Кеңес тарихшыларының қазақ тарихын кезеңдеуі



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 49 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны
КІРІСПЕ 3
1. ТАРИX ҒЫЛЫМЫНДАҒЫ УАҚЫТ КАТЕОГОРИЯСЫ 9
1.1 Тарих ғылымындағы кезеңдеу категориясының қажеттілігі 9
1.2. Тарих ғылымындағы уақыт үйлесімділігі 15
2. ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫН КЕЗЕҢДЕУ ЖАЙЛЫ ОЙ-ПІКІРЛЕР 27
2.1 Кеңес тарихшыларының қазақ тарихын кезеңдеуі 27
2.2. Тәуелсіздік алғаннан кейінгі жылдардағы авторлардың қазақ тарихын
кезеңдеуі 32
3. Аманжол Күзембайұлы мен Еркін Әбілдің кезеңдеуі 48
3.1. Алғашқы оқулықтарында кезеңдеуі 48
3.2. Күзембайұлының әрі кезеңдеуін жетілдіруі 55
ҚОРЫТЫНДЫ 64
Пайдаланған әдебиеттер тізімі. 67

КІРІСПЕ

Зерттеу жұмысының өзектілгі.Қазіргі қоғамдық сананың барлық қырларын
тарихшылдықтың, яғни сананың тарихилануының жаулап алғаны соншалық, даулы
да күрделі мәселелерімен ерекшеленетін тарихты кезеңдеу қызу
пікірталастардың өзегіне айналды. Өйткені қазіргі заманның өз бойына
әлеуметтік жадымен сипатталатын өткен шақты да, болашақты бағдарлаумен
түсіндірілетін келер шақты да енгізетін осы шақты білдіретіні санаға сіңді.
Мәуелі ағаштың тереңге бойлап, құнарлы топырақтан нәр алатын тамырынсыз
жапырақ жайып көгермейтіні сияқты, жеміс бермейтіні сияқты қазіргі заман да
өткеннің тарихынан тағылым алып, сабақтастығын сақтамаса келешектен күдер
үзері сөзсіз.
Оның үстіне, қазіргі әлемде қалыптасқан әлеуметтік-мәдени ахуал,
адамның ментальдық болмысының дамуындағы қайшылықтар, рухани дамудағы
келеңсіз құбылыстар, сондай-ақ жаhандық қаржылық, экономикалық дағдарыстың
астарынан қоғамдық өмірдің барлық салаларын қамтыған рухани тоқыраудың бой
көрсетуі – осы үдерістердің барлығы адамзат дамуының келешегін болжауға
қатысты ғана емес, оның тарихына, тарихи санасы мен тарихи құндылықтарына
қатысты да зерттеулерге деген қызығушылықты тудырады. Бүгінгі жағдай
қоғамдық деңгейдегі болсын немесе жеке тұлғалық деңгейдегі болсын, арнаулы
ғылыми немесе бұқаралық санадағы болсын тарихи сананың мәні мен маңызын,
оның мазмұны мен құрылымын, қалыптасу тетіктері мен қызмет ету
заңдылықтарын теориялық тұрғыда ашып көрсетуді қажет етеді.
Қазақстан мемлекетінің тəуелсіздік алуы ғылымды жаңа өзгерістерге алып
келді. Сондықтан да Қазақстан тарихы ғылымына қоғамдық жаңа ұлттық
тарихымызды жазуға əлемдік тарих ғылымын да өткен дəуірлеу мен қазіргі
кезеңдегі тарихи құбылыстардың кезеңдік межелерін айқындау тəжірибесін
ескеру қажет бола бастады. Кезеңдеу – тарихи процестерді сараптау құралы
ретінде қызмет ететіні белгілі. Сондықтан да ол ең алдымен тарихи дамудың
дəуірлері мен кезеңдерінің шартты белгілеріне қарай жіктеумен айқындалады.
Осыған сəйкес белгілі бір тарихи мерзім ішінде өндіргіш күштердің, қоғамдық
қатынастардың, қоғам ахуалының, мəдениетінің даму кезеңдері сараланып
шығады.
Алайда Қазақстан тарихын кезеңдерге бөлу қаншалықты күрделі болса,
соншалықты жүйеге түспеген мəселе. Атап айтсақ, ең алдымен тарихты зерттеп,
зерделеудегі əдіснама (методология) мəселесі толық шешіліп біткен жоқ.
Тəуелсіздік алған кезден бастап біз кешегі еуроцентристік бағытқа
негізделген маркстік-лениндік əдіснамадан кеттік деп жарияладық, дегенмен
бұл əдіснама əлі мемлекеттік стандарттарда, оқулықтарда кездеседі. Тіпті
тарихшылардың өздері одан толық арылған жоқ. Қазір өркениеттік бағытты
ұстанамыз дегенмен, тарихты пайымдауда, зерттеуде, оқытуда бұл əдіснаманы
толық пайдаланып жүрген жоқпыз. Оған толық көшетін уақыт жетті. Сонда ғана
Қазақстан тарихының ақтаңдақ беттерін дұрыс түсінуге мүмкіндік аламыз.
Тарихты кезеңдеу – бұл бүгінгі ұрпақтың тарихи білімін жүйелеп, бір
ізге салады. Қазіргі кезде тарих ғылымы деректер мен түрлі ақпараттармен
толықтырылуда және де мазмұны жағынан ауқымды болып келеді. Сондықтан да
тарихи кезеңдеуде бұрын-соңды болмаған дүмпуі байқалуда, ал жалпы
адамзаттық деңгейде ақпараттық жаhандану үдерісін бастан кешіп отырмыз.
Бұл өзгерістер, өз кезегінде қазақ тарихын кезеңдеу мәселесін күн
тәртібінің алдыңғы қатарына шығарып отыр. Тарихи білім адамның ғылыми
дүниетанымының қалыптасуына, оның бойында адамгершілік мұраттардың егілуіне
ықпал етеді. Отанға деген сүйіспеншілік, оның өткені мен бүгінін мақтан
тұту патриотизм деп аталатын сезімдердің құйылысын тудырады.
Зерттеу жұмысының тарихнамасы. Кеңес дәуіріндегі жетпіс жыл бойы
халқымыздың өзіне лайық тарихы тұмшаланып айтылмай келгені, айтылса да
саясаттың ыңғайына қарай бұрмаланып, теріс түсіндіріліп келгені белгілі.
Шынайы тарихи дамуды түсіндіру амалдары маркстік-лениндік әдіснамаға сай,
тап күресін таңумен сипатталды. Кезінде тек еуразиялық аймақтың дамуына
ғана емес, әлемдік дамуға да өзіндік ықпалын тигізген Қазақстан мен Орталық
Азиядағы үш мыңжылдық көшпелі мәдениет еуроорталықтық көзқарастағы
әдебиеттерде алғашқы қауымдық, жабайылық ретінде қарастырылып, ұлттық
тарихтағы өркениеттік, мемлекеттік дәстүр жоққа шығарылды. Қоғамдық және
мәдени дамудың батыстық үлгіден түбірлі айырмашылықтары ескерілмеді.
Қазақстанның Ресейге кіруінің себеп-салдары асыра дәріптелді, оның
отаршылдық саясатының астарлары бүркемеленді.
Эволюциялық теорияны жақтайтын американ ғалымы А. МорганДревнее
общество еңбегінде адамзат тарихын үш фазаға: (жабайлық, варварлық,
өркениеттік) бөлінеді дейді[25].Кобрин В.Б., Леонтьева Г.А., Шорин П.А.
Вспомагательные исторические дисциплины: Учеб. пособие для студентов атты
еңбектерінде гректің хронос (уақыт) жəне логос (сөз, ілім, ғылым)
сөздерінен құралған хронология мақсаты мен міндеттері болса қосалқы
тарихи пəндерде толымды түрде баяндалған[18]. Әлемдік ғылымда тарихи
процестің уақыттық аспектісін типологиялау үшін эволюциялық және циклдық
әдістерді қолданатыны белгілі. Циклдік әдісті қолдаушы белгілі ғалымдар О.
ШпенглерЗакат Европы[61] және А.Тойнби Постижение истории[30] деген
еңбектеріндетарихи процесс тұйық цикл бойынша айнала береді дейді.Кез-
келген процестің көтерілуі бар, ол өзінің даму шегін жетіп гүлденеді де,
келесі сәтте құлдырайтын көрінеді. Сондықтан тарихты кезеңдеудің
қажеттілігі жоқ. Тарих дегеніміз белгілі бір біріне-бірі ұқсамайтын
өркениеттердің орын ауыстыруы. Тойнбидің айтуынша көшпенділер өркениеті
томаға тұйық күйінде, тарихтың даму көшіне ере алмай қалған халықтардың
қатарына жатады екен.1970 Вишняцкий Л.Б. Периодизация как средство
ориентации в археологическом времени (на примере Средней Азии и
Казахстана)проблемы палеолита и мезолита Волго-Уралья аймақтық
конференцияда берген мақаласында кезеңдеуді әдістемелік бағыттарын
қарастырған[49].Қазақтың ежелгі жəне ерте орта ғасырлар тарихын қытай жəне
гректер, таңдамалы орта ғасырлар тарихын араб, парсылар, соңғы орта
ғасырдан бергі тарихымызды орыстар жазды. Олардың ішінде тарихқа адал
көзбен қарағандары да жоқ емес, бірақ көпшілігі біздің тарихтан өз
мүдделерін іздеді. Нəтижесінде қазақ тарихын ежелгі түркілік қайнарларынан
(Сақ, Үйсін, Қаңлы т.б.) бөліп жарған шолақ қорытынды жасалды да тарихтың
сабақтастығы үзілді. Мұндай қорытындылар тек шетелдік тарихшылар ғана емес
Мұхамеджан Тынышпаев История казахского народа,атты еңбегінде
көрсетеді[31],Санжар Асфендияров еңбектері [38] жəне Қазақ ССР тарихының
бес томдығында орын алды[73].Еліміз тəуелсіздік алғаннан кейін кезеңдеу
мəселесін алғаш рет əрі кешенді түрде көтерген тарихшы професор Аманжол
Күзембайұлы болды.Тәуелсіздік алған алғашқы жылдарда Қазақстан Республикасы
Білім министрлігінің аясында жарық көрген жоғары оқу орындарының
студенттеріне арналған оқулығында ол қазақ тарихын кезеңдеудің жаңа
концепциясын ұсынды.История дореволюционного Казахстана[19]. Оқулықта
алғаш рет кезеңдеу мәселесіне арнулы тарау берілді.Аманжол Күзембайұлы мен
Еркін Əбіл [20] өз еңбектерінде мынадай кезеңдестіруді ұсынды: 1) тарихқа
дейінгі кезең (3 млн.- б.з.б. ҮІІІ ғасыр); байырғы тарихқа дейінгі
(протоисторический) немесе ежелгі дəуір (б.з.б. ҮІІІ ғасыр – б.з. Ү
ғасыры). Одан кейін орта ғасырлар, жаңа заман, т.с. с. Жалғасып кете
береді. Бұл авторлар көне заманды ең соңғы мəліметтер бойынша 3 млн. жылға
дейін апарған еді.Кезеңдеу мәселесін қолға алған ғалымдардың қатарында
академик ағамыз Манаш Қабашұлы Қозыбаев болды. Ол өзінің Ата тарихы туралы
сыр атты дүниежүзі қазақтарының тұңғыш құрылтайында оқыған баяндамасында
[22]. Қазақстан тарихын тоғыз асқарлы белестерге бөлген еді. Алматыдағы
ғылым баспасынан шыққан Манаш Қабашұлы Қозыбаевтың Тарих зердесі (замана
асуы) атты еңбегінің 1-кітабынан ақпараттар алынды[24].Кезеңдестіру
мəселесін өз ізденісіне арқау еткен ғалымдардың бірі. Салават Кентбеков
Проблемы историографии и основные принципы периодизации истории
досоветского Казахстана аты еңбегінде[15] кеңестік заманға дейінгі негізгі
кезеңдестіру принциптері мен тарихнама проблемаларын кеңінен талдап кетті
де, кезеңдестіруді əлемдік тарихнамаға сай төрт бірлікке бөлді.1997 жылы
Москвада орыс ғалымдары И.М.Савельева мен А.В.Полетаевтың История и время
деген көлемді монографиясы жарық көрді[29].Əбдəкімұлы Ə. Қазақстан тарихы
(ерте дəуірден бүгінге дейін) деп аталатын оқу құралында кезеңдеу жолдары
берілген[4].Арынов Ж. Тарихты кезеңге бөлудің методологиялық-теориялық
мəселелері атты мақаласын Қазақстан жалпы адамзаттықтарихи ойлау аясында:
халықаралық Бекмаханов оқуларының материалдарының жинағында
жариялаған[37].Жолдасбайұлы С. Егемен Қазақстанға берген мақаласына
Тарихымызды дəуірлеу бұл үлкен жауапкершілікті талап етедідеген атаумен
кезеңдеудің жауапкершілік тұстарын қарастырған[52]. Профессор Аманжол
Күзембайұлы Манаш Қозыбаев және қазақ тарихын кезеңдеудің кейбір
мәселелері кезеңдеу жүйесіне талдау жүргізген[56]. Профессор Күзембайұлы
Аманжол. Қазақ тарихының Алтын Орда дәуірі (жаңа парадигмаға сәйкес)
Қостанай мемлекеттікпедагогикалық институтының жаршысында
жариялаған[55].Зерттеу жұмысында қарастырылған тақырыпта мазмұндас келетін
уақыт ұғымы Артыкбаев Ж.О. История Казахстана: Учебник для вузов деген
оқу құралында қарастырған[1].
Əбжанов Х. Отан тарихын кезеңдерге бөлу мəселелері атты мақаласын
отан тарихы журналында жариялаған[41]. Белгілі ғалым Л.Б.Вишняцкий
кезеңдестіруді уақытқа сəйкестендірілген классификация дей келе,
археологиялық кезеңдестірудің екі функциясы бар екендігін
айтады[49].Мухамадеев Т.М. К вопросу о периодизации истории Казахстана
мақаласында кезеңдеу таұырыбында кездесетін мәселелермен сұрақтар
төңірегінде ой өрбіткен[58].Əбжанов Х.М. Ұлт тарихының дəуірлері:
Методологиялық жаңаша пайым атты мақаласын Тəуелсіз Қазақстан тарихын
зерттеудің өзекті мəселелері атты конференция жинақтарында шығарды[42].
Қазақстан тарихы: инновациялық тұжырымдамалар мен дəуірлеу ғылыми танымның
басым бағыттарыхалықаралық ғылыми-тəжірибелік конференция материалдарында
кезеңдеу жайында деректер келтірген, зерттеулер жүргізілген[53].

Зерттеу жұмысының мақсатыҚазақ тарихын кезеңдеудің кейбір мәселлерін
жүйелеу және оның перспективалары мен тенденцияларын анықтау, оны жүзеге
асыру үшін келесі міндеттер қойылады:
- Уақыттың сызықтық кеңістігіндегі тарихи үрдістерді анықтау
- Тарих ғылымындағы уақыт үйлесімділігін саралау
- Тәуелсіздік алғанға дейінгі авторлардың кезеңдеу жайлы тұжырымдарын
сараптау
- Тәуелсіздік алғаннан кейінгі авторлардың кезеңдеу жайлы ойларын талдау

Зерттеу жұмысының деректік негізі Зерттеу жұмысының негізгі деректік
қорын кезеңдеу тақырыбында қалам тартқан зерттеушілердің еңбектері,
республикалық, облыстық кітапхана қорлары, Алматы, Астана, Қостанайдағы
телеарналар мен баспа беттеріне берген сұхбаттардан және де кезеңдестіру
туралы айтқан, ғалымдардан жиналып алынды. Және де Қазақ тарихына арналған
республикалық, облыстық, өңірлік интернет ресуртардан алынды. Кезеңдеу
тақырыбына қатысты арнайы зерттеу жүргізген отандық және шетелдік
авторлардың жазған монографиялары мен жасаған баяндамалары, берген
сұхбаттары талқыланды.
Зерттеу жұмысында пайдаланылған кезеңдеу тақырыбында қалам тартқан
зерттеушілердің еңбектерін келтіретін болсақ. Олар:Карамзин Н.М. История
государства Российского в 12-ти томах. т.І под ред. А.Н.
Сахарова[14].Чулошников А.П.Очерки истории казахского и киргизского
народа[34]. Санжар Асфендияров Большевик Казахстана[38].Морган Л.Г.
Древнее общество[25].Вяткин М. Очерки по истории Казахской ССР[7].
Қазақ ССР тарихы. І том[73]. Энгельс Ф. Происхождение семьи, частной
собственности и государства в связи с исследованиями Льюиса Г.Моргана
Маркс Карл и Энгельс Фридрих. Избранные произведения в 3-х
томах[62].Историография истории СССР с древнейших времен до
великойоктябрьской социалистической революции Под.ред.В.Е.Иллерецкого
иИ.А.Кудрявцева[10].Ежелгі дүние тарихы. II бөлім.
Под.ред.Ю.С.Крукшол[66].Қазақ ССР тарихы Көне заманнан бүгінгі күнге
дейін. Бес томдық[34].Хронология Под.ред.В.Л.Янина[33].Тойнби А.
Постижение истории[30].Күзембайұлы АманжолИстория дореволюционного
Казахстана[19]. Кляшторный С.Г, Сұлтанов Т.И. Казахстан. Летопись трех
тысячелетий[17].Шпенглер О. Закат Европы Самосознание европейской
культуры ХХ века[61].Қазақстан тарихы көне заманнан бүгінге дейін
(очерк)[75]Тынышпаев М. История казахского народа[31].Кант О. Основы
социологии.Ч.2[72]. История Казахстана с древнейших времен до наших дней.
Т.3[69]. ]..Қазақстан тарихы. Көне заманнан бүгінге дейін. Төрт томдық. 1-
том[75].Кобрин В.Б., Леонтьева Г.А., Шорин П.А. Вспомагательные
исторические дисциплины: Учеб. пособие для студентов ист. фак. пед.
интов[18].История Казахстана (с древнейших времен до наших дней). В пяти
томах. Том2[69].Яковец Ю.В. История цивилизаций[35].1997 жылы Москвада
орыс ғалымдары И.М.Савельева мен А.В.Полетаевтың История и время деген
көлемді монографиясы жарық көрді[29]. Ключевский В.О. Курс русской
истории. Сочинение в 9-ти томах[24]Савельева И.М. мен
А.В.ПолетаеваИстория и время[47].Қозыбаев М. Ата тарихы туралы үзік сыр.
Тарих зердесі Бірінші кітап[37].Қозыбаев М.Қ. Тарих зердесі (замана
асуы) 1-кітап[39].Соловьев С.М. История России с древнейших времен
Соловьев С.М.Сочинения в восемнадцати книгах[59].Кентбеков С.К. Проблемы
историографии и основные принципы периодизации истории досоветского
Казахстана: автореф. ... канд. ист. наук: 07.00.09[15].Пономарев М.В,
Смирнова С.Ю Новая и новейшая история стран Европыи Америки: Практическое
пособие[28].Тынышпаев М. Таңдамалы. Избранное[32]. История Казахстана:
народы и культуры[71].Кузембайулы Аманжол., Абилев Еркин. История
Казахстана: Учебник для вузов. 7-е изд., перераб. и доп[20].Масионис Дж.
Социология.9-е изд[78].Омарбеков Т., Омарбеков Ш. Қазақстан тарихына
жəне тарихнамасына ұлттық көзқарас[27].Э.Гидденс Социология. 4-е
изд[65].Тарих адамзат ақыл-ойының қазынасы6[82], 7[80], 8[81], 9[79]
томдықтар Əбжанов Х.М. Қазақстан: тарих, тіл, ұлт. – Астана: Ана тіл-Ата
тарих[5].
Арнайы тарих ғылымына арналған әлемдік және отандық томдық жинақтардан
деректік ақпараттар сараланды. Атап айтсақ Күзембайұлы Амнжол., Еркін
ӘбілТарих теориясы және методологиясы Оқу құралы[20].
История Казахстана с древнйших времен до наших дней[13]; Энгельс Ф.
Происхождение семьи, частной собственности и государства в связи с
исследованиями Льюиса Г.Моргана Маркс Карл и Энгельс Фридрих[62].
Избранные произведения в 3-х томах атты жинақтары, Астанада фолиант
баспасында жарық көрген Тарих адамзат ақыл-ойының қазынасы
томдықтары[80], Карамзин Н.М. История государства Российского в 12-ти
томах[14]; Қазақ ССР тарихы. І том[74]; Манаш Қозыбаев өзінің Ата тарихы
туралы сыр атты дүниежүзі қазақтарының тұңғыш құрылтайында оқыған
баяндамасы[22]; Мұхамеджан Тынышпаевтың Таңдамалы шығармалары[31];
Большевик Казахстана 1933 жылы шыққан №10 санындағы Санжар Асфендияровтың
пікірлері[38], Қазақ ССР тарихының бес томдығында орын алды[73]. Салават
Кентбековтың Проблемы историографии и основные принципы периодизации
истории досоветского Казахстана атты кандидаттық алуға арналған
диссертациялық жұмысы[15].
http:e-history.kzkzcontentsvie w2141e-history.kz интернет
порталының мәліметтері сараланды[86].

Зерттеудің теориялық және қолданыстық маңызы. Аталған зерттеу жұмысы
Қазақстандағы тарих ғылымы саласындағы ғылыми-тарихи шығармашылық тұрғыдан
жазылған еңбек ретінде қазақ тарихын жазуда, зерттеу жұмыстарын жүргізуде
әдіс-тәсіл ретінде қолданылуы мүмкін. Бұл еңбектегі тұжырымдар ЖОО-да
Қазақстан тарихы мен Қазақстан тарихының теориялық-методологиялық
мәселелері және Тарихи-мәдени мұра сияқты жаңа пәндеріді оқытуда қажеті
болады деп санаймыз. Осыған байланысты жаңа ғылыми тәсілдер мен талдау
әдістерін жетілдіру тарих ғылымының теориялық негізін кеңейте түседі.
Зерттеу жұмысын жазу барысында жинақтау, талдау, саралау, сипаттау,
жүйелеу, салыстыру, іріктеу т.б. әдіс-тәсілдер қолданылды.
Зерттеу жұмысының құрылымыЖұмыс негізінен кіріспеден, үш тараудан,
қорытынды, пайдаланған әдебиттерден тұрады.

1. ТАРИX ҒЫЛЫМЫНДАҒЫ УАҚЫТ КАТЕОГОРИЯСЫ

1. Тарих ғылымындағы кезеңдеу категориясының қажеттілігі

Тарихты дəуірлеу дегеніміз тарихи процесстерді шартты түрде
хронологиялық кезеңдерге бөліп жүйелеу болып табылады. Таңдап алған
критерияларға байланысты əрбір кезеңдердің бірін-бірі қайталамайтын өзіндік
ерекшеліктері жəне əр дəуірдің өзіндік негіздемелері болуға тиісті. Мұнда
ойлау жүйесінің (типа мышления) өзгеруі (О. Кант, К. Ясперс)
коммуникациялық даму (М. Маклюэн) экологиялық трансформацияға (Й. Гудсблом)
дейінгі түрлі тəсілдер қолданылуы мүмкін. Кейбір ғалымдар тарихты кезеңге
бөлу үшін əлеуметтік-экономикалық қатынастар жəне өндіріс құралдары (мысалы
Маркстік формациалық теория) жəне өндірістің түрлі салаларының дамысы
арқылы (мысалы индустриялдық жəне постиндустриалдық қоғамды өндірістік
принциптер арқылы дəуірлейтін Л.Е. Грининнің əдістемесі сияқты) дəуірлейтін
экономикалық-өндірістік критериялар қолданады. Мысалы, қоғам өмірін бес
сатыға бөліп талдайтын Маркс, Энгельстің формациялық ілімі Кеңестер Одағы
білім жүйесінде кең қолданылды. Бірақ бұл стандарт қоғамның кейбір
сатыларынан (мысалы құлдық, капиталистік) өтпеген мемлекеттердің тарихи
талабына жауап бере алмады. Осыдан болып ғалымдардың қайсыбірі Азиялық
өндіріс амалдары деген алтыншы формация дегенді ойлап тапса, енді бірі
(мысалы көшпелі халықтардың өркениетін тариққа дейінгі кезеңге жатқызып)
оларда мемлекет болмаған деген формулаға салды. Формациялық ілімнің
мұндай осал тұстарын Ф.Энгельс 1894 ж. 25 қаңтарда Г. Штаркенбургке жазған
хатында мойындаған еді[60].
ХІХ ғ. соңына қарай өркениеттік (цивилизационный) тəсіл пайда болды.
Бұл тəсілдің Марксистік формациялық амалдан ерекшелігі қоғам өмірін
диахрондық вертикалмен емес, кең ауқымды горизонтальдық өлшем арқылы
өркениетке жеткен немесе жетпеген халықтардың əрқайсысының ерекшеліктерін
ескеру болып табылады. Бұл пікірді алғаш өзінің Ресей жəне Европа атты
еңбегінде Н.И.Данилевский ұсынған еді. Кейін бұл үрдіс О.Шпинглердің
Европаның сөнуі (Закат Европы) жəне А.Тоинбидің 12 томдық Тарихты ұғыну
(Постижение истории) атты еңбегінде əрі қарай жалғасты. Ол өркениеттің бір-
бірін қайталамайтын 30 түрін атап көрсетті[53, 258б.].
Тарихи құбылыстар белгілі бір кеңістік пен белгілі бір уақыт аралығында
өтетіндігін белгілі. Тарихи уақытты біз әртүрлі түсініктермен есептейміз.
Секунд, минут, сағат, тәулік, апта, ай, жыл, ғасыр, заман, дәуір, кезең
деген терминдерді жиі кездестіреміз. Бірақ көбіміз осыларға мән бере
бермейміз. Әрине, алғашқылары цифрмен өлшенеді. Ал кейінгі үшеуінің
мағынасына әркім әртүрлі мазмұн береді – деп тарих ғылымдарының докторы,
професор Аманжол Күзембайұлы өзініңТарих теориясы және методологиясы атты.
Оқу құралында көрсетеді[31].
Адамзат көне заманда-ақ уақытты өлшеп, оны тиімді пайдалануға
тырысқан. Осы үшін алдымен ойлап тапқаны – күнтізбе (календарь). Күнтізбе
жасау үшін, әрине, аспан денелері жөніндегі білімді қажет ететіндегі
белгілі[31].
Тарихи әдебиеттерде эра түсінігі жиі кездеседі. Бұл сөз немесе
термин бізге Рим империясынан қалған. Көпшілік елдерде сол елді билеген
патша, хан, шах, карольдердің билеген уақытын эра деп атайды. Шамасы, бұл
сөз Рим империясын біздің жыл санауымызға дейінгі 30-шы жылдың 29-шы
тамызында таққа отырған Август кіргізген болуы керек. Мұны ғылымда экс
анте жүйесі деп атайды. Эра деген сөз ав эксордио регни Аугуст деген
сөз тіркесінің бас әріптерін қысқартқан түрі болуы мүмкін. Мұндай жүйе
кейде қазақ тарихында да кездесіп қалады[1].
Қолданыста кейде заман (эпоха) терминінде кездестіріп жүрміз. Бұл
сөз ХҮ ғасырда Еуропа тарихында пайда болды. Тарихтағы мерзімі бойынша
ұзақ, ерекше бір ортақ белгілері бар уақыттың бір түрін заман деп атаймыз.
Кеңес тарихнамасында қоғамдық-экономикалық формацияны қамтитын уақытты
заман деп атады. Мысалы, империализм заманы, Кеңес заманы, өткен заман
сияқты сөз тіркестерін қолданды[31].
Гректің хронос (уақыт) жəне логос (сөз, ілім, ғылым) сөздерінен
құралған хронология мақсаты мен міндеттері болса қосалқы тарихи пəндерде
толымды түрде баяндалған. Оның мақсаты түрлі тарихи оқиғалар мен құжаттар
уақытын (мерзімін) анықтау, нақтылау болып табылады [6,б. 80].
Сайып келгенде, кезеңдестіру мен хронология өзара қабыса əрі жанаса
отырып, белгілі бір құбылыстың тарихи анықтамасын жасауға ат салысады. Бұл
өз кезегінде тарихи дамуды жүйелеуге кеңінен жол ашады. Сондықтан да біздің
тарапымыздан ежелгі Қазақстан тарихнамасын түзуде осы тақырып таңдап
алынды.
Шындығына келгенде, кезеңдестіру өткенді уақыт бөлігіне (тарихи кезең,
ғасыр, дəуір, т.б.) жіктеу іспеттес. Мұндай жіктеу тарихи құбылыстарды
реттеу мен талдау үшін қажет екендігі белгілі жайт. Тарихты зерттеуде оқиға
мерзімін анықтап қоя салу ғана емес, сонымен қатар кезеңдердің шекарасын да
айқындап, оны белгілі бір тарихи феномендермен ұштастырған да абзал
екендігі белгілі.
Жалпы алғанда, кез келген тарихи құбылысты зерттеуші хронология мен
кезеңдестіру проблемаларынан айналып өте алмайды. Мұның өзі бір шетінен
дəуірлер мен кезеңдердің тарихшы жұмысындағы маңыздылығын, əрі бұларға жəне
өзге де деректік қорға сүйеніп жасалған пайымдаулары оның іс-əрекетінің
барысында алатын негізгі жемісі екендігін көрсетеді. Бұл конструкциялар
өткеннің феномендерін зерделеуге жəрдемдеседі, алайда оны түпкілікті шешім
деп қабылдамау керектігі белгілі.
Р.Дж.Коллингвуд айтқандай, барлық оқырман тарихтағы жаман не жақсы
кезеңдер туралы оқи алады, алайда бұл тарихшы тарапынан берілген белгілі
бір бағаны ғана көрсетеді [29,б.39-43]. Біздің ойымызша, кезеңдестіру мен
хронологияның əсіресе көне дəуірлерді зерттеуде маңызы зор. Себебі басым
бөлігі археологиялық материалдар негізінде жазылатын осы кезеңдегі тарихи
үрдістерді жүйелеу ісінде əлемдік тарихнамада кезеңдестіру бойынша өзіндік
методология қалыптасқандығы белгілі. Яғни, əлемдік тəжірибе кезеңдестіруді
құбылыстарды, оқиғаларды реттеу, қол жеткен табыстарға қорытынды жасау
ретінде баға беріп отыр.
Соңғы жылдары Ю.И. Семенов Əлем тарихының эстафеттік-формациялық
ілімін ойлап тапса, Кобищанов құл иелену мен феодалдық дəуірді біріктіріп
Үлкен феодалдық формация деп атады. Шынымен де адамзат өркениетінің 11-12
ғасырға жуық (V-ХVІІ ғғ.) уақытын қамтитын ортағасырлық дəуір адамзаттың
сатылап өсуінің универсалдық біршама үлгілерін қалдырды. Құл иелену,
капитализмді көрмеген Қазақстан тарихында бұл кезеңнің маңызы өте зор.
Италияндық гуманистер тарихта феодализм ғасыры деп танылған ортағасырлар
тарихын:
1) Ерте орта ғасыр V-Х ғғ.
2) Таңдамалы орта ғасыр ХІ-ХV ғғ.
3) Соңғы орта ғасыр ХVІ-ХVІІ ғғ. деп жүйелегені бар[24].
Тарихшы болған уақиғаны тек уақыт аралығында қарастырғанда ғана алдына
қойған мақсатын орындай алады. Атақты Ф.Бродель күрексіз жер өңдей
алмасаңыз, уақытсыз тарихты да жаза алмайсыз деген екен.
Жоғарыдағы авторлар уақыттың екі образына тоқталады. Біріншісі –
статистикалық, гомогенді және казуалді-нейтральді, дискреттік. Екіншісі –
динамикалы. Тарихи уақыттың екі образы да батыс тарихнамасында бірнеше
ғасыр пайдаланылып келеді[41].
Тарихи танымның негізгі қиындығы әр уақытта болған құбылыстарды жіпке
тізгендей қылып көрсету. Хронологиялық таблицаны толтырған кезде кейбір
тарихи уақытта қандай оқиға болғанын білу қиын, ол жөнінде бізде дерек жоқ.
Сондықтан да тарихшы өзіне белгісіз оқиғаның уақытын қажет етпейді. Содан
болар тарихи процесті толық зерттеу мүмкіншілігі туа бермейді. Тарихтағы
ақтаңдақтар осыдан пайда болады.
Тарихи уақытты ғылыми айнылымға кіргізуге әсер ететін факторлардың
бірі сол замандағы белгілі бір мемлекеттің идеологиялық ұстанымдары.
Мысалы, Кеңес уақытында, коммунистік партияның пленумдары, конференциялары,
съездерінің болған уақыты астрономиялық дәлдікпен берілді. Кеңес тарихында
әрбір завод, фабриканың іске қосылған уақыты да бізге белгілі[26].
Тарихи шығармаларда уақыттын екі бейнесі де қатысады. Авторлардың
белгіленгендей – тарихшылар өткенді қазіргі кездегі көріністермен
сәйкестендіре қайырды. Хронологиялық кесте - әр қалай толтырылады,
көрсетілген уақыт арасында не болды және қандай жағдай сипатталатыны
белгісіз. Уақытты және оқиғаны таңдау – субъективті. Деректердің жоқтығынан
уақытты фактілермен толтыру мүмкін емес. Қазіргі кезде Батыста әйелдер
тарихын жазу сәнді. Кейде сәнді әлеуметтік теориялар әсер етеді
(шиеленістер, биліктер, жаңарту және т.б). Сол себептен, тарихшылар өз
пәнің уақыт бойынша, бөлшектеп, әр түрлі қөзқарастармен оқыды. Ретсіздік,
бөлшектену, теңсіздік, әр кезенді (дәуірді) оқудағы мозаикалық әр түрлі
географиялық орнын, - тарихи уақытта көптеген ақтаңдақтар туғызады.
Кітапта проблеменың барлық кешені қарастырылады: оқиға және тарихи уақыт,
күнтізбелік уақыт, хронология, тарихи дәуір, әлем тарихынын категориясы,
циклдар және тарихи даму кезеңдері. Негізінен көңіл бөлінетін орталық
өткеннің бүгіннің және болашақтың диалектикасы (дамуы). Авторлар
посмодернистердің уақытқа деген еркін қатынасын сынға алды[9, 3-6бб.].
Авторлар, тарихшылар уақытпен әр қалай ойнайды деген қорытындыға
келді. Ол – уақытқа, тарихшының өмір сүруіне, оның жататын қоғамдастығына
(профессионалды немесе саяси) байланысты. Сондай-ақ, ақиқатты көздеуде
тарихшы қоятын міндетке, жастар тәрбиесіне немесе саясаттағы қандай да бір
тарихи қамтуға тиесілі.
Тарихшылардың өзі уақыт жөнінде ойлауға көп көңіл бөлмейді. Осылардың
ішінен бөліп жарып айтатынымыз француз тарихшысы Ф.Бродельдің Тарих
уақыттын әр алуан ұзақтығы деген тұжырымдамасы. Ол өзінен көңілін –
тарихи құбылыстардың архитектурасы деген құрылымға бағыттады.
Ф.Бродель уақыттың үш қатпарын бөліп көрсетті, қоғамдық тұрмыстың
төменгі қабатында негізгі белгілері – адам, жер, космос болып табылатын
тұрақты құрылым билік етеді. Бұл ұзақ уақыт. Екінші қабат - уақыт ара
қашықтығы қысқа, циклдік сипаттағы экономикалық және әлеуметтік қызмет.
Үшінші қабат - саяси жағдайлар хронологиямен анықталады.
Ф.Бродельдің ойы бойынша длительной протяженность тұжырымдамасы
тарихшыларға оқиға тұтқынынан сатылып, оларға басқа көз қараспен
қарауға көмектеседі деді. Ф.Бродельдің ізін қуушылар шыға бастады. 1974
жылы Ле Руа Ландери Неподвижная история деген кітабын басып шығарды. Бұл
тұжырымды жақтаушылар ХVІІІ ғасыр аяғындағы француз революциясының дәстүрлі
тұжырымдамасын қайта қарауға тырысты. Бұнымен көптеген тарихшылар
келіспеді[9, 3-6бб.].
Тарихшы жаңа тұжырымдар мен жолдарды қолданғанда шектен шықпай, әрбір
жаңа ойды қолдап, бірақ оның мүмкіндіктерін шынайы бағалап, шебер қолдана
білу керек.
Әлемдік ғылымда тарихи процестің уақыттық аспектісін типологиялау үшін
эволюциялық және циклдық әдістерді қолданатыны белгілі. Циклдік әдісті
қолдаушы белгілі ғалымдар О. Шпенглер[59] және А. Тойнби [53] тарихи
процесс тұйық цикл бойынша айнала береді дейді. Кез-келген процестің
көтерілуі бар, ол өзінің даму шегін жетіп гүлденеді де, келесі сәтте
құлдырайтын көрінеді. Сондықтан тарихты кезеңдеудің қажеттілігі жоқ. Тарих
дегеніміз белгілі бір біріне-бірі ұқсамайтын өркениеттердің орын ауыстыруы.
Тойнбидің айтуынша көшпенділер өркениеті томаға тұйық күйінде, тарихтың
даму көшіне ере алмай қалған халықтардың қатарына жатады екен.
Эволюциялық теорияны жақтайтын американ ғалымы А. Морган адамзат
тарихын үш фазаға: (жабайлық, варварлық, өркениеттік) бөлінеді дейді[41].
Аталған теория марксизмнің іргетасын қалаушылардың бірі Ф.Энгельстың де
тарихи көзқарасының негізі болған болатын. Олардың ойынша тарихи процестің
әр кезеңдері қоғамдағы технологияның дамуымен өндірістік қатынастарға
сәйкес келеді[60].
Тіпті біздің заманымызда эволюционизмді ұстанатындар адамзат әскери
қоғамнан дами отыра индустриялды қоғамға ауысатындығын дәлелдейді [19].
Міне, осының негізінде өткен ғасырда әлемдік тарихи үрдіс индустрияға
дейінгі, индустриялы және индустриядан кейінгі болып үшке бөлінеді екен.
Əр дəуірде жəне кез-келген қоғамда тарихты оқып үйрену мен танып білу,
қандай да болсын өзге əлеуметтік қызмет түрі сияқты сол заманнның жəне
ортаның үстемдік етуші бағыттарына бағынады. Тарихтың прагматикалық жағын
қамтитын фактілер, біз тарихта жекелей жағдай немесе қозғалыс деп атайтын,
көптеген ұқсас əрекеттерден тұрады.Егер тарих ғылымының бұл фактілерге
қатысты мақсаты, біреуін екіншісінің себеп жəне салдары ретінде көрсету
болса, онда тарихи оқиғалар мен өзгерістерге жинақталған жеке адами
əрекеттерге біздің ғылым да солай қарауы тиіс. Сондықтан тарихтың
прагматикалық жағын жекелеген адами əрекеттердің себептері мен салдарының
жиынтығы деп айтуға болады.
Адамның барлық əрекеттері тікелей тарихтың құрамына кірмейді, ал оның
құрамына кіретіндердің барлығы бірдей маңызға ие болмайды. Əрекеттердің
артында осы əрекетті жүзеге асырушы жеке адам тұлғалары тұрады. Біз
əрекеттерге сəйкес қайраткерлер жайлы да айтуымыз керек. Прагматикалық
тарихқа барлық адамдар қатыса бермейді, ал қатысушылардың рөлдері де бірдей
емес.Əрбір оқиғаға, əрбір қозғалысқа сол қоғамның тек белгілі бір мөлшері
ғана тікелей қатысады. Əрекеттердің артынан ылғи қайраткерлерді көру, адам
əрекеттерінің артынан – оны жүзеге асырушы жеке тұлғаларды көру қажет.
Адамның басқаға ықпалы саналық жағынан алғанда да,м сапалық жағынан да əр
түрлі болады. Бұл мəселенінің ішіне кіретін жеке мəселе болып табылады,
өйткені оны жасау белгілі бір жеке тұлғалар арасындағы əрекеттік қатынасты
көрсетуді жеке əкеледі.Ұлы адам батыр жеке тұлға, тобырды құрайтын
көпшілік жеке-жеке тұлғалардан тұрады[49].
Тарихтың қозғалысын қалпына келтіретін қайсысы деп сұрасақ, бұл
сұраққа жауап беру үшін, алдымен кімнің əсері қайсысы үшін негізгі екенін,
қайсысының қозғалысқа белсенді əрекет еткенін анықтап алу қажет.
Уақыт категориясы реттелген болып табылады. Уақыттың басы жəне бағыты
бар. Осыған орай, біріншіден, оның маңызды функциясы – реттеу: деректер мен
оқиғаларды қарама-қайшылықсыз əрі халық мойындаумен реттеп шығуына
мүмкіндік береді. Уақыт санау христиан дəуірінің келуімен іске асты.
Христостың дүниеге келуі негізгі оқиға деп санайды.Тарихшының жұмысындағы
алғашқы қадам хронология құру болып табылады. Алдымен, ол оқиғалардың ретін
қалыпқа келтіреді. Берілген деректерге күш түсірмес үшін хронология реті
бейімделгіш, жан-жақты талданған, түсінікті болуы керек[41].
Екінші қадам – ой топтылау, өйткені тəжірибеде бұл 2 қадам көбіне
араласып кетіп жатуы – бұл кезеңге бөліну болып есептеледі. Барлық
кескінділерін бірдей тең дəрежелі деп санауға болмайды. Олардың арасына бір-
біріне қатыстық өзара байланысы бар үйлесімділігін анықтауды мүмкіндік
береді жəне мағынасы барын табу қажет. Платон философты тауықты жіліктеп
мүшелей білетін жақсы даяшыға теңеген. Бұл теңеу таихшыларға да толығымен
қатысты, ол тарихты кезеңдерге бөлу үшін тура келетін мүшелерді таба білуі
қажет, басқаша айтқанда, маңызды белгіні білдіретін құрылымның біреуін бар
таптырмас уақыт үздіксіздігінен алмастыра білуі қажет.
Бір-біріне ұқсас қоғамды – олардың қатарында батыс қоғамы да бар –жан-
жақты қарастыра отырып, оларды белгілі бір өлшемдер негізінде алдын-ала бір
жүйеге келтіріп қарастырамыз. Олай деп айтуға боларлық бір ғана нəрсе бар.
Ол - өз құрамына бір-біріне ұқсас қоғамдарды қамтитын топ құрған белгілі
бір саладағы тарихи зерттеулер ауқымын ақыл-ой күшімен жүргізуге болады деп
бой көрсете алатын қоғамдар ғана. Бір-біріне ұқсас ондай қоғамдарды
өркениеттер деп аталу жалпыға бірдей қабылданған. Қарапайым қоғамның
өмірі салыстырмалы түрде алғанда қысқа келеді, олардың аумағы да халықтың
саны да аз. Ал тізімі 2 цифрлы санға зорға дегенде жететін өркениеттердің
өмірі, мұның керісінше, əлдеқайда ұзақ, олардың алып жатқан аумағы да
үлкен, əдетте өркениеттердің қамтитын халықтың саны да көп. Олар басқа
қоғамдарды өзіне бағындырып немесе сіңістіріп жіберіп, жұтып қоюы арқылы
кеңінен таралу бағыт-бағдарын ұстанады – кейде өзіне ұқсас қоғамдарды,
көбінесе қарапайым қоғамдарды осылай етеді. Қарапайым қоғамның өмірі көп
жағдайда бейне бір үй қояндарының өмірі сияқты, күш қолдану арқылы жойыла
жіберіледі. Мұндай жағдай, əсіресе, олардың өркениеттерімен тоқайласа
кездескен кезінде сөзсіз орын алады. Ал халық сандарының тең емес
екендігіне келетін болсақ, онда егер барлық өмір сүріп отырған
өркениеттерде халық санағын жүргізу мүмкін бола қалған жағдайда біз əрбір
левиафан-өркениеттердің (яғни, жалмауыз өркениеттер) өз құрамына барлық
қарапайым қоғамдарды қоса алғанда ондағы халықтың орасан зор басым
көпшілігін, тіпті адамзат жаралғаннан бергі кезден бастап санағандағы жалпы
санынан да артығын біріктіріп отыр[9].
Келесі ретте ғылымдағы тарихи үрдістің сатылығы туралы идеяларды
талқыға салатын болсақ. Онда Л.Морган., Ф.Энгельс., О.Шпенглердің тарихи
сатылылығы туралы идеяларды атап өтпеу мүмкін емес.
Адамзат өзінің өмір сүру деңгейін дамудың ең төменгі сатысынан бастап
жəне ұзақ тəжірибе жинақтау нəтижесінде жабайылық жағдайдан өркениетке
қарай жол салды. Адамзат дамуының бүкіл тарихын сатылау жөнінде ғалымдар
түрліше талдап бөлген. Морган Л.Г жабайылық, дөрекілік, өркениет деп 3
дəуірге бөлді. Олардың əрқайсысын өмір сүру құралдарын өндірудегі
жетістіктеріне байланысты – төменгі, ортаңғы жəне жоғары басқару деп бөлді.
Этникалық кезеңдерді бұлай бөлу - əрбір қоғамды оның салыстырмалы даму
жағдайына сəйкес қарастыруға жəне оны жеке зерттеу пəніне айналдыруға
мүмкіндік берді. Морганның кезеңге бөлуі жайлы айта отырып, Энгельс
Адамзаттың бұрынғы өткеніне, істің байыбына бара отырып, белгілі бір
тəртіп енгізуге ұмтылған алғашқы адам болды. Көлемді жаңа материал жинау
бұл кезеңге өзгеріс енгізуге мəжбүр еткенге дейін, оның материалды
орналастыруы өз күшінде қалады - деді[60].
Өркениеттің өсіп жетілу үрдісін зерттей келе, қыруар мысалдар келтіру
арқылы ол үдерістің барлық жерде де біркелкі жүретініне кəміл көз
жеткіздік. Өркениеттедің өсіп жетілуі жеке адамдар, қоғамның азшылық бөлігі
немесе бүтіндей толық өзі əлдебір шақыруға жауап беріп, үн қатқан, үн қатып
қана қоймай, сонымен қатар өзі де өзгелерге шақыру жолдап, олардың өз
кезегінде жауап қайтаруын талап ететін болады. Өсіп жетілу үдерісі ұдайы
қайталанып отыратын осы бір тепе-теңдікті жою, оны қайтадан қалпына келтіру
жəне шамадан тыс артып кетіп, оны тағы да бұзу тоқталғанға дейін жалғаса
береді, сондай-ақ өзінің күшін сақтап қала алады. Дегенмен де өсіп
жетілудің бұл үдерісі əрқашан бірдей болғанымен оған тартылғандардың
бастарынан кешіретін тəжірибесі барынша əртүрлі келеді[53].
Ұдайы қайталанып отыратын Шақыру – жəне – жауап қайтару – жəне –шақыру
тізбегі неғұрлым ұзын болса, оған тартылған тараптар тəжірибесінің барған
сайын үдей түсетін дараланып бөлінуінің күші одан əрі арта береді.
Егер өсіп жетілу үрдісі тап осылай өсіп жетілуші біртұтас қоғамның
ішкі əлеуметтік жүйесін одан əрі даралап бөлшектей түсетін мүмкіндік тудыра
беретін болса, онда тап əлгі үдеріс қоғамның өзінің аражігін бұрынғысынан
бетер аша түсетін болды. Өйткені, əртүрлі қоғамдағы Шақыру-жəне – жауап
қайтару – жəне – шақыру жүйелілігі бір-бірінен теңдей емес, бірақ өз
алдарына бөлек жəне əртүрлі болып келеді[53].
Тарихи үрдісті жеке сатыларға, фазаларға, кезеңдерге бөлу негіздері.
Дүниежүзілік тарихи дəуірдің қозғалысы өзіне қарасты бөлек аймақтардың
қозғалысынан озық. Бұндай ауыспалы дəуірлерде осы формациялардың əрбірінде
өзінің шекаралық аймағының болуы мүмкін екендігін ескеруге тура келеді,
ал олардың айырмашылығы – өрлеуші формация əлемдік тарих заңдарын анықтаса,
тозған формацияға жататын аймақтар – сол дүниежүзілік тарихи дəуір аясында
болса да, жеке өзінің қажетінше қалын өзгерген жəне аймағы жектелген
заңдылықтардың негізінде тіршілік етумен ғана ерекшеленеді[26, 136б.].

1.2. Тарих ғылымындағы уақыт үйлесімділігі

Тарихнама өзінің тарихи зерттеуін, ғылымның əдістемелік негіздерін
жəне деректану деп аталатын сан-салалы жазба деректерді, тарихи,
археологиялық, этнографиялық, лингвистикалық мəліметтерді, шетелдік
ғалымдар ізденістерін, адам естеліктерін жəне т.б ғылыми деректерді
салыстырмалы айналымға түсіретін ғылымнан жан-жақты хабардар болуды қажет
етеді. Яғни, тарихымызды жүйелі жазуындағы мəселелерге тоқталсақ.
Қазақстан тарихының жəне зиялы қауымның ұстанған көзқарастар:
Қазақстан тарихын жалпыадамзаттық тарихтың бір бөлігі ретінде қарастырып,
тарихымыздағы ұлттық, этникалық, дəстүрлік ерекшеліктердіекі қатарға қойып,
қазақ қоғамын жалпыадамзаттық қоғам деп танушылар көзқарасы. Олардың
пікірінше, қазақ тарихы түрік–моңғол, индоевропа, угро-фин, сан-тибет
халықтары мəдениеті тоғысқан евразиялық тарих, ал Қазақстанда үстемдік
жасаған ғұн, сақ, қыпшақ, оғыз, түрік тайпалары евразиялық тайпалар болып
табылады[33].
Екінші көзқарас – тарихымызды этностық негізінде жазу, яғни Қазақстан
немесе қазақ тарихын түрік этносының тарихының бір бөлігі ретінде жазу.
Мұнда түрік қағанатынан бастап біртұтас Түркістанды құру идеясына дейінгі
түркі тілдес халықтарға ортақ тарихи мəселелер алғашқы орында тұрады.
Үшінші бағыт – Қазақстан тарихын қазақ халқының тарихы ретінде қарап,
республика тарихын жазуды, ең алдымен қазақ халқының ұлттық мүддесін,
ұлттық мəдениетін, дəстүр-салтын, ұлттық мемлекетін құру тарихын алғашқы
орынға қойып, осындай ұл мəселеріне баса мəн беріп жазу.
Тарихтың хронолигялық жүйесі өркендеу сатылары эраларға, дəуірлерге,
кезеңдерге, сатыларға бөлінеді. Хронологиялық жүйе түрлерін былай талдады.
Эра - өзінің ішкі қоғамдық мазмұнының жəне тарихи оқиғалардың өздерінен
бұрыңғы уақыт кесіндісінен өзгешелігін байқататын уақыт кесіндісі түсінігі
... , Эпоха- уақыт кесіндісіне тарихи процесс, тарихи жүйелердің ауысуы
ретінде көрінетін ұғым, кезең – белгілі бір тарихи жүйе ішіндегі жағдайдың
ауысуын көрсететін тарихи процесстегі уақыт кесіндісі, этап – осы тарихи
жағдай ішіндегі əр түрлі оқиғалардың тиянақтылығын бейнелейтін тарихи
процесстегі уақыт кесіндісі[47].
Тарихымыз дұрыс эра, дəуір, кезең,этапқа бөлінбей, олардың
əрқайсысының берік териялық жəне методологияның негіздері жасалмай тарихты
шын жазуға мүмкіндік бермейді. Отан тарихын жүйеге түсіруге мəселелер аз
емес. Оларды көбі əлі де кеңесіп шешуді қажетсінеді.
Біздің тарихымыздың уақыты реттелген болып табылады, яғни басы және
бағыты бар. Осыған орай, ол ең бірінші, әрі ең маңызды функция -реттеу
функциясын атқарады: деректер мен оқиғаларды қарама-қайшы сыз әрі халық
мойындауымен реттеп шығуға мүмкіндік береді. Бұлай қалыпқа келтіру христиан
дәуірінің келуімен іске асты: біздің уақыт санауымыз Христостың дүниеге
келуі сияқты, сол кездегі негізгі оқиға деп саналған. Оқиғаның өзі шартты
даталанған, себебі талдаушылардың ойы бойынша, Христостың жалпы қабылданған
күні мен шын тарихи тұлға - Иисус Христостың туылған күні аралығында
бірнеше жылдар айырмашылықтары бар, бұл жағдайдың өзі өте маңызды, оң және
теріс көрсеткіштері (б.э. дейін және кейін) арқасында координаталық
алгебраның бастамасына ұқсап кеткен белгісінің символикалығы мен
абстрактылығын күшейте түседі[49].
Тек XI ғасыр өзінің бастауын Христос туған күннен алатын Христиан
дәуірі христиан әлеміне тұтас нығайып бекіді, ал отарлаушы империялардың
экспансиясы — испан, Нидерланды, британ және франция империялары арқылы
нығайып, оны қалған әлемге таратты. Бірақ бұл жаулап алу тез жүрмеді және
әлі де толығымен аяқтала қоймады. Христиан эрасының жаппай қабылдануы
төтенше тарап кеткен тұйық уақыт концепциясынан бас тартуға ықпал етті.
Мұндай көзқарас Қытайда және Жапонияда оқиғаны императордың билік құру
жылдарымен белгілеген: билік құру басталған жыл болып бірінші жыл болып
қабылданған. Бірақ билік құру кезеңі бір әулетке немесе дәуірге
жинақталған, олардың әрқайсысы белгілі бір күшті монархияның орнауынан
бастап құлап қирауына дейін бір бағыт бойымен жүрген. Әрбір әулет жылдың
бас мезгілінің бірімен түбегейлі мейірімдердің біреуімен, символикалық
түстердің біреуімен және дүниедегі бес әлемнің біреуімен сәйкес қойылып
отырған[49].
Циклдық уақыт Византия империясына да тән қасиет еді. Византиялықтар
рим империясынан он бес жылдық фискалды цикл — индиктті қабылдады және
Константинді шоқындырудан бастап (312 ж.) уақыт есебін индикт бойынша
жүргізді. Индиктер бірінен соң бірі жүре отырып, кез келген бір уақыт
белгілі бір индиктің, белгілі бір жылындағы, белгілі бір күнін
білдіретіндей етіп санала бастады: мысалы, 23-ші индиктің үшінші жылы.
Алайда сол кезең адамдарының өзі қай индикте өмір сүріп жатқанын жақсы
білгендігінен, құжаттық уақытпен белгілеу барысында, қай индикте
жүргізілгенін белгілеуді кейде көрсете қоймаған. Кейде біз өзіміз де көбіне
хат жаза отырып, оның қай жылы жазылғанын көрсете қоймаймыз. Бұл, белгілі
бір мағынада алғанда, шеңбер бойымен айналған тұйықталған уақыт[41].
Батыс Рим империясында оқиға уақыты елші билеген уақытпен белгіленген,
кейіннен ыңғайлы болу үшін - императордың билік жүргізген жылдарымен
белгілене бастады. Христостың қоғамдық өмірінің басқа кездері жайлы
жазылған Луканың Евангелиясынан осындай жыл санауды кездестіреміз. Билік
құру кезеңдерін бір-біріне қосу арқылы және елшілер тізімін тұрғызу арқылы
тарихшылар Римнің ірге тасының қалану уақытымен (ab urbe condita) басталған
хронология құрды, ал бұлай санау қаншалықты сенімсіз болса, соншалықты қиын
болып, жалпы тәжірибеде қолданыла да қоймады. Рим империясы күйрегеннен
кейін уақыт санау әр түрлі билеушілердің билік жүргізген уақытына қарап
жүргізілді. Монархтар үшін олардың билік жүргізген кезеңінің басы
көрсетілсе,ал монахтар үшін—олардың аббаттылығының орнығуы немесе діни
шарапаттылығы уақыт көрсетілді. Ал қарапайым адамдарға келер болсақ, олар
егін шаруашылығы кезеңдерімен шіркеу рәсімдеріне байланысты қалыптасқан
уақыт өлшемінде өмір сүрді. Артықшылығы жағынан бұл басы мен аяғы жоқ
циклдік уақыт болды. Айырмашылық тек цикл кезіндегі берілген нақты мезет
орны болуы, әрине, Троица әрқашан да қоңыраулап шақырудан кейін келіп
отырды, бірақ дәл осы жүйелілік жылдан-жылға қайталанып отырған[49].
Осы көптеген циклдік уақыттар ақыр соңында барып христиан дәуіріне тән
бір күнтізбегіне жинақталуы екі маңызды себеппен түсіндіріледі. Біріншісі -
әр түрлі уақыт кезеңдері арасындағы сәйкестілікті табуға деген ниет пен сол
замандағы танымал әлемге ел билеушілерінің билік құру кезеңдерін бір-біріне
қатыстыра қойып шығу ниеті болды. Бұл адамзат тұтастығының жай мойындалуы
жалпы тарихтың шығуы туралы түсініктің қалыптасуы болды. Ф-Арьес бұл
құбылысты б.д.д. III ғасырға жатқызады. Бұл түсініктің қалыптасуында
тарихтың атқаратынының маңызды рөл екенін баса айтқан жөн. Жалпы адамзаттың
идеясы туындауы үшін тарихшылардың немесе ең азы хрониктердің болуы керек
еді. Бұл идея тікелей сана-сезімнің дерегі болмады: жалпы талдау қорытуға
деген ынтаның жемісі болды, осыдан барып оның бірінші түрі аталып,
синоптикалық кесте пайда болды[49].
Христиан дәуірінің келуінің басқа да себептері бар: Римдіктерден
мұраға қалған күн күнтізбесі мен иудаизмнен мұраға қалған барлық діни
өмірдің құрушысы болып табылатын ай күнтізбесін біріктіру қажеттілігі
болуы. Шынында да, маңызды деп саналатын Христиан мерекесі - Пасха жыл
сайын белгілі бір күнде келмейді. Осы жерден ынтазар аптадан бастап жыл
санауды енгізуде үлкен қиындықтар шыға бастауы христиандар ойға қонымды
істегендей: бірақ жыл басы бір уақытта басталмаған жылдарды бір-біріне
қалай қосарсың? Бұл үшін нағыз жыл санау немесе күнтізбе керек болды. VIII
ғасырдың басында Христос туылған күнге негізделген шіркеу күнтізбесі
пайдасына шешілген таңдау үшін біз ағылшын Монахы Беде Достопочтенныйға
борыштармыз. Оның батылдығын дұрыс бағалауымыз керек. Ол жыл санаудың теріс
санын ойлап шығаруға қорықпады[49].
Христиан дәуіріне шіркеулік және азаматтық күнтізбелерді әлемдік
өзгерістер әкелді. Христиан әлемі бұдан ілгері уақытта да күнтізбе құрмақ
болған, өйткені жылдың сокральды ( қасиетті) уақыт аралығына болу керек
болған еді. Бірақ бұл күнтізбе циклді болғандықтан, мұнда ол дәуір жайлы
ешқандай түсінік берілмеген. Ал дәуірге келер болсақ, онда бұл - ұзын
сонар, салалы, заңды және бағытталған түсінік болады. Оқиғаларды хандық
құру мен пантифик уақытымен белгілеп жатқанда, тарихи баяндаулар барысы
анналдар мен хрониктердің, яғни баяндалып жатқан деректерді олардың
иерархиясына араласпай, тек табиғи құбылыстарға (су көшкіні, қатты қыс)
және де саяси оқиғаларға (соғыстар, ел билеушілердің некеге отыруы немесе
өлімі) жүгіне отырып, реттеу шартымен жүргізіп отырды. Тарих деректерді бір-
бірімен байланысты баянды, салдарлы қисынмен топшылайды және де дәуір болса
осы шеңбердегі оған керекті, қажетті ақпараттармен хабардар етеді. Бірақ
бұл дәуір әлі де толықтай адам уақыты болып саналмайды, өйткені ол әлі де
құдай уақыты болып табылады[49].
Мысалы, философ Кант барлығы да бұрынғыша өзгеріссіз қала береді деген
түсінікке қарсы тұрады: жоқ келешек басқаша болады, яғни жақсы болады, сол
кезде үстемдік еткен тарих уақыты, біздің уақыт - бұл прогресс уақыты[21].
Қасіретті XX ғасыр өткеннен соң біз келешектің уақытша болса да әлі
қиын болуы мүмкін екенін білеміз. Демек, біз XIX ғ. оптимизмін бөліп жара
алмаймыз. Бірақ бұл оптимизм біздің замандастарымыздың елестеуінде олар
прогресс тоқтап, өмір деңгейінің көтерілуі тоқтайды және адам құқығы өкімет
тарапынан еленбей қала береді дегенге сене бермейтін имплицитті түрде қала
береді. Нақты жоққа шығарулар мен қисыны бар қажеттіліктің жоқтығына
қарамастан, біз прогресс уақытына, бізді жақсы кезеңдерге алып баратын
уақытқа деген сенімді болып қала береміз. Бұған көз жеткізуіміз үшін осы
норманы жоққа шығару мағынасын беру үшін қолданылып жүрген регресс және
кейінге оралу терминдерінің қолданылуын атап айтсақ болғаны[41].
Бұл ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ермұхан Бекмаханов
ТАРИХШЫ ЕРМҰХАН БЕКМАХАНОВ
Шляпа
Уақыт және тарих
М. қ. қозыбаев – қазақтың егемен тарихының қайта жаңғыртушысы
Қола дәуiрі ескерткіштері
ПАТША ӨКІМЕТІНІҢ ҚАЗАҚСТАҢДАҒЫ САЯСИ - ӘКІМШІЛІК РЕФОРМАЛАРЫ
Орталық Қазақстанның қола дәуірінің ескерткіштері
Қойшығара Салғараұлының тарих ғылымына қосқан үлесі
«Тарихнама» пәні бойынша лекция сабақтары
Пәндер