Ағылшын тілінде ертегіні оқытудың әдістері


Мазмұны
КІРІСПЕ4
1. ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТІЛ БАЙЛЫҒЫН ДАМЫТУДА ЕРТЕГІЛЕРДІ ПАЙДАЛАНУДЫҢ ӘДІС- ТӘСІЛДЕРІ8
1. 1 Оқушылардың тіл байлығын дамытуда ертегінің орны, зерттеуші ғалымдардың ой - пікірі8
1. 2. Ертегілердің тәрбиелік мәні және оларды оқу - тәрбие процесінде пайдаланудың жолдары18
2. БАСТАУЫШ МЕКТЕПТЕ АҒЫЛШЫН ТІЛІН ҮЙРЕТУ БАРЫСЫНДА ЕРТЕГІЛЕРДІ ҚОЛДАНУ32
2. 1. Ағылшын тілін оқытудың қазіргі замандық әдістемесіндегі ертегінің орны32
2. 2 Ағылшын тілінде ертегіні оқытудың әдістері43
ҚАЗАҚ, АҒЫЛШЫН ТІЛДЕРІНДЕГІ ҚИЯЛ-ҒАЖАЙЫП ЕРТЕГІЛЕРІ-НІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ . . . 55ҚОРЫТЫНДЫ . . . 67
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . 69
КІРІСПЕ
Ертегілер әрқашанда қазақ халқының өмірінде маңызды роль атқарып келген. Себебі, ертегілердің мазмұнында халықтың тұрмыс тіршілігі салт-дәстүрі, әдет- ғұрпы, бүкіл болмысы, адамдардың өзара қарым-қатынасы, мінез-қүлқы т. б. бейнеленген. Ұрпақ тәрбиесінде ең тиімді тәрбие құралы ретінде ертегілер тілі жеңіл, түсінуі оңай болғандықтан, ертегілердің балаларға отансүйгіштік, еңбексүйгіштік, т. б. тәрбиелер беруде ғана емес, олардың тілін дамытуда да атқарар қызметінің маңызы өте зор.
Ертегілер бастауыш мектеп оқушыларының ой-өрісін жетілдіріп, Отанын сүюге, елін қорғауға, өнерді игеруге, жалпы адамгершіліктік құндылықтарды бойына сіңіруге септігін тигізеді. Сонымен қатар баланың сөздік қорын да молайтуда қызметі өте зор. Ал сөздік қоры мол, тілі дамыған бала - үздік оқушы, себебі жоғарыда аталғандар - жақсы үлгілердің негізі. Ой өрісі дамып, сөздік қоры молайған баланың айтар ойы да, істер ісі де өнегелі болмақ. Демек, бала тілін дамыту - қоғам дамыған сайын күнделікті қажеттілікке айнала беретін ең өзекті мәселелердің бірі.
Тақырыптың өзектілігі: заман талабына сай жастар мемлекеттік тілде сөйлеу алу сонымен қатар ағылшын тілін меңгеру оның оқыту әдістемесін жетілдіру, соның ішінде, бала тілінің дамуы мен сөздік қорының молаю мәселесі әдіскер ғалымдардың зерттеуінен түспей, назардан тыс қалмай жүрген мәселелердің бірі. Сондықтан диплом жұмысымызда ана-тілін дамыту арқылы ағылшын тілін меңгерту, екі тілді салыстыра зерттеу арқылы нәтіжеге қол жеткізу ертегілер арқылы бастауыш мектеп оқушыларының тілін дамыту біздің жұмысымыздың көкейкестілігі екендігін көрсетеді. Ал ағылшын тіліндегі ертегілерде маңыздылығы-қазақ тіліндегі ертегілермен шектелмей оқушылар басқа халықтардың салт-дәстүріменде таныс болуы қажет.
Ағылшын тілінде де керемет ертегілер жинақтары бар, осы зерттеу барысында тоқталып сипаттама беріп сонымен қатар қазақ тіліндегі ертегілер ерекшеліктеріне тоқталып кетемін. Қазіргі таңда Қазақстанның алға қойған мақсаттарының бірі ол үш тұғырлы тіл соның ішінде осы ағылшын тілін үйрену болғандықтан осы ағылшын тілінің ауыз әдебиеттерін білу де өте маңызды.
Ағылшын халық ертегісіне жалпы талдау жасау Ресей, Германия және Франция елдеріне қарағанда Англияда ертегілерді жинақтау және жазып алу жұмыстары әлдеқайда кеш басталған. Ағылшын халық ертегілерінің алғашқы топтамаларын жинақтау XIX ғасырдың соңында басталған. 1854-1916 жылдар арасында ең алғашқы ағылшын халық ертегілерінің жинақталған екі томы Джозеф Джекобсқа тиесілі болған.
Ағылшын фольклор үйірмесінің президенті Джозеф Джекобсқа ағылшын халық ертегілерін жинақтау өте қиынға түсті, өйткені ертегілердің көбісі ұмытылып кеткен еді. Германиялық ағалы-інілі Гриммдер, Франциялық Шарль Перро немесе Ресейлік А. Н. Афанасьевтер сияқты Джозеф Джекобс ертегілерді әдеби өңдеуден өткізбеді. Ол өзінің алдына ертегілерді өз тыңдаушыларына халық қалай жаратқан болса, солай жеткізуді мақсат етіп қойды. Көптеген прозаиктерді, ақындарды және драматургтерді қанағаттандырған нәрсе ағылшын халық ертегісінің отандық фольклорға өте бай күйінде Англияға танымалдығы болды. ХIX-XX ғасырларда бұл жанр үшін өз ақындық шабыттарын тапсырған албандықтар қатарына: Чарлз Диккенс, Уильям Мейкпис Теккерей, Льюис Кэрролл, Эдвард Лир, Оскар Уайлд, Редьярд Киплинг, Беатрис Поттер и Памела Трэверс, Джеймс Барри, Алан Милн, Джон Толкин, Дональд Биссеттер болатын. Айнаның арғы бетінде болып келген Алисаның, Мэри Поппинстің, бақытты Ханзада мен Питер Пэннің, қонжық Винни-Пух және ізгі ниетті ергежейлілер образдарының дүниеге келуіне халықтан шыққан әдемі қиялдар негіз болған.
Басқа елдер сияқты Англияда да ертегілерге болған қызығушылық сонау романтизм заманынан бастап әр түрлі кейіпте қалыптасып келген. Жазушылармен бір сапта халық жаратқан образдарға қарсылық жасаған, бірақ өздері қиялмен жаратқан әлемдерін жөн көрген филолог-ғалымдар да еңбек еткен. Олар алғашқы дүниеге келген кейіпкерлерді мойындамау мақсатында көптеген Британдық фольклордың естеліктерін және алғашқы туындыларын жинақтап, олардың диалектикасы және этнографиялық өзгешеліктерін зерттеп шықты. Сонымен фольклорлық жазбалардың өңдеуге ұшыраған және алғашқы дүниеге келген туындылардың ортасында тағы бір жіңішке стилистикалық өңдеуге ұшыраған формасы пайда болды. Яғни, ертегілер алғашқы кейіпкерлерін сақтап қалған түрде жаңадан жазылды. Бұл арадағы ең үлкен еңбек баспадан басып шығарушылармен аудармашылардың еншісіне тиді.
Аудармашылардың еңбектері халыққа ұнады. Өйткені ертегілерді оқып-түсіну оңай болу мақсатында аудармада жалпы ағылшын тілін қолданылды. Британия аралдарында халық ертегілерінің жинақталуы және дамуы ең күрделі тарихи кезеңге тура келді. Ол кезеңдегі халық ертегілерге, мифтерге және ондағы орындалған діни рәсімдерге сенген және дамытып барған. Осыдан христиандардың дүниетанымының басталуы қалыптасқан. Сол кездегі ертегілердегі кейіпкерлер, аңыз адамдар, жауыздар, мейрімді жандар, сиқыршылар, періштелер, су перілері, ойдан шығарылған аңдар халық арасында өмір сүруді жалғастыра берді. Ағылшын халық ертегілеріндегі жауыздарға қарсы күреске қиялдан туған алып батырлары, мейірімді жануарлар, құдайлар немесе жай ғана шаруалар кейпіндегі кейіпкерлер өмір сүрді. Мысалы: ағылшан халық ертегісіндегі адам жегіштерге және қара күштерге қарсы күресуші кейіпкерді жай шаруаның ұлы Джек деп таныстырылған. Джек өте күш-қайратты, еңбексүйгіш, мейірімді, адал және шыншыл болғандықтан, халықтың арасында мұндай адамдарды халық батырлары деп атаған. «Adventures of Jack the Giant-Killer» ертегісіндегі Джек өз Отанының азаттығы үшін күрескен революционеріне айналады Ағылшын халық ертегілеріндегі кейіпкерлер барлық кезде мұндай батырларға айнала бермей, кейде оларды шық бермес Шығайбай капиталистер кейпінде де таныстырылады. Мұндай кейіпкерлерді Англиядағы буржуазиялық капитализмнің дамуының бірінші кезеңіндегі капиталистерге теңейді. Мысалы: «Molly Whuppie» ертегісіндегі адам жегіш жауыз адамдарды алдаған қыз Молли және «Jack and the Beanstalk» ертегісіндегі Джек өздерінің жақын жуықтарына, дос-жарандарына сонымен қатар айналасындағы барлық адамдарға өздерінің ерлігімен бақыт сыйлайды.
Қазақ тілінің ертегісіде кем келмейтін дүниенің бірі. Қазақ халқы прозасында осы процесс түгел дерлік із қалдырған. Жалпы ертегілердің пайда болып, қалыптасуының алғашқы кездерінде ел оны қиял деп ойламаған, онда баяндалатын оқиғаға сенген, себебі ол шақта ертегі өз төркінінен алшақ кете қоймаған, сондықтан көркемдік қызмет те атқармаған. Ал көркем фольклорлық жанр болып қалыптасқан классик. Қазақ ертегілерінің жиналуы мен жарияланып, зерттелуі 18 ғ-дың 2-жартысында басталды. Алғашқы жүз жылда, негізінен, Қазақстанға Ресейден келген адамдардың кейбірі қазақ жұртыныңтұрмыс-салты, әдет-ғұрпы туралы деректер жинап, солардың қатарында фольклор жайында жалпылама мәліметтер жариялап жүрді. Ертегілердің көбірек жиналып, жарық көрген тұсы - 19 ғ-дың 2-жартысы. Бұл кезеңде қазақ ертегілерін ғыл. мақсатта жариялаған жинақтар да болды. Әсіресе, В. В. Радлов, И. Н. Березин, Ы. Алтынсарин, Г. Н. Потанин, А. В. Васильев, А. Е. Алекторов, Ә. Диваев жинақтарында ертегілердің көптеген мәтіндері жарық көріп, олар туралы азды-көпті ғыл. пікір айтылды. Аталған жинаушы-жариялаушылардың ғалымдық деңгейі, ғыл. түсінігі әр түрлі болғандықтан ертегі мәтіндері әр түрлі көзқарас тұрғысынан бағаланды. Соған қарамастан біраз ертегі жарық көрді, ғыл. айналымға енді. Соның арқасында қазақ ертегілері Потаниннің, Радловтың, А. Н. Веселовскийлердің кең масштабты ғыл. - зерттеулеріне ілікті. Бұл шақта ертегілерді қазақ оқығандары да, ақындары да жинастырып, «Дала уәлаятыныңгазетінде» жекелеген мәтіндерді жарыққа шығарды.
Тақырыптың зерттелу деңгейі: мектепте ағылшын тілін оқыту барысында ойын түрлерін қолдану жайлы келесі ғылымдардың еңбектері зор: 1. Н. Терлікбаева. / Шетел тілін оқыту туралы // Қазақстан мектебі. №11, 2000, - 33б. 2. С. В. Ровинская. / Игры в обучении английскому языку // Иностранные языки в школе. №2, 2008, - 48 с. 3. 1. Стайнберг Д. / 110 игр на уроках английского языка / Дж. Стайнберг. - М. : ОО «Издательство Астрель». 2004, - 124с 4. К. Ақбаева. / Дидактикалық ойындар // Бастауыш мектеп. №10, 2003, - 43б. 5. Большая Советская Энциклопедия. Прохорова А. М. 1972 ж. 31-32б. 6. Берн Э. Игры, в которые играют люди. Люди, которые играют в игры: Аударма Берн Э. Л., Ленинград - 1992.
Зерттеудің әдіс-тәсілдері : Ертегілер түрін анықтап, салыстыру оларға сипаттама беру, олардың маңыздылығына тоқталу .
Гипотезасы :Бастауыш мектепте ертегілерді оқыту арқылы балалардың сабаққа қызығушылығын арттыруға, сол арқылы тілін дамытып, сөздік қорын молайтуға қол жеткізетінін дәлел келтіру.
Эмпирикалық дереккөздері: Мектепте өткізілген тәжірибенің қорытындысы саналады.
Дипломдық жұмыстың ғылыми жаңалығы: Оқушылардың ертегі арқылы ой түсінігімен қалыптасатынын және олардың сөйлеу әдебін түзелетінін зерттеп көрсету.
Ғылыми жұмыстың мақсаты: Қазақ ағылшын тілдеріндегі қиял-ғажайып ертегілерінің жанрлық ерекшеліктерін анықтау жұмыстың басты мақсаты болып табылады;
Ғылыми жұмыстың міндеттері:
- Оқушылардың тіл байлығын дамытуда ертегілерді пайдаланудың әдіс- тәсілдерін зерттеу:
- Бастауыш мектепте ағылшын тілін үйретудің әдісін анықтау:
- Қазақ, ағылшын тілдеріндегі қиял-ғажайып ертегілерінің ерекшеліктеріне тоқталу :
- Ертегілер арқылы оқушының зейінін сабаққа аудару, ауызша сөйлей алу және оқу дағдысын қалыптастыру;
Зерттеудің практикалық маңыздылығы : дипломдық жұмыстағы ұсыныстарды ағылшын және қазақ тілі сабақтарында мектеп оқушыларының тіл дамытужұмыстарында қолдануға болады.
Құрылымы: дипломдық жұмыстың құрылымы кіріспе, негізгі бөлім қорытынды, әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан тұрады.
1. ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТІЛ БАЙЛЫҒЫН ДАМЫТУДА ЕРТЕГІЛЕРДІ ПАЙДАЛАНУДЫҢ ӘДІС- ТӘСІЛДЕРІ
1. 1 Оқушылардың тіл байлығын дамытуда ертегінің орны, зерттеуші ғалымдардың ой - пікірі
Адамзат баласы табиғаттың сыр-сипатын, жұмбағын, қоғам өміріндегі түрлі болмыстың мәні мен мақсатын, шындығы мен қайшылығын ой-сана қуатымен, ғылыми-диалектикалық әдіспен зерттеп білсе, енді бірде көркем сөз өнері, соның ішінде өмір құбылыстарын образдық ой арқылы жеткізетін халықтың ұжымдық творчествосы - фольклор шығармаларынан танып біледі.
Әр елдің, әрбір халықтың өзіне ғана тән фольклоры болады десек, соның сан-алуан нұсқалары қай дәуірде туған? Фольклор туындыларының, жаратушысы кімдер? Оның жанрлық, көркемдік ерекшеліктері, ұлттық және тарихи сипаты неде? Ауыз әдебиетінен бөлінетін ерекшелігі қайсы дейтін көптеген сауалдартуады. Мұның бәріне жауап беру үшін фольклор шығармаларының ерекшеліктерін зерттеп, анықтау қажет[1] .
Образды ойлау адам санасының өзгеше бір формасы. Ол қоғам дамуының қай сатысында туды дейтін мәсәле төңірегінде сан-салалы. пікірлер, ғылыми тұжырымдар болды. Солардың бірі алғашқы қауымдық құрылыс кезінде фольклор сөз өнері ретінде қалыптаса қойған жоқ еді дейтін пікірге сайып келсе, белгілі совет ғалымы В. Е. Гусев мұндай сыңаржақ тұжырымдарға тойтарыс бергенді. Қоғам дамуының сәби кезеңінде қалыптаса бастаған фольклор шығармалары мен халық поэзиясының табиғаты өзара жақын. Осыған біз «халық ауыз әдебиеті» деген атауды да қосып жүрміз. Халық әдебиеті жазба және ауыз әдебиеті болып бөлінеді. Бірақ екеуі де образдық ойдың көрінісі, соның тікелей жемісі болып табылады. Бұлардың жасалу жолдары да бірдей емес. Алғашқысы қоғам дамуының белгілі бір сатысында, жазба мәдениеті
шыққан кезеңде туады да, оның өмір көріністерін белгілі бір көзқарас, дәстүрлі әдеби әдіс, стиль және жанр ерекшелігінде суреттеп көрсететін жеке айтушылары болады. Ауыз әдебиеті болса, көркем ойлау мен көркем сөздің озық үлгісі ретінде қалыптасқан. Оның айтушылары халық арасынан шығып отырған. Келе-келе ауыз әдебиеті мен жазба әдебиет сабақтасып, қатар дамып, көркем әдебиеттің арнайы екі саласын жасаған. Кейде олардың сюжеттері де ортақ болған. Бірінде ол далалық сипатқа (көп варианттылық, ауызекі айтылуы) ие болса, енді бірде қалалық (жазба) мәдениетке жақын көрінеді. Бұл екі арнаның басты айырматышылығы да осында. Сол себепті жазба әдебиетті былай қойғанда, ауыз әдебиетінің өзін фольклор шығармаларының қатарына қою кейде даулы көрінеді[1] .
Фольклор туындыларының өзіндік ерекшеліктері болады. Ең алдымен, фольклор - синкреттік өнер. Оның бойында халықтың тұрмыс-салты, театр, сөз, би және ән-күй өнері бір-бірінен дараланбай, тұтас күйінде көрінеді. Фольклор шығармаларына тән осы белгіні белгілі орыс фольклорисі А. Н. Веселовский де айтқан еді. Жоғарыда аталған терминдерді саралай келгенде, фольклордың бұл сипатына «халық ауыз әдебиеті» деген атаудан гөрі «халық поэзиясы» деген ғылыми термин көп жақын. XIX ғасырдағы фольклористика ғылымында осы атау қолданылып та келеді. Алайда бұл да фольклор шығармаларының сипатын толық аша бермейді, «Халық ауыз әдебиеті» деген атауға келер болсақ, ол фольклордан жіктеліп шыққан, бірақ әлі де болса дәстүрлі байланысын үзбеген жеке бір арна болып қалмақ.
Өмір тәжірибесімен бірге ой, оның материалдық қабығы - тіл жетіле келіп, сөзден өлең, өлеңнен ән және би бөлініп шығады. Осыған орай халық поәзиясын орындаушылардың да қызметі өзгеріп отырған. Оларды біз фольклор шығармаларының қарапайым аноним айтушылары, ертекші,
ақын, жырау, айтыс поэзиясының дарынды иелері - импровизаторлар дейміз[2] .
Қоғам дамуының сәби кезеңдерінде фольклор шығармаларын орындаушылар отбасы, ошақ қасындағы қарт-қариялар болған. Оларды біз халық поэзиясының қарапайым жасаушылары дейміз. Сонда фольклор шығармаларының жасаушылары да, айтушылары да халықтың өзі болып шығады. Өнері өрге жүзген дарын иелерінің аузынан шыққан үлгілі де ғибратты сөздер мен жырларды басқа айтушылар іліп әкетіп, өңдеп, дамытып, нақышына келтіре орындайтын болған. Жырау мен жыршылар көлемді эпостық жырларды айтуды үрдіс етсе, жұмбақ, жаңылтпаш, мақал-мәтел, тұрмыс-салт айтыс сияқты ұсақ формалы өлеңдерді кішігірім айтушылар тудырып, көпшілікке ортақ рухани мұраға айналдырып отырған. Осы ретпен туып, атадан балаға жетіп, ел аузында сақталып келген көркем сөз өнерін, оның айтылу және орындалу ерекшеліктерін фольклор дейміз.
Ғылымда халық поәзиясын «фольклор», ал оны зерттейтін ғылым саласын «фольклористика» деп атайды. Неміс ғалымы Н. Ф. Кнафльдің анықтауынша бұл атау халық даналығы деген ұғымды білдіреді. Осы пікірді (Folk - халық, Іоге - білім, даналық) ағылшын ғалымы У. Дж. Томс та дамыта түсіп, фольклорды ел арасында туған өлең-жыр, ертегі, аңыз, түрлі наным-сенімдерді жинақтайтын термин ретінде ұсынған.
Фольклор оның мәні туралы Н. П. Андреев, Е. В. Аничков, Ф. И. Буслаев, Л. Н. Веселовский, В. Ф. Миллер, Е. Г. Кагаров, Ю. М. Соколов, В. Е. Гусев, В. Я. Пропп, В. П. Аникин, Ю. Г. Круглов, П. Г. Богатырев сияқты көптеген шетел фольклористері де ғылыми пікір айтып, ой қозғаған. Мысалы, белгілі ғалым Н. П. Андреев фольклор материалдарының тарихшы, этнограф, тілші-лингвист және әдебиет тарихын зерттеушілер үшін аса маңыздылығын айта отырып, оны халық тұрмысымен тығыз байланыстырады. Б. Н. Путилов та фольклорды халықтың (ұжымдық) тұрмыстық әлеуметтік және өндірістік қатынастарымен сабақтастыра сөз етеді[2] . Рас, Б. Н. Путилов фольклорды әдебиетпен де жақындастырады. Алайда оны бір ғана көркем сөз ретінде емес, түрлі сипаттарды бойына жинаған синкреттік өнер ретінде бағалайды. Е. В. Аничков фольклорды діни нанымдармен байланыстырса, В. Ф. Миллер әтнографиямен жақындығын сөз еткен.
Осы сияқты көптеген пікірлерді ескере келгенде, фольклор шығармаларына бір ғана тұрғыдан сыңаржақ баға берудің ұтымсыздығы көзге түседі. Фольклор туындыларына біржақты баға берудің нәтижесі оның әстетикалық табиғатына қайшы келетінін В. Е. Гусев те атайды.
Фольклор шығармаларының табиғаты туралы М. К. Азадовский, Ю. М. Соколов сияқты көрнекті ғалымдар да ғылыми тұжырымдар айтқан. Өзінің «Фольклор как коллективное творчество народа» (М., 1969) деген еңбегінде В. П. Аникин бүгінгі фольклористика ғылымындағы екі түрлі ғылыми концепцияны анықтай отырып, Ю. М. Соколов - М. К. Азадовский бағыттығына қарсы уәж айтыпты. Ол қандай бағыттар? Алғашқысы - фольклорды әдебиеттен бөлмей, қатар қойып зерттейтін (Азадовский, Соколов), соңғысы - фольклор шығармалары мен әдебиет туындыларының арасына меже қоятын (Белииский, Буслаев, Миллер) бағыттар[3] .
Орыс, кеңес фольклористикасында туған түрлі ғылыми пікірлерді бұлайша топтастырудың өз орнында жүйелілік сипаты болуға тиіс. Алайда бұл тұста кейбір ғалымдардың фольклор шығармаларының мәні туралы айтылған бір ғана пікіріне сүйеніп, олардың дәл осы мәселе төңірегіндегі басқа да тұжырымдарын елемей, ескермей кетушілік де бой көрсетіп отырады. Мысалы, В. П. Аникин сын семсеріне алатын Ю. М. Соколов
әдебиетті фольклормен, фольклористиканы әдебиеттану ғылымымен байланыстыра отырып, олардың табиғаты бөлек екенін де теріске шығармайды. Атап көрсетер болсақ, өзінің «Значение фольклора и фольклористики (в реконструктивный период) » - деген еңбегінде ол халық поәзиясының маңызды, бір буыны ретінде фольклор туындыларын атай отырып, оған әдебиеттану және өнертану ғылымдарының методологиясын қолданудың қажеттілігін баса көрсетеді. Бұл тұста ғалымның мұндай тұжырымы оның фольклор мен әдебиеттің бірлігі жайындағы пікірінен көп бұрын айтылғандығын да ескеру қажет сияқты. В. П. Аникиннің осы бір пікірін қазақ зерттеушісі Б. Абылқасымов та дамытып, Ю. М. Соколовтың «фольклор әдебиеттің бір бөлігі болса, фольклористика - әдебиеттанудың бір бөлімі» деген тұжырымын келтіріпті. Автордың бұл бағытқа Н. П. Андреевті жатқызуы да сыңаржақ пікір. Өйткені ол 1934 жылы жариялаған «Проблемы истории фольклора» деген мақаласында фольклорды халық тұрмысымен тығыз байланыстыра сөз еткенді. Оны жоғарыда айтып өттік.
Фольклор жанрлары туралы В. Я. Пропптың пікірлері де жанды. Ол бір халықтың фольклорына тән жанрларды екінші бір елдің фольклор мұрасына қолдана салудың айтарлықтай нәтиже бермейтіндігін айта отырып, үш түрлі межені анықтайды. Олар: а) фольклор шығармаларының поэтикасын зерттеу; ә) фольклордағы халық тұрмысымен байланысты жанрларды анықтау; б) олардың орындалу тәсілдеріне (формасына) жете көңіл бөлу[3] .
Осы айтылғандарға фольклор шығармаларының тағы да бірнеше сипатын қосуға болар еді. Олар - фольклордың коллективтік және ұлттық сипаты, варианттылығы, дәстүрлілігі, тарихилығы және ауызекі дамуы.
Халық поэзиясын көпшіліктің өзі тудырғандықтан. Ол елдің тұрмыс-тіршілігімен тығыз байланыста болған. Әр ел өз басынан өткерген оқиғаларды құмарта жырлайды. Олай болса, фольклор шығармалары өзінің тарихилығы жағынан авторлық сипаты бар кез келген туындыдан анағүрлым шыншыл, әсерлі де көркем. Сол жырларға қарап, елдің әдет-ғұрпын, ой-сапасы мен түрлі сезімдерін дәл танып білуге болады. Қазақ фольклорының тарихилығының басты бір көрінісі осында[4] .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz