Қазакстан Республикасында жергілікті мемлекеттік басқару



МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

I ҚАЗАКСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ЖЕРГІЛІКТІ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІ

1.2 Қазақстан Республикасындағы жергілікті өкілетті органдар қызметі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5

1.3 Қазақстан Республикасындағы жергілікті атқарушы органдар қызметі ... 8

II ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЖЕРГІЛІКТІ ӨЗІН.ӨЗІ БАСҚАРУ ДАМУЫНЫҢ ТЕНДЕНЦИЯСЫ

2.1 Жергілікті өзін.өзі басқарудың мәні мен негізі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 12

2.2 Жергілікті өзін.өзі басқарудың әлемдік тәжірибесі (модельдері) ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...15

2.3 Қазақстан Республикасындағы жергілікті өзін..өзі басқарудың перспективасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 18

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..22

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..24
Қай елде болмасын басқарудың екі деңгейі бар. Ол мемлекеттік басқару және жергілікті басқару болып бөлінеді. Азаматтық қоғамның қалыптасуы мен демократияның жетілуі билік құзіретін кеңейтумен тікелей байланысты. Сондықтан мемлекеттік басқаруға азаматтардың қатысуын кеңейту және мемлекеттік органдардың халық алдындағы жауапкершілігін арттыру бүгінгі күннің маңызды мәселесі. Қазақстанның қазіргі кездегі дамуы мемлекеттік билікті орталықсыздандыруды, яғни орталықтан жергілікті деңгейді қолдауды қажет етеді.
Жергілікті мемлекеттік басқару – заңнамалық актілерінде белгіленген құзырет шегінде жергілікті өкілетті (мәслихаттар) және атқарушы органдар (әкімдіктер) тиісті аумақта мемлекеттік саясатты жүргізеді және тиісті аумақтағы істің жай-күйіне жауапты болып табылады. Әкiм - Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң жергiлiктi атқарушы органды (ол құрылған жағдайда) басқаратын және тиiстi аумақта мемлекеттiк саясаттың жүргiзiлуiн, Қазақстан Республикасы орталық мемлекеттiк органдардың барлық аумақтық бөлiмшелерiнiң үйлесiмдi қызмет iстеуiн, тиiстi бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдарға басшылықты қамтамасыз ететiн, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мемлекеттiк басқару өкiлеттiгi берiлген, тиiстi аумақтың әлеуметтiк-экономикалық дамуының жай-күйiне жауапты өкiлi.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауында нақтылаған аудандық мәслихаттардың өкілеттігін күшейту мәселесі де еліміздегі демократияның кең қанат жаюына талпыныс екені аян. Президент Қазақстан халқына Жолдауында: “Біз мәслихаттарды күшейтіп, оларға қосымша өкілеттіктер беретін боламыз. Уақыт өте келе аудандық мәслихаттар жергілікті өзін-өзі басқаруды қалыптастырудың негізіне айнала алады”, деген болатын.
Еліміз өтпелі кезеңде биліктің атқарушы тармағын күшейте отырып, өзін-өзі басқару органдарының сатылық қалыптасуын анықтады. Енді бүгін, экономика мен мемлекеттігімізді нығайтып, аяғымыздан нық тұрған кезде жергілікті өкілетті органдарды күшейту туралы сөз бастауымыздың дұрыс таңдау, дұрыс жол екендігіне ешкімнің күмәні бола қоймас.
Сондықтан өзін-өзі басқаруға біз қоғамда сұраныс пен шынайы қабылдау болып, ол пісіп-жетілген кезде ғана табиғи жолмен келуіміз керек. Асығыстық өзін-өзі басқарудың мәнін жоғалтуға немесе мемлекеттің бүлінуіне әкеліп соғады. Мемлекет басшысы мәслихаттарды жергілікті өзін-өзі басқаруды қалыптастырудың негізі деп атады, өйткені, жергілікті өкілетті органдар мен жергілікті бірлестіктер органдарының түпкі табиғи бастауы ұқсас — олардың екеуін де жергілікті жерде халық өзі сайлайды және өзінің әкімшілік-аумақтық бірлігінің проблемаларын өздері шешуге шақырады.
Барлық елдерде жергілікті өзін-өзі басқару әкімшілік-аумақтық бірліктің төменгі буынынан, яғни ауылдық буыннан басталған. Дегенмен, жергілікті өкілетті органдар өзін-өзі басқару органы сияқты биліктің
1. Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы 10.01.2006ж. №7/7-116 Заңы
2. Қазақстан Республикасының Қонституциясы, 1995 ж. 30 тамыз
3. Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару туралы заңы // Егемен Қазақстан. 13 ақпан, 2009 ж.-60-62 бет
4. Исаева А.Ж. Шетелдердегі жергілікті өзін-өзі басқару органдары қызметінің тәжірибесі және оны Қазақстанда енгізу мәселелері // Д.А.Қонаев атындағы Университет хабаршысы. №2, 2008 ж.-39 бет
5. Телебаев Г. Жергілікті өзін-өзі басқару мен мемлекеттік басқару // Саясат, №1, мамыр, 2006 ж. -10-12 бет
6. www.google.kz
7. Мырзагелді Кемел. Өзін-өзі басқару жүйесін бүгіннен-ақ енгізе беруге қазіргі Конституция мүмкіндік береді // Айқын, 1 ақпан, 2006 ж.-3 бет
8. Әнуза Б. Жергілікті өзін-өзі басқару // Дала мен қала. -2006 ж.-2 маусым, №21,-4бет
9. Мырзагелді Кемел. Жергілікті өзін-өзі басқару: жай-күйі мен болашағы // Дүние, №1-2, 2005ж.-17-21 бет
10. Қарақов М.Б. Қазақстандағы жергілікті өзін-өзі басқару дамуының мәселелері мен болашағы // М.Ақмолаға арналған халықаралық ғыл.-практ.конф.материалдары.-Ақтөбе, 2008 ж. -71-72 бет

Пән: Мемлекеттік басқару
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ БИЗНЕС ФАКУЛЬТЕТІ

МЕНЕДЖМЕНТ ЖӘНЕ БИЗНЕС КАФЕДРАСЫ

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ЖЕРГІЛІКТІ ӨЗІН-ӨЗІ БАСҚАРУ –
МЕМЛЕКЕТТІК БИЛІК ТАРМАҒЫ РЕТІНДЕ

ОРЫНДАҒАН:
ГиМУ 07К1

ТЕКСЕРГЕН:
АҒА ОҚЫТУШЫ

АЛМАТЫ, 2009

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3

I ҚАЗАКСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ЖЕРГІЛІКТІ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІ

1.2 Қазақстан Республикасындағы жергілікті өкілетті органдар
қызметі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5

1.3 Қазақстан Республикасындағы жергілікті атқарушы органдар қызметі ... 8

II ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЖЕРГІЛІКТІ ӨЗІН-ӨЗІ БАСҚАРУ ДАМУЫНЫҢ ТЕНДЕНЦИЯСЫ

2.1 Жергілікті өзін-өзі басқарудың мәні мен
негізі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ...12

2.2 Жергілікті өзін-өзі басқарудың әлемдік тәжірибесі
(модельдері) ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 15

2.3 Қазақстан Республикасындағы жергілікті өзін--өзі басқарудың
перспективасы ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 18

ҚОРЫТЫНДЫ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ..22

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...24

КІРІСПЕ

Қай елде болмасын басқарудың екі деңгейі бар. Ол мемлекеттік басқару
және жергілікті басқару болып бөлінеді. Азаматтық қоғамның қалыптасуы мен
демократияның жетілуі билік құзіретін кеңейтумен тікелей байланысты.
Сондықтан мемлекеттік басқаруға азаматтардың қатысуын кеңейту және
мемлекеттік органдардың халық алдындағы жауапкершілігін арттыру бүгінгі
күннің маңызды мәселесі. Қазақстанның қазіргі кездегі дамуы мемлекеттік
билікті орталықсыздандыруды, яғни орталықтан жергілікті деңгейді қолдауды
қажет етеді.
Жергілікті мемлекеттік басқару – заңнамалық актілерінде белгіленген
құзырет шегінде жергілікті өкілетті (мәслихаттар) және атқарушы органдар
(әкімдіктер) тиісті аумақта мемлекеттік саясатты жүргізеді және тиісті
аумақтағы істің жай-күйіне жауапты болып табылады. Әкiм - Қазақстан
Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң жергiлiктi атқарушы органды (ол
құрылған жағдайда) басқаратын және тиiстi аумақта мемлекеттiк саясаттың
жүргiзiлуiн, Қазақстан Республикасы орталық мемлекеттiк органдардың барлық
аумақтық бөлiмшелерiнiң үйлесiмдi қызмет iстеуiн, тиiстi бюджеттен
қаржыландырылатын атқарушы органдарға басшылықты қамтамасыз ететiн,
Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мемлекеттiк басқару өкiлеттiгi
берiлген, тиiстi аумақтың әлеуметтiк-экономикалық дамуының жай-күйiне
жауапты өкiлi.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауында нақтылаған
аудандық мәслихаттардың өкілеттігін күшейту мәселесі де еліміздегі
демократияның кең қанат жаюына талпыныс екені аян. Президент Қазақстан
халқына Жолдауында: “Біз мәслихаттарды күшейтіп, оларға қосымша
өкілеттіктер беретін боламыз. Уақыт өте келе аудандық мәслихаттар
жергілікті өзін-өзі басқаруды қалыптастырудың негізіне айнала алады”, деген
болатын.
Еліміз өтпелі кезеңде биліктің атқарушы тармағын күшейте отырып, өзін-
өзі басқару органдарының сатылық қалыптасуын анықтады. Енді бүгін,
экономика мен мемлекеттігімізді нығайтып, аяғымыздан нық тұрған кезде
жергілікті өкілетті органдарды күшейту туралы сөз бастауымыздың дұрыс
таңдау, дұрыс жол екендігіне ешкімнің күмәні бола қоймас.
Сондықтан өзін-өзі басқаруға біз қоғамда сұраныс пен шынайы қабылдау
болып, ол пісіп-жетілген кезде ғана табиғи жолмен келуіміз керек. Асығыстық
өзін-өзі басқарудың мәнін жоғалтуға немесе мемлекеттің бүлінуіне әкеліп
соғады. Мемлекет басшысы мәслихаттарды жергілікті өзін-өзі басқаруды
қалыптастырудың негізі деп атады, өйткені, жергілікті өкілетті органдар мен
жергілікті бірлестіктер органдарының түпкі табиғи бастауы ұқсас — олардың
екеуін де жергілікті жерде халық өзі сайлайды және өзінің әкімшілік-
аумақтық бірлігінің проблемаларын өздері шешуге шақырады.
Барлық елдерде жергілікті өзін-өзі басқару әкімшілік-аумақтық
бірліктің төменгі буынынан, яғни ауылдық буыннан басталған. Дегенмен,
жергілікті өкілетті органдар өзін-өзі басқару органы сияқты биліктің
өздерінен жоғары тармағына тікелей байланбаған. Аудандық мәслихаттар мен
жергілікті өзін-өзі басқарудың ауылдық органдарының тікелей қатысы заңда
нақты көрініс табуы керек. Бұл жерде басты мәселе оның бюджетінде, қаржылай
негізінде болып отыр. Бүгінде жергілікті бюджеттерді мәслихаттар бекітеді.
Онда мәслихаттар туралы заңға да түзетулер енгізілуі тиіс еді. Бюджетаралық
қатынастар проблемасының үлкен бір бөлігі – бюджет қаржысын мақсатты
пайдалануды, басымдықтарды, мемлекеттік сұраныстарды бақылау шешімін табар
еді.
Елбасының Қазақстан халқына Жолдауының екі ерекшелігіне тоқталсам
деймін. Біріншіден, онда халықтың әл-ауқатын жақсарту мәселесі нақтылы
цифрлармен дәйектелген. Екіншіден, Жолдауда жергілікті өкілетті органдардың
жұмысын одан әрі жетілдіріп, дамыту мәселесінің де қамтылғанына ризашылық
сезімімізді білдіреміз. Бұл өзі еліміздегі саяси реформаны жүзеге асырудың
заңды жалғасы деп білеміз. Мәселен, өткен жылы аудандық, қалалық деңгейдегі
әкімдерді депутаттар корпусы арқылы сайлау басталды. Әкімдердің мәслихатта,
депутаттардың алдында есеп беруі дағдылы іске айналды. Жергілікті бюджетті
бекітіп, оны қадағалап отыру мәслихаттың құзырында. Міне, енді жергілікті
мәслихатқа қосымша мүмкіндіктер беріліп отыр.
“Қазақстан Республикасы жергілікті өзін-өзі басқару – мемлекеттік
билік тармағы ретінде ” атты курстық жұмыстың негізгі мақсаты - Елбасының
халыққа Жолдауындағы тапсырмаларға сүйене отырып, еліміздегі жергілікті
басқару деңгейін зерттеу, сонымен қатар жергілікті халықтың демократиялық
жағдайын қарастыратын шараларды ұйымдастырушы билік органдарының қызметін
жетілдіру шараларын жан-жақты қарастыру болып табылады.
Курстық жұмыс екі тараудан тұрады. Бірінші бөлімде, Қазақстан
Республикасында жергілікті мемлекеттік басқару жүйесі, Қазақстан
Республикасындағы жергілікті өкілетті органдар қызметі, жергілікті атқарушы
органдар қызметіне талдау жасалған.
Екінші бөлімде, жергілікті өзін-өзі басқарудың мәні мен негізі,
жергілікті өзін-өзі басқарудың әлемдік тәжірибесі, (модельдері), Қазақстан
Республикасындағы жергілікті өзін-өзі басқарудың перспективасы
қарастырылған.
Жалпы алғанда жергілікті мемлекеттік басқару - заң актiлерiнде
белгiленген құзырет шегiнде жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдар тиiстi
аумақта мемлекеттiк саясатты жүргiзу, оны дамыту мақсатында жүзеге
асыратын, сондай-ақ тиiстi аумақтағы iстiң жай-күйiне жауапты болып
табылатын қызмет.

1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ЖЕРГІЛІКТІ МЕМЛЕКЕТТІК
БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІ

1.1 Қазақстан Республикасындағы жергілікті өкілетті органдар
қызметі

Мәслихаттарды тиісті әкімшілік-аумақтық бөліністің халқы жалпыға
бірдей, тең, төте сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы төрт
жыл мерзімге сайлайды. Қазақстан Республикасының жиырма жасқа толған
азаматы мәслихат депутаты болып сайлана алады. Қазақстан Республикасының
азаматы бір мәслихаттың ғана депутаты бола алады. Тиісті мәслихат
депутаттарының санын Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы
мынадай шектерде: облыстық мәслихатта, Астана және Алматы қалалық
мәслихаттарында - елуге дейін; қалалық мәслихатта - отызға дейін; аудандық
мәслихатта - жиырма беске дейін белгілейді. Қазақстан Республикасының
Орталық сайлау комиссиясы. белгілеген оның депутаттары жалпы санының
кемінде төрттен үші сайланған жағдайда мәслихат заңды болып есептеледі. [1]
Мәслихаттар депутаттарын сайлау Қазақстан Республикасының сайлау туралы
заңдарымен регламенттеледі. Мәслихаттың өкілеттігі бірінші сессия ашылған
кезден басталады және жаңадан сайланған мәслихаттың бірінші сессиясының
жұмысы басталғанда аяқталады. Әкімшілік-аумақтық бөлініс қайта
ұйымдастырылған (біріккен, қосылған, қайта құрылған, бөліп шығарылған
немесе бөлінген) жағдайда жаңадан сайланған мәслихат сессиясының жүмысы
басталғанға дейін мәслихат депутаттары өз өкілеттігін сақтайды және
құрамына өз сайлаушыларының басым бөлігі кірген, қайта ұйымдастырылған
мәслихаттардың депутаттары болып табылады. Әкімшілік-аумақтық бөлініс
таратылған жағдайда тиісті мәслихат таратылады. Мәслихаттың заңды түлға
қүқығы болмайды [2]. Мәслихаттардың құзыретіне:
1)тиісті
аумақты дамыту жоспарларын, экономикалық және әлеуметтік бағдарламаларын,
жергілікті бюджетті және олардың атқарылуы туралы есептерді бекіту, соның
ішінде қаладағы аудан,  аудандық маңызы бар кала, кент, ауыл (село),
ауылдық (селолық) округ әкімдері іске асыратын (әрбір қаладағы аудан,
аудандық   маңызы бар қала, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ
бойынша жеке-жеке) бюджеттік бағдарламаларды бекіту; 2)   тиісті
аумақтарда қоршаған ортаны қорғау мен табиғатты пайдалану жөніндегі
бағдарламаларды және қоршаған ортаны қорғау, сауықтыру жөніндегі шығыстарды
бекіту, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау саласындағы заңдарға сәйкес өзге
де мәселелерді шешу; 3)   Қазақстан
Республикасының Үкіметі жергілікті мемлекеттік басқарудың үлгі құрылымдары
негізінде қалыптасқан әкімшілік-аумақтық бірлікті басқару схемасын әкімнің
ұсынысы бойынша бекіту; 4)  
өздерінің қарауына жатқызылған әкімшілік-аумақтық құрьілыс және жергілікті
қауымдастық ұйымының шекараларын айқындау мәселелёрін
шешу;                                                                         
                                                    5)   әкімнің ұсынысы
бойынша мәслихат сессиясының шешімімен тиісті әкімияттың дербес құрамын
келісу;
6) атқарушы органдар басшыларының есептерін қарау және тиісті органдарға
мәслихат шешімдерін орындамағаны үшін мемлекеттік органдардың лауазымды
адамдарын, сондай.-ақ ұйымдарды жауапқа тарту туралы ұсыныстар енгізеді.

7 )  Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес
азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету жөніндегі
өкілеттіктерді жүзеге асыру; 7-1) Қазақстан Республикасының сайлау
туралы заң актісіне сәйкес аумақтық, округтік және учаскелік сайлау
комиссияларының мүшелерін жасырын немесе ашық дауыс беруді өткізу жолымен
сайланады. 8)  Қазақстан Республикасының Әкімшілік
құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес, бұзғаны үшін әкімшілік жауаптылық
белгіленетін ережелерді бекіту; 9)  тиісті әкімшілік-аумақтық бөліністі
дамыту жоспарларының, экономикалық және әлеуметтік багдарламаларының,
жергілікті бюджеттің атқарылуына бақылау жасау;

10)  мәслихаттың тұрақты комиссиялары мен өзге- де органдарын қүру,
олардың қызметі туралы есептерді тыңдау, мәслихаттың жұмысын үйымдастыруга
баиланысты өзге де мәселелерді
шешу;                                              
11)  халықтың
жұмыспен қамтылуына жәрдемдесу мен кедейлікті азайту бағдарламаларын
бекіту;
12)  әкімнің ұсынуы бойынша
ведомствоаралық сипаттағы мәселелер бойынша әкімият жанындагы
консультациялық-кеңесші органдардың дербес құрамына бекіту;

12-1) әкімнің ұсынысы бойынша "Облыстың (қаланың, ауданның) құрметті
азаматы" атағын беру.
13)  Қазақстан Республикасының жер
заңдарына сәйкес жер қатынастарын реттеуді жүзеге асыру;

14) 
азаматтар мен ұйымдардың Қазақстан Республикасы Конституциясының,
заңдарының, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметі актілерінің,
орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық
актілерінің нормаларын орындауына жәрдемдесу;
15)   осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де
заң актілерінде белгіленген басқа да өкілеттіктерді жүзеге асыру жатады.
2. Облыстар, республикалық маңызы бар
қалалар және астана мәслихаттарының қүзыретіне сонымен бірге облыстың
аудандық жоспарлану схемасын, облыс орталығын, республикалық маңызы бар
қаланы-және астананы салудың бас жоспары жобасын бекітутуралы Қазақстан
Республикасының Үкіметіне ұсыныс енгізу, әкімшілік аудандардың аудандық
жоспарлануы жобаларын, облыстық (облыс орталықтарынан басқа) және аудандық
маңызы бар қалаларды салудың бас жоспарларын бекіту және ауылдық жерге
жұмыс істеуге жіберілген медицина және фармацевтика қызметкерлерін
әлеуметтік қолдау шаралары жүйесін, сондай-ақ әлеуметтік көмек көрсету
тәртібі мен оның мөлшерін айқындау жатады.
3.  Аудандық мәслихаттар құзыретіне
қалалар, тиісті аудан
аумағында орналасқан кенттер мен ауылдар салудың бас жоспарларың бекіту де
жатады.

4.   Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және 
Қ'азақстан Республикасы астанасының мәслихаттары тиісті әкімияттардың
ұсыныстары бойынша Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйқес қарыз
алу туралы шешімдер қабылдауға құқылы

5.   Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың
және астананың мәслихаттары қоршаған ортаға эмиссия үщін Қазақстан
Республикасының заңдарына сәйкес төлемдер ставкаларын бекітеді.

6.  Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың
және астананың мәслихаттары тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте  ядролық
қондырғылар мен объектілерді салуға келісім беру туралы мәселені қарайды.
Мәслихат
актілері:
  Мәслихаттың өз құзыретіндегі
мәселелер бойынша  шығаратын шешімдері мәслихаттың актілері болып табылады
[3, 16]. Мәслихаттардың жергілікті бюджет кірістерін қысқартуды  немесе
жергілікті бюджет шығыстарын ұлғайтуды көздейтін шешімдерінің жобалары
әкімнің оң қорытындысы болған жағдайда ғана қарауға енгізізеді.
Мәслихаттың өз қүзыреті шегінде және азаматтардың қүқықтарына,
бостандықтары мен міндеттеріне қатысты қабылдаған, шешімдері заңдарда
белгіленген тәртіпте ресми жариялануға тиіс және ол тиісті аумақта
орындалуға міндетті. Мәслихаттың жалпыға бірдей міндетті маңызы бар,
ведомствоаралық сипаттағы немесе азаматтардың құқықтарына, бостандықтары
мен міндеттеріне қатысты шешімдерін заңдарда белгіленген тәртіпте Әділет
министрлігінің аумақтық органдарының мемлекеттік тіркеуіне жатады.
Мәслихаттардың Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына сәйкес
келмейтін шешімдерін мәслихаттың өзінің жоюы не сот тәртібімен жойылуы
мүмкін. Мәслихат: мәслихат сессиясының төрағасын, мәслихат хатшысын
сайлайды және қызметінен босатады, олардың есептерін тыңдайды;мәслихаттың
тұрақты комиссиялары мен өзге де органдарын құрады, олардың төрағаларын
сайлайды және қызметінен босатады, олардың жұмысы туралы есепті тыңдайды;
мәслихаттың қызметін қамтамасыз етуге арналган шығыстарды айқындайды,
тексеру комиссиясының актілерін бекітетеді; заңдарда белгіленген адам саны
мен қаражат лимиті шегінде мәслихат аппаратының қүрылымын бекітеді және оны
ұстауға әрі матёриалдық-техникалық жағынан қамтамасыз етуге арналган
шыгыстарды айқындайды. Мәслихат аппараты мемлекеттік қызметшілерінің штат
саны лимиті тиісті мәслихат депутаттарының саны неғізге алынып, бес
депутатқа бір қызметкер қатынасында, бірақ бес адамнан кем емес  болып
белгіленеді;   мәслихаттың регламентін бекітеді; депутаттардың сауалдарын
қарайды және олар бойынша шешімдер қабылдайды; өз жұмысын ұйымдастыру
жөнінде өзге де шешімдер қабылдайды.

1.2 Қазақстан Республикасындағы жергілікті өкілетті органдар қызметі

Облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) әкімиятының құзыреті:
Облыс (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) әкімияты заңдарға
сәйкес: облысты (республикалық маңызы бар қаланы, астананы) дамытудың
жоспарларын, экономикалық және әлеуметтік бағдарламаларын әзірлейді және
мәслихаттың бекітуіне ұсынып, олардың орындалуын қамтамасыз етеді;облыстың,
республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар
қаланың) бюджеттік жоспарлау және бюджеттің атқарылу жөніндегі жергілікті
уәкілетті органының жұмысын үйлестіреді; тиiстi қаржы жылына арналған
облыстық бюджеттiң, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетiнiң
жобасын тиiстi мәслихатқа табыс етедi;
тиiстi мәслихатқа облыстық бюджеттiң, республикалық маңызы бар қала, астана
бюджеттерiнiң атқарылуы туралы жылдық есептi табыс етедi; облыстық
мәслихаттың және республикалық маңызы бар қала, астана мәслихаттарының
тиiстi қаржы жылына арналған тиiстi бюджеттер туралы шешiмдерiн iске асыру
туралы қаулы қабылдайды; облыстық атқарушы органның және республикалық
маңызы бар қаланың, астананың атқарушы органының орта мерзiмдi фискалдық
саясатын бекiтедi [1]. облыстық, республикалық маңызы бар қаланың,
астананың экономикалық, бюджеттiк жоспарлау, бюджеттiң атқарылу жөнiндегi
жергiлiктi уәкiлеттi органдарын құрады; облыстық, республикалық маңызы бар
қаланың, астананың бюджет комиссиясын құрады, ол туралы ереженi бекiтедi,
оның құрамын айқындайды. Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында
көзделген жағдайларда тиiстi қаржы жылының бiрiншi тоқсанына арналған
облыстық қаржы жоспары мен республикалық маңызы бар қаланың, астананың
қаржы жоспарын бекiтедi; облыстық (республикалық маңызы бар қалалық,
астаналық) коммуналдық меншiктi басқарады, оны қорғау жөнiндегi шараларды
жүзеге асырады; азаматтар мен ұйымдардың Қазақстан Республикасы
Конституциясының, заңдарының, Қазақстан Республикасының Президентi мен
Үкiметi актiлерiнiң, орталық және жергiлiктi мемлекеттiк органдардың
нормативтiк құқықтық актiлерiнiң нормаларын орындауына жәрдемдеседi;
облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) аумағында
кәсiпкерлiк қызмет пен инвестициялық ахуалды дамыту үшiн жағдай жасайды.
аграрлық сектордың ұтымды және тиiмдi жұмыс iстеуiн қамтамасыз етедi;
Республикасының өндіргіш күштерiн орналастыру схемасына сәйкес облыстың
аудандық жоспарлану схемасын, облыс орталығын, республикалық маңызы бар
қаланы және астананы салудың бас жоспарларын әзiрлейдi, оларды облыстық
(республикалық маңызы бар қалалық, астаналық) мәслихаттың қарауына
енгiзедi; облыстық (республикалық маңызы бар қалалық, астаналық)
коммуналдық меншiк объектiлерi мен облыстық маңызы бар, республикалық
маңызы бар қалалық, астаналық әлеуметтiк-мәдени мақсаттағы объектілерді
салу, реконструкциялау және жөндеу бойынша тапсырысшы болады, коммуналдық
желiлер мен құрылыстарды салуға рұқсат бередi; әкiмшiлiк аудандардың
аудандық жоспарлану схемаларын, аудан орталықтарын, облыстық маңызы бар
қалаларды сатудың бас жоспарларын әзiрлейдi және оларды облыстық мәслихатқа
бекiту үшiн ұсынады [2]. Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы
және құрылыс қызметі туралы заңдарының сақталуға мемлекеттік бақылауды,
құрылыс жобаларының бекітілген қала құрылысы құжаттамасына сәйкес іске
асырылуын, қала құрылысы тәртібінің, құрылысы салудың аумақтық ережелерінің
сақталуын қадағалауды жүзеге асырады, салынып жатқан (салыну жоспарланып
отырған) объектілерге мониторингті және ведомстволық бағыныстағы аумақта
салынып жатқан (реконструкцияланған, кеңейтілген, жаңартылып, күрделі
жөндеуден өткізіліп жатқан) объектілердің және кешендердің жүргізілу барысы
мен сапасына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады; коммуналдық меншiктегi
су құбырларын, тазарту құрылыстарын, жылу және электр желiлерiн және
республикалық маңызы бар қаланың, астананың басқа да көлiк және инженерлiк
инфрақұрылымдар объектiлерiн салу мен пайдалануды ұйымдастырады; Қазақстан
Республикасының жер заңдарына сәйкес жер қатынастарын реттеудi жүзеге
асырады;
 Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес су қатынастарын реттеуді
жүзеге асырады; өз құзыреті шегінде мемлекеттік экологиялық сараптама
жүргізеді, табиғат қорғау іс-шараларын жүргізеді, табиғат пайдалануды
реттейді; облыстық маңызы бар жолдарды салуды, ұтымды пайдалануды және
күтiп ұстауды қамтамасыз етедi; мемлекеттiк стандарттардың сақталуын
қамтамасыз етедi; облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың)
аумағында қоғамдық тәртiп пен қауiпсiздiктiң сақталуын қамтамасыз етуді
ұйымдастырады; ауданаралық (қалааралық) жолаушылар көлiгi қатынасын
ұйымдастырады; белгіленген мемлекеттік стандарттарды сақтай отырып,
азаматтардың тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне
құқықтарының іске асырылуын қамтамасыз етеді;  республикалық бюджеттен
қаржыландырылатын бағыттарды қоспағанда, халықтың санитарлық-
эпидемиологиялық салауаттылығын және денсаулық сақтау саласындағы басқа да
іс-шараларды қамтамасыз етеді; туралы шешімдерін келіседі; сыртқы (көрнекі)
жарнама объектілерін орналастыруға рұқсат береді, өз құзыреті шегінде
Қазақстан Республикасының жарнама туралы заңнамасының сақталуын бақылауды
жүзеге асырады; Облыс (республикалық маңызы бар қаланың, астананың)
әкiмияты өзiне Қазақстан Республикасының заңдарында жүктелген өзге де
өкiлеттiктердi жүзеге асырады.Облыс (республикалық маңызы бар қаланың,
астананың) әкімияты облыстық (республикалық маңызы бар қалалық, астаналық)
мәслихаттың алдында өзiне жүктелген мiндеттердi iске асыру үшiн жауап
бередi.
   Аудандық (облыстық маңызы бар қалалық)
              әкімияттың құзыреті:

Аудандық (облыстық маңызы бар қалалық) әкімият заңдарға
сәйкес: ауданның (облыстық маңызы қаланың) жоспарларын, экономикалық және
әлеуметтiк даму бағдарламаларын әзiрлейдi және олардың орындалуын
қамтамасыз етедi; аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетiнiң атқарылуын
қамтамасыз етедi және ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттiк
жоспарлау және бюджеттiң атқарылу жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi
органдарының жұмысын үйлестiредi; аудан (облыстық маңызы бар қала)
бюджетiнiң атқарылуы туралы жылдық есептi тиiстi мәслихатқа табыс етедi;
ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) тиiстi қаржы жылына арналған бюджетi
туралы аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының шешiмiн iске асыру
туралы қаулы қабылдайды; ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) атқарушы
органының орта мерзiмдi фискалдық саясатын бекiтедi; ауданның (облыстық
маңызы бар қаланың) экономикалық, бюджеттiк жоспарлау, бюджеттiң атқарылу
жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi органдарын құрады; ауданның (облыстық маңызы
бар қаланың) бюджет комиссиясын құрады, ол туралы ереженi бекiтедi, оның
құрамын айқындайды; Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында көзделген
жағдайларда ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) тиiстi қаржы жылының
бiрiншi тоқсанына арналған облыстық қаржы жоспарын бекiтедi; заң актілеріне
сәйкес аудандық (облыстық маңызы бар қалалық) коммуналдық меншікті
басқарады, оны қорғау жөніндегі шараларды жүзеге асырады; азаматтар мен
ұйымдардың Қазақстан Республикасы Конституциясының, заңдарының, Қазақстан
Республикасының Президенті мен Үкімет актілерінің, орталық және жергілікті
мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілерінің нормаларын
орындауына жәрдемдеседі; ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) аумағында
кәсiпкерлiк қызмет пен инвестициялық ахуалды дамыту үшiн жағдай жасайды;
аграрлық сектордың ұтымды және тиiмдi жұмыс iстеуiн қамтамасыз етедi; осы
ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) аумағындағы кенттер мен ауылдар
құрылысын салудың бас жоспарларын әзірлейді және оларды аудандық (облыстық
маңызы бар қалалық) мәслихаттың бекітуіне ұсынады, аудандық (облыстық
маңызы бар қалалық) коммуналдық меншік объектілері мен әлеуметтік-мәдени
мақсаттағы объектілер салу, реконструкциялау және жөндеу бойынша тапсырысшы
болады, кентішілік (қалаішілік) және ауданішілік коммуналдық желілер мен
құрылыстарды салуға рұқсат береді; ауданның (облыстық маңызы бар қаланың)
су құбырларын, тазарту құрылыстарын, жылу мен электр желiлерiн және басқа
да көлiктiк және инженерлiк инфрақұрылымдар объектiлерiнiң құрылысын салуды
және пайдалануды ұйымдастырады; әскери тiркелу мен әскери қызметке шақыру
жөнiндегi, сондай-ақ азаматтық қорғаныс мәселелерi жөнiндегi iс-шаралардың
ұйымдастырылуын қамтамасыз етедi; кентішілік (қалаішілік) және ауданішілік
қоғамдық жолаушылар тасымалын ұйымдастырады; Қазақстан Республикасының жер
заңнамасына сәйкес жер қатынастарын реттеуді жүзеге асырады; аудандық
(облыстық маңызы бар қалалық) маңызы бар жолдарды салуды, пайдалануды және
күтiп ұстауды ұйымдастырады; мемлекеттік коммуналдық тұрєын үй қорының
тұрғын үйін салуын және оны бөлуін ұйымдастырады; мемлекеттік тұрғын үй
қорының сақталуын ұйымдастырады; тұрғын үй қорына түгендеу
жүргізеді; мемлекет қажеттіліктері үшін жер учаскелерін алып қоюды, оның
ішінде сатып алу арқылы алып қоюды жүзеге асырады; республиканың
сейсмикалық қауіпті аймақтарында орналасқан тұрғын үй-жайлардың сейсмикалық
беріктігін орнықтыруға бағытталған іс-шараларды өткізеді; авариялық және
ескі үй-жайларды бұзуды ұйымдастырады; тұрғын үй көмегін көрсетеді [3, 16].
Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес азаматтардың жекелеген
санаттарын тұрғын үймен қамтамасыз етеді; халықты жұмыспен қамтуға
жәрдемдесу және кедейлікті азайту бағдарламаларын iске асырады; халықты
әлеуметтiк қорғау, ана мен баланы қорғау мәселелерiн шешедi, халықтың
әлеуметтiк жағынан дәрменсiз топтарына атаулы көмек көрсетедi, оларға
қайырымдылық көмек көрсетудi үйлестiредi және ауылдық денсаулық сақтау
ұйымдарын кадрлармен қамтамасыз етуге жәрдемдеседi; аудан (облыстық маңызы
бар қала) аумағындағы экологиялық, тарихи, мәдени немесе ғылыми құндылығы
бар табиғат объектiлерiн және өзге де объектiлердi табиғаттың, тарих пен
мәдениеттiң қорғалатын ескерткiштерi деп жариялау туралы ұсыныс енгiзедi;
кәсiпорындарды, кен орындарын және мемлекеттiк меншiктiң басқа да
объектiлерiн жекешелендiру, жалға беру, сату мәселелерi бойынша Қазақстан
Республикасының уәкiлеттi мемлекеттiк органымен тең дәрежеде келiсiм-
шарттарға қол қоюға, сондай-ақ олардың орындалуын бақылауға қатысады. Облыс
(республикалық маңызы бар қала, астана) әкiмi өзiнiң жекелеген өкiлеттiгiн
жүзеге асыруды төменгi тұрған әкiмдерге беруге құқылы. Облыс (республикалық
маңызы бар қала, астана) әкiмi өз құзыретiндегi мәселелер бойынша және
облыстық (республикалық маңызы бар қалалық, астаналық) әкiмият құзыретiне
жатқызылған мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының Президентi мен
Үкiметi алдында жауап береді; Республикалық маңызы бар қаладағы
(астанадағы) аудандық, аудандық маңызы бар қалалық, кенттiк, ауылдық
(селолық), ауылдық (селолық) округтiк әкiмияттар құрылмайды.

.

2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЖЕРГІЛІКТІ ӨЗІН-ӨЗІ БАСҚАРУ ДАМУЫНЫҢ
ТЕНДЕНЦИЯСЫ

2.1 Жергілікті өзін-өзі басқарудың мәні мен негізі

Жергілікті өзін-өзі басқару – биліктің халыққа ең жақын тармағы,
сондықтан оған қатысу арқылы азаматтар демократиялық принциптерге, заңға
бағынушылыққа, азаматтыққа, басқалардың мүддесін құрметтеуге, кез-келген
мәселелерді дербес шешуге үйретеді. Бұл жерде қоғам мен мемлекет арасындағы
байланыстар нығайып, азаматтардың саяси белсендігі арта түседі [4, 39].
Жергілікті өзін-өзі басқару институттарын дамытуымыз, орталық және
жергілікті атқарушы органдардың, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқарудың
өкілеттігін ажыратуымыз қажет. Өзін-өзі басқарудың нормативтік базаларын,
әлеуметтік тетіктерін белсенді түрде дамытып, базалық деңгейдегі әкімдердің
өкілеттіктерін күшейтетін боламыз. Ал, бастапқы сатыда жергілікті атқарушы
органдардың қызметін бақылаудағы мәслихаттардың өкілеттігін күшейтуіміз
керек, деді Н. Назарбаев. Әрине, жергілікті өзін-өзі басқару органын
енгізу мәселесі күрделі, әрі ауқымы кең дүние болып табылады. Өйткені
аталмыш басқару институтын енгізудің саяси, экономикалық, құқықтық және
әлеуметтік маңызы зор. Жергілікті өзін-өзі басқару ұғымы Ежелгі Римдегі
қалалар мен кенттердің өзіндік басқару құқықтарына сәйкес муниципалды
басқару немесе муниципалитет деген ұғымнан бастау алады. Дегенмен де
бұдан жергілікті өзін-өзі басқару ұғымын біз үшін батыстан келген жаңа ұғым
деп қарауға болмайды. Біраз сарапшылардың пайымдауынша, бұл ұғым
мемлекеттілікпен тікелей байланысты. Яғни, ең алғашқы мемлекеттің өзі
жергілікті өзін-өзі басқарудың алғашқы үлгісі бола алады. Сонымен қатар,
жергілікті өзін-өзі басқарудың түпкілікті мәні - күнделікті күйбең тіршілік
сұрақтарына, шаруашылық қажеттілігіне бірлесіп жауап беруден туындайды.
Яғни, бір мекенде тұратын жұртшылықтың ортақ өмір қажеттіліктерін
қауымдасып жүзеге асыруын, ұйымдастырып іске жаратуын жергілікті өзін-өзі
басқару деп атасақ болады. Өркениетті елдерде олардың даму дәрежесіне орай,
әлеуметтік, экономикалық, саяси ерекшеліктеріне сәйкес, әртүрлі жергілікті
өзіндік басқару жүйелерінің үлгілері қалыптасқан. Батыс елдері осы жүйенің
құқықтық мәртебесін мойындап, 1985 жылғы қазанның 15-інде өзіндік
басқарудың Еуропалық хартиясын қабылдады. Енді жергілікті басқару не үшін
керек деген мәселеге тоқталсақ, біріншіден, жергілікті өзін-өзі басқару
мемлекеттік басқаруды оңтайландыру құралы болып табылады. Сондықтан да
басқару қызметінің тиімділігін арттыру үшін өкілеттілікті жалпы халықтық
мүдде тұрғысынан оң нәтиже, жоғары қорытындылар беретін деңгейден қарастыру
қажет. Екіншіден жергілікті өзін-өзі басқару азаматтардың бостандығы мен
саяси құқының айқын көрністерінің бірі. Дегенмен де осы жерде айта кететін
мәселе - өзін-өзі басқару мен демократия қалай байланыспақ? Демократия
халық билігі. Мемлекетіміздегі биліктің қайнар көзі - халық екендігі Ата
заңымызда тайға таңба басқандай көрсетілген. Кеңестік жүйе Қазақстанға
экономикалық қисынсыз аумақтық бірліктер, жұртшылықтың жай-күйіне ыңғайсыз
елді-мекендер салып қана қойған жоқ. Ол өзінен кейін жігерсіз, жоғарыдан
бұйрық күтіп, өз бетімен шешім қабылдауға қорқатын, мемлекеттен көмекке
үміттенген енжар, кіріптар масылдық психологиядағы ұрпақты қалдырып отыр.
Өз бетімен тал басын сындырмайтын адамдардың өздігінен жергілікті
қауымдастық құрып, бірлесіп өзіндік басқару жүйесін құруы екіталай.
Биліктің қай сатысын алсақ та халық сайлаған өкілдер болса, ал, басқару
жүйесінде мәселе басқаша өрбиді. Сондықтан да Жергілікті өзін өзі басқару
туралы заң жобасы болашаққа жұмыс істеуі тиіс. Ол үшін биліктің біразы
жергілікті жерлерге берілуі қажет. Сонымен бірге, жергілікті өзін-өзі
басқару қауымдастығын қаржыландыру оған мүше азаматтардың ерікті қаржы
жинауынан, мемлекеттік бюджеттен, көрсетілген қызмет түрлерінен түсетін
қаражат есебінен және басқа да көздерден құралады. Ал, республикалық
бюджеттен бөлінетін қаржы жергілікті өзін-өзі басқаруға өткен мемлекеттік
қызметтерді қамтамасыз етуге жұмсалады. Сонымен бірге, өзін-өзі басқару
органы атқарушы биліктің жалпы мемлекеттік саясатын жүргізуіне жағдай
жасап, өзінің аймағындағы мүдделерін қорғайтын болады. Үкімет әзірлеген
жоба бойынша жергілікті өзін-өзі басқару сол аймақта тұратын жасы 18-ге
толған әрекетке қабілетті азаматтардың 50 пайызының жақтап, қолдауымен
құрылатын болады. Халықтың бұған келісімі заңнамада көрсетілген тәртіппен
қол жинау арқылы шешіледі. Осыдан соң, Орталық сайлау комиссиясы қол
жинаудың нәтижесін қарай отырып, органның мүшелерін сайлау шараларын
атқарады. Жергілікті өзін-өзі басқару енгізілгеннен соң, бастамашыл топпен
қауымдастықтың жарғысы тікелей дауыс беру арқылы бекітіледі. Жарғыда
жергілікті өзін-өзі басқарудың шекарасы, аумағы онда атқаратын қызметтер
мен басқа да мәселелер қамтылады. Заң жобасы бойынша, жергілікті өзін-өзі
басқару органы, яғни өкілетті орган ретінде Кеңес құрылады. Кеңестің
мүшелігіне қауымдастықтың мүшесі болып табылатын, мемлекеттік қызметкер
емес азаматтар сайланады. Кеңестің өкілетті қызметі 4 жыл болып, оған
Төраға мен оның аппарат қызметкерлері тағайындалады. Ең бастысы,
орталықсыздандыруға, жергілікті өзін-өзі басқару жүйесіне қадам басарда
мемлекетіміздің тарихи, саяси, мәдени және экономикалық жағдайларының
барлығы қамтылып, тыңғылықты зерделенсе [5, 10-12].
Жергілікті өзін-өзі басқару облыс, аудан, қала, қаладағы аудан,
ауылдық округ, ауылдық округ құрамына кірмейтін кент және ауыл шегінде
жүзеге асырылады.
Облыстық және аудандық деңгейде ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасында жергілікті өзін-өзі басқару жүйесі
Қазақстан Республикасы жергілікті жерді басқару жетілдіру жолдары
Жергілікті атқарушы органдардың құзыреті
Қазақстан Республикасында ауылдық аймақтардың жергілікті басқару жүйесін жетілдіру жолдары
ЖЕРГІЛІКТІ БЮДЖЕТТЕРДІ ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
Мемлекеттік несиенің нысандары
Конституциялық құқықтың жүйесі
Орталық атқарушы органдар
Мемлекеттік аппарат туралы түсінік
Конституциялық құқық пәнінен дәрістер
Пәндер