Қылмыс құрамы және қылмысты дәрежелеу


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 75 бет
Таңдаулыға:   
Бұл жұмыстың бағасы: 1900 теңге
Кепілдік барма?

бот арқылы тегін алу, ауыстыру

Қандай қате таптыңыз?

Рақмет!






МАЗМҰНЫ

ҚЫСҚАРТУЛАР, СИМВОЛДАР МЕН АРНАЙЫ ТЕРМИНДЕРДІҢ ТІЗІМДЕМЕСІ

КІРІСПЕ 5
1 ҚЫЛМЫС ҚҰРАМЫ 10
1.1 Қылмыс құрамының түсінігі мен белгілері 10
1.2 Қылмыс құрамы және қылмысты дәрежелеу 20
1.3 Қылмыстық жауаптылық және оның негізі 22

2 Қылмыс субъектісінің ұғымы мен белгілері 34
2.1 Қылмыс субъектісінің жалпы түсінігі және оның міндетті
белгілері 34
2.2 Қылмыс субъектісінің жасқа байланысты белгілері 40

3 ҚЫЛМЫСТЫҢ СУБЬЕКТІСІ МЕН СУБЪЕКТИВТІК ЖАҒЫ 46
3.1 Қылмыстың субъективтік жағының мәні мен маңызы 46
3.2 Қылмыстың субъективтік жағының заңдылық белгілері 48

ҚОРЫТЫНДЫ 63

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 67

ҚЫСҚАРТУЛАР, СИМВОЛДАР МЕН АРНАЙЫ ТЕРМИНДЕРДІҢ ТІЗІМДЕМЕСІ

ҚР- Қазақстан Республикасы
ҚРК- Қазақстан Республикасының Конституциясы
ҚРКК- Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңес
КСРО- Кеңес Социалды Республикалар Одағы
ТМД- Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы
АҚШ- Америка құрама штатары
БАҚ – Бұқаралы ақпарат құралдары
т.б- тағыда басқа
сс- сәйкес
т.с.с- тағы сол сияқты.

КІРІСПЕ

Жұмыстың өзектілігі: Бiз, ортақ тарихи тағдыр бiрiктiрген Қазақстан
халқы, байырғы қазақ жерiнде мемлекеттiлiк құра отырып, өзiмiздi еркiндiк,
теңдiк және татулық мұраттарына берiлген бейбiтшiл азаматтық қоғам деп
ұғына отырып, дүниежүзiлiк қоғамдастықта лайықты орын алуды тiлей отырып,
қазiргi және болашақ ұрпақтар алдындағы жоғары жауапкершiлiгiмiздi сезiне
отырып, өзiмiздiң егемендiк құқығымызды негiзге ала отырып, ҚР
Конституциясын қабылдадық деп айтып кетуіміз жөн деп ойлаймыз. Қазақстан
Республикасы өзiн демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтiк мемлекет
ретiнде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы - адам және адамның өмiрi,
құқықтары мен бостандықтары. Республика қызметiнiң түбегейлi принциптерi:
қоғамдық татулық пен саяси тұрақтылық; бүкiл халықтың игiлiгiн көздейтiн
экономикалық даму; қазақстандық патриотизм; мемлекет өмiрiнiң аса маңызды
мәселелерiн демократиялық әдiстермен, оның iшiнде республикалық
референдумда немесе Парламентте дауыс беру арқылы шешу. Сонымен бірге ҚР
Конституциясының 6 бабына сәйкес Қазақстан Республикасында мемлекеттiк
меншiк пен жеке меншiк танылады және бiрдей қорғалады. Меншiк мiндет
жүктейдi, оны пайдалану сонымен қатар қоғам игiлiгіне де қызмет етуге тиiс.
Меншiк субъектiлерi мен объектiлерi, меншiк иелерiнiң өз құқықтарын жүзеге
асыру көлемi мен шектерi, оларды қорғау кепiлдiктерi заңмен белгiленедi.
Жер және оның қойнауы, су көздерi, өсiмдiктер мен жануарлар дүниесi, басқа
да табиғи ресурстар мемлекет меншiгiнде болады. Жер, сондай-ақ заңда
белгiленген негiздерде, шарттар мен шектерде жеке меншiкте де болуы мүмкiн.
Осы жоғарыда айтылғаның бәрі қылмыстық қатынаста болғанда ҚР Қылмыстық
Кодексіне сәйкес құлмыс құрамына кіреді. ҚР Конституцияның 10 бабына сәйкес
Қазақстан Республикасының азаматтығы заңға сәйкес алынады және тоқтатылады,
ол қандай негiзде алынғанына қарамастан, бiрыңғай және тең болып табылады
және Республиканың азаматын ешқандай жағдайда азаматтығынан, өзiнiң
азаматтығын өзгерту құқығынан айыруға, сондай-ақ оны Қазақстаннан тыс
жерлерге аластауға болмайды [1]. Осыған сәйкес ҚР Конституциясында
көрсетілгендей барлық жағдайларға байланысты ҚР азаматтары қандай да бір
немесе бірнеше қылмыс жасаған болса да олар ҚР азаматтары ретінде қала
береді. Сондықтан еліміз жаңа әлемдегі деңгейге аяқ басқан қазіргі таңда
қылмыспен күресті дамыту аса өзекті мәселелердің бірі ретінде алға қойылып
отыр. Қазір бүкіл әлем жұртшылығы экономикалық дағдарыстың қиындықтарын
бастан өткеруде. Жаһандық дағдарыс дауылы алпауыт мемлекеттерді де шайқалта
бастағанын бәріңіз көріп, біліп отырсыздар. Дағдарыс салқыны бізді де
айналып өткен жоқ. Оқтын – оқтын айналып соғатын әр деңгейдегі
дағдарыстарға біз бұған дейін де төтеп беріп келгенбіз. Тәуелсіздік
шежіресін парақтасақ күйреген кеңестер империясының орнына жаңа мемлекет
құру бізге оңайға түскен жоқ. Тұралап қалған экономиканы қайта қалпына
келтіру, оны жаңаша даму жолына түсіру – тақыр жерден тау тұрғызғанмен
бірдей еді. Ел болып ол қиындықтарды да еңсеріп өттік. Дағдарыстар өтеді,
кетеді. Ал мемлекет тәуелсіздігі, ұлт мұраты ұрпақ болашағы сияқты
құндылықтар мәңгі қалады. Біз тәуелсіздігіміздің 20 жылдығының қарсаныңда
тұрмыз. Осы датаға орай бүкіл Қазақстанда кең ауқымды жұмыс өрістеуі керек.
Бұл біздің ұрпағымыз үшін, біздің халқымыз үшін ұмытылмас жылдар. Қазақ
ұлтының және бүкіл Қазақстанның тарихында мұндай кезең болған емес.
Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында өзге республикаларда қантөгістер мен
қақтығыстар болып жатқанда, татулық пен бірліктің арқасында жас
мемлекетімізді жасақтап, өтпелі кезеңнен шығынсыз өттік емес пе?!
Бүгінгідей қиын – қыстау кезеңде мен туған халқымның ынтымақ пен
ауызбіршілік танытарына сенемін [2]. Қазіргі кездегі нарықтық экономика мен
әлемдік дағдарысты қарастыра-отыра, әлемдік дағдарыстың құрамдас бөлігі
ретіндегі қылмыс субъектісі және олармен күресу мен жан жалдықты алдын
алушылық шаралар қолдану үшін қылмыс құрамындағы қылмыс субъектісінің
міндеттері мен негізгі қағидаларын дамыту ел алдында ғана емес бүкіл
әлемнің міндеті десек артық емес деп ойлаймыз. Нарықтың құрамдас бөлігі
ретінде қылмыс құрамының қылмыс субъектісінің күресудегі негізгі
мәселелерін дамыту ел алдына қойылған үлкен міндет. Олай болса, қылмыс
субъектісі туралы біліп ғана қоймай, терең зерттеулер жүргізуді талап
етеді.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық Заңдарына сәйкес қылмыс құрамының
қылмыс субъектісі жағдайын теориялық және қүқықтық тұрғыдан қарастыру болып
табылады. Бұл мәселеге жалпы қылмыс құрамын қарастыру тұрғыдан мән берер
болсақ ол тіпті әлемдік денгейде әлі күнге дейін, өз шешімін таппай отырған
үлкен бір өзекті мәселеллер қатарында тұр десек артық айтпағандық болар
еді.
Қылмыстың анықтамасы (заңдылық немесе ғылыми тұрғыдағы) кез келген
қылмысқа тән әділеттілік және әлеуметтік нышандарға жөне сілтеп тұрады. Бұл
нышандар (қылмыстық құқыққа қарсылық, қоғамға қауіптілік, кінәлілік және
жазаланушылық) қылмыстық әрекеттің қылмыс болып табылмайтын өзге құқық
бұзушылықтар мен әрекеттер арасындағы шекараны анықтауға мүмкіндік береді.
Бірақ, көрсетілген нышандар бойынша мүмкін-ау деген қылмыстық әрекеттер
жиынтығының аясында бір қылмысты екіншісінен шектеуге, айталық, ұрлықты
кісі өлтіруден оқшау ұстауға болмайды. өйткені, бірінші де, екінші қылмыс
та қылмыс ұғымын қарастыратын нышандарды бірдей деңгейде иеленген. Толып
жатқан қылмыстық әрекеттердің ішінен нақты қылмысты,, яғни ұрлық немесе
зорлау, тонау немес бұзақылық, кісі өлтіру немесе қарақшылықты жекелеу үшін
қылмыс құрамы ұғымына жүгіну керек. Отандық қылмыстық құқық ғылымында
қылмыс құрамы мәселесін ғылыми тұрғыдан талдау ісіне осынау тақырыпқа екі
монография арнаған А.Н. Трайниннің еңбегң зор. Қылмыс құрамы деп қылмыстық
құқық теориясында қылмыстық заңмен орнықтырылған, қоғамдық қауіпті әрекетті
нақты қылмыс ретінде бейнелейтін обьективтік және субьективтік нышандардың
жиынтығы түсінледі. Қылмыс құрамы ұғымы теорияда қылмыс құрамының
элементтері деп аталады. Бұл қылмыстың обьектісі, обьективтік жағы,
субьектісі және субьективтік жағы. Дәлдеп келгенде, бұл элементтерді және
жалпылай алғанда құрамды құрастыратын нышандардың мазмұны бойынша ұрлық
қорлаудан, тонау бұзақылықтан ерекшеленетін болады. Әрбір қылмыс істелген
уақытында көптеген белгілермен сипатталады. Осы белгілердің барлығы да
қылмыс құрамына жатпайды.
1997 жылы шілденің 16 жұлдызында ҚР ҚК қабылдаған соң жалпы ҚР
қылмыстық құқығына және оның жеке нормаларына жаңа анықтамалар енгізіліп
ғылыми және іс жүзінде көптеген әдістемелер өзгерді. Соның ішінде,
айтарлықтай мөлшерде, қылмыс субъектісі мәселесін қамтитын қылмыстық құқық
нормалары да өзгертілді. Қылмыс субъектісінің түсінігін терең және жан-
жақты зерттеп алмай қылмыстық заңнын жалпы және ерекше бөлімдері туралы
мәселелерді айту керек емес. Мысалы, қылмыстың субъектісі жайлы толық және
анық біліп алмай қылмыстық құқықтағы есі дұрыстықты, заңмен белгіленген
жасқа толуын, шектеулі есі дұрыстықты, қылмыстың арнаулы субъектісін,
жазаның мақсаты мен міндеттерін, жазаны жекешелендіру немесе жазадан толық
босату, медициналық мәжбүрлеу шарасын қолдану, жеке қылмыстарды саралау
туралы мәселелерді дұрыс және терең анықтау мүмкін емес. Осыған байланысты
қылмыс субъектісі мәселесі аса-маңызды болып табылады немесе құқық қолдану
тәжірибесіне тікелей байланысты. Сонымен, қылмеспен күресу барысында,
қылмыстық жауапқа тартудан бастап, жазаны орындағанға дейін – қылмыстық іс-
әрекет жасаған айыпталушы адамның жеке басын анықтау міндетті және
қажеттігі шарт болып табылады.
Қылмыс субъектісінің әлеуметтік-саяси және оның құқықтық белгілерін
дұрыс анықтау судьяларға қылмысты дұрыс саралау үшін және жазаны дұрыс
тағайындауға, қылмыстық іс-әрекеттің және қылмыс субъектісінің қоғамға
қауіпті дәрежесін анықтау үшін маңызы зор.
Бір тұлғаны қылмыстық жауаптылыққа тарту үшін, заңда белгіленген сол
тұлғаға байланысты қылмыс субъектісінің белгілері болуы қажет. Бұндай
белгілерге адамның жасы және есінің дұрыстығы жатады. Есі дұрыстық пен
есі дұрыс еместік түсінігі өзара тығыз байланысты және оған қылмыстық
құқықпен соттық психиатрияда өте үлкен назар аударады.
Қылмыстық құқықта үлкен мәселелердің бірі қылмыстың арнайы субъектісі,
бұл туралы ғылымда бір тұтас анықтама жоқ.
Кейбір жағдайларда адамды белгілі бір қылмыс үшін айыпты деп тану
үшін, қылмыс субъектісінің белгілері (жасы, есі дұрыстық) жеткіліксіз.
Сондықтан заңшығарушы қылмыс субъектісінің қосымша белгілерін белгілеген
оларға, сол қылмысты жасағаны үшін белгілі бір шеңбердегі адамдар ғана
жауапқа тартылады.
Қылмыс субъектісінің заңды белгілерін анықтау кейбір басқа да
сұрақтарды шешу үшін жеткіліксіз болып табылады, бұған қылмыс
субъектісінің саяси-әлеуметтік мінездемесі жатады. Қылмыс субъектісінің
саяси-әлеуметтік мінездемесі қылмыс жасауға әсер еткен шарттармен
себептерді анықтауға көмектеседі. Сонымен қатар, бұл белгілер қылмыскердің
жеке басының қоғамға қауіптілік дәрежесіне баға беруге, қылмыстық жазаның
түрі мен оның мөлшері туралы мәселені шешу үшін немесе жазаны
жекешелендіруге көмектеседі. Қылмыскердің жеке басына анықтама беріледі,
әлеуметтік және биологиялық маңызы туралы мәселелері қарастырылады.
Зерттеу маңыздылығы: міне бүгінде біздер осы жайларға және өзге де
мәселелерге жете мән берер болсақ Қазақстанда Қылмыстық қүқық саласын үнемі
әрі үздіксіз жетілдіру қажеттілігін аңғару қиын емес деп білемін.
Зерттеудің мақсаты мен міндетері: Біз дипломдық жұмысымызда Қазақстан
Республикасының заңдары бойынша қылмыс субъектісі болып табылатын
тұлғалардың құқықтық жағдайын теориялық тұрғыдан талдау жасауға, сондай-ақ
осы субъектілердің мүліктік және мүліктік емес құқықтарын қорғауға
байланысты қазіргі кезде тәжірибеде жиі кездесетін өзекті теориялық және
тәжірибелік мәні бар сұрақтарды қарастырдық.
Осыған сәйкес көздеген мақсаттарға жету үшін келесі міндеттерді алға
қоямыз:
- қылмыс құрамының түсінігі мен белгілері, қылмыс құрамы және қылмысты
дәрежелеу, қылмыстық жауаптылық және оның негізінің жалпы ұғымын ашу;
- қылмыс субъектісінің жалпы түсінігі және оның міндетті белгілері,
қылмыс субъектісінің жасқа байланысты белгілердің жалпы ережелеріне талдау
жасау;
- қылмыс субъектісінің ерекше мәселелері, заңды тұлғалардың қылмыстық
жауапкершілігі, қылмыстық құқықтағы субъектінің есі дұрыстық және есі дұрыс
еместік мәселесі, қылмыстың арнайы субъектісінің жетілдіру жолдарын
қарастыру болып табылады.
Зерттеу әдістері: Біз дипломдық жұмысымызда ең алдымен қылмыс
субъектісін қарастырмас бұрын жалпы қылмыстың құрамын, содан келіп қылмыс
субъектісінің өзекті мәселесіне теориялық және құқықтық тұрғыда
мүмкіндігінше тереңірек қарастыруды мақсат етіп қойдық. Сондай-ақ Қазақстан
Республикасында қылмыстық құқықтық қатынастарды реттейтін заңнамаларға
теориялық тұрғыдан сараптама жасап кеткіміз келді, сонымен бірге Қазахстан
Республикасынның ішіндегі Халқаралық шартар мен келісімдер арқылы Қазақстан
Республиканың азаматтармен бірге шетелдердегі қылмыстық қатынасқа түскен
тұлғаларға құқықтық қорғау мәселелеріне де біраз талдау жасап кеттік.
Ғылыми жаңалығы: Қылмыс субъектісі төңірегінде көптеген жаңалықтар мен
ғылыми еңбектер жазылуда. Солардың ішінде отандық авторлар мен шетелдік
авторлардың еңбегі көптеп кездеседі. Мысалы: Әпенов С.М., Наумов А.В.,
Рахметов С.М., ДЖекибаев У.С., Бабаев М.М. және т.б.
Зерттеу құрылымы: Бұл жұмыс кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан,
қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Бірінші бөлімде қылмыс құрамының түсінігі мен белгілері, қылмыс құрамы
және қылмысты дәрежелеу, қылмыстық жауаптылық және оның негізінің
қарастырылған.
Екінші бөлімде қылмыс құрамының түсінігі мен белгілері, қылмыс құрамы
және қылмысты дәрежелеу, қылмыстық жауаптылық және оның негізін
қарастырдық.
Үшінші бөлімде қылмыс субъектісінің ерекше мәселелері, заңды
тұлғалардың қылмыстық жауапкершілігі, қылмыстық құқықтағы субъектінің есі
дұрыстық және есі дұрыс еместік мәселесі, қылмыстың арнайы субъектісінің
жетілдіру жолдары қарастырылады. Зерттеу нәтижесі қорытындыда
қарастырылады.

1 ҚЫЛМЫС ҚҰРАМЫ

1.1 Қылмыс құрамының түсінігі мен белгілері

Қылмыстың анықтамасы кез-келген қылмысқа тән құқықтық және әлеуметтік
белгілерін көрсетеді. Бұл белгілер (қылмыстық құқыққа қарсылық, қоғамға
қауіптілік, кінәлі және жазалық) басқа қылмыс болып табылмайтын құқық
бұзушылық пен қылмыстық әрекеттерді бір-бірінен ажыратуға көмектеседі.
Бірақ көрсетілген белгілер бойынша бір қылмысты екінші қылмыстан ажыратуға
болмайды. Мысалы, ұрлықты тонаудан, я болмаса кісі өлтіруден. Себебі
аталған қылшмыстар қылмыс түсінігін құрайтын белгілерге ие.
Көптеген қылмыстардың ішінде нақты бір қылмыстарды бір-бірінен ажырату
үшін (мысалы, кісі өлтіру мен зорлауды немесе қорқытып алушылық пен
алаяқтықты) қылмыс құрамы деген түсінікті пайдаланамыз.
Қылмыстық құқық ғылымында қылмыс құрамын ғылыми негізде зерттеуде А.Н.
Трайнин үлкен үлес қосқан.
Қылмыстық құқық теориясында қылмыс құрамы деп, қылмыс болып табылатын
қоғамға қауіпті әрекетті сипаттайтын, қылмыстық заңмен белгіленген
обьективтік және субьективтік белгілердің жиынтығы деп түсіндіріледі.
Қылмыс құрамының түсінігі, теорияда қылмыс құрамының элементтері деп
аталатын белгілердің төрт тобын құрайды. Бұл қылмыстың обьектісі,
обьективтік жағы, субьектісі, субьектвтік жағы. Яғни, бұл элементтердің
жалпы құрамын құрайтын белгілердің мазмұны бойынша бір қылмыс екінші бір
қылмыстан ажыратылады. Қылмыс обьектісі-қылмыстық қол сұғушылықтың
нәтижесінде зиян тигізілетін немесе тигізілуі мүмкін және осы қол
сұғушылықтан қылмыстық кодекстің 2-бабының 1-бөлігінде көрсетілген: адам
мен азаматтарың құқықтары, бостандықтары мен заңды мүдделері, меншікті,
ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздік,
қоршаған орта, Қазақстан Республикасының конституциялық құрлысы мен
аумақтық тұтастығы, қоғам мен мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделері және
бейбітшілік пен адамзат мүдделері.
Қылмыстың обьективтік жағы-қылмыс обьектісіне зиян тигізетін немесе
зиян тигізу қаупін туғызатын, сонымен қатар белгілі бір шартты жағдайда осы
зиянды тигізетін қылмыстық заңмен қарастырылған қоғамға қауіпті
әрекеттердің немесе әрекетсіздіктің сыртқы сипаттамасы. Сонымен қатар
қылмыстың обьективтік жағының белгілеріне қоғамға қауіпті әрекет немесе
әрекетсіздіктен не қоғамға қауіпті зардаптың арасындағы себепті
байланыстар, қылмыс жасаудың әдісі, құралдары мен қарулары, орны, уақыты
және жағдайлары жатады.
Қылмыстың субьектісі болып, дені сау қылмыс жасаған жасаған әрекеті
бойынша қылмыстық жауаптылыққа тартылуға қабілеті бар жеке тұлға. Мұндай
қабілеттілік қылмыстық жауаптылық басталатын жас шамасымен
(ҚР ҚК-нің 15-бабы) және тұлғаның ақыл есінің дұрыстығымен, яғни
өзінің істеген іс-әрекетіне жауап беретін және оны басқара алатындығымен
анықталады. Мұндай қабілеттілікті жоққа шығаратын ақыл-есінің дұрыс
еместігі жөнінде ҚР ҚК-нің 16-бабында көрсетілген. Кейбір шетел
мемлекеттерінің қылмыстық заңында жеке тұлғалардың жауаптылығы мен бірге
заңды тұлғалардың қылмыстық жауаптылығы бар. Айталық, Нью-Йорк штатының ҚК-
де кейбір қылмыстардың субьектісі болып корпорациялар табылады. Яғни оларға
арнайы айып, өндірісті тоқтату тағы басқа сол сияқты санкциялар
қолданылады. Заңды тұлғаларға қылмыстық-құқықтық санкцияларды қолдану
(мысалы, экологиялық зиянды өндіріс орындарында) ондай өндіріс орындарының
иесіне немесе басшысына тисін деген мақсатпен емес, сол өндіріс орнының
барлық қызметкерлеріне бірдей экологиялық зиянды өндіріспен айналысу
экономикалық пайдасыз екенін көрсету[3].
Еуропа кеңесінің жанындағы қылмыс мәселелері жөніндегі комитет 1978
жылы еуропалық мемлкеттердің заңгерлеріне заңды тұлғаларды экологиялық
қылмысы үшін қылмыстық жауаптылықтың субьектісі деп тану жолына тұру керек
дегенді ұсынған. Мұндай ұсыныс казіргі кезде Англияның қылмыстық заңдарында
және Францияның жаңа қылмыстық кодексінде жүзеге асырылған. Әрине, заңды
тәжірибеде жеке тұлғаның жауаптылығымен бірге заңды тұлғаның жауаптылығын
көрсету, бұл прогресс пен демократияның салмақты жетістігі болып табылады.
Сондықтан да ол жалғыз ғана мүмкіндік болып табылатын жерлерде, ол
мүлтіксіз болуы керек. Ал, өмірдің өзі осы қағиданы пайдалануды яғни заңды
тұлғаларды қылмыстық жауаптылыққа тартуды ұсынса, оеда ол алғашқысымен
бірге өмір сүре алады және ол оны толықтыра түседі.
Қылмыс құрамының субьективтік жағы қылмыскердің қоғамға қауіпті
әрекетіне немесе әрекетсіздігіне олардан туатын қоғамға қауіпті
зардаптарына байланысты психикалық қатынасын сипаттайтын жағдайлар болып
табылады. Бұған кінә және оның нысандары, қылмыстың жасау мақсаты мен
себептері жатады (ҚК-тің 19, 20, 21-баптары).
Қылмыс құрамы- бұл көрсетілген обьективтік және субьективтік
белгілердің міндетті жиынтығы. Ол осы белгілердің тұтастығы арқылы болады.
Сонымен қатар әрбір құрамның белгісі басқа белгілермен тығыз байланысты
болады және олардың қылмыс құрамынан тысқары өзалдында болуы мүмкін емес.
[4]
Қылмыс құрамының белгілері қылмыстық заңмен реттеледі, соның ішінде ең
алдымен ҚК-тің ерекше бөлімімен қарастырылады. Бірақ қылмыс құрамының
белгілерін көрсететін белгілер ҚК-тің жалпы бөлімінде де бар. Көбіне олар
қылмыс құрамының көпшілігіне немесе барлығына тән ортақ белгілеріне
арналған. Мысалы, ҚК-тің 2-бабының 1-ші бөлігінде қылмыс обьектісінің
түрлері туралы 19-22-баптарда қылмыстың субьективті жақтарының белгілері
туралы 14-16-баптарда қылмыстың субьектісі туралы, 27-31-баптарда алдын-ала
және бірлесіп жасаған қылмыстық әрекеттері туралы айтылған.
Қылмыс құрамының белгілері екі топқа бөлінеді:
Қажетті және факультативті. Ешқандай құрамның сол белгілерсіз сипаты
болмайтын белгілер қажетті деп танылады. Сондықтан ол кез-келген қылмыс
құрамының белгісі болып табылады. Мұндай белгілердің жоқтығы кез-келген
қылмыс құрамының жоқтығын көрсетеді. Мұндай белгілер мысалы, кінә және
қылмыстық заңмен рұқсат етілмеген әрекет қылған адамның ақыл-есінің
дұрыстығы. Факултативтік белгілер деп қылмыс құрамы үшін міндетті, ал
екінші бір қылмыс құрамы үшін міндетті емес белгілерді айтамыз. Мысалы,
ауырлататын мән-жайлар арқылы қасақана кісі өлтіруге, пайдақорлық немес
бұзақылық сияқты себеп ең керектісі болып табылады және ол ҚР ҚК-нің 96-
бабының 1-бөлігі З және И тармақтары бойынша қылмыстық жауаптылыққа
тартылады, ал қасақана ұрып соққаны үшін (ҚК-тің 106-бабы) себеп қылмыс
құрамына ықпал етпейді, сондықтан да ол факультативті болып табылады. Бірақ
қылмыс құрамы бар ма, жоқпа екеніне әсер етпесе де факультативтік белгілер
қылмыстық жауаптылықтан тысқары қала алмайды. Ол жаза тағайындаған кезде
жауаптылықты жеңілдете немесе ауырлата алады. [5]
Қылмыс құрамының белгілері ҚК-тің арнайы баптарының дизпозициясында
міндетті түрде аталмайды, бірақ қылмыс құрамының көпшілігіне байланысты бұл
жағдайлар ҚК-тің диспозициясында көрсетілген. Бұл бойынша В.Н. Кудрявцев
былай дейді, заң шығарушы шын мәнінде құрамды емес, қылмыстық-құқықтық
нормаларды құрайды, ал оларда қылмыс құрамының белгілері аз мөлшерде немесе
көп мөлшерде болсын толығымен айтылады. Бұл белгілер адамның санасынан
тысқары обьективті өмір сүреді, сонымен қатар олар әрбір нақты қылмысқа
тән, заң шығарушылық міндеті, бұл жерде, заң осы белгілерді дәл және
тереңірек тауып анықтау болып табылады... Сондықтан заңның баптарының
дизпозициясы, қылмыс құрамының элементтерін ғана көрсетеді, оның өзі
толығымен емес.
Сонымен, қылмыс құрамының қажетті немес факултативті белгілерін
анықтау қылмыстық заңға түсінік беру барысында пайда болады.
ҚР ҚК-нің 3-бабында, қылмыс жасау, яғни осы кодексте көзделген қылмыс
құрамының барлық белгілері бар әрекет қылмыстық жауаптылықтың бірден-бір
негізі болып табылады, -деп атап өткен. Қылмыс құрамы қылмыстық
жауаптылықтың негізі екендігі туралы қылмыстық іс жүргізу заңдарында да
нақты айтылған. Сондықтан да оның нормаларына сәкес, егер жасалған
әрекетте қылмыс құрамы болмаса қылмыстық іс қозғалмайды, ал қозғалған
қылмыстық іс қылмыс құрамы жоқ болғандықтан өндірістен қысқартылуға жатады.
Сонымен қатар сот үкім шығарған кездегі ең басты міндеті сол істелген
әрекетте қылмыс құрамы бар ма, жоқ па соны анықтау деп көрсетілген. [6]
Егер жасалған іс-әрекетте қылмыс құрамының жоқтығы анықталса, онда сот
ақтау үкімін шығарады. Ал қылмыс құрамының жоқтығы деп біз жеке тұлғаның
істеген іс-әрекетінде жоғарыда атап өткен қылмыс құрамының бір белгісінің
болмауын айтамыз. Демек, қылмыстық құқықтағы қылмыс құрамының мәні сол, ол
қылмыстық жауаптылыққа тартудың бірден-бір және жеткілікті көрсеткіші болып
табылады.
Қылмыстық құқық теориясында барлық нақты қылмыс құрамы, елеулі
белгілерінің топтасуына байланысты белгілі бір топтарға бөлінеді. Қылмыс
құрамы топтастырудың алдына қойған міндеті, әрбір нақты қылмыстың
түсінігін, құрылысын, және оларға тән жалпы заңдылықты тереңірек түсіндіру
болып табылады.
Қылмыс құрамы мынадай белгілерді қолдану арқылы топтастырылады:
1. іс-әректтің қоғамға қауіптілік дәрежесі.
2. қылмыс құрамын сипаттау тәсілі.
3. қылмыс құрамының құрылымы. [7]
Қылмыстың қоғамға қауіптілік дәрежесін сипаттайтын жағдайларға
байлансыты қылмыс құрамы негізгі, ауырлатылатын және жеңілдетілетін мән-
жайлар болып үшке бөлінеді.
Негізгі қылмыс құрамы деп, қылмыстық іс-әрекеттің белгілі бір түрінің
негізгі және тұрақты белгілерінен тұратын, сондай –ақ ауырлататын және
жеңілдететін мән-жайларсыз құрылған құрамды айтамыз.
Айталық, қасақана адам өлтірудің негізгі құрамы ҚК-тің 96-бабының 1-
бөлігінде, кісі өлтіру деп басқа адамға құқыққа қарсы қасақана қаза келтіру
деп көрсетілген. Айтылған анықтамада қасақана кісі өлтіруге байланысты
нақты және тұрақты белгілер ғана көрсетілген, ал ауырлататын және
жеңілдететін мән-жайлар көрсетілмеген. Демек, негізгі қылмыс құрамында
қандайда болмасын ауырлататын немесе жеңілдететін мән-жайлар көрсетілмейді.

Егер қылмыс құрамында іс-әрекеттің негізгі белгілеріне қоса
жеңілдетілетін мән-жайлар көрсетілсе, онда мұндай қылмыс құрамы
жеңілдететін мән-жайлары бар қылмыс құрамы деп аталады.
Мысалы: жаңа туған сәбиді анасының өлтіруі (ҚК-тің 97-б). жаң
күйзелісі жағдайында болған адам өлтіру (ҚК-тің 98-б), қажетті қорғаныс
шегінен шығу кезінде жасалған кісі өлтіру (ҚК-тің 99-б)., қылмыс жасаған
адамды ұстау үшін қажетті шаралардың шегінен шығу кезінде жасалған кісі
өлтіру (100-б). осы келтірілген мысалдарға негізгі белгілерге қоса қосымша
белгілер де яғни жеңілдететін мән-жайлар көрсетілген. Жан-күйзелісі
жағдайында болған адам өлтіруде қосымша белгі-жәбірленушінің күш
қолдануынан, қорлануынан немесае ауыр балағаттауынан не өзге де заңға қарсы
немесе моральға жат іс-әрекеттерінен болған кенет пайда болған субьектінің
жан күйзелісі жағдайы (қылмыс құрамы жеңіладететін мән-жайлармен). [8]
Қылмыс құрамында негізгі белгілер мен қоса ауырлататын мән-жайлар да
айтылса, бұл дәреженің құрамы, я болмаса іс-әрекетті қауіптілік қылып
көрсететін ауырлатылатын мән-жайлары бар құрам деп айтылады. Дәл осындай
құрам ҚК-тің 96-бабының 2-ші бөлігінде көрсетілген. Бұл баптра ауырлататын
мән-жайлар арқылы адам өлтірудің он үш белгісін (а-н тармақтарындағы)
көрсеткен, және ол белгілер мейілінше толық қамтылған белгілер болып
табылады.
Кейде жасалған қылмыстың ауырлық дәрежесіне қарай заң шығарушы
дәрежеленген қылмыс құрамының әр түрлілігін ерекше ауырлататын мән-жайлары
бар қылмыс құрымы түрінде бөліп көрсетеді. Мысалы, ҚР ҚК-нің 131-бабының 3-
ші және 4-ші бөліктері ерекше ауырлататын қылмыс құрамы болып табылады. [9]
Қылмыс құрамының белгілерін суреттеу тәсіліне байланысты жәй және
күрделі қылмыс құрамы деп екіге бөлінеді.
Жәй қылмыс құрамы деп-қандайда болмасын қылмыс құрамы элементтерінің
қиындатылған белгілері жоқ құрамды айтамыз.
Мысалы, бөтеннің мүлкін жасырын ұрлау ҚК-тің 175-б. демек, жәй қылмыс
құрамында бір іс-әрекетпен бір ғана обьектіге қол сұғушылықты сипаттайды.
Күрделі қылмыс құрамы деп,- қандай болмасын қылмыс құрамының
элементтерінің біреуінің күрделенуін айтамыз (обьекті, обьективтік жағы,
субьекті, субьективтік жағы). Мысалы, шабуыл жасап тонау кезінде қиянат
жасаушы екі бірдей обьектіге қол сұғады (меншік және адамның денсаулығы).
Кінәнің екі бірдей нысаны арқылы жасалған қылмыс деп кінәлінің қылмыстық іс-
әрекетті қасақана жасауы бірақ одан түсетін зардаптарға абайсыздықпен
қарауын айтамыз. Мұндай жағдайға мысал келтіретін болсақ ҚК-тің 103-бабының
3-бөлігі, денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтірумен қатар жәбірленушінің
өліміне абайсыздықпен қарауы. Қылмыс құрамына олардың құрылымына қарай
бөлудің тәжірибелік маңызы зор. Осы құрылымына байланысты қылмыс құрамы
материалдық, формалдық, қысқартылған (келте) қылмыс құрамы болып үшке
бөлінеді.
Іс-әрекеттің нәтижесінде болатын зардап қылмыс құрамында көрсетілсе
онда қылмысты материалдық қылмыс құрамы деп атайды.демек,, мұндай қылмыс
құрамы қылмыстық іс-әрекет жасалған кезде емес, сонда белгілі бір зардап
түскен уақытта аяқталған болып табылады. Мысалы, қызмет өкілеттігін теріс
пайдалану (ҚК-тің 307-б). [10]
Формалды қылмыс құрамы деп, жасалынған қылмыстық іс-әрекеттен
(әрекетсіздіктен) белгілі бір зардаптың түсуін қажет етпейтін құрамды
айтамыз. Мұндай құрамдағы қылмыстар белгілі бір зардаптың түскен-түспегенін
қажет етпей-ақ жасалынған қылмыстық іс-әрекет болса болғаны аяқталған
қылмыс болып табылады. Мысалы, пара беру (312-б). пара қандай түрде берілсе
де оның келтірілген зардаптарына қарамай-ақ ол аяқталған
болып табылады.
Кейде заң шығарушы қылмыстың аяқталу кезеңін қылмыстық іс-әрекеттің
алдын-ала жасалу сатыларының біріне ауыстырады. Мұндай қылмыс құрамының
құрылымы қысқартылған қылмыс құрамы деп аталады. Мысалы, бандитизм (237-б).
заң бойынша бұл қылмыс аяқталған болып банда ұйымдасқан кезең есептеледі.
Халық Комиссарлар Кеңесінің 1919 жылғы 21 қазандағы деректерінде
лауазымды жалған құжат үшін жауапкершілік көзделді1.
Кейінірек, жалған деректерде кейбір мемлекеттік міндеттілік борышын
орындаудан жалтаруға бағытталған құжатты қолдан жасаудың арнайы түрлері
үшін жауапкершілік қарастырылды. Сонымен, 1920 жылғы 29 қаңтардағы Халық
Комиссарлар Кеңесінің Жалпыға бірдей еңбекке міндеттілік тәртібі туралы
декреті жалған құжатты пайдаланғаны үшін, сол сияқты мұндай құжатты еңбекке
міндеттіліктен жалтару мақсатында жасағаны үшін жауапкершілікті көздеді.
[11]
1921 жылғы 2 ақпандағы Халық Комиссарлар Кеңесінің Дезертирлікпен
күрес жөніндегі декретінде жалған әскери құжаттарды әзірлеуші және
таратушы топтарға қатысқаны үшін жауаптылық белгіленеді3 . міне, осылайша,
1922 ж. РСФСР Қылмыстық кодексін әзірлеу мен қабылдау қарсаныңдағы кезеңде
заң актілерінде құжаттардың жекелеген түрлерін қолдан жасағандық үшін
жауапкершілік бірте-бірте нақтылана түсті.
Жалған құжат жасаудың кез келгені және оларды пайдалану шындықты
бұрмалау, басқаша түсіндіретін болсақ жалған құжат жасау алдаудың бір түрі
болып табылады.
1922 ж. 24 мамырда РСФСР-дің бірінші Қылмыстық кодексі қабылданды. Бұл
кодексте жалған құжат және оның жекелеген түрлерінің құрамы жан-жақты
сипатталып жазылды. Сонымен бірге жалған құжат жасау өз алдына қылмыс
ретінде ғана емес, басқа құрамдарды қарастырушы немесе қылмыстың басқа
құрамдарын саралаушы элемент ретінде де көрінеді. Бұған қатысты - әскери
міндеттіліктен жалтаруды атауға болады (81-бап), билікті теріс мақсатта
пайдалану мен әрекетсіздік және ауырлататын жағдайлардағы лауазымдық
міндеттеріне немқұрайды салақтықпен қарау (110 –бап), сондай-ақ әскери
қызметшінің әскери қызметтен жалтаруын айтуға болады.
ҚР ҚК мұндай арнайы нормаларды еңгізу құқық қорғау органдарына
экономиканың мемлекеттік емес секторының басшылары мен қызметшілерін мұндай
қылмыс үшін жауапкершілікке тартуға мүкіндік береді, мұның өзі құқық
тәртібінің нығаюына және тиімді нарық қатынастарының қалыптасуына жағдай
жасайды.
Лауазымдық қылмыс субьектісіне тоқталатын болсақ профессор А.Н:
Трайнин қызметтік жағдай кез келген лауазымдық таза немсесе аралас,
мысалы билікті асыра пайдалану немесе қызметтік жалғандық қылмыстарын
жасаудың негізгі шарты екендігін айтады. бұған қарағанда, жеке тұлға кез
келген қасақана луазымдық қылмысқа қатысушы бола алады.
Жай адамдар мұндай қылмыстың орындаушысы бола алмайтындықтан, олар
қылмыстың бірге орындаушысы бола алмайды. Жай адамдардың мұндай қылмыс
жасайтын бір-ақ тәсілі бар, атап айтқанда арнайы субьекті арқылы қылмыс
жасау.жай адам бұған ерекше әрекет жасау арқылы қол жеткізуі мүмкін.
А.Н. Трайнин лауазымдық қылмыстың атқарушысы тек қана лауазымды тұлға
болуы мүмкін. Мұндай ерекшелік сондай-ақ лауазымды тұлғаның өзіндік [12].
құқықтық қатынастар мен міндеттерінен ғана емес, ал күнделікті
өмірдегі
шындық мәніндегі лауазымды тұлғаның қызметтік функциялар атқаруынан
пайда болады: олар өкімдік теді, құжаттарға қол қояды және т.б., сол
себепті де олар іс жүзінде лауазымдық қылмыс жасай алады .
В.Ф. Криченко да осындай қағидатқа сүйенеді, ол: лауазымдық қылмыстар
институтының ерекшелігі сол, бұл тұрғыдағы қылмыстардың орындаушысы тек
ғана лауазымды адамдар болады, сонымен бірге мұндай қылмыстардың
көмектесушісі, айдап салушысы лауазымды немесе жай тұлғалар да болады -
дейді.
Сонымен, лауазымдық жалған құжатқа қатысты лауазымдық қылмыстың бірден
бір орындаушысы лауазымды тұлға (ҚР ҚК 314-б.) болып табылады.
Жеке адам, мұндай қылмысқа қатыса отырып, атқарушы ретінде емес,
арандатушы, көмектесуші, ұйымдастырушы ретінде болады.
Жеке адамды қызметтік лауазымдық қылмысқа тең қатысуға кінәлі деп тану
үшін В.И. Соловьев былай деп әділ көрсетеді (116), олардың іс-әрекетінде
лауазымдық қылмыстың обьективті және субьективті сипатындағы белгілері
болуы керек.
Обьективті жағынан лауазымды болып табылмайтын тұлғаның өзімен бірге
қылмысқа қатысушы – лауазымды тұлғаның қызмет жағдайын нақты пайдалану
керек. Ал субьективті тұрғыдан жеке адам лауазымды тұлғаның қылмыстық ниеті
туралы білуі және мұқндай жағдайда олардың ойы бірдей болуы тиіс. Егер
белгілі болмаса кінәлінің әрекеті олардың нақты мазмұнына қарай ҚК-тің әр
түрлі баптарымен саралануы тиіс. [13]
ҚР Қылмыстық кодексінің 3-бабы- қылмыстық жауаптылық негізі қылмыстық
кодексте көзделген қылмыс құрамының барлық белгілері бар әрекет жасау болып
табылады деп көрсеткен. Қылмыстық жауапкершілік негізі қылмыс құрамы
жөнінде қылмыстық іс жүргізу заңдарында да айқын айтылады. Оның нормаларына
сәйкес қылмыстық іс қозғалмауы тиіс, ал қозғалғандары әрекетте қылмыстық
құрамының болмауына байланысты тоқтатылауға жатады. Бұл мәселені сот үкім
шығару кезінде анықтайды. Қылмыс құрамының белгілері қылмстық заңда
белгіленеді. Сонымен қатар, қылмыстық кодекстің тиісті бабының
диспозициясында барлық белгілер міндетті түрде келтіріле бермейді, ол
қылмыстық құқықтық нормада кейде толықырақ, немесе сонша мөлшерде кем
сипатталуы мүмкін. Бұл белгілер адамдардың сана-сезіміне байланыссыз
обьективті түрде болады. Қылмыстық құрамының қажетті белгілерін анықтау
қылмыстық заңды түсіндіру барысында жүзеге асады.
Қылмыстың нақты құрамының белгілерін нақты айқындаудың осы әрекетті
дұрыс саралау кезінде үлкен маңызы болады.
Қылмысты саралаудың өзі жасалған әрекеттің заңдық табиғатынғ дәрежесі
мен оның қоғамдық қауіптілігінің сипатын көрсетеді; қылмысты саралаудың көп
жағдайларда кінәліге дұрыс әрі әділ жаза белгілеудің маңызы зор.
Саралаудың мақсаты мынада- қандай қылмыстың жасалғандығын анықтау,
кінәліні қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін және қажет болған жағдайды
тиісті жазалау шараларын белгілеу үшін нақты заңды негізді көрсету болып
табылады. [14]
С.И. Тихенко дәлелдемелік материалдың өзіндік ерекшелігі мен
тергеудің дұрыс бағыты қылмысты саралауға байланысты екендігіне көңіл
аударған.
А.А. Герцензон қылмыстың жекелеген түрлерін зерделеу үшін қылмыс
құрамы элементтерінің маңыздылығына назар аудара келіп, мынаны атап
көрсетеді: Қылмыстың жекелеген түрлерін ғылыми - зерттеу мақсатында ғылыми
зерделесе де немесе тергеу не сот талқылауы барысында өз білімін пайдалану
мақсатында іс жүзіндегі қызметкер зерделесе де - әр уақытта да қылмыс
құрамын жан-жақты ашуға көңіл бөледі.
Әрбір қылмыстың өзге қылмыстармен бірқатар ортақ ұқсастығы болады.
Осыны ескере отырып, құжатты қолдан жасау құрамын зерттей отырып, оны
аралас құрамнан бөліп тұратын шекті анық та айқын көрсету керек.
Ол үшін осы құрамның өзіне ғана тән белгілерді айқындау, жалған құжат
жасаудың өзін ғана сипаттайтын заңды белгілердің бірден-бір дұрыс жиынтығын
белгілеу қажет
Жалған құжат жасау құрамын сипаттай келіп біз қылмыстық құқық
теориясында кеңінен іс жүзінде қолданылатын оның әр элементін жеке талдау
әдісін қолданамыз, осы әдістің өзі зерттеліп отырған құрамның қасиетін
неғұрлым тереңірек түсінуге мүмкіндік береді.
Жалған құжат жасаудың табиғатын айқындау, оның сипаты мен қоғамға
қауіптілігінің дәрежесін айқындау үшін осы қылмыстың обьектісін анықтаудың
маңызы зор. Қылмыс обьектісі – қылмыстық іс-әрекетті жасаған адамның не
нәрсеге қол сұғып отырғандығы және қылмыс нәтижесінде неге зиян келтіреді
немесе неге зиян келтіруі мүмкін1 дегенді білдіреді.
Қылмыстық іс-әрекеттің қоғамдық қауіптілігі оның қол сұғып отырған
игілігінің қаншалықты құнды және маңызды екендігінде, сондай-ақ, осы
игілікке келтіретін зиянның қаншалықты маңызды екеніне байланысты.
Қылмыс обьектісінің заңдық тізбесі ҚР Қылмыстық кодексінің 2-бабында
берілген. Бұл адамның, азаматтың құқығы, бостандығы мензаңды мүддесі және
қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздік, қоршаған орта, конституциялық құрылыс және
ҚР аумақтық тұтастығы, бейбітшілік және адамзаттың қауіпсіздігі.
Шетел сөздерінің сөздігінде обьект сөзі латынның objectum- қандай
болса да қызмет, әрекет, бағытталған зат, құбылыс екендігі айтылады.
Қылмыстық құқық теориясы дәстүрлі түрде қылмыс обьектісін қылмыстық
қол сұғудан қылмыстық заңмен қорғалатын қоғамдық қатынастар ретінде
қарайды. Бұл көзқарас жалпыға ортақ болып табылады.
Дегенмен, кейбір авторлар осы анықтаудың әділ екендігімен келісе
отырып, жалпы әмбебап теория болып танылуы мүмкін емес, себебі ол кейбір
жағдайларда, әсіресе жеке адамға қарсы қылмысты талдау кезінде іске
жарамайды деп есептеді.
Өмірлік мүдде құқығымен қорғалатын құқықтық игілік ретінде обьекті
теориясына қайта оралу мүмкіндігін негізге алған А.В. Наумов осындай
пікірді жақтайды.
Бірқатар криминалистер қоғамдық қатынас екі элементтен: қатынасқа
қатысушылар мен олардың өзара байланысынан тұрады деп санайды.
А.А: Пионтковский қоғамдық қатынас құрмындамынадай негізгі бөліктерді
атап көрсетеді: қатынасқа қатысушылар, олардың арасындағы белгілі бір
түрдегі өзара байланыс, сондай-ақ материалдық дүниедегі қандай да болмасын
бір заттар.
Қоғамдық қатынас дегеніміз – бұл күрделі әлеуметтік құбылыс. Қоғамдағы
барлық адамдар, өздерінің әлеуметтік қажеттіліктерін, мүдделерін жүзеге
асыра, міндеттерін орындай отырып, өзінің мінез-құлықына жауап бере отырып
өзара көптеген және сан алуан байланыстар жасайды және мұндай
байланыстардың болмауы мүмкін емес. [15]
Қоғамдық қатынастар құрамынан үш элементті бөлектеп көрсетуге болады:
а) қатысушылар яғни қатынас субьектілері:
б) қоғамдық қатынастың мазмұны ретінде субьектілер арасындағы
әлеуметтік байланысты, олардың қызметі бір-біріне қатысты айқындамасы,
білгілі бір құқықтары мен міндеттері;
в) сол арқылы қоғамдық қатынас пайда болатын зат (әлеуметтік
құндылық).
Н.И. Коржанский қоғамдық қатынасты қылмысты қылмыстық өзгерістерге
душар ететін үш түрлі ықпалды атап көрсетеді. Оның пайымдауынша субьекті
арқылы қоғамдық қатынас пайда болған, қалыптасқан және болып отырған затқа,
нәрсеге ықпал ете алады; өзін осы қатынасқа шығару арқылы, қоғамдық
қатынастың мәні болып табылатын субьектіге жатқызылған міндеттерді атқармау
жолымен әлеуметтік байланысты бұза отырып қоғамдық қатынасқа басқа
қарысушыларға ықпал ету жолымен қоғамдық қатынасты өзгерте алады. [16]
Қылмыс обьектісі туралы жалпы ілім обьектілерді жіктеу мәселесіне
тікелей байланысты. Атап айтқанда, қандай қоғамдық қатынасқа тікелей және
ең алдымен зиян келтірілетіндігі туралы мәселені нақтылау мақсатында
қылмыстық құқық теориясында жалпы, топтық және тікелей обьектіні бөліп
көрсету орын алған.
Жалпы обьекті – қылмыстық қол сұғудан қылмыстық заңмен қорғалатын
қоғамдық қатынастардың барлық жүйесі.
Топтық обьекті дегеніміз біртекті және өзара байланысты қоғамдық
қатынастар тобын білдіреді. ҚР Қылмыстық кодексінің ерекше бөлімі жүйесінің
заңдық құрылымының негізіне осы топтық обьект алынған.
Топтық обьектінің ішінде әр қылмыстың өзіндік ерекшелігі осы қылмыстың
тікелей обьектісінің сипаттамасы мен анықталады. Мұны белгілі бір қылмысты
жасау нәтижесінде зиян келтіретін белгілі бір қоғамдық қатынас деп түсінуге
болады. Тікелей обьектінің қылмысты саралау үшін іс жүзіндегі маңызы зор,
өйткені ол кейбір жағдайларда қылмысты сол тектес басқа қылмыстардан
ажыратуға мүмкіндік береді.
Жалпы, топтық және тікелей обьектілер өзара, тұтас және жеке дара
қатынастар бірлігін білдіреді. әрине тікелей обьект нақты қылмыс жасау
арқылы белгілі бір қоғамдық қатынасты бұзады.
Шындығына жүгінсек, әр қылмыстың бір тікелей обьектісі болады.
Дегенмен, бір уақытта екі бірдей тікелей обьектіге қол сұғатын
қылмыстар да болады (екі обьектілі қылмыс деп аталады). Осыған байланысты
тікелей обьекті деңгейінде негізгі, қосымша және факультативті обьектілерге
жіктеу жасалады.
Негізгі тікелей обьект – нақты қылмыстық-құқықтық нормамен қорғалатын
және оған нұқсан келтіруге бағытталған нақты іс-әрекет арқылы жасалған
қоғамдық қатынас болып табылады. [17]
Қосымша тікелей обьект-бұл негізгі обьектіге қарсы бағытталған қылмыс
жасау кезінде зиян келтірілгеннақты қоғамдық қатынас және оған зиян келтіру

немесе зиян келтіру қаупін төндіру-қылмыстық жауапкершіліктің міндетті
шарты болып табылады. Егер қосымша тікелей обьектіге қауіп төнген немесе
зиян жасалған жағдайда ғана кінәліні осы қылмыс үшін жауапқа тарту жүзеге
асырылады. Қосымша тікелей обьект нақты қылмыстық-құқықтық нормада негізгі
тікелей обьектімен қатар көрсетіледі.
Факультативтік тікелей обьект дегеніміз – бұл нақты қоғамдық қатынас,
бұған нақты қылмыс жасау нәтижесінде зиян келтірілуі немесе қауіп
төндірілуі мүмкін. Бірақта, қылмыс құрамы шегінде мұндай обьекткөзделмейді.
Қылмыс обьектісі – қылмыстық қол сұғудың қоғамдық қауіптілік сипаты
мен дәрежесін белгілеу үшін анықтаушы мәні бар қылмыс құрамының белгісі.
Құжатты қолдан жасаудың түрлі құрамын зерттеуге байланысты жалған
құжаттың әр түрі үшінтоптық обьектілерді белгілеудің мүмкіндігі мен
қажеттілігі туралы мәселе туындайды.
ҚР Қылмыстық кодексінде жалған құжат жасаудың әр түрлі тарауларда
орналастырылғаны белгілі.
ҚР Қылмыстық кодексі қылмыстық құжат айналымы үшін түрлі
жауапкершілікті көздейді: ұрлық, жою, бүлдіру, жоғалту, әзірлеу, жалған
құжат жасау, қолдан өзгерту, пайдалануға шычғару, айналымға шығару, сатып
алу-сату, айырбастау, көрсетуден жалтару, түрлі құжаттарды не заттарды
жасыру.
ҚР Қылмыстық кодексі бойынша құжаттардың қылмыстық айналымын жасайтын
іс-әрекеттерді жіктейтін болсақ, оларды мынадай негізгі топтарға
біріктіруге болады: [18]

1.2 Қылмысты құрамын және қылмысты дәрежелеу

Қылмысты дәрежелеу деп қылмыс жасаған адамның әрекетін немесе
әрекетсіздігін қылмыстық кодекстің ерекше бөлімінің, кейбір жағдайда жалпы
бөлімінің нормалары бойынша толық және кең көлемде нақты қылмыс құрамының
белгілерін анықтау болып табылады.
Жасалған қылмыстың шынайы жағдайларын дәл және толығымен анықтау-бұл
қылмысты дұрыс дәрежелеудің негізгі талабы.
Қылмыстық әрекетті дұрыс дәрежелеу қылмыстық құқық қағидаларын,
сонымен қатар заңдылықты жүзеге асыруды қамтамасыз етеді, ал қылмысты дұрыс
дәрежелемеу әділеттілік қағидасын бұзады, демек, кінәлінің жауаптылығы
дұрыс көзделмейді. әділеттілік, жазаның мақсаты тек қылмысты дұрыс
дәрежелегенде ғана нәтижеге жетеді. Қылмысты дәрежелегенде қателесу ауыр
зардаптарға әкеліп соғады (негізсіз ауыр жаза тағайындау, ұзақ мерзімді бас
бостандығынан айыру).
Мысалы, кінәлі адам өзінің жеке бас араздықтарына байланысты бір
адамға жеңіл түрде дене жарақатын салады, ал оның істеген іс-әрекетін
бұзықтылық үшін қате дәрежелеген болсақ, онда кінәлі адамға үш жыолға дейін
бос бостандығынан айыруға жаза тағайындалады (257-б. 1-ші бөлігі), ал
денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіргені үшін (105-б). бір жылға дейінгі
мерзімге түзеу жұмыстарына, не үш айға дейінгі мерзімге қамауға жазаланады.

Қылмысты дұрыс дәрежелеу қылмыс жасаған адамның құқықтарының
сақталуына кепілдік береді.
Қылмысты дұрыс дәрежелеу дегеніміз-бұл қоғамға қауіпті іс-әрекетті
қамтитын қылмыстық заңды толық қолдану және қылмысқа дұрыс қылмыстық
құқылық баға беру. Қайсібір әрекетті дұрыс дәрежелеу үшін ең алдымен
кінәлінің істеген әрекетімен толық және түрлі жағынан танысуға қажетті
болатын барлық шын мәніндегі жағдайларды, кінәлінің кім екенімен және
қылмысты сітеген уақыттағы жағдайлармен толық танысу керек, өйткені
қылмысты дәрежелеудің өзі кінәлінің істеген қоғамға қауіпті әрекетінің
сипатына, кінәлінің жеке басына, оның қылмысты істегені үшін қылмыстық
жауапқа тартылып отырған әрекетінің қандай жағдайда істелуіне байланысты.
[19]
Егерде қылмыстық кодекстің Ерекше бөлімінің қайсы тарауын болмасын
зерттегенде, оның ішінде бір-біріне барлық белгілері сай келетін қоғамға
қауіпті деп тапқан екі қылмысты әрекетті таппайсыз1.
Сондықтан қылмысты дұрыс дәрежелеу үшін әрбір жеке қылмыстың
белгілерін білу айрықша қажет болып табылады. Мұны білу қылмысты бір-
бірінен ажыратуға, оларды бір-бірімен араластырмауға, сөйтіп қылмысты
дәрежелегенде қате жібермеуге мүмкіншілік береді.
Қылмыстың жеке құрамдарын зерттегенде, әрбір қылмыстың неге қарсы
бағытталғанын, оның қандай мүддені бұзатындығын, кімге немесе неге зиян
келтіру мүмкін болатындығын анықтау қажет. Сонымен қатар қылмыс құрамының
барлық элементтері бойынша шынайы жағдайларды қылмыстық-құқықтық
нормалармен салыстыру керек.
Жалпы ереже бойынша дәрежелеу процесі ең алдымен қылмыстың обьектісі
мен обьективтік жағын анықтаумен басталып, субьектісі мен субьективтік
жағын анықтаумен аяқталады. Барлық жағдайларда қылмыстық заңда
қарастырылған қандай болмасын қылмыс құрамының элементтері мен белгілері
сәйкес келгенде ғана қылмыстық іс-әрекет дұрыс дәрежеленген деп табылады.
Қылмыстық іс-әрекетті дәрежелеудің қорытындысы, қылмыстық-құқықтық
нормаға сәйкес қылмыс құрамы бар деген қорытынды маңызды қылмыстық іс
жүргізу құжаттарын, соның ішінде сот үкімі менайыптау қорытындысында
көрсетіледі. Оларда қылмыс жасаған тұлғаны қылмыстық жауапкершілікке
тартуға және жазалауға мүмкіншілік беретін, қылмыстық-құқықтық нормаларды
реттейтін қылмыстық заңның баптарын дәл көрсету жолымен қылмысты дәрежелеу
жүреді. Айта кететін жағдай, әрекетті дәрежелеу кезінде, анықталған қылмыс
құрамының барлық белгілері көрсетілген, ҚК-тің Жалпы және Негізгі
бөлімдеріндегі баптар дәл көрсетілуі керек. Соның ішінде құрамның ерекше
белгілері, құрам түрлері, негізгі, ауырлататын және жеңілдететін мән-
жайлар.
ҚК-тің Негізгі бөлімінің баптарының тармақтары көрсетілсе, онда оларды
дәрежелеу барысында еске алынуы керек. Айталық, тонау адамдар тобының алдын-
ала сөз байласуы бойынша жасалса, олардың істеген іс-әрекеті ҚР ҚК-нің 178-
бабы 2-ші бөлімі В тармағымен дәрежеленуі тиіс, ал азғырушы, көмектесуші
немесе ұйымдастырушы болса олардың қылмыстық әрекеті ҚК-тің Жалпы бөлімінің
28-бабына сілтеме жасай отырып дәрежеленуі тиіс. Егерде пайда табу
мақсатымен қасақана кісі өлтіру барысында орындаушымен бірге көмектесуші
болса, онда соңғысының істеген қылмыстық әрекеті ҚК-тің 28-бабының 5-бөлігі
және 96-батың 2-ші бөлігі И тармағымен дәрежеленуі керек. Қасақана кісі
өлтіру барысында орындаушы өзінің көздеген мақсатына жете алмаса, оның
әрекеті қасақана кісі өлтіруге оқталғандық болып табылады (мұндай әрекет ҚК-
тің 247-бабы 3-ші бөлігі және 96-баптың тиісті бөлігі, тиісті тармақтары
бойынша дәрежеленеді). [20]
Қылмыстық әрекетті дәрежелеудің маңызы ерекше. Қандай болмасын
қылмыстық іс-әрекетке сәйкес қылмыс құрамын анықтау дәрежелеу жолымен
жүзеге асады, онда соңғысы қылмыс жасаған тұлғаны қылмыстық жауаптылыққа
тартуға, кінә тағу үшін, сотқа беру, жаза тағайындау, я болмаса қылмыстық
жауаптылық пен жазадан босату үшін құқықтық негіз болады. Барлық
жағдайларда қылмысты дұрыс дәрежелеу дегеніміз соттардың, прокурорлық,
тергеу және алдын-алу анықтау органдарының жұмыстарының заңдылығын сақтау
болып табылады.
Қылмысты дұрыс дәрежелеу ерекше криминологиялық маңызға ие, себебі,
соның негізінде қылмыстық қуылымның дұрыстығы анықталып, қылмыстың алдын-
алу және ескерту шаралары жасалынады. Сонымен қатар ол ҚР-дағы жасалған
қылмыстардың жағдайын, деңгейін, оның динамикасын, жалпы және жекелеген
қылмыстардың түрлерін дұрыс анықтауға мүмкіндік береді.

1.3 Қылмыстық жауаптылық және оның ... жалғасы
Ұқсас жұмыстар
Әрбір қылмыс құрамының белгілері
Қылмыстық құқықтың ерекше бөлімінің түсінігі, жүйесі, мәні
Қылмыстың құрамы және оның маңызы
Қылмыс құрамы саралаудың заңдық негізі
Жауаптылыққа қабілеттілік қылмыстық жауаптылықтың жағдайы ретінде
Қылмыс құрамының ұғымы, белгілері
Қылмыс құрамы және түсінігі
Қылмыс құрамы
Ұйымдасқан қылмыстылық
Қылмыстың обьектісі және оның қылмыстық құқықтық маңызы
Пәндер