КҮШТЕР САЛАСЫНДАҒЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІ КӘСІПТІК ЖӘНЕ ҚОЛДАНБАЛЫ ДАЯРЛАУДЫ ЖЕТІЛДІРУ КҮРЕСТІҢ РӨЛІ


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 63 бет
Таңдаулыға:   

Қостанай мемлекеттік педагогикалық институт

Қосымша және қашықтықтан білім беру факультеті

Дене шынықтыру, спорт және туризм теориясы мен практикасы кафедрасы

Байдильдинов Нурсултан Болатович

КҮШТЕР САЛАСЫНДАҒЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІ КӘСІПТІК ЖӘНЕ ҚОЛДАНБАЛЫ ДАЯРЛАУДЫ ЖЕТІЛДІРУ КҮРЕСТІҢ РӨЛІ

Дипломдық жұмыс

Ғылыми жетекші - аға оқытушы:

Какашев К. Т.

Қостанай, 2018 ж.

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ 4

1 Күштер саласындағы қызметкерлерге арналған күрестің маңыздылығы 8

1. 1 Күштер саласындағы қызметкерлерге арналған қоян-қолтық

ұрыстың кәсіптікқолданбалы мәні 8

1. 2 Күштер саласындағы самбо күресінің рөлі 11

1. 3 Күштер саласындағы жекпе-жек күрестің нормативтік мәні 15

2 Күштер саласындағы қызметкерлерге арналған күрестің айлатәсілдері мен тактикалары 19

2. 1 Қоян-қолтық ұрыстың айла-тәсілдері мен тактикалары 19

2. 2 Самбо күресінің айла-тәсілдері мен тактикалары және спортшының дене дайындығы 34

2. 3 Жекпе-жек күрес арқылы күштер саласындағы қызметкерлердің кәсіби-қолданбалы дене дайындығын оңтайландыру жолдары 52

ҚОРЫТЫНДЫ 57

ДЕРЕККӨЗДЕР ТІЗІМІ 59

КІРІСПЕ

Зерттеу өзектілігі. Қазақстан Республикасының ұлттық спорт түрлері тек біздің халқымыздың ғана емес, адамзат мәдениетінің қазынасы болып саналады. Олар сан салалы болып келеді, адам денсаулығына тигізетін пайдасы да шексіз. Жалпы спорт түрлері, оның ішінде ұлттық спорт түрлері жастарды тәрбиелеуде зор мәнге ие. Себебі ата-бабаларымыз ғасырлар бойы оларды ұрпақтан-ұрпаққа мұра етіп қалдырып отырған. Сондықтан қанымызда қалыптасқан ұлттық спорт түрлері бүгінгі ұрпағымызға да етене жақын. Сан түрлі ұлттық спорт түрлерімен айналысқан адам тек қана күшті, қуатты, шымыр болмайды, сондай-ақ рухани жағынан да байиды. Спортты серік еткен жастардан ертең әлем, олимпиада чемпиондары шығатыны даусыз. Ол өмірде дәлелденіп те жүр.

Бұрын күрес өнері жеке қас шеберлер арқылы ғана халықтық тұрғыда жас палуандарды баулыса, енді, әлемдік деңгейдегі ұстаздар жоспарлы түрде кең тұрғыда жұмыс жүргізеді. Мысалы, қазақ күресін оқыту жөніндегі тәжірибелік күрес: жалпы дайындық, арнаулы дайындық жаттығулары, дене дайындығы, спорттық және қозғалыс ойындары, жекпе-жекті жүргізу тәсілдері. Күрескерлік, техника-тактикалық әрекетті қалыптастыру осы күрес бойынша жарыстармен ерекшеленеді. Жоғары оқу орындарындағы теориялық курста қазақ күресі туралы кіріспе, оқу тәртібі, тарихы, оқу жұмыстарының ұйымдастыру ерекшеліктері, дене дайындығы және психологиялық дайындық, оқыту мен жаттығу әдістері қарастырылады.

Кез-келген спорт түрі өз бетінше қызықты да пайдалы. Бірі дамның шыдамдылығы мен ептілігін шыңдаса, бірі жылдамдығы мен беріктігін рттыра түседі. Күреспен айналысатын спортшыға аталмыш қасиеттердің барлығы да қажет. Күрес адамның ептілігін, жылдамдығын, шыдамдылығын, беріктігін, күшін, тапқырлығын қажет етеді. Демек, күрес «күші барға ақылдың керегі жоқ» деген нақыл сөзді теріске шығарады. Екі адамның белгілі бір уақыт аралығында белдесіп күш сынасуын күрес деп атайды. Күресте дайындығы мол, күшті әрі епті балуан жеңіске жетеді.

Кеңестік Қазақстанда қазақ күресінен жарыстар олимпиадалық және халықаралық спорттық күрес түрлерінен бірнеше онжылдық бұрын өткізіле бастады.

Әдеби деректерге сілтемелердің өзінде қазақ күрестен мына Бүкілқазақстандық спартакиада бағдарламасымен және жеке республикалық жарыстарды өткізу кезеңдерді атап көрсетуге болады: 1928, 1936, 1938, 1939 жж. . Ал грек-рим күресі Қазақстанда тек екінші дүниежүзілік соғыстан кейін дами бастады (алғашқы Қазақстан біріншілігі 1948 жылы өтті), дзюдо Олимпиада ойындарының бағдарламасына енгізгеннен кейін ғана, 1960 ж. дами бастады.

Харлампиевтің жұмысынан басталды. Қазақстанда еркін күрестін дамуы 1955 жылы грек-рим күресінен тәжірибелі жаттықтырушы П. Ф. Матущактың еркін күрестін бас бапкерлігіне тағайындалумен байланысты. Самбо мен еркін күрес Қазақстанға бірінші әкелінген уақыты 1950 ж.

Қазақстан жастарының спорттың осы түріне әуестенуі қазақ күресінің даму деңгейінің едәуір жоғарылауына, балуандардың шеберлігінің қалыптасуына, жастардың қазақ күресімен жаппай шұғылдануына септігін тигізеді. Қазақ күресімен шұғылданатың жастар арасынан, өздерінің спорттық кемелденуін спорттық күрестің халықаралық және олимпиадалық түрлерінде жалғастырып, ең жоғары нәтижелерге жеткен көптеген атақты балуандар шыққан.

Сонымен, зерттеу өзектілігі көне заманнан қазақ халқы жастардың дене күшін және әскери дайындауда, мерекелер мен жарыстардың қауіпсіз түрін ұйымдастыруда пайдаланып келген қазақ күрестің Қазақстанның кеңес дәуіріндегі дамуында жастардың дене шынықтыру дербес құралы ретінде қалыптасу тарихын төңкерістер мен қайта құру қарқынды дамыған заманда ұмыт қалдырмай, балуандарды дайындау құралдары мен әдістерінің барлық қажетті де маңызды атрибуттарын зерттеп, оларды сақтап қалу және спортшыларды дайындай әдістемесіне енгізу, сондай-ақ өскелең ұрпақтың дене тәрбиесінде пайдалану үшін зерттеу қажеттілігімен анықталады.

Зерттеу нысаны - күштер саласындағы күрес.

Зерттеу пәні - күрестің күштер саласындағы қызметкерлерге арналған кәсіптікқолданбалы мәні.

Тақырыптың зерттелу деңгейі мен дерек көздері. Тақырыптың зерттелу деңгейіне келер болсақ атап кететін жайт, қоян-қолтық ұрыс мәнін ашу үшін Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігіне жүгінуді жөн көрдік, әскери-қолданбалы спорт түрлерінің арасында қоян-қолтық ұрыс орны А. Е. Тарас. еңбегінде айтылады, қоян-қолтық ұрыстың әдісінің кезеңдері Рудман Д., еңбектерінде айтылады, жалпы күрес түрлерінің бөлінісі туралы Ю. А. Шулика. кітабында келтіріледі, жалпы жауынгерлік жекпе-жек өнері туралы М. Н Шепетюк еңбегінде айтылады, Самбоның мәні Ю. С. Лукашиннің анықтамалығында ашылады, ойынның ортақ ережелерін қалыстастырған маман - Василий Сергеевич Ощепков туралы ақпарат көзінде айтылады, самбо дәстүрін ары қалай жалғастырғандардың бірі - В. А. Спиридонов туралы және Самбо бойынша алғашқы чемпиондар туралы Мұқажанов Е. А. Спорттық күрес түрлері атты мақалада айтылады, самбодан халықаралық әуесқойлар федерациясы (ФИАС) ресми түрде тіркелгені Ж. Бөжиг. Самбо және қол сайысты үйрету негіздері кітабында айтылады, Қазакстанда самбо күресі туралы Қазақ Энциклопедиясында айтылады, самбоның түрлері Қазақстан - спортшылар елі. Энциклопедиялық анықтамалығында көрсетіледі, самбо күресі бойынша қосымша ақпарат Н. М. Галковский, А. З. Катулин редакциясынан шыққан оқулығында беріледі.

Күштер саласындағы жекпе-жек күрестің нормативтік мәнін ашу үшін келесі нормативтік құжаттарды қолдандық: Қазақстан Республикасының Қарулы Күштердегі дене шынықтыру дайындығы қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 10 тамыздағы № 438 бұйрығы, Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2012 жылғы «31» мамырдағы № 67 бұйрығымен бекітілген Әскери прокуратура органдарындағы дене дайындығы жөніндегі нормативтер.

Қоян-қолтық ұрыстың айла-тәсілдері мен тактикаларына келейік. Қоян-қолтық ұрыс тәсілдері Асубаев А. Р. кітабында қарастырылады, қоян-қолтық ұрыстың атаулары (терминологиясы) Гуков Л. К. еңбегінде айтылады, атаулардың ерекшелігі Гагонин С. Г., Гагонин А. С. еңбегінде ашылады, екі элементті немесе қозғалысты қосу үшін «және», «мен» жалғаулары қосылу ерекшеліктері ашу үшін Ленц А. Н. еңбегіне жүгіндік, қоян-қолтық ұрыстың әдіс-айласын (техникасын) қарастыру мақсатында Алимханов Е. Балуанның дене күш қабілетін арттыру жұмысын қолдандық, қоян-қолтық ұрыстың әдіс-айласы (техникасы) Мандзяк А. С., Артёменко О. Л. еңбегімен толықтырылып қоян-қолтық ұрыстың тактикасы қарастырылды, қоян-қолтық ұрыстың тактикасы Нелюбин B. B. Миндиашвили Д. Г., Мищенко Н. М. еңбектерінде, Алимханов Е. Самбо күресін үйретудің негіздері, Ильясова Г. Спорт түрлерінің физиологиясы ақпарат көздерімен толықтырылды, буынды ауырту әдістерін үйрету әдістемесі энциклопедиясынан, Линдер И. Б., Оранский И. В. еңбегінен ақпарат алынды, қолмен жасалатын соққыларды үйрету әдістемесі Алдошин А. В., Баркалов С. Н., Герасимов И. В. Баркалов С. Н., Герасимов И. В., Алдошин А. В., Герасимов И. В. Еремин Р. В., Ефременко М. А., Калашников А. Ф. Тарас А. Е., Баркалов С. Н. сияқты зерртеушілердің еңбектерінде қарастырылды.

Самбо күресінің айла-тәсілдері мен тактикалары және спортшының дене дайындығы бойынша мәліметтер төмендегі ақпарат көздерінде көрсетілген: Есмағамбетов З. Е. Дене тәрбиесін өткізу және басқару, С. Цэвээн., Г. Пүрэв-очир. Самбо күресінің халықаралық ережесі, Қуанышов Т. Ш. Дене тәрбиесінің теориясы мен әдістемесі Туманян Г. С., Вайцеховский С. М. Жаттықтырушы, Курманалиев А. Т., ДонбаевА. Б. Мазур А. Г. Жизнь борца, Иванов Д. И. ПреображенскийС. А., Карапетян А. С. .

Жекпе-жек күрес арқылы күштер саласындағы қызметкерлердің кәсіби-қолданбалы дене дайындығын оңтайландыру жолдары туралы материалдар төмендегі ақпарат көздерінен алынған: Иванов А. И. Кузнецов, А. С., Саликов, А. А., Шулика, Ю. А.

Зерттеу мақсаты - күрестің күштер саласындағы қызметкерлерге арналған кәсіптікқолданбалы мәнін зерттеу.

Зерттеу міндеттері :

  • күштер саласындағы қызметкерлерге арналған қоян-қолтық ұрыстың кәсіптікқолданбалы мәнін зерттеу;
  • күштер саласындағы самбо күресінің рөлін қарастыру;
  • күштер саласындағы жекпе-жек күрестің нормативтік мәнін ашу;
  • қоян-қолтық ұрыстың айла-тәсілдері мен тактикаларын көрсету;
  • самбо күресінің айла-тәсілдері мен тактикалары және спортшының дене дайындығын айқындау;
  • жекпе-жек күрес арқылы күштер саласындағы қызметкерлердің кәсіби-қолданбалы дене дайындығын оңтайландыру жолдарын анықтау.

Зерттеу құрылымы: дипломдық жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан және пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 Күштер саласындағы қызметкерлерге арналған күрестің маңыздылығы

1. 1 Күштер саласындағы қызметкерлерге арналған қоян-қолтық ұрыстың кәсіптікқолданбалы мәні

Жалпы жекпе-жек өнеріне қызығушылар оны ғылыми тұрғыдан қарамай-ақ тез арада оны меңгеруді армандайды, сол арқылы денсаулығын шыңдауды, батыл болуды, өз - өзіне сенімді болуды, т. б. с

Жалпы қол сайысының шығу тарихына қарап отырып оның өзін - өзі қорғау жағдайынан туындағанын аңғарамыз уақыт өте келе адамдар бір - біріне үстемдік көрсетіп, әлім-жеттік жасайтын болды, адамдар қатыгездікке бой ұрды. Қоғамның дамуы адамдардың ой қабілетінің жетілуіне әсер етті, имандылыққа мойын ұсынды, ең қымбат адам екенін түсінді. Осы уақыттан бастап көптеген қол сайыс мектептері діни ұйымдарға, жоғарғы биліктерге тәуелді болды. Арнайы ғалымдар, мамандар (шеберлер) сайыс түрлерінің жаңа тәсілдерін ойлап тапты.

Әскери жауынгерлік өнері дегеніміз не? неден тұрады? Қандай мақсат көздейді? Неден құралады? - деген сауал туындары сөзсіз.

Ал, спорттық күрестің анықтамасын алар болсақ ол екі адамның арнайы ережеге сай жекпе-жегі. Өкінішке орай бұл анықтама қол сайыс өнеріне сай келмейді. Неге десеңіз әр дайым қарсыластар екеу бола бермейді, олар ережемен сайыспайды. Әскери жауынгерлік өнер дегеніміз не? Алдымен айтар болсақ, кез-келген өнер екі деңгейден тұрады. Біріншісі-осы өнерге қолданылатын әдістерден тұрады. Ал, екіншісі - өзінің жеке талантының арқасында аталған әдістерді қолдануы және дамыта білуі негізінде дағдыдан шеберлікке айналдыра алуы. Кез - келген әскери жауынгерлік өнері осы ережеге бағынады. Біріншіден өзіндік негізгі әдістері, бұны үйренбеген кез - келген талант өзін - өзі көрсете алмайды.

Қоян-қолтық ұрыс (Рукопашный бой) - күресуші (соғысушы) жақтардың бөлімшелері жаяу бір-біріне қысқа кашықтықта жақындап, негізінен суық қарулар (найза, қанжар және т. б. ) колданатын таяудағы ұрыс түрі. Қазіргі кезде мұндай ұрыстар окоптарда, байланыс жолдарында, елді мекендерде, барлаудағы бөлімшелер әрекетінде және т. б. кездеседі [1] .

Қоян-қолтық айқас - ұрыстың әмбебап түрі. Ұрыстың тәсілдерін жақсы меңгерген сарбаз соғыс алаңында өзін қарусыз-ақ қорғай алады дейді әскерилер. Қоян-қолтық шайқас ширақтық пен ептілікті қажет етеді. Бұл айла-тәсілдер жауынгердің өз-өзіне сенімділігін арттыра түседі.

Армиялық қоян-қолтық ұрыс еркін күрес, тай боксы, самбо, жауынгерлік самбо, таэквондо және жауынгерлік өнердің өзге де көптеген стильдерінің тәжірибесін сіңірген әскери-қолданбалы спорт түрлерінің арасында жекпе-жектің көзтартарлық түрлерінің бірі болып табылады. Қоян-қолтық ұрыс бойынша чемпионатта барлық әскери қызметшілер жақсы дене даярлықтарын көрсетеді. Жекпе-жекте әрқайсысы өзін әртүрлі қырынан көрсетеді. Бірі тойтарыс беруге бірден білек сыбана кіріссе, енді біреуі қолайлы сәтте шешуші кезеңді бір ғана соққы жасаумен аяқтау үшін күштерін сақтап қалуды қалайды. Бірақ, әрбір әскери қызметші соңына дейін күреседі. Армиялық қоян-қолтық ұрыстың ерекшелігі үнемі өзара күрестің болуынан тұрады. Қарсыластың аяқпен де, қолмен де соққы жасауға құқығы бар. Сондықтан да қарсыласың қай тұста сенен мықтырақ болатынын ешқашан білмейсің [2]

Қоян-қолтық ұрыстың анықтамасы (жауынгерлік өнердің әліппесі) оның бірінші сатысын табу қиын емес. Мысалы: Нели Озиобилисинда «қол сайысы өнерінің ішіне кіретін барлық әдістермен жеке өзін- өзі қорғау тәсілі мен шабуылы, олардың іс жүзіндегі оқытылуы мен шын ұрыстың ғылыми талдауы және оның жағдайы негізделеді.

Енді оның қандай компенентерден тұратынын қарастырайық. Қол сайысын, бірінші негізгі ұрыс және бос қолына түскен нәрселермен жауын жою, бұл ең қажеті және бірінші адамның іскерлігінің берілген мақсаты түрі. Қол сайыстың мақсаты жарыс емес, бұл ережесі және төрешесіз айқас.

Қоян-қолтық ұрыстың екінші негізі - техникасы.

Техникасыз ұрыс төбелес болады. Төбелесте техника пайда болса, ол ұрысқа ауысады. Төбелесте жеңу үшін көп тәсілдер бар. Мысалы: ауыр соққыға жығу, дем алу ретін бұзу, қылқындыру, ауырту тәсілдерін жасау т. б.

Ұрыс жолдары әртүрлі болады. Сондықтан түрлі техникасы түсінікті болуы заңдылықты құбылыс.

Қоян-қолтық ұрыстың үшінші негізі - оқыту әдісі. Әдіссіз ештеңе шықпайды. Әдістің құпиясы туралы көп айтуға болады, бірақ жаттығу алгоритмі бұрыннан өзгермей келеді. Әрбір тәсіл төрт кезеңде ретімен істеледі.

І - кезең - тәсілді «ауада» жаттықтыру. (траектория, соққының бетін тұжырымдау)

ІІ - кезең -тренажорда қозғалысты қайталау. Оқушы бұл кезеңде өз күшін салады.

ІІІ - кезең - әріптеспен үйренген әдістерін бір-біріне жасау арқылы қайталайды.

ІҮ - кезең -еркін ұрыста қарсыласпен жұмыс жасау. Бұл кезеңде сарбаз әдісті қарсыласына сенімді қолдана алғанына дейін жаттығады[3] .

Сонымен біріншіден «жауынгерлік өнер» (қол сайыс) ұрыстың мақсатын құрайды (кәдімгі ұрыс), қолданатын техника, және осы техникасын қайталау әдісі.

Жауынгерлік өнер - бұл техниканы кәсіби білу және қол сайыстың тактикасы мен өзінің дарындылығы, стератегиялық қайталаудан жақсы игерген «азов» өзіндік деңгейге дейін көтерілуіне мүмкіндік береді.

Жекпе-жек өнеріне машықтандыру мақсатында жас ерекшеліктеріне, жынысына байланысты әр түрілі тәсілдер дүниеге келді. Кейбір мемелекеттерде дәстүрлі жекпе - жек өнерлерін жетілдіріп жаңаша, тиімді қол сайыс түрлерін қалыптастырды. Мысалы: Кикбокс (бұл қол сайыс түрі тай боксымен ағылшын жұдырықтасу өнерінің таңдаулы тәсілдер жиынтығы бұл спорт түрі әлемде кеңінен дамуда) [4] .

Қол сайысының тәсілдерін орындалуына байланысты лақтыру әдістері, қылқындыру, аяқ және қол буындарына ауырту әдістері, аяқпен және қолмен соққылар жасау деп топтауға болады.

Қазіргі қолданыстағы және әлемде кеңінен тараған қол сайыс түрлері тәсілдерімен қатар күрес тәсілдерін қолдану тиімды, сондықтан қол сайыстағы тәсілдерді топтауда күрес түрлеріне де баса көңіл аудардық.

Жалпы күрес түрлерін ұлттық және халықаралық спорттық деп екі топқа бөлуге болады.

1. Ұлттық күрес түрлері сол халықтың салт-дәстүріне, өмір сүру ортасына, жалпы ұлттық физиологиялық ерекшелігіне тікелей байланысты. Мысалы: Қазақ күресте аяқ әдістері жиі қолданылса, татарша күресте ұлы денемен жасалынатын әдістерді қолданады, қазақ күресте шапан киіп күрессе, түріктер жалаңаш денесіне май жағып күреседі. Осындай ерекшеліктеріне байланысты әрбір ұлттық күрестерде дене сапаларының даму ерекшеліктері әр түрілі болады және психологиялық дайындықтары, ойлау қабілеттері т. б. сол сияқты жалпылама ерекшеліктер көп болады. Ұлттық күрестерді қолданылатын киімдеріне (форма) байланысты белдіктен ұстап күресетін күрес түрлері, жалаңаш денеден ұстап күресу, киімнен ұстап күресетін күрес түрлері деп топтауға болады [5] .

Күрестердегі қолданылатын әдіс-тәсілдерді жасалу қасиеттеріне байланысты: аяқпен жасалынатын, ұлы денемен, қолмен жасалынатын деп топтауға болады. Сонымен қатар халықаралық спорт күрес түрлерінде киіммен және жалаңаш, белдікпен күресетін болғандықтан қолданылатын әдіс- тәсілдерде әр түрілі болады бұл күрес ережесіне тікелей байланысты.

Жу-до, самбо күрестері арнайы киімен күресетіндіктен киімнен үстап әдіс жасауға рұхсатталады. Еркін күрес, Грек - рим күресінде киімнен ұстауға болмайды. Сумо, ширм (корея күресі), татар, парсы күрестерінде белдіктен әдіс жасауға болады. Осындай ерекшеліктерге байланысты жасалатын әдіс, тәсілдер әр түрілі болады бұл спортшының дене сапаларына тікелей әсір етеді мысалы киімен күресетін күрес түрлерінде саусақ, білек күштері жоғары дамыған, белдіктен күресу ұлы дене, қол күштерін дамытуды талап етеді. Бұндай ерекшеліктерді ескере отырып сол ұлттың, жеке шеберлердің негізгі тәсілдерін анықтауға болады, бұл олардың басты ерекшелігі.

Жалпы жауынгерлік жекпе-жек өнері дегеніміз не? Деген сұраққа жауап іздеп көрейік: барлық өнердегі сияқты, бұл өнердің өз шеберлері, өз таланттары, өз жанкүйермендері бар.

Кез келген кәсіпқой спортшы бұл өнерді игеріп кете алмайды, сонда бұл өнердін құпиясы неде?

Жан-тәнімен берілу, ішкі жан дүниені ашу. Бастапқы да айтқанымыздай бұл өнердің өз шеберлері, таланттары бар олар кімдер? олар кез-келген әскери жекпе-жек өнерінің негізгі әдістерінің 90% меңгерген немесе қол сайысының техникаларын толық білетін мамандар.

Әскери жекпе-жек өнері осылайша адамның дене қалыпын (формасын) жақсы сақтауын, рухын, күш қуатын тәрбиелейді.

Осылайша әскери жекпе-жек өнерімен шұғылдану барысында дене шынықтыруға, күш қуатты артыруға, рухты шыңдауға болады десек бұл өнер түрімен кез келген адамға шұылдану артық болмайтынын аңғарамыз.

Әскери жекпе жек өнерінің әлппесі қол сайысы деп санасақ, онда оның алғашқы сатысын бастай беруге болады . Мысалы: Нила Ознобишин «Қол сайыс өнері өзін -өзі қорғанумен шабуылдаудың әдістерінің практикалық үйрету негізі мен қатар нақты бетпе бет белдесудің ғылыми сараптау жиынтығы» деп атап көрсеткен.

Ғаламданған ХХІ-ғасырда әлемде жаңа заман талабына сай жабдықтанған, әртүрілі бағыттағы қол сайыс мектептері ашылып жастарды тәрбиелеуде. Бұл мектептердің бір - бірінен айырмашылықтары олардың стильдік (мәнерлік) жағыдайы болып отыр.

Сонымен қатар қол сайысының пайда болуына өмір сүру салты, қоршаған ортасы ұлт ерекшеліктері, физиологиясына т. с жағдайларға байланысты қалыптасқан [6] .

Адамдар қол сайыс өнерін тез арада меңгеріп сол арқылы қоғамдағы кереғар топ пен күш сынасып оларды жеңіп әділет орынатуды армандаса, келесі адам өз дұшпанынан кек алуды армандайды, бірақ сол үшін олар бұл өнердің құпиясын іздеп шарық ұрады оның сыры дұрыс жоспарланған оқу жаттығу жоспары бойынша қажымай-талмай еңбек ету, жоғары дәрежеде ұйымдастырылған мектеп қалыптастыру.

1. 2 Күштер саласындағы самбо күресінің рөлі

Самбо (орыс. сам озащита б ез о ружия - қарусыз қорғану деген сөзінің қысқартылған түрі) - Самбоның тарихы Кеңестер Одағы тұсында 1938 жылы 16 қарашадан басталады делінеді. Сол жылы денешынықтыру саласының бүкіл одақтық комитеті самбоны бірауыздан спорттың бір түрі деп тіркеді. Самбо сөзі үш сөз тіркесінен тұрады. Талдап айтсақ, алғашқы тіркестен «"сам(ооборона) ", "б(ез) о(ружия) " деген сөз шығады (орыс тілінде) .
Бұл бір емес, жиырма елдің ұлттық спорт түрлерінің жиынтығы деген пікір бар[7] .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастапқы әскери даярлық
Кадрларды басқару немесе əлеуметтік басқару
Кадрларды кәсіптік оқыту кадр саясатының маңызды бағыты ретінде
Туризм саласындағы мамандарды даярлаудың теориялық аспектасы
Қазақстанның ұлттық кадрлерді дайындаудың қазіргі жайы және болашағы
Норвегиядағы әлеуметтік қызметтің бастамалары
Қазақстан ғылымының нәтижелері мен мәселелері
Жоғары мектептегі педагогикалық жобалау
Қазақстан Республикасының туристік кластерін дамытудағы кадр мәселесі
Қазақстандағы әскери қызметке кәсіби даярлаудың психологиялық мәселелері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz