Мағжан Жұмабаевтың педагогикалық, психологиялық мұралары


Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министірлігі
Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті
Кенжебулатова Мира Кайратовна
«Мағжан Жұмабаевтың педагогикалық, психологиялық мұралары»
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Мамандығы Педагогика және психология
5B030100
Көкшетау 2014
Мазмұны
Нормативті сілтемелер . . . 3
Анықтамалар . . . 4
Қысқартулар мен белгілер . . . 5
Кіріспе . . . 6
І Қазіргі педагогикалық оқу орындарындағы ұлттық жан тәрбиесі мен педагогиканың жағдайы . . . 13
1. 1 Колледждердің оқу бағдарламаларын талдау . . . 13
1. 2 Университеттердің типтік оқу бағдарламаларын талдау . . . 16
ІІ Мағжан Жұмабаевтың тәлім-тәрбие мұралары . . . 27
2. 1 Мағжан Жұмабаевтың психологиялық мұралары . . . 27
2. 2 Мағжан Жұмабаевтың тәрбиелік мұралары . . . 36
2. 3 Мағжан Жұмабаевтың ұстаз туралы пікірлері . . . 46
2. 4 Педагогикалық эксперименттің нәтижелері . . . 59
Қорытынды . . . 65
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 68
Қосымшалар . . . 70
Нормативті сілтемелер
- Педагогикалық мамандықтардағы Педагогика пәнінен орта кәсіптік оқу орындары үшін типтік оқу бағдарламасы. -М. Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжі, Қызылорда қ., 2002 ж.
- "Білім" тобындағы мамандықтар бойынша Педагогика пәнінен типтік оқу бағдарламасы. - Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Алматы қ., 2013 ж.
- Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы. (2011-2020 ж. ж. арналған) . Астана, 2010ж.
- ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы. «Қазақстан - 2030». Алматы 1998 жыл
Анықтамалар
Абай дегеніміз сыртқы дүниедегі бір затқа, яки ішіміздегі бір жан көрінісімізге - ойға, ішкі сезімге, қайратқа жанның төнуі, нүктеленуі деген сөз.
Бір адамның барлық ісін басқа адамдардың істерінен айыратын сипаттар мінез деп аталады.
Жанның өзінде бұрыннан бар суреттеулерден жаңа суреттеулер жасай алуы хиял деп аталады.
Суреттеулерді жанның жоғалтпай сақтай білуі ес деп аталады.
Эксперимент (ғылыми тәжірибе) - психология жөнінде ғылыми зерттеу жүргізуде эксперименттік әдіс кеңінен қолданылады.
Қысқартулар мен белгілер
ҚР - Қазақстан Республикасы
ЖОО - Жоғары оқу орны
АЭ - анықтаушы эксперимент
ҚЭ - қалыптастырушы эксперимент
КІРІСПЕ
Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Мұра дегеніміз құндылық. Құндылық - өмірде, халықтың менталитетінде қалыптасқан ережелерді есепке алады. Құндылықтардың екі түрі бар: рухани және материалдық. Мағжан Жұмабаевтың еңбектері рухани құндылыққа жатады, мұның ішінде тәлім-тәрбиелік құндылықтарға оның еңбектері, зерттеулері, әсіресе педагогика саласында өзінің құндылығын жоғалтқан жоқ.
М. Жұмабаевтың, Абайдың, ШШәкәрімнің, Жүсіптің педагогикалық мұраларының негізінде өзіміздің ұлттық педагогиканы жасауға болады.
М. Жұмабаевтың мұрасы қазақ халқының тәлім-тәрбиелік тәжірибесінің көзі болып табылады.
Бұл зерттеу Мағжан Жұмабаевтың тәлім-тәрбиелік тұжырымдарының педагогикалық, психологиялық сипатын ашуға арналған. Зерттеу жұмысында қазіргі педагогикалық оқу орындарындағы ұлттық жан тәрбиесі мен педагогиканың оқытылу жағдайы, әрі қазақ халқының ұлттық педагогикасының ғылыми іргетасын қалаған М. Жұмабаев мұрасының типтік оқу бағдарламаларында көрініс табуы баяндалады.
Зерттеудің өзектілігі. Соңғы жылдары қоғамымыздағы жүріп жатқан әлеуметтік-экономикалық жаңғырулар нәтижесі тәуелсіз Қазақстан Республикасының тәлім-тәрбие саласының жұмыс мазмұнына жаңаша бағыт-бағдар беріп отыр. Жас ұрпақты тәрбиелейтін ұстаздар қауымына жүктелетін міндеттерді ел Президенті өзінің Қазақстан халқына жолдауында, ҚР «Білім туралы» заңында, «Мәдени-этностық білім беру» тұжырымдамаларында айқындап берді.
Қазіргі жас ұрпаққа тәуелсіздікке дейінгі күрделі күрес жолының өткен тарихын таныту міндеті қойылып, этнопедагогика мен ұлттық психологияға қатысты халықтық ой-танымдарды ғылыми теориялық бағытта қайта жаңғыртуға жедел бетбұрыстар жасалынуы Қазақстандық психология ғылымының алдына жаңаша міндеттер қойып отыр. Халқымыздың рухани дүниесін, ұлттық мәдениеті мен психологиясының тарихын терең зерделеп, ғылыми сараптау кезек күттірмейтін іс болып табылады.
Елбасының қабылдаған «Мәдени мұра» бағдарламасында да халық тарихын қалпына келтіру, өткен тарихымыздың тағылымдық тұжырымдарын қайта жаңғырту жас ұрпақтың бойына шынайы отаншылдық сезімді дамытудың жолы ретінде тұжырымдалады.
Қазақ халқының ғасырлар бойы жинақтаған тағылымдық, өнегелік мұраларының күні бүгінге дейінгі мұраларын анықтап, ұрпақ тәрбиесінде пайдаға жарату. Еліміз тәуелсіздік алған жылдардан бергі - ұлттық жантану ғылымының саласында да жаңаша сараптауларды қажет етеді.
Қазақ психологиясының даму тарихы мен өзіндік сипатын зерделеген ғалым Қ. Б. Жарықбаев ұлттық тәлім-тәрбиелік ой-пікірлер төркінін ұлттық салт-дәстүрден Орхон-Енисей жазбаларынан бастап, Қазан төңкерісіне дейінгі кезеңді қарастыра отырып, этнопедагогика мен қазақ психологиясының ғылыми-теориялық дәрежеге көтерілмеу себептерін ашады. Ол себептер: біріншіден, Қазақстанда қоғамдық, гуманитарлық ғылымдардың сан-салалы тараулары бір-бірінен дараланып, бөлініп, олардың ғылыми атаулары қалыптаса қоймағандығы, екіншіден, әр ғылымның жекелеген ерекшеліктерін мұқият зерттейтін маман ғылымдардың тапшылығы, үшіншіден, ғылым салаларын өрістетерлік ғылыми-техникалық материалдық базасының жоқтығы себеп болғандығын атайды.
Егеменді еліміздің бүгінгі жаңаша сипаттағы даму үрдісіне сәйкес, тарих қойнауында қалып қойған тарихи тұлғалардың тәлім-тәрбие туралы ойларын тану мақсатында XX ғасыр басындағы қазақтың рухани ой-әлеміндегі, көрнекті тұлға М. Жұмабаевтың психологиялық және тәрбиелік мұраларын арнайы қарастыру осындай заман талабынан туындап отыр.
XX ғасыр басындағы саяси қысым қазақ ұлтының қалыпты дамуына кедергі жасап, сырттан танылған жат психология қыспағында ұстады. Ол кеңестік идеологиядағы аз ұлттың табиғи дамуын тежеу саясатымен ұласты. Осы саясаттың зардабын бір ғасыр бұрын М. Жұмабаев секілді дара тұлғалар алдын ала көре білді және халықты сақтап қалудың бірден-бір жолы заман талабына төтеп беретін жаңаша сипатты ұлт өкілдерін, жас ұрпақты тәрбиелеу жолдарын ұсынды.
М. Жұмабаевтың тұлғалық даралығы интеллектілік, эмоциялық, еріктік сфералардың тұтастай психологиялық ой-пікірлердің барлық саласында танылды. Ол басқалардың көрмейтінін көре, сезе білетін қабілетінен, жаңалықтарды қабылдау, өңдеу ерекшелігінен және оны шеше білудің даралығынан көрінеді.
Мағжан өзінің өткен өмір жолындағы қоғамдық жағдайлардың бәріне сын көзбен қарап, өзін өзі анықтауға, өзінің идеяларын жүзеге асырып қоғам үшін құнды тұлғаға айналады. А. Н. Леонтьев тұжырымдамасындағы «тұлғаның жүйелі қасиеттерге ие болуға, танымдық қабілеттері мен тұлғалық қасиеттерінің дамып жетілуі, сыртқы ортамен әрекеттестігі жағдайында жүзеге асады» - деген тұжырымдарын Мағжан тұлғасын тану арқылы көз жеткізуге болады. Ғалым ұстанған тұжырымның мазмұны бойынша этномәдени сәйкестіліктің дұрыс қалыптасуы тұлғаның өзін-өзі тануына, жеке даралық қасиеттерінің ашылып, көрінуіне әсер ететін әлеуметтік-психологиялық механизм болып табылады.
М. Жұмабаев мұраларын педагогикалық, психологиялық деңгейде сараптау - этнопедагогика мен қазақ психологиясының тұтастығы мен сабақтастығын айқындап, тарихи даму жолын қалпына келтірудің негізгі көзі болып есептеледі. Сондықтан да М. Жұмабаев мұраларын бүгінгі тәлім-тәрбиелік мақсатта пайдалану қажеттілігі туындап отыр.
Ғалым О. Л. Рубишнтейн адамның белсенділігін сыртқы орта әсерімен оның ішкі жан дүниесінің өзара әрекеттестігі нәтижесінде қарастырса, ал ғалым С. М. Жақыповтың «адамның өмірде сәтті әрекеттесуі қоғамда болып жатқан жаңалықтарға, өзгерістерге бейімделгіштік қасиетімен байланысты» - деп тұжырымдағанындай, Мағжан тұлғасының даралығы ұлттық төл тума даму жолын әлемдік дамудың ағымынан ажырата алды және дүниежүзілік өркениеттің оң ықпалын таңдап, талғап қабылдап, ұлт қажетіне жарата білді.
Саяси құрсаудың қамытын халқына кигізбеудің амал-әдісін қарастырып, ел болып халық сипатын сақтап қалудың жолы ретінде ұлтын сүйген білімді, парасатты тұлғалар тәрбиелеуді басты мақсат ретінде ұсынды. Тәрбиенің алғашқы бастаулары - отбасы, мектеп, оқулық деп танып, олардың ұлттық сипатының басымдығына назар аударды. Осы жолмен жалпы адамды сүйетін, заман өзгерістерінде жұтылып кетпейтін дара тұлғалар тәрбиелеп шығаруға болатындығын тұжырымдады.
Европа, орыс мәдениетімен жетік таныс болған Мағжан кез келген өзгенің әсерін (мейлі тәрбие де, әдебиет те болсын) қабылдамас бұрын қазақтың төлтума тарихы мен мәдениетін меңгеру керек деген тұғырнама ұсынды. Ғалымның осы ой-пікірлерінің ғылыми мәнін ашып, бүгінгі жаһандану кезеңіндегі ұлттық тәлім-тәрбие психологиясына енгізу өзекті мәселе болып табылады.
Мағжан - қазақтың ұлы педагогы дей отыра, оның еңбектері колледж, ЖОО-дағы педагогикалық мамандықтарда оқитын білім алушылардың педагогика, психология пәндерін оқыту бойынша типтік оқу бағдарламаларына енгізілмеуі, енгізілсе, аз сағат берілуі - ойлантарлық мәселе. Қазіргі жастар батыстың менталитетін қабылдап, қазақы мінезден ажырап бара жатыр. Сол себепті болашақ жастарды тәрбиелеуде ұлттық педагогиканың мәртебесін көтеру, ЖОО-ның білім беру стандарттары мен колледждердің типтік оқу бағдарламаларына М. Жұмабаевтың мұраларын енгізіп, оның "Педагогикасын" жан-жақты меңгеру қажеттілігі туып отыр.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. М. Жұмабаев мұралары соңғы жылдары түрлі ғылым саласында қарастырыла бастады.
А. Ақажанованың диссертациялық жұмысында Қазақстандағы педагогикалық психология ғылымының дамып қалыптасуы сараланып, онда М. Жұмабаевтың алатын орны айқындалды.
Қазақстандағы психологиялық ой-пікірлердің қалыптасуы, даму жолын жүйелі зерттеген профессор Қ. Б. Жарықбаевтың оқулықтарында М. Жұмабаевтың психологиялық көзқарастары қарастырылды.
Ізденуші А. Мірәлиеваның диссертациялық еңбегінде Ж. Аймауытовтың психологиялық көзқарастарымен қатар, М. Жұмабаевтың да ұлттық психологияға байланысты жекелеген түйіндерін қарастырады.
Филология ғылымдарының докторы, профессор Ш. Елеукенов М. Жұмабаевтың шығармашылық өмірі мен дүниетанымдық көзқарастарының қалыптасуы жайында құңды деректер жинап, ғылыми тұжырымдар түйіндеген.
Мағжан шығармаларын философиялық тұрғыда зерттеген зерттеушілер Ә. Нысанбаев пен Ә. Дербісәлиев еңбектерінде де біздің зерттеуімізге қатысты құнды пікірлер дәйектеледі.
Соңғы он жылда ақын шығармашылығын зерттеу нысанасы өткен түрлі саладағы кандидаттық диссертациялар қорғалды. Олардың қатарына Р. Н. Көшенованың «М. Жұмабаевтың педагогикалық көзқарастары», Д. А. Әлкебаеваның «М. Жұмабаевтың поэзиясының тілдік ерекшеліктері», Е. Е. Тілешовтың «М. Жұмабаев поэзиясыңдағы романтизм», Б. Қанарбаеваның «М. Жұмабаевтың поэзиясындағы фольклорлық дәстүр», И. Д. Кутуходжаевтың «М. Жұмабаевтың мәдениеттанушылық көзқарастары», Б. Әбдешовтың «М. Жұмабаевтың прозасы», Г. Есмагулованың «Идея свободы в мировоззрении М. Жумабаева» және т. б. диссертацияларда Мағжан шығармалары әртүрлі тұрғыдан зерттелді.
Дегенмен, Мағжан Жұмабаевтың осы уақытқа дейін психологиялық аспектілері белгілі жүйеде арнайы қарастырылмады. Әрі тәлім-тәрбиелік мұралары мен психологиялық мұраларының оқу бағдарламаларына ену мәселесі арнайы қарастырылмады.
Зерттеудің мақсаты. М. Жұмабаевтың еңбектері мен көркем әдеби шығармаларында айтылған тәлім-тәрбие жайлы, жан тәрбиесі жайлы тұжырымдарының қазіргі заманғы педагогика, психологиямен үндестігін көрсету.
Ол үшін М. Жұмабаевтың этнопсихологиялық ой-танымдары мен идеяларына тарихи-психологиялық талдау жасап, ғалымның Қазақстандағы психология ғылымының дамуына қосқан үлесін зерделеу.
Осы мақсаттар негізінде зерттеу жұмысының алдына мынадай міндеттер қойылды:
- М. Жұмабаевтың педагогикалық мұраларының мазмұнына ғылыми талдау жасау;
- М. Жұмабаевтың психологиялық мұраларының мазмұнына ғылыми талдау жасау;
- Қазақстанның жоғарғы оқу орындарының, орта арнаулы оқу орындарының оқу-тәрбие үдерісіне М. Жұмабаевтың педагогикалық, психологиялық мұраларын қолдану мәселелерін дәйектеу;
- Нарықтық қарым-қатынас заманында мұғалім мәртебесін көтеру жолдарын анықтау.
Зерттеудің болжамы : Егер Мағжан Жұмабаевтың педагогикалық, психологиялық мұралары болашақ педагог мамандарды даярлауда кеңінен қолданылса, онда педагогика мен психологияны жетік меңгерген мамандарды даярлап, тәрбиелеудегі еңбек ұтымды да жемісті болады.
Зерттеу объектісі. М. Жұмабаевтың тәлім-тәрбиелік, психологиялық еңбектері.
Зерттеу пәні. Мағжан Жұмабаевтың педагогикалық, психологиялық мұралары.
Зерттеу жұмысының теориялық-әдіснамалық негіздері. Зерттеу жұмысы жүйелілік және тарихи принциптерді, жеке тұлғалық және ұлттық білім ерекшеліктерін басшылыққа алып, М. Жұмабаевтың педагогикалық, психологиялық мұраларын дамып қалыптасу ерекшеліктерін анықтады.
Педагогика мен психологияның теориялары
Зерттеудің әдістері: Ғалымның тарихи тұрғыда жазылған шығармаларын психологиялық талдау негізінде, әртүрлі ғылыми білімдер саласыңда жинақталған мәліметтерді тарихи-салыстырмалық, өмірбаяндық, жүйелілік талдау әдістері мен ғылыми кітапханалар қорындағы Қазақстан Республикасының сирек кітаптар мен қолжазба материалдарын, архив деректерін де талдау арқылы сараланды.
Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы:
- М. Жұмабаевтың тәлім-тәрбиелік мұрасы ғылыми тұрғыда талданып, ғалымның ғылыми қызметі айқындалды.
- М. Жұмабаевтың психологиялық көзқарастары ғылыми талдау нысанына алынып, ғалымның өзіндік ұстанымының сипаты анықталды;
- Ғалымның тұлғалық қалыптасуындағы қоғамдық-әлеуметтік тарихтың ықпалы алғаш рет анықталып, қазақтың ұлттық психологиясының даму жолындағы өзіндік үлесі айқындалды;
- М. Жұмабаев ұстанған ұлттық принциптерді басшылыққа алу жүйеленді;
- Ғалымның поэзиялық және публицистикалық шығармаларындағы қазақ халқының психологиялық мәселелеріне талдау жасалынды;
- Сан қырлы талант иесінің тіл ғылымының заңдылықтарын жете білуі- педагогика, психология ғылымдарына енгізген терминдері арқылы дәлелденді;
- М. Жұмабаевтың педагогикалық, психологиялық мұрасын жоғары оқу орындарында, орта арнаулы оқу орындарының педагогикалық мамандықтарда оқитын білім алушылардың типтік оқу бағдарламаларына оқытылуға қажетті тақырыптар тізімі мен негізгі ұғымдар енгізілді.
Зерттеу жұмысының теориялық маңыздылығы: Мағжан Жұмабаевтың психология саласындағы мұралары қазақ психологиясының әдіснамалық-теориялық негіздерінің аса құнды құрамдас бөлігі болып табылады. М. Жұмабаевтың тәлім-тәрбиелік мұрасы қазақ халқының этнопедагогикасының негізін құрайды. Педагогикалық оқулықтың арқауы болады.
Зерттеудің практикалық құндылығы.
- Зерттеу нәтижелерін жалпы білім беретін орта мектептерде әдебиет, әдептану, жантану пәндерін оқытуда пайдалануға болады;
- Зерттеу нәтижелерін сондай-ақ, жоғарғы оқу орындары, орта арнаулы оқу орындарының педагогикалық мамандықтарда оқитын студенттердің типтік оқу бағдарламасына енгізсе, мұғалімдер мен тәрбиешілердің ұлттық рухани танымын байытып, әдістемелік шеберлігін ұштауға пайдасын тигізері сөзсіз.
Зерттеу көздері. ТМД елдерінің көрнекті ғалымдарының әр кездері жарияланып философиялық, психологиялық, педагогикалық және т. б. қоғамдық-гуманитарлық, рухани саладағы еңбектері, сондай-ақ тарихи-архив материалдары.
Зерттеу нысанасы. М. Жұмабаевтың көлемді төл тума еңбегі «Педагогика» кітабы мен «Бастауыш мектептегі ана тілі», «Сауатты бол» және т. б. жеке мақалалары мен әдеби шығармалары талдауға алынды.
Зерттеудің қорғауға ұсынатын негізгі тұжырымдары:
- М. Жұмабаевтың мол мұрасының ішінен психологиялық ой-танымдарын ғылыми тұрғыдан саралау, психолог ретінде қабілетін дәлелдеу;
- М. Жұмабаевтың жалпы адамзаттың құндылық аясындағы қазақ ұлтының орнын айқындау жолындағы өзіндік ұстанымдарының ерекшелігі.
- Ұлттық тіл, мектеп, маман тәрбиелеудегі ұлттық тәлім-тәрбиенің рөлін негізге алған тұжырымдарын талдау.
- Ғалымның «Педагогика» еңбегіндегі оқыту, тәрбиелеу, іс-әрекет психологиясының мазмұндылығын ашу.
- Шығармашылығындағы психологиялық құбылыстардың бағытын ұстануының тарихи себептерін саралау.
- Ұлттық психология, этнопедагогика ғылымдарына енгізген терминдерін бүгінгі қолданысқа енгізу мүмкіндіктерін саралау.
Зерттеу жұмысы нәтижелерінің дәлелділігі мен негізділігі: Мұнда белгілі ғылыми талапқа сай әдіснамалық және теориялық қағидаларға негіздеп зерттеу пәніне сәйкес әдіс-тәсілдерді қолдану, оның нәтижелерін қорытындылау бұларды орта және жоғары оқу орындарында олардың тиімділігін тексерумен қамтамасыз етілді.
Зерттеу жұмысының құрылымы: Диплом жұмысы кіріспеден, екі тараудан, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Кіріспеде зерттеу тақырыбының өзектілігі, оның зерттелу деңгейі, жұмыстың алға қойған мақсаттары мен міндеттері, ғылыми жаңалығы, теориялық және практикалық маңызы баяндалады.
І Қазіргі педагогикалық оқу орындарындағы ұлттық жан тәрбиесі мен педагогиканың жағдайы
1. 1 Колледждердің типтік оқу бағдарламасын талдау
Талдау объектісі ретінде ұсынылып отырған типтік оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бастауыш және орта кәсіптік білім жөніндегі оқу-әдістемелік Кеңесінің шешімімен 2002 жылы бекітілді. Типтік оқу бағдарламасы 0306002-"Қазақ тілі мен әдебиеті", 0306012 01 - Іс жүргізуші, 0306012 02 - Аудармашы, 0306012 03 - Компьютерде операторлық іс жүргізуші, 0306012 04 - Аз комплектілі мектептің мұғалімі, 0306012 06-Мұғалім-тәрбиеші, яғни педагогикалық мамандықтар бойынша Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпыға міндетті орта кәсіптік білім стандартына сәйкес әзірленген. Аталған типтік оқу бағдарламасы педагогика пәні мазмұнының міндетті минимумына және даярлық деңгейіне қойылатын мемлекеттік талаптарды іске асыруға арналған және орта кәсіптік білім беретін оқу орындарының жұмыс оқу бағдарламаларын әзірлеуге негіз болып табылады. Аталған бағдарлама педагогиканың даму тарихын және оның ғылыми зерттеу әдістерін, оқыту мазмұнын, түрлерін, типтерін, мектепті басқару, ондағы әдістемелік пәндер бойынша студенттердің білімділігі, іскерлігі және дағдыларына негізделеді. Педагогика пәнін меңгеріп болғаннан кейін студент білуі тиіс:
- сынып жетекшісінің қарым-қатынас түрлерін, негізгі міндеттерін білуі;
- оқулық және оқу құралдары, оқу жоспары мен бағдарламаларының құрылымын білуі;
- сабақ және сабақ түрлерін, құрылымдық компоненттерін, мұғалімнің сабаққа дайындық жүйелерін білуі;
- күнтізбелік-тақырыптық сабақ жоспарын құрастыра алуы;
- оқытудың негізгі әдістерін білуі;
- оқытудың дамытушылық жүйесі туралы түсінігінің болуы;
- салыстырмалы педагогика ұғымын білуі және оның ауқымды мәселелері жөнінде, әлемдік білім жүйесінің дамуындағы жалпы тенденция жөнінде шетелдік тәжірибедегі күтілмеген және жағымды құбылыстар жөнінде түсінігің болуы;
- қазіргі таңдағы негізгі педагогикалық пікірлерді білуі;
- классик педагогтар мен қазақ педагог ағартушылар жайлы білуі;
- Қазақстан Республикасының Білім беру жүйесі жайлы;
- Қазақстан Республикасы мектеп жөніндегі құжаттары жайлы білуі;
- оқыту принциптері жайлы білуі;
- балалардың сезімдік танымын басқарудың педагогикалық негіздерін білуі;
- көрнекілік түрлері мен оқыту құралдары жайлы білуі;
- мектептегі оқу процестерін ұйымдастыру формалары, сабақтың типтері, құрылымы жайлы білуі;
- оқушылардың білімін, тәрбиелік маңызы айлы білуі тиіс.
Педагогика пән материалдарын меңгерту барысында бала дамуы мен тәрбиесіне байланысты халықтық, ұлттық педагогика көтерген мәселелер мен оқушылар дүниетанымының көріністерінің ұштастырылуы, педагогикалық терминге аса мән беріліп, жеткіншектердің даму заңдылықтары мен әсер ету факторларына аса мән берілуі керек. Аталған типтік оқу бағдарламасы бойынша болашақ маман педагогикалық қызметінде жеке адамның жан-жақты дамуы туралы, қазіргі ғылыми деректерді қолдана отырып, тұжырым жасай білуді; оқушылардың танымдық белсенділіктерін ұйымдастырудың негізгі әдістері мен тәсілдерін қолдана алуды көздейді делінген. Педагогика пәнінен тақырыптық жоспар ІV бөлімнен тұрады. І бөлімі "Педагогиканың әдістемелік -теориялық негіздері" деп аталып, келесі тақырыптарды қамтиды: Педагогика пәні, оның міндеттері; Даму және жеке адамның қалыптасуы; Біртұтас педагогикалық үрдіс, оның маңызы; Мұғалім тәрбиеші, оның педагогикалық үрдісті ұйымдастырудағы рөлі; Қазақстан Республикасының білім беру жүйесі, даму перспективасы. ІІ бөлім "Тәрбие теориясы" деп аталып, келесі тақырыптарды қамтиды: Қазіргі қоғамдағы тәрбиенің мақсат, міндеттері; Тәрбие үрдісінің мәні мен мазмұны; Тәрбие әдістері; Ұжымды қалыптастыру және оның оқушы тұлғасына ықпалы, мектептегі балалардың ұйымдары; Оқушылардың ғылыми дүниетанымын қалыптастыру; Адамгершілік тәрбиесі; Ақыл-ой тәрбиесі; Еңбек тәрбиесі; Экономикалық тәрбие; Эстетикалық тәрбие; Экологиялық тәрбие; Дене тәрбиесі; Мектеп пен отбасы, жұртшылықтың, мектепке дейінгі мекемелердің тәрбие үрдісіндегі ынтымақтастығы. ІІІ бөлім "Дидактика оқыту теориясы (оқыту және білім беру мазмұны) " деп аталып, келесі тақырыптрды қамтиды: Оқытудың теориялық және әдістемелік негіздері; Оқыту принциптері, заңдылықтары; Қазіргі мектептегі білімнің мазмұны; Оқытудың әдістері, тәсілдері, құралдары; Оқытуды ұйымдастырудың әр түрлі формалары; Оқушылардың танымдық іс-әрекетінің нәтижесін бақылау, бағалау және есепке алу. IV бөлім "Мектептану" деп аталып, келесі тақырыптарды қамтиды: Мектеп жұмысын басқарудың ғылыми әдістемелік негіздері.
Жалпы көлемі - 176 сағат, соның ішінде: теориялық оқу - 120 сағат, семинар, практикалық оқу - 56 сағат.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz