Жағдаяттық толымсыз сөйлемдер


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 48 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

Кіріспе . . . 6-7

1 Үнемдеу құбылыстарының ғылыми-теориялық негізі

1. 1 Үнемдеу құбылысы және оның лингвистикалық сипаты . . . 8-14

1. 2 Қазақ тіліндегі үнемдеу заңының көріністері . . . 15-27

1. 3 Үнемдеу үдерісінің амал-тәсілдері . . . 27-32

2 Қазақ тілі синтаксисі жүйесіндегі үнемдеу құбылысының орны

2. 1 Сөйлем мүшелеріндегі үнемдеу заңдылықтары . . . 33-59

2. 2 Толымсыз жай сөйлемдердегі үнемдеу мәселелері . . . 59-69

2. 3 Толымсыз құрмалас сөйлемдердегі үнемдеу құбылысының

көріністері . . . 70-71

Қорытынды . . . 72-73

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 74-75

КІРІСПЕ

Дипломдық жұмыстың өзектілігі: Үнемдеу заңы адамға өз ойын көп сөйлемей-ақ, өз уақытын үнемдеу мақсатында аз ғана сөзбен білдіруіне себеп болады. Ал мұның өзі белгілі бір ойды білдіру үшін керекті сөйлем мүшелерінің сөйлем құрамында түгел болмауына әкеп соқтырады. Осыдан сөйлемнің грамматикалық жақтан толымсыздығы туындайды.

Тілімізде коммуникациялық жағдайдың орайына қарай толымды да, толымсыз да сөйлемдер қолданыла береді. Кейде өзара мағыналық байланыста келетін сөйлемдердің біразы түрлі себептермен толымсыз болып айтылады. Қазіргі қазақ тілі синтаксисі көп аспектілі сала ретінде даму үстінде, алайда сөйлемнің толымсыздығы туралы мәселелер болмаса, үнемдеу құбылысы жеткілікті қарастырылмай келеді. Сондықтан мұны түгендей саралау үшін жаңа бір тың бағыттың, функционалдық бағыттың, талаптары мен сұраныстарына жауап боларлықтай жұмыстың қажеттігі анық.

Синтаксистік құрылыстағы грамматикалық мүшелердің түсірілуінен басқа, атап айтқанда, сыйыстыру мәселесін, жалпы толымсыздықтың сөйлем мүшелерінің формалары мен қызметтеріне тигізер әсерін, кейбір синтагмалардың сөйлемнен контекст пен жағдаяттың қатысымен бірге астарлы мағыналарымен де, паралингвистикалық амалдарымен де сөз үнемдеуге болатындығын арнайы зерттеу қажеттігі туындайды. Жұмыста сөйлеу синтаксисіндегі осы секілді мәселелер біршама кең түрде сарапталып, үнемдеу құбылысына қатысты айтылғандардың мазмұны ашыла түседі. Оның себептері мен маңызсыздану немесе маңыздылыққа ие болуы, көріну, берілу жолдары, қабылдану ерекшеліктерін психолингвистикалыка ғылымымен байланыстыра зерттеу назарда ұсталды. Синтаксистік құрылыстағы ықшамдалу қағидатынан шығатын осы мәселелер тұтаса келіп, бұл сала бойынша зерттелмеген өзекті тақырыпқа ұласады. Әсіресе, үнемдеу құбылысына психолингвистикалық көзқарас қажеттігі айқындала түседі. Мұндай тың көзқарас үнемделудің кейбір жаңа тәсілдерін анықтауға көмектеседі. Зерттеу жұмысының өзектілігін контаминация құбылысының арнайы зерттеу нысанына айналғандығымен негіздеуге болады.

Сөйлемнің қандай жағдайда толымсыздыққа ұшырайтындығы, тілдің қай деңгейінде сөйлемнің толымсыздығы жиі кездесетіндігі, оның құрылымы, синтаксис жүйедегі орнын анықтау мәселелері зерттеу жұмысымыздың өзектілігі болып табылады.

Үнемдеу заңы әр түрлі терминдермен аталып келеді. Осы сияқты үнемдеу заңының тілге ықпалының нәтижесінде болатын заңдылықтар мен құбылыстарды жүйелі түрде қарастыру зерттеуіміздің басты ерекшелігі болып табылады.

Дипломдық жұмыстың мақсаты мен міндеттері - Қазақ тіліндегі үнемдеу құбылысының табиғаты мен мәнін, құрылымдық сипатын, толымсыз сөйлем ұғымының көлемін, синтаксистік жолдарын, олардың қызмет ету ерекшеліктерін анықтау .

Осы мақсатқа жету барысында мынадай міндеттер қойылды:

  • Үнемдеу құбылысының лингвистикалық анықтамаларын жинақтап, сараптама жасау;
  • Үнемдеу заңының ситаксистегі көріністерін сипаттау;
  • Үнемдеу құбылысының тіл жүйесіне әсері, қазақ тілінің жүйесіндегі алатын орны мен оның атқаратын қызметтерін сипаттап анықтау;
  • Үнемдеу құбылысына түскен сөйлемдер құрылымының ерекшеліктерін белгілеу;
  • Толымсыз сөйлемдердегі үнемдеу құбылыстарының психолингвистикалық себептерін ашу.
  • Толымсыз сөйлемдердің синтаксистік сипатын, грамматикалық ерекшеліктерін анықтап, оларды топтастыру.

Дипломдық жұмыстың нысаны - Қазақ тіл жүйесіндегі үнемдеу құбылысы арқылы жасалған тіл бірліктері, тіліміздегі жай сөйлемнің түрі - толымсыз сөйлемдер.

Дипломдық жұмыстың әдіс-тәсілдері: Зерттеу барысында жүйелі талдау, салыстыру, статистикалық әдістер негізге алынды.

Дипломдық жұмыстың ғылымилығы: Жұмыста қазақ тілі синтаксисі құрылысындағы үнемдеу құбылыстары жаңа қырынан талданып отыр:

  • Үнемдеу құбылысы нәтижесінде пайда болатын, кейін одан дамып шығатын құбылыстар жинақталып, бір жүйеге келтірілді. Олар: тілдегі толымсыз және эллипсистенген сөйлемдердің пайда болуы;
  • Толымсыз сөйлемдердің жасалуы мен өзіндік ерекшелігі айқындалды;
  • Толымсыз сөйлемдердің синтакситік жүйедегі орны көрсетілді;
  • Тіл жүйесіндегі ықшамдауға қатысты контаминация құбылысының мәні ашылды;
  • Орамды тілдегі ықшамдылықтың сөйлемнің тұлғалануына әсер ететіндігі белгілі болды;
  • Қазақ тіл біліміндегі «тағатталған сөйлем», «сөз жұту», «үнсіз қалу», «контаминация» деген терминдерінің мәні ашылды.

Дипломдық жұмыстың практикалық мәні - Зерттеу жұмысы қазіргі қазақ тіл білімінде енді қолға алынып жатқан үнемдеу құбылыстары синтаксис теорияларына сүйеніп жазылғандықтан, сол бағыттағы зерттеулерде қосылған үлес болып саналады. Жұмыста келтірілген тұжырымдар мен қорытындыларды орта мектептерде, жоғары оқу орындарына арналған оқулықтар жазуда, жоғары оқу орындарында синтаксис саласынан дәріс оқуда, семинар, прақтикалық сабақтар жүргізуде, арнайы курстар өтуде толымсыз сөйлемдердің тілдік табиғатын толыққанды танытуда пайдалануға болатындығымен негіздеуге болады.

Дипломдық жұмыстың құрылымы - кіріспе, екі тарау, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 Үнемдеу құбылыстарының ғылыми-теориялық негізі

  1. Үнемдеу құбылысы және оның лингвистикалық сипаты

Тіл - адамзат баласының ғаламды танудағы алғашқы әрекеттерінен бастап, оның толық бейнесін жасай алу қабілетіне ие болғанға дейінгі өмірлік тәжірибелерін бойына жинақтап келе жатқан қазына. Тілші ғалымдар тілдің эволюциялық дамуын үнемдеу заңымен тығыз байланыста қарастырады. Француз ғалымы А. Мартиненің пікірінше, үнемдеу - адамның ақыл-ой және дене күшін сақтауға қажетті үрдіс. Адам қандай да бір мақсатқа жетк үшін белгілі мөлшерде күш жұмсайтындықтан, оның мінез-құлқы да ең аз күш жұмсау заңына бағынатынын айта келе, «лингвистическая экономия - синтез действующих сил», - деп тұжырымдайды.

Үнемдеуді принцип деп таныған Бодуэн де Куртенэ дыбыстық ықшамдаулардың сөз құрамының үнемделуіндегі қызметінің ерекше екендігін айтып, сөйлеу кезіндегі ықшамдалудың ыңғайлылыққа, біркелкілікке ұмтылатынын: а) дыбыстық өзгерістердің, ықшамдаулардың күрделіден қарапайымға қарай бейімделуде физиологиялық ерекшеліктің ескерілуін; ә) синтаксистегі сөйлеу кезіндегі ойға қатысты мүшелердің айтылмай, нақтылықтың абстракциялыққа өтуін қадағалауды қажет деп санайды. Орыс тіл білімінде Бодуэн де Куртенэнің ой-пікірлерін жалғастырушы орыс ғалымы Г. Д. Поливанов оны әрі қарай дамытты. Ғалым ықшамдалу мәселесін тілдің түрлі деңгейлеріне қатысты қарастырды. Соның ішінде лексикалық, фонетикалық, грамматикалық, графикалық бөліктеріндегі фонетикалық, фонациялық ықшамдауларды зерттеді.

Б. А. Серебренников, Л. И. Ройзензондар үнемдеудің пайда болуын бұрын фонетика саласында қарастырылып жүрген гаплология, редукция, метатеза секілді құбылыстармен қатар, ассимиляция және диссимиляциялық құбылыстардың үнемделуге қатысы бар екенін көрсетеді. Лингвистикалық Қазан мектебінің өкілі Н. В. Крушевский фонетикалық үнемдеудің үш түрлі бағытта жүретіндігін көрсетеді: а) артикуляция уақытының үнемделуі; ә) сөйлеу мүшелері қызметінің жеңілдеуі; б) сөз ішіндегі дыбыстардың орын алмастыруы.

Ғалымдар арасында дыбыстық үнемдеулер фонетикалық құбылысқа жата ма, әлде сөздің ара жігінде кездесетін болғандықтан морфологиялық құбылысқа жата ма деген сан алуан пікірлер болды. Түркітанудағы сөздердің ықшамдауға ұшырау дыбыстардың түсірілуімен және буындардың кірігуімен сипатталғаны В. В. Радлов, А. Самойлович, Н. А. Ашмарин, Ж. Дени, И. Ф. Кафтанов, Н. К. дмитриев, А. Н. Кононов, А. Котвич, Э. В. Севорян, Н. А. Баскаков, А. М. Щербак т. б. түркітанушы-ғалымдардың еңбектерінде қарастырылған [1; 5-6] .

Тіл білімі саласындағы шетелдің ірі ғалымдары ықшамдалу мәселесін тілдің эволюциялық дамуымен тығыз байланыста қарастырады. Олардың қатарына Г. Пауль, Ф. Де Соссюр, О. Есперсен, П. Пасси, Г. Спенсер, Ж. Вандриес, Л. Блюмфильд, А. Мартине, Э. Бурсье, Ф. Кайнц, т. б. бар.

Г. Спенсер сөздердің ықшамдалу үрдісі тілдің эволюциялық даму, қалыптасу барысында күрделіден оңайға қарай ұмтылу әрекетінен пайда болады деп есептеген. Ал, П. Пассидің айтуынша, тіл қашанда өзіне қажеттісін таңдап алады да, артығынан құтылуға әрекет жасайды, сөйтіп, ең аз күш жұмсау заңы мен экономия ұстанымын басшылыққа алады. Бұл екі ғалымның пікірлері бір-біріне жуық, бірін-бірін толықтыратын пікірлер.

Ал, лингвистикалық экономия терминін алғаш ендіруші ғалым А. Мартине тіл дамуының қарама-қайшылығына мынаны жатқызған: адам қарым-қатынасындағы қажеттілік пен өзінің ақыл-ой және дене күшін қысқарту арасындағы үнемі болатын қарама-қайшылық тілідк құбылыстардың өзгерісіндегі қозғаушы күш ретінде қарастырылады. Бұл жерде адам белгілі бір мақсатқа жету үшін соған сәйкес белгілі мөлшерде күшін жұмсайды. Сондықтан, басқа жағдайлар сияқты адам мінез-құлқы да «ең аз күш жұмсау заңына бағынады» деп қорытындылаған. А. Мартине лингвистикалық ықшамдалу әсер етуші күштердің жинақталуы дегенді дәлелдеген.

Сонымен Батыс еуропаның ірі лингвист-ғалымдарының көптеген фактілерге талдау жасап зерттеген еңбектерінің мазмұнын сөйлемдегі ықшамдалу қасиеті тіл жүйесі дамуындағы басты беталыс екендігін толық дәлелдейді.

Орыс тіл білімінде тілді тарихи зерттеуде А. А. Потебня, Д. И. Кудрявский, А. И. Томсонның да құнды пікірлері бар. А. А. Потебня ықшамдалу құбылысын грамматикалық, фонетикалық, графикалық деңгейде қарастырады. Ол алдымен, грамматикалық жағына жете мән береді. Мысалы, сын есімнен зат есімнің жасалу жағдайын қарастыра отырып, ықшамдалу құбылысын ойды жеткізудегі үнемділікпен түсіндіруге тырысады.

Қандай тілдің болсын қазірі құрылысының қалыптасуында ықшамдалу заңдылығының ізі анық көрініп тұратын жағдайлармен бірге, аңғарылмайтын жадайлар да бары анық.

Ықшамдалу құбылысының тілдің барлық саласына қатысы бары көрінеді. Бірақ олар бір-біріне қатыссыз деп қарастыруға болмайды, олар бір-бірімен тығыз байланысты. Осы ретте Вильгельм фон Гумбольдттың тілді бір үлкен тоқылған затқа теңеп бір жібің қозғасаң, тұтас тарқатыла беретінін айтқан пікірмен ықшамдалу құбылысын сипаттауға болады деп ойлаймыз.

Енді осы айтқан сөздеріміздің дәлелі ретінде мақал-мәтелдердегі ықшамдалу құбылысына тоқталып өтейік.

Сөзге сараң, ықшам, қысқа болып келуі және құрамында жалғама, қосалқы мағына жұмсалатын сөздердің түсіп қалатыны, мақал-мәтелдерді басқа ауыз әдебиеті жанрларынан айрықша етіп көрсетеді.

Мақал-мәтел құрамында кейбір сөздер басқа грамматикалық категорияға ауысуына байланысты өздерінің синтаксистік функциясын өзгертіп отырады. Және де мақал-мәтел құрамында кейбір сөйлем мүшелері тіпті айтылмай түсіп қалып, олардың қызметін екінші біреудің атқаратыны болады. Мақал-мәтелдің жалпы мағынасына тікелей қатысы болмайтын сөздер түсіп қалады да, олардың мағынасын жанында тұрған сөздер ұғындырады. Мұндайды тіл білімінде сөйлем мүшелерінің бірі болмаса бірін түсіріп айту риторикалық қызмет атқарады [2; 72] .

Синтаксистік ықшамдауларды психолингвистикалық аспектіде қарастырған Ж. Баймұрынов зерттеуінің мәні де ерекше. Ол еңбегінде кез келген синтаксистік үнемдеудің лайықты факторлары болатынын ескерте келіп, адамның көңіл-күйінің, эмоциясының сөйлеу әрекетіндегі үнемдеуге әсеріне психолингвистикалық жақтан толық талдау жүргізеді, «тағатталған сөйлемдер», «сөз жұту» терминдерінің мәнін кеңінен ашып түсіреді.

Сөйлеу әрекетін оңайлату адамның психикасымен байланысты. Олай болса, ықшамдау әрекеттерінен туындайтын тілдегі элизия, апакопа, гаплология, метонимия, сіңісу, кірігу, эллипсис, толымсыз сөйлемдер, ықшамдалу құбылыстары түп тамырын үнемдеу заңынан алады.

Тіл білімінде көрініс табатын заңдар туралы тұжырымдар бүгінге дейін қалыптасып, бір ізге түсіп жүйеленбеген. Осы себептен көптеген лингвистикалық еңбектерде заң ұғымының аясында қарастырылған ұғымдар құбылыс, принцип, бірінде заңдылық деп әр түрлі көрсетіліп жүр. Энциклопедиялық сөздікте тілдік (лингвистикалық) заңға берілген анықтаманың жалпы мазмұны мынадай: «Тілдік заң, лингвистикалық заң - белгілі бір тілге, әр түрлі тілдерге немесе жалпы тілге тән ереже, заңдылық».

Тіл қоғамдық құбылыс болғандықтан, дамуының ішкі заңдылықтарын объективті заңдар ретінде қарау керек. Өйткені онда белгілі бір құбылыстың ерекшелігі ашыла түседі. Заңның қалыптасуы жекелеген және нақты құбылыстарды тани түсуге ықпал етеді, белгілі бір үрдісті айқындайды. Мысалы, етістік баяндауыш түсіріліп, оның функциясының өзінің алдындағы есім сөзге ауысуы есім баяндауышты сөйлемдердің қалыптасуына ықпал етеді. Бұдан шығатын қорытынды, сөйлеушілердің етістікті түсіріп айтуынан есім баяндауышты сөйлемдердің пайда болғандығын және осы жүйе арқылы жаңа синтаксистік бірліктің, яғни ықшамдалған синтаксистік бірліктің шыққанын көруге болады. Қоғамдағы қарым-қатынас жасаушы коммуниканттардың бірыңғай етістік баяндауыштарды алып тастап сөйлеу құбылысы тілде жаңа тілдік синтаксистік бірліктің пайда болуына ықпал жасап отыр. Бұл да белгілі бір заң жүйесінде жүзеге асады. Тілдік заңның екінші бір қасиеті - тұрақтылық. Белгілі бір тұрақты шарттар болғанда, құбылыстардың қайталанып келуі, ондай құбылыстардың жиі-жиі орын алуы тұрақты түрде іске асқанда және сол арқылы тілдік құбылыстардың жиі болуы сол құбылысты заң дәрежесіне көтереді. Мысалы, тіліміздегі есімшенің өткен шақ (-ған, -ген) және көсемшенің өткен шақ (-а, -е) тұлғаларының тілімізде тұрақты түрде барғанмын - барғам, келгенмін - келгем, бергенмін - бергем, жазғанмын - жазғам, барамын - барам, сүйемін - сүйем, жүремін - жүрем деген тұлғада қысқарып келуі тіліміздегі барлық етістікке тән және олардың тұрақты түрде осылай ықшамдалып қолданылуы үнемдеудің заң екенін нақтылай түседі.

Заң материалдық дүниенің негізгі белгілері мен даму үрдісін анықтайтын байланыстар мен қатынастардың жиынтығы, ал құбылыс - шындықтың сыртқы жақтарын көрсететін нақты жағдай, қасиет немесе процестер. Құбылыс үрдіске айналса, заңдылық тудырады. Кейде заңның нәтижесінде белгілі бір құбылыстар туындап жатады. Олай болса, бұл екеуінің байланысты - диалектикалық байланыс. Сондықтан да үнемдеу - заң, ал бұл заңмен байланысты құбылыс - ықшамдау құбылысы. Ойлау - үнемі дамып отыратын процесс, сондықтан ол категориялар мен заңдардың ішкі арақатынасын объективті деп санайды. Өйткені диалектика, таным теориясы және әдісі бір-бірімен тығыз байланысты, объективті дүниенің мазмұнын беретін ілімдер. Сол себептен диалектиканың заңдарын объективті түрде зерттей отырып, оларды ұғынуда ішкі байланыстар мен қайшылықтарға зер салған жөн. Сонымен қатар диалектиканың кез келген заңы мен категорияларына мысалдардың жиынтығы деп қарауға жол бермеу қажет. Шындық өрістей келе қажеттілікке айналады. Расында да, тілдік бірліктерді үнемдей қолдану қазіргі заманда қажеттілікке айналып, тіл білімінің бүкіл саласын қамтып отыр [1; 7-8] .

Сөйлеуші баяндау үстінде сөзін аяқтамай кілт үзуіне байланысты қазақта «сөзін жұтып қойды» деп атаушылық дұрыс болған болар еді, бірақ тілдік қолданыстағы «сөз жұтудың мазмұнына сөйлем, тұтас суреттің де сиятындығын ескеріп, орыс тіл біліміндегі «недоговорение», «усечение» дегеннің орнына өз тіліміздегі жатық, дайын тіркесті қолданып отырмыз. Оның үстіне бұл тіркестің концептуалдық метафора болатын мүмкіндігі бар сияқты. Ал концептуалдық метафораның ғылыми стильде тіпті терминдік мәнде қолданылып жүргені көпшілікке мәлім [3; 121] .

Орыс ғалымы А. П. Сковородников сөз жұтудағы мұндай аяқталмаған сөйлемдердің, негізінен, көркем стиль мен публицистикалық стильде көбірек қолданылатынын зерттеу жұмыстарын жүргізу барысында анықтайды. Оның ойынша, ғылыми стильде сөз жұтудағы аяқталмаған сөйлемдердің кездесуі окказионалдық құбылыс болмақ, бір сөзбен айтқанда, ғылыми стильге тән емес. Қазақ тіл білімі үшін ғалымның бұл пікірі қаншалықты тұжырымды екені әзірше белгісіз. Бұл мәселе болашақтағы зерттеушілеріміздің еншісіне қалып отыр.

Аяқталмаған сөйлемдердің, сонымен бірге авторлық стильде, көркем және публицистикалық стильде апозиопезистің айрықша стилистикалық мәнер түзе отырып, қоғамның прагматикалық мәселелерінің сырын ашуға ықпал ететінін Д. Әлкебаева көрсетсе, олардың көркем стильдегіавтор тілінде де, кейіпкер тілінде де, мысалы, диалог, монолог ішінде де ұшыраса беретінін А. П. Сковородников көрсетті. Оның ішінде сөз жұтудың көркем шығармадағы кейіпкердің диалогі монологінде кездесуі 90 пайыздық көрсеткішке ие екен. Демек, авторлық баяндау тілінде мұндай тұлғалы сөйлем көп ұшыраспайды. Тілдік материал жинаудағы қарастырылған көркем шығармада кездесетін апозипезистер ғалым пікірінің дұрыстығына әзірше күмән келтірмейді [3; 122] .

Синтаксистік актуальсыздану (деактуализация) - актуальдануға (актуализация) қарама-қарсы құбылыс. Бұл сөйлеу актілеріндегі нақты сөйлем-айтылымдардың құрамындағы қандай да бір бөліктердің, яғни мәтіндегі нақты сөйлем мүшелерінің, сөздердің айтылмай түсіріліп қалуы болып табылады. Соған орай синтаксистегі сөйлем табиғатын контекстік және жағдаяттық бөліктерінің актуальданбай түсіп қалуы маңызды мәселе болып табылады. Осы құбылыстың нәтижесінде қалыптасқан сөйлемдерде, тілдік модельдерде, сол компоненттердің орнының түсіріліп қалуының тілдік табиғатын ашып көрсету көп қырлы синтаксис ғылымы үшін өзекті тақырыпты құрайды.

Бұл, бір жағынан, сөйлеуде сөйлемнің пайда болуының, екінші жағынан сөйлемнің актуальды мүшеленуінің, сөйлемнің функционалды перспективасының зерттеу нысаны болса, сонымен қатар даму барысында синтаксистің құрылымдық, мағыналық аспектілеріне де өз ықпалын тигізеді. Алғашқы психолингвистикалық зерттеулердің құзырындағы тақырып болса, екіншісі сөйлеу синтаксисінің, тілтанудың зерттеу нысанына енеді. Сондықтан алынып отырған тақырып осы ғылым салаларының тоғысқан тұсынан пайда болады. Осы құбылыстардың бәрін бір арнаға жинақтап, өрбу барысы бойынша реттеп, қалыптасы себептерін және одан туындайтын жағдайларды түгелдей қамтып анықтау бұл тұрғыдағы көптеген контекстік және тілдік мәселелердің мәнін тереңдетіп, жүйелі түрде ашып бере алады [4; 3] .

Синтаксистік актуальсызданудың мәні, оның пайда болу себептері және қалыптасуы. Сөйлемдердің тілтанудағы синтаксис ғылымының басты зерттеу нысаны бола отырып, тілдегі барлық деңгейлердің ішіндегі ең басты бірлік және сонымен қатар тілді шартты таңбалардың құрастырмалы жүйесі ретінде өз аясына алып қарастыратын семиотикалық тұрғыдан келгенде толық таңба болып табылатыны белгілі.

Актуальсыздану құбылысы - сол тілдік жүйедегі синтаксистік бірліктердің ішінде тек сөйлемдердің құрастырылуында ғана болатын үрдіс. Яғни, бұл құбылыс тек қана сөйлемдерден көрініс беріп, күнделікті болып жататын сөйлеу, мәтін жасау әрекеттерінде жүзеге асып отырады [4; 6] .

Сөйлеуші адам комуникативтік үрдістегі нақты, жеке сөйлемдердің айқындайтын басты тұлға болып табылады. Мысалы, алдымен сөйлеуші адам белгілі бір ойды өзгелерге хабарлап айтуды мақсат етеді екен дейік. Бұның өзі оның сол жерде айтып отырған ойын неғұрлым «маңызды» деп есептеп, оны актуальдандыруға қажетті деп тапқандығының белгісі болады. Сондықтан кез келген айтылған ой сөйлеуші тарапынан ғана тыңдаушылар үшін актуальды болады, сөйлеуші оны актуальды деп таппаса, ол ой айтылмас еді. Сөйлеуші тұрғысынан келегенде жарыққа шыққан ой қашан да актуальды. Бірақ «тыңдаушысыз сөз жетім». Келесі кезектегі актуальдылық енді тікелей тыңдаушыға байланысты.

Сөйлеуші сол актуальды деп тауып, айтайын деген ойының жалпы мазмұнын мәтін түзу барысында неше сөйлемге сыйғызады, өз ойын жеткізу үшін сөйлеуші қандай сөздерді іріктеп алады, сөйлем құрастыру барысында ол қандай сөздерді айтпай тастап кетеді - міне, бұл мәселелердің бәрі де ойдың сыртқа шығуы кезінде сөйлеушінің өз ықтиярында болады.

Сөйлемге тән негізгі белгілердің бірі интонация болып табылатыны белгілі. Осы фразалық интонацияның кешенді құрылымында әрқашанда бірігіп әрекет ететін компонеттері мен құралдары арқылы сөйлемдегі ой бөліктерінің маңыздылығы, актуальдану деңгейі және керісінше, маңызсыз екендігі, актуальсыздануының дәрежесі белгіленеді.

Сөйлемнің комуникативтілігіне енетін келесі бір құбылыс - ондағы сөздердің орын тәртібі. Сөйлем мүшелерінің орналасу тәртібі сөйлемнің коммуникативтік қызметіне байланысты. Жоғарыдағы айтылған интонациялық құралдар тәсілі сияқты белгілі бір ауызша және жазбаша мәтіндегі сөйлем-айтылымның құрамындағы жекелеген сөздердің, сөйлем мүшелерінің орын тәртібі, орналасу реті де нақты контекст пен жағдаяттар бойынша анықталып отырады. Сонымен синтаксистік актуальсыздану құбылысы, ең алдымен, сөйлемнің комуникативтік табиғатынан, коммуникацияның өзіндік заңдылықтарынан шығады. Яғни, актуальсыздану нақты мәтіндердегі коммуникативтік белгілі бір мақсат мүдделер көзделуі бойынша пайда болатын құбылыс болғандықтан, оны тілдегі бірден-бір коммуникативтік бірлік - сөйлемдерден ғана табамыз.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Толымсыз хабарлы сөйлемдер
Синтаксистің стилистикалық қызметі
Толымсыз сөйлемдердің қолданылуы
Сөйлеу жанрлары мен мәтін жанрлары
СӨЙЛЕСІМ МӘСЕЛЕСІ ЖӘНЕ СИНТАКСИСТІК СӨЙЛЕСІМНІҢ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ ТАБИҒАТЫ
ӘДІС-ТӘСІЛДЕР ТІЗБЕСІ
Атаулы сөйлемдер
Белгісіз жақты сөйлем
Сөйлемдердің түрлі грамматикалық құрылымдарда жасалу және қалыптасу ерекшеліктері
Құрмалас сөйлем ықшамдалуының басқа тілідік құрылымдармен байланысы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz