ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ САЯСИ ПАРТИЯЛАРДЫҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ - ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘРТЕБЕСІ


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 64 бет
Таңдаулыға:   

Қостанай мемлекеттік педагогикалық Институты

Тарих факультеті Әлем тарихы кафедрасы

Қорғауға жіберілген

кафедра меңгерушісі, проф. Рубенштейн Е. Б.

Нығмет Жанбота Әбдіхалелқызы

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ САЯСИ ПАРТИЯЛАРДЫҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ - ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘРТЕБЕСІ

Диплом жұмысы

Ғылыми жетекшісі

Аға оқытушы Нурбаев Ж. Е.

Қостанай 2006

Кіріспе

Қолданыстағы Конституция - біздің негізгі заңымыз. Сондықтан да ол Қазақстан қоғамының даму заңдылықтарының жоғары құқықтық көрінісі болып табылады. Басқаша айтқанда, бұл біздің басқа да заңдарымыздың көшбасында тұрған Ата заңымыз.

Ел тәуелсіздігінің бастапқы қиын-қыстау кездерінде, тарихилық жағынан және практикалық тұрғыда, экономикалық және әлеуметтік дағдарыстарды, қылмыстың өршуін, қаржылық және басқа да шиеленісті жағдайларды жоюға Конституция іс жүзінде көмектесіп, одан кейінгі жылдарда да мемлекетімізде өз қызметін атқарып келеді. Ата - заңды арқау еткен Қазақстан қоғамы дамуының соңғы он жылында ол қол жеткізген жетістіктердің бәрі Конституция рухына сәйкес жүзеге асырылғанын өмірдің өзі көрсетіп отыр. Бұл жылдары осы заманғы мемлекеттік механизм және құқықтық жүйе құрылды, тиімді экономиканың негізі қаланды. Адамның құқықтары мен бостандықтары, бәсекелестік пен саяси көптүрлілік, көппартиялық жүйе қамтамасыз етілді. [1. 11-бет]

Немістің белгілі ғалымы Р. Дарендорф: постсоциалистік кеңістіктегі жүріп жатқан өзгерістердің мәні социализмнен капитализмге өтуде емес, керісінше, үнемі дүниеге келіп отыратын баламалар механизмін зерттеу сынды ашық коғам құрумен байланысты деген болатын.

Өтпелі қоғамдағы саяси құбылыстар ағыны легитимділіктің үздіксіз дағдарысымен айқындалады. Өкіметтің қарапайым азаматтардың мүдделеріне нұқсан келтіріп, бұрмалауы халықтың мемлекеттен іргесін аулақ салуын күшейте түседі. Осының нәтижесінде реформалардың әлеуметтік негіздері тарылып, саяси биліктің тұрақтылығы әлсірейді. Халықты еңбекке жұтылдырудың тиімді механизмнің болмауы, саяси билік дағдарысын сапалық тұрғыда бұдан да жоғары деңгейге көтерді. Сонымен алды-арты жоқ тұйыққа тірелгендей әсер қалыптасты: бір жағынан өзін-өзі реттейтін қоғам құруға бағыт алған мақсат жария етіледі де әлеуметтік-саяси процесстерді реттеуші әкімшілік-басқару механизмдерін қарату тетік алады. Ал, бір жағынан социумның өзін-өзі реттейтін механизмдері әлі қалыптасып үлгірген жоқ, олардың дүниеге келіп көптеген қиыншылықтарға тап болды. Оң тұрғыдағы құбылыстарға қарағанда сол тұрғыдағы (деструктивтік) процесстер белең ала бастайды. Терең дағдарыспен бетпе-бет келген саяси жүйенің дағдарысқа қарсы тиімді механизмдерінің жоқтығы сайып келгенде, реформалардың әлеуметтік тарауларынан жиілінше күшейте түседі.

Осындай себептерге байланысты халықты жұмылдыру механизмдерінің маңызы арта түседі, олардың мүдделерін артикуляциялау (жіктеп, айқындау) және агрегирландыру (маңызын арттыра түсу) мен оны шешіп қабылдайтын орталықтарға жеткізудің қажеттілігінен туындайды. Бұл істі неғұрлым тиімді түрде атқарушылар, сөз жоқ - саяси партиялар.

«Конституция» деген сөз (consolidatio - латын сөзі) мықтау, бекіту, біріктіру деген мағынаны білдіреді. Әлдебір бірлестіктерді, жеке адамдардың, топтардың одағын немесе ұйымдарды нығайтуға болады. Мәселен, халықты, ұлтты, адамдардың күш-жігерін, сондай-ақ демократияны, қоғамның саяси жүйесін, т. б. топтастыруға, біріктіруге болады.

Топтау руханилық, идеялық, ұлттық болуы мүмкін. Қазақстанның прогресс жолымен алға жылжуында ұлттық топтасудың зор маңызы бар. Р. Қадыржановтың пікірі бойынша, Қазақстан үшін ұлттық бірігу «Қазақстанның қазіргі тұрғындарының қазақ этносы айналасында интеграциялық негізінде тұтас этносаяси қауымдастыққа айналатынын білдіреді». Мұндай қауымдастық қазіргі заманғы әдебиетте ұлттық мемлекет деп аталады. [2. 70-бет] .

Егер Қазақстан Республика аумағында қазақтармен бірге жүзден астам ұлттардың өкілдері өмір сүріп жатқан көп ұлтты мемлекет болып табылатындығын ескерсек, бұл оңай міндет емес.

1999 жылы халық санағының қорытындылары бойынша, Қазақстан Республикасында 14953126 адам тұрады. Олардың ішінде қазақтар - 79885039 адам, орыстар - 4479618, украиндар жарты миллионнан астам, өзбектер - 370663, немістер - 353441, татарлар -248952, ұйғырлар - 210339 адам болды. Сонымен бірге Қазақстан республикасында белорустар, корейлер, әзірбайжандар, поляктар, дүнгендер, курдтар, шешендер, тәжіктер, молдавандар, ингуштар, мордвалар, армяндар, гректер, қырғыздар, болгарлар, лезгиндер, еврейлер, түрікмендер және басқа ұлт өкілдері тұрып жатыр. Соңғыларының саны да барынша жоғары. Мысалы, 1999 жылы халық санағының қорытындылары бойынша, Қазақстан Республикасында 111926 белорус, 99567 корей, 76295 әзірбайжан, 47297 поляк, 31799 шешен, 36945 дүнген, 16893 ингуш, 23224 башқұрт, 12703 грек, 32764 курд, 19456 молдаван, 14758 армян, 6915 болгар өмір сүрді. Осы көрсетілген ұлттардың өзге 2 астам басқа ұлт өкілдері бар.

Өзінің «Қазақстанның болашағы - қоғамның идеялық бірлігінде» деген еңбегінде Н. Ә. Назарбаев: « Біздің міндетіміз - қоғамның көп этникалық тұрақты - топтастыратын факторға айналдыру» деп атап көрсетті. [3. 71-бет] .

Бұл міндетті жүзеге асыруда ұлтаралық келісімді қамтамасыз ету және ішкі ұлттық бірлікті нығайту маңызды роль атқарды. Ұлттық топтастыру диаспорларды біріктіруге қазақ ұлтының рөлінің үнемі өсуімен қатар жүреді. Бұл ролдың мәнін Президент Н. Ә. Назарбаев ашып көрсетті: «Бүгіндері қазақ халқына жауапкершілікті миссия - біздің елде тұратын басқа ұлт өкілдерімен бірге қоғамдық тұрақсыздықтың кез келген мүмкіндігіне жол бермейтін бірігу мен топтасуға жол ашатын ахуал орнату жүктелген». [4. 114-бет] .

Қазақстан қоғамдық-саяси ахуалы тұрақты аймақ деп аталады. Қазақстан республикасында тұрып жатқан ұлттар арасындағы достық пен өзара түсіністік тек Президенттен, Парламенттен, Үкіметтен бастап, барлық мемлекеттік органдардың қызметімен ғана қамтамасыз етілмейді. Республикадағы тұрақтылықты қамтамасыз етуде азаматтар, олардың қоғамдық бірлестіктері де маңызды орын алады. Бұл жағдайда мақсаттары қоғамның барлық қабаттарына катысты өзекті мәселелерді шешуге ықпал ету болып табылатын саяси партияларға ерекше орын беріледі.

Қоғамдық саяси институттар құрылымының белгілі бір әлеуметтік топтар мен таптар мүдделерін қамтамасыз етуге жетекші роль атқаратын саяси күштерінің бірі - саяси партиялар. Алмондтың дәлелдеуінше, «қазіргі дамыған саяси жүйедегі саяси партиялардың бастапқы және ерекше қызметі - нақтылы бөлінген саяси мүдделерді біріктіру қызметі, ал өз кезеңде бірігу бұл мүдделерді түйсінуден шағын салыстырмалы саяси балама жасау нәтижесінде болатын процестің (саяси) аралық кезеңі болып табылады». [5. 224-бет] .

Олай болса, Қазақстандағы көппартиялық жүйе өзінің халықпен байланыс коммуникациясын қалай қалыптастырып, жүзеге асырып отырғандығы жөнінде талдау жасай кетсек:

Қазақстан республикасы тәуелсіздігін алғаннан бері қатынастарында ықпалды бәсекелестерді дамыту жолында саяси ұйым құру мен оның бәсекелестігін күшейтуде көптеген шараларды жүзеге асырып келді: көппартиялық жүйені қалыптастыру, демократиялық принциптер негізінде Парламентте жетекші коғамдық - саяси ұйымдардың фракциясын калыптастыру және т. б. алайда олардың халық арасындағы беделге ие болуы шағын мүдделі топтың аясынан аспай отырғаны белгілі. Оған басты себеп саяси - коммуникациялық байланыс жүйесінің нашар дамуы, партиялар кұрамының өзара тұтастығының, идеялық бірауздылығының, саяси компоненттілігінің төмендігі, сондай-ақ партиялық имидждің қалыптасуы болса керек.

Қазақстандағы саяси партияларды құрылған күннен бастап бірден ықпалды саяси күшке айналтады деп кінә тағуға да болмас. Біз білетіндей саяси партиялар мен мүдделі топтар пайда болған күннен бастап-ақ, ұзақ уақыт өзінің даму эволюциясынан өтіп келді. Олардың саяси процестегі қызметі мен ролінің сипаты да өзгерді. Яғни басты мәселе институттардың саяси қызметі мен ролінің функциональды жүйе талайының ықпалымен қалыптасатындығында болып отыр. Бұл деген сөз - саяси партиялар мен мүдделі топтардың, сондай-ақ басқа да саяси институттардың пайда болуы тек қана функциональды қажеттіліктің нәтижесінде өмірге келеді дегенді дәлелдей түспек. Олай болса, саяси партиялардың пайда болуы, жаңа әлеуметтік топтың, біздің қоғам жағдайындағы өкілдік басқару институттардың пайда болуы мен жалпыға бірдей сайлау құқығының қалыптасуымен байланысты.

Қазіргі таңда қоғамдағы ақпараттық - психологиялық жетістіктердің дамуы белгілі бір саяси принципті жүзеге асыру құралына айналып отыр. Бұрынғы уақыттарда саяси жағдайларды анықтау үшін азаматтарға алдымен қандай да бір ақпарат алуға мүмкіндік беретін іс-әрекеттерді: партиялық жиналыстарға неше митингтерге катысу, партиялық баспаларды сатып алу сияқты процестерді жүзеге асыру қажет болды. Қазіргі таңда теледидар жағдайы тұтаспай өзгертті - ол барлық саяси ақпараттарды қамти отырып, әрбір үйде пайда болды. Ендігі кезекте пікірлестерін табу үшін партиялық жиналыстарға қатысудың қажеті де шамалы, одан да қажетті теледидар арасын таңдау жеткілікті. Бұл мәнде саяси партиялардың алдында ақпарат жүйесінде, баспа және теледидар кеңістігінде еркін бәсекелестікті күшейту проблемасы түр. Бұл жағдай саяси коммуникация мүмкіндігінің таралуы мен даму факторын анықтайтын объектісі деп тауып алу функциясын жүзеге асыруды талап етеді. [6. 55-бет] .

Қазақстан республикасы тәуелсіздік алған уақыттан бері еліміздің саяси даму құрылымында айтарлықтай өзгерістердің орын алғандығы белгілі.

Атап айтқанда, бір ғана коммунистік партия үстемдік жүргізген тоталитарлық жүйеден, қоғамыздағы әр алуан көзқарастар мен пікірлердің бағыты мен бағдарын айқындайтын және оны жүзеге асыруды мақсат тұтқан бірнеше саяси партиялар мен қоғамдық құрылымдар дүниеге келіп, жұмыс істей бастады. Бір партиялар кәсіптік бағдарды өз қызметінің негізіне алса, екіншілері ұлттық мүддені, қайсыбірі жеке тұлғалардың шашбауын көтеруді көздеді. Мұны біз қоғамымыз жылдар бойы арттан өткен демократияның алғышарттарының бірі деп қабылдады. Ертеңнен кейінгі көктей қаулаған ондаған партияның ішінен өз сұранысына, өмірлік қажеттілігіне, кәсіптік талабына толыққанды жауап беретін саяси ұйымды таңдап алудың өзі тоталитарлық жүйенің тоз-тоз болып шыққан азаматтарымыздың саяси сауаттылығының деңгейін тексеруге арналған емтихан іспеттес еді.

Дегенмен де, билік құрылымы мен қатынастары жүйесінде саяси партиялар институтының өзіндік орны бар екендігін көпшілігіміз мойындағандай болдық. Содан болса керек, қоғамыздағы көзқарастары мен мүдделері сәйкес келетін азаматтар ортақ саяси ұйым құрып, мақсаттарын жүзеге асыруға белсене кірісіп жатты. Осындай мақсатта, ортақ мүддені арқау еткен біраз азаматтар бас қосып еліміздің өндірісшілерін, қарапайым жұмысшылары мен мамандарын бір тудың астына біріктірген Қазақстанда саяси партиялардың тұсаулары кесілгені баршамызға белгілі. [7. 13-бет] .

Сондықтан Қазақстан тұрғындарының арасында саяси партияға деген сенімділікті арттыру, олардың қызметін тиімді, ал оларды ықпалды саяси күшке айналдыру үшін конституциялық - құқықтық негіздердегі кемшіліктерді жою керек.

Тек, конституциялық - құқықтық негіздерді реттеу ғана Қазақстанда көппартиялық жүйенің қалыптасуына, билік органдарындағы саяси партиялар қызметінің табысты болуына, тұрғындардың әртүрлі топтарының мүддесін қорғауға жағдай жасайды. Сонда ғана партиялар еліміздің саяси үрдістің демократиялануы үшін қажетті саяси бәсекелестік пен тұрғындардың саяси катысуын қамтамасыз ететін құрылымға айналады.

Енді аталмыш тақырыпты бастамас бұрын оның тарихнамасына тоқталатын болсақ:

Қазақстан Республикасындағы саяси партиялар жөнінде және олардың конституциялық - құқықтық мәселелері жөнінде ғылыми әдебиеттерде, баспа беттеріндегі мақалаларда, бұқаралық ақпарат құралдарында, қоғамдық пікірде үнемі назарда болып, көтеріліп, талқыланып қазақстандықтар тарапынан ықыласпен, аса бір мүдделілікпен көрінетіні белгілі. Қазақстанда бұл жөнінде бірнеше еңбектер жарыққа шықты, әсіресе 1994 жылдан бастап, 2005 жылдар аралығында жазылған еңбектер турасында айтар болсақ, мысалы: Қазақстандағы стратегиялық Даму институтының мамандары Сатпаев Д., Махмутов А., Карин Е. т. б. жазған еңбектері (көбінесе, мақалалар. Оның ішінде аналитикалық - сұрыптаулар, болжамдар, талқылаулар т. б. ), сондай-ақ Қазақстандағы саяси партиялардың көшбасшылары -А. Байменов, А. Жағанова, Ж. Тұяқбай, А. Перуашев, Ғ. Қасымов, С. Әбдилдин т. б. көзқарастары, пікірлері т. б. айтылған еңбектер, Х. Абжановтың, Қ. Нүрпейісовтың, С. Зимановтың, Ч. Мусиннің, М. Машанның т. б. Қазақстандағы «Алаш», «Үш жүз» т. б. сияқты партиялардың пайда болуы, және де олардың қалыптасу тарихы т. б. еңбектері.

Жалпы, Қазақстан жеке өз алдына тәуелсіздікке ие болған алғашқы жылдары (90-шы жылдардың басында) саяси партиялар дүниеге келіп, қоғамда бірталай резонанстар туғызғаны белгілі, соған байланысты оқиғалар қағаз бетіне түскені белгілі. Яғни, ол жөнінде құжаттар мен деректер (Қазақстан Республикасының «Саяси партиялар туралы» Заңы. 17. 07. 2002ж. ) өмірнамалық - мемуарлық еңбектер (Абилов Б., Байменов А., Жандосов О. «Вместе во имя настоящего и будущего Казахстана». А. 2003г. ), Қазақстандағы саяси партиялардың бағдарламалары т. б.

Сондай-ақ, ең әрі маңызды деген Заң шығаруды актілер жинақталған, соның ішінде - Қазақстан Республикасының «Сайлау туралы» Конституциялық Заңы («Жеті Жарғы», А. 2004ж. ), Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі (27. 12. 1994ж, өзгертулерімен 13. 10. 2003ж. ), Қазақстан Республикасының «Коммерциялық емес ұжымдар туралы» Заңы (16. 01. 2001ж., өзгертулерімен,

толықтыруларымен 16. 05. 2003ж. ), т. б. еңбектерін пайдаландық.

Бұл жердегі Нүрпейісов К., Озғанбаев Ө., Қойгелдиев М. т. б. Қазақстандағы XX ғасыр басында дүниеге келген «Алаш» сияқты партиялардың көтерген мәселелері, бағдарламалары т. б. осы күндері де өз мән-мағынасын жоғалтқан жоқ. Тіпті, елдің - ел болып, ұлттың - ұлт ретінде қалыптасуына көмегі де болды.

Қуандық Е. С., Жамбылов Д. т. б. «Саясаттану негіздері» оқулықтарындағы («Ел орда», Астана 2000ж) . Қазақстандағы саяси партиялардың конституциялық - құқықтық мағына - мән беріліп айтылған, жазылған тұстарына үңіліп, өзімнің тақырыбына байланысты деген тұстарына тоқталып, қажетті деген тұстарыма тоқталып, жазып шықтым. Әрине, ол еңбектердің (соның ішіндегі деректер, зерттемелер, оқулықтар және мақалалар) саяси астарына жете үңіліп, оның ұстанған бағыттарына, олардың (көшбасшыларының) іс-әрекеттеріне мән беруге тырыстым. Сонымен, біздің диплом жұмысымыздың мақсаты:

Біріншіден, жалпы саяси партиялардың коғам өмірінде алар орны. Оның ел экономикасы мен саясатының ілгеріленуіне байланысты түпкілікті мәселелеріне тоқталу болса,

Екіншіден, Қазақстандағы саяси партиялардың мысалынан келтіре отырып, оның конституциялық - құқықтық жақтарына терең үңілу;

Осыған байланысты мынандай міндеттердің өз-өзінен туындайтыны белгілі;

Біріншіден, Қазақстандағы саяси партиялардың шығуы мен қалыптасуына жете мән беру, яғни оның құқықтық негіздеріне үңілу,

Екіншіден, саяси партияларды конституциялық - құқықтық шеңберде ретке келтіру, оның ішінде елдегі көппартиялық жүйенің қалыптасуына, саяси партиялардың ұлт мүддесін білдіруі және олардың сайлауға түсуі жағына тоқталу;

Диплом жұмысының құрылымы: кіріспеден, екі тараудан (бірнеше пунктерімен) және қорытындыдан тұрады (сілтемелер мен пайдаланылған әдебиеттер тізімін қоспағанда) .

1. Қазақстан республикасындағы саяси партиялардың шығуы және қалыптасуы

90-шы жылдардың басында қоғамды демократияландыруда халық депуттары Кеңесінің Заң шығару қызметі маңызды роль атқарды. Бұл салада шақырылған Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесі (1990 жылдың он екінші сәуірінде) жетекші орын алды. 1990-1991 қабылданған республика заңдарында әрбір адамның мұқият зерттеліп жасалған, құқықтық және әділетті процедуралар арқылы заң жүзінде бекітілген бостандықтары мен адамгершілік қызметтерін көрсетуіне қажетті жағдайларды қамтамасыз етуге зор көңіл бөлінді. Қалыптасқан шындық жағдайдың талаптарына сай республика заңдарын жаңарту, құқықтық мемлекет құру жолындағы елеулі қажет болды. Заңдар Қазақстанның саяси және экономикалық егемендігін іс жүзінде нығайтуға, демократия жолына бүкіл саналы күштерді топтастыруға бағытталды. Олар азаматтардың құқықтарын едәуір кеңейтіп, республиканы мекендейтін барлық ұлттар өкілдерінің тілегіне жауап беретін еді.

Елде іске асып жатқан демократиялық өзгерістер бұқара халық арасында әр түрлі көзқарастың, түрлі коғамдық пікірлердің ашық айтылуына және бірқатар саяси партиялар құрылып, олар кеңінен дамып өрістенуіне жағдай жасалды.

Алғашқылардың бірі болып құрылған - Қазақстан Социал - демократиялық партиясы алдына мынадай мақсат қойды: республикалық парламент сайлауына қатысып, оның өздерінің өкілдерін депутат етіп өткізу еді. Бұл партия қоғамдық өмірге белсене араласып, оның материалдық және рухани дамуына өздерінің лайықты үлесін қоспақшы болды. Сондай-ақ партия коғамдағы жеке меншікті мойындады және өзінің қызметінде кәсіпкерлікті қолдап отыруды көздеді. [1. 305-бет]

Кейін, «Азат», «Алаш», «Желтоқсан» т. б. саяси қозғалыстар пайда болды. Бұның өзі Қазақстанда көп партиялық жүйесінің және тоталитаризмнен демократияға көшу кезеңінің бастамасы болды.

Жаңадан құрылған саяси партиялар мен қоғамдық қозғалыстардың алдында демократиялық жолмен, Конституция талабына сай қызмет ету мақсаты қойылды. Олар парламенттік партияларға айналу, сайлаушылардың көп дауысына ие болу үшін күрес жүргізді. Бұл саяси партиялар мен қоғамдық қозғалыстар тең құқықтық жағдайда өзара түсінбеу келісу арқылы байланыс жасап отыруға тырысты.

90-шы жылдардың басында Қазақстанның қоғамдық ұйымдарында да сапалық жаңа өзгерістер іске асты. 1991 жылдың қазан айында Қазақстан комсомолының кезектен тыс XVIII съезі өтті. Онда Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстарының делегаттары алдағы бірнеше айды өтпелі кезең деп жариялап, осы уақыт ішінде жастардың жаңа қоғамдық ұйымын құру ісін бастауды ұсынды. Бірақ съезд делегаттарды бұл ұсынысты қабылдамай, республика комсомолын Қазақстанның жастар одағына ауыстыру жөнінде шешім қабылдады. Оның алдында республика жастарының құқықтары мен мүдделерін қорғау міндеті қойылды. Одан басқа республикада Қазақстанның мемлекеттік жастар Комитеті құрылып іске кірісті.

Осы кезде кәсіподақтың жергілікті, әсіресе, бастауыш ұйымдарының ролін көтеруге ерекше мән берілді. Олар өздерінің мүшелерінен жиналған қаржыларды ұжым қажетіне жұмсауға толық ерік алды. Қазақстан Орталық кәсіподақ комитеті және облыстық кәсіподақ комитеттері салалы кәсіподақ Кеңестері болып қайтадан құрылды. Кәсіподақ ұйымдарының басты қолы жеткен табысы - әр түрлі саяси және мемлекеттік ұйымдардан тәуелсіздік алу еді. Бұқара халық мүддесін қорғауда олар көптеген әлеуметтік-экономикалық мәселелерді мемлекеттік және шаруашылық органдарымен тең дәрежеде келісе отырып шеше алатын жағдайға қолдарын жеткізді. Сондай-ақ бұл жолдары әйелдер кеңесіне балама ұйымдар әдеттен тыс төменнен пайда болды. Солдат аналарының комитеті, Қазақстан мұсылман әйелдерінің лигасы, Көп балалы аналар, жануарлар одағы, «Айша», «Ақ отау», іскер әйелдер қауымдастығы т. б. басқа 220-дан астам дербес қоғамдық негізде бірлестіктер коғам үшін, мемлекет үшін айтарлықтай қызмет етті. [2. 307-бет] .

Әлем өркениетінде қалыптасқан партиялар әр түрлі негіздері бойынша - таптық белгілері, өкіметке, қоғамдық прогресске, басқару формаларына, наным-сенімдеріне және т. б. қатынасы бойынша сараланды. Партияларды әр түрлі негіздері бойынша былай бөлу көбіне-көп шартты, ол өзгеріп отыруы да мүмкін.

1. Әлеуметтік белгілері бойынша: буржуазиялық, шаруа, жұмысшы (коммунистік), социал-демократиялық.

2. Қоғамдық прогресс бойынша: радикалдық (революциялық), яғни коғам өмірінің кұрылымын сапасы жағынан кайта өзгертуге ұмтылатын партиялар:

а) реформистік - қоғамының негізгі құрылымдарын сақтай отырып, әлеуметтік-экономикалық реформалар жасау арқылы едәуір өзгертуге бағытталған партиялар;

ә) консервативтік - өз кезіндегі әлеуметтік өмір шындығының негізгі сипаттамаларын сақтауға ұмтылатын партиялар;

б) реакциялық партиялар - олардың мақсаты қоғам дамуының алдыңғы кезеңдерінің құрылымына ішінара не толық қайтып оралу болып табылады.

3. Басқару формалары мен тәсілдері бойынша: либералдық, демократиялы, диктатуралық.

4. Үкіметке қатысы бойынша: билеуші, оппозициялық, бейтарап (центристік) .

5. Наным - сенім бойынша: христиандық, исламистік т. б. Қызмет ортасының өлшемі тұрғысынан алғанда партиялар мынадай топтарға бөлінеді:

а) бір ортадағы өз қызметін бір ғана әлеуметтік ортамен шектейтін партиялар, бұлар саясат саласында оның мүддесін білдіреді.

э) жалпыға бірдей жалпы әлеуметтік не жалпы халықтық ортаға бағдарланған және қандай да болса бір әлеуметтік топта, тапта, жікте және т. б. ықпалға ие болуға ұмтылумен шектелмейтін партиялар.

Саяси партиялар қазіргі кезеңде мынандай міндеттерді атқарады:

а) ірі-ірі әлеуметтік топтардың іс-әрекетінің бағытын айқындайды, бағалы тұжырымдар жасайды;

ә) әлеуметтік топтардың белсенділігің арттыруға көмектеседі;

б) саяси идеология мен саяси доктриналар жасауға қатынасады;

в) саяси жүйелерді олардың ортақ принциптерін, элементтерін, құрылымдарын қалыптастыруға ат салысады;

г) мемлекеттегі билік үшін күреске және мемлекет қызметінің бағдарламасын жасауға қатынасады;

ғ) мемлекеттік билікті жүзеге асыруға қатынасады;

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасының конституциялық құқығының бірегей кешенді институты ретінде негіздеу
Саяси партияларды құқықтық тұрғыдан зерттеу
Саяси партиялар
Конституциялық құқықтың негіздері
Шет елдердің конституциялық құқығын. Дәрістер жинағы
Жеке тұлғаның, конституциялық құрылыстың, сайлау құқығының конституциялық құқықтық мәртебесі негіздері
Қазақстан Республикасы біртұтас, зайырлы мемлекет
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІКТЕРІНІҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ - ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘРТЕБЕСІ
Шетелдердің конституциялық құқығының пәні, қайнар көздері және жүйесі
Қазақстан Республикасында азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекет қалыптастырудағы қоғамдық-саяси институттардың конституциялық-құқықтық мәртебесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz