетке тән белгілерімен ерекшеленіп, көзге түскен. Абай өлеңдерінде негізгі поэтикалық идеяны нақ бермейтін «буырыл танлар» мен «терең сайлардың» жоқтығы, образдардың тыңдығы, өлеңнің ретмикалық-интонациялық жағынан да бұрынғы дәстүрден шығып, құбылып келуі - осылардың барлығы сөз қадірін танытатын ғалымның көзінен таса қылмай, ақын өлеңдерін жазба әдеби тілде туған деген пікір айтқызған тәрізді. Олай болған күнде бұл - Абайдың тілі жөнінде тап басып, дұрыс айтылған тұжырымдардың бастамасы болмақ. Қазақ топырағында ақынды танып-білу әрекеті үстіміздегі ғасырдың 10-жылдарынан басталса, тілі жөніндегі ой-пікірлер де осы тұста айтыла бастайды. Рас, бұлар әлі тым келте, дәлелі мен дерегі әлсіз. Бұл кезеңдегі назар аударатын пікір - Сұлтанмахмұт Торыайғыровтікі. Ол «Айқап» журналының 1913 жылғы төрт нөмірінде «Қазақ тіліндегі өлең кітаптары жайынан» деген мақала жариялап, онда сол тұстағы қазақ поэзиясының мазмұн-мәнімен қатар тілін де азын-аулақ сөз етеді: «Нағыз шын айтқан уақытта қазақ тілінде деп бастырып жүрген кітаптардың көбінде қазақтың иісі де жоқ. Неге десеңіз, тілдері - бытпырақ. Бытпырақ болмағандарының ағыны теріс . . . », - дейді. Мұнда «бытпырақ», «шата тіл» деп отырғаны - сол кезде қазақ поэзиясының, жалпы қазақ жазба дүниелерінің тіліне шағатайша, татарша элементтердің араласып бара жатқанын айтып, қазақ әдебиетінің қазақтың халықтық өз тілі негізінде дамуына бүйрегі бұрғаны.
Жоғарғы сөздерді айтып келіп, мақала авторы: «Жақсы өлеңдер басқаларға қарағанда пайғамбардың жүрегінен құйылған Құрандай, соқыр кісі сыбдырынан танырлық ақ құла ашық тұрады. Марқұм Абай өлеңдері секілді», - деп түйеді. Бұл - жалпы тұжырым болғанмен, Абайдың тілі туралы дұрыс танып берілген және қазақтың демократтық бағыттағы әдебиеті уәкілінің аузынан шыққан баға.
1922-1925 жылдардағы ақын тіліне қатысты азын-аулақ пікірлерді оның 1922 жылы Ташкентте шыққан өлеңдер жинағының редколлегия атынан берілген ескерту сөздерін және «Ақ жол» газетінің 1923 жылғы бірнеше санында басылған татар ғалымы Абдурахман Сағдидың мақаласынан табамыз. Ұлы ақын шығармаларының 3-басылымы деп ұсынылған 1922 жылғы жинақта (Ташкентте басылған) Абай текстерінде бірсыпыра түсініксіз сөздер бар екендігі, олардың бірқатары ақын туып-өскен өлкеде қолданылғанмен, Түркістан қазақтарына бейтаныстау екендігі, халық тіліне енбнген араб, парсы, орыс сөздері де Абай мұрасын түсініп оқуға сәл кедергі жасауы мүмкін екендігі айтылады да, кітап соңында оларға түсініктер беріледі.
Абайдың қазақ әдебиетінде алатын орны мен ұстаған бағыт-бағдары жайында 20-жылдардың ішінде, тіпті 30-жылдардың екінші жартысына дейін баспасөз бетінде болып келген әр сипаттағы диспут - таластар үстінде де ұлы ақынға әділ немесе бұрыс баға беріп, пікір таластырған адамдар оның тілі туралы да бір-екі ауыс сөзден айтып өткен. Бұлардың ішінде әсіресе, Ыдырыс Мұстамбаевтың батыл және ашық айтқан пікірлері Абай тілі жөніндегі қазіргі көзқарастарымызбен ұштасып жатыр. Ол Абайдың тілі өте шебер екендігін, «жабайы тілмен отырып орайтын мағынасы тым үлкен, қозғайтын сезімдері аса нәзік болып» келетіндігін айтады да: «Ел мейлі не десе о десін, біз өзіміз тіл жағына келгенде, Абай Пушкиндей демесек те, істеген еңбегінің қадірі одан бір де кем емес деп ойлаймыз», - деп қорытады.
1930 жылдардың орта шенінен бастап Абайдың тілі жөніндегі пікірлер молырақ және айқынырақ айтыла бастайды. Әсіресе бұған 1934 жылы ақынның қайтыс болғанына 30 жыл толуын атап өту шаралары үлкен себепкер болғанын көреміз. Осы жылы Абай жөнінде баспасөз бетінде жарияланған мақала-еңбектердің көпшілігінде дерлік ақынның тілі туралы пікір айтылып өтеді. Суреткер тіліне арнайы жазылған мақалалар да осы кезден басталады. Мысалы, Құдайберген Жұбанов, Ілияс Жансүгіров және Есмағамбет Ысмайылов пен Зейн Шашкендер ұлы ақынның тілге деген көзқарасы мен еңбегін, сөз қолдану шеберлігі мен өлең құрылысын арнайы сөз етеді.
Мұхтар Әуезов Абайдың ақындығы, оны қазақ әдебиетінде алатын орны мен жаңа дәуір үшін маңызы жөнінде ертеректен бастап ізденген, ара-тұра айтып келген пікірлерінің үлкен бір түйінін 1934 жылғы «Абай ақындығының айналасы» атты еңбегніде бір тастап өтеді. Сол тұста Абайдың тілі туралы да дәлелді сөз айтады. Мұнда Абайдың «шағатайша» өлеңдерін, олардың тілін өзге мұраларынан бөліп қарайды. Шағатай әдебиеті үлгісіне, соның әсері мен тіліне Абай таза еліктеу нәтижесіне келгенін, ақынның поэзия есігін қағар шақта ізденген, бірақ үйрену орнына еліктеген әрекеті екенін айтады. Бұл үш өлеңде әлі қазақ ақыны Абай жоқ, бұларда «тақырып, тіл, ырғақ, кейде ұйқас және теңеу, салыстыру суреттері (көзі - гәуһар сияқты) - бәрі де өз төркінін кім екенін танытып тұр» дейді.
Бұл пікірді М. Әуезовпен қатар І. Жансүгіров те айтады. «Ер жетпей тұрған кезіндегі» Абайдың шағатай үлгісіне еліктеуінің себебін де ашып кетеді. Құнанбай ауылы сияқты молда, қожалы ауылда өскен, Семейдегі дін мектептерінде оқыған Абайдың кітаби өлеңдер тілінен, шағатай тілінен әсер алуы заңды екенін көрсетеді.
Абайдың бұл еліктеу көпірінен тез өткенін, бетін қазақтың халықтық өз тіліне бұрғанын, әрі қарай «қазақтың таз тілін, күшті сөздерін жаңа мазмұндарға қалап, жаңа мәдениетке, жаңа әдебиетке жөн тартқанын» айтады.
Бұл екі зерттеушінің осы пікірі Абайдың тілі жөнінде кейінгі ой айтушыларға бас ноқта болғанын көреміз.
Абайтанушылардың ең мықтысы - М. Әуезов өзінің ұзақ жылдар бойы ұлы ақынның өмір кешкен жолы мен қалдырған мұрасына үңілген ұлан-асыр еңбегінде Абайдың тілі жөнінде де дұрыс әрі түбегейлі програмдық сөздер айтып отырды. Жоғпрыда көрсетілген ойын 1951 жылы жазған «Абай мұрасы жайында» деген еңбегінде де, сол тұстарда дайындаған «Абай (Ибраһим) Құнанбаев» деген монографиясында да және бір қайталап анықтай айтады. Сонымен қатар Абайдың таза қазақша тіл жайында М. Әуезов мынандай пікірлер білдіріп, тұжырымдар ұсынады: «Ең алдымен, Абай - көркем әдебиеттің, поэзияның тілі ретінде өз тұсында көріне бастаған кітаби тілді емес, қазақтың халықтық тілін қалайды. «Горькийдің Пушкин турасында айтқанындай, қазақтың халық тілін, әдебиет тілін қалай жасау керек екендігін, халықтық қорды қалай пайдалану дұрыс болатынын көрсетеді». Ол үшін Абай қазақтың халықтық тілін жақсы білген, ескі ақындарын, кемел шешендерін, жорықшыл батырлары жайындағы жырларды танып-біліп өскен».
Абайдың қазақ әдеби тілінің даму тарихындағы орны жайындағы М. Әуезовтің бір пікіріне көңіл аудартуға тура келеді. Кейбір лингвист ғалымдардың Абай тілі туралы 50-жылдарда айтқан сөздерінде «қазақтың әдеби тілі Абайдан басталады» деген тұжырым болды. Шындығында, қазақтың жалпы әдеби тілі, жазба әдеби тілі, қазіргі әдеби тілі дегендер - барлығы бір категория емес. Егер Абай қазіргі жазба әдеби тіліміздің негізін қалаушы десек, ол түсінік қазақтың жалпы әдеби тілі Абайдан ғана басталады дегенмен барабар ұғым болып шықпайды. Білімдар М. Әуезов бірден осыны қатты аңғартады. Қазақта Абайға дейін де ғасырлар бойы әдеби тілі бар болып келгенін жоққа шығаруға болмайтындығын баса айтады. Ол тіл - ауызша шешендік пен ақын-жыраулар туғызған поэзия тілі екенін де зерттеуші ашып айтады. «Абайдың алдындағы қазақ халқының көп ғасырдан келе жатқан мол эпостарындағы, ұзынды-қысқалы салттық, тарихтық жырларындағы шебер, көркем өлең үлгілеріндегі тілдерді ұмытуға бола ма? Бұхар, Махамбеттерде әдеби тілдің үлгі-өрнектері жоқ деуге бола ма?» - дейді. Бұл жерде М. Әуезов Бұхар, Махамбеттерді атау арқылы қыруар өзге ақын-жыраулардың туындылары да әдеби тілді танытатын үлгілер екенін білдіреді.
М, Әуезов Абайдың қазақ әдеби тілінің даму жолындағы орнын көрсете келіп, екі ерекшелігін айтады, бірі - «қазақтың халықтық, салттық және өзінен бұрынғы ауыз әдебиетіне көрік берген мол, шебер сөздік қорынан пайдаланып, халықтың әдебиетік тілін қалай жасаудың жолын көрсетуі», екіншісі - «қазақ қоғамы ортасында Абай заманында кіре бастаған жаргондық сипаттағы кітаби шұбар тілден іргесін ашып алуы, одан бас тартуы», - дейді. Сонымен, М. Әуезов Абайдың тілі туралы барлық айтқан ой-пікірін: «Абай - әдеби тілді бастаушы ғана емес, өзінен бұрынғы әдебиет тілін халықтық әдебиет тілі сапасында өсіре, байыта, сұрыптай түскен классик деп білеміз», - деп түйеді.
Ұлы ақынның тілге көзқарасы, тіл жөніндегі ұстаған бағыты жайында едәуір пікір білдірген адам - Сәбит Мұқанов. «Қазақтың әлеуметтік тұрмысында Абайдың үлкен еңбек сіңірген мәселесінің біреуі - қазақтың әдебиет тілін жасау, қазақ поэзиясын бұрынғысынан да жоғары сатыға көтеру» деп бастап, Абайдың өз тұсындағы «кітаби тіл» дегеннен іргесін аулақ салған, өзіне дейінгі қазақ ауыз әдебиеті мен ақындар үлгілерінің тіліне иек артқанын айтады. Жазушы-ғалым С. Мұқанов Абай тілі туралы осы көзқарасын кейінгі жарияланған Абай туралы монографиясында қайталап, толықтыра түседі, реті келген жерде мысалдармен дәлелдейді. Абайдың тілі жөнінде елеулі пікір айтқан ғалым - Қажым Жұмалиев. Өзінің мектепке арналған оқулықтарынан бастап, XVIII-XIX ғасырлардағы қазақ әдебиеті тарихы туралы жазылған ғылыми еңбектерінде, әдебиет теориясына арналған жұмыстарында Қ. Жұмалиев ақынның творчествосымен қатар, оның тілі жөнінде де сөз қозғамай кете алмады. Ол пікір айтумен бірге тілдік материалды нақтылы талдайды, көптеген жаңалықтарды ашып береді. Ғалымның Абай тіліне қатысты түйіндері мынадай:
1) Абайға дейін де қазақтың поэтикалық тілі дамып келеді. Ертеден келе жатқан қазақ ауыз әдебиетінің, XVIII-XIX ғ. тарихи әдебиеттің өзеріне тән ерекшелігі және жалпы құрылысы жағынан болсын, тілі жағынан болсын өзінше даралық, байырғылық сипаты болады. Абай осындай әдебиеттің о заманнан қалыптасып қалған поэтикалық тілін жоғары мәдениеттік сатыға көтереді.
2) Абай заманында едәуір етек жайған тілдегі шағатайшылау, татаршылауға қарсы күрес ашты, қазақ тілін аса қадірлеп, таза сақтауға күш салды, оның өзіндік қорының бір бұтағы орыс тілі болды.
3) Абай қазақтың мол сөз байлығын қолданумен қатар, көптеген көне сөздерді, жергілікті сөздерді шебер пайдаланып, өзі де жаңа сөз, жаңаша сөйлем құрылыстарын енгізді.
4) Өлең құрылысына қыруар жаңалық қосып, көркемдеу тәсілдерін ұсынған. Жаңа образдар жасаған. Мұнда орыс әдеби тілінің әсері мол болған.
Осы тұжырымдарының барлығын Қ. Жұмалиев нақтылы мысалдармен дәлелдейді.
Ұлы ақынның тілі жайында жеке монография арнамаса да, Абай туралы пікірді Ғ. Мүсірепов, М. С. Сильченко, Б. Кенжебаев, Е. Ысмайылов, Т. Нұртазин, Т. Әлімқұлов, Х. Сүйіншіәлиевтер де айтады.
Абайдың тіліндегі, өлең құрылысындағы жаңалықтарды туғызған оның творчествосының мазмұны екендігін танудың Абай тілін түсінуде үлкен мәні бар. Осы пікірді өзінің жинақы тілі мен Ғ. Мүсірепов бір-ақ түйіп айтады: «Абай түрді түр үшін емес, айтайын деген ойын дәлірек, өтімді де ұтымды етіп айту үшін іздеген… Ол мазмұнға сай түр керектігін терең сезінген». Абайдың тілі жайында да әркез пікір білдіріп келген Б. Кенжебаев та ақынның өлең құрылысын да сөз етеді. Абай поэтикасының ерекшеліктерін арнайы сөз еткен Е. Ысмайылов ақын тіліндегі жаңа, көне сөздерді, кейбір сөздердің тура және ауыспалы мағынада қолданылуын, поэтикалық синтаксис мәселелерін қозғап, бірқатар мысалдар келтіреді.
Абайдың тілі туралы жалпы тұжырымнан гөрі нақтылы талдау айту әрекеті Т. Нұртазиннің мақалаларында көрінеді. Ақынның шеберлігіне арналған еңбектерінде зерттеуші: әдебиет - көрікті мазмұн, мазмұн болғанмен, оның көркі болмаса, ол шығарма көкейге қонбайды деп бастап, «Абай бұрын қазақ поэзиясының уысына сыйып көрмеген өтірікті жүндей сабау, киер киімін ып-ықшам қылу, иығы тиісу тәрізді жаңа образдарды, соны сөздерді, тіпті синтаксистік жаңа тәсілдерді (бір сөздің бірыңғаймен келіп қайталануы, жалпылауыш сөз бен біркелкі сөздерді жинақтау) жасады» деген түйіндерін мысал келтіріп дәлелдеуге ұмтылады.
Сөйтіп, әдебиеттанушылар тарапынан Абай тілінің зеттелуі негізінен екі тұрғыда болып келгенін көреміз: бірі және бастысы - Абайдың қазақ әдеби тілі дамуындағы алатын орны мен атқарған қызметі жайында жалпы байлам айту, екіншісі - суреткердің сөзқолданысындағы өз қаламына тән жеке сәттерін көрсету мен өлең құрылысына қатысты кейбір тілдік элементтерді ішінара әңгімелеу.
Абай тілі жайында арнайы сөз қозғау - тіл мамандарының міндеті екені аян. Лингвистердің айтары - жалпы тұжырымнан гөрі, нақтылы талдау болмағы және хақ.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz