Мектепке дейінгі балалардың эмоционалдық сферасының ерекшеліктері


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 32 бет
Таңдаулыға:   

Дипломдық жұмыс

Тақырыбы: Мектепке дейінгі балалардың эмоционалдық сферасының ерекшеліктері

Мазмұны

Кіріспе . . .

1 Мектепке дейінгі балалардың эмоционалдық сферасының ерекшеліктерінің теориялық негіздері . . .

1. 1 Тұлғаның эмоционалдық аймағын зерттеу мәселелері . . .

1. 2 Мектеп жасына дейінгі балалардың дамуы . . .

1. 3 Мектеп жасына дейінгі балаларлың эмоционалдық көңіл-күйінің дамуы . . .

2 Мектепке дейінгі балалардың эмоционалдық сферасының ерекшеліктерін зерттеу тәжірибесі . . .

2. 1 Мектеп жасына дейінгі балалардың эмоционалдық дамуының деңгейін зерттеу . . .

2. 2 Мектеп жасына дейінгі баланың эмоционалды сферасын дамытуға арналған жаттығу жүйесі . . .

2. 3 Мектеп жасына дейінгі баланың эмоционалдық сферасын дамыту психологиялық-педагогикалық экспериментінің нәтижелерін талдау . . .

Қорытынды . . .

Қолданылған әдебиеттер тізімі . . .

Қосымшалар . . .

3

6

6

18

21

31

31

33

35

51

52

54

Кіріспе

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығында бала тәрбиесі мен білім беру жүйесін нығайтуда баланың эмоциялы күй-жағдайына көбірек көңіл бөле отырып дамытудың негізгі мәселесі болып қарастырылған. Қоғамның дамуындағы жеке адамның эмоциясы тұрақты нормада болуының қоғамға әсері, экономикалық техниканың жетістіктеріне жетуге итермелеуіне орай, бүгінгі таңда осы проблема ауқымды, өзекті мәселе.

Сондықтан мектеп жасына дейінгі балалардың бойында неғұрлым көбірек психологиялық көмек көрсетіп, ойындар ұйымдастыру арқылы олардың сеніміне кіріп кері әсерден арылуға көп мүмкіншілік жасау қажет.

Өзектілігі. Қазіргі психологиялық - педагогикалық теорияда мектеп жасына дейінгі баланың жағымды эмоцияларын дамыту тек кәсіби мамандыққа ғана байланысты емес ол, тәрбиешінің жеке дербес қасиеттеріне де байланысты деп тұжырымдаған. Мектепке дейінгі ерте жас шамасындағы балаларға ерекше қарым-қатынастар талап етіледі. Олар өте мейрімді, нәзік, өте сенгіш келеді. Сондықтан бұл жас шамасындағы балдырғандарды қамқорлыққа алу, жараламай тәрбиелеу өте маңызды деп ойлаймын. Топта балаларға жақсы және жайлы болу қажет.

Ерте жас шамасындағы сәбиді тәрбиелеуде ешкім де анасын алмастыра алмайтыны туралы ұмытпау керек. Сондықтан, тәрбиеші - психолог оларды ананың тұлғасындай жұмыс істей білу керек. Мысалы, шығармашылық жұмыстарды баламен бірге анасына көрсету үшін істеу керек деп, балаларға айтып отырған жөн. Ата - анасының сенімділігі арта түсіп балаға деген анасынан басқа да сүйіспеншіліктер оятады деп ойлаймын.

Мағжан Жұмабаев эмоция, ішкі сезімдер түрлері және олардың жағымды, жағымсыздығы туралы дербес тоқталып айта келіп, осы сезімдерді тәрбиелеу қажеттігіне тоқталады. Бала мазасыздану туралы қорқу сезімінде баса айтады. «Қорқу сезімі - адам жанында бір бақытсыздық күткенде болады», - деп оның терең талдай отырып, «Бала тым қорқақ келеді. Мұның себебі - баланың қиялы тым тірі һәм денесі әлсіз» - деген тұшымды ой айтады. Алдымен баланың қорықпауына мән беру керектігі, жасында қорқақ болған баланың ерлік істерге бара алмайтындығымен түйіндейді.

Мектепке дейінгі кезеңнің эмоционалдық реакциясына қарқындылық пен тұрақсыздық тән. Бұл жаста балалар өздерінің эмоцияларын еш қымсынбастан көрсетеді, олар қуаныштан секіріп, шауып жүгіруі немесе ашу ұстамасында еденге өзі құлауы да мүмкін. Қанағаттанбауды білдірудің әлеуметтік тұтынушылық әдістерін меңгермей жатып, олар ашуланып, кейде тістеп, тырнап немесе төбелесе бастауы да мүмкін. Ашуды көрсетудің физикалық әдістері көбіне ұлдарға тән. Дегенмен балалардың ашу реакциясы ересек жастағы балаларда байқалатын ұқсас реациялардан ерекшеленеді. Ол қандай да бір тура ынтаға атылғыш, көндіксіз, қысқа реакциялар болуы мүмкін. Жас балалар арасындағы жанжалдар мен ұрыстар жиі болып отырады және, негізінен қайсыбір нәрсені меңгерудегі таластың нәтижесі болып табылады. Алдын-ала ойластырылған және жоспарланған қарым-қатынастар уақыт өте дамиды, ол баланың өзінің энергиясын белгілі мақсатқа бағыттау қабілетінің өсу деңгейіне байланысты. Мектепке дейінгі жастың соңында ойынды жоспарлаудағы ойлары мен қызығушылықтарының қиылыспауы ұрыстардың салмақты себебі болып табылады.

Мектепке дейінгі кезеңде балаларда алдымен жануарлардан қорқу дамиды, бірақ сосын 4-6 жаста қарқынды шекке жететін, түнгі қорқыныштармен байланысты қияли қауіптіліктер алдындағы (елестер және т. с. с. ) үрейлерге бірте-бірте алмасады, кейде балалар анасы болмаса ұйықтай алмауы да мүмкін. Көбіне бұл жастағы қорқыныштар мен толқулар тамақтану мәселелеріне байланысты болады, сондықтан балалар тағамнан бас тартуын байқатуы мүмкін. Сонымен бірге, мектепке дейінгі оқушылар көбіне жеке өзі жаңа жағдайларға тап келсе одан қорқады, бірақ жаны жақын адамының қасында болуы қорқыныштарды жоюда едәуір деңгейде көмектеседі.

Психологиялық-педагогикалық әдебиеттер мәселесі бойынша балалардың эмоционалдық дамуын шетелдік және отандық психологтар қамтиды: Л. С. Выготский [1], А. Н. Леонтьев [2], Ж. И. Намазбаева [6], К. Э. Изард [7], З. Фрейд [8], С. К. Бердібаева [13], Г. М. Бреслав [14] және т. б.

Зерттеу мәселесі: МДМ-де балалардың эмоционалдық сферасын дамыту ерекшеліктеріне жеткіліксіз уақыт бөлінеді.

Зерртеу объектісі: мектепке дейінгі балалардың эмоционалдық сферасы.

Зерртеу пәні: мектепке дейінгі балалардың эмоционалдық сферасын дамыту құралдары.

Мақсаты : мектепке дейінгі балалардың эмоционалдық сферасының ерекшеліктерін зерттеу.

Міндеттері :

- мектепке дейінгі балалардың эмоционалдық сферасының ерекшеліктерінің теориялық негіздерін зерттей отырып, тұлғаның эмоционалдық аймағын зерттеу мәселелерін қарастыру;

- мектеп жасына дейінгі балалардың дамуын және мектеп жасына дейінгі балаларлың эмоционалдық көңіл-күйінің дамуын сипаттау;

- мектепке дейінгі балалардың эмоционалдық сферасының ерекшеліктерін зерттеу тәжірибесінде мектеп жасына дейінгі балалардың эмоционалдық дамуының деңгейін зерттеу;

- мектеп жасына дейінгі баланың эмоционалды сферасын дамытуға арналған жаттығу жүйесін қолдану;

- мектеп жасына дейінгі баланың эмоционалдық сферасын дамыту психологиялық-педагогикалық эксперименттінің нәтижелерін талдау.

Гипотеза: мектепке дейінгі балалардың эмоционалдық сферасын дамыту үшін мектепке дейінгі балалардың эмоционалдық сферасының деңгейі зерттеп, баланың эмоционалдық сферасының дамуына әсер ететін жаттығулар жүйесін әзірлеп және іске асыру қажет.

Практикалық маңыздылығы: жүргізілген зерттеулер нәтижелері мектепке дейінгі жастағы балалардың эмоционалды сферасын дамыту жұмыстары үшін пайдаланылуы мүмкін. Осы балалардың тәрбиешілеріне, мұғалімдері мен ата-аналарына пайдалануға болады.

Зерттеу әдістері: психологиялық, педагогикалық және әдістемелік әдебиеттерді талдау - теориялық әдістері, психодиагностика (сауалнамалық әдіс, сауалнама) әдістері, педагогикалық эксперимент, сандық және сапалық, алынған нәтижелерді талдау - эмпирикалық әдістері.

Зерттеу базасы: №2 Қостанай, 6 Солнечный көшесі, ЖШС «Ардан» балабақшасы.

Дипломдық жұмыс құрылымы: жұмыс екі негізгі тараудан, кіріспе мен қорытындыдан және қолданылған әдебиеттер тізімінен құрылады.

1 Мектепке дейінгі балалардың эмоционалдық сферасының ерекшеліктерінің теориялық негіздері

1. 1 Тұлғаның эмоционалдық аймағын зерттеу мәселелері

Бүгінгі таңда адамдар мен қоғамның салауаттылығы бүкіл өркениетті әлем үшін әлеуметтік сипатқа ие болып отыр. Адам салауатты өмір мен денсаулық мәдениетін игермей тұрып, өзін білімділер қатарына жатқыза алмайды. Өйткені әрқайсымыздың денсаулығымыз - бұл жеке байлық қана емес, сондай-ақ еліміздің экономикалық қуатының өсуі үшін де қажетті шарт. Адамдардың денсаулығы да сол елдің өркениеттік деңгейін танытатын маңызды факторлардың бірі. Ал денсаулықтың негізгі шарты - мәдени орта, салауатты өмір салты.

Тұлғаның жаңа психологиялық мүмкіндіктерін қалыптастыруға бағыттау, баланың психикалық дамуы, оны ілгері дамыту, мақсатқа бағдарлай ұйымдастыру, тәрбиелеуді басқару және өзін-өзі тәрбиелеу үрдісін ұйымдастыруға кең өрісті жағдай туғызады.

Қазіргі кезеңде тұлға - психологиядағы ең өзекті мәселелердің бірі болып саналады. Өйткені қоғамымыздың қарқынды әлеуметтік дамуы белсенді тұлғаны қалыптастыруға жоғары талап қояды. Ал қоғамның қазіргі жағдайында елдің саяси, мәдени, жақтарын жаңғырту кезінде, жастардың болашақта ізгі ниетті азамат болып дамуына олардың тұлғасының дұрыс қалыптасу үрдісі үлкен ықпал тигізетіні сөзсіз.

Адамның тұлғасы қарым-қатынастарының кешенді әсерінің нәтижесінде дамиды. Тұлға - бұл қоғамдық тарихи дамудың өнімі. Адамның қоғамдық қатынастар жүйесінде ала- тын орны, оның орындайтын іс-әрекеті - бұл оның тұлғасының қалыптасуын анықтайтын жағдайлар. Тұлғаның қалыптасуы адам сипаттамасы үшін маңызды орын алады, яғни оның мінез-құлық пен іс-әрекетінің жоғары саналы формаларын қамтамасыз етіп, оның ақиқатқа байланысты барлық қарым-қатынастарының бірлігін құрайды.

Нәтижесінде адамның кез-келген реакциялары және ішкі аффективті өмірінің құрылымы оның әлеуметтік тәжірибе барысында жинақталған тұлғаның ерекшеліктерімен анықталады. Тұлғаның қалыптасуы биологиялық және әлеуметтік факторларға байланысты. Сонымен қатар тұлғаның дамуында нақтылы тарихи орта негізгі болып саналады. Оқушылардың тұлғасының дамуы, механизмді құрастыратын көптеген ішкі және сыртқы факторларға тәуелді болып келеді.

Л. С. Выготскийдің «баланың психикасы әлеуметтік табиғатқа ие» деген пікірі осыған негізделеді [1] . Баланың тұлғалық дамуы, оның дамуындағы әлеуметтік жағдайлармен байланысты.

Сонымен, тұлға біріншіден, әлеуметтік қатынас пен саналы әрекеттің субъектісі ретіндегі индивид. Екіншіден, бұл индивидтің жүйелі қасиеті, оның қоғамдық қатынасқа енуімен, анықталып және де біріккен әрекетпен қарым-қатынасқа қалыптасып отырады. Кеңес психологиясында, адамды тұлға деп, қоғамның субъектісі ретінде оның қарым-қатынасқа түсу жүйесін сипаттайды.

А. Н. Леонтьев «тұлға» ұғымына адамның шарттанған ерекшеліктері - физикалық конституцияны, жүйке жүйелерінің типтерін, темпераментті, биологиялық қажеттіліктерді, табиғи нышандарды, сонымен қатар меңгерілген өмірлік маңызды білімдерді, ептіліктерді дағдыларды жатқызады [2] .

Қазіргі кезде психологияда эмоция жайындағы ілім және оның теориялық дамуы жалпы психологияның өзге тақырыптарымен салыстырып қарағанда өзіндік сипаты бар күрделі мәселелер қатарына жатады. Эмоция мен сезім жеке үрдістер сипатында болғанымен, белгілі жағдайда біріне-бірі ұқсас, алайда олардың өзіндік мәндері ерекше және адамның жан дүниесінің әр алуан ерекшеліктерімен байланысты болады деп қарастырылады.

Қазақ тіліне аударғанда «эмоция» сөзі - ол жан-дүниенің қозғалысы, жан-дүниенің қобалжуы. Адамның эмоциялары оның мінез құлқында ерекше рөл атқарады. Эмоциялар мынадай қызметтер атқарады:

Эмоцияның жағымсыз бағалау рөлі - адамның оқиғаға адамның түрлі әсерінің болу мүмкіндігін білдіреді.

Эмоцияның басқарушы рөлі - Адамды қоршаған шындықты және қандай да бір оқиғаға қатынасын бейнелеуден басқа, адамның мінез құлқын басқаруда эмоция маңызды рөл атқарады.

Эмоцияның қорғаныс қызметі - адамға төнген шынайы немесе жалған қауіп туралы ақпарат береді. Бұл қызметі қорқыныш тың туындауымен тығыз байланысты.

Эмоцияның сигналдық қызметі - сыртқы көрініс арқылы адамның басқа адамға жай күйін хабарлауы. Академик П. К. Анохин адаммен жануарлардың мінез-құлқын бекітуде эмоцияларды маңызды деп көрсетеді. Эмоциялық әсерленулер эволюцияда тетік ретінде бекітілген, ол өмірлік дәрістерді оптималдық шекте ұстайды және өмірлік маңызы бар факторлардың жетіспеушілігінің немесе артықшылығының алдын алады деген көзқараста болды [3] .

Тұлғаның эмоционалды сферасының зерттелуі психологиялық-педагогикалық тұрғыда аса маңызды. Себебі оқу тәрбие арқылы тұлға білім, іскерлік, дағдыны меңгеріп қана қоймайды, сонымен қатар айналадағы шындыққа, адамдарға деген эмоционалдық қатынастарды қалыптастыру мүмкіндігі туады.

В. К. Вилюнас эмоцияларды жеке психикалық үрдістер ретінде емес, тұлғаның қызметінің көрінісі ретінде қарастырды [4] . Ол эмоционалды құбылыс бейнелеуші мазмұннан және эмоционалды күйзелістен тұрады деп санады.

Л. С. Выготский эмоциялардың теориялық мәселелерін өз зерттеулері арқылы қарастырған. Оның көзқарасы бойынша эмоциялар ағзаны белсенділікке ынталандырып, оның қоршаған ортамен өзара қатынасын реттейді [5] .

Э. Клапаред эмоция туралы дамыған бала мен қалыпты жағдайдан ауытқыған баланы ересек адамдармен салыстыра отырып, арнайы тәжірибе арқылы зерттеді. Ол эмоция мен сезім жеке процестер сипатында болғанымен, белгілі жағдайда біріне-бірі ұқсас, алайда олардың өзіндік мәндері ерекше деген көзқараста болды. Эмоция адамның жан дүниесінің әр алуан ерекшеліктерімен байланысты болатындығын да қарастырды [6] .

З. Фрейд бірқалыпты дамыған бала мен жүйке ауруына ұшыраған баланың эмоцияларын ересек адамдардың тіршілігімен салыстыра отырып зерттеуге мамандардың үнемі көңіл аударып отыратындарына назар аударды [7] .

Тұлғаның эмоционалдық дамуы субъектінің іс-әрекетінің мазмұны мен құрылымы қоршаған адамдармен қарым-қатынасының сипатына, мінез-құлық ережелерін меңгеруіне байланысты.

Көп жағдайда эмоция және сезім синоним ретінде қолданылады. Сезім - тұлға қасиеті, ал эмоция сезімнің көріну үрдісі деп қарастырылады. Сезімнің негізгі көзі адамның іс-әрекеттері. Адамның сезімдері бағыты, тереңдігі, тұрақтылығы және әсерлілігі жағынан әртүрлі болып келеді. Эмоция қалпындағы сезімдерді бастан кешіру азды-көпті байқалатын сыртқы көріністермен (бет-әлпет кейпі, ымишарат т. б. ) қатар жүреді. Сезімдер адамның тіршілік қажетіне, өзара қарым-қатынасына байланысты сан алуан формаларда көрінеді. Сезімдерден эмоцияларды айыра білу қажет. Сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының адамның қажеттіліктеріне сәйкес келу-келмеуіне байланысты пайда болып отыратын психикалық процестің түрін сезім деп атайды [8] .

Қажеттіліктердің түрлеріне, жағдайға байланысты сезім көптеген жағымды және жағымсыз түрде өтеді: қуану, шошыну, абыржу, наздану, мазасыздану, зерігу, психоэмоционалдық зорлану. Сезімдер мен эмоциялардың бірнеше сапалық ерекшеліктері бар. Олардың сапасын көрсететін осындай ерекшеліктердің бірі - қарама-қарсы, полярлық сапалықтар деп аталады (сүйсінусүйсінбеу, көңілдену-қажу, шаттық-уайым, т. б. ) . Олар өзара екі полюске ажырасып, біріне-бірі қарама-қарсы мағынада болады.

Сезімдердің екінші ерекшелігі - олардың белсенді және солғын көрініс беруіне байланысты. Адамға ерекше күш беріп, әрекетке ұмтылдыратын, көтеріңкі сезімдер стеникалық (стен - грек тілінде күшті деген мағынаны білдіреді) деп аталады, ал адамды күшінен айырып, барлық іс-әрекеттерін баяулататын сезім түрлерін астеникалық (астения - әлсіз) деп атайды.

Шамадан тыс күшті тітіргендіргіштер адамда көбінесе қолайсыз эмоциялар туғызады. Сезімдер мен эмоциялардың адамның өмір тәжірибесінде алатын орны үлкен. Әр адам өз алдына қойған мақсатын орындау жолында өмір үшін қүресте күшті сезімдерсіз табысқа жетуі қиынға соғады. Эмоциялық жағдайлар адамның дем алу, қан айналу мүшелеріне өзгерістер ендіретінін бет әлпеті мен бүкіл дене қимылдарына, сөздің интонациясы мен тембіріне, дикциясы мен паузасына да өзгерістер енгізеді. Көңіл күй - эмоциялардың күрделі түрінің бірі. Адамның көңіл-күйіне оны қоршаған орта үлкен әсерін тигізіп тұрады. Егер оның қызметі жақсы жүріп жатса, ұжымы татулықта, отбасындағы жағдайы жақсы болса, көңілі де көтеріңкі болады. Көңілге адамның денсаулық жағдайы, жүйке жүйесінің ерекшеліктері әсерін тигізеді. Адмның өміртіршілігі үшін елеулі маңызы бар оқиғалар да көңіл-күйі арқылы көрініс береді.

К. Изард бойынша эмоциялық ахуалдар және олардың психологиялық сипаттамаларымен сыртқы көріністері көрсетіледі.

Қызығушылық (эмоция ретінде) - дағдылармен біліктерді, білімдер мен түрткіні дамытуға ықпал ететін жағымды эмоциялық ахуал. Қызығушылықтың қалыптасу құрылымына:

- жағымды эмоционалды қатынастардың тууы; тереңдетілген жағымды эмоционалды қатынастардың тууы; орнықты (тұрақты) қызығушылық;

- таңдану - кенеттен пайда болған жағдайларға жағымды немесе жағымсыз эмоциялық реакция;

- қуаныш - қажеттілікті толық қанағаттандыру мүмкіндігіне байланысты жағымды эмоциялық ахуал.

Ашу - маңызды қажеттілікті қанағаттандыру жолында кенеттен пайда болған, әдетте аффект жағдайында өтетін жағымсыз эмоциялық ахуал жатады.

Жек көру - субъектінің өмірлік ұстанымдары, көзқарастары, мінез-құлқының өмірлік ұстанымдарымен, көзқарастарымен және мінезқұлқымен сәйкес келмеуінен туындайтын жағымсыз эмоциялық ахуал.

Қорқыныш - қауіптің төнгенін сезгендегі адамның немесе жануардың қорғану биологиялық реакциясын бейнелейтін жағымсыз эмоциялық ахуалы.

К. Изард қорқыныш пен мазасыздануды ажырату қажеттілігін бірқатар зерттеулері арқылы көрсетеді [9] .

З. Фрейдті толғандырып ойландырған мәселе адамның өз басынан кешіретін эмоциялык күйлік көріністері. Әсіресе ол адамның ашу үстінде өз психикасы мен санасын басқара алмай абдырауы, эмоциялық толқу үстінде адамның өзі істеген істеріне есеп бермейтіндігі не себептерге байланысты деген мәселелерге ерекше назар аударуына себепкер болды және психологияға «мазасыздық» түсінігін енгізді [10] .

Қазіргі психологиялық сөздікте «қорқыныш - бұл субъектінің әлеуметтік және биологиялық экзистенциясы үшін қауіп туындайтын аффекті - сезімдік эмоция» деп беріледі.

Фрейд бойынша «қорқыныш - бұл аффект күйі, яғни нақты бір жағдайларға байланыс- ты қанағаттану және қанағаттанбаушылықты сезіну» [10] .

Р. Ф. Овчарова қорқынышты адам санасында оның өміріне нақты бір қауіптің эффективті бейнеленуі (эмоционалды өткірлік) ретінде қарастырады [11] .

Қорқыныш өзін-өзі сақтау инстинктіне негізделген, жоғары жүйке жүйесінің нақты физиологиялық өзгерістер мен қорғаныс рефлекстерімен сипатталады деп түсіндіріледі.

Сонымен, қорқыныш - бұл көптеген адамдарда үрей сезімін тудыратын эмоция. Сондықтан да қорқыныш адам өмірінің шынайы бөлігі болып табылады. Адам әртүрлі жағдайлардан қорқуы мүмкін, алайда бұл жағдайлардың барлығының ортақ белгілері бар. Ол адамдардың қауіпсіздігі мен тыныштығына қауіп төнген сияқты қабылданады және әсер етеді. Қорқынышты итенсивті түрде сезіну ұзақ уақыт есте қалады. Қауіпті түсіну өмірлік тәжірибеде тұлғааралық қарым-қатынасты қалыптастырады, қорқыныштың туындауына баланы тітіркендіретін қауіпті әсерлердің біртіндеп жоғарылауы да себеп болады. Әдетте бұндай жағдайларда тәжірибеде (қорқыныш, ауру, конфликт) көрінуі байқалады.

«Қорқыныш» термині сияқты «үрей» термині де кеңінен қолданылады. Қорқыныш пен үрейдің ортақ белгісі мазасыздану және алаңдау сезімі түріндегі эмоционалды компонент болып табылады. Үрей мен қорқыныштың ерекшелігі шамадан тыс қорқу болып табылады. Үрей - бұл қауіпті алдын ала сезіну, алаңдау күйі. Үрей, негізінен, жауапкершілік, борыш, адамгершілік сезімі бар адамдарға тән. Сонымен қатар үрей өзінің және жақын адамдардың өмірі үшін жауапкершілікті сезіну, солар үшін алаңдаумен сипатталады. Егер үрей сезімі ұзақ уақыт созылса және қауіпті алдын ала сезсе, онда үрейдің объективті формасы қорқыныш ретінде қарастырылады. Кейбір жағдайларда қорқыныш үрейдің шығу қақпағы ретінде де көрінеді. Педагогика мен психологияда қорқыныштың әртүрлі классификациясы бар:

- шынайы;

- невротикалық;

- еркін қорқыныш.

Шынайы қорқыныш - сыртқы қауіпті қабылдауға қалыпты реакция ретінде өзін-өзі сақтау инстинктің рационалды көрінуі.

Невротикалық қорқыныш - невротиктердің «мақсатсыз қорқыныштардың» әртүрлі формасы психикалық инстанциялардың жұмыс істемеуінен туындайды.

Еркін қорқыныш - жалпы белгісіз үрейленушілік, қорқыныш тудыратын объектілермен байланысты емес жөнсіз қорқыныш.

Невротикалық қорқыныштар - жоғары эмоционалды интенсивтілікпен, ұзақ уақыт және тұлғалық мінез-құлқына жағымсыз әсер етумен, басқа да невротикалық бұзылушылықтардың әрекеттестігімен, қорқыныш объектілерінен қашумен сипатталады. Невротикалық қорқыныштар ұзақ және шешілмейтін қобалжулардың нәтижесі болуы мүмкін. Көбінесе сезімтал, ата-аналармен қарым-қатынаста эмоционалды қиындықтарды сезінетін балаларда қорқыныш сезімі басым болады және оларда отбасындағы конфликттерден, қобалжулардан эмоционалды әлсіреу болады. Бұл балалар ересектерге қауіпсіздіктің, махаббаттың, беделдің көзі ретінде қарайды.

Қорқыныш - бұл интенсивті түрде көрінетін эмоция, оны қарапайым, шынайы және жасерекшелік сипаты бойынша және ауытқушылық деңгейіне байланысты ажыратуға болады. Әдетте қорқыныш қысқа мерзімді, қайтымды болады, адамдардың құндылық бағдарына тимейді, оның мінезіне, тәртібіне және қоршаған ортадағы адамдармен әрекеттестігіне әсер етпейді. Қорқыныш объектілерінен жанасудан қашатындықтан қорқыныштың кейбір формалары қорғаныс реакциясы қызметін атқарады.

Жас ерекшелік қорқынышы эмоционалдық сезімтал балаларда олардың психикалық және тұлғалық даму ерекшеліктерінің көрінісі ретінде байқалады. Олар мына факторлардың негізінде пайда болады: ата-аналарда қорқыныштың болуы; баламен қарым-қатынаста мазасыздану, оны қауіптерден шектен тыс қорғау және құрбыларымен араласуын шектеу; сол жыныстағы ата-анасының тарапынан көп тыйым салыну немесе басқа жыныстағы ата-анасының балаға толық еркіндік беруі, сонымен бірге отбасындағы үлкендердің көптеген іске аспаған қоқан-лоққылары; сол жыныстағы ата-анамен рөлдік идентификация мүмкіндігі көбінесе ұл балаларда болмайды; ата-аналардың арасындағы қақтығыстық қарым-қатынас; шошыну тәрізді психикалық жарақаттану; үлкендермен және құрбыларымен қарым-қатынас жасау үрдісінде қорқынышқа психологиялық бой алдыру.

Адамдардың әлеуметтік әрекетін және тұлғааралық қарым-қатынасқа, мінезіне жағымсыз әсер ететін, санасыздықтан еріксіз, қиын, созылмалы шиеленсікен жағдайда (эмоционалды шок, қатты қорқу) паталогиялық қорқынышты білдіреді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектепке дейінгі жастағы баланың эмоционалдық саласын дамыту құралдарын қарастыру
Бастауыш мектеп жасындағы балаларды мектепке бейiмдеудiң психологиялық негiзi
Эмоционалды ерік сферасы зақымдалған балалармен жүргізілетін танымдық оқыту әдістері
Мектеп дейінгілердің оқу-танымдық әрекетінің ерекшеліктері
Ақыл ойы кем балалардың жеке-педагогикалық ерекшеліктері
Мектеп жасына дейінгі балаға сипаттама
Мектеп жасына дейінгі балалардың жас ерекшеліктері
Психикалық дамуы тежелген балаларға коррекционды-педагогикалық жұмысты ұйымдастыру
Эмоция және оның балалық шақта дамуы.
Бастауыш мектеп оқушыларының оқу-әрекеті мотивтерін қалыптастырудың басты мәселелері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz