Ауыл шаруашылығында жұмыспен қамтылған тұрғындар


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 54 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

Кіріспе
3
Кіріспе: 1. МЕМЛЕКЕТТІК АЗЫҚ-ТҮЛІК ҚАУІПСІЗДІГІН ТЕОРЕТИКАЛЫҚ КОНЦЕПЦИЯЛАРЫ НЕГІЗГІ.
3:
Кіріспе: 1. 1 Әлемдегі азық-түлік тапшылығының проблемалары . . .
3: 5
Кіріспе: 1. 2 ЕАЭҚ-ғы азық-түлік қауіпсіздігін мәселелері . . .
3: 16
Кіріспе: 1. 3 Жаһандану жағдайында агроөнеркәсіп кешенін дамытудың экономикалық жағдайы . . .
3: 24
Кіріспе: 2. ҚАЗАҚСТАННЫҢ АЗЫҚ-ТҮЛІК ҚАУІПСІЗДІГІНІҢ АГРОЭКОНОМИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ.
3:
Кіріспе: 2. 1 Ауыл шаруашылығының дамуы елдің азық-түлік қауіпсіздігінің негізі . . .
3: 35
Кіріспе: 2. 2 Шағын кәсіпкерлікті дамытудың қазіргі уақыттағы жағдайлары . . .
3: 45
Кіріспе: 2. 3 Жеке шаруашылықты жетістікке жеткізудің жолы . . .
3: 54
Кіріспе: 3. МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУДЫҢ АСТАРЫ
3:
Кіріспе: 3. 1 Басқару және оның ауыл шаруашылығы рөлі . . .
3: 68
Кіріспе: 3. 2 Мемлекет "Өрлеу" жобасын іске асыруда . . .
3: 81
Кіріспе: 3. 3 Қазақстанның азық-түлік қауіпсіздігін жүзеге асыратын саясат . . .
3: 90
Кіріспе: ҚОРЫТЫНДЫ . . .
3: 100
Кіріспе: ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . .
3: 102

КІРІСПЕ

Қазіргі заманғы азық-тулік қауіпсіздігінің әдістері мен қағидаларын қолданбастан, бүгінгі экономикалық шарттарда агроөнеркәсіп кешеніндегі кәсіпорындардың алдында тұрған сапалы жаңа міндеттерді шешу мүмкін емес. Соңғы уақытта агромаркетинг АӨК кәсіпорындарында кенінен жүргізіле бастады, әсіресе, ауқымды нарықтары бар үлкен қалалардағы ірі агроөнеркәсіптік кәсіпорындарда маркетинг бөлімінің құрылғаны анық байқалады. Жалпы, тамақ өнеркәсібінің өнімдері адам үшін бірінші кезектегі қажеттілік деп есептелгендіктен, бұрынғы кездері кейбір басшылар агроөнеркәсіп кешені үшін маркетингтің рөлі мен маңызы аса қажетті емес деп бағалап, маркетингке жете көңіл бөлмеді. Ал, қазір АӨК кәсіпорындарының мақсаттары менкәсіпкерлік философиясы еркелкі болғандықтан, олардың маркетингтік және өндірістік-өтімдік қызметтерге мұқтаждығы күшейді.

Нарықтарда сан қилы тауар түрлерінің көбеюі салдарынан кәсіпорындардың өндірістік-шаруашылық қызметін басқаруда маркетинг әдістері мен қағидаларын қолдануға қажеттілік артып отыр. Себебі маркетинг айырбас негізінде нарықтағы қажеттіліктер мен мұқтаждықтарды қанағаттандыруға бағытталған қызметтің ерекше тұрі болып табылады. Кәсіпорынның нарықта сәттілікке қол жеткізуі, ен алдымен, оның нарықтағы барлық өзгерістер мен жаңа қажеттіліктерге жаңа өнімдер мен технологияларды игеру арқылы қаншалықты жылдам әрі икемді жауап бере алатындығына және тұтыну сұранысындағы белгісіздіктерге тез бейімделу деңгейіне тәуелді болады. Кәсіпорындарда мүлдем жаңа басқару жүйесін қалыптастыру барысында маркетинг - қазақстандық шаруашылық тәжірибесі үшін кәсіпорындардың өндірістік-өтімдік қызметін ұйымдастырумен басқарудың жаңа әдісі болып табылады. Бұл әдіс бұрынғы әкімшіл-әміршіл жүйеде қалыптасқан пікірлерден мақсаты мен міндеттері тұрғысынан едәуір ерекшеленеді.

Қазақстанда агромаркетинг жүйесін енгізу қажеттігі басқару теориясы мен практикасын дамытудағы жалпы әлемдік тенденциялардан туындап отыр. Сонымен қатар, агромаркетинг жүйесі қоғамның даму бағдарын, уақыт пен сыртқы ортаның ерекшеліктерін көрсетеді. Сол себептен, агромаркетинг саласындағы батыс тәжірибесі бірқатар өлшемдері бойынша қазақстандық шарттарға сәйкес келмейді. Оның үстіне, отандық тәжірибе агромаркетингтің экономикасы дамыған елдерге тән емес, беймәлім тұстарын ашып берді.

Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылық саясатының стратегиялық түпкі нысанасы - отандық өндірісті ұлғайту, өнім сапасын жақсарту және оның өзіндік құнын әлемдік бәсекелестік деңгейден асырмау, халықты экологиялықтаза азық-түлік өнімдерімен, ал өнеркәсіпті шикізатпен толықканағаттандыру болып табылады.

Демек, экономиканың өсу келешегі, оның нарықтық қатынастар жағдайындатүлей дамытылып, тиімділік деңгейінің мейлінше көтерілуі өндірілгенөнімдерді өткізу проблемасын шешіп берумен тікелей байланысты. Оның, әлемнің дамыған елдеріндегідей, азық-түлік нарығының арнаулы саласы -ауыл шаруашылығы өнімдерін өткізу саласын құру, яғни тауарды өндірушідентұтынушыға жеткізуді қамтамасыз ететін нарық бүгінгі таңның ең өзекті мәселесіне айналып отыр.

Жұмыс кіріспеден, 3 бөлімнен, қорытынды, қолданған және 3 қосымшадан (приложение) тұрады.


1 МЕМЛЕКЕТТІК АЗЫҚ-TYЛІK ҚАУІПСІЗДІГІН ТЕОРЕТИКАЛЫҚ КОНЦЕПЦИЯЛАРЫ НЕГІЗГІ

1. 1 Әлемдегі азық-түлік тапшылығының проблемары

Бугінгі күні, қай мемлекеттіалсақта азық-түлік қауіпсіздігінкұқықтық қамтамасыз ету үшін мықтымемлекеттік саясат, мемлекеттік басқару мен реттеу жүргізілуі қажет.

Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуде мемлекетік басқару органдарынын қызметі мемлекеттің саясатын құрайтын белгілі бір бастамалардың негізінде жүзеге асырылады. Мемлекеттік белгілі бір мақсатка жетуі үшін ішкі бірлігін, негізгі кұрылымын, мәнін анықтайтын бастаушы идеялар мемлекеттік басқарудың қағидалары деп аталады.

Агроөнеркәсіп кешені экономиканың негізгі салаларының бірі және еліміздіңазық-түлік қауіпсіздігі ғана емес, мемлекеттегі қоғамдык-саяси тұрақтылық та осылардың дамуымен тікелей байланысты. Әлемдік азық-түлік нарығында туындаған дағдарыс пен оның салдары азық-түлік мәселесінің өзектілігін бұрынғыдан да сәл ақтап, дүниежүзілік экономикалық саясаттың алдыңғы қатарына шығарды. Азық-түлік тапшылығы қаупін сезініп түйсінгенәлемнің барлықелдері, қазір өздерінің аграрлықсаясатын шұғылқайта қарап, тиісті өзгерістер енгізіп жатыр. Әсіресе өндіріс көлемін арттыру мен ішкі азық-түлік нарығын тұрақтандыру мақсатындағы мемлекетті реттеу және қолдау көрсету рөлін күшейтуге рекше мән беріліп отыр.

Әлемдік экономиканың бір бөлшегі ретінде дүниежүзілік азық-түлік нарығындағы жағдай Қазақстан экономикасы да ықпал етіп, ішкі азық-түлік нарығында көрініс тапты. Бұл әсерді біз негізгі азық-түлік тауарлары бағасының күрт қымбаттауы мен сыртқы нарықка жаппай экспортталуы нәтижесінде ішкі қордың күрт азаюынан байқалды. Уақытында алдын алу шараларын қолданып, біз жалпы ішкіазық-түлік нарығының тұрақтылығын сақтап қалдық. Дегенмен, осы жағдай біздің аграрлық саланың "әлсіздігін", әлемде орын алатын қауіпті құбылыстарға төтеп беретін ешқандай мүмкіншілігінің жоқтығын тағы бір рет ашып көрсетті. Біздің ел үшін әлемдік дағдарыстын әсерін дәл болжаған Мемлекет басшысы өзінің Қазақстан халқына арнаған биылғы жолдауында аграрлықсаланы оданәрі дамыту қажеттігіне ерекше назар аударып, еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысты нақты тапсырмалар берді.

Әлемдік азық-түлік нарығы қиын жағдайды бастан өткені жақан қазіргі кезде, бұрын қалыптасып қалған стерсптерді қайта қарап, бұл тапсырмаларды орындау үшін мәселенің жаңа қырынан қарау үшін саладағы қызметтің стратегиялық бағыттарын заман талабына сай қайтаөзгерту қажет. Дегенменбұлқазіргі стратегиялық бағытымызды толықтайқайта өзгерту дегенді білдірмейді, біз тек соңғы жағдайларға байланысты ішінара түзету енгізуіміз керек. Сондықтан бұрын жасалып, қазір жүргізіліп жатқан мемлекеттік аграрлық саясатты жалғастыра отырып, біз оны жағдай калай өзгерген кезде де еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ететіндей жаңа мазмүнмен толықтыруға тиіспіз.

Егер жеке-жеке алсақ, егін шаруашылығында ауыл шаруашылық дақылдары көлемін диверсификациялау ерекше маңызға ие болып отыр. Бұл арада біз бір жағынан әр аймақтың табиғи-климаттық ерекшеліктерін ескере отырып, сол аймаққа ең тиімді деген дақылдарды таңдауымыз қажет, екіншіден, қазір ішкі нарықтың сұранысы толық қамтамасыз етілмей отырған дақылдарды жеткілікті мөлшерде өсіруді қамтамасыз етуге тиіспіз. Мұны ынталандыру үшін мемлекеттік реттеу және қолдау шаралары пайдаланылуда. Атап айтканда отандық өндіріс ішкі нарықтың сұранысын қамтамасыз ете алмай отырған майлы дақылдарды, жеміс-жидек пен бақша өнімдерін, қант қызылшасы, күріш пен жүзім өсіруге берілетін субсидия мөлшері елеулі ұлғайтылды. Бұл шаралар қазірдің өзінде нәтижесін бере бастады. Тауар өндірушілер биылдың өзінде майлы дақылдардың алқабын 191, 7 мың гектарға немесе 28, 5 пайызға, жеміс-жидек, бақша және жүзім егу көлемін 4, 7 мыңгектарға немесе 10, 3 пайызға, қантқызылшасын егуді 5, 6 мың гектарға немесе 40, 9 пайызға көбейтті. [1, 78 б. ]

Егіншіліктің ең басты проблемаларының бірі топырақ құнарының азаюы екенін ескере отырып, алдағы уақытта біз құнарлылықты қалпына келтіру мен арттыруға ерекше мән беретін боламыз. Осы мақсатта келесі жылдан бастап топырақ құнарлылығын қалпына келтіру мен арттыруға ынталандыру шараларын қолға алу, бұл үшін осы мәселені бөлек бюджеттік бағдарлама ету жоспарланып отыр. Осы шара арқылы біз топырақты минералды тынайтқыштар арқылы құнарлаңдыруды екі есеге арттырамыз. Бұл үшін отандық зауыттардың минералды тынайтқыштарды ішкі нарыққа қажетті мөлшерде өндіруі мен оны ауылдағы тауар өндірушілерге жеткізуді қамтамасыз ету мәселесі қазір жан-жақты қарастырылып жатыр.

Ішкі нарықты ету мәселесі әлі де егін шаруашылығының ең осал тұсы болып қалып отыр. Бақшадақылдарын өндіру көлемі тұтастай алғанда еліміздің қажеттілігін толық жабуға жететінін сараптама көрсетіп берді. Бірак, маусымаралык кезеңде аталған өнімдердің тапшылығы туындап, бұлөз кезегінде бағаның өсуіне, сол арқылы инфляция көрсеткішінің артуына себеп болады. Біз бұлмәселені шешуді өнім сақтайтын қоймаларды салу, бақшадақылдарын өсіретін жылыжайларды арттыру арқылы шешуге болады деп жоспарлап отырмыз. Қазір республика бойынша барлық жылыжайлар қажетгіліктің 4, 3 пайызын ғана құрайды, соныменқатаркөконіс-жеміс сақтайтын қоймалардың тапшылығы да білініп отыр. Сондықтан мемлекеттік реттеу жәнеқолдау шараларын дәлосы проблемаларды шешуге бағыттау жоспарланған. Атап айтканда, "Қаз-Агро"Ұлттық Холдингі" АҚ жаңа жылыжайлар менбақшаөнімдерін сақтайтын қоймаларды салу менбұрынғыларын қайтажөндеуге арналғанжәне оларды арнайы құрал- бағытталған бизнес-жобаларды . Шаруашылықтардың сұрауы бойынша бұлшара тікелей қаржыландыру әдісіменде, техниканы лизингке беру әдісіменде іске асырылып жатыр. Қолға алынған осы шаралар енді 5-6 жылда ішкі нарықты көкөніс өнімдеріменжыл бойы үздіксіз қамтамасыз етуге мүмкіндік бермек. Біз қазірдәл осындай шараларды жеміс-жидек пенжүзім өсірусалаларында да қолдануды жоспарладық. Бүгінде бар баулар менжүзімдіктердің басым бөлігі ертеде егілген, ағаштар қартайғандықтан өнімділігі төмен. Осыған байланысты жаңа плантациялар егуді өрістетіп, оларды жеміс беретін шағына дейін күтіп баптауға мән беру керек. Бұл арада біз дақылдарды күтіп-баптау мен жемісті жинауды механикаландыруға және замануи агрөтехнологияларды кенінен пайдалануға мүмкіндік беретін интенсивті бауларды көбейтуге басты назар аударатын боламыз. Ауыл шаруашылығы дақылдарын өндіруді дамытудың үлкен мүмкіндігі егін егудің ылғал жәнеқор сақтау технологияларына жаппай көшуде жатыр. Қазір егістік жерлердің 50 пайызға жуығы осы . Ол үшін бірінші кезекте лизингтік бағдарламаны одан әрікеңейту арқылы ауыл шаруашылығы құрылымдарының техникалықжарақтануын жақсартуға тиіспіз. Сондай-ақ тыңайған жерлерді жаңадан игеру сияқты экстенсивті даму факторлары да біздің үлкен резервіміз деуге болады. Қазақстанда 5, 5 миллион гектар тыңайған жер бар, біз олардың 2, 0-2, 5 млн. гектарын немесе 36 пайызын айналымға қосуды қарастырып отырмыз. Қазір пайдаланылып жатқан 19, 8 млн. гектар егіс алқабыменқосып есептегенде бұл жер пайдаланудың ен тиімді пайдалануға жағдай жасайды. Сондай-ақ мал шаруашылығын интенсивтендіру бағытында да ауқымды жұмыстарды атқару міндеті тұр. Қазір бұл саланың бәсекелестік мойындауға тиіспіз. Бүгінде еліміздегі барлықмал басының 80 пайызға жуығықосалқы шаруашылықтардың еншісінде, мал өнімдерін өндірудегі орта және ірі тауарлық өндірістің үлесі өтетөмен. Мысалға республикадағы мал басының 5-7 пайызы ғана асыл тұқымды, бұл дамыған елдердегі көрсеткіштен 6 есе аз. Сондықтанмал шаруашылығында біз бірінші кезекте өндірісті ірілендіру мен малдың генетикалық әлеуетін арттыруға маңыз беруіміз қажет. Осы екі мақсатқа ұсақ тауар өндірушілерді біріктіру жәнеғылыми негізделген сұрыптау-асылдандыру жұмысын жүйелі жүргізу арқылы қол жеткіземіз. Бұл процесті жеделдету үшін шетелдерде селекциядан өткен жоғары өнімді асыл тұқымды мал өсіру кешендерін салу жөніңдегі арнайы бағдарламалар іске асырылатын болады. Осындай 2 сүт кешені былтыр салынып бітіп, тауар өндірушілерге лизингке берілген болатын. Биыл тағы осындай 6 сүт кешені пайдалануғаберілелі. Сөйтіп 2012 жылға дейін елімізде салынатын замануи сүт кешендерінің саны 20-ғажетіп, оларғашетелдерде селекциядан өткен 30 мың сиыр әкеленеді. Бұл бірінші кезекте өңдеуөнеркәсібіне сапалы шикізатпенқамтамасыз ету мәселесін толық шешеді. Екіншіденқазір шетелдерден экспортталатын тереңөнделген сүт өнімдерін отандық тауарларменығыстырып шығаруға мүмкіндік береді.

Ет өндірісінде онімін экспортқа шығаруға негізделген замануи мал бордақылау кешендерін салуға баса назар аударылады. Биыл осындай 2 кешенді пайдалануға беру жоспарланса, келесі жылы тағы 3 кешенсалынатын болады.

Бұл арада мал шаруашылығы саласын мемлекеттікқолдау шаралары дәл осындай жобаларды ынталандыруға негізделетінін атап өткенжөн. Біздің есебіміз бойынша осы шаралардың арқасында 2012 жылғақарай асыл тұқымды малдың үлесін екі есеге дейін көбейіп, орта және ірі тауарлықфермаларда өндірілетін мал өнімдерін жалпы өндірістің 30 пайызына дейін жеткізу мүмкіндігін көрсетіп отыр. Бұлқазақстандық ет өнімдерін әлемдік нарықка кеніненшығаруға жағдай туғызады.

Енді мал шаруашылығын дамытудағы тағы бір түйінді мәселе жайында. Бұл - еліміздің эпизоотикалық және ветеринарлы-санитарлық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі. Біз сонау 2002 жылы құрылған қазіргі ветеринария жүйесі еліміздегі оң әсереткенін айтуға тиіспіз. Дегенмен тез құбылып отырған жағдай бұл жүйеніқажет етіп отыр. Соңдыктан біз ветиринарияжүйесін халықаралық нормалармен заң жобасын . Оның қабылдануы елімізде ветиринар деңгейлі жүйесін енгізіп, өкілеттіктерді нақтыжағдай жасауы тиіс. Бұл бізде жүргізіліп жатқанреформа талаптарына да, ветеринарияға қатысты халықаралық нормаларға да толық сәйкес келеді. Заң жобасы бойынша алдағы 3 жылда еліміздің барлық аймақтарында заманауи , мал ауруларын анықтаудың жаңа көшу жоспарлануда. Сонымен қатар электронды мәліметтер базасын енгізу мен оны автоматтандырылған біртұтас жүйеге қосуарқылымалдарды идентификциялау жүйесін одан әрі дамыту міндеті тұр. Жоспар бойынша еліміздің барлық ауылдық округтерінде халықаралық нормаларға сай келетін стандартты модульдік мал сою пункттерін салу қарастырылуда. Мұнан кейін еті сатуға шығарылатын малдардын бәрітек осындай пункттерде сойылатын болады, оларды әркімнің өз ауласында союына тыйым салынбак. Бұл шаралардың барлығы бір жағынан мал өнімдерінін қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жағдай жасаса, екінші жағынан отандық ет өнімдерін экспортка шығаруға кедергі болып келгенмәселелердін бәрін жояды.

Біздің алдымызда әсіресе ауыл шаруашылық шикізаттарын өңдеу саласында ауқымды жұмыс атқару міндеті тұр. Бұл мәселеотандықаграрлық саланың ең осал тұсы екені жасырын емес. өнімдері бәсекелестікке қабілетсіз болып отырғанына мысал ретінде тереңөңделгеназық-түлікөнімдерін импорттауға еліміз жыл сайын шамамен 1, 9 млрд. АҚШ долларына теңқаржы жұмсап отырғанын айтсақ жеткілікті. Еліміздегі өңдеукәсіпорындарының басым көпшілігі моральдық жағынан ескіріп, заман талабына мүлде сай келмейтін құрал-. Өңдеу кәсіпорындарындағы төзу деңгейі 50 пайыздан асады. Сондықтанбіз бұл саланы жарақтандыруға бағытталған жүйелі шаралар қабылдауға бар күш-жігерімізді салуға тиіспіз. Мемлекеттік қолдау және ынталандыру бағытындағы қазір іске асырылып жатқанжәне жаңадан енгізілетін бюджеттік бағдарламалардың барлығыдәлосы мақсатқа жұмылдырылатын болады. Атап айтканда, келесі жылдан бастап өңдеу кәсіпорындарының айналым қаржысын толықтыру үшін екінші деңгейлі банктерден алған несиелерінің өсімі тікелей субсидияланатын болады. Олар аталған бағдарламаға қазіргі кезде тек банктердің ұсынысы бойынша ғана қатысып отыр. Сондай-ақ, техникалық және ісін жандандыру үшін өңдірістегі негізгі қорларды жаңартуға алынған несиелердің өсімін де субсидиялау жоспарлануда. Мұнымен бірге әлемнің көптеген елдері сияқты бізде де әлеуметтік маңызы жоғарыазық-түлік тауарларын шығаратын кәсіпорындар үшін энергия көздерінің кұнын арзаңдатып беру мәселесі қарастырылуда. Халықаралық сапа стандарттарын өндіріске енгізуге мемлекет тарапынан қолдау көрсетілетін болады.

«Қоғамдық өндіріс» бұл халықың өмірінің негізі. Адам өмір суру үшін тағам, киім, үй және басқада игіліктер өндіру қажет. Сондықтан бірінші тарихи акт болып адамдардың қажеттіліктері қанағаттанатын игіліктердің біріншісі - ол азық-түлік". [2, 51 б. ]

Бұл шаралардың барлығы ақыр соңында ішкі азық-түлік нарығын отандық тауарлармен толық қамтамасыз етіп, импортқа тәуелділікті кемітуі тиіс.

Аграрлық саланың бәсекеге қабілеттілігін арттыруда “ҚазАгро” Ұлттық Холдингінің” АҚ мен оның еншілес компанияларының рөліне ерекше маңыз беріліп отыр. Бүгінде бұлқұрылым агроөнеркәсіп кешенін дамытудағы ірі қоғамға айналды. Әлемдегі ипотекалық дағдарысқа байланысты еліміздіңбанк жүйесі қиынкыстау кезеңді бастан өткеріп жатқан кезде бұл құрылымдар агроөнеркәсіп кешеніне несие беру тапшылығын болдырмауға барынша тырысты. Қолда бар қаржы ресурстарын агроөнеркәсіп кешенінің басым маңыз берілген салаларына нақты бағыттай отырып, олар осы бір қиынкезеңдеотандық тауар өндірушілерге қолдау жасап кана койған жоқ, еліміз экономикасының аграрлық саласын дамудыңжаңадеңгейіне алып шығатын серпінді жобаларды дамытуға зор екпін бере алды. "ҚазАгро" Ұлттық Холдингі" АҚ бұл миссияны алдағы уақытта да атқара бермек, бірақбюджет қаржысы және сырттан тартылған қаражаттың есебіненбұлжұмыстың ауқымы кенейе түсетін болады. Аталған қызметтің негізгі бағыты болып - әлеуметтік маңызы жоғары азық-түлік тауарларын өндіруді, әсіресе отандықөндіріс ішкі нарықтың қажеттілігін толыққамтамасыз ете алмай отырған тауарлар өндіруді қаржыландыру, ауылдағы кооперативтік көзғалыстың дамуына жағдай жасау, ауыл шаруашылық тауарларын көтерме саудалзау, тасымалдау және сақтау инфрақұрылымын жасақтау, экспортқа ынталандыру және соңдай-ақ "30 корпоративтік көшбасшы" бағдарламасы аясында отандықкәсіпкерлер ұсынғансерпінді аграрлық жобаларды іске асыруға көмектесу болып қала береді. Аграрлық ғылым жүйесі де агроонеркәсіп кешенін үдете дамыту мақсаты үшін жұмылдырылатын болады. Бұл саланың өткен жылы жанадан реформаланғаны белгілі. Аграрлық салаға қызмет етіп жатқанбарлықғылыми-зерттеу институттарының негізінде жаңа құрылым- "ҚазАгроИнновация" АҚ өмірге кезді. Бұл мекеменің негізгі қызметі ғылыми ұйымдардың қызметін үйлестіріп отыру және олардың қызметін аграрлық саланы дамытудың стратегиялық бағыттарына бұру, ғылымижаңалықтарды коммерциялау, ғылыми идеяларды трансферттеу мен бүгінгі өмірге бейімдеу болып табылады. Соныменқатар, бұл құрылым білім тарату жұмысыменде айналыспақ, ол үшін Алматы облысындағы Қолды, Ақмола облысының Шортанды аулары менҚостанай облысыныңЗаречный кентіндегі білім мекемелерінің негізінле тұрақты жұмыс істейтін 3 білім беру орталығын құру жоспарланып отыр. пайдаланып отырған агроөнеркәсіп кешені субъектілеріне сол ғалымға роялти төлету мәселесі де қаралуда. Бұл ғалымдарды еңбекке ынталандыру менжаңалықтарды өндіріске жылдам енгізу мәселесін шешетін болады.

Әлемдік азық-түлік нарығындағы жағдай шиеленіскенқазіргі жағдайда мемлекеттің реттеушілік рөлін күшейтпей еліміздің азық-түлікқауіпсіздігін қамтамасыз ету мүмкін емес. Оның негізгі тетігі ішкі азық-түлік нарығындағы тұрактылықты сақтауға бағытталған кешенді шараларды қабылдау болып табылады. Атап айтқанда бұл-әлеуметтік маңызы зор азық-түлік тауарларын өндіруге ынталандыру, олардың резервін жасақтап, тұрақтандыру қорын құру, ұтымды кедендік тариф саясатын жүргізу арқылы ауыл шаруашылықөнімдерінің экспортымен импортын реттеу, азық-түлік тауарлары бағасының қалыптасу барысын қадағалау. Мұндай шараларды қазір әлемнің барлық мемлекеттері қолданып жатқанын атап өтуге тиіспіз. Өткен жылдың екінші жартысынан бастап кезен-кезенменмұндай шаралар бізде де қолданыла бастады, сөйтіп біз ішкі азық-түлік нарығын тұрақтандыра алдық. Жағдайдың дамуына байланысты бұл шаралар алдағы уақытта да қолданылатын болады. Бұлшараларды іске асыру үшін тиісті заңнамалык база қажеттігі түсінікті. Сондықтан министрлік тиісті заң жобасын дайындау үстінде, жақын арада ол Парламентке жолданатын болады.

Бүгінгі күні аграрлықсаланың алдында тұрған баста міндеттердің бірі-биржалық сауда, ауыл шаруашылық тауар өндірушілерін кооперацияландыру және біріктіру құралдарын дамыту болып табылады. Өндірілген тауарды оны өткізунарықтарына жылжытудағы биржалық сауданың маңызын ескере отырып, оны кезең-кезеңмендамыту жоспарланып отыр. Бірінші кезеңде оны ұйымдастыру республиканың барлықаудандарында ауылдық ақпараттық-кенес орталықтарынан тұратын кен жүйе құрған"ҚазАгроМаркетинг" АҚ-ы жүктелелі. Бұл орталықтар биржа саудасының тиімлілігі туралы ауылдағы тауар өңдірушілерге тегін түсінік беріп, олардан өзтауарларын биржа арқылысатуы жөніндегі тапсырыстар кабылдайды. Одан кейін "Қаз- АгроМаркетинг" АҚ-ы брокерлік қызметқұрып, тапсырыс берілгенөнімдерді биржаларда сатуға қатысты ақылы қызметкөрсетеді. Бұл тауарды сатуда делдалдык қызметтің болмауына. нәтижесінде бір жағынан ауыл шаруашылықөндірісі табысының артуына, екінші жағынан өнімді сату кұныныңтөмендеуіне жағдай жасайды. Екінші кезеңде фьючерстік сауда-сатық жасауға мүмкіндік беретін мамандандырылған тауарлы-шикізат биржасын құру жоспарланып отыр.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жұмыспен қамту деңгейі
Жұмыссыздық
Тұрғындардың жұмысбастылық теориясы
Экономикалық әл-ауқатты сипаттайтын көрсеткiшi
Қостанай облысының экономикалық жағдайы
Жалпы еңбекке қатысты анықтамалар
Меңдіқара ауданының экономикалық дамуы
Қазақстан Республикасындағы жұмыссыздықтың жағдайы
Жұмыссыздық және оның әлеуметтік-экономикалық салдары
Қазақстан Республикасының еңбек нарығын дамыту
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz