Ақмола облысы бойынша білім беруді қаржыландыру динамикасын талдау



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 47 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе

Ел тарихының ХХІ ғасырдағы аса бір күрделі кезеңі аяқталып келеді.
Дүние жүзінің экономикасын тұралатқан жаһандық дағдарыс дауылы әлі басыла
қойған жоқ. Алайда ол өзінің алғашқы алапат қуатынан айырылды. Біз тастүйін
дайын болғандықтан, оның салдары біздің еліміз үшін соншалықты ауырға
соққан жоқ.
Дағдарысқа дейінгі кезеңде біз Қытай, Үндістан және өзге де
экономикасы қарыштап алға басқан мемлекеттер қатарында дамудың жоғары
деңгейіне көтерілдік. Өйткені біз оған қал қол жеткізуге болатынын білдік.
Бәрін дұрыс жоспарлап, сауатты іске асырғандықтан, біздің дамуымыз сәтті
болды.
Біз жасампаздыққа жұмыла кіріскендіктен, дамудың даңғыл жолына түстік.
Толағай табыстарымен дүние жүзін мойындатқан Қазақстанның әлеуеті артып,
экономикасы серпінді бола түсті. Дамуымыздың маңызды алғышартына айналған
қазақстандық бірліктің өнегелі үлгісі ғаламшардағы мемлекет басшылары мен
конфессия жетекшілерінен лайықты бағасын алды.
Осылайша Қазақстан қуатты да табысты мемлекетке айналып, өзінің бастамалары
арқылы жоғары халықаралық беделге ие болды. Қазақстан Республикасының 1995
жылы 30 тамызда қабылданған жаңа Ата Заңы еліміздің тәуелсіз,
демократиялық, құқықтық, зайырлы және егеменді мемлекет белгілерін бекітіп
айқындап берді.
Қазіргі кезеңде тәуелсіз Қазақстан әлемдік қауымдастыққа қосылудың
экономикалық, әлеуметтік-саяси және рухани бағыттарын түбірлі реформалар
арқылы жүзеге асыруда. Әрбір адамға мемлекеттік деңгейде өмір сүруге
кепілдік беретін азаматтық қоғам құру процесі жүруде. Өтпелі кезеңде
Қазақстанның әлеуметтік-саяси және экономикалық дамуында болып жатқан
реформалар қоғамның әртүрлі топтардың рольдері мен көзқарастарының
өзгеруіне әкеліп соқты.
Елбасының Қазақстан-2030 стратегиясында адам ресурстарын дамытуға,
оның ішінде әлеуметтік мәселелерге айрықша көңіл бөлінген. Әлеуметтік сала
мен адам ресурстарын дамыту Қазақстан үшін ұзақ мерзімді басымдық болып
табылатыны – стратегиялық міндеттер қатарында.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан
халқына 2010 жылдың 29 қаңтарынан Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу
– Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері Жолдауында Елді жаңғырту стратегиясын
іске асырудың табыстылығы, ең алдымен, қазақстандықтардың біліміне,
әлеуметтік және дене болмысы, көңіл-күйлеріне байланысты деп атап
көрсеткен. Сондықтан да қазіргі уақытта білім беру саласындағы елеулі
өзгерістерге ұшырап жатыр. [1,2 б.]
Экономикалық дамуы нарықтық өзгертулер процесі арқылы дамитын
елдердің негізгі және қиын әлеуметтік-экономикалық табандылығын және
сенімділігін қамтамасыздандыру болып табылады.
Дипломдық жұмыстың тақырыбының өзектілігі. Қазіргі таңда қоғам
бәсекелестігіне төтеп беретін жан-жақты өнерлі, мәдениетті, жоғарғы білімді
маман дайындау басты мәселеге айналып отыр.
Егемендігімізді алып, ел қатарлы еңсемізді көтеріп,
тәуелсіздігіміздің көк байрағы желбіреп, білім сапасын көтеру мақсатына
орай, заман талабы отандық білім беру жүйесін әлемдік білім үрдісіне
интеграциялануын талап етіп отыр. Ондай дәрежеге жету үшін біздің еліміз
жаһандық экономикалық үрдістерге сәйкес дамып қана қоймай, әрқашан қатаң
бәсекеге әзір тұрып оны өз мүддемізге пайдалана алатындай қабілетті болу
қажет.
Білім саласында мемлекеттік сатып алуларды қаржыландыру және өткізу
атты тақырыбын зерттеудің маңыздылығы экономикалық жүйедегі орнымен
анықталады.
Дипломдық жұмыстың тақырыптық зерттеу дәрежесі. Қоғамдық өндірісте
маңызды бөлімі болып саналатын білім беру саласының қаржылық базасының
қалыптасу мәселелері С.В.Кимнің, И.С.Захаровтың, О..П.Щенинның,
А.Б.Германюктің, М.В.Васильеваның, еңбектерінде зерттелген. Ал
Қазақстандағы білім беру саласын қаржымен қамтамасыз етудің әр түрлі
мәселелері А.Б.Зейнелғабдиннің, П.Б.Исахованың, Қ.Н.Құрақбаевтің,
Г.Ж.Доскеевтің, В.Д.Мельниковтың, К.К.Ильясовтың, шетел мамандары -
М.И.Роумирдің т.б. еңбектерінде көрініс тапқан.
Қазіргі уақытта білім беру саласының қаржылық-шаруашылық
механизмдерінің қызметі жөніндегі зерттеулер мен ұсыныстарға деген
қажеттілік едәуір ұлғая түсуде. Міне осы жағдай дипломдық жұмыстың
тақырыбын таңдау барысында айқындаушы ізденістер жүргізуге түрткі болды.
Әлеуметтік саланы дамыту проблемаларының күрделене түсуі шаруашылықтың
нарықтық қатынастарға көшуі кезінде пайда болатын экономикалық қиындықтарға
байланысты белең алуда. Соның ішінде қаржыландыру проблемалары маңызды рөл
атқарады. Олар әлеуметтік саланы қаржыландыру көздерінің хал-ахуалы мен
мүмкіндіктеріне, сондай-ақ қолда бар ресурстарды пайдаланудың тиімділігіне
қарай айқындалады. Шаруашылық жүргізудің жағдайларында білім беру саласының
қаржылық ресурстарының қалыптасу тетігі мен оны пайдаланудың теориялық және
практикалық негіздерін зерттеу – бұл саланың дамуына септігін тигізері
айғақ.
Дипломдық жұмысының мақсаттары - білім беру саласындағы мекемелердің
дамуының бюджеттік қаржыландыруын қарастыру, қазіргі кездегі даму қарқыны
мен проблемаларын қарастыру.
Осы мақсаттарға қол жеткізу үшін дипломдық жұмыста мынандай
міндеттер жүзеге асырылады:
- бюджет шығыстарының теориялық негізін қарастыру;
- білім беру мекемелерін қаржыландырудың теориялық негіздерін
зерттеу.
- ҚР бойынша білім беру және оны қаржыландыру жағдайын талдау;
- Ақмола облысы бойынша білім беру саласының қазіргі жағдайын
талдау;
- білім беру сапасын көтеру және оны қаржыландыруды жетілдіру
жолдарын қарастыру.
Дипломдық жұмыстың объектісі – Ақмола облысының экономика және
бюджетті жоспарлау басқармасының білім, мәдениет, мұрағаттар, туризм, дене
тәрбиесі және спорт бөлімі.
Дипломдық жұмысты зерттеудің теориялық және әдістемелік негізі –білім
беру саласын қаржыландыруда еңбек еткен шетел және отандық практик-
экономистердің, ғалымдардың монографиялары, ғылыми енбектері, ал
нормативтік негізі Қазақстан Республикасының заңдары және статистика
агенттігінің, Қаржы Министрлігінің, Экономика және Денсаулық сақтау
депортаментінің, Тәуелсіз Мемлекеттер Достығы (ТМД) елдерінің және шетел
ақпараттары қолданылған.
Дипломдық жұмыстың жаңашылығы және тәжірибелік құндылығы. Ақмола
облысы бойынша жасалған жергілікті бюджеттің кірістері мен шығындарын
талдау негізінде, Ақмола облысы бойынша экономика және бюджетті жоспарлау
департаментінің жұмысын талдау барысында берілген нақты ұсыныстарды
облыстық бюджеттің қаржылық бөлімінің қызметкерлеріне пайдалануға болады.
Бюджетті экономикалық талдау кезінде зерттеудің келесі әдістері
қолданылды: бақылау, теңгермелі және орта көрсеткіштерді салыстыру,
графикалық, баланстық, абсолюттік және салыстырмалы айырмашылықтар,
индекстеу және т.б.
Дипломдық жұмыстыңқұрылымы.Дипломдық жұмыс кіріспеден, үш тараудан,
қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен және қосымшадан құралған.
Кіріспеде тақырыптың өзектілігі, мақсаты мен міндеттері, объектісі мен
пәні және зерттеу әдістері қарастырылған.
Бірінші тарауында Қазақстан Республикасындағы білім беруді
қаржыландырудың теориялық негіздері қарастырылған.
Екінші тарауда ҚР және Ақмола облысы бойынша білім беруді қаржыландыру
динамикасын талдау қарастырылған.
Үшінші тарауда білім берудің сапасын көтеру және оны қаржыландыру
көздерін жетілдіру жолдары және оны автоматтандыру процестерін іске асыру
қарастырылған.
Жұмыстың зерттеу нәтижелері қорытындыда көрсетіледі.

1 ҚР білім саласын қаржылық қамтамасыз етудің теориялық негіздері

1.1 Қазақстан Республикасының бюджеттік жүйесі

Бюджет- мемлекеттің қажетті атрибуты және оның егемендігінің негізі.
Бюджеттің көмегімен тиісті мемлекеттік және муниципалдық құрылымдардың ақша
қорлары құрылады, бұл қорлар олардың жалпы маңызды міндеттерін орындауды
қамтамассыз етеді, мемлекеттік билік пен жергілікті өзін-өзі басқару
органдарының функцияларын жұзеге асырудың қаржылық негізін жасайды. Оның
қаржыдан ерекшелігі тек қана абстракцияның басқа деңгейі мен қаржылық
байланыстың әр түрлі дәрежеде болуына байланысты. Сондықтан, көптеген
қаржылық байланыстардың ішінде бір-бірінен ерекше тұратын бөлек арнайы
салаларды бөліп шығаруға болады.
Бюджеттік сектор бөлімшесі ол өз алдында жеке бір экономикалық
категория, ол ақша қаражаттарын орталықтандыратын қор деп те айтуға болады.
Бұл бөлім барлық қалалық бюджетті қадағалап, өз меншігіне иеленеді.
Қазақстан Республикасының Бюджеттік кодексінің 4-бабында бюджетке
келесідей түсінік берілген: “Бюджет- ол мемлекеттің міндеттері мен
функцияларын іске асыруын қаржылық қамтамассыз етуге арналған оның
орталықтандырылған ақша қоры”[2,2б].
Осы Бюджет Кодексіне сай бюджет секторы өз қызметтерін атқарады.
Сонымен қатар жылдық құрылған бағдарламаларды Бюджеттік Кодекске сай
жүргізеді және қаланың дамуына ат салысатын мекемелер, ұйымдар және тағы
басқа кәсіпорындарды өз қадағалауына алып, оларды әр ай сайын бақылап
отырады
Мемлекеттің кәсіпорындармен, мекемемен, ұжымдармен және тұрғындармен
қаржылық қарым-қатынас қалыптастыратын қоғамдық өте жақсы өнімді құндық
бөлудің айрықша облысы. Олар жалпы мемлекеттік сұраныстарды
қанағаттандыратын мақсатқа арналған орталықтандырылған ақша құралдары қорын
қалыптастыру мен пайдалану мәселелерімен байланысты. Бұл қаржылық
қатынастардың жиынтығы- мемлекеттік бюджет деп аталады.
Бюджеттік секторы ақша қорларын орталықтандыру, тұтас халық
шаруашылығы маштабы бойынша қорлардың үзіліссіз айналымын
қамтамассыздандыруға қажетті, экономиканың барлық тізбектерінің қалыпты
жұмыс істеуін қадағалайды.
Бюджет секторы бюджеттік бағдарламалауды енгізу, елдің даму мақсаттары
мен приоритеттері анықталған нақты бюджеттік бағдарлама арқылы жоспарланған
кезеңге біріктіруге мүмкіндік жасайды.
Бюджеттік бағдарлама дегеніміз бюджеттік қаражаттарды қолдану арқылы
мемлекеттің даму мақсаттарына жетуге арналған мемлекеттің белгілі бір
қызметтерін орындауға арналған шаралар кешені.Бағдарламаның міндетті түрде
нақты анықталған мақсаттары, міндеттері және нәтижелері болу керек. Бюджет
секторы осы бағдарламалар арқылы өз қызметтерін атқарады.
Бюджеттің формасы- қаржылық жоспар, материалдық негізі-
орталықтандырылған қор, экономикалық негізі- жалпы экономикалық қарым-
қатынас, заңнамалық белсендіреуі–заң [3, 290 б].
Бюджет қаржы жүйесінің орталық тізбегі болғандықтан, ол сол қаржының
барлық негізгі, сапалы сипаттамаларына сай. Мемлекеттік қаржының негізгі
бөлігі бұл мемлекеттік бюджетке тиесілі. Сондай-ақ, мемлекеттік қаржының
мәні негізінен мемлекеттік бюджет арқылы анықталады.
Қаржылық байланыстардың орасан зор әр алуандығында жеке ортақ
ерекшеліктерімен көзге түсетін оқшауланған сфераларды бөліп көрсетуге
болады. Мәселен, мемлекеттің шаруашылық жүргізүші субъектілермен және
халықпен қалыптасатын қаржы қатынастары жалпы қоғамдық өнімді құндық
бөлудің ерекше саласын құрайды және қоғамдық қажеттіліктерді
қанағаттандыруға арналған орталықтандырылған ақша қорын қалыптастырумен
және пайдаланумен байланысты болады. Демек, мемлекеттік бюджет мемлекеттің
орталықтандырылған ақша қорын жасау және оны ұдайы өндіріс пен қоғамдық
қажеттіліктерді қанағаттандыру мақсаттарына пайдалану жолымен қоғамдық
өнімнің құнын бөлу және қайта бөлу процесінде мемлекет пен қоғамдық
өндірістің басқа қатысушылары арасындағы пайда болатын экономикалық
қатынастарды білдіреді. Осыған сай бюджет секторы да өз жұмыстарын
атқарады. Негізінен бюджеттік секторды бақылаушы облыстық бюджет, ал
облыстық бюджетті жергілікті бюджет; жергілікті бюджетті республикалық
бюджет қадағалайды. Республикалық бюджетті мемлекеттік бюджет қарамағына
кіреді. Сондықтанда, барлық бюджеттер мемлекеттік бюджетке сай атқарылады.
Мемлекеттік бюджет- қоғамның дамуын қамтамасыз ету мақсатында құрылған
және осы мақсатты шараларға жұмсалынатын мемлекеттің ақша қоры. Сонымен
қатар, бюджеттегі қаржылық ресурстардың шоғырлануы мемлекеттің қаржылық
саясатын жүзеге асыру үшін қажет.
Мемлекеттік бюджетті- бюджет секторын басқару құралы ретінде сипаттай
отырып, бұл құралдың рөлі объективті алдын ала анықталғанын айрықша айту
қажет. Оған дәлел, біріншіден, экономикалық байланыстарды жалпы реттеу
нәтижесінде бюджеттік қатынастарды негізгі қаржы қаражат арқылы формада
пайдалану, екіншіден, мемлекеттік бюджеттің бөлу табиғаты негізінде оны
қоғамдық өндіріске әсер ететін маңызды экономикалық құрал ретінде
пайдалану. Бюджеттің мәні мен рөлі оның экономикалық құрал ретіндегі
ерекшелігімен дәлелденеді, яғни ол қоғамдық өнім бөлу саласының кең
пайдаланатын құндық құралы болып табылады.[4,54]
Бюджет құрылысында басты орынды бюджет жүйесі алады, ол экономикалық
қатынастарға және құқықтық нормаларға негізделген түрлі денгейлер
бюджеттерінің, сонымен бірге бюджет процесі мен қатынастарының жиынтығын
білдіреді.
Бюджеттік жүйе- бюджеттердің және Қазақстан Республикасы Ұлттық
қорының, сондай-ақ бюджеттік процестер мен бюджетаралық қатынастардың
жиынтығы ретінде танылады, мемлекеттің барлық қаржы жүйесінің маңызды
құрамдық бөлігі болып табылады. Бюджеттік жүйе экономикалық категория
ретінде мемлекеттің орталалықтандырылған ақща қорын-бюджетті-қалыптасу мен
пайдалану бойынша заңды, жеке тұлғалар мен аймақтар арасындағы барлығы
қаржылық қатынастар, бюджеттік қалыптасу мен атқарудың әдіс-тәсілдері және
сол қатынастарды басқару органдарымен танысты. Басқаша айтқанда, барлық
деңгейдегі бюджеттер мен Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры және
экономикалық қатынастар мен құқықтық нормаларға негізделген бюджеттік
процесс пен бюджеттік қатынастар қосындысын бюджеттік жүйе деп
түсіндіріледі [4].
2005 жылғы қаңтар айының 1 жұлдызында күшіне еңгізілген жаңа Бюджеттік
кодекстің 6-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының бюджеттік жүйе құрамына
келесі бюджет түрлері мен деңгейлері кіргізілген:
• республикалық бюджет;
• облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қалалар мен астана бюджеті;
• аудан бюджеті.
Бюджет жүйесі әр түрлі деңгейлердегі бюджеттердің өзара байланысына
негізделеді. Бюджетаралық қатынастар бюджет шығыстары мен кірістері арқылы
қалыптасады.
Мемлекеттік бюджеттің экономикалық маңызы жалпы қаржы қасиеттерімен
сипатталады, яғни экономикалық маңызды әлпеттейтін әдіс жалпы қаржы мен
оның тізбектерінде бір типтік функцияларға сәйкес. Сондықтан мемлекеттік
бюджет, барлық қаржы жүйесі секілді бөлу және бақылау функцияларын
атқарады. Сонымен қатар, “қаржы” категориясына қарағанда, бюджет ерекше
категория, оған келесі негізгі функциялар атқаруы тән: Ұлттық табысты қайта
бөлу, әлеуметтік саясатты қаржымен қамтамассыз ету, экономиканы реттеу мен
ынталандыру, ақша қаражаттарының орталықтандырылған қорын қалыптастыру мен
пайдалануын бақылау. Бұл функциялардың іс қимылы, мазмұны, мәні мен маңызы
бюджет қатынастарының қаралған айрықшалығымен айқындалды. Бөлу функциясының
мазмұны қоғамдық іс-әрекет салалары, аумақтар, экономика салалары арасында
қаржы ресурстарды қайта бөлу процесімен анықталады. Бөлу функция арқылы
мемлекет аумағында ақша қаражаттарын орталықтандыру мен оны
жалпымемлекеттік мұқтаждықты қанағаттандыруға пайдалану іске асырылады. Ал
бақылау функциясы мемлекет тарапына уақытында және толық қаржы ресурстары
түсуі, орталықтандырылған қаражаттар бөлуіндегі пропорциялар жағдайы, сол
қаражаттар үнемді және тиімді пайдалану жөнінде мәлімдейді.
Бюджеттік механизм, бюджеттік саясатты шынайы түрде іске асырушы
болып, бюджеттік қатынастарды нақты түрде экономикалық және әлеуметтік
сауалдарды шешуге бағытталады. Бұл арада бюджет іс-әрекетінің объективтік
және субъективтік жақтарының арасындағы арақатынасты дұрыс түсіну қажет,
себебі бюджеттің және оның функцияларының объективтік сипаты қатынас
жүйесіндегі бюджеттің орны мен оның экономиканың даму деңгейіне тәуелді
екенін анықтайды.
Бюджет категориясы объективті болғандықтан, оның функциялары да
объективті. Бюджет функцияларын бірден оның ішкі потенциялдық
қабілеттілігінен түсіну қажет, себебі ол өзін тек міндетті түрде бюджеттік
қатынасы бар қоғамдық қарым - қатынастың белгілі саласында көрініс табады.
Қазақстан Республикасы жиынтығында бюджетті құрайтын бекітілетін,
атқарылатын және дербес болып табылатын мынадай деңгейдегі бюджеттер жұмыс
істейді.
Қазақстан Республикасы мемлекеттік бюджетінің басты бөлігі
республикалық бюджетте шоғырланған. Республикалық бюджет мемлекеттің
бюджеттің жоғарғы деңгейі, ал жергілікті бюджеттер төменгі деңгей санатымен
ажыратылады.
Республикалық бюджет- бұл салықтық және басқа да түсімдер есебінен
қалыптастырылатын және орталық мемлекеттік органдардың, оларға ведомствалық
бағынышты мемлекеттік мекемелердің міндеттері мен функцияларын қаржымен
қамтамассыз етуге және мемлекеттік саясаттың жалпыреспубликалық бағыттарын
жүзеге асыруға арналған орталықтандырылған ақша қоры.
Республикалық бюджет, өз алды биліктің бір тарауымен жасалып,
екіншісімен бекітілетін едәуір жеке құжаттар ретінде болғандықтан,
қолданбалы, бірақ маңызды функция орындайды- ол мемлекет таңдаған ел
басқару стильді іске асырады. Республикалық бюджетте мемлекетке қажетті
қаржы ресурстары мен барлық резервтер көлемі саналады, сондықтан осы бюджет
арқылы елдің қаржы ахуалы, қаражаттар жұмсаудың нақты бағыттыры, салалар,
аймақтар мен әрекет салалары бойынша шығындар арақатынасы анықталады.
Осыған байланысты республикалық бюджеттің экономикалық саясатты іске асыру
құралы ретіндегі мемлекеттік мәні мен экономикалық рөлі білінеді.
Қазіргі кездегі экономиканың дамуына байланысты республикалық
бюджеттің рөліне өте үлкен мән беріледі, себебі ол мемлекеттің экономикалық
және әлеуметтік саясаттын іске асырудың негізгі құралы ретінде пайдаланады
және экономиканы қаржылық реттеу мен оның бәсеке қабілеттілігін жетілдіруге
маңызды әсерін тигізеді.
Жергілікті бюджет- бұл ұлттық табысты аумақтық тұрғыда қайта бөлуге
мүмкіндік жасайтын және билік пен басқарудың жергілікті органдарының қаржы
базасын жасауды қамтамасыз ететін экономикалық қатынастардың жиынтығы. [4]
Бюджет кодексіне сәйкес, жергілікті бюджеттерге келесілер жатқызылады:
← облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қалалардың бюджеттері,
елорданың бюджеті;
← аудандық (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеті.
Жергілікті бюджеттердің экономикалық мәні олардың мынадай арналымында
көрінеді:
← билік пен басқарудың жергілікті органдарының ақша қорларын
қалыптастыру;
← бұл қорларды жергілікті деңгейдегі инфрақұрылымсалалары мен
халықтың арасында қайта бөлу [2].
Жергілікті бюджеттер билік пен басқарудың жергілікті органдарының
санқырлы қызметінің негізгі қаржы базасы бола отырып, олардың экономикалық
дербестігін нығайтады, шаруашылық қызметін жандандырады, аумақтың
экономикалық әлеуетін кеңейтуге, қаржы ресурстарының резервтерін ашып,
пайдалануға мүмкіндік жасайды.
Республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң кiрiстерiн қысқартуды
немесе шығыстарын ұлғайтуды көздейтiн заңдардың жобалары Қазақстан
Республикасы Үкiметiнiң оң қорытындысы болған кезде ғана Қазақстан
Республикасы Парламентiнiң Мәжiлiсiне енгiзiлуi мүмкiн. Қазақстан
Республикасы Үкiметiнiң қорытындысы Республикалық бюджет комиссиясының
ұсыныстары ескерiле отырып жасалады.
Қазақстан Республикасы Президентiнiң заң шығару бастамасы тәртiбiмен
Парламент Мәжiлiсiне енгiзiлетiн заңдардың жобалары үшiн мұндай
қорытындының болуы талап етiлмейдi.
Республикалық немесе жергiлiктi бюджеттердiң шығыстарын ұлғайтуды
немесе кiрiстерiн қысқартуды көздейтiн Қазақстан Республикасы Президентiнiң
жарлықтары мен Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулылары жобаларының
ережелерi Республикалық бюджет комиссиясының мiндеттi қарауына жатады. Сол
сияқты экономика және бюджет бөлімдеріне келіп түсетін ұсыныстарды,
өтінімдерді бюджеттік комиссияға ұсынады.
Қазақстан Республикасындағы республикалық және жергілікті бюджеттер
мемлекеттің бюджет жүйесінің материялдық тірегі, қаржы жүйесінің орталық
буыны, Қазақстан Республикалық мемлекеттігінің атрибуты және оның
егемендігінің қаржылық негізі болып саналады, сондай-ақ мемлекеттік бюджет
арқылы жалпы ұлттық өнімнің тиісті қаржылық заң актілерінде көзделген
бөлігі қайта бөлініп, қоғамның әлеуметтік-экономикалық игілігіне
пайдаланылады. Осыған сай Көкшетау қаласының бюджеті де әлеуметтік-
экономикалық игілікке пайдаланылады.
Облыстық бюджеттің табысы негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер
базасында елдің экономикасын ары қарай дамыту мен инвестиция тартуға
бағытталған белгіленген халықты ынталандырушы шаралары мен орта мерзімге
елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының индикативті жоспарымен анықталынады.

Бюджеттің құрылымы мынадай бөлімдерден тұрады:
1. кірістер:
• салықтық түсімдер;
• салықтық емес түсімдер;
• негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер;
• ресми трансферттер түсімдері;
2. шығындар;
3. операциялық сальдо;
4. таза бюджеттік кредит беру:
• бюджеттік кредиттер;
• бюджеттік кредиттерді өтеу;
5. қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо:
• қаржы активтерін сатып алу;
• мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер;
6. бюджет тапшылығы;
7. бюджет тапшылығын қаржыландыру
• қарыздар түсімі;
• қарыздарды өтеу[5,132 б].
Бюджет кірістері - ол мемлекеттік функцияларды орындауға қажетті елдің
ортаға топталған қаржы ресурстарының бөлігін және заңнамаларға сәйкес билік
органдарының әр деңгейлеріне иелік істеуге ақысыз және қайтарылмайтын
тәртіппен түсетін ақша құралдарын көрсетеді.
Бюджетке түсетін кірістер, оларды жұмылдыратын формалар мен әдістер
жиынтығы мемлекеттік бюджеттің түсімдер жүйесін құрайды.
Бюджеттік іс-әрекеттің жүргізілуі мемлекеттің орталықтандырылған ақша
қаражаттары қорын қалыптастыру мен пайдалануына байланысты және ерекше
экономикалық, ұйымдастырушылық формаларды қолдану негізінде жүргізіледі.
Шығыстар нақты шығындардың көлемін көрсетеді. Сондықтан, бюджеттердің
барлық деңгейлері бойынша мемлекеттік шығыстардың бір-бірімен өзара
байланысты нақты түрлерінің жиынтығы әрбір мемлекеттің бюджет шығыстар
жүйесі болып табылады.
Облыс шығыстар мақсатты белгілеулер бойынша қатаң іске асыруға тиіс,
яғни бюджетте қарастырылған бағыттар бойынша, бюджет секторы осының
барлығын қадағалап отырады.
Бюджет секторының негізгі құқықтық базасы ретінде келесідей заңдық
мәртебесі бар құжаттар танылады:
• мемлекеттің Конституциясы;
• бюджеттік кодекс;
• ағымдық жылға арналған республикалық бюджет туралы Заң.
Сондай-ақ, аталған құжаттардан басқа мемлекет бекіткен орта немесе
ұзақ мерзімді әлеуметтік-экономикалық бағдарламалар, Қазақстан Республикасы
Президентінің Жолдауы, мемлекеттің стратегиясы да қолданылады.
Сонымен қатар, Бюджеттік заңнамаларға сәйкес бюджеттің барлық түрлері
мен деңгейлері дербес болып есептелінеді. Бюджеттік жүйе құрылымында
Төтенше мемлекеттік бюджет пен Ұлттық қор қарастырылады.
Ұлттық қор елдің тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз
ету, экономиканың шикізаттық салалардан тәуелділіктігі мен қолайсыз сыртқы
факторлар әсерін төмендету мақсатымен құрылған. Бұл қордың тағы бір маңызды
арнауы болып бірқатар қоғамдық мұқтаждықтарды қаржыландыру үшін мемлекетке
қажетті қаржы активтер мен басқа да мүліктерді қорландыру табылады.
Елге қауіпті немесе әскери жағдайларда төтенше бюджет құрылуы мүмкін.
Төтенше бюджет қалыптасу кезінде аталған қор мемлекеттік бюджеттің және
сәйкесінше бюджет жүйесінің құрамына енгізіледі. Төтенше бюджеттің кірісі
республикалық және жергілікті бюджеттердің аударымдары арқылы қалыптасады.
Мемлекеттік бюджеттің елдің негізгі қаржы жоспары ретінде болуы
бюджеттік қатынастың ерекшелігіне байланысты, яғни қоғамдық өнімді құндық
бөліністің айрықша саласы ретінде. Сондықтан, экономикалық категория
түрінде мемлекеттік бюджеттің объективтік табиғатының мәнін оқып білу және
оны бюджеттік қатынасты пайдаланудың формасын көрсететін қаржы жоспар
ретіндегі мәнін талқылау өте маңызды.
Бүгінгі күні облыс бюджеті қаржылық қарым-қатынастағы әр түрлі
қатысушылардың әлеуметтік-экономикалық мүдделерін қалыптастыратын күрделі
және көп міндет атқаратын құрал. Бюджет арқылы орталық пен аймақтар
арасындағы әлеуметтік шығындар мен салық бөлу, еңбекақы мен кіріс жөніндегі
ымыраға келеді, бюджеттік дотациялар мен трансферттер бөлу арқылы мемлекет
орталық және жергілікті мүдделерді қалыптастырып іске асырады. Ал бюджет
экономикалық құжат ретінде қоғамның саясаттық және әлеуметтік дамуын
көрсетеді.
Облыс бюджеті, жалпы басқа да экономикалық категориялар секілді
мемлекет белсенді түрде болашақ және ағымды әлеуметтік-экономикалық
міндеттерін нақты шешуде пайдаланады. аудан бюджет өзінің ұйымдастырушылық
функциясын іске асырудың маңызды құралы ретінде қолданып, оны экономиканы
басқарудың құралы ретінде пайдалануы мынадай маңызды қасиеттерімен
дәлелденеді: ол заң күшіне ие; мұнда қоғамдық өндірістің дамуына
бағытталған, оның тиімділігін жоғарылатуға, қоғам мүшелерінің
мұқтаждықтарын қанағаттандыруға арналған бағдарламалар тікелей көрсетілген.
Бюджеттік қатынастарды пайдалану құжаттық формада болғандағы оған өте үлкен
ұтқырлы және ұйымдастырушылық мән береді.

1.2 Білім беру мекемелерін қаржыландыру жоспарлары және орындалуы

Мемлекеттік білім беру – мемлекеттік құратын және ішінара мемлекеттік
бюджет есебінен қаржыландырылған ұйым [6, 4 б].
Азаматтардың білім алу құқы Қазақстан Республикасының Конституциясында
кепілденген және 1999 жылы маусым айының 7 жұлдызында қабылданған Білім
беру туралы Заңмен реттеледі. Осы құқықты мемлекет тиісті әлеуметті-
экономикалық шарттар жасап, білім беру жүйесін дамыту арқылы қамтамасыз
етеді. Қазақстан Републикасының азаматтарына мемлекет ақысыз жалпы орта
және алғашқы кәсіби білім және мемлекеттік тапсырысқа сәйкес конкурстық
негізде ақысыз орта кәсіби, жоғары кәсіби және жоғары оқу орнынан кейінгі
білім алуды кепілдейді, егерде азамат осы әрбір деңгей бойы білімді алғашқы
рет алып отырса.
Оқитындарға білім алудың ақысыздығы мемлекеттік білім беру мекемелерін
ұстауды бюджетік қаржыландыру немесе білім беру мекемелерінен білім беру
қызметтерін сатып алуды бюджеттен төлеу немесе мемлекеттік гранттар беру
арқылы іске асырылады [6].
Жоғары оқу орнының қаржылары әр түрлі экономикалық қатынастарды құру
туралы, пайда болу көздері арқылы жоғары оқу орындарының ақша
қаражаттарының децентрализденген қорлары үшін олардың өз қызметтерін дамыту
мен жүзеге асыру мақсаттарында қолданылады. [7].
Білім беру аумағындағы заңнамалар мемлекеттік саясаттың принциптерін
анықтайды, азаматтардың білім алу құқығын қамтамасыз етеді, орталық және
жергілікті атқарушы органдардың өтемақыларын шектейді, білім беру
процесінің субъектілері арасындағы қатынастарды реттейді, олардың
құқықтарын, міндеттерін, уәкілеттерін және жауапкершіліктерін белгілейді.
Білім беру аумағындағы мемлекеттік саясаттың негізгі принциптері болып
келесілер табылады:
• барлық азаматтардың білім алу құқықтарының теңдігі;
• әрбір азаматқа білім алудың барлық деңгейлерінің мүмкінділігі;
• білім берудің діннен тыс сипаты;
• тұлғаның білімділігін ынталандыру және дарындылықты дамыту;
• білім беру процесінің үздіксізділігі, оқыту мен тәрбиелеудің
бірлестілігі;
• білім беру мекемелерінің меншік формалары, оқыту мен тәрбиелеу
формалары және білім беру бағыттары бойынша әр түрлілігі;
• білім беру, ғылым және өндірістің шоғырлануы;
• оқитындарды кәсіптік бағдарлау;
• білім беру жүйесін ақпараттандыру.
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесі маңына бір-бірімен
арақатынаста болатын меншік форма, тип және түрлерінен тәуелсіз білім беру
мекемелері, әр түрлі білім беру деңгейлеріне арналған білім беру
бағдарламалары мен мемлекеттік жалпы міндетті білім беру жүйесінің дамуын
қамтамасыз ететін білім беруді басқаратын көрсетіледі[6].
Білім беру жүйесінің басымды мақсаттары болып келесілер табылады:
• білім беру бағдарламаларды игеру үшін шарттар жасау;
• тұлғаның творчествалық, рухани және физикалық мүмкіндіктерін
дамыту, өнегелік пен аман тұрмыс нұсқасының мығым негізін
қалыптастыру;
• азаматтық пен отаншылдықты, мемлекеттік рәміздер құрметтеуді, халық
дәстүрлерін қадірлеуді, конституция мен қоғамға қай-қайсы
қарсылықтарға төзімсіздікті тәрбиелеу;
• тұлғаның өз құқықтары мен міндеттеріне сезімді қатынасын және
республиканың қоғамдық-саяси, экономикалық және мәдениеттік өміріне
қатынасуының қажеттілігін қалыптастыру;
• әлем және отан мәдениетінің жетістіктеріне қатыстыру қазақ және
республиканың басқа халықтарының тарих пен салт-дәстүрлерін оқу,
мемлекеттік, орыс және шетел тілдерін игеру;
• білім беру мекемелерінің дербестігін ұлғайту мен басқаруды
демократияландыру және орталықсыздандыру;
• оқытудың жаңа технологияларын енгізу мен білім беруді
ақпараттандыру;
• еңбек нарығындағы бәсекелікке қабілеті бар білікті жұмысшылар мен
мамандарды дайындау, олардың біліктілігін жоғарлату және қайта
дайындау;
• әр-түрлі және көп функционалды білім беру мекемелердің тиімді
дамуына жәрдем беру.
Білім беру бағдарламалар білім берудің тиісті деңгейлері мен олардың
сатыларының мазмұнын анықтайды. Республикада тікелей білім беру
бағдарламалардың сипатына байланысты олардың 2 түрі – жалпы білім беру
(негізгі және қосымша) және кәсіби (негізгі және қосымша) бағдарламалар
іске асырылып жатыр.
Жалпы білім беру бағдарламалары тұлғаның жалпы мәдениеті және оның
өмір мен қоғамға икемделуі жөніндегі мақсаттарды шешуге, кәсіп пен
мамандықты сезімді таңдау мен игерудің негізін жасауға бағытталған. Кәсіби
бағдарламалар кәсіп пен біліктіліктерге сәйкес жұмыскерлер мен мамандарды
дайындауға және оқитындардың жалпы білімдері мен кәсіби деңгейлерін және
тізбекті жоғарлатуға бағытталған [6].
Жалпы білім берудің мазмұны оның әрбір сатысы бойынша тиісті жалпы
білім беру бағдарламамен анықталады және мектепке дейнгі тәрбие мен оқыту
мен орта білім беруден қалыптасады. Білім беруді дамытудың 2005-2010
жылдрға арналған Мемлекеттік бағдарламасы бойынша жалпы орта білім беру – 3
сатыны көздейтін 12 жылдық оқытудан құрасады: 1-саты – жалпы бастауыш білім
беру, 2-саты – негізгі жалпы білім беру, 3-саты – жалпы орта білім беру.
Жоғары кәсіптік білім беру республикада тиісті жоғары білім беру
бағдарламалар негізінде университет, академия, институт және осыларға
теңестерілген оқу орындары бойынша іске асырылады. Сонымен қоса, жоғары оқу
орындары тиісті лицензиялары болған жағдайда орта, техникалық және
кәсіптік, орта білімнен кейінгі кәсіптік білім беру бағдарламаларын іске
асыруға мүмкіндіктері бар.
Жоғары кәсіптік білім беру мекемелерінде Мемлекеттік бағдарламаларға
сәйкес оқу процесін ұйымдастыру технологиясының дәстүрлі жүйесінің орнына
оқытудың кредиттік жүйесі енгізіледі. Бұл жүйе, дамыған елдердің тәжірибесі
көрсеткендей, оқитындардың өз бетінше белсенді жұмыс істеуін ынталандырады,
жеке білім бағытын таңдаудың болуын қамтамасыз етеді, білім туралы
құжаттардың әлемдік білім беру кеңестігіне танылуына әсер етеді.
Мемлекеттік бағдарламаға сәйкес жоғары кәсіптік білім беру негізінде
екі деңгейден қалыптасады – жоғары білім беру және жоғары оқу орнынан
кейінгі білім беру. Жоғары білім беру – ол жоғары базалық білім беретін
бакалавриат болады. Бакалавриатты бітірген азаматтардың жоғары оқу орнынан
кейінгі білім беру орындарында, яғни магистратурада өз білімін жалғастыруға
мүмкіндігі бар [6].
Магистратураның бітіргендері магистр атты академиялық дәрежесі
беріліп, олар докторантурада оқуларын жалғастыруға немесе ғылыми-
педагогикалық және өзге де еңбек қызметінен айналасуға құқығы бар.
Жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің ең жоғары білікті ғылыми және
ғылыми-педагогикалық кадрлар даярлаудың аяқтаушы білім беру деңгейі болып
докторантура есептеледі. Докторлық білім беру бағдарламалар бойынша оқу
кемінде 3 жылды құрайды. Бұл бағдарламаларды игерген және докторлық
диссертация қорғаған азаматтарға философия докторы (Ph.D) академиялық
дәрежесі, ал бейіндік докторантураны игерген кезде – бейіні бойынша доктор
дәрежесі беріледі.
Республика азаматтарының ақысыз жалпы орта мен техникалық және
кәсіптік білім алуына мемлекеттік кепіл негізі болып мемлекеттік білім беру
мекемелерін ұсталды бюджеттік қаржыландыру ал жоғары кәсіптік және жоғары
оқу орнынан кейінгі білім алудың – мемлекеттік білім беру гранттары
табылады.
Білім беру саласына оның басымдылығын есептей отырып, мемлекет жыл
сайын бюджеттік құралдар бөлуді қамтамасыз етеді. Мемлекеттік білім беру
мекемелерін жалпы міндетті стандарттарда белгіленген талаптарға сәйкес
республикалық және жергілікті бюджет құралдары арқылы іске асырылады.
Білім беруге арналған шығыстарды қалыптастыру және оларды қаржаландыру
көздері.Білім беруге арналған шығыстар құрамы бюджеттік жіктелу бойынша
арнайы функционалдық топқа сәйкес қалыптасады. Республикалық бюджеттік бұл
топтың үлесі жыл сайын ұлғаюда және келешекте олардың деңгейі жалпы ішкі
өнімнің 4 пайызына жетуі ұйғарылуда.
Бұл функционалды топ құрауына мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту,
бастауыш және орта білім беру, арнайы орта білім беру, кәсіптік білім беру,
жоғары білім беруге мемлекеттік тапсырыс және білім беру аумағындағы басқа
да қызметтер көрсетілген. Осы келтірілген білім беру мекемелерінің типтері
мен түрлері бойынша бюджет құралдарымен қаржыландыру іске асырылады.
Қаржыландыру көздері болып республикалық пен жергілікті бюджеттер мен
бюджеттен тыс құралдар табылады. Білім беру мекемелердің іс әрекетін
қаржыландыратын бір немесе бірнеше құрылтайшылар болғандықтан, мұндай білім
беру мекемесі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі ережелеріне
сәйкес коммерциялық емес ұйым деп есептеледі. Ал мемлекеттік білім беру
мекемелерінің жеке меншік ретіне мемлекет атынан орталық және жергілікті
басқару органдары болғандықтан, олар осы мекемелердің мемлекеттік орталық
және жергілікті қаржыландырудың мемлекеттік кепіл берушісі болады. [7].
Қазіргі кезеңде білім беру мекемелерін ұстау үшін әрекеттегі қаржылық
ағымдар бюджет деңгейлері бойынша жіктелінеді. Орталық республикалық деңгей
бойынша бюджеттік құралдармен қамтамасыз ету үш бағытқа бөлінеді, яғни
орталық республикалық бағыныштағы мекемелерді ұстауға, республикалық білім
беру бағдарламаларды іске асыруға және қаржылық жәрдемге мұқтажды
аймақтарға трансферттер ретінде білім беру субвенцияларға. Аймақтық және
жергілікті деңгей республикалық деңгейге ұқсас, мұнда жергілікті
бағыныштағы білім беру мекемелерді ұстау және тиісті білім беру
бағдарламалары іске асыруға қажетті бюджеттік құралдар қарастырылады.
Бүкіләлемдік Банк мәліметтері бойынша қазіргі кезеңде дамыған елдерде
міндетті мектептік білім беруге арналған шығындар басымды шығындар болып
табылады. Дамыған елдерде мұндай шығындардың үлесі барлық білім беруге
арналған шығындардың ішінде 67%-дан (АҚШ) 89-ға дейін (Жапония) құрайды.
Осы елдерде жоғары білім беруге арналған шығындардың үлесі 8%-дан (Жапония)
27% (АҚШ) пен 34%-ға дейін (Канада), ал мектепке дейінгі білім беруге –
0,3%-дан (Канада) 11%-ға дейін (Франция) толықсыды. Қазақстанда шығындар
құрылымының маңызды ерекшеліктері бар. Біздің елімізде мемлекеттік
қаржыландырудың ерекшелік белгісінің бірі - ол мектепке дейін білім беруге
арналған шығындардың салыстырғанда жоғары үлес салмағы – 27% және міндетті
білім беруге арналған шығындардың төмен үлесі – барлығысы 50%, оның ішінде
жалпы академиялық білім беруге - 38% жатады, кәсіптік білім беруге –
қалған 12% жатады.
Бюджеттік саясатқа орай, білім беру саласына бөлінген қаржы негізінен
білім берудің ұлттық моделін қалыптастыруға, мамандарды әлемдік еңбек
рыногында бәсекелестікке қабілетті етіп дайындауға бағытталады. Биылғы
қаржы жылында білім саласына бөлінетін қаржы көлемі екі есеге жуық өсті.
Мысалы, осы салаға өткен жылы 66,4 миллиард теңге бөлінсе, биыл ол 102,1
миллиард теңгені құрады. Мемлекеттік білім гранттары биылғы жылды
қосқанда, үш жылдың ішінде 50 пайызға көбейіп, республикалық бюджеттен
2006 жылы 27 миллиард теңге бөлініп отыр. 2005 жылы, сондай-ақ 65 мектеп,
оның ішінде ауылдық жерлерде – 44, қалаларда 21 мектеп пайдалануға
берілді. 2006 жылы 70 мектеп, олардың 53-ін ауыл-селоларда, 17-сін
қалаларда салу көзделген. ҚР Президентінің жолдауы бойынша 2009 жылы 100
мектепті аса қажетті ауылдық жерлерде, қалаларда салынуы тиіс.
Қазіргі уақытта білім беруді қаржыландыру республикалық деңгейден
келе-келе жергілікті деңгейге беріліп жатыр. Мұндай процесс ең алдымен
кәсіптік білім беру мекемелерінің мүддесін қозғайды. Себебі орталықтан
қаржыландыру болған жағдайда аймақтық және жергілікті еңбек нарығына
қажетті кадрлар дайындауды есептеу өте қиын. Тағы бір себеп – ол білім беру
мекемелерді кәсіпорындар мен ұйымдардың құралдары арқылы қаржыландырудың
жоқтығы. Мысалы, өткен ғасырдың 90-шы жылдарының басында бюджеттердің
барлық деңгейлерінің құралдары арқылы білім беруге арналған шығындары осы
сала бойы қажетті барлық шығындардың 84% құраған, ал қалған 16%
кәсіпорындар мен ұйымдардың құралдары арқылы қамтамасыз етілген.
Мемлекеттің дамуының жаңа беталыстарына сәйкес білім беру саласында
жеке кәсіпкерлік жүйесі орын ала бастады. Білім беру қызметінінң нарығы
мемлекеттік тапсырысты қамтамасыз етумен бірге халық пен кәсіпорындардың әр
түрлі топтарының әлеуметтік тапсырыстарына қанағаттандыруын талап етеді.
Білім беру процессіне қалыптасып жатқан кәсіпкерлер класымен бірге әр түрлі
қоғамдық қозғалыс пен ұйымдардың, Ұлттық бірлестіктердің, діндар
қауымдардың өкілдері қосылуда. Олардың білім беру жүйені өз мүдделеріне сай
көркейту жөніндегі талпыныстары мемлекеттік емес оқу орындарын ашуға және
мемлекеттік мекемелерге қаржылық жәрдем жасауға ниеттендіреді. Бүл арада
мемлекеттік мекемелер де өздігінен білім беру бағдарламалар таңдауды іске
асыруға және халыққа төлемақы негізінде білім беру қызметінің айдынды
спектрінін көрсетуге құқы бар.
Демек, білім беруді қаржыландыру қосымша көздері тартылу арқылы іске
асыруы мүмкін, яғни білім беру мекеменің өзінің кәсіпкерлік іс-әрекеті және
оларға демеуші болатын заңды және жеке тұлғалармен арақатынас құру. Осыған
қоса, кәсіптік білім беру мекемелерінде бюджеттік құралдардан тыс қосымша
ақылы қызмет көрсету формалары ретінде келесілер болуы мүмкін:
• ғылыми-зерттеулік, өнеркәсіптік, консалтингтік, сертификаттық іс-
әрекет, сараптамалық, ақпараттық және басқа да қызмет көрсету;
• мемлекеттік билік пен жергілікті басқару органдарымен, меншіктің
барлық формадағы кәсіпорындар мен ұйымдармен, басқа да заңды
және жеке тұлғалармен келісімшарт арқылы мемлекеттік тапсырыстан
тыс кадрларды даярлау, қайта даярлау мен персоналдық
біліктілігін көрсету;
• шетел студенттері, аспиранттар мен стажерларды оқытудың тиімді
және табысты жүйесін қалыптастыру;
• оқу орындарының әлеуметтік инфрақұрылымдарын келе-келе ақылы
пайдалануға өту [8,301 б].
Қайырымдылықтық құралдар көлемін жоспарлау мүмкін емес. Ол білім беру
үдерісінің барлық қатынасушылардың – білім беру орнының ұжымы, оқитындардың
ата-аналары, қоғам, шаруашылық субъектілер – жігеріне байланысты.
Бұл тараудың қорытындысы ретінде, бюджеттен қаржыландыру жоспарларының
құрылу, бекітілу тәртібі заман талабына сай, өткен жылдар бойында
жетілдіріліп отырғанын айтуға болады. Қазақстан Республикасының бюджеттік
жүйесі жаңа 2008 жылғы ҚР Бюджет кодексімен реттеледі. Білім беру
мекемелерін қаржыландыру жоспарларының өңдірілуі де, сол Бюджеттік
Кодекспен реттеледі және Қазақстан Респуликасы білім беру жөніндегі ҚР
заңы негізінде жүзеге асырылады. Білім беру саласын қаржыландыру тәртібі де
заман талабына сай өңделіп, толықтырылып отырады.
Ақмола облысында білім саласын дамытуға бөлінетін қаражаттар және
атқарылатын бағдарламалар. Ақмола облысы республикалық деңгейде білім беру
жағынан күшті және тұрақты позиция ұстануда.
Әсіресе, бұл жағдай жоғары білім беру жүйесіне қатысты. Жоғары
білімді мамандар дайындау жағынан Ақмола облысы республика бойынша Алматы
мен Оңтүстік Қазақстан облысының жоғарғы оқу орындарынан кейінгі 3
рейтингтік орында келеді.
Білім беру жүйесінің келесі дамыған саласының бірі - арнайы орта
білім беру саласы. Арнайы орта білім беру мекемелерінің саны 2001 жылы 24-
тен 2011 жылы 37 бірлікке көбейді. Кәсіптік- техникалық мектептер саны
біраз жылдар бойы өзгеріссіз келеді. 2006 жылы Степняк селосында кәсіптік-
техникалық мектеп ашылды. Қазіргі уақытта облыстың барлық аудандары мен
қалаларында кәсіптік –техникалық мектептер бар.
Білім беру жүйесінің ең маңызды секторы ретінде жалпыға ортақ орта
білім беру мектептерін айтуға болады. 2010-2011 оқу жылының басталу
қарсаңында 4 жаңа мектеп ашылды, оның 2 ауылдық жерде. Облыстың барлық
мектептерінің 92,4% интернет жүйесіне қосылған. Ақмола облысының 2015
жылға дейінгі территориялық даму Стратегиясы - Қазақстанның әлемдік
деңгейдегі бәсекеге қабілетті елу мемлекеттің қатарына кіру Стратегиясы
деген Елбасының 2006 жылдың 1 наурызында Қазақстан халқына жолдаған Үндеуі
және Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі территориялық даму
Стратегиясы негізінде жасалып, Ақмола облысының әлеуметтік экономикалық
жедел дамуының орташа жоспары болып отыр.
Стратегияны жасауда Қазақстан Республикасының экономика және
бюджетті жоспарлау министрлігінің аймақтарды бәсекелестік тұрғыдан дамыту
стратегиясын жасауға арналған Әдістемесі мен Дүниежүзілік даму Банкісінің
жобасында қарастырылған құралдар пайдаланып отыр .
Стратегия Ақмола облысын аймақтық экономикалық тұрғыдан дамыту
мақсатында, оның келешектегі мүмкіндіктері мен даму бағыттарын айқындап
беруді көздеп отыр.
Стратегия – атқарылған зерттеу қорытындылары мен жергілікті жоғары
оқу орындарының, сарапшылар кеңестерінің, қалалық үкіметтің, кәсіпкерлердің
мүдделі тараптармен бірлесе отырып жүргізген статистикалық көрсеткіштер
талдауының жиынтығы болып отыр.
Аталмыш құжат жүргізілген жұмыстардың негізгі кезеңдерін қамтып
отыр.
Құжаттың басты мақсаты – Ақмола аймағының жоспарлық стратегиялық
дамытуға байланысты алғы шарттар мен жобалар, бағдарламалар мен зерттеулер,
толғаныстар мен талқылауларды бір ғана құжатта топтастыру.
Бұл құжат- жобалар мен бағдарламаларды, кеңестер мен
мониторингтерді, қорытындыларды мен Стратегияға еңгізілу мүмкіндігі бар
өзгерістерді жүзеге асыруда пайдаланылады.
Стратегияны жасау 2 кезеңнен тұрады- Стратегияның базалық түрін
жасау кезеңінде облыстың әлеуметтік экономикалық дамуына сараптама
жасалынып, оның территориялық дамуы мен маманданудағы бәсекеге қабілеттілік
бағыттары айқындалды.
Зерттеу қорытындылары Ақмола әкімшілігінде құрылған жұмысшы топ
келісімінен өтіп, кәсіпкерлер мен жоғары оқу орындарына және басқа да
мүделі тараптарға таныстырылды.
Екінші кезең барысында кеңестер, қалалық жиындар, кәсіпкерлер және
қала басшылығымен кездесулер, сондай-ақ Көкшетау, Щучинск, Степногорск
қалаларында семинарлар өткізілді.
Ақмола облысының экономика мен бюджетті жоспарлау басқармасының
тапсырысы бойынша аймақтық дамудың Ғылыми Зерттеу Институты облыстың ірі
қалаларының ұлттық, аймақтық және әлемдік экономика жүйесіндегі алар орны
мен бағыттарын айқындауға арналған маркетингтік зерттеулер жүргізді.
Дүниежүзілік Банктың ұсынысы бойынша Кәсіпкерлер Форумы мен Сандж
зерттеу Орталығы Ақмола облысының жеке, жалпы және мемлекеттік
секторларына институтционалдық тұрғыдан баға беріп, бизнес-ортаның талдауын
жасап берді.
Стратегия – кеңестер мен ақылдасулардың қорытындысы және терең
зерттеулердің қысқаша баяндамасы болып табылады.
Баяндамалардың толықтай түрін Ақмола облысының экономика және
бюджетті жоспарлау басқармасынан, Алматыдағы дүниежүзілік Банк кеңсесінен,
Маркетингтік- аналитикалық зерттеу Орталығынан АҚ алып танысуға болады .
Аймақтық экономикаға жүргізілген зерттеулер мен келтірілген талдау
қорытындыларының негізінде Ақмола облысының даму бағдарламасының алғы
шарттары, мақсат-міндеттері анықталып, салааралық құнды жобалардың тізімі
жасалынды.
Осы алғышарттар, келешектегі мақсат-міндеттер қалаларында өткізілген
семинарларда жергілікті жұртшылықтың қатысуымен талқыланды.
Аудандық, қалалық әкімшіліктер мен кәсіпкерлердің ұсыныстарының
негізінде жасалған құнды жобаларды Ақмола облысының өнеркәсіп пен
кәсіпкерлік басқармалары қуаттап отыр.
Бүгінгі таңда аймақтардың экономикалық даму нәтижелері олардың жедел
өзгермелі халықаралық және ұлттық деңгейдегі нарықтық қатынастарға тезірек
бейімделу қабілетіне байланысты болып отыр.
Аймақтардың келешектегі экономикалық жағдайын жақсарту үшін
стратегиялық тұрғыдан жоспарланған экономикалық даму бағыттары пайдаланылып
отыр.
Жергілікті экономикалық даму (ЖЭД) аймақтың (қаланың) экономикалық
потенциалын қалыптастыра отырып, аймақтың болашақтағы экономикалық дамуын
жетілдіріп, халықтың тұрмыс деңгейін көтеруді көздеп отыр.
Экономикалық дамуды жетілдіріп, аймақтың тұрғындарын еңбекпен
қамтамасыз етуге бағытталған осындай күрделі процесске жеке меншік иелері,
мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдар бірлесе отырып ат салысуы тиіс.
Әрбір қала мен елді мекен экономикалық дамуды жетілдіруге қолайлы
өзіндік жергілікті жағдайларымен сипатталады. Аталмыш жергілікті жағдайлар
экономикалық даму стратегиясын ендіру мен қалыптастыруға негіз бола алады.
Тәжірибе көрсетіп отырғанындай, жергілікті күшті экономиканы қалыптастыру
үшін қауымдар жергілікті жердің әлді, әлсіз жақтарын және мүмкіндіктері
мен қауіптерін ескере отырып, бірлескен стратегиялық тұрғыда жоспарланған
іс әрекеттер жүргізуі тиіс.
Бұндай процесс аймақтарға деген бизнестің, жұмысшы күші мен жәрдем
институттарының қызығушылығын арттырады.
Облыстық бюджеттен бөлінген барлық дерлік сомалар толығымен
игерілуде, әсіресе Арнайы жалпы білім беретін оқу бағдарламалары бойынша
жалпы білім беру” бағдарламасы.
ЖЭД тәжірибе жүзінде 1970-шы жылдардың басында қолға алынды, сол
кездері жергілікті басқару органдары аймақтар мен қалаларды экономикалық
жағынан нығайтудың қажеттілігін білді.
Жеке секторларды дамытудағы келеңсіздіктерді жойып әлеуметтік
–экономикалық дамуды белсенді түрде зерттей отырып, нығайту мақсатында
стратегиялық бағдарламалар мен жобалар қабылданып отырылды. Осылайша,
аймақтар өзінің экономикалық базасын ұлғайтып, тұрғындарды еңбекпен
қамтамасыз етіп отырды.
Қазіргі таңда қалалар мен аудандық жерлердің алдында бұдан да зор
мақсаттар қойылып отыр, ол дегеніміз аймақтардың жергілікті экономикалық
дамуын стратегиялық жоспарлы түрде жүргізу қажеттігінің зор маңызы бар
екенін көрсетеді.

1.3 Білім беру саласын қаржыландырудың шетелдік тәжірибилері

Франция әлемдегі жоғары дамыған бес мемлекет қатарына кіреді. Франция
ЖІӨ көлемі жағынан АҚШ, Жапония және Германиядан кейінгі төртінші орында.
Экономикада маңызды орынды ғылыми зерттеулер және ақпараттық қызмет
көрсетулер алады. Франция шетел инвестицияларын тікелей тарту бойынша
әлемде төртінші орында. Инвесторлар мемлекеттегі қаржы тұрақтылығын, ғылыми
зеттеулердің жоғарғы деңгейін, алдыңғы қатарлы техникаландырылған өндірісті
тағы басқа маңызды факторларды ерекше бағалайды. Экспорт бойынша Франция
мына мемлекеттермен байланыста: Европалық қауымдастық : 63%( Германия
16%, Ұлыбритания 10%, Испания 9%, Италия 9%, және АҚШ 8%). Импорт бойынша
байланыстағы елдер: Европа қауымдастығы 62%( Германия 16%, Ұлыбритания 8%,
АҚШ 7%, Бельгия – Люксембург 11%).
Бюджет сипаты: кірістер – 210 млрд доллар, шығыстар – 240 млрд
доллар. Экспорт – 325 млрд доллар. Импорт – 320 млрд доллар.
Дамыған мемлекеттер ішінде Францияны айрықша ерекшелейтіні ЖІӨ-гі
салықтық түсімдердің жоғарғы үлесі мен әлеуметтік қор жарналарының
жоғарлағандығы. Франциядағы салық жүйесіне тән ерекшелік – тікелей салық
салудың төмен деңгейі мен жанама салықтардың жоғары деңгейі. Жанама
салықтар жалпы бюджет табыстарының 60% береді, негізінен бұл ҚҚС-ғы (оның
үлесі 45%). Ал, тікелей салықтар ішінде басты рөлде жеке тұлғалардан
алынатын табыс салығы ие, оның үлесі жалпы түсімдердің 20% құрайды.Қазіргі
кезде Франция үкіметі салық саясатын өзгертуде, жұмыссыздық деңгейін
төмендетуде күрделі қадамдар жасауда.
Францияның қаржы жүйесі өзінің көп салалығымен ерекшеленіп: жалпы
бюджет, қазынашылықтың арнайы шоттары, біріккен бюджеттер, арнайы қорлар,
жергілікті қаржылар және мемлекеттік кәсіпорын қаржыларынан тұрады.
Мемлекеттік бюджетке жалпы ел қаржыларының 47%, жергілікті бюджетке
9%, әлеуметтік сақтандыру қорына 4%, мемлекеттік кәсіпорындарға шамамен 4%
үлесі тиеді.
Мемлекеттік бюджет – бұл мемлекеттің экономикалық және әлеуметтік
саясаттарын сипаттайтын қаржы жүйесінің негізгі саласы. Франциядағы
мемлекеттік қаржылардың айрықша бөлігінің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шағын қалалардың дамыту бағдарламасы
Қазіргі таңдағы инновациялық қызметтерді қаржыландыру процесстерін талдау
Инновациялық қызметті қаржыландыру алгоритмі
Қазақстанның шағын қалалардың дамыту бағыттары
Бюджеттің білімге арналған шығындарының тиімділігін талдау
Қазақстан Республикасындағы еңбекақы төлеу мәселелерін талдау
Аймақтардың экономикалық дамуын мемлекеттік реттеу
Аймақ экономикасын басқаруды ұйымдастыру
Депрессивті қалалардың өзекті мәселелері және оларды шешу жолдары
Халықтың төлемдік қабілетін реттеу
Пәндер