Туристік өнім


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 41 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ
4
: 1
КІРІСПЕ: Туризм саласындағы маркетингтің сипаттамасы мен ролі
4: 7
: 1. 1
КІРІСПЕ: Туризм саласындағы маркетингтің мәні мен ерекшеліктері
4: 7
: 1. 2
КІРІСПЕ: Туризм саласындағы маркетингтік шетелдік тәжірибе
4: 20
: 2
КІРІСПЕ: «Жолымбет» ТУРФИРМАСЫНЫҢ МАРКЕТИНГТІК ҚЫЗМЕТІН ТАЛДАУ
4: 28
: 2. 1
КІРІСПЕ: Туристік фирманын баскару және онын экономикалык-каржылык талдауы
4: 28
: 2. 2
КІРІСПЕ: «Жолымбет» турфирмасының қызметін маркетингтік талдау
4: 36
: 2. 3
КІРІСПЕ: «Жолымбет» туристік фирманың туристік қызмет нарығындағы орны
4: 43
: 3
КІРІСПЕ: Қазақстан Республикасының туризм саласындағы маркетингті дамыту және жетілдіру жолдары
4: 55
: 3. 1
КІРІСПЕ: Қазақстан Республикасында туризм саласындағы маркетингтің дамуы
4: 55
: 3. 2
КІРІСПЕ: «Жолымбет» туристік фирмасының маркетингілік қызметін стратегиясының жетілдірілу жолдары
4: 62
:
КІРІСПЕ: ҚОРЫТЫНДЫ
4: 69
:
КІРІСПЕ: ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
4: 72
:
КІРІСПЕ: ҚОСЫМША
4:
:
КІРІСПЕ:
4:

КІРІСПЕ

Қазақстандық және шетелдік азаматтардың әртүрлі туристік қызметтерге қажеттілігін қанағаттандыру үшін кең мүмкіндіктерді қамтамасыз ететін қазіргі заманғы тиімділігі жоғары және бәсекеге қабілетті туристік кешен құру, саланы дамытудың экономикалық және құқықтық тетіктерін әзірлеу әрі Қазақстанның туристік өнімінің сапасын қамтамасыз ету біздің алдымызда тұрған ең маңызды мәселелердің бірі болып табылады.

Туризм әлемдік экономикада басты рольдердің бірін атқарады. Дүниежүзілік Туристік Ұйымның (ДТҰ) деректері бойынша ол әлемдік жалпы ұлттык өнімнің 10 бөлігін, халықаралық инвестициялардың 11 пайызынан астамын, әлемдік өндірістегі әр бір 9 шы жұмысшы орнын қамтамасыз етеді. 1993 жылы Қазақстан Республикасы Дұниежүзілік туристік ұйымға нақты мүше болып кірді.

Біздің дәуірімізге дейінгі үшінші мыңжылдықта басталған Ұлы Жібек жолының құрылуы мен дамуы Қазақстан туризмінің тарихи алғы шарттары болып табылады.

Тақырыптың өзектілігі . Қазақстанда қазіргі заманғы инфрақұрылым салаларының дамуына, соның ішінде туризмге үлкен мән беріледі. Туризм елдің тұтас өңірлерінің экономикасына белсенді ықпал етеді. Туризм саласында шаруашылық жүргізуші субъектілердің құрылуы мен жұмыс істеуі жол көлігінің, халыққа сауда, мәдени, дәрігерлік қызмет көрсетудің дамуымен тығыз байланысты.

Қазақстанның тәуелсіздік алуы туристік қызметті реттеу мен халықтың тарихи және мәдени мұрасын жаңғырту үшін негіз боп қаланды. Туризмнін тез және тұрақты өсуін, оның қоршаған ортаға, экономиканың барлык саласына және қоғамның әл ауқатына күшті ықпалын назарға ала отырып, Үкімет туризмді Қазақстан экономикасының маңызды секторы деп анықтады.

Қазақстанның мәдени - тарихи және демалыс зоналарын жетілдіру мен сақтауға, саланың ғылыми - әдістемелік қамтамасыз етілуіне, кадрларды дайындауға үлкен мән бөлінетін болады.

Туристік қызмет кәсіпорын шаруашылық әрекетімен ғана шектеліп қоймайды, ол әр түрлі қоғамдык және кәсіби ассоциациялар мен бірлестіктердін, аймақтык, ұлттық, халықаралык институттар, мемлекеттік және мемлекет аралык реттеу ұйымдарының қызметімен өте тығыз байланысты болады. Туристік сапардағы адамдар қажеттілігін қанағаттандыруға бағытталған барлық осы элементтер әрекетінің жиынтығы туризмнің әлеуметтік - экономикалық құбылыс ретіндегі түсінігін қалыптастырады. Туризм құрылымдарынын әр қайсысы өзінің нақты функциясын жүзеге асырғанда маркетинг концепциясын қолданады, сол арқылы ғана өз қызметінің тиімділігін арттырып, өзіне және қоғамға белгілі бір пайда алып келе алады. Бұл дәрежеге жету үшін туристік саламен байланысты кәсіпорындар туризмдегі маркетингті теориялық тұрғыдан жан жақты зерттеп, тәжірибеде қолдануы қажет. Ал бұл бағыттар біздің елімізде салыстырмалы түрде жаңадан пайда болып, дамып келе жатқан соң, теориялық дайындығы мықты, кәсіпқой мамандар жетіспейді, туризмдегі маркетинг Қазақстан мысалында тіпті жаңа бағыт болып табылады. Сондықтан, аталған сала бойынша маркетинг тұрғысынан теориялық зерттеу жүргізіп, тәжірибеге енгізу, еліміз үшін өте пайдалы да, "әдемі" де саланы дамытуға өз үлесімізді қосумен бірдей.

Мәселені зерттеу дәрежесі. Турфирмалардың маркетинг қызметін зерттеуге мәліметтер бастаулары туризм, экономика, саясат, география, маркетинг, менеджмент, тарих обылысындағы зерттеушілердің еңбектері пайдаланылды. Дипломдық жұмысты орындау кезінде шетелдік және отандық зерттеушілер еңбектері қолданылды. Соның ішінде ; Азар В. И., Кулагина Г., Попелева С., Селин В. және отандық Нысанбаев С. Н., Садыханова Г. А, Вуколов В. Н., Толипова Р., Г. М. Дуйсен., Исмаев Д., Нургалиева А. Ш. және т. б авторлардың еңбектері талданып қолданылған

Дипломдық жұмыстың мақсаты. Тақырыпты теориялық тұрғыдан жан жақты зерттеу, туризм рыногы мен маркетингтік қызметтің қазіргі уақытта қалыптасқан жағдайын қарастыру мен Қазақстан туризм саласының даму жолына және оның маркетингпен байланысына қатысты ғылыми көзқарас қалыптастыру. Жұмысты жазу барысында салыстыру, эксперттік, графикалық, статистикалық талдау әдістері қолданылды.

Зерттеу объектісі - «Жолымбет» туристік фирмасы болып табылады; зерттеу пәні - турфирманың маркерингалық қызметі. Сонымен қатар ҚР туризм рыногы және оның дамуындағы маркетинггік қызметтің атқаратын ролі.

Жұмыстың теориялық және әдістемелік негізі. Дипломдық жұмыстың теориялық - әдістемелік негізін экономика, маркетинг және туризм аясы облысындағы отандық және шетелдік ғылыми әдебиеттер және дипломдық жұмыс тақырыбына қарасты кезендік басылымдар мәліметтері құрайды. Дипломдық жұмысқа талдау және бағалау жүргізу барысында логикалық салыстырушылық, жүйелік және статистикалық әдістер қолданылады. Экономикалық топтау жане нысанды зерттеу әдістері қолданылды. Және осы саладағы отандық және шетелдік авторлар еңбектері, ҚР статистика агенттігінің мәліметтері, отандық және шетел жариялымдары және интернет жүйесі болып табылады.

Зерттеудің нормативті - құқықтық базасын туризмге және туристік іс- әрекетке қатысты мемлекеттік құқықтық нормативтік актілер, мемлекеттік бағдарламалар және ҚР-сының Президенттің, үкіметтің және туризм аясында реттеушілік іс - әрекетпен айналысатын жергілікті мемлекеттік билік органдардың басқа да іс - жүзіндегі құжаттарды құрады.

Дипломдық жұмыстың ақпараттық базасы «Жолымбет» турфирмасының құжаттары мен есептер материалдары құрайды.

Аталған мақсатқа жету үшін алға қойылған мәселелер, ҚР туристік рыногын зерттеу, оның зерттеу қарқынын анықтау, туристік саланың дамуындағы маркетингтің ролін айқындап, қазіргі жай күйі мен даму болашағын қарастыру.

Жұмыстың ғылыми жаңалығы . ҚР туризм саласындағы маркетингтің дамуын қазақстандық туристік өнімін халықаралық рынокқа үсыну түрғысынан зерттеу жүргізу.

Дипломдық жұмыстың ғылыми - тәжірибелік маңызы . Туризмнің дамуы барлық жақтан қарап келгенде де тек оң әсерін тигізеді. Мысалға, мұнай өнеркәсібі қоршаған ортаны қатты ластайды, жергілікті тіршілікке үлкен зиянын тигізеді. Ал, туризм саласы, керісінше табиғаттың тазаруы мен күтілімін талап етеді, осыдан туристік кәсіпорындар қызметі тек жалпы экономикаға емес, сонымен қатар, қоршаған ортаға да өз пайдасын тигізеді. Қазақстанның туризм потенциалы өте жоғары деңгейде және оны қолданып дамыту үшін, бұл салаға кәсіпқой менеджмент пен маркетинг ендірілуі қажет.

  • «Жолымбет» фирмасының маркетингалық қызметін жүзеге асыруда қолдану;
  • Әлемдік тәжрибені қолдана отырып, турфирманың мүмкіншілік дәрежесін, бәсекелестік қабілеттілігін ғылыми деректерге сүйену арқылы арттыру;
  • Туризм аясындағы кәсіпорындар және мекемелер, туризмді басқаратын мемлекеттік органдар, және де ғылыми мекемелер (мысалы, туризм даму мәселелерін шешу барысында проектілік және ғылыми зерттеу институттары) жұмыстың ғылыми жетістіктерін практикалық қолдану мүмкіншілігі;

Дипломдық жұмыс құрылымы және көлемі . Диплом кіріспеден, 3 тарау 7 тараушалардан, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен жане бірнеше қосымшалардан тұрады.

  1. ТУРИЗМ САЛАСЫНДАҒЫ МАРКЕТИНГТІҢ СИПАТТАМАСЫМЕН ШЕТЕЛДІК ТӘЖРИБЕСІ. Туризм саласындағы маркетингтің мәні мен ерекшеліктері

Қызмет көрсету сферасының маркетингі қажетті жерде, қажетті уақытта және өткізуді ынталандыруда қажетті бағамен тұтынушыларды қызметтермен қамтамасыз етуге бағытталған. Қызметтер маркетингі клиенттердің қажеттіліктерін қанағаттандыру мен анықтауға арналған қызметтерді орналастыру, жылжыту және өңдеу кезеңдерінен тұрады. Ол екі мақсатқа жету үшін бағытталған: қызметтер өндірушілерді бағалау және таңдауда тұтынушыларға көмек көрсету және тұтынушыларды толық қанағаттандыру арқылы қызметтер рентабельдігін қамтамасыз ету.

Дәстүрлі маркетинг пен қызметтер саласындағы маркетингтің ортақ принциптеріне келесілер жатады:

  • Не өткізе аламыз, соны өндіру;
  • Жаңа тауар (қызмет) шығара отырып, тұтынушыларды ынталандыру;
  • Тиімділік пен пайдалылық принципі;
  • Маркетингтік үрдістің барлык кезеңдерінде әлеуметтік факторды ескеру.

Бірақ қызметтер сферасында басты орынды әлеуметтік факторды ескеру қажеттілігі алады. Өйткені, біріншіден, қызметтер өндірушілер тікелей әлеуметтік ортаны құрайды. Екіншіден, қызметтер маркетингі әлеуметтік жұмыстың ерекше түрі ретінде қарастырылады.

Қызметтер маркетингінің негізгі міндеті - рынокқа жаңа қызметтерді жылжыту мен ескірген қызметтерді есепке ала отырып, қызметтерді өткізу және өндіру бойынша кешенді қызметтi ұйымдастыру. Бүл міндеттің шешімі келесі маркетингтің арнайы қызметтерімен толықтырылады:

-Қызметтер рыногын зерттеу және зерттеу нәтижелеріне талдау жасау;

-Қызметтерге деген тұгынушылардың сұраныстарын және әлуетті сұраныстарын анықтау;

-Қызметтерді өткізу және өндірісті жоспарлау;

-Баға саясатын жасау;

-Қызметтер саласындағы кәсiпорынның имиджiн қалыптастыру

Әр түрлі қызметтер түрлерінiң көбіне қарамастан оларды тауардан ерекшелендіретін төрт сипаттамасы бар. Олар: қолға үстап көруге болмайды (материалдық емес сипаты) ; біртұтастық, яғни өндіріс пен қызметті тұтынудың біртұтастығы; сапалық тұрақсыздығы (сапа бірқалыпты болмайды жэне өзгеріп тұрады) ; қызметтерді сақтауға, тасымалдауға болмайды.

Қызметтер жоғарыдағы көрсетуі бойынша қызметті өндіруші өзінің маркетингтік қызметінде жетістікке жетудің кілті болып табылатын қызмет және оның түрлері арасындағы бірнеше тәуелділікті ескеруге және анықтауға мүмкіндік береді.

Жалпы қызметтер маркетингінің маңызы қызметтер рыногының ерекшеліктері мен қызметтердің сипаттамаларына негізделеді. Қызметтер рыногының ерекшеліктері екі айрықша аспектіден тұрады: 1) қызмет көрсетілмей тұрып болмайды; 2) көптеген жағдайларда қызметтерді көрсету өндірушінің арнайы білімі мен іскерлігін талап етеді.

Қызмет маркетингінде басты орынды маркетинг кешенін құруға береді. Тауарлық саясатты құруда қызметтер - тауарының 4 деңгейін бөліп қарастырамыз:

  1. қызмет - негізгі өнім, яғни тұтынушылардың проблемаларын шешетін әр түрлі қызметтер жиынтығы;
  2. қызметтер - қосымша тауарлар, яғни тұтынушыларға негізгi өнімдіқолдану үшін тұтынушыларға қажетті қызметтер;
  3. қызметтер - бірге жүретін тауарлар, яғни негізгі тауарларды қолдайды;
  4. жалпы айтқанда қызмет тауар ретінде негізгі, қосымша және біргежүретін тауарлар.

Жаңа қызметті жасау үрдісі келесідей кезеңдерден тұрады:

  1. идеяны сүзіп алу.
  2. идеяны таңдау.
  3. жаңа қызмет тұжырымдамасын жасау және оны тексеру
  4. маркетинг стратегиясын құру
  5. бизнес-талдау
  6. қызметті жасау
  7. сынақ маркетингі
  8. коммерциализация

Қызметтерді жобалауда өндірушілер келесі факторларды ескеруі қажет:

  • негізінен қызмет көрсететін кәсіпорынның орналасуы байланысты анықталады;
  • клиенттердің қажеттілігі мен қалауы әдетте тиімділікті ойлаудан бұрынболуы мүмкін;
  • жұмысты календарлық жоспарлау негізінен тұтынушыға байланысты;
  • қызметтердің сапасын анықтау және өлшеу қиындыққа соқтырады;
  • жұмысшылар тұтынушылармен тіл табыса алуы керек;
  • өндірістік күштер әдетте тұтынушылардың жоғары сұранысы арқылыесептеледі;
  • жұмысшылардың еңбек тиімділігін өлшеу қиын, өйткені төменгі жаман жұмысы салдарынан емес, тұтынушылықсұраныстың болмауынан болуы мүмкін,
  • қызмет көрсету аясында істейтін кәсіпорындар бірдей болмайды(авиакомпниялардан басқасы) ;
  • кейде қызметтер аясында маркетинг пен өндірісті бөлу қиындыққасоқтырады.

Осы факторлардың арасындағы ең негізгісі қызмет көрсету орнының тұтынушыларға максималды жақын болуы. Қызметтерді жобалауда осы факторларды ескерсе кәсіпорынның қызмет көрсету үрдісін жақсартуға мүмкіндік береді. [1]

Рынокқа шығарылған кез- келген қызмет біртіндеп өзінің бәсекеге қабілеттілігін жойып, рыноктан шығады. Қызметтердің рынокта болу кезеңі қызметтердің өміршеңдік кезеңі деп аталады. өміршеңдік кезеңінің сараланған деңгейіне және талдау толықтығына байланысты оны 4, 5 немесе 6 фазаға бөледі. Қызметтің өміршеңдік циклы құрылу, ену, өсу, кемеліне жету, толықтыру және құлдырау фазаларынан тұрады. Құрылу фазасында өндіруші ізденеді, рынокта бұрыннан бар қызметтерден артықшылығы ерекше бір тұтынушыға құндылығы бар жаңа қызметті рынокқа енгізуге дайындалу. Ал енгiзу фазасында осы қызмет туралы тұтынушылардың хабардар болуын қамтамасыз ету керек. Ол үшін жарнамалық кампаниялар қолданылады. Өсу фазасында жарнама мен үгіттеу, өтімді ынталандыру акцияларын жүргізу маңызды. Кемелдену фазасында бәсеке күшейеді. Бұл күресте жеңу үшін тұтынушыларға жеңілдіктер жасау, оларды марапаттау және т. б. қолдану орынды. Толықтыру фазасында бәсеке күрделіленгенде маркетингтік шығындары көбейеді, біл өз кезегінде маркетингтік шығындар құрылымында жарнамалардың үлес салмағын көбейтеді. Жарнама көбейіп кеткенде, қызметтерді өткізу көлемі құлдырау фазасына тән пайда бірден төмендеп кетеді. Мұндайда өндіруші келесі шешімдердің біреуін қабылдауға тура келеді:

-қызметті өндіруді доғарып, рынотан кету;

-қызметіне жаңа сипат беріп, рынокқа қайта шығу;

-қызметін басқа рынокта көрсету (1 кесте) .

Кейбір ғалымдар бір уақытта рынокта келесі қызметтер тобы болуы керек деген: негізгі - өсу кезеңіндегі және кәсіпорынның негізгі пайда табатын қызметтері, қолдаушы - кемеліне жету кезеңінде сатудан түскен пайданы тұрақтандыратын қызметтер; стратегиялық - кәсіпорынның болашақ пайдасын қамтамасыз ететін қызметтер, тактикалық - өсу және кемеліне жету кезеңінде болатын негізгі тауар топтарын сатуды ынталандыратын қызметтер, Маркетинг саласындағы италияндык ғалым А. Фалио өнім ассортиментінің тиімді қатынасы фирма шығаратын барлық тауардың өсу кезеңінде - 15-25%, кемеліне жету - 50-60%, құлдырау - 30%, енгізу - 5 - 10%, болса, онда өнім сұрыптамасының қатынасы оңтайлы деп санайды. Фирмалардың сұрыптамалық саясатында рыноктан кететін, құрылып жатқан қызметтер мен өнімдер топтары ескерілуі қажет.

Тәжірибе көрсеткендей, тауарлар мен қызметтердің негізгі тобын 73-85% рынокта айналыста бар тауарлар мен қызметтер құрайды. [2]

1кесте

Қызметтердің өміршеңдік циклының фазаларына сипаттама

:
Енгізу: Енгізу
Өсу: Өсу
Кемеліне жету: Кемеліне жету
Құлдырау: Құлдырау
: Сұраныс
Енгізу: Төменгі деңгейде
Өсу: Жоғарғы қарқынмен өседі
Кемеліне жету: Тұрақтанады, төмендеу байқала бастайды
Құлдырау: Бірден төмендейді
: Бәсеке
Енгізу: Фирма-монополист
Өсу: Алғашқы бәсекелестер пайда бола бастайды. Бәсеке әлсіз.
Кемеліне жету: Күшті және «бағалық күрес» түрінде болады
Құлдырау: Бәсекелестік күрестерден шығу жолдарын іздестіре бастайды
:

Маркетинг стратегиясы

Енгізу: Дифференциация
Өсу: Дифференциация және төмен шығындар
Кемеліне жету: Төмен шығындар
Құлдырау: Дифферециация
:

Баға стратегиясы

Енгізу: «қаймақты сүзіп алу» саясаты
Өсу: «қаймақты сүзіп алу» саясаты және т. б. бағалық саясат түрлері
Кемеліне жету: Жеңілдіктердің икемді жүйесі қолданылады
Құлдырау: «шығын жетекшісі» саясаты
: Пайда
Енгізу: Болмайды
Өсу: Өседі
Кемеліне жету: Тұрақталады немесе төмендеу байқалады
Құлдырау: Төмендейді
: Өткізу
Енгізу: Әлсіз
Өсу: Өсу
Кемеліне жету: Тұрақталады
Құлдырау: Қысқарады
: Жарнама
Енгізу: ақпараттық
Өсу: Агрессивті
Кемеліне жету: Жалпы және интенсивті
Құлдырау: Ақпараттық

Алғаш рет туризмде маркетинг терминологиясын, принципін, концепциясын қолдануды 1971 жылы Криппендорф ұсынған. Бұрынғы әдебиеттерде туризм қызметінің феномендері және анықтамалары сипатталады. Туризм 1950 жылдан бастап тез дамып келеді. Бұл кезеңде, сатушылар рыногын жасау үшін, туристік қызметтерге деген сұраныс көбінесе қолжетімділік мүмкіншіліктерінен асып кету беталысын алған, және бұл жағдай рынокқа бейімделген қатынастарға үйрену үшін және сату техникаларын жылжыту үшін қолайсыз болды.

Туризм индустриясы көптеген шағын және орташа кәсіпорындармен сипатталады. Олардың қазіргі кездегі маркетингтік құралдарды қолданатын не «ноу-хауы», не тәжірибесі жоқ және осы жұмыстарды атқаруға адам жалдайтын қаражаты жоқ. Олар тек қана жоспарсыз жарнама, өткізуді және рынокты зерттеу мен өнім жетілдіру әрекеттерін жасап жатады. Бәсекенің күшеюі және клиенттердің талаптарының көбеюі туристік ұйымдардың көпшілігінің маркетингке бас ұруына алып келеді.

Бәсекелестіктің күшеюі және туристік қызметке деген клиенттердің талаптарының көбеюі туристік ұйымдардың көпшілігінің маркетингке бас ұруына алып келеді, яғни бәсекеклік күресте жетістікті қаматамасыз ету және сыртқы орта өзгерістеріне бейімделуі үшін стратегиялық маркетингтік жоспар құрды.

Туристік фирмалардың маркетингті қолданудың маңыздылығы оның пайда болуын қамтамасыз ететін жағдайларды жасаумен жоғарылайды, рынокты қалыптастыру, экономикалық еркінділік, бәсекелестің дамуы.

Туристік қызметтегі маркетинг концепциясы:

Рынокты зерттеу және болжау;

Рынокта туристік өнімді тарату әдістерін өңдеу;

Тиімді баға саясатын анықтау;

Ақпараттық қамтамасыз ету жүйесін құру;

Маркетинг жоспарын өңдеу.

Туристік маркетинг дегеніміз - ірі туристік ұйымның туристік экскурсиялық қызметтің жаңа, тиімдірек түрін жасауда және оны жасап, өткізу арқылы, ол туристік өнімнің сапасын жақсарту негізінде пайда табуға бағытталған қызметін үйымдастыру және басқару жүйесі. [3]

Туристік маркетингтің негізгі қызметтері - рекреациялық мұқтаждықты, сұранысты, монопольды және коммерциялық бағаны, рынокты сегменттеуді қалыптастыруға бағытталған әрекет.

Туристік маркетингтің қызметтеріне келесілер жатады:

  • Рыноктық сұранысты анықтау;
  • Өнімнің оңтайлы ассортиментін анықтау;
  • Өндірістің құрылымын анықтау;
  • Тиімді шешімдерді қабылдау;
  • Өткізу саясатын жасау.

Кейбір авторлар туристік маркетинг анықтамасына жаһанды мән береді. Мысалы, швейцариялық маман Е. Крипендорф: «Туристік маркетинг-туристік кәсіпорындардың қызметін, сонымен қатар, аумақтық, ұлттық және халақаралық жоспарлар бойынша, туризм аумағындағы жеке және мемлекеттік саясатты жүйелі түрде өзгерту және координациялау. Мұндай өзгертулердің мақсаты - тұтынушылардың белгілі бір топтарының қажеттіліктерін неғүрлым толығырақ қанағатандару».

Туристік өнім ең алдымен жақсы сатып алынуы керек. Туристік маркетинг осы мақсатқа жетуге бағытталған бірінен кейін бірі жасалатын қызметтерден тұруы керек. Осыған орай туризмдегі маркетингтің ойға сиятын және негізделген анықтамасы келесі деп айтуға болады. [4]

Туристік маркетинг дегеніміз - ұсынылатын қызметтерді, нарықтағы сұранысы бар және оны фирма осы қызметті өндіре отырып, өзіне пайда алатын және бәсекелестерден тиімдірек жасайтын қызметтермен үздіксіз ұқсату жүйесі.

Туристік өнім деп, туристік саяхат кезінде туристің қажеттілігін қанағаттандыру үшін қажет, қызметтер мен заттар жиынтығын айтамыз. Туристік өнім үш элементтен тұрады: тур; қосымша туристік-экскурсиялық қызметтер; тауарлар.

1 сурет - Туристік өнімнің құрылымы

Туристтердің туристік өнімнің әрбір элементі бойынша шығындарының қүрылымы: тур - 50%; қосымша қызметтер - 30%; тауарлар - 20%.

Тур деп, туристік өнімнің біріншілік (міндетті) бірлігі. Ол туроператордың еңбегінің өнімі, белгілі бағытқа, белгілі бір мерзімге клиентке біртұтас беріледі.

Тауарлар туристік өнімнің материалды бөлігінен түрады. Олар: туристік карталар мен қала жоспары, буклеттер, кэдесыйлар, туристік құрал-жабдықтар және т. б.

Қосымша туристік - экскурсиялық қызметтер жолдама немесе ваучердің құнына кірмейді. Оларға жататындар: телефон, пошта, заттарды сақтау, ақша айырбастыру, қосымша тамақтану, ойын-сауық және т. б.

Туризм өзінің негізгі сипаттамалары бойынша шаруашылық қызметтердің басқа түрлерінен айырмашылығы жоқ. Сондықтан, туризмде қазіргі кездегі маркетингтің барлық бөлімдері қолданыла алады.

Бірақ туризмнің бір ерекшелігі бар, онда тек қызметті ғана сатпайды, сонымен қатар, тауарларды сатады (мамандардың айтуынша, туризмдегі қызметтердің үлесі - 75%, тауарлардың - 25%) .

Еңбектің нақтырақ нәтижесі бар дәстүрлі өндірісте, маркетинг нақтырақ мән алады. Туризмде қызмет нәтижесі болып туристік өнім табылады. [5]

Сурет 1 - Туризмдегі маркетингтік қызметтің мазмұны

Туристік өнімнің бірнеше ерекшеліктері бар:

Біріншіден, туристік өнімге деген сүраныс бағаға және табысқа байланысты икемді. Бірақ саяси және әлеуметтік факторларға байланысты болып келеді.

Екіншіден, сұраныстың маусымдық ауытқуына байланысты, толықсып кету феномені орын алады. Осының нәтижесінде нақты туристік аумақтар бөлініп шығады.

Үшіншіден, туристік өнімді ұсыну икемсіз өндіріспен ерекшеленеді. Олар тек қызмет көрсету орнында тұтынылады. Қонақ үй, әуежай, демалыс базасы демалыс маусымының соңында басқа жерге ауыстырылуы мүмкін емес.

Төртіншіден, туристік өнім көптеген кәсіпорындармен жасалады. Олардың әрқайсысының бөлек жұмыс жасау тәсілдері жэне әр түрлі коммерциялық мақсаттары болады.

Туристік өнімнің ерекшеліктері туризмдегі маркетингке әсер етеді. Маркетингтің бір анықтамасы жоқ сияқты, туризмдегі маркетинг белгілі бір анықтамасы жоқ. Әлемдік туристік ұйымның (ӘТҰ) турист түсінігіне деген анықтамасына сүйене отырып, француз мамандары Р. Ланкар мен Р. Олльенің туристік маркетинг деп, «қойылған мәселелерді зерттеу, талдау, және шешу үшін жасалатын негізгі тәсілдер мен әдістер жиынтығы. Бұл тәсілдер мен әдістер психологиялық және әлеуметтік факторлар жағынан адамдардың қажеттіліктерін неғұрлым толық қанғаттандыру, туристік ұйымдардың (кәсіпорындар, бюролар мен агенттіктер) жұмыс жасауының қаржылық жағынан неғүрлым рационалды тәсілдерін анықтауға бағытталуы керек».

Әлемдік туристік үйым туристік маркетингтің 3 негізгі қызметтерін бөліп көрсетеді:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Туристік қызметтер саласындағы маркетинг
Туристік өнімнің объектілері және ұйымдастырылған турлардың түрлері
Туристік өнімді қалыптастыру, өңдеу және өткізу жүйесін, тартымды туристік өнімді қалыптастыру ерекшеліктерін қарастыру
Туризм саласындағы бәсекелестік және бәсекелестік стратегиясының негіздері
Қазақстандағы туризмді дамытудағы қолданылатын PR-технологиялар туралы ақпарат
ТУРИЗМНІҢ МӘНІ, МАҢЫЗЫ ЖӘНЕ ТУРИСТІК КӘСІПОРЫН
Туристік өнім және оның түрлері, өнімді қалыптастыру
Туристік кәсіпорынның баға стратегиялары
Туристік қызметті ұйымдастыру
Сапаны басқару жүйесінің теориялық негіздері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz