Қазіргі қазақ тіліндегі грамматикалық мағына мен грамматикалық форма сәйкессіздігі


Қазіргі қазақ тіліндегі грамматикалық мағына мен грамматикалық форма сәйкессіздігі
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі. Тілдің грамматикалық құрылысы тіл денгейлерінің көлемі жағынан да, мазмұны жағынан да әрі күрделісі, әрі ауқымдысы екені даусыз, өйткені тілдің қоғамдық құбылыс ретіндегі өзіндік ерекшеліктері, атқаратын қызметіндегі сан алуан жүктері, даму барысындағы диалектикалық заңдылықтары - бәрі-бәрі тілдің грамматикалық құрылысынан анық көрінеді.
Қазақ тілі жалғамалы тіл болып саналғанымен, онда аз да болса флексиялық сипат та кездесіп отырады. Грамматикалық мағына мен грамматикалық форма үнемі сәйкестікте бола бермейді. Кейде бір форма бірнеше категориялық грамматикалық мағынаны білдіреді. Әсіресе форма тудыратын қосымшалар арқылы неше алуан грамматикалық мағына беріледі: көптік, тәуелдік, жақтық мағыналар, жіктік жалғау арқылы жақтық, жекешелік-көпшілік мағыналар, септік жалғаулары арқылы қимыл, іс-әрекеттің иесі, меншіктілік, тура және жанама обьктілік, мезгілдік, мекендік-бағыттық, яғни тәуелділік мәнде тұрған сөздердің бірнеше мағынасының бар болуын байқауымызға болады. Олар: жақтық, жекеше немесе көпше, анайылық немесе сыпайылық тұлғасына қарай мағыналарын ажыратуға болады. Грамматикалық мағына сөйлеу процесінде, контекст ішінде айқындалады.
Сондай-ақ кейде сөз құрамында белгілі бір грамматикалық форма болғанмен, ол өз бетінше грамматикалық мағына білдіре алмай, факультативті түрде ғана қолданылады.
Сөйтіп, тілімізде қазіргі кезде ешбір грамматикалық мағына білдіре алмайтын қалдық формалар да бар. Осындай қасиетінің арқасында (грамматикалық мағынадан айырылып қалуының нәтижесінде) әдетте оларды жеке бөліп алмай, басқа формалардың құрамында қараймыз. Сондай грамматикалық мағына білдірмейтін грамматикалық форма болмайды десек, оны диалектикалық мәнде және тілдің қазіргі статикалық күйі тұрғысынан түсіну керек. Тілдің грамматикалық құрылысында кездесіп отыратын ондай тұлғалар, біріншіден, бір кезде грамматикалық мағына білдірген. Ал кейін, екіншіден, ол білдірген грамматикалық мағына жоғалып кеткен де, ол форма сөз құрамында факультатив тұлға ретінде сақталып қалған.
Кейбір жағдайларда ешбір грамматикалық тұлғасыз-ақ белгілі бір грамматикалық мағына білдіріліп тұрады. Ол грамматикалық мағына сөз түбірі білдіретін грамматикалық мағынадан бөлек болады. Міне, сондай арнайы қосымша көрсеткіші болмай, тұлғасы көрінбей тұрып-ақ белгілі грамматикалық категориялық грамматикалық мағына білдіруді нөлдік тұлға деп атауға болады, өйткені арнайы көрсеткіш, формалық тұлғасы болмағанмен, онда түбір білдіретін мәннен бөлек арнайы грамматикалық мағына болады. Әр уақытта нөлдік форманы түбір формамен салыстырып отырудың басты себебі, біріншіден, екеуінің сырт тұлғасы, формасы сәйкес болуында, екіншіден, түбір - әр түрлі грамматикалық тұлға жасауға негіз болатын тұлға.
Тілдің грамматикалық құрылысының басты, ең негізгі ұғымдары - грамматикалық мағына мен грамматикалық форма, олардың әрқайсысының жасалуы, тілде көрінуі, түрлері, мағына мен форма арасындағы сәйкессіздік бұл тақырыптың өзектілігін көрсетеді.
Дипломдық жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Дипломдық жұмыстың негізгі мақсаты- грамматикалық мағына мен грамматикалық форманың сәйкес келмеуін анықтау. Бұл мақсатты орындау үшін мынадай міндеттердің шешілуі көзделді:
- грамматикалық мағына түрлеріне тән негізгі белгілерді айқындау;
- грамматикалық форма туралы ғалымдардың пікірлерін саралау;
- бір форманың бірнеше категориялық грамматикалық мағына білдіретінің мысалдар арқылы дәлелдеу;
- бір грамматикалық мағынаның бірнеше форма арқылы берілуін анықтау;
- формасы бар, бірақ ешқандай грамматикалық мағына білдірмейтін тұлғасындарды талдау
Дипломдық жұмыстың нысаны ретінде Б. Нұржекеұлының «Күтумен кешкен ғұмыр» (2006) романы негізінде мысалдар алынды.
Дипломдық жұмыстың ғылымилығы. Грамматикалық мағына мен грамматикалық форма ұғымдарына анықтама беріліп, ғалымдардың пікірлері сараланды. Бір форманың бірнеше категориялық грамматикалық мағына білдіруі немесе бір мағынаның бірнеше форма арқылы берілуі, я болмаса формасы бар бірақ ешқандай мағына білдірмейтін сөздерге мысалдар теріліп грамматикалық мағына мен грамматиалық форманың сәйкессіздігі дәлелденді.
Дипломдық жұмыстың ғылыми дереккөздері. Ғылыми еңбекте мәселені зерттеуде тіл білімінің көрнекті ғалымдарының (С. Исаев, Н. Оралбай, Маманов Ы., Ә. Хасенов, Тураева А., Б. Момынова, Ж. Сәткенова, О. Бүркіт, Ұ. Ержанова, Б. Өмірзақов, Раманова А. А., Омарова А. Қ т. б. ) көзқарастары негізе алынды. Сонымен қатар грамматикалық мағына мен форманың сәйкессіздігін нақтылау, дәлелдеу үшін Бексұлтан Нұржекеұлының «Күтумен кешкен ғұмыр» романы талдауға түсті.
Дипломдық жұмыстың зерттеу әдістері. Зерттеу барысында дәстүрлі сипаттама әдісі, баяндау, талдау, морфемалық талдау әдістері қолданылды.
Дипломдық жұмыстың теориялық-практикалық маңызы: Зерттеу еңбегінің тұжырымдары мен нәтижелерін жоғары оқу орындарында қазақ тілі, оның ішінде морфология пәні бойынша арнайы үйірме жұмыстарында, семинарлар жүргізуде пайдалануға болады.
Дипломдық жұмыстың құрылымы. Дипломдық жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 Қазіргі қазақ тіліндегі негізгі грамматикалық ұғымдар
1. 1 Грамматикалық мағына және оның түрлері
Тіліміздегі әрбір сөз айналамыздағы белгілі бір зат не құбылыс туралы ұғымның атауы болса, онда ол сөздің өзіне телінген мағынасы болады. Әрбір сөздердің басқа да бір сөздермен қарым-қатынасқа түспей, өзі жеке дара тұрған күйіндегі негізгі мағынасын лексикалық мағынасы деп атаймыз. Сөздің лексикалық мағынасымен қатар, бірнеше грамматикалық мағынасы да болады.
Сөздің лексикалық мағынасы - нақты, ұғымдық мағына, яғни кез-келген бір сөзден екінші бір сөзді айыратын реестрлік сөздің мағынасы болса, грамматикалық мағынасы - сөздің жалпы мағынасы, сол сөздің лексикалық мағынасының жалпылануы, я болмаса оған әр түрлі тұлғалар жасалу арқылы түрленуінің нәтижесінде немесе басқа сөздермен әр атүрлі қарым-қатынасқа түсу салдарынан туындайтын және сөздерді бір-бірінен бөлмей, керісінше белгілі бір грамматикалық топтарға бірдей қасиеттері арқылы біріктіретін жалпы мағыналар болып табылады.
Грамматикалық мағына сөздің лексикалық мағынасымен тікелей байланысты болады. Дегенмен грамматикалық мағыналардың өзі біркелкі емес. Тікелей лексикалық мағынадан, сөздің түрлену жүйесі негізінде тұлғалануынан пайда болатын грамматикалық мағыналар бар. Домбырасын көріп, қуанып, әншінің көзі отша жайнап, көрші-колаңға кідірместен кісі шаптырады. [Б. Нұржекеұлы «Күтумен кешкен ғұмыр» 12б] деген сөйлемге талдау жасайық. Сөйлемде кездесетін әрбір он екі сөз өзара лексикалық мағынаны және бірнешеден грамматикалық мағынаны білдіріп тұр:
- Домбырасын, лексикалық мағынасы - қазақ халқының екі шекті музыкалық аспабы; грамматикалық мағыналары -1) жалпы зат атауы болуы; 2) тәуелділік 3 жаққа қатысты;
- Көріп, лексикалық мағынасы - нақты көру деген қимыл; грамматикалық мағыналары: 1) жалпы қимылды білдіруі; 3) өткен шақ мәні;
- Қуанып, лексикалық мағынасы - бір нәрсеге мәз болу, шаттану, қуану қимылы; грамматикалық мағыналары: 1) жалпы қимылды білдіруі; 2) өткен шақ мәні;
- Әншінің, лексикалық мағынасы - әнді жақсы орындай білетін адам; грамматикалық мағыналары: 1) жалпы зат атауы; 2) қуанып қимылының грамматикалық субьектісі болуы; 3) Деректі зат есім;
- Көзі, лексикалық мағынасы - адамның жан-жануарлардың көру мүшесі; грамматикалық мағыналары: 1) жалпы зат атауы болуы; 2) тәуелділік мағына; 3) үшінші жақ, жекеше;
- отша, лексикалық мағынасы - от сияқты, от тәрізді деген мағынада; грамматикалық мағыналары: 1) жалпы зат атауы болуы; 2) жайнап қимылының амалын білдіру;
- Жайнап, лексикалық мағынасы - жалпы қуану деген қимылды білдіреді; грамматикалық мағыналары: 1) жалпы қимылды білдіруі; 2) өткен шақ мәні;
- Көрші-қолаңға, лексикалық мағынасы - ауылдас, іргелес отырған көршілердің жиынтық аты; грамматикалық мағыналары: 1) жалпы зат атауы болуы; 2) шаптырады қимылының субьектісі ретінде болуы;
- Кідірместен, лексикалық мағынасы - Бөгелмеу, үзіліссіз деген мағынада; грамматикалық мағыналары: 1) жалпы қимылды білдіруі;
- Кісі, лексикалық мағынасы - жалпы адам, пенде, жан деген мағынада; грамматикалық мағыналары: 1) жалпы зат атауы болуы; 2) деректі;
- Шаптырады, лексикалық мағынасы - жалпы жібереді, жұмсайды мағынасында; грамматикалық мағыналары: 1) жалпы қимыл атауы; 2) нақ осы шақ мәні.
Осы шағын талдаудан көрінетіндей, сөйлемдегі әрбір мәнді сөз бір лексикалық мағына және бір я бірнеше грамматикалық мағынаны білдіреді. Және грамматикалық мағыналар біркелкі емес, олардың берілу тәсілдері де әр түрлі. Осы сөздерді кейбір ортақ грамматикалық мағыналарына қарап топтауға да болады. Мысалы, жалпы затты зат атауын білдіруіне қарай: домбырасын, әншінің, көзі, көрші-қолаңға, кісі сияқты сөздерді бір топқа жинап, екінші жақ субъектінің қимылын білдіруі жағынан к өріп, қуанып, жайнап, кідірместен, шаптырады сияқты сөздерді бір топ етіп, 3-жақ субьектінің қимылын білдіруі жағынан шаптырады сөзін жеке топ ретінде алып, тәуелділік мәніне қарай домбырасын, көзі сөздерін бір топ етіп, т. б. топтауға болар еді. Нәтижесінде, жалпы мағына, грамматикалық мағынаның бірыңғайластығы, ортақтығы жағынан сөздерді белгілі бір топтарға жіктеуге болады. Сонымен қатар ол грамматикалық мағыналардың түрлері, берілу жолдары біркелкі емес. Мысалы, көріп, қуанып, жайнап, шаптырады сөздерінің жалпы қимыл, іс-әрекетті білдіреді. Сонымен қатар бұл сөйлемде домбырасын, әншінің, көзі және кісі сияқты сөздер жалпы зат атауын білдіруі нақты заттардың абстракцияланып, жалпылануы арқылы пайда болған. Демек, осы сияқты грамматикалық мағыналар сөздердің лексикалық мағыналарының абстракциялануы, жалпылануы арқылы беріледі. Сондықтан, бұл -грамматикалық мағына білдірудің семантикалық жолы екен.
Берілген сөйлемдегі домбырасын, әншінің, көзі және кісі сияқты сөздердің әрқайсысы - жеке-жеке ұғымды білдіретін заттың аты, көріп, қуанып, жайнап, шаптырады - нақты қимыл ұғымын білдіретін сөздер, сонымен бірге алты, сегіз - нақты санды білдіретін сөздер, сары, жасыл, қызыл, қоңыр - заттың нақты түсін білдіретін сындар, т. б. Атап айтқанда, Домбыра - қазақ халқының екі шекті музыкалық аспабы [ҚТТС, 204б], әнші - әнді жақсы орындай білетін адам [ҚТТС, 89б], көз - адамның, жан-жануарлардың көру мүшесі [ҚТТС, 404б], кісі - адам, пенде, жан [ҚТТС, 441б] дегендердің осы көрсетілген лексикалық мағыналарында ешқандай ортақтық, жақындық жоқ, әрқайсысы - бөлек-бөлек заттардың атауы; қуан - бір нәрсеге мәз болу, шаттану. Қуаныш - бір нәрсеге қуану сезімі, шаттық [ҚТТС, 527б], көру - көру жүйкесі, тірі организмдерді көру қызметін атқарушы орган [ҚТТС, 418б], жайна - алуан түрге еніп, құлпырыу, жарқырау. Көздің нұрын шашып жайнаңдау [ҚТТС, 250б], шаптыру - біреуді бір жаққа жұмсау, аттандыру; босату, қоя беру [ҚТТС, 336б] дегендердің осы көрсетілген лексикалық мағыналарында ортақтық, ұқсастық жоқ, бір-бірінен осы мағыналары арқылы ажыратылады; алты - бестен кейінгі есептік сан [ҚТТС, 43б], сегіз- жетіден кейінгі есептік сан [ҚТТС, 721б] деген сияқты сөздердің лексикалық мағыналары бөлек-бөлек, себебі әр біреуі әртүрлі сан; сары - піскен егіннің немесе апельсиннің түріндей түс [ҚТТС, 712б], жасыл - жапырақтың түсіндей түс, өсімдіктің қурамаған, сарғаймаған көк балауса кезі [ҚТТС, 278б], қызыл - қанның түсіндей түс; қырмызы; жылқыдан басқа малда болатын ашық қоңыр түс [ҚТТС, 553б], қоңыр - қара мен қызылдың аралығындағы қою күрең түс [ҚТТС, 519б] осы сияқты сөздердің де лексикалық мағыналары бөлек-бөлек, себебі олар әр түрлі түсті білдіреді. Сонымен бірге бұл нақты лексикалық мағыналары жалпылануы да мүмкін. Міне бұл соңғы көрсетілгендер -нақты лексикалық мағыналардың жалпылануы нәтижесінде пайда болған жалпы грамматикалық мағыналар яғни бұлар белгілі бір сөздің ғана мағыналық сипаты емес, белгілі бір топтағы заттың атын білдіру я болмаса қимыл іс әрекетті білдіру, т. б. сөздердің ортақ жалпы мағынасы. Осы жалпы мағыналарының біркелкі болуы арқылы сөздер топтасып, белгілі бір грамматикалық топ құрайды:
- домбыра, әнші, көзжәнекісі-заттың атын білдіретін сөздер -зат есім;
- көріп, қуанып, жайнап, шаптырадыіс-әрекетті білдіретін сөздер -етістік;
- алты, сегіз-заттың санын білдіретін сөздер - сан есім;
- сары, жасыл, қызыл, қоңыр(әдемі, аласа, кең) заттың сынын білдіретін сөздер -сын есім, т. б. Сөйтіп сөз лексикалық мағынасы арқылы басқа сөзден дараланып, жекеленіп, бөлініп отырса, жалпы грамматикалық мағынасы арқылы керісінше басқа сөздермен ортақ сипат алып, жақындап, жалпы грамматикалық топ құрауға бейімделеді [1, 13-16] .
Сөзде лексикалық мағынаның жалпылануы негізінде пайда болатын жалпы грамматикалық мағына (жалпы заттың аты, жалпы қимыл, т. б. ) басқа да жалпы грамматикалық мағыналарды білдіруге негіз болады. Яғни, мысалы, жалпы заттың атауы болу мағынасымен бірге ол жалпы грамматикалық мағына жекелеген (жалпы) заттың атауы болуы мүмкін немесе алуан түрлі заттың атауы болуы мүмкін немесе алуан түрлі заттың жалпы ортақ атауы болуы мүмкін (жалпы есім) ; деректі немесе дерексіз зат атауы болуы мүмкін; адамға байланысты (кімдік) немесе адамнан басқа затқа байланысты атау болуы мүмкін, т. б. Сондай-ақ заттың сынын білдіретін сөздер сапалық сынға немесе қатыстық сынға байланысты болуы мүмкін, қимылды білдіретін сөздер салттық немесе қимылдың неше түрлі семантикалық сипаты болуы мүмкін (қалып, қозғалыс, амал -әрекет, ойлау қабілетіне байланысты, көңіл күйіне байланысты, т. б. ) . Бұлардың барлығы да сөздің жалпы семантикасынан туындайтын жалпы грамматикалық мағыналары. Сөйтіп, сөзде жалпы грамматикалық мағына біреу ғана емес, бірнеше де болуы мүмкін.
Оқулықтарда грамматикалық мағына деп лексикалық мағынаны айқындай, саралай түсетін немесе грамматикалық тұлғалар арқылы және басқа сөздермен қарым-қатынасқа түсу арқылы және басқа сөздермен қарым-қатынасқа түсу арқылы пайда болатын (туатын) жалпы мағына деп көрсетіледі. «Сөздің нақтылы лексикалық мағынасымен жарыса отырып, сол лексикалық мағынасына айқындай, саралай түсетін я сөйлемдегі басқа сөздер мен қарым-қатынастары арқылы да айтылады» [2, 14-15] .
Ең алдымен грамматикалық мағына -лексикалық мағынамен жарыса отырып, сол лексикалық мағынаны айқындай, саралай түсетін мағына емес, сөздің сол лексикалық мағынаның жалпылануы арқылы пайда болатын жалпы мағынасы. Лексикалық мағынаға қарағанда грмматикалық мағына алдымен лексикалық мағынаның жалпылануы арқылы туып, содан соң сөйлеу процесінде сөздің жұмсалу мақсатына қарай оған әр алуан тұлғалардың қосылуы арқылы я болмаса сөйлемде басқа сөздермен әр түрлі қарым-қатынасқа түсуі арқылы жасалады, демек, осының нәтижесінде екінші қатардағы мағына болып саналады. Сондай қатар лексикалық мағынаның мәні дара болса, сөйтіп, сөздерді бір-бірінен саралап, бөлуге негіз болса, грамматикалық мағына жалпы болады, жеке сөздерге (формаға) ғана емес, солардың белгілі топтарына тән болғандықтан, сөздерді грамматикалық сипаты жағынан, жоғарыда көрсетілгендей, топтауға негіз болады.
Оның үстіне сөз бір ғана лексикалық мағынаны білдіретін болса, грамматикалық мағына сөйлемдегі сөзде әдетте бірнешеу болады. Екіншіден, грамматикалық мағына, дұрыс көрсетіліп жүргендей, сөйлеу процесінде сөздің әр қилы грамматикалық тұлғалар арқылы түрленуінен де пайда болады. Үшіншіден, грамматикалық мағына сөйлеу процесінде сөздердің басқа да бір сөздермен әр түрлі қарым-қатынасынан да пайда болады. Бұлардың барлығы да грамматикалық мағына деп танылғанмен, олардың әрбіреуінің мәні, сипаты, грамматикалық сипатын айқындаудағы ролі сан алуан. Сол себептен грамматикалық мағына атаулыны жасалу жолына, сөздің грамматикалық сипатын айқындаудағы мәніне қарай жалпы грамматикалық мағына, категориялық грамматикалық мағына және қатыстық грамматикалық мағына деп үш түруге бөлуге болады.
Лексикалық мағынаның жалпылануы арқылы берілетін грамматикалық мағынаны жалпы грамматикалық мағына деп атайды.
Қазақ тілінде грамматикалық форма арқылы пайда болған мағынаны категориялық грамматикалық мағына деп атайды.
Грамматикалық мағына сөйлеу процесінде сөздің басқа да бір сөздермен тіркесіп, байланысқа түсуі, негізгі сөзге көмекші сөздің тіркесуі, орын тәртібі, интонация, т. б. аналитикалық, қатыстық тәсілдер арқылы да беріле береді. Оны қатыстық грамматикалық мағына деп атайды [3, 17-20] .
Жалпы тіл білімінде грамматикалық мағынаны дәл осындай үш түрге бөлу тәжірибесі болмаған. Қазіргі қырғыз тілінде грамматикалық мағынаның түрлері ретінде оны екіге бөліп қарау тәжірибесі бар: біріншісі -жалпы категориялық мағына және екіншісі -жеке грамматикалық мағына. Жалпы категориялық мағынаға, мысалы, зат есімнің заттық, сын есімнің сындық, етістіктің қимыл-әрекеттік мағыналары яғни сөздің әр түрлі формада түрленіп өзгеруінен емес, түбір білдіретін және сөздің барлық грамматикалық формаларында бола беретін мағыналары жатады да, жеке грамматикалық мағынаға сөздің түрленіп тұлғалануы арқылы пайда болатын мағыналары жатады, сондықтан бір сөзде бір жалпы грамматикалық мағына және бірнеше жеке грамматикалық мағына болады [4, 7-8 бет] .
Грамматикалық мағына басында айтылып өткендей, ең алдымен, сөйлеу процесінде лексикалық мағынадан туындайды, яғни лексикалық мағынаның жалпылануы арқылы, сөздік ұғымның жалпылық-абстрактылық сипатқа ие болуы арқылы грамматикалық мағына пайда болады. Жалпы, сөйлеу процесінен (сөйлемнен яғни контекстен) тыс грамматикалық мағына болмайды. Мысалы, мектеп, ағаш, қара немесе бар , т. б. сияқты сөздерді алатын болса, олардың заттық және иелік, жалпылық немесе сындық, түсті білдіру немесе қимылдық, т. б. грамматикалық мағыналары сөйлеу процесінде әбден қалыптасқан, сондықтан ондай тиесілі мағына сөйлемсіз-ақ ойымызда тұрақталып қалған. Одан әрмен сол сөйлеу процесінде сөздің басқа да бір сөздермен қарым-қатынасқа түсуі арқылы да, түрлі грамматикалық формалар жасалуы арқылы да, дауыс ырғағы, орын тәртібі, ішкі флексия, т. б. арқылы да грамматикалық мағына үстеледі.
Грамматикалық мағынаның түрлері оның берілу жолдарына байланысты және соған сай олардың (грамматикалық мағыналардың) грамматикалық немесе лексика-грамматикалық (семантикалық), қызметтік (функциялық), т. б. сипаттары айқындалады. Лексикалық мағынаның жалпылануы арқылы пайда болатын грамматикалық мағынаны жалпы грамматикалық мағына деп бөлуге болады. Жалпы грамматикалық мағына грамматикалық формасыз-ақ ішкі семантиканың абстракциялануы, жалпылана түсуі арқылы қалыптасады да, сол арқылы сөздердің семантикалық жақындығы, ортақтығы пайда болып, грамматикалық топтар құралады. Жалпы грамматикалық мағынаның әрі қарай шектеле, ұсақтай түсуі негізінде үлкен грамматикалық (шынында лексика-грамматикалық) топтарынан өз ішінде кіші топтар да бөлініп шығып отырады. Мысалы, мектеп, сәби, Қостанай немесе әдемі, ақ, ақылды, сусыз немесе кет, отыр, жаз, т. б. сөздердің лексикалық мағыналарының жалпылануы негізінде жалпы заттық немесе жалпы сындық немесе жалпы қимыл, іс-әрекеттік сияқты жалпы грамматикалық мағына байқалып, оларды жеке-жеке кішірек топтарды көрсетуге болады. Жалпы заттық мағынадағы сөздерді адамға байланысты (кімдік) заттар (сәби, азамат, т. б. ), адамнан басқа белгілі бір затқа байланысты (нелік) заттар (мектеп, парта, сағат, т. б. ), сондай-ақ жалпылық немесе жалқылық ерекшелігіне байланысты (Қостанай, Абай, Есіл, т. б. ), сонымен қатар деректі-дерексіз, т. б. топтарға жіктеуге болады. Жалпы сындық мағынадағы сөздерді сапалық сын-белгі (әдемі, ақылды, аласа, төмен, т. б. ), түске байланысты сын (қара, ақ, қоңыр, т. б. ), қатыстық сын (сусыз, ақылды, облыстық, т. б. ) деп, жалпы қимылды білдіретін сөздерді қимылдық мәнді (тұр, бар, отыр, т. б. ) абстракты іс-әрекет (сезін), т. б. толып жатқан мәнді білдіруіне қарай топтарға жіктеуге болар еді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz