Ұлт саясатының ұғымы



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 45 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ..3 -6
І Тарау. Ұлт саясатының тарихы, әлемдік тәжірибесі және теориялық
түсінігі.
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... .7-34
1.1 Саясат және оның салалары жайлы жалпы түсінік ... ... ... ... .7-16
1.2 Ұлт саясатының даму кезеңдері
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...16-23
1.3 Ұлт саясаты және ұлт саясатының әлем саясаттағы тәжірибесі.
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .23-34
ІІ Тарау. Ұлт саясатындағы өзекті мәселелер және олардың жүзеге асу
жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ..35- 75
2.1 Ұлт саясатындағы ұлттық мәселелер
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .35-49
2.2 Дін, діл, тіл мәселелері – ұлт саясатының өзегі
... ... ... ... ... ... .49-61
2.3 Жаһандану заманында ұлт саясатына ұлттық идеяның қажеттілігі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..61-75
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... .76-77
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ...78-80

КІРІСПЕ

Тақырып: Өзге елдің құрсаулы құзырында болып, ғасырлар бойы ұлт
азаттығы үшін күрескен ұлттар мен ұлыстардың ортақ тарихын кешкен қазақ
халқы өзінің мемлекеттік тәуелсіздігін жариялап, ерікті елге айналды, Біз
тәуелсіз мемлекет құрдық. Халқымыздың сан буын ұрпағы армандап, дамылсыз
күресіп келген азаттықтың ақ жолы алдымыздан ашылды. Өзінің біртұтас халқы,
нақты шекарасы, ұлттық валютасы, ел қорғар әскері бар, өзге өркениеттер
толық мойындаған жаңа тұрпаттағы Қазақстан орнықты. Қазақстан адам
айтқысыз, айтса нанғысыз нәтижелерге қол жеткізді. Міне, осындай аса ауыр
жауапкершілік жүгін қайыспай көтерген еліміздің тұңғыш президенті Нұрсұлтан
Әбішұлы Назарбаев, шын мәнінде осы жылдар ішінде халқымен бірге ғасырға тең
жолды жүріп өтті.
Тәлелсіздік қалай тұғырлы болар еді? Қолға қонған бақыттың бағасын ел
қалай сезіне алар еді? Алынуы ауыр, сақтау жолындағы күресі мен еңбегі
тіпті ауыр күрделі Тәуелсіздік тұғырлы болу үшін қандай қадамдар жасалуы
тиіс? Осындай, өте маңызды сауалдарға жауап беру міндеті Елбасының алдында
тұрды.
Тәуелсіздіктің бастапқы жылындағы президент Н.Ә.Назарбаевтың республика
халқына жолдауында сол жылдары Қазақстанда қалай сипаттағанын тағы бір
еске алсақ: экономикасы әлжуаз, қазнасы бос, саяси жүйесі балаң... Ел осы
заманғы дүниенің дербес субъект-феномені ретінде біраз уақыт өмір сүруі
керек болды, орасан көп өлшемдер бойынша өзін-өзі басқаруы керек еді.
Өйткені, Қазақстанда жүзден астам ұлт өкілдері тұрады. Олардың әрқайсысының
тілі, әдет-ғұрыпы, салт-санасы, тарихы бар. Әр ұлт отбасы өз баласын өз
тілінде сөйлеткісі, өз тілінде оқытқысы, өз тарихын, әдет-ғұрыпын ұйреткісі
келеді. Сол үшін ұлттық мектептер жұмыс істейді, газет, журналдар
шығарылады. Халықтар Ассамблеясы үлкен қоғамдық қызмет атқаруда. Осылардың
бәрін Президентіміздің ұлт саясатының тиімді жемісі деп білеміз. Бұл да
бір күндік құбылыс емес,ұзақ жылдарға арналған іс. Ұлттар бар жерде, ұлт
саясаты болады. Ол бітпек емес туындай береді.
Зерттеудің өзектілігі: Алайда, біз әлі де төрт құбыламыз тең деп айта
алмасақ керек. Көптеген өзекті, арманды мәселелер әліде шешімін таппай
жатыр. Халық тағдырына қатысты күрделі мәселе – ұлт саясатында. Ал енді
біздің республикамыз сияқты көпұлтты, демократиялық мемлекеттің саясаты
қандай болу керек? әрине, көпұлтты мемлекеттің саясаты да күрделі болмақ.
Бірақ, келісесіз бе, келіспейсіз бе, бәрібір, демократия, плюрализм десек
те, үстемдік құратын мемлекетте атын берген, рәміздік белгілер жасаған ұлт.
Қазақстанда ол қазақ ұлты. Оны дәлелдеудің қажеті жоқ. Мәселен, Ресей
тарихи қалыптасқан көпұлтты, көп тілді, көп дінді, көппартиялық мемлекет.
Бірақ, мемлекеттік тіл, жалпы ресейлік дін, мемлекеттік идеология біреу. Ол
орыс халқының тілі, орыс халқының діні.
Егер Конституцияда басқа ұлттардың көңіліне қараған баптар кетсе, оны
солай істемесек, дәл сол кезде Қазақстанға тәуелсіздік алу қиын болар еді.
Оның үстіне сол кезде Қазақстанда қазақ ұлтының саны жартыға зорға жетіп
тұр еді. Ал тіл білмейтін, жүзі қазақ болғанмен, ісі бөлектерді санға қосып
жіберсеңіз, мәселенің қай қырынан шешілетінін білу қиын емес еді. Ол кезде
мұны ескермеуге де болмайтын еді. Иә, бұның да бір шындығы бар шығар,
алайда, іргелі ел боламыз, ұлт боламыз десек, ендігі жерде мемлекеттік
тілді, қазақ халқының тарихын, мәдениетін, түптеп келгенде қазақ ұлтының
мүддесін қорғайтын ұлттық саясат керек.
Сонымен, нақ бүгінде, жаһандану жағдайында Қазақстанның ұлт саясатына
аса мән беру қажеттігі мемлекет пен қоғамның алдында тұрған бұрынғыдан да
өзектіті мәселенің бірі. Ұлт саясаты елді және бүкіл қоғамды жұмылдырушы
фактор. Қазақстанның жаһандық дүниеге лайықты кірігіп, жаһандық күрделі
процестерге оңтайлы қатысуына жағдай жасауы керек. Ұлт саясатын ұлттық
тұрғыда іске асыру бүкіл қоғам мен әрбір қазақстандықтың игілігі тұрғысынан
еліміздің одан әрі өскелеңдікпен дамуын қамтамасыз ету үшін жаһанданудың
осы заманғы сынақтарына пара-пар жауапқа айналуы тиіс.
Зерттеудің нысаны: Зерттеудің нысаны ретінде ұлт саясаты, ұлттық
саясат және ұлттық идея жайлы қоғам қайраткерлерінің әр жылдарда жарық
көрген кітаптардағы және мерзімдік баспасөз беттерінде жарияланған
сұхбаттары, электрондық ақпарат көздеріндегі материалдар, ой оралымдары
алынды.
Ұлт саясаты – ұзына жылдар бойы жүріп өткен елдік саясат, әлемдік
саясат, қазіргі әрбір кезеңдердегі саяси ситуациялар, қоғамдық, әлеуметтік
және экономикалық жағдайларға қатыстысалыстырыла отырып зерттелді.
Олардың негізгі нысаны – елдік мұрат, татулық пен тұтастық, ұлтаралық
қатынас, адами-қоғами мүдделердің жүзеге асу орайы болды.
Зерттеудің мақсаты:
- Саясат, ұлт саясатының мәнін, мазмұнын теориялық тұрғыдан түсіну;
- Ұлт саясатын әлем елдерінің тәжірибесімен салыстыра отырып, оның
құндылықтарын саралау, өзектті мәселелерін айқындау:
- Ұлт саясатын ұлттық айшыққа ойыстыру, оның жаһандық рөлін сипаттау;
- Дипломдық жұмысты зертеп, жүйелегенде тақырып бойынша бөліктерге
бөлуді іске асыру:
- Тақырыптын мәнін қосымша деректермен байыта түсуді ескеру.
- Диплом жұмысы барысында материалдың өзектілігіне, мезгілдік тұрғыда
жаңалығына мән беру;
- Ұлт саясатының ой түйіндерін қалың жұртшылыққа, оқушыларға таныстыру.
Дипломдық жұмысым еліміздің жалпы саясатына тоқталып, ұлттық бағыттағы
мәселелердің қыр-сырын ашуды мақсаттайды. Зерттеу барысында қолданған ой-
толғамдарды барынша жеткізу мақсатында үзінділерді көп ретте толығырақ
беру мақсаты ұсталды.
Зерттеудің әдіснамалық негіздері: Зерттеудің әдіснамалық негіздері
саясаттану ғылымының әдіснамалық зерттеу әдістеріне сүйенілді. Атап
айтқанда, талдау, саралау, өзіндік ой-пікір түйіндеу, педагогикалық-
психологиялық тұрғыда автордың айтайын деген ойының мәніне барлау жасау
сияқты жұмыстар жүргізілді.
Зерттеу әдістері: Жұмыста баяндау, сипаттау, салыстыру, ой-пікірлерді
жинақтау, қорыту, талдау, жинақтау, қорыту, сараптау т.б. зерттеу
әдістері тиісінше қолданылды.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы:
Ұлт саясаты ауқымды тақырып болғанымен, соңғы уақытқа тейін көбіне
теориялық тұрғыда зерттеліп келді. Ұлт саясаты, оның ұлттық бағыты бұдан
бұрын диплом жұмысының өзегі ретінде саясаттану ғылымы тұрғысында алынған
емес. Аталған жұмыс осы салада дипломдық жұмыс болуымен және де мемлекет,
халық, тіл, діл, дін, саясат және т.б. жөніндегі ойларының осы еңбекте
біршама топталуы жас ұрпақты оқыту-тәрбиелеуде пайдалануына оңтайлы
жағдай тууы ғылыми жаңалық бола алады.
Зерттеу жұмысының құрылымы:
Зерттеу жұмысы кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған
әдебиеттер тізімінен тұрады.
Кіріспеде тақырыптың өзектілігі, жұмыстың мақсаты мен міндеттері,
ғылыми жаңалығы берілген.
Бірінші тарау Ұлт саясатының тарихы, әлемдік тәжірибесі және
теориялық түсінігі. деп аталады. Бұл тарауда саясатқа жалпылама теориялық
тұрғыда тоқталып, әлемдік тәжірибесімен қазіргі жағдайы талқыланады.
Екінші тарау Ұлт саясатындағы өзекті мәселелер және олардың жүзеге асу
жолдары деп аталады. Жалғандықты алға тартып, біз әлі жалтақтаймыз. Қазақ
ұлтының мәселесі бүгін шешілмесе, ертең кеш болуы мүмкін. Сондықтан,
мемлекеттік саясаттың астарында не жатуы керек? Қазақ ұлтының мүддесі жатуы
керек. Бұл – ұлттық проблема. Бұл үлкен ұлттық құбылыс, мемлекеттік
құбылыс.
Диплом жұмысының қорытынды бөлімінде жалпы жұмыс мазмұны тиянақталып,
ондағы негізгі ой-пікірлер дәлелденеді.

І тарау
Тарихтың ұзыннан ұзақ шұбырған көшінің артта қалған жолы мен алда
тұрған соқпағының сан түрлі бұралаңы мол. Байқамасаң, жұрт болып адасып
кетуің оңай.
Әлемдік өркениеттің үздік жетістіктерін, басқа халықтардың рухани
қазыналарын бойымызға сіңіру қанша маңызды болса да, біздің әрқайсымыз
өзіміздің терең тамырымыз, туған жеріміз туралы есте ұстап, қай елдің
азаматтары екенімізге есеп беруіміз қажет.

1.1 Саясат және оның салалары жайлы жалпы түсінік.
Саясат дегеніміз, ең алдымен мемлекеттік және қоғамдық істер, адамдар,
әлеуметтік топтар, халықтар мен мемлекеттер арасындағы айқын көрінетін және
өкімет билігі жөніндегі қатынастармен байланысты қызмет саласын білдіреді.
Әлуметтік сирек ұшырасатын құбылыс ретінде оған саяси институттар мен
ұйымдардың қызмет атқаруы, саяси нормалар мен дәстүрлері, адамдардың
басқару қызметі, олардың әлеуметтік саяси мүдделері мен қажеттері, саяси
идеялары мен көзқарастары жатады.
Саясат - өкімет билігі мен қоғамды басқару тұрғысындағы таптар мен
әлеуметтік топтар арасындағы қатнастардың, қызметтің, тәртіптің,
бағдарлардың және комуникациялық байланыстардың сан алуан әлемі ретінде
түсіндірілетін әмбебап қоғамдық құбылыс.
Саясат қоғамнан тыс өмір сүре алмайды, қоғам, өз кезегінде, адамдардың
өмірлік қызметінің: шаруашылық-экономикалық, әлеуметтік, саяси және рухани
қызметтерінің өзара байланысты, өзара тәуелді, бірақ едәуір дәрежеде дербес
салалар жиынтығынан тұрады.
Саясат ұғымын түсіндіру. Саясатты анықтаудың мейлінше кеңінен
тараған әдісі саясат терминінің шығу тегіне жүгіну болып табылады, ол
көне грек тілінде мемлекетті басқару өнері дегенді білдіреді. Саясатты
осылайша анықтау саясаттың элементі ретінде мемлекетті көрсетеді, ал
мемлекеттің өзін саясат туралы ғылымның орталық санаты ретінде қарастырады,
ол өзінің ресми бастауын Аристотельден алған, ол саясатты мемлекетпен тығыз
байланыстырып, бұл терминді ғылыми айналымға енгізген.
Оның анықтауы бойынша саясат – бұл ортақ игілікке және бақытты
өмірге қол жеткізуге қызмет ететін қауымның өркениетті нысаны[29].
Саясаттың мазмұны қоғамның жетекші әлеуметтік топтарының, таптарының
немесе күштерінің мүдделерімен анықталады. Саясат мазмұны оның
мақсаттарынан, бағдарламалары мен құндылықтарынан, ол шешетін проблемалары
мен міндеттерінен, саяси шешімдерді қабылдау мен жүзеге асырудың себеп-
салдарынан, тетіктерінен, тәсілдері мен әдістерінен көрініс табады.
Саясаттың түрлері мен бағыттары. Саясат түрлері мен бағыттары бойынша
сараланады. Түріне қарай әлемдік және ішкі, сыртқы болып бөлінсе, бағыттары
бойынша саласына немесе қосымша субьектілеріне қарай: экономикалық,
әлеуметтік, ұлттық, демографиялық, жастар, білім беру, құқықтық, әскери
және т.т. болып бөлінеді.
Әлемдік саясат деп мемлекеттердің және халықаралық субьектілердің
әлемдік сахнадағы іс-әрекетінің жиынтығын айтады. Ол әлемдік қауымдастықтың
өміріне қатысты шешімдерді шығару, қабылдау және оларды жүзеге асыруды,
мемлекеттертің түбегейлі мүдделеріне сәйкес ұстанымдар мен мақсаттарды
қамтиды. Әлемдік саясат халықаралық қатнастардың өзегін құрайды.
Мемлекеттік күштердің ара салмағымен байланысты күш теңдігі немесе саяси
теңдік деген ұғымдар бар. Халықаралық саясаттың маңызды құралы ретінде бұл
ұғымдар ХVІІ ғ. енді [39].
Сыртқы саясатқа жеке мемлекеттердің дүниежүзілік дәрежеде жүргізген іс-
әрекеті жатады. Сыртқы саясат мемлекеттің экономикалық, демографиялық,
әскери, ғылыми-техникалық және мәдени әулетіне негізделеді.
Ішкі саясат қазіргі құрылысты сақтауға немесе реформалауға бағытталған
мемлекеттің, оның құрылымдары мен институттарының экономикалық,
демографиялық,әлеуметтік, мәдени және т.т. қызметі бағыттарының жиынтығы
болып табылады.
Жалпы саясатпен тығыз байланысты ұғымдардың бірі ол идеология,
ұлттық идея, ұлттық мүдде т.б. Қай елде болмасын жақсылық пен жамандық,
адалдық пен арамдық, адамдар арасында қатынастар болады. Сондықтан
саясаттын аса күрделі құрылымдарына тоқталар болсақ.
Қазіргі кезеңде саяси өмірдің ролі мен орнына байланысты мәселелер
қайта көтере бастады. ХХ ғ. соңындағы Балқан елдеріндегі оқиғалар мен
терроризмнің күшейе бастауы идеология мәселесіне қайта көңіл бөлуге әсер
етті. Сондықтан да қазіргі кезеңде пікір таластарда көтеріліп жүрген
негізгі мәселелер ұлттық идеяны, ұлттық идеологияға, байланысты болып отыр.
Бұл ұғымдар саяси ғылымдағы ең басты мәселе – билік мәселесімен тығыз
байланысты. Біздің ойымызша, саясат әлеуметтік хаостан шығудың жолы, ал
билк сол берекесіздіктен шығудың құралы. Билік ұғымымен бірге пайда болған
категорияның бірі – саяси идеялар. Себебі билікті жүзеге асырушылар мен
асыруға ұмтылғандардың арасында билік мәселесіне байланысты, әсіресе бөліс,
шешім қабылдау, реттеуге, мәжбүрлеуге байланысты көз қарас алшақтығы пайда
болады. Міне осындай көз қарас, пікір қайшылығын біз идеологияның ежелгі
кезеңіндегі көрінісі – мифологиядан, діни ағымдардан да көре аламыз [40].
Ал ұлттық идеяның алғашқы көрінісі ретінде әлеуметтік және саяси идеялардың
негізге ала аламыз. Ежелгі Шығыстағы және ежелгі Римдегі идеалды билеуші
туралы, ежелгі Грециядағы идеалды мемлекет туралы саяси ойлардың пайда
болуы осыған мысалы бола алады.
Қоғамдық идеалдар туралы ілімнің негізін Платон мен Аристотель
қалыптастырды. Егер Платон болмайтын идеалдарды ж.үйелеп дамытуға тырысса,
ал Аристотель, керісінше бар нәрсенің идеалды нормалары туралы ілім жасап,
оған қарсы тұрды. Орыс философы князь Трубецкой идеалдардың утопиялардың
күйреген, апатты жағдайларда пайда болатынына рең берген болатын [4].
Өзін-өзі тану күйреу жағдайын бастан кешіру барысында басталады және
болашақ дамудың идеалдарын туғызумен аяқталады. Идеалдар жүзеге аспай,
утопияға айналып, дағдарысқа ұшыраған кезде тағы күйреу басталады. Бұл
процесс адамдар бірлестігі бар жерде үздіксіз болатын құбылыс.
Ұлт саясаты мен идеологиялардың қалыптасу кезеңін зерттеушілер Жаңа
дәуірмен байланыстырады. Себебі ұлттық идеяның ұлттардың қалытасу дәуірінде
пайда болғандықтан ұлт ұғымының мазмұнын ашпастан ұлттық идея ұғымының
мазмұнын аша алмаймыз.
Ұлт ұғымына байланысты зерттеулер қандай көп болса, пікірлер соншама
көп деп айтуға болады. ХІХ-ХХ ғ. басындағы Мадзини, Актон, Ренан, Масарик,
Соловьев сияқты ойшылдар ұлттарды жаңа әлеуметтік құбылыс ретінде қарады
және оның негізгі белгісі рухани дүниеде, яғни ерекше ұлттың өзін-өзі тануы
деп есептейді. Қазіргі ұлт сөзіне негіз болған нация сөзі латын тілінде
қандас туыстарға байланысты қолданылған болатын. Уокер Коннор нация сөзі
Англияда ХІІІ ғ.латын тіліндегіндей қолданыста болса (қандас туыс), ал ХVІІ
ғасырға қарай белгілі бір елдің жалпы тұрғындарын атауға байланысты,
олардың әртүрлі этникалық топтарға жататына қарамастан қолданыла бастаған
деп есептейді. Сонымен бірге ол буржуазиялық революциялр кезінде нация
ұғымы мен мемлекет ұғымының синоним ретінде қолданыла бастауына себеп
болған Локк және Руссоның халық суверенитеті теорияларының әсері деп
есептейді [4]. Энтони Д. Смитт ұлттардың қалыптасуына Батыстағы үш түрлі
революциялар – еңбек бөлісіндегі, басқаруды бақылаудағы, мәдени
координациядағы - әсер етті дейді [5]. Карл Дойч ұлт...ол әлеуметтік
мәжбүр етудің бірқатар институттарының үстінен бақылау орнатуға қол
жеткізген халық және ол өзінің тарихи даму болшағында толыққанды ұлт-
мемлекет ретінде қалыптаса алады, ал ұлтшылдық жеке қауіпсіздік пен топтық
етенелесу мақсаттарды топтық мүдделерді жүзеге асырудан көрініс табатын осы
ұлт пен оның мүшелерінің әлеуметтік белсенділік, мүдделер мен лауазымдар
сферасында өзге ұлттармен бәсекелестік мүдделестікке ден қоюы [6].
Ұлт саясаты жалпы әлеуметтік саясаттың құрамдас бөлігі болып табылады.
Ұлттар ұлттық идеяға, ұлттық идеологияға ие болғанда ған саясат объектісіне
айналады және оларды тәжірибеде жүзеге асыруға қабілетті болады. Ұлт
саясатының екі түсініктемесі кездеседі, олар: кең және тар мағнадағы
түсініктемелер деп аталады. Біріншісі – көп этникалық мемлекеттердің,
этностардың ұлт мәселесіндегі, тілдік-мәдени дамуындағы ұлт саясаты
мемлекеттің, саяси партиялар мен қоғамдық қозғалыстардың стратегиялық
бағыты ретінде қалыптастырылады. Бұл бағыт конституцияларда және ұлттық
бағдарламаларда баянды етілген. Екіншісі – ұлт саясаты, бұл этностар өмірін
және олардың арасындағы өзара қатынастарды ұйымдастыруға бағытталған
мемлекеттің заңнамалық, ұйымдық және идеологиялық шараларының жиынтығы.
Ең жалпы түрде ұлттық қатынастардың мәні ұлт мәселесін шешу процесін
білдіреді, басқаша айтқанда, ұлттық қатынастар әртүрлі этностарға жататын
адамдардың өзара қатынасы болып табылады.
Қазақстандағы осы заманғы ұлт саясаты ұлттардың, этностардың
мүдделерін білдіретін негізгі субъектілер ретінде ұлттық-мәдени орталықтар
деп аталатын қоғамдық ұйымдарды, одақтарды алға тартады [29].
Бұл орталықтар мемлекеттік емес институттар жүйесі болып табылады және
қазақстанда тұратын әрі оның халқы болып есептелетін этникалық топтардың,
ұлт өкілдерінің мүдделері мене тілектерін білдіреді. Бұл мүдделер мен
тілекетер негізінен мәдениетке, білімге, тарихи отанмен байланысты жан-
жақты байланыстарға қатысты болады. Бұл қоғамдық бірлестіктер- Қазақстан
мемлекеті мен халықтарыарасындағы тіл табысу құралы. өздерінің қызметінде
ұлттық-мәдени орталықтардың басым көпшілігі мәдениеттің жалпыұлттық
мүдделерге сәйкес әртүрлі этникалық топтардың мүдделерін бағыттай отырып,
Қазақстан Республикасының Конституциясын және басқа да заңнама келісімдерін
басшылыққа алады.
Этностарды дамыту үшін бірдей мүмкіндіктер, оларды дамытудың жолдары
мен қарқындарының дербестігі, көнбістігі, бастама жасау мен демократиялық
құқықтық мемлекеттіліктің экономикалық, әлеуметтік, саяси және санаткерлік
құрылысына қатысу мүмкіндігі – республикадағы ұлттық қозғалыстар мәнінің
негізі, міне, осылар.
Біздің мемлекетіміздің ұлт саясаты Қазақстанның тұрғылықты этносының,
жекелеген этностық топтардың мүдделерін және барлық халқының қоғамдық
мүдделерін ескере отырып, еліміздегі ұлттық қатынастарды реттеу мен
оңтайландыруға бағытталған шаралар жүйесі ретінде қалыптасады. Мұндай ұлт
саясатын жүзеге асыру біздің конституциямыздың қағидаларынан туындайтын
сенімді де жан-жақты қамтитын құқықтықнегіз болған жағдайда ғана мүмкін
болады.
Сөйтіп, ұлттар, этностар және мемлекеттер арасында өзара келісушілер
ретінде қоғамдық бірлестіктерді – ұлттық мәдени орталықтарды, одақтарды,
т.т. қалыптастыра отырып, ұлттар, этностар саяси процестердің субъектілері
болады.
Олардың рөлі этностардың өздерін ұқсастыру, ұлттық мәдениеттерді қайта
түлету мен дамыту, ұлтаралық шиеленістерді жою процестерін тереңдетуден
көрінеді.
Ұлттық саясат, ұлттық қатынастар саласындағы осы заманғы зерттеулер
адамзаттың ұлттық-этникалық құрамы тұрғысынан оның саналуандығын
дәлелдейді: әлемде үш мыңнан астам халықтар (этностар), ұлттар және ұлттар
ретінде қалыптасқан адамзат қауымы өмір сүреді. Барлық этникалық топтардың
саны кейбір деректер бойынша он мыңға жуықтайды. Мемлекеттер санының екі
жүзге жуық болуы да қызықты дерек [29].
Осы мәселені ашудағы бастау нобайы ұлттық қатынастар мемлекеттен бөлек
немесе онымен қосарлы өмір сүрмейді деген пікір де бар. Ұлттық және
этникалық-ұлттық қатынастар қалай бірыңғай тұтас саясатты – саясаттың
объектісі мен субъектісі ретінде ұлттық құрылымды қалыптастырады.
Бұл пікірлерге қосарымыз, революциялар дәуірінде әр түрлі этникалық
топтардан тұратын қоғамдардың өзінде экономикалық біртұтастықпен бірге,
енді саяси біртұтастық қалыптасады және революцияның барысында, әсіресе
сыртқы факторларға байланысты ортақ идея – ұлттық идеялар қалыптаса
бастайды. Ортақ идеялар немесе ұлттық идеялардың негізінде басқа
халықтармен бәсекелестік немесе сырттан келген жаулап алушыларға деген
наразылық бар. Сонымен бірге кеңестік дәуірдегі зерттеушілердің көпшілігі
ұлт бұл капиталистік дәуірдің туындысы деп келді. Бұл пікірдің де жаны
бар. Себебі капиталистік қатынастар бір мемлекеттің құрамындағы әр түрлі
этникалық топтардың өзара араласуын және ортақ мүдденің, ортақ
дүниетанымның қалыптасуына әсер етті. Ал енді осы процестерге негіз болған
орта ғасырлардағы кітап шығарудың кең тарауы және Ұлы географиялық ашылулар
болды. Мысалы, Францияда 1470-1600 жылдар аралығында 12 мың атаумен, ал
Италияда 20 мың атаумен кітап басылса, ал Германияда 1564 жылдан бастап
есептегенде Франкфурттегі кітап жәрменкесіне 39 жыл ішінде 20 мың кітап
шығарылып сатылған [39]. Кітаптың кең тарауы ортақ тілді қалыптастырса,
ішкі рынок пен орталықтанған мемлекеттердің қалыптасуы ортақ территорияны
қалыптастырған болатын. Ал Ұлы географиялық ашылулар қазіргі
ғаламдыстырудың бастамасы ғана болған жоқ, сонымен бірге революцияларды
бастан кешірген халықтардың өз іс-әрекеттерін ақтайтын философиялық, саяси
ойларын дүниеге алып келді және қоғамның дамуының барлық саласы бойынша
өзара бәсекелестік басталды.
Ұлт саясатының ішінде барлығының жүзеге асуына негіз болатын бастысы
ұлттық идеяға айналады. Зерттеулерде ұлттық идея мәселесіне жан-жақты көз
қарастар көп. Арапов М.В. және Мирский Э.М. ұлттық идея қоғамдағы және
оның ұяшықтарындағы саяси күштердің бәсекелестіктерінің нақты шекарасын
белгілейді, ал оның арғы жағында қоғамның, тіпті тұтастай алғанда,
мемлекеттің аталмыш ұяшықтарының тұтастығына қауіп төндіретін қақтығыс бар.
Ұлттық идея оларға тарихи оқиғалар, жеке атаулар ретінде мәртебе берілген
көптеген ғасырлар бойы сүзгіден өткен шешімдерді қабылдау мен жүріс-тұрыс
моделі ретінде қолданылатын образдардан жинақталады, ал бұлар, өз кезегінде
біздің территория түсінігін қалыптастыратын ұлттық пантионды топониндерді
құрайды деп есептейді [30]. К.Г. Красухин ұлттық идея – бұл белгілі бір
идеологиялық конструкция, ол ұлттың өзін-өзі тануы процесіне әсер ете
отырып, оның күнделікті өмірге және болашақ дамуға байланысты
стереотиптерін көрсетуі керек деп жазды.
Уақытында көптеген елдерде әр түрлі ұлттық идеялар қалыптасты. Соның
бірі Ресейдегі орыс идеясы. Оның мағынасы мен мазмұны туралы Д.Д.
Драгунский былай дейді: Бұл орыстардың өздерін және әлемдегі өздерінің
ерекше орындары туралы түсініктері. Алайда, орыс ойы өзіне емес, өздерінің
әлемдегі алатын орындарына баса назар аударады – орыстардың өзіндік бітімі
орыс мақсаты арқылы анықталады. Яғни Орыс идеясы түпкілікті нәтижеде ерекше
миссия идеясына тұғырланады [40].
Әдетте әр түрлі көз қарастардың қалыптасуына қоғамдағы саяси топтардың
қоғамдағы орны мен білім дәрежесі, саяси мәдениеті әсер етеді. Міне осыдан
келіп негізгі басты идея мен сол идеяны жүзеге асырудың жолдарын ұсынған
идеялардың жиынтығын – идеология пайда болады.
Идеология – бұл ұлттық идея негізінде қалыптасқан және оны жүзеге
асырудың әр түрлі жолдардың негіздеген идеялық ағымдар. Сондықтан да әр
түрлі елдер тарихи, саяси жағдайларға байланысты әр түрлі идеологиялар
қалыптасады. Ұлттық идеологияны жүзеге асыруға әр түрлі әлеуметтік топтар
өз мүдделерін сақтай отырып атсалысатын болғандықтан олардың ұлттық идеяны
жүзеге асыру жолдары да әр түрлі болады және соның негізінде әр түрлі
идеологиялар қалыптасады. К. Манхейм мүдделер қарама-қайшылығын идеялар
қарама-қайшылығына айналдыратын интеллектуалдар деп есептейді [29]. Неміс
ғалымы У. Матц идеология – бұл қоғам дағдарысқа ұшырап, сүйеніш іздеген
кезде кездейсоқ табыла алған балдақ іспеттес деп суреттейді.
Идеология ұғымы ғылыми айналымда ХІХ ғ.бірінші жартысында пайда болды
және оны ұсынған француз философы және экономисі А. де Траси боды.
Идеология туралы пікірталас қазіргі кезеңге дейін толастамай отыр. Бірақ
соған қарамастан идеологияның қоғамдағы рөлін ешкім де жоққа шығара
алмайды. Сондықтан да біз идеология дегеніміз қоғамдағы саяси күштерді
немесе жалпы ұлтты белгілі бір саяси-экономикалық, рухани мәселелерді
жұмылдыратын, тұлғаның іс-әрекет және ойлау жүйесіне әсер ететін идеялар
жүйесі деп есептейміз. Жалпы идеологияны саяси және ұлдттық идеология деп
шартты түрде екіге бөлуге болады. Саяси идеологияларға біз мемлекеттің
рөліне, меншіктің түріне, әлеуметтік топтардың қоғамдағы рөліне байланысты
қалыптасқан саяси ағымдарды жатқызуға болады. Мысалы, В.П. Пугачев пен А.И.
Соловьев қазіргі кезеңдегі идеологиялық ағымдарға мынадай саяси
идеологияларды жатқызады: либерализм мен неолиберализм, консерватизм мен
неоконсерватизм, социализм, социалдемократия, фашизм [5]. Саяси
идеологиялардың әр түрлі қоғамдағы рөлі мен ықпалының да әр түрлі болуы
ұлттық идеяға және қоғамдағы әлеуметтік топтардың арасалмағына байланысты
болып келеді.
Саяси идеологиялардың әр түрлі қоғамдағы орны мен қырлары да әр түрлі.
Ол жағдайда сол қоғамның тарихи даму эволюциясына, саяси - әлеуметтік және
экономикалық жағдайына байланысты болады. Мысалы, американдық зерттеуші
профессор Л. Дж. Р. Херсон АҚШ-та консерваторлар мен либералдарға бөліну
шартты түрде және ол көп жағдайда төрт өлшемге байланысты ғана пайда болады
деп есептейді. Бірінші өлшем – меншік пен рынокқа байланысты мәселелер
(үкіметтің рынокты бақылауға алу керек пе?, экономикалық процеске араласу
қажет пе, жұмыссыздық мәселесі және т.б.). Екінші: мемлекет пен жеке адам
құқы. Үшінші, өндірілген өнімге, қызмет сапасын үкімет реттеуі керек пе
әлде рынок өзі реттей ме? Төртінші, әлеуметтік әділдік мәселесіне мемлекет
қандай дәрежеде араласуы керек [39].
Ал енді өтпелі кезеңді бастан кешіріп жатқан Ресей қоғамындағы жоғарыда
атап өткен саяси идеологиялардың барлық түрі бар десек те болады және бұл
саяси ағымдар меншік мәселесіне, билік мәселесіне, мемлекеттің ліне
байланысты пайда болған.
Ал ұлттық идеология немесе ұлтшылдық көп жағдайда империялық жады
сақталып қалған кешегі отарынан айрылып қалған метрополияларда және
отаршылдық езгіден арылған жас мемлекеттерде қалыптасады. Ұлттық
идеологияның мақсаты тәуелсіздік алған жас ұлттың әлемдік еңбек бөлісінде,
халықаралық саяси жүйеде өз орнын табуға жұмылдыру немесе отарынан айрылып
қалған елдердің өткенге қайта қол жеткізуге ұмтылуы. Ұлттық идеологиялар
ұлттың өз ішіндегі идеялық қарама-қайшылықты бәсеңдетіп, ұлттың алдына
ортақ міндеттер қояды және соларды жүзеге асыруға жұмылдырады.

1.2 Ұлт саясатының даму кезеңдері.
Ұлт дегеніміз тарихи қалыптасқан адамдар қауымын – белгілі бір
мемлекет азаматтары ұғымын білдіреді, бұл ұлтқа өзін белгілі бір ұлт
қауымына жатқызуға және өзін басқа ұлттан өзгеше етуге мүмкіндік
экономикалық өмірінің, тілінің тұрақты бірлігі, мәдениеті мен дәстүрінің
ерекшеліктері, сондай-ақ жеке-дара және топтық санасы мен сезімі тән
болады.
Қоғамның ұлттық құрылымын белгілі бір қоғамның ауқымында болатын
ұлттардың, ұлыстардың этникалық топтардың жиынтығы ретінде қарастыруға
болады.
Ұлт саясатының ұғымы. Ұлт саясаты жалпы әлеуметтік саясаттың құрамдас
бөлігі болып табылады. Ұлттар ұлттық идеяға ұлттық идеологияға ие болғанда
ғана саясат обьектісіне айналады және оларды тәжірибеде жүзеге асыруға
қабілетті болады. Әдебиетте ұлт саясатының екі түсініктемесі кекздеседі,
олар: кең және тар мағынадағы түсініктемелер деп аталады. Біріншісі – көп
этникалық мемлекеттердің, этностардың ұлт мәселесіндегі, тілдік-мәдени
дамуындағы, сонымен бірге ұлтаралық қатынастарды дамытудағы ұлт саясаты
мемлекеттің, саяси партиялар мен қоғамдық қозғалыстардың стратегиялық
бағыты ретінде қарастырылады. Бұл бағыт конституцияларда және ұлттық
бағдарламаларда баянды етілген. Екіншісі – ұлт саясаты, бұл этностар өмірін
және олардың арасындағы өзара қатынастарды ұйымдастыруға бағытталған
мемлекеттің заңнамалық, ұйымдық және идеологиялық шараларының жиынтығы [3].
Халықтардың азаттық жолындағы күресінің заңды нәтижесі - өз алдына
шаңырақ көтеріп, мемлекет құру, саяси тәуелсіздікке қол жеткізу екені
азамат тарихынан белгілі. Қазақстанда демократиялық тұрпаттағы ұлттық
мемлекет құрылысының қайнар көздерін, даму кезеңдерін зерттеу ісі отандық
тарих ғылымының алдына жаңа да күрделі міндеттер қойып отыр. Сол
міндеттердің бірі – ғасыр басындағы халқымыздың азаттық жолындағы күресінің
ұйтқысы болған ұлт зиялыларының ұлттық-мемлекеттік құрылым жөніндегі ой-
пікірлері мен осы мақсаттағы қызметін саралау.
Сақ, ғұн заманын айтпағанның өзінде, бертіндегі Түрік қағанаты
дәуіріндегі халықтардың мұраты – мәңгілік ел орнату идеясы болды.түрік
қағанаты құлаған соң құрамындағы ру-тайпалар Қарақанид, Қарлұқ, Дешті
Қыпшақ, Моғолстан құрамына кірді. Алтын Орда мемлекеті ыдырағанда ғана
қазақ өз алдына шаңырақ көтеріп, жеке хандық құрды. Осы соңғы бес ғасырдан
астам уақыт ішінде әртүрлі себептермен (Жоңғар шапқыншылығы, Ресей
бодандығы, коммунистік идеология т.б.) қазақтың тұтас ұлт болып
қалыптасуына кедергі болды.
Алты Алаш жылап тұрып, енді бір болайық, ынтымақты болайық, бұл
бірігуіміздің белгісі болсын деп анттасып, әрқайсысы өз таңбасын өздері
салған. Сол байырғы түрік заманынан жеткен Алаш қазақ арасында, 20 ғасырдың
басында ұлттың ұранына айналғаны белгілі. Бір ғажабы – Алаш идеясы 8
ғасырдан 20 ғасырға дейін ешбір жерде аталмайды. Алашты ту етіп көтергендер
Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Мұстафа Шоқай, Халел Досмұхамедов,
т.б. еді. Осы үшін олардың басы кетті, желкесі қиылды [13].
Сонымен ұлт саясатының ұзын сонар тарихына қысқаша тоқталар болсақ:
бірінші кезең – 19 ғасырдың аяғынан бастап, 1905 жылы бірінші орыс
революциясына дейінгі аралық – ұлттық мәдениет пен тілді өркендету
міндеттерін басты назарға қойды. 1905-1907 жылдардағы революциядан
басталып, 1919-1920 жылдарға дейінгі уақытты қамтыған социал-демократиялық
кезеңде ұлттардың өзін-өзі билеу құқығы ашық талап етіле бастады. Бұл
кезеңдегі ұлт-азаттық күрес солшыл күштердің, яғни социал-демократиялық
партиялардың ұлт саясатымен тіке байланыста өрбіді. Бұл кезде ұлттық
автономия , ұлттық территориялық федерация талаптары саяси мінбелерден
айтылып, халық арасында кең таралды.
Қазақстандағы ұлт-азаттық қозғалыс жетекшілерінің ішінде бірінші
болып, Қазақстанның болашақта ұлттық-жерлік автономия түрінде даму
керектігін мәлімдеген М.Тынышбаев болды. Тынышбаевтың патшалық отарлық
биліктің шын бет пердесін ашып, ұлттық мәселелерді ашық көтеруі
жазалаушылар тарапынан ескерілмей қалған жоқ. Көп ұзамай М.Тынышбаев арнайы
орындардың қатаң бақылауына алынды.
1905-1907 жылдардағы бірінші орыс революциясынан кейін қызметі
жанданып, белсенді әрекетке көше бастаған мұсылмандық қозғалыс ұлттардың
өзін-өзі билеуінің заманға лайықты түрін батыл атап көрсете алмады.
Мұсылмандық қозғалыстың пайда болуына 19 ғасырдың аяғы мен 20 ғасырдың
басында тым шектен шыға күшейтілген орыстандыру мен отарлық өктемдік әсер
етті.
20 ғасырдың 30-40 жылдарында әлемнің алтыдан бір бөлігін алып жатқан
КСРО империясында әкімшілдік-тоталитарлық жүйе қалыптасты. Бұл жүйенің
жеңісі мен жетістігі, кемшілігі мен қасіреті қандай болды деген сұрақтарға
талай жылдардан бері ғалымдар жауап іздеуде.
Коммунистік сипаттағы тоталитарлық мемлекеттің негізін қалаған
В.Иленин мен әкімшіл-әміршілдік жүйені тікелей қалыптастырған И.В.Сталиннің
тұсында 46,6 милион адам құрбан болыпты. Ұлы қазан төңкерісінің жекетші-
басшысы, кешеге дейін халықтар көсемі деп жырлап келген лениннің тұсында
4 миллионы, ал халықтардың сүйікті қамқоры Сталиннің тұсында 42,6 миллион
қаза болған [45].
1917 жылдан бергі күллі кеңес тарихының беттері, адам құқығын толып
жатқан бұрмалаушылыққа, кей ретте ашықтан-ашық жасалған құрбандықтарға
толы.19 ғасырдың соңында ресейден, Украинадан, басқа да аймақтардан
Қазақстанға жер алуға дәмелі көптеген қоныс аударушылар келе бастады. Бұл
лек 20 ғасырдың алғашқы он жылында, столыпиндік реформаны іске асыру
барысында шырқау шегіне жетті. Соңғы деректерге қарағанда сол кездерде
Қазақстанға келгендердің ұзын-ырғасы 1 миллион 200 мыңнан асады.
Бұл қоныстандырулардың жергілікті халықты орыстандыруды және
отарлаудың барлық өлшемдеріне сәйкес олардың иелігіндегі жерді Ресей тәжіне
түпкілікті бекітіп алу мақсатын көздегені түсінікті. Шындығында дәл сол
саясатты кеңес үкіметі одан әрі жалғастырды.
Қиянатқа толы сталиндік ұжымдастыру кезінде жер бетінен 1,5 миллионға
жуық қазақ жойылып кетті. Егер 1930 жылы республикада 5 миллион 873 мың
адам тұрған болса, 1933 жылы ондағы халықтың саны 2 миллион 493 мың ғана
болып қалды. Мұндай өте қысқа мерзімде осыншалықты қырғынға ұшыраған халық
оған дейін де, одан кейін де адамзат тарихында болған емес. Ал қызылдар
империясы өзінің қитұрқы саясатын одан әрі жалғастырып, босап жатқан
қазақ жеріне жан-жақтан, басқа ұлттарды қуып әкеліп тығумен болды. Яғни,
қазақ халқы өз жерінде аштан қырылып жатқанда,
басқа республикадан келген адамдар есебінен Қазақстан халқы
толықтырылып отырған екен [45].
Қазақ жері халықтар түрмесіне айналды, Карлаг, Степлак, Алжир
секілді мекендерде бүкіл Кеңес Одағынан жиналған халық жаулары азап
шекті.
Ұлы отан соғысы қарсаңында және соғыс кезінде Қазақстан мен Орта Азия
аудандарына 55 ұлт пен ұлыстардың өкілдері жер аударылды. Сонымен қазақ
жеріне зорлықпен көшірілген халықтар саны бұл кезеңде 890698 адам болатын.
Ұлы қоныстандыру мұнымен де тоқталған жоқ. 60-шы жылдарға дейін
Солтүстік Қазақстан мен Орталық Қазақстанның тың және тыңайған жерлерін
игеруге екі жарым миллиондай адам келді. Соғыстан кейінгі жылдары тағы да
150 мың қоныстанушы республикада салынып жатқан әскери обьектілерге, соның
ішінде Семей ядролық полигоны мен Байқоңыр ғарыш айлағына келіп табан
тіреді [19].
Социализм қазақ ұлтының болмысына, дәлірек айтсақ, ұлтсыздануына үлкен
әсер жасады. Қазақстандағы индустрияландыру, 1932-1933 жылдардағы аштық,
1937-1938 жылдардағы репрессия, жер аударылған халықтарды қоныстандыру, тың
және тыңайған жерлерді игеру – қазақ халқының сан жағынан республикадағы
алатын орнын төмендетті.Ұлттардың араласуы, ұлттық орынның тарылуы
орыстануға әкелді. Дінге тиым салу, ұлттық мектептердің азаюы, қазақ
тілінің аясының тарылуы қазақ халқын төлтума қасиеттерінен айыра бастады,
рухани азғындыққа итермеледі. Ұлттық деп атайтын интелегенцияның көпшілігі
ұлттық мәдениеттің, тілдің жақтаушысы бола алмады. Дәстүрлік мәдениет,
тұрмыс-салт мал шаруашылығымен айналысатын қазақтардың арасында молырақ
сақталған.
Ел арасындағы сөзіне қарасаң орыс сияқты, түріне қарасаң кәріс
сияқты, сұрастыра келсең, қазақ болып шығады деген сөз өмірден алынған.
Қазақ халқының бір бөлігі – ұлттық және тілдік ерекшелігінен айырылғандар.
Олардың ұлттық танымы тар, рухы төмен, ұлттық психологиясы тегін танитын
сана-сезімнен аспайды. Оларды қазақ мәдениетінің мұрагерлері деп айту қиын.
Сонымен Ресей империясының екі ғасырдай отаршылдық саясатына да,
социализмге де бейімделген ұлттық болмыстың табиғаты күрделі: онда кешегі
мен бүгінгі әлеуметтік тұрмыс-салт араласып жатыр [5].
Ал алматыдағы 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы Орталықтың, яки Мәскеудің
саясатына соққы берген бой көрсету болды. Осыдан бастап Кеңес мемлекетінде
ұлттық күрес айырықша қарқын алды. Осы оқиғадан кейін-ақ ұлттық қатынас
мәселесі жаңа реформалар қажеттігін танытқан еді. Ұлыдержавашыл Мәскеу
ұлттық толқулармен қозғалыстарды басуға қанша тырысқанымен қабынған ұлттық
қайшылықтар қарсылығы күн сайын асқындай берді. КСРО геосаяси аймақ, ұлы
империя ретінде күйреді [3]. Бірақ тәуелсіздік алған республикалар
өздерінің саяси әлеуметтік, экономикалық, мәдени қайшылықтарымен қала
берді. Өйткені патшалық ресей отаршылары да, кейіннен келген большевиктер
де ұлттық республикалардың өз қолы өз аузына жетпейтіндей етіп тұралатып
тастаған-ды. Қазақстанның ұлттық кейпінің қалай қалыптасқаны осы
мысалдардан әбден түсінікті.
Иә, 1991 жылдың 16 желтоқсанында қабылданған Қазақстан рес
публикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы Конституциялық заң Еуразия
құрлығының жүрек тұсындағы ежелден ұлы дала атанған ұлан ғайыр өлкекде жаңа
мемлекеттің дүниеге келгенін паш етті.
Қазақтар өзінің бостандығы мен тәуелсіздігі жолында тек патша
отаршылдары мен кеңестік жүйенің озбырлығына қарсы 200-ден астам ұлт-
азаттық көтерілістерге шыққан екен. Соның ең соңғысы тоталитарлық жүйенің
темір құрсауын талқандауға арналған қазақ жастарының желтоқсан қозғалысына
да 20 жыл толды. Тәуелсіздік жолындағы мұндай ұмтылыстардың бәрі ел
тарихының ең қастерлі парақтары ретінде әрқашан жадымызда сақталатын болады
[24].
Бүгін біз халқымыздың тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері туралы
мақтанышпен айтамыз.
Біз экономикалық дағдарысты ойдағыдай еңсеріп, мемлекеттік басқаруға
деген қабілетімізді дәлелдедік, демократияның берік негіздері мен өз
дипломатияды құрып, бұл ретте мәдениетіміздің төлтумалығын және өз
тарихымызға деген құрметті сақтай білдік.
Экономикалық, әлеуметтік дамудың негізгі көрсеткіштері мен халықтың
тұрмыс деңгейі бойынша Қазақстан бүгінде ТМД-да көшбасшылық орында тұр және
жоғарғы қарқынмен дамуын жалғастырып келеді.
Қазақстан бүгінгі таңда – халықаралық қоғамдастықтың толыққанды,
құрметті де беделді мүшесі.
Біз тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап даму мақсатындағы айқын
ұстанымды қабылдадық, бұл ұстаным мемлекет пен қоғамның күш-жігерін
біріктіріп, өсу мақсаттарына қол жеткізуге бағыттады.
Бұл ретте біздің еліміз үш кезеңді өтті.
Біріншісі (1991-1995 жылдар), бұл кезеңде біз кеңестік жүйені бұзып,
мемлекеттің негіздерін құрумен айналыстық.
Екінші кезең (1996-2000 жылдар) экономика мен саяси жүйенің терең
құрылымдық өзгерістерін іске асырумен байланысты болды.
Үшінші кезең (2001-2007 жылдар) – экономикалық өсу уақыты [31].
Осылайша өткен 16 жылда Қазақстанда біздің қоғамды ірі ауқымда жаңарту
жүргізілді.
Біз әсерлі табыстарға қол жеткіздік.
Біздіңі экономикалық секірісіміз бен күшті мемлекеттің құрылуын
шетелдік отандастарымыз бен әріптестеріміз лайықты бағалады.
Қазақстан реформалардың көшбасшысы деп танылып, бұрынғы КСРО
мемлекеттерінің арасында бірінші болып нарықтық экономикасы бар ел
мәртебесін және инвестициялық сыныптың жоғарғы рейтингітік бағаларын алды.
Қазақстандық тәжірибені ТМД елдері қабылдап жатыр, олар біздің
елімізде әлдеқашан жасалған нәрселерге көп ретте енді-енді кірісуде. Біз
бұл үшін мақтана аламыз және мақтануға тиіспіз.
Ендеше бiз, ең алдымен, осы жылдар iшiнде шындығына келгенде, осындай
биiкке көтеріле алдық па, барлық жағынан да еркiндiкке жете алдық па дейтін
ең салмақты сауалға ашық жауап қайтаруымыз керек.
Бiз ғасырлар бойы сан ұрпақтың санасына сартаптанып сiңiстi болып
кеткен бодандық сезiмiнен, тоталитарлық жүйенің бойымызды әбден меңдеп
алған енжарлық, масылдық дертінен ақыр аяғына дейін аршыла алдық па?
Бiр жәйттiң басы ашық. Бiз осы жылдар iшiнде, сөз жоқ, талай ондаған
жылдарға татырлық жолдан өттiк. Бiз еркiн тыныстайтын, еңсе жазатын күйге
көштiк. Бiздiң санамызды, зейiн-зердемiздi,жанарымызды тұмшалап келген
бiрталай көнерген сарқыншақтардан, терiс пайым-ұғымдардан арыла алғанымызға
да күмән жоқ.
Яғни жоғарыдағы көп сауалдарға да қанағаттанарлық жауап бере аламыз.
Барлығын бiрдей шешпесек те, бағытымыз дұрыс дей аламыз.
Адам кешегiсiмен, қазiргiсiмен және келешегiмен өмiр сүредi. Қазiргi
сәт тез өтедi, тез кешегіге, өткенге айналады. Яғни бiз өмiр бойы келешекке
ұмтылумен ғұмыр кешемiз [2.10].
Әлемде үш мыңға тарта ұлттар, халықтар бар, ал мемлекеттер саны 226.
демек, саяси тәуелсіздікке қолдары жетіп, мемлекет құру оңай шаруа емес.
Егемендік қастерлі де қасиетті жақсы ұғым, жақсы ниет болғанымен сол қол
жеткізген егемендікті ұстап тұру, барынша нығайту одан да қиын екенін,
мемлекет басқару дәстүрінің ғасырлар бойы үзіліп, қайта жалғанған сындарлы
қиындықтарға толы кезең туралы Нұрсұлтан Әбішұлы кейіннен былай деп ой
өрбіткен екен: Жұрттың баршасы бiрдей байыбына барып пайдалана бiлмеген
шексiз бостандық берiлген Тәуелсiздiктiң алғашқы жылдарында мемлекетаралық
егестерге, ұлтшылдық сезiмнiң өрiс алуына, қоғамдағы бiр топтың келесi бiр
топтарға тиiсуiне жол бермеу ерекше маңызды болды. Сонымен қатар
тәуелсiздiк жағдайында елiмiздiң өз iшiнде дербес шешiмдер қабылдауға
дағдылану да қажет болды. Демократия негiздерiне көшкенде, бiздiң әуелгiде
оған табынатын тылсым ретінде ғана қарап, оны орнымен пайдалана бiлудi
үйренетiн құрал ретiнде көзге iлмеген де кездерiмiз бар.
Өз ерекшелiктерiмiздi ескермей, шет елдердiң тәжiрибесiн бас-көзсiз
көшiруге ұмтылған кездерiмiз де жоқ емес. Соның салдарынан зардабын күллi
қоғамымыз сезiнген iркiлiстерге де ұрындық. Дегенмен, бiз қауiптi әрдайым
жiтi аңдап, өз жауапкершiлiгiмiздi сезiне бiлдiк, мiне, мұның өзi бiздiң
шыдап шығуымызға мүмкiндiк бердi [2.14].

1.3 Ұлт саясаты және ұлт саясатының әлем саясатындағы тәжірбиесі.
Қазақстан Республикасы - әлемдегі көпұлтты ірі мемлекеттердің бірі.
Ресми деректер бойынша, Қазақстан аумағында 130-дан астам ұлттар мен
ұлыстардың өкілдері тұрады, олар әртүрлі ұлттық мәдениеттің, дәстүрдің,
әдет-ғұрыптардың өкілдері, мұның өзі саяси мәні тұрғысынан бірдей емес
ахуалды – қатар өмір сүру, мүдделер күресі, өзара тәуелділік,
байланыстылық, жанжалдар және т.т. ахуалын туғызады.
Қазақстандағы осы заманғы ұлт саясаты ұлтаралық, этностардың
мүдделерін білдіретін негізгі субьектілер ретінде ұлттық-мәдени орталықтар
деп аталатын қоғамдық ұйымдарды, одақтарды алға тартады [29].
Бұл орталықтар мемлекеттік емес институттар жүйесі болып табылады және
Қазақстанда тұратын әрі оның халқы болып есептелетін этникалық топтпрдың,
ұлт өкілдерінің мүдделері мен тілектерін білдіреді. Бұл мүдделер мен
тілектер негізінен мәдениетке, білімге, тарихи отанмен байланысты жан-жақты
байланыстарға қатысты болады. Бұл қоғамдық бірлестіктер – Қазақстан
мемлекеті мен халықтары арасындағы тіл табысу құралы. өздерінің қызметіне
ұлттық-мәдени орталықтардың басым көпшілігі мәдениеттің жалпыұлттық
мүдделерге сәйкес әртүрлі этникалық топтардың мүдделерін бағыттай отырып,
Қазақстан Республикасының Конституциясын және басқа да заңнама келісімдерін
басшылыққа алады.
Этностарды дамыту үшін бірдей мүмкіндіктер, оларды дамытудың жолдары
мен қарқындарының дербестігі, көнбістігі, бастама жасау мен демократиялық
құқықтық мемлекеттіліктің экономикалық, әлеуметтік, саяси және санаткерлік
құрылысына қатысу мүмкіндігі – республикадағы ұлттық қозғалыстар мәнінің
негізі, міне, осылар [42].
Біздің мемлекетіміздің ұлт саясаты Қазақстанның тұрғылықты этносының,
жекелеген этностық топтардың мүдделерін және барлық халқының қоғамдық
мүдделерін ескере отырып, еліміздегі ұлттық қатынастарды реттеу мен
оңтайландыруға бағытталған шаралар жүйесі ретінде қалыптасады. Мұндай ұлт
саясатын жүзеге асыру біздің конституциямыздың қағидаларынан туындайтын
сенімді де жан-жақты қамтитын құқықтық негіз болған жағдайда ғана мүмкін
болады.
Сөйтіп, ұлттар, этностар және мемлекеттер арасындаөзара келістірушілер
ретінде қоғамдық бірлестіктерді – ұлттық мәдени орталықтарды, одақтарды,
т.т. қалыптастыра отырып, ұлттар этностар саяси процестіңдің субьектілері
болады.
Олардың рөлі этностардың өздерін ұқсастыру, ұлттық мәдениеттерді қайта
түлету мен дамыту, ұлтаралық шиеленістерді жою процестерін тереңдетуден
көрінеді.
Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, кез келген әлеуметтік қауымдастықтың
(ру, тайпа, этникалық топтар, ұлттар, ұйымдасқан мемлекеттік қоғам, т.б.)
ажырамас бөлігі – оның белгілі бір мүшелерінің тартылуы. Саясат түсінігінің
мазмұндық тұрғысынан қарастырар болсақ, онда бұл тартылу екі жақты
сипатталады. Бірінші жағы саяси билік, оның көсем, әскер басы, билеуші,
жетекші сияқты позицияларына иелік ету үшін, сонымен қатар осы билікті бөлу
үшін күрес үрдістерімене сипатталады. Екінші жағы қауымның өмірлік
салаларының бірінде әлеуметтік мақсаттарға қол жеткізу жолында биліктік-
беделдік бағдарламаны дайындау үрдістерімен сипатталады [39].
Сонымен, Қазақстан Республикасы – көп этносты мемлекет. Кез келген
ұлттық мемлекет оны құрған негізгі ұлттың өзге этникалық топтар алдындағы
басымдығын таныту құралы емес. Адамзат тарихында мемлекет этностардың бір-
бірімен өзара әсерлесу мүмкіндігі көбейген кезде, белгілі бір ұлттың
бірегейлігін (аумағын, дінін, тілін, мәдениетін т.б.) аман сақтап, дамыту
қажеттігіне орай пайда болған. Қазақстан Республикасы да, ең алдымен, сан
ғасырлық тарихы бар қазақ ұлтының бірлігі мен бірегейлігін сақтап, дамытуға
қызмет етеді. Мұның өзі өзге этникалық топтар мәдениетіне қысым жасалады
деген сөз емес. Керісінше, олардың да төл мәдениеті дамып, әрі Қазақстанның
мәдени дамуына бір бұлақ болып қосылып, әрі біздің өзге халықтармен (әлгі
этникалық топтардың атамекендерімен) мәдени байланыс жасауымыздың тиімді
арнасына айналуы қажет-ақ.
Біздің қоғамымыз – көпұлтты қоғам екенін, тағдыр талайымен қазақ жеріне
келген көптеген ұлттардың осынау кең байтақ өлкеге бауыр басып, Қазақстанды
өзінің Отаным деп есептейтіндігін, олардың тағдыры қазақ халының
жауапкершілігіне кіретіндігі еске ұстауымызды Елбасы әрқашан еске салып
отырудан еш жалыққан емес. Көпұлттылық — қоғамның кемшілігі емес,
артықшылығы. Тағдырлары табыстырған ұлтармен біздің ортақ мүддеміз, мұң-
мұқтажымыз бар. Болашаққа деген ортақ арман-мақсатымыз бар: Адам мен
адамды, халық пен халықты, мемлекет пен мемлекетті жалғастырар ең берік
дәнекер — мүдде жақындығы [10].
Ендігі міндет – сын сағатта тек сабырлылық қана танытып қоймай,
өркениетті білім мен ғылымның өрелі биігіне көтеріле отырып, өз маңына өзге
отандастарымызды да топтастыру болып отыр. Онсыз бәсекеге қабілетті
елулікке кіру мүмкін емес. Туған еліңде мен осы елдің иесімін деп кеуде
қақпау керек, керісінше, мықтылығыңды Отаныңның өркендеуіне, отандастарының
іштей топтасуына қосқан ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Этнос және ұлт
Этникааралық толеранттылық және қоғамдық келісімнің саяси типологиясы
Азаматтық, Қазақстандық елжандылық, этносаралық келісім тұралы ұғым
Жастар әлеуметтануы
Мемлекеттік тілге байланысты қабылданған заңнамалық құжаттардың сипаты және олардың жүзеге асырылу деңгейі
Қазақстандағы тіл саясатының мәселелері
МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІҢ ОТАНДЫҚ БАҚ-ДА НАСИХАТТАЛУЫ
Қазақстан Республикасының бүгінгі тәжірибесі негізінде ұлтаралық қарым-қатынас мәдениеті
Саясат тарихы туралы ақпарат
Мемлекеттік тілді жүргізу тетіктері
Пәндер