Мағжан Жұмабаев поэзиясының көркемдігі


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 57 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ 4-6

1. ҰШҚЫР СЕЗІМ, ТЕРЕҢ ОЙДЫҢ АҚЫНЫ.

1. 1. Ақынның қилы тағдыры. 7-22

1. 2. Мағжан Жұмабаев поэзиясындағы дәстүр мен жаңашылдық 23-49

2. МАҒЖАН ЖҰМАБАЕВ ПОЭЗИЯСЫНДАҒЫ

ҰЛТ ТАҒДЫРЫ

2. 1. Поэзия байрағын желбіреткен жыр жұлдызы 50-71

2. 2. Мағжан Жұмабаев поэзиясының көркемдігі 72-84

ҚОРЫТЫНДЫ 85-87

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 88-89

КІРІСПЕ

«Мағжан Жұмабаев талантымен де, табиғатымен де ешкімге ұқсамайтын дара тұлға. Ол сыршыл, толғағыш, суретші, сөз ұстасы, түршіл, романтик, «мәдениетшіл ұлт ақыны». Отырықшылыққа, зорлап - күштеушілікке, ұлттық артықшылыққа қарсы тайсалмай күрескен нағыз демократ, көпшіл, ұлтжанды халық перзенті . . . [1] - дегенді ақынның замандасы, алғаш, Мағжантанушы Жүсіпбек Аймауытов.

Мағжанды медреседе оқып жүргенде дін уағызынан гөрі жаратылыстану, гуманитарлық білім негіздері көбірек қызықтырған. Осында жүріп, ол араб, парсы, түрік тілдерін меңгеруге күш салады, өз бетімен көп ізденіп, кітапханада сарыла отыратын күндері жиілейді. 1909 жылы Мағжан Петербургтен шыққан Абай өлеңдері жинағын қолына түсіреді. Надандар, тоғышарлар «басқа шауып, төске өрлеген» ұлы ақын кітабын «қисайып, кектеніп» бұлтсыз күнгі найзағайдай қарсы алса, медресе шәкірті Мағжан оған құдай сөзіндей табынады:

Шын хакім, сөзің асыл - баға жетпес,

Бір сөзің мың жыл жүрсе дәмі кетпес» [2, 37б. ] - деп оның ұлылығына, көсемдігіне шек келтірмейді. Мұндай көркем де тұнық, терең поэзияға тап қылған тағдырына алғысы шексіз.

Сондай-ақ диплом жазу барысында өзі пір тұтатын Абай сияқты Мағжанның да поэзиясы негізінен ұлт тағдырына арналып, ақынның бар болмысы, шығармашылық өресі негізінен туған халқының қилы тағдырымен біте қайнасқанын байқадық.

Диплом жұмысының тақырыбы актуалды да, қызықты. Зерттеу барысында көптеген жаңалықтарға кезіктік. Дипломдық тақырыпты зерттей отырып, Ұлы ақынның қазақ өлең өнеріне қосқан зор үрдісін аңғардық.

Зерттеудің өзектілігі. Жиырмасыншы ғасырдың басындағы қазақ поэзиясына өзіндік ерекшелігімен келген ұлы ақын - Мағжан Жұмабаев шығармашылығының қазақ әдебиеті үшін орыны ерекше. Күні бүгінге дейін ақынның өз заманындағы тағдыр-талайы, әдебиеттегі орны, шығармаларының көркемдігі, адами тұлғасы туралы әр түрлі пікірлер қалыптасқан.

Осы аталмыш жұмысымызда ақын шығармаларын басқа замандастарымен салыстыра отырып, Мағжан болмысының ұлтжанды замандастарынан шет қалмай, сол кезеңдегі ұлт тағдырына белсене араласып, ақын лирикаларында кезең қаламгерлерімен көптеген үндестіктер бар екендігін аңғарып, соған баса назар аудардық, жұмыстың өзектілігі де осында деп білеміз.

Зерттеу нысаны ретінде ақын шығармашылықтарын қарастыра отырып, оның туған жер мен еліміздің ұлы тұлғаларын, азаттықтың ақ туын көтерген батырлары мен көсемдерін жырлаған шығармашылығын алдық, сондай-ақ еліміздің өнер адамдары - ақындар, әнші-жыршылар, сал-серілер, сазгерлер мен басқа да өнер сүйер жаңдар туралы толғаныстарын негізге алдық.

Зерттеудің пәні. Мағжан шығармашылықтары мектеп, колледж және жоғары оқу орындарында оқу бағдарламалары негізінде шәкірттерге жеткізілуде. Біздің бұл жұмысымыз сол сабақтарға арналған оқулықтарға қосымша құрал ретінде пайдаланылса дейміз.

Зерттеудің мақсаты. Заманның заңғар тұлғасы Мағжан ақынның қазақ халқының мұң-мұқтажын, тағдыр-тауқыметін оны қоршаған ортаның әсем табиғатын әсем жырларына өзек еткеніне көз жеткіздік, қазақ халқының ер жүрек батырларын, ел қорғаны болған тұлғаларын жырға қосып, ақын лирикасының негізі махабатты әспеттеуде жатқанын аңғардық. Сондықтан да біз ақын поэзиясының ұлтжандылық пен азаматтық рухына тереңдей баруды мақсат тұтып, мынандай міндеттерді қарастырдық:

Зерттеудің міндеттері.

- Мағжан лирикаларының тақырыптық өзектілігі мен заманымен үндестік қырларын ашу;

- ақын поэзиясының көздеген тақырыптарын көрсете отырып, оларды жырға қосудағы өзіңдік болмысына баруды жөн көрдік;

- кеңестік дәуірдегі қасаң саясаттың қыспағындағы ақын тағдырының қиындықтарын атап, оның бүгінгі күн орайындағы шешіміне көңіл бөлдік;

- Мағжан өлеңдеріндегі сөз қолдану ерекшеліктерін аштық, сөйтіп барып бүгінгі қазақ поэзиясына қосқан үлесіне тоқталдық.

Зерттеудің теориялық және әдіснамалық негіздері. Қазіргі әдебиеттанудағы Мағжантану саласын зерттеуші ғалымдар - Т. Кәкішев, Ш. Елеукенов, Р. Нұрғали, С. Қирабаев, Ж. Ысмағұлов, З. Қабдолов, З. Ахметов және басқалардың ғылыми еңбектерің негізге ала отырып, ақынның шығармаларын басқа ақындар шығармаларымен салыстыра қарастырып зерттедік.

Зерттеудің әдістері. Еңбекті жазу барысында ғылыми танымның негізгі принциптері басшылыққа алынды, жұмысқа қатысты әдебиеттер, мәтіндер жинақталып, сараланды. Ақын шығармашылығы талданып, замандас ақындар шығармашылығымен талданып, замандас ақындар шығармашылығымен салыстырылып, ақын туралы айтылған ой-пікірлер сұрыпталып, жұмыс соңында ақын шығармашылығының көркемдігі ашылды.

Жұмыстың ғылыми жаңалығы. Мағжан Жұмабаев өмір сүрген кезеңде ұлт тағдыры ерекше мәнде қойылды. Отаршылдың қыспағындағы еліміздің мәдениеті, ұлы орыстың пікір ауқымында сөз болып одан тыс пікірлер мансұкталды. Осы орайда көбірек соққы жегендер алаш қозғалысының тұлғалары еді. Солардың көшбасында болған Мағжан Жұмабаев - өз шығармашылығында отарлау саясатын нақты айтпай жанамалап, меңзеп көрсетті. Біз жұмысымызда ақынның осы орайдағы шығармашылығында ұлт-тағдырының көрінісін ашуды міндет қойдық. Бүгіндері рухани мұрасына ерекше көңіл бөліп, тәрбиелік мәніне назар аударған шақта, өз кезеңінде шын ұлт жанды болып танылған ақын мұрасын бүгінгі күнге жеткізу, ақын ойларын ұрпақ санасына орнату жұмыстың басты ғылыми жаңалығы деп есептейміз.

Жұмыстың тәжірбиелік мәні. Жеке ақындардың, жергілікті қаламгерлер мен өнер иелерінің есімдерін, олардың шығармашылығын жас ұрпаққа жеткізіп, еліміздің болашағы-жастарды рухани байлыққа кеңелтіп, отан сүйгіштікке, адами тұлғалылыққа тәрбиелеуде. Бүгінгі тәуелсіздігіміз үшін құрбан болған зиялылардың, оның ішінде шығармашылығы өткен ғасырдың 20-30 жылдары әлем әдебиетінде танылған Мағжан шығармашылығын ұрпақ тәрбиелеу кілтіне айналдыру- бүгінгі заманның басты талабы, әрі бүгінгі әдебиеттану, мәдениеттануда аса қажет. Еңбектегі ғылыми жаңалықтар мен ізденістер, ғалымдар мен ізденушілерге, жоғары және арнайы оқу орындарының гуманитарлық мамандық студенттеріне, оқушыларға, этнография, әдебиет, тарих, фальклор, өнер салаларын оқытуға қосымша құрал ретінде пайдалануға қажет деп есептейміз.

Жұмыстың құрылымы мен көлемі. Жұмыс кіріспеден, екі тараудан тұратын екі бөлімнен және қорытындыдан тұрады.

Кіріспеде жұмыстың өзектілігі, нысаны, мақсаты мен міндеті, ғылыми жаңалығы мен зерттеу әдісі, ғылыми практикалық мәні айтылады.

Алғашқы бөлім «Ұшқыр сезім, терең ойдың ақыны» деп аталып, оның бірінші тарауында ақынның қиын тағдыры мен шығармашылық жолы қарастырылып, екінші тарауда ақын поэзиясындағы дәстүр мен жаңашылдық айтылады.

Екінші бөлім «Мағжан Жұмабаев поэзиясындағы ұлт тағдыры» деп аталады да бірінші тарауында ақынның ұлт тағдырына арнаған шығармалары кеңінен талданады да екінші тарауда көркемдік болмысына бардық.

Жұмыс қорытындысында зерттеудің маңызы айтылып, соңынан пайдаланылған әдебиеттер тізімі берілді.

І. ҰШҚЫР СЕЗІМ, ТЕРЕҢ ОЙДЫҢ АҚЫНЫ.

1. 1. Ақынның қилы тағдыры.

Мағжан Жұмабаев-өз әкесі Бекен, бабалары Жұмабай қажы, Шонай, Өтеген, Өтеміс - бәрі де исі Атығай ішінде даңқы шыққан белгілі, көшелі кісілер. Мағжан өзімен емшектес Мүсілім, Қаһарман, Мұқаметжан, Сәлімжан, Қалижан, Сабыржан, Күләндам, Гүлбарам деген бауырларымен құлын-тайдай тебісіп, анасы Гүлсімнің тәрбиесінде ауыл баласының қызықты, романтикаға толы тәтті, қимас шағын бірге өткізген. Кәрім, Мұқамеджан молдалар, Данияр қажы, Ахитден мұғалім-болашақ ақынның тілін сындырып, хат танытқан, арабша, парсыша, түрікше, орысша оқытқан алғашқы ұстаздары. Алдымен Қызылжарда медреседе Хасен молдадан дәріс алған Мағжан Уфа қаласына барып, медресе Ғалияда татар халқының ұлы жазушысы Ғалымжан Ибрагимовтан оқыды. Алғашқы әдеби тәжірибе басталып, тырнақалды, көк қауырсын жырлар тудырды.

Жаңа заман рухы бойын билеген, тырнақалды «Шолпан» (1912 жылы, Қазан қаласында бастырылды) кітабы шыққан асау жүрек, жас сұңқар орысша білім алуға ерекше талпынып, 1913 жылы Омбы қаласына келіп, семинарияға түседі де, оны 1916 жылы бітіріп шығады. Бұдан кейін ел өміріндегі ұлы оқиғалар жас азаматты көгала толқынына тартып әкетеді. Үш революция дүмпуі, Алаш қозғалысы, адасулар, дүниетанымындағы сілкіністер, қоғамдық - әлеуметтік тартыстардың поэзиядағы көріністері, жеке бастағы шырғалаңдар - осылардың баршасын көре жүріп, Мағжан да 1919 жылдың көктемінен бастап, жаңа құрылысқа бел шешіп, сыбанып кіріседі. Қызылжардағы «Бостандық туы» газетінде редактор болады (1919), Ташкентте Қазақ-қырғыз интернатында сабақ береді (1922), Москвада Күншығыс баспасында аудармашы болады. В. Я. Брюсов атындағы көркем әдебиет институтында оқиды (1928), Бурабайда техникумда, Қызылжарда кеңес-партия мектебінде сабақ береді. 1929 жылы жазықсыз жала жабылып, түрмеге қамалады, содан Карелияға жер аударылады. М. Горькийдің және әйелі Е. Пешкованың араласуымен 1936 жылы айдаудан босап шыққанымен, қайта ушыққан репрессия тырнағына ілініп жазықсыздан-жазықсыз 1938 жылы 19 наурызда атылып кетеді. Өзі ғана өмес, ағалары Мүсілім, Қаһарман, інісі Мұқаметжан да репрессия отына шалынады. Әкесі Бекен 1934 жылы, анасы Гүлсім 1943 жылы дүние салған. [3]

Мағжаннан қалған әдеби-шығармашылық мұраның көлемін, салаларын, сақталуына қатысты әңгімені нақты айтуға мүмкіндік бар. Талантты ақынның алғашқы өлеңдері Уфадағы, Омбыдағы қабырға газеттерінде, қолжазба журналдарында, өз кезіндегі мерзімді баспасөз беттерінде жарияланып жүріп, көзге түседі, елеп - ескеріледі де, жұртшылық назарын аударады. 1912 жылы Қазанда «Шолпан» деген өлеңдер жинағы шыққанда Мағжан он сегіз - он тоғыздардағы уылжып тұрған қыршын жас. Абай кітабының басылғанына үш-ақ жыл өткенін ескерсек, жас ақынның даңқы қазақ сахарасы аспанында қалай көтерілгенін ұғу қиынға соқпас. Бұдан кейінгі кезеңдерде дүниеге келген қазақ газет-журналдарының Мағжан шығармалары, 1929 жылы жаламен күйіп, абақтыға түскенге дейін үздіксіз жарияланып тұрды. Негізінен ақын өлеңдері екі-ақ рет жинақталып, топталып, оқырман қолына тиді. Бірінші рет 1922 жылы Бернияз Күлеев Қазанда бастырып, екінші рет осы кітап толықтырылып Сұлтанбек Қожановтың алғы сөзімен 1923 жылы Ташкентте шықты. «Педагогика», «Сауатты бол» (араб, латын әріптерімен бірнеше рет басылған) кітаптары, аудармалары басылды. Қысқасы, Мағжанның қаламгерлік сапары бас-аяғы жиырма жылға жетпей, тым ерте үзілді, он жылдай өмірі абақтыда, лагерьде, қуғын-сүргінде, азап-қорлықта өтті.

Мағжанның «Алтын хакім Абайға» (1912) деген өлеңі; 6 шумақ, 24 тармақтан тұрады, 11 буынды қара өлең ұйқасымен жазылған. Салған жерден жас талапкер ақын Абайды қарадан хан шыққан хакім, оның сөзі мың жылға да дәмі кетпес деп бағалайды, Абай өлеңдеріндегі кейбір оралымдарды құбылта пайдаланады, «тыныш ұйықта қабіріңде, уайым жеме», «қор болды қайран сөзім босқа деме» деген жолдардың төркіні белгілі, ұлы ақын сөзі мәңгі жасайтынына ерекше сенім бар.

Ұлы Абайдың поэтикалық мектебінің тағылымдарының ізі Мағжан жырларында сайрап жатыр. Қазақ өлеңінде Абай әкелген жаңаша өлшем, үлгілерді, соны образдарды, сөз тіркестерін Мағжан кеңінен қолданады. Ең терең жақындық-ақындық, көркемдік мұраттардың туыстығында. Абай барған мәңгілік тақырыптарға Мағжан да барған, өз талантына, өз заманына лайық жаңаша көркемдік игіліктер жасаған. Әсіресе Мағжан қазақ әдебиетінде Абайдан кейінгі дәуірде табиғат, махаббат, философия лирикасының ең үздік үлгілерін тудырды.

Мағжан бала күнінен халық фольклорына, ауыз әдебиетіне, елдің дарынды сөзіне сусындап өсуімен қатар қаршадайынан арабша, орысша хат танып, артынан арнаулы оқу орындарын аяқтап, сүйегіне біткен сұңғыла, зерек, қиялшыл қасиеттеріне орай, Шығыс пен Батыстың поэзиясын терең біліп, көңілге тоқып, жүрекке ұялатып, бойына сіңіру арқасында таза талғаммен биік парасатқа, көркемдік нысанаға тіпті ерте жеткен. Ақын талантын шын мөлдір қасиетін сақтап, табиғат - ұста соққан қалпында қалған. Бала-бозбала, оқушы-шәкірт қолынан шыққан, әр нәрсенің басын шалған, шөпті де, шеңгелді де өлең еткен әрекеттен ада, европалық үлгідегі мәдениетті ақынның қаламгерлік жолынан бастаған. Алғашқы күннен Мағжан қара сөзбен айтуға болатын, мақаламен көмкеретін жәйттерге өлең арнамайды; үгіт - насихат сарынынан, ғақлия - өсиет мақамынан, терме - қисса арнасынан бойын мүлде аулақ салады; аз күндік ілесе жазылған қошемет, мадақ жыр, біреуді марапаттаған қолпаш өлең атымен жоқ. Тоқ етерін айтқанда, қазақ поэзиясының аспанында көтерілген жаңа жұлдыз - Мағжан салған жерден ақындықты көз жасы, жүрек қанынан сорғалайтын - асыл сөз, дарынды сөз, қасиетті өнер, шарапатты өнер деп біліп, бұл сапарда туған жерге, Отанға, халыққа қызмет етудегі киелі жол санайды.

Қазақтың ұлы ақыны, кемеңгер ағартушысы, алаштың ақтаңгер көсемдерінің бірі, озық ойлы рухани ұстаздарымыздың бірегейі, қазақ поэзиясының, оның ішінде жаңашыл сипаттағы поэманың негізін қалаушы, түркі тектес халықтардың бас ақыны атанған Мағжан Жұмабаевтың туғанына биыл 121 жыл толып отыр.

Бүгінгі заманның айтулы ақыны, қоғам қайраткері, Көкшелік сал - серілер шоғырының жалғасы, жуырда ғана өмірден өткен Кәкімбек Салықов өзі ұстаз тұтқан ақын туралы:

«Мағжан дегенде көзіме Гималай құзарттарының ең биік шыңы Эверест елестейді. Аңыз бейне ғажайып құбылыс сол «әлемнің шатырынан» биік бұлт төсінен қарап: «Мен жастарға сенемін!» деп тұрғандай ой тастайды. Осы ойымды үстіміздегі жылдың 15-17 мамырында М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінде өткен «Мағжан Жұмабаев және ұлттық мәдениет» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференциядан алған әсерім өрістете түсті. Мағжан поэзиясының, өмір көріністерінің жаңа қырлары ашыла түсті.

Петропавл қаласында және Мағжан Жұмабаев ауданында әр жыл сайын ұйымдастырылатын «Мағжан оқулары», оған қоса бес жылда бір рет еске алу мерейлі шаралары үлкен дайындықпен өтеді екен. Осындай киелі де жүйелі істің Мағжанға арналған жалғастары басқа облыстарда да қанат жайса, ұлы ақынның есімін жер шарына молынан паш ету даңғылы ашылар еді», [3] деп жазған еді 2008-шы жылы өз естелігінде.

Мағжан Бекенұлы Жұмабаев 1893 жылы маусымның 25-жұлдызында қазіргі Солтүстік Қазақстан облысындағы Мағжан Жұмабаев ауданының Сарытомар атты ауылында дүниеге келеді. Бұл жер ертеде Ақмола облысы Петропавл уезінің Сарыайғыр болысы атанса, бертінде Полудин, Бейнетқор, Булаев аталған. Сасықкөлдің жағасындағы Сарытомар ауылы бұдан соң Мағжан Жұмабаев кеңшары атанған болатын.

Мағжан туған әулет өңірге белгілі текті тармақтан шықты. Атасы Жұмабай кезінде сауда-саттықпен айналысып, кәсіпкерлік жолында еңбек еткен, іскер, елге беделді бай болған. Сондай-ақ, өмір сырын кең зерлегіш, ұғымтал да білімді, өз заманының алдыңғы қатарлы адамы болып, Меккеге барып қажы атанған. Атасы Мағжанды өте жақсы көріп: «Менің атымды осы балам шығарады», - деп бауырына басыпты. Тап осы көрегендік-әулиелігі ақын немересіне жұғысты болғанын бұл күнде кеңінен таныдық. Ақынның әкесі Бекен дәулеті мен сәулеті, атағы асып, даңқы шыққан болыс болған кісі. Әкімшіліктің иісін де, атасынан алты жасында айырылған Мағжан, молынан сезе бастады.

Ауыл молдасынан бір жыл оқығаннан кейін әкесі оны Қызылжардағы Мұхаметжан Бегішев деген Түркиядан оқып келген имамның медресесіне береді. Бегішев мұсылмандарды шоқындырмақ болған патша үкіметінің әрекетіне карсы қарекет көрсеткен кісі ретінде Мағжанға үлкен әсер етгі. Қызылжарда бес жылдай (1905-1910) оқып, Уфа қаласындағы «Ғалия» медресесін (1910-1911 жылдары) бітіреді. 1913-1916 жылдары Мағжан Омбыдағы мұғалімдер семинариясының алтын медальмен бітірген үздік түлегі болды. 1922 жылы Ташкентте бір жыл мұғалімдік қызмет атқарып, 1923-1927 жылдары Мәскеудегі Әдебиет және өнер институтында оқыды.

Мағжан өлеңді ерте жаза бастады. «Ғалия» медресесінде оқып жүрген кезінде, яғни, 1912 жылы татар әдебиетінің классигі Ғалымжан Ибрагимовтың көмегімен алғашқы шығармалар жинағы жарық көрді. Әрине, қазақ ақындарының ішінде ертерек әсер еткен ұлы Абайдың 1909 жылы шыққан кітабы қолына тиеді. Дәл сол жылы Міржақып Дулатовтың «Оян, қазағы» да алдынан шықты, жолы болып, өзі де кездесіп жас Мағжанға ұстаздық етті. Омбыда оқып жүрген кезде Сәкен Сейфуллинмен танысты. Мәскеуде оқып жүрген кезде Гете мен Горькийден бастап, көптеген тамаша аудармаларды дүниеге әкелді. Ақынның поэзиясына тікелей тоқталсақ, Мұхтар Әуезовтен артық айта алмаймыз, ол қазақ, поэзиясының атасы Абайға арналған ыстық ықыласын білдіре келіп: «Бұдан соң Мағжанды сүйемін, Еуропалығын, жарқыраған, әшекейін сүйемін. Қазақ ақындарының қара қордалы аулында туып, Еуропадағы мәдениет пен сұлулық сарайына барып жайлауы жарасқан Арқа қызын көріп-сезгендей боламын. Мағжан - культурасы зор ақын. Сыртқы кестенің келісімі мен күйшілдігіне қарағанда, бұл бір заманның шегінен асқандай, сезімі жетілмеген қазақ қауымынан ертерек шыққандай, бірақ түбінде әдебиет таратушылары газетпен қосақталып, күндегі өмірінің тереңін терген ақын болмайды, заманнан басы озып, ілгерілеп кеткен ақын болады. Әдебиет үшін деген таңба айқын болмай, нәрлі әдебиет болуға жол жоқ. Сондықтан - бүгінгі күннің бар жазушысының ішінен келешекке бой ұрып, артқы күнге анық қалуға жарайтын сөз Мағжанның сөзі. Одан басқамыздың бәріміздікі күмәнді, өте сенімсіз деп білемін», - депті [4, 35б. ] . Ұлы жазушы Мағжанға асқан ілтипатпен тоқтала келе өзі жайлы кемеңгер кішіпейілдік білдіргендігін байқаймыз. Егер бұл 1929 жылы айтылған сөз екенін аңғарсақ, жас Мұхтардың да бұл көрегендігі Жұмабай ақсақал айтқандай тұп-тура келіп тұр. Мағжан Мәскеуде оқып жүрген кезінде саяси әдебиетпен, Пушкин, Лермонтов, Фет сияқты орыс әдебиетінің ең биік өрелі саңлақтарының шығармаларынан үлгі алды. Плеханов, Луначарскийлердің еңбектерін жіті тексеріп оқыды. Блок, Пастернак сияқты замандас дүлдүлдерді оқи келе, әлем әдебиетіндегі биіктерге қол созды.

Мұхтар Әуезов айтып отырған «Еуропалығы, жарқырағыштығы, әшекейі», әрине, орыстың ойңақы дүлдүл поэзиясынан әсер алғандығын айғақтаса, Гетенің даналығы ойшылдыкқа бастады. Николай Пастернак «Қолға алған іс тетігіне жетпекпін» деген өлеңінде:

Өлең сөзді айналдырып бакшаға,

Қан тамырда тасқындап.

Шын қуандым жөке гүлдеп жатса да,

Бірін-бірі басқындап.

Раушан гүлдің лебін қостым өлеңге,

Жалбыздың жұпар иісін,

Көк майса қияқ шалғы әндеткен белеңде,

Найзағай, нөсер тынысын», [5, 54б. ] - деп тамаша «әшекейді» шашып-төгіп жарқыратса, Мағжан бұл өнерді көре білді, керегін тере білді. Бірақ Мағжан оларды қайталамады. Ол өз жері, өлең төсегін өз мақамы, өз тілі, өз дәстүрінде тамаша суреттеді. Ол кімнен не үйренсе де, биік түсуді ойлап, өз ұлттық өресіне, ойына, мұңына көше берді. «Батқан күн, атқан таңның жыры» атты өлеңінде:

Судан сұлу Сәулетай,

Бір қарашы, аңсадым.

Суда ойнаған шабақтай,

Сүйреңдейді саусағың.

Қабаққа қатар тізілген

Кірпік пе? Қара жібек пе?

Бір қарашы, қарағым,

У толды ғой жүрекке! [2, 35б. ], - десе, қыз төсінде шолпыдай бәрі ашық жатыр.

«Жарқырағы да, әшекейі де» Еуропаша жайнағанымен, шебер тіл, асыл суреттермен қазақша құлпырып шыға келеді. Ой толғағы да, тіл шеберлігі де ыстық жүректің жылуына бөленіп, куаты мен еркіндігі лапылдап тұрған сезім отына жалғасып көз тартады, ой қозғайды, сүйсіндіреді. Байқап қарасақ, бұл өлеңде де Мағжанның барлық шығармаларына байланысты адам мен табиғаттың жарасымдылығы, бірлігі, бауырластығы жалғасып, жамырасып, жарасып жатыр. Орыс поэзиясының «әшекейі» жұғысты болса да, «Суда ойнаған шабақтай сүйреңдеген саусақтар» Мағжанның нені айтса да әрі көркем, әрі терең суреттегіш шеберлігіне тәнті етеді.

Мағжан махаббатқа арналған өлеңдерінде де орыс һәм әлем әдебиетінің әсерін байқатса да, айтар ойын еш пендеде жоқтай ғажайып етіп, жүректің лүпілімен, канның қызуымен ұшқыр да, ұтымды, тәтті де жұтымды, ойлы да ұғымды етіп, бір оқысаң есіңде мәңгі қалардай төгіп салады. Сұлулық әлеміне табынтып, уын балдай сағынтады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мағжан Жұмабаев – қазақ жерінің жыршысы
Мағжан Жұмабаев жайлы мәлімет
Қазақ әдебиетінің XX ғасыр басындағы жарқын жұлдыздардың бірі- Мағжан Жұмабаев
Мағжан Жұмабайұлы
Мағжан Жұмабаевтың шығармашылығы, Түркістан өлеңі
МАҒЖАН ӨЛЕҢДЕРІНІҢ ТҮР ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Мағжан қазақ әдебиетінде
Мағжан жұмабаевтың өмірбаяны, шығармалары
Мағжан Жұмабаев жайлы ақпарат
Мағжан Жұмабаевтың шығармалары арқылы қазақ халқының рухының мықтылығын дәлелдеуі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz