Математика сабақтарында пәнаралық байланыстарды арттыру


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 35 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министірлігі

Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті

Министерство образования и науки Республики Казахстан

Кокшетауский государственный университет им. Ш. Уалиханова

Джакупова З.

(Студенттің аты-жөні/ФИО студента)

Математика сабақтарында пәнаралық байланыстарды арттыру

(Тақырыбы / Тема)

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

ДИПЛОМНАЯ РАБОТА

Мамандығы / Специальность: 5В010900 Математика

(код и наименование специальности)

Көкшетау 2013

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министірлігі

Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті

Министерство образования и науки Республики Казахстан

Кокшетауский государственный университет им. Ш. Уалиханова

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

ДИПЛОМНАЯ РАБОТА

Тақырыбы:

На тему: Математика сабақтарында пәнаралық байланыстарды арттыру

Мамандығы

Специальность: 5В010900 Математика

Орындады:

Выполнил : З. Джакупова

(қолы/подпись) (аты-жөні / ФИО)

Жетекші

Руководитель: С. К. Ермаганбетова

(қолы/подпись) (аты-жөні / ФИО)

«Қорғауға жіберілді»

«Допускается к защите»

Кафедра меңгерушісі

Зав. Кафедрой: Ш. Н. Құттықожаева

(қолы/подпись) (аты-жөні / ФИО)

Көкшетау 2013

Мазмұны

Кіріспе . . . 3

1 Математиканы оқытудағы пәнаралық байланыс . . . . . 6

1. 1 Пәнаралық байланыс түрлері және математиканы оқытудағы функциялары . . . 6

1. 2 Пәнаралық байланысты жүзеге асырудың жолдары және әдістері…. 13

1. 3 Негізгі мектеп математика курсындағы пәнаралық мазмұнды есептердің мәні және функциясы . . 17

2 Математика сабақтарында қолданылатын пәнаралық мазмұндағы есептер . . . . . . … . . . 22

2. 1 Негізгі мектеп математика курсын оқытудағы пәнаралық байланыстарды жүзеге асыру . . . . . 22

2. 2 Математиканы оқытуда пәнаралық мазмұндағы есептер . . . ……… . . . 26

2. 2. 1 Математиканың географиямен байланысы . . . . . . 30

2. 2. 2 Математиканың экономикамен байланысы. . . . 32

2. 2. 3 Математиканың сызумен байланысы . . . . . . 36

2. 2. 4 Математиканың физикамен байланысы. . . 37

2. 2. 5 Математиканың экологиямен байланысы. . . . 38

2. 2. 6 Математиканың химиямен байланысы . . . . . . 40

2. 3 Пәнаралық мазмұндағы есептерді қолданып математика сабақтарының құрылымы . . . 43

Қорытынды56

Қолданылған әдебиеттер тізімі…… . . . . . . 58

Кіріспе

Мектептің алдына қойған ең негізгі мақсаттардың бірі - ғылым негіздерін оқытудың ғылыми деңгейін арттыру. Бұл мақсаттың орындалуы мектеп курсының мазмұнына, оқу үдерісінің ұйымдастырылуына, оқытудағы қолданылатын әдістер мен әдістемелік тәсілдердің тиімділігіне байланысты. Сонымен қатар осы міндеттің орындалуына пәнаралық байланыстардың алатын орны ерекше.

Қазіргі заманғы ғылымның барлық бағыттары өзара тығыз байланыста, сондықтан да мектептегі оқу пәндері де бір-бірімен байланысты. Пәнаралық байланыс мектепте ғылым негізін терең, әрі жан-жақты меңгерудің құралы және дидактикалық шарты болып табылады. Мектеп математика курсындағы пәнаралық байланыстарды анықтау білімді терең игеруге, ғылыми көзқарасты, материалдық дүниенің бірлігін, табиғат пен қоғамдағы құбылыстардың өзара байланысын қалыптастырады. Мұның өте үлкен тәрбиелік мәні бар. Сонымен қатар оқушылардың ғылыми білім деңгейін жоғарлатады, олардың шығармашылық қабілеттерін және логикалық ойлау қабілетін дамытады. Пәнаралық байланыстарды жүзеге асыру материалды оқуда қайталауды жояды, уақыт үнемдейді және оқушылардың жалпы ғылыми білім мен біліктілігін қалыптастыруға қолайлы жағдайлар жасайды.

Қазіргі ғылымда химикке математикасыз, математикке физикасыз, химиясыз қиын болып барады. Қазіргі заманғы ғылым ерекшелігі - әлем туралы білім синтезі - мұндай оқытуды талап етеді. Бұл оқушыларға оқу пәндеріндегі болмыс құбылыстарының өзара байланысының бейнесін көрсету үшін қажет.

Пәнаралық байланыстар: біріншіден, бағдарламалар мен оқулықтар арасындағы өзара келісушілікті; екіншіден, әртүрлі пәндер мұғалімдерінің жұмыс жүйесіндегі келісушілікті және сабақ барысында заттар мен құбылыстарды жан-жақты қарастыруды; үшіншіден, басқа пәндерде игерген білімдерін қайта жаңғыртып, оларды өтілетін жаңа материалға қолдана алуға байланысты оқушылардың ойлау іс-әрекетін алдын ала ескереді.

Көпжақты пәнаралық байланыстар көмегімен тек оқушыларға білім беру, дамыту және тәрбиелеу міндеттерін сапалы жаңа деңгейде шешу ғана емес, сонымен бірге нақты болмыстың күрделі мәселелерін кешенді көру және шешу үшін іргетас қаланады. Сондықтан да пәнаралық байланыстар оқушыларға білім беру мен тәрбиелеудің кешенді тәсілінің маңызды шарты және нәтижесі болып табылады.

Математика - шындық өмірдегі кеңістік формалары мен сандық қатынастарын зерттейтін ғылым. Математика тек есептеу аппаратын, табиғат заңдарының қарапайым алгебралық және тригонометриялық функциялар түрінде сипаттау тәсілдерін ғана бермейді, сонымен бірге мектеп курсының пәндерінде мектепте ғылыми оқыту деңгейін жоғарлатуға мүмкіндік беретін идеялық қатынастарды молайтады.

Ғылыми дүниетанымды қалыптастыру - оқытылатын барлық пәндерді қамтитын күрделі үдеріс. Соның ішінде, әсіресе, жаратылыстану цикліндегі пәндердің, оқушылардың санасына әлемнің біртұтастығы туралы түсінікті қалыптастырудағы маңызы ерекше. Ал табиғат құбылыстары жайлы біртұтас ғылыми көзқарасты қалыптастыру осы пәндердің арасындағы өзара байланысты жүзеге асыру арқылы мүмкін болады.
Жаратылыстану-математика цикліндегі пәндерді оқытуда пәнаралық байланысты жүзеге асыру, әсіресе, осы пәндердің мазмұнын жаңарту жағдайында өзекті мәселеге айналып отыр. Себебі, бұл пәндердің өзара байланысы оқу материалының мазмұны мен оның өтілу ретін анықтаудағы аса маңызды белгісі болып табылады.

Қазіргі кеңейіп келе жатқан ғылымды математизациялау процесі мектептегі математиканы оқытуға айтарлықтай әсер етеді. Оқушыларды математикаға оқытқанда мұғалім ең алдымен, математиканың пайда болу көзі нақты дүние екенін және біздің математикадан алған біліміміз практикада қолдану нәтижесінде осы нақты дүниеге қайта оралатынын көрсету мақсатын қоюы керек. Осы білім қаншалықты терең әрі кең болса, соншалықты оның өмірге ену дәрежесі кең болады.

Математикалық білімнің басқа сәйкес пәндерді оқытудағы маңыздылығы және сабақта шығарылатын есептердің қолданбалық сипаты туралы көп айтылғанымен, сәйкес пәндердің материалын және математика курсының есептерін қарастырсақ, бұл сұрақтың әлі де ашық тұрғанын байқауға болады.

Қазіргі кезеңде математиканың пәнаралық байланысының мағыздылығын ұғыну ерекшелігі - бұл оқушылардың тіптен әртүрлі білімді, сонымен бірге математика туралы, математиканың техникада, жаратылыстану, гуманитарлық ғылымдарда, экономикадағы және т. с. с. ролі туралы, әртүрлі дереккөздерден - газет, журнал, теледидар, ғаламтордан - алатыны. Оқушылар математика сабақтарында алған білімдерін естіп-оқығандарымен салыстырып, сабақта оқыған үстірт және абстрактілі математика мен қазіргі ғылымның нақты проблемаларының арасындағы байланысты көрмейді.

Мұғалімдердің көпшілігі, өкінішке орай, негізінен тек оқулықтар мен оқу құралдарына ғана бағдарлап, пәнаралық байланысты жүзеге асыру қажеттілігін ескермейді.

Таңдалған тақырыптың өзектілігі пәнаралық байланыстың педагогикалық мәнділігімен, негізгі мектеп математика курсын оқытуда пәнаралық байланысты орнатудың нақты қажеттілігімен шартталады.

Диплом жұмысының мақсаты - жалпы білім беретін орта мектептерде пәнаралық мазмұндағы есептерді қолдану арқылы математиканың басқа пәндермен байланысын жүзеге асыру мүмкіндігін анықтау.

Диплом жұмысының міндеттері :

  1. Математиканы оқыту процесінде пәнаралық байланыстарды жүзеге асырудың теориялық негіздерін зерттеу.
  2. Негізгі мектептегі математиканы оқытуда пәнаралық байланыстарды жүзеге асырудың теориясы мен практикасының жағдайын талдау.
  3. Пәнаралық мазмұндағы есептерді қолданып математика сабақтарын құру.

Дипломдық жұмыстың практикалық маңыздылығы - бұл осы жұмыста көрсетілген есептер және негізгі мектепте математиканы оқытуда пәнаралық мазмұндағы есептерді қолданып құрылған сабақтардың негізгі мектептің оқу процесінде, жалпы білім беретін орта мектептерде математикадан оқу-әдістемелік құралдар құрастыруда, сонымен қатар педагогикалық мамандықта оқитын студенттердің математиканы оқыту әдістемесі пәнін оқу процесінде қолданыс таба алады.

1 Математиканы оқытудағы пәнаралық байланыс

1. 1 Пәнаралық байланыс түрлері және математиканы оқытудағы функциялары

Педагогикалық әдебиеттерде «пәнаралық байланыс» категориясына 30-дан артық анықтама бар, олардың педагогикалық бағасының әртүрлі жолдары және әртүрлі классификациясы бар.

Осылайша, көптеген авторлар пәнаралық байланысты дидактикалық шарт ретінде анықтайды, бірақ әр авторда бұл шарт әртүрлі түсіндіріледі. Мысалы, пәнаралық байланыстар оқу процесінің тиімділігін арттырудың дидактикалық шарттарының ролін атқарады (В. Н. Максимова) [1, 12] ; пәнаралық байланыстар бұл мектептің ғылыми-жаратылыстану пәндерінің мазмұнында, табиғатта кездесетін объективті өзара байланыстардың бейнеленуін қамтамасыз ететін дидактикалық шарт (Г. Ф. Федорец) [2, 35] .

Көптеген авторлар пәнаралық байланыстарға келесі анықтама береді: «Пәнаралық байланыстар бұл басқа пәндерде ашылатын оның логикалық құрылымын, белгілерін және түсініктерін ескере отырып құрылған курстағы бейнелеу» [3, 32], немесе мынадай: «Пәнаралық байланыстар табиғатта объективті әрекет жасайтын және қазіргі ғылымдармен танылатын диалектикалық өзара байланыстарының оқу пәндер мазмұнындағы бейнесі болып табылады» [3, 32] .

Жоғарыда аталып өтілген анықтамалардың барлығы да дұрыс, бірақ олар толық емес. «Пәнаралық байланыс» ұғымының дұрыс және информациялық анықтамасын шығару үшін, бұл ұғымның көлемін кеңейтіп, мазмұнын тереңдету керек. «Пәнаралық байланыс» категориясына қатысты ұғымның тегі «ғылымаралық байланыс» ұғымы болып табылады, бірақ біріншісі де, екіншісі де философиялық категория ретінде жалпы тектік «байланыс» ұғымының туындысы болып табылады. Осыларды ескере отырып, мынадай анықтама беруге болады: пәнаралық байланыстар оқу-тәрбиелеу процесінің мазмұнында, формасы мен әдістерінде өз бейнесін тапқан және білім беру, дамыту және тәрбиелеу функцияларын атқаратын нақты болмыс объектілері, құбылыстары және процестерінің арасындағы синтездеуге, интегралдауға ұшырайтын қарым-қатынастарды бейнелейтін педагогикалық категория болып табылады.

Пәнаралық байланыстардың функциялары :

  1. әдіснамалық-тек оның негізінде оқушыларда табиғатқа деген диалектика-материалистік көзқарас, оның дамуы мен тұтастығы туралы түсінік қалыптасуы мүмкін, өйткені пәнаралық байланыстар қазіргі жаратылыстану әдіснамасының оқытуда бейнеленуін қамтамасыз етеді;
  2. білім беру-соның көмегімен мұғалім оқушыларда жүйелілік, тереңдік, жете түсінушілік сияқты жеке білім қабілеттерін дамытады. Пәнаралық байланыстар жаратылыстану ғылымдарының түсініктерін дамыту құралы ретінде орын алады, олардың арасындағы байланыстары игеруге мүмкіндік туғызады;
  3. дамыту-оқушылардың жүйелі және шығармашылық ойлауында, табиғатты танымында олардың танымдық белсенділігін, дербестігін және қызығушылығын қалыптастырудағы ролі анықталады. Пәнаралық байланыстар ойлаудың пәндік енжарлығын жоюға және оқушылардың ой өрісін кеңейтуге көмектеседі;
  4. тәрбиелеу - оқытуда оқушыларды барлық бағытта тәрбиелеуге жәрдемдеседі. Мұғалім басқа пәндермен байланыстарға сүйене отырып тәрбиелеудің кешенді жолын жүзеге асырады, идеялы-тәрбиелік және политехникалық бағыттылықты жоғарылатады;
  5. конструктивтік-бұл функцияның көмегімен мұғалім оқу материалының мазмұнын, білім беруді ұйымдастырудың әдістері мен формаларын жетілдіреді [4, 21] .

Пәнаралық байланысты жүзеге асыру мұғалімдермен пәндер мен оқу және сабақтан тыс жұмыстардың кешенді түрлерін бірлесіп жоспарлауды талап етеді.

Пәнаралық байланыстың мәні:

  • сабаққа деген қызығушылықты арттыруға жағдай жасайды;
  • пәнге деген қызығушылықты арттырады;
  • сыбайлас облыстардың білімдерінің арасындағы қызығушылықты тереңдетеді;
  • танымдық іскерліктер өзгереді:

а) оқу жұмысының жалпы пәндік іскерліктері дамиды;

б) сыбайлас пәндерде оқылатын материалды талдай алу, салыстыру іскерлігі жетілдіріледі;

в) білім мен іскерлікті бір пәннен басқа пәнге көшіру іскерлігі қалыптасады;

г) бағалай алу іскерлігі қалыптасады, яғни практикалық есептерді шығару үшін бірнеше пәндердің арасынан қажетті білімді таңдау және қолдана алу іскерлігі.

Пәнаралық байланыстардың педагогикалық функциялары туралы алуан түрлі пікір айтулар олардың нақты оқу процесінде көпжақты көріністерімен түсіндіріледі. Сонымен қатар педагогиканың басқа ғылымдармен байланысы жеткіліксіз есепке алынғаны білінеді.

Пәнаралық байланыстар оқушыларды технологиялық оқыту мен тәрбиелеудің кешенді жолының маңызды шарты және нәтижесі болып табылады. Өз пәнін ғана білу шығармашылық оқытудың жақсы мүмкіндіктерін бермейді. Әр педагог оқудағы белсенділікті орнатуынан сабақтың, дәрістің, әңгіменің, кез келген тәрбиелік іс-шараның жетістігі тәуелді болатынын жақсы біледі. Оқушылардың белсенді іс-әрекетіне әкелетін қызығушылықты орнату қажет.

Ғылымның басқа облыстарының білімін практикада қолдануға байланыста оқушылардың іскерліктері нақтыланады.

Пәнаралық байланыстар мәселесі әркімнің жұмысындағы бастауыш болып табылатын жалпы білім беретін орта мектептердің ортақ мақсаттарымен тығыз байланысты. Ең біріншіден, бұл дүниетанымының қалыптасуы.

Мектептегі пәнаралық байланыстар осы заманда ғылымда және қоғам өмірінде болып жатқан интеграциялық процестердің нақты көрсеткіші болып табылады. Бұл байланыстар оқушылардың практикалық және ғылыми-теориялық дайындығын жоғарылатуда маңызды роль атқарады. Жан-жақты пәнаралық байланыстар көмегімен нақты шындықтың күрделі проблемаларын кешенді көре алуға, келуге және шешуге іргетас салынады.

Пәнаралық байланыстар мақсаты оқушыларды әр түрлі пәндерден алған білімдерін жаңа мәселелерді шешуде өз бетімен қолдана алуға үйрету болып табылады.

Сонымен қатар пәнаралық байланыстар осы заманғы өндірістің жалпы ғылыми негіздерін аша отырып оқытудың политехникалық бағыттылығын жоғарылатып қана қоймайды. Бір мезгілде оқушылардың рационалды ойлау қабілеттері дамиды, олардың білімге және еңбекке, техникамен жұмыс істеуге қызығушылықтары жоғарылайды.

Пәнаралық байланыстар бір оқу пәнінің басқа оқу пәнінің алдында тұрған мәселелерді шешудің құралы болуын қамтамасыз етеді.

Пәнаралық байланыстардың классификациясын қарастырайық, өйткені жіктелетін түсініктердің даму заңдылықтарын бейнелеп дұрыс жіктеу олардың арасындағы байланыстарды ашады, осы байланыстардың оқу процесінде жүзеге асырылуының ғылыми-практикалық алғышарттарын құруға мүмкіндік береді.

Пәнаралық байланыстар алдымен өз құрылымымен сипатталады, ал пәннің ішкі құрылымы оның формасы болғандықтан, біз келесі байланыс түрлерін бөліп көрсете аламыз:

1. құрылымы бойынша;

2. іс-әрекет бағыты бойынша;

3. бағыттауыш элементтердің өзара іс-әрекет тәсілі бойынша.

Пәнаралық байланыстардың құрылымы оқу материалының мазмұнымен, қалыптасатын дағды, іскерлік және ойлау операцияларымен анықталатындықтан, оның бірінші формасында пәнаралық байланыстың келесі типтерін көрсетуге болады:

1) мазмұнды; 2) операциялық; 3) әдістемелік; 4) ұйымдастырушылық. Бірінші форманың әр типі өздігінен тағы түрлерге жіктеледі. (1-кестені қара) .

Екінші формада пәнаралық байланыстардың іс-әрекет бағыты бойынша негізгі түрлерін бөлуге болады. Байланыстың сәйкес жақтарын А, В, С, D және т. б. әріптермен шартты түрде белгілейміз. Егер В-ның А-ға бағытталған жағдайында бірбағытты байланысқа ие боламыз, егер В және С А-ға бағытталса онда бұл байланыс екі жақты болады, егер В, С, D . . . және т. б. А-ға бағытталса, онда мұндай байланыс көп жақты болады .

Байланыстың барлық осы түрлері тура (бір бағытта жұмыс істейді) және кері болуы мүмкін, немесе қалпына келтіруші, тура және кері екі бағытта да іс-әрекет жасайтын болса. Мысалы, - тура бір бағытты байланыс; - екі бағытты кері немесе қалпына келтіруші байланыс.

Пәнаралық байланыстың үшінші формасында, яғни уақыт факторы бойынша, байланыстың келесі типтерін бөліп көрсетуге болады: 1) хронологиялық; 2) хронометрикалық.

Хронологиялық - бұл олардың жүзеге асырылу тізбегі бойынша байланыстар.

Хронометрикалық - бұл байланыс орнатушы элементтердің өзара іс-әрекет ұзақтығы бойынша байланыстар.

Осы екі типтердің әрбіреуі пәнаралық байланыстар түрлеріне жіктеледі (1. 1. 1 кестесін қара) .

Кесте 1. 1. 1 Пәнаралық байланыстың классификациясы

Пәнаралық байланыстар формасы: Пәнаралық байланыстар формасы
Пәнаралық байланыстар типтері: Пәнаралық байланыстар типтері
Пәнаралық байланыстар түрлері: Пәнаралық байланыстар түрлері
Пәнаралық байланыстар формасы: 1
Пәнаралық байланыстар типтері: 2
Пәнаралық байланыстар түрлері: 3
Пәнаралық байланыстар формасы: 1) Құрылымы бойынша
Пәнаралық байланыстар типтері: 1) мазмұнды
Пәнаралық байланыстар түрлері: Ғылымның әдістемесі, теориясы, айғақтары, түсініктері, заңдылықтары бойынша
Пәнаралық байланыстар формасы: 2) операциялық
Пәнаралық байланыстар типтері: Қалыптасатын дағдылар, іскерліктер және ойлау операциялары бойынша
Пәнаралық байланыстар формасы: 3) әдістемелік
Пәнаралық байланыстар типтері: Педагогикалық әдістер мен тәсілдерді қолдану бойынша
Пәнаралық байланыстар формасы: 4) ұйымдастырушылық
Пәнаралық байланыстар типтері: Оқу-тәрбиелік процесті ұйымдастыру формалары мен тәсілдері бойынша
Пәнаралық байланыстар формасы: 2) Бағыты бойынша
Пәнаралық байланыстар типтері:

1) Бір жақты,

2) Екі жақты,

3) Көп жақты

Пәнаралық байланыстар түрлері: Тура, кері немесе қалпына келтіруші
Пәнаралық байланыстар формасы: 3) Бағыттауыш элементтердің өзара іс-әрекет тәсілі бойынша (байланыс нұсқаларының алуантүрлілігі)
Пәнаралық байланыстар типтері:

Уақыт факторы

Пәнаралық байланыстар түрлері: 1) хронологиялық
1) орын басушылық 2) синхронды 3) перспективалы
Пәнаралық байланыстар формасы: 2) хронометрикалық
Пәнаралық байланыстар типтері: 1) шектелген 2) орташа іс-әрекеттелуші 3) ұзақ іс-әрекеттелуші
Пәнаралық байланыстар түрлері:

Пәнаралық байланыстар құрылымы бойынша нақты бір тақырыпты өткенде басқа оқу пәнінен басқа түрге айналатынын көрсетеді. Пәнаралық байланыстар бағыты бойынша қарастырылады:

1) бір, екі немесе бірнеше оқу пәндері бойынша пәнаралық негізде оқылатын нақты қарастырылатын оқу тақырыбына байланысты пәнаралық ақпараттың қайнар көзі болып табылады.

2) Пәнаралық ақпарат тек базалық оқу пәнінің тақырыбын оқығанда ғана (тура байланыс) қолданылады, немесе берілген тақырып басқа тақырыптар, мектептің оқу жоспарындағы басқа пәндері үшін ақпаратты жеткізуші болып табылады (кері немесе қалпына келтіруші байланыс) .

Бағыттауыш элементтердің өзара іс-әрекет тәсілі бойынша пәнаралық байланыстар:

1) басқа пәндерден қандай қажетті білімдерді оқушылар меңгерді, ал қандай материалды болашақта оқулары қажет (хронологиялық байланыстар) ;

2) пәнаралық байланыстарды жүзеге асыру процесінде қандай тақырыптар оқу мерзіміне сәйкес бастаушы, ал қандайы жетектеулі болып табылады (хронологиялық синхронды байланыстар) ;

3) пәнаралық байланыстарды жүзеге асыру процесінде тақырыптардың өзара байланысының ұзақтығын (хронометрикалық байланыстар) көрсетеді.

Уақыт факторы:

1) басқа пәндерден қандай қажетті білімдерді оқушылар меңгерді, ал қандай материалды болашақта оқулары қажет (хронологиялық байланыстар) ;

2) пәнаралық байланыстарды жүзеге асыру процесінде қандай тақырыптар оқу мерзіміне сәйкес бастаушы, ал қандайы жетектеулі болып табылады (хронологиялық синхронды байланыстар) ;

3) пәнаралық байланыстарды жүзеге асыру процесінде тақырыптардың өзара байланысының ұзақтығын (хронометрикалық байланыстар) көрсетеді.

Жоғарыда көрсетілген пәнаралық байланыстар классификациясы курсішілік байланыстардың классификациясын аналогиялық түрде жүргізуге мүмкіндік береді (мысалы, физика, математика, информатиканың физика курсы арасындағы; органикалық және неорганикалық химия мен химия курсының арасындағы байланыстар), сонымен қатар белгілі бір пәннің тақырыптарының арасындағы пәнішілік байланыс. Курсішілік және пәнішілік байланыстарда хронологиялық түрден орын басцшылық және перспективалы байланыс түрлері басым, синхронды түрі шектеулі, ал пәнішілік байланыстарда синхронды түрі мүлдем жоқ.

Математикадан жеке курсты құрастыру үшін технологиялық жолды қолданғанда пәнаралық байланыстардың әртүрлі типтерін ескеру қажет (1. 1. 2 кестесін қара) .

Кесте 1. 1. 2 Пәнаралық байланыстардың классификациясы

МҮМКІН БОЛАТЫН
ІЛЕСПЕЛІ пәнаралық байланыстар;
Біріктірілген курстарды жасау
МҮМКІН БОЛАТЫН: ҚАЖЕТТІ
ІЛЕСПЕЛІ пәнаралық байланыстар;:

АЛДЫҢҒЫ пәнаралық байланыстар

"мақсат ретінде"

Біріктірілген курстарды жасау: Басқа пәндерде алдын ала оқытуды талап етеді
МҮМКІН БОЛАТЫН:

БОЛАШАҚТЫ

пәнаралық байланыстар

"нәтиже ретінде"

ІЛЕСПЕЛІ пәнаралық байланыстар;: Графикалық сауаттылықтың мазмұнын оқытуға мұқтаж болатын пәндер

Мүмкін болатын (ілеспелі пәнаралық байланыстар) . Негізгі оқыту объектісі ретінде нақты тақырыптар алынса, онда математика пәні өз қағидаларын, теорияларын және т. с. с. түсіну және көрсету үшін басқа пәндердің білім элементтерін қолданады. Қандайда бір болмысты басқа позициядан сипаттайтын басқа оқу пәндер мазмұнының элементтері болмысты қатарлас қарастыруға, біріктірілген курстарды құруға негіз болуы мүмкін.

Осындай және осыған ұқсас өзара байланыстарды жүзеге асыру мүмкін және қажет. Бұл оқытылатын пән мазмұнын оқыту тереңдігін, түсіну деңгейін жоғарлатуға айтарлықтай мүмкіндік береді.

Қандай да бір пәнге қатысты «қажетті» пәнаралық байланыстар төмендегідей жіктеледі:

  • пәнаралық байланыстар «мақсат ретінде» (алдыңғы)
  • пәнаралық байланыстар "нәтиже ретінде" (болашақты) [2, 15] .

Олардың салыстырмалы талдауын жүргізейік.

Нақты бір пән үшін мақсатты пәнаралық байланыстар маңызды роль атқарады, өйткені оларсыз қарастырылатын оқу материалын оқытуды жүзеге асыру мүмкін емес. Ал «нәтиже ретіндегі» пәнаралық байланыстарды жүзеге асыру басқа пәндерді оқытуды қамтамасыз ету үшін қажет, бірақ олар да қарастырылатын пәнді терең оқытуға мүмкіндік береді.

«Мақсат ретіндегі» пәнаралық байланыстарды жүзеге асыру көмекші мақсаттарды анықтау этапында басқа пәндер үшін дидактикалық мақсаттарды анықтау үшін тұжырымдалады.

«Нәтиже ретіндегі» пәнаралық байланыстар математика мазмұнының элементтеріне мұқтаж болатын пәндер үшін бастамашылық етілуі керек.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Пәнаралық байланыстың негізі
Математика сабақтарында пәнаралық байланыстарды жүзеге асыру
Математика сабағында оқушылардың белсенділігін арттыруда пәнаралық байланыстын ықпалы
Пәнаралық байланыстарды оқу процессіне кірістіру
Математиканың сызумен байланысы
Сызуды оқыту әдістемесі педагогика ғылымының бір саласы
Пәнаралық байланыстардың функциялары
Пәнаралық байланыс ұғымы
Пәндердің интеграция деңгейлері
ТЕХНОЛОГИЯ ПӘНІН ОҚЫТУДА КІРІКТІРУ ӘДІСТЕРІН ПАЙДАЛАНУ ЖОЛДАРЫ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz