Өрнектер кілем композициясын құрайтын негізгі элементтер


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 3
1. Қазақстандағы көрнекі-қолданбалы өнердің даму тарихынан
1. 1 Қазақстандағы ою өнерінің қайнар көздері . . . 6
1. 2 Кәсіптік өнердегі ою композициясының мағынасы . . . 11
2. Қазіргі заманғы интерьерді көркемдеуде ою өрнектерді пайдалану
2. 1 Қазақтың қолданбалы және көрнекілік өнерінде ою
композицияларының мағынасы . . . 19
2. 2 Интерьерді толықтырудың элементі ретіндегі көркемдік
панно орындау композициялық әдістері . . . 24
2. 3 Қолданбалы-көркемдік өнердің түрі ретіндегі аппликация . . . 28
3. Қатты гобеленнің әдістерімен «Би толқыны» сәндік панносының көркемдік жобалауы
3. 1 Көркемдік композицияның ерекшеліктері . . . 36
3. 2 Кілем тоқудағы аралас техника жұмысындағы материалдар
мен құралдары . . . 41
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 45
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 47
ҚОСЫМША
КІРІСПЕ
Көркемдік панно - қазіргі кездегі қолданбалы-сәндік өнердің бір түрі. Қазіргі таңда сәндік панноны құрастыру іс-әрекеттің рухани және материалдық бөлшектеріне айналып отыр.
Дипломдық жұмыстың маңыздылығы - сәндік өнердің аспектілерін зерттеу қажеттілігінде. Қазіргі таңда сұранысқа ие болып отырған көркемдік стильдердің ішінде этнодизайн қызығушылық тудырады, оның негізінде халықтық өнердің дәстүрлері мен ұрпақтан ұрпаққа сақталып келе жатқан мұрасы жатыр.
Қолданбалы өнер - әр халықтың этномәдениетінің маңызды бөлімдерінің бірі, өтйкені қолданбалы өнер туындылары халықтың ежелгі мәдениеті туралы бізге хабардар етеді. Олардың үлгілері қазіргі таңда музейлердің қорларында сақталуда. Қазақ халқының сәндік қолданбалы өнерінің ежелгі ұлттық үлгілері мен дәстүрі ғасырлар бойы сақталып, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасуда. Қазақтың ежелден келе жатқан киіз үйі мен күнделікті тұрмыста пайдаланатын барлық жиһаздары мен заттары ұлттық ою-өрнекпен көркемделіп отырады. Ою-өрнектері қайталанбалы әрі ашық түсті болып келетін алаша, текшелі өрнекті тықыр кілем, әшекей оюлы кебеже сияқты киіз үйдін ішіне тұтынатын сәндік жиһаздармен қатар ағаш ұқсату өнері және жібек жіптермен кестелей тоқу, ағаш пен сүйекті жымдастыру арқылы көркемдеу, тері ұксату (бедерлі инкрустациялы), оймыш, шекіме, бұрама, қалыптама, қаптырма, көз салу секілді зергерлік өнерінің түрлері де өркен жайды.
Қазіргі заманда қолдан жасалған еңбектер үлкен сұранысқа ие. Этнодизайн көлемінде дәстүрлік және жаңа нақыштарды үйлестіре білетін көркемдік - жобалау жұмыстарын ойластыру автордан мұраға қатысты көп жігерлілікті талап етеді.
Дипломдық жұмыстың өзектілігі көркемдік өнер салассындағы халықтық өнерді жаңа технологиялық әдістермен жаңаландыруда, яғни ою-өрнектік нышандардың байытылуы мен дәстүрлік өнердің сақталуы.
Әдебиеттер анализі . Дипломдық жұмысты орындау барысында келесі материалдар мен әдебиеттер қолданылды. Қазақстандағы көркемдік-қолданбалы өнердің даму тарихына қатысты мынадай авторлардың еңбектері пайдаланылды: жұмыстың І бөлімі үшін Қазақстандағы көркемдік-қолданбалы өнер пәнінің пайда болу тарихы мен әртүрлі материалдарды орындауда ою-өрнектермен әшекейлеу туралы Марғұланның 1-3 том кітаптары алынды. ІІ бөлім үшін «Қазақ көркемдік кәсіп түрлері» энциклопедиясы да қарастырылды.
Т. К. Басенов, З. А. Богатеева, А. Х. Марғұлан, А. Р. Нұрпейісов, М. Ш. Өмірбекова, А. Ш. Салтынбекова мен Е. А. Карибжанова өз еңбектерінде ою-өрнек дамуы мен пайда болуынын, ою-өрнек элементтерінің пайда болу тарихы мен оларды топтастыруды, түрлерінің өзгеруін, ою-өрнектердің бір-бірімен үйлесім табуын, элементтердің фәлсафалық мәндерін, олардың композициялық мағыналарын жете зерттеген. Оқырманға көркемдік-қолданбалы өнердің түрлерін, формалары мен кәсіптік өнердегі сәндік түрлері мен қазақ халқының тұрмысын бейнелеулері туралы толық ашылып көрсетілген.
З. А. Богатеева, А. М. Гукасова, М. Н. Гусакова, Р. М. Меженованың еңбектерінде сәндік қолданбалы өнердің әйелдерге арналған көркемдік бағыттарының ең таралған және қол жетімді түрлері ретінде қарастырылады.
Әртүрлі әдістер мен құралдар, көркемдік өңдеудің құрылысы, фактурасы, түрлері Т. И. Еременко, М. Ш. Өмірбекова мен С. Төленбаева жұмыстарында көрсетілген.
Дипломдық жобаның мақсаты - аралас техникада (гобелендік тігіспен тігу мен пейзаждық элементтер көмегімен сәндік инемен кілем тоқу өнері) интерьерді әшекейлеу үшін көркемдік панноның көркемдік жобалауы мен оның орындалуы.
Зерттеу нысаны - қолданбалы және көркемдік өнер шығармаларындағы көркемдік жобалау үрдісі.
Зерттеу пәні - аралас техникада көркемдік панноны орындаудың технологиялық әдістері.
Ғылыми болжамы - дәстүрлі әдістер мен технологиялар аралас техникада көркемдік және қолданбалы өнер бойынша сәндік жұмыстарды орындауда септігін тигізе алады.
Міндеттер :
- тігу, кілем тоқу тарихы бойынша әдебиеттерді оқу мен талдау; әртүрлі материалдардан кілем тоқудың технологияларын зерттеу;
- сәндік панноның эскиздерін жасау;
- тоқыма техникасындағы материалдарда сәндік панноны жасау.
Зерттеу әдістері. Жұмысты атқару барысында аналитикалық метод, шығармашылық жұмысты орындау барысында аналитикалық және тәжірибелік әдістер қолданылды.
Практикалық маңыздылығы . Түсіндірме хатта жинақталған материалдар интерьер дизайнында қолданыс таба алады.
1. Қазақстандағы көрнекі-қолданбалы өнердің даму тарихынан
1. 1 Қазақстандағы ою өнерінің қайнар көздері
Өнер - қоғамдық сананың ең көне формаларының бірі. Оның сананың басқа формаларынан, мәселен ғылым мен философиядан айырмашылығы сол, ғылым мен философия сыртқы дүниенің теориялық бейнесі, яғни олар теориялық ойлау болып табылса, өнер шындықтың көркем бейнесі болып табылады.
Өнер өте ертеде шықты. Алғашқы адамдар кейінгі ұрпақтарға тас балталар мен сүйектен жасалған найзалар ғана қалдырған жоқ, сонымен қатар үңгірлердің қабырғаларына салынған түрлі суреттер, балшықтан, тастан жасалған мүсіндер де қалдырған [1, 12б] .
Өнер қалай пайда болды?
Батыс социологтары мен өнер теоретиктері әдетте өнерді «адам жанының құпия қасиетінен» немесе адамның туысынан бірге болатын «тамашалау сезімінен». Өнердің шығуы жөніндегі мұндай көзқарастың теориялық негізі философиялық идеализм екенін түсіну қиын емес.
Кейбір батыс теоретиктері өнердің негізін жануарлар дүниесінен, атап айтқанда, құстардың шырылынан, олардың түлеуінен, хайуанаттардың ойынынан тағы басқаны іздейді. Сөйтіп, өнерді адамның табиғатқа еліктеуі деп түсіндіреді.
Ал өнерді тудырған қоғамдық қажеттіліктер қандай?
Адам еңбек процесінде айналадағы дүниені танып біледі. Бұл білім оған өте қажет, өйткені еңбек дегеніміз білімді қажет ететін мақсатты да саналы іс-әрекет. Алайда еңбек ету процесінде көздеген мақсатқа жету үшін білім ғана жеткіліксіз, ол үшін белгілі бір мінез-құлық сапалары, мысалы табандылық, ержүректілік, ынтымақтылық сезім және сондай-ақ қара күш сапалары - күш-қуат, төзімділік, ептілік тағы басқалары керек. Ал бұлардың бәрі адамға өздігінен келмейді, оларды тәрбиелеу қажет. Өнер сол сапаларды тәрбиелеудің маңызды бір құралы ретінде пайда болды. Қысқасы, өнерді тудырған қоғамдық өмір қажеттіліктері, біріншіден, дүниетану және, екіншіден, адамды тәрбиелеу.
Өнердің мынадай үш негізгі ерекшелігін атап көрсету керек: біріншіден, өнер шындықты бейнелендіру формасы, яғни дүниетану формасы; екіншіден, өнер қоғамдық сананың адам эстетикалық сезім тудыратын формасы [2, 26б] .
Қазақ халқының ою-өрнек өнері - байырғы ұлттық өнерлердің ішіндегі ең ежелгісі, әрі кең таралған түрі. Қазақтың сан ғасырлық тарихымен біте қайнасқан бұл өнер түрі халықтың шынайы рухани-эстетикалық танымымен астасып, этнографиялық мәнге ие көрінісімен ерекшелене түскен. Демек, ою-өрнек - ұлтымыздың мәдени дамуының шежіресі, халықтың өткен тарихы - рухани, мәдени-материалдық өмірінің айнасы. Жаныңа ләззат сыйлайтын эстетикалық мәні зор бұл өнердің адам баласына берері мол. Сұлулыққа, әсемдікке, сабырлық пен төзімдікке баулитын ою-өрнек сыры тереңде жатыр. Оның мөлдір де, таза түбіне жеткен жанның қоршаған орта мен жан-дүниеден алары көп болары сөзсіз. Ою-өрнектің көне атаулары - халықтың тарихы мен мәдениетінен, ұлттық ерекшелігінен, ертедегі дүниетанымынан мол мағлұмат беретін құндылық. Өрнектегі барлық элементтер ырғаққа бағынады дегенмен, оюлардың өзіндік көркемдік мәні және сюжеті болады. Ою-өрнек элементтерінде формальді түрде бейнеленетін элемент жоқ, олардың барлығының өзіндік мазмұны бар. Бұған нақты мысал ретінде ел ауызында сақталған аңыз-ертегі «Ою хан мен Жою ханды» айта кетуге болады. Оюды сөйлеткен Ою хан Жою ханның баласының өлімін сырмақтағы оюмен жеткізген. Осыдан-ақ әр оюдың терең мағына мен мазмұнға бай екенін, әрқайсысының өзінше сөйлей алатынын аңғаруға әбден болады.
Оюдың әрқайсысы белгілі бір ұғымға немесе қандай да бір жағдайға байланысты өрнектелетіні түсінікті. Соны ескерсек, ою-өрнектердің айтар ойы мен берер тәрбиесі де мол. Осы орайда айта кетерлігі, қазақ халқы әр оюға ерекше мән беріп, оның қайда, қандай бұйымда немесе қандай киім үлгісінде қалай қолданылуы керектігіне көп көңіл бөліп, ешқандай қателіктің кетпеуін жіті қадағалаған. Өйткені оюлар атауларына, көлеміне, пішініне, түр-түсіне қарай өзіндік мағына ие. Соған қарай, бас киімдерге қолданылатын ою-өрнек түрлерін киімнің етегіне немесе шалбардың балағына қолдануға, сондай-ақ керісінше етікке, балаққа ойылатын ою түрлерін жағаға жапсыруға мүлде болмайды. Мысалы, «ит құйрық» аталатын өрнек ешқашан бас киімдерге қолданылмаған. Мұның астарында «дұшпаның кеудеңнен жоғары өрлемесін» деген ырым жатыр. Бұл өрнек «дұшпаның төмен болсын» деген ниетпен көбінесе ер адамдар шалбарының жырық балағына өрнектелген. Ал мұндай қателікті жіберу - оюшы мен қолөнер шеберіне үлкен сын болары сөзсіз. Сонымен қатар ою оятын адам оюлардың тарихына, мән-мағынасына терең үңіле отырып, ер адамдар мен әйел адамдардың киімдеріне ойылатын оюларды өзара ажырата білгені абзал. Қазақ халқы ұлттық киімді әшекейлеуге барынша ықылас аударған. Қыз балалардың бешпетіне, көйлегіне гүл тәрізді немесе қанатты қарлығаш секілді өрнектер бейнеленген. Ал ер баланың киміне найзаның ұшы, бүркіт, қошқар мүйіз секілді өрнектер батыр, алғыр болсын деген ырыммен жиі қолданылатын болған. Осылайша әр ою-өрнектің астарына терең мағынаны қапсыра білген. Мысалы, «аққу қанаты» - өрнегі бақыттың, сұлулықтың, тазалықтың, адалдықтың мағыналық белгісінде өрнектелсе, «қошқар мүйіз» ою-өрнегі - байлық пен молшылықтың нышаны, «ағаш» оюы ынтымақ-бірлікті білдірсе, «ирек» оюы - адамның өмір жолы, судың белгісі, «шеңбер» оюы - жарық өмір жолы дегеннен сыр шертеді. Сондай-ақ ою-өрнектің әр заттың өзіне лайықталып, жарасымын, үйлесімін, сәнін тауып, қабысып, шынайы көркемдік беруі қолданылған түстерге де байланысты. Ою-өрнек жасаушы шебер оюды олпы-солпы болудан сақтауы, әсемдігіне жеткізе білуі керек. Сондықтан да өрнектердің композициялық құрылымына, бояу түрлерінің бір-бірімен үйлесіп, жарасымын дұрыс таба білуіне көп көңіл бөлген жөн. Мысалы: көк түс - аспан, жасару, өмір, өсу деген мағынаны білдіреді, қызыл түс - оттың, күннің белгісі, қара түс - жердің түсі, берекенің белгісі, сары түс - ақыл, парасат, байлықтың белгісі, ақ түс - қуаныштың, бақыттың, тазалықтың белгісі, жасыл түс - жастықтың, көктемнің белгісі. Осыларға мән бере отырып, композициялық құрылымның дұрыс болуын да қадағалай білу керек. Қазірде ою-өрнектерді композициялық құрылымына қарай бір жүйеге келтіру үшін ғалымдар ою-өрнекті төрт топқа бөледі: 1. Зооморфты (жан-жануарлардың табиғи және мифтік бейнелері) ; 2. Өсімдік пішіндес (жапырақ, үш жапырақ, шиыршық, ағаш) ; 3. Геометриялық (бұрыш, балдақ, шынжара) ; 4. Космогониялық өрнек (дөңгелек, ирек, шимай, торкөз) . Осындай түрлеріне бөле отырып, ою-өрнектің тұрмыста пайдалану ауқымы өте кең. Оюдың жекелеген тармақтарынан бастап үш түр, төрт түр, бес түр, алты түр, т. б. тармақтарынан әрі қарай өрбіп, кеңейе беретін күрделі оюлар да біздің ұлттық дәстүрімізде, тұрмыста үнемі қолданыс тауып келген. Халқымызда жазу болмағанда ою-өрнек болды. Сол ою-өрнек арқылы халқымыз өз тыныс-тіршілігін, мәдениетін, өнерін, мәдени құндылықтарын жоғары деңгейде дамыған тұрмыстық қажеттіліктерін ұрпақтан ұрпаққа жеткізіп, дамытып отырды. Келешек ұрпақ мақсаты - сы киелі өнерді әрі қарай дамыта отырып көздің қарашығындай сақтау [3, 45б] .
Халық мұрасындағы ұлттық өрнектердің үйлесімді реңдері ата-бабаларымыздың тұрмыс, салт-дәстүрін бейнелегендей. Анықтап айтқанда, халқымыздың тарихын, шежіресін, жағрапиясын, мінезін, ерлігін дәл бейнелейтін ою-өрнектей құдіретті өнер жоқтың қасы. Бұл өнер әрбір халықтың болмысымен бірге туып, біте қайнасып келеді. Қазақ ою-өрнегінің табиғаты халық өнерінің тарихи дәстүріндегі сұлулық пен әсемдікті көре білетін, байқай алатын зерделі азамат тәрбиелеуге айрықша ықпал ететіні анық.
Ою - өрнек ертеден келе жатқан ою - өрнектерді түрлендіру арқылы мазмұнды ою - өрнектер жасау дәрежесіне көтеруге болады. Өнер өлмейді, өнер көнермейді, өнер жеміс ағаштың бұтағындай гүлдеп, жемістене береді. Ою - өрнектермен танысып, олардың дүниетанымы, өз қоршаған орта және сұлулық туралы түсінігі артып, шеберлік қабілеті дамып отырады [4, 125б] .
Қазақ ою - өрнегінің өзіне тән даму жолы мен тарихы бар. Ол тарих сонау көне замандардан, сақ, андронов мәдениетінен басталады. Андронов мәдениеті - б. з. б. екі мыңжылдықтың соңғы жартысы мен бір мыңжылдықтың басында юатыс Сібір мен Қазақстанды мекендеген тайпалар мәдениеті. Ал б. з. б. VIII - III ғасыр ларда сақтар негізінен Оңтүстік Шығыс пен Орталық Қазақстан жерлерін мекен еткен. Сақ тайпалары туралы құнды тарихи деректер ежелгі заманғы грек жіне парсы тарихшыларының қол жазбаларында кездеседі. Ол жазбаларда грек тарихшылары сақтарды «азиялық скифтер» деп, ал парсы тарихшылары «сақ» деп атаған. Бұған елімізде ұзақ жылдар жүргізген архиолоогиялық зерттеулердің нәтижесінде анықталған ежелгі мәдениеттің үлгілері дәлел бола алады.
Тарихи - ғылыми деректерге жүгінсек, қазақ халқының ою - өрнек өнері ежелгі
Замандардан бастау алып, қазақ жерін мекен еткен көшпелі тайпалар өнерінің ықпал - әсерімен сан ғасырлар бойы қалыптасып, өзіне тән белгілі бір жүйеге келгенің қапысыз таныредік.
Бұған дәлел - қазақтың алғашқы ою - өрнек үлгілерінен андронов, сақ, ғұн, үйсін мәдени мұраларын ұшыратқанымызды айтсақ та жеткілікті.
Қазақ ою - өрнегі - ғасырлар бойы дамып келе жатқан өнер туындысы. Халқымыздың қай қолөнер саласын алсақ та, ою - өрнектер өзіндік ерекшеліктерін сақтай отырып, белгілі бір тәртіппен орналасқаның көреміз. Оюлардың ежелден келе жатқан нұсқаларында элементтер құстың, гүлдің, жануарлардың түрін тұспалдап тұратын белгілі.
Көне түркілердің түсінігі бойынш, құс - көктің, балық - судың, ағаш - жердің белгісі. Бұйымдарда жан - жануарлардың мүйізі, дене мүшесі, тұяғы, құстың тұмсығы, түлкінің басы, бөрінің құлағы немесе иттің құйрығы т. б. және өсімдіктердің түрлері кеңінен белгіленген.
Ою - өрнек өнері - қазақ халқының ауыз әдебиеті секілді мәдени шежіре [5, 98б] .
Қазақтың ұлттық ою - өрнектері мен оның атаулары көп. Ғаылымдар әзірше 200 - дей түрін ғана анықтады. Біз солардан халық арасында көп тараған мүйіз тектес ою - өрнектерді сөз етпекпіз.
Жалпы қазақ ою-өрнек мәселелерін зерделеу нәтижиелері ұрпақ тәрбиесінде, әсіресе, олардың ұлттық дүниетанымын қалыптастыру, ұлттық өнерге сүйіспеншілігін арттыру процестеріндегі өзіндік маңызы мен орнының ерекше екенін көрсетіп отыр. Ұлттық ою-өрнек, терең тарих және философиялық, көркемдік эстетика тұрғысында ұрпақтың санасын ашып, оның айналаға деген көзқарасын анықтап, ой-өрісінің дамуына шынайы да ұтымды әсері бар өзіндік сыры мол әлемге еліктіретіні анық [6, 78б] .
1. 2 Кәсіптік өнердегі ою композициясының мағынасы
Қолөнер шеберлерін, суретшілер мен сәнгерлерді ұлттық рұхта тәрбиеленуде ою - өрнектің атқаратын рөлі өте зор. Сұңғат және бейнелеу өнерінде, сондай - ақ қолөнер шеберлері жасаған бұйымдарда ұлттық нақыш анықталып тұруы қажет. Сол ұлттық нақышты айқындап бейнелейтін өнер түрі - қазақтың ою - өрнегі. Қазақ халқының ою - өрнек өнері байырғы ұлттық өнерлердің ішіндегі ең ежелгісі, әрі кең таралған саласы. Бұл ұлтымыздың мәдени дамуының шежіресі, адам жанына ләззат сыйлайтын эстетикалық мәні зор өнер. Бүгінгі танда қазақтың 230 - дай оюының ежелден келе жатқан атаулары бар. Қолөнер шеберлері ертеден ою - өрнек атауларын екі топқа бөліп ұарастырған. І - топқа ою - өрнектердің тікелей өзіне, түріне қатысты негізгі атаулар, ІІ - топқа жалпы ою - өрнек қолданылатын бұйымдардың атаулары жатады. Ою - өрнекті теориялық жағынан негіздеу - этнолингвистикалық атаулары лексика - симантикалық топтарға бөлуге қатысты нақты қорытындылар жасауға мүмкіндік береді. Ою - өрнек тарихы халық тарихымен жасалып келе жатқан төл мұрамыз екні белгілі [7, 56б] .
Бүгінгі танда ою - өрнектің практикалық маңызы артып отыр. «Ою», «өрнек» сөздерді бір мағынаны білдіреді. Бедері түсірілген үлгіні ойып, кесіп, қиып немесе екі затты оя кесіп, қиюластыру «Ою» деп аталады. Ал киім - кешекке, түскитізге және т. б. қолөнер бұйымдарына кестелеп бейнеленетін бедер, сол сияқты тоқылатын алашаға, бақұрға және қоржынға түсірілетін түрі. Геометриялық бедерлерді «Өрнек» дейді. өрнекті тасқа, ағашқы күйдіріп, қашап, бояп түсіруге болады. Қазақ ою - өрнегін көне тәсілмен жасау кезінде шеберлер оның дәлме - дәлдігін сақтамай -ақ, көзбен мөршерлеп қиып, ою - өрнектің тең пропорциясын жасай білген. Мұны бізге мұра болып қалған көне ескерткіштерден айқын көруге болады. Оюлардың өзіндік көркемдік мәні және сюжеті болады, дегенмен, өрнектегі барлық элементтер ырғаққа бағынады. Ою - өрнек элементтерінде формальді түрде бейнеленетін элемент жоқ, олардың барлығының мазмұны бар.
Ою - өрнек өнері мүсін немесе сұңғат сияқты өз бетімен өмір сүре алмайды, әрқашан қосалқы роль атқарады.
Бұрын белгілі бір ұғымды, түсінікті білдіретін ою - өрнек танбалары бертін келе жатқан сәндік, салтанат белгілеріне айналады. Әйтсе де, кейбір ою - өрнек үлгілерінің бастапқы мағына ұғымы сақталыпқалған. Мәселен «қошқармүйіз» оюы молшылықтың белгісі ретінде әлі де қолданылады.
Көшпелілерде өсімдік тектес ою - өрнектер аз емес өсіп өнетін табиғат дүниесін кие тұту, тәңірі тұту олардың да жоны бар деп қабылдау сенімі басым еді. Төрт жапырақтан тұратын гүл - ою - дүниенің төрт торабын, кеңістін гармониясын білдіреді. Қазақтардың ұғымына түр - түстің де орны айрықша. Мысалы «көк» - аспанның, аспанға табынудың, «қызыл» - оттың, «ақ» - шындық, қуаныш, бақыттың, «сары» - айырылудың, «қара» - жерлің, «жасыл» - көктемнің, жастықтың симыолы [8, 102б] .
Гүл оюларының өзінде де халықтың дана ойы жататын мынадан көруге болады: «гүл мен гүл» түйдегінің айқас бірігіп салынуы бірлікті елдің ынтымақты болуын меңзейді.
«Су ою» да байырғы, киелі. Су ертедегі ұғымда жаратушы адамдардың бірі ауырған адамдарды сумен ұшықтайды. Көне түрік жазбаларында»от ана», «су ана» деген тіркестер кездеседі.
«Тау оюы» - мәңгіліктің, күш - құдыреттің символы.
Әрбір ою - өрнектегі атау жай ғана атау емес, сол атаулар арқылы ою - өрнектің тал бойында жасырын жатқан сырды, маңызды да мағыналы ойды алуға болады.
Мәселен, «орамал балдақ» - оюының атауында да мағыналы мән жатыр, «орамал» - әйелдер басына тартатын жаулық, «балдақ» - шымылдықтың бау өткізетін шығыршығы, ілгегі, яғни, орамал мен балдақ жаңа түскен келінге шымылдық тұту басына жаулық салу сияқты қазақ салтының шартты бейнесі ретінде бейнеленген.
«Орамал балдақ» - өрнегінің жан - жағына «тұмар», «гүл оюы», «су оюлары» салынып, аққурға қызыл, жасыл, көк түспен тоқылады. Мұнысы - «туған жердің гүліндей жайнап, сарқырап тоқтамай, ақпай судай мәңгілік халқына қызмет ет» - деп халықтың жаңа түскен келінге айтатын арман тілегі.
«Өнер көзі - халықта» дегендей, өнер түрлері елде мол, халықпен бірге жасап келеді, және жасай береді.
Осындай өмір түрлерінің бірі ұлттық ою - өрнектердің тәрбиелік мәнін аша түсіп, оқушыларға меңгерту жолдарын қарастыру, зерттеп жариялау - әр уақытта да ұлағатты іс болмақ.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz