Қазіргі қазақ тілі сөзжасамындағы үшіншілік туынды мағынаның жасалу жолдары


Қостанай мемлекеттік педагогикалық университеті
Филология факультеті
Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы
Қорғауға жіберілді «___» 2018 ж.
Қанапина С. Ғ.
(каф. меңгерушісі)
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Қазіргі қазақ тілі сөзжасамындағы үшіншілік туынды мағынаның жасалу жолдары
5В012100 «Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті»
Орындаған: Шайхы Г. А.
.
Ғылыми жетекшісі: Искакова Ш. К.
гуман. ғыл. магистрі, аға оқытушы
Қостанай 2018
Қостанай мемлекеттік педагогикалық университеті
Филология факультеті
5В012100 «Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті»
Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы
«Бекітемін»
Кафедра меңгерушісі
Қанапина С. Ғ.
«__»2017 ж.
Диплом жұмысын орындауға берілетін
ТАПСЫРМА
Студент: Шайхы Гүлдана Акылбайқызы
Жұмыс тақырыбы: Қазіргі қазақ тілі сөзжасамындағы үшіншілік туынды мағынаның жасалу жолдары
Жоғары оқу орнының бұйрығы бойынша бекітілді
№ «» 2017 жыл.
Аяқталған жұмысты өткізу мерзімі «» 2018 ж.
Талдауға жататын мәселелер мен жұмыстың қысқаша мазмұны
а) Кіріспе
ә) 1 Қазіргі қазақ тіліндегі туынды сөздердің жасалу жолдары
б) 2 Сөзжасамдағы үшіншілік туынды мағынаның жасалу жолдары
в) Қорытынды
Ұсынылатын негізгі әдебиеттер:
- Оралбаева Н. Қазіргі қазақ тілінің сөзжасам жүйесі . - Алматы, 1954.
- Салқынбай А. Тарихи сөзжасам (семантикалық аспект) . А., 1999. 309 б.
- Қазақ грамматикасы. Фонетика, сөзжасам, морфология, синтаксис. - Астана, 2002. - 784 б.
- Мергенбаев Е. Қазақ тіліндегі сөзөзгерім жүйесі (Синтетикалық және аналитикалық талдау) . -Алматы: Санат, 1994.
Дипломдық жұмыстың орындалу кестесі
Қыркүйек
Қазан
Қараша
Желтоқсан
Өзіңдік көзқарасыңды, пікіріңді келтіру,
сілтемені дұрыс көрсету
Жұмыстың
тақырыбының ашылуына баса назар аудару,
жұмысты қорытындылау
Қорғауға дайындық,
пікір жазушылардың ұсыныстарын дайындау
Жұмыс бойынша әр тарауға қатысты кеңес беру
қараша
желтоқсан
наурыз
сәуір
Тапсырманың берілген уақыты
Кафедра меңгерушісі Қанапина С. Ғ.
(қолы)
Ғылыми жетекшісі: Искакова Ш. К.
(қолы)
Тапсырманы орындауға алдым
студент Шайхы Г. А.
(қолы)
МАЗМҰНЫ
Кіріспе . . . 6
1 Қазіргі қазақ тіліндегі туынды сөздердің жасалу жолдары . . . 8
1. 1 Туынды сөздердің сөзжасамдық мағынасы . . . 8
1. 2 Лексика-семантикалық тәсіл . . . 16
1. 3 Синтетикалық тәсіл . . . 19
1. 4 Аналитикалық тәсіл . . . 24
2 Сөзжасамдағы үшіншілік туынды мағынаның жасалу жолдары . . . 27
2. 1 Үшіншілік мағыналы сөздердің жалпы сипаттамасы . . . 27
2. 2 Үшіншілік мағыналы сөздердің синтетикалық тәсіл арқылы жасалуы . . . 29
2. 3 Үшіншілік мағыналы сөздердің аналитикалық тәсіл арқылы жасалуы . . . 40
Қорытынды . . . 46
Пайдаланылған әдебиеттер . . . 48
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі. Тіл білімінің жаңа мағыналы туынды сөздердің қалыптасуы мен мағыналық дамуын, жасалу тәсілдерін зерттейтін саласы - сөзжасам. Туынды сөздердің жасалуы арқылы қазақ тілінің сөздік қоры одан сайын кеңіп, жаңа туынды сөздермен толығып отырады. Тілде жаңа сөз кездейсоқ, қалай болса солай жасала бермейді. Ол тілде қалыптасқан заңдылықтар арқылы жүзеге асады. Жаңа сөздердің жасалуында, сөздік құрамның толығып, дамуында сөзжасам тәсілдерінің орны ерекше. Сөзжасам тәсілдері туралы мәселелер жан-жақты қарастырылып, көптеген ғылыми еңбектерге арқау болды.
Cөзжасамды зерттеуші ғалымдар сөзжасам жүйесі, туынды сөздердің жасалу жолдары, сөзжасамдық мағына, сөзжасамдық жұп, саты, тип, тізбек, ұя т. б. туралы зерттеп, көптеген ғылыми еңбектер басып шығарды. Десек те, сөзжасам тәсілдеріне қатысты әлі де зерттеуді қажет ететін мәселелер кездеседі. Мәселен, үшіншілік туынды мағыналы сөз тудыру мәселесі осы уақытқа дейін арнайы зерттеу нысаны болған жоқ. Сондықтан бұл зерттеу тақырыбының өзектілігін көрсетеді.
Үшіншілік туынды мағына екіншілік туынды мағынадан туындайды. Көбіне үшіншілік мағыналы сөз синтетикалық және аналитикалық тәсілдер арқылы жасалады.
Диплом жұмысының мақсаты мен міндеттері. Дипломдық жұмыстың негізгі мақсаты - қазіргі қазақ тілі сөзжасамындағы үшіншілік мағыналы сөздердің жасалу жолын, сөзжасамдық мағынасын анықтау және оларға сипаттама беру.
Осы мақсатқа жету барысында төмендегідей міндеттерді жүзеге асыру көзделіп отыр:
- үшіншілік мағыналы сөздердің өзіне тән ерекшеліктерін айқындау;
- үшіншілік мағыналы сөздердің жасалу жолдарын анықтау;
- синтетикалық тәсіл арқылы жасалған туынды сөздерге (үшіншілік мағыналы) сипаттама беру;
- туынды сөз жасаушы сөзжасамдық жұрнақтарды анықтау;
- аналитикалық тәсіл арқылы жасалған туынды сөздерге (үшіншілік мағыналы) сипаттама беру;
- үшіншілік мағыналы сөздердің сөзжасамдық мағынасын айқындау.
Дипломдық жұмыстың нысаны. Үшіншілік мағыналы туынды сөздер, олардың жасалу жолдары, сөзжасамдық мағынасы.
Дипломдық жұмыстың ғылымилығы. Еңбекте қазіргі қазақ тілі сөзжасамында кездесетін үшіншілік мағыналы туынды сөздердің жасалу тәсілдері зерттеліп, сөзжасамдық мағыналары айқындалды. Үшіншілік мағыналы сөздердің дара туынды сөздерден және күрделі туынды сөздерден сөз тудырушы жұрнақ арқылы синтетикалық тәсілмен жасалған түрлері анықталды, аналитикалық тәсілдің ішінде қосарлану арқылы жасалған үшіншілік мағыналы туынды сөздер қарастырылды.
Зерттеу әдістері. Дипломдық жұмысты жазу барысында сөзжасамдық талдау, салыстыру, семантикалық, компоненттік талдау үлгілері, жүйелі сипаттамалы, жинақтау әдістері қолданылды.
Дипломдық жұмыстың құрылымы. Диплом жұмысы кіріспеден, екі тараудан және қорытындыдан тұрады. Соңында пайдаланылған әдебиеттер тізімі берілген.
1 Қазіргі қазақ тіліндегі туынды сөздердің жасалу жолдары
1. 1 Туынды сөздердің сөзжасамдық мағынасы
Ұлттық өмірдің айнасы іспетті болып табылатын халықтың тұрмыс-тіршілігінің, мәдениетінің көп қырлары мен сырлары тіл арқылы ашылатыны анық. Тіл - әр адамның бүкіл ғұмырында қолданатын ең қажетті құралы. Тіл - ғылым. Әрбір ғылымның туу, қалыптасу, даму, өркендеу кезеңдері бар. Тіл ғылымы да осы кезге дейін осы кезеңдерді басынан өткізді. Тіл білімінің дамуы тілге қатысты сан қырлы сұрақтардың туындап, олардың заңды жауаптарының табылуымен тығыз байланысты. Тіл білімінің дамуы барысында тілге байланысты мәселелер әр түрлі деңгейде, әр түрлі тәсілдермен қаралып бүгінгі таңда сан алуан заңдылықтар қалыптасты [1, 10б. ] .
Басқа ғылым салаларындағы тәрізді тіл ғылымында әлі де толық шешімін таппаған кейбір мәселелер және олар жайында әртүрлі болжамдар бар. Қазақ тіл білімінде бүгінгі дейін нақты шешімін таппаған сондай жағдайлар сөзжасам саласына байланысты. Қазіргі кезде сөзжасам саласына қатысты мәселелер бір жүйеге келтіріліп, әлі де толық зерттелген жоқ.
«Сөзжасам тілдің атау (номинация) жасау қызметін іске асырады. Сөзжасам тіл білімінің басқа салаларының ешқайсысы атқара алмайтын қызметті атқара алады. Ол - сөзжасамның туынды сөз, жаңа сөз жасау қызметі [2, 22б. ] . Сондықтан сөзжасам жаңа сөз жасаудың барлық мәселелерін түгел қамтиды. Оған сөзжасамдық бірліктерден бастап, сөзжасамдық ұя сияқты ірі, күрделі сөзжасамдық бірліктерге дейін кіреді. Сөзжасамдық нұсқалардың сөзжасамда атқаратын қызметі, жаңа сөздердің жасалу үлгілері мен тәсілдері, сөзжасамдық нұсқалардың түрлері, қолданылу ерекшеліктері, сөзжасамдық ірі бірліктер болып саналатын сөзжасамдық ұялар, олардың құрылысы, оның мүшелері, сөзжасамдық ұяның құрамындағы мүшелердің қызметі, ерекшелігі сияқты т. б. тек сөзжасамға қатысты заңдылықтар сөзжасамды тілдің басқа салаларынан ерекшелендіреді. Бұл мәселелер тек сөзжасамға ғана қатысты. Олар тілдің басқа ешбір саласында шешілмейді, өйткені ол мәселелер тілдің басқа салаларында қойылмайды да. Өйткені олар тек сөзжасам саласының зерттеу нысанасына жатады» [3, 33б. ] . Ендеше сөзжасам тілдегі сөз жасау процесімен байланысты барлық құбылыстар мен заңдылықтарды зерттейді.
Ғылыми зерттеулерде сөзжасам саласы бойынша туынды сөздердің мағыналық құрылымы зерттеу нысанына алынған. Сөзжасамдық мағына - сөзжасамдық тұлғалардың қатысынан туған туынды мағына. Сөзжасамдық мағына сөздің лексикалық және грамматикалық мағыналарынан ерекшеленеді [4, 29б. ] .
Ғалым Н. Оралбаева сөзжасамдық мағынаның сөзжасам саласындағы негізгі мәселе екенін айтып, оның лексикалық деривация және синтаксистік деривация болып бөлінетіндігін айтады [6, 59б. ] . Ал ғалым А. Салқынбай: «Сөзжасамдық мағына - ең бірінші, туынды мағына. Ол екі сөз тудырушы тұлғалардың бірігуі немесе қосарлануы не болмаса негізге сөз туғызушы жұрнақтың жалғануынан пайда болатын екіншілік мағына. Жаңадан пайда болған екіншілік мағына оны жасаушы сыңарлар мағынасының негізінде жасалып, денотаттық мағына бірлігін белгілейді де, номинативті атауды анықтайды. Сонымен, екіншілік мағына - сөзжасамдық мағына» [7, 310б. ] деген пікір айтып, сөзжасамдық мағынаның лексикалық, грамматикалық мағыналардан айырмашылығына зерттеу жасап, сөзжасамдық мағына туғызу кезінде сөзжасамдық тұлғалардың қызметін анықтап, оларға сипаттама берген.
Ғалым А. Салқынбай: «Сөзжасамдық мағына - күрделі әрі ерекше сема. Оның күрделілігі құрамында тұлғалардың семалық құрамымен байланысты. Денотаттық және сигнификаттық мағынанаң қалыптасуында сөзжасамдық тұлғаның барлық семалары қатысуға міндетті емес. Берілген зат не құбылыстың ерекше номинативтік сипаттарына байланысты түбір не негіз өздерінің ерекше семалары арқылы жаңа екіншілік арнайы сема қалыптастырады. Бұл пайда болған арнайы сема туынды сөздің жаңа сөзжасамдық мағынасын құрайды» [7, 312б. ] дей келе, сөзжасамдық мағынаның сөзжасамдық тұлғалардың негізгі және ауыспалы мағыналары арқылы, сөзжасамдық тұлғалардың метафоралануы арқылы жасалатындығын айтады.
Сөзжасам ғылымындағы сөзжасамдық мағына түрлері турасында пікірталас тудыратын жайттар кездеседі. «Қазақ грамматикасында» сөзжасамдық мағынаның нақтылығы, түрлендірілуі, көшірілуі, тепе-теңдігі мәселесі сөз етілген. Бұл кезде туындайтын мәселе - мағынаның негізділігі.
«Қазақ грамматикасында» туынды сөздің сөзжасамдық мағынасының негізділігі жөнінде: «Негіз сөз жасалатын туынды сөздің лексикалық мағынасына өзек болады. Осымен байланысты туынды мағына негіз сөздің мағынасымен байланысты болып шығады. Мысалы, балтала, қарала, жақсыла, тазала деген туынды етістіктер балта, қара, жақсы, таза деген есім сөздердің туынды сөзге негіз болуы арқылы жасалған. Осы туынды сөздердің бәрінің мағынасы негіз сөздердің мағынасымен байланысты: балғала - балға арқылы орындалатын қимылдың аты, жаманда - жаманға айналдыру қимылының аты, жақсыла - жақсыға айналдыру қимылының аты, тазала - тазаға айналдыру қимылының аты. Бұлар - бір сөзжасамдық тип арқылы жасалған туынды сөздер. Сондықтан мұндағы жұрнақ -ла, -да есім сөздерге қимыл мағынасын қосып, есім сөздерден етістік жасаған, яғни, туынды сөздер негіз сөздерден басқа сөз табындағы сөзге айналған, олардың сөз табы категориясы өзгерген» [8, 210] деген мәлімет берілген. Демек, мұнда туынды қимыл атаулары заттық, сындық, етістік мағыналы сөздердің негізінен туындаған. Туынды сөздің лексикалық мағынасына түбір, яғни негіз сөздің лексикалық мағынасының себеп болуы олардың мағыналық байланысын көрсететіні бәрімізге белгілі. Ал мағынаның түрлендірілуі жайлы ғалым: «Негіз сөз бен туынды сөз арасындағы қарым-қатынасты салыстырғанда, сөзжасамда туынды сөздің лексикалық мағынасында негіз сөздің лексикалық мағынасы толық сақталып, оған тек үстеме мағына қосылады да, туынды сөз негізгі мағынаның түрленуінен жасалады» [8, 211] деген түсінік берген. Мұны мысалдар негізінде қарастырып көрейік. Мәселен, үйшік, парақша, балақай, ботақан туынды сөздеріндегі -шік, -ша, -қай, -қан жұрнақтары үй, парақ, бала, бота деген негіздерге кішірейту, еркелету, сыйлау мағыналарын қосқан. Дегенмен, бұл туынды сөздердің мағыналарының түрленуіне негізгі сөздердің лексикалық мағынасы себеп болып тұр.
Ал мағынаның көшірілуіне: « . . . туынды сөздің мағынасы негіз сөздің мағынасын басқа сөз табына көшіру арқылы жасалады. Мұнда негіз сөздің де туынды сөздің де білдіретін лексикалық мағынасы бір ұғымды білдіреді. Мысалы, гүрс-гүрсіл, тарс-тарсыл, қаңғырма (етістік) -қаңғырма (сын есім), қанық (етістік) -қанық (сын есім), қатар(зат есім) -қатар (үстеу) » деп тұжырым жасалып, мұндағы негізгі сөздердің лексикалық мағыналарының сақталып, туынды сөздердің сөз табы ауысқандығы талданған. Берілген гүрсіл, тарсыл туынды сөздерінің сөз табы ауысқаны шын болғанымен, бірақ бұл туынды сөздердің жасалуына гүрс, тарс дыбыстық еліктеу мағыналы сөздері негіз болып тұр. Мағынаның көшірілуінде де туынды сөздердің мағынасына негіздер арқау болып тұр.
Бұдан мынадай қорытынды шығаруға болады: сөзжасамдық мағынаның түрленуінде болсын, көшірілуінде болсын туынды сөз жасауға негіз сөздердің лексикалық мағыналары өзек болады. Сол себепті біздің ойымызша, мағынаның негізділігін сөзжасамдық мағынаның түрі ретінде емес, туынды сөздердің тұрақты белгілерінің бірі ретінде қараған жөн.
Атақты ғалым Н. Оралбаева: «Сөзжасамның мағына негізділігі - басқа тілдік құбылыстарда жоқ қасиет. Мысалға сөзформаларды алып қарайық. Сөзформалар да түбір сөзге қосымша жалғану арқылы жасалады, алайда онда негіз сөздің лексикалық мағынасы өзгермейді, сол лексикалық мағынаның үстіне грамматикалық мағына ғана қосылады. Мысалы: үйге, үйді, үйде, үйден сияқты сөзформалардағы қосымшалар үй деген түбірдің лексикалық мағынасының үстіне грамматикалық мағына қосып тұр. Түбірдің лексикалық мағынасы өзгермеген, басқа лексикалық мағына тумаған, сондықтан сөзформаларында сөзжасамдағыдай мағына негізділігі жоқ. Сөйтіп, сөзжасамның мағына негізділігі оның тұрақты белгілерінің бірі деп қаралу керек» [8, 211] деп туынды сөздердің сөзжасамдық мағынасын сөзформаларының мағынасымен салыстырмалы тұрғыда қарап, аражігін көрсеткен. Бұл пікірге толық қосыламыз. Мысалы, оқулық, сұлулық, әсемдік, әдемілік, тәкаппарлық, достық, бастық деген сөздерді алып қарасақ, олардың әрқайсысы екі морфемадан тұрады. Ол морфемалардың алғашқыларының лексикалық мағыналары бар: оқу, сұлу, әсем, әдемі, тәкаппар, дос, бас. Бұлар туынды сөздердің мағыналы бөлігі болғандықтан, олардың негіздері болып есептеледі. Енді осы негіздерге -лық, -лік, -дық, -дік, -тық сөзжасам жұрнақтарын жалғағанда олардың лексикалық мағыналары өзгеріске ұшырап, жаңа мағыналы туынды сөз жасалады. Бұл негізді сөздер оқу, сұлу, әсем, әдемі, тәкаппар, дос, бас деген негіздердің лексикалық мағыналарының қатысы арқылы жасалған. Егер бұл негіздерді тәуелдік формада қолдансақ (оқуы, сұлуы, әсемі, әдемісі, тәкаппары, досы, басы), негіздердің лексикалық мағынасына тек грамматикалық мағына ғана үстеліп тұр. Демек, сөзжасамдық мағынаның негізділігінде туынды сөздің мағынасы негіз сөздің мағынасынан туындайды, сөздің негізі тірек болады.
Сөзжасамдық мағынаның негізділігі тек қана синтетикалық тәсілмен жасалатын туынды сөздерге қатысты деп шек қоя алмаймыз. Лексика-семантикалық, аналитикалық тәсілдер арқылы жасалған туынды сөздерде де мағынаның негізділігі үлкен рөл атқарады. Мәселен, Жетіқарақшы, қарақұрт, еңбекақы, Қызылорда, тілтаным, бал қаймақ, жиырма үш, екі мың он сегіз, құрмет ет, сәлем бер, халық әдебиеті, қызыл ала, қызыл күрең, ақ құба деген сөздерді қарастырып көрейік. Мұнда Жетіқарақшы, қарақұрт, еңбекақы, Қызылорда, тілтаным деген тунынды сөздер екі негіздің бірігуі негізінде жасалған. Әр туынды сөздің жасалуына толық мағыналы екі сөз қатысқан: Жеті+қарақшы, қара+құрт, еңбек+ақы, Қызыл+орда, тіл+таным. Бірігу арқылы жасалған туынды сөздің әр сыңары жаңа мағыналы туынды сөзге негіз болып тұр. Ал бал қаймақ, жиырма үш, екі мың он сегіз, құрмет ет, сәлем бер, халық әдебиеті, қызыл ала, қызыл күрең, ақ құба деген туынды сөздер толық мағыналы сөздердің тіркесуі арқылы жасалған. Күрделі туынды сөздердің әр сыңары (бал және қаймақ, жиырма және үш, екі, мың, он және сегіз, құрмет және ету, сәлем және беру, халық және әдебиет, қызыл және ала, қызыл және күрең, ақ және құба) негіз болып, негізді сөз жасауға тірек болып тұр. Бұл - аналитикалық тәсіл арқылы жасалған туынды сөздердің сөзжасамдық мағыналарының негізділігі.
Сонымен қатар, тіліміздегі қоңыр деген сөз түсті білдіретін сын есім екені белгілі. Қоңыр сөзі тілімізде қара мен қызыл аралығындағы қою күрең түс мағынасында жұмсалады. Енді осы мағынаның негізінде туындаған қоңыр сөзінің, біріншіден, жұтаң жадау, екіншіден, ықылассыз, көңілсіз, салқын деген мағыналары бар. Бұл мағыналар қоңыр сөзінің түстік мағынасы негізінде қалыптасқан. Яғни, бұл мысалдардан байқайтынымыз, лексика-семантикалық тәсіл арқылы жасалған туынды сөздерде де сөздің негізі мағынасы туынды мағынаға себеп болады.
Сондықтан, туынды сөз лексика-семантикалық тәсіл, синтетикалық тәсіл, аналитикалық тәсіл арқылы жасалса да, онда мағына негізділігі сақталады. Сөзжасамдық мағынаның көшірілуінде де, мағынаның түрлендірілуінде де мағынаның негізділігі айқын көрінеді.
Сөзжасамдық мағына - жаңа сөз жасау кезінде пайда болатын туынды мағына. Сөзжасамдық мағына сөзжасамдық тұлғалардың семасы арқылы уәжделе келіп, өзіндік ерекше семаға ие болатын екіншілік жаңа мағына. Сөзжасамдық мағыналы туынды сөз сөйлемде, мәтінде әртүрлі грамматикалық қолданысқа түсіп, грамматикалық категориялық мәнге ие бола алады. Сөзжасамдық мағыналардың бұлайша бір - бірімен ұштасуы, сабақтасуы тілдің жүйелі құрылым болуымен байланысты.
Зерттеуші Н. Оралбай сөзжасамдық мағына - сөзжасам ғылымындағы негізгі мәселе деп атап, лексикалық деривация және синтаксистік деривация деп екіге бөледі. Лексикалық деривацияда түпкі негіздің мағынасы мен туындының мағынасында үлкен айырмашылық болады да, олар бір - біріне тең бола алмайды. Синтаксистік деривацияда түп негіз бен туындының лексикалық мағынасы бір-біріне ұқсас, яғни бірдей болады, тек туынды түп негізден басқа сөз табынан болуы арқылы ерекшеленеді, яғни олардың синтаксистік қызметі жағынан ажыратылады.
Сөзжасамдық мағына - өзекті негіздер мен сөзжасамдық тұлғалардың бірігуі не қосарлануы, тіркесуі, жалғануы негізінде уәжделіп жасалатын ерекше туынды мағына.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz