Бұқаралық ақпарат


ЖОСПАР
КІРІСПЕ . . . 2
І АҚПАРАТ ЖӘНЕ АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕ
1. 1 Ақпарат - бүгінгі адамзат дамуының басты факторы және ақпарат ұғымы . . . 3
1. 2 Бұқаралық ақпарат - халықтық ақпарат . . . 8
1. 3 Мемлекеттік басқаруда ақпарат алу көзі - электрондық үкімет . . . 10
ІІ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯСЫ ЖӘНЕ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ
2. 1 Қазақстан Республикасындағы ақпараттық технологиялар . . . 16
2. 2 Ақпараттық қауіпсіздік . . . 33
2. 3 Ұлттық ақпараттық технологияларды дамыту іс-шаралары . . . 47
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 51
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . 52
КІРІСПЕ
Мемлекеттік басқаруда азаматтар мен ұйымдардың мемлекеттік қызмет көрсетулерге жылдам әрі сапалы қолжетімділігін қамтамасыз ету арқылы мемлекеттік органдардың жұмыс істеу тиімділігін арттыруды ақпараттық инфрақұрылымды қалыптастыру негіізінде жүзеге асыру керек.
Аталған мақсаттарға жету үшін мынадай міндеттерді орындау керек:
- мемлекетке, азаматтар мен ұйымдарға ақпараттық қоғам жағдайларында жұмыс істеуге мүмкіндік беретін нормативтік құқықтық және әдіснамалық база құру;
- мемлекеттік органдардың е-қызмет көрсетулерін қалыптастыру мен дамыту;
- е-үкіметтің қызмет көрсетулеріне қолжетімділікті қамтамасыз ету, ақпараттық теңсіздікті жою және АКТ саласында білім деңгейін арттыру жөнінде жұмыстар ұйымдастыру;
- е-үкімет инфрақұрылымының базалық құрамдас бөліктерін қалыптастыру және мемлекеттік органдардағы ақпараттық инфрақұрылымды оңтайландыру;
- е-үкіметтің ақпараттық инфрақұрылымын қорғауды қамтамасыз ету.
Бұл курстық жұмыстың мақсаты - заңның негізінде, мемлекеттік органдардың қызметін ақпараттандыру ведомствоішілік мұқтаждарға бағдарланудан азаматтардың және ұйымдардың мұқтаждары мен міндеттеріне бағдарлануға көшуді жоспарлау. Мемлекеттік органдардың е-қызмет көрсетулерін қалыптастыру және сату ведомстволық ақпараттық жүйелерді құру мен дамыту шеңберінде жүзеге асырылатын болады.
Курстық жұмыс 2 бөлімнен тұрады: 1-бөлім «Ақпарат және ақпараттық жүйе» және 2-бөлім «Қазақстан Республикасындағы ақпараттық ұйымдар». 1-бөлімде ақпараттың жалпы түсінігі, жіктелімі, еліміздегі ұлттық ақпараттық инфрақұрылымы мен мемлекеттік органдарымыздың қазіргі ақпараттық жағдацы қарастырылған. Ал 2-бөлімде мемлекетімізде қалыптасып, қызметін жүзеге асырып жатқан ақпаратпен қамтамасыз етуші ұйымдар мен электрондық негізде жұмыс істейтін құралдар туралы қарастырылған.
Мемлекеттік ақпараттық саясатты жетілдіру аясында қазақстандықтардың әлеуметтік сенімін қалыптастыру және қазіргі әлемдік стандарттарды ескере отырып отандық ақпарат көздерінің жұмыс сапасын жақсарту және олардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін жағдай жасау. Отандық ақпарат өнімдерінің сапасын арттыру «Қазақстандық дамудың жаңа кезеңі - жан-жақты жаңғыртуды жеделдету» болып табылады.
Бұл жолда Қазақстан мен осы өңірдің нақты жағдайын ескеріп, әрі әлемнің озық мемлекеттерінің жетістіктерін өзімізде іске асыра отырып, біздің . . . жаңартуды ешқандай алалаусыз Қазақстан экономикасы мен әлеуметтік өмірінің барлық салаларына таратуымыз керек.
І АҚПАРАТ ЖӘНЕ АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕ
- Ақпарат - бүгінгі адамзат дамуының басты факторы және ақпарат ұғымы
Ақпарат - бүгінгі адамзат дамуының басты факторы, адам дамуының маңызды ресурсы, өркениеттің өзекті қайнары, мемлекеттік қауыпсыздық мәйегі. Ақпарат - адамзатты жаһандандыру үдерісінде ұлттардың бірін бірін рухани және материалдық жағынан байытатын шикізат, олардың біріне бірін рухани араластыратын катализатор. Сондықтан да, қай ел ақпаратты қаншалықты қолдана алады, қаншалықты оны өзіне әлеует етеді, қаншалықты оны өзіне құрал мен жабдық, ресурс қылады, соншалықты көлемде ғана қуаттанады және дами алады.
Оның үстіне ақпарат объект ретінде жалпыадамзаттық болғанмен, оның субъектісі - ұлттық, этностық, елдік сыйпатта. Осы жағынан қарағанда, ақпараттық әлеует - елдің ұлттық өндіріс өзегі. Сол себепті де, ақпаратты өндіру мен тұтынудағы және таратудағы басты тетік әзірге субъектілік тіл болып қалуда. Яғни, ақпарат қайткенде де білгілі бір тіл арқылы өндіріледі, өңделеді, таралады, өрбиді. Бәлкім, болашақта жалпыадамзаттық ортақ ақпарат тілі жасақталуы да мүмкін. Алайда, этностық тіл - ақпарат өндірісінің қазырғы жабдығы.
Қазырғы адамзат дамуы кезеңінде тіл қаншалықты ақпарат көзі, қаншалықты ақпарат өндірісіне жабдық болса және оның қаншалықты ақпарат тарату ауқымы болса, сол тілдің соншалықты ықпалы мен қолданылу аумағы және ғұмыры болмақ. Демек, бүгінгі таңдағы тіл дамуын ақпаратсыз елестету - жабайы жылқыны сырттай иемденумен бірдей. Яғни, ақпарат пен тіл бір бірінен ажырағысыз ат пен ер-тұрмандай.
Ақпарат жеке және қоғамдық өмірдің маңызды реттеуші және ұйымдастырушы құралы болып табылады. Ақпараттық қоғамға бағытталу адамның кез келген мәселелерін шешудегі ақпараттың рөлін күшейтеді.
Басқарушылық ақпарат әлеуметтік ақпараттың бір бөлімі болып табылады, ол жалпы ақпарат құрамынан басқарушылық әсер етуді іске асыру және мемлекеттік басқарудағы құқықтық үрдістердің қалыптасуы арқылы мемлекеттік басқаруға қызмет ету үшін бөлініп алынады. Нәтижесінде басқарушылық қажеттіліктер, адамдардың мақсаттары мен мүдделері, олардың билік жүргізуі, олардың саналарын реттеуші және оған әсер етуші механизмдер, адамдардың қызметі мен мінез-құлқы туралы ақпараттар алынады.
Мұндай ақпарат келесі бағыттарда қолданылады.
- адамдардың жеке және қоғамдық өміріндегі мемлекеттің орны мен рөлін анықтауда, сондай-ақ мемлекеттік органдардың құзіретін анықтауда қолданылады.
- Басқарушылық үрдістерде міндетті түрде іске асыруға тиіс нормативтік құқықтық актілерді бекітуде.
- Басқарылатын объектілердің белгілері, түрлері, заңдылықтарына сәйкес түрлі мемлекеттік органдардың басқарушылық іс-әрекеттерінің орын алатын спецификалық құқықтық қатынастарды анықтауда.
Мемлекеттік орган тәжірибесінде басқарушылық ақпарат құрамында келесі элементтер орын алады.
- Саясат;
- Идеалогия;
- үгіт- насихаттау;
- концепциялар мен бағдарламалар;
- лауазымды тұлға;
- болжам жасау;
Басқарушы талаптар көптің көптігінен сөздер арасында адасып жатады және оларды орындау қиындық туғызады. Бірақ бұл әдейі жасалған нәрсе емес, мемлекеттік басқарудың шамадан тыс саясаттануына және басқа да қажетсіз ақпараттық шуылдар әсерінен орын алатын құбылыс. Сондықтан мемлекеттік басқарудың тиімділігі және рационалдылық басқарушылық ақпарат терминінің сапасына байланысты болады. Басқарушылық ақпараттың келесідей көздері бар:
- мемлекеттік басқару органдарына және мемлекеттік қызметтерге белгілі бір басқарушылық шешімдерді қабылдауға және іске асыруға құқық беретін заңдылық және басқа да нормативтік актілер.
- Адамдардың өздерінің заңды мүдделері мен субъективті құқықтарының сақталуын талап етуі.
- Мемлекеттік басқарудың төменгі органдарына орындауға міндетті болып табылатын жоғары деңгейдегі басқару органдарының нұсқаулары.
- Бақылау үрдісінде анықталатын басқарушы компаненттер және басқарылатын объектілер қызметінің деңгейін көрсететін фактілер.
- Мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардың бірлесіп әрекет етуін қажет ететін мәселелі жағдай, шиеленістер, экстрималды және т. б. төтенше жағдайлар.
Ақпараттық қоғам орнатудың негізгі шарттарына төмендегі міндеттерді шешу қажеттігі жатқызылады:
- біртұтас ақпараттық кеңістікті қалыптастыру;
- келешегі мол ақпараттық технологияларды, есептеу техникасы және телекоммуникация құралдарын жаппай қолдануға негізделетін жаңа технологиялық үрдістердің экономикада қалыптасып, кейіннен басымдықта болуы;
- ақпарат және білім нарығын құру;
- байланыс, ақпарат инфрақұрылымын жасау;
- жеке адамның, қоғам мен мемлекеттің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
- білім беру, ғылыми-техникалық, мәдени даму деңгейін арттыру;
- азаматтар мен әлеуметтік институттардың ақпаратты еркін алу мен таратуға деген құқығын қамтамасыз етудің тиімді жүйесін жасау.
Ақпараттық жүйе бұл объектіні басқаруға қажетті ақпаратты жинау, сақтау, жаңарту, өңдеу және шығарып беру жүйесі. Басқарудың әр түрлі деңгейлері мен салаларына қызмет көрсететін ақпарат жүйесінің айырмашылығына қарамай, олар келесі ерекшеліктермен сипатталады:
- ақпараттың негізгі құрлымдық өлшем бірлігін негізгі көрсеткіштер мен құжаттарды өңдеуге бағытталуы;
- мәліметтерді үлгілік (модульдік) өңдеу мен есеп айырысу-есептеу кезеңінің байланыстылығы;
- уақытқа қарай есептер мен оның шешімдерін қажетті мәліметтермен жабдықтау;
- уақытша іс тәжірбиелермен әлемдік-ұйымдастыру құрлымдарына басқарылатын жүйені қатар тізу қажеттілігі.
Қазіргі уақытта әртүрлі мақсатта қолданылатын ақпараттық жүйенің көптеген саны қызмет етеді. Олардың бір-бірінен өзгешелігі келесі белгілермен түрленеді:
- бақару объектісінің сипаттамасымен;
- ақпараттық жүйені тұрғызу мен жұмыс істеудің жинақталған тәжірибесімен;
- басқару және басқарушы жүйелерінің құрылымымен;
- мәліметтерді жинауда, өткізіп беруде және өңдеуде қолданылатын жабдықтармен;
- ақпараттық жүйенінің басқару объектісінің жетекшілік тұрғысымен және т. б. [1]
Мемлекеттік органдардың ақпараттық ресурстары мен жүйелерін бірегейлендіру және ықпалдастыру мақсатында ведомствоаралық және үлгілік ведомстволық ақпарат жүйелерінің жобалары іске асырылатын болады. Мұндай жүйелерге: ведомстволық және ведомствоаралық электрондық құжат айналымы, құжаттарды мұрағаттық сақтау, әкімшілік-басқару қызметінің ақпараттық жүйелері, салық төлеушілер мен салық салынатын объектілер тізілімі, үкіметтік Интранет-портал жатады.
Кәзіргі уақытта ақпаратты өндіру мен тарату үдерісін нығайту барысында әлемдік индустриялық инфрақұрылым жасақталды. Ал, ақпарат адамзат үшін индустриялық өркениет көзі болып мойындалуда. Демек, ақпараттық индустрияны игерген елдің даму деңгейі де соған сәйкес болмақ. Ал, мұндай индустриясы қалыптаспаған елдің бәсекеге қабылетті болуы неғайбыл.
Дамушы мемлекеттер дамыған елдердің ақпараттық өнімдерінің тұтынушысы болуына мәжбүр. Бұл жағынан қарағанда, Қазақстан әзірге негізінен ресейлік ақпараттық өнімнің тұтынушысы болумен шектелуде.
Ақпараттық индустрияның басты үш құрамтасы (компоненті) бар:
-ақпараттық кеңістік;
- ақпаратты тіл;
- ақпараттық өндіріс.
Осы үш құрамта бойынша тақырыпты талдасақ, Қазақстанның өзіне тән ақпараттық индустриясының қалыптаспағанына көз жетеді:
- ақпараттық кеңістік толығымен дерлік ресейлік ықпалда;
- ақпараттық тіл ресейдің мемлекеттік тілімен жараталған және елде бірыңғай ақпараттық тіл жоқ - қалаларды орыс тілді, ауылдарды оның аудармасы күйіндегі қазақ тілді ақпарат жайлаған;
- ақпараттық өндіріс ішкі ақпарат базарынан ауыспайды, ол сыртқы базарға соншалықты қауқарсыз, яғни қазақстандық ақпаратты тұтынатын елдер болмашы ғана. Ақпараттық индустрияның құрамталарынан сәйкес түрде кез келген елдің үш жақты құндылығы құралады:
- ақпараттық кеңістіктен елдің қауыпсыздығы;
- ақпараттық тілден елдің мәдениеті;
- ақпараттық өндірістен елдің экономикалық-әлеуметтік әлеуеті қалыптасады.
Қазырғы заманда жеке бастың да, белгілі бір елдің де ішкі әлеуеті қаншалықты көлемдегі ақпаратқа ие болуымен, оны тұтына білуімен және өңдеп, жаңа ақпарат өндіре алуынан көрініс береді. Бұл жағынан алғанда әлемдегі елдер негізінен екі топқа бөлінеді:
- ақпарат өндірушілер;
- өзгенің ақпаратын тұтынумен шектелушілер.
Дамыған елдер деп жүргенімізге алғашқы топқа жататын елдер кіретінін ескерген мақұл. Яғни, алдыңғы қатарлы ақпарат өндіретін ел дамыған елдер қатарынан табылады. Ал, дамушылар - ақпарат өндірісі болмағандықтан, өзгенің ақпаратын талғажау етіп, қоректенетін елдер. Бұлардың тілі де ақпарат өндірушілер тілінің қалқасында қалуда. Дамыған елдерге өз есесін жібермей, даму жолына түскен елдер өзгенің ақпаратын тұтынумен бірге, өзінің де ақпарат өндіру қауқарын қалыптастырады, оларға Қытай, Израил, Индия, Бразилия, Малайзия, Ресей, Түркия секілді мемлекеттерді жатқызуға болады.
Қазырғы заманғы адам үшін ақпаратты қорыта алу қабылеті - маңызды, ал ақпарат өндірісін жолға қою - елдің кемелдік көрсеткіші. Дамыған елдер де, оның соңынан ілесушілер де өздерінің даму тетіктері ретінде ақпарат индустриясын қолға алуларымен мықты. Олардың бәріне - жалпыадамзаттық ақпаратты сіңіре отырып, оны қорытып, өзіндік ақпарат өнімін өндіруді қолға алу үдерісі тән.
Ақпарат индустриясы неден тұрады? Ол негізінен үшжақты тетіктен құралады:
- алынған ақпаратты сіңіретіндей және бірыңғай тұтыну мүмкіндігі бар жалпыұлттық бірыңғай ақпарат тілінен;
- сыртқы ақпаратты қорытып, өзіндік ақпарат өндіру инфрақұрылымынан;
- өндірілген ақпаратты таратудың дамыған көздерінен.
Әрине, кейбір елдерде ақпарат тілін бірнеше тілдің бірігіп атқаратын мысалдары бар. Алайда, аталмыш талап бойынша, Қазақстандағы ақпаратты сіңіру және жалпыұлттық ақпарат тілі ретінде орыс тілі ғана қолданылуда. Ал, мемлекеттік мәртебесі бар, қазақ тілі бұл миссиядан құр қалған. Қазақ тілі ақпаратты сіңіру тілі емес, орыс тілі арқылы сіңген ақпаратты тәржімалау тілі ғана күйінде қалып отыр.
Сыртқы ақпаратты өндіруге де мемлекеттік тілдің қатысы шамалы. Шетелдік ақпараттың қандайы да тікелей қазақ тілінде таралуы кездейсоқ құбылыс, әзірге ол үдеріс тек қана орыс тілінің делдал болуымен ғана атқарылуда. Сондай-ақ, ішкі ақпаратты сыртқа шығаруға да қазақ тілі қатыспайды. Бұған жуырда Қытайдан келген қазақ делегациясының Қазақстан ақпаратының өз еліне тарамайтындығын айтып, көмек сұрауы дәлел.
Биылғы болған әлемдік дәстүрлі діндер хатшылығының 6-отырысында моңғол өкілінің сөзі, қазақ тіліне, тіпті, аударылмастан қалды. Яғни, Қазақстанның мемлекеттік тіліндегі бұқаралық ақпарат өндірісі қалыптаспақ түгілі, қарабайыр деңгейде деуге негіз бар. /1/
1. 2. БҰҚАРАЛЫҚ АҚПАРАТ - ХАЛЫҚТЫҚ АҚПАРАТ
Қарастырып отырған бұқаралық ақпаратқа не жатады? Әрине, қарапайым азаматтардың күнделікті өмір сүруі мен қажетіне керекті ақпараттың барлық түрін жатқызуға болады. Атап айтқанда:
- сауаттануға, білім алуға қажетті ақпарат;
- еңбектенуге, қосалқы мамандық алуға қажетті ақпарат;
- жұмыс пен қызмет бабына қажетті ақпарат;
- тұрмыстық-тұтынушылық ақпарат;
- ресми-нормативтік ақпарат;
- мәдени-қоғамдық ақпарат;
- ғылыми-көпшілік ақпарат;
- өндірістік-технологиялық-бизнестік ақпарат т. т. Бұл аталған ақпарат түрлерінің мемлекеттік тілде өндіріліп, таралу ахуалы арнайы зерттеуді қажетсінеді. Алайда, ол әлі күнге қолға алынар емес. Дегенмен де, қазақ тілінің қазырғы жағдайы осы ақпараттардың мемлекеттік тілдегі күйін толық аңғартатын индикатор деуге болады.
Бұқаралық ақпарат негізінен тұтынушылық сыйпатқа ие. Дәлірек айтсақ, мемлекеттік, коммерциялық және қоғамдық үш сектордан өнетін ақпараттың бұл түрі төмендегі жағдайларды қамтыйды:
- азаматтардың мүддесіне және құқықтық қажетін өтеуге керекті билік тарапынан өндірілетін ресми-нормативтік, анықтамалық ақпарат;
- тұтынушылық қажетті өтеуге жарайтын, түрлі қызмет көрсету, сауда, бизнес ақпараттары;
- білім, денсаулық, мәдениет пен өнер саласындағы және бұқаралық ақпарат құралдары өндіретін әлеуметтік ақпарат.
Ақпараттың аталған түрлері елде қазақ тілінде өндірілмейді. Ішінара болмаса, барлық мемлекеттік органдарда ресми-нормативтік ақпараттан бастап, заңжобаға дейін орыс тілінде әзірленіп, оның көшіріндісі (калька) түріндегі аударма ғана қазақ тілінде қосалқы сыйпатта жүретіні белгілі. Жуырда ғана 1997 жылы парламент депутаты Әкім Ысқақ мемлекеттік тілде әзірлеп ұсынған жалғыз заңның он жылдығы аталып өтті. Бұл - Әкім секілді ұлтшыл азаматтың мерейі, өзге депутаттарға сын, ал ұлт үшін шын мәніндегі қасретті мерейтой еді.
Ал, тұтынушылық қажетті өтеуге қатысты тауар жапсырмалары мен нұсқамаларын, жарнамаларды алсақ, ондағы қазақ тілінің қатысу мөлшері шамамен - 3-5% ғана. Қазақстан банктары, қазақтілді ақпаратты былай қойғанда, тіпті, компьютерлеріне әлі күнге қазақтілді аты-жөндерді жазатындай қазақ харыптарын да енгізбеген.
Денсаулық, мәдениет пен өнер саласындағы ақпарат өндірісінің ахуалы да осы көлемде. Бір қызығы, бұл үдерісті мониторинг жасау арқылы бақылап, жолға қойатындай үйлестіріп отырған тиісті мемлекеттік органдардың қызметі байқалмайды.
Орта және жоғары білім беру саласының ақпараты елдегі білім берудің тиянақсыз тұжырымдамасына сәйкес түрде тәуелді болып отыр. Атап айтқанда, Қазақстанда әлі күнге мемлекеттік сыйпаттағы тәрбие-білім беру тұжырымдамасы жүзеге аспай отыр, оның орнына этностық сыйпаттағы тәрбие-білім беру бар: біздің балабақтар мен мектептер тәрбие мен білім беру тіліне орай қазақ, орыс, өзбек, ұйғыр, неміс, тәжік т. б. балабағы немесе мектебі болып қалып отыр. Бұл жағынан Өзбекстан өзінің аталмыш саласын бірыңғайлап алуда: елде жаппай бірыңғай тілде білім беруге көшуде, сөйтіп, бірыңғай ақпараттық индустрия тілінің қалыптасуына бет алды. Жоғарғы оқу мекемелеріндегі (ЖОМ) қазақтілді оқулықтың жетіспеуі шын мәнінде солардағы оқыту корпусының ақпарат өнімінің қаншалықты екенін әйгілейді. Осы секілді әңгіме қазақ мектептеріндегі балалардың өз ойларын ана тілдерінде ежіктеп, білдіре алмауы жөнінде де айтуға болар. Бұл бір қарағанда, шешендік сала болғанымен, ауызекі ақпарат өндірудің бірден бір көрінісі екені рас. /5/
Елдегі ырықтанған 80% бұқаралық ақпарат құралдары негізінен жарнамалық бюджеттен тұратынын ескерсек, және оның 95-98%-ы орыстілді жарнамалық индустрияның қолында екеніне назар аударсақ, қазақтілді БАҚ өнімінің сапасы мен көлемінің мөлшері өзінен өзі айқындалады. Тіпті, астанада жалғыз ғана қазақтілді жарнама агенттігі жуырда құрылды. Қыруар қаржының кімдердің қалтасына құйылып келе жатқанын болжай беріңіз. БАҚ жөнінде быйылғы сәуірдегі мәлімдемесінде мәжіліс депутаты Мұхтар Шаханов былай деген еді: ««Ақпараттық диверсияны қалай тоқтатамыз?» деген мәлімдемемде республикамызда мемлекеттік тілде шығатын 453 қана газет-журнал бар екенін баяндаған едім . . . республикамызда орыс тілінде жарық көретін 2303 басылымды айтпағанның өзінде Ресей Федерациясынан Қазақстанға 5248 газет-журнал келіп тарайтынын, оның 2728-і ғана ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелгенін, қаншама мәскеулік басылымдардың кеден және басқа салықтардан жалтарып, өз материалдарын Қазақстан баспаларына интернет арқылы жіберіп газет-журнал етіп бастыратынын да әйгіледік. » Депутаттың бұл сөздері Қазақстандағы қазақтілді БАҚ өнімдерінің қай деңгейде екенін және елдің ақпараттық кеңістігі кімнің қолында екенін әйгілеп-ақ тұр. Пайызға шаққанда, елде тарайтын қазақтілді БАҚ өнімдері орыстілді 7551 басылым санына шаққанда небәрі 453 екенін ескерсек, оның пайыздық мөлшері - 5, 99%. Дөңгелесек - 6% ғана! Бірақ мұның таралым мен қаржыға шаққандағы көрсеткішін анықтау, онан да қызықты жайттарға тап қылар еді. Алайда, онымен айналысуға тиіс мемлекеттік орган бұл міндеттен айналып өтуде.
1. 3 Мемлекеттік басқаруда электрондық үкіметтің ролі
Қазақстан Республикасында «электрондық үкімет» қалыптастырудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) Қазақстан Республикасы Президентінің «Бәсекеге қабілетті Қазақстан үшін, бәсекеге қабілетті экономика үшін, бәсекеге қабілетті халық үшін» атты 2004 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан халқына Жолдауына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 8 маусымдағы отырысында № 9 хаттамамен мақұлданған Қазақстан Республикасындағы “электрондық үкімет” тұжырымдамасының ережелері ескеріле отырып әзірленді.
Осы Бағдарламаның негізіне «электрондық үкімет» арқылы - прогрессивті ақпаратты Қазақстанға» қол жеткізу идеясы алынды.
Қазақстанда «электрондық үкіметті» қолданысқа енгізу мемлекеттік органдардың азаматтар мен ұйымдарға ұсынатын қызмет көрсетулер сапасын жақсартуға және мерзімін қысқартуға, мемлекеттік органдар қызметінің ақпараттық базасына қолжетімділікті қамтамасыз етуге, болашақта әкімшілік жүйені жетілдіруді ескере отырып, құрамы жағынан тиімді әрі оңтайлы мемлекеттік аппарат құруға бағытталған.
«Электрондық үкімет» құрудың басты басымдықтары Интернет-байланысқа қолжетімділікті қамтамасыз ету, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласында білім деңгейін көтеру, сондай-ақ мемлекеттік басқару жүйесіне жаңғырту жүргізу болып табылады.
Электрондық мемлекеттік қызмет көрсетуді қалыптастыру кезінде әкімшілік процестерге технологиялық қайта жабдықтау жүргізу көзделетін болғандықтан, “электрондық үкімет” құру сонымен қатар мемлекеттік басқару жүйесін ұдайы жетілдіріп отыруға мүмкіндік береді.
Әлемдік тәжірибені талдауды ескере отырып, Қазақстанда «электрондық үкімет» құрудың ұзақ мерзімді болашағы бар және ол үш кезеңде іске асырылатын болады.
Бірінші кезең «электрондық үкіметтің» инфрақұрылымын құру. Аталған кезең шеңберінде осы Бағдарламаны іске асыру «электрондық үкіметтің» шлюзі мен порталы, банк жүйесімен өзара іс-қимыл үшін «төлем шлюзі», ұлттық бірегейлендіру жүйесі, мемлекеттік органдардың бірыңғай көліктік ортасы, орталық және жергілікті атқарушы органдардың ведомствоаралық және үлгілік жүйесін құру мен дамыту, сондай-ақ электрондық қызмет көрсетулерге қолжетімділікті қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар жүргізу, ақпараттық теңсіздікті жою және ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласында білім көтеру жөнінде жұмыстар ұйымдастыру сияқты базалық құрамдас бөліктерді құруға бағытталатын болады.
Осы кезеңде Бағдарламаны іске асыру шеңберінде ақпараттық және интерактивтік қызмет көрсетулер жоспарлануда.
Екінші кезең - «электрондық үкіметтің» сервисін дамыту азаматтардың тіршілік-тынысы мен мемлекеттік органдардың жұмыс істеуінің барлық саласын қамтитын сан алуан сервистерді дамытуға, сондай-ақ әкімшілік процесстерге кең ауқымды технологиялық қайта жабдықтау жүргізуге бағытталатын болады. Осы кезеңде транзакционды қызмет көрсетулер іске асырылатын болады.
Үшінші кезең - ақпараттық қоғам құру е-медицина, е-білім, е-мәдениет, е-демократия және басқалары сияқты жобаларды іске асыруды қоса алғанда, мемлекеттік органдар мен ұйымдардың қызмет көрсетулерін трансформациялауды, ақпараттық қоғам құруды көздейді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz