Мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық қабілетін сабақ барысында дамыту


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 35 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе . . . 3

І. Негізгі бөлім

Мектепке дейінгі мекемеде шығармашылықты дамыту мәселесі

  1. Мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылығын дамытудың маңыздылығы . . . 10
  2. Мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылығын дамыту әдіс-тәсілдері мен жолдары . . . 15
  3. Мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық негіздерін қалыптастыру . . . 20

І І. Эксперименттік бөлім.

Шығармашылықты дамытудың мақсаты мен оған қойылатын талаптар және негізгі міндеттері, тәжірибелік жұмыс түрлері.

  1. Мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық қабілетін сабақ барысында дамыту . . . 24
  2. Мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылығын көркем әдебиет, музыка, бейнелеу өнері, жапсыру, мүсіндеу сабақтары арқылы дамыту . . . 31
  3. Эксперементтік жұмыс нәтижелері . . . 59

Қорытынды . . . 73

Қолданылған әдебиеттер . . . 75

Қосымшалар

Қосымша А

Қосымша Ә

КІРІСПЕ

Зерттеудің көкейкестілігі: Баланың жеке тұлға ретінде қалыптасуы сәби кезінен басталады. Ол үшін балаға барлық жағдай жасалуы керек. Өмірге келген әрбір бала бақытты болуы тиіс. Бұл - баланың басты құқығы. «Адам ұрпағымен мың жасайды» - дейді халқымыз . Жақсылыққа бастайтын жарық жұлдыз-оқу. «Надан жұрттың күні - қараң, келешегі тұман», - деп М. Дулатов айтқандай, егеменді еліміздің тірегі - білімді ұрпақ . Сусыз, құрғақ, таса көлеңке жерге дән ексең өнбейтіні сияқты, жас ұрпақтарымызды тәрбиелемесек өспейді, өнбейді.

Балалар - еліміздің бүгіні мен ертеңі. Мемлекетіміздің басты байлығы, әрі тірегі. Сондықтан балаға тиісті дәрежеде жағдай жасап, денсаулығын жақсартып, өмірін гүлдендіріп, саналы тәрбие мен сапалы білім беру-біздің басты мақсат.

Балабақшаның күн тәртібінде түрған өзекті мәселе - баланың денсаулығы, тәртіпті де ақылды бала өсіру, алғашқы білім нәріне жол ашу. Осыған орай, бүгінгі қоғам мүддесіне лайықты, жан - жақты жетілген, бойында ұлттық сана қалыптасқан парасатты азамат тәрбиелеп өсіру - отбасының, балабақшаның, барша халықтың міндеті.

Кішкентай бүлдіршіндеріміздің алғашқы даму кезеңі, білім мен тәрбие берудің алғашқы сатысы - балабақша. Балалардың білім алуға, еңбекке, қоршаған ортаға бейімі, адамдармен қарым-қатынасы, сөз қорының, ойлау қабілетінің дамуы мектепке дейінгі кезеңде қалыптасады. Баланың жеке басының тұлға ретінде дамуы көптеген жағдайларға байланысты. Ол баланың өзін қоршаған ортасы, қарым-қатынасы (үлкендермен және құрбыластарымен) ойын, балабақшадағы іс-әрекеті баланың психикалық дамуына ықпал етеді. Бұл баланың айналадағы дүниеге, заттар мен құбылыстарға жауапкершілікпен қарауға деген түсініктерін дамытады. [27. 6]

Мектепке дейінгі балалардың бейнелеу қабілеттері мен шығармашылығын қалыптастару қазіргі таңда ең өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Ғалым-педагогтар мектеп жасына дейінгі балалардың бейнелеу қабілетінің дамуын жан-жақты әлі де қарастыруды қажет етеді деген пікірлер айтуда.

Бала мектепке келгенде қабылдау, ойлау және есте сақтау қабілеті жоғары дәрежеде болуы тиіс. Сондықтан балаға мектепке дейін бейнелеу қабілетін дамыту маңызды. Осы жасқа лайықты ойлау, есте сақтау қабілеті мен ақыл-ой және ересек адамның парасатты қамқорлығынсыз баланың талабы толығымен ашылмай қалуы мүмкін. Мектепке дейінгі балалық шақта есте сақтау, бейнелеу қабілеті біршама дербестікке ие болады. Мектепке дейінгі балалардың есте сақтау қабілетін дамыту баланың ес процесінің қалыптасу өрісіне бір деңгейде көрініс бермейді, сондықтан да оны белсенді түрде ынталандыра білуіміз шарт. Мектепке дейінгі балалардың өмір сүру қалпы, оның есте сақтау және ойлай білу дәрежесімен тығыз байланысты. Сондықтан да есті дамыту - үлкен өзгеріс есті-бала алдында есте қалдыру, бейнелеу мақсатын қойып, тиісті тәсілдер қолдануды бастайтын (мысалы, есте қалдыру үшін іс-әрекетті бірнеше рет қайталайды) арнайы мнемикалық іс-әрекетің болуы дейді. Мектепке дейінгі балалардың есте сақтау, бейнелеу қабілетіне тән заңдылықтар да қазіргі таңда зерттелінуде.

Мектеп жасына дейінгі балалардың бейнелеу қабілетінің рөлі, ойлау процесіне қарағанда маңызды болмаса онан кем емес.

Мектепке дейінгі балалардың бейнелеу қабілетінің жоғары болатындығын ғалымдар кеңінен қарастырды.

Балабақшада бейнелеу өнерімен шұғылдану болмысты танудың тиімді құралы болып табылады және сонымен бірге көзбен көріп қабылдау, қиялдау, кеңістікті елестете білу, есте сақтау, сезім және басқа психикалық процестердің дамуы мен қалыптасуына жәрдемдеседі.

Мектеп жасына дейінгі балалардың бейнелеуі дегеніміз - олардың қиялынан туындаған көріністердің және құлағымен естіп, қолымен ұстаған нәрселердің және тағы да басқалары осы рецепторлардың бәрін біріктіре қалдырғанда ғана тиісті мағұлматты есте қалдыруы. [8. 35]

Мектеп жасына дейінгі шақ өмірдің ерекше әлемі немесе «жұмақ» сынды кезеңі емес. Балалар өмірінде де үлкендер сияқты күрделі шешілуі қиын, кейде тіпті шешілмейтін проблемаларда қөп және олар мектеп жасына дейінгі балаларды жастайыннан ренжуге, қапалануға, қиыншылықтарды жеңе білуге, күресуге, қуануға мәжбүр етеді. Мектепке дейінгі баланың бейнелеуінде және қайта жаңғыртуында адамның немесе жануардың бейнесі белгілі бір атпен сақталады. Шығармашылықтың - тұлғаны дамытудағы әмбебап механизмі, шығармашылық даму деңгейі - жалпы тұлғаның даму көрсеткіші бола алады. Философтар С. С. Гольдендрихт пен Л. А. Пьянова атап көрсеткендей, шығармашылықтың негізі адам жан дүниесін жаңғырту.

«Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту» Меемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты оқу жүктемесіне 5 білім саласының мазмұны кіреді: «Денсаулық», «Қатынас», «Таным», «Шығармашылық», «Әлеумкттік орта» соның ішінде «Шығармашылық» білім беру саласының мақсаты.

-мектеп жасына дейінгі балалардың сезімдік-эмоционалдық ортасы мен эстетикалық талғамын қалыптастыру, шығармашылық ойлау мәдениеті мен елестетуін дамыту.

«Шығармашылық» білім беру саласында баланың әлемге деген эстетикалық қатынасы мен ұлттық, классикалық және заманауи көркем құралдарының дамуымен бірге қалыптасуы қарастырылады. Балалар шығармашылығы мен әрекеттерін біріктіру арқылы балалардың көркемдік қабілеттерін қалыптастырады. [5. 5]

Ырғақты музыкаға отырып -тұру, басын шайқау, бір аяқпен екінші аяққа кезек басып иілу қозғалыстарын орындайды. Заттардың түрлі пішіндері мен түстеріне қызығушылық білдіреді. Бөлме жиһазы мен ойыншықтардың ерекшеліктерін ескереді. арындаштар мен фломастерлерді, дайын жапсырма пішіндерді (аппликация) қолданып үйренеді. [29 . 7]

« Шығармашылық » деген сөздің төркіні, этимологиялық «шығару», «ойлап табу» дегенді білдіреді. Демек жаңа нәрсе ойлап табу, сол арқылы жетістікке жету деп түсіну керек. Философиялық сөздік: « . . . шығармашылық - қайталанбайтын, тарихи қоғамдық мәні бар, жоғары сападағы жаңалық ашатын іс-әрекет, - деп түсіндіріледі. Көрнекті психолог Л. С. Выготский «шығармашылық» деп жаңадан ашатын әрекетті атаған. Ал осы мәселені терең зерттеген психологтардың бірі Я. А. Пономарев оны «даму» ұғымымен қатар қояды. Өйткені жаңалық, әсіресе интеллектуалдық тұрғыда болса, ол баланың психикасын жаңа сапалық деңгейге көтереді деп есептейді. Бұл пікір бүгінгі күні педагогиканың талаптарына сәйкес келуімен көңілге қонымды. Қазіргі жағдайда мемлекеттердің даму деңгейі табиғи ресурстардың байлығымен ғана емес, сонымен қатар интеллектуалдық және шығармашылық әлеуметімен, ғылым мен өндірісте жаңа технологияларды игеру мен енгізу табыстарымен анықталады. Осылай баланы үздіксіз бақылау барысында өзіндік жұмыстар жасай бастайды. 2 - 3 жас аралығындағы сурет салуға деген қызығушылық туады. Шығармашылықпен жұмыс жасау тәрбиелеу барысында өзін қоршаған ортамен байланыстыра бейнелеуді тапсыру керек.

Балабақшадағы балалардың қабілеттері екі түрлі әрекетте дамиды. Біріншіден, кез келген бала оқу әрекетінде адамзат баласының осы кезге дейін жинақталған тәжірибесін меңгерсе, екіншіден, кез келген бала шығармашылық әрекеттер орындау арқылы өзінің ішкі мүмкіндіктерін дамытады. Оқу әрекетінен шығармашылық әрекеттің айырмашылығы - ол баланың өзін - өзі қалыптастыруына өз идеясын жүзеге асыруына бағытталған жаңа әдіс - тәсілдерді іздейді. Мәселені өзінше, жаңаша шешуге талпыныс жасайды. Бүгінгі күні балабақша балалары кез келген шығармашылық тапсырмалар шешуді табыспен меңгере алады. Тек ол жұмысқа дұрыс басшылық, шебер ұйымдастырушылық керек. [10. 58]

А. В. Морозов, Р. М. Голубчик т. б. зерттеушілер шығармашылық ұғымына берілген көптеген анықтамалардың ішінен жалпы ұстанымдарды белгіледі:

● шығармашылық - жаңа тәсілге сәйкес қажеттіліктерге бейімделу қабілеті, жаңаша бейімделу ғана даму мен өсуге түрткі болады.

● шығармашылықты зерттеудің үш аспектісі бар: нәтиже, адам және процесс.

● адам бойындағы жаңарулар, жаңа нәтижеге жету процесс сипаты ретінде жаңашылдық, үйлесімділік, ізденімпаздық қажеттілікті қанағаттандыру және мақсат қою қабілеттері есептелінеді;

● шығармашылық нәтиже түрі сан алуан

Балабақшада топтарда өткізілетін түрлі пәндердің өмірдегі орны мен оған деген көзқарастың өзгеруіне байланысты балалардың білімін тереңдету мақсатында қолданылатын шығармашылықты дамыту жаттығулар жүйесі, тапсырмалар және тағы да басқа түрлі материалдар - кең түрде зерттеу жұмыстарын әлі де болса қажет ететіндіктен зерттеу тақырыбын «Мектеп жасына деййінгі балалардың шығармашылығын сабақ барысында дамыту» деп алуымызға негіз болып отыр.

Зерттеу объектісі: Тәжірибелік эксперемент жұмысы №1 «Арман» мектеп-бақшасында жүргізілді. Тәжірибелік эксперемент жұмысына №13 «Құлыншақ» тобы оның ішінде 15 бала қатысты.

Зерттеу пәні: Мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылығын сабақ барысында дамыту ерекшеліктері.

Зерттеу мақсаты: Мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылығын сабақ барысында дамыту жолында әдіс-тәсілдердің, методикалардың

қолданылатын ойындардың ерекшеліктерін теориялық тұрғыдан негіздеу, тиімділігін практика жүзінде дәлелдеу.

Зерттеу міндетттері:

1. Шығармашылықты дамыту мәселелері жайында ғалымдардың көзқарастарына талдау жасау;

2. Бала тұлғасын қалыптастыруда шығармашылықты дамытудың жолдарын анықтау;

3. Білім берудің жаңа парадигмасы жағдайында балалардың шығармашылық қызығушылығын қалыптастырудың құрылымдық-мазмұндық моделін жасап, өлшемдері мен көрсеткіштерін, деңгейлерін негіздеу.

Ғылыми болжам: е гер, балабақша үрдісінде шығармашылықты дамыту жолдарын тиімді қолданылса, онда, балалардың шығармашылық дамуының ерекшеліктері анықталып, белсенділіктері артады.

Зерттеу әдістері. Жұмыста баяндау, сипаттау, салыстыру, тәжірибені байқау, ой-пікірлерді жинақтау, қорыту; шығармашылықты дамыту барысындағы тапсырмаларды орындау дәрежесін тексеру, бекіту, бақылау әдістердің тиімділігін эксперимент арқылы тексеру; тәжірибелік - эксперимент жұмысының мәліметтерін қорытындылау.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы.

  • жүйенің құрамды компоненті ретінде көрінетін объектілерді, жағдаяттар мен құбылыстарды тану, жасау, қайта өңдеу мен қолдануға бағдарланған шығармашылық әрекетті ұйымдастырумен ерекшеленетін шығармашылық тапсырмалар жүйесін құру және жүзеге асыру;
  • оқу үдерісінде шығармашылық тапсырмалар жүйесімен жұмысты тиімді ұйымдастырудың педагогикалық шарттарын анықтап, теориялық негіздеу және тәжірибеде тексеру.

Зерттеудің теориялық маңызы. Балабақшада оқуға деген ынта-жігерін, қызығушылығын арттыруға байланысты дидактикалық ойындар ғылыми-теориялық негізі лингвистикалық және әдістемелік тұрғыдан зерттелсе, жұмыстың нәтижелері тіл білімі, әдістеме, педагогика ғылымдарының теорияларын жетілдіріп, балалардың қабілетін одан әрі дамытуға мүмкіндік жасайды.

Зерттеудің практикалық маңызы. Зерттеудің нәтижелерін оқытудың мазмұны мен тәсілдерін жетілдіру үшін тәрбиеге қосымша ретінде пайдалануға болар еді. Жұмыс топта шығармашылықты дамыту жолдарын оқытуды жаңарту үшін тапсырмаларды түрлендіріп шығармашылықты дамытуда бағыт-бағдар беріп, білім беру жүйесін дамытуға өзіндік үлес қосары сөзсіз. Балабақша топ сабақтарын сапалы өткізуге көмектеседі, балабақша мектепке дейінгі мекеме тәрбиешілеріне іс жүзінде пайдасын тигізеді.

Зерттеу жұмысының құрылымы:

  1. Мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту үдерісінің психологиялық-педагогикалық мәнін айқындау.
  2. Мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту критерийлері мен деңгейлерін анықтау.
  3. Мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық қабілеттерін дамытудың практикалық тәжірибесін талдау.
  4. Сабақтарда мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық қабілеттерін дамытудың тиімді шарттарын айқындау

Қорғауға ұсынылатын қағидалар:

Жалпы шығармашылыққа шолу жасау, шығармашылықтың педагогика ғылымындағы алатын орнына тоқталу. Шығармашылықты дамытуға қойылатын негізгі талаптарды анықтау;

  • Ойындар, соның ішіндегі шығармашылықты дамыту мәселесіне қатысты көрнекілік құралдардың топтастырылуына тоқталып өту;
  • Шығармашылықты дамыту материалдарын меңгеру кезіндегі балабақша топ балаларының қызығушылық деңгейін анықтау;
  • Балабақша топ балаларының қызығушылығы арттыруға бағытталған жаттығулар жүйесі, шығармашылықты дамыту барысындағы әдіс- тәсілдердің тиімділігіне тоқталу;
  • Балабақша топ балаларының қабілетін ашу, танымын кеңейту, іздендіру, пәнге қызығушылығын арттыруы бағытталған жұмыстарды топтастыру;
  • Жасалған жұмыстың шығармашылықты арттырудағы рөлінің теориялық негізін анықтап, оның практикада жүзеге асырылуының тиімді жолдарын белгілеп, эксперименттен өткізу, түрлі жаттығуларды іріктеп беру.

Ғылыми жұмыстың құрылымы: кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, әдебиеттер тізімінен, қосымшалардан тұрады.

Кіріспе бөлімінде зерттеудің көкейкестілігі, ғылыми апппараты: мақсаты, обьектісі, пәні, міндеттері, болжамы, әдіснамалық негіздері, әдістері мен негізгі кезеңдері беріліп, практикалық мәні, ғылыми жаңалығы және қорғауға ұсынылатын қағидалар баяндалалды.

І. МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ МЕКЕМЕДЕГІ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚТЫ ДАМЫТУ МӘСЕЛЕСІ . «шығармашылық», «қабілет» ұғымына анықтама беріледі.

ІІ. ШЫҒАРМАШЫЛЫҚТЫ ДАМЫТУДЫҢ МАҚСАТЫ МЕН ОҒАН ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР ЖӘНЕ НЕГІЗГІ МІНДЕТТЕРІ, ТӘЖІРИБЕЛІК ЖҰМЫС ТҮРЛЕРІ. атты тарауда оқу іс-әрекетінін ұйымдастырудадың тиімді жолдары мен шығармашылық тапсырмалардың мазмұны сараланып, эксперимент жұмысының нәтижелеріне талдау жасалды.

Қорытындыда теориялық және эксперименттік жұмыс нәтижелеріне негіздеме тұжырымдар мен ұсыныстар беріледі.

Қосымшада зерттеу мазмұнына қатысты жұмыстардың үлгілері көрсетіледі.

Мектепке дейінгі мекемеде шығармашылықты дамыту мәселесі

1. 1 Мектепке дейінгі мекемедегі шығармашылықты дамыту мәселесі.

«Өнердің, білімнің кілтін тапқан ғана озады» деген бүгінгі талабы таудай, қабілет-қарымы мол, ізденімпаз жастарға тек еңбек етсеңдер, сауатты, мәдениетті, өнерлі, білімді болсаңдар ғана, «білекті бірді, ал білімді мыңды жеңеді» деген ата-бабаларымыздың ұлағатты сөзін келтіріп айтқаны, бұл - халықтың сана-сезімінің, дәстүрінің, рухани байлығының кемелденгенінің айқын көрінісі. Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлының білім мен еңбекке деген құштарлық, таусылмас ерік-жігер әр жастың бойынан табылатын болса, Қазақстан дамыған елдерді қуып жетіп қана қоймай, солармен иық теңестіре тұратындай елге айнала алатындығын жас буынға жеткізе айтуы болды. [1. 75]

Мектеп жасына дейінгі баланы тәрбиелеу, дамыту және білім беру мәселелерінде отбасы мен балабақша ұжымының бірлескен өзара тығыз байланыста болуы қажет.

Білім беру жүйесінің негізгі мақсаты - тұлғаны оқыту, тәрбиелеу, дамыту. Бұл мақсаттар өзара тығыз байланыста болғанда ғана нәтижелі болады. Баланы өмірге дайындау үшін дамытудың маңызы ерекше. Даму барысы:

1. Зердесін дамыту.

2. Эмоциясы мен сезімдерін дамыту.

3. Күрт қиыншылықтарға төтеп бере алуын дамыту.

4. Өзіне-өзінің сенімділігін, өзін-өзі қабылдау, жақсы көруді дамыту.

5. Өзін-өзі алып жүре алуын, дербестігін дамыту.

6. Танымдық үрдісін дамыту.

7. Өзін-өзі көрсете алуына, өзін-өзі жетілдіруге ынтасын дамыту.

Мектеп жасына дейінгі баланың шығармашылық қабілетін дамыту мәселесін талдау ең алдымен «қабілет» ұғымының мәнін түсініп алуды қажет етеді. Философияда «қабілеттерді» тұлғаның белгілі бір әрекетті орындауға жағдай жасайтын жеке ерекшеліктері дей келе, олар қоғамдық - тарихи іс - әрекеттердің нәтижесінде қалыптасып, әрі қарай дамып отыратындығын атап көрсеткен.

Қабілеттілік - адамның мінез-құлқын реттеп, оның тіршілік етуіне қызмет етеді, психикалық әрекеттің негізіне, шартына айналады. Қабілеттілікті анықтайтын қасиеттер: сезімталдық, байқағыштық, аңғарымпаздық, зеректік, ойлампаздық, көрегендік, зерделі-лік, идеяларды оңай туындата алушылық, сөз саптау еркіндігі, тұтас қабылдауға, ұғымдарды салыстыруға (алыстату, жақындату, қиыстыру, т. б. ), топшылауға бей-імділік және тағы да басқалар. [28. 16]

Қабілеттің дамып, қалыптасуы үрдісі әртүрлі деңгейде өрістеп отырады. Оның алғашқы деңгейін репродуктивтік , екінші деңгейін шығармашылық деп атайды. Мұндағы репродуктивтік деңгей - жұрттың бәріне ортақ оқи, жаза, есептей білу, шығармашылық деңгей - арнайы қабілеттіліктің танылуы.

Әрбір адам баласы өз бойындағы қабілеттің дамып, қалыптасуындағы алғашқы деңгейінде оқу, білімді игеруге, іс-әрекетті қажетті дәрежеде жүзеге асыруда икемділік көрсететін болады. Екінші деңгейде жаңа бір заттар мен туындыларды жасай алатын мүмкіндігін байқатады. Қабілеттің қандай түрі де еңбекпен дамып, қалыптасады. Ешкім маңдай терін тамшылатып еңбек етпейінше, оның бойындағы қабілет ешқандай мән-маңызға ие бола алмайды. Өйткені, қабілет ойлау, күшті ерік-жігер, тұрақты мінез, қажыр-қайрат, ұшқыр қиял тәрізді адамның жан қуаттарының сан түрлі жақтарымен тығыз байланысты. Қабілетті адам шығармашылықпен іс атқармаса, тіпті талантты болса да өз қабілетінен айырылып қалады. [12. 87]

« Шығармашылық » деген сөздің төркіні, этимологиялық «шығару», «ойлап табу» дегенді білдіреді. Демек жаңа нәрсе ойлап табу, сол арқылы жетістікке жету деп түсіну керек. Философиялық сөздік: « . . . шығармашылық - қайталанбайтын, тарихи қоғамдық мәні бар, жоғары сападағы жаңалық ашатын іс-әрекет, - деп түсіндіріледі. Көрнекті психолог Л. С. Выготский «шығармашылық» деп жаңадан ашатын әрекетті атаған. Ал осы мәселені терең зерттеген психологтардың бірі Я. А. Пономарев оны «даму» ұғымымен қатар қояды. Өйткені жаңалық, әсіресе интеллектуалдық тұрғыда болса, ол баланың психикасын жаңа сапалық деңгейге көтереді деп есептейді. Бұл пікір бүгінгі күні педагогиканың талаптарына сәйкес келуімен көңілге қонымды. Қазіргі жағдайда мемлекеттердің даму деңгейі табиғи ресурстардың байлығымен ғана емес, сонымен қатар интеллектуалдық және шығармашылық әлеуметімен, ғылым мен өндірісте жаңа технологияларды игеру мен енгізу табыстарымен анықталады. Осылай баланы үздіксіз бақылау барысында өзіндік жұмыстар жасай бастайды. 2 - 3 жас аралығындағы сурет салуға деген қызығушылық туады. Шығармашылықпен жұмыс жасау тәрбиелеу барысында өзін қоршаған ортамен байланыстыра бейнелеуді тапсыру керек.

Балабақшадағы балалардың қабілеттері екі түрлі әрекетте дамиды. Біріншіден, кез келген бала оқу әрекетінде адамзат баласының осы кезге дейін жинақталған тәжірибесін меңгерсе, екіншіден, кез келген бала шығармашылық әрекеттер орындау арқылы өзінің ішкі мүмкіндіктерін дамытады. Оқу әрекетінен шығармашылық әрекеттің айырмашылығы - ол баланың өзін - өзі қалыптастыруына өз идеясын жүзеге асыруына бағытталған жаңа әдіс - тәсілдерді іздейді. Мәселені өзінше, жаңаша шешуге талпыныс жасайды. Бүгінгі күні балабақша балалары кез келген шығармашылық тапсырмалар шешуді табыспен меңгере алады. Тек ол жұмысқа дұрыс басшылық, шебер ұйымдастырушылық керек. [10. 58]

Шығармашылық - бұл адамның өмір шындығында өзін - өзі тануға ұмтылуға, іздену. Өмірде дұрыс жол табу үшін адам дұрыс ой түйіп, өздігінен сапалы, дәлелді шешімдер қабылдай білуге үйренуі қажет. Адам бойындағы қабілеттерін дамытып, олардың өшуіне жол бермеу, оның рухани күшін нығайтып, өмірден өз орнын табуға көмектеседі. Өйткені адам туынды ғана емес, жаратушы да. Баланың шығармашылық қабілеттерін дамытудың жолдарын, құралдарын анықтау психология мен педагогика ғылымдарына өте ертеден зерттеліп келеді. Шығармашылық әлемдік мәдениеттің барлық дәуіріндегі ойшылардың назарына болғандығын байқауға болады. Бұл әрекеттер өзінің логикалық шегіне жеткен деп айтуға болмайды. Сондықтан, шығармашылық педагогикасының негізгі мақсаты - бүгінгі күнгі талаптарынан туындаған, озық қоғамға лайықты жаңа сана, рухани сапа қалыптастыру және тың жолдар мен соны шешетін шешімдер іздестіру болып табылады. [16. 38]

Мектеп жасына дейінгі балалардың қабілеттерінің ерекшеліктері.
Мектепке дейінгі жас - бұл бала тұлғасы мен сапасының дамуы қуатты жүретін, ерекше құнды, қайталанбас кезеңі. Сондықтан да, мектепке дейінгі кезеңде білім берудің алғашқы басқышы, қиын да, қадірлі жұмыс. Мектепке дейінгі жас балаға белгілі бір білім ғана беріп қоймай, оны жалпы дамыту, яғни сөйлеу, оқу, қоршаған ортаға дұрыс көзқарасты болу, жағдайларды объективті түрде бақылап, талдау жасауға үйрету, ойын дұрыс айтуға, дәлелдеуге, сөйлеу мәдениетіне үйрету. Дамыта оқытудың басты мақсаты -баланы оқыта отырып, жалпы дамыту. Әрине мектеп жасына дейінгі баланың зейіні тұрақсыз, импульсивті, қабылдау мүмкіндіктері әртүрлі болады. Дегенмен әр баланың бір нәрсеге бейімі болады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектеп жасына дейінгі балалардың оқу-танымдық қызығушылығын қалыптастырудың теориялық негіздері
Бейнелеу өнері арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық қабілетін дамыту
Аппликация арқылы ұсақ моториканы дамыту
МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛА ТІЛІН ДИДАКТИКАЛЫҚ ОЙЫН АРҚЫЛЫ ДАМЫТУ
Мектепке дейінгі балаларда қарапайым математикалық ұғымдарын қалыптастыру жұмыстарын ұйымдастыру
Мектепке дейінгі жастағы балалардың танымдық қызығушылығын қалыптастырудың теориялық мәні
Мектеп жасына дейінгі балалардың оқу- танымдық қызығушылығын қалыптастырудың педагогикалық-психологиялық мәселелері
Баланың логикалық ойын дамыту
Мектеп жасына дейінгі балалардың сипап сезінуі және көріп қабылдаудың дамуына байланысы
Мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық қабілетін ойындар арқылы қалыптастыру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz