Қазақстан Республикасы парламент депутаттарының құқықтық жағдайы


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 77 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ 5

1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ПАРЛАМЕНТ ЖӘНЕ ПАРЛАМЕНТАРИЗМ ИНСТИТУТТАРЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ

1. 1 Парламент және парламентаризм ұғымдарының тарихи даму кезеңдері 9

1. 2 ҚР Парламент функцияларының жіктемесі 14

1. 3 ҚР Парламентінің конституциялық құқықтық жағдайы мен құзыреті 27

1. 4 ҚР Парламентінің заң шығару қызметінің ерекшеліктері 42

2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПАРЛАМЕНТ

ДЕПУТАТТАРЫНЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖАҒДАЙЫ МЕН МӘРТЕБЕСІ

2. 1 Конституциядағы көрсетілген Қазақстан Республикасы 48

азаматтарының міндеттері мен құқықтары

2. 2 ҚР Парламент депутаттарының құқықтық мәртебесі 66

3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПАРЛАМЕНТІ ДЕПУТАТТАРЫНЫҢ

МӘРТЕБЕСІ МЕН ИММУНИТЕТТЕРІНІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ

3. 1 Артықшылық пен иммунитеттің ұғымы мен иммунитеттің 73

топтастырылуы

3. 2 Қазақстан Республикасы Парламент депутаттарына қатысты 81

Қылмыстық іс жүргізудің ерекшеліктері

3. 3 ҚР Парламент депутаттарына қол сұғылмаушылық және

қызметтерін құқықтық қамтамасыз ету мәселелері 86

ҚОРЫТЫНДЫ 90

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 94

ҚОСЫМШАЛАР 99

КІРІСПЕ

Зерттеу тақырыптың өзектілігі: Конституцияға сәйкес құрылған қос палаталы Парламенттің Қазақстан Республикасындағы жоғарғы өкілді орган ретінде қалыптасуы, оның одан әрі даму жолына түсуі еліміздің қоғамдық-саяси өміріндегі елеулі оқиға. Ал оның тарихы болса ғасырлар қойнауында жатыр. Сондықтан да, республикамыздағы өкілдік биліктің өткені мен бүгініне, болашағына көз жүгіртіп, жаңа өтпелі кезеңде жан-жақты зерттеу. Сонымен, бірге тақырыпты зерделеп-зерттеу, Қазақстан халқының саяси, әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық ой пікірін қалыптастыруына бірден-бір ықпал ететін негізгі құндылықтардың көзі. Өйткені, Парламент заң шығару қызметін жүзеге асыратын республикамыздағы ең жоғары өкілді орган болып табылады [1] .

Жалпы, заң шығару қызметінің күрделілігі қай мемлекетте болмасын оның құқықтық жүйесін қалыптастырудағы орнымен айқындалады. Қоғамдық қатынастарды қалыптастырып, Парламенттің заң шығарушылық қызметін үздіксіз дамытып отырмай Республикамыздағы басқа да қоғамдық-саяси өмірдің тыныс-тіршілігін пайымдау оңайға түспейді. Сондықтан да әртүрлі саяси күштер мен фракциялардың, партиялардың, топтардың ой-пікірлерімен санаспауға тағы болмайды. Зерттеу жұмысымызда біз заң шығару мәселелерін теориялық зерттеп-зерделеуі жағына аса мән бердік. Өйткені, кез-келген заң жобасы қай тараптан, кімнен ұсынылмасын, оларға кім бастамашылық жасамасын, алдымен ол өз мәтіндерінде қоғам дамуына ғылыми тұрғыдан келуі керек. Оған мамандарды тартып, қоғамдық және депутаттар пікірлерін бір жүйеге түсіретін жаңа бағыттағы әдістемелік жұмыстар ауадай қажет.

Біз осы кіріспе бөлімімізде елбасымыздың халыққа жолдаған «Жаңа онжылдық-жаңа экономикалық өрлеу Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері атты» жолдауында Парламентке тиісті заң жобаларын әзірлеуді тапсырғанын айта кеткіміз келіп отыр . Елбасы жолдауда Парламентке мынадай тапсырма берді: «денсаулық сақтау; тұрмыс жағдайын жақсарту және әлеуметтік қорғау; ардагерлерге қамқорлық; тұрғын үй-коммуналдық сектор саласындағы саясат» [2] . Осы аталған тапсырмалар қазіргі таңда Парламентте кезегімен орындалып жатыр оны біз күнделікті бұқаралық ақпараттардан көріп, біліп отырамыз.

Қазақстан Республикасындағы өкілдік биліктің қалыптасуы мен заң шығарушылық процесінің күрделілігі, олардың басқа мемлекеттік органдармен байланыстағы ара қатынас ерекшелігі жан-жақты зерттеуді талап етеді. Оларды зерттеп-зерделеудің теориялық негізі қаншалықты өзекті болса, оны іс-әрекетпен тиісті шара жүзінде пайдалана отырып іске асыру, олардың орындалуының нәтижесін көру де соншалықты өзекті. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы заң мемлекеттік билікті заң шығару, атқару және сот тармақтарына бөлу принципін жариялады. Осының нәтижесінде Парламент және парламентаризм институттарын құруға қарай маңызды бір қадам жасалды. Қазақстан Республикасының 1993жылғы Конституциясы Жоғарғы Кеңесті республиканың бірден-бір заң шығарушы және өкілді органы деп таныды. Жаңа ұлттық құқықтық саясатты негізіне алған заңдарды 12-шақырылған Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі қабылдады. Алайда, Жоғарғы Кеңес Парламент бола алған жоқ және Қазақстанда парламенттік республика орныққан жоқ. Н. Ә. Назарбаевтың пікірінше, Қазақстан үшін парламенттік республиканың орнықтырылмағаның себебі, онда « . . . парламентаризмнің дәстүрі мен мәдениеті, көп партиялықтың дамыған жүйесі болмады және, ең бастысы, мұның бәрін халықтың көпшілігінің санасы қабылдамады. Бүгінгі таңда бізде ол жоқ». [2, 5б] Бұл үшін уақыт керек болды. Президенттік басқару жүйесі елді басқарудың тиімді прогрессивті әдісі болып шығуы мүмкін. Қазақстан Республикасының 1995жылғы Конституциясы Парламентті заң шығару қызметін жүзеге асыратын жоғары өкілді орган ретінде бағалап басқаша сипаттама берді. ҚР-ның Парламенті жоғары өкілді орган ретінде де, өкілді демократия органы ретінде де өмірге келді [3] . Халық тікелей ғана емес, Парламент арқылы да өзінің саяси еркін білдіреді. Парламент сондай-ақ заң шығару қызметін жүзеге асыратын орган да болып табылады. Сонымен бірге, Парламент Президенттің заң шығарушылық қызметін өкілеттік берілген және тәуелдік сипатта болатындығын да атап айтқанымыз жөн. [4] Парламент тұрақты негiзде жұмыс iстейтiн екi Палатадан: Сенаттан және Мәжiлiстен тұрады.

Зерттеу жұмысының мақсаты : Қазақстан Республикасы Парламенті депутаттарының мәртебесі мен иммунитеттерінің құқықтық мәселелерін қоғамдық қатынастар ретінде саралап карастыру.

Аталған мақсаттарға жету үшін келесі міндеттерді қоямыз:

- Қазақстан Республикасында Парламент және Парламентаризм институттарының қалыптасуының ерекшеліктерін;

-Қазақстан Республикасы Парламенті депутаттарының құқықтық құқықтық иммунитеттерінің анықтау;

-Қазақстан Республикасы Парламент депутаттарының мәртебесі мен иммунитеттерінің құқықтық мәселелерін шешудің жолдарын қарастырамыз.

Зерттеу жұмысының объектісі: Қазақстандағы өкілдік биліктің қалыптасуы, сонымен бірге өкілді биліктің заң шығару қызметіне ықпал ететін қоғамдық қатынастардыңшешілу мәселелерін зерттеу.

Зерттеу жұмысының пәні: ҚР Парламентінің және оның депутаттарының құқықтық мәртебесінің мәселелерін басқа да заң саласы институттарымен байланыстыра отырып саралау.

Тақырыптың теориялық және әдістемелік негіздері: Қазақстан Республикасының Конституциясы, Парламент туралы заңдар, нормативтік және ережелік құқықтық актілері және көптеген заңгер ғалымдардың еңбектерінде зерттеліп қарастырылған.

Тақырыптың зерттелу әдісі: Осы жұмыс бірнеше зерттеу әдістерінен тұрады. Зерттеу барысында теориялық деректермен тәжірибелік актілерге жүйелі түрде талдау жасау, синтездеу және топтастыру әдістері сонымен қатар салыстырмалы құқықтану мен жүйелік және тарихи талдаудың әдістері, құқықтық модельдеу әдістері қолданады.

Зерттеу тақырыптың ғылыми жаңалығы: ҚР-ғы өкілдік биліктің қалыптасуы мен дамуына жаңаша заңдық-теориялық тұрғыдан келіп, оның заң шығарушылық қызметіндегі іс-нәтижелеріне алғашқылардың бірі болып жаңа көзқарас қалыптастырудағы зерттеп-зерделеуді жеке тақырып ретінде қарауымыздан көрінеді. Сонымен бірге зерттеудің ғылыми жаңалығының тағы біріне жататын жай ол, Парламенттің заң шығару қызметіндегі тиімділікті арттыруға байланысты әдістемелік-нормативтік актілерді зерделеуі болып табылады.

Қорғауға шығарылатын сұрақтар:

1. Қазақстан Республикасында Парламент және парламентаризм институттарының қалыптасуы мен ерекшеліктерінзерттей отырып, қоғамның қалыптасуына тигізетін әсерін қарастыру;

2. Қазақстан Парламенті депутаттарының құқықтық иммунитеттерінің мәселелерін қарастыру және олардың заңдыстырылған иммунитеттерінен айырудың шетелдік тәжрибемен байланыстыра отырып мәнін анықтау.

Бұл жұмыстың зерттелудің практикалық негіздері : дипломдық зерттеу нәтижелері ҚР Парламентінің конституциялық құқықтық мәртебесін және ҚР Парламент депутаттарының құқықтық мәртебесін зерттеуде ғылыми мақсатта және оқытушылық мақсатта қолданылуы мүмкін.

Зерттеу тақырыбы бойынша жарияланған ғылыми жұмыстар.

1. Бейсенбай А // «Қазақстан Республикасы депутаттарының мәртебесі мен құқықтық мәселелері»// атты ғылыми практикалық конференциясының жинағы. Том Көкшетау: АМКУ, 2012 жыл. «Гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар бөлімі» Б. .

2. Бейсенбай Адай //«ҚР Парламенті депутаттарына қол сұғылмаушылық және қызметтерін құқықтық қамтамасыздандыру мәселелері»//

Том Көкшетау: АМКУ, 2012 секция 8 «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл. Қайта өркендеген мемлекеттің жетістіктері және оның әлемдік қоғамдағы даму болашағы» Б.

Тақырыптың құрылымы: Дипломдық жұмыс кіріспеден, үш тарау-дан, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан тұрады.

Кіріспеде: Парламенттің Қазақстан Республикасындағы жоғарғы өкілді орган ретінде қалыптасуы мен депутаттардың имммунитеттеріне байланысты мәселелердің туындауымен байланысты жұмыстың өзектілігі, мақсаты мен міндеттері, зерттеу объектісі пәні, зерттеу әдістері мен теориялық негіздемелері, диссертацияның тақырыбына сай қорғауға ұсынылатын негізгі тұжрымдамалар мен баспаға берілген ғылыми мақалалар, тақырыптың құрылымымен қортынды бөлімі қарастырылған.

Бірінші тарау бойынша :Қазақстан Республикасында Парламент және парламен-таризм институттарының қалыптасуы, Парламент және парламентаризм ұғымдарының тарихи даму кезеңдері, ҚР Парламент функцияларының жіктемесін қарастыруда.

Екінші тарау бойынша : Қазақстан Республикасы Парламентінің Конститу-циялық құқықтық мәртебесі, ҚР Парламентінің конституциялық құқықтық жағдайын, ҚР Парламент құзыретіне қол сұғылмаушылық қызметінің ерекшеліктерін қарастыруда.

Үшінші тарау бойынша : Қазақстан Республикасы Парламенті депутаттарының құқықтық жағдайын, ҚР Парламенті депутаттарының құқықтық мәртебесін, депутаттарды иммунитеттерінен айырудың механизмдерін қарастыру.

Қорытынды бөлімде: зерттеу жұмысының нәтижелері мен ұсыныстар қарастырылған.

1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ПАРЛАМЕНТ ЖӘНЕ ПАРЛАМЕНТАРИЗМ ИНСТИТУТТАРЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ

1. 1 Парламент және парламентаризм ұғымдарының тарихи даму кезеңдері

Қазір әлем елдерінің басым көпшілігінде бар, ең жоғарғы өкілді орган ретіндегі Парламент (лат. parlare-сөйлеу, ағылшынша parliament дегенді білдіреді) осы аталған мағынаға сай алғаш 13-ғасырда Англияда, 17-18 ғасырларда Еуропа елдерінде құрылды. Кейбір елдерде Парламент басқаша аталады: Ресейде Мемлекеттік Дума, АҚШ-та Конгресс, Сирияда Ұлттық кеңес, Исландияда Альтинг, Монғолияда Ұлы Хурал, т. с. с. Парламент және парламентаризм институттарының даму тарихы туралы сөз қозғайтын болсақ халықтық демократияны білдіру нысаны ретіндегі өкілді билік Қазақстандық қоғамға ежелден тән. Ол қалыптасқан саяси жүйеге байланысты өзгеріп отырды.

Қазіргі Қазақстан Парламенті бір палаталы өкілді органның-алғаш рет Қазақ КСР-інің 1937 жылғы Конституциясы, ал содан кейін Қазақ КСР-інің 1978 жылғы Конституциясы мен Қазақстан Республикасының 1993 жылғы Конституциясы негізінде құрылған Жоғарғы Кеңестің орнына келді.

Жоғарғы Кеңес өзі жұмыс істеген кезде он үш рет сайланды. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің алғашқы сайлауы 1938 жылғы 24 маусымда өткізілді. Сайлау жалпыға бiрдей, тең және төте сайлау құқығы негiзiнде жасырын дауыс беру арқылы өткiзiлдi.

Ол уақытта депутаттар корпусын құру баламасыз негізде Коммунистік партияның қатаң бақылауымен жүргізілгенін атап өту керек. Депутаттыққа кандидаттар партия ұйымдары белгілеген таптық, партиялық, ұлттық, жыныстық-жастық және басқа да квоталар бойынша іріктелді. Сондықтан заң шығару органының құрамында қанша жұмысшы, колхозшы, қызметші, коммунист, комсомол мүшесі, қазақ, орыс, украин, сондай-ақ басқа да ұлт өкілдері, әйелдер, жастар және т. с. с. болатыны сайлау басталмастан бұрын белгілі болатын. Мемлекеттік органдардың жоғары шенеуніктері, партия, комсомол және кәсіподақ органдарының басшылары атқарып жүрген қызмет лауазымдарына сәйкес депуттатыққа кандидат болып ұсынылатын.

Қазақ КСР-інің 1978 жылғы Конституциясы сайлау жүйесіне аз ғана өзгерістер енгізді. Еліміздің осы Негізгі заңына сәйкес Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі мемлекеттік биліктің жоғары органы болып табылды. Қазақ КСР-інің Жоғарғы Кеңесі КСРО Конституциясымен және Қазақ КСР Конституциясымен Қазақ КСР жүргізуіне жатқызылған мәселелердің барлығын шешуге өкілетті болатын. Жоғарғы Кеңестің жұмыс органы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Төралқасы Жоғарғы Кеңестің сессиялары аралығында қажет болған жағдайда Қазақ КСР қолданыстағы заңнамалық актілеріне өзгерістер енгізіп, оларды кейін кезекті сессияның бекітуіне ұсынатын. Қазақ КСР-інің Жоғарғы Кеңесі, қажет деп санаған жағдайда, кез келген мәселе бойынша тексеру комиссияларын және өзге де комиссияларды құратын. Барлық мемлекеттік және қоғамдық органдар, ұйымдар мен лауазымды тұлғалар тұрақты және өзге де комиссиялардың талаптарын орындауға, оларға қажетті материалдар мен құжаттарды беруге міндетті болатын. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Қазақ КСР-інің жүргізуіне жатқызылған кез келген мәселені қарап, шешуге уәкілетті еді.

1990 жылғы наурызда он екінші сайланған Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің сайлауы өтті. Бұл әкiмшiл-әмiршiл жүйенің ықпалы әлі де болса жеткілікті болып тұрған жағдайдағы республиканың жоғары заң шығару органының алғашқы неғұрлым демократиялық сайлауы болатын. Сайлау алдындағы тартысқа 360 депутаттық мандат үшін екі мыңнан астам үміткер қатысты. Республикалық қоғамдық ұйымдардан 90 адамның сайланғаны да аталған сайлаудың бір ерекшелігі болып табылады. Бұл сайлау толыққанды саяси партиялар болмаған жағдайда өткенімен, тоталитарлық жүйенің өзгеру процестеріне бұлжымас сипат берді.

Он екінші сайланған Жоғарғы Кеңес Қазақстан парламентаризмінің қалыптасу тарихында ерекше рөл атқарды. Бұл бірқатар аса маңызды құқықтық актілердің қабылдануында, мемлекеттің 90-шы жылдардағы саясатын заңнамалық жағынан қамтамасыз етуде көрініс тапты.

«Қазақ КСР Президенті қызметін тағайындау және Қазақ КСР Конституциясына (Негізгі Заңына) өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 1990 жылғы 24 сәуірдегі Қазақ КСР-інің Заңымен Қазақ КСР Президентінің қызметі тағайындалып, еліміздің алғашқы Президенті болып Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды.

1990 жылғы 25 қазанда Қазақ КСР-інің Жоғарғы Кеңесі «Қазақ КСР-інің мемлекеттік егемендігі туралы» Декларацияны қабылдады, онда тұңғыш рет аумақтың бөлінбейтіндігі және оған қол сұғылмайтындығы бекітіліп, еліміз халықаралық құқық субъектісі ретінде айқындалды, азаматтық институт, сондай-ақ меншік нысандарының тең құқылығы енгізілді.

1991 жылғы тамыз бен желтоқсандағы оқиғалар - Мәскеуде іске аспай қалған бүлік және Беловежск келісімдері КСРО тарихының соңғы нүктесін қойып, 1991 жылғы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігін жария етті.

Он екінші сайланған Жоғарғы Кеңес ымыраға келу жөніндегі екі жылдық ізденістерден кейін 1993 жылғы 28 қаңтарда Республика егемендігінің қалыптасуын заң жүзінде аяқтаған және шынайы конституционализмнің орнығуын жалғастырған Қазақстанның кеңестен кейінгі алғашқы Конституциясын қабылдады. Соның негізінде республикада ұлттық қауіпсіздікті, азаматтық құқықтар мен бостандықтардың нақты кепілдіктерін, демократиялық қоғам мен құқықтық мемлекет құруды қамтамасыз етудің жаңа сапалы кезеңіне көшу басталды [5] .

1993 жылғы Конституция, бір партиялық саяси басқарудан, монополиялық экономикалық жүйеден, тарихи күш көрсету идеологиясынан бас тартып, Қазақстан қоғамы дамуының оң серпіні үшін өріс ашты.

Әлеуметтік бағдарланған нарықтық экономикаға көшудің өтпелі кезеңінде Негізгі Заң Республиканы дүниежүзілік қоғамдастықтағы тәуелсіз мемлекет ретінде заңдастырды. 1993 жылғы Конституция Қазақстан өзін қазіргі заманғы өркениеттің құрамдас бөлігі ретінде білдіреді, ол тату көршілік пен көптарапты әрі өзара тиімді ынтымақтастықты қалайды, жалпы адамзаттық құндылықтардың жолын ұстанады деп жария етті.

Қазақстан Республикасының 1993 жылғы Конституциясында, бұрынғысындағыдай, Жоғарғы Кеңеске өте көп өкілдік берілді, бұл биліктің бөліну принципін жүзеге асыру мен тежемелік әрі тепе-теңдік жүйесін құруды қиындатып жіберді. Реформалардың одан әрі жүргізілуі республикалық билік органдарының, бірінші кезекте, өкілді органдардың тиімсіздігін анықтады, өйткені олар жедел өзгеріп жатқан оқиғаларға шұғыл түрде әсер ете алмады және осыған орай баламалы шешімдер қабылдауға дәрменсіз болды. Он екінші сайланған Жоғарғы Кеңестің тұрақты негізде істеген жекелеген органдарының жұмыс нәтижелері де кәсіби Парламент құрудың қажеттігін дәлелдеді. Тежемелілік пен тепе-теңдік тетіктерінің жұмыс істемеуі Жоғарғы Кеңеске Үкіметтің қызметіне араласуына немесе оны ауыстыруға дейін баруына мүмкіндік берді, бұл республиканың өкілді органының қызметін мерзімінен бұрын тоқтатуға әкеп соқты.

Он екінші сайланған Жоғарғы Кеңестің өзін-өзі таратуы биліктің жергілікті өкілді органдарының өкілеттіктерін тоқтатуынан басталды. Алдымен Алматы қаласының Алатау аудандық Кеңесі, ал содан кейін республиканың аудандық және облыстық Кеңестері бірінен соң бірі өз сессияларында өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату туралы шешім қабылдады. Бұған қоса, 43 халық депутаты өкілеттіктерін тоқтатқаны туралы мәлімдеме жасап, әріптестерін өздерінің жолына түсуге шақырды. Он екінші сайланған Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі 11-сессиясының жұмысы аяқталар қарсаңында жергілікті Кеңестердің төрттен бірінен астамы өз жұмысын тоқтатты. Осындай жағдайда халық қалаулылары Парламент қабырғасында өткізген ұзақ пікірсайыстардан кейін Сайлау туралы кодекс, Республика Президентi мен жергiлiктi әкiмдерге уақытша қосымша өкiлеттiктер беру туралы заң және Жоғарғы Кеңестің өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы заң қабылдады. Республиканың жоғары өкілді органының соңғы екі заңнамалық актіні қабылдауының маңызы іс жүзінде Конституцияға түзетулер енгізумен бірдей болды.

1994 жылғы 7 наурызда өткен сайлау республикада көп партиялылықтың қалыптасуына ықпал етті. Сайлауға сайлаушылардың 73, 84 проценті қатысты. Небары 135 бір мандатты округтер бойынша 910 адам ұсынылып, тіркеу шарттарына 692 адам лайық болды, орташа алғанда 5 үміткер бір депутаттық мандат үшін күресті.

Уақытша регламентке сәйкес партиялар өкілдіктері негізінде Жоғарғы Кеңесте мынадай фракциялар құрылды: ҚХБО - 32 адам, ҚХК - 22 адам, Социалистік партия 12 адам және Кәсіподақтар федерациясы 12 адам, сондай-ақ, негізінен кәсіби белгісі бойынша қалыптасқан 14 депутаттық топ болды. Қазақстан тарихында тұңғыш рет саяси партиялар мен қозғалыстар биліктің нақты тұтқаларына қол жеткізіп, мемлекеттік бағдарламалардың қалыптасуына және қабылдануына ықпал ету мүмкіндігін алды [6] .

1994-1995 жылдар кезеңі Қазақстандық парламентаризмнің қалыптасуындағы төтенше маңызды кезең болып табылады. 1994 жылғы сәуір - 1995 жылғы наурыз аралығында жұмыс істеген он үшінші сайланған Жоғарғы Кеңес депутаттар тұрақты негізде жұмыс істеген Қазақстанның тұңғыш кәсіби Парламенті болды.

Алайда он үшінші сайланған Жоғарғы Кеңестің тағдыры өте қиындау болып шықты. Ол өз құқығына билік тармақтарын бөлу тетігі логикалық тұрғыдан аяқталуға дейін жеткізілмеген, биліктің тежемелілігі мен тепе-теңдік жүйесі нақты мазмұнмен толықтырылмаған, Жоғарғы Кеңестің, Президенттің және Үкіметтің мәртебесі аяғына дейін айқындалмаған мемлекеттік құрылыстың ең бір күрделі кезеңінде кіріскен еді.

Сонымен бірге он үшінші сайланған Жоғарғы Кеңестің Қазақстанда парламентаризмнің одан әрі дамуына алғы шарттар негізін салғанын мойындаған жөн. Он үшінші сайланған Жоғарғы Кеңестің Төрағасы Ә. Кекілбаев: «Кәсіби Парламенттің құрылуын, абзалы, ешбір қиналыссыз биылғы жылдың қоғамдық-саяси өміріндегі ең бір ірі оқиға деп атауға болатын шығар. Оның жұмысының басталуы жаңа мемлекеттілік пен демократияның қаз тұруындағы елеулі кезеңдердің бірі ретінде Қазақстанның тарихи күнтізбесіне кіретіні шүбәсіз . . . Кәсіби Парламент бізде ешқашан болған емес және біз сынап көрулер және қателіктер әдісімен жұмыс істеуге мәжбүр болдық . . . Жаңа мәртебе иеленген Жоғарғы Кеңес өкілеттіктерінің айқындалуы біртіндеп жүріп жатыр».

Он үшінші сайланған Жоғарғы Кеңес бір жылдан сәл азырақ жұмыс істеп, заңсыз деп танылды, өйткені Конституциялық сот сайлау заңнамасының кейбір нормалары Конституцияға сәйкес келмейді деп таныды, депутаттарды сайлау соған сәйкес жүргізілген еді.

Ескі және жаңа саяси құрылыстың өзіндік тұрғыда ымыраға келуінің, ғасырлар бойы құрылған батыс демократиясының үлгісін кеңестен кейінгі кеңістікте енгізуге тырысудың көрінісі болған 1993 жылғы Қазақстан Республикасының Конституциясы әуелбастан-ақ қайшылыққа толы еді.

1995 жылғы 30 тамызда жүргізілген референдумның нәтижесінде бұрынғы мемлекеттік құрылыстың кемшіліктерін жойған Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы қабылданды.

Жаңа Конституцияның жобасы жұртшылық арасында кеңінен талқыланды. Азаматтар 30 мыңға жуық ұсыныстар енгізді, ал Қазақстан Республикасы Президентінің басшылығымен құрылған арнаулы сарапшылық-консультациялық кеңес оларды зерделеді. Мәтінді пысықтау кезінде мыңнан астам түзету ескерілді, осының нәтижесінде Конституция жобасының 99 бабының 55-і елеулі өзгерістерге ұшырады [7] .

1995 жылғы 30 тамызда референдумға қатысқан халықтың 81, 9 проценті жаңа Негізгі Заңды қабылдауды жақтады.

Республика Конституциясы заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтарының тұрақтылығын, тиімді жұмыс істеуін және өзара іс-қимылын қамтамасыз ететін билікті бөлу принципін жай ғана жариялап қойған жоқ - онда тежемелілік пен тепе-теңдіктің нақты жүйесі баянды етілді [8] . Негізгі Заң адамның жоғары құндылықтары ретінде оның өмірін, құқықтары мен бостандықтарын бекітті.

Мемлекеттік билікті бөлудің принциптері оның бірлігіне қайшы келмейді, оның тармақтарының келісілген өзара іс-қимылын, бүкіл биліктің олардың біреуінде толық шоғырлану мүмкіндігі болмауын көздейді. Бірыңғай мемлекеттік билік тармақтарының диалектикалық өзара іс-қимылы осыдан көрінеді. Ал биліктің тежемелілігі мен тепе-теңдік тетігі елдегі саяси тұрақтылықты қамтамасыз етуге ықпал етеді [9] .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ПАРЛАМЕНТТІК ДЕПУТАТТЫҚ ӘДЕПТІҢ НЕГІЗГІ АСПЕКТІЛЕРІ
Парламент палаталары депутаттары
Қазақстан Республикасындағы атқаратын Парламенттің конституциялық құқықтық мәртебесі
«Қазақстан Республикасының заң шығару билігі»
АТҚАРУШЫ БИЛІК ОРГАНДАРЫНЫҢ ӘКІМШІЛІК-ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘРТЕБЕСІ ТУРАЛЫ
Қазақстан Республикасы Парламенті
ҚР Парламентінде заң шығару процесі, оның сатылары
Атқарушы және сот органдары
Қазақстан Республикасының парламенті
Зан шығарушы билік
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz