Мазасыздану факторлары


- Мазмұны
Нормативтік сілтемелер . . . 3
- Анықтамалар . . . 4
Белгілеулер . . . 5
- Кіріспе . . . 6
1 тарау Мазасыздануының ғылыми - теориялық негіздері . . . 10
- Мазасыздану мен қорқыныштың психологиялық-педагогикалық
талдау . . . 10
1. 2 Жасөспірімдердің психологиялық дамуының ерекшеліктері . . . 17
1. 3 Жастардың бойында мазасызданудың пайда болу себептері және
негізгі факторлары . . . 23
1. 4 Мазасыздану кері эмоциясының жасөспірімдер физиологиясына әсері . . . 29
2 тарау Оқу орнындағы мазасыздануды бәсеңдетуге бағытталған зерттеу жұмыстардың ұйымдастырылуы . . . 37
2. 1 Зерттеу әдістерін таңдау мен сараптаудың құрылымы . . . 37
2. 2 Оқу орнындағы мазасызданудың диагностикасы . . . 47
2. 3 Жас балаларда болатын мазасыздануды төмендетуге бағытталған түзету жұмыстарын ұйымдастыру . . . 58
2. 4 Мазасыздану мөлшерін төмендету бойынша істелген түзету
жұмыстарының нәтижелерін сараптау . . . 64
Қорытынды . . . 68
Пайдаланылған әдебиеттер . . . 70
Н о р м а т и в т і к с і л т е м е л е р. Бұл дипломдық жұмыста келесі стандарттарға, тұжырымдамаларға, бағдарламаларға сілтеме жасалған. [1] Қазақстан Республикасының білім беру заңы. // 27 шілде, 2007 жыл. [2] Назарбаев Н. Ә. «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз». // Егемен Қазақстан, 29 қаңтар, 2011 жыл, 1- бет. [3] Қазақстан Республикасындағы білім беруді дамытудың 2011- 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы. [4] Қазақстан Республикасының «Бала құқығын қорғау» конвенциясы.
А н ы қ т а м а л а р Жасөспірім- 15-16 жас аралығындағы ержеткен бала. Мазасыздану - қатты қобалжу, қорқыныш пен үрей болған жағдайда адамда пайда болатын қасиет. Жеке тұлға- өз бетінше әрекет етіп, бір іспен айналысып, өмір тәжірибесі бар, білімі мен дағдысы, икемі, дүние танымы, сенім- мұраты, талғам бағыт- бағдары, өз іс- әрекетіне жауап беретін адам.
Сезім- сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының адамның қажеттеріне сәйкес келу- келмеуінің нәтижесінде пайда болып отыратын психикалық процестердің түрі.
Эмоция- адамның органикалық қажетпен байланысып жатқан сезімнің қарапайым түрі (қуану, шешу, келу т. б. ) Стресс- адамда өте қиын және жағымсыз, төтенше жағдайда пайда болатын күй.
Қорқу- адамның енжар, қораш эмоцияларының бірі.
Аффект- адамның жүйке- жуйесінің ерекше қозуынан туындайтын күшті эмоция. Социометрия- шағын топтағы тұлғааралық қатынастардың ерекшелігін зерттеу әдісі. Психологиялық түзету- тұлғаның кейбір келеңсіз сапалары мен көріністерін түзетуге бағытталған, психолог жүргізетін жүйелі іс- әрекеттер мен операциялар жиынтығы.
Б е л г і л е у л е р м е н қ ы с қ а р т у л а р П. В Симонов құрған формуласы. Э = F(П, (Ин-Ис, . . . ) , Мұндағы Э - эмоция, оның күші мен сапасы; F- өзекті қажеттіліктің спецификасы мен ауқымы, (Ин - Ис) - аталған қажеттілікті табиғи және өмірлік тәжірибелер арқылы іске асырудың нақты мүмкіндігі ; Ин- осы мезеттегі қажеттілікті өтеуге арналған зат туралы ақпарат; Ис - адамның уақыттың осы сәтіндегі жағдайы туралы ақпарат) ЖОО- Жоғарғы оқу орындары. «М және Д» әдістемесі- мазасыздану және депрессия. КВН - клуб веселых и находчивых. ҚР- Қазақстан Республикасы.
К і р і с п е
Зерттеу жұмысының көкейкестілігі . Қазіргі кездегі білім берудің негізгі міндеттерінің бірі - өздігінен кең көлемдегі кәсіби міндеттерді шешуге қабілетті, сонымен қатар шығармашылық қабілеттері және зерттеушілік икемділіктері мен қабілеттері жоғары, үнемі өздерін жетілдіруге ұмтылатын, психологиялық тұрғыдан қалыптасқан білікті маман дайындау екені даусыз[1] . Соңғы он жыл ішінде жүргізілген педагогикалық-психологиялық зерттеу нәтижелері біздің еліміздегі жастардың жеке психологиялық және кәсіби сипаттамаларында жағымсыз тенденциялардың өсіп отырғандығын көрсетеді. Бұл құбылыстың бір себебі - тұтас жеке тұлғаның дамуындағы кәсіби, әлеуметтік және жеке тұлғалық процестердің күрделі диалектикалық өзара байланыстары бола тұра, олардың үнемі қатар немесе өзінше жеке, оқшау қарастырылуы болып табылады.
Жоғары оқу орнындағы студенттердің кәсіби және тұлғалық жағынан дамуын оқыту процесі психологиялық тұрғыда ұйымдастыру арқылы, яғни сапалы оқыту үшін тұтас жүйе болып табылатын әлеуметтік-психологиялық жағдай құруға жоғары мектептің өзара әрекеттестік жағдаяттарында әрбір қатысушысын мамандандыруға және жеке тұлғалық, психологиялық жағынан дамытуға бағыттау қажет.
«Эмоция мен сезім - адамның айналадағы өмір шындығына және өз басына деген өзіндік қарым-қатынасы. Олар іс-әрекет үстінде пайда болады және оны жүзеге асыруына әсер етіп отыратын заттар мен құбылыстар дейтін болсақ, қоғамның болашақ мүшесі, бүгінгі жасөспірімдердің бойында кездесетін кері эмоциялардың өзі де сан алуан екендігін байқаймыз»[2] .
Эмоция туралы ұғымға анықтама беруге ежелгі грек ойшылдарының өзі атасалысқанын байқауға болады. ХІХ ғасырда белгілі ағылшын биолог-ғалымы Ч. Дарвин де ұмтылыс жасаған. Адамдар мен жауарлардың қимыл-әрекеттік жауап қатуы негізінде эмоция туындайды дей келе ол эволюциялық даму ілімінің бір маңызды тірегі ретінде эмоцияны қарастырған. Психолог-ғалымдар У. Джемс және К. Лангенің көрсетуі бойынша эмоцияның әуестік, шаттану, ашу-ыза, қорқыныш, қобалжу түрлері ең бастысы болып табылады. Джемстің ойынша, кейбір физикалық күйлер әр- түрлі эмоцияларға тәуелді бола алады. Мысалы: қорқу, мазасыздану, қызығу [7] .
Ресейлік физиолог П. В. Симонов эмоциялардың сипаты мен құрамына зерттеу жасай келе өзіндік формула қорытып шығарған болатын:
Э = F(П, (Ин-Ис, . . . ), Мұндағы Э - эмоция, оның күші мен сапасы; F- өзекті қажеттіліктің спецификасы мен ауқымы, (Ин - Ис) - аталған қажеттілікті табиғи және өмірлік тәжірибелер арқылы іске асырудың нақты мүмкіндігі ; Ин- осы мезеттегі қажеттілікті өтеуге арналған зат туралы ақпарат; Ис - адамның уақыттың осы сәтіндегі жағдайы туралы ақпарат) [3] .
Эмоциялардың ішінде жоғарыда айтып кеткендей, ең көбірек ұшырасатыны- студенттердің өзіне деген сенімсіздігінен туындайтын мазасыздану болып табылады. Мазасыздану сезімі көбінесе, адамды өмірлік сыбағасынан құр қалдыруға негіз болатын эмоциялардың бірі. «Іштей жанын жеу», «өзін өзі қомсыну», «өзінен билігі мен ақыл ойы, күші басым адамдар алдында қысылу, қымтырылу» т. б. жағдайдардың барлығы осы мазасыздануға байланысты. Қазақ халқы бұл жағдайды «мысы басылу» деп атайды. Сондықтан диплом жұмысымыздың тақырыбын мазасыздануға байланысты: «Жасөспірімдердің мазасыздануын төмендетуге бағытталған психологиялық түзету жұмыстарын ұйымдастыру жолдары» деп алдық.
Мазасыздану күйі туралы көптеген писхолог-педагогтар оны күрделі мәселе ретінде қарастырып, оңтайлы шешімін табу жолында еңбектенген. Мазасыздануды жеңу жөнідегі алғашқы мағлұматтар көне грек ойшылы Демосфеннің іс-әрекетінде көрініс табады. Көптің алдында өз ойын айтудан қорғалаған ұлы оратор теңіз шуылына қарсы тұрып жаттыққан, бойындағы жағымсыз қимылдардан арылу үшін иығына қылыш қойып сөйлеген.
ХХ ғасырдың ұлы психологы Зигмунд Фрейдтің, атақты орыс физиологы Сеченовтің тәжірибелік зерттеу еңбектерінде қарастырылған. Қазақстанның психолог ғалымдары арасында С. Бап баба, Қ. Жарықбаев С. Піралиев, С. Елеусізова қатарлы ғалымдардың ой-пікірлері білдіргендігін білеміз [4. 2. 5. 6]
Бұл мәселенің күрделілігі мыналармен анықталады.
Жалпы мектеп тәжірибесінде де жиі ұшырасатын мазасыздану эмоциясына ұстаздар қалай қарайды десек, мазасыздану белгілері бар оқушылар ата-аналар мен оқытушылар үшін «қолайлы» болып саналады, өйткені олар сабаққа үнемі дайындалады, педагогтардың барлық талаптарын орындауға ұмтылады. Мұндай жастар оқыту үрдісі барысында мінез-құлық ережелерін бұзбайды. Мазасызданудың айқын көрсетілген жас ерекшелік спецификасы бар, оның бастауында, мазмұнында, қорғанысында және компенсация формаларында көрінеді. Әрбір жас ерекшелік кезеңдері үшін, көптеген жастарда жоғарғы сатыдағы мазасыздану белгілерін тудыратын іс-әрекет объектілері мен белгіленген орталары болады. Бұл «мазасызданудың жоғары шыңдары» мағыналы социогенді сұраныстарының белгілері болып табылады. «Мазасызданудың жоғары шыңдары» жасөспірім қыздар мен бозбалаларда үрей мен қайғы тудырады. Мазасыздану оқудағы іс-әрекетке ғана емес, өзіндік құрылымдарға да кері әсер етеді.
Зерттеу жұмысының мақсаты : колледждерде оқитын студенттердің, яғни 15-17 жас шамасындағы жасөспірімдердің мазасыздануын төмендетуге бағытталған психологиялық түзетулер жұмысының ұйымдастыру жолдарын, себептерін анықтау, ерекшеліктерін ашу.
Зерттеу міндеттері:
- Қарастырылып отырған мәселенің қайнар көзінің теориясын жүйелеу және сараптау жұмыстарын жүргізу;
- Жасөспірімдер бойында мазасызданудың ерекшеліктері мен себептерін анықтау;
- Мазасызданудың кері эмоцияның жасөспірімдер физиологиясына әсерін айқындау;
- Оқу орындарындағы мазасыздануды бәсендетуге бағытталған коррекциялық жұмыстарды ұйымдастыру.
Зерттеудің объектісі: Жасөспірімдерде кездесетін мазасызданудың көрінуі.
Зерттеу пәні: Жасөспірім баллардың арасында кездесетін кері эмоциялардың әсері, солардың бірі мазасызданудың психологиялық түзету жұмыстарын ұйымдастыру жолдары.
Зерттеу жұмысының болжамы: Егер де студенттерде болатын мазасыздануды төмендетуге бағытталған арнайы ұйымдастырылған түзетушілік-дамытушылық сабақтарды түрлі психологиялық тәсілдерді қолданып жүргізетін болсақ, онда оны студенттерді психологиялық тұрғыда шыңдау үшін куратор, тәрбиешілерге әдістемелік көмекші құрал ретінде ұсынуға болар еді.
Зерттеудің теориялық және әдіснамалық негіздері:
Матеариалистік диалектиканың теориясы мен тәжірибе арасындағы байланыстар туралы қағидалар: философия, педагогика, психология ғылымдарының жеке адамды дамыту туралы ілімдері, таным процестерінің педагогикалық психологиялық негіздерінің дамуы мен қалыптасу жолдары туралы тұжырымдамалар. «Бала құқығын қорғау» конвенциясы, Қ. Р- ның «Білім туралы заңы», Қ. Р- ның Конституциясы, Қ. Р- ның білім беру мекемелерінде тәрбие берудің кешенді бағдарламасы, Қ. Р- сы азаматтарын патриоттық тәрбиелеу жөніндегі мемлекеттік бағдарламасы, Қ. Р- сы мектеп оқушыларына патриоттық тәрбие беруің тұжырымамасы басшылыққа алынды.
Ғылыми жаналығы және практикалық маңыздылығы :
- Психологиялық және педагогикалық әдебиеттердегі жасөспірімдер мазасыздануының теориялық негіздері айқындалып, қазіргі зерттеу жайына талдау жасалды.
- Жасөспірімдердің психологиялық ерекшеліктері анықталып, және оның пайда болу себептері айқындалды.
- Мазасыздану кері эмоциясының жасөспірімдердің физиологиясына әсерін түрлі психодиагностикалық зерттеу жұмыстары арқылы нақтыланды.
- Оқу орындардағы мазасыздануды бәсендетуге бағытталған коррекциялық жаттығулардың ұйымдастыру жолдары көрсетілді.
Берілген жұмыстың әдістеменің негізі психологиялық ғылымның негізгі принциптері: жүйелі детерменизм принципі, тұлғаның дамуы әлеуметтік жағдайлар мен психологиялық заңдылықтарға байланысты. Бұл мәселелердің негізі А. С. Выготскийдің еңбектерінде кездеседі [8] . Сонымен қатар, К. Изордтың концепциясы (сезім дифференциясының теориясы) ; психоаналитикалық теория (З. Фрейд, К. Хорни) ; Ч. Д. Спилберг теориясы т. б.
Берілген гипотезаны дәлелдеу үшін мынандай зерттеу әдістерін пайдаландық:
1 . Зерттеу мәселелері бойынша психологиялық және педагогикалық қорытынды мен сараптама жасау. Бұл жұмысты психологиялық ғылым қағидаларын, әсіресе дамытушы және жүйелеуші қағида мен категориялық аппараттарды қолдану арқылы іске асырады.
2. Балалардағы мазасыздану күйінің диагностикасы колледждегі мазасыздануға арналған Филипстің социометрия тестісі.
3. Педогогикалық ұйым мен оқушылармен жүргізілетін түзету дамытушылық сабақтары.
4. CMAS шкаласы.
5. Оқу орындарында мазасыздануға арналған тесті.
6. «М және Д» (мазасыздану және депрессия) әдістемесі.
7. Мазасыздану мен депрессияны анықтауға Голбде ұсынған шкаласы.
9. Мазасыздануды анықтау үшін Г. П Лаврентьева және
Т. М Титоренконың сұрақнамасы.
10. Социометрия.
Эмпирикалық мәліметтердің сандық және сапалық сараптамалары нәтижелердің графикалық ұсыныстары эксперименттік мәліметтерді өңдеудің математикалық әдісі. Пирсонның түзету коэффиценті және Стюденттік t-критериилері.
Қарастырылған ғылыми проблеманың қазіргі кездегі бағалануы: Қазіргі кездегі мектептерде балаларға психикалық ауртпашылық артып жатыр. Өйткені білім беру бағдарламасы жаңартылып күрделенуде. Балаға білім беру мазмұнын игеру қиын. Мұғалімдер оқушылардың білім деңгейіне көп көңіл бөліп, ал психикалық жағдайлары екінші жоспарда. Соның ішінде мазасыздану да бар. Баланың психикалық ерекшеліктеріне назар аудармау, оны білімдендіру және тәрбиелеу барысында кейбір жағымсыз жағдайларға әкелуі мүмкін. Сондықтан баланың психикалық жағдайына, сондай- ақ мазасыздануына көбірек көңіл бөлінуі тиіс.
Жұмыстың тәрбиелік мағынасы, қарастырылып отырған теориялық бастамаларды жүйелеуге ынтаның жасалуымен байланысты. Колледж оқушыларында топ құрбылары арасындағы статустық орынмен мазасыздану, қанағаттанбау арасындағы тәуелділік орнатылды. Психолог ретінде жұмыс істеу барысы мынаны көрсетеді: берілген мәселе бойынша жұмыс істеуге болады және істеу де өте маңызды.
Зерттеу базасы.
Ақмола облысы, Көкшетау қаласының «Бурабай» коледж мекемесі.
Жұмыстың құрлысы мен мөлшері - дипломдық жұмыс кіріспе, 2 негізгі бөлімнен, қорытындыдан тұрады. 1 негізгі бөлімінде мазасыздану феноменнің теориялық құрылымы көрсетілген, мазасыздану мәселелеріне отандық және шет елдік психологиялық тұрғыда зерттелуі, колледждегі мазасыздану мәселелері қарастырылады. Колледждегі психологтың спецификалық іс әрекеті ашылады. 2 бөлімінде жүргізілген эксперименттік зерттеулер суреттеледі, зерттеу 3 бөлімнен тұрады, констактік, құрылымдық және қорытынды. Бұл бөлімде колледж студенттерінде болатын мазасыздануды зерттеу нәтижелері көрсетілген. Сонымен қатар түзету дамытушылық жұмыстың мазмұны мен нәтижелері айқындалған. Қорытындысында жүргізілген зерттеулердің нәтижелердің қорытындылары көрсетілген.
1. Мазасыздануының ғылыми - теориялық негіздері
1. 1 Мазасыздану мен қорқыныштың психологиялық- педагогикалық талдау
Психологиялық әдебиеттерде, мазасыздану туралы көптеген анықтамаларды кездестіруге болады, дегенмен зерттеулердің көбісі оны дифферентті түрде қарау қажет деген бір бағытты ұстанған.
А. М. Прихожанның айтуынша, мазасыздану - бұл «төніп тұрған қауіпті сезу, ауруды тосу мен байланысқан жайсыз күйді бастан кешіру» [9] .
Мазасыздануды екі бағытта қарастырады: эмоциялық күй, тұрақты қасиет; тұлғалық пен темперамент қылықтары.
Р. С. Немовтың анықтамасы бойынша: мазасыздану - қатты қобалжу, қорқыныш пен үрей болған жағдайда бұл күнделікті немесе жағдайға байланысты адамда пайда болатын қасиет [10] .
А. В. Петровский бойынша, қобалжу - жеке тұлғаның қорқынышты бастан кешуге бейімделуі, мазасыздану әдетте жүйке-жүйелік психикалық және ауыр соматикалық аурулары бар дені сау адамдарда психикалық жарақат сандарынан пайда болды [11] .
Мазасызданудың қазіргі заманғы сыртқы орта жағдайларымен байланысқан әртүрлі ситуациялық қобалжу жеке тұлғаның тұрақты қасиеті болып саналатын мәселелер.
Г. Г. Аракелов, Н. Е. Лысенко, Е. Е. Шотт өз кезегінде, мазасыздану - көп мағыналы, психологиялық терминмен әрбір адамның тұрақты қасиеті, жеке тұлғалардың мөлшерленген уақыт ішіндегі анықталған жағдайын суреттеу деп санайды. Ресейлік психологтардың есептеуінше, жасөспірімдердің өзін-өзі орынсыз бағалауы, тәрбие нашарлығының нәтижесі; үлкендердің жасөспірім жетістігін асыра бағалауы, асыра мақтауы.
Сұраныстың қанағатсыз қалуына байланысты жасөспірімде қорғаныс механизмі пайда болады. Санасына тек жұмысында табысты болуды ойлап, қомсыну, ұялу, өзіне деген сенімсіздік пен өзін-өзі сыйламау сезімі пайда болады. Ол өзіндегі келеңсіз жағдайды басқалардың да бойынан көргісі келеді.
Мысалы, ата-анасынан, ұстаздарынан, бөлмелесінен, курстасынан, достарынан. Тіпті келеңсіз жағдайдың өзіне ғана байланысты екенін оның кемшіліктерін айтқан адамдармен мойындағысы келмей, қақтығысып қалады, ашушаңдық, тітіркену танытады.
М. З. Неймарк бұны «адекваттық емес аффект» деп атаған, яғни өз әлсіздігінен өзін қорғауға эмоциялық ұмтылу сенімсіздікті қандай болсын жолмен санаға енгізбеу, шындықтан қашу, барлығына ашулану, не нәрседен болсын тітіркену деген сөз. Бұл жағдай созылмалы болуы мүмкін және айлар бойы, жылдар бойы сақталады. Қатты сұраныс пен өзін-өзі бағалау студентке өзгелердің бар назары тек өздерінде болатындай жағдайға әкеп соғады. Бұл жағдай жасөспірім бойында мазасыздану белгілерін тудырады. Бұл көбінесе, мектеп қабырғасында жүрген кезінде, яғни балалық шағында қатал отбасында тәрбиеленген жасөспірімдерге тән [13] .
Бастапқыдағы мазасыздану негізделген қарым-қатынас жасөспірім үшін нақты қиындықтар туғызады, бірақ жасөспірімдегі өзіне, аз мүмкіншіліктеріне, басқа адамдарға адекватты емес қатынастың қалыптасуы оның әлемге деген қатынасының тұрақты бір адекватты емес жеке тұлғалық ерекшеліктеріне айналады. Сол кезде сенімсіздік, күдіктенушілік сияқты ерекшеліктердің кері әсерінің күші соншалықты, нақты қорқыныш үлкен бір мазасыздануға айналады, бұл кезде жасөспірім әр жағдайдан да келеңсіздік күтеді, ал бұл өз кезінде оған кері әсерін тигізбей қоймайды.
Т. В. Драгунова, Л. С. Славина, Е. С. Макслок, М. З. Неймарк қатарлы психологтар аффект жеке тұлғаның дұрыс қалыптасуына кедергі жасайды, сондықтан аффекті жеңу өте маңызды деп санаған.
Бұл авторлардың еңбектерінде, адекватты емес аффекті жеңу өте қиын екендігі көрсетілген. Ең басты міндет, ол жасөспірімнің сұранысы мен мүмкіншілік үйлесімділігін нақты жағдайға келтіру, не жасөспірімді нақты мүмкіншіліктерін өзін-өзі бағалау сатысына көтеру, не өзін-өзі бағалаудың деңгейін кеміту болып табылмақ. Ең қолайлы жол - студенттің сабаққа деген ынтасы мен зейінін арттыру, оның табысқа жете алатынына көзін жеткізіп, ортасына бейімдеу болмақ.
Л. С. Славинаның аффектілік белгілері бар жасөспірімдерге арналған зерттеулеріне қарағанда, олардағы күрделі эмоциялық жағдайлар адекватты емес аффектімен байланысты.
Мазасыздану мәселелері басқа да аспектіге ие - ол психофизиологиялық аспект.
Қорқыныш пен мазасыздықты зерттеудегі екінші бағыт-тұлғаның физиологиялық және психологиялық ерекшеліктерін зерттеумен байланысты.
Авторлардың көбісі, мазасыздануды күшті психикалық әсер “стресстің” бір бөлігі ретінде қарастырады. В. В. Суварова лабораториялық жағдайда алынған стресті зерттеді. Оның анықтауынша, стресс - адамда өте қиын және жағымсыз, төтенше жағдайда пайда болатын күй.
В. С. Мерлиннің анықтамасы бойынша стресс “шектен тыс қиын жағдайда” пайда болатын психологиялық күй [12] .
«Стресс» түсінігін талқылаудың әр алуандылығына қарамастан, барлық авторлар ойы бір жерден шығады, стресс өте қиын жағдайда жүйке жүйесіне шектен тыс күш салу, стресс пен мазасыздануды тең деп қарастыруға болмайды, өйткені стресс нақты қиындықтармен жүреді, ал мазасыздану өз алдына қиындықтар болмаған жағдайда да бола береді.
Әсер ету күші жағына келсек те стресс пен мазасыздану әртүрлі. Егер стресс - жүйке жүйесіне шектен тыс күш түсіру болса, мазасыздану үшін күштің қуаттылығы тән емес. Мазасызданудың стресс жағдайымен байланыстылығы - тек келеңсіздік пен қауіпті күтудің бір екендігінде. Сондықтан қорқыныш тура стресс жағдайында ғана емес, оның алдында да пайда бола алады. Бірақ қорқыныш әртүрлі болуы мүмкін, ол субъектің келеңсіздікті кімнен күтуіне тәуелді: өзін болсын, объективтік жағдай немесе басқа адамдардан болсын күтеді.
Маңыздысы: біріншіден, авторлардың пайымдауынша фрустрация кезінде де субъектіде сенімсіздік, үрей келеңсіздік қорқыныш белгілері бар эмоциялық ауыр жағдай байқалады.
Бірақ бұл қорқынышқа негізделген, нақты қиындықтармен байланысты болып келеді.
И. В. Имедадзе қорқыныш жағдайын фрустрацияны сезінумен тікелей байланыстырады. Оның ойынша, жағдай антиципацияның әсерімен мазасыздану пайда болады. Осылайша, стресс және фрустрация өздеріне мазасыздануды қоса алады.
Мазасыздануға бейімділікті түсіндірудің физиологиялық ерекшеліктерін түсіндірудегі жүйке жүйесінің қасиеттерін біз Ресей психологтарының еңбектерінен таба аламыз. И. П. Павловтың лабораториясында зерттеулер жасау барысында мынадай қағида пайда болды: жүйелік шаршау ең алдымен әлсіз тұлғаларда, одан кейін қозу қабілеті жоғары тұлғаларда, ал ең аз мөлшерде қатты теңдестірілген мінезді тұлғаларда кездеседі [14] .
Б. М. Тепловтың ұсыныстарында да жүйке жүйесі мазасызданумен байланысты делінген.
В. С. Мерлин мазасызданудың симптомдық кешенді сұрақтарын зерттеді.
В. В. Белоус қобалжуды екі жолмен - физиоло0гиялық және психологиялық жолмен қарастырды. Осы айтылған жағдайлардан мынадай қорытынды жасауға болады, яғни кері әсерлі мінез-құлыққа мыналар жатады: эмоциялық күйзеліс, тынышсыздық, сенімсіздік. Бұлар мазасызданудың басты белгілері болып саналады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz