Қазақтың шығу тегі


Мазмұны
КІРІСПЕ . . .
І М. ДУЛАТҰЛЫ ӨСКЕН ОРТАСЫ, САЯСИ КӨЗҚАРАСЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ . . .
- М. Дулатұлының өскен және білім алған ортасы . . .
- М. Дулатұлының көзқарасы . . .
ІІ М. ДУЛАТҰЛЫНЫҢ ТАРИХИ ШЫҒАРМАЛАРЫНА ЖАЛПЫ СИПАТТАМА . . .
2. 1 Қырғыз-қазақ тарихи туыстығы . . .
2. 2 Қазақтың шығу тегі . . .
2. 2 Қазақ тарихының басқа мәселелері . . .
ҚОРЫТЫНДЫ . . .
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . .
3
11
11
26
36
36
40
47
57
62
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі. Тәуелсіздік жолына түсіп, өркениетті елдердің қатарына қосылу әрекетіне кіріскен Қазақстан Республикасы үшін алдына қойған мақсаттарға жетудің кепілдіктерінің бірі - халықтың өз тарихын терең игеруі, тарих тағылымын жадында ұстауы.
XX ғасыр басындағы ұлт зиялыларын ойландырған мәселелер, яғни елдің елдігін, ұлттың бірлігін, жердің тұтастығын сақтау, қазақ халқын өркениетті елдердің қатарына қосу, ол үшін қазақ елін ұйқыдан оятып оқу, өнер-білім, іскерлік жолына салу, ең бастысы дербес мемлекеттігін құру, бүгін де, яғни ғасыр соңында күн тәртібінен түсе қойған жоқ, тіптен ең зәру мәселеге айналып отыр. Олай болса ғасыр басындағы дағдарыстан шығудың жолын қарастырған алаш көсемдерінің теориялық ізденістері практикалық қызметі бүгін де өз мәнін жойған жоқ.
Тоталитарлық жүйе өзінің "қанды шеңгеліне" түсіріп, есімдерін халық жадынан шығарып, тарих көшінен біржола аластатуға тырысқанына қарамастан алаш көсемдерінің қазақ елінің түпкілікті қоғамдық мәселелері жөнінде айтқан негізгі ой-пікірлерінің бүгінгі танда қайта жаңғыруының куәсі болып отырмыз.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев: «Алаш арыстары бізге мемлекеттілік идеясын ту етіп көтеруді табыстап кетті. 1991 жылы құрылған Қазақстан Республикасы - сол арыстардың асыл арманының жүзеге асуы. Біздің ендігі міндетіміз - осы Тәуелсіз мемлекетімізді көздің қарашығындай сақтауымыз керек», - деген болатын [47] .
Иә, біздің бүгінгі Тәуелсіз ел болып отырғанымызға Алаш арыстарының қосқан үлесі орасан зор екені тарихтан белгілі. Осы орайда, кезінде тәуелсіздігіміз, азаттығымыз үшін күрескен, сондықтан кеңестік тоталитарлық жүйе құрбандығына айналған, есімдерін осы саяси тәртіп кейінгі ұрпақ санасынан "тазартуға" күш салған тұлғаларды тарихымызға оралту аса қажет. Сондай ірі қайраткердің бірі Алаш зиялыларының қатарында Міржақып Дулатұлының (1885-1935 жж. ) алатын орны ерекше. Ұлы патриот, аса көрнекті қоғам қайраткері, ағартушы-ғалым, жазушы және публицист.
М. Дулатұлы өте күрделі ғұмыр кешкен тұлға. М. Дулатұлы сынды патриот ұлтжанды қайраткердің қызметін шынайы, объективті бағалау бүгінгі тәуелсіз Қазақстанның жеткіншектерін патриотизмге, ұлттық рухта тәрбиелеу үшін аса қажет.
Қазіргі таңда еліміздің "Алаш қозғалысы тарихын, оның белсенді қайраткерлерінің өмір жолын білуге деген жаппай құлшынысы, бұл қозғалыстың идеяларының өмірлік негізінің өміршендігінен, сондай-ақ халықтың сана-сезімінің жаңа сапаға көтерілуінен, оның өзінің жүріп өткен тарихи жолына деген қазіргі уақытта тарих ғылымында жалпы бұқара халықтың ғана емес, жеке тұлғалардың да ғұмырнамасына сұраныс өсіп отыр.
Алаш зиялыларының қоғамдық-саяси қызметінің Кеңес дәуірінде тар таптық партиялық тұрғыдан зерттелгендігі баршамызға мәлім. Кеңестік тарихнамада ұлт-азаттық қозғалыс көсемдерінің өмір жолын зерттеу, қолдау тапқан емес, ал зерттеле қалған күнде тарихи шындықтан алшақ бұрмаланып жазылды. Оның есесіне социализмнің салтанат құруына үлкен үлес қосып, коммунистік партияның ісіне шын берілген "тұлғалардың" қоғамдық-саяси қызметін зерттеуге жол ашылды. Сондықтан да алаш қайраткері М. Дулатұлының қоғамдық қызметін талдауда біржақты теріс пікір қалыптасты. Зерттеушілер оның қызметіне "буржуазияшыл-ұлтшыл", "контрреволюцияшыл", "халық жауы" - деген баға берді. Мұндай тұжырым М. Дулатұлына қатысты Кеңестік зерттеулердің барлығына ортақ болды.
М. Дулатұлы сынды ірі қайраткер қызметінің кеңестік тарихнамада теріс, біржақты баяндалып келуі де бұл тақырыптың заман талабына лайық қайта талдау қажеттілігін айқындай түседі.
Ғасырымыздың басында қазақ қоғамының жетекшісі, қолбасшысы болған зиялылар шоғырының қатарында М. Дулатұлы да халқына бостандық әперуге, тұрмыс жағдайын өзгертуге, өркениет биігіне көтеруге бар ғұмырын арнаған.
Биыл сол Алаш қозғалысына 100 жыл толып отыр. Міржақыптың бұл қозғалыста алатын орны ерекше зор.
Тақырыптың ғылыми зерттелу деңгейі . М. Дулатұлына арналған зерттеулер біршама болғанымен оның өмірбаянын ғылыми тұрғыдан неғұрлым толық әрі жүйелі тұрғыдан талдауға алған зерттеу еңбектер әлі жазыла қойған жоқ. Қазақ халқының патриот перзенті М. Дулатұлының жарты ғасырлық ғұмырының барлық қыры арнайы зерттеуге лайық. Ал бүгінгі тарихи әдебиетті саралау М. Дулатұлының өмірі мен қызметінің толық ашылып зерттелмеген тұстары көбірек екендігін көрсетіп отыр. Ғалымдар М. Дулатұлының әдеби-шығармашылық қызметінің қыр-сырын ашу бағытында көп еңбектенді. М. Дулатұлы туралы зерттеулердің басым көпшілігі оның ақын-жазушы, қаламгер ретіндегі шығармашылығын ашуға арналған. Ал М. Дулатұлының қоғамдық-саяси қызметі, тарихи көзқарастары, еңбектері толымды түрде жазылмай келеді. Бұл жағдайдың қалыптасуы тиісті деректердің ғылыми айналымға енбеуіне байланысты.
М. Дулатұлының қызметін зерттеуге арналған жұмыстар 20-30-шы жылдары кеңестік идеология арнасында жарық көрген тарихи-саяси әдебиеттерде, баспасөзде М. Дулатұлының қызметіне "буржуазияшыл-ұлтшыл", - деп біржақты теріс баға берілді.
Келесі кезеңде, яғни 30-шы жылдардың ортасынан бастап 80-ші жылдардың аяғына дейін бұл тақырыпты нақты тарихи тұрғыдан зерттеуге ресми идеология қарсы болды. Ал М. Дулатұлының аты аталса тек сол идеологиялық жау тұрғысынан ғана аталуға тиіс болды.
Соңғы, яғни 80-ші жылдардың соңынан басталатын кезең тарихи шындықты қалпына келтіруге бағытталған зерттеулердің өмірге келе бастауымен сипатталады.
М. Дулатұлының өмірі мен қызметі, шығармашылығы әділ бағаланып, оның ірі құбылыс екендігін мойындаған замандас зиялылардың пікірлері, арнау өлеңдері Қазан төңкерісіне дейін-ақ мерзімді баспасөзде, жинақтарда жарияланған. Бұл ретте алдымен Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, М. Жұмабаев, С. Торайғыров және басқа авторлардың айтқан пікірлерін, өлеңдерін айтуымызға болады. Мысалы, Ә. Н. Бөкейханов өз замандастары А. Байтұрсынов пен М. Дулатұлының саяси және ағартушылық қызметіне былай баға береді: "Бауырым Ахмет, Мирякуб сен екеуіңнің абақтың Радищев пен Новиков абақтысы Шырақтарым, сендерді кейін мінегенде осылармен бір салып мінесе, не армандарың бар!" [45] .
Алаш зиялыларының қоғамдық-саяси қызметінің Кеңес дәуірінде тар таптық тұрғыдан баяндалғаны белгілі. Дегенмен Кеңес үкіметі, Азамат соғысынан кейінгі орныққан уақытта, яғни 20-шы жылдары жарық көрген (мақалалар, естеліктер, арнайы зерттеулер, еңбектер) арасында ұлт зиялыларының қызметіне объективті баға берілген бірлі-жарым жарияланымдар бар. Мәселен, С. Сейфуллин сол кездегі қоғамдық өмірге баға бере келіп, "Қазақ зиялылары хақында" - деген мақаласында "Қазақ оқығандарының арасында 1905 жылдан бастап-ақ революциялық идея, ұлттық теңдік пен азаматтыққа үндеу етек алды. Жаңа оянып келе жатқан қазақ интеллигенциясының сол кездегі дем берушілері Бөкейханов, Дулатов, Байтұрсыновтар болды" - деп жазды [42] .
Қазақстан тарихнамасында Алаш қозғалысына байланысты 20-80-шы жылдардың екінші жартысына дейін жарық көрген еңбектерге біршама жақсы талдау жасалынған. Бұған қосымша Р. Нұрмағамбетованың "Проблема Алаша и Алаш-Орды в казахстанской историографии 20-90-х годов" атты диссертациялық зерттеуі өмірге келді [83] . Міне, осы жағдайды ескере отырып, аталған кезеңдегі әдебиетке біз арнайы тоқталмадық.
80-жылдардың екінші жартысынан басталған қоғамдағы демократиялық жаңарулар және 1991 жылы Қазақстанның өз тәуелсіздігін жариялауы нәтижесінде ұлттық тарихымызға терең көңіл бөлініп, оның "ақтаңдақ" беттерін жаңа көзқарас тұрғысынан зерттеген еңбектер жарық көре бастады [42, 49, 69, 75, 77, 86] .
1988 жылы 4-ші қарашада Қазақ ССР-нің Жоғарғы сотының шешімімен М. Дулатұлы толық ақталғаннан соң, оның өмірі, шығармашылығы, қызметі өз мәнінде зерттеле бастады. Баспасөзде тарихшылар, журналистер, әдебиетшілер оның қоғамдық болмысының әр қырын танытатын мақалалар жариялады. Мақалалардың көпшілігі қайраткердің әдеби-шығармашылық мұрасы, ағартушылық қызметіне арналды [29, 30, 43, 48, 58] .
Орыс халқының демократ ғалым-жазушылары 1914 жылы Лазарев атындағы шығыс тілдері институты даярлаған ғылыми жинақ зерттеуде М. Дулатұлының өмірбаяны мен ағартушылық бағыттағы шығармалары туралы хабарламалық мәлімет жариялаған. Жинақты топтастырып жарыққа шығуына басшылық жасаған академик В. Гордлевский: "Дала перзенті М. Дулатұлы туған халқының еркіндігін, азаттығын армандап халқына "Оян, қазақ!", - деп ұран тастаған күрескер азамат ақын", - деп ой тұжырымдайды [93] .
Тарих ғылымдарының докторы, профессор Ж. Қасымбаев қайраткердің "Оян, қазақ!" шығармасының жарыққа шығуына байланысты Ж. Қасымбаев 1990 жылы жарық көрген мақаласында "Оян, қазақта!" көтерілген мәселелердің біздің күндерімізде де маңызы әлсіреген жоқ. Өзінің жері, тілінің тазалығы, ата-бабалардан мұра боп қалған кеніміз бен басқа байлағымызды талап етуде не ұлтшылдық бар деп?" - деп ой тұжырымдайды [40] .
Тарих ғылымдарының докторы, Қазақстан Республикасының Ұлттық Ғылым Академиясының мүше-корреспонденті К. Н. Нұрпейісов XX ғасыр басындағы қазақ ұлт зиялыларының қызметі туралы іргелі еңбегінде, М. Дулатұлының ұлт-азаттық қозғалыс кезіндегі ағартушылық, әсіресе Азамат соғысы тұсындағы саяси қызметіне тың деректер негізінде объективті талдау жасап, М. Дулатұлына: "Халықты оятудың және оның ұлттық санасын жебеп, жігерлендірудің аса көрнекті шебері", - деп әділ бағасын береді [85] .
Д. А. Аманжолованың «Казахский автономизм и Россия» жарық көрген еңбегінде М. Дулатұлы сияқты қазақ зиялыларының көзқарасының мүлдем жаңа сапаға көтерілуіне тұңғыш орыс революциясының ерекше ықпал еткендігі баяндалады. Мемлекеттік думаға қазақтың зиялылары сайланғандығы және қазақтардын өмірінде ең маңызды кезеннің басталуы «Қазақ» газетінің жариялануы. Бұл газеттің басшысы Әлихан Бөкейхан болса, редакторлары: Міржақып Дулатұлы мен Ахмет Байтұрсынов болады. 1911-1913 жылдар қазақ халқының күресінің қызған шағы делінеді [56, 216 б] .
М. Қ. Қозыбаев - көп қырлы, тарих пен бүгінгі күннің өзара байланысын сезінген зерттеуші. «Алаш» - қазақ халқы деген ұғым. Алаш - еліміздің ежелгі аты. Алаш қозғалысы - ұлт-азаттық қозғалыс. Ол ғасырдың басындағы ұлттық сана өсуі процесінің құрамды бөлігі. Егемендікті ту қылып жұмысшы шайқасы - азаттық, бостандық, езілген халықтар күресі деп жазды. М. Қ. Қозыбаев орыс либералдық интеллигенциясы мен қазақ интеллигенция айырмашылығын бөліп көрсетті. Алаш партиясының бағдарламалық, тактикалық құжаттары, басқа да типтес партиялардың кешенінде, салыстырмалы түрде қаралу керек деген пікірді айтады [79, 39 б] .
Сонымен қатар, М. Қ. Қозыбаевтың 1998 жылы жарық көрген "Тарих зердесі" атты еңбегінің екінші кітабында: "Алаш реформаторлары империяны білекпен жеңу мүмкін емес екендігін пайымдады, халық болашағын білім, ѳнер, өркениеті дамыған халықтар болмысынан іздеді. Ұлттың ашытқысы - зиялы қауым. Ол барша халықты қоса да, ыдырата да алады. Сондықтан қазақ зиялылары тарихы шын мәнінде ұлт тарихы екендігін айтқан орынды" - деп жазды [77, 16 б] .
Міржақып Дулатұлына арналған еңбектердің ішінен біз Міржақыптанушы Марат Әбсеметовтың еңбегін қарастырдық. М. Әбсеметов «XXI ғасырдағы Алаштың ақ жолы» қазақ жерінде патшалық империя мен орыстық зорлыққа қарсы шын мәніндегі мақсатты, ұлттық әлеуметтік күштерін қамтыған саяси қозғалыс 1917 жылы ақпан төңкерісінен кейінгі кезеңде басталды. Осы жылдың ортасында Алаш партиясының, ал соңына қарай Түркістан автономиясының, ал оның артынан Алашорда өкіметінің құрылуы бұл қозғалыстың нақты нәтижелері болғанын қөрсетті. Міржақыптың поэзиясы күрделі де, көп қырлы. Ол бірде махаббат романтикасына бой ұрса, енді бір өлеңдеріне уақыт жүгі, заман талабы, халықтың мұң-зарын арқау етеді. Ұстаздық қызметі барысындағы ұрпақ тәрбиесіндегі елінің болашағына деген сенімділігі жолындағы жаның сала жасаған талпыныстары, тырнақ астынан кір іздеп, бас көтергенді құртуға әрекет жасаған зұлым саясатын жүргізген патшаның абақтасында көргендері мен куә болғандарын көңіл сүзгісінен өткізіп, отарлық билеудің зардаптарын әшкерелеп, Алаш қозғалысын дәріптейді [61, 286 б. ] .
Көне дәуірдегі түркі халықтарының тарихын зерттеуде айрықша еңбек сіңірген ғалым, тарих ғылымдарының докторы, профессор Аманжолов К. Р. қазақ халқының шығу тегін зерттеуге үлес қосқан зиялылардың қатарына М. Дулатұлын да енгізеді [57, 389 б. ] .
С. Қирабаев өз еңбектерінде ақынның шығармаларына талдау жасайды. Ұлы даланы мекендеген қазақ халқының жер бетіне құрып кетпеу жолындағы сан алуан күресінде қазақ зиялылары, соның ішінде М. Дулатұлының үлкен еңбек сіңірді. Алаштың азаматы М. Дулатұлының еңбектерінде, әсіресе оның поэзиясында әлеуметтік саяси қоғамдық проблемалар көтерілген. Қазақ халқының тәуелсіз ел болу жолындағы басты ісі - ұрпақты оқыту, тәрбиелеу мәселесіне арналған. Екінші үлкен көтерген проблемасы - халық тағдыры. Ұлы дала елінің мәңгілік мақсаты - оқу-білім, тәрбие арқылы мемлекет құру. М. Дулатұлының Алаштың арманын көрсетеді және сол жолға жетуде ол қазақтың Абылай, Ағыбай, Кенесары сияқты қазақтың ірі тұлғаларын өз шығармаларына өзек етіп алады [41, 544 б. ] .
С. Әшімбаев М. Дулатұлы XX ғасырдың басында қазақ халқының отаршылдық езгіден құтылып, рухани оянуына үлкен үлес қосқан тұлғалардың бірі - А. Байтұрсынов пен Ә. Бөкейхановтың серіктесі, саяси-қоғам қайраткері, ақын, жазушы, публицист, ағартушы ұстаз, Алаш зиялысы деп жазады. Ұзақ жылдар бойы оның да шығармашылық мұрасы көңілден кетпесе де, көзден таса болып, ауызға алынбай келді. Ақын қандай бір тақырыпқа жазбасын және қай жанрға қалам сілтемесін өзі өмір сүрген тарихи кезеңдегі қазақ халқының тағдырының шындығын жазып, өзекті мәселелерді талдап, өткір көтере білді [63, 248 б. ] .
Сондай-ақ, ұлт зиялыларының жекелеген өкілдеріне арналған зерттеулерде де және олардың жарыққа шыққан шығармалар жинағында да М. Дулатұлына қатысты мәліметтер кездеседі [4, 6, 38] . Жазушы Д. Досжановтың "Абақты" аталатын әдеби көркем туындысында М. Дулатовтың істі болу тарихын бейнелейтін материалдар жинақталған [68] .
Сәкен Өзбекұлы өз еңбегінде «XX ғасырдың басында қазақ халқы саяси аренаға азаттық пен тәуелсіздіктің күрес жолына, ағартушылыққа шақырған ірі қоғам қайраткерінің бірі - Міржақып Дулатұлы» екенін жазады [68] . Ақын ұлт болашағы үшін жан аямай тер төгіп, бостандық пен бақытты өмір жаршыларының тұңғыш қарлығашы бола білді. Әр заманның тыныс-тіршілігі, саясаты, әлеуметтік, экономикалық саланы қамтыған көкейкесті мәселелері ақынның ой-пікірлерінен айқын қөрініс алып, мүмкіндігіне қарай өз шешімін тауып отырған [89, 47 б. ] .
Дипломдық жұмысты жазу барысында ақынның саяси көзқарастарына талдау жасадық. Жұмыс барысында Ш. Елеукенов [75, 320 б. ] және Е. Тілешов, Д. Қамзабекұлының [94, 160 - 161 б. ], Мұхтар Құл-Мұхаммедтің [83, 360 б. ], Ә. Дербісәлиннің [67, 296 б. ] еңбектеріннен ақынға берілген сипаттамаларға талдау жасадық. «Қазақ көркем сөзінің шеберлері» атты анықтамалықтан М. Дулатұлының жазған прозалық туындысына берілген сипаттамаларды қолдандық [98, 512 б. ] және «Тарих адамзат ақыл - ойының қазынасы» атты он томдық түркі халықтарының ойын қолдана отырып ақынның туындыларының тарихи дерек екенің қарастырдық [91, 512 б. ] .
М. Дулатұлы ең алғаш қазақ романын жазып, ондағы әйел теңсіздігі мәселесіне үлкен назар аударған. Осы мәселеге байланысты ақынның романынына талдау жасаған Р. Бердібай [65, 202 б. ], З. Бисенғали [66, 158 б. ] сонымен қатар «Тарихи тұлғалар» [92, 49 б. ] атты танымдық - көпшілік басылымды және Ө. Әбдиманұлының [60, 455 б. ] еңбектерімен танысып, ақынның «Бақытсыз Жамал» атты романындағы басты ойды анықтап, тарихи маңызын қарастырдық.
М. Дулатұлының ағартушылық және қоғамдық-саяси қызметі шетелдерге кетуге мәжібүр болған түркістандық эмигранттардың, сондай-ақ Д. Бенниксен, М. Лемерсье-Келькежей, Томахико Уямо сияқты шетелдік ғалымдардың зерттеулерінде де ғылыми талдау тақырыбы болды [5, 50 б. ] .
Бұл ретте әсіресе жапон ғалымы Уямо Томахиконың еңбегін бөліп атаған жөн. Ол жапон тілінде "Оян, қазақ!" кітабына арналған зерттеу еңбегін жариялады. Оның пікірінше "Оян, қазақ!" көркем шығарма емес, ол автордың туған халқының түрлі жағымсыз мінез-қылықтарын өткір сынға алған әлеуметтік-саяси шығарма [96] .
Ақынның жеке өмірі мен шығармашылығына тоқталған Т. Омарбековтың [88, 138 б. ], К. Нұрпейістің [86, 375 б. ] және М. Әбсеметтің [62, 79 б. ] еңбектерімен танысып, ақынның өміріне жалпы шолу жасадық.
Қорыта келгенде айтарымыз:
1. М. Дулатұлы туралы пікір Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейінгі кезеңде ғана объективті түрде жазылып, ғылыми жүйеге түсе бастады;
2. М. Дулатұлы туралы жазғанда ғылыми еңбектерге және мұрағаттық деректерге ғана сүйенбей, сонымен бірге ол туралы жазылған естеліктерді де есепке алған жөн;
3. М. Дулатұлы пен кеңестік қызметте болған зиялыларды қарсы қойып қарастыру әдісінен біржола бас тарту қажет. Өйткені М. Дулатұлы аумалы-төкпелі, қайшылықты ортада өмір сүрген.
Деректерге шолу. М. Дулатұлы ақталғаннан кейінгі уақытта жарық көрген оның төл шығармаларын (саяси өлеңдері, мақалалары, ағартушылық еңбектері) диплом жұмысында кеңінен пайдаланылып, сол арқылы қайраткердің дүниетанымын, қоғамдық-саяси қызметін мейлінше толық талдауға тырыстым.
Соның ішінде М. Дулатұлының «Шығармалары» атты еңбегіндегі прозалық шығармаларын және өлеңдерін, зерттеген мақалаларын қарастырдық [8, 249 б. ] . Әсіресе, М. Дулатұлының "Қазақ-қырғыз тарихы туралы. (Өтініш хатын) " және "Қазақ аты, тегі һәм қашаннан бері жұрт болғаны туралы", "Қазақтың тарихы" деген мақалаларын тақырыптың дерек көзі ретінде пайдаландым [8] . М. Дулатұлы осы мақалаларда қазақтардың шығу тегі туралы мәселенің аса маңызды екендігін, оны жан-жақты зерттеу қажеттігін айқын көрсетіп берді. Шежірені ата-бабадан қалған асыл мұра ретінде бағалап, қазақ тарихы үшін ғылыми маңыздылығын көрсете отырып, алайда шежіре жазу барысында кейбір қателіктердің кететінін, осының нәтижесінде халық арасында шығу тегінде шатасушылық туындайтынын баса көрсетті.
Сонымен қатар, бес томдық шығармалар жиынының бірінші томымен [9, 368 б. ] және екінші томымен [10, 280 б. ] жұмыс жасай отырып ақынның аудармаларымен және мысал, айтыстарымен жұмыс жасадық.
М. Дулатұлының шығармаларының 5 бөлімі "Қазақтың үш жүзге бөлінуі һәм алаш атануы"атты бүгінде де көп талқыға түсіп жүрген өзекті мәселе атымен аталады. Міржақып Дулатұлы қазақтың үш жүзге бөліну тарихын халық арасында кең таралған ертегілерді негізге ала отырып баяндайды.
«Оян, қазақ!» атты өлеңдер жинағынан ақынның шығармашылығына талдау жасадық. «Оян, қазақтың» беташар өлеңі «Қазақ халқының бұрынғы хәм бүгінгі халі» деп аталады. Ақын әрі қарай емін-еркін далада көшіп-қонып, бейбіт өмір сүріп жүрген халықтың басындағы ауыр жағдайды, патшаға бодан болғандықтарын, үміттерінің ақталмай қалып, қазір нашар халде жүргеніне ойланып-толғанып, осыдан дұрыс жолға шығудын қамын ойлауға шақырады [11, 5 б. ] .
Екіншіден, ақынға арналған естеліктерді қарастырдық. Атап айтсақ М. Дулатұлының өмір жолын және көзқарасын тура түсінуде оның қызы Г. Дулатованың жариялаған естелік кітабының орны ерекше. Гүлнәр Дулатованың «Алаштың сөнбес жұлдыздары» атты кітабынан ақын туралы жазылған көп мәліметтерді тауып, соларға сүйендік [12, 62 - 65 б. ] . Г. Дулатованың естелігі әкесінің бойындағы адамдық қасиетін, мінез-құлқын, азамматтық ажарын, ұлт зиялыларының арасындағы сыйластықты баяндау арқылы, қайраткердің көпшілікке беймәлім өмір қырларын жеткізуімен құнды.
Сонымен қатар, «Қазақ» газетіне жарияланған мақалалармен таныстық [1] . М. Дулатұлының замандасы А. Байтұрсыновтың [64] және А. Бөкейханның [7, 89 б. ] еңбектерімен жұмыс жасадық.
Дипломдық жұмысты жазу барысында газет, журналдардағы сол кезеңдегі мақалалар көп көмегін тигізді. Атап айтсақ: А. Асқаровтың [2], Ш. Елеукеновтың [33, 86 б. ], М. Жолдасбеков [36, 38 б. ] сынды жазушылардың және У. Субханбердинаның [52, 199 б. ] газет, журналдарға жарияланған мақалаларын қарастырдық. «Жұлдыз» журналына жарияланған Ж. Ысмағұлов [56], Ш. Елеукеновтың [34, 19 б. ] және Г. Дулатованың [32, 27 б. ] мақалаларын қарастырдық.
Зерттеу жұмысының мақсаты . Дипломдық жұмыста Міржақып Дулатұлының тарихи көзқарасын анықтап зерттеу. Қойылған мақсатқа жету үшін төмендегідей міндеттерді жүзеге асыру көзделді:
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz